Қоғамдық-саяси газет / Общественно-политическая газета Газет 2001 жылдың 7 тамызынан шыға бастады №41 (680)



жүктеу 452.69 Kb.

бет1/4
Дата09.01.2017
өлшемі452.69 Kb.
  1   2   3   4

Қоғамдық-саяси газет / Общественно-политическая газета

Газет 2001 жылдың 

7 тамызынан

шыға бастады

№41 (680)

10.10.2014

alatau_offset@mail.ru

МАРАПАТ

Индексі: 

15534

ЖАЗЫЛУ БАҒАСЫ:



"АЛАТАУ" 

қоғамдық-саяси газетіне 

2015 жылға жазылу басталды.

Начинается  подписка 

на общественно-политическую 

газету  "АЛАТАУ" на 2015 год

Редакция арқылы

1 жылға-  1950  теңге.

"Қазпошта" арқылы

қала тұрғындарына

1 жылға - 2713,64  теңге.

ауыл тұрғындарына

1 жылға - 2866,52 теңге.

с редакции

на 1 год - 1950  тенге.

Через "Казпочту"

для городского населения

на 1 год - 2713,64  тенге.

для сельского населения

на 1 год - 2866,52  тенге.

ЦЕНА ПОДПИСКИ:



БАСПАСӨЗ - 2015

ПОДПИСКА - 2015

Қазақтың 

көрнекті ақыны 

ӘБЕН ДӘУРЕНБЕКОВТІҢ 

туғанына 75 жыл 

толуына орай 

«ТАҒДЫРЫМ МЕНІҢ 

ТУҒАН ЖЕРГЕ 

БАЙЛАНҒАН» 

атты еске алу кешіне 

шақырамыз.

ӨТЕТІН ОРНЫ:

Панфилов ауданы 

Н. Головацкий ауылы

Ауылдық Мәдениет үйі

17 қазан 2014 жыл

Сағат: 15.00

Ұйымдастыру алқасы.

"АЛАТАУ" газетіне жазылуға бір кісідей атсалысайық!

"Қазпошта" акционерлік қоғамы, Алматы облыстық 

филиалының мерзімдік баспа басылымдарына жазу және  

тарату бөлімінің қызметкерлері "АЛАТАУМЕН" бірге.

Ұ

лағатты ұстаздар



ЛЫҚТАЛДЫ

«АЛТЫ АЛАШТЫҢ БАЛАСЫ БАС 

ҚОССА, ТӨР – МҰҒАЛІМДІКІ»  ДЕПТІ 

ӨЗ ЗАМАНЫНДА ҰЛТ ЖАНАШЫ-

РЫ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ. ОСЫ 

НАҚЫЛДЫ ҚАПЕРІНЕ ІЛГЕН АЛМА-

ТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ 

БИЫЛ ДА ҰСТАЗДАРДЫҢ ЕҢБЕГІН 

ЕСКЕРІП, МАҚТАУ МЕН МАРАПАТҚА 

БӨЛЕДІ.

Жастар 


спорт 

сарайында 

өткен 

мұғалімдер  мерекесінде  қазақ  даласында 



тұңғыш  рет  қазақ  балалары  үшін  алғашқы 

оқулықты  жазып,  мектеп  ашқан  Ыбырай 

Алтынсарин болмысын бейнелейтін шағын 

сахналандырылған  қойылым  көрсетілді. 

Бұл қазақ даласына білімнің иісі келіп, мек-

теп  қоңырауы  соғылған  19-шы  ғасырдың 

бірінші  жартысындағы  тарихи  оқиға  еді. 

Оның  артын  ала  сахнаға  шыққан  ұстаздар 

мен  оқушылардың  өлеңмен  өрілген  әдемі 

диалогы  көрермен  көзайымы  болды.  Фан-

фар  шырқалып,  рухты  ән  сахнаны  кезіп 

кеткенде  оқушылар  залда  отырған  300 

мұғалімге гүл таратты.

Салтанатты  шараның  ресми  бөлімінде 

облыс  әкімінің  орынбасары  Серік  Мұқанов 

мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап, 

облыс  әкімінің  арнайы  алғыс  хаттары  мен 

құрмет  грамоталарын  табыс  етті.  Серік 

Мейірханұлы  келтірген  дерек  бойынша 

биылғы оқу жылында облыс ұстаздарының  

қатары  900-ге  жуық    жас  маманмен 

толыққан.  Бүгінгі    күнде    облысымызда  

осындай  ұлағатты 34 мыңнан аса мұғалім 

балаларға  сапалы  білім,  саналы  тәрбие 

беруде. 2013 жылмен салыстырғанда білім 

саласына  бөлінген  бюджет  көрсеткіші  1,2 

есеге, яғни 105 миллиард теңгеге  артқан. 

Балаларды 

жақсылыққа, 

ізгілікке 

тәрбиелеуші, ұрпақтың бағбаны – мұғалім. 

Алматы  облысы  әкімінің  қолдауымен  жыл 

сайын  мұғалімдер  арасында  өткізілетін 

«Үздік  ауыл  мектебі»,  «Үздік  кәсіптік  білім 

беру»,  «Үздік  интернаттық  тәрбие»,  «Үздік 

балабақша», «Үздік сынып жетекшісі» сын-

ды  номинациялар  бойынша  байқаулардың 

жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен мара-

патталды.  Мұндағы  мақсат  мұғалімдердің 

кәсіби  біліктілігін  арттырып,  мәртебесін 

көтеру болған. 

Елімізде  білім  беру  жүйесін  жаңа  бе-

лестерге  көтеру  жолында  нақты  қадамдар 

жасалуда.  Соның  жарқын  үлгісі  облыс 

әкімінің  қолдауымен  биыл  үшінші  рет 

өткізіліп  отырған  жүлде  қоры  15  милли-

он  972  мың  800  теңге  грантын  құрайтын 

«Орта  білім  беретін  үздік  ұйым»  байқауы. 

Бұл  байқаудың  жеңімпазы  Қарасай  ау-

даны  Ыбырай  Алтынсарин  атындағы 

орта  мектеп.  Мектеп  директоры  Жа-

нар  Кулиеваның  айтуынша,  бұл  қаржы 

мектептің  материалдық-техникалық  база-

сын  нығайтуға,  ұстаздардың  методикалық 

жұмыстарын  жетілдіруге  және  әдістемелік 

жұмыстарын  жақсартуға  жұмсалады.  Жа-

нар  Шолпанқұлқызы  басқаратын  атал-

мыш  білім  ордасында  бүгінгі  күні  2606 

оқушы  оқып,  186  мұғалім  қызмет  істейді. 

«Мектебіміздің 

оқушылары 

шетінен 


үлгілі  болғандығымен  және  облыстық, 

республикалық,  тіпті  халықаралық  олим-

пиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары 

жетіп  артылатындығымен  ерекшеленеді», 

-  дейді  мектеп  басшысы  Жанар  Кулиева. 

Байқау  жеңімпазы  соңғы  үш  жылда  мек-

теп  жетістіктері  мен  білім  деңгейінің  өсу 

қарқынымен өлшенген. Сонымен бірге, биыл 

бітірген  108  түлектердің  барлығы  дерлік 

Ұлттық  бірыңғай  тесттен  сүрінбей  өтіп, 

жақсы көрсеткішке ие болған. Ал, «Жылдың 

үздік  мұғалімі»  номинациясы  бойынша 

жеңімпаз  атанған  ұстаз  жеңіл  автокөлікке 

қол  жеткізді.  Бұл  бақыт  Қапшағай  қаласы 

қазақ  орта  мектеп-гимназиясының  химия 

пәнінің  мұғалімі  Гүлнар  Құлжанованың  ба-

сына қонды.

Шынаргүл ОҢАШБАЙ.

Суретті түсірген Аслан ҚАЖЕКЕ.


2

Қабанбай батыр көшесі, 32

Тел.: 24-12-84, 24-58-87, факс: 24-75-66

E-mail: alatau_offset@mail.ru, www.alatau.kz@mail.ru

№ 41 (680) 10.10.2014



ЌОЃАМ

 

ШЫМШЫМ ОЙ

БАЛАЛАР БАЗАРЛЫҒЫ

Құрбан  айтта  құрбан  шалған 

адамға  Құдайдың  сауабы  бол-

сын!  Әлеуметтік  жағдайы  жетіп 

тұрса  мейірім  мерекесінде  бұл 

ғибадатты орындағанға не жетсін.  

Бірақ,  кейбір  адамдардың  шалған 

құрбандығын  мақтан  етіп,  жұртқа 

жариялап, жер-жаһанға жар салып 

жатқанын қалай түсінеміз?

Өткен  аптада  бауыздалған  мал-

дың  жанына  суретке  түсіп,  әлеу-

меттік  желілерге  жариялағандардың 

ішінде  елімізге  танымал  әншілер  де 

болды.  Белгілі  әнші  Ерлан  Көкеев 

қасиетті  мерекеде  қой  сойып,  оның 

суретін  әлеуметтік  желіге  салған. 

Сондай-ақ,  инстаграм  әлеуметтік 

парақшасына  қос  әнші  Қыдырәлі 

мен  Қарақат  бауыздалған  сиырдың 

қасында бүкіл отбасымен бірге түскен 

суреті  жарияланды.  Бұл  туралы  саясаттанушы  Айдос  Сарым:  «Қолыңнан  келсе,  дәулетің 

артып жатса ғана құрбан шалу керек. Және де құрбан шалу адамның пәктігін, иманын паш 

ететін, даурығуды, дабыралатуды қаламайтын дүние деп санаймын. Құдайға айғайлап се-

нуге, жалбарынуға болмайды. Байлығыңмен, дәулетіңмен мақтану да жақсы дүние емес», 

-  деген  пікір  айтады.  Жетісу  өңірінің  белді  тұлғаларының  да  фейсбук  парақшасынан  қан-

жосасы шығып, терісі сыпырылып жатқан сиырдың суретін көріп таңқалдық. 

Сондықтан,  әлеуметтік  желі  қолданушыларынан  онда  сурет  яки  ақпарат  саларда 

қарапайым этиканы да ескеруді сұраймыз. 

1972 жылы негізі қаланған бала-

лар үйіне облыс әкімдігінің көрсеткен 

қамқорлығының  арқасында  күрделі 

құрылыс  жұмыстары  жүргізілген. 

Ол  жерде  жоғары  дәрежелі  түрлі 

маман  иелері  соның  ішінде  педа-

гог  қызметкерлері,  тәрбиешілер, 

дефектологтар,  логопедтер,  еңбек 

нұсқаушылары, 

агротерапевт, 

музыкалық  жетекші  балалардың 

жан-жақты  тәрбиеленуіне  аса  көңіл 

бөледі.  Бүгінде  ол  жерде  4  жастан 

18  жасқа  дейінгі  аралықта  151  бала 

тәрбие  алуда.  Осы  балалардың 

барлығы да  шетінен өнерлі,  спортқа 

деген  қызығушылықтарының  өте 

жоғары екендіктерін көрсетті. Балалардың қолдан жасаған бұйымдарынан құралған көрме 

көрген жанның көзжауын алды. 

«Қамқор»  балалар  үйінің  тәрбиеленушілері  АҚШ-та,  Польшада,  Кореяда  және  биыл 

Бельгияда мүмкіндігі шектеулі балалар жеңіл атлетикадан, ұзындыққа, ұзақтыққа жүгіруден 

және  қашықтыққа  секіру  түрлерінен  өткен  олимпиадаларына  қатысып,  елге  алтын,  күміс, 

қола  медальдармен  оралған.  Осы  спортшыларды  Алматы  облыстық  «Жұмыспен  қамту 

және  Әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасы  басшысының  орынбасары  Еркебұлан 

Ерденұлы  құттықтап,  балаларға  мықты  денсаулық  тілеп,  спортшыларға  алғыс  хат  табыс 

етті.  «Қамқор»  балалар  үйінің  қызметкерлері  арнайы  бейнебаян  түсіріп,  балалардың  не-

мен  айналысатындығын,  қолдарынан  қандай  дүниелер  келетіндігін  көрсетті.  Балалардың 

моншақтан  жасалған,  кестелеп  тіккен  бұйымдары  аукционға  түсіп,  алды  10  мың  теңге 

көлеміне  дейін  өтті.  Тәрбиешілердің  айтуынша,  одан  түскен  ақша  балалардың  керегіне 

жұмсалатын көрінеді. 

Көздерінде қуаныш пен қайғының оты қатар жанған балалар бар өнерлерін ортаға са-

лып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, шат күлкімен сахнадан қол бұлғап тарқасты. 



Е. БАУЫРЖАНҚЫЗЫ.

Акцияға Алматы облысы әкімінің бірінші 

орынбасары  Махаббат  Бигелдиев  қатысып, 

әскерге  шақырылғандарға  арнап  жалын-

ды  сөз  сөйледі.  «Жетісу  жерінің  әскерге 

шақырылған  азаматтары  физикалық  және 

моральді  дайындықтарымен  ерекшеленеді. 

Олар  үнемі  біздің  тәуелсіз  мемлекетімізді 

қорғауға  сақадай  сай  екені  анық»  деген 

Махаббат  Сәдуақасұлы  отан  алдындағы 

азаматтық  борышын  абыроймен  атқаруға 

тілектестігін  білдірді.  Өз  кезегінде  «Қарулы 

Күштерінің  ардагерлері»  Республикалық 

Қоғамдық  бірлестіктің  Алматы  облыстық 

филиалының  төрағасы  отставкадағы  пол-

ковник  Жанболат  Мұхаметқалиев  те  сөз 

алып, шақырылушыларға сәттілік тіледі.  

Естеріңізге  сала  кетейік,  акция  Алматы 

облысы әкімінің орынбасары С. Мұқановпен 

2014  жылғы  11  сәуірінде  бекітілген  «2014 

жылға  Алматы  облысында  Қазақстан  Рес-

публикасы  Қарулы  Күштерінің  оң  беделін 



Өткен  аптада  Алтайдың  арғы  бетінен 

атажұртқа  келген  Оралбек  Қабөке  «Ал-

маты  облысының  мәдениет,  мұрағаттар 

және  құжаттама  басқармасы»  мемлекеттік 

мекемесінің  «Көркемөнер  галереясында» 

«Қайта  оралу»  атты  жеке  шығармашылық 

көрмесін көпшіліктің назарына ұсынды. 

Т.  Жүргенов  атындағы  Қазақ  Ұлттық  өнер 

академиясының 

«Станокты 

кескіндеме» 

мамандығын  үздік  бітіріп,  халықаралық, 

республикалық  көрмелерге  қатысып,  жүлделі 

орындарға ие болып, көрерменнің көзайымына 

айналып  жүрген  жас  суретшінің  көрме  залына 

жиырмадан  астам  туындылары  ілінді.  Сәуле 

мен  бейне  арасындағы  үндестікті  үйлесімді 

ұштастырып,  оны  қағаз  бетіне  шеберлікпен  түсіретін  ерекшелігі  оны  басқа  суретшілерден 

даралап  тұратындай.  Әсіресе,  «Ақ  дастарқан»  атты  кескіндемелік  туындысында  қазақтың 

дархандығын,  қонақжайлылығын  суреттеген.  Әрбір  туындысы  өз  алдына  бір  әлем.  Қазақ 

даласының тіршілігін кескіндеп салған суреттері көрмеге келгендердің көз жауын алды. 

Көрменің  ашылуында  сөз  алған  ҚР  суретшілер  одағының  мүшесі,  Республикалық 

суретшілер  академиясының  академигі,  Алматы  облысы  Суретшілер  одағы  филиалының 

төрағасы Абай Бейсембетов жас суретшіге алдағы жұмысына сәттілік тілеп, көрменің қызыл 

лентасын қиып, ақ батасын берді. 

Сурет өнері – адамның жан дүниесі екендігін тілге тиек еткен Оралбек Қабөке көрмені 

ұйымдастырған  галерея  қызметкерлері  мен  қала  тұрғындарына,  жоғарғы  оқу  орнының 

студенттеріне алғысын білдірді. 



Е. САҒЫНДЫҚОВА.

Суретті түсірген А. ҚАЖЕКЕ

ҚҰРБАН ШАЛУ МАҚТАН БА?

АЗАМАТТЫЌ БОРЫШЫН ¤ТЕУШІЛЕР – ЕЛ ЌОРЃАНЫ

ТАЛДЫҚОРҒАН

ҚАЛАСЫНЫҢ

ОРТАЛЫҚ АЛАҢЫНДА 

«ШАҚЫРУШЫЛАР

КҮНІНЕ» ОРАЙ ӘСКЕРИ-

ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯ

ӨТКІЗІЛДІ. ОНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚ-

САТЫ ЖАСТАРДЫ ОТАНШЫЛДЫҚ, 

ПАТРИОТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНЕ ҚҰРМЕТПЕН 

ҚАРАУҒА, ӘСКЕРГЕ БАРУШЫЛАРДЫҢ 

АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫН ШЫН 

ЖҮРЕГІМЕН ӨТЕУГЕ БАУЛУ БОЛДЫ. 

арттыру бойынша іс-шаралар жоспарының» 

20-тармағын 

орындау 


үшін 

«Қарулы 


күштерінің  ардагерлері»  Республикалық 

қоғамдық  бірлестігі  Алматы  облыстық 

филиалының 

ұйытқысымен 

өткізіліп 

отыр.  Шараға  Талдықорған  гарнизонының 

әскери  қызметшілері  және  олардың  отбасы 

мүшелері,  бастапқы  әскери  дайындықтың 

оқытушы-ұйымдастырушылары 

және 


Талдықорған  қаласы  оқу  орындарының 

10-11  сынып  оқушылары,  колледж,  ли-

цей  түлектері  қатысты.  Сонымен  қатар, 

әскери  құрылымдардың  заманауи  қару-

жарақтары мен киім-кешектерінің көрсетілімі 

ұйымдастырылды. Акцияның соңында «Сла-

вянка»  маршының  сүйемелдеуімен  әскерге 

шақырылған  30  шақырылушы  алаңнан 

автобусқа  шығарып  салынды.  Олар  Алма-

ты  облысынан  Құрлық  әскерінің  «Шығыс» 

өңірлік  басшылығы  қатарына  алынған  сар-

баздар. 


Ш. ОҢАШБАЙ.

МЕЙІРІМДІЛІК КҮНІНДЕГІ ҚУАНЫШ



СӘРСЕНБІНІҢ СӘТТІ КҮНІНДЕ І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫН-

ДА «ҚАМҚОР» БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР «МЕЙІРІМДІЛІК 

КҮНІНДЕ» ӨНЕРЛЕРІН ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БӨЛІСТІ. 

ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ ӨНЕРІМЕН БӨЛІСТІ

ГАЛЕРЕЯ ЗАЛЫНДА

 ‡ЛКЕНГЕ- Ќ¦РМЕТ, КІШІГЕ-ІЗЕТ



А.С.Макаренко атындағы № 6 орта мектепте 12- 

22 қыркүйек аралығында  Қазақстан халқы тілдерінің  

«Тіл – бар білімнің кілті»  атты тіл апталығы өтті. 

5-11-сыныптар  аралығында    «Менің  Отаным  –  Қазақстан» 

тақырыбында  қабырға  газеттерінің  байқауы  жарияланып,  байқау 

жеңімпаздары 11 «б», 9 «а», 8 «а» сыныптары мақтау қағаздарымен ма-

рапатталды.

«Мемлекеттік  тіл  -  менің  болашағым»  атты    кітап    көрмесі    ұйымдас-

тырылып,  қазақ  тілінде  жаңадан  басылып  шыққан  әдеби  кітаптар  қойылды. 

Мектеп  кітапханашысы  Сәуле  Ақылжанқызы  оқушыларды  жаңадан  түскен 

кітаптармен  таныстырып,  оқырмандарға  бағыт-бағдар  беріп,  оқушылардың 

кітапқа  деген  қызығушылықтарын  арттырды.  Сондай-ақ,  (қазақ,  ағылшын,  орыс) 

«Полиглот»    үш  тілде  сыныптан  тыс  іс-шара  өткізді.  Ол  да  өте  мәнді  әрі  қызықты 

болды.  Көрермендер  ұйымдастырушы  мұғалімдер  Г.  Махбаева,  Ж.  Қабылова    және 

Р.  Марсамбаеваға  өз    алғыстарын  білдірді.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті    пәнінің  мұғалімі  

С. Еркінбекова өткізген «Көркемсөз шеберлері» байқауы да ең жоғарғы дәрежеде  өз 

мәре  сызығын  кесті.    Қатысушылар  ішінде  көркемсөзді  мәнерлеп,  нақышына  келтіріп 

оқып, көзге түскен  оқушылар да көп болды.  Мысалы, 6 «а» сынып оқушылары: Меруерт 

Төребекқызы, Балжан Манзорова, 9-сынып оқушылары: Жансая Мырзаханқызы, Айсұлу 

Байсекен, Бағдара Мұқатай, 10 «а» сынып оқушылары: Вали Шәлім, Қабимолда Ақжол, 11 

«б» сынып оқушысы В. Барабашовалар мәнерлеп оқуда оқ бойы озық көрінді.

З. Оспановтың  ұйымдастыруымен «Сезім болып төгілген жібек жырлар» атты әдеби-

сазды кеш өткізілді. Кеш  «Фаризажан» әнімен ашылып, қазақтың ақын қызының лирикалық 

өлеңдері көрермен көңілінің нәзік қылын шертті. 

 5-10-сыныптар арасында Ж. Қабдешованың басшылығымен «Тілім менің – тірлігімнің 

айғағы» тақырыбында өткен эссе байқауына 20 оқушы қатысып, 6 «а» сынып оқушысы 

Досжан Маралбаев, 9 «ә» сынып оқушысы, Мұқатай Бағдара, 10 «а» сынып оқушысы 

Назым Маралбаева, 11 «а» сынып оқушысы Самал Сембаева жүлделі орындармен  ма-

рапатталды.

Орыс сыныптар арасында Р. Марсамбаева «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты 

мақал-мәтелдер сайысын өткізді. Тіл апталығы аясында өткізілген барлық шаралар 

жас ұрпақты тілдің құдіреті мен қасиетін сезінуге және оны қадірлеуге баулу бола-

тын.

Зормамет ОСПАНОВ, 

№6 орта мектеп.  

                                                                        

ТІЛ - БАР БІЛІМНІЊ КІЛТІ



Ата-анаңның тілегі – адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.

Үлкендерді құрметтеп, көрінер кіші ізетің.

Болашақ ұрпақты имандылыққа 

тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намы-

сын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, 

кішіпейілділік, қамқорлық көрсету

адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді 

бойына сіңіру қажет. Балаларды 

адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық 

педагогика қашан да халық тәрбиесін үлгі 

етеді. Ал, адамгершілікке тәрбиелеудің 

бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, 

сенімін арттыру. 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік 

университетінде  жаратылыстану-техникалық 

факультетінің  деканы,  педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  доцент  Ілияс  Жансеркенұлы 

Есенғабыловтың қолдауымен Халықаралық қарттар күніне орай топ тәлімгері биология ғылымдарының 

кандидаты  Айжан  Сейтқанқызы  Акмуллаева      биология  мамандығының    3-курс  білімгерлерімен 

«Үлкенге-  құрмет,  кішіге-ізет»  атты  факультет  көлеміндегі  тәрбие  сағатын  өткізді.  Оның  мақсаты  - 

халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата 

білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу болды.

Тәрбие  сағатына  арнайы  қонақтар  шақырылды:  Балташ  Байғожанұлы  Омаров,  Назгуль 

Бектұрсынқызы  Аужанова,  Өтеген  Ізтілеуұлы  Уразалиев,  Ерназар  Қаспайұлы  Сарбасов,  Қуаныш 

Оспанұлы  Асубаев,  Алчачак  Танышқызы  Абдухайрова,  Ақылбек  Кенжебекұлы  Кенжебеков,  Шолпан 

Жұмабекқызы Дауренбекова  және  кафедра меңгерушілері қатысты. Халықаралық қарттар күніне бай-

ланысты баяндамалар оқылды. 

Соңында арнайы шақырылған қонақтарға студенттер атынан сыйлықтар беріліп, домбырамен ән 

шырқап көңілдерін бір көтерді.

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан  ұрпақты тәрбиелеуде басты назар қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет 

көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. 



А. С. АКМУЛЛАЕВА, 

 І. Жансүгіров атындағы ЖМУ  жаратылыстану пәндері кафедрасының аға оқытушысы б.ғ.к.

АКЦИЯ

БІ

ЛІ

М

О

Ш

АҒ

Ы

НА

Н

4

¤ЗЕКЖАРДЫ

Қабанбай батыр көшесі, 32.

Тел.: 24-12-84, 24-58-87. Факс: 24-75-66.

E-mail: alatau_offset@mail.ru, www.alatau.kz@mail.ru

№41 (680)  10.10.2014

Сәбилерін  құшақтап  ұзын-

сонар кезекте тұрған аналардың 

дені  бір  ай,  алты  ай  және 

бір  жасқа  толған  балаларын 

өткізілуге тиіс медициналық тек-

серуге алып келген. Оның ішінде 

Жамбыл,  Амангелді,  Октябрь, 

Мұқыры,  Мәмбет  сияқты  алыс-

жақын 

ауылдардан 



келіп 

жүргендер  де  бар.  Тар  дәлізде 

иін тірестіріп тұрған аналар қара 

терге малшынып, мазасы кеткен 

сәбилерін  жұбатып  жатып  бізге 

де мұңын шағып үлгерді. Аядай 

ғана  аурухананың  іші  азан  да 

қазан,  у  да  шу.  Жылаған  бала, 

кезекке  таласып  бір-бірімен 

ұрсысқан  ата-аналар.  Оларды 



ОСЫДАН БІРНЕШЕ АПТА БҰРЫН КӨКСУ АУДАНЫ АУДАНДЫҚ 

АУРУХАНАНЫҢ БАЛАЛАР БӨЛІМІНДЕГІ ШЕКСІЗ, ШЕТСІЗ КЕЗЕКТІ 

КӨРІП, АТА-АНАЛАРДЫҢ МҰҢЫН ТЫҢДАП ҚАЙТҚАН ЕДІК. ОЛАР 

ЖАС СӘБИЛЕРІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТКІЗУ ҮШІН 

АУРУХАНА ТАБАЛДЫРЫҒЫН ТОЗДЫРЫП ЖҮРГЕНІНЕ ОСЫ-

МЕН ҮШІНШІ АПТА, ТІПТІ КЕЙБІРЕУЛЕРІ ТӨРТІНШІ АПТАҒА АЯҚ 

БАСҚАНЫН АЙТАДЫ. БІЛУІМІЗШЕ, ӘР АПТАНЫҢ ЖҰМАСЫ 

НЕВРОПАТОЛОГ, ХИРУРГ, ЛОР ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРДЫ 

ҚАБЫЛДАЙТЫН КҮНІ. 

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ НАЗАРЫНА

 ДӘРІГЕРГЕ КЕЗЕККЕ ТҰРУ -

КЕБІН КИГЕНМЕН БІРДЕЙ

тәртіпке  шақырған  дәрігерлер 

ара-тұра  бой  көрсетеді.    Сәния 

Қанапия  екі  айға  толған  бала-

сымен ауруханаға төртінші апта 

келіп  тұр.  Оның  айтуынша,  әр 

аптаның  жұмасы  күні  азаннан 

қара  кешке  дейін  кезекте  тұрып 

тек  бір-ақ  дәрігерге  қаралып 

үлгерген.  Ал,  Айнара  Сламжа-

нова  осымен  үшінші  апта  бала-

сын  дәрігерге  әкеліп  отыр.  «Ба-

лам  терлеп  кетті,  қазір  далаға 

шыққанда  суық  ұстап  қалса 

қайтемін.  Осынша  уақыт  жас 

баламен  кезекте  тұру  қиынның 

қиыны екен. Неге мұны аурухана 

басшылығы  есепке  алмаған?» 

    Мәселен,  биылғы  жылдың  1  қыркүйегінде  ме-

дициналық  жоғарғы  оқу  орнын  бітірген  174  түлекке 

бөлінген  жері  бойынша  облыстағы  ауруханаларға 

келіп, қызмет істеу  жүктелген. Алайда оның тек 87-

сі ғана қызметке келген. Оның 49-ы ауылдық жерлерге 

жұмысқа орналасқан. 

»

»



    Тұрғын үй салу үшін берілетін 1500 айлық есептік 

жеңілдікпен берілетін несиені есептейтін болсақ, 2 778 

000 теңге. Ал, бір бөлмелі пәтер «Тұрғын үй Құрылыс 

жинақ  банкінің»  өзінде  4  312  800  теңге  тұрады.  Жер 

алып, үй салу тіпті қияметтің қайымы. Оны да есеп-

теп  көрелік,  ауылдық  жерлерде  жер  телімі  минимум 

2000-3000 АҚШ доллары тұрады. Үй салуға кемінде 13-

14 мың АҚШ доллары қажет. Мемлекет беріп отырған 

несие бұл санның үштен бір бөлігі ғана.

»

»



деп  ашынады  Айнара  есімді 

жас ана екі айлық сәбиін көтеріп 

тұрып.  Қарлығаш  Қасымова 

болса баласын емес, немересін 

медициналық  тексеруге  алып 

келіпті. Қой көзді, қоңырқай өңді 

егде  тартқан  әйелдің  сөзіне 

қарағанда,  мұнда  балаңды 

медициналық  тексеруден  өткізу 

үшін адамның еті тірі, жаны сірі 

болуы  керек.  Өйткені,  қаптаған 

адамның 


ішінен 

пысықтар 

ғана  тезірек  әр  дәрігерге  кіріп 

шыға  алады.  «Біз  өмір  көрдік, 

өмірдің  ыстық  суығына  ысы-

лып  алғандықтан,  қандай  жер-

де  болмасын  пысықтықпен  жол 

табамыз.  Баласын  арқалатып 

қызымды жіберсем, оны жас деп 

менсінбей,  кезек  тимей  қайтуы 

әбден  мүмкін.  Сондықтан,  өзім 

келіп  едім.  Бірақ  бүгін  шаруа-

мызды бітіре алатын түріміз жоқ. 

Түскі  асқа  бармастан  таңнан 

бері  осында  отырмыз.  Бізді 

қойшы,  балаларға  обал  бол-

ды»,  дейді  Қарлығаш  анамыз. 

Бұл  дүрбелеңнің  себебін  ата-

аналар  «аурухана  қызметінің 

жүйесіз  жұмысымен»  байла-

ныстырады.  Мысалы,  Айнара 

Сламжанованың  пікірінше,  бұл 

бейберекетсіздікті  реттеу  үшін 

балалардың  жасына  қарай  әр 

аптаға  бөліп  тастауға  болады. 

«Яғни,  осы  аптада  тек  қана  бір 

айға  толған  нәрестелер,  келесі 

аптада  алты  айлық  сәбилер, 

оның  келесі  аптасында  бір 

жастағы  балалар  қабылдауға 

келсе  ешкімге  қиындық  тудыр-

мас еді», - дейді Айнара. Өзіміз 

көріп, куә болғанымыздай, онда 

бір  жасқа  дейінгі  балалар  ғана 

емес,  екі-үш  жастағы  балалар 

және  ауырып  келген  сәбилер, 

тіптен  жасөспірімдер  де  бар 

екен.  Аналардың  пікірін  тыңдап 

болғасын  аурухананың  бас 

дәрігеріне  кіріп,  аналар  ренішін 

көлденең  тарттық.  Ол  кісінің 

айтуынша,  «бұл  барлық  жерге 

тән  проблема».  «Барлық  жер-

де  осындай  ұзынсонар  кезек 

бар.  Ол  кадр  жетіспеушілігінен 

туындайды.  Біздің  аурухана-

да  да  дәрігер  жетіспеушілігі 

байқалады.  Ал  кадрдың  тапшы 

болуына  жастардың  ауылдық 

жердегі  жұмысқа  тұрақтамауы 

немесе мүлде келмеуі себеп», - 

дейді аурухана басшылығы. 

Тырнақ 

астынан 


кір 

іздеп  отырғанымыз  жоқ.  Қай 

ауруханаға  бармасақ  та  алды-

мыздан  ұзын  сонар  кезектің 

шығатыны 

шындық. 


Бірақ, 

оның  неге  шешімі  осы  күнге 

дейін  табылмаған?  Дамыған  ел 

болсақ,  медициналық  қызмет 

те сақадай сай болуға тиіс емес 

пе? 


Облысымызға 

қарасты 


бұл 

аудандағы 

жағдайға 

қанық  болған  соң,  мәселені 

кеңірек  зерттеуге  кірістік.  Ба-

жайлап  қарап,  бағамдасақ, 

ауруханадағы кезектің сиырдың 

сілекейіндей созылып тұратыны 

жоғарыда  аурухана  дәрігері 

айтқандай 

дәрігерлердің 

тапшылығынан  екен.  Алма-

ты  облысы  Денсаулық  сақтау 

басқармасының 

мәліметіне 

сүйенсек,  бүгінгі  таңда  облыс-

та  орта  есеппен  209  дәрігер 

жетіспейді. 

Оның 

ішінде 


ауылдық  жерлер  122  дәрігерге 

зәру.    Мәселен,  Еңбекшіқазақ 

ауданына  33  кадр,  Қарасайға 

28,  Талғарға  26,  Жамбыл  ауда-

нына  12,  Панфилов  пен  Рай-

ымбекке  13,  Талдықорғанға 

7  дәрігер  қажет.  Бұл  ең  көп 

цифрды  көрсетіп  тұрғандар. 

Облыстың  барлық  аудандарын-

да кадр тапшылығы байқалады. 

Берісі 

екеуден 


басталып, 

арысы  33-ке  барып  тұр.  Бізге 

мәлім  болғанындай,  облыс  ме-

дицинасында  көбіне  хирург, 

анестезиолог-реаниматолог, 

травматолог,  акушер-гинеколог, 

педиатр,  фтизиатр  дәрігерлер 

жетіспейді. 

2009 

жылы 


дәрігерлермен  қамтамасыз  ету 

10 мың адамға 18,8 болса, соңғы 

жылдары  2030  дәрігер  келіп, 

олардың  1057-сі  жұмыстан  әр 

түрлі себептермен шығып кеткен. 

Денсаулық  сақтау  басқармасы 

облыстағы  дәрігерлердің  30-35 

пайызы  зейнеткерлер  мен  зей-

нет жасына жақындаған адамдар 

екеніне  алаңдайды.  Олардың 

дерегінше,  Ақсу  ауданында  60 

дәрігердің  34,  Алакөл  ауданын-

да 86 дәрігердің 31, Балқаш ау-

данында 49 дәрігердің 22, Жам-

был  ауданында  139  дәрігердің 

49,  Қарасай  ауданында  219 

дәрігердің 60, Кербұлақ ауданын-

да 58 дәрігердің 18, Талғар ауда-

нында  101  дәрігердің  21,  Ұйғыр 

ауданында  47  дәрігердің  17-сі 

зейнеткерлік  жасқа  келулеріне 

байланысты 

амбулаторлық-

емханалық  саладағы  қызметті 

жөн  көреді  екен.  Сол  себепті, 

медициналық  қызметке  жас  ма-

ман  тартып,  оларды  тәрбиелеу 

көзделіпті. Ол үшін мемлекет та-

рапынан қолдау да көрсетіледі. 

Мысалы,  жұмысқа  келген 

жас  мамандарды  тұрақтандыру 

мақсатында  ауылдық  жерлер-

де  және  қала  типтес  кенттер-

де  жұмыс  істейтіндер  үшін 

жалақысына 25 пайыз үстемақы, 

70  айлық  есептік  көрсеткіштен 

кем  емес  көтерме  шығындары, 

тұрғын  үй  салуға  1500  айлық 

есептік  көрсеткіш  жеңілдікпен 

несие қарастырылған. Тұрғын үй 

салу  үшін  берілетін  1500  айлық 

есептік  жеңілдікпен  берілетін 

несиені  есептейтін  болсақ,  2 

778  000  теңге.  Ал,  бір  бөлмелі 

пәтер  «Тұрғын  үй  Құрылыс 

жинақ банкінің» өзінде 4 312 800 

теңге тұрады. Жер алып, үй салу 

тіпті  қияметтің  қайымы.  Оны 

да  есептеп  көрелік,  ауылдық 

жерлерде  жер  телімі  мини-

мум  2000-3000  АҚШ  доллары 

тұрады. Үй салуға кемінде 13-14 

мың  АҚШ  доллары  қажет.  Мем-

лекет  беріп  отырған  несие  бұл 

санның  үштен  бір  бөлігі  ғана. 

Орташа  жалақы  алатын  меди-

цина  қызметкері  бұл  қаржымен 

үй сала алмайтыны айдан анық. 

Тіпті,  пәтер  де  ала  алмайды. 

Ол  үшін  қызметкер  күнделікті 

тұтынатын азық-түлігі мен жүріп-

тұратын  шығындарынан  тыс  ай 

сайын  пәтерге  20-25  мың  теңге 

несиеге  алған  баспанасы  үшін 

төлеуге тиіс болады. Бірақ, бұл 

кез  келгеннің  оң  жамбасына 

келе бермейтін жағдай.

Облыс  әкімінің  гранты  бой-

ынша  еліміздің  медициналық 

жоғарғы  оқу  орындарында  50 

студент  білім  алуда.  Соңғы  үш 

жылда  облыстың  медицина 

қызметкерлеріне  аудан  және 

қала  әкімдері  275  пәтер  және 

666 жер телімін бөлген. 

Өңірлердегі кадрдың тапшы-

лығын  медициналық  жоғарғы 

оқу 


орнын 

бітірушілердің 

бөлінген  орнына  келіп,  оған 

міндеттелген  3  жыл  жұмыс 

істемеуімен 

байланыстыра-

ды 

басқарма 



басшылығы. 

Мәселен,  биылғы  жылдың  1 

қыркүйегінде 

медициналық 

жоғарғы  оқу  орнын  бітірген  174 

түлекке  бөлінген  жері  бойынша 

облыстағы ауруханаларға келіп, 

қызмет  істеу    жүктелген.  Алай-

да оның тек 87-сі ғана қызметке 

келген.  Оның  49-ы  ауылдық 

жерлерге жұмысқа орналасқан. 

Бұл жерде ауылдық жерлерге 

неге мамандар баруға құлықсыз 

деген  заңды  сұрақ  туындайды. 

Медицина 

қызметкерлерімен 

сұхбаттаса 

келсек, 


ауыл 

тұрмақ 


қаланың 

өзінде 


дәрігерлер  үшін  әлеуметтік 

жағдайдың 

жасалмағанын 

айтады.  Яғни,  еңбекақының 

мардымсыздығы, балабақшаның 

кезегі, 


баспананың 

жыры, 


қымбатшылықтың  құрығы  өмір 

сүруге жар бермейді. Бұл осыған 

дейін  айтылып  та,  жазылып  та 

жүрген  мәселелер.  Аты-жөнін 

жасырған  қалалық  емхананың 

қызметкері  қалада  7  дәрігер 

жетіспейтініне  сенбейтінін  айт-

ты. «Күнде көріп жүрміз, қалаға 

бір ғана педиатр дәрігерінен 16 

маман қажет», - дейді ақ халат-

ты жан. Ал, жоғарыда Денсаулық 

сақтау    басқармасы  мемле-

кет  тарапынан  көрсетілетін 

әлеуметтік  көмектердің  көбі 

медицина  қызметкерінің  әлеу-

меттік 


жағдайын 

жақсарта 

қоймайтынын  айтады.  Оның 

себебін,  респондентіміз  комму-

налдық  төлемдердің,  көмірдің, 

азық-түліктің  қымбаттап  кетке-

німен байланыстырады. 

Біз үңіліп көрген медицинаның 

батпандай  бас  қайғысы  осы. 

Қанша  айтылып,  қанша  жазыл-

са  да,  бос  даңғаза,  бос  жиын-

мен,  құр  сөз,  құрғақ  уәдемен 

өмір  өтіп  жатыр.  Денсаулық 

сақтау басқармасының дерегіне 

сенсек,  облыста  4239  дәрігер, 

11763  орта  буын  мамандары 

жұмыс істейді. 2 миллион халық 

тұратын  Жетісу  жеріне  бұл 

цифрдың  тым  аз  екендігі  айт-

паса  да  түсінікті.  Яғни,  облыс 

халқына  медициналық  қызмет 

көрсететін 16002 ақ халатты тек 

халықтың  0,8  пайызына  ғана 

қызмет  жасай  алады.  Демек, 

басқарма берген мәліметтер де 

шындыққа  жанаспайды.  Аты-

жөнін  жасырған  ақ  халаттының 

сөзінің жаны бар. Біздің облысқа 

209  дәрігер  емес,  одан  екі  есе, 

тіпті  төрт есе көп маман қажет.




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал