Қоғамдық-саяси газет / Общественно-политическая газета Газет 2001 жылдың 7 тамызынан шыға бастады №6 (645)



жүктеу 0.62 Mb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата31.01.2017
өлшемі0.62 Mb.
#1819
1   2   3   4   5   6

Ж. ЖҰМАҚАНОВА,

Талдықорған қалалық РМҚ 

«ХҚКО» инспекторы.

Біз  ұлттық құндылықтарымызбен   жалпы әлемдік кеңістіктің бір бөлшегі ретінде  қоғамға 

қатысымыз  барлығын сезінеміз. Бүгін тәуелсіз мемлекет болдық. Енді аяқты алға  нық басу 

керек.  Ұлтты асқақтатар, елді бірлікке шақырар іс-шара аясында бір-екі назда бар. Бүгінгі 

ақпарат құралдары, таңқалдыратын оқиға іздеп, қадір-қасиетті төмендетіп, деңгейі  аудан 

көлеміндегі  малға, үйге, жерге талас, отбасы төңірегіндегі әлеуметтік (көмектесу мақсаты 

болған да шығар) мәселелерді республика көлеміне шығара бастады. Біз қандай жағдай болса 

да, ұлттық рух, намыстың барлық мәселеден  жоғары тұруына жұмыс жасауымыз керек. 

ТЕКТІЛІКТІ Т¤РГЕ ШЫЃАРАЙЫЌ

Ал  бұл  талаптарға  мән  береміз 

бе? Германиядан келісім бойынша  

бірлескен кәсіпорын құруға келген 

кәсіпкерлерді  әуежайда  ұшақтан 

адамдар  қарсы  алады.  Жолшы-

бай  қонақтар  өздері  келе  жатқан 

көлік  жол  ережелерін    бұзғанын 

байқайды.  Мейманханаға беттеген 

бұрылыста  “көлік  кіруге  болмай-

ды”  белгісіне  қарамай  көліктерін 

аулаға  кіргізеді.  Мейрамхана-

да  тамақ  мәзірінде  көрсетілген 

тағам  жоқ  болып  шығады  да, 

“темекі  тартуға  болмайды”  деген 

ескертпе  тұрса  да,  жұрт  темекіні 

тартып  отырады.  Қонақтардың 

біреуінің  басы  ауырып,  мейман-

ханада    дәрігер  бөлмесіне  бар-

са,    бөлме  жабық  екен.  Түстен 

кейін құжаттарды талқылауға тиіс 

қонақтар  ақылдасып:  ”Өз  елінде 

қоғамдағы  қарапайым  талаптарға 

мән 

бермеген 



адамдармен   

бірлесіп  жұмыс  істеу  қиын  болар, 

елге қайтайық”- деп ұшаққа билет 

алған екен.

Атам  қазақ    “Өсер  елдің  ба-

ласы  бірін-бірі  батыр  дейді”  де-

ген.  Бүгінде  шала  қазақ,  мам-

бет,  мәңгүрт,  ұлтсыз,  шығыс 

зердесін  жоғалтқан    маргинал, 

космополит  деген  терминдер 

қолданыла  бастады.  Қоғамда 

өндірістік  қатынас  өзгеріп,  өзара 

қызығушылығы ешқашан мәмілеге 

келмес  қалталы,  орташа,  жарлы 

пайда  болып,  онсыз  да  саясат-

танып,  бір  жеңнен  қол  шығара 

алмай  жүргенде  Майқы  атамыз 

кезінде  бастау  алған  рушылдық 

пен  жүзге  бөлуге  жол  берілді. 

Біреуіміз таққа отырсақ, біліктілік, 

тәжірибеге  қарамай-ақ  қырқымыз 

атқа  отырдық.  “Команда”  деп  те 

бөлінуге  жол  берілді.  Кезінде 

Сібір губернаторы М. Сперанский 

патшаға  «Қырғыз-қайсақтардың 

жерінде сексеуіл деген ағаш өседі. 

Соны бір-біріне ұрып жарады екен. 

Сол  сияқты  қазақтар  үш  жүзге, 

руға  бөлінеді.  Біз  соларды  бір-

біріне ұрып жаруымыз керек» деп 

жазған. Атасы аты аталғанда қатты 

науқас  болса  да  орнынан  ұшып 

тұрған  қазақ  менталитеті  қалмақ 

емес.  Адамгершіліктің,  тұлғаның, 

іскерліктің 

деңгейі 


ақшамен 

өлшенетін кезде ұлттық  намысты  

ояту  оңайға  түспейді  де.  Зұлмат, 

қудалау  кездің өзінде хат тексеріп, 

ату  жазасына  кесімді  Мәскеу 

шығарған  жоқ  еді.  Бұл  жерде 

Шерағаның  ”Тектілік  пен  тексіздік 

текетірескен 

қоғамда, 

тәңірі 


тексіздіктен  сақтасын,  көргенділік 

пен  көргенсіздік  кескілескен  за-

манда 

құдай 


көргенсіздіктен 

сақтасын” - дегеніне қосылуға бо-

лады. Бірлік бар жерде тірлік бар. 

Күн  болып  күліп  келіп,  ай  болып 

нұрын  шашқан  егемендікте  өзіңді 

сыйлап,  ел  ішінде  “Бауырым”  де-

ген  терминді  неге  қолданбасқа? 

Жақсыдан  үйрен,  жаманнан  жи-

рен дегенді қашан  ұғамыз?!

Елбасымыз  Н.  Ә.  Назар-

баев  “Қазақстанның  болашағы 

- қазақ тілінде” - деген. Бірақ, ел-

ден  Францияға  барғандармен 

өткізілген    мәдени  шарада  70 

адамның  үшеуі  ғана  Әнұранды 

айта  алған  екен.  Ic-шараны 

жүргізуші    француз    “Мемлекет 

Әнұранын  білмеулеруіңіз  қалай?” 

деген сұрағына ортадан “біз қазақ 

емеспіз”  деген  жауапты  естіген. 

Иә,  асфальт  исінен  нәр  алғанға 

ұлттың  да,  Отанның  дабағасы 

жоқ. Шетел асқан 1600-ден астам 

адамның көксегені де ақша ғой.

Кезінде    Напольеон  төрт 

газеттің  ойсырата  соққы  беру 

мүмкіндігін  жүздеген  мың  қол 

әскерге  теңесе,  Бальзак  бас-

пасөзді  «төртінші  билік»  деп  ата-

ды.  БАҚ  -  мемлекеттік  орган  мен 

халықты  байланыстыратын  көпір. 

Ата  Заңымызда  мемлекетіміздің 

басты  құндылығы  адам  болса,  

Құранның  Хұжрат  сүресінде  бізді 



          Сібір  губернаторы  М.  Сперанский  патшаға  «Қырғыз-қай-

сақтардың жерінде сексеуіл деген ағаш өседі. Соны бір-біріне 

ұрып жарады екен. Сол сияқты қазақтар үш жүзге, руға бөлінеді. 

Біз соларды бір-біріне ұрып жаруымыз керек» деп жазған.

»

»



ұлт  етіп  жаратқаны  жөнінде  аят 

бар,  адам  басты  құндылық  бо-

лып есептеледі. Әрбір істе ғалым 

мен маман көзқарасы, ескертпесі, 

ұсынысы, 

үлкендер 

ақылы 

ескеріліп  отырылуы  абзал.  Газет 



бетінде  сыни  мақала  жоқтығы,  

жайбарақаттық,  немқұрайдылық-

істің алға басуына кедергі. Білген 

жанға  мынау  өмір  шіркін  мәңгі 

жарқын  жаз  емес,  жұмыр  бас-

тан  кетіп  жатқан  кемшілік  те  аз 

емес  қой.  Еліміздің  өңірлерінен 

газеттің 

аптасына 

бір 


рет 

оқырманға  жеткізілетіні  жазылса 

да,  мәселе  орнынан  қозғалмады. 

Австриядан 

сатып 

әкелінген 



асыл  тұқымды  мал  ауру  болып 

шықты. Бұл біреуді қаралау емес, 

сабақты саралау, мәселе ісіміздің 

шалалығында.  Жүрекке  шаншу-

дай  қадалатын  “мысалдарды” 

келтіруге  болады.  Жалпы  лауа-

зым иелері ақпарат құралдарында  

ауыл  өмірін  жақсартуды,  ұлттық 

мүддені  көздеген,  патриоттықты 

қалыптастыруға,  ұрпақ  тәрбиесі 

тұрғысында ойлар мен ұсыныстар, 

рухани  өмірі  мәселелеріне  мін-

детті  түрде    көңіл  бөліп  тұруы 

билік пен бұқараның арасындағы 

сенімділікті  арттырады.  Сенім  - 

адамның  ақиқатқа  көзқарасын 

анықтайтын  түсінік.  Ұрпағының 

тектілігін,  малының,  итінің  асы-

лын  жоғары  санаған.  «Малым-

жанымның,  жаным-арымның  са-

дағасы” деген халықпыз ғой.

Қазақ  болашағы  тек  қа-

заққа  керек.  Құранда  “Қай 

қауым  болсын,  өз  жағдайын  өзі 

өзгертпесе,  олардың  жағдайын 

Алла  өзгертпейді”  -  делінген. 

Жастардың  бойында  әлемдік 

руханиятпен  қатар  қазақи  бол-

мысты,  рухани  мықты,  намысты 

қалыптастыру керек. Алла тағала 

сүйсіндірем  деп  сүріндіргеннен, 

қуантам деп қуартқаннан, келтірем 

деп  кетірткеннен,  алауыздықтан 

сақтасын.

Желбіреген көк байрағымызды 

аспандатайық,  ұлттық  қасие-

тімізбен,  келешектің  үмітін  ақтап, 

елдігімізді  сақтайық,  бірлікте 

тірлігімізді  еңбекпен  нығайтайық. 

Жеріміздің  қожасы,  кәсіпорын 

жетекшісі болып, тектілікті төрден 

түсірмелік.



Нұрлан ЕРДӘУЛЕТҰЛЫ.          

ШЕЛЕК АУЫЛЫ.



МАМАН МІНБЕРІ

Бас-басыңа би болсаң, Балқан тауға сыймайсың

7

СЫР С¦ХБАТ

Қабанбай батыр көшесі, 32.

Тел.: 24-12-84, 24-58-87. Факс: 24-75-66.

E-mail: alatau_offset@mail.ru, www.alatau.kz@mail.ru

№6 (645) 07.02.2014



Әңгіменің  басын  құттықтау  сөзден 

бастайық. Көп жылдық еңбегіңіз ақталып, 

бүгін міне «Мәдениет саласының үздігі» 

атандыңыз  құтты  болсын!  Сондағы 

әсеріңізбен бөлісе отырсаңыз. 

-    Рақмет  көп!  «Мәдениет  үздігі» 

атанғаныма  ерекше  қуандым.  Үлкен  бір 

толқыныс  үстінде  болдым.  Толқитын  да 

жөнім бар. Өйткені, қандайда бір атақ үшін 

емес  артымнан  еріп  келе  жатқан  бала-

ларым  мен  немерелерім  үшін  үлгілі  ана, 

мақтан  тұтарлық  әже  бола  алсам  деймін. 

Бар  арманым  да  сол.  Осы  еңбегімді 

бағалап, елеп-ескергендері үшін Облыстық 

мәдениет  басқармасының  басшысы  Рах-

мет  Разбекұлына  және  І.Жансүгіров 

атындағы  Мәдениет  үйінің  директоры 

Әли  Демегенұлына  алғысымды  айтамын. 

Бүгінгі  күнге  дейін  еңбегіме  қарай  түрлі 

мақтау  қағаздар  мен  алғыс  хаттарды  көп 

иеленгенім  рас.  Дегенмен,  биылғы  құрмет 

бұрынғысынан  ерекше  болды.  Бұл  жалғыз 

менің  ғана  еңбегім  емес,  қасымдағы 

мәдениет саласында жүрген азаматтар мен 

азаматшалардың  да  еңбегі  деп  білемін. 

Сондықтан  еңбегіміздің  еленгеніне  разы 

болдым.

Алғашқы еңбек жолыңыз қайдан бас-

тау алған еді?

-  Мен  Жамбыл  облысы,  Тараз 

қаласындағы  Мәдениет  ағарту  учи-

лищесінде  оқып,  сол  жерден  1976  жылы 

«Хор жетекшісі және мәдениет қызметкері» 

атты диплом алып шықтым. Жолдасыммен 

де  аталмыш  училищеде  танысып,  табыс-

тым.  Өмірлік  серігім  -  Базарбек  Тезекбаев 

Кербұлақ  ауданы,  Қоянкөз  ауылының  ту-

масы.  Қазір  Алматы  облыстық  Б.Римова 

атындағы  драма  театрының  директор 

қызметін атқаруда. Сөйтіп, Таразда студент 

болып жүріп тұрмысқа шықтым, оқуымызды 

тәмамдаған  соң  жолдамамен  1976  жылы 

«Жоламан»  асылтұқымды  қой  совхозына 

келдік.  Аталмыш  совхоздың  мәдениет  са-

райына жолдасым директор, өзім көркемдік 

жетекші  болып  қызметке  тұрдық.  Міне, 

алғашқы  еңбек  жолымыз  осылай  бастау 

алды. Ол совхозда 1990 жылға дейін жұмыс 

істедік.  Сол  мәдениет  сарайында  көптеген 

көркемдік 

үйірмелер 

ұйымдастырдық. 

«Ақмарал»,  «Қызғалдақ»,  «Бәйшешек» 

сынды  үш  ансамбль  құрдық.  Сонымен 

қатар, фольклорлық ансамбль мен бишілер 

үйірмесін  де  аштық.  Бұл  ансамбльдерге 

өнерге қатысы жоқ түрлі саланың маманда-

ры мүше болды. Оларды өнерге бейімдеп, 

сахна  сырын  үйреттік.  Сондықтан,  алғаш 

еңбек  жолын  бастағандағы  атқарған  қыз-

метіміз аз болды деп айта алмаймын. 

Жұмыс  болған  соң  түрлі  жағдайлар 

орын  алып  жатады.  Көп  жылдық  еңбек 

жолыңызда  қандай  да  бір  қиындықтар 

КЕШЕГІ "ЄРТІС ЌЫЗ", Б‡ГІНГІ 

"МЄДЕНИЕТ САЛАСЫНЫЊ ‡ЗДІГІ"

 

 



Алатау мен Қаратау баурайындағы тұрғындар 

жайлы әңгіме бір бөлек. Балауса күнін, Қаратаудың 

етегінде өткізіп, келісті келіншек болған кезеңінде 

Алатаудың аясына саялаған Әтіркүл Тезекбаева 

жайлы ауыз толтырып айтуға болады. Көзін ашып 

ана әлдиін естіп ержеткен балауса өсе келе, өзі 

де өнердің тұңғиығына бойлайды. Бар ғұмырын 

мәдениет саласына арнаған апайымыз 38 жылдық 

ерең еңбегі үшін «Мәдениет саласының үздігі» 

атанғанын естіп, І.Жансүгіров атындағы  Мәдениет 

үйіне жол тарттық. 2003 жылдан бері осы кең сарай-

да Әдістемелік бөлім меңгерушісі қызметін атқарып 

келе жатқан Әтіркүл апай, Жамбыл облысы қазір 

Бауыржан Момышұлы ауданы, Диқан ауылының ту-

масы. Атақты батырдың ауданында дүниеге келген 

апайды алғаш көргенде, жайма шуақ, нұрлы жүзінде 

күн күліп тұрды. Әйтседе, батыр атасының өр мінезі 

Әтіркүл апайдың да бойынан байқалғандай бол-

ды. Оған сыр сұхбат құру барысында көзіміз анық 

жетті. Күлімдеп отырып, кісіні қабағынан танитын 

сол әртіс қыздың әңгімесін оқырманға ұсынуды 

жөн көрдік.  

кезікті  ме?  Ондай  жағдайда  өзіңізді 

қалай ұстайтын едіңіз?

-  Иә,  әрине  түрлі  жағдайлар  орын 

алатындығы  рас.  Әсіресе  жолдасым 

екеуміздің  бір  салада,  бір  мекемеде 

жүргеніміз маған ауырлау тиді. Себебі, бас-

шы  әрі  жарым  болғандықтан,  қасымдағы 

әріптестерім  басшыға  өкпелі  болғанда, 

олардың  шағымын  тыңдау,  ал  сол  бас-

шы  әріптестерінің  кемістіктерін  беттеріне 

басқанда  мен  қысылатын  едім.  Керек 

десеңіз  бір  емес  бірнеше  рет  маған  да  ел 

алдында  қатаң  ескертулер  бергендігі  де 

бар. Дегенмен, осы саладағы жетістіктерге 

жетуімнің бірден-бір себепкері ол – жан жа-

рым. Біздің жұмыстың қиындығы мен қызығы 

қатар  жүреді  ғой  өздеріңіз  білесіздер. 

Кейде  ойлаймын,  қанша  қиналсам  да 

көңілді,  көтеріңкі  ортада  жүрген  соң  бо-

лар,  жастығымызды  сақтап  қалғанымыз 

деп.  Үнемі  сахнада,  халықтың  ортасында 

жүргенге, өзіңнің сүйікті жұмысынан ләззат 

алғаныңа  не  жетсін.  Мен  осы  мәдениет, 

өнер саласын таңдағаныма еш өкінбеймін. 

Бірақ негізі өнер, өте ауыр сала. Оны алып 

жүру үшін де төзімділік пен қажымас қайрат 

керек.  Дегенмен,  еңбекқор  жолдасымның 

қасында  бірге  жүріп,  ол  кісінің  бір  жағына 

шығысқанымның  өзі  еліміздің  өркендеуіне 

теңіздің  тамшысындай  болса  да  қосқан 

үлесім  шығар  деп  білемін.  Қиындықтарға 

кез  болсақ  оны  ақылмен,  сабырмен  екі 

жақтап  шешуге  тырыстық.  Бала  күтімі 

жағынан болсын, енемнің де көп көмегі тиді 

маған. Келін болып түскенде қолымнан ке-

рек  десеңіз  нан  жаюда  келмеген  болатын, 

соның  бәрін  жолдасымның  анасы  үйретті 

маған. Қазір бесаспап болдық (Күліп).

Қазіргі  қызметіңізге  де  тоқталып 

кетсеңіз. 

-  Облыстық  мәдениет  сарайында 

ұйымдастырылатын  шаралардың  бәрі 

облыстық  деңгейде  өтетіні  белгілі.  Сондай 

шараларды  ұйымдастырып,  басы-қасында 

жүру біздің міндет. Мұнда жас өнерпаздарға 

жол  сілтеп,  бағыт-бағдар  беріп  отырамыз. 

Бұдан тыс қалалық мектептерде мәдениет 

үйінің жоспарлы түрде өткізетін жұмыстары 

тағы  бар.  Бүгінде  І.Жансүгіров  атындағы 

Мәдениет  сарайында  «Жетісу  шеберлері» 

атты  қазақ  ұлт  аспаптары  оркестрі    және 

«Әжелер»  ансамблі  мен  «Жас  талант-

тар» бишілер тобы бар.  Солардың қайда, 

қандай  өнер  көрсететіндерінің  жоспарын 

құрып,  бағдарламасын  жасап,  қадағалап 

реттеп отыратын біз.

Өнерлі қос жұптың кіндігінен өрбіген 

неше бала, қанша  немере бар? Сіздерге 

еліктеп өнер жолын жалғаған ұрпағыңыз 

бар ма?

-  Алланың  берген  екі  қызы  мен  екі 

ұлымыз бар. Осы балаларымыздың бәріне 

кішкентай кездерінде ән айтқыздық, сахнаға 

шығардық. Бірақ сол төртеуінің ішінен біздің 

жолды  қуған  жалғыз  ұлымыз  ғана  болды. 

Мақсат  ұлымыз  Сарыөзектің  жеті  кластық 

музыка мектебін бітірді. Кейін Алматыдағы 

Ж.Елеубеков  атындағы  эстрада-цирк  кол-

леджін  тәмамдап,  Т.Жүргенов  атындағы 

өнер академиясында оқыды. Мақсат «Муз-

АРТ»  ансамблінде  күйсандықта  ойнайды. 

Жоғарғы  оқуды  бітіре  салысымен  «Муз-

АРТ»  ансамблінің  вокалист  әншісі  атанды. 

Қазір Алматыда өзінің жеке  студиясы бар. 

Бүгінгі тілмен айтқанда аранжировщик, яғни 

музыка көркемдеуші. Мейрамбек пен Сәкен 

ансамбль  мүшелеріне  ешқандай  шектеу 

қоймайды.  Олар  өздеріңді  көрсетіңдер, 

қолдарыңнан  келгенін  бәрін  жасаңдар  деп 

мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан ұлымның 

өзінің  сахнаға  жеке  алып  шықсам  деген 

жаңа  әндері  де  жоқ  емес.  Бәрі  де  алда, 

ұлымның  армандарының  орындалаты-

нына  мен  кәміл  сенемін.  Себебі,  ол  көп 

еңбектенеді. Екі қызымның бірі заңгер, енді 

бірі банк қызметкері менеджер. Ал кіші ұлым 

тіс дәрігері. Соңымыздан ерген 4 баладан 5 

немере  сүйіп  отырмыз.  Олардың  алды  13 

жаста.  Жолдасымыз  екеуміз  бақыттымыз 

деп  ойлаймын.  Балаларымыздың  бәрі 

өмірден орындарын тауып еңбек етуде. Өз 

күндерін өзі көріп отырғандарына шүкіршілік 

етіп, разы боламыз.



Бұл  өнер  жолдасыңыз  екеуіңізге 

кімнен дарыған?

-  Негізі  жолдасымның  әкесі  өмірден 

ерте кеткен, ал анасы өте жақсы ән айтатын 

жан  еді.  Марқұм  үлкен  бауыры  домбыра 

тартатын, ал кіші бауыры батырлар жырын 

жатқа  оқитын.  Ауызашар  секілді  қандайда 

бір  дастарқан  басына  жиналғанда,  ауыл 

ақсақалдары сол кісіні арнайы шақыртатын 

көрінеді.  Жырдың  бәрін  жатқа,  мәнеріне 

келтіріп  айтатын  болған.  Жолдасыма 

өнер  осы  ағайындарынан  дарыған.    Ал 

менің  әкем  өнерге  жақын  болды.  Ол  да 

ән  айтатын,  шаңқобызда  керемет  ойнай-

тын.  Өзімнен  үлкен  бауырым  да  өнерден  

құралақан  емес.  Ал  мен  соларға  еліктеп 

бала  күнімнен  ән  айттым.  Үйге  екі  адам 

келсе де, тұра қалып ән айтады екем. Бізде 

Таразда  әлі  күнге  дейін  қайын  сіңлілерінің 

атын атамайды. Кішкентай күнімде өнеріме 

қарап  жеңгелерім  мені  «Әртіс  қыз»  деп 

атаған  екен,    әлі  күнге  дейін  солай  атай-

ды.  Сөйтіп, мектепте жүргенде өнеріммен 

ел  көзіне  түсіп,  белсенділік  танытып 

жүрдім.  Әншілікке  көбірек  жақын  болдым. 

Сондықтан  да  болар  қабілетімді  байқаған 

әкем «Ә, мына балам өнерге жақын екен» 

деп сол салаға бет бұрғызды. 

Өнерде  жүргеннен  соң  түрлі  жағ-

дайларға  тап  болуларыңыз  әбден 

мүмкін. Соның бірін есіңізге түсіре ала-

сыз ба?

-  Басымда  бір  жағдай  болды.  Сары-

өзекте  жүргенімізде  Тараздан  үйге  туған 

бауырым  қайтыс  болды  деген  телефоно-

грамма  келіпті.  Ал  мен  сахнаға  шығып, 

ән  айтуым  керек.  Бір  сағаттай  ғана  уақыт 

қалды. Содан балаларым әлгі телеграмма-

ны оқи сала, жүгіріп мәдениет үйіне келіпті. 

Қолдарындағы  телеграмманы  маған  емес 

жолдасыма бергендері жақсы болған.  Ба-

зарбек  оны  оқып,  ақырын  ғана  қалтасына 

салып  қойыпты.  Содан  мен  әнімді  салып 

көңілденіп,  сахнадан  түсіп  келе  жатсам 

ешкім  үндемейді  бәрі  тым-тырыс.  Сол 

жерде жолдасым қаралы хабарды естіртті. 

Бәрі маған көңіл айтып жатқанда төбемнен 

бір  жай  түскендей  болды.  Осындай  тосын  

жағдайлар  болып  тұрады.    Туған  жерге 

барып  ағамды  жерлеп  келдік.  Тағы  да  10 

күннен соң концерт жоспарланып тұр. Оған 

да көнбеске шара жоқ. Өмір болғандықтан  

ары  қарай  тірлігіңді  жалғастыра  бересін. 

Міне,  осылай  өмір  ауыртпалығын  сезсем 

де,  мен  өнерді  бәрінен  биік  қойдым.  Де-

генмен,  бүгінгі  жұмыстағы  жетістіктерім 

мен  балаларымның  өмірден  өз  орында-

рын тапқандығына қарап үйдегі жұмыс пен 

түздегі жұмысты қатар атқара алдым деген 

ойдамын.  

Жұмысыңыз  жемісті  болсын.  Әңгі-

меңізге рақмет!

Сұхбаттасқан -

Меруерт МОЛДАҒАЛИЕВА.

"Мәдениет саласының үздігі" Әтіркүл Тезекбаева

Әтіркүл Тезекбаева жолдасы Базарбек Тезекбаевпен


Жалғасы. Басы өткен санда

8

Қабанбай батыр көшесі, 32



Тел.: 24-12-84, 24-58-87, факс: 24-75-66

E-mail: alatau_offset@mail.ru, www.alatau.kz@mail.ru

№6 (645) 07.02.2014



ТАРИХ

ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ШЫНДЫҒЫ 

1204  жылы  соғыста  Тай  ханның 

қасында  жүрген  айлалы  да  әккі  саясат-

кер,  әр  қадамын  ойлап  басып,  қадалған 

жерінен  қан  алатын  мүмкіндігін  барын-

ша    мол  пайдаланып,  діттеген  жеріне 

жетпейінше  мүлт  кетпейтін  күшті  стра-

тег  Жамұха  шайқас  басталысымен-ақ, 

андас-қандас  бауырының  сапына  қайта 

қосылып  Шыңғыс  ханның    жеңісіне    жол 

ашып,  Найман  хандығын  белін  опырды, 

керегесін  күтірлетті.  Ескіден  келе  жатқан 

атағы  мен  даңқы  болса  да,  жаңа  кезеңде 

шамасы  шектеліп,  қабырғасы  қаусап, 

күні  өтіп,  қуат-күші  кеміп,  ара  жігі  ыды-

рап  тұрған  хандықтың  орнына,  заманның 

заңғар  биігіне  шығатын,  мезгіл  жетіп, 

толысып,  кемелденіп,  дәуірлеп  тұрған 

жаңа    хандықтың  дүбірлеп,  сайын  даланы  

дүркіретіп,  саяси  сахнаның  төріне  өтуі  та-

рихи заңдылық, өмірдің  шынайы шындығы 

болатын,  Тарихшылар  «Опасыздық  жа-

сап,  шарпысқан  шайқастарда    керей-

лер  мен  наймандарды    матап  берді»  деп 

айыптағанымен,  Жамұха  жаңа  күштің 

иесі  ретінде,  өз  бауыры  андас-қандас 

Шыңғыс ханмен соғыс алаңында бетпе-бет 

келгенімен, айласын асырып, ту сыртынан 

білдірмей  ұратындай  сатқындық  жасаған 

жоқ, қайта онымен бірге заманы өтіп, тіреуі 

іріп-шіріп, мүмкіншілігі шектеулі, дәуірі өтіп  

бара жатқан ескіні ысырып, көшпенділердің  

көшін  өрге  жүргізетін  тарихи  кезеңге  жол 

ашты.

Бірақ  көшпенділер  арасында  ертеден 



қалыптасқан  «Аспанда  Тәңір  біреу,  жер-

де  хан  жалғыз  болу  керек»  –  деген  заң 

бойынша,  жер  иелігін  ұлғайтып,  керегесін 

кеңейткен,  киіз  туырлықты  тайпалардан 

тұратын,  бірлігі  бекіген,  көсегесі  көгерген 

ұлы  империяның  басшысы  бір  адам  бо-

луы  шарт еді  және  сол  алып орданың  ал-

тын  тағына  Шыңғыс  хан  отырды,  өйткені 

оған  тең  келер  тарихи  тұлға  табылмады. 

Оңтүстік  Сібірдегі  жеті  өзеннің  бойындағы 

емін еркін жатқан, түбі бір, төскейде малы, 

төсекте  басы  қатар  жатқан,  қыз  берісіп, 

қыз  алысып,  қаны  алмасқан,  құдандалы 

көшпенділердің  басын  бірік-тірем,  биліктің 

тізгінін  өзім  ұстаймын  деген  Жамұханың 

жолы  болмады.  Мандайы  тасқа  соғылып, 

арманы алыстап, тауы шағылған, қарқыны 

қайтып,  жігері  жанылып,  күш-қуаты 

кетіп,  болашағы  буылдырланып,  адуын 

азулылығынан  айырылған,  жаралы  арлан 

қасқырдай  сайын  даланың  асқан  баты-

ры  Жамұха  ақтық  демі  таусылар  сәтте  өз 

үйірін  тауып,  Шыңғыс  ханның  ордасына 

келді.  "Мені  біздің  мыңқолдықтардың  ескі 

әдеті  бойынша  қанымды  төкпей  өлтір”  -  

деп, кішкентайдан ант ішісіп, серт беріскен 

жан  досына  соңғы  өтінішін  айтты.“Сен  әлі 

де менің андас-қандас бауырымсың. Саған 

деген көңілім сол баяғы қалпында. Қасыма 

отыр,  оң  қолым  боласың,  мәртебеңді 

өсірем, беделіңді  арттырам” - деген Шың-

ғыс ханның сөзіне илікпеді. 

Жан  досының  төрт  мүшесі  бүктеліп, 

сымдай  тартылғанда,  омыртқасы  күтір 

етіп,  жұлыны  үзілгенде,  Шыңғыс  ханның 

жаны  күйзеліп,  көңілі  күңіреніп,  жүрегі 

шаншып,демін  ішіне  тартып  ышқынғанда, 

ыстық  жас  көзден  парлап  ақты.  Осылай 

бір  рудан,  бір  тайпадан  шыққан  арналары 

бірігіп,  тағдырлары  қос  өзендей  тоғысқан, 

көшпенділердің  тұтасқан  қалың  тобын  қақ 

жарып,  даланың  төріне,  ғасырдың  өріне 

қатар  шыққан  екі  батырдың  өмір  жолда-

ры  сындарлы  шақта  қақ  айырылып,  бірі 

мәңгілікке  бақи  дүниеге  аттанса,  екіншісі 

заманның  заңғар  биігіне  өрмелеп,  дүниені 

дүр  сілкіндірген  батыс  пен  шығыс  “жа-

байы  халық”  деп  менсінгісі  келмеген  киіз 

туырлықты  дүйім  жұрттың  басын  алып 

тұғырға  көтеріп,  мәртебесін  асқақтатты. 

Шыңғыс  хан  деген  аты  адамзат  тарихына 

алтын әріппен жазылды. 

1206  жылы  киіз  туырлықты  әулеттің 

игі  жақсылары  қалың  көшпенділердің  бет-

ке  ұстарларын  ұлы  Құрылтайға  шақырып 

қабырғасы  қаусап  тұрған  хандықтар  мен 

тарыдай  шашырап  жатқан  ұлыстардың 

бастарын  бір  ордаға  біріктіріп,  заманның 

занғарына  көтерілген  сардарды  ұлы 

хан  сайлап,  95  мыңдықтың  нояны  етіп 

тағайындады. 

Ертеден 


ел 

аузында 


Шыңғыс  ханның    қазаққа,  оның    ішінде  

Жалайырларға  жақын  екендігі  тура-

лы  әнгімелер  жүрді,  бірақ  ұлтымыз 

заманның  қысымына  түсіп,  үстемдік  ет-

кен  үлкен  империяның  бодандығында 

болғандықтан,  әлгі  тарихи  сыр  тар 

шеңберге  түсіп,  жылжымастай  шегеленіп 

қалды.  Кезінде  Мұхамеджан  Тынышпа-

ев  пен    Ілияс    Жансүгіров  20  ғасырдың 

басында  Шыңғыс  ханның  ұлы  батыры 

Мұқылайдың  Жалайыр  екенің,  Шәкәрім 

Құдайбердиев  Жалайыр  Ұзын  Хасанның 

Хулағу  ханнан  кейін  Иран,  Әзербай  жан-

ды билегенін, Ғабит Мүсірепов Мәскеудегі 

мұрағаттан  Ирактағы  Жалайыр  мемлекеті 

болғандығын  тың  деректермен  толықтыра 

жазды.  Бірақ  олар  Жалайыр  Мұқылайдың 

қалай  Шыңғыс    ханның    қасында  жүріп, 

басты  батырына  айналғаның,  неғып  хан-

дардың ханы оны Қытайдың билеушісі етіп 

тағайындағаның,  қалайша  Хулағу  ханның 

орнына  алтын  таққа    Жалайыр  Ұзын  Ха-

санның  отырғанын,  қандай  жағдайды  көз 

ұшындағы Иракта Жалайыр мемлекеті пай-

да болғанын толықтай дәлелдеп бере алма-

ды, өйткені патша заманында қалыптасқан  

империялық    көзқарас  үстемдік  етіп,  қа-

зақ  зиялыларының  мүмкіндігін  шектеп, 

шындықты  жазуына  жол  ашпады.  Еліміз 

егемендік  алып,  тәуелсіздігіміздің  туы 

көкке  көтерілгенде,  топырақ  астында 

ғасырлар  бойы  көміліп  жатқан  Шапыраш-

ты  Тауасарұлы  Қазыбектің  “Түп  тұқияннан 

өзіме  дейін»  атты  кітабы  жарық  көргенде, 

оның  отты  ұшқыны  шыңыраудың  түбінде 

шырылдап жатқан шындықты жарқ еткізді.

Шыңғыс    ханның      қазақ      халқына,  оның  

ішінде  Жалайырларға  тікелей  қатысы 

бар  екендігі  туралы  ертеден  ел    аузын-

да  жүрген  шын-дықтың  бетін  ашқан, 

ақиқаттың  астарлы  қоржынын  ақтарған 

Тілеуберді  Әбенайұлы  мен  Мырзабек 

Қарғабаевтардың кітаптарын атап өткеніміз 

жөн  болар.  Қарағанды  қаласында  2007 

жылы жарық көрген, орыс тілінде жазылған  

Мырзабек Қарғабаевтың “Атлантида кочев-

ников”  атты  кітабында  халық  аузындағы 

әнгімелерге  күн  түсіретін  тың  деректер 

беріледі. Оқырман қауымның құлағына ал-

тын  сырға  болсын  деп,  осы  шығармадағы 

негізгі  маңызды  мағлұматтарды  қысқаша 

атап  өтейік.  Зерттеуші  ғалым  біріншіден 

Шыңғыс  ханның  бар  ғұмырын  баяндай-

тын  “Құпия  кітаптың”  Құбылайдың  за-

манында  жарық  көргенін  және  ол  құнды 

дүниені  Жалайыр  тайпасынан  шыққан 

тарихшының жазғанын, екіншіден бала жа-

стан  андас-қандас  болғанын,  Темүжін  мен 

Жамұханың  бір  тайпадан  яғни  Жалайыр-

лардан  шыққандығын,  олардың  ататегі  он 

екінші аталары. Боғдышардан тарайтынын, 

үшіншіден  екі  тарихи  тұлға-ның  хандық 

үшін  талас-тартысы  бір  тайпаның,  Жа-

лайырлар  құрған  он  үштің  одағы  арасын-

да  туындағанын,  төртіншіден  хандардың 

ханы  туралы  жазылған  Рашид-аддиннің 

“Жамиғат-тауарих”  шығармасын  кейбір 

шығыстанушы  орыс  ғалымдардың  әдейі 

бұрмалап  көшпенділер  мен  “мыңқол” 

атанғаны мен ежелгі қазақ тайпасы жалай-

ырлар  арасындағы  туыстық  байланысты 

шорт үзіп бөлшектеп бөліп тастап, өз тари-

хымызды өзімізге аждаһадай етіп көрсетуге 

тырысқандығын  жазады.  Көптің  аузынан 

естігенше,  көзбен  бір  көріп,  пайымдағаны 

жөн  шығар  деп,  Мырзабек  Қарғабаевтың 

2007 жылы Қарағанды қаласында басылып 

шыққан,  орыс  тілінде  жазылған  «Атланти-

да  кочевников»  атты  кітабынан  автордың 

Шыңғыс  хан  мен  Жамұхаға  қатысты  та-

рихи  тұжырымдамасын  оқырман  қауымға 

ұсынайық : 

1)  В  бассейнах  реки  Онон  и  Керулен 

проживало племя Жалайыров, отсюда вид-

но что историческая хроника предназнача-

лась  соплеменника  Чингис  хана  «Тайная 

история»  -  (Сокровенное  сказания  мон-

голов)  –  это  обыкновенная  родословная 

одного племени.

2) Все правильно, автор «Тайной исто-

рии»  писал  историю  кочевников  племени 

тюрков  Жалайыр,  и  ему  не  нужно  было 

подчеркивать то, что было ясно всем.

Соответственно,  автор  рассказывает 

историю племени и разделяет своих  геро-

ев по родам. И он сказал нам, что 13 бога-

тырей – это известные своей отвагой люди 

рода  «Жалайыров»,  мы  по  ошибке  рода 

тюрков превратили в монголов.

  3) Автор хроники – шежире Чингисхана 

писал историю Жалайыров, поэтому племя 

Жалайыров,  так  же  как  и  другие  племена 

тюрков  Найманы,  Меркиты,  Абак-Керей, 

так же как и другие сохранились до наших 

дней.

4) В битве при Далан – Балчжутах меж-



ду  Чингисханом  и  Жамухой  участвовали 

рода внутри племени.

5) Автор иторической хроники все вре-

мя твердит нам, что соперник Чингисхана, 

каковым  является  Жамуха-Жалайыр.  Кро-

ме  него,  покоритель  Китая  –  Мухали-тоже 

Жалайыр.  Также  нам  известно,  ключевые 

позиции  в  империи  кочевников  занимали 

представители тюркского племени Жалай-

ыров.»  Мырзабек  Қарғабаев  «Атлантида 

кочевников» Караганда 2007 год.

Барлық  айтылған  тұжырымдамалар 

мен  келтірілген  деректерді  қорытын-

дыласақ,  біріншіден  Қарағандыда  қызмет 

істейтін Мырзабек Қарғабаев пен Қытайдан 

тарихи  отаны  Қазақстанға  қоныс  аударған 

Тілеуберді  Әбенайұлы  Шыңғыс  ханды 

Жалайыр  деп  бір  аталы  елдің  атағын 

үстемдеп, ұпайын түгендеп, өздерінің атын 

шығарғысы келген жоқ, қайта қаймықпастан, 

шімірікпестен  шындықты  жазды;  екіншіден 

хандардың  ханы  Шыңғыс  хан  расыменен-

ақ  қазақтың  ежелгі  тарихи  руы  Жалай-

ыр  тайпасынан  шығып  жатса,  онда  оның 

бүкіл көшпенділер үшін атқарған ісі ұлттық 

тарихымыздың ақиқаты мол жарқын беттері 

болып саналары сөзсіз.

Енді біз түркілер едік, көшпенділер едік 

деп жалтақтап жатпай, қазақ халқының ата 

тарихы  сонау  үйсін,  ғұн  дәуірінен  баста-

лып,  оғыз,  түргеш,  қыпшақ  кезеңінде  күші 

артып  кемелденіп,  Шыңғыс  хан  заманын-

да  шарықтау  шегіне  жетіп,  алып  мұхитқа 

айналғанын  нақтылап  тура  жазуымыз 

қажет. 

Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні 



бар.  Шыққан  тегі  жалайыр,  атасы  қазақ 

Шыңғыс ханның бүкіл киіз туырлықты алты 

Алаштың  басын  қосқанын,  көршілес  жат-

бауыр  мемлекеттердің  арам  пиғылынан 

«жабайы халық» ретінде бұрмаланып кел-

ген көшпенділердің әлемде теңдесі жоқ им-

периясын  құрғанын  жасқана  жалтақтамай, 

көңілге  күдік  алып  қорықпай,  ақиқатын 

ашық айтып, мақтан тұтқанымыз жөн. 

Өсіп-өніп,  желкілдеп  желек  жайып 

келе  жатқан  ұрпағымыздың  күні  ертең 

азамат  болғанда,  ата-баба  дәстүрін  аза-

мат  болғанда,  жалғастырып,  еліміздің 

егемендігін  бекемдеп,  тәуелсіздігіміздің 

туын  биіктете  желбіретуі  үшін  олардың 

күшіне  күш,  рухына  рух  қосатын  ата 

тарихымыздың  жарқын  беттерін  айқын  да 

анық көрсетуіміз керек.



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 0.62 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет