Қоғамдық-саяси газет / Общественно-политическая газета Газет 2001 жылдың 7 тамызынан шыға бастады №41 (680)



жүктеу 452.69 Kb.

бет3/4
Дата09.01.2017
өлшемі452.69 Kb.
1   2   3   4

Айтақын БҰЛҒАҚОВ.

Ағымдағы 

жылдың 

8  айында  алаяқтыққа 

қатысты  1541  қылмыс 

тіркеліп, 

аталған 

қылмыс облыс бойынша 

31,1%  өсіпті.  Мәселен, 

өткен 

жылы 

осы 

мерзімде  бұл  қылмыс 

1155  болған.  Қозғалған 

қылмыстырдың  329-ы 

сотқа  жолданса  соны 

ақтайтын  негізбен  227 

іс қысқартылған. Мұның 

сыртында бүгінгі таңда 

компьютерлік  техноло-

гия  арқылы  алаяқтық 

жасау  дерегі  көптеп 

орын алған.

8

Қабанбай батыр көшесі, 32

Тел.: 24-12-84, 24-58-87, факс: 24-75-66

E-mail: alatau_offset@mail.ru, www.alatau.kz@mail.ru

№41 (680) 10.10.2014



КЕЛБЕТ

ЖЫРҒА САПАР

Алдымен  өлеңді  өзің  үшін 

жазасың. 

Жазғаның 

жаның-

дағыларды    елеңдеткен  соң  көпші-



лікпен  ортақтасқың  келеді.  Алғаш 

баспасөз  бетінде  тырнақалдыңның 

жарияланғанын  көргенде  өзіңді 

жер  басып  жүргендерден  ерекше 

сезінетінің бар. Әсіресе, соны елеп, 

оқып, пікір айтқан үлкендерді ұмыта 

аласың  ба?  Осындай  сәттер  біздің  

бастан да өткен. 

1973  жылы  жаңадан  ашылған 

Бөрлітөбе 

ауданының 

газеті 


«Балқаш  өңірі»  деп  аталды.  Осы 

газеттің 

алғашқы 

нөмірлерінің 

бірінде,  анықтап  айтсам  қаңтар 

айының  28-інде  менің  «Әке»  атты 

өлеңім  жарық  көрді.  Төбем  көкке 

жеткендей. 

Бұрыннан 

жазып 


жүргендерімді  екшеп,  енді    үш-

төрт  өлеңімді  жібердім.  Мұрты 

бұзылмай шықты. Содан соң келесі 

жылы    9-сыныпта  оқып  жүріп  енді 

Талдықорған  облыстық  «Октябрь 

туы»  газетін  жаулауға  көштім.  Көп 

ұзамай  1974  жылдың  көктемінде 

осы басылымнан менің  қарлығаш-

жырларыма  орын  табылыпты.  Бұл 

аз  десеңіз  Әбен  Дәуренбековтің 



¤ЛЕЊГЕ ЕСЕСІ КЕТПЕГЕН

ӘБЕН АҒА... БАЛАДАЙ ПӘК ҚАЛПЫНДА ЖҮРЕГІМНІҢ ТҮКПІРІНДЕ 

ҚАЛЫПТЫ. ҚАЙ ТАҚЫРЫПҚА ҚАЛАМ ТАРТСА ДА, ТІПТІ АРНАУ 

ӨЛЕҢДЕРІНДЕ ДЕ ҚАСИЕТТІ ПОЭЗИЯ ЗАТЫНА ҚЫЛДАЙ ҚИЯНАТ 

ЖАСАМАУҒА, ҚЫЛАУДАЙ КІР ТҮСІРМЕУГЕ ТАЛПЫНҒАНЫ АНЫҚ. 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫМА ИГІ ӘСЕРІ ТИГЕН, КӨЗІ ТІРІ БОЛСА 

БИЫЛ ЖЕТПІСТІҢ БЕСЕУІНЕ КЕЛЕТІН АСЫЛ АҒА ХАҚЫНДА 

ЕСТЕЛІК ЖАЗУ ҮШІН ЖАДЫМДАҒЫ ЖАЗБАЛАРЫМДЫ

САРАЛАДЫМ.

Єсемќоњыр єуенінен танбаѓан жетісулыќ кµрнекті аќын 

Єбен Дєуренбеков  шыѓармашылыѓы хаќында

өлеңдерге  шолуында  жазғандарым 

жақсы  жағынан  аталыпты.  Содан 

бастап  Әбен  ақынмен  сырттай  та-

ныстым, туындыларын іздеп оқитын 

болдым. Сол жылдардағы: 

Гүлденіп жоталары,

Жайнады желбіреп қыр.

Момақан боталардың,

Көздері  мөлдіреп  тұр,  -    деп  

көктемді суреттеген бір өлеңі менің 

көкейімдегі 

оймен 

ұштасқаны 



тіпті  де  жақындата  түсті.  «Жа-

лын»  альманағындағы  «Тарғыл 

төбет»  деген  өлеңі  де  пікірінің 

сонылығымен ойымда қалыпты. 

1976 жылы Бөрлітөбе аудандық 

«Балқаш өңірі» газетіне тілші болып 

қабылдандым.  Талдықорғанға  жо-

лым  түскенде  «Таң»,  «Мөлдір  там-

шы» жинақтарын кітап дүкендерінен 

сатып  алып,  редакцияға  арнайы 

барып  Әбен  ағамен  дидарласып, 

қолтаңба алдым. Ауылдан іздеп кел-

ген  қаршадай  бозбаланың  сәлемін 

қуана  алып,  төл  кітаптарына  жаңа 

көргендей қарап, «Құрмет сезіммен, 

игі тілекпен ұсынамын»  деп айбақ-

сайбақ  жазғаны  жаныма  ұялаған-

ды.  Кейіннен  «Тамшыбұлағын», 

«Мамыр айын», «Балконнан ұшқан 

көгершінін»,  «Саяхатын»,  «Айман-

Шолпанын»  қаламдас  бауырым, 

қалаулы  інім  деп  ақынның  өзі  ақ 

пейілімен ұсынып еді. 

Лепсіге  облыстық  радионың 

қызметкері    Тоқтасын  Сүгірбеков  

жиі  келетін.  Өзі  дүркіреген  ақын. 

Сөзі, болмысы бөлекше. Жаңаталап 

өлеңдерімді    репортеріне  жазып 

алып,  облыстық  радиодан  жиі 

беретін  болды.  «Табиғатың  біздің 

Әбөшкеңе  келеді»,-  дейтін  ол. 

Сөйтсем  тағдырлас  досы  Әбенді 

осылай еркелетеді екен.   

1977  жылы  КазГУ-дың  жур-

налистика 

факультетіне 

сырт-

тай  оқуға  түскенде  айналасы-



на  танылып  қалған  ақын  Ордаш 

Кендірбаевпен 

бірге 

студент 


атанып, 

сырлас-пікірлес 

аға-

ініге  айналдық.  Алматыда  жүріп 



кейіннен  қазақ  поэзиясының  бек-

зат  болмысты  арлы  өкіліне  айна-

латын  Жұматай  Жақыпбаевпен 

араластым. 

Жазғандарын 

жа-


ныма  жақын  тұтып,  көптеген 

шәкірттерінің  сапында  болдым. 

Осы  тұлғалардың  сыйластығы, 

сырластығы  өміріме  өнеге  болды. 

Әбен  ақынмен  жақынырақ  ұғысып, 

біліскен  шағымыз  да  осы  тұс.  Екі 

жылдан  соң  іштей  оқуға    ауыстым. 

1980  жылы  екінші  курсты  бітіріп, 

«Октябрь туына» тәжірибеден өтуге 

келдім.  Лепсідегі жылдарым бауыр-

ластырып кеткен  Тоқтасын ағамның 

үйінде  тұрамын.  Әбекеңмен  жұмыс 

барысында 

жиі 


пікірлесемін. 

Жұмыстан  соң  Тоқаң  екеуіміздің 

жолымыз Әбен ақынмен  тоқайласа 

кетеді.  Қайнижамал мен Бақытжан 

әпкелерім  де  абысынды-ажынды 

адамдардай тату. Осы екі үйдің төл 

перзентіндей  жүріп,  қос  ақынның 

қалжыңына  да,  қағытпасына  да 

үйрендім. 

Оты барда орта жолда тоқтар кім,

Ерте есейдің, қиыр жайлап, шет

 бардың.


Иір жолда иілсең де сынбадың,

Бұтағындай сазға біткен көк талдың.

Бермей келген жан адамға кезегін,

Өлеңменен өртеген тек өзегін.

Келешекке үлгі болар, жыр болар,

Ескірмейтін  көненің  бір  көзі  едің,-

деп  Әбекең  Тоқаңның  ақындығын 

да,  адамдығын  да  құрметтеумен 

өтті. 

Мұрсат табылса болды Әбекеңе 



жаңа 

өлеңдерімді 

оқитынмын. 

Батасын  алатынмын.  Ақынның 

жылы  лебізі  жаныма  қуат  беретін. 

Лепсіге  жолы  түскенде    жанынан 

табылатынмын.  Аз  ғана  құрметке 

асып-тасып қуанатын. Ізбасар ақын 

інілерінің  барлығына  мақтанатын. 

Бірінен-бірін 

бөліп-жармайтын 

ағалық мейірімі қандай еді? 



КӨҢІЛІ БАЛАДАЙ, ПЕЙІЛІ ДАЛАДАЙ

Сыртынан  бір  көрген  жанның 

өзі  Әбекеңнің  болмыс-бітімін  айны-

май танитын. Ішіне кір сақтамайды. 

Жан сарайы таза. Балаларына аяу-

лы  ана,  ақынға  асыл  жар  Қайжан 

апайымыздың  қамқорлығына  иық 

сүйейді.  Үйдің  –  түздің  шаруасына 

алаңдап көрмеген. 

Замандас  та болғам жоқ

Пушкинменен,

Бақталас та емеспін ешкімменен.

«Мыңмен жалғыз алысып» көргенім

 жоқ,


Баладаймын әлі де ескірмеген.

Уақытын бос саналы шығындар ма,

Сүйреп келем көтерген жүгімді алға.

Тимепті орын жанымның сарайынан,

«Қулық», «сұмдық» деген жат

 ұғымдарға.

Өкінішпен өткен де күн-айым бар,

Бола көрсін Муза-қыз лайым жар.

Елден озып әзірге кетпегенмен,

Көштен  қалып  қоймаған  сыңайым 

бар,  -  деп  бір  өлеңінде  өз  авто-

портретін  сомдаған  ақын  өлеңде 

де,  өмірде  де  өзгеріп  көрген  жоқ. 

Әдемі әзілі, өзіндік әдемі әлемі бар-

ды.  Майдақоңыр әуені бір өлеңінен 

екіншісіне  ауысып,  оқырмандарын 

алға жетелеп отырады. 

Көксу бойлап, көкшіл сағым

 жүгірген,

Көктем еді көкірегіме үңілген.

Көңіліме көгершін боп қонақтап,

Аспанымнан Шолпан туған іңірден.

Көкшіл сағым – көлбеңдеген

 көбелек,

Ашық күнде нұр жауатын себелеп.

Кете алмаған көз алдымнан бір бейне,

Жете  алмаған  жерім  екен,  не  ке-

рек?!  -  деген  екі  шумақтан  өзіңнің 

де  тіршілікте  үзілмейтін  тәтті 

үмітімді, өмірбақи қол жетпейтін бір 

арманыңды көргендей боласың. 

1989  жылы  облыстық  газет 

редакциясы  қазақ  поэзиясында 

қолтаңбасы қалыптасқан ақын Әбен 

Дәуренбековтың  елу  жылдығын 

ұжым  болып  тойлады.  Алматыдан 

сыныптас  досы,  зерттеуші-ғалым 

Ұлықпан ағамыз  келді. Жаркенттен 

Әбекеңнің  бір  топ  жерлес  інілері 

шақырылыпты. 

Бөрлітөбеден 

қаламдас  інісі  ретінде  келіп,    той 

қонағы  болған  менің  лебізіме    де 

Әбекең ризашылығын білдірді:

Баладай пәк қалпында,

Еркін жазып қанатын,

Өлең туса өмірлі,

бір жасарып қалатын,

Әбен аға, жазғаның,

Жанға жылу бергені,

Жан дүнием байыды

Бір өзіңе ергелі.

Алаңсыздау жүріп-ақ,

Өтті бастан сын нағыз.

Ағыл-тегіл қалпың бар,

Бейне ақпейіл мырза күз.

Дархан күзден мәуелі,

Жеміс күтер халқың да,

Өзгешелеу әуені,

Інілер мол артыңда.

Көп ініңнің бірі мен,

Моншақты өлең арманым.

Ізет көріп ініден,

Болашақты барладың.

Қасқалдақтың қанындай,

Дәру сөзбен демедің.

Қасқа жолдан жаңылмай,

Алға адымдап келемін.

Жылдар-жолдар шақырды,

Жазылмаған дәптердей.

Жүрміз біздер ақынға,

Ғасыр жасты көп көрмей.

Қамдастырып жол қамын,

Сапарыңды жалғадың.

Көрсін қара орманың,

Жұлдызыңның жанғанын!

Тойдан  кейін  ақын  аға  үйіне 

шақырды. 

Алматыдан 

келген 


қонақтарын  сылтау  қылып  бұл 

шақырудан  бас  тарттым. Ертеңінде 

Ордаш, Болат ағаларымызбен бірге 

ақын үйінің меймандос есігін қақтық.  

Қуана  қарсы  алды.  Ұлықпан, 

Тоқтасын ағаларымыз бар екен. 

- Қайжан, үстеліңді жаңала, бау-

ырларым  келді,  -  дейді  ақпейіл  аға 

шаттығын жасыра алмай. 

 - Әбен-ау, үстелде бәрі тұр ғой, 

келген менің бауырларым емес пе?- 

дейді әпкеміз күліп.

Сонда  ақын  аға  тағы  да 

тапқырлығына басты:

- Қайжан, кеше менің мерейтой-

ымда  мен  туралы  меймандар  не 

деп айтты?

-  Не  десін...  Сені  ақын  деді, 

ақылды деді...

-  Ендеше  ақылды  адамға  ақыл 

айтып  тұрғаның  не?  Айтқанымды 

орындамайсың  ба?  -  деп  орын-

ды  уәжімен  зайыбын  да,  бізді  де 

ризашылыққа бөлегені бар. 

Ақын осылайша өмірге еркелеп 

жүретін.  Ғасыр  жасты  көп  көрмес 

деген  тілегіміз  жаратқаннан  қолдау 

таппағаны өкінішті... 



СӨЗ СОҢЫ

Өткен ғасырдың 90-ыншы жыл-

дары  ақын  өмірін  күрт  өзгеріске 

түсірді. 

Айналдырған 

аурудан 


Қайнижамал  әпкеміздің  тірлік  сапа-

ры шектелді. 

 Айнала ұшып алдыңнан,

Құба белде құшқан нұр.

Аманатын қалдырған,

Үш көгершін, үш тағдыр.

Қайтем елдің өсегін,

Қалмай жатыр кім жетім?

Әке менен шешенің,

Мойныма алдым міндетін.

Енді өзіңдей жан қайда,

Ерте үзілген ән-жырым.

Мұны-дағы маңдайға,

Жазған  шығар  тағдырым,  -  деп 

ақын  қаламын  мұңға  малған  асыл 

жардың    соңында  үш  көгершіні 

қалды.  Балаларына  жел  тигізбей 

өсіргісі  келді.  Өтпелі  кезеңнің 

қиыншылығын  бір  адамдай  көрді. 

Зейнет  жасына  келмей  жұмыссыз 

қалу  сауда-саттыққа  бейімі  жоқ 

ақынға сын болғаны анық. Көршілес  

Қарабұлақтың  бер  жағынан  жер  үй 

алып,  қарабайыр  тірлік  кешкенін 

көзіміз  көрді.  Бертінде  орталықтан 

баспана бұйырды. 

Қалмапты ғой қалтамда қара бақыр,

Заман озып зуылдап бара жатыр.

Түкке тұрмас түбінде қу тіршілік,

Түбіңе бір жетеді қара да тұр, - деп 

жыр  жазуына  түрткі  болған  да  сол 

өтпелі заман еді. 

Ақын  бірақ,  тіршілік  түйіткіліне 

мойынсұнған  жоқ.  Жақсы  өлеңдер 

жазды.  Құйма  құлақ  жастар  бар 

жерде  жауһар  жырларын  оқыды 

да.  Замандастары,  қаламдастары, 

інілері  қашан  да  қолдауға  әзір 

тұрды.  Алпыс  жылдығы    алты 

алашқа  сауын  айтылмаса  да  өз 

ортасында  атап  өтілді.  Жырсүйер 

қауымның ілтипатына бөленді. Жыр 

мүшәйраларында 

бауырларына, 

қарындастарына  тілекші  болып, 

әділ  қазылық  етті.  Поэзияға  деген 

адалдығынан ауытқымады.  

Құланы жортқан құла дүз,

Қуыршақ болмай жат күшке.

Атадан қалған бір аңыз,

Бүйрегі бұрған ақ түске.

Аяулы жардың атын да,

Ақ жаулық атап ардақтап.

Анамның махаббатын да,

Ақ сүтіменен салмақтап:

"Ақерке" деді таңғы әнін,

"Ақмаралдарды" дәріптеп.

Ақиық асыл арманын,

Балаған аққа халық боп.

Аталған ақ боп адалдық,

Көңіл де кіршік түспеген.

Махаббат, достық, адалдық,

Ажарланды аппақ түспенен.

Аспанда жүзген жарық күн,

Тартпауы үшін бұлыңғыр.

Ғасырлар бойы халықтың,

Қанына  сіңген  ұғым  бұл,  -  деген 

ақын  кредосы  өзімен  де,  өлеңімен 

де бірге жасады.  

Ол қоңыр күзде қайтты. Төңірек 

күреңгітіп  тұрды.  Айналасын  да  

қоңыр ойға, күрең мұңға батырды. 

Тағдырға таяқ  тиген бе,

Жазмышын жасқап, кім езген.

Айрылдық сұлу күйден де,

Айрылдық  сұлу  мінезден,  -  деп 

еді  ол  күйші  Әбдікәрім  Кішікбаев 

қазасында.  Өзі  кетіп,  біз  сол  сұлу 

мінезге ділгір болып қалдық.

Жомарт ИГІМАН.

Суретте: 

Әбен 

Дәурен-

беков;    Суретке  жиі  түспеппіз...

(1986 жылдың тамыз айы);  Шы-

ғармашылық 

кешімде 

(1994 

жылдың  қаңтары)  ақын  қазақ 

қалпақ кигізіп еді.


9

Қабанбай батыр көшесі, 32

Тел.: 24-12-84, 24-58-87, факс: 24-75-66

E-mail: alatau_offset@mail.ru, www.alatau.kz@mail.ru

№41 (680) 10.10.2014



ЕСТЕЛІКТЕР ТОЃЫСЫ

Сендер  өлеңді  түсінбесеңдер, 

соған  ренжіп,  өкпелейді  ақын 

жаны, - деді Әбен Дәуренбек ақын.

Түсінеміз  ғой,  неге  түсінбейік. 

Көңіл  сыңырау  біреу  болма-

са,  сіздің  әсіресе,  мұң  толғаған 

өлеңіңізді 

түсінбеу 

мүмкін 


бе?    Бірақ,  "Пенде  болып  жүре 

тұрам 


қайтемін, 

Періштелер 

«керексің»  деп  келгенше",  деп 

өзіңіз  жырлағандай  пенделікпен 

хал  сұраспай  қарға  адым  жердегі 

көршісіне 

кірмейтін 

қалалық 


«біртүрлі»  жандармыз  ғой.  Бірде 

облыс 


орталығындағы 

мұра-


жайда  өзіңізбен  өткен  жырмен 

жүздесудегі  мына  бір  әңгіме 

есіңізде шығар?

-  Тірлігінде  қадірін  дұрыс 

білдім  бе,  білмедім  бе,  өлгеннен 

соң:  «көп  өкпелеттім-ау»  де-

Қара 

өлеңнің 


қара 

нары, 


қарапайым  ғана  тіршілік  кешіп,  өмірді 

өлеңмен  өрнектеген  Әбен  Дәуренбеков 

өмірден  озғалы  үш  жылдың  жүзі  болды. 

Әдебиеттің  ақтангері,  аузын  ашса  жақұт 

жыр төгіліп, кісілігіне кір жұқтырмаған дара 

тұлғаның жарқын бейнесі, інжу-маржан жыр-

лары  оқырмандар  жүрегінде  мәңгі  сақталып 

қалды.  Жастың  да,  жасамыстың  да  аузында 

«Әбеннің  өлеңдері»,  «Әбен  ақын  айтыпты»,  

дейтін қағытпа қалжыңдары жүр. Сағынамыз, 

сарғаямыз,  жырларын  оқып  мауқымызды 

басамыз.  Қаншама  қайғы-қасірет  көрсе  де, 

«Бұл  тағдырдың  жазуы»,  деп  мойымаған 

жайсаң  аға,  редакциямызға  күлімдеп  күліп, 

әзіл-қалжыңмен  қарық  қылып,    қайраттанып,  

жігерленіп жүруші еді, жарықтық!

Бірде,  «Ғарышкер»  шағын  ауданындағы 

пәтеріме  Әбен  аға    келді.  Қасында  еліктің 

лағындай ғана кішкентай қара қыз бар:  "Мынау 

Айдынның  келіншегі.  Саған  көрсетіп,  көрімдік 

алайын  деп ертіп келдім. Кеше телевизордан 

Айнұр  екеуіңнің  Семейде  өткен    айтысыңды  

көріп  дән  риза  болдым.  Қатырдың  әкесін, 

өйтіп айтпаса біздің Айташ,  Айташ бола ма? 

Ә, келін",  деп  әйеліме көтере мақтап жіберді.  

Расында  айтыстан  жүлделі  оралып,  кеудемді 

жел кернеп жүрген кез еді.  «Ой, Әбаға келін 

құтты  болсын,  көрімдік  дайын.  Әй,  бәйбіше 

қазан көтер, алты Алашқа ардақты, Жетісудың 

бас  ақыны,  қайын  ағаң  үйге  күнде  келе 

бермейді», деп тоңазытқышты ашып, бір қылта 

мойынды суырып алдым.  Асхана бөлмесінде 

ас  дайын  болғанша  Әбағаң  таңдайын  жібітіп, 

«сен  тәтеңе  көмектес»,  деп  келінін  менің 

жұбайымның  қасына  жұмсап  жіберді.  Екеуа-

ра Жаркенттің ел-жұртын әңгімеге арқау еттік, 

өлеңге өрнек салып жүрген ақындар жайлы ой 

қозғап: 


-  Жаркентте  қалам  тербеп  жүргендердің 

қайсысы мықты?, - дедім.

- Құсайын. Облыста менен асқан ақын жоқ, 

екеуіміздің де бойымыз да, ойымыз да бірдей, 

дүниені  төңкерген  Лениннің  де  бойы  аласа 

болған Айташ, – деп жымиды. Қарқылдап үйді 

басыма көтеріп күлдім.

-  Құсайынның  «Ұршық»  деген  өлеңін 

оқыдың ба? - деді. 

-  Жоқ  аға, оқымадым. 

-  Неге  оқымайсың,  сен  өзі  менің  өлең-

дерімді оқисың ба? -  деп бұртиып қалды. 

-  Оқимын.

Ақ тамақтың астында мең бар еді, Мәдина,

Сол бір меңге қадалып нем бар еді, Мәдина!

Қайда жүрсең мен көрген қалпыңдасың,

 Мәдина, 

Аман  болсын  аяулы  алтын  басың,  Мәдина, 

-    деген  өлеңінің  соңғы  шумағын  зырлата 

жөнелдім  де,  «Келінді  үйге  ертіп  келдіңіз,  

Мәдинаны  қашан  көреміз?»,    деп  шырайлы 

жүзіне  көз  тастап  едім,  «Әдемі  келіншек,  Та-

раздан  тойға  келіпті,    түріме  қарамай  биге 

шақырдым.  Саусақтары  сүп-сүйір  жұмсақ  

екен, толқып кеттім» - деді.

- Басы бос  болса, мына өлеңіңізді оқыса, 

Мәдина  Тараздан  Жетісуға  құстай  ұшып  кел-

АҚЫНМЕН АЗДЫ-КӨПТІ СЫРЛАСУ

ген  ой  қинап  жүр.  Құлпытасына 

«өкпелеме,  киелім»  деп  жаздыр-

сам ба? – депті ауылдағы әйел бір 

құрбысына.

-  Жоқ,  ол  тірілерге  айтылған 

сөз, соғып тұрған жүрекке жеткізу 

үшін,  -  депті  құрбысы.  Осы  бір 

екі-ақ сөздің құдіреті Мақпал әнші 

үзілдіріп  айтқанда  шымыр  ете 

қалмаған жүрек – жүрек пе?

*   *   *

-  Адам  баласы  табиғатында 

жалғыз,  дегенсіз  бірде.  Мейлі  он 

балаң,  жүз  досың  болсын,  сенің 

ішкі  жан-дүниең,  қайталанбас 

дара.  Олар  қанша  жақын  бол-

ғанмен  оған  кіре  алмайды.  Сол 

дүниеңді  үйде,  әй,  күнде  өтетін. 

Сондай кештің бірінде ғой, Ордаш 

марқұмның  домбыраның  құлақ 

күйін  келтірем  деп:  «Ғазиздің 

айтылмаған  бір  әні  бар»,  деп 

қайталай  бергені.  Сонда  ғой 

Қайжанның іле-шала ұйқастырып: 

«Ақынның  (арақтың)  редакцияда 

краны бар» деп жібергені.

    Бақытты  шақ  қысқалығымен 

қымбат,  өте  шығуымен  аяулы. 

Ол  бір  сергек,  үркек  құс.  Ұшады 

да  кетеді.  Сол  бақытты  сәттердің 

тірегі  –  Қайыпжамал  (Қайжан) 

еді.  Сіз  ең  сұлу  қызды  алдыңыз, 

ұлды-қызды болдыңыз (тіл-көзіміз 

тимесін). Бақыттысыз.

Көңілді асытпай да, тасытпай,

Үй жинасаң, ас қомдайсың

 асықпай.

«Қамалай» деп қасыңнан бір

 қалмайды,

Қаз-қаз басқан қара бала  қасықтай, 

–  деп  елестетіп  Қамалдай  аңсау 

да сол бір бақытты күндерді аңсау.

*   *   *

-  Түйесі  жоғалмағанның  бәрі 

ақылшы,  –  деп  күлдіңіз  бірде. 

Оның  себебін  де  өлеңдеріңізден 

таптық.


-  Су  қараңғы  соқырмын.  Жан-

сыз. Мылқау, тас керең. Түн жамы-

лып  отырмын.  Жанарыңнан  жас 

көрем, - дейсіз. Әрине, ақынды да 

тұрмыс қажытады. Әйтпесе:

-  Айнала  ұшып  алдыңнан, 

Құба  белді  құшқан  нұр.  Амана-

тын  түсінетіндеріңнен  айырасың, 

түсінбейтіндер  түкіріп  кетсе  – 

жалғыздықтың 

көкесін 

сонда 


көресің!  Сол  дара  қалып,  елегізу 

қаламыңыздан  Ордашқа  (көзі 

тірісінде)  арналған  өлең  болып 

сорғалағанда түсінген болғанбыз:

Күлсе де жұрт әйтеуір, күндемеді,

Тербетеді қараңғы түн де мәңгі.

Түн жамылып оңаша отырғанда,

Сен  болмасаң  үйіме  кім  келеді,  – 

дедіңіз.

-  Ақсу  жақта  асқақтаған  әнім-

ау,  мүмкін  емес  сені  қазақ  таны-

мау, - деп қара өлеңнің қабырғасы 

сөгілді, - деп жаман ініңізді:

Құдіреттің қуатты күшін көрген, 

Самұрық  құс  тірілді,  түсімде 

өлген,  -  деп  Жұматайыңызды 

жоқтап  іздегенде  жалғыздық  қой 

жаныңызды жайлаған.

Енді өзіңдей жан қайда, ерте

үзілген ән-жырым,

Мұныдағы маңдайға жазған шығар 

тағдырым,  -  деп  жан-жарыңызды 

іздеген  көңіліңізден  «сыңар  аққу 

жалғыздықты» көрдім.

- Әй, олай деме... Біз ақындар 

қайғылы болсақ та – бақыттымыз, 

–  деп  уәж  айтып  едіңіз  өзіңіздің 

«тамағыңда  дыбыс  күшейткіші 

бар сияқты» дауысыңызбен елдің 

шуылын басып.

...Рас,  мәселен  сіз...  Қайғы-

лысыз.  Өйткені,  өмірде  болып 

жатқан  құбылыстар  жүрегіңізге 

бір  соқпай  кетпейді.  Мүмкін,  өзге 

бір  жүректерге  соқпауы  хақ,  ал 

сізге.  Бірақ  сіз  бақытсыз  емессіз. 

Небір бақытты шақтарды басынан 

кешкен    адам  ешқашан  бақытсыз 

болмайды.  Сіздің  даңғарадай 

кең,  бөлмелері  көп  пәтеріңізде 

күнде  мүшәйра  өтіп  жататын. 

Ерінбеген  ақынның  бәрін  жи-

нап  алып  келесіз.  Өзі  де  «өлең 

жазған,  бірақ  сізге  шыққан  соң» 

қоя  тұрған  Қайыпжамал  да  сол 

мүшәйраға қатысатын. Ол ақынға 

жұп  болуға жаратылған еді. Өзі – 

сұлу, өзі – ақылды, өзі – кеңпейіл, 

кешірімшіл.  Жасыратыны  жоқ 

мүшәйраға  көп  ақын  «қызыл» 

келетін-ді,  онсыз  болмайтын.  Ал 

жыр  кеші  сіздің  қалдырған,  үш 

көгершін,  үш  тағдыр,  -  деп  жазар 

ма  едіңіз.  Сол  үш  көгершініңіздің 

әр  қадамына  түсініп,  кешіріп, 

қуанып қарап келесіз. Бәзбіреулер 

сізге: «Жүресің бе, осылай, бала-

ларды қаңғыртып?»,  деп ақыл ай-

тады. Сіз:

Сағындым, сағындым ғой, жаным

 балам,

Сазыңды майда қоңыр



 мамырлаған.

Баласын әке бар ма, сағынбаған, 

Кезінде  бала  бар  ма  қағынбаған, 

–  деп.  Алғашқы  соқпағында, 

сүрлеуінде.  Сүрініп  көрмегеннің 

несі бала? – деп үлкен жүректілік 

көрсетесіз.  Иә,  өмірің,  тағдырың 

қандай болса сол күйде көрінуден 

де қорықпау керек шығар...

-  Дұрыс  айтады,  -  дедіңіз 

біреуге  кейіп  тұрсаңыз  да,  - 

«Әдебиетің,  өлеңің  шатқаяқтап 

тұр», депті ол.

-  Рас,  өлеңің,  ол  ғана  емес 

әдебиеттің  халі    ауыр  болып  тұр. 

Өйткені, оны талап етуші түсінуші 

аз!

Мүмкін...  Терең  жазылған 



кітаптарды  оқып-тоқу  да  терең 

ойлануды  керек  етеді  ғой.  Ол 

үшін  сол  тұңғиыққа  жүзуің,  күш 

жұмсауың  керек.  Ал,  әлемнің 

бар  қиырынан  әп-сәтте  хабардар 

«білгіш» етіп жіберетін теледидар, 

интернеттен  босап,  кітап  оқуға 

уақыт бар ма, құлық бар ма адам-

да? Бірақ бір ғұлама адам «Үлкен 

әдебиетсіз  өркениетке  жету  жоқ» 

деген.

-  Мен  ойлаймын  өлеңсіз 



үлкен  сезім  жоқ  деп.  Сондықтан, 

өлеңнен қадір кеткен жоқ шығар?

Солай,  ақын  аға!  Іздейміз, 

неге іздейік... Кітабыңызды баспа-

лар  «жаңбырша  жаудырса»  деп 

тілейміз. Олардан қайғылы, әйгілі 

өлеңдер  іздейміз.  Ал,  өлең,  ол  – 

сіз. Оларға: «Өкпелеме, киелім...» 

деп бас иеміз.



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал