Қоғамдық-саяси газет / Общественно-политическая газета Газет 2001 жылдың 7 тамызынан шыға бастады №41 (680)



жүктеу 452.69 Kb.

бет2/4
Дата09.01.2017
өлшемі452.69 Kb.
1   2   3   4

Шынаргүл ОҢАШБАЙ.

5

К¤КЕЙКЕСТІ

Қабанбай батыр көшесі, 32.

Тел.: 24-12-84, 24-58-87. Факс: 24-75-66.

E-mail: alatau_offset@mail.ru, www.alatau.kz@mail.ru

№41 (680)  10.10.2014

«АЛТЫН  АЛҚА»

 

НЕГЕ ҚҰНСЫЗ?

ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ БАЛА СА-

НЫН ШЕКТЕМЕГЕН, ӘРІ 

ТАПҚАН БАЛАСЫНЫҢ САНЫН 

АЙТПАҒАН, ОНЫ ЖАМАН 

ЫРЫМҒА БАЛАҒАН, «ҚҰДАЙ 

БЕРДІ, ТАР ҚҰРСАҒЫМДЫ 

КЕҢІТТІ, ТАС ЕМШЕГІМДІ 

ЖІБІТТІ, МЕН КӨПСІНБЕДІМ» 

ДЕЙТІН.  ОНЫ АЙТА-

СЫЗ, ӘР БАЛА ӨМІРГЕ ӨЗ 

ЫРЫЗДЫҒЫН АЛА КЕЛЕДІ 

ДЕГЕН ҚАҒИДАҒА СҮЙЕНГЕН 

ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДА ОН БАЛА-

ДАН АЗ БОЛСА «Е, КЕДЕЙ ЕКЕН 

ҒОЙ...» ДЕЙТІН-ДІ.

Байлықты  мал  басымен  емес,  жан  ба-

сымен есептеген. Ал, бүгінгі қазақ байлықты 

баламен  емес,  зәулім  үймен,  дүние-

мүлікпен  есептейтінді  шығарды.  Содан 

да  болар,  жер  жүзіне  тарыдай  шашылған 

қазақты Тәуелсіздік алғаннан кейін, Отанға 

шақырған  Елбасы  «Қайтсем  қазақтың  са-

нын  көбейтемін»  деген  мәселені  жылма-

жыл  өкімет  алдына  тапсырма  ретінде 

қойып  келеді.  Бірді  айтып  бірге  кеткендей 

болмайық,  ауызды  құр  шөппен  сүрте  бе-

руге  де  болмас.  Өсім  бар.  Алла  берекесін 

беріп,  халықтың  саны  17  миллионға  жетті. 

Әлі де болса өсім керек. Ол үшін жоғарыда 

әңгіме  болған  алтын  құрсақты  аналарға 

қамқорлық ауадай қажет. Бүгінде төрт, жеті 

бала  тапқандарды  көпбалалы  жанұялар 

қатарына  қосуға  мәжбүрміз.  Себебі,  бала 

туудың өсімі ауылды жерлерде ғана қарқын 

алып, қаладағы тұрғындар бір-екі баламен 

ғана шектелуде. Оның да өзінің себебі бар. 

«Үй  болмай,  күй  болмайды»  деген  аталы 

сөзге  құлақ  түрсек,  бүгін  де  қала  маңына 

ауылдан көшіп келген көпбалалы жанұялар 

тоқымдай  жерге  зәру  болып,  балапанын 

шұбыртқан  мамақаздай  әкімқаралардың 

есігін тоздырып жүр. «Көрмейін десем көзім 

бар» дегендей, көпбалалы аналарға қандай 

қамқорлық  көрсетілуде?  Кеудесіне  таққан 

«Алтын алқаның» қандай қадір-қасиеті бар? 

Әңгіме осы төңіректе өрбімек. 

Бүгінде заман өзгерді. Адам да өзгерген. 

Өзгермеген  құбылыс  жоқ.  Әгәрәки  ХХ 

ғасырдағы 

қуғын-сүргін, 

ашаршылық, 

нәубет,  зұлмат,  соғыс  болмаса,  қазақтың 

саны 17 миллион емес, 25 миллионға пара-

пар  болар  еді.  Айтпағымыз,  көпбалалы 

жанұялар  жайлы.  Көршіміз  Қытайда  адам 

саны  миллиардтан  асты,  Үндістанда 

миллиардқа жуық. Солардың қасында біздің 

санымыз көлге тамған тамшыдай ғана. «Көп 

қорқытады»  қазаққа  да  көбею  керек.  Ол 

үшін  құрсақ  көтеретін  аналардың  жағдайы 

жасалмаса  құр  айғай-аттаннан,  «туыңдар-

туыңдар»  дегеннен  түк  те  шықпайды. 

Шындығы  –  осы.  Үкімет  демографиялық 

өсімнің  қалыптасуында  салғырттық  таны-

тып  отыр.  Амалдың  жоқтығы  ғой,  төрт  ба-

ласы  барларды  көпбалалылар  қатарына 

қостық.  Егер,  шынтуайтына  келсек,  алты 

бала  тапқан  анаға  «Күміс  алқа»,  жеті  ба-

ласы  барға  «Алтын  алқа»  тағатын  болса, 

онда  бұ  заманда  он  бала  тапқан  анаға 

«Гауһар  алқа»  тағуға  тура  келеді.  Себебі, 

бұрынырақта  «Батыр  аналарымыз»  80-

ші  жылдың  аяғына  дейін  көп  болатын. 

Кеудесіне алтын медалін жарқырата таққан 

сол  алтын  құрсақты  аналар  ерекше  көзге 

түсетін-ді.  Әрі  оларға  деген  көпшіліктің 

ілтипаты да ерекше болған. Бүгінде олар да 

таздың шашындай тым селдіреп кетті. 

Бұл  ащы  ақиқат.  Оның  да  өзіндік 

себептері  бар.  Нарықтық  жүйе  әйелдер 

түгілі  ер  азаматтардың  өзін  сансыратып 

жіберді. Ала дорба арқалаған аналар «бай-

тал  түгіл  бас  қайғының»  күйін  кешті.  Ол 

үрдіс  бүгінгі  күнге  дейін  жалғасып  келеді. 

Әлеуметтік  жағдай  біртіндеп  түзеліп, 

қазақтың  саны  жылма-жыл  артуда  деп 

бөркімізді  аспанға  атып  жүрміз.  Бірақ,  бұл 

қуаныштың артында күдік тұр. Бұған нақты 

дәлел  –  жақында  телеэкранда  Қызылорда 

облысындағы  «Алтын  алқа»  иегерінің  күн 

көруі  қиындағандықтан,  «Алтын  алқасын» 

ломбардқа  өткізіп,  ақша  алмақ  болғанына 

дүйім жұрттың назары ауды.  «Алтын, күміс 

тас  екен,  арпа-бидай  ас  екен»  демекші, 

осы көпбалалы аналарға берілетін «Алтын 

алқаның»  құны  қаншалықты  қымбат?  Бізді 

де мазалаған сұрақ осы. Бір жоқты бір жоқ 

сұрастырып жүріп табады дегендей, көгілдір 

экраннан көрсетілген алтын алқаның құпия 

сырын білмек болып, осы тақырыпты жан-

жақты қаузадық. 

Еліміздегі  әрбір  төртінші  баланың 

оңтүстікте дүниеге келетінін ескерсек, «Ба-

тыр  аналардың»  бүгінгі  ұрпақтары  алтын 

жіпті  үзіп  алмай,  жалғастырып  жатқанына 

шүкіршілік  айтасың.  Бір  ғана  Оңтүстік 

Қазақстан облысында 1 миллион 089,3 мың 

әйел  тұрып  жатса,  соның  96  мыңнан  аста-

мын  яғни  9  пайызын  көпбалалы  аналар 

құрайды екен. Олардың ішінде 70 267 әйел 

төрт және одан да көп бала тәрбиелеуде. 

Жалпы,  биылғы  жылдың  бюджетінде 

аналарға 

берілетін 

жәрдемақыларды 

көтерудің  өзіне  20  миллиард  теңгеден 

артық  қаржы  қарастырылған.  Олардың 

әрқайсысының  жәрдемақыларына  12  пай-

ыз, сондай-ақ, жұмыс істемейтін әйелдердің 

жәрдемақыларына  да  12  пайыз  қосылды. 

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап төрт және 

одан  көп  бала  туған  аналарға  берілетін 

жөргекақы  70  650  (бұл  деректі  жоққа 

шығарып,  51400  теңге  алдық  деген  ана-

лар бар) теңгеге дейін және бала бір жасқа 

толғанға дейін оның күтімі үшін төленетін ай 

сайынғы жәрдемақы мөлшері бірінші балаға 

– 7 772 теңге, екінші балаға – 9 185 теңге, 

үшінші балаға – 10 598, 4 және одан да көп 

балаларға  12  011  теңгеге  дейін  көбейту 

қарастырылған. Сараң байдың құлға берген 

садақасындай  болған  бұл  жәрдемақылар 

көп  балалы  отбасылардың  жыртығын 

жамауға да жетпей тұр. Оған нақты дәлелді 

қызылордалық ана көрсетті. 

Құдайдан  бала  сұрап,  үкіметтен  пана 

сұраған  осы  ардақты  аналар  неге  жылап 

жүр? Билік өкілдері ардақтап берген «Алтын 

белгіні»  не  себепті  ломбардқа  тапсыруға 

барды  деген  сұрақты  журналист  қауымы 

емес, мәжілістегі һәм сенаттағы депутаттар 

дабыл  қағуы  керек  еді.  Алайда,  «Көрмес 

түйені де көрместің» керін көрсетіп отырған 

жұмсақ  орындықтағы  көкелер  көкейіне 

нені  түйді  екен?  «Алтын»  деп  жүргеніміз 

арзан  болып  шықты.  Тіпті,  құны  жоқ. 

Алқаны  тексертіп  көрмек  болғанымызда, 

ломбардтың  алтын  бұйымдарын  сараптау-

шы маманы: «Бізде Ресейдегідей алтынның 

құрамын  жан-жақты  тексеретін  зертхана 

жоқ.  Тек  алтынның  сынамасын  тексеретін 

реактивтер ғана бар. Олар бойынша, алтын 

бұйымдары 585 сынамасына сәйкес келеді. 

Ал, «Алтын алқа» жөнінде ештеңе айта ал-

маймын», деп аты-жөнін атаудан да басын 

ала қашты. Әлгі қызылордалық кейуана да 

ломбардқа «Алтын алқасын» алып барғанда 

ломбард қызметшісі бұл алқаның құны жоқ 

екенін жалпақ жұртқа жария еткен. «Алтын 

алқасының» құнсыздығын түсінген ана «бір 

қажетіме  жарай  ма  деп  қысылғанда  келіп 

едім.  Мұны  мен  не  үшін  тағып  жүрмін?» 

деп  жанарына  жас  қамалғанын  көгілдір 

экраннан  көріп  қалғанбыз.  Енді  өзіміздің 

де  көзіміз  жетті.  «Бақсам  бақа  екен» 

демекші,  бір  сөздің  артын  бір  сөз  шұқып, 

әлгі  мемлекеттің  ар-намысын  қорғап, 

өмірбойы  спортта  тер  төгіп,  Әнұранды 

асқақтатып, Көк Туды желбіретіп, әлемді ау-

зына қаратқан спортшылардың да кеудесіне 

таққан алтындарының құны мәз емес болып 

шықты. 


Әрине, 326 тонна алтын қоры бар еліміз 

үшін ардақты аналарымызға таза алтынды 

қимағанымыз  –  өкінішті.  «Алтын  алқаның» 

Теңге сарайында жасалатыны белгілі. Жедел 

ақпаратты бере қоятын сайттан тапқанымыз 

там-тұм болып шықты. Демек, алтынның да 

өзіндік  құпиясы  бар  деген  сөз.  Сонымен 

мерейтой,  естелік  және  спорт  медальда-

ры,  белгілер  және  кеуде  белгілері  бағалы 

металдардан  және  оның  қорытпаларынан 

шекіме әдісімен жасалатын көрінеді. Олар-

ды  жасау  кезінде  ыстық  және  суық  эмаль-

дар, лактар, алтын жалату мен патинирлеу 

қолданылады  екен.  Биколорлық  медаль-

дарды, сондай-ақ диаметрі 100 мм-ге дейін 

үлкен  медальдарды  жасауда.  «Алтын 

алқаның» дизайнында мін жоқ. Күн сәулесі, 

ананың аялы алақанында отырған сәби. Бір 

қарағанда  керемет-ақ.  Бірақ  алтын  деген 

атауына  лайық  еместігін  маман  көзәйнегі 

түгіл,  қарапайым  көзбен-ақ  бағамдай  ала-

ды.  Салмағы  ауыр.  Тек  кеудеге  қадайтын 

тұсы  ғана  алтын  жалатқан  болуы  мүмкін. 

Бұл ғаламтордағы ақпарат. «Алтын алқаны» 

алушы бұл марапатты мақтаныш сезімімен 

кеудесіне жарқыратып тағып жүруі керек-ті. 

Тіпті,  ұрпағынан  ұрпағына  жәдігер  ретінде 

қалдыруға  болар  еді.  Алайда,  күйбің 

тірліктен  қажыған  сыр  елінің  ардақты  ана-

сы  секілді  қаншама  көпбалалы  аналардың 

қысқа  жібі  күрмеуге  келмей  жүр.  Өзекті 

өртейтін өкініш те осы.

«Жұмақ  аналардың  табанының  астын-

да»  деген  Қасиетті  Құрандағы  ұранды 

сөзді біздің билік неге зердесіне тоқымаған. 

Неге  аналарымыздың  жанары  жәутеңдеп 

жүр?  Балапандарына  қанатымен  су 

сепкен 


қарлығаштай 

шырылдаған 

ардақтыларымызды 

біз 


неге 

аялай 


алмадық?...

ТҮЙІН:

Мақалаға  арқау  болып  отыр-

ған 

«Алтын 

алқа» 

жайында 

ломбардтағы 

қызметшілердің 

«Алтын  алқаға»  мүлде  зер  сал-

майтындарын  білдік.  Егер,  құнды 

дүние  болғанда  «Әкеле  бер»  деп 

алақандарын 

ысқылап 

отыра-

тын  еді.  Апыр-ай  алтын  кеннің 

үстінде 

отырып, 

көпбалалы 

аналардың 

кеудесіне 

таққан 

атауы  «Алтын  алқа»  аталатын 

медальдың  көк  тиындық  құны 

болмағанына  налисың.  Егер,  осы 

көзбояушылықты  дабыра  қылмай-

ақ  «Алтын  алқаның»  орнына  әлгі 

спортшылар 

жеңіске 

жеткен 

кезде  беретін  150-200  мың  АҚШ 

долларының  тым  құрыса,  10  мың 

долларын  осы  аналардың  қолына 

ұстатқан 

болса, 

кем-кетігін 

түзетіп  алар  ма  еді?  Қолындағы 

темірін  қолтықтап,  ломбардқа 

барар  ма  еді  деген  дүдамал  ой 

санамызға  салмақ  салды.  Мәселен, 

араб 

елдерінде 

дүниеге 

кел-

ген  әр  сәбиге  есепшот  ашып, 

өңірдегі  шығып  жатқан  мұнайдың 

ақшасынан бала 18 жасқа толғанша 

өкімет  өтемақы  төлеп  тұрады. 

Бізде  мұнай  да,  алтын  да,  темір 

де,  көмір  де,  мырыш  та,  болат  та 

бар.  Бірақ,  аналарға  жасап  жатқан 

қамқорлығымыздың сиқы осындай. 

А. ЖАРҚЫН.

Тіл  –  ұлтымыздың  болмысы,  тау-

сылмас  қазынасы.  «Өнер  алды  қызыл  

тіл»  деп  санаған  халқымыз  анасының 

ақ  сүтімен  дарыған  тілінің  тазалығын, 

байлығын қастерлеп, оның болашағына 

бей-жай  қарамағаны  бәрімізге  белгілі. 

Егеменді 

еліміздің 

тәуелсіздігін 

айқындайтын  негізгі  конституциялық 

құқықтық белгілерінің бірі – мемлекеттік 

тіл.           

«Қазақстанның  болашағы  –  қазақ 

тілінде»,  деп  мемлекеттік  тілдің  бағытын 

айқындап берген Елбасы Нұрсұлтан Назар-

баев:  «Мемлекеттік  қызметке  кірген  қазақ 

қарым-қатынаста  қазақша  сөйлесуі  керек», 

-    деп  нақты  талап  қойған  болатын.  Міне, 

осыдан-ақ,  мемлекеттік  қызметшілерге 

мемлекеттік тілді білу, құжаттарды сол тілде 

әзірлеу  талабы  жыл  сайын  күшейіп  келе 

жатқанын  аңғаруға  болады.  Демек,  бүгінгі 

таңда  мемлекеттік  қызметкерлерге  тіл 

үйрету  мәселесінің  маңызы  қай  кездегіден 

де артып отыр.

Талдықорған 

мамандандырылған 

ауданаралық әкімшілік сотында мемлекеттік 

тіл  мәселесі  толықтай  шешімін  тапты  деп 

сеніммен  айтуға  болады.  Тілге  қатысты 

шаралардың  ұтымды  ұйымдастырылуы 

сот 

ұжымының 



тұрақты 

назарында. 

Сот  жүйесінде  қызмет  атқаратын  сот 

қызметкерлері  мен  судьялар  ісқағаздарын 

мемлекеттік тілде еркін толтырады. Ең бас-

тысы  –  қазақ  тілінің  қажеттілігін  арттыру 

мақсатында  құжаттардың  барлығы  жүйелі 

дайындалуда. Соттағы барлық  кіріс, шығыс 

құжаттар  мемлекеттік  тілде  жүргізіледі. 

Соттың  ішкі  құжат  айналымдары  мен 

бұйрықтар да талапқа сай қазақ тілінде жа-

зылып, жиналыстар мен дөңгелек үстелдер, 

семинар кеңестер мемлекеттік тілде өтеді.

Қазақ  тілінің  қолданыс  аясын  кеңейту 

баршамыздың азаматтық парызымыз.

Б.ТОҚПАҚОВА,

Талдықорған қаласының 

мамандандырылған ауданаралық 

әкімшілік соттың бас маманы.                                          

ТАУСЫЛМАС ҚАЗЫНА

Тілді білу – 

баршамыздың

 парызымыз

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

күрестің  негізгі  принциптері  жеке 

және  заңды  тұлғалардың  құқықтары 

мен  заңды  мүдделерін,  мемлекеттік 

әлеуметтік-экономикалық, 

саяси 

құқықтық ұйымдық басқару жүйелерін 

қорғаудың 

басымдығы 

барлық 

азаматтардың  заң  мен  сот  алдын-

да  теңдігі,  мемлекеттік  органдардың 

қызметін анық құқықтық регламенттеуді 

және қоғамдық бақылауды қамтамасыз 

етеді.    

Осы  Заң  азаматтардың  құқықтары 

мен  бостандықтарын  қорғауға,  сы-

байлас  жемқорлық  көріністерінен  ту-

ындайтын 

қауіп-қатерден 

Қазақстан 

Республикасының  ұлттық  қауіпсіздігін 

қамтамасыз  етуге  бағытталған.  Сондай-

ақ, демократиялық негіздерді, мемлекетті 

басқарудағы жариялылық пен бақылауды 

кеңейтуге  халықтың  мемлекет  пен  оның 

құрылымдарына деген сенімді нығайтуға, 

білікті мамандарды мемлекеттік қызметке 

кіруге 

ынталандыруға, 



мемлекеттік 

міндеттерді 

атқаратын 

адамдардың 

жағдайларын жасауға да бағытталған.        

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті  өзінің  жолдауында  сыбай-

лас  жемқорлықпен    күресті  күшейту 

қажет  екендігін  атап  өтті.  Сыбайлас 

жемқорлықтың  тамырына  балта  шабу 

үшін әлі де болса құқықтық қорғау орган-

дары  одан  әрі  бірлесе  еңбек  етуі  қажет. 

Сыбайлас  жемқорлықпен  күрес  және 

оның алдын алу мемлекеттік қызметкердің 

ғана  емес,  сонымен  қатар  Қазақстан 

Республикасының  әрбір  азаматының 

міндеті  екендігін  атап  өту  керек.  Барлық 

қызметкерлер 

жұмыс 


барысында  

Қазақстан  Республикасының  «Ар-намыс» 

кодексінде  адамгершілік  этикалық  нор-

маларды  қатаң  ұстау  қажет.  Азаматтарға 

тікелей  өзара  әрекет  жасайтын  әрбір 

мемлекеттік  зияткер  азаматтың  білгісі 

келетін мәселесі бойынша білікті көмек не 

толық  ақпарат,  жоғарғы  кәсіптік  деңгейде 

мәлімет  алуы  үшін  қолынан  келетінінің 

барлығын жасауға міндетті.  



Ұ. НҰРҒАЛИЕВА                                

Көксу аудандық Әділет 

басқармасының кеңесшісі.

ЖЕГІ ҚҰРТ

Қоғам дертінен 

айығудың 

принциптері

7

ЗАЊ  АЯСЫНДА

Қабанбай батыр көшесі, 32.

Тел.: 24-12-84, 24-58-87. Факс: 24-75-66.

E-mail: alatau_offset@mail.ru, www.alatau.kz@mail.ru

№41 (680)  10.10.2014



Заңды қадағалаушы орган – Алматы облыстық прокуратурасында  қоғамдық кеңес 

өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев, облыстық про-

куратура жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері, Ұлттық қауіпсіздік департаментінің 

басшысы  Сәбит  Құрманалиев,  Экономика  және  сыбайлас  жемқорлықпен  күрес 

департаментінің басшысы Талғат Сәдуақасов, облыстық Ішкі істер департаментінің 

басшысы  Мұрат  Ұрұмханов,    Мемлекеттік  қызмет  істері  бойынша  тұтынушылар 

құқығын қорғау департаменті, ішкі саясат, білім, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік пала-

тасы, мәдениет басқармалары, қаржылық бақылау, Алматы облыстық 

мәслихатының жауапты тұлғалары және үкіметтік емес 

қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиынды

облыс прокуроры Ғабит Миразов ашып 

жүргізді.

ҚАДАҒАЛАУШЫ ОРГАН 

ҚАТАҢ ТАЛАП ҚОЙДЫ

Қоғамдық кеңесте  барлық ау-

дандар  және  қалалық  прокурор-

лар, қала, аудан әкімдері, ішкі істер 

басқармалары  мен  бөлім  басшы-

лары  бейнеконференция  арқылы 

жиынға  қатысуға  толық  мүмкіндік 

алды.  Шенді-шекпендінің  төрт 

көзі түгел жиылған бас қосуда  үш  

түрлі мәселе талқыға түсті. Бірінші, 

қылмыспен күрес және тәртіпсіздік 

пен  құқық  бұзушылыққа  нөлдік 

төзімділік  ұстанымын  қамтамасыз 

ету  бойынша  жоспарлы  іс-

шараларды  жүзеге  асыру,  екінші, 

2013-2014 

жылдың 

бірінші 


жартыжылдығындағы 

сыбай-


лас  жемқорлыққа  қарсы  күрес 

заңдылығын  және  мемлекеттік 

қызметкерлердің 

«Ар-намыс» 

кодексінің  аясында,  қаржылық 

бақылау 


инспекциясы 

және 


Мемлекеттік 

қызмет 


істері 

жөніндегі департаментінің өкілетті 

және  құқық  қорғау  органдарымен 

өзара  қарым-қатынасы,  үшінші, 

"Алаяқтық"  деректері  бойынша 

сегіз айдың қорытындысы туралы 

мәселелер қаралды. Алғашқы бо-

лып  қаралған  облыс  көлеміндегі 

тазалыққа  қатысты  баяндама 

жасаған  облыстық  прокуратура 

басқарма басшысы Сәбит Чембе-

ков шағымданушылардың көбейіп 

кеткендігі  жайлы  айтты.  Әсіресе, 

Талдықорған  қаласындағы  «Ве-

черний  Талдыкорганның»  бас-

ты  тақырыбына  айналған  қала 

көшелеріндегі 

қоқыстың 

та-

заланбай,  жиналмай  жатуын, 



тұрғындардың  учаскелік  инспек-

торлардан  көретінін  баяндады.  

Өкініштісі,  сол  жиынға  «Вечерний 

Талдыкорган»  газетінен  не  бас 

редактор не оның орынбасары ар-

найы шақырылса да келмеді. Тіпті, 

Кербұлақ  ауданының  орталығы 

Сарыөзек  кенті,  Талғар  мен 

Талдықорған  қаласындағы  қоқыс 

алаңдарының    түсірілген  бейне-

фотолар көрсетілді.

«Тисе  терекке,  тимесе  бұ-

таққа» 

дегендей, 



тазалыққа 

полицейлердің  қандай  қатысы 

бар  деп  отырғанымызда,  бұған 

нақты  жауапты  Алматы  облыстық 

Ішкі  істер  департаментінің  бас-

шысы  Мұрат  Ұрұмханов  нақты 

жауап  берді.  Полицияның  міндеті 

қоғамның  қауіпсіздігін  қадағалау, 

күл-қоқыстарды тазалауға мін-детті 

емес, бұл «жаптым жала, жақтым 

күйенің  кері»  енді  полицияның 

кіріспеген жері қоқыс-қалдықтарды 

тазалау  қалып  па  еді  дегендей 

назын  жеткізді.  Бозторғайдай 

шырылдаған полиция бастығының 

айтқан сөзінің жаны бар. Бар пәле 

ауыл-аймақтағы  шағын  аулала-

рымен  қаланың  кең  көшелеріне 

күл-қоқыс  қалдықтарын  қалай 

болса  солай,    шашып  тастайтын 

тұрғындар  мен  сол  қалдықтарды 

дер кезінде жиыстырып әкетпейтін 

арнайы  тазалықты  қадағалайтын 

мекемедегі 

қызметкерлердің 

салғырттығы 

айналып 

келіп 


учаскелік инспекторларға тірелетін 

жөні  жоқ-ты.  Бас  полицейден 

кейін  кезек  алған  Талдықорған 

қаласының  әкімі  Ермек  Алпысов 

соңғы екі жылда тазалыққа қатысты 

атқарылып  жатқан  шараларды 

атап  өтті.  Мәселен,  «Таза  қала» 

логотипі  жазылған  500-ге  жуық  

қоқыс  жәшіктері  орнатылғанын, 

алда  ықшам  аудандарға  67 

қоқыс  алаңын  салуға  облыстық 

әкімдікпен 

келісім 

жасалып  жатқанын, 

алайда  жабайы  сау-

да жасап жүргендерді  

сауда 

орындары-



на  немесе  арнайы 

базарға кіргізе алмай 

жүрміз, бұл бір күннің 

мәселесі емес, поли-

ция  қызметкерлерін 

жұмылдырсақ 

та 

әзірге  нәтиже  бол-



май  тұр.  Көше  бой-

ын  жағалап,  сауда 

жасаушылар 

әлі 


толастаған  жоқ  деп 

сырын 


бүкпесіз 

жайып 


салды. 

Алдағы 


уақытты 

к ә с і п к е р л е р м е н 

жүргізілген 

ұзақ 


келісімнен 

соң, 


жабайы 

базарға 


айналған  даңғылдың 

бірі,  базар  маңындағы  «Біржан 

сал»  көшесі  қала  жұртшылығы 

«Арбат»  атап  кеткен  төменгі 

бөлігі 

мемлекет 



меншігіне 

қайтарылатынын  айтып,  онда 

мүлде  сауда  жасалмайтынын, 

ел-жұрттың  өтуіне  ыңғайлы  ғана 

жол  қалады.  Сондай-ақ,  орталық 

базардың  маңынан  40  сотық 

жер  алуды,  ол  жерге  «Жерұйық» 

коммуналдық  базарының  шағын 

шатырлары  қойылатынын    жа-

рия  етті.  Расында  да  қала 

базарының  іргесінде  орналасқан  

осы  көшедегі  жабайы  базардан 

ары-бері өткендер аяқ алып жүре 

алмайды.  Кезінде  облыс  әкімі 

болған  Шалбай  Құлмаханов  осы 

көшені  тап-тұйнақтай  қалыпқа 

келтіріп,  көлік  кіруге  тыйым  са-

лып,  қала  тұрғындары  демала-

тын  орынға  айналдырған-ды. 

Бірақ  та,  кәсібімізге  кедергісі  тиді 

деп  ұлардай  шулап,  жоғарыға 

арызданған  кәсіпкерлер  ақыры 

бұл  көшені  айқара  аштырып 

тастаған-ды.  Енді,  міне,  жабайы 

саудаға  айналып,  тазалығы    та-

сада  қалған  бұл  даңғыл  әкімшілік 

пен  полицейлердің  бас  ауруы-

на  айналды.    Бұдан  бөлек,  об-

лыс  прокуроры  Ғабит  Мира-

зов  облыстық  деңгейдегі,  әрі 

республикалық 

автожолдардың 

бойындағы  тазалықты  реттеуге 

мүмкіндік  беретін  өңірлік  жоспар 

құру  керектігін  айтты.  Бұған  об-

лыс  әкімінің  бірінші  орынбасары 

Махаббат  Бигелдиев  көтерілген 

өзекті  мәселенің  ауқымды  екенін 

айтып, 

әкімшілік 



тарапынан 

қолдау болатынын тілге тиек етті. 

Күн  тәртібіндегі  екінші  мәселе, 

«Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

күрес»  Заңы  мен  Мемлекеттік 

қызметшілердің 

«Ар-намыс» 

кодексінің  қолдануына  байланыс-

ты,  облыстық  Қаржылық  бақылау 

инспекциясы  және  Мемлекеттік 

қызмет  істері  жөніндегі  депар-

таменттің  өкілетті  және  құқық 

қорғау 

органдарымен 



өзара 

қарым-қатынасындағы көңіл ауда-

ратын  жайттар  жайлы  облыстық  

прокуратураның басқарма басшы-

сы Сәбит Чембековтің   екінші ба-

яндамасы тыңдалды.

Бүкіл  қоғам  болып  күресіп 

жатсақ та, жең ұшынан жалғасқан 

жемқорлық  жайлы  облыста  күрес 

лайықты  жүргізіліп  жатпағаны  ба-

яндамадан анық аңғарылды.  Бас-

ты  тақырыпта  сол  мемлекеттік 

қызмет  атқарғандардың  ары  да, 

қолы да таза болу керектігін Елба-

сы әр жиын сайын жағы талмай ай-

тып  келеді.  Алайда,  лауазымдық 

қызметін  асыра  пайдаланып, 

мемлекет  қаржысына  қол  салу, 

жымқыру  тиылмай  тұр.  Бұл  аз 

десеңіз  жер  теліміне  қатысты 

фактілер  бас  айналдырып,  көз 

тұндыратын 

халге 

жеткенін 



бақылаушы  орган  қызметкерлері 

жиын  барысында  ашық  жария-

лады.    Қара  жерден  қаржы  жи-

нап,  қолынан  келіп,  қонышынан 

басқандар    гектарлап  алып  алса, 

сіңірі  шыққан  жарлы-жақыбайлар  

тоқымдай  жер  ала  алмай  әкім-

қаралардың 

есігін 

тоздырып, 



жылдар бойы 10 сотық жер телімі 

үшін бармаған жері, ашпаған есігі 

қалмағанын  баяндамашы  жария-

лы түрде жеткізді. Жер телімдерін 

конкурссыз  сату  деректері  әлі 

тыйылмай  отырғанын,  жер  сұрап 

барған  кейбір  өтініш  берушілерге 

жомарттық 

танытып, 

бармақ 


басты,  көз  қыстылықпен  ке-

зекке  қоймай-ақ,  келісімі  өткен 

күндер  есебінен  жүргізе  сала-

тын  заңсыздықтар  барын    алға 

тартты.  Бұл  сыбайластықтың, 

жемқорлықтың 

белгілері 

бар 


істерді  әділетті  қарауға  тиісті 

Тәртіптік кеңес мүшелерінің атына 

сын  айтылды.    Сары  майдан  қыл 

суырғандай  болған  прокуратура 

органдары  биыл  65  лауазымды 

тұлғаны  жауапкершілікке  тартуға 

қол жеткізіпті.

«Құлақтарыңа  алтын  сырға» 

Тәртіптік 

кеңес 


мүшелерінің 

көпшілігі  заңгер  емес,  өмірлік 

тәжірибесіне 

орай 


шешім 

шығарады,  деген  баяндамашы 

сыбайлас  жемқорлық  белгілері 

бар  қаралған  тәртіптік  істерге 

жұмсақтық  танытпай  қатаң  жаза-

лауды    тағы  бір  мәрте  ескертті. 

Осы  сауал  төңірегінде  облыстық 

Мемлекеттік 

қызмет 

істері 


жөніндегі  департаменттің  басшы-

сы  Марат  Оразали  жауап  берді. 

Үшінші мәселе,  алаяқтық деректері 

бойынша  жағдай  баяндалды. 

Статистикалық 

мәліметтерге 

сүйенсек, 

ағымдағы 

жылдың 

8  айында  алаяқтыққа  қатысты 



1541  қылмыс  тіркеліп,  аталған 

қылмыс  облыс  бойынша  31,1% 

өсіпті.  Мәселен,  өткен  жылы  осы 

мерзімде бұл қылмыс 1155 болған. 

Қозғалған  қылмыстырдың  329-ы 

сотқа  жолданса  соны  ақтайтын 

негізбен  227  іс  қысқартылған. 

Аталған  қылмыстардың  ашы-

луы  42,9%  құраған.  «Аңқау  елде 

арамза молда көбейеді» дегендей 

алаяқтарға жем болудың бір жолы 

азаматтардың  өздерінің  көздеп 

жүрген 

мәселелеріне 



пысы-

қайлардың  жеңіл  жолмен  алып 

береміз десе, сол үшін алдын ала 

сыйақы  бере  салу  салдарынан 

болып  отырғаны    да  осы  жиын-

да  айтылды.  Мұның  ең  сорақысы 

осындай  қылмыстар  жергілікті 

әкім 


мен 

жәбірленушілердің 

арасындағы  адамдар  арқылы  жа-

салады  екен.  Мысалы,  Г.  Манап 

З.  Нурмаханованың  сеніміне  кіріп 

"Жамбыл  ауданы,  Шолаққорған 

ауылдық  округінен  жер  телімін 

алып берем",  деп 549 000 теңгесін 

иемденіп  кетіпті.  Мұның  сыртын-

да  бүгінгі  таңда  компьютерлік 

технология  арқылы  алаяқтық 

жасау  дерегі  көптеп  орын  алған. 

Мұндай қылмыстарға жол беретін 

көбінесе  банк  қызметкерлерінің 

қатысуымен жүзеге асатыны, онда 

жалған  құжаттар  арқылы  банктен 

несиелер  алынатын  болған.  Эпи-

зодтары  бойынша  43  қылмыстық 

іске  қатысты  үш  қылмыстық  іс 

ағымдағы жылы қозғалған.

«Ақыш  таздың  амалы-ай» 

демекші  қулықтарына    құрық 

бойламайтын  алаяқтар  құқық 

қорғау  органдарының  қызметтік 

куәліктерін 

көрсету 


арқылы 

көздеген  қылмыстарын  жасай-

тын  болып  шықты.  Осындай  4 

алаяқтық  іс  облыс  көлемінде  бо-

лыпты.  Осыған  орай,  алаяқтыққа 

қарсы  тұруға  қатысты  түсіндірме 

жұмыстары 

жүргізіліп, 

об-

лыс  прокуратурасы  тарапынан 



құқық 

қорғау 


органдарының, 

әкімшілік және бұқаралық ақпарат 

құралдарының қатысуымен жақын 

арада  дөңгелек  үстел  өткізу  жос-

парланып жатқанын мәлім етті.



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал