ҚОҒамдық Ғылымдар мәселесі вопросы общественных наук



жүктеу 1.01 Mb.

бет3/12
Дата09.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Кілт сөздер: лиризм, проза, кейіпкер мінезі, казіргі қазақ прозасы

Мінез  -   адамның  ішкі  болмысы,  белгілі  қоғамдық  жагдай  қалыптастырған  қогамдық  кұлқы,  барлық 

психологиялық ерекшеліктерінің жинытығы. Авторлық мінездеме дегеніміз біздің түсінуімізше автордың 

төл  шығармасында  орын  алган  кейіпкерлерге  берген  анықгамасы.  Мінез  жоқ жерде,  Л.И.  Тимофеевше 

айтсақ,  ақиқатгы  «адамдандыру»  мүмкін  емес.  Ал  біз  әдебиетте  ақиқат шындықгы тек  адамдар  арқылы 

ғана танитынымыз  белгілі.  Сондықган  өз  шығармасында  «өндірістік  процестерді  суретгеудің тасасынан 

болар  -   болмас  бұлдырап  көрінетін  кері  ауызданған  мәнекендер»,  емес  толық  қанды  көркем  образдар 

жасагысы  келген  суреткер  бар  шеберлігін  өмір  шындыгын  жинақгаумен  катар  адам  мінезін  даралауга 

жұмсайды.  Суреткер  үшін  керемет  қиын  нәрсе  «адамның жаны  мен жүрегіндегі  көзге  ілінбес  көп иірім- 

дерді» (Гоголь) табу, тану жэне жазу.

Характерология жалпы психологияның бір  гармагы болгандыктан,  көркем көркем туындьщагы автор- 

льщ  мінездемелердің  орны  белек.  Эдебнет  сабагында  осы  мэселеге  арнайы  көңіл  аудару  қажет,  -  дейді 

галым Б.Майтанов /1.  8/.

Мінездеу,  жанама  мінездеу,  адамга  тэн  күйініш,  сүйініш  сезімдерді  суретгеу,  адамның  өз  сөзін 

(монолог)  немесе  өзгемен  сөйлесуін  (диалог)  келтіру  -  осылардың  бәрі  жеке-жеке тұрган,  біріне-бірінің 

қатысы  жоқ  дара  мақсатгы  (самоцель)  нәрселер  емес.  Керісінше,  бірін-бірі  толықгырып,  бірінен-бірі 

туып,  біріне-бірі жалгасып жатқан дүниелер...  Мұндай бірліксіз бұлар адам  мінезін де, тұлғасында жасай 

алмаган болар еді (2.95).

Қазақ  прозасындагы  ерекше  назар  аударуды  қажет  ететін  де  жайттардың  бірі  -   осы  мінез  мәселесі. 

Өйткені,  көркем  шыгарма,  оның  ішінде эңгіме жанры да өмір  шындыгын  қалай болса солай, талгамсыз, 

тарихи жагынан  негізсіз  етіп алмай,  белгілі  бір жайды белгілі  бір  қогамдық-әлеуметгік орта шындыгына 

сай, тарихи жагынан нақгылы алып суреттейді. Демек,  мінез жоқ жерде тарихи оқига,  әлеуметтік жағдай 

шындыгы көрінбейді де, керісінше әлеуметгік орта, оның шындыгы ашылмаган жерде мінез жоқ.

Лирикалық проза көркемдік ағым болса, лиризмді тарихи-генетикалык тұргыдан өнердің тектік қасие- 

ті  деп,  авторлық  позиция  орайында  бейнелеу  принципі  ретінде,  эдеби  процесс  өлшемімен  тенденция, 

творчестволық типология талабымен стильдік кұбылыс, мазмұндық-кұрылымдык аяда компонент есебін- 

де танып-қабылдауга болатын тэрізді.

Бүгінгі  қазақ әңгімелерін  барлаганда байкалатын тагы  бір  нэрсе -  қаламгерлеріміздің  өз  кейіпкерінің 

-------------------------------------------------------------------   13  -------------------------------------------------------------------


Вестник КазНПУ имени Абая,  серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы.  Исследования», №1(5),  2015 г.

жүріс-түрысын  ежіктеп  кетпей,  олардың  ішкі  жан-дүниесіне  зер  сала  бастағандары,  қаһарманның  іс- 

эрекетін жан-дүниесімен сабақгас алып суреттеуге ден қойғандары.  Әрине, бұл басқа жанрларға Караган­

да  шагын  әңгімеде  кейіпкердің  бүкіл  рухани  элемін  ашып  тастау  әлдеқайда  қиьш,  элдеқайда  күрделі 

екендігін  ескермеске  болмайды.  Әңгіме  жанрында  кейіпкер  психологиясын  терең  де  толымды  ашу 

мүмкіндігі повесть-романга Караганда әлдеқайда шектеулі. Дегенмен, психологизмнің элементгері эңгіме- 

де де жоқ емес.  Айталық,  Т.Нұрмагамбетовтың “Жэрдемші” эңгімесінің өзегі -  бас  шопан  Қабылдың  өз 

жәрдемшісіне  қамшы  жүмсап,  орнынан  босауы,  содан  байырғы  әріптесі  Алдашбекке  жәрдемшілікке 

келуі.  Бұл жерде  назар  аударатын  нәрсе -  екі түрлі жағдайда суретгелетін  Қабылдың мінезіндегі  өзгеріс, 

Қабыл психологиясындагы құбылыс /3.90/.

Әңгімеде  ескі  козқарастарынан  азап  шеккен  Қабьиідың  қайшыласқан  сезімдері,  асып-тасыган  көңілі- 

нің  сабасына  түсуі,  рухани  дүниесігндегі  өзгерістер  ккөрінеді.  Бұл  жердегі  қабыл  психологиясы  бір 

күйден екінші күйге ауысып,  кұбьшып отыруымен  қызық.  Мысалы,  екі  айтқызбайтын елгезек жэрдемші 

тапқанына  риза  бас  шопанның  алғашқы  ойы:  “баяғының  кұл  жұмсаған  байлары  да осындай  рахат  көре 

алды ма? Жоқ па?... Эй, дэл  осындай тілсіз жәрдемші ж үрпты ң бэрінде бола береді дейсің бе? Кітаптар- 

дан  окып  жүрміз  ғой...  Иесін  сабап  кетеді”,  -  деп  келсе,  өрісте  жүріп,  атынан  түскен  кездегі  ойы:  “Ол 

болгаңда қолтығымнан демеп жіберетін еді-ау.  Атгың шылбырын жинап, ердің басына өзі  іліп,  қамшым- 

ды  әперіп тұрар  еді-ау” /4.187/.  Қабылдың асып-тасыган бұл  психологиясы,  бұдан кейінгі жүріс-тұрысы, 

ірі-ірі  шыга  бастаган  сөздері,  өрісте  өзі  сияқгы  бас  шопан  Алдабекпен  кездескен  сэтгегі  Сьфдың  суы 

сирагынан  келтірмейтін  эңгімесі,  ферма  меңгерушісі  мен  совхоз  директорын  кұйысқанына  қыстьфмай, 

әлемдік мэселелерді қозгап кететін кездері әдемі юмормен, ұтымды диологтармен берілген. Ал мұндайда 

көңілге күдік ала бастайтын оның тындаушысын (Агщашбекті)  жазушы:  “Осы әңгіменің аягы  бір  пэлеге 

ұшырап жүрмесе  етгі”  дегендей түсі  қашып отырады“,  - деп  суретгейді.  Мұнан  Алдашбектің Қабылдай 

емес момьш, жуас жан екенін көреміз, бастықтары жөніндегі әңгімеден тартыншақгап, сақганып отырган- 

дыгын, ягни мінездеріндегі ерекшеліктерді аңгарамыз.

Осылайша әңгіме  кейіпкерлерінің ой-толганыстары,  мінез-қүлқы  мен  көңіл-күй ерекшеліктері  нақгы- 

лы  ситуациядан,  сыртқы  жағдайдан туындап жатады.  Олардың рухани  дүниесіндегі  сілкініс,  акгарылган 

сезім,  шарықгаган  қиял  бір-бірімен  байланыса  келіп,  бірін-бірі  толықтыра  келіп,  кейіпкер  жаныньщ 

диалектикасьш,  сезімдер  қозгалысының  суретін  жеткізетін  эдемі  өрнек  кұрайды.  Тіпті  осындагы  кейіп- 

керлердің  рухани  дүниесіндегі  өрлеуді  көрсету  үстінде  бүгінгі  эдеби  шыгармамызда  көп  кездесетін 

үлгілердің -  гипербола элементтерінің ұшырасуы, бұл эңгіменің табысы. Мүның өзі гипербола элементте- 

рін тек ауыз  әдебиетінде  гана емес,  бүгінгі  әдебиетімізде де  шыгармашьшықпен  пайдалана білгендігінің 

нәтижесі.

“Қабыл  Алдашбектің  қолынан  жетелеген  күйі  зорлангандай  етіп,  сан  мүхнтгы  саптама  етіктермен 

кешіп  өтіп,  америкага апарады.  “Қабылжан-ау,  Америка менің не теңім,  ауылга апаршы” дегенін тында- 

майды.  Және  білмейтіні  жоқ.  “анау Ақ үй,  мынау Көк үй” деп жагалап  корсете жүріп, ЦРУ-дың жанына 

келеді. “Біраз пэле осы жерден басталады, біліп қой” дегендей сол үйге қарай Қабыл саусагын шошайтып 

тұрып алады.

...Қайтарда тагы да элгі мұхитты саптама етіктерімен кешіп өтіп, Египет пен Израильдің жеріне согып, 

Ирак  пен  Иранның  шекарасына  келеді.  Шекарада  қабыл  бір  алақанын  Иранга,  екінші  алақанын  Ирак 

жаққа жайып түрып, оларды мүсіркегендей “Ау, мына бейбактарга не жоқ” дейді.

Мүнда  ауыз  әдебиетіндегі  үлгі  сол  күйінде  қолданылмайды,  бұлардың  арасында  үлкен  сапалық 

өзгешелік бар.  Эпостық жырда кұтан мен Қарабай, қүлан мен бұлан, алты айшылық жер тілге тиек болса, 

бұл  әңгімеде  метеоритгер,  астероидгер,  галактика,  Мүхат,  Ақ  үй,  ЦРУ,  Египет  пен  израиль,  Иран  мен 

Ирак секілді бүгінгі ұгымымызга тэн терминдер қолданылады /5.15/.

Қазіргі  танда  жазушы  Тынымбай  Нүрмагамбетовтің  қазақ  эдебиетінде  өз  отауы,  төл  әлемі  бар. 

Т.Нұрмагамбетов шыгармалары жеке дара бір жаркын күбылыс болып  отьф.  Жазушы  шыгармаларының 

қай-қайсысы да үлкен жүк көтеріп тұрған туындылар. Атап айтсақ, “Қош бол, ата”, “Қарлыгаштың үясы”, 

“Он  төрт  жасар  жігіт”,  “Түкпірдегі  ауъіл”,  “Дарияның  аргы  беті”,  “Түнық  су”  секілді  бірнеше  повесть 

жэне  “Қауын  иісі”,  “Әже”,  “мазасыз  түн”,  “Жүрек  жылуы”,  “Жалғыз  шартақ”,  “Менің  інілерім”,  “Ата 

қоныс”,  “Әлі  шалдың  қыздары”,  “Сушы”,  “Шашубай”,  “Таңгы  жауын”,  “Жаздың  қысқа  түні“,“Тойдан 

кейін”, “Жэрдемші”, “Екі мая шөп” т.б. эңгімелері соның дэлелі.

Т.Нүрмагамбетов  шыгармаларындагы  туган  жерге  деген  махаббат,  еңбек  адамдарының  толыққанды 

мүсіні, терең реализм мен психологизм,  нүрлы ирония арқылы қарапайым, халықгық характерлерді ашу -  

міне  қаламгерге  кажет  ерекшеліктердің  түрлері.  Ол  -  өз  тақырыбы  бар,  айтары  бар  жазушы.  Ол  өзінің 

“Қош бол, ата” повесінен бастап концепциялы жазушы болып келеді.  Ол не концепция. Ол -  туган жерге

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- —

----------------------------  

14

 

------------------------------------------------------------------------------------ =-------------:-----------------------------------------------------------------------



Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің Хабаршысы,  «Жас галым.  Ізденістер.  Мэселелер.  Зерттеулер» сериясы, №1(5),  2015 ж.

деген  сүйіспеншілік,  қарапайым  еңбек  адамдарының  ұлылығын  жырлау.  Сол  себепті  де  оның 

кейіпкерлері  -  пэк,  таза ойлы  жеткіншек,  басына тағдыр тауқыметі  түскен,  жол  айрыгында түрган  бала 

Көктембай  (“Қош  бол,  ата”),  Шорман  (“карлыгаштың  үясы”,  Елжан  (“Тұнық  су”).  Осы  Бала  бүгініне, 

болашагына алаң, туган жер топырағьша тэу етіп, ел дәстүрін жалғастырып, адамгершілік ар, жеңісі үшін 

бас тігіп жүрген қарт Жөкең (“Қош  бол,  ата”),  Нұржан -  (“Қауын  нсі”),  Қамқа  кемпір (“жүрек жылуы”), 

тагы басқалары. Т.Ңұрмағамбетовгың ту етіп көтерері -  тазалық, туған жер табигатының тазалыгы.

“Тындашы,  мені,  ата...  бұл  мен  ғой,  Көктембаймьш.  Саған  бүгін  кімдердің  келгенін  білесің  бе? 

Толасбай,  Шодыр  көкем...  қабылдама,  олардьщ  құранын,  ата,  қабылдама...  Тыңдама...  Көкемнің  бүгін 

мені қалай ұрганнын көрсең...

Ата,  мен оларды жек көремін.  Бэрін де..  Шодыр өз тайқыларымды  өзіме беормейді,  зорлықшыл.  Мен 

элі үлкейгенле оған көрсетермін.

Ата,  Толасбайдың  күмбездеп  үй  соғу  керек  дегенін  естідің  бе?  Мен  естідім,  керегі  жоқ.  Керегі  жоқ, 

күмбездеген үйінің. Мына өзіңнің жүп-жұмсақ, таза топырагьщ-ақ жетеді.”

Жер қүшагында жатқан атасы моласының басында отырган бала Көктембай үлкендердің екіжүзді- 

лігіне ашулы.  Осы ретте өз әкесін де аяп отырған жоқ.  Қадірлері -  туган жердің тап-таза,  жұп-жұмсак 

топырағы.

Осы терең ой, ақиқат пікір -  Т.Нұрмағамбетовтың бүкіл творчеетвосына арқау болған. “Қарлығаштың 

үясы”, “Үшінші  кластың жетекшісі”, “Көгілдір аспан”, “Дарияның арғы беті”, “Түкпірдегі ауыл”, “Түнық 

су”,  “Бойтұмар”  повестерінде де,  жазушының барлык эңгімелерінде де  көтеріп түрган  күш-тірек -  туган 

жер.  Бастарына  қандай  күн  туса  да,  Тынымбай  Нүрмағамбетов  кейіпкерлері  туган  жерден  кетпейді, 

ауылды айнала жүреді /18.94/.

Т .Нұрмагамбетовтың қарапайым бала, жігіт-қыз, егде-ересек, шал-кемпір кейігасерлерінің бәрі дерлік -  

дара,  дана  адамдар.  Халықгың  қалың  ортасынан  шыққан  өкілдер,  типтік  жағдайдан  жаралған  типтік 

тұлғалар. Қазақы, халықгық хараетерлер.

Жазушының көрнекті  шығармасының бірі  -  “Түнық су  ”  повесі.  Бүл  повесінің маңыздылығы  -  бала 

Ержанның суық бауыр анасы Салияны,  сұлу астананы тастап,  Мүңсызбай ауылына келуінде де емес,  Ол 

повестің жас  ұрпақгы  туган  жерін,  табиғат-ананы  сүюге  баулитындыгында.  Ол  туған жердің табигатын 

тамаша  бейнелейді,  көзге  елестетіп,  көңілге  бейнелейді.  Шыгарманың  әрбір  эпизоды,  детальдары, 

пейзаждары, диалог, монологтары Т.Нүрмагамбетовтың қарапайым, кішкентай нәрселер арқылы түбегей- 

лі үлкен мэселелер көтеріп, кесек образдар сомдап, элеуметтік ірі, күрделі ойлар айта білгендігіне дәлел.

Бір қызыгы -  “Қош бол, ата”, “Тұнық су” повесінің басты кейіпкері балалар болса, “Бойтұмар” повесі- 

нің басты  кейіпкерлері -  ересектер,  орта жастагы адамдар.  Мұның өзі де жазушы творчествосындагы бір 

ерекшелікті, игі бетбұрысты байқатса керек.

Т.Нұрмагамбетовтың “Қарлыгаштың ұясы” повесінде аңыз, ертегілерді көркемдік тэсіл ретінде пайда- 

ланса, кейінгі шыгармаларында мүндай әдіс-амалдарды, әдебиетте бүрыннан бар,  пайдаланылган үлгілер- 

ді қолдану жоқ.

“Түкпірдегі ауылда” таза реализм,  психологиялық зертгеу алдыга шыкса, “Түнық суда” тагдыр тарты- 

сы, драматизмі қоюланьш,  ащы да ауыр тагдыр, терең реализм билік алып, Елжанды -   қаршадай баланы 

тыгырыққа тіреген.  Оның табигатты ая-ауқым  ретінде еуреттеу,  адамдар  мінез-қүлқын,  психикасын  қаз- 

балай, қадагалай ашы қосылганда шьггарманың шынайылыгы, шымырлыгы артатүсетіні түсінікті /18.91/.

“Түішірдегі  ауыл”  -   қүрылымы  қызық,  тұтас  алганда  да  бұлшық  етгей  түйілген  шымыр  шыгарма. 

Онда дәстүрлі тартыс,  конфликт,  жагымсыз  кейіпкер жоқ емес.  Шагын ауылдың төрт түрлі  аптал  азама- 

тын алу арқылы жазушы шалқар  өмірдің шындыгын алга тарқан. Повесть керагар да қызықгы, қатпарлы 

да күрделі мінездер сомдаумен қүнды.

Мұндагы  бригадир,  ауыл  бас  көтерері  Әлібек,  қырсьщ,  бірақ  ер,  мәрт  мінезді  жігіт  Қигашбек,  ерке 

ақылды,  тентек  келін  Нәзила,  ауьш  ақсақалы,  Жңделінің  жүлыны  мен  даналыгы  тектес  Тэукебай  қарт 

бейнелері  Тынымбай  Нұрмагамбетов  шыгармашылыгында  гана  емес,  күллі  кешелі-бүгінді  қазақ  проза- 

сындагы  тың,  тосын,  құнарлы  мінез-характерлер  Нүрмагамбетов  шыгармаларындагы  соны  жаңалық 

деуге болгандай.

Жазушының  алгашкы  шыгармаларынан  Б.Майлинге  еліктеуді,  Шыңгыс  Айтматов  әсерін  көрсек, 

кейінгі туындыларынан Тынымбай Нүрмагамбетовтың өзін көреміз.

Бұл  -   Тынымбай  Нүрмагамбетов  атты  жазушының  кемелденгенін,  толысқандыгын  көрсетсе  керек. 

“Ең  парасатгы  проза,  -  дэл  жэне  қысқа  жазылган  проза”,  -  деп  А.С.  Пушкин  айтқандай,  көркем  эңгіме 

қазіргі  әдебиетіміздің көтерер жүгі  үлкен  бір жанрына  айналып  отыр.  Жыл  сайын жеке  кітаптарда,  мер- 

зімді  баспасөз  беттерінде  көптеген  әңгімелер  жарияланып  келеді.  Мэселен,  Тынымбай  Нүрмагамбетов-

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1 5


------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ *--------------------------------------

Вестник КазНПУ имени Абая,  серия «Молодой ученый.  Поиски.  Проблемы.  Исследования», №1(5),  2015 г.

тың “Тұнык су”  атгы  кітабындағы  “Көкөзектің қауыны” әңгімесін  алайык.  Асылы,  жазушы түсіндіруге, 

ұзақ-сонар  баяндауға ден  қойып  кетпеуге,  кейіпкер  мінез-кұлкын,  жалпы  адамзат табигатын  деталь,  тіл 

арқылы  жеткізуге  қүмар.  Кейіпкерлер  табигатын  олардың  өз  сөздері  арқылы  танытады.  Характер  мен 

орта  сәйкестігін  де  ұмытпайды.  Мәселен,  бапасына  болыспай,  қарағайдай  қатқан  қырсық  шал  базарға 

барысымен ол мінезімен қоііггасады. Базарга бірінші рет кеп саудаласқан кемпір-шалдың “нарық” дегенді 

білмей  дағдарулары  да  қызық.  Қамқа  кемпір  сатып  алушыларға:  “Шырагым,  өзің  қаншага  алгың  келіп 

түр.  Сол ойындағыны берсеңші” десе,  Қаратемір  қартгтың “сатушы мен ғой,  жұрттың тілін табайын деп 

емес,  бұл  жұрт менің тілімді тапсын” деп түруы,  тэкаппарсынуы  эрі  табиги  эрі  күлкілі.  Осы  сөйлемдер- 

ден-ақ,  олардың  кескін-келбеті  елее  бергендей.  Демек,  жазушы  характерді  тілдік  детальдар  аркылы  да 

таныта алган.

Адам образын жасау -  көркем шығармаға қойьшар негізгі талап екендігі белгілі. Образ жок шығармада 

тағдыр  жоқ.  Ал  адам  еуреттелмеген  туындыда  өмір  тынысы,  тіршілік  ағымы  бар  деп  айта  алмаймыз. 

Осындай талап түргысынан  Караганда,  тынымбай  Нүрмагамбетовтың  кейіпкер табигатын танытуға ғана 

емес,  өмірлік  материалдың,  оқиға-әрекеттің  ой  саларлық  қырларына  көбірек  үңілуін  де  айту  керек, 

Аталған эңгімедегі сауда,ға ебі жоқ аңқау карттарды алдап, жер союырар жантасқа байланысты ситуаци- 

ялар соның дэлелі.  Ал,  Қаратемір  мен Қамқаға базарга келген балалы  эйелге жаны ашып,  кауынды тегін 

эрі кезексіз бергеніне де сенесіз.  Ойткені,  бүл автордың қисынсыз,  күшпен  қиыстырганы емес,  характер- 

лердің бойына сиымды, шамасына шақ әрекет.

Әдебиеттану пэнінің негізгі нысаны -  адам болгандыктан, оның сыртқы дүниемен байланысы, рухани- 

психологиялық табигаты, адамгершілік сапасы жэне басқа да қасиеттерін бейнелеп  көрсетудің сан гасыр- 

лық тэжірибесі бар. Әйтсе де, қогам алга жылжып, уақыт өзгерген сайын танымы қиын жаратылыс -  адам 

турасында жаңа білімдер жинакталады, өзіндік жаңа көзқарастар туады.

Қогамды  жасактаушы  адам  тұлғасын,  оның  ішкі  дүниесін,  ой  элемін,  барша  жұмбақгы  болмысын 

зертгеп  қана  қоймай,  жеке  түлганың  жан-жақты  қалыптасуьша,  рухани  игіліктерді  бойына  жинақгауга 

ықпал ететінімен ерекшелетіні рас.

Адам  -   қогамдық  та,  рухани  да  қүбылыс.  Қогамның  дамуындагы  өзгерістер  адам  санасына  ықпал 

етпей  қоймайды.  Сол  себепті  адамның  қогамдық  қыры  мен  индивид  ретіндегі  жеке  психологиясы  бір- 

біріне  тәуелді  қарастырылады.  Адамның  жеке  басында  жүріп  жататын  мінездік  ерекшеліктер,  ішкі 

қайшылықтар өміріндегі кейбір  окигалар автордын концепциясынан туындайды.  Автор кейіпкер арқылы 

өзі мұрат еткен идеяны жеткізуге тырысады. Сондықтан да кейігткер бойындагы авторгатэн кейбір мінез- 

қүлықтар  осыган  байланысты.  Ол  көбіне  кейіпкерді  ішкі  түйсігі  арқылы  сезініп,  багалап,  жүйелеп, 

тшггендіріп  алып  сомдайды.  Адам  табигатына  уақыт  агымы  мен  қогамдыгы  ірі  өзгерістердің  тигізетін 

ықпал-әсері айрықша. Осьщан авторга айналган кейіпкер қогам аясында жеке тіршілік ете бастайды.

Қорьгга  айтқанда,  әдебиеттегі  адам  образын  жасаудың  жолдары  мен  тәеілдері  көп  және  әр  алуан. 

Жалгыз-ақ,  жазушы  шын  мәніңдегі  шебер,  зергер  болуы  шарт,  сонда  ол  қолданган  әрбір  амал  адам 

образын ашуға қызмет етеді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетін (портретін) де осы 

түргыдан түсінген жөн.  Бүгінгі  қазақ прозасында жаңалыктар баршылық,  ол  өмір  жаңалықгарына жедел 

ілесуімен,  оның бір  қырын көрстсе де,  бірегей  көрсетуімен,  басқаша айтсақ,  көркемдік-идеялық деңгейі- 

нің осуімен көзге түседі. Түйіндей айтқанда, қазақ прозасы - өсу, толысу, даму үстіндегі жанр.



1 Ақшолақов Т.  Шыгарманың көркем айшықтарын таныту. -  Алматы: Рауан,  1994. -  224 бет.

2 Қабдолов 3.  Сөз өнері.  - Алматы: Қазақуниверситеті,  1992 - 350 бет.

3 Пірәлиева А. Ішкі монолог. -  Алматы,  1995 -1 7 0  бет.

4 Сөзстан.  5-кітап.  - Алматы: Жалын,  1984,  - 220 бет.

5 Керейқұлов Қ.  Теңізге түскен желқайьщ. -  А.: Жазушы,  1991.

Резюме. 

Лиризм  как  одна  из  существенных  черт  казахской  современной  прозы  обусловлена  характерным 

для  прозы  последних  десятилетий  усилением  роли  художественного  субъективизма.  Это  значить,  что  картина 

мира передается личностное восприятие автора,  который  весь жизненный  поток  пускает через себя,  «пережива­

ет»  его.  Он стремится  открыто  и  откровенно  выразить свои  идейно-политические  позиции,  взгляды  и  представ­

ления  о  социально-этических  нормах  и  принципах  поведения  человека,  его  высоком  предназначении  в  мире  и 

ответственности перед ним.

В  данной  статье  объектом  исследования  являться  лиризм  как  существенная  черта  казахской  прозы.  Особое 

внимание уделено анализу идейно-эстетических позиции ряда современных прозаиков.

Ключевые слова: 

лиризм,  проза, характер персонажа, казахская современная литература

Summary. Lyricism as one of the essential  features of the Kazakh modern prose fiction due to characteristic of the  last 

decades the increasing role of artistic subjectivity. This means that the picture of the world is transmitted personal perception 

------ -------------------------------------------------------------1 6 ------------------------------------- ----------------------------------


Абай атындагы ҚазҮПУ-нің Хабаршысы,  «Жас галым.  Ізденістер.  Мэселелер.  Зерттеулер» сериясы, №1(5),  2015 ж.

of the  author,  who  let  the  entire  life  flow  through  you,  "experiencing"  it.  He  seeks  to  openly  and  honestly  express  their 

ideological and political positions, views and  ideas about the social and ethical norms and principles of human behavior, his 

high purpose and responsibility in the world in front of him.

In this article, the object of study is the lyricism as an essential feature of the Kazakh prose. Particular attention is paid to 

the analysis of ideological and aesthetic positions of a number of contemporary prose.



Keywords:  lyricism, prose, character of the character, Kazakh modem literature

ӘОЖ: 94(574).084.91



ФРАНЦУЗ ТАРИХШЫЛАРЫНЬЩ ЕҢБЕКТЕРШДЕ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ 

(XX ҒАСЫРДЫҢ EKIHIUI ЖАРТЫСЫ XXIҒАСЫР БАСЫ)

А.А. Дүнсембаева -А бай атындагы ҚазҮПУ,  6М020300 -  «Тарих» мамандыгының 2-курс магистранты

Мақалада  XX  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  XXI  ғасыр  басындағы  француз  тарихнамасындағы  Қэзақстан 

тарихы мәселелері қарастырылган. Автор  Э.Каррек д’Анкос, Ж.Соваже,  К.Пужоль, И.Огайон,  Ал.Беннигсен сынды 

француз тарихшыларының қазақ тарихына байланысты еңбектерін жан-жакгы талдайды.  Аталмыш  француз тарих- 

шыларының еңбектерінде Ресей империясының Қазакстанды отарлауы,  1920-30 жылдардағы куштеп ұжымдастыру, 

кеңес империясыньщ ыдырауы, тәуелсіз Қазакстан Республикасының саяси багытгары қамтылған. Француз тарихна- 

масында қарастырылған аталмьгаі мэселелер казак тарихынын актаңдак тұстарын ашуға, шынайы тарихтьі жазуға өз 

септігін тигізеді.

Кілт сөздер: тарихнама, Қазакстан тарихы, кеңестік отарлау, империя, идеология, ұжымдастыру

Кеңес  Одагы  тұсында  қазақ  тарихы  маркстік-лениндік  идеологияның  қүрсауында  қалып,  қазақ 

тарихының актандақ тұстары мүлдем зертгелмей кавды.  Сондай-ақ, Қазақстанның тарих гылымы Батыс- 

тың қоғамдық пікірінен оқшауланды.  Бүл өз кезегінде дүние жүзілік тарих ғылымдарының жетістіктерін 

пайдалана  отырып,  қазақ  халқының  шынайы  тарихын  жазуга  мумкіндік  бермеді.  Қазақ  тарихының 

мэселелері  АҚШ,  Англия,  Франция,  Германия  сияқты  Батыс  елдері  галымдарының  еңбектерінде  өткен 

ғасырдан  бері  зерттеліп  келгеніне  қарамастан,  олардың  еңбектері  қазақ тарихшыларына  белгісіз  бблып 

кала  берді.  Сондай  қазақ  галымдарының  ортаеында  белгісіз  болып  келген  француз  тарихшыларының 

еңбектерінде Қазақстан тарихының мәселелері туралы маглүматтар алуга болады.

Француз  зерттеушілерінің еңбектерінде Қазақстанның отарлау  кезеңі тарихын  зерттеуге басымдылық 

берген.  ¥ л т тарихының аталмыш мәселесі күрделі қүқықтық-әкімшілік кешеннен,  элеуметгік-экономика- 

лық,  сонымен  қатар діни  мәселелерден,  білім беру  мен ұлтгық үрдістерден түрады.  Қазақстанның Ресей 

қүрамына ену туралы интерпретациясы Францияның саяси-ңцеялық өмірімен қатар жүруі француз тарих- 

шыларының  назарын  аударды.  Бүл  өз  кезегінде  Қазақстанды  Ресей  империясыньщ  отарлауы  мәселесі 

француз  тарихнамасындагы  1830  жылдан  бүгінгі  күнге  дейін  гылыми  ортада  қызыгушылық  тудырып, 

зерттеу жұмыстары толастамады.

Қазақ даласын патшалық Ресей империясыньщ отарлауы туралы Жогаргы зертгеу мектебінің мүгалімі 

Ж.Соваженің  «Шыгыс  мүсылмандар  тарихына  кіріспе»  [1,  191],  И.Тротинонның  «КСРО-ның  күрылуы 

мен  дамуы»  [2],  Ж.Радванидың  «КСРО:  үлты  мен  аймагы»  [3]  атгы  еңбектерінде  қарастырылған.  Бүл 

мәселені Ж.Радвани XVIII гасырдагы оқиганы казак даласының ішкі жаңаруының қажетгілігінен туында- 

ган  жагдай  деп  багалайды.  Кеңес  тарихнамасында  Қазақстанның  Ресей  қүрамына  енуінің  «прогрестік» 

сипатқа ие болганын атап өту қажет.

Белгілі  француз тарихшысы  Э.Каррер д'Анкостьщ «Еуразия  империясы:  1552 жылдан  қазірге дейінгі 

орыс  империясыньщ  тарихы»  атгы  монографиясында  Қазақстанды  Ресей  империясыньщ  отарлауы 

еуразиялық  теория  түргысынан  баяндалады  [4].  Автордың  пікірінше,  Иван  Грозный  мен  ¥ л ы   Петрдьщ 

ислам  дініне  шектеу  қойганына  қарамастан,  Ресей  империясы  мүеылман  дінін  ұстанатын  халықгармен 

қарым-қатынасын әрі қарай жалгастырды.

Ресей  империясыньщ  қазақ даласын  отарлау  саясаты  экономикалык  қызыгушылыктан  туындаганды- 

гын  алга тартатын  галымдар да  бар.  Суармалы  жерлерді  қарастырган  зертгеуші  В.Фурньо  анналдардың 

мектептерінен калган,  географиялық тарихтың әдістерін пайдалана отырып  ирригацияны  қазақ даласын- 

дагы  аймактық  өмір  сүруге  талпыну  концепциясына  негіздеп  өңдейді  [5].  Автордың  келесі  бір  «Орта 

Азияның тарихы»  атгы  еңбегінде  XVIH  гасырда  қазақ даласы  мен  Орта Азияның барлық  аймактарында 

ілгері  жылжи  бастаган  орыс  экспансиясының  бірнеше  кезендерін  атай  отырып,  алгашқы  кезеңі  1740 

жылдан  бастау  алгандыгына  токталады  [6].  Қозгалыс  Ресей  империясы  жаңаруының  ішкі  кажетгілігі 

бойынша  жэне  мүсылман  қауымына  жүргізілетін  саясатгың  өзгертілуіне  байланысты  туындады.  Ғалым 

-------------------------------------------------------------------17  ----------------------------------------- ------------:----------------



Вестник КазНПУ имени Абая,  серия «Молодой ученый.  Поиски.  Проблемы.  Исследования», №1(5),  2015 г.

Ресейдің  халықаралық  байланысының  даму  контексті  негізінде  қазақ  даласындағы  орыс  экспанциясын 

жалпы Орта Азияны отарлаудың бастапқы кезеңіне теңеп, қарастырады.

Француз тарихшыларының еңбектерінде  қарастырылған  келесі  бір  мәселе  ретінде  қазақ дәласындағы 

үлт-азаттық  кетерілістерді .атауга болады.  Француз тарихнамасы  «бірыңгай тасқын»  теориясынан  бастау 

алады.  Қазақгардың  азаттық  жолындағы  күрееінде  КСРО-ньщ  күлауына  дейін  өмір  сүрген  «кеңестік 

колониализмнің»  концепциясын  кайталайтын  көтерілістің тізбекті  әсерін  көруге  болады.  Келесі  методо- 

логиялық  ықпал  -  белгілі  бір  тарихи  кезеннің  этникалық аздыгы  мен  лауазымды  ұлпарды ң  әлеуметгік 

жэне  экономикалық  теңсіздіктен  туындайтын  қактыгыс  теориясына  негізделді.  Яғни  ұлт-азатгык 

кетеріліс -   қазақ халқының ұлттық бірлестігіне  қауіп төндірген,  орыс  колонизациясына жауап  ретіндегі 

қозғалыс болды.

Ғалым Э.Каррер д'Анкосс Орта Азияның тарихын зерттей отырып, оны ұлтгық тарих бойынша басты 

деректерден  тұратын  көптеген  методологиялық  мәселелермен  байланыстырады.  Ол  1917  жылга дейінгі 

Ресей  империясындағы  мұсылмандар  халқыньщ  тарихы  элем  мұсылмандарының  жалпы  тарихының 

контексінде гана зертгелді деп есептейді.  Ал  1917 жылдан кейін ол КСРО-дағы Орта Азия интеграциясы- 

ның  контексінен  бөлініп  шыгады.  Автор:  «Ұлттық  даму  -   карама-қайшы  екі  тенденцияның  жалғасы, 

ұлттардың, мемлекетгердің, үлтгық мәдениеттің дамуы, сонымен қоса ұлтгардың жойылуына, қысымына 

ықпал ететін бейімделудің бір түрі болып табылады»  [7], -  дейді.

¥лт-азатгық  көтерілістің бастапқы  кезеңінде  қазақ халқының  ру-тайпалық ұйымдарының  қүрылуына 

себепші  болған  идеологиялық  дәлелдің  мақсаты  мен  тапсырмаларының  төменгі  дәрежедегі  деңгейі 

қарастырылады.

«Мүсылмандар элемі  жылнамаларын»  (1954 ж.) бағалауда Орта Азия  мүсылмандарының көтерілісі 

XX ғасырдың аяғына дейін жалғасқан ұлттық қозғалыс [8].  1960-1970 жылдары француз тарихнамасында 

кеңестану  жеке  ғылыми  сала  ретінде  танылғаннан  соң,  үлт-азаттык  көтерілістің  себептеріне  тереңірек 

үңілуге мүмкіндік туды.  Бүл  мәселеде  Э.Каррер д'Анкостьщ,  Ал.Беннигсен  мен ШЛемерьсье-Келькеже- 

нің  еңбектерін  атауга  болады.  Олар  көтерілІстің  тууының  басты  себебі  Ресей  империясыньщ  отарлық 

саясатының үстемдік етуінде, жер мэселесінде, қоныстандыру саясатында, деп түсіндіреді.

Белгілі кеңестанушылар Ал.Беннигсен мен Ш.Лемерьсе-Келькеже  1891-1892 жылдары бір топ қоныс- 

танушылар көшпелілерге ауыр жагдай тугызды деп санайды. Жергілікті түрғындар мен орыстар арасьін- 

дағы қақгыгыстар күшейіп отырғанын да баяндайды [9].

Ғылыми  зерттеулер  Ұлтгық  орталыгының  зерггеушісі,  тарих  ғылымдарыньщ  докгоры  Изабель 

Огайонның  «Седентаризация  казахов  в  сталинском  СССР:  коллективизация  и  социальные  изменения 

(1928-1945)»  атты  еңбегі  қазақ  тарихының  акгандақгарын  толықгыра  түседі  деп  ойлаймыз  [10].  КСРО 

мен  Орта Азияның тарих  салаларында жұмыс  істеген  ғалым  Қазақстанда бірнеше жыл өмір сүріп,  орыс 

жэне қазақ тілдерін катар мецгереді. Ғалым  1920 жылдың аяғы мен  1930 жылдың ортасындағы жағдайды 

терең түсіну  үшін,  қазақ әдебиетімен де етене танысады.  Қазақгардың отырықшылану  мәселесі  француз 

тарихнамасында  орын  алған  алгашқы  кешенді  монографиялық  зерттеу  болды.  Автор  жеке  фазалардан 

түратын  отырықшылықгың  кезендерін  атап  етеді.  Агтғашкы  кезең  (1928-1929  жж.)  -   байлар  мен  ауыл 

элиталарының репрессияга үрыну жылдары,  яғни жаңа термин  «дебаизацияны» енгізе отырып,  алғашқы 

кезеңге теңейді.  Ол  «дебаизацияның» экономикалык жэне элеуметгік критерилерін келесідей етіп бөледі: 

мал басы, жер телімдері, тізімге алу, шаруалар жэне т.б. Автор бірінші кезекте қазақтың зиялы қауымда- 

рынан  күралган  Алашорда ұйымын  оқшауландыруды,  өзіне  бағындыруды  және  белгілі  бір  кезендердегі 

жергілікгі биліктің, саяси элиталардың рөлін карастырады. Автор кеңес үкіметінің максаты шаруашылық- 

тың  дәстүрлі  үлгісін  жою  болды  деген  қорьпындыга  келеді.  Бүқара  халық  пен  қазақ  зиялы  қауымы 

тарапынан потенциалдық наразылықгы басу да өз деңгейіне жеткендігін атап өтеді.

Кеңес дәуірін  зертгейтін  кеңестану  ғылыми  сала  регінде  КСРО  жаңадан  қүрылған  сәттен  бастап  қа- 

лыптаса бастады. Оған А.Береловичтің  1987 жылы «Анналдар:  Экономика, Қоғам,  Оркениет» журналын- 

да жарыққа шыққан,  «Кеңестану мэселесі бойынша» атты мақаласы дәлел бола апады, онда ол Кеңес ода- 

ғын әшкерелейтін түрлі басылымдардың шыгуына қарамастан, КСРО қайта кұру туралы ақпаратгың бар- 

ша әлемді қатгы таң қалдырғаны жөнінде айтады [11]. Француз тарихнамасының үстанатын басты бағыт- 

тарының бірі сталиндік, ягни оның мұрасы мен ерекшелігі болды. Алайда мемлекет тарихындагы қоғамға 

қатысты зертгеуден бөлек, өткен мен бүгіннің байланысын айқындайтын сүрақгар да туындап отырды.

Дәстүрлі  кеңестану  КСРО  қүлағанға  дейін,  1960-1970  жж.  өзіндік  «триумфтық  эрекетгерін»  бастан 

еткере отырып,  тоталитарлық жүйенің  концепциясын  қабылдады.  Кеңестанудың баеты  методологиялық 

қиындьштары  КСРО бойынша деректердің болмауынан туып  отырды.  Сонымен  қатар, дэстүрлі  француз 

тарихнамасы бар деректерді  жасырып, КСРО-ның әлеуетін, экономикасын, тіпті саяси тарихын зерттеуге 

мүмкіндік беретін статистиканы, ІШСС  қүжатгарын, басылымдарды жоққа шыгарьш отырған. 

--------------------- ----------------------------------------------




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал