ҚОҒамдық Ғылымдар мәселесі вопросы общественных наук



жүктеу 1.01 Mb.

бет6/12
Дата09.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

зо  - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -:- - - - - - - - - - - - - - - - - - --—

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің Хабаршысы,  «Жас галым.  Ізденістер.  Мэселелер.  Зерттеулер» сериясы, №1(5),  2015 ж.

ликасында  сақталган  данасынан  басқа  эдеби  шыгармаларда  Эднбургтен  табыпған  данасына  сілтеме 

келтіріледі  [2,  65].  Бұл  шыгарманың  Санкт-Петербургте  екі  данасы,  Өзбекстанда  М.А.  Салье  айтқаннан 

басқа тағы екі данасы бар. Ибн Рузбиханның эрі қарайғы өмірі белгісіз.

Ибн  Рузбиханнын  рухани  дүниесі  туралы  өз  шыгармаларынан  байқауымызга  болады.  Ол  исламньщ 

сунниттік  бағытын ұстаған.  Ол  үлкен  ғылыми  пікірталастарда  өз  қарсыластарын  керемет білімдарлығы- 

мен төтеп беріп отырган.  Мәселен кейбір философиялық тақырыптарда,  қазақтарға қарсы  қасиетгі  согыс 

туралы,  мұрагерлік мәселесі туралы.

Ибн  Рузбихан  Мауереннахрдың қалаларына үнемі  жиі-жиі  барып  тұрған.  «Бұқара  қонагының жазба- 

сында»  Самарқан  облысында  хауис  оқығандығы  жиі  айтылады.  Ол  Сайрамда,  Түркістанда,  Сығанақта 

Шайбани ханның ауырып қалуына байланысты діни жолмен үгіт-насихат, сөз таластар жүргізіп отырған.

Ибн  Рузбихан  суннизмге  карсыларды  жек  көрген.  Антишеидтік  сипатта  тіпті,  «отказ  от  неверного 

пути  и  пренебрежение  негодным открытием»  [3,  125] деген еңбегі де бар.  Ол  өзінің мүндай антишийтгік 

көзқарасын  өмірінің  сонына  дейін  үстаган.  Діни  сенімнен  тіпті  ол  өз  Отанын  өзге  жерлікгерге  беруге 

дайын болды.

Біздің автор өзінің білімін,  өзін өте жогары ұстаган.  Өзін мақтаганды өте жақсы  көрген.  Ол былай деп 

жазды:  «Жер  жыртушы  туралы  хадисті  мен  оқығанымда  жиналгандар  менің  сөз  шеберлігімді  бірден 

мойындады.  Барлыгы  менің  гылыми  білімімнің  жогары  екендігін,  сөйлем  қүрау  мәнерлігін  таң-тамаша, 

кайран қалып тындады. Жогаргы мэртебелі есімнің өзінің жүзінде нүр ойнап маган өте риза болды».

Ибн  Рузбихан Шайбани  хан үкіметінде саясатқа араласудан  «кет эрі»  болган  емес.  Бірақ та саясаткер 

ретінде  біз  ол  туралы  мәлімет  кездестірген  жоқпыз.  XVI  гасырдың  барлық  тарихнамашылары  оны  ірі 

теолог ретінде таниды.  Ол  араб тілін тамаша меңгерген.  Аударма жасап,  сол тілде жазган.  Ибн Рузбихан 

Орта Азияның түрлі медреселерінде шәкіртгерге дэріс оқыған.

Шығыс  билеушілерінің  сарайларынан  оралган  уақытта  Ибн  Рузбихан  тарих  гылымында  екі  үлкен 

қүнды  шыгарма  жазган:  «Украшающая  мир  история  Амини»  жэне  «Записки  бухарского  гостя».  Оньщ 

шиизмге деген өшпенділігі, суннизмге деген сүйіспеншілігі өз отанына оралуга мэңгілік жол жапты.  Сей- 



Tin, 

Шайбани хан жэне ’Убайдуллах-хан көмегімен оралу арманы орындалмай өзге жерде дүние салды.

Сонымен  қорытар  болсак,  біз  Фазлаллах  Ибн  Рузбиханнын  білімді  игеру  жолында  талмай-кажымай 

еңбек еткенін көреміз.  Алдымен ол,  Хижазда,  Меккеде білім алып,  Ширазда түрлі гылыммен шүгылдан- 

ганын  жүйлі  түрде  баяндадық.  Бүл  тармақшада  сонымен  қатар  біз  Фазлаллах  Ибн  Рузбиханнын  білім 

жолындағы  сапарын  баяндаумен  шектелген  жоқпыз,  оның  ел  билеушілерінің  жанында  жүріп,  өзінің 

көптеген  еңбектерінің жазылу тарихына да токталдық.  Сөйтіп,  оның өмір жолын баяндай келе  ірі теолог 

ретінде де өз гүмырын қүрбан ете білгендігін атап айтқымыз келеді.



1 К вопросу о  происхождении  и  составе узбеков Шейбани-хана.  Труды  Академии  Наук  Таджикской  ССР.  Том 

XII.  1953.- С . 3-37.

2 Салье М.А.  Малоизвестный источник по истории  Узбекистана-Михман-наме.

 / /  

Труды Ин-та востоковедения 

АН УзССР.  Вып 3.  1954.

3 Фазлаллах Ибн Рузбихан Исфахани.

 

".Михман наме ий-Бухара”-/ Под ред. Арендса А.К.  - М.,  1976.  - 31 б.

Резюме.  В  данной  статье рассматривается  жизнь  и творчесва автора  книги  «Записки бухарского  гостя»  который 

был  написан в  1509  году.  Автор данной  книги  пишет о  походах  Шайбани-хана в  казахские  степи  против  Бурундук- 

хана и Касым-хана.  Наряду с  этим  он участвуя  в  походах дал  много ценных сведений о казахском  хозяйстве,  эконо­

мическом  состоянии  и  географическом  положении  городов  вдоль  реки  Сырдарьи.  Поэтому  данная  работа  о  казах­

ской истории и повсевдневности является важным.

Клю чевы е слова:  источник, государство узбеков, поведневность, поход,  казахи

Summary.  This  article  is  devoted  to the  life  and  oeuvre o f an  author o f "Notes  o f Bukhara guest"  which  was written  in 

1509.  The  author  o f this  book  writes  about  the  marches  Muhammed  Shaibani’s  to  the  steppes  o f kazakh  against  Burunduk 

khan and Kasim khan.  In addition, he participating in marches gave a lot o f valuable information about the kazakh household

economic  status and geographical  location of cities  along the  Syr Darya river.  Therefore,  this work about kazakh history  and 

history o f everyday life is very important.

Keywords:  source, state o f Uzbeks, hike, everyday life history, kazakhs



Вестник КазНПУ имени Абая,  серия «Молодой ученый.  Поиски.  Проблемы.  Исследования», №1(5),  2015 г.

УДК 94(574.22)



ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ XIX ҒАСЫРДЬЩІ-ШИРЕГШДЕГІ САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕР

Г.Коккозова -Абай атындагы ҚазҮПУ 6М 011400 -  «Тарих» мамандыгыныц 2-курсмагистранты

Макалада,  деректік  материалдардың  негізімен  казак даласывдағы  дәстүрлі  билік  жүйесінің  элсіреу,  XIX  ғасыр- 

дың  20-жылдарындагы  орталық  Қазастандагы  саяси  өзгерістер  туралы  жағдайды  баян  етеді.  Тұгас  қазақ  жерінің 

ресейлік  реформалардың  негізімен  бөлшектеліп,  оның  орнына  империяның  қазак  жерінен  кұрылған  сыртқы 

округтерін кұру барысы сөз етіледі. Автор казак жеріндегі әкімшілік-территориялык бөлініске негізделген реформаға 

қыскаша талдау жасайды. Саяси өзгерістерге ыкпал еткен реформанын жергілікті  казак еміріне тигізген салдарын да 

сөз етеді.

Кілт сөздер:  хандык, реформа, округ, отаршылдык, билік

Биыл «Қазақ хандыгының 550 жылдығы» мемлекеттік деңгейде ерекше атальшып отыр.  Қазак мемле- 

кеті  өз алдьша шаңырақ кұрганнан  бастап, жерді жаудан азат ету,  оны  сакгау  күресі  басталып  кетгі.  XIX 

20 жылдарында мемлекеттілігіміздің іргесін  ыдыратуға багытгалған  империялық реформалар бірінен соң 

бірі  дүниеге  келді.  Нәтижесінде  хан  билігі  тарих  сахнасынан  ығыстырьшып,  елдің  бұрынғы  еркіндігі 

әлсірей  түсті.  Хандықгы  сактау  жолында  оның  мирасқоры  болып  табылатын  Ғұбайдолла  Уәлиханүлы 

империялык  билікке  ашыкган-ашық  қарсылык  көрсеткен,  мемлекетшіл  күрескер  ретінде  алға  шықгы. 

Сонымен қатар жерді жаудан қоргауда жаппай халықтық наразылықтың болғанын тарнхн шындық ретін- 

де атап көрсеткен орынды болар еді.  Сондыктан аталган уакытга дэстүрлі бірегейлік сана элдеқайда берік 

орын алган еді, яғни халык ортақ жауға бірауыздан қарсылық көрсетгі.

Мақалада хандықгың іргесін шайқалтқан империялық саяси биліктің орнығу тарихы қарастырылады.

Орыстардың ежелгі дәстүрін жалғастыра беруі үшін, дәстүрлі хандық билік жүйесі үлкен бөгет болды. 

XIX ғасыр басында хан билігін жоюдың қажетгілігі, әсіресе, Ресей қазынасын толыктырып түратын сауда 

жолын,  мейлінше  багынышты  ету  еді.  Қазак  жерінің  транзиттік  маңызын  ерекше  орынға  коя  отырып, 

өлкеден отарлық тірек пункттерін орнату патшалық тонаушылардың басты арманы болды.

Арқа  халкының  тәуелсіздігін  жою  жолында  орыс  экімшілігі  әсіресе,  керуенді  «қорғаудың»  амал- 

шараларьш  қарастыра  бастады.  Бүл  багытгагы  алғашқы  отарлық  бүғаулаудың  бір  түрі,  керуендерді 

талқандауда ешқандай қатысы жоқ адамдарды бейбіт халықты, жазықсыздан жазықсыз түтқындау болды. 

Оларды босатудың туыстары үшін бір-ақ жолы: төлем төлеу, не керуен затгарын толықтай қайтарып беру 

арқылы  мүмкін  еді.  Мүндай,  саясатымен  олар  көздеген мақсатына жете  алмады.  Керісінше,  қазактардың 

ашу-ызасына тиіп, олардың карсылыгын күшейтгі.

1819  жылы  Уәлидің  өліміне  байланысты  Батыс  Сібір  бас  басқармасының  жазба журналында:  «Орга 

жүзде жаңа хан сайлау  ісі  кейінге  қалдырылсын.  Сұлтандар мен  старшындарға өз еріктерімен хан тағай- 

ыңцауға қатаң түрде рүқсат берілмесін»  [1, 54 б.], - делініп, хандықтың іргетасын шайқалту ісіне кірісті.

Уәлиден  соң  Орта  жүзде  хан  сайланған  жоқ.  Әйтсе  де,  тарих  сахнасынан  хандықгы  ысырып  тастау 

Ресей  экімшілігі  үшін  оңайға  соққан  жоқ.  Ханның  занды  мираскорлары,  ұлтгык  еркіндік  жолында  ұзақ 

жылдар бойы шайкасты.

Патша  екіметі  Қазакстанда  хан  билігін  жою  процесін  бастаган  кезден  ханды  өзі  бекітіп,  оны  ресми 

түрде  грамоталармен  белгілеп,  қазақгардың  империяға  тэуелді  екендігін  «ескертіп»  отырды.  Ресей 

экімшілігі  ол кезде,  казақгарды  қанша өзінің боданы деп есептегенімен,  шын  мәнінде  олар тәуелсіз  өмір 

сүрді. Ал,  ХҮПІ ғасырдың аягында,  Азия елдерімен экоиомикалық қарым-қатынасының күрделене түсуі- 

не  байланысты,  шекара шебінің  маңындағы  қазақгардың казак содырларының қыспагына жауап ретінде, 

бекіністерге  күшті  соққы  берулеріне  байланысты  Орта  жүз  еліндегі  саяси  тэуелсіздікті  мүлдем  жоюға 

кіріскен-тін.

Патшалықгың  Орта  жүз  жерінде  өз  үстемдігін  түпкілікті  бекітіп,  агрессиялык  саясатын  одан  әрі 

Орталық  Азия  хандықтарына  бағыттауы,  1822  ж.  «Сібір  қырғыздары  жаргысының»  іске  асырылуымен 

тікелей байланысты еді.

Нақ  осы  кезде  барлық  әекери  күшпен  хандық  билік  жүйесін  жойып,  Арқа даласына  бекінуге,  Ресей 

экімшілігі  ерекше  ұмтылыс  жасады.  Бүл,  1822  жылгы  «Жаргының»  соңгы  параграфында  көзделген 

максат  ашыктан-ашык  айтылды.  Онда:  «Сібір  шептері  күзет  магынасында  алганда  әрдайымғы  уақытқа 

арналған  мекемелер  емес,  бірақ өзіміз  иеленген  қыргыз жерлеріне  орнагылган тэртіптің таралуына орай 

бұл  күзет  ілгері  жылжи  береді  де,  ең  ақырында,  накты  мемлекеттік  шекараға жеткен  соң,  түрақгы  орын

--------------------------------------------------------------------  3 2 ------------------------------------------------------- -----------



Абай атындагы ҚазҮПУ-нің Хабаршысы,  «Жас галым.  һденістер.  Мэселелер.  Зерттеулер» сериясы, №1(5),  2015 ж.

тебетін болады, - делінді  [2,  12 б.]. Сөйтіп,  патшалық өкіметті ежелден бергі, қазақ даласына ентелей түсуі 

бұл жылдары да жалғасып жатты.

Петербургтың жаһандық саяси жоспарларымен бірге, Ресей империясыньщ Орта Азияға жылжуы өсіп 

келе жатқан империяның экономикасының қызыгушылыгына да байланысты болатын, Оның негізінде екі 

фактор болды:  Біріншіден,  Ресей өндірісінің өсуі,  ал  Қазақстан негізгі  шикізат көзі болып қараегырылды. 

Екіншіден,  Азия  аймагында  Англияның  экономикалық  жэне  саяси  жаулаушыгтыгы  Ресейдің  негізгі 

бәсекелесі ретінде болды.

Қарастырылып  отырган  кезенде  Ресейдің  экономикасы  дамып  келе  жатқан  өндіріске  шикізатгың 

жетіспеушілігін  көрсетті,  ал  Қазакстан  өзінің табиғи  байлықгарымен  қызықтырды.  Орыс  билігі  тарапы- 

нан пайдалы қазбаларды табу жолдары қарастырылды.

1821  жылы 28 шілдеде «Сібір комитеті» бекітіліп, М.М. Сперанскийдің Сібірді басқару үшін жасалған 

жобасын  қарастыру  мақсатында  құрылды.  Комитет  жұмысында  граф  Кочубей,  граф  Гурьев,  Аракчеев, 

князь Голицын, барон Кампенгаузен жэне граф Сперанский қатысты. Комитетгің қызметінен кейін ресей- 

лік билік  жагынан бүкіл  Сібірді  қайта қараумен  катар  «Сібір  кыргыздарының жарғысы»  қабылданды  [3, 

56  б.].  «Сібір  қыргыздары»  деп  Орта  жүз  қазақгары  аталган.  Әрине  патшалық  биліктің  берген  бұндай 

атаүы  қазақтардың бұрынгы  атауына  сәйкес  келмек  түгелі,  казақ өлкесіндегі  халықгың,  оның тарихына 

жэне  мәдениетіне  деген  патшалық  шенеунікгердің  кемсітушіліктермен  бірдей  болды.  Сібір  реформасы- 

ның  жобасы  Сібір  комитетінде  бірнеше  рет  қаралган  болатын.  1822  жылы  26  қащарда  реформаның 

жобасьш  I  Александр  карап,  1822  жылы  22  шілдеде олар  күқықгық акгілер  ретінде бекітілді.  «Жаргы»  I 

Александрдың  арнайы  жаргысымен  енгізіліп,  одан  кейін  Ресей  өкіметінің  толық  заңдар  жинагының 

№29126  нөмірімен  38-ші  томына  енгізілді  [2,  91-92  бб.].  Жарғыда  қүпия  кеңесші  М.Сперанскийга  «ол 

губерниялар туралы  мәлімет жинакгап,  олардың қолайлы  тұстарын  қарастыруга»  тапсырма  берілгендігі 

айтылады [2,91  б.].

М.М.  Сперанский  дайындаган  «Сібір  қыргыздарының  Жарғысы»,  кіріспе,  он  тарау,  319  бантан 

тұрады.  Құжаттың мақсат-мүраты  кіріспесінде-ақ айқындала  бастайды.  Онда  «Сібір  қазақтары  көшпенді 

бүратаналар  тобьгаа  жатады,  және  олармен  тең  кұкылы»  -   делінген.  Әрі  қарай,  «Сібір  бұратаналары 

туралы Жаргының»  мына баптарымен  ортақ деп жазылды:  Көшпенді  бұратаналардың қүқығы туралы  (I 

бөлім,  5  тарау) (Мұндагы  кырдагы  басқарудың  міндеті  мен  мазмүны  шығарылып тасталды);  Қадірменді 

бұратаналар турагты (I бөлім,  7 тарау); Заңдар мен әдет-гұрыптары туралы (I бөлім, 7 тарау); Бұратаналар- 

ды баскару туралы міндетгің жалпы негіздері (ПІ бөлім, I тарау) [4,48 б.].

Арка даласындагы сырткы округтар кұрылысы «Жаргьщагы»  «Бөліну» атты бірінші бөлімде айтылды. 

Округтар  15-20, болыстар  10-12 ауылдан, ауыл 50-ден 70-ке дейінгі үйлерден тұрды. Патша өкіметі біртұ- 

тас хандыкты осылайша бөлшектеп қазақ мемлекетіне сатылы, басшылыгы мол бюрократиялык орыстық 

басқару  жүйесін  зорлықпен  енгізді.  Әрбір  кұрылган  округтер  территориясы  шекгеулі  болгандыктан 

халық еркін  көшіп-қонып тұра алмады. Мұндай шектеу біріншіден,  халықгьщ жұтқа жиі-жиі ұшырауына 

экелетін  болса,  екіншіден,  олардың  кұнарлы  жерлерінен  мэңгілік  айырылуына  әкеліп  согатьш  болды. 

Округтегі халық округ бастығының рұқсатынсыз өзге округ территориясьта өте алмайтын етілді.  Сөйтіп, 

округтердің  құрылган  аймагына  байланысты  шекаралық  немесе  желіге  жақын  жатқан  округтер  деп 

аталып,  олардың  әрқайсысы  сол  жердің  атымен  аталуга  тиіс  еді.  Болыстыкгы  сұлтандар  басқарды. 

Жаргының  келесі  бөлімі  «Басқарма»  деп  аталады.  Ол  уш  бөлімшеге  бөлінген  1)  Басқарма  құрамы,  2) 

Сайлау тэртібі, 3) Шен салыстыру.

Округтық бұйрықтың төрагасы -  ага  сүлтан тек ақсүйектерден  тагайындалуы  керек деп  айтылды. 

Оның  қарамагына  заседательдер  ретінде  екі  кұрметті  казақ  пен  екі  орыс  тагайындалуы  тиіс  деп 

көрсетілді.

Мұнда,  атап ететін жагдай,  Сперанский округ басындагы ага сүлтандық лауазымды орынды  қазақтың 

беделді  тобына  белгенімен  шын  мэнінде  мұндагы  бүкіл  саяси  билікті  орыстардың  қолына  қарастырды. 

Ага  сұлтан  басқаратын  округтік  приказдың  басқарма  қүрамы  төмендегідей  болды;  Ауылды  баскару  -  

старшынның қолына берілетін болды, ал болысты -  сұлтан баскарып, бұл ауыл мен болыстардагы барльщ 

сот  істерінде  төрелік  айту  билердің  билігіне  қалдыратын  болып  шешілді.  Қазақ  даласында  болашақга 

күрылатын  барлық  округте,  округтық  приказ  міндетгі  түрде  кұрылып,  оны  баскарушы  ага  сұлтанды 

сайлауды  тек  болыстардың  қүқыгына  бөлді.  Приказды  тек  ага  сұлтан  гана  емес,  онымен  бірге  облыс 

бастыгы  арнайы бекітетін  екі  Ресей  заседателі  жэне екі  қүрметгі  қыргыз (қазақ автор) сайланады делінді 

«Жаргыда».  Сондай-ақ,  округ  эмірлігінің  штат бойынша  өз  кеңесі,  тілмашы  болады,  жэне  полиция,  сот 

билігі болады делінсе,  ішкі күзетгі арнайы жіберілетін желі казактарының жасагы атқарады деп жазылды. 

Ал, керек болган жагдайда бұл жасактардан қажетті деңгейде болыстарга да жіберу көзделінді.

-------------------------------------------------------------------

3

3



-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Вестник КазНПУ имени Абая,  серия «Молодой ученый. Поиски.  Проблемы.  Исследования»,  №1(5),  2015 г.

1822  жылы  бекітілген  «Сібір  казактары  туралы  Жаргы»  Орта  жүз  хандыгыньщ  саяси  тэуелділігін 

күшейтіп,  қазақ халқына бұрын-соңды болып  көрмеген қайғы-қасірет экелді.  Патшалық экімшіліктің бұл 

зандық құжаты  бойынша Арка  жұртын  орыс-казак атамандары  мен  и м п ер и ал и ст  шенеунікгер басқара- 

тын болды.  Ал дәстүрлі  хан билігі тарих сахнасынан  мүлдем жойьшды.  Беделді  би-сұлтандар түрлі  әдіс- 

тәсілдермен  мемлекетгік биліктен  ығыстырьша бастады.  Сөйтіп,  қазак жерінде  патшалық Ресейдің қатал 

эскери-оккупациялық  режимі  орнады.  XIX  ғасырдың  20-40  жылдарында  бүкіл  Орта  жүз  жерлерінде 

отарлық тірек пункт ретінде сегіз сыртқы округтер ұйымдастырылды.  Олардың басына «округтік приказ- 

дар»  қойыпды.  Әрбір  дуан,  «Жарғыда»  бекітілген  зандылыктар  бойынша  «салтанатты»  жиындармен 

ашылды. Дуандардың ашылу салтанаты,  патшалық экімшілік үшін мереке-той болса,  қазақ үшін «қайғы- 

лы  жиын»  еді.  Патша  экімшілігі,  халық  дегбірін  кашырған  «қаралы  жиындарынан»  соң,  Сарыарқаның 

жайсаң жайлауы  мен  мөлдір  өзен-көлдерін  иемденіп,  бүл жерлерге орыс-казак содырларын  орналастыра 

бастады.  Ақ  шагала  киіз  үйлерден  тұратын  қазақ  ауылдары  суы  жоқ  шөлейт  жерлерге  ыгыстырылып, 

оның  орнына  ат  қоралар  мен  бекініс,  горнизондар  салынды.  Әсіресе,  казак  содырларын  Арқаның  ең 

шұрайлы  жерлеріне  орналастыру  -   мемлекетгік  маңызы  зор  іс  есебінде  қарастырылды.  Тіпті  оларға 

арнайы заң  шығарылды.  Бүл,  барып  түрған  бассыздық еді.  Сондай-ақ,  қазақгар  үшін  бір дуаннан  екінші 

дуанга өтуі үшін арнайы билет шыгарылды.

«1822  жылғы  «Жарғыны»  іске  асыруда  бұл  казактардың  көмегі  аса  қажет.  Олардың  қазақ жеріне  өз 

еріктерімен  көшіп  келу  ынталарын  артгыру  керек делінді  бір қүжатта -  эрі  қарай,  онда:  ол  үшін түрмыс 

жағдайларына  қолайлы  деген  30  десятин,  тагы  қосымша  15  десятин  жер  бөлінсін,  жэне  өз  еріктерімен 

келіп  қоныстанушы  казак  семьяларына  қазынадан  бір  мезгіле  50  сомнан  қаржы,  ал  семьясы  бар  әскер 

қызметшілері  үшін  жеңілдік  ретінде  әскери  азық-түлік  бөлінсін»  [5,  15]  -  делініп,  басқыншылық  саясат 

ашықган-ашық айтылган еді.  Ресей,  экімшілігі тарапынан мұншама кұрметке ие болган казак содырлары 

казак  жерінде  емін-еркін  сайран  салды.  Қолдарындагы  карулы  күшке  сеніп,  бейбіт  халықтын  жерін, 

малын зорлықпен тартып алып, өздеріне дөрекі түрде қысым көрсегггі. Мүндай заманда орыс экімшілігіне 

арыз  айтып,  әділет  табу  -  казак  үшін  қиынның  қиыны  болды.  Үстерінен  эрдайым  кадагалау,  тексеру 

жұмыстары  дүрыс  жолга  қойылмагандыктан  приказ  заседательдері  де,  өкімет  атынан  бөлінген  билік 

пұрсатын теріс пайдаланды.  Облыстық эскери губернатордың Батыс-Сібір генерал-губернаторына жазган 

кұпия  мэлімдемесінде:  «кейбір  заседательдердің  қол  астындағы  қазақгарды  күшпен  басқарып,  орынсыз 

зорлық-зомбылық көрсетіп отырғанында күмэн жоқ» [5,2] -  деуі, жоғарыдагы ойды дәлелдей түскендей.



1 Казахско-русские отношения eXVIJI-XlX в. в: Сборник документов и материалов, - А-А.,  1961, -182 с.

2 Материалы по истории политического строя Казахстана. - А-А.,  1960 г.

 

-109 с.

3 Абдархманова 

Б. 

История  Казахстана.  Власть.  Система управления,  территориальное устройство  в  XIX 

веке. -  Астана,  1998.

 -  

132 с.

4 Учреждение  для управления  Сибирских губерний  Санктпетербург,  в  Сенатской  типографии.  1822  г.  (титул 

востановлен по Смирдину.

5 Казахстан 20-40 годы XIX века: 20-40 годы XIX века/Под ред. Жиенгалиев Н. 

Б. 

-Алма-Ата,  1992.  -400с.

Резюме. В статье,  на основе документальных материалов говорится об ослаблении традиционного органа власти 

в казахских степях и о политических изменениях в 20 годах XIX веке в Центральном Казахстане. На основе россий­

ской реформы вся территория казахской земли делилась на части, создавались внешние округи. Автор кратко анали­

зирует  реформы  в  казахской  земле  на  основе  административно-территориального  деления.  Так  же  говорится  о 

реформе повлиявшая на политические изменения и о последствиях на жизни местных казахов.

Резюме: ханство, реформа, округ, колониализм, власть

Summary. 

In this article,  based on documentary material tells about the weakening o f traditional authority in the Kazakh 

steppes and  political  changes  in  the  20  years  o f the XIX  century,  in  Central Kazakhstan.  On  the  basis  o f russian  reform  the 

entire  territory  o f Kazakh  land  was  divided  into  parts,  create  an  external  neighborhood.  The  author  briefly  analyzes  the 

reforms  in the Kazakh  land on the basis o f administrative-territorial  division.  Also talk about reform  to influence the political 

changes and the impact on the lives o f local Kazakhs.

Keywords: 

khanate, reform, district, colonialism, power



ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ МӘСЕЛЕСІ 

ВОПРОСЫ ЕСТЕСТВЕННЫХ НАУК 

PROBLEMS OF NATURAL SCIENCES

УДК 517.953



ДИСКРЕТНЫЙ АНАЛОГ МЕТОДА НАИСКОРЕЙШЕГО СПУСКА ДЛЯ ОБРАТНОЙ 

ЗАДАЧИ АКУСТИКИ В СЛУЧАЕ ГЛАДКОГО ИСТОЧНИКА

Г.А. Тюлепбердинова - к.ф.-м.н., КазНУ имени алъ-Фараби,

Б.К. Алимбаева -магистрант, КазНУ имени алъ-Фараби,

С.А. Адилжанова-магистрант, КазНУ имени аль-Фараби,

Л.Ш. Черикбяева-магистрант, КазНУ имени алъ-Фараби,

Ф.С. Телгожаева-магистрант, КазНУ имени аль-Фараби

В этой статье мы рассматриваем одномерное уравнение акустики,  которое описывает распространение акустиче­

ских  волн  малой  амплитуды  в  полупространстве  с  условиями.  Трудно  определить  одновременно  две  неизвестные 

функции,  поэтому  приведется  постановка обратной задачи определения  одной  функцией.  Введется  новые  перемен­

ные  и  функции.  Для  удобства  исследования  обратной  задачи  на  дискретном  уровне,  учитывая  вышеуказанный 

переход,  мы  рассмотрим  эквивалентную  задачу  к  исходной.  Далее  для  решения  обратной  задачи  минимизируется 

целевой  функционал  и рассматривается  дискретный  аналог  метода  наискорейшего  спуска,  применительно  к обрат­

ной  задаче  акустики  в  случае  гладкого  источника.  Выводится  градиент  функционала  в  дифференциальном  и 

дискретном случаях. Описывается алгоритм решения задачи.

Ключевые  слова: 

обратная  задача  акустики,  дискретный  аналог,  целевой  функционал,  метода  наискорей­

шего спуска



Абай атындагы ҚазҮПУ-нің Хабаршысы,  «Жас галым.  Ізденістер.  Мэселелер.  Зерттеулер» сериясы, №1(5),  2015 ж.

Вестник КазНПУ имени Абая,  серия «Молодойученый.  Поиски.  Проблемы.  Исследования», №1(5),  2015 г.

4 Искаков К. Т.  Метод наискорейшего спуска в обратной задаче геоэлектрики // Вестник КазНУ.  - 2002.  - Т . 2 , -  

№30. - С.  79-86.

5 Кабанихин  С И ,  Искаков К. Т.  Обобщенное решение обратной задачи для уравнения колебания //Докл.  РАН.  - 

2000.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал