Odkbzhpoa 3225 Oracle ДҚбж пайдалана отырып аж жобалау



жүктеу 1.36 Mb.
Pdf просмотр
бет2/19
Дата05.08.2022
өлшемі1.36 Mb.
#20887
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
oracle kaz lab
Кіріспе 
Ақпараттық жүйелерді жасаумен байланысты ең күрделі және жауапкершілік 
есепетерддің бірі мәліметтер қорларын жобалау болып табылады. Осы есепті шешу 
нәтижесінде мәліметтер қорларының мазмұны, оның болашақ пайдаланушыларына тиімді 
мәліметтерді үйымдастырудың әдісі және мәліметтерді басқарудың инструменталды 
құрылғылары анықталуы керек.Мәліметтер қорын жобалау процесі тақырып аймақтың 
ақпараттық құрылымының сөзбен бейнеленуінен тақырып аймақтың объектерін кейбір 
модель терминдеріндегі формалданған бейнелеуге көшу болып табылады. Мәліметтер 
қорының құрылымын нақты жобалауда семантикалық модельдеу әдісі қолданылады. Бұл 
әдісте мәліметтердің құрылымы олардың мағнасы сүйемелденіп модельденеді. 
Семантикалық модельдеудің құрылғысы ретінде «нақтылық-байланыс» (Entity-Relationship - 
ER).диаграммаларының 
әртүрлі 
нұсқалары 
қолданылады. 
«Нақтылық-байланыс» 
диаграммаларының 
барлық 
нұсқалары 
тақырып 
аймақтың 
нақтылықтарының 
(объекттерінің), олардың қасиеттерінің және объекттер арасындағы өзара байлансытарының
графикалық бейнелерін қолданады. Мәліметтер қорларын жобалау нәтижесінде 
модельденетін тақырып аймақтың концептуалды сұлбасы (ER-диаграммасы) пайда болады. 
Мәліметтер қорының жобасы өңделгеннен кейін оны белгілі мәліметтер қорларын 
басқару жүйесінде (МҚБЖ) іске асыруын бастауға болады. Кәзіргі кездегі мәліметтерді 
басқару ақпараттық технологиялар реляциялық мәліметтер қорларын басқару жүйелерін 
қолдануда негізделген.
Реляциялық мәліметтер қорлары пайда боларының алдында өңделген мәліметтермен 
әрекеттесудің барлық тілдері файлдардың логикалық жазбалары түрде көрсетілетін 
мәліметтермен операцияларды жасауға бағытталған болатын. Бұл жағыдай мәліметтерді 
сақтауының ұйымдасуын пайдаланушыға толығымен білуді талап етеді және де қандай 
мәліметтер керек екенін көрсетумен бірге олар қай жерде орналасқанын, оларды қалай алуға 
болатынын көрсетуге жеткілікті ынта керек. Әдістемелік нұсқауларда қарастырылып 
отырған процедуралық емес SQL (Structured Query Language – құрамдасқан сұраныстар 
тілі) және Oracle тілдері кестелердің логикалық өзара байланысқан жиындары ретінде 
көрсетілген мәліметтермен әрекеттесуге бағытталған. Бұл тілдің ерекшелігі олардың 
мәліметтерді өңдеудің поцедураларына бағытталғаны емес, мәліметтерді өңдеудің соңғы 
нәтижесіне бағытталғаны. Мәліметтер қай дерде орналасқанын, оларды алу үшін қандай 
индекстері мен операциялардың қандай тиімділеу болатын тізбектерін орындау керек екенін 
SQL өзі анықтайды, мәліметтер қорына сұраныстың осындай детальдарын көрсетпеуге 
болады.
Мәліметтермен жұмыс жасау үшін мәліметер қорын жобалап, жасаған жеткілікті 
емес. Мәліметтерге қол жеткізу, оларды өңдеу мүмкіншіліктері болуы қажет. Сондықтан 
пайдаланушыға ыңғайлы түрде мәліметтермен жұмыс жасауға негізделген арнайы 
бағдарламаны – “клиенттік қолданбалыны” жасау керек. 
Зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқауларда мәліметтер қорын жобалаудың 
сұрақтары және оны таңдалынған мәліметтер қорларын басқару жүйсінде іске асыру 
сұрақтары: мәліметтер қорының объекттерін жасау, мәліметтермен әрекеттесу, ақпаратты 
іздеудің күрделі сұраныстарын құрастыру және де кәсіпқор пайдаланушының құралдарын – 
процедуралар, триггерлер, пайдаланушының қолданбалыларын өңдеу қарастырылады.
Соңғы зертханалық жұмыста MS SQL Server ортасында шифрлеу сұрақтары 
қарастырылады. Бұл жұмыс «Ақпаратты қорғау» пәнінде қарастырылған алгоритмдерді 
қолдану нәтижелерін көрсетеді. 

жүктеу 1.36 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет