ҚОҒамдық-саяси, АҚпараттық-танымдық апталық газет ћ а з а ћ с т а н



жүктеу 311.18 Kb.

бет3/4
Дата09.01.2017
өлшемі311.18 Kb.
1   2   3   4

СӘЛЕМ-СӨЗДІҢ АНАСЫ

Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі

«Қожаназар ишан» мешітінде өткізілген

жұмадағы қала, аудан, кент мешіт имам

молдалары және мешіт жамағаттарымен

өткізілген жалпы жиналысы болып өтті.

Жиналысқа 150-ге жуық дін

жанашырлары қатысты.

Бас имам Қайрат Дәуіржанұлы

төрағалық етті.

Жиналыс күн тәртібінде ұйымдастыру

жұмыстары яғни жаңадан мешітке имам,

найб имамдар тағайындау жайлы

мәселелер қаралды.

ҚМДБ-ның облыстағы өкілінің келісі-

мімен аудан бас имамының бұйрығы бойын-

ша жаңадан тағайындалған имам, найб

Т А Ғ А Й Ы Н Д А У Л А Р

имамдар көпшілікке таныстырылды.

«Әли-Муса» мешітінің имамы Кенжебай

Берінбаев «Қожаназар ишан» мешітіне

имамдыққа,«Әли-Муса» мешітіне

имамдыққа Болатбек Наурызбаев, найб

имамдыққа Болатбек Сағындықов,

«Жанқожа батыр» мешітіне найб имамдыққа

Марат Дайрабайұлы тағайындалғаны

жөнінде дін жанашырларына хабарланды.

«Қожаназар ишан» мешітінің имамы

Нұрлыбек Махамбетовтың өкіл имамның

бұйрығымен және өз өтініші бойынша

Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітіне

найб имам болып тағайындалғаны жайлы

да айтылды.



Балгүл МАМЕН

Сағындыра жеткен Қасиетті Рамазан айының құрметі үшін

Бас мүфти Ержанқажы Малғажыұлының бастамасымен

жеделсенім телефоны ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша

өкілі Талғат Омаровтың ұйымдастыруымен, орталық «Ақмешіт-

Сырдария» мешітінде де орнатылды. Қызылорда халқы мен

қонақтары үшін Рамазан айына байланысты қандайда бір

көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алу мақсатында 8 (7242)

30-62-05 және 30-65-60 номерлері қызмет атқарады. Бізге

қойылған әрбір адамның сұрағы маңызды болғандықтан бұл желіде біліктіде, білімді

имамдар 1 ай көлемінде тұрақты жауап беріп отырады.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ РАМАЗАННЫҢ

1-ШІ КҮНІНДЕ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Қ М Д Б - н ы ң

Қызылорда облысы

бойынша өкілі, «Ақмешіт-

Сырдария» мешітінің бас имамы

Талғат Сейіткәрімұлына йби

мамдармен облыстық баспасөз

орталығында тілшілер қауымымен

кездесу өткізді. Мұндағы мақсат

Қызылорда халқын және қонақтарын

сүйіншілей отырып барша адамзатты

игілікпен ізгілікке бастайтын мүбәрәк

Рамазан айының басталуына санаулы

күндердің қалғанын айта отырып

халықты құттықтап, Бас мүфтидің

үндеуін таныстырып бұлайдыңмән –

мағынасымен, қасиетіненхабардаретті.

Сондай-ақ кездесу барысында

оразаның әрі қаза, әрі кәффарат

қажетететін жағдайларын, ораза ұстай

алмайтындардың жағдайларының

әрқайсысына жеке-жеке тоқталып

түсіндірілді.

Биылғыораза:

2014 жылы мұсылманды қай

күнтізбесі бойынша 30 күн

Маусымның 28-нен  басталып,

шілденің 27-не дейін болады.

Шілденің 23-нен 24-не қараған түн

– «Қадір түні»

СәресіішуТаңнамазына 10 минут

қалғандатоқтатылады.

Ақшам намазының уақыты

кірісімен ауызды құрма немесе сумен

ашуға болады.

Тарауих намазы Құптаннамазының

парызынан кейін оқылады.

Байқамай, ұмытып жеп немесе

ішіп қойса, ораза бұзылмайды. Есіне

түскен кезден бастап тоқтатып,

оразасын жалғастырады.

Ораза ұстай алмайтындардың

жағдайы. Ораза стауға шамасы

келмеген жандарға фидия беру -  уәжіп.

Бұлар ауруларының айығуы үміт

етілмеген жандар мен ораза ұстауға

шамасы жетпеген қарт кісілер.

Жолаушы оразасы. Жолаушыға

келсек, 90 шақырымнан астам жерге

жолаушылап шықса, жолаушы саналып,

ораза ұстамауына рұқсат. Бірақ кейін

ұстамаған күндердің қазасын өтейді.

Оразасын әдейі бір күн бұзғандар, екі

ай қатарынан ораза ұстап өтеуі қажет.

Сондай-ақ орталық «Ақмешіт-

Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен

30 күнде 30 мекемеде кездесу

ұйымдастырылып уағыз насихат

жүргізіледі.

Рамазан айында қала мешіттерінде

жамағаттарға арнап ауыз ашарлар

жасалынады. Ал орталық «Ақмешіт-

Сырдария» мешітімен қалалық «Айтпай»

мешітінде бір ай көлемінде Сыр халқы

мен қонақтарына ауыз ашар жасалынады.

Қаламызда орталық «Ақмешіт-

Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен

26- маусым күні сағат 19:00 де «Қош келдің

Рамазан!» атты концерттік бағдарлама

болады.


Пітірсадақасын Рамазан айының

басынан айт намазына дейін беруге

болады.

Пітірсадақасы Қазақстан аумағы



бойынша 200- теңге.

28-шілде дүйсенбі ораза айт мейрамы

басталады. Айт намазысағат 8:00-де

оқылады.


Міне осы секілді жайттар мен халықты

таныстырып бірқатар мәселелерге

тоқталып өтті.

ӨКІЛ ИМАМ РАМАЗАНМЕН СҮЙІНШІЛЕП

БАСПАСӨЗ МАСЛИХАТЫН ЖАСАДЫ


6

27 маусым 2014 жыл

Қоғамымыздың арғы-бергі

тарихында уақыт сынынан өте

алмай талай халықтың қолымен

жасалған тарихи ескерткіштер із-

түссіз жоғалғаны туралы дерек аз

емес.

Т а р и х и - м ә д е н и



ескерткіштердің елдің  баға

жетпес асыл қазынасы екенін

түсіндірудің, насихаттаудың  жас

ұрпақты ұлтжандылыққа

тәрбиелеу ісінде маңызы зор.

Төл тарихын түгендеу мен

зерделеуді өзіне мұрат тұтқан

азаматтарымыздың қатары

жылдан-жылға көбеюде.

Сыр өңірі шежіресінің шын

білгірі, этнограф, зерттеуші

азаматы Тынышбек Дайрабай

мен кәсіби заңгер Қызылорда

облыстық сотының судьясы

Молдабек Ахметовтің өлкемізді

тану ісіне үлес қосып жүрген

қазыналы еңбектері еліміздің

зиялы қауым арасында алатын

орны ерекше.

Жақында ғана еліміздің

санаткер тұлғаларының «Сыр

еліндегі ескерткіштер- Памятники

низовья Сырдарьи» атты жарыққа

шыққан тағы бір еңбегі (Алматы:

Киізкітап, 2014.-260 бет.) оқырман

халықтың қолына тиді.

Бұл кітапта ежелгі

дәуірлерден бастап қазірге

кезеңге дейінгі үш жүзден астам

археологиялық, архитектуралық,

тарихи, мәдени ескерткіштер

жөніндегі ғылыми негізделген

мәліметтер әрбір аудан бойынша

топтастырылған.

Қазақ тілінде жазылған

мәтіннің орыс тіліндегі нұсқасы

қоса беріліп, сондай-ақ,

энциклопедиялық үлгіде және

фотоальбом түрінде әсем

форматты қағазбен дайындалуы

кітаптың құндылығын арттыра

түскен.


Азаматтардың «Сыр еліндегі

ескерткіштер» кітабына арнаған

еңбектерінің  2014 жылғы 29-30

мамырда Алматы қаласында

өткен халықаралық кітап көрме-

жәрмеңкесінде  «Үздік ғылыми

танымдық басылым» номина-

циясы бойынша екінші дәрежелі

дипломмен марапатталуы,

жоғарыда айтылғанның жарқын

айғағымен ерекшеленді.

Авторлар сөз басында

«Алаштың Анасы» атанған

қасиетті мекеннің тарихына

тереңнен бойлап, ондағы

тіршіліктің  бастау - бұлағы әрі

ұстыны Сырдария өзенінің

өткеніне экскурсия жасаған.

Тұран ойпатында орналасқан

осынау Сырдың су нысаны

арналарының эволюциясы бір-

бірімен сабақтасқан мәдениет-

тердің қалыптасуына негіз

болғаны және бұлардың көрші

аймақтардағы елдердің

мәдениеттерімен астаса

дамығаны мазмұндалған.

Сыр бойының ежелгі

тайпалық бірлестіктердің,

мемлекеттердің орталығы

болғаны күмәнсіз.

Бұған өңіріміздегі көптеп

сақталған, анықталған-сақ, ғұн,

қаңлы, оғыз-қыпшақ, кердері

тайпаларынан қалған тарихи-

мәдени ескерткіштері, көне

қалалардың орындары мен

қорғандардың қирандылары

жарқын да нақты дәлел.

Әлемнің әр түкпірінен жол

тартқан  жиһанкездер Тұран

ойпатында орналасқан әсем

қалалардың орналасқанын ерте

дәуір замандардан-ақ білген.

Олардан қалған жазбалардың

бірқатары ғылыми қауымдас-

тыққа жақсы таныс.

Кезінде Сыр бойы өңірімізді

зерттеген  патшалы Ресейдің

мамандары мен ғалымдары да

аса құнды еңбектер жазғаны

белгілі.


Одан бергі уақытта тарихи

ескерткіштерді зерттеу, наси-

хаттау арқылы туған өлкемізді

халықаралық ғылыми

қауымдастыққа, жалпы

жұртшылыққа танытуға үлес

қосқан, қосып жүрген небір

археологтар, тарихшылар,

этнографтар, әдебиетшілер мен

басқа да ғылым саласы

өкілдерінің ерен еңбектері өз

алдына бір төбе.

Авторлар бұл ретте  Ресей

ғылым академиясының Хорезм

археологиялық-этнографиялық

экспедициясы және оның

алғашқы жетекшісі С.П.Толстов,

қазақстандық ғалымдары

Б.Сүлейменов, Ә.Қоңыратбаев,

Ә.Жәмішев, М.Меңдіқұлов,

С.Әжіғалиев, Ә.Байтенов,

Т.Карамендин, Ж.Құрманқұлов,

Т.Мәми сынды ғалымдарының

еңбектерін ерекше атап өткен.

Сыр өңірінің тарихи мәдени

мұраларын зерттеу ісіне соңғы

жылдары Қорқыт Ата атындағы

Қызылорда мемлекеттік

университетінің ғалымдарының

елеулі үлес қосып келе жатқанын

атап айтуымыз қажет.

Аталған оқу орнының

археологтары  сақ тайпаларының

мекені Шірік - Рабат пен оғыз

мемлекетінің  орталығы Жанкент

қалашықтарының орнын  10-15

жылдан бері қазып, зерттеп, өте

құнды тарихи маңызы жоғары ескі

мүліктер табылып, жинастырылып

музейлерге қойылып жүр.

Сыр өңірінде түркі

мәдениетіне жататын көне

қалалардың ізі көптеп саналады.

Соның бірі  қыпшақ - қазақ

хандықтарының бас ордасы

болған тарихқа белгілі Сығанақ.

Сақ дәуірінен бері сақталған

Бұланды, Бәбіш мола және қаңлы

кезеңінің  Жетіасар ескерткіштері

әлемдік маңыздағы мұралар

қатарына жатқызылған.

Оғыз-қыпшақ дәуірлерінде

өркендеген Асанас, Баршынкент

қалаларының ХV ғасырға дейін

жеткені  де мәлім.

Сыр өңіріндегі ескерткіштер

ішінде асарлар мен көне

қорымдардың алатын маңызы

мен орны ерекше.

Сауысқандық, Бағаналы

қорымдарынан табылған

жәдігерлердің тарихы кем дегенде

3 жарым мың жыл.

Қола және темір дәуіріне

жататын қорымдар да баршылық.

Солтүстік Түгіскен мавзолейлері,

жетіасар мәдениетінің

ескерткіштері - әлемге әйгілі

жауһарларымыз болып саналады.

Облысымыздың аумағында

сақталынған  ізі бар діни-рухани

ескерткіштер өте көп.

Бүкіл түркі тілдес

халықтарына ортақ тұлға

данагөй, философ Қорқыт Баба

мазарының XIX ғасырда



ТАРИХИ  ЕСКЕРТКIШТЕР  СЫРЫ ЖАЙЛЫ

Ә.Диваев түсіріп алған суретін де

осы жинақтан көріп табасыз.

Біздің байқаған аса бір

ерекшелік ол авторлардың өз

жеке мұрағаттарындағы  осы

тақылеттес  сирек суреттерді

кітапқа кеңінен ендіруі.

Халқымыз біртуар

перзенттерін қашан да қадірлеп,

қастерлеп, ардақтап отырған.

Еліміз бен халқымызға еңбек

сіңірген тұлғаларға белгі қою

үрдісі жыл сайын жағымды

жалғасын табуда.

Кітаптағы  бұл санаттағы

тарихи ескерткіштерге үлкен

м а ғ ы н а

бере отырып  орын бөлінгені өте

құптарлық жайт.

Кітап авторлары тарихи

ескерткіштер бұрынғы өткен ата-

бабаларымыздың өмірі мен

тұрмысынан сыр шертетін тілсіз

куәгерлері болып табылатынын

оқырман зердесіне түсінікті

тілмен жеткізген деп есептеймін.

Және бұл тарихи мұраларды

түпнұсқа қалпында сақтау әрі

қорғаудың  қазіргі таңдағы өзекті

маңызды мәселенің бірі екені

туралы тұжырымды ой

қорытады.

Жаһандану дәуірінде

ұлттардың төл ерекшеліктерін

сақтап қалуға жаңа буын

халқымыздың ұмтылысы

жылдан-жылға күшейе түспек.

Демек, тарихымызды терең-

дететін, руханиятымызды

шегендейтін мәдени

мұраларымызды зерттеу, оларды

жазып жарыққа шығарып

халыққа жеткізу ұлтымызды

ұлықтаумен бірдей деген сөз.

Жақында ғана жарыққа

шыққан «Сыр еліндегі ескерт-

кіштері-Памятники низовья

Сырдарьи» атты  кітаптың

құндылығының өзі міне осында.



Қали ОМАРОВ,

ҚР Тарих және қоғамдық

ғылымдар академиясының мүшесі

7

27 маусым 2014 жыл

ДАЛАНЫЃ ДАРА ДIЛМАРЛАРЫ

БАЙДАЛЫ БИ

Шоқанның атасы Уәлихан қайтыс

болғанда Байдалы би жаназаға бара

алмапты. «Әне барамын, міне барамын» деп

жүргенде қырқы да өтіп кетеді.

-Қадірлес қария еді, келіп көңіл

айтпағаны несі?,-деп Уәлиханның ханымы

Айғаным ішінен өкпелеп жүреді екен. Бір

күні Байдалы барып аттан өзінің келгендігін

сыртта тұрып білдіреді. Бірақ, өкпелі

Айғаным шешенді аттан түсіріп алуға тысқа

шыға қоймайды. Сонда шешен атының

басын кейін бұрады да, тұра қалып:

-Ханы өліп,

Қайғырып жатқан, Айғаным,

Қара жамылып,

Ай-күні батқан Айғаным,

Ханға сүйеніп,

Қоқан көрмеген Айғаным,

Қамқаға оранып,

Шоқай көрмеген, Айғаным,

Мен бір сөз айтайын,

тыңдағын-

 депті.


Қара жамалып, жоқтау айтуға

даярланған Айғаным құлағын тіге қалыпты.

Сонда Байдалы би тағы да былай депті:

-Ер қартайды, мал тайды,

Екеуледі, ей ханым!

Қатын жалқау, ұл ынжық

Төртеуледі, ей ханым!

Келін қатал, кер болды,

Ағайын-жат ел болды,

Алтаулады, ей ханым!

Кәрілік пен кедейлік

Егіз келді, ей, ханым:

Мұның бәрін санасаң.

Сегіз болды, ей, ханым!

Қаусаған жақ иек бар,

Саудыраған сүйек бар,

Ауыл алыс жер болды,

Оннан асты, ей, ханым!

Шығар жолды осыдан

Өзің тапшы, ей, ханым!

Құла бие құлындап,

Келе алмадым, ей ханым!

Келдім, енді кетемін,

Ықылассыз ордаға,

Ене алмадым, ей, ханым!

-деп


жүре беріпті. Айғаным үйден жүгіре шығып,

шешеннің шаужайына оралады. Құрметтеп

аттан түсіріп, үйге кіргізеді. Төрге отырған

соң, Айғанымның жоқтау айтып, жылауға

ыңғайланғанын байқаған шешен:

-Айғаным, сен жоқтау айтқалы

отырсың, мен тоқтау айтқалы отырмын.

Жоқтауды қоя тұрып, тоқтауды тыңдасың

қалай болады?-депті.

Айғаным аңырып қалады. Сонда

Байдалы:

-Қайрат деген қыран бар,

Қайғыға тізгін бермейтін.

Қайғы деген жылан бар,

Өзекті шағып өртейтін.

Үміт, сенім, тілек бар,

Қуантып, қуат алдырар.

Жылау деген азап бар,

Қуартып отқа жандырар.

Мен қайғыңды қозғағалы

келгем жоқ,

Қайратыңды қолдағалы

келдім,

-депті.


Әдетте мұндай қадірлі адам келгенде,

ханым қара жамылып жоқтау айтып,

жоқтау артынан Таумұрын молда құранын

күңірентеді екен де, қаралы ханым

қайғылы қалпын сақтап орнынан

қозғалмай ұзақ отырып қалады екен.

Бұл жолы мұның бірі де болмайды.

Шешеннің келуі қайғылы ордаға қалыпты

тіршілік орнатқандай болады. Айғаным өзі

тұрып шай қойғызады, қой сойдырады. От

қағып, шөлдеп келген шешенге өз қолымен

БЕЙСЕНБІ БИ

Бейсенбі кезінде сөз иесі шешен, ел

иесі-әділ би, күй иесі домбырашы, қайрат

иесі батыр, құс иесі құсбегі, сергек ойлы

азамат болған.

Бейсенбі жас кезінде бүкіл Жанат

руының (Абақ, Керей) ортаға шығар

қосбасшысы болған. Сол кезден бастап

монғол-қазақ ортасындағы дау-шарды

бітіріп, екі ұлт арасына таныла бастаған.

Жаугершілік заман мен даугершілік өмір

Бейсенбіні әр жақтан сынға салады.

Жанат елінің он мыңдаған жылқысы мен

қаптаған қосына иелік етіп, кедей-

кепшікке қолының ашықтығымен

мырза атанған. Бейсенбі би 88-ге қараған

жасында дүниеден қайтқан.

Бейсенбі күйінің көбі аттың жүрісі

мен аңның аттарына байланысты болып

келеді.


Бейсенбінің «Кеңес» күйінің бірнеше

түрі бар. Өйткені Бейсенбі Керейдің төрт

биінің бірі болып сайланғаннан кейін

кеңесті күймен бастайтын болған.

Шежірешілердің айтуына қарағанда

«Кеңесте» талқыға түсіп, шешім етілетін

істің мән-жайын күй сарынмен кеңес

басталғанша толғап отырады екен.

Бейсенбінің «Жеңілдім» күйінің шығу

тарихы былай баяндалады. Бейсенбімен

замандас Жайыр деген азамат Қобықты

жайлап жүрген жылқыларының біріне

мініп Ертістен өтіп Қаба, Буыршын

елдерін аралапты. Жігерлі жігіт ел

аралағыш болады, әрнені білгіш болады.

Сөйлей-сөйлей шешен, көре-көре көсем

болады дегендей жалыны жарқылдап,

талабы тасқындап өскен жас Жайыр

Қаба елін аралап жүріп бір байдың үйіне

түсіпті. Байдың қонақжай әйелі күтіп алса

керек. Ән шырқап, күй тартып, күймен

көлемді жинап, отыратын жерін өлең-

жырмен сейілдетіп, ел жүрегін

жадыратып, қауымның қонақжай

меймандостығына бөленіпті. Ауылға

аялдап қалған қонақ жігіттен күдіктеніп,

ел жігіттері «Салт» жүрген ұры деген

сылтаумен ұстап, аяғына кісен салып

қояды. Бір күні Жайыр кісенді үзіп, ауыл

шетінен бір көлік тауып мініп (тұғыр ат)

түнделетіп жөнеледі. Күн түндігін жауып,

айналаны қараңғылық қымтап, көңілі

ортайып, бір белден аса бергенде, екі-үш

отаудың үстінен шығады. Ат басын тежеп

тесіле қарайды.

Қотанды ауыл. Ақ орда, керме толы

саңлақ қатарынан сап түзеп тұр екен.

Жайырдың аңсары ауады. Бірін мініп,

бірін қосағына алып кетуге ыңғайланып,

тықырын сездірмей ауылға аяңдайды.

Жұлдыз жамбасқа аунап, таң шапағы

білінер кез болса да, орда ұйқыға

жатпаған екен. Үйге жақындаған сайын

айқын естілген күй сарыны күздің ұзақ

сары таңына дейін үзілмегенін сезеді.

Демін ішінен алып келе жатқан Жайыр

күйдің құдіретті сазынан шыға алмай

қалады. Ауылға іліне күйге дендей құлақ

түреді. Төңкеріле толқып, баяулатып,

кейде күреңітіп, пернені бебеулете

шығып жатқан күйдің тылсым сарынына

сүйінеді. Кейбірі өзі шертіп жүрген таныс

күй, енді бірі естіген күйлері, ал қайсыбірі

жаңа тың сарын сияқты. Күй сазына елтіп

отырған жігітті ауыл күзетшілері байқап

қалып, ту сыртынан бассалып, түн қатып

жүрген ұры-қары екен деп ұстап алыпты.

Күн төбеден ауа дастарқан жиналып,

сапырылған қымызға қанған үлкендер

тысқа шыққанда:

-Бізге жауап бермеді. Бидің өзіне

апарыңдар, жауапты орда иесінің өзіне

ғана берем деп өтініп отыр,-деп

Бейсенбіге ұсталған «ұры» жайлы хабар

тиеді.

Бейсенбі: «Қалайда көп талқысын



көрген қайсардың бірі ғой» деп ойлайды.

-Сен кімсің?-дейді бір ділмәр ажырая,

кім екенін тез біле қойғысы келіп.

-Бидің алдына алып барыңдар,-дедім

ғой?

-Көптің алды-талқы, бидің алды-тез.



«Сөз шынына, пышақ қынына тоқтайды».

Ауылға не үшін келдің? Орданың түбінде

не себепті тың тыңдап отырдың?-деп

сұрайды тағы бірі.

Би көбіне шешендерін сөйлетіп, өзі

тыңдаушы болып, жауапкердің ішкі

дүниесінен сыр тартып, сынап отырады

екен. Сол әдетімен Бейсенбі домбырасын

сыңар ішекпен дыңғырлатып толғаумен

отыра береді.

-Жер көріп, ел тану-азаматтың міндеті,

атамыздың салты. Сол ата мұра

ауылдарыңыздың ортасына Қобықты

жақтан келіп танысып жүр едім,-деп

бастайды «ұры» сөзін. Ол жүрген жолы мен

қонған ауылына дейін қалдырмай тізіп

айтады. Бейсенбі мұның сөзін ден қоя

тыңдап: «Ұры» болса да қотандағы қойдың

ірге жауы емес, алыстан аңсайтын

арыстың азаматының бірі ғой» деп

ойлады. «Бұл ауылға қалай келдің?» деген

сұраққа Жайыр болған, басынан кешкен

жайды баяндайды.

-Қашып жүрген адамда күй бола ма,

байдың аулы маңынан тауып мінгенім

қойшының тұғыр торысы еді. Бір жүйрікті

тақымға басып ырғытып жөнелсем деп

армандап келе жатқанда, осы ауылдың

үстінен шықтым. Кермедегі саңлақтарды

көріп, бірін мініп, бірін қосарға алып

кетпекші едім, амал қанша,-деп тоқтайды.

-Мен кермеге жақындағанда күйге

елтіп тұрғандай жусаған аттардың маған

құлақ тіккені болмады, мен де сол күй

сарынына азырақ құлақ қойып

тыңдадым. Күй мені іргеге тарта берді.

Өнерге әуестіктің азаматқа пайдасы да,

зияны да болады ғой. Бүгін жақсылардың

алдында «ұры» атанып отырғаным да осы

күй құмарлығымнан еді,-деп тынады.

-Атың кім?-деді Бейсенбі сөзге кірісіп,

өзі  атын білетін күйшілердің бірі болар ма

деген жылы шыраймен.

-Атым-Жайыр.

Бейсенбі Жайырға ойлы көзбен

қарайды. Өзімдей күйші болып шығады

демесе де, «Күй құмарлығымнан ұры

атанып отырмын»- деген сөзін еске алып,

қолындағы домбырасын ұсынады.

Жайыр домбыраның құлақ күйін келтіріп

алып, түнде өзі тыңдаған сарынын

тыңдаушының құлақ құрышын қандырта

отырып орындайды да домбыраны иесіне

ұсынады.


-Би-еке, қажыған ой; байланған

қолдың домбыра пернесін қате басқаны

болса кешіресіз, мені өзіне баурап

әкеткен, жіпсіз байлап алған осы күй

болатын. Шоқпардан жығылып қолды

болғаным жоқ. Айыбым атқа мініп,

қашып құтылу еді. Күйге құмарлығым

халық алдында жауап бергізіп отыр. Би

алдында сөйлеймін деп, түнімен жауап

бермегенім де осы жайым болатын,-дейді.

Бейсенбі Жайыр деген күйші бар деп

бұрын естімеген. Қазіргі сәтте Жайырдың

істеген ісі мен сөзіне ой толғап құмарлығы

мен адамшылығы Бейсенбіні екі ұшты

ойға қалдырды. Өтірікші алдакестің бірі

ме, бұл күйді бұрын біле ме, қалай тез

үйреніп алған. Осындай алғыр болса,

халқының шоқтығы биігінің бірі болар,

сынап көрейін деген ойға тиянақтап,

Бейсенбі Жайырды қатарға отырғызып

күтсе керек. Жайыр екеуі күймен

айтысыпты. Бірінің шерткен күйін бірі

шертпей жаңадан бастап бір түн күй

айтысқа түсіп бірін-бірі жеңісе алмапты.

Бір кезде Жайыр пернені қолымен басып,

үлкен башпаймен бір күй шертіп,

домбыраны Бейсенбіге ұсынып:

-Қол шеберлігіңді байқадық. Енді

башпаймен шертіп жарысқа түссек

қайтеді,-депті.

Сонда домбыраны бұрын башпаймен

шертіп әдеттенбегендіктен, Бейсенбі

«Жеңілдім» деген күйін сол жерде шертіп,

жауап қайырса керек. Бидің бір, күйінің

тарихы осылай баяндалады. Бейсенбі

Жайырды күтіп, ат мінгізіп, шапан жауып

құрметтеп, халықтың қалаулы азаматы

деп таниды.

сусын береді. Ханым жадыраңқы рай

білдірген соң, шешен де жайғасып, шешіле

сөйлейді. Мал-жан, ауыл-аймақтың

амандығынан басталып, әңгіме ағыла

береді. Шешеннің сөзі Айғанымға түрлі ой

салып, көңілін жадырата түскендей болады.

Айғаным өкпе-назын айта бастайды.

-Ханмен қадірлес, халықпен сырлас

қария едіңіз. Хан артында қара тұман

қалды, қара тұман ортасында мен қалдым.

Көзсіз көбелектей болып қалғанымда, осы

уақытқа дейін ат ізін салмағаныңызға,

несін жасырайын, өкпелеп жүр едім. Мен

сізді келер, келер де жылатар, жылатар да

жұбатар, содан кейін ханға арнап бір жақсы

құран шығартар деп ойлаған едім, мұның

бірін де істемедіңіз. Бірақ, осы жолы

көтеріліп, сергіп қалдым. Мұның мәнісі

қалай?-деп сұрапты. Сонда Байдалы би:

-Келген жерден білместігіңді бетіңе

айттым. Ол жылатқаным емес пе?

Қайғырып жатқан жеріңнен тұрғызып, ас-

суыңды өзіңе басқарттым. Бұл жұбатқаным

емес пе? Ал, ханымның қайғысы жылаумен

жеңілденбейді, ханның күнәсі құранмен

жуылмайды. Сондықтан жылауратпай,

құрандатпай, тұмандатпай келгенім рас.

Мүмкін, менің сөзім сенің қайғыңды емес,

қайратыңды қолдаған болар,-дейді.

Айғаным: «Рас-рас»,-деп басын изейді.

Бағанадан бері шарта жүгініп алып, мүлгіп

отырған Таумұрын молда осы кезде көзін

ашып жіберіп:

-Күнәкәр болдыңыз, шешен, күнәкәр,

күнәкәр!-деп  бажыраң-бажыраң етеді.

-Молдеке сабыр етіңіз. Осыншама

қатты кесіп айтатын сіздің алдыңызға

жүгініске келіп отырған жоқпын ғой,

қалтаңызға саудыратып салып жүрген

сауабыңыз болса, менен басқаларға

үлестіре беріңіз. Құр қалдым деп

өкпелемей-ақ қояиын. Атасы басқа молда

түгіл, мен өз ағайынымнан да ешнәрсені

дәметпейтін адаммын. Ал, ханның күнәсі

құранмен жуылмайтындығы, ханымның

қайғысы жылаумен бітпейтіндігі туралы қай

бидің алдына барсаң да, сенікі теріс, менікі

дұрыс,-депті.

Шешен сөзінің салмағына шыдамаған

Таумұрын молда «дәрет алуды» сылтау етіп,

далаға шығып кетеді. Молда кеткен соң,

еркіндей түскен Айғаным, шешеннің

қасына жақынырақ отырып, ойындағысын

іркілмей айта бастайды.

-Ханның қайғысы оңай болды дейсіз бе

маған? Өзім әлсіреп отырғанда, әлгібір

сорлы молда құран оқыса, осы орда

дөңгелене жөнелгендей болады. Құлап

кетемін бе деп керегенің көгінен ұстап,

бүйірімді таянамын. Әңгіме айтса әзірейіл,

мүңкір-нәңкір деген біреулерін айтады да

мүлде зәремді алады...

Осы араға келгенде Байдалы шыдамаса

керек, Айғанымның сөзін бөліп:

-Ай, Айғаным-ай, баяғыдан бері

байқамап па едің? Бұл Таумұрын молда

аузын ашса, оның көмейінен көр көрінетін

еді ғой. Несіне зәрең ұшады. Өмір тұрғанда,

өлімді сөйлегеннен без, төрінде отырып

көрге сүйрегеннен без,-деп теріс айналады.

Шешен алдында өзінің айыбын

жеңілдеткісі келген Айғаным:

-Өзіңіз білесіз, ата-бабамыз молда ұстап

көрген жоқ еді, оның сырын қайдан білейік.

Хан қайтыс болған соң, бір тәуір молда

табайық десті. Ол үшін әлгі керуен басы

болып жүретін Тоқтарбайды Ташкенге де

жібермекші болды. Тоқтарбайды шақырып

алып сөйлескенде, ол: «Ташкенге барып,

өрік сатып отырған біреуді түйеге мінгізіп

жеткізгенше, ханның сүйегі де қурап

қалады. Одан да осы Таумұрынның өзін

ұстай тұру керек. Менің байқауымша,

осының да бірдемеге жарайтыны бар,-деп

болмай отырып алғаны. Сол молдамыздың

сиқы әлгі...

Айғаным Байдалы шешенді сол сапарда

үш күн жібермей күтеді. Шешеннің бұлай

ұзақ жатуы Таумұрын молдаға ұнамайды. Ол

Байдалы шешенге ерекше құрмет көрсеткен

Айғанымға да ішінен қатты наразы болады.



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал