ҚОҒамдық Ғылымдар мәселесі вопросы общественных наук



жүктеу 1.01 Mb.

бет7/12
Дата09.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 - 

Т.  375,  - №1.  - С.  22-24.

6 Кабанихин  С.И.,  Бектемесов М.А.,  Нурсеитова А. Т.  Итерационные методы решения  обратных  и некоррект­

ных задач с данными на части границы.  - Алматы: Международный фонд обратных задач, 2006.  - 432 с.

7  Тюлепбердинова Г.А., Абишева А.Ж.  Условная корректность обратной задачи акустики - М.,  Журнал  "Успехи 

современного естествознания":  Тематика «физико-математические науки» - 2014.  - №3. -  С.  175-180.

Түйін. 

Бұл  макалада  акустикалык  толкынының  таралуын  жартыкеңістікте  аз  амплиіудасымен  сипатгайтын 

акустиканың бір өлшемді теңдеуін кейбір шарггарымен қарастырамыз.  Екі белгісіз функцияны бір мезгілде аныктау 

киын болгандыктан, бір функциямен аныкш іатын кері есеп қойылымы жасалады. Жаңа айнымалылар мен функция- 

лар  енгіземіз.  Кері  есепті  дискретті  жагдайда,  жоғарыдагы  жасаған  өзгерісті  ескере  отырып  зерттеу  ыңғайлылыгы 

үшін бастапкы есепке эквивалента есепке келтіреміз. Ары қарай акустика кері есебін шешу үшін мақсатгык функци­

онал  минимизацияланады  және  түйін  тегіс  болған  жагдайында  колданылатын  жедел  тусу  әдісінің дискретті  анало­

гии  карастырамыз.  Мұнда  дифференциалды  жэне  дискретгі  жагдайда  функционалдың  градиенті  алынады  жэне 

дифференциалдық жагдайда есепті шешудің тиімді әдісінің жалпы сұлбасы көрсетіледі.

Түйін 

сөздер:  акустиканың кері есебі, дискретті аналог, мақсаттык функционал, жедел тусу әдісі

Summary.  In  this  article  we  examine  unidimensional  equalization  of acoustics,  that  describes  distribution  o f acoustic 

waves of small  amplitude  in  half-space  with terms.  It  is  difficult to  define  two  unknown  functions  simultaneously,  therefore 

raising  over  o f reverse  task  o f determination  will  be  brought  by  one  function.  Entered  new  variables  and  functions.  For 

comfort o f research o f reverse task at discrete level, taking  into account a foregoing transition,  we will consider equivalent for 

residence to  initial.  Further for a decision the reverse  for residences  is minimize a having a special purpose functional and the 

discrete  analogue  o f method  o f the  quickest  lowering  is  examined,  as  it  applies  to  the  reverse  task  o f acoustics  in  case  of 

smooth  source.  The  gradient  o f functional  hatches  in  differential  and  discrete  cases.  The  algorithm  o f decision  o f task  is 

described.

Keywords:  reverse  task  o f acoustics,  discrete  analogue,  having  a  special  purpose  functional,  method  o f the  quickest 

lowering


Абай атындагы ҚазҮПУ-нің Хабаршысы,  «Жас галым.  Ізденістер.  Мэселелер.  Зерттеулер» сериясы, №1(5),  2015 ж

.

ПЕДАГОГИКА МЕН ӘДІСТЕМЕ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

ВОПРОСЫ ПЕДАГОГИКИ И МЕТОДИКИ 

PROBLEMS OF PEDAGOGY AND METHODOLOGY

ӘОЖ 372.882



ҚАЗАҚ ТІЛШ К Ә С Ш К Е  БАЙЛАНЫСТЫ МЕҢГЕРТУДЩ ЕРЕКШЕЛПСТЕРІ 

Ж .Әш іров -А б а й  атындагы Қазақ үлттыц педагогикалықуниверситетініңмагистр,  ага оқытушысы

Қазакстан  Республикасындағы  казак  тілінің  жай-күйі  тәуелсіздігіміз  жарияланған  жылдардан  бері  ұздіксіз  сөз 

болып келе жатқан, когам өкілдерінің, зиялы кауымның сан мэрте серпісін тудырған ұлттык, мемлекетгік аукымдагы 

мәселелердің бірі.  Мемлекетіміздің тәуелсіздігі  казақ тіліне  жаңа өріс  ашты.  Қазак, тілі  ұлт тілі  болып  қана  қоймай, 

мемлекетгік  механизмнің тетігіне  айналдыруга заңнамалық тұргыда  қол  жеткізілді.  Қазак тілі  мемелекетті  ұйысты- 

рушы  негізгі  ұлтгың  тілі  бола  отырып,  Қазакстандагы  өзге  ұлт  өкілдерін  бір  арнага  тоғыстырушы,  біріктіруші 

фактор  ретінде  қарастырылып  келеді.  Қазак  тілін  игеру  тілдің  колданыстык  кажетгілігімен  байланысты.  Қазақ 

тілінің мемлекеттің кұрылым  салаларындағы  қажетгілік деңгейін  көтеру  тілді  тек  ауызекі  деңгейдегі тұшнушылык 

қалыпта емес,  кэсіби деңгейде игеруді, меңгеруді кажет етеді.

Кілт сөздер:  мемлекетгік тіл, кэсіби қазақ тілі, тілді окыту, әдістеме

Қазақстан  Республикасындағы  қазақ  тілінің  жай-күйі  тәуелсіздігіміз  жарияланған  жылдардан  бері 

ұздіксіз сөз  болып  келе жатқан,  қоғам  өкілдерінің,  зиялы  қауымның сан мәрте серпісін тудырган үлттық, 

мемлекеттік  ауқымдағы  мәселелердің  бірі.  Мемлекетіміздің  тэуелсіздігі  казак  тіліне  жаңа  өріс  ашты. 

Қазақ тілі үлт тілі болып қана қоймай,  мемлекеттік механизмнің тегігіне айналдыруға заңнамалық тұрғы- 

да  қол  жеткізілді.  Қазақ тілі  мемелекетгі  ұйыстырушы  негізгі  үлттың  тілі  бола  отырып,  Қазақстандағы 

өзге ұлт өкілдерін бір арнаға тоғыстырушы,  біріктіруші фактор ретінде қарастырылып келеді.  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің 2010  жылғы  07  желтоқсандағы №1118  Жарлығымен  бекітілген  «Қазақстан 

Республикасында білім беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған  мемлекетгік  бағдарламасында» 

мемлекеттік тілді  меңгерту туралы  «Барша қазақстандық азаматтар  мемлекетгік тілді толық меңгергенге 

дейін  гілдерді  меңгерудің  халықаралық  стандарттары  негізінде  мемлекетгік  48  тілді  үздіксіз  оқытатын 

«Балабакша -  мектеп,  кэсіптік лицей,  колледж -  жоғары оку  орындары» жүйесі  кұрылатын  болады» деп 

айтылган [1,47].

Қазақ тілін игеру тілдің колданыстық кажетгілігімен байланысты.  Қазақ тілінің мемлекетгің құрылым 

салаларьшдағы  кажетгілік  деңгейін  көтеру  тілді  тек  ауызекі  деңгейдегі  түтынушылық  калыпта  емес, 

кәсіби деңгейде игеруді, меңгеруді қажет етеді. Тілдің қоғамның кез-келген саласында қарым-қатынастық 

қызметінің  кеңеюі  өз  кезегінде  тілші  мамандардың алдында тілдің теориясымен  жэне  оқьпу  эдістемесі- 

мен байланысты мэселелер бірнеше міндеттер жүктеп отыр. Олар:

1.  Қазақ тілінің гылым салаларына  қатысты термин сездері мен кәсіп салаларына қатысты бірліктері- 

нің қолданыстың өрісін кеңіту. Ғылым мен техника саласындагы тілші  мамандармен кабылданған термин 

сөздерді, тіркестерді кэсіп иелерінің сөздік қорына қосу;

2.  Кэсіп иелерінің тілді гұтыну мәдениетін, коммуникативтік сауатгылыгын артгыру;

3.  Болашақ маманның мемлекетгік тілдегі қүзіреттілігін қалыптастыру;

4.  Тіл арқылы этностың ерекшелігін меңгерту;

Аталған мэселелер қогамның болашағымен тікелей байланысты болгандыктан,  өзге тілді  аудиторияга 

казақ  тілін  меңгертуші  педагог  мамандарга  үлкен  жауапкершілік  жүктеп  отыр.  Біріншіден,  болашақ 

маман,  кәсіп иесіне казак тілінің табигатын өз мамаңдыгымен тыгыз байланыста меңгерту тілді  қолдану- 

шының  деңгейін  көтереді  және  тілдің  кэсіпке  байланысты  бірліктерінің  жаппай  қолданылуына  жол 

ашады.  Бүгіндері тіл  мамандарының қолданысқа ендірген  көптеген  термин  сөздері  мамандықгар бойын­

ша салаларда қолданысқа түсе алмай жатыр. Мамандыкқа байланысты тілдік қолданыстар кәсіп иелерінің 

сөзік қорында болып,  коммуникативтік қажеттілігіне жараган жагдайда гана жалпы  халыққа түсініктілік- 

ке  жақындайды.  Бүл  жагдайда тілші  мамандармен  қабылданган  кәсіпке  байланысты  жаңа  қолданыстар- 

дын дұрыс-бұрыстыгын саралау да оңтайланар еді.  Осы  себепті де терминолог  галымдар  «Тіліміз толық 

магынасындагы  гылымның тіпі,  техниканың тілі,  ақпаратгың тілі  болуы  үшін  бүл  салалардагы  ұгымдар 

жүйесінің басым бөлігін ү л тііа і өзі атай алуы  керек. Қазақ тілінде қазірдің өзінде кептеген гылым салала- 

ры  бойынша  гылыми  еңбектер  жазылады,  диссертациялар  қоргалады.  Енді  сондай  еңбектер  санын  да,



Вестник КазНПУ имени Абая,  серия «Молодой ученый.  Поиски.  Проблемы.  Исследования», №1(5),  2015 г.

тіддің  аталган  салалардагы  қолданысын  да  кеңейте  беру  керек.  Ол  үшін  зертгеулерін  ұлт  тілінде  жаза 

алатын, гылыми ортада баяндама жасап, дәріс оқып, ойын еркін жеткізе алатын казақгілді ғылыми қауым 

қалыптасуы  тиіс.  ¥ л т  тіліндегі  терминологиялық  қорымызды  кәсІби  түрде  жасап,  оны  үнемі  жетілдіре 

беретін  де  осы  қауым  болмақ.  Қазақтілді  микробиологтарды,  кибернетиктерді,  энергетиктерді  көптеп 

дайындамай,  ол  салалар  казақша  ешқашан  сөйлемейді.  Ал  қазақ  тілінін  лексикалық  қорын,  сөзжасам 

тәсілдерін,  стильдерін,  жалгау-жұрнақтарын  дұрыс  пайдалана  апатын  салалық  мамандар  дайындалса, 

ғылымның кез келген  еаласы біздің тілімізде сөйлеп кете алады, оған тіліміздің мүмкіндігі толык жетеді» 

деп тұжырымдайды  [2]. Мемлекеттік тілдің кәсіби саладағы қолданысының артуы, түптеп келгенде тілдік 

сананың өзгерісіне  әкеледі.  «Мемлекетгік тілдің жапай колданысы  қогамдағы  тілдік сананың өзгерісіне, 

сол  арқылы  арнаулы  тілдік  салаларга,  соның  ішінде  терминологияға  эсер  етуге  тиісті.  Яғни  тілдік 

сананың өзге тілдік болып  қалыптасып отыруы да казақ тілінде жасалған терминдердің басым  көпшілігі- 

нің  қолданыста  орнықпауына  экеп  соғып  отыр.  Тілде  олай  айтпайды,  олай  аудару  дүрыс  емес,  тілге 

айтуга, жазуга икемсіз деген пікірлер тілдік сананың өзге тілдік болуының көрінісі» [3,572].

Қазақ  тілін  кәсіппен  тығыз  байланыстыра  отырып  оқыту  тілді  игеруші  студентгің  тілді  қолдану 

мәдениетін, деңгейін  көтереді  жэне жалпылай  алганда коммуникативтік сауаттылыгын артгырады.  Тілді 

мамандыққа,  болашақ  кәсіпке  байланыстыра  отырып  оқытқан  жагдайда  тіл  үйренуші  үшін  қазақ  тілі, 

оның құрылымдық, танымдық ерекшеліктері дербес,  оқшауланған объект (пэн) ретінде түсінілмей,  білім 

алушының  болашақ  мамандыгымен  тікелей  сабақгастықга  келіп,  қызыгушылыгын  арттырары  сөзсіз. 

Кэсіби қызыгушылық тілге деген қызығушылыққа негіз болып,  студенттің мемлекеггік тілдегі  қүзіретті- 

лігін  қалыптастыруга  жол  ашады.  Ал  тілдік  қүзіретгілік  дегеніміз  «тілдік  қүбылыстарды  білу  жэне 

оларды  өз  тілінде  (сөйленісінде)  пайдалану жэне  өзгелердің тілдік  колданысын түсіну»  [4].  Олай  болса, 

кэсіп  иесінің  қүзіреттілігі  кең  мағынасында  қазақ  тілінің  фонетикалық  (орфографиялық,  орфоэпнялық) 

нормаларын,  грамматикалық жүйесін сактай отырып, стильдік бояуларын қолдана біліп, тідцік қатынасқа 

түсе  алуы.  Қазақ тілін  кәсіби  тұргыда  меңгерген  болашақ  мамандық  иесі  өз  мамандыгы  аясында тілдік 

қатынасқа  еркін  (толыққаңцы)  түсе  алатын,  кәсіби  лексикалық  қоры  қалыптасқан  түлга.  Тілдің  басты 

қызметі -  қарым-қатынастың құралы бола алу. Тілдің осы қызметінің маңыздылығын Алаш қайраткерле- 

рі де орынды қозгаган. Ж.Аймауытүлы:  «Мүгалім тіл сабагында сойлеуге, жазуга, оқуга,  қысқасы әңгіме- 

ге жатгықтырады екен.  Ал басқа пэндерді  оқытқанда не істемек? Физиканы, жаграфияны, тарихты оқыту 

дегеніміз осы пэндердің кұбылысы туралы әңгіме ету емес пе? Ендеше тілге төселдіру гой. Есеп үйрету -  

сан  туралы  ойлау  гана  емес,  есеппен  айтылган  ойды  үгу,  үққанын  айта  білу  гой.  Тереңірек  қарасақ,  эр 

пэннің  ісі  баланың  ойын  қозгау,  ойлаганын  ауызша,  иэ  жазумен  сыртқа  шыгару.  Олай  болса,  тілсіз 

оқытылатын,  үгынылатын пэн жоқ екені  анық» - деп тілдің пэнді (кәсіпті) меңгертумен тыгыз байланыс- 

тылыгын атап айтады [5,185].

Қазақ тілін кәсіби тұргыда меңгертудегі  басты  мақсат кәсіп иесін өзінің салальщ білімі  аясында тілдік 

қатынасқа түсуге дайындау.  Ал тілдік қатынас «тіл арқьиты байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір 

бірімен  қарым-қатынас  жасауы;  қогамдық,  ұлттық  тіл  аркылы  ұгынысу,  түсінісу;  ягни  адамзаттық  тіл 

арқылы сөйлесім эрекетін меңгерту тілдік қатынас дегенді білдіреді»  [6,229].  Қазак тілін кәсіби мазмұнда 

игерушінің қабылдаушы, не баяншы тұлгасында бола отырып, ақпаратты жеткізуші  бірліктердің магына- 

ларын  толық  түсінуіне  жол  ашу  үшін  қолданылатын  негізі  әдістердің  бірі  -   қатысымдық  эдіс.  Өйткені 

катысымдық  эдістін  гылымда  анықталган  негізгі  үстанымдары  (сөйлеу  багытын  анықгау,  жекелеген 

ерекшеліктерді,  орта жагдайын ескеру, жұмыс түрлерін айқындау,  сатылай даму т.б.) тілші  мамандармен 

берілетін білім мазмүнын тілдік және кәсіби ерекшеліктеріне қарай сұрыптауга мүмкіндік береді.

Қазақ гілін кәсіби деңгейде меңгертудегі келесі бір ерекшелік -  тіл арқылы үлттың тіл аркылы таныла- 

тын болмысын таныту.  «Ұлтгық тілдің болмысын шынайы тану үшін тілдің өзіндік зандылықтарын білу 

жеткіліксіз,  оның түпкі тамыры  сол тілде сөйлеуші  зтностың гасырлар бойгы тарихымен, түрмыс-салты- 

мен,  мәденнетімен,  дэстүрлі  менталитетімен  тікелей  байланысты  екені  сөзсіз.  Сондықган  тілді  үйретуде 

сол  этностың  дүннетанымымен,  мәдениетімен,  тарихымен  біріктіре  қарастыру  мәселесі  туындайды  [7]. 

Қазақ тілінін кәсіби деңгейде меңгертудегі этнос мэселесімен байланыстырудың екі қыры бар. Бірі -  тілді 

кәсіби деңгейде  үйренушіге  этностың  болмысы  мен  мәдениетін  таньггу  болса,  екіншісі  -  үлтты,  ұлтгық 

пайымды оқытылып отырган кәсіппен жақындастыру.

Қорыта  айтқанда,  казақ  тілін  кәсіби  деңгейде  оқьггу  барысында тілдің  грамматикасын  гана  емес,  тіл 

үйренушінің  фонетикалық,  фамматикалық  нормаларды,  стилистикалық  бояу  реңктерін  сақтай  отырып, 

кәсіби мазмұңдагы тілдік қатынасқа түсу дагдыларын қалыптастырып дамыту түпкілікті нәтиже саналуы 

қажет.  Осы  нэтижеге  қол  жеткізу  арқылы  тілдің  кэсіп  салалары  бойынша  қолданыстың  аясының  кеңіп, 

үлтгық тілдің кең тыныстауына жол ашыпмақ.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 4

2

-------------------------------------------------------------------------- 7--------------------------------------------------------------------------



Абай атындагы ҚазҮГІУ-нің Хабаршысы,  «Жас галым.  Ізденістер.  Мэселелер.  Зерттеулер» сериясы, №1(5),  2015 ж.

1

 http://k

2

.government.kz/resources/docs/docl

8

.

2

 Қазақтілді микробиологтарды,  кибернетиктерді,  энергетиктерді  көптеп  дайындамай,  ол  салалар  ешқашан 

қазақиіа сөйлемейді // Алаш айнасы. 20 мамыр 2010 жыл.

3 Досанов  Б.  Қазац  терминдерін  цальттастырудыц  апгыиларттары  //  Түркі  әлемі:  тіл,  қогам,  мәдениет. 

Профессор Б. Сагындық-улының  70 жылдыгына арналган халықаралық гылыми-теориялық конференция материал- 

дары -Алматы, 2009.

4 (http://www.gramma.ru/R2ymodl3.pdf).

5 Аймауытүлы 

Ж. 

Ана  тілі // Алаштың  тілдік мүрасы: мақалалар  жинагы  /  цүрастырган  С.Шүкірүлы, 

Е.Тілешов.  -  Алматы,  2009.

6

 Оразбаева Ф.Ш.  Tin әлемі.  Мацалалар, зерттеулер.

 -  

Алматы,  2009.

7 Бейсенбекова Г.,  Смагулова К.  Тілдің қатынастың үлттыц дүниетаныммен байланысы // http://www.rusnauka. 

сот/13_EISN_2012/Pedagogica/2_109490.doc.htm.

Резюме.  Состояние  казахского  языка  в  Республике  Казахстан  одна  из  национальных  проблем  государственного 

масштаба,  непрерывно обсуждаемых со  времен опубликования независимости много раз вызвавших волну  предста­

вителей  общества,  интеллигенции.  Независимость  нашего  государства  открыла  новые  возможности  д ля  казахского 

языка.  Казахский  язык  не  только  является  языком  нации,  но  и  законно  стал  ключом  государственного  механизма. 

Казахский язык является  основным языком  нации,  организующим  государства,  рассматривается в  качестве фактора 

сближающего,  соединяющего  представителей  других  нации  Казахстана  в  одну  колею.  Освоение  казахского  языка 

исходит  от  необходимости  применения  языка.  Повышение  уровня  необходимости  казахского  языка  в  сферах 

государственного строения, требует освоения  не на устном потребительском уровне,  а овладения  на профессиональ­

ном уровне.

Ключевые 

слова:  государственный язык,  профессиональный казахский язык, обучение языка, методика



Summary.  Status  o f  the  Kazakh  language  in  Kazakhstan  is  one  o f  the  national  problems  o f  national  importance, 

continuously discussed since the time o f the publication o f independence many times caused a wave o f public representatives 

and  intellectuals.  The  independence  o f our country  has opened  up  new  opportunities  for the  Kazakh  language.  The  Kazakh 

language  is the  language o f not only the  nation,  but the  law has become a key state mechanism.  The  Kazakh  language  is the 

primary  language  o f the  nation,  organized  by  the  state,  is  seen  as  a  factor  in  moving  closer  linking  o f other  nations  of 

Kazakhstan  in a rut.  The  development o f the  Kazakh  language  comes  from  the  need  to  use  language.  Increased need o f the 

Kazakh  language  in  the  areas  o f  public  buildings,  requires  no  development  on  oral  consumer  level  and  mastery  at  the 

professional level.



Key words: the state language, Kazakh professional training language, technique 

УДК 53.072



ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ Ж ЕЛШ К ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Г.А. Тюлепбердинова, Б.К. Алимбаева, Ф.С. Телгожаева, Л.А. Сагимбаева, С.А. Адилжанова, 

Черикбаева Л.Ш. -  Эл-Фараби атындагы Қазац Үлттыц  Университетінің оқытушылары, Алматы ц.

Макалада кашыктыкган оқытудың технологияларын оку үдерісінде  колдану мәселелері  қарастырылады.  Бүгінде 

ақпаратгандырылган  заманда  оқу  үдерісінде  акпаратгық  технологияларды,  желілік  технологияларды  пайдалану, 

түрлі  мэселелер  тудырумен  катар  білім  алушылардың  таным  сапасын  жетілдіруге,  оку  материалдарын  меңгеру 

сапасын арттыруға және қолдануга тиімді.  Жетілдірілген оқыту технологияларын, желілік технологияларды  колдана 

отьфып  оку  үдерісіндегі  гылыми  педагогикалық  іс-әрекетті  дамыту,  оны  іс  жүзінде  көрсету  мен  жетілдіру  аркылы 

білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алганын көрсетеді және желілік технологияларды қолданудың кызметі басым 

қарастырлады.

Кілтгік 

сөздер:  ақпараттық  технология,  желілік  технология,  окытуды  баскарудың  желілік  жүйелері,  оқыту 

контентін басқару жүйелері

Бүгінде,  информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік экономиканың ең 

негізгі ерекшеліктері болып отырған  кезде,  білім  алу кез  келген маманның жеке жэне кәсіби табысының 

негізгі  көзі  болып  кала  береді.  Білімнің  адамның жүмысқа тұру  мен  өмір  сүру деңгейіне  тигізетін  әсері 

бұрынгыга  Караганда  анагұрлым  күшейе  бастады.  Әрине,  білімге  койылатын  талаптар  да  күшнйе  түсті. 

Әрбір  жанның негізгі  білімі  мен  оның түрақты  жаңарып  отыруы  зандылық.  Қазіргі  маман  информация- 

лык корларды табысты  пайдаланып,  акпаратгық технологияларды және  инновациялық технологияларды 

де  игеруі  тиіс.  Заманауи  талаптарга сәйкес,  мамандардың  шыгармашылық түргыдан  ойлай  білуі,  соның



Вестник КазНПУ имени Абая,  серия «Молодой ученый.  Поиски.  Проблемы.  Исследования», №1(5),  2015 г.

негізінде  шешім қабыддауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі. Жаңа түжырымдама эрбір нақгы 

адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру аркылы білім беру- 

ді жекелеп жүргізудің сипат алганын көрсетеді. Бұл студентгердің және оқытушылардың өздерінің әртүр- 

лі жеке мүмкіндіктеріне сэйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады.

«Мәңгілік  Қазақстан»  жобасы,  ел  тарихындағы  біз  аяқ  басатын  жаңа  дэуірдің  кемел  келбеті»  деп 

Елбасы Н.Ә.  Назарбаевтың 2014 жылғы  17 қаңтар күнгі  «Қазақстан жолы-2050:  Бір максат, бір мүдде, бір 

болашақ»  атгы  Қазақстан  халқына  Жолдауында  атап  көрсеткендей  қазіргі  таңда  еліміздің  білім  беру 

жүйесінде қолданылып жүрген білім беру технолошялары отандық білімнің жаңа талаптары мен респуб- 

ликаның саяси-экономикалық таңдауына сай қөлданылып келеді. Осындай өмірдің өзі талап етіп опгырған 

технологияның  бірі  -   қашықгыктан  оқыту  технологиясы.  Соңгы  10-15  жылдың  ішінде  телекоммуника­

циялык  технологияның  жэне  гипермедияның  қарқынды  дамуына  байланысты  окьпуда  компьютерді 

қолданудың  тиімділігі  артып  отырғаны  мәлім.  Бүкіл  әлемді  қамтитын  «Интернет»  желілік  байланысы 

қашыктықган  білім  беру  жүйесінің  пайда  болуына  негіз  болды.  Ғылым  мен  техниканың  дамуы  білімді 

ақпаратгандыру үрдесін жетілдіруді талап етті.

Қашықтыктан  оқыту  -   оқытушының  окушымен  оқыту  күралдары  арқылы  интерактивті  қарым- 

қатынас  эрекет  үрдісін  ұйымдастыруға  мүмкіндік  беретін  жаңа  ақпаратгық-педагогикалық  технология. 

Оның  білім  саласындағы  мақсаты -  білім  берудің біртұгас  ақпараттың жүйесін  құру  арқылы  окушылар 

мен  студенттердің  білім  деңгейін  көтеру.  Қашыктықтан  оқыту  технологиясы  бойынша  оқытушының 

негізгі  міндеті  білім  алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табыла- 

ды: туындайтын мэселелерді қарастыру;  мақсат пен міндетгерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдас- 

тыру  қызметі;  білім  алушылардың  арасында  өзара  байланысты  ұйымдастыру;  оқу  процесін  бакылау. 

Тындаушылар  кашыкгыктан  оқыту  кезінде  білім  беру  процесінің  негізін  қолайлы  уакытга,  ыңғайлы 

орында,  тиімді  темптегі  өз  бетінше  жұмыс  кұрайды.  Сондықган  тьіндаушьшар  оз  бетінше  жүмыстың 

техникасы  мен  әдістемесін,  жоғаргы  деңгейде  білімді  өз  бетімен  голықгыру  негіздерін  меңгеруі  қажет. 

Сонымен  бірге  нәтижелі  түрде  оку  үшін  жаңа  ақпаратгык  технологияның  кұралдарымен  жұмыс  істей 

біпуі тиіс. Қашыкгықган оқьггу -  бұл, ең алдымен, қандай да бір оку орнына белгіленген уақытта бармай- 

ақ,  курстың  багдарламасын  қажетті  тэртіггге  орындау  болып  табылады,  сонымен  қатар  ол  қазіргі  заман 

әлемінде  Интернет,  e-mail  (электрондық почта), телефон жэне факс  байланысы,  бейнеконференция жэне 

қарапайым пошта аркылы дәстүрлі оку материалдарына алмастыру көмегімен дамиды.

Қашыктыктыктан  оқытуды  ұйымдастыру  технологияларының  бірі  желілік  технология, 

Желілік 

технология -  білім  алушылардың оқытушыпармен  және бір-бірімен  интерактивті  қарым-катынас  түрін- 

де, сондай-ак интернет жүйесін  колдану  негізінде оку үрдісін басқаруда оқу-әдістемелік материалдармен 

қамтасыз ету технологиясы.

Білім  беру  ұйымдарында  қашыктықтан  оқыту  жүйесін  ұйымдастыру  және  дұрыс  қызмет  етуі  үшін 

мынадай функцияларды орындау қажет:

 оку курстарын колдау;

• білім алушыларга оқу материалдарын жеткізу;

• кеңестер беру;

• білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру;

• білім алушылардың білімдерін бақылау.

• білім алушылар үшін оку-эдістемелік жэне оқу-экімшілік ақпарат-тарынан тұратын беттері  бар білім 

беру интернет-порталының;

• телекоммуникациялык  желіге  шығатын  (интернет,  спутникгік  теле-дидар)  жабдықтардың;  әртүрлі 

герминалдардың:  мультимедиялық сыныптардың, электрондық оқу залдарының;

• CD, DVD дискілеріне арналган оқу контентінің (жекеменшік жэне сатылып алынган);

• желілік оқу мультимедиа контентінің (жекеменшік жэне сатылып алынатын);

• тестілеу кешендерінің;

• тиісті дайындықган откен профессор-оқытушы, оқу-көмекші жэне техникалык персоналдардың;

• жекеменшік контентін (локалдық жэне желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының;

• желілік тестілеу кешендерінің;

• оқытуды басқарудыц желілік жүйелері (Learning Management Systems - LMS);

• оқьпу  контентін  басқару  жүйелерінің (Learning Content  Management  Systems-  LCMS)  бар  болуы  қа- 

шыктыктыкган оқыту нысаны кезінде оқу процесін ұйымдастырудың қажеггі шартгары болып табылады.

Қашыктықтан оқытудың дидактикалық құралдары. Білім алушыларды қашыктыкган оқытута арналган

---------------------------------------------------------------------------4 4 ----------------------------------------т-----:--------------------------------



Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің Хабаршысы,  «Жас галым.  Ізденістер.  Мэселелер.  Зерттеулер» сериясы, №1(5),  2015 ж.

оқу-әдістемелік  материалдармен  қамтамасыз  ету  үшін  қашыктык  технологияларын  қолданумен  іске 

асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешен болуы 

керек. Электрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындауды үлгілік оку бағдарламаларына қатаң сәйкестен- 

діріліп эзірленген, бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша курсты әзірлеуші жүзеге асырады.

Әрбір  пэннің әлектрондык оқу-эдістемелік кешені  міндетті жэне қосымша комплектілерден тұруы 

керек.

Міндетгі комплект мыналардан тұрады:



• үлгілік оқу багдарламасынан;

• оқу жұмыс багдарламасынан (пэннің мазмұны, күнтізбелік- тақырыптық жоспар, ұсынылатын әдеби- 

етгердің тізімі (негізгі және қосымша), курстың модулдық бөлінуі, қашықгық кеңестерін өткізу кестесі);

• лекциялардың электрондық курсынан;

• практикалық жэне семинарлық сабақгардың матерналдарынан;

• зертханалық пракгикумнан (тапсырмалар, мысалдар, әдістемелік нұсқаулар);

• білім  алшының  өзіндік  жүмысына  жэне  оқьпушы-тьютордың  жетекшілігімен  жүргізілетін  тындау- 

шының өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан;

• рубеждік бақылауды  ұйымдастыру жөніндегі  материалдардан (бақылау жұмыстары,  тест тапсырма- 

лары, жеке тапсырмалар жэне тағы басқа);

• қорыгынды  бақылауды  ұйымдастыру жөніндегі  материалдардан  (емтнхандық тестілеу тапсырмала- 

ры, емтиханға арналған сұрақгар, билетгер, емтихандық бақылау жұмыстары).

Электрондық  оқу-әдістемелік  кешенін  бағдарламалық  қамтамасыз  етілу  функционалдылығы  мемле- 

кетгік  жалпыға  міндетгі  білім  беру  стандартына  сәйкес  болуы  керек.  Оқу-эдістемелік  қамтамасыз  ету 

автономды жэне желілік өзіндік жұмыстар мен білім алушыларды аттестатгауға дайындау үшін жеткілік- 

ті болуы керек.

Қашықган  оқытудың артыкшылықгары:  кез  келген  жерде,  кез  келген  мерзімде  оқуга  мүмкіндігі  бар, 

кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады, оқу үрдісінде ақпаратгық жэне телекоммуникациялық техно- 

логиялардың жаңа жетістіктерін  пайдалана отырып,  білім алушы  мен  оқьггушылар  арасындагы  белсенді 

диалог,  оқу  ақпаратына  қолжетімді,  білім  алушының  мекен  жайына,  денсаулық  жагдайына,  элитарлідқ 

және  матерналдық жагдайына  қарамастан тепе-тең дэрежеде  білім  алуга  мүмкіндігі  бар  болса,  психоло- 

гнялық адаптация,  компьютермен  жұмыс  істей білуі,  интернет жұмысының сапасына тәуелді,  медицина- 

лык жагдайлары кемшілік деп айтуға болады.

Қашықтықтан  оқыту  ақпараттық  мэдениет  деңгейі  дидактикалык  багдарламалар  білім  саласьшда 

оқьггуды  баскару  мен  бақылауды  автоматгандыру,  студентке  өз  бетінше  қайталанбайтын  көп  нұсқалы, 

көп деңгейді  дидактикалык шартгар  негізінде тапсырмалар беру,  білім  мен дагдыны объекгивті багалау, 

ерекше  ақпаратгық  материалдарды  мультимедиалық  формада  беру,  виртуалды  өмірге  енгізу т.с.с.  жаңа 

мүмкіндіктер үсынылады.  Сонымен қатар, мұндай бағдарламалар қашықгыктан оқытудьщ материалды өз 

бетінше  игеру  жетілдірілген  психологиялық педагогикалық әдістерді  пайдалану,  қашықгықтан  оқытуды 

студентгің жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдауга мүмкіндік береді.

Білім  алушының  қандай  да  бір  себептерге  байланысты  дәстүрлі  оқу  үрдісінде  білім  ала  алмаган 

жағдайда  қашыктыкган  оқыту  технологиясы  пайдалы  жэне  қолайлы  болып  табылады.  Сонымен  қатар 

қашықгықтан оқыту -  адамның білім  алуга жэне ақпарат алуга деген құқықгарын іске асыратын үздіксіз 

білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, білікті- 

лігін артгыруга мүмкіндік береді.

Қорыта келе айтарымыз, қашықтыктан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жогары, себебі бұл 

жүйе  арқылы  оқьпушыларымыз  бен  білім  алушыларымыз  әлемдік  ақпаратгармен  байланысуга,  гылыми 

және  шыгармашылық  жұмыстарын  жетілдіруге,  элемдік  ақпарат  кеңістігінде  өздерінің  бігтімдерін 

шындауга зор мүмкіндік алады.

1 Достоинства и недостатки дистанционного обучения // Образование: путь к успеху.  -  Уфа, 2010.

2 Зайченко  Т.П.  Инвариантная  организационно-дидактическая  система  дистанционного  обучения.  -  СПб.: 

Лстерион, 2008.

3 Теория и практика дистанционного обучения /подред. Е.С. Полат.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал