ҚОҒамдық-саяси, АҚпараттық-танымдық апталық газет ћ а з а ћ с т а н



жүктеу 311.18 Kb.

бет4/4
Дата09.01.2017
өлшемі311.18 Kb.
1   2   3   4

Нысанбек ТӨРЕҚҰЛ

8

27 маусым 2014 жыл

Меншiк иесi

АҚПАРАТ.KZ

Газет Қазақстан Республикасы

Ақпарат министрлiгiнде 2006 жылдың

1 наурызында тiркелiп, тiркеу туралы

№6963-Г куәлiгi берiлдi

ТАРАЛУ АЙМАҒЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Бас редакторы

Бибайша АЛПЫСБАЕВА

Жауапты хатшы

Думанай АБДУЛПАТТАЕВА

Автордың мақалалары редакцияның көзқарасын

бiлдiрмейдi. Қолжазба қайтарылмайды.

Газет «Ақпарат.kz» газетiнiң компьютер

орталығында терiлiп, беттелдi.

Мекен-жайымыз: 

Қызылорда қаласы Ақмешiт

мөлтек ауданы 11 үй, 35 пәтер, телефон: 22-28-71

Газеттiң сапасына «PRINT» баспаханасы жауап

бередi.

Қызылорда қаласы, Байтұрсынов көшесi, 49 үй.

Тел: 27-61-62

Тапсырыс №    Таралымы: 2977 дана

Мәскеудің Электросталь қаласында көгалдағы хоккейден

(жоғарғы лига) Ресей елінің ашық чемпионатының төртінші

айналымы  өтті. Аталмыш жарысқа «Динамо-Казань», «Динамо-

Электросталь», «Динамо-Самара», «Динамо-Екатеринбург»,

«Тана-Ростов-на-Дону» және Қызылорда облысының Сырдария

ауданынан  6 команда қатысты.

Соңғы айналымның қорытындысы бойынша Сырдария

ауданының командасы  32 ұпаймен жарыс жеңімпазы атанды.

Финалдық ойындарда Сырдариялық спортшылар «Динамо-

Казань» командасымен кездесіп, 3:2 есебімен ұтып, келесі жылы

басталатын супер лига ойындарына жолдама алды.

28 ұпаймен «Динамо-Қазань» екінші орынды еншілесе,

«Динамо-Электросталь» мен «Динамо-Самара» командалары 25

ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.

 «Сырдария» спорт клубы командасын жарысқа көгалдағы

хоккейден ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Сұлтанбек

Қобландин дайындады.

Жерлестеріміз алдағы 8-шілде күні Алматы облысы,

Талдықорған қаласында ерлер және әйелдер арасында болатын

Қазақстан Республикасының чемпионатына және тамыз айында

Қазақстан кубогына қатысады.



СПОРТ. СПОРТ. СПОРТ

Шымкент қаласында теннистен мектеп және

колледж оқушылары арасында Қазақстан

спартакиадасы өткізілді. Оған Алматы, Оңтүстік

Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау,

Жамбыл, Қызылорда облыстарынан  6 команда алты

күн бойы шеберлік байқасты.

Қыздар арасында өнер көрсеткен жерлестеріміз

Карина Тұрахмет пен Нұрай Көбенова жұптық

бәсекеде қола жүлдені еншіледі.

Жарыс нәтижесі бойынша Қызылорда облысы-

ның командасы жалпыкомандалық есепте 2-орын-

ды иеленді. Бірінші орында – Оңтүстік Қазақстан,

үшінші орында  Солтүстік Қазақстан спортшылары.

«Евразия» спорт кешенінде

гандболдан Қазақстан

Республикасының  мектеп және

колледж оқушылары арасында

VII жазғы спартакиадасы

аяқталды. Аталмыш спорт

сайысына Астана қаласы,

Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау,

Павлодар, Қостанай, Қызылорда

облыстарынан   8  команда

қатысты.

Жарыс қорытындысы

бойынша Қызылорда облысының

командасы 10 ұпаймен 1-орынды

иеленді. Финалда Сыр

спортшылары Алматы

облысының командасымен

кездесіп, 30:19 есебімен жеңіске

жетті. Үшінші орынды Павлодар

облысының командасы еншіледі.

Спартакиада бағдарламасы

бойынша спорттың 45 түрінен

еліміздің әр қаласында өтып жүр.

Қызылордалық каратэшілердің қоржыны 12 алқамен толықты,

оның 3-уі алтын, 9-ы қола медаль. Жерлес спортшылар Тараз

қаласында өткен каратэ-додан мектеп және колледж оқушылары

арасында Қазақстан Республикасының спартакиадасынан оралды.

Атап айтсақ, 48 келіге дейін өнер көрсеткен Мөлдір Жаңбырбай мен

61 келіге дейінгі салмақта Сүйіндік Монтай  чемпион атанды.

Командалық кумитэде жерлестеріміздің мерейі үстем болды. Команда

құрамында Мөлдір Жаңбырбай, Диана Досқали, Нұрсұлу Жетербай

шеберлік байқасты.

Диана Досқали (-53 келі), Көркем Махамбетқали (-59 келі),

Нұрсұлу Жетербай  (+59 келі), Әбу Кеуілтай (-76 келі), Азамат

Сансызбай (+76 келі), ката бағдарламасы бойынша Диана Досқали

мен Әділет Төлеу және командалық кумитэ мен командалық  катада

жерлестеріміз қола жүлдені еншіледі.

СЫРДАРИЯЛЫҚ СПОРТШЫЛАР

КӨГАЛДАҒЫ ХОККЕЙДЕН СУПЕР

ЛИГА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА

АЛДЫ

ГАНДБОЛДАН ЖЕҢІМПАЗДАР

2001 жылдан бастап әрбір екі

жылда бір рет мектеп пен колледж

оқушылары арасында

спартакиада өтіп келеді.

Жарыстың жалпы қорытындысы

үстіміздегі жылдың  қыркүйек

айында белгілі болады.

Спартакиада жеңімпаздары

мен жүлдегерлері диплом, кубок,

медальдармен  марапатталды.

ТЕННИСТЕН ЋЫЗДАРЫМЫЗ

ЖYЛДЕЛI ОРАЛДЫ

КАРАТЭШІЛЕР ЖЕҢІСІ

Үстіміздегі жылдың  29-30

маусым күндері Қызылорда

қаласында дзюдодан 23 жасқа

дейін ерлер мен әйелдер арасында

Қазақстан Республикасының

чемпионаты басталады.

14 салмақ дәрежесі бойынша

өтетін жарысқа еліміздің барлық

аймағынан  300-ге жуық  татами

шеберлері қатысады. Жарыс ерлер

арасында 7 салмақта (60, 66, 73, 81,

90, 100, +100 келі), әйелдер

арасында 7 салмақта (48, 52, 57, 63,

70, 78, +78 келі) өткізіледі. Дүбірлі

бәсекеде 1,2 орынды иеленген

спортшыларға ҚР спорт шебері

атағы беріледі.

Жеңімпаз және жүлдегер

спортшылар ҚР Спорт және дене

шынықтыру істері агенттігінің

диплом, кубок,  медальдарымен

марапатталады.

Аталмыш жарыс  29 маусым

күні сағат 10.00-де «Евразия» спорт

кешенінде басталады, салтанатты



ашылуы сағат 12.00-де.

ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ДЗЮДОДАН

ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ  ӨТЕДІ

Дайындаған: Лаура ШОНҒАЛОВА


1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал