ҚОҒамдық-саяси, АҚпараттық-танымдық апталық газет ћ а з а ћ с т а н



жүктеу 311.18 Kb.

бет2/4
Дата09.01.2017
өлшемі311.18 Kb.
1   2   3   4

Раушан БАЛҒАБАЕВА

Салтанатты кеш мұнан әрі

марапаттау рәсіміне ұласты.

Қазақстанның құрметті журна-

лисі, қазақ радиосының үздігі,

ардагер журналист Ахат

Жанаевқа «Сарыағаш» емдеу

орталығына жолдама табыс етілді.

Сондай-ақ «Қызылорда таймс»

газетінің тілшісі Валерия Крюч-

кова, «Қоғам» телеарнасының

монтажері Дархан Көлдеев және

облыстық телеарна тілшісі

Аралбек Боранбаев қала әкімінің

құрмет грамотасы және бағалы

сыйлықпен марапатталды.

Аймақ көлемінде жыл бойы

үздік әрі жемісті еңбек етіп,

мемлекеттік саясатты жүйелі

жүзеге асыруға елеулі үлес

қосқан «Қазақстан-Қызылорда»

телеарнасына «Жедел ақпарат

тартушы» номинациясы берілді.

Ал «Сыр медиа» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі «Ұйымшыл

тілшілер қосыны» атанса,

қалалық «Қоғам» телеарнасы

«Үздік телебағдарлама»

номинациясымен марапатталды.

Кеште бірқатар басылымдарға

«Бастамашыл  басылым», «Үздік

сарапшы тәуелсіз БАҚ», «Қала

тынысы», «Аймақ тынысы»,

«Бірлік пен ұлтаралық келісімді

насихаттаушы» номинациялары

табысталды. Ал меншікті

тілшілерге «Жаңақорған»

шипажайына жолдама берілді.

Елдің мұңын мұңдап, жоғын

жоқтайтын, жаңалықтың

жаршысы атанған журналистер

қауымы төл мерекелері

қарсаңында осылай  ұлықталды.

Шара соңында «Сырлы саз»

халықтық фольклорлық және

«Мереке» вокалды аспапты

ансамблі қуаныш  иелеріне

арнап ән-жырдан шашу шашты.



А.АЙЫМҚЫЗЫ

АҚПАРАТ АЙДЫНЫНДАҒЫЛАРҒА

АЙРЫҚША ҚҰРМЕТ

Облыстық ішкі істер департаменті ұйымдастырған «Үздік маман»

сайысы өз мәресіне жетті. Байқау нәтижесінде аймағымыздың ең

үздік учаскелік полиция инспекторы анықталды.

Бірнеше күнге созылған сайысқа облысымыздың түкпір-

түкпірінен келген 7 учаскелік полиция инспекторы қатысты. Олар

алдымен қару атудан сайысты. Мергендік танытқан сақшылар үздік

атанды. . Мұнан соң, құқық қорғаушылардың физиология

дайындықтары сынға түсті. Яғни, олар жүгіруден, секіруден

жарысты. Сайыстың үшінші кезеңінде инспекторлардан тест алынды.

Мұнда, олардың құқықтық сауаттылықтарына мән берілді. Заңдар

бойынша сұрақтар қойылды. Үш турдан да сүрінбей өткен

сақшыларды марапатау салтанаты жоғары деңгейде өтті. Шараға

облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев

қатысып, байқаудың негізгі мақсатына тоқталды. «Бүгінгі күні

учаскелік полиция инспекторларына үлкен міндет жүктеліп отыр.

Олар ең алдымен қылмыстың алдын-алу бағытында жұмыс

жасаулары қажет»,  деді ол. Байқау қорытындысы бойынша үшінші

орыннан Жалағаш ауданының учаскелік полиция инспекторы

Жасұлан Бекетов көрінсе, екінші орынды қызылордалық Табиғат

Мұстафаев иеленді. Шиелі ауданының тәртіп сақшысы Дархан

Исабеков жарыс жеңімпазы атанды. Үздіктерге алғыс хаттар мен

бағалы сыйлықтар табысталды.

Д.БАГРАТИОНҚЫЗЫ

 «ҮЗДІК МАМАН» БАЙҚАУЫ

ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Облыстық прокуратураның

«Қазақстан» мәжіліс залында

Қазақстан Республикасы   байланыс

және ақпарат қызметкерлері  күніне

арналған  жиын салтанатты түрде аталды.

Қазақстан Республикасының

мемлекеттік Әнұраны орындалып,

жиынды бас маман Ботагөз Сейіл жүргізді.

Алғы сөзді құттықтаумен бастаған облыс

прокуроры, аға әділет кеңесшісі

Нұрпейісов Сапарбек Айтуұлы:-

Облыстағы құқық қорғау органдары мен

БАҚ арасында қалыптасқан қарым-

қатынастың сындарлы сипат алғанын атап

өткім келеді. Сіздердің салмақты сөздеріңіз

бен пікірлеріңіздің арқасында халықтың

қадағалау саласына сенімі артып отыр

және Сіздермен тығыз байланыстың

нәтижесінде біздің қызметіміз   облыс

тұрғындарына жедел және дәлелді

ақпараттар арқылы жеткізіліп келеді.

Бүгінгі мерекелік салтанатқа облыстың

прокуратура органдарымен тығыз

байланыста жұмыс  жасап жүрген

республикалық, облыстық және жергілікті

ақпарат құралдары өкілдері мен редакция

ұжымдарының басшылары қатысуда-дей

келіп, бірсыпыра  бұқаралық ақпарат

құралдарының өкілдеріне, жекелеген

тілшілерге С.Есқараев атындағы

медальдар, «Алғыс»  хаттар мен бағалы

сыйлықтар табысталды.



С.Есқараев атындағы медальға:

1.Облыстық  «Қазақстан Қызылорда»

телеарнасының бас директоры

Қарабала Жағыппар Аманжолұлы

2.Журналист, 

«Қоғам ТВ»

телеарнасының құрылтайшысы

Әбдікәрімов Шәкизада Өтетілеуұлы

3.«Хабар» агенттігінің облыс бойынша

меншікті тілшісі Тәжібаева Райхан

Тоғызбайқызы

4.Облыстық «Сыр бойы» газетінің  бас

редакторы Әбдіраман Жұматәлі

Әбдіраманұлы

5.Облыстық  «Кызылординские вести»

газетінің бас редакторы  Касымов Тимур

Равильевич

6.«Заң газетінің облыс бойынша

меншікті тілшісі Бейбітбек Бүркітбайұлы

7.«Құқықтық Қазақстан» газетінің бас

редакторы Қасым Әзімхан

8.Республикалық «Караван» газетінің

Қызылорда облысы бойынша меншікті

тілшісі және   «www.kyzylorda-news.kz»

интернет газетасының бас редакторы

Джикибаев Елібай Зұлқарнайұлы

9.«Сыр медиа» ЖШС бас директоры,

қоғамдық кеңестің мүшесі Оңғарбаев

Аманжол Сақыпұлы



Облыс прокурорының

 «Алғыс хатымен» марапатталғандар:

1.Қоғам ТВ арнасындағы «Прокурор

уақыты» бағдарламасының жүргізушісі

Үйтолған Жарекеева

2.www.kazinform.kz ақпарат агенттігінің

тілшісі Елубай Әуезов

3.«Кызылорда таймс» газетінің

редакторы Крючкова  Валерия Борисовна

4.«Время» газетініің облыс бойынша

меншікті тілшіс Денисова Наталья

Николаевна

5.www.tengrinews.kz ақпарат

агенттігінің облыс бойынша тілшісі

Ковалева Элеонора Генадьевна

6.Республикалық  «Халық»   газетінің

бас редакторы Нұрмағанбетов Нұржан

Әбжанұлы

7.Республикалық  «Ақмешіт ақшамы»

газетінің бас редакторы  Биқожа

Сәрсенкүл Мыңжасарқызы

8.Қалалық  «Ақмешіт апталығы»

газетінің директор- бас

редакторыЕрімбетов Кенжалы

Райымбекұлы

9.Республикалық  «Көз» газетінің бас

редакторы Марданова Анархан

Тоңболатқызы

10.Республикалық  «Ақпарат.KZ»

газетінің бас редакторы Алпысбаева

Бибайша Өтенәліқызы

11.Облыстық «Ел тілегі» газетінің бас

редакторы Темірбек Есжанов

12.Сыр дидары газетінің редакторы

және меншік иесі Орынбаев Ағыбай

Төлебайұлы

13.«Юридическая газета» басылымынң

облыс бойынша тілшісі Корнилов Игорь

Викторович

14.«Час-Пик» газетінің редакторы

Инна Бекеева Талғатқызы

15.«Ақмешіт жастары» газетінің бас

редакторы Абдуллаева Айжан

Жұмабекқызы

Марапаттарға ие болды.

Салтанатты жиынды облыс прокуроры

Сапарбек Айтуұлы Нұрпейісов

қорытындылап, жиналғандар облыстық

прокуратураның мұражайын тамашалады.



Б.ҚОЖАҚЫЗЫ

КЕҢЕСІП ПІШІЛГЕН ТОН

КЕЛТЕ БОЛМАС

 ЭКОНОМИКА ОНЫЃ СYЙIКТI ТАЋЫРЫБЫ

Облыстық ішкі саясат басқармасы

хабарлағандай, ағымдағы жылдың 26-29

маусым күндері Астана қаласында

Қызылорда облысының мәдени күндері

өтеді. Арқа төріндегі бас қала тұрғындары

қызылордалық өнерпаздардың

шығармашылығын тамашалайды.

Күмбірлеген қобыз, домбыраның қоңыр

үні, жыршы, әнші, мың бұралған бишілер,

театр әртістерінің қойылымдары

астаналықтарға рухани кеш сыйламақ.

Қызылорда облыстық Нартай

Бекежанов атындағы  қазақ музыкалық

драма театрының ұжымы Ж.Ерғалиевтің

«Құлыптастың көз жасы» драмасымен

өнер күндерінің шымылдығы түріледі.

27 маусым күні «Конгрес Холл»

сарайында «Сыр өңірі – түркі өркениетінің

алтын бесігі» көрмесі ұйымдастырылмақ.

Арқа төсіндегілер мұнда Қызылорда

облысы аумағында болған ескі

қалалармен танысып, қолөнер

шеберлерінің туындыларын тамашалайды.

Осы күні «Сыр – Алаштың анасы»

атты концерт болады. Кеште дәстүрлі

жыраулық өнерді насихаттаушы ҚР еңбек

сіңірген қайраткер Алмас Алматов,

Эльмира Жаңабергенова, жас жыршылар,

халықаралық балалар шығармашылығы

конкурстарының лауреаттары, «Томирис»

би ансамблі, танымал эстрада жұлдыздары

Батырхан Шөкенов, Гүлнұр Оразымбетова,

Өмірқұл Айниязов, Елена Әбдіхалықова

өнер көрсетеді.

28 маусым күні оқушылар сарайында

Иран-Ғайыптың «Қорқыт» драмасы

сахналанады.

Соңғы күні «Тілеп Қобыз» сарайында

«Сыр сүлейін сұрасаң...» жыршы-

орындаушылардың дәстүрлі жыр кеші және

оқушылар сарайында Е.Төлеубайдың

«Абай» трагедиясының қойылымы өтеді.

Осы күні «Конгресс Холл» сарайында

ақын, әнші-сазгер Елена

Әбдіхалықованың және облыс

өнерпаздарының «Мен Сырдариямын»

атты кешімен Астана қаласында

Қызылорда облысының өнер күндері

қорытындыланады.



М.УМАРОВА

АСТАНАДА АЙМАҚТЫҢ  ӨНЕР КҮНДЕРІ

ÃÀÇÅÒÊÅ ÆÀÇÛËÛ ÛÇÄÀÐ!

ÃÀÇÅÒÊÅ ÆÀÇÛËÛ ÛÇÄÀÐ!

ÃÀÇÅÒÊÅ ÆÀÇÛËÛ ÛÇÄÀÐ!

ÃÀÇÅÒÊÅ ÆÀÇÛËÛ ÛÇÄÀÐ!

ÃÀÇÅÒÊÅ ÆÀÇÛËÛ ÛÇÄÀÐ!



«Ақпарат.kz» газетіне 2014 жылдың ІI жарты жылдығына  жазылу жүріп

жатыр.

Жазылу бағасы 6 айға 1500 теңге. Газетке «Казпочта», «Евразия-Пресс

Қызылорда» бөлімшелері арқылы жазылуға болады.

4

27 маусым 2014 жыл

Жалағаш ауданында мүмкіндігі шектеулі аяқ киім жасау ісінің

шебері тұрады. Бірінші топ мүгедегі Насырбек Аппазаев осыдан

бірнеше ай бұрын шеберхана ашып, халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Елбасы мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіппен айналысып,

қоғамға өз пайдасын тигізуге қолдау көрсетуді міндеттеді. Бұл ретте,

Жалағаш ауданында нәтижелі тірліктер атқарылуда. Аудан

орталығында бірнеше аяқ киім жөндейтін орын бар. Солардың бірі

ағымдағы жылдың наурыз айында ашылған Насырбек Аппазаевтың

шеберханасы. «Даму» қоры арқылы үш жүз мың теңге көлемінде

несие алған ісмер аяқ киім жөндеу орнын қажетті құралдармен

жабдықтады. Міне, содан бері халыққа сапалы қызмет көрсетіп

келеді.

Насырбек Аппазаев он төрт жасында жол апатына ұшыраған.



Қос аяғы жараланып, мүгедек атанған. Тумысынан төзімді, жігерлі

жан ешбір қиындыққа мойымаған. Аяқ киім тігу мамандығын

меңгеріп, өңірдегі аяқ киім жасау цехына жұмысқа орналасады.

Мекемеде он жеті жыл еңбек еткен. Өмірлік жарын тауып, отбасын

құрған. Өзі қызмет еткен мекеме жұмысы тоқтағаннан кейін, кәсібін

үйінде жалғастырады. Содан бері мына құрқылтайдың ұясындай ғана

шағын шеберханада еңбек етуде.

Шеберханада күніне оншақты аяқ киім жөнделеді. Ісмер өз

жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарап, сапалы қызмет көрсетуді

басты мақсаты санайды. Алдағы уақытта ол кәсібін кеңейтіп, ұлттық

ою-өрнектеріміз бейнеленген аяқ киімдер жасауды көздеп отыр. Бұл

ретте, кәсіп иесіне мемлекет тарапынан қолдау қажет.



А.АЙЫМҚЫЗЫ

ҚР судьяларының VI съезінде берілген Мемлекет

Басшысының тапсырмаларын және Дүниежүзілік

экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің

жаһандық индексі рейтингінде сот билігінің тәуелсіздік

индексін жоғарылату бойынша іс-шаралар жоспарын

(Жол картасын) орындау мақсатында шағын және орта

бизнес субъектілері-сот процесінің қатысушыларын

әлеуметтік сауалнамалар арқылы мамандандырылған

ауданаралық экономикалық соттардың қызметіне

қоғамдық бағалау өткізуді ұйымдастыру жоспарланып

отыр.


Осыған байланысты ағымдағы жылғы шілде айынан

желтоқсан айына дейінгі мерзімде Қызылорда

облысының мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотында әлеуметтік сауалнама

жүргізілетін болады. Сауалнамаға сот процесіне

қатысушылар – жеке бизнес өкілдері, тараптар қатыса

алады.

Ұйымдастырылған шараға біркісідей атсалысып,



сауалнамаға қатысуға шақырамыз!

Қосымша ақпаратты 26 13 51 телефонынан ала

аласыздар.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Сотталушы Ж. мекеменің жанынан төрт

дана газет қиындысына оралған жалпы салмағы

4,35гр. кептірілген есірткі заты марихуананы

тауып алады.

Бірнеше күн өз үйінде есірткіні заңсыз

сақтап, танысы Н.-ға 4000 теңгеге сатып,

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 259-бабының

2-бөлігіне көзделген қылмысты жасаған.

Қазалы аудандық сотының үкімімен

сотталушы Ж-ның жеке мүлкі тәркіленіп, 5

(бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасы

тағайындалып, жазасын түзеу колониясының

жалпы режимінде өтеу белгіленді.



Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі

Облыс әкімі Қырымбек

Көшербаев су шаруашылығы

саласының дамуына айтулы үлес

қосқан мемлекет және қоғам

қайраткері Нариман Қыпшақ-

баевты 80 жас мерейтойымен

құттықтап, «Құрмет» грамотасын

табыс етті.

Нариман Қыпшақбаев еңбек

жолын 1958 жылы Алматы

облысы Еңбекшіқазақ суландыру

жүйелері басқармасының Түрген

өзені бассейнінде учаскелік

инженер гидротехниктен бастап,

16 жыл Қазақ (КСР) Кеңестік

Социалистік Республикасының

мелиорация және су

шаруашылығы министрлігін

басқарды. Ол Қазақстанның

тәуелсіздігі жылдары Су кодексі

жобасының әзірленуіне, Орталық

Азия, Ресей Федерациясы мен

Қытай мемлекеттері арасында

трансшекаралық өзендердегі су

ресурстарын пайдалану жөнінде

халықаралық ұйымның құры-

луына, соның ішінде Қазақстан,

Қырғызстан, Тәжікстан,

Түркіменстан, Өзбекстан мемле-

кеттерінің Президенттерімен

құрылған Халықаралық Аралды

құтқару қорының құрылуына

және Елбасының тікелей



МЕМЛЕКЕТ ЖЌНЕ ЋОЅАМ ЋАЙРАТКЕРI МАРАПАТТАЛДЫ

тапсырмасымен жүзеге асып,

ғасыр жобасы атанған «Сырдария

өзенінің арнасын реттеу және

Арал теңізінің солтүстік бөлігін

сақтау» (САРАТС-1) жобасының

бірінші фазасының жүргізілуіне

айрықша үлес қосты.

- Қарапайым еңбектен

бастап, түрлі лауазымдық қызмет

атқарған кезеңдердің барлығында

Сіз Еліміздің өсіп-өркендеуіне

үлкен үлес қостыңыз. Сіздің

жүріп өткен жолыңыз - кейінгі

ұрпаққа үлгі-өнеге. Зейнетке

шыққаннан кейін де қарап

отырмастан жиған-терген бай

тәжірибеңізді ізіңізден ерген

жастарға үйретіп келесіз. Соның

ішінде, Арал - Сырдария

бассейнінің өзекті мәселелерін

шешу жұмыстарына да атсалы-

судасыз. Мерейлі жасыңыз құтты

болсын! Сіздің ғибратты ғұмыр,

өнегелі қызмет жолыңыз жас

ұрпаққа қашан да үлгі. Деніңізге

саулық, отбасыңызға амандық

тілеймін, - деп аймақ басшысы

мерейтой иесіне жылы лебізін

білдіріп, иығына шапан жапты.



Мария УМАРОВА

АЯҚ КИІМ ШЕБЕРІ

КӘСІБІН КЕҢЕЙТУДІ

КӨЗДЕЙДІ

Қала орталығындағы «Студенттер сарайында»

Мемлекеттік қызметшілердің күні ретінде осы жылы

бірінші рет елімізде атап өткелі отырған мереке күніне

орай салтанатты жиын болып өтті. Жиында

Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді

дамыту бөлімінің басшысы Әлима Боранбайға

мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасының алғыс

хаты берілді. Алғыс хатты  Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің

директоры Тұрсынбаев Ғалым табыстады.  Әлима

Боранбайқызының мемлекеттік қызметте табысты еңбек

етіп келе жатқанына  15 жылдай уақыт болып отыр. Осы

уақыттарда ол өз жұмысына аса жауаптылық танытып

келеді. Ол алғыс хатпен, құрмет грамотасымен, ҚР ТЖМ-

нің «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі

үшін» кеуде белгісімен марапатталған. Әлима

Боранбайқызына алдағы уақытта да абырой биігінен

көрініп қызмет ете беріңіз, отбасыңыз аман, деніңіз сау

болсын  деген тілегімізді ұжым атынан жеткіземіз.



А. НҰРМАНОВА

Кәсіпкерлікті қолдау шаралары Қызылорда

обылысының барлық аудандарында қолжетімді болады.

Шет аймақтағы бастамашы кәсіпкерлерге және шағын

бизнесмендерге ауылдық округтерден облыс орталығына

жету қиынға соғуына орай мемлекеттік қолдау

құралдарын жергілікті жерлерде кәіпкерлердің жұмыс

аймағынан алыстамай алуға мүмкіндік болады.

Қармақшы ауданында Аудандық кәсіпкерлікті қолдау

орталығының ашылуы салтанатты түрде өтті. Орталық,

Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдары

негізінде «Даму» Қорымен бірлесе отырып мемлекеттік

бағдарламалар бойынша кәсіпті ашу және одан әрі

дамытуға байланысты кеңінен кеңестер береді.

Палата филиалының және «Даму» қорының сарапшы-

лары бизнес-жоспар жасауға көмек көрсетеді. «Бизнес-

Кеңесші» жобасына тіркеу жүргізіп, несие пайызын субси-

диялау мен кепілдік алуға мемлекет тарапынан беретін

көмектерге құжат жинауға да жәрдемдесетін болады.

Жалпы, орталықтардың басымды бағыттары жергілікті

жерлерде  кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін

қолайлы жағдай жасау және кәсіпкерлікті дамытуды

жандандыру болып табылады.

А.ҚОЖАНИЯЗОВА

ӘЛЕУМЕТТІК САУАЛНАМА

ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ЖЕРГІЛІКТІ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ-

БАСЫМДЫЛЫҚҚА ИЕ

ӘРІПТЕСІМІЗ МЕМЛЕКЕТТІК

ҚЫЗМЕТ  ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ

ТӨРАҒАСЫНЫҢ МАРАПАТЫН

ИЕЛЕНДІ

ТАУЫП АЛҒАН ЕСІРТКІНІ

ОЛЖАЛАМАҚ БОЛДЫ

Бұл Жалағаш ауданындағы

«Сәйгүлік» шаруа қожалының егіс

алқабы. Мұнда күріш және мал азығы

дақылдары егілген. Шаруашылық

меншігінде үш жүз бес гектар жер бар.

Оның екі жүзі жайлымдық, жүз бесі егіс

егуге арналған. Айта кетейік,

шаруашылық жылдан-жылға қанатын

кеңге жаюда. Ала жаздай атыз

жағалаған ағайынның еңбегі еш

кетпей, өнім беру көрсеткіші молайып

келеді. Мәселен, былтыр күріштің әр

гектарынан 70 центнерден өнім

алынды. Бұл тындырымды тірлік пен

маңдай тердің өтеуі, - дейді шаруалар.

Егін еккенге, мал баққанға бітеді.

Осы қағиданы берік ұстанатын

отбасылық кәсіп иелері дақылдың

өсіп-жетілуі үшін тыңайтқыштар

қолданады. Азот, фосфор сынды

қоректі элементтер өнім шығымды-

лығын жақсартып, топырақ құнарын

арттырады. Шаруашылықтың егін

алқабында бірнеше адам жұмыс

Е Ѓ Б Е К   Т Y Б I   Б Е Р Е К Е

істейді. Дақылдарды күтіп-баптап,

көктемгі ору науқанына әзірлік

жасайды. Айта кетейік, серіктестіктің

техникалық әлеуеті жақсаруда. Екі

комбайн, бір жатка және тұқым сеуіп,

өнім жинауға арналған техникалар

бар. Алдағы уақытта мамандар күріш

ақтайтын және сақтайтын орын

салуды жоспарлап отыр.

Қожалық сондай-ақ, мал

шаруашылығымен де айналысады.

Жайылымдық жерлерде алпыс бас

мүйізді ірі қара, елу жылқы, төрт түйе

және жүз елу бес қой-ешкісі өсіріледі.

Құрылым өткен жылы «Сыбаға»

бағдарламасы аясында отыз үш бас

мүйізді ірі қара сондай-ақ, ет

бағытындағы екі асыл тұқымды бұқа

сатып алды.

Шаруашылық төрағасы Қаплан-

бек Нұрмағамбетов нағыз еңбекқор

жан. Қария ата кәсіп төрт түлікті

төлдету ісіне де жетік меңгерген.

Оның  атбегілік қасиеті аймаққа

мәлім. Бәйгеге қосқан тұлпарлары

олжасыз оралған емес. Бүгінде бұл

үрдіс лайықты жалғасып келеді.

Қапланбек Нұрмағамбетов мал

дәрігері. Төрт түлігінің саулығын

жіті қадағалап отырады. Санитар-

лық ахуалға да баса мән беріледі.

Қожалық аумағында жасанды көл

бар. Алдағы уақытта су айдынын

балықтың бірнеше түрін сондай-

ақ, аққу-қаз жіберуді көздеп отыр.

Қария мұндай молшылыққа

оңайлықпен жетпегенін айтады.

Осыдан бірщама жыл бұрын

Қапланбек ақсақал қожалыққа

тұлпарымен қатынайтын. Бүгінде

уақыт талабына сай көлігін

шетелдік жер талғамайтын

автомәшинеге ауыстырған.

Жатқанға жан жуымас, жалқауға

мал құралмас. Бұл Нұрмағам-

бетовтер жанұясы мүшелерінің

басты қағидасы.



А.МАУЛЕНҰЛЫ

5

27 маусым 2014 жыл

ЖҰМА БЕТІ

Қазақтың қанға сіңген

дәстүрі бойынша екі кісі

жолыға қалғанда алдымен

жасы кішісі

«Ассалаумағалейкүм!» деп

бірінші болып сәлем береді.

Жасы үлкені «Уағалайкүм-

ассалам!» деп жауап қатады.

Содан соң мал-жан аман-

дығы сұралады. Мұсыл-

манша сәлемдесу бір-бірін

танымайтын бейтаныс

адамдар үшін де міндетті

саналған. Кейіннен атеизмді

ту еткен коммунистер

қоғамы сәлемдесудің бұл

түрін ұлт жадынан өшіріп,

архаизмге айналдыруға

тырысты. Алайда дегендері

болмай, өздері құрдымға

кетті.


Қазірде біз сәлемдесуге аса

мән бермейтін ұрпақ

қалыптасты. Қоғамда қалып-

тасып бара жатқан сәлемдесу

үлгілері бір-біріне тілек тілеуден

гөрі, бір-біріне жауапсыз сұрақ

қойғандай әсерде қалдырады.

Мысалы, «сәлеметсіз бе?»

жауабы «сәлеметсіз бе?»

немесе, «қалайсың?» жауабы

«қалайсың?»

Қазақ халқындағы

амандасу үлгісі нағыз

мұсылманша болатын.

Кездескен кезде оң қолын

жүрек тұсына қойып:

«Ассалаумағалейкум!»-деп

дауыстап сәлем берген. Оң

қолын беріп, қос қолдап

амандасқан. Жасы үлкенге,

жалқы адам жалпы

көпшілікке бірінші болып сәлем

берген. Ал әйел кісілермен

«Есенсіз бе?» деп хал сұрасқан.

Осылай сәлемдесу әдебін

балаларына да үйреткен. Сол

тәрбие арқылы шынайы

мұсылманшылық болмысын

сақтай алған. Бұхар жыраудың

мынадай үлгілі нақыл сөзі бар:

Өзек қуа ағады,

Өзен судың сағасы.

Алыстан сәлем береді,

Әдепті елдің баласы.

«Ассалаумағалейкум» арабша

«Ассаламу алейкум»-«сізге

Құдайдың тыныштығы болсын»

деген мағынаны білдіреді. Демек,

мұсылманшылықта сәлем

берудің негізі-тілек, екі мүмін

кездескен жерден бір-біріне

Тәңірінің тыныштығын тілеп,

Дұға етеді. Мұсылмандардың

сәлемдесу формуласы Құран

аяттарымен және Пайғамбар

(с.а.с.) хадистерімен бекітілген.

Жаратқан Ие мұсылмандарға

бір-бірінің үйлеріне барғанда

жақсылап амандасуларын

бұйырады. Есендеспей кірмеуді

ескертеді.

Алла Тағала былай дейді: «Уа,

иман келтіргендер! Өздеріңнен

үйлеріңнен басқа үйлерге қашан

үйренісіп, иелеріне сәлем

бермейінше кірмеңдер. Солай

еткендерің өздеріңе жақсы,

бәлкім, үгіт аларсыңдар».

Сондай-ақ, ардақты аяттарда

сәлем берген адамға сәлем

қайтарудың маңыздылығы

айтылады.

Алла Тағала былай дейді:

«Және егер сендерге сәлем

берілсе, одан да жақсы сәлем

беріңдер не солай қайтарыңдар.

Шындығында, Алла әрбір нәрсені

есептеуші».

Мұсылманша амандасудың

түп-төркіні атамыз Адамнан

басталған. Хақ Тағала әу баста оған

осылай сәлемдесуді үйреткен.

Алланың Елшісі (с.а.с.) былай

дейді: «Даңқты да ұлық Алла Адам

атаны алпыс шынтақ бейнесінде

жаратты. Жаратып болған соң

оған: «Ана отырған топқа бар да,

сәлем бер. Олардың өзіңе не деп

жауап қайтаратынын тыңдап көр.

Бұл сенің және ұрпақтарыңның

сәлемдесуі»,-дейді. Ол жерде бір

топ періштелер отырған болатын.

Адам ата оларға барып: «Ассаламу

алейкум!»-деп амандасады. Олар:

«Ассаламу алайка уа

рахматуллаһ»-деп, «рахматуллаһ»

сөзін қосып жауап қайтарады».

Пайғамбар (с.а.с.) саналы

ғұмырында ізгі сахабаларына

мұсылманшылық әдептің қыр-

сырын баяндап түсіндірген. Бір-

біріне Тәңірдің тыныштығы мен

бейбітшілігін тілеудің түбі құт-

береке әкелетіндігін айтып өткен.

Әнес (р.а.) былай дейді:

«Алланың Елшісі (с.а.с.) маған: «Уа,

балам! Отбасыңа кірген кезде

оларға сәлем бер. Ол өзіңе де,

отбасыңа да береке әкеледі»,-деді».

Пайғамбардың (с.а.с.) осы

тәлімі кейінгі үмбетіне керемет

үлгі. «Жасында көргені жоқтың

өскенде айтары жоқ» дегендей,

баланы жасынан мұсылманша

сәлем беруге үйрету оның

болмысына имани құндылық-

тарды сіңірудің бір жолы.

Сондықтан бүлдіршін кезінен

«атаңа сәлем бер», «әжеңмен

амандас», «оң қолыңды беріп

амандас» деп үйретіп, балауса

шақтан ізеттілікке баулыған жөн.

Сондай-ақ, екі адам емен-

жарқын амандасса, іштегі көңіл

кірі, бір-біріне деген өкпе-реніші

кетеді. Сонымен бірге оларға

Жаратқан Ие де разы болып,

күнә-қателіктерін кешіреді.

Шариғатта шынайы сәлемде-

судің осындай қырлары бар.

Барадан (р.а.) жеткен риуаятта

Алланың Елшісі (с.а.с.): «Қандай

да бір екі мұсылман бір-бірімен

кездескенде қол берісіп аман-

дасса, олардың күнә-қателіктері

кешіріледі»,-деген.

Араздасып қалған мұсылман-

дардың арасын жарастыруға сеп

болатын да осы сәлемдесу.

Әбу Аййуб әл-Ансариден

(р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі

(с.а.с.) былай дейді: «Ешбір

мұсылманға бауырымен үш

күннен артық араздасуына,

екеуі кездескенде бір-бірінен

бет бұруларына болмайды.

Олардың ең ізгісі-алғаш сәлем

бергені».

Әбу Һурайрадан (р.а.) жет-

кен риуаятта бірде Пайғамбар

(с.а.с.) «Жаным қолында

болғанмен ант етейін, жәннатқа

қашан иман келтіргендеріңше

кірмейсіңдер, ал қашан бір-

бірлеріңді жақсы көрмеген-

деріңше толық иман келтір-

мейсіңдер. Сендерге соны

нығайтатын нәрсені айтайын

ба? Өз араларыңда сәлемді

таратыңдар (яғни, бір-бірлеріңе

сәлем беріңдер)»,-деген.

Әбу Һурайрадан (р.а.) бірде

сахабалармен бірге мәжіліс

құрып отырған Алланың

Елшісінің (с.а.с.) жанынан бір

кісі өтіп бара жатып: «Ассаламу

алейкум уа рахматуллаһ!»-дейді.

Пайғамбар (с.а.с.) «Жиырма

жақсылық»,-дейді. Сосын тағы

бір кісі өтіп бара жатып:

«Ассаламу алейкум уа

рахматуллаһ уа бәрәкәтуһ!»-

дейді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.):

«Отыз жақсылық»,-дейді.

Әбу Һурайрадан (р.а.)

жеткен риуаятта Алланың

Елшісі (с.а.с.): «Аттылы жаяуға,

жаяу отырғанға, азшылық

көпшіліке сәлем береді»,-деген.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен

риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) «Кіші

үлкенге, жүргінші отырған

адамға, азшылық көпшілікке

сәлем береді»,-деген.




1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал