Одан бір нҽрсе туралы білу үшін сҿйлеседі. Сондықтан сҿйлеу айналадағы заттар, құбылыстар, адам ҿміріндегі ҽрекет, тіршілік, ҿндіріс туралы болады. Мысалы: Бұйрат


САЛЫСТЫРМАЛЫ ӘДЕБИЕТТАНУ ПӘНІ МЕН ОНЫ ЗЕРТТЕУШІ



жүктеу 5.05 Kb.
Pdf просмотр
бет9/21
Дата27.04.2017
өлшемі5.05 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

САЛЫСТЫРМАЛЫ ӘДЕБИЕТТАНУ ПӘНІ МЕН ОНЫ ЗЕРТТЕУШІ 
ҒАЛЫМДАРДЫҢ ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАРЫ 
 
Қуаналы Н. – оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Ҽдеби  байланыс  –  тарихи  категория,  сол  себепті  де  ҽр  ұлттың  ҽдебиеті    басқа 
ҽдебиеттермен  байланысып,  ҿмір  сүреді.  Ҽдеби  қатынастардың  натижесінде  ҽр  ұлт 
танылады. 
Қай  ҽдебиет  болса  да,  ҿзара  байланыссыз,  қарым-қатынассыз  толық  кемелдене 
алмайды.  Ҽдебиет  ҽлеміндегі  тоғысулар,  қарым-қатынастар,  рухани  алмасулар  ҽдеби 
байланыстарды  құрайды.  Ш.  Сҽтбаеваның  сҿзімен  айтсақ:  «Ҽдеби  байланыстар 
халықтардың  ҿзара  білісуі,  түсінісуі,  ынтымақтасуы,  жақындасуы,  мақсаттасуы, 
бірлесуі, достасуы сияқты аса ізгі мұратқа  да қызмет етеді». Кҿркемдік дамудың, ҽдеби 
процестің маңызды бір заңдылығы – ҽдеби байланыстар–ҽдебиет ҽлеміндегі тоғысулар, 
қарым-қатынастар,  рухани  байлықтар  алмасуы.  Қоғамның  прогресс  жолымен  дамуы 
қажеттілігінен туған мҽдени, ҽдеби байланыстардың ҿзіндік мол тарихы, бай мазмұны 
бар. 
Ҽдебиетті  салыстыра  зерттеу  тҽсілі  сҿз  ҿнерінің  жалпы  заңдылықтарын,  ортақ 
тенденцияларын  ашуға  кҿмектесуімен  қатар,  ҽдебиетті  тұтас  организм  ретінде 
қарастыруға  мүмкіндіктер  туғызады.  Бұл  тұста  назарда  ұстайтын  негізгі  нҽрсе 
кҿркемдік-идеялық 
бағыттары 
басқа, 
дүниетанымдық 
жағынан 
бір-біріне 
жуықтамайтын  жазушыларды  «тезге  салып»  ҽдейі  жанастырудан  аулақ  болу.  Кҿркем 
шығармалар бойындағы елеусіз, ҿте ұсақ белгілерді тҽптіштеп салыстыру да  ғылыми 
талдауға  жатпайды.  Түрлі  зерттеу  аспектілерінің  ішіндегі  ең  күрделісі  ҽдебиеттерді 
салыстырмалы-тарихи  зерттеу  ҽдісін  ғалым  В.М.  Жирмунский  бірнешеге  бҿліп 
қарастыруды  ұсынады:  
1)  Тарихи-генетикалық  салыстыру.  Мұнда  ҽдебиеттерді  ұқсас  құбылыстардың 
туу себебі ата тегіндегі жақындық жҽне уақыт ҿте келе тарихи шарттардың салдарынан 
ажырап кетуі.  
 2)  Тарихи-типологиялық  салыстыру.  Мұнда  ұқсас  құбылыстардың  болу  себебін 
ата  тегі  жағынан  еш  жақындығы  жоқ,  бірақ  қоғам  дамуындағы  ұқсас  жағдайлардың 
болуымен түсіндіреді.  
3) Салыстрмалы-салғастырмалы мәдени қатынас. Мұнда қоғамдық даму, тарихи  
жақындықтың  негізіндегі  ҽсері  алға  тартылады.  1976  жылы  Пишуа  мен  А.М.  Руссо 
«Салыстырмалы  ҽдебиеттану»  кітабында  былай  деп  жазады:  «сравнительное 
литературоведение – это методологическое искусство,  заключающееся в исследовании 
связей,анологий,  родства  и  влияний.  Оно  способствует  сближению  между  собой 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
70 
литературных событий и  текстов, близких  и отдаленных во времени и пространстве. 
При  этом  необходимо,  чтобы  сопоставляемые  стороны  принадлежали    к    различным 
языкам  или  культурам  и существовала возможность  выявить и освоить» /5, 174/. 
Бұл тұжырымды М. Маданова ҿз зерттеулерінде мағыналық жоспарына сҽйкес үш 
бҿлікке  бҿліп  қарастырады:  «Сначало  речь  идет  о  методолигическом    мастерстве, 
направленном  на  изучение  связей,  выражающих  анологичные    факты,  родственные 
отношения  либо  взаимодействие.  Далее  речь  идет  о  том,  что  предметом,  объектом 
изучения являются не только литературные тексты, но также и другие художественные 
явления культуры разных народов, либо  средства выражений и знания, под которыми 
можно понимать и кино, и живопись, и видео и т.д. 
Наконец  последня  часть  определения  содержит  информацию  о  цели  и  задачах 
сравнительной компаративистики, к которым относятся  процесс и совершенствование 
его интерпретации» /6, 189/. 
Осыдан  келіп  мынадай    қортынды  шығаруға  болады.  Қандай  да  бір  талантты  
жазушы  ҿз қоғамының рухани дамуына ҽсер етеді, эстетикалық  атмосферасына ықпал 
жасайды.  Сол  қоғамның    ҿсіп  жетілген  келесі  буын  ҿкілдері  тек  ҿзіне  ғана  тҽн 
шығармашылық  ерекшеліктері  бола  тұра  тарихи  қалыптасқан  ортақ  мазмұннан    тыс 
қала алмайды. «Индивидуальность писателей всех рангов не может помешать историку 
литературы    разглядеть    в  произведениях  некоторых  из  них  общность  идейного 
содержания и выражающей его формы» деген Г.Н.Поспеловтың пікірі біздің ойымызды 
қуаттай  түседі.  Жалпы  Г.Н.Поспелов  салыстырмалы  ҽдіс  жайында  тың  ойлар  айтқан 
ғалым . 
Кез-келген  ұлт,  мемлекет  ҿзгелермен  байланыссыз,  ҿзінше  даралықта  дами 
алмайды.  Даму  деген  ұғымның    ҿзі  тек  байланыс,  қарым-қатынас,  үлгі  алу  мен  ҿнеге 
бола білу бар жерде ғана жүзеге аспақ.... Сонда ғана адам санасы толыса түседі, жаңа 
жетістіктерге    қол  жеткізеді.  Міне,  ҽдебиеттегі  осындай  байланыстың  тарихы  мен 
теориясын,  методологиясын  зерттейтін  ғылым  саласы  –  салыстырмалы  ҽдебиеттану 
ғылымы,  екінші  сҿзбен  айтсақ,  компаративизм.  «Компартивизм  –  ҽдебиеттану 
ғылымында  орын  алған  салыстырмалы-тарихи  ҽдіс  .Компаративизм  ҽртүрлі 
халықтардың  ҽдебиетіндегі    ұқсастық,  жақындықты  кҿре  білуге  назар  аударып, 
идеяларды,  образдарды,  характерлерді,  сюжеттерді  салыстырады.  Түрлі  халықтардың  
ҽдебиетін  ҿзара  байланыста  дей  келіп,  ҽлемдік    ҽдебиет  арнасындағы  құбылысқа 
балайды». 
Бүгінгі  таңда  екі  немесе  бірнеше  елдің  ҽдебиетін,  ҿнерін  салыстыра    жҽне 
салғастыра  зерттеу  мҽселесінің  ғылым  саласында  орын  алуы  ҿте  орынды.  Мұндай 
бағыттағы  зерттеулер,  ҽр  елдің  ҽдебиеті,  мҽдениеті,  ҿнерінің  ұқсас  жақтарын  жҽне  ҽр 
елдің  ҿзіне  тҽн  ерекшеліктерін,  ұлттық-мҽдени  ерекшеліктерін  ашып  зор  септігін 
тигізеді.  Ал  мұндай  зерттеуді  бастамастан  бұрын  «салыстырмалы  ҽдебиеттану» 
ғылымы  дегеніміз  не,  жалпы    ҽдебиеттану  ғылымы    нені  зерттейді,  соған  тоқталып  
ҿтелік. 
Компаративизм  латынның  «comparatives»  деген  сҿзінен  шыққан,  түбір  сҿзі 
«comparatives»,  яғни  салыстыру.  Кҿптеген  ғалымдар  «ҽдеби  салыстыру»  терминінің 
авторы француз ҽдебиетшісі Ф. Ноэль деп есептейді. Ҿйткені ол ең алғаш рет «Iiterature  
compares» деген  терминді 1817 жылы қолданған . 
Ҽлем  ҽдебиетінің  ең  жақсы  үлгілерімен    танысу,  зерттеу,  үйрену  дҽстүрі  қазақ 
ҿмірінде  ХIХ  ғасырдың  ҿзінде  орныққан  болса,  ХХ  ғасырдың  басында  ҽлеуметтік, 
қоғамдық,  эволюциялық  дүмпулер  мен  дауылдар  қазақ  даласында  да  айтарлықтай 
сезіле  бастаған  жағдайда  бұрынғыдан  да  күшейе  түсті.  Бұл  жылдары  қазақ  ҽдебиеті  
мен  орыс  ҽдебиеты  арасындағы  байланыстар  нығайды.  Ҽдебиеттердің  ҿзара 
байланысуы  нҽтижесін  З.Ахметов  ҿз  еңбектері  арқылы  дҽлелдей  түседі: 
«Художественные  традиции  казахской  литературы  чрезвычайно  богаты  и 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
71 
разнообразны. Они включают в себя все лучшее в многовековой поэтической культуре 
казахской  народа,  казахские  литературоведы  опираются  на  богатый  опыт  русской 
литературной науки, осуществляют разработку  вопросов  литератур в тесном контакте 
с  литературами  всего  мира».  Осыған  орай,  М.Даулетбаев:  «Ҿзге  ҽдебиеттерден  ҿз 
халқының ұлттық, қоғамдық  дамуына  үндес маңызды қубылыстарын таңдай отырып, 
қарым-қатынас жасау – сол ҽдебиеттің кемелдену, даму бағытын аңғартады». Осындай 
кемел  пікірлерге  сүйене  отырып,  ҿз  тарапымыздан  екі  ел  ҽдебиетінің  шығармасына 
салыстырмалы  түрде  талдау  жасауды  мақсат  еттік.  Ҽсіресе,  территориялық  жағынан 
шектеспейтін  діні,  тілі,  ҽдебиеті,  мҽдениеті  басқа  елдердің  ҽдебиетін  зерттеу  ҿте 
қызықты. Ұлттық ҽдебиеттер дамып, ҿмір сүріп, ҽлемнің мҽдени қалықтарының негізгі 
құралына айналады. Ұлттық ҽдебиетімізді ҽлемдік деңгейге кҿтеру үшін оны басқа ел 
ҽдебиеттерімен салыстыра зерттеу  қажет.  
Ұлттық  ҽдебиет  дамып,  ҿмір  сүріп,  ҽлем  халықтарының  мҽдени  негізінің  
құралымына айналады. Ұлттық  ҽдебиетімізді ҽлемдік деңгейге кҿтеру үшін оны басқа  
ел  ҽдебиеттерімен  салыстыра  зерттеу  қажет.  Осы  орайда,  Ф.  Исмайлованың  пікірі 
орынды: 
«Литература 
– 
мировая 
наука. 
Чтобы 
вывести 
Казахстанское  
литературоведение    на  мировой    уровень,  необходимо  делать    всю    литературу 
Казахстана объектом изучения единого Казахстанского  литературоведения» /12, 14/. 
Қазақстан тҽуелсіз  даму арасына қадам басқан 90-шы жылдардан кейін  ғылмыи- 
зерттеу жұмыстары алдына ауқымды мҽселелерді зерделеу, қазақ руханият мұраларын 
ҽлемдік  деңгейде  салыстыра  саралау,  ұлттық  шеңберде  қалып  қоймау,  зерттеу 
нысанының  басқа  ғылым  түрлерімен  байланысын  ашу  сияқты  міндеттер  қойғаны 
мҽлім.  Ҽдебиеттер  байланысын,  нақты  шығармада  ҿзара    ұқсас  жайттардың    кҿрініс 
табуы,  қаламгердің  ҿзі    дүниеге  келген  ұлттық  топырақтағы  тарихи    талғам 
тамырларының    сабақтастығын  ғана  емес,    сондай-ақ  басқа    ұлт  ҽдебиетін  меңгеру 
барысындағы оның дүниетанымын, рухани  үндестік сырларын, тұжырымдап айтқанда, 
кҿркем  ҽдебиеттің  ұлттық  днңгейден  ҽлемдік  биікке  кҿтерілуін  айғақтайды.  Осы 
жылдары  жарық  кҿрген іргелі  ғылыми  зерттеулердің қатарында Н. Сағындықованың, 
М.Маданованың, 
С.Алтынбаеваның, 
А.Түсіпованың, 
Т.Есембековтың, 
Қ.Алпысбаевтың, Ф.Исмаилованың іргелі монографиялық зерттеулерін ауыз  толтырып 
айтуға    болады.Салыстырмалы  ҽдебиет  –  ҽдебиет  бҿлімінде  үлкен  маңызға  ие. 
Салыстырусыз ешнҽрсені  танып, білу мүмкін емес. 
Салыстырмалы  ҽдебиет  Гердерден  кейін  ҿз  жалғасын  ХІХ  ғасырдың  аяғы  ХХ 
ғасырдың  басында  Ресейде  тапты.  Ресейдегі  салыстырмалы  ҽдебиет  теориясының 
негізін А.Н. Веселовский  ҿзінің «Историческая  поэтика» еңбегінің  негізгі тақырыбын 
ғалым  М.  Маданова  былай  анықтайды:  «Основной  темой,  исторической    поэтики  
является  –  эволюция    поэтического    сознания  и  его  форм.  В  работе  ученого  были 
затронуты представлены генезис и эволюция литературных жанров движение  мировых 
моттивов  и  сюжетов.  Существенной    особенностью  сравнительно-исторического 
метода  Веселовского  является  его    универсализм  литературы».  А.Н.  Веселовскийдің 
ой-пікірлері, кҿзқарасы  еуропалық мектептерге ҽсер етті. 
Экономикалық ҿрбуі,  соған байланысты мҽдени дамуы ҿткен ғасырда  Ресеймен 
бір арнаға түсе бастаған Қазақстандағы қолтума қоғамдық ой, оның ішінде эстетикалық 
пікір тарихында қазақтың асқан ғылымы Шоқан  Уҽлихановтың, атақты  ағартушы Ы. 
Алтынсаринның,  ұлы ақын Абайдың алатын орны айрықша биік. 
Ҿз кезінде салыстырмалы  ҽдебиеттің қажеттілігі мен маңыздылығы, міндетін М. 
Маданованың 
пікірі 
дҽлелдей 
түседі: 
«Особая 
 
миссия 
литературной  
компаративистики  связана  с  ее  органической  способностью  анализировать    мировой 
литературный  процесс  и  возможностью  укреплять  международный    авторитет  
национальных  литератур. В то же время очевидная  актуальность  этой отрасли в наши 
дни отражает объективный процесс активизации международных отношении. Другими 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
72 
словами,  сравнительное  литературоведение  –  это  наука,  которая,  предоставляет 
уникальный  шанс  казахской  литературе,  она  способствует  более  точному 
самоопределению  и    органичному  вхождению  в  контекст  мирового  художественного 
процесса,    помогает  выявлению  не  только  универсальных,  но  и  национально- 
своеобразных    качеств  и    развития,  осознанные  использование    которых    способна  
возвысить    самосознание  и    авторитет    казахской    литературы    в    рамках    всемирной  
литературы» /24, 157/. 
Осындай  нақты  дҽлелдер  мен  ғылыми  пікірлерге  сүйене  отырып,  біз  
салыстырмалы зерттеудің біздің ҽдебиетіміз үшін ҿте маңызды екендігіне кҿз жеткіздік 
Кҿркемдік  дамудың,  ҽдеби  процестің  маңызды  бір  заңдылығы  ҽдеби  байланыстар  – 
ҽдебиет ҽлеміндегі тоғысулар, қарым–қатынастар, рухани  байланыстар алмасулар. Қай 
ҽдебиет болса да ҿзара байланыссыз, қарым-қатынассыз толық кемеліне келе алмайды 
Қазақ  халқы  мен  бір  сыпыра  шетел  халықтарының  ҿзара  танысып,  білісуі,  ықылас-
ілтипаты олардың ҽдебиеті арқылы да іске асуда. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1
 
А.М. Руссо. «Сравнительное литературоведение». М., 1967.  
2
 
 Маданова М.Х. Актуальные вопросы литературной компаративистики.– 1999. 
3
 
 Мамраев Б.Б. Казахские литературные связи начала ХХ века. – Алматы: Наука, 1998. 
4
 
 Маданова М.Х. Введение в сравнительное литературоведение. – Алматы, 2002. 
5
 
 Исмаилова Ф.Е. Феминистская имагология. – Алматы, 2003. 
6
 
 Поспелов Г.Н. Стадиальное развитие европейских литератур. – Ленинград, 1979. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  ҽдеби  шығармаларды  салыстырмалы  түрде  талдаудың  теориясы 
қарастырылады.  
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  теория  сопоставительного  анализа  литературных 
произведений. 
 
 
 
М. ҚАБАНБАЙ ПРОЗАСЫНДАҒЫ КЕНТАВР ОБРАЗЫ ХАҚЫНДА 
 
Панзабек Б.Т. – оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Ҽдебиет жеке тұлғадан топ, топтан ұйым, ұйымнан белгілі  бір ауқымды құраған 
қоғамның  кескін-келбетін  мүсіндейді.  Ҽдебиеттің  ауқымдылығы  да  сонда  –  бүкіл 
қоғамның  даму  тенденциясындағы  ҿзгерістер  мен  жаңалықтарды,  ҿткен  ҿмірі  мен 
тіршілігін,  жаратылысын,  т.б.  болып  жатқан,  болып  ҿткен,  болар  кезеңін  бҽрін-бҽрін 
үлкен идеямен суреттей алады. 
Жазушының  идеясының  даму  динамикасының  бастау  алар  тұсы,  дағдарысы, 
ҽлсіреуі, шарықтау шегі болатыны да шартты құбылыс. Адамзат ҿміріндегі  болмыс пен 
табиғат  арасында,  адам  мен  жануар  арасындағы  қарама-қайшылық  немесе  бірігіп, 
біртұтас мҽнде болуы да терең ойға жетелейді. 
Марат  Қабанбай  шығармашылығындағы  «Кентавр»  немесе  «Кісікиік»  ұғымы 
үлкен  мҽнге  ие.  Қазақ  ҽдебиетінде  Кентавр  образын      автор  алғаш  рет  сҿз  еткен. 
Шығармашылығындағы  бұл  ой,  бұл  тақырып,  бұл  идея  ҽу  бастан-ақ  оқырманға  жиі 
ұшырасады.  Қаламгер,  ҽсіресе,  1997-1998  жылдарда  бірнеше  мақалалар  жазды. 
Ҿмірінің соңына қарай қолына алған «Кентавр» романы аяқталмай қалған.  «Кентавр» – 
қандай   ұғым ? Алдымен соған тоқталып кҿрейік. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
73 
Кентавр – кҿне гректер ойлап тапқан мифтік образ. Кҿне дүниені зерттеп жүрген 
ғалымдардың  айтуынша,  гректер  бұл  образды  ежелгі  түркілерге  қарап  отырып  ойлап 
тапқан  деседі.  Ат  үстінен  түспеген  түркілер  кҿне  гректерге  ат  үстінде  ұйықтайтын 
қысқасы,  атпен  бірге  жаратылғандай  боп  кҿрінген  ғой.  Кентаврлардың  бойындағы 
буырқанған бұла күшті, қайрат-жігерді, еркіндікті, шалттықты, асаулықты дҽл берумен 
қатар,  олардың  алауыздықтарын,  аңғалдығын,  басы  бірікпегенін,  бірін-бірі  аямағанын 
да кҿрсетеді /1/. Бұл – Арнольд Бэклиннің «Кентаврлар шайқасы» атты суретінің (1873 
ж.с.) түсіндірмесі. 
 Марат  Қабанбай  шығармашылығындағы  «Кентавр»  түсінігі  белгілі  бір  жүйемен 
дамып  отырған,  ауқымы  кең.  Ұғымның  ҿткені  мен  бүгіні  жҽне  болашағы  туралы 
дҽлелді  пікір,  тұжырымды  ой  айтқан.  Аталмыш  образға  автордың  аса  үлкен 
дайындықпен келгеніне баспасҿздегі мақалалары, прозадағы шығармалары дҽлел бола 
алады. 
Түркілер  тарихында,  дҽлірек  айтқанда  ата-баба  тарихында  адам  мен  ат  бірін-
бірінсіз  ҿмір  сүре  алмады,  бірін-бірі  толықтырды.  Атқа  құрық  салып,  бас  үйретіп, 
қарғып  мініп,  кҿшпеліге  айналды.  Аттылы  адам  мен  жаяу  адамның  айырмашылығы, 
олардың  ойлау  жүйесі  мен  ақылы,  қиялы,  тарихта  қалдырар  мұрасы  ҽрине  бҿлек 
болмақ.  Аттылы  мен  жаяу  тіршіліктің  соқпағы  ҽлі  күнге  дейін  бірін-бірі  қуалап  келе 
жатыр.  Мұны  да  қаламгер  қалт  жібермейді:  «Аттылы  жаяудан  1,5  кез  биік.  Қызық 
болғанда,  осы  екі  ара  екеуін  тіршіліктің,  ойдың  қай  түрінен  болсын,  космостық 
қашықтыққа  бҿліп  тастады»  /2/.  Ат,  соқа  соңындағы  отырықшы  биіктігі  қырық  кез 
сарайларды сҽндеп соқса да, қырық құлаштық қисса тудыра алмады, ал итарқа күркесін 
«кең  сарайдай  боз  үйім»  деп  бҿсетін  салт  атты  қазақ  150  томдық  фольклорды,  кҿрші 
қырғыз  қалыңдығы  кісі  ҿлтіретін  «Манасты»,  бір  уыс  қалмақ  «Гэсерді»  ғасырлардың 
аңызақ ыстық желінің ҿтінде кҿздері қан мен жасқа тола қарлығып тұрып жырлады.  
«Тарих баба былай дейді... 
...Иран мен Тұран жеңісе алмай, бір-біріне табан тіреп жатып алған, ертегілер ҽлі 
айтылмаған, ҽлмисақтан да арғы бір заман екен. Сҽл қулау, пҽл пұлдылау Иран ҽманда 
ержүрек  гректерді  жалдап,  шептің қақ  ортасына,  ең  сойқан  қырғынға  соларды  сайлап 
салады.  Екі  жақ  та  атты  ҽскер  дегенді  білмейді,  жаяу  соғысады.  Тұран  да  тоқалдан 
туған жоқ, сақ, скиф секілді туыстарын соғысқа тартады. 
Күндердің  күні  екі  армия  бетпе-бет  келіп,  армансыз  шайналысады.  Грек  –  алда, 
парсы – соңда, Тұранды таптап барады... Кенет қайдан шыққаны белгісіз, тҿрт тұяқты, 
қыл  құйрықты,  ат  денелі,  адам  басты  бір  құбыжықтар  құйғытып  шауып  келіп,  парсы, 
гректерге  жебені  жаңбырша  жаудырады  да,  жалт  беріп,  кейін  ысырылады.  Шетінен 
шапса семсер, лақтырса найза дарытпайтын, ұшқыр да ҽбжіл пҽлекеттер. Бас жиғанша 
қайта  оралып,  сіресіп  тұрған  гректерге  бұғалық  тастап,  тулақтайын  дырылдатып 
сүйретіп  ҽкете  барады.  Мұндай  ат,  ҽрі  адам  тажалды  кҿрмеген  гректер  тым-тырақай 
қашады. Парсы жер болып жеңіледі. 
Ертеңінде ҽскери сот болады. 
 –  Уа,  ержүрек  гректер!  –  деп  ышқынады  парсы  трибунал.  Біз  сендерді  дорба-
дорба  динарға  жалдап  ек.  Кешегілерің  не  масқара?!  Не  қара  басты  сендерді,  Зевс 
құдайдың  қаһарман  перзенттері?!  Енді,  міне,  сендерді  ҿлім  жазасына  кесейік  деп 
тұрмыз... 
Үсті-басы салтақ-салтақ қан мен шаң қарт грек қолбасы алға шығады. 
 –  Тірі  пендеден  шегініп  кҿрмеппіз.  Кеше  де  Тұранмен  қылыш  жүзінде  қатқыл 
сҿйлесетін ек. Бірақ бізге адам емес, жарты құдайлар шапты. Ал, гректер құдайлармен 
соғыспайды, – деп кҿзелің кеудесін керіп тұр. 
Парсылар у да шу. 
-
 
Мынау не деп кҿкіп тұр-ей, ҿзі?! 
-
 
Қайдағы құдай? 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
74 
-
 
Кеше құдайды кҿрсек кҿзіміз шықсын! 
-
 
Гректер де берілмейді. 
-
 
Адам басты, ат денелілер құдай емей немене? 
         - Бүтін болмаса да, жарты құдай! /3/ – деп «Кентавриада» атты мақаласында 
кентавр образы жҿнінде кең ұғым, мол түсінік береді. 
Гректер  осылайша  кешіріледі.  Ал,  адам  басты,  ат  денелілер  «кентаврлар»  деп 
аталынып  кетеді.  Кентаврлар  жойқын  күш  иесі,  ҽрі  адуын,  аңғалдау  кейіпте    грек 
мифологиясына  қайтып  шықпастай  болып  кіреді.  Марат  Қабанбай  «Кентавр» 
романында  баспасҿз  беттеріндегі  түрлі  ойларын  жинақтаған  сияқты.  Автор  қазақтың 
ұлттық даму танымының басқаға еш ұқсамайтын кісікиіктік-кентаврлық жатқандығын 
сҿз етеді. 
 Жазушы 
американдық 
Дж. 
Алдаиктің 
«Кентавр» 
романын 
оқыған.  
Суретшілердің  полотноларындағы  кентаврлардың  бейнесін  кҿрген.  Марат  Қабанбай 
түркілерді кентаврға теңеуінің себебіне үңіледі.  Жалпы, жер бетіндегі ҽр зат, құбылыс 
кентаврдың  бойындағы  қарама-қарсылығынан  (адам-жануар)  жҽне  тап  осы  екеуінің  
бірлігінен  (адам+жануар)  түзіледі.  Ҽлем  кентавризмге  «буаз».  Ең  ұсақ  микро  бҿлшек 
атомның  ҿзі  +сияқты  қарсы  зарядтардың  қорасы.  Ал,  атом  –  микрокентавр,  бұл 
дүниенің  алтын  кірпіші.  Кентаврдың  адам  басы  ми,  Логос  болса,  ат  денесі  –  қомағай 
қарын.  Ол  –  тіршіліктің  ҽзір  үлгісі,  пішімі,  пошымы.  Адами  басы  –  ақыл,  мҽдениет, 
ҿркениет,  есебі,  рухани  бҿлегі,  ат  денесі  –  тұла  бойымыздағы  жануарлық  дүлей 
инстинкттер.  Осы  екеуі  ықылымнан  бері  бір  Пенденің  қаратұяғынан  құйқасына  дейін 
жеңісе  алмай  келе  жатыр.  Адами  басы  қаншалықты  кҿк  зеңгірді  ойша  кезіп,  есепсіз 
бостандыққа  ұмтылса  да,  боққарын  жылқы  дене  бҽрібір  кеңірдегінен  қылқындырып, 
еркіне жібермейтін диктатор, зорлықшыл. Бір денеде – ҽрі мҽңгілік майдан, ҽрі мҽңгілік 
бірігу! 
Кентавр – адам бойындағы барлық жақсылық, жамандықтардың, рационалдық пен 
иррационалдықтың,  үнем  мен  шашпалықтың,  даналық  пен  есуастықтың  жиынтығы. 
Екеуі бір-бірінсіз, жеке ҿмір сүре алмайды. Сонымен бірге  қаламгер «Таңсҽріде туған 
баллада»  /4/  деген  мақаласында    қоғамның  ащы  тұстарын  ашына  жазады.  Қазақстан 
Жазушылар  одағы  кҿркем  ҽдебиетті  насихаттау  мақсатында  ақын-жазушыларды 
еңбекші қауыммен  қауыштыратын. Бұл жолы Ақтҿбе облысына барғандығы турасында 
Марат Қабанбай ақын Ҿтежан Нұрғалиев жҽне кезінде Жоғары Кеңесте қызмет істеген 
зейнеткер қарт – үшеуінің куҽ болған сапарын былай баяндайды: «Қазақтың Пушкині»: 
үшеуіміз  бұдан  былай  кентаврға  айналамыз,  сондықтан  кентаврдың  қақшиған  басы  – 
«миы»  мына  мен  болайын.  Ал,  анау  қабан  жал  Жоғарғы  Кеңесті  сораптап  кҿп  сорған 
адам, кентаврдың  бырқыраған боқ қарнын соған берейік. Сен, бала,  кентаврдың  алып 
кел де, шауып кел тҿрт сирағысың».  
Бұл  –  қазақ қоғамының  кентаврлық  келбеті. Жазушы  негізі  ақынның  ҿр тұлғалы 
болмысын,  ақындығын  жыр  жинақтарын    оқығаннан  кейін  былай  дейді:  «Ұққаным  – 
ҿтекең тіпті де Пушкин емес, қазақтың алмас тілді Ҿтежан Нұрғалиеві екен. Жҽне басы 
кетсе  де,  ақ,  дал  ісі  жолында  тілін  тартпаған  Махамбет  атасындай-ақ  бұ  кісі  ғұмыр 
бойы  системемен,  яғни  Кеңеспен,  оның  Жазушылар  одағындағы  итаршыларымен 
сҿзімен де, ісімен де, сырттай да, іштей де шайнасып келе жатқан күдіс жалды кҿкбҿрі 
екен...  Оның  осы  жүрісінің  ҿзі  кҿтеріліс,  ҽлденеге  шақыру!  Біздей  үшкір  тілі  мен 
ерекше жүріс-тұрысы – тұнып тұрған этнографиялық қазақ, кентаврлық соңғы сынық. 
Ежелгі  ғұндар  мен  сақтардың  грек  мифологиясына  асау  да  тарпаң,  ҽрі  дана  кентавр 
болып кірген тірі моделі». 
Ҽр  жерде  қылаң  берген  ой  жазушыны  роман  жазуға  итермеледі.  Шығарма 
«Кентавр» (Қолжазбасында «Кісікиік» деп аталады) деп аталады.   Роман «Аң ба, адам 
ба?»  –  деген  сұрақтан  басталады.  Қазақтың  сар  даласы.    Із  кесу.  Мұса,  Азат,  Елтай, 
академик,  аспирант  «УАЗикте»  келе  жатыр.  Академик  пен  аспирант  балбал  тастарды, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
75 
кҿне  ескерткіштерді  іздемекші.  Алдымен  Қозы  мен  Кҿрпештің  моласы,  біраздан  соң 
Лениннің мүсіні. Автор мұны неге алып отыр? Себебі тарихтың терең қатпарлары кҿне 
ескерткіштерден  бастау алады, одан батырлық, ғашықтық жырлар, кеңестік кезең жҽне 
қазіргі  уақыт...  Автордың  кҿзі  қырағы.  Мағжан-Ілияс...  Қайта  тірілтеді.  1937  жылдың 
құрбаны.  Ҿзінің  жүз  жылдық  мерейтойын    тойлап  жатыр  деген  соң,  кҿруге  келген. 
Ұрпақтар қандай шара жасап жатыр. Келгенімен ақынның ҿзін керек ете қоятын ешкім 
жоғын білгендей. Баяндау кейіпкер атынан: «Несіне келдің екен туған жеріңізге, ата! – 
деп тіс арасынан сыбырлап тұрғанын ҿзі де байқамай қалды... 
Бұл  ҿмірге  тірі  ақын  емес,  ҿлі  ақын,  оның  ҿзі  емес  ҿлеңі  ғана  керек  екенін,  тірі 
кҿсем емес, оның ҽне, анау есік алдында күншығысқа қолын созып тұрған тҿрт метрлік 
гипс  ескерткіші  ғана  керек  екенін  кім  ұғыпты,  кім  біліпті  –  дүниенің  қызығы  да, 
шыжығы да осы ғой» /5/.   Жазушы халқының не жағдайға түскенін ҿз кҿзімен кҿрсін 
деді.  Ал,  ақын  сол  ҿзіңің  жаңадан  ашылып  жатқан  ескерткішінің      қасынан  қайтадан 
тұтқындалып  кете  барды.  Жазушы  ұлт  тағдырының  қасіретін  осы  бір  кҿріністе  аша 
түседі.   
Елтай  «Айшылық  алыс  жолдан»  таныс  кейіпкер.  Талантты  жазушы,  бірақ 
бақытсыз. Ешқандай жер жұмысқа  алмайды.  Жазушы ҿз ортасын, ҿз қоғамын жайлап 
бара  жатқан  рухани  кеселдерді  қалдырмай  тұтас  қамтып,  Елтай  жүрегінен  ҿткізеді. 
Романда  кҿптің  арасында  жүріп,  жалғыздықтың  жапасын  шеккен,  білім  десең    білімі, 
тазалық  десең  жан  тазалығы,  адамшылық  даралығы  бар  Елтай  жол  таппай  күйзеледі. 
Жазушылар  арасы,  редакциядағы  жанталас,  сыраханадағы  ҿмір,  наркодиспансердегі 
жанкүйзеліс  –  осының  бҽрін  қатқыл,  ащы  талқыға  түсіреді.  Жазушы  кейіпкерлерінің 
жан  дүниесіне,  ішкі  ҽлеміне  кҿп  үңіледі,  ҿмір  шындығын  философиялық  оймен 
жеткізбекші болады, адам мен қоғамның арақатынасы, жеке адам жҽне қоғам.  Деталь 
пайдалануда  ұлттық  реңк,  ұлттық  бояуды  ұмытпаған.  «Қайран,  шіркін,  қазекемнің 
тымағы-ай!»  –  деп  ақын  Ілиястың  ешкім  танымасын  деп  кҿзіне  дейін  түсіріп  киген 
тымағын  кім екенін білуге құмарта, ынтықтыра суреттейді. 
Қаламгер  романда  сюжеттік  уақытты    ұйымдастырудың  ҽр  түрлі  ҽдістерін 
пайдаланған. Ретроспекция, яғни шегініс – ақын Абайдың ҿміріне, ҿлеңдеріне тоқталу, 
оқиғаның тарихы – кентавр тарихына кейіпкерлер пікірталасымен беру, кейіпкер түсі – 
екеуі де Елтай түсі. Алғашқы түсі,  ҽр ұлттан құралған топ, Арктиканың шоқы тҿбесі, 
адамдар  бір-біріне  тіл  қатпайды,  үнсіз,  бҽрі  тереңнен  ау  тартып  жатыр.  Бір  сҽтте  құс 
қанатты  сұлу  қыз  тура  Елтайға  қарап:  «Мен  сені  он  мың  жыл  тосқанмын»,  –  дей 
бергенде  ау  қолдан  шығып,  қыз  қайта  жылымға  кете  барады.  Бұл  түсті  достары  – 
Қараулек,  Серікке  айтып  отыр.  Автор  бұл  түсті  Серіктің  жоруымен  жауабын  былай 
береді: «Ол періңіз  не құпия сыры қойнында тарих анамыз ғой деп ойлаймын. Елтайға 
бір кҿрініп кетуі: «Есіңді жинап, етегіңді жиятын кез келді, қазағым! Аптықпай-саспай 
адам болатын заман туды» деп белгі беріп кеткені». Екінші түсі – үлкен қаланың ұзын-
ұзын кҿшелері лықа толы машина. Аздан соң машиналар ағыны кҿз ілеспей тұтас темір 
ағынға айналып бара жатады. Адам атаулы  үйді-үйге қашып кіріп, биік балкондардан 
демдерін іштен ала мына тасқынға бақырая қарап қалған. Одан машиналардың бҽрі де 
бірінен кейін бірі үн-түнсіз аяқтары аспаннан келіп жатты. Ары қарай мылқау  күңгірт 
қорқынышты  дүние  басталды...  Қарап  отырсақ,  автор  екі  түсті  де  романның  негізгі 
айтар  ойына  жетер  баспалдақ  ретінде  пайдаланады.    Шығарманың  ҿн  бойынан    қазақ 
халқының  ҿмірі  туралы  толғаныс  білінеді.  Осы  бүгінге  дейін  басымыз  адам  секілді, 
құйрығымыз ат сияқты бірдеңе болып келді, ал сол кентаврдың бойында ұлы ойшылдар 
армандап  келген  үлкен  символикалық  мағына  бар  дейді.    Ұлы  ойшылдар  ғасырлар 
бойы    жер  бетіндегі  тіршілік  иелері  –  адам  мен  жануарлар  арасындағы  бейбіт  ҿмір 
сүрістен ұлы гармония, сҽйкестік іздеп келген. Қаламгер ойын жинақтай келе «Кентавр 
–  адам мен жануардың ең жақсы қасиеттерін бір бойына  жинақтаушы ортақ образ»  – 
дейді. Марат Қабанбайдан кейін қазақ ҽдебиетінде кентавр образын Асқар Алтай ҿзінің 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
76 
«Кентавр»  ҽңгімесінде  ойын  ішкі  психологиялық  иіріммен  кҿрсетеді.  Асқар  Алтай 
шығармасында  жылқы  тұрпатты,  бірақ  адам  тұлғалы  Басаралының  дүниеге  келуін 
күрделі  жағдайда  ҿрбітеді.  Жазушы  ядролық  апат  аймағында  дүниеге  келген  кемтар 
бала ҿзінің осындай күйге ұшырағанына кінҽліні іздеп, болашағынан үмітін үзген бала 
бейнесін  емес,  жылқы  тұрпатына  қарамастан  айналасына  зор  сүйіспеншілікпен, 
сеніммен,  болашағына  үлкен  мұратпен  қараған  жылқы-жігіт  бейнесін  жасаған.  «Сар 
даланы сағына күткен тұрандық жылқы-адам осылайша қайта оралған еді» /6, 122/. 
Жалпы,  Марат  Қабанбай  баспасҿздегі  сұхбаттарында  «Кентавр»  романының 
жазылуы жҿнінде мынадай пікірлер айтады. «Дидар» /7/ газетінде: «Кісікиік» романы – 
онда  қазақтың  тарих  кҿшінен  адасып  қалып  қойғанын  философиялық  сипатта 
кҿрсетпекпін, – десе, «ZAMAN-Қазақстан» /8/ газетінде: «Кісікиік» деген роман жазып 
жүр едім. Ат пен адамнан тұратын кентавр қазақтың бүгіні туралы... Мына заман киіп 
кетіп, қолыма журналистік қаламды ұстата қойды, – деп ҿкінішін жасырмайды. 
Жазушы романына қазақ халқының тағдыры арқау болған. «Кентавр» романында 
романтикалық  сипаттағы,  күрделі  тағдырлы  кейіпкерлерді  кҿрсету,  оларды  қиын 
жағдайда сынақтан ҿткізу, характердің психологиялық ахуалын баяндаудағы драматизм 
мен экспрессия ерекше сезіледі. 
Айқындаушы  сҽттің  мағыналы  қабаттары  кҿп.  Роман  аяқталмаса  да    қаламгер 
ҿзінің айтар негізгі ойын шығарма соңындағы абзацтардан байқауға болады:  «Қолына 
бүктелген  қағазды  ұстатты.  Кҿзіне  жас  толып  кетті  ме,  қағаздағы  ірі-ірі  жазулар  су 
астына батып бара жатқандай тым бұлдырланып кҿрінді. «Елтай, жағдай осылай болды
қайтеміз.  Қазақтың  басына  келген  пҽле-жала  менімен  бірге  кетсін  деп  тілеймін. 
Ақыретте кездескенше қош...» – Е, Қареке, Қареке!» 
Қазақ  халқын  кентаврдың  асаулығына,  ақылдылығына,  даналығына  теңеп, 
«Кентавр» образы біздің ҿткеніміз ғана емес, ол біздің болашағымыз деп сенеді: «Батыс 
пен Шығыстың нҽрлі емшегіне мойнын қаншама ғасыр созса да, жеткізе алмай ындыны 
кепкен  қазекем  сонда  грек  мифологиясындағы  адам  басты,  жылқы  денелі  ҽйгілі 
кентаврға  айналып,  ҿз  топырағында  туған  жаңа  Геракл,  Алпамыстарды  да  тҽрбиелеп 
шығарар /9, 159/. 
 Қорыта  айтқанда,  «Кентавр»  образы  Марат  шығармашылығында  елеулі  орын 
алады.  Мақала  соңын  автордың  ҿз  сҿзімен  аяқтасақ:  «Келесі  ғасыр  –  Еш  талассыз! 
Кентаврлар ғасыры!» 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
 1 Қазақ ҽдебиеті.  22-маусым. – 2001. 
 2 Ана тілі. 27-наурыз. – 1997. 
 3 Ана тілі. 20-тамыз. – 1998.  
 4 Ана тілі. 25-сҽуір. – 1997. 
 5 Таң-Шолпан. – №3. – 2004. 
 6 Алтай А. Қыр мен қала хикаялары. – Алматы: Санат, 1998. 
 7 Дидар. 25- қазан. – 1996. 
 8 ZAMAN-Қазақстан. 27-желтоқсан. – 1996. 
 9 Қабанбай М. Қазақ, қайда барасың? – Алматы, 1995. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ  
Аталған мақалада Марат Қабанбай шығармаларындағы «Кентавр» образы туралы 
сҿз қозғалады. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматривается образ Кентавра в произведениях М. Кабанбая. 
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет