О.ӘУБӘкіров сатир асының тіл ітурал ы



жүктеу 76.04 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.03.2017
өлшемі76.04 Kb.

УДК 494.3

О.ӘУБӘКІРОВ САТИР АСЫНЫҢ ТІЛ ІТУРАЛ Ы  

Ибраева К.И.

(М. Қозыбаев  атындағы  СҚМ У)

Байқауымызша, 

сатиралық  шығармаларда  сөзқолданысы  эрі  карапайым,  эрі 

күрделі  болатын  тэрізді.  Қарапайымдылығы  -   сөз,  сөз  тіркестерінің  өздерінің 

лексикалық,  номинативті (атауыш) мағынасында-ақ жұмсалып тұрғандай көрінетіндігі, 

ал  күрделілігі-  солардың  көбіне  қандайда  бір  қосымша мэнді,  астарлы,  уытты  сипатта 

болып келетіндігі.

Сонымен  бірге  бір  авторлар  шығармасын  бірден  езу  тарттырарлык  сөздерден 

бастаса, 

енді  біреулерінің  сын  садағын  шығарманың  түйінінен  байқайсыз,  демек 

сөйлем  ішінде  анық  байқала  бермейді.  Мәселен,  Б.  Қыдырбекұлының  «Менің 

жолдасым»  атты  сатиралық  әңгімесі.  «Ол  екеуміз  институтта  бірге  оқыдық.  Оның 

алғаш  оқуға  келген  кезі  де  менің  әлі  көз  алдымда  түр.  Жұрт  қатарлы  оқып  шықты. 

Шынын айтсам, жаман да окыған жоқ. Айрықша диплом алғанымен, институтты жақсы 

бітірді»  (1,4)  -   болып  басталады.  Оқыған  бетте,  эңгіме  баяндалуы  эдеттегі  салкын 

қанды  прозалық  туындының  немесе  газет  материалының  стилінде  жазылғандай  эсер 

етеді.  Ал  шығарманың  мазмұнынан,  демек,  оқиғаның  даму  барысы  мен  түйінінен 

аңғаратынымыз:  бірінші  жақтан  баяндап  отырған  кейіпкердің  жағымды  ситпатталып 

отырган шынында автордың жолдасы, А.П. Чеховша айтқанда, тура хамелеон өзі болып 

шығады.  Сөйтіп,  автор  бір  адам  бойындағы  жақсылық  пен жамандықты  қатарластыра 



суреттеуі 

дй

С

ынды

 

да нанымды болып шыққанына көзіміз жетеді. Әрине, біз бұл жерде 

сатириктің шығаргіаны  бастағандағы  сөз  саптау дағдысын әсте де сынға  алып  отырған 

жоқпыз,  керісінше,  өмірде  кездесіп  қалатын  тұрақсыз,  құбылмалы  адамдарды 

бейнелеуде  автордың  жай  баяндау  тэсілін  қолдану  арқылы-ақ  қалам  ерекшелігін 

танытып отырғанына көңіл аудартып отырмыз.  Шығарманы окып болғаннан кейін, осы 

ақпараттық  ыңғайдағы  стильмен  жазылған  бірер  сөйлемнің  өзі-ақ  көңілімізде  оның 

эртүрлі  реакция  туғызатыны  сөзсіз.  Өйткені  бұлардан  аңғарылатын  мазмұн  адамды 

бейтарап күйінде қалдырмайтын сипатқа ие.

Енді негізгі тақырыбымызға, қазақ сатирасының ай тағалы ақ табандарының бірі -  

Оспанхан  Әубәкіров  шығармалары  тілінің  кейбір  ерекшеліктеріне  назар  аударайық. 

Оның  барлық  жанрда  сатиралык  шығармалар  жазғанын  айта  отырып,  белгілі  ғалым, 

сатира  зерттеушісі  Т.Қожекеев:  «Оның  бір  ерекшелігі-  сықақтарын  эсерлі, ұнамды  ету 

үшін  жылтырауьщ  сөздер  мен  ерекше  бір  теңеулерді  іздеп  жатпайды.  От  басы,  ошақ 

қасындағы  екеуара  эңгіме  үстіндегі қодданылатын,  көпке ортақ  сөздермен-ақ  эдемі  ой 

айтып,  эдемі  сурет  жасайды.  Сол  таныс,  қарапайым,  ауызекі  сөздерді  эсерлі  етіп, 

үйлестіріп,  қиюластырып  жібереді.  Осыдан  ақынның  сықақтары  жалпыға  ұғымды, 

жаттауға  жеңіл  болып  шығады»  (2,184)-деп  жазады.  Оның  шынында  да,  туындылары 

әшкерелеуші,  келемеждеуші,  мысқылдаушы,  эжуалаушы  сипаттарға  өте  бай  болып 

келеді.  Бұлардың  мазмұн  байлығын  көбіне-көп  сатирик  күлкісінің  бойындағы 

ойландыратын, 

безіндіретін, 

жирендіретін, 

жігерлендіретін, 

сақтандыратын, 

сауықтыратын  қасиеттер  толықтырылып  отырады.  Оның  сықақ  әңгімелері  мен 

өлеңдерінің  негізгі  мәні  жемқорлықты,  мансапқорлықты,  басқаға  келеңсіз жайттарды 

шенеп, мінеуге арналады.

124


Оның жеке сөздер мен сөз тіркестері тура не ауыспалы мағынаның қай-қайсында 

ла  ұтымды  қолдана  білгенінен  көруге  болады.  Ол  сөздердің  мағыналық  қүрылысын 

гзгерту,  бір  сөзді  екінші  сөзбен  ауыстыру  арқылы  стильдік  бояуын  қоюлатып, 

оқушының  эмоциясына  эсер  етеді.  Сатирик  қолданған  көркемдік  тэсілдері  оның  ой 

елегінен  өтіп,  ерекше  басқа  қалам  қайраткерлерінің  стиліне  ұксамай  дараланып  өз 

■сырынан  көрініп  отырады.  Ақын  қарапайым  сөздер  мен  сөз  тізбектерінің  ара 

катынасын бір-бірімен жымдастырып, олардың мағыналық аясын кеңітіп әдеби стильге 

жакындастыруға  тырысады.  Сөздер  мен  сөз  тізбектерінің  негізгі  мағынасын  өзгертіп 

колдану арқылы оларға саяси мэн беріп, шығарманың негізгі ойын шындай түседі.

О.Әубәкіровтің  сөздер мен  сөз  тіркестерін қолданудағы  жаңашылдығы  мен  өзіне 

тән  ерекшелігі  салыстырмалы  мағынадағы  эпитеттер  мен  теңеулерді  қолдануынан  да 

айқын  көрінеді.  Әсіресе,  теңеулерді  стильдік-контрастік  тәсіл  ретінде  пайдаланады. 

Контексте бірде мәндес теңеулерді топтал алып ойға экспрессивтік, гиперболизациялау 

(әсірелеу)  мэн  береді.  Осы  сияқты  эр  түрлі  жағдайға,  суреттеп  отырған  объектіге 

байланысты  бір  теңеудің  өзін  әртүрлі  мағынаға  ие  етеді  де  стильдік  ерекшелігін 

даралай  түседі.  Сатирик  тілімізде  бұрыннан  кездесетін  дэстүрлі  теңеулердің 

үлгілерімен шектеліп коймай, қазіргі өмірдің талабына сай жаңа теңеулерді жасаған.

Сол  сияқты  жазушының  шығармалырында  қолданылған  тәсіл-амалдарына  көңіл 

аударсақ,  олардың  мағыналық  ауқымын  кеңітіп,  семантикасына  эртүрлі  мэн  беріп 

отырғанын  көреміз.  Сатириктің  сөздері  метафоризацияланып  (ауыс  мағыныда) 

қолдануы, тілдік ерекшелігі тілдің ішкі даму заңына сай келіп отырады. Ол поэтикалық 

тілді  көріктендіре,  ұштай  түсу  мақсатымен  метонимиялық  тэсілді  орынды  пайдалана 

білген.  Метонимиялық  теңеулердін  бэрі  дерлік  адамға  байланысты  қолданылады. 

Ақын-жазушы  сын  нысанасына  алған  кейіпкерінің  қылық  әрекетгерін  де,  бет- 

бейнелерін де мүмкіндігінше айқын беруге күш салған. Бұл бағытта өзгелерге үлгі етер 

өзіндік сөз қолдану даралығын да байқатқан.

Ақын-жазушы  синоним  сөздердің  мэндік  стильдік  ерекшеліктерін  тұрмыстағы 

«елеусіз» оқиғаларды, қоғамдағы кедергі-кесірі мол кінэрат иесін даралап көрсету үшін 

орынды пайдалана білген. Қып-қысқа, шағын жолдарға синонимдерді қос-қабат енгізіп 

шығарманың  ойын,  суреттеп  отырған  кейіпкердің  бейнесін  нақты  көрсетеді.  Мысалы, 



к ө р г е н с із -с о р л ы

  синонимдерін  колданғанда,  олардың  экспрессивтік-  стилистикалық 

қызметі аңғарылып тұр, себебі бұлар тек қана анықтауыштың міндетін орындап тұрған 

жоқ,  сонымен  бірге,  оқырманның  сезіміне  эсер  етіп,  оның  жеккөрушілік  немесе 

аяупіылық сезімін тудырады.

О.Әубәкіров  шығармаларында  етістік  синонимдердің  қатар  келуі  жиі  кездеседі. 

Мысалы, «Алақаным 

к ү л д ір е п ,  о й ы л ы п

 қапты» (3,75).

«Көңбаев үстіндегі  ерні 

ц о н ж и ы п ,

  астыңғы ерні 



т о м п и ы п

 тоймай қалған мешкей 

балаша мұрны салбырап жүдеп отыр» (3,36).

«Ауыз жері дүниедегі ең бір ындыны жарымаған 



с у а л ы п   ц у р а п   ц а л га н   ж е р »

 (3,3).


«Боз атқа бірі мініп, бірі жығылып, бірі 

ж ы л а п ,

 бірі 


е ң ір е п

 күн өткізетін» (3,85).

«Жақан  дэп  біреуді  қытықтап  жатқандай  элгі  буманы  аударыстырып, 

төңкерістіріп жатып бір қағаз тауып алды» (4,136).

Келтірілген  мысалдардағы 

к ү л д ір е п

  пен 


о й ы л ы п ,  ц о н ж и ы п

 пен 


т о м п и ы п ,  с у а л ы п  

пен 


ц ү р ы п ,  ж ы л а п

  пен 


е ң ір е п ,  а у д а р ы с т ы р ы п

  пен 


т ө ң к е р іс т ір іп

  деген  көсемше 

формалы  етістіктер  жеке-  жеке  қолданылғанда  синонимдестігінен  гөрі  жеке 

мағыналылығы  басым  болса,  автордың  баяндауында  белгілі  бір  процестің  түрлі 

көріністерін  ашып  көрсететін  мәндес  сөзге  айналған.  Мәселен, 

к ү л д ір е п

  пен 


о й ы л ы п  

деген  сөздің мағынасын  жақындатып түрған 



а л а ц а н

  сөзі.  Алақан  күлдіресе де,  ойылса

125


да  бірін-  бірі  тольщтырады.  Себебі,  алақан  күлдіреп  ойылады.  Ойылған  алақан 

күлдірейді.

Ойды  күшейту  немесе  айкын  етіп  айту  үшін  мағынасы  карама-қарсы  сөздерді 

(антонимдерді)  жарыстыра  қолдану  тілімізде  жиі  кездеседі.  Антонимдер  бір  сөйлем 

немесе іргелес  сөйлем ішінде қолданыла береді.  Олар көбінесе бір сөз табынан болады, 

негізінен жеке  сөз  бола түра жеке  сөз  тізбектерінде  де  жиі  қолданылады.  О.Әубәкіров 

көркем  суретті  образ  жасау,  кейіпкердің  ішкі  дүниесін,  мінез-қүлқын,  характерін  ашу 

жолыньщ  бір  тәсілі  ретінде  антоним  сөздерді  пайдаланған.  Олардың  көбінесе  бір  сөз 

табынан болатынын ескеріп, нысанаға алған объектісіне орай сөйлемде грамматикалық 

түлғаларын  ғана  өзгертіп  алады.  Бір  антоним  сөздерді  шығарманың  негізгі  ойына 

байланысты  эртүрлі  мағынада  қолданады.  Бірде  олар  кейіпкердің  жас  шамасын 

аңғартса,  бірде  ара  кашықтықты,  бағытты  көрсетеді.  Қарама-қарсы  мағынадағы 

антоним  сөздерді  жеке  немесе  бірнешеуін  қатар  қолданып,  антитеза  (шендестіру) 

арқылы  типтік  бейне  жасайды.  Сатирик  сатиралық  шығармаларында  жалпылық 

мағыналы  қос  сөз  түрінде  кездесетін  антонимдерді  де  орынды  пайдаланып,  әртүрлі 

жағдайға байланысты  бірнеше  мағынада қолданады.  Қос  сөздер  мен  қысқарған  сөздер 

де  О.Әубэкіров  творчествосында  кең  орын  алған.  Оның  сатиралық  шығармаларында 

қос  сөздердің  барлық  түрлері  де  кездеседі.  Олардың  саралау,  күшейту,  толықтыру, 

ыңғайластыру  сияқты  сан  алуан  мағыналық  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 

О.Әубәкіров  оларды  көбінесе  топтап,  бірнешеуін  катар  қолданады.  Бір  қос  сөздің 

лексикалық мағынасын эр саққа жүгіртіп әсерлігін, бейнелігін арттырып отырады.

О.Әубэкіров 

орыс 

тілінен 


енген 

сөздерді 

сатиралык 

шығармаларында 

пайдаланудың  үш  түрлі  тәсілін  қолданады:  орыс  тілі  сөздерін  қазақ  тілінің 

грамматикалык  заңына  бағындырып,  жалғау,  жүрнақ  жалғап  қолданады;  қазақ  тілінде 

сол  сөздің  мағынасын  дәл  беретін  сөз  болмаған  жағдайда  өз  қалпын  сақтау 

мақсатындақолданады;  сонымен  қатар  орыс  сөздерін  фонетикалық  ірі  өзгерістерге 

ұшыратып,  орынсыз  тықпалаған  кейіпкерлердің  тіл  ерекшелігін  ажыратып  көрсету 

үшін  пайдаланады.  Тілді  шұбарлап  өзінің  сауатсыздығын  жасырғысы  келген 

адамдарды  ақын  мазақ  ету  мақсатымен  олардың  тіліне  орыс  сөздерін  енгізіп 

отырылады.

Оспанхан  Әубәкіров-  халық  тілін  шебер  меңгерген  қаламгер.  Қарапайым  халық 

тіліндегі  сөздер  мен  тіркестерді,  макал-  мәтелдерді  қолдана  отырып,  айтпақ  ойын 

ақтарып,  кәусар  күлкіге  кенелтіп  тастайды.  Авторды  оқыған  сайын  казак  тілінің 

керемет  байлығына, 

әуезділігіне,  қолайын  тауып  қолдансаң, 

көп  қырымен 

жарқырайтын  сұлулығына  тэнті  боламыз.  «Әр  сөздің  мінезі  бар,  келбеті  бар»  деп 

ақынның  өзі  айтпакшы,  сөздің  эспеттеуші  де,  әшкерелеуші  де  күші  тілдің мүмкіндігін 

дұрыс пайдалана білетін суреткердің шеберлігіне байланысты екеніне ден қоямыз.

«Өнерпаз  әйел»  өлеңінде  бір  түстің  хикаясы  арқылы  жоқ  жерде  ілік  іздеп,  кінэ 

таққыш әйелдің «өнерпаздығын» эжуалайды.

...Бакабасты еркегің осы болады.

Әлгіндегі Тотия деген 

Алтынбасты эйелдің досы болады.

«Қалған көңіл- шыққан жан» 

деген мақал осы болады,-

деп  түйіндегенде  окиға  мен  айтылмак  ойға  катысты  бірнеше  халык  мақалын  арқау 

етеді.  «Еріккенге  ермек  керек»,  «¥йқы  өліммен  тең»,  Тауықтың  түсіне  тары  кіреді», 

Алтынбасты  әйелден  бақабасты  еркек  артық»,  сынды  макал-мәтелдерді  пайдаланып, 

кей  жерінде  өзінде  дамытып,  өлеңнің  идеялық  мақсатына  лайыктайды.  Ұсынылатын 

мораль  «Қалған  кеңіл-  шыққан  жан»  мақалымен  тұжырымдалған.  Өленде  сол  сияқты 

мақал-мэтелге  ұксас  ұйқасты  жолдар,  ұтқыр  тармақтар  мол:  «Еріккенге  ермек  керек,

126


Ерігіп  те  көрмек  керек  екен»,  «Әйел  түсівде  еркек  көретін  шығар,  Еркек  байғұс  та 

түсінде  Қыз-қырқынға  толы  ертек  шығар»,  «Еріккен  елге  ермек  керек,  тегін  қызықты 

көрмек керек»,  «Тауықтың түсіне  тары кіреді,  адамның түсіне тауықтан  басқаның бэрі 

кіреді»  т.б.  халықтық  мақалдар  мен  тұрақты  тіркестерді  орынды  пайдалану  ақынның 

жалпы шығармашылығына тэн.

Ақын  өз  шығармаларында  бір  мақал-мәтелмен  суреттеп  отырған  оқиғаның, 

кейіпкердің  іс-әрекетіндегі  жақсы  жағын дәріптеп,  жаман  жағын,  айтайын  деген  ойды 

оңай  түсіндіреді.  О.  Әубэкіров  эрбір  мақал-мәтелді  өлең  ырғағына  сай  кейде  түп 

нұс.қасын  сақтап  өзгеріссіз  алады  да,  сөйлем  ішінде  оларға  қосымшалар  жалғап 

отырады,  бірде  олардың  кейбір  сөздерін басқа сөзбен  ауыстырып  қолданады.  Мысалы, 

«Еңбектен қашсаң дөңбекке» дегендей шекелерінді шербен арттыра тиетін дөңбекке тап 

боласындар», деп айтуға оқталдым да, өзі де күйіп отырған қонағымды күйдірмейін деп, 

сабыр еттім» (4,88).

О.Әубәкіров  шығармаларында  мақал-мәтелдерді  орынсыз  тықпаламай,  суреттеп 

отырған дәуірге,  кейіпкердің  іс-эрекетіне  мағынасы  сай  келетіндерін  ғана теріп алады. 

Қазақ  тіліндегі  көптеген  мақалдар  мағыналас  екі  бөліктен  тұрады.  Мұндай 

мақалдардың  бір  бөлігін  ғана  алып,  оларға жаңа  сөйлемше  қосу  арқылы  ойды  көрікті, 

тұжырымды,  нақты  етіп  көрсетуге  тырысады.  Кейде  мақалдың  бір  бөлігін  екі  жарып, 

арасына  ойын  айқындайтын  сөйлем  косып  пайдаланады.  Кейбір  мақалдарды 

шығарманың қорытындысы есебінде қолданады.

О.Әубэкіров  шығармаларының  синтаксисінде  де  өте  көп  қызғылықты  жайлар 

байқалады.  Алдымен,  қай  туындысын  болса  да  өте  бір  орайымен  күлдіре  бастайды. 

Жай  сөз  тізбектерімен  емес,  көз  алдыңызға  көрініс  экелу  арқылы,  бірден  бейне  жасау 

арқылы  күлдіреді.  Мәселен,  «Мың  масқара»  атты  әңгімесін  былай  бастайды:  «Сіз 

Быдыкты  білесіз  бе?.  Әрине  білесіз.  Білген  былай  тұрсын,  Быдық  десе  күлесіз.  Бұл 

бүкіл жұртқа жария болтан сорлы болды той, амал не» (5,21).

Кейбір  лексикалық  немесе  фразеологиялық  единицалардың  грамматика,  эсіресе 

синтаксис  саласында  қаралуын  калаймыз,  себебі  олардың  толық  қызметі  мен  көрінісі 

сөйлемнің кұрылымы мен мазмұнына байланысты болып келеді. Айталық,  «Өзің жаксы 

әкеңнің  аузын  балағаттатпау  үшін,  біреудің  жаман  әкесінің  аузын  балағаттама»  деуші 

еді біздің бір  қария  (Ауыз тағдыры) дегенді келтіреді.  Бұл ел ішінде тараган мақал ма, 

элде  автордың нақыл сөзінің кейіпкер атынан берілуі ме,  ол жағы -  басты мәселе емес. 

Бастысы-  осы  тырнақша  ішінде  келтірілген  накыл  сөз  бүкіл  сөйлемнің,  керек  болса, 

кейіпкердің бейнесімен байланысты болып отыр.  Сондықтан оны синтаксис аумағында 

қараудың  қисыны  бар  көрінеді.  Сол  сияқты  длинный тәрізді  орыс  сөзінің  қолданылуы 

эдеттегі  варваризм  деп  қарастырылған  жөн,  өйткені  бұл да  сөйлем  мазмүнына тікелей 

қатысты:  «Ата,  бұл  сиырдың  құйрығы  тым  длинный»  -  дейді  ауылшаруашылық 

институтының практикаға келген студенті, бақташы казақ қартына (3,17).

Сатирик  қазақ  тіліндегі  бұрыннан  қалыптасқан  фразеологиялық  тіркестердің 

негізгі  ойын  пайдалана  отырып,  олардың  трафареттік  құрамына  өзгешеліктер  енгізіп 

қолданады.  Сөз  тіркестерінің  мағынасын  жаңғырту  арқылы  олардың  идеялық- 

тақырыптық бағытын айқындайды.

Ертеде  қалыптасқан  фразеологиялық  тіркестердің  негізінде  О.Әубәкіровтің  өзі 

жасаган  сөз  тіркестеріне  төмендегі  мысалдарды  жатқызуға  болады:  «мысы  басты», 

«пысы  басты».  Стильдік  жағынан 

м ы с ы   б а с т ы

  дегеннен  гөрі 



п ы с ы   б а с т ы

  тіркесі 

әлдеқайда эуезділеу естіледі.  Сол сияқты  «ыңк ету» тіркесін де солай қолданылу аясын 

кеңейтіп, 

машинаға 

қаратып 


қолданады. 

Бүдан 


фразеологиялық 

тіркестерді 

деформациялау  аркылы  жаңа  сөз  тіркестерін  жасау  Әубәкіров  шыгармашылығындағы 

жаңа тэсілдің бірі екенін көреміз.

127


Оспанханның  тағы  бір  ерекшелігі  -   кулкі  тудырудың  тәсілін  дэл  білетінінде. 

Мұндайда  ол  көбіне -   көп  ұйқастыра  сөйлеуді  оңтайлы  деп  табады:  «Әрине,  ауыздың 

қайда  екенін  бала  да  біледі,  дана  да  біледі.  Ең  аяғы  қасық  та  біледі,  тіпті  ғашық  та 

біледі»(3,4).

Әрине, бұл келтірілгендер -құрмалас сөйлемнің бастауыштары (бала, дана, қасық, 

ғашық).  Әңгіме  осындай  ұйқастың  біріңғай  мүшелерді  қолданғанда  кездесіп 

отыратындығында және  оның  өнімділігінде  болып  отыр:  «Алайда білген  нәрсенін  өзін 

тагы да тагалап, бағалап біле түскен адамгершілік емес пе?» (3,5).

Балам, математика деші 



Матимка.

Тіліңнен айналайын.



Матимка айдаһар емес, көке.

Бұл-тамақ, бұл-киім, бұл-отын-су, бұл-согым (3,18).



Бұл  жерде  тағы  құрмалас  сөйлемді  әдейі  келтіріп  отырмыз,  себебі  Оспанханның 

біріңғай  мүшелерді  құрастыртыруда  осы  кұрмалас  сөйлемдерді  құрастыру  дағдысына 

ұксас  жай  бар.  Егер  берілген  қүрмаластың  баяндауыштарын  бір  тізіп,  бастауыштарын 

б й л

  сөзімен  берсек,  (бұл-  тамақ,  киім,  отын-су,  сотым)  біріңғай  баяндауыштар  болар 

еді.  Тіпті  осылайша  (күрмалас  сөйлем  түрінде  берілуінде  де)  стильдік  мэн  бар. 

Мұндайда даралап,  жіктеп,  аньщтап  айтуға мүмкіндік туады.  Ал осыған ұқсас  біріңғай 

мүшелер  болғанда,  белгілі  бір  объектіні,  субъектіні  немесе  қимыл-эрекетті 

топтпстырып,  жинақтап,  санамалап  айтудың  оңтайлы  әдісі  болар  еді.  «Біздің  рудан 

Түйсік-  Түйсіктен  Қылыш,  Қылыштан- Былыш  боп  тарайтыны  секілді,  Математикада 

да Арифметика, Алгебра, Тригонометрия, Геометрия боп тарайды (3,19).

Осы  келтірілген  мысалдардан  екі  жайға  назар  аудармаска  болмайды.  Біріншіден, 

баласы  математиканы  дұрыс  айтпай,  матимка  десе  де,  эке  риза.  Әкенің  құлагы  мүкіс 

емес,  эйтеуір,  баласының  жобалап  болса  да,  кайталаганы  көңілге  қуаныш  туғызады. 

(Бала  тіпті  әнгіменің  атауындай  Катиматика  деп  те  сөйлейді  той).  Екіншіден, 

Математика тарауларының немесе бөліктерінің аттарын автор эдейі кісі аттары сияқты, 

бас эріптермен беріп отыр. Мұның өзі де күлкі тугызута тиімді көрінген.

О.Әубәкіровтің  сатиралық  тіл  ерекшелігіне  қысқа  да  ойнақы  диалогтарды  да 

жатқызута  болады.  Ол  қолданган  диалог  негізінен  сұрау-жауап  түрінде  кездеседі. 

Кейіпкер  туралы  бір  сөз  айтпай-ак  оның  ішкі  дүниесін,  өмірге  көзқарасын  нанымды 

суреттеп береді.

Қорыта  айтқанда  акынның  кай  шыгармасында  болмасын  казак  тілінің  лексика- 

грамматикалық байлыты, көркемдеу үлгілерін бейнелеу,  суреттеу тәсілдері, эмоциялық 



сезімі сияқты қасиеттер оның тұлгасын сомдап, жетілдіріп, ерекшелендіріп тұрады.

Әдебиеттер:

1. 

ҚыдырбековБ.  Менің жолдасым

2. 

Қожакеев Т.  Сатира негіздері.  Алматы,  1993.

3. 

Әубэкіров О.  ¥зы н сөздің кыскасы.  Сыкак әнгімелер. -Алматы:  Жазушы,  1997.

4. 

Әубәкіров О.  Қайда безіп барасың?  -Алматы: Жазушы,  1989.  -136  б,  -88  б.

5. 

Әубэкіров  О.  Мың мінездеме.  Сықак әңгімелер,  мысалдар.-Алматы:  Жазушы,  2004.

128

жүктеу 76.04 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет