ҚОҒамдық-саяси, АҚпараттық-танымдық апталық газет ћ а з а ћ с т а н



жүктеу 311.18 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата09.01.2017
өлшемі311.18 Kb.
  1   2   3   4

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ, АҚПАРАТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ АПТАЛЫҚ ГАЗЕТ

Ћ А З А Ћ С Т А Н

e-mail: akparat-kz@mail.ru

№26-27 (419)

27 маусым

жџма

2014 жыл

Индекс: 64161

РАМАЗАН АЙЫ-МYБЌРАК БОЛСЫН!

Сыр елінің байланыс және ақпарат қызметкерлері

«Қанатты қалам-2014» фестивалінде бас қосты. Төртінші

биліктің төл мерекесінде бірқатар тілшілер құрмет

тұғырынан көрінді. Жылдың 365 күнінде тыным таппай,

елдегі жаңалық біткенді, оқиға, құбылысты, орын алған

проблеманы, қызық пен қуанышты халық пен билікке

жеткізетін журналистер  төл мерекесін атап өтті. Аймақтағы

76 ақпарат құралы хал-қадірінше қалам құдіретіне иек

артуда. Қаламгер қауымды облыс басшысы кәсіби

мерекемен құттықтады. Жалпы, журналистика саласы

облыс әкімі Қырымбек Көшербаевқа да таңсық сала емес,

ол Ел Президентінің баспасөз орталығына жетекшілік етті,

идеологияның иінін игерді, сөздің құдіретін меңгерді.

Ақпарат құралы өкілдерін ақиқаттың туын ұстаушылар-

дейді, төртінші билік-дейді, Бұқар жыраудың миссиясын

жалғастырушылар-дейді. Мұның бәрі халықтың

қаламгерлерге деген құрметінен туындаған теңеулер. Сол

тұғырдан түспей, мамандық мәртебесін көтере білу

журналистердің кәсіби біліктілігімен сабақтас,-деді аймақ

басшысы. Төл мерекеде сала ардагерлері, әріптестеріміз

облыс әкімінің Алғыс хатымен және қаржылай

сыйлығымен марапатталды. Олардың қатарында Ахат

Жанаев, Валентина баранова, Қайырбек Мырзахметов,

Айжарық Сәдібекұлы, Өтеген Жаппархан, Бибайша

Алпысбаева, Лаура Шоңғалова,  Сәкен Алдашбаев,

Сарбұлақ Ибрашев және Жалғасбек Аманов бар.

Мұнан соң түрлі номинациялар тапсырылды.

Иегерлерінің есімдерін атап өтсек: Шәкірат

Дәрмағамбетов, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының

ұжымы, Жолдасбек Ақсақалов, Салтанат Шаханова,

Жеңіс Аймағамбетова, Айдос Дәрібаев, Нұрлан Нұрмахан,

Айнұр Баттал, Бота Тәңірбергенова, Бахыт Қаюмовтар бар.

Қаламда кідіріс, талапта мүдіріс болмасын деген

тілекпен сала ардагері Әскербек Рахымбекұлы барша

қаламгерлерді кәсіби мерекемен құттықтады. Қазақстан

Журналистер Одағы облыстық филиалының төрағасы

Аманжол Оңғарбаев «Қазақстанның құрметті журналисі»

төсбелгісі мен қаржылай сыйлығын әріптесіміз Несібелі

Рахметке табыс етті.

Сондай-ақ, аталған ұйымның дипломдары да

тапсырылды. Жыл сайын ұйымдастырылатын белгілі

журналист Сахитжан Бермағамбетов атындағы байқаудың

жеңімпаздары да осы күні марапатқа ие болды. Жас

журналистер Арайлым Байжігітова мен Әйгерім

Нәжмадин аталған шығармашылық бәйгенің сыйлығын

иеленді. Ақпарат құралдары өкілдеріне арналып, Абай

атындағы опера және балет театрының солистері өнер

көрсетті. Үздік классика туындылары тыңдарманның

талғамынан шығып, рухани ләззат сыйлады.

Қазақ журналистикасының негізін осыдан бір ғасыр

бұрын Ахмет Байтұрсынұлы қалаған еді. Бүкіл қазақ

даласына тараған «Қазақ», «Серке», «Айқап», «Түркістан

уәлаяты» сынды газеттердің ізін жалғап келе жатқан бүгінгі

бұқаралық ақпарат құралдары бірліктің байрағын ұстап,

тіл мен діннің, дәстүр мен ділдің беріктігіне қызмет етіп

келеді және елдік мүдде, баянды болашақ үшін қажырлы

қарекетін жалғастыра бермек!



Раушан БАЛҒАБАЕВА

«ҚАНАТТЫ ҚАЛАМ-2014» ФЕСТИВАЛІ

Еліміздің жүрегі, тұмары мен тірегі  Астана мен

Алаштың анасы атанған аймақ  Сыр жерінің арасында

үлкен сабақтастық салты бар. Жасампаз жалғасым

саланың бірі  саулық сақшылары. Қызылорданың

ізденімпаз ақ халаттылары Астанаға барып біліктілік

көтеріп, тәжірибе алмастыруды дәстүрге айналдырған.

Сыр елінің Астанамен байланысы берік, қарым-

қатынасы қарқынды. Барлық тірлік тінін санамаламай-

ақ, саулық саласын айтсақ та жетіп жатыр. Елорданың

маңдайалды емдеу орнының дәрігерлері Қызылордадағы

әріптестерімен тәжірибе бөліссе, сырбойылық ақ

халаттылар Астанаға барып, біліктіліктерін көтеруде.

Әсіресе жерлесіміз, Еңбек Ері Юрий Пя жетекшілік

ететін Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық

дәрігерлері әріптестік сабақтастығын салтқа

айналдырған. Сол орталықтың бөлім меңгерушісі

Ермағамбет Қуатбаев қалыптасқан үздік үрдісті үзбей

облыстық медициналық орталыққа арнайы келіп,

ауырған жүректерге ота жасады.

Ал, облыстық медициналық орталықтың жоғары

санатты дәрігері Айдос Сапаров Астана қаласындағы

жарақаттану және ортопедия Ұлттық ғылыми

институтында біліктілігін көтеріп келіп, бүгінде күрделі

оталар қатарына жататын эндопротездеуді меңгерді.

Әзірге ізденімпаз дәрігер сүйегінде сырқаты

барлардың жамбас ұршығын ауыстыруда, қыркүйектен

бастап, тізе буындарын протездеуді игере бастайды.

Никельді-титанды ұршық 25-30 жылға дейін жарамды,-

дейді ол. Бүгінде буын-сүйектерінде дерті бар

жерлестеріміз дәрігер Сапаровтың отасынан кейін

еңселерін тіктегенін айтады.

Бірнеше жыл қатарынан біліктілігін көтеріп жүрген

дәрігер травматолог Айдос Сапаров Астанаға әр

сапарында елорданың кескін-келбеті көркемделе түсуде

екенін таңдай қаға тілге тиек етуді де ұмыт қалдырмады.

Еліміздің жүрегі, әр қазақтың маңдай тірер тірегі

Астананың асқақтағаны - барша алаштың абыройының

асқақтығы. Алаштың анасы атанған Сыр аймағының ақ

халаттылары да осылай деп бағалайды.



А.АЙЫМҚЫЗЫ

ЕЛОРДА МЕН СЫР

ЕЛІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

Рамазан  Аллаһ тағаланың

разылығы жолында ауыз бекітіп,

сауапты іске ұмтылдыратын,

игілік пен ізгілікке бастайтын

қасиетті ай.  Мұсылман

күнтізбесі бойынша биыл Ораза

30 күнге созылады.

 Айлардың сұлтаны саналған

қасиетті кезеңнің ерекшелігі мен

ораза ұстаудың сауаптары,

ережелері жайлы орталық

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің

имамдары өткізген баспасөз

мәслихатында айтылды.

Рамазан  -  Хақ Тағаланың

мейірім-шарапаты ерекше

асып-тасатын айрықша ай.

Қасиетті Рамазанды  мұсылман

қауымы айлардың ең

қайырлысы, уақыттың ең

қасиеттісі де киелісі деп білген.

Ақ пен қараны ажыратып, тура

жолды көрсетуші «Құран» атты

ұлық пәрмен жерге түсе бастаған

да осы мүбәрак ай.

Бұл айда жасалатын

құлшылықтың бірі  Ораза ұстау.

Яғни, әр пенде Аллаһтың

разылығы үшін ауыз бекітіп, таң

атпастан күн батқанға дейін

Жаратқанға жалбарынып, дұға-

тілектерін тілейді.

Мұхаммед Пайғамбар

салалаһу алейку салам Хадис

шәріпте «Рамазан айында ұстаған

Ораза  тозақ отынан сақтанатын

қалқан» деп, мұсылмандықтың

бес парызының бірін өтеу сансыз

сауапқа тең екенін көрсеткен.

Ораза ұстау маусымның 28-

інде басталып,  шілденің 27-ші

жұлдызында аяқталады. Яғни,

биыл ауыз бекіту отыз күнді

қамтып отыр. Ал пітір садақа

құны  200 теңге. Қасиетті Қадір

түні - шілденің 23-інен 24-іне

қараған түні болады.

Рамазанда Аллаһ Тағала

сансыз нығмет берген. Жер бетін

кең дастархан сияқты жайып, өз

ырзық-несібесін төккен

Жаратқан үшін әр пенденің

шүкіршілік парызы бар. Міне сол

шүкіршілік оқылған намаз, берген

зекет, ұстаған оразамыз арқылы

өтеледі. Қарапайым айларда

оқылған Құран, намаздың бір

әрпіне 10 есе сауап жазылса,

Рамазанда бұл 100 еселене түседі.

Мұны  Аллаһтың мұсылман

жұртына жасаған ұлы тартуы деп

ұққан жөн.

Рамазан айында Сырдың бас

имандылық үйі түрлі шаралар

ұйымдастыруды көздеп отыр. 26-

маусымда студенттер сарайында

«Қош келдің, Рамазан!»

мерекелік бағдарламасы өтеді.

Сонымен қатар қасиетті айда

мешіт «Мен сені сағындым,

Рамазан» атты шығармашылық

байқау жарияламақ. Құранды

әсерлі де мазмұнды етіп оқудан

облыстық жарыс, «30 күнде 30

мекемеде уағыз» атты акция

және республикалық ақындар

айтысын өткізу де  алдағы күннің

еншісіндегі ізгі істер.

Рамазан айында игі

амалдарға асығып, шарапаты

мол тірлік жасауға асығайық,

ағайын! Жаратқан адал

ниеттеріңізді қабыл еткей!



А.МАУЛЕНҰЛЫ

 28 ÌÀÓÑÛÌ−ÐÀÌÀÇÀÍ ÀÉÛÍÛ  À˽ÀØ Û ÊYͲ

 28 ÌÀÓÑÛÌ−ÐÀÌÀÇÀÍ ÀÉÛÍÛ  À˽ÀØ Û ÊYͲ

 28 ÌÀÓÑÛÌ−ÐÀÌÀÇÀÍ ÀÉÛÍÛ  À˽ÀØ Û ÊYͲ

 28 ÌÀÓÑÛÌ−ÐÀÌÀÇÀÍ ÀÉÛÍÛ  À˽ÀØ Û ÊYͲ

 28 ÌÀÓÑÛÌ−ÐÀÌÀÇÀÍ ÀÉÛÍÛ  À˽ÀØ Û ÊYͲ



«Қазгидромет»

республикалық мемлекеттік

кәсіпорны Қызылорда

гидрометеорология орталығы

хабарлауынша,

Күндіз 26-28 маусым күндері

Қызылорда облысының кей

жерлерінде   ауа температурасы

плюс 40, 42 градустық қатты

ыстық күтіледі.

Осыған байланысты,

Қызылорда облысы Төтенше

жағдайлар департаменті облыс

тұрғындары мен қонақтарына

қауіпсіздікті сақтау шараларына

баса назар аударуын ескертеді.

Қызылорда облысы

Төтенше жағдайлар

департаментінің

Баспасөз қызметі

ЋАЗГИДРОМЕТ

ЋАЗГИДРОМЕТ

ЋАЗГИДРОМЕТ

ЋАЗГИДРОМЕТ

ЋАЗГИДРОМЕТ

ХАБАРЛАЙДЫ

ХАБАРЛАЙДЫ

ХАБАРЛАЙДЫ

ХАБАРЛАЙДЫ

ХАБАРЛАЙДЫ

2

27 маусым 2014 жыл

Облыстық кәсіпкерлік және туризм

басқармасы туристік компаниялар мен

журналистерге арнап, ақпараттық тур

ұйымдастырды. Қорқыт ата кесенесі мен

Байқоңыр қаласы назар нысанасына

алынды. Басты мақсат  сырттан келетін

саяхатшылар мен ішкі туризм көлемін

ұлғайту, соның есебінен тұрғындарды

жұмыспен қамту, бәсекеге қабілетті

туристік индустрияны құру.

Жер қойнауындағы байлықтан бөлек,

Сыр бойы табиғаттың сирек

құбылыстарына да, тамаша жер

бедерлеріне де, шипалы қуат көздеріне де

ие емес пе? Көне Жібек жолының тұла

бойында орналасқан мекеннің тарихи-

мәдени мұрасы, ескіден сыр шертетін

ескерткіштері де кісіні қызықтырмай

қоймайды. Жұмбақ пен аңызға толы

топырақтың әрбір атырабы тарихтың көзі,

шежіренің сөзі, қазақтың өзі. Тоқ етері,

айшықты Аралдан қарт Қаратауға дейінгі

кең даланы алып жатқан Сыр бойының

туризм әлеуетін арттыру күн тәртібінде оң

шешімді талап етіп отырған бірден бір

мәселе. Ал, оның бірінші қадамын бүгін

қолға алсақ, ертеңгі «ЭКСПО-2017»

Бұған дейін облыстық тілдерді дамыту

басқармасының басшысы қызметін абыроймен

атқарып келген Ержан Уәйіс зейнетке шықты.  Еңбек

жолын 1970 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы

мектепте пионер жетекшісі болып бастаған Ержан

Үбайдуллаұлы 1969-1992 жылдары Қаз ССР

Мемлекеттік телерадиокомитеті, Қазақ Республикалық

телевизиясында телережиссердің көмекшісі, кіші

редакторлықтан Парламент тілшісіне дейін көтерілді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Телерадио

Комитетінің Түркия Республикасындағы меншікті

тілшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер

министрлігі Түркия Республикасындағы Қазақ елшілігі

Стамбул қаласындағы өкілдігінің жетекшісі,

Қазақстанның Стамбул қаласындағы консулы,

хатшысы қызметтерін атқарды. 1998-2007 жылдары

Қазақстан Республикасы Ұлттық баспасөз клубының

вице-президенті, 2007-2008 жылдары облыс әкімінің

кеңесшісі болып қызмет етті. Осындай жауапты істерді

абыроймен атқарып, пайғамбар жасы алпыс үшке

келген ел азаматына облыс әкімі  лайықты құрмет

көрсетті.



Д.БАГРАТИОНҚЫЗЫ

Мемлекеттік қызметшілер тұңғыш рет

төл мерекесін атап өтті.

Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономи-

калық ахуалдың тұрақтылығы мемлекеттік

қызметпен тікелей сабақтас. Осы күні

мемлекеттік қызметке қабылданғандар ант берді,

кәсіби жетіліп, бедел жиғандар «үздік мемлекеттік

қызметші» төсбелгісімен марапатталды.

Облыстағы мемлекеттік қызметшілер

саны - 3577. Оның 7-еуі саяси мемлекеттік

қызметші, 14-і «А» корпусының мемле-

кеттік әкімшілік қызметшісі. Жалпы,

мемлекеттік қызметші жан-жақты, ел

мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі

дұрыс шешім қабылдай алуы керек.

Елбасының «мансапқорлық көрсетпей,

халыққа жақын, әр істе адал болу  басты

парыз» деген сөзі әрбір шенеуніктің басты

қағидаты- деді өз сөзінде облыс басшысы.

Жиын барысында мемлекеттік қызметке

тағайындалған азаматтар ант берді.

Қызметтік мансаптағы кәсіби деңгейі

жоғары қызметшілер «Үздік мемлекеттік

қызметші» төсбелгісімен марапатталды.

Р.БАЛҒАБАЕВА

көрмесіне дейін дүйім шаруаның басын

қайыруға болады. Даланың күйін қос

ішегіне сидырып тұрған сиқырлы

қобыздың иесі  Қорқыт кесенесін көру де

тәңір құдіреттілігіне тәнті болудың бір

сипаты. Ал, бүйірдегі Байқоңырдан көкке

көтерілетін зымыранның ұшу сәтін көру

тілмен айтып жеткізе алмайтын дүние.

Айтулы халықаралық көрмеге келетін

туристердің әлеуеті де осы саланың

серпінді дамуына дем беретіні сөзсіз. Ең

бастысы ниет пен қолдау ұштасса игі.

Ақпараттық турға қатысушылар

Байқоңырдағы космонавттар мұражайын,

кезінде Циолковский, Королев сынды

біртуар ғалымдар, ұшқыш-космонавттар

жұмыс жасаған ғимараттарды өз көзімен

көрді. Космонавтика тарихын екі-үш күнде

жеткізу мүмкін емес, айлар айтып тауыса

алмайсың, тарихы қатпар-қатпар,

білетінімізден білмейтініміз көп тұңғиық

әлем.

Арнаулы оқу орындары соңғы жылдары



туризм саласы мамандарын оқытуда.

Осындай ақпараттық турлар оқу процесіне

өміршеңдік сипат берері анық, кітаптан

оқыған бір бөлек те, өз көзімен көргенді

жеткізу бір басқа.

Жалпы мәлімет келтірер болсақ,

туризм және саяхат саласындағы

жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне

сәйкес 2013 жылы Қазақстан 140 елдің

ішінде 88-орында тұр. Статистика

агенттігінің деректеріне қарағанда, соңғы

үш жылда Қазақстаннан сыртқа

шыққандардың саны 27 млн. 200 мың

адам, ал елімізге келген резидент

еместердің саны 18 млн. 600 мың адамды

құрады. Яғни, шыққан азаматтардың

саны 9 млн. адамға көп. Ішкі туризмнің

көрсеткіштері әлі мүшкіл жағдайда. Бұл

цифр туризм саласына қарқынды қарекет

пен серпінді насихат керек екенін

айғақтайды. Шынын айту керек, өз

жерімізде өзімізге беймәлім қаншама

жәдігер, қаншама тарихи орын, қаншама

жұмбақ мекен бар?! Бізге ең алдымен

мықты пиар керек, яки танымдық-

ақпараттық тірлік. Ал, оны жүзеге асыру

үшін тарихты терең таныған, мұра,

мирасты меңгерген мамандар, білікті

журналистердің жұмылған жұмысы қажет

екені айтпаса да түсінікті.



А.АЙЫМҚЫЗЫ

НАСИХАТ ТУРИЗМДI ДАМЫТУДЫЃ ЋОЗЅАЛТЋЫШЫ

«ПетроҚазақстанҚұмкөлРессорсиз» компаниясының

президенті Фан Цзячжунның орнына жаңа басшы

тағайындалды. Сонымен қатар облыстық тілдерді дамыту

басқармасының басшысы Ержан Уәйіс пайғамбар жасына

толып, зейнеткерлікке шықты. Облыс әкімі аймақ дамуына

елеулі үлес қосқан қос азаматқа құрмет көрсетіп,  істеріне

сәттілік тіледі.

«ПетроҚазақстанҚұмкөлРессорсиз» акционерлік қоғамы

аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізуші

- бірден бір ірі мұнай компаниясы. Кәсіпорын мыңдаған адамды

жұмыспен қамтып отыр. Аймақ басшысы жиын барысында

компанияның бұрынғы басшысы  Фан Цзячжунға ризашылығын

білдіріп, облыстың құрмет грамотасын  табыс етті.  Және  Цин

Хувейінді жаңа жұмысымен құттықтап, ісіне сәттілік тілеген

аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев:- Өз ісіңіздің нағыз білгір

маманысыз. Осы салада біраз жыл жұмыс атқарғансыз. Алдағы

уақытта облысымыздың дамуына ерекше атсалысады- деген

ойдамын. Елдің әлеуметтік экономикалық жағдайын одан әрі

жақсарту үшін бірігіп жұмыс жасаймыз. Біз әрқашанда қолдау

білдіреміз.  Алдағы ісіңізге сәттілік тілеймін,- деді.

А.МАУЛЕНҰЛЫ

ЕЛ МҮДДЕСІ -

МЕМЛЕКЕТТІК

ҚЫЗМЕТШІ ҮШІН

БІРІНШІ ОРЫНДА

Қала әкімдігі, тұтынушылардың құқықтарын

қорғау басқармасы және ішкі істер органдары бірігіп

рейд шарасын ұйымдастырды. Мақсат - шаһар көркін

бұзып тұрған жабайы сауда орындарын жою, сол

арқылы  халыққа сапалы қызмет көрсету.

Әдетте «Жайна» сауда үйінің маңында жауыннан

кейін шыққан саңырауқұлақша қаптап тұратын

заңсыз орналасқан саудагерлер түсірілім тобын көре

сала заттарын жинап үлгерді. Ішкі істер органдары

қызметкерлерінің қырағы көзіне түскен азаматқа

әкімшілік айыппұл салынды. Себебі ол тауарларын

рұқсат етілмеген жерде сатып отыр. Жаяу жүргіншілер

жолын жауып тастағаны бір бөлек,  тазалық мүлде

сақталмаған. Айнала толған қалдық заттар аяқ алып

жүру мүмкін емес. Ал енді біреулері саудаға шығарып

тұрған заттарын қараусыз тастап, бой тасалап кетті.

Алдағы уақытта мұндай жабайы сауданы  жою үшін

тиісті мамандар  рейд жұмыстарын жалғастырмақ. Бұл

тұтынушылардың сапалы өнімге қол жеткізуіне

мүмкіндік береді.

Алихан ТАСҚАРА

ЕЛ АҒАСЫНА

ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

МҰНАЙ КОМПАНИЯСЫНА

ЖАҢА БАСШЫ

ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЗАҢСЫЗ САУДА

ОРЫНДАРЫ

ЖОЙЫЛАДЫ

Облыстық ішкі істер департаменті

жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті

отырысы өтті. Онда  бірқатар өзекті деген

мәселелер талқыланып, кеңес мүшелері өз

ой-пікірлерін ортаға салды.

Аймағымыздағы учаскелік полиция

инспекторларының жұмысын

жандандыру. Бұл жиында қаралған

бірінші мәселе. Бүгінде облысымызда

250-ден астам учаске инспекторлары

еңбек етеді. Қоғамдық тәртіптің

сақталуын қадағалайтын мамандар

көпшіліктің  қауіпсіздігіне де жауапты.

Осы орайда тәртіп сақшыларының

біліктілігін арттырып, оларға тиісті

жағдай жасалынуы қажет. Келер жылы

Шілденің 3-і күні Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі сайланады. Қалалық мәслихат

депутаттары әкімдікке үміткерлердің өмірбаяны, өмір жолымен танысты.

Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі Алмас Есмаханов басқа жұмысқа ауысуына

байланысты елді мекен басшысының орны бос. Сол лауазымға үміткерлер сайлауалды

бағдарламасымен таныстырылды. Кандидаттар үшеу: Әлсейіт Иманқұлов, Ғалым

Баймырзаев және Медет Сейілов. Депутаттар кездесу барысында сауалдар қойды,

үміткерлердің аталған елді мекен тіршілігінен қаншалықты хабардарлығы таразыға

тартылды. Кандидаттардың іскерлігі, қоғамшылдығы, жалпы әкімге тиесілі барлық

қасиеттері безбенделіп, шілденің үші күні үш үміткердің бірі Қарауылтөбе ауылдық

округінің әкімдігіне сайланбақ.

А.АЙЫМҚЫЗЫ

 Қала  бақ. Белгілі кәсіпкер Ыбырайхан Мұсабаев шаһар келбетін келешекте

осылай елестетеді. Облыс орталығын көркейту-көгалдандыру жұмыстарымен

айналысатын ол үй іргесіндегі бау-бақшасында раушан гүлдер өсіреді.

Мың раушан гүл. Белгілі кәсіпкер Ыбырайхан Мұсабаевтың үй іргесіндегі

бау-бақшасы  көрсе көз тартар сұлулыққа толы. Хош иісті, жұпар аңқыған

өсімдіктер ерекше күтімге алынған. Жаратылысы нәзік раушан гүлді өсіруге

тамшылатып суару әдісі қолданылады.

Ыбырайхан Мұсабаев  «Ыбырайхан и К» ЛТД ЖШС директоры:

-Мың раушан гүл отырғыздық. Арықпен суару әдісі көп уақыт жұмсалады.

Әрі мол  суды қажет етеді. Ал, бұл әдіске бір сағат қана уақыт кетеді. Елу сантиметр

тереңдікке дейін су жеткізіледі.

Бұл гүлдерді өңір климатына бейімдеп, өсіру тыңғылықты жұмысты қажет

етеді. Бұл ретте, топыраққа ерекше күтім жасалып, көгалдар уақытылы сумен

қамтылса кез келген қиындықты еңсеруге болады, - дейді бағбан.

 Серіктестіктің гүл өсіру орны жақсы жұмыс жасап келеді. Мұнда емдік

бағыттағы итмұрын гүлінің бірнеше түрі бар. Нысанда сондай-ақ, банан жемісі

де өсіріледі.

 Тағы да Ыбырайхан Мұсабаев  сөзін әрі қарай толықтырып:-Біз экзотикалық

жерлерде өсетін жеміс-жидек ағаштарын жылыжайымызға бейімдеп жүрміз. Ол

пальма, бамбук сынды ағаштар. Екі банан отырғыздық. Біздің табиғатымызға

сәйкес келетін генетикалық мотификацияланған жеміс-жидектерді тапқымыз

келеді,-дейді.

Д.АБДУЛПАТТАЕВА

аймағымыздағы учаскелік полиция

инспекторларына жаңа қызметтік көлік

беру көзделіп отыр. Сондай-ақ, құқық

қорғаушыларға арналған жаңа бекеттер

салынбақ. «Учаскелік полиция инспек-

торларына тиісті қолдау көрсетілсе,

көптеген қылмыстардың алдын-алуға

мүмкіндік туады», - деді қоғамдық

кеңестің төрағасы Нұрмұрат Ерманов.

 Екінші мәселе аймағымыздағы діни

ахуал. Бұл тақырыпқа байланысты  сала

мамандары баяндама жасады. Жиын

соңында қоғамдық кеңес мүшелері пікір

алмасып, түйіткілді мәселелерге қатысты

өз ойларын ортаға салды.



Б.ОСПАНҚЫЗЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

МЫҢ РАУШАН ГҮЛ

АУЫЛ ӘКІМІ САЙЛАНАДЫ

3

27 маусым 2014 жыл

Байланыс және бұқаралық

ақпарат құралдары қызметкер-

лерінің мерекесіне орай қала

әкімдігі  «Ұшқыр қалам-2014»

мерекелік кешін ұйымдас-

тырды. Думанды шарада шаһар

басшысы үздік мамандар мен

ұжымдарды марапаттады.

Маусым айының соңғы

жексенбісі - бұқара мен билік

арасындағы алтын көпір

журналистердің төл мерекесі.

Халықтың көзі, һәм құлағы

саналатын тілшілер қашанда

қауырт  жұмыс үстінде. Жылт

еткен жаңалықты  жұртшы-

лыққа жылдам жеткізуге

асығатын  төртінші билік өкілдері

қандай құрметке болса да лайық.

Шара барысында қала әкімі

Нұрлыбек Нәлібаев барлық

бұқаралық ақпарат құралдары

өкілдерін төл  мерекемен

құттықтап, игі лебізін білдірді.

Байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары мерекесінде аймақтың ата басылымы

«Сыр бойы» газетінің бөлім меңгерушісі Жолдасбек Ақсақалов «индустриялды-

инновациялық жобалардың үздік насихатшысы» номинациясын иеленді.

Жолдасбек Ақсақалов. Облыстың әлеуметтік-экономикалық саласының жілігін

шағып, майын ішкен журналист десе болады. Ол аймақтың ата басылымы «Ленин

жолы», бүгінгі «Сыр бойы» газетінің қызметкері. Сараптау, талдау жағынан алдына

жан салмайды.

Журналист отыз жылдан бері қаламын жанына серік етіп келеді. Экономика

тақырыбы оның алшысынан түскен асығы деуге болады. Статистика мәліметтеріне бір

қарап алып-ақ, аймақтың дамудағы қадам алысын меңзеп, цифрларды сөйлете

жөнеледі. Ел игілігіне бағытталған индустриялды-инновациялық жобалардың жүзеге

асу барысын жіліктеп-талдап отырды. Өз білгенін кейінгі толқын жастарға да жеткізуден

жалыққан емес.

Жолдасбек Ақсақалұлы еселі еңбегінің арқасында бірнеше мәрте түрлі награда,

сый-сыяпатпен марапатталды. Облыстың құрмет грамотасы, Қазақстан Республикасы

тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекелік медалін иеленген. Бірнеше мәрте облыс әкімінің

стипендианты атанды. Бала кезінде экономист болуды армандаған ол сол тілегін қалам

ұшына сидырып, осы саланың мониторингін жасайтын майталман тілшіге айналды.

Білікті журналист асқаралы алпысқа аяқ басты. Әлі де ойда жүрген орамды ойлар,

толымды пікірлер бар, олардың бәрі уақыт өте аймақтың ата басылымының бетінде

оқырманға талдамалы мақала ретінде жол тартпақ. Біз де өз тарапымыздан қарымды

қаламгерге жазарыңыз да оқырманыңыз да көп болсын деп тілейміз.


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 311.18 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет