Одан бір нҽрсе туралы білу үшін сҿйлеседі. Сондықтан сҿйлеу айналадағы заттар, құбылыстар, адам ҿміріндегі ҽрекет, тіршілік, ҿндіріс туралы болады. Мысалы: Бұйрат


ЖАҢЫЛТПАШТЫҢ БАСҚА ЖАНРЛАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ



жүктеу 5.05 Kb.
Pdf просмотр
бет7/21
Дата27.04.2017
өлшемі5.05 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

ЖАҢЫЛТПАШТЫҢ БАСҚА ЖАНРЛАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ 
 
Дҽуітұлы Т. –  аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Жаңылтпаштың  басқа  жанрлармен  байланысын  зерттеу,  оның  қалыптасуы,  даму 
жолдары,  кҿркемдік  ерекшеліктері  жайлы  ғылыми  еңбектер  жазу  ҽдебиеттану 
ғылымына  қосылған  нҽтижелі  іс  деп  білеміз.  Жаңылтпаштар  фольклордың  басқа 
жанрларымен  де  тығыз  байланысты.  Халықтық  шығармаларды  басқа  жанрларымен 
салыстырудың  ҿзгешеліктерін  айқындауға  мүмкіндік  береді.  Басқа  жанрлармен 
байланысты зерттеу арқылы жаңылтпаштардың тарихи шығу жолын, даму жҽне ҿзгеру 
жолдарын байқаймыз. 
Кейбір  шешендік  сҿздер  мен  қанатты  сҿздердің  жҽне  ертегілер  мен  мақал-
мҽтелдердің  тҿркіні  осы  жаңылтпаштармен  де  ұштасып,  жалғасып  жататынын  кҿруге 
болады. 
Жаңылтпаштардың  басым  кҿпшілігі  халық  ҿлеңдерімен  байланысты  айтылады. 
Тіпті аллегориялық сипатта айтылатын халық ҿлеңдері кҿбіне жаңылтпаштарға жақын 
болады.  Ҽсіресе,  қазақ  халқының  айтыс  ҿлеңдерінде  жаңылтпашпен  айтылатындары 
ҿте  кҿп.  Мұнда  ақындық  ҿнермен  қатар,  ҿмірді  кҿп  біліп,  кҿп  кҿрген  айтысушы 
адамның парасаттылығы мен білімділігін қажет етеді. 
Қай  халықтың  болса  да  ауыз  ҽдебиетінде  мақал-мҽтелдер  тілі  кҿркем  жанрға 
жатады.  Мақал-мҽтелдер  ауыз  ҽдебиетінің  ең  кҿне  түрі,  ол  ғасырлар  бойы  сақтап 
келген халықтың еңбек тҽжірибесінің жиынтығы, түйіндеп айтқан ой-пікірінің  түйіні, 
ҿмір, 
тіршілігінің 
айнасы, 
ҿмірлік 
ҿшпес 
мұрасы. 
Мақал-мҽтелдердің 
жаңылтпаштардан  айырмашылығы  ҿміршеңдігі  –  тілінің  кҿркемдігі  мен  мазмұнының 
тереңдігінде, аз сҿз бен кҿп мағына беретіндігінде, еске сақтауға оңай болатындығында. 
Сондықтан  да  халық  ―Сҿздің  кҿркі  –  мақал‖,  «Мақал  –  сҿздің  мҽйегі»  деп  бағалаған. 
Мақал-мҽтелде кҿбінесе ортақ ой, анықталған қағидалар айтылады, формасы жағынан 
тілге жеңіл, ырғақ, ұйқасқа құрылады. 
Ал  жұмбақ  –  халық  шығармаларының  ішіндегі  ең  кҿнесі  жҽне  барлық  елдің 
фольклорында  кездеседі.  Жалпы  жұмбақты  –  сҿз  образының  кілті  ретінде  тануға 
болады. Жұмбақ негізінен балаларға арналған жанр болып табылады. 
Жаңылтпаш  –  астарлы  сҿз,  ҽсем  жыр.  Жаңылтпашта  қарапайым  халықтық  тіл 
ҿрнектеледі. Олай болатын себебі – белгілі бір құбылыс, зат жаңылтпашталғанда, оның 
сипатын,  кескін-кейпін,  мейлінше  түсінікті  тілмен  беру  кҿзделеді.  Жаңылтпаш  –  бала 
тілін  дамыту  құралы.  Жаңылтпаш  ықшамдылық  талабына  мейілінше  бұлтартпастай 
жауап береді. 
Мінсіз  жаңылтпаш  –  мінсіз  суреткерлік  жемісі  ҽрі  оның  дарындылық  белгісі. 
Бұдан шығатын қорытынды, жаңылтпаш қай жанрға болса да ортақ, ағайындас есепті, 
солардың бҽрімен де қатар дамып, халық ойының данышпандық асыл қазыналарын ҿз 
бойына жинаған мұра. 
Міне, осындай қазақ фольклорының күллі мҽселелеріне арналған еңбектерде де ҽр 
қырынан  қарастырылса  да,  ҽлі  күнге  дейін  біртұтас  құрылымы  сараланған  жоқ. 
Сондықтан  қазақ  халқының  бай  фольклорлық  мұрасын  зерттеу  фольклортану 
ғылымындағы кезек күттірмес мҽселенің бірі болып табылмақ. 
Қазақ  фольклорының  жекелеген  жанрлары  бойынша  кҿптеген  ғалымдарымыз  
ғылыми  зерттеу  еңбектер  жазды.  Жаңылтпаштардың  балалар  фольклорынан  алатын 
орны айрықша. Бала тҽрбиелеуде бұл жанрдың ерекше маңыздылығына халық ертеден 
үлкен  мҽн  берген.  Қазақ  халқы  балалар  тҽрбиесіне,  ұрпағының  саналы  болып  ҿсуіне 
жіті  кҿңіл  бҿлген.  Бұл  ұғымды  саналы  ұғынған  қазақ  халқы  ұрпақ  тҽрбиесін  бала 
дүниеге келген күннен бастаған. Мұндай тҽлім-тҽрбие жүргізу ерте кезден қазірге дейін 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
52 
жалғасып келе жатқан құнды дҽстүріміздің бірі. Мұны, ҽрине,  қазақтың қазыналы ауыз 
ҽдебиеті үлгілерінен кҿре аламыз. 
Ұлтымызда  балаларға  арналған  ҽдебиет  пен  ҿнер  түрлері  аса  мол.  Олар  сан 
жағынан  ғана  емес,  сапа  жағынан  да  бағалы  жауһарлар  санатына  жатады.  Ауыз 
ҽдебиетінің  жанрлары  кҿп  жағдайда  ҿзара  бірігіп,  бір-бірімен  араласып,  бірін-бірі 
толықтырып,  балалар  үшін  ұтымды  қызмет  атқарып  тұрады.  Балалар  ауыз  ҽдебиетін 
жинаушы  ҽрі  зерттеуші  С.  Сейфуллин  ҿзінің  «Жұмбақ  айтысу»,  «Жаңылтпаш», 
«Балалар ойыны»,  «Жастық  ойын, күлкі  ҿлең тақпақтары» деген еңбектерінде бастан-
аяқ балалар ауыз ҽдебиетіне тҽн мұраларға ғылыми талдаулар жасаған. 
«Жастардың,  бала-шағаның  жиналып  ойын-күлкі    «дүкенін»  құрған  орында 
айтылатын  айтыстың  бірі  –  жаңылтпаш.  Бұл  да  –  ертек,  ҿлең,  жұмбақ  айтысу  тҽрізді 
жастардың, балалардың тіл ұстартуына, ойнақы, қырлы сҿздерді қақпақылша атқылап, 
билеп  еркін  сҿйлеуге  тҿселулеріне  ҿз  ҽлінше  ҽдемі  сабақ,  тҽжірибе  болатын  ойын. 
Ойнақы,  қырлы,  қиын  дыбысты  сҿздерді  билеп  еркін  сҿйлеуге  тҿселу  ретінде 
балаларға, жастарға жас басынан сабақ-ойын болатын нҽрсе ҽсіресе осы – жаңылтпаш» 
– дейді С. Сейфуллин.   
Жаңылтпаш  -  қазақтың  ұлттық  құндылығына  да,  ауыз  ҽдебиетінің  құндылығына 
да  тҽн  мұра.  Жаңылтпаштар  балалардың  тілін  дамыту  жҽне  оларды  жан-жақты 
тҽрбиелеу  қажетінен  туып,  бала  тҽрбиесі  үшін  қызмет  еткен.  Жаңылтпаштардың 
ықпалы,  тҽрбиелік  күші  жағынан  жасҿспірімдерді  тҽрбиелеудің  ең  маңызды  белесіне 
айналды. 
Жаңылтпашты  зерттеуші  ғалымдардың  ой-пікірлеріне,  ғылыми  тұжырымдарына 
қарағанда  жаңылтпаш  та  жұмбақ,  мақал-мҽтел  сияқты  фольклордың  шағын  жанрына 
жатады.  Жаңылтпаш  сҿздер  мен  дыбыстарды  қиындата  қайталау,  айтқанда  тілді 
мүдіртіп  тұтықтандыратын  сҿйлемді  немесе  сҿйлемнің  бҿлігін  шапшаң,  жиі  қайталау 
арқылы  тіл  ширатуға,  тіл  ұстартуға  лайықталады.  Жаңылтпаш  дүниежүзі 
халықтарының бҽрінде бар. Бірақ жаңылтпаштың қай тілдегі атауына зер салсаңыз да, 
оның ауыз ҽдебиеті үлгісінің ортақ табиғатынан ҿрістеп жатқанын байқау қиын емес. 
Жаңылтпаш  тіл  дамыту  мен  ширатудың,  ҽсіресе  бала  тілін  ұстартудың  тиімді 
құралы, дҽстүрлі жолы десек, ондағы мағынасыз сҿздер мен дыбыстардың ермек үшін 
айтылатын  ретсіз  жиынтығы  емес.  Жаңылтпаштар  белгілі  бір  желіге  құрылады  да 
жүйелі  ҿзіндік  оқиға  нышанын  сҿз  етеді.  Жаңылтпаш  жанрының  дҽстүрлі  тҽлімдік-
тҽрбиелік  мектебіне  айналу  мҽнісі,  ҽрине,  оның  танымдық  қуаты  мен  тҽрбиелік 
маңызынан,  кҿркем  бояулы  эстетикалық  күшінен,  ойлы-сезімді  тереңдігімен 
айқындалады деп түсінеміз. Сонымен қатар, дүние сырларын танытып, білім берерлік, 
білік-дағды  қалыптастырарлық  ерекшелігі  де  бар.  Жаңылтпаш  ана  тілінің  бай  қорын, 
мол мұрасын бала жастан игеруге, жатық сҿйлеп, тіл саздылығын тануға кҿмектеседі, 
кҿркем сҿзді қастерлеуге тҽрбиелейді. 
Бала  танымын  кеңейтумен  қатар,  тілін  ұстартып  дұрыс  сҿйлеуге  үйретуде 
жаңылтпаштың  орны  ерекше.  «Жаңылтпаш  –  ауыз  ҽдебиетінің  балалардың  тілін 
жаттықтыру  мақсатындағы  жанры.  Бала  тілінің  жетігіп-жетілуіне,  оралымды,  анық 
сҿйлеуіне, ана тілінің үн сұлулығын мінсіз меңгеруіне, шебер сҿз саптауына баулиды», 
– деген анықтама берілген.  
Жаңылтпаш  ерте  заманда  пайда  болған  жанр.  Жаңылтпаштардың  алғаш  хатқа 
түскен үлгілерін Ҽ. Диваев, М.Ф. Гаврилов қолжазбаларынан кездестіреміз. 
А.  Байтұрсынов  «Ҽдебиет  танытқыш»  атты  еңбегінде  жаңылтпашқа  мынадай 
түсініктеме  береді:  «Жаңылтпаш  деген  аты  жаңылтудан  шыққан.  Қатарынан  қайта-
қайта  шапшаң  айтқанда,  иҽ  тіл  келмейтін,  иҽ  тіл  басқа  сҿз  қылып  бұзып  кететін 
сҿздердің басын құрап, келістірген шығарма – жаңылтпаш деп аталады». 
Ал,  Н.  Тҿреқұлов  дидактикалық  шағын  жанрларға  мақал-мҽтел,  жұмбақ  пен 
жаңылтпашты  жатқызады.  «Жаңылтпаш  халықтық  поэтикалық  шығармалардағы 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
53 
фольклордың  шағын  жанрына  жататын,  дыбыс  үйлесімділігіне  негізделген,  тез  жҽне 
айқын айтылуы қиын сҿздер тізбегі» – деген анықтама береді. 
Қазақ  балалар  ҽдебиетін  зерттеуші  Ш.  Ахметов:  «Бұл  жанр  тек  қана  балалар 
ҽдебиетіне  арналған,  кҿбіне  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  мен  бастауыш  мектеп 
оқушыларына  лайықты.  Олай  дейтініміз  жеке  дыбыстар  мен  айтылуы  қиын  кейбір 
сҿздерді дұрыс сҿйлеуге үйрету – кҿбіне балаға ғана тҽн нҽрсе. Мұнда міндетті түрде 
оқыту арқылы ғана емес, баланы талғамы күшті қызық та кҿркем сҿздерге ҽуестендіру, 
соған еліктіру арқылы жаттығу жүргізу үшін қолданылған шеберлік бар»,  – дейді. 
Жоғарыдағы  айтылған  ой-пікірлерге  қарағанда  жаңылтпаштардың  негізінен 
балаларға ғана  тҽн мұра екендігін дҽлелдейді. 
«Балалар  ойынының  қызықты  да  пайдалы  түрлерінің  бірі  –  жаңылтпаш. 
Жаңылтпаш  балаларға  жастайынан  ана  тілінің  бай  қорын  игеруге,  таза,  майда,  анық 
ҽуенді,  кҿркем  сҿйлеуге  кҿмектеседі,  сҿзді  қастерлеуге  тҽрбиелейді»,  –  деп 
тұжырымдайды ғалым С. Ұзақбаева. 
Балаларға арналған шығармалардың тілі, ең алдымен, ҿзінің ана тілін жетік білуге, 
сҿздік қорын байытуға, жүйелі түрде қисынды сҿйлеуге баулитын құрал болуға тиісті. 
Балаларға арналған ҿлеңдер ойнақы, тілі қызықты да қарапайым болуы шарт. 
Жұмбақ  –  бейнелігімен,  қысқалығымен,  ойнақылығымен  ерекшеленетін  белгілі 
бір  поэтикалық  пішінге  негізделген  асыл  мұра.  «Жұмбақ  ҿзге  фольклорға  қарағанда 
бітімі бҿлек, ерекше затты деректі сҿз. Сол деректілікті сүйетіндіктен жұмбақ ҽр заттың 
жағдай,  бҿлім-бҿлшектеріне  кҿбірек  кҿз  салады.  Сонда  жҽне  халық  ҿзіне  керекті 
жақындығы  бар  заттарды  кҿбірек  жұмбақ  етеді»,  –  дейді  М.Ҽуезов.  Жұмбақ  ҽдемі 
ұйқасы,  құрылысы  жағынан  аз  сҿзбен  кҿп  нҽрсені  қамтитындығы  жҿнінен  балаға  кҿп 
эстетикалық ҽсер береді. 
Жұмбақ  –  кҿркем  поэтикалық  туынды  болғандықтан,  ол  баланың  ой-ҿрісі  мен 
арман-қиялын шыңдаумен қатар, оған эстетикалық тҽрбие беріп, кҿркем сҿз табиғатына 
үйретеді. Бұл орайда жұмбақтың ерекшелігіне байланысты айтқан ғалым Ш. Керімнің 
ғылыми тұжырымына сүйенеміз:  «Жұмбақ кҿне дҽуірлерде дүниеге келген. Ғалымдар 
оның  тегін  тыйым  сҿздер  –  табумен  байланыстыра  қарайды.  Ол  адамды  табиғат 
құбылыстарын  түсініп  болмаған,  айналасындағы  қас  күштердің  қастандығынан 
қауіптеніп, оларды алдау керек, сондықтан астарлап сҿйлеу керек деп иланған уақытта 
шыққан.  Қазақ  жұмбағының  алғашқы  пайда  болғаннан  бүгінге  дейін  басып  ҿткен 
эволюциялық даму жолын қалпына келтіру үшін этнографиялық мағлұматтарға, басқа 
жұрттардың мҽліметтеріне арқа сүйеу абзал. Жұмбақ қоғамда бірнеше қызмет атқарған, 
заман  ағымына  сҽйкес  қоғамдық  қызметіне  ҿзгерістер  еніп  отырған.  Ескі  кезеңдерде 
магиялық  қызметі  басым  болса,  қазақтың  кҿшпелі  қоғамында  эстетикалық-сауықтық 
жүкті  арқалаған.  Қазіргі  уақытта  жасҿспірімдердің  сүйспеншілігіне  бҿленіп, 
тҽлімгерлік  міндетті  кҿтеруде».  Сҿйтіп,  ұлттық  дҽстүрлі  бояулардан  ажырамаған 
байырғы  жанрлық  жүйелер  үлгілерін  жоғалтпаған  фольклордың  ҿміршең  болмысы 
бүгінгі  жҽне  болашақтағы  ұрпақтарды  ҿзіне  табындыра  береді.  Осылайша  қазақ  ауыз 
ҽдебиетінің  үлгілерінің  барысында  баланың  ой-санасы  да,  интеллектісі  де, 
дүниетанымы  да,  логикасы  да  ұштала,  жетіле  түседі.  Жұмбақ  пен  жаңылтпаштың 
астарында  жатқан  ойды  аңғарып,  ой  қорытындысын  жасау  алғашқы  кезде  балаларға 
қиынырақ болуы мүмкін. Бірақ үлкендердің кҿмегімен бала тұспалды мағынаны тануға 
бірте-бірте  үйрене  бастайды.  Соның  нҽтижесінде  кейін  бала  ҽрбір  жұмбақ  пен 
жаңылтпаштың, немесе ҿзге де жанрлардың байыбына барып, мазмұнына терең үңіліп, 
қорытынды  байлам  жасауға  тҿселе  бастайды.  Бұл  бір  жағынан  баланың  ақыл-ойын, 
санасын, логикасын дамытып, екінші жағынан оған рухани, эстетикалық тҽрбие береді. 
Ауыз ҽдебиеті жанрлары сияқты мақал-мҽтелде халық даналық ойларын балаларға 
арнады. Мысалы,  «Бала  – бауыр  еті,  кҿздің нұры» деп босқа айтпаған. Халықтың бұл 
тҽріздес мақалдары жас ұрпаққа арналған үгіт, ақыл-ҿсиет болып отырады. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
54 
«Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар» 
деп баланы дұрыс бағытқа жҿн сілтеп, тҽрбиелі болуға үгіттеп отырған. 
Баланы  тҽрбиелеудегі  негізгі  мақсат  оны  алдымен  білімге,  ҿнерге  баулу,  еңбек 
үдерісімен таныстырып, еңбек етуге үйретуді кҿздейді. «Жан қиналмай жұмыс бітпес, 
талап  қылмай  мұратқа жетпес»  деп  қай  нҽрсенің  де  еңбексіз қолға  түспейтінін  балаға 
ой салып, ҿмір танытады. 
Мақал-мҽтелдер  поэтикалық  құрылымы  жағынан  жұмбақтарға  ұқсас.  Ҽсіресе 
қазақтың  мақалдары  мен  мҽтелдерінің  кҿбі  ҿлең  сҿзден  құралған  десек,  артық 
айтқандық  емес.  Жалпы  мақал-мҽтелдер  дүниетану  жолында  баланы  ойға,  қиялға 
шомдыратын, іске, ҽрекетке баулитын жанр. 
Егер қазақ балалар фольклорының бай мазмұнды, поэтикалық ҿрнегі тұрғысынан 
қарасақ, мақал-мҽтелдердің ішкі құрылымы, ҿзіндік ерекшеліктері сан-салалы, біз оның 
балалар ҽдебиетіндегі бір қырына ғана тоқталдық. 
Бала  тҽрбиесіндегі  санамақтар  да  үлкен  орын  алады.  Санамақтар  туралы 
Ҽ.Табылдиев  былай  дейді:  «Санамақтарды  халық,  негізінен,  жас  балаға  сан  үйрету  
мақсатымен шығарған. Санамақтар ҽрі  сан үйретеді, ҽрі  дүние танытады, ҽрі  баланың 
қисынды  ойлауы  мен  математикалық  ойлау  қабілетін  дамытады.  Санамақтардың 
түрлері кҿп, оның үстіне жаңадан қосыла береді». 
Санамақтар  баланы  ҽдемі  сҿйлеуге  дағдыландырса,  жаттау  қабілеттерін, 
танымдық  ой-ҿрісін  дамытады.  Санамақ  тҽртібін  бұзбай  айту  балаларды 
аңғарымпаздық  қасиетке  баулиды.  Санамақ  балалардан  белсенділік  пен  алғырлықты 
талап ететін жанр. 
Сен кір, сен шық, – дегенде бала санамақты тыңдап қана қоймай, оны қайталайды, 
сол  арқылы  сандарды  таниды,  жаңа  бір  ұғымдармен  танысып,  дүниетанымын 
кеңейтеді,  есте  сақтау  қабілеті  мен  тілін  жаттықтырады.  Ҿйткені  санамақ  қарапайым 
сандар мен сҿздердің жиынтығы ғана емес, ол – кҿркем сҿзбен кестеленген тҽрбиелік, 
тағылымдық  мҽні  бар  шағын  поэтикалық  шығарма.  Санамақтар  кҿп  ретте  реттік 
сандармен басталады. 
Бір дегенім – бесік, 
Екі дегенім – есік, 
Үш дегенім – үміт, 
Тҿрт дегенім – мүлік,  
Бес дегенім – батыр, 
Алты дегенім – ақыл, 
Жеті дегенім – жалау, 
Сегіз дегенім – сұрау, 
Тоғыз дегенім -  толғам, 
Он дегенім – орман... 
Он жасында талайлар, 
Елге қорған болған!  – дегенде 
атау ұйқастырып санау арқылы бала ҽрі сан үйренеді, оның үстіне санға аты ұйқасқан 
заттарды танып біледі. Екіншіден, саусақ ойыны баланы сан үйренуге ынтықтырады.  
Бір дегенің – білеу, 
Екі дегенің – егеу, 
Үш дегенің – үскі, 
Тҿрт дегенің – тҿсек, 
Бес дегенің – бесік, 
Алты дегенің – асық, 
Жеті дегенің – желке, 
Сегіз дегенің – серке, 
Тоғыз дегенің – торқа, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
55 
Он дегенің – оймақ, 
Он бір қара жұмбақ. 
Санамақтардың түпкі негізі осылай халықтық педагогикамен байланысып жатады. 
Санамақтардың да ҿзіндік туу заңдылықтары бар. Олар бала ҿмірінің қажетін ҿтеу үшін 
туады  да,  баланың  ҽр  кездегі  жас  мҿлшеріне,  психологиясына  лайықталып  айтылады. 
Жоғарыда алынған үзінділердегі санамақ бала санасына сіңіп, оның ұғымын,  түсінігін 
де кеңейтеді.  
Санамақ  жыры  балаға  сан  үйретуден  басталады.  Мұнда  сандар  жеке  айтылмай, 
кейде  атауы  ұқсас  екінші  бір  затпен  қосақталып,  («Бір  дегенім  –  білеу,  Екі  дегенім  - 
егеу»  деген  сияқы),  кейде  сан  тҽуелдік  жҽне  атау  түрінде  ҿзара  тіркесіп  «Бірім-білім, 
екім-екі, үшім-үш» түрінде қайталанды.  
Мұның  бҽрі  жас  баланың    санды  тез  жаттап  алуына  қолайлы  болуын  кҿздейді. 
Бала  ұғымын,  түсінігін  кеңейтуде,  оның  тілін,  ойын  дамытуда,  оларды  үлгілі  істерге 
тҽрбиелеуде  санамақтар  да  маңызды  рҿл  атқарады.  Санамақтар  құпиясы  баланы 
ҽрқашан  қызықтырып,  ілгері  жетедейді.  Сол  негізде  санауға  үйретеді.  Мұндай 
санамақтар  бала ойын ұштайды.  
Ақын  Ҽбдіраштың  Жарасқаны  санамақтарында  балалардың  іс-ҽрекетінен  туатын 
оқиғаға құрап отырып, бала ұғымын ҿсіру мен тілін дамытуды тереңдете түседі. 
Қиын пҽннен сұралып,  
Қалады Қанат «бір» алып, 
Сҿйлеймін деп бет алды, 
Самат одан «екі» алды. 
Мен де сҿзден тұсалдым, 
Ҿліп-талып «үш» алдым. 
Тастамайтын бар пҽнді –  
Таңат болса «тҿрт» алды. 
«Озатымыз»  қашанғы –  
Орақ болса «бес» алды. 
 
Жауап таппай қиналып, 
Жасыма сен осалдық. 
Барлығымыз жиналып, –    
Айтып берші, неше алдық?  
Автор  бала  психологиясын  жақсы  біледі.  Санамақтарында  ақын  оның  бала 
тҽрбиесіне қажетті сҽттерін тап басып, тапқырлықпен суреттейді.  
Балаларға арналған  мұндай санамақтарды тек ауыз ҽдебиетінен ғана емес, жазба 
ҽдебиетінен кҿптеп кездестіреміз.  
Сондықтан  балаларға  лайықталған  ауыз  ҽдебиетінің  түрлері  олардың  ой-ҿрісінің 
кеңеюіне, бірте-бірте заттар мен құбылыстарды тануына, тіл ұстартуына ҿлшеусіз ҽсер 
етеді.  
Жаңылтпаштар  кейде  басқа  жанрлармен  бірге  келетіндігі  бар  (мысалы,    ертегі 
эпикалық  шығармалардың  ішінде)  бұл  тұрғыдан  алғанда  поэтикалық  образды  түзуде 
негізгі бейне қатары, кҿркем бояу беріп тұратын рҿлді атқарады. 
Жаңылтпаштарды  халықтық  шығармалардың  басқа  жанрларымен  салыстыру 
оның  ҿзгешеліктерін  айқындауға  мүмкіндік  береді.  Басқа  жанрлармен  байланысты 
зерттеу арқылы жаңылтпаштардың тарихи шығу жолын, ҿсуін жҽне ҿзгеріс жолдарын 
байқаймыз. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
56 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  жаңылтпаш  жанры  мақал-мҽтелдер,  жұмбақ,  санамақ  сияқты  басқа 
жанрлармен  салыстырыла  келе,  ҿзіндік  белгілері,  айырмашылықтары  мен 
ұқсастықтарын қарастырады.  
 
РЕЗЮМЕ 
 В  статье  рассматриваются  своеобразие,  различие  и  схожесть  скороговорок  в 
сравнительном  анализе  с  пословицами-поговорками,  загадками,  считалками  и  с 
другими жанрами.   
 
 
 
 
1970-80 жж. ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ НЕОРОМАНТИКАЛЫҚ 
ТЕНДЕНЦИЯ 
 
Жанұзақова Қ.Т. – ф.ғ.к., доцент (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
ХХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақ  ҽдебиеті  романтизмнің  дамуындағы 
жаңа  сапалық  дҽуір,  жаңа  белес  болды.  Бұл  кезеңдегі  проза  кҿркемдік  ізденістердің 
күрделі  де  белсенді  процесімен,  тенденциялардың  молдығымен  ерекшеленеді.  Осы 
тұстағы  романтизмді  ХІХ  ғасырдағы  дҽстүрлі  тҿңкерісшіл  романтизмнен  ҿзгешелеу  – 
шартты түрде философиялық сипаты басым жаңа романтизм, яғни  неоромантизм деп 
атауға болады. Ол ҽсіресе 1970 жылдары жаңа  ҿріс алды. Оны модернистік ағымның 
ішкі бір тенденциясы ретінде кҿрінді деуге болатын сияқты.  
1970  жылдары  қазақ  прозасы  идеологияның  «тар  шеңберінен»  бұзуға  талпынды. 
Қоғамда  орын  алған  күнделікті  жалаң  ұраншылдық  пен  халықтың  сергек  санасының 
арасындағы қайшылық,   идеал мен нақтылықтың ҿзара сҽйкес келмеуі неоромантизмді 
тудырды.  Жазушылар  саясат  нұсқаған    азаматтық,  ҽлеуметтік  тақырыптардың 
қалыбынан    шығып,      ҿткен  дҽуірлердің  мҽдени  мұрасына  жаңа  мазмұн  берді, 
философиялық  ізденістер  мен  ҽлеуметтік-адамгершілік  тақырып  ауқымын  кеңейтуге 
тырысты.  
Романтикалық  бейнелеу  тҽсілінің  жаңа  сапаға  ие  бола  дамуы    романтизмнің 
мүмкіндіктерін  игеру  жолындағы  алуан  түрлі  кҿркемдік  ізденістердің  нҽтижесі  еді. 
Қазақ  прозасында  бірқатар  жазушылардың,  атап  айтсақ,  О.Бҿкеев,  Т.Ҽбдіков, 
Д.Исабеков,  Р.  Тоқтаров,  Д.  Досжанов,  т.б.  шығармаларында  неоромантизмнің 
белгілері  кҿрінді.    Неоромантизм  романтизммен  тақырыбы  мен  сарыны  жағынан  да, 
жалпы  принциптері  мен  поэтикасы  жағынан  да  тығыз  байланысты.  Олар:  пендешілік 
пен  күйкі  тірлікке,  тоғышарлыққа  қарсы  шығу,  болмысқа  қанағаттанбау,  ҿз  ортасына 
қарсы  шыққан  романтикалық  кейіпкер,  иррационалды  дүниеге  назар  аудару,  гротеск 
пен фантастикаға, мифологизмге  деген ықылас, жаңа кҿркемдік тҽсілдерге бейімділік, 
т.б.  
ХХ  ғасыр  ҽдебиетіндегі  неоромантизмді  тудырған  ҽлеуметтік  толғақ  –  тоқырау 
кезеңі,  қысылшаң  қоғамдағы  тҽртіп,  жеке  адамды  тҽңір  тұту,  табыну  дҽуірі.  ХХ 
ғасырдағы  қазақ  ҽдебиетінде  неоромантикалық  бейнелеу  тҽсілдерінің,  принциптерінің 
кҿрініс  беруі  қоғамда  болып  жатқан  құбылыстарға  қанағат  етпеуден,  кеңестік 
тоталитарлық жүйеге кҿңілі толмай, іштей қарсылық білдірудің нҽтижесінде болған еді. 
1960-70  жылдардан  бастап  суреткерлер  ұлттық  сананы  ояту  мақсатында  халықтың 
ҿткен  рухани  тҽжірибесіне,  тарихи  бастауларға,  мифологиялық  бағдарға  бет  қойды. 
Кеңес  ҽдебиетінде  дҽуірлеген  социалистік  реализм  ҽдісі  тұйыққа  тірелгенде, 
жазушылар  мифтік  шығармашылықты  дүние,  болмыс  туралы  ой  толғаудың  тҽсіліне  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
57 
айналдырды.  Қазақ  жазушылары  адам  мен  ҽлемнің  сырын  бейнелеуде  қалыпты 
формалардан  бас  тартты  да,  оны  философиялық  пайымдаулар  мен  мифологиялық 
таным    тұрғысынан  игеруге  күш  салды.  Мұның  ҿзі  жазушылардың  «белгілі  бір  
мҽдениеттің, белгілі бір  тарихи дҽуірдің  құбылысы» болуымен де байланысты болды 
/1, 15/. 
Мифологизм  халық  бойында  ғасырлар  бойы  жинақталған  кҿркемдік  танымды, 
рухани ізденістерді жеке тұлғаның, адамның жұмбақ болмысы арқылы ҿткізіп, бүгінгі 
күннің тҽжірибесімен, ҿмір құбылыстарымен синтездеп қорытты. Кҿркем шығармадағы 
қақтығыс адам мен адам, адам мен қоғам, адам мен табиғат арасында ҿтті. Суреткердің 
негізгі    назары  ҽлеуметтік  ҿмірден  гҿрі  рухани  кеңістікке  ауды  жҽне  жеке  тұлғаның 
ішкі  ҽлемі    күрделі  рухани  құрылым  ретінде  қарастырылды.  Қаламгерлер    ҿмір 
шындығын  суреттеуден  гҿрі  ҿмірдің  мҽні  мен  жаратылыс  жұмбақтары  туралы  ой 
толғауға ойысты. Қазақ прозасында  рухани түлеу, рухани жаңғыру тақырыбы тереңдей 
түсті. 
Кеңес  ҽдебиетінің  алғашқы  даму  тұсында  романтизмнің  жете  бағаланбауы 
кейіннен  1960-70  жылдары  да  кҿрініс  берді.  Ҽрине,  ХХ  ғасырдағы  романтизм  ХІХ 
ғасырдағы  романтизміндей    тым  оқшау,  тым  «таза»  емес,  ҿзіндік  сипатта  дамығанын 
ескеруіміз  қажет.  ХІХ  ғасырдағы  кҿтеріліске  үндеген  романтизмнен  ерекшелігі  ХХ 
ғасырдағы  жаңа  сипаттағы  романтизмінің  «философиялық    салмағы»,  ондағы 
мифологизмнің  үлесі  басымырақ  кҿрінді  /2,  165/.  Романтикалық    тенденция  басқа  да 
модернистік кҿркемдік тҽсілдермен, реалистік тенденциямен алмағайып араласып келіп 
отырды. Қазақ прозасында түрлі кҿзқарастардың, кҿркемдік жүйелердің ҿзара жарысуы 
мен тоғысуы ҽдебиетті жаңа сапаға кҿшіріп, жаңа деңгейге кҿтерді. 
Осы тұста қазақ прозасында суреткерлердің жеке шығармашылығында, нақты бір 
туындыларында  реалистік  жҽне  романтикалық  бастаулардың  сан  қилы  байланысқа 
түскен  мысалдарын  бақылауға  болады.  Мұның  астарында  адам  мен  қоғам,  жеке 
тұлғаның  рухани  ұмтылыстары  мен  ҽлеуметтік  ҽрекеттері  арасындағы  алуан  түрлі 
қарым-қатынастары  жатыр.  Романтизм  басқа  да  ҽдеби  ҽдістермен  күрделі  синтезге 
түсіп,  модернистік  таныммен    трансформацияланып,  тамырласып  жатты.  Нақты 
қаламгер  туындыларын  белгілі  бір  ҽдістің  қазығына  байлау,  тек  романтизмге,  я  таза 
реализмге, т.б. жатқызу тҽжірибелерінің жеміссіз болатыны да сондықтан. 
Ҽлем  ҽдебиетіндегі  Рабле,  Боккаччо,  Лопе  де  Вега,  Шекспир  мен  Сервантесті 
замандастары  романтик-жазушылар  деп  таныған.  Қазіргі  ҽдебиеттануда  зерттеушілер 
оларды  реалистер  деп  қабылдайды.  Бұл  анықтаманың  қате  болғаны  ма  сонда?  Жоқ, 
ҽрине.  Шындығына  келгенде,  бұл  ұлы  суреткерлер  ҽрі  романтик,  ҽрі  реалист  болған. 
Ҽңгіме тек осы бейнелеу тҽсілдерінің ара-қатынасында ғана.  
ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  кеңес  ҽдебиетінде  ХІХ  ғасырда  орыс 
ҽдебиетінде,  батыс  Еуропа  ҽдебиеттерінде    орын  алған  жағдай  байқалды  –  мифтік 
шығармашылық  неоклассицизмнің    (социалистік  реализмнің)    догмалары  мен 
схемаларына  қарсылықтың,  оппозицияның  нҽтижесінде  ҿзіне  жаңа  жол  тапты.  Қазақ 
прозасындағы мифтік шығармашылықта романтикалық ізденістердің рухы оянып,  кҿзі 
ашылды.  
Алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан мифтің  ҿркениет дамыған бүгінгі таңда 
ҿзінің  бастапқы  қалпын  сақтап  қалмасы  түсінікті  жайт.  Архаикалық  мифтердің 
трансформациялануы  кҿркем  ҽдебиетке  мифтік  шығармашылықты  биік  ҿнер  ретінде 
бағалауға, ҽлемдік мҽдениет қатарынан орын алуда жаңа мүмкіндіктер туғызды. Бірақ 
шығарманың  романтикалық белгісін бір ғана  аңыздық желі арқылы  анықтау арқылы 
аздық  етеді.  Мифтік    мазмұны    аралас    келетін      шығармалардың    баршасына  
романтизм    таңбасын    оп-оңай  баса    салу    шарт  емес.  Ҿйткені  романтизмнен  басқа 
ҽдеби бағыттарда да  мифтік, фантастикалық элементтерді қолдану үрдісі бар. Алайда 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
58 
«мифологизм  –    романтизм  қырларының  бірі,  бірақ  шешуші    қыры  емес.  Оның  
толыққанды  болуы үшін  романтикалық  шарттылық  қажет» /3,149/.  
Мифтік,  аңыздық  сюжеттердің  1970-90  жылдары    кҿркем  шығармада  дамуы, 
ҿрістеуі    шартты  түрде  болды.  Мифологизмге  жақын  жазушылардың  кҿбіне  ортақ 
қасиеттер: «ҿткенге де, болашаққа да қатысты ауқымды философиялық  жинақтауларға 
бейімділік;  халық  ауыз  ҽдебиетінің  поэтикасымен,  эстетикасымен  ішкі  үндестік; 
кҿтеріңкі  –  эмоциялық,  романтикалық  стильге  жақындық  ...  Анығын  айтқанда, 
мифотворчествоға  барып  жүрген    кейбір  жазушыларды  «таза»  –  дҽстүрлі  реалистер 
қатарына жатқызуға да бола бермес» /4, 6/.  
Мифтік  шығармашылық  ХХ  ғасырда  жаңа  кҿркемдік  деңгейге,  сапалық 
қасиеттерге  қол  жеткізді.  Адамзаттың  бала  кезінен  жасаған  рухани  дүниесі  болып 
саналатын мифтер мен фантастика қаламгер үшін жаңа кҿркемдік мақсатта ғана емес, 
бүгінгі күн мҽселелерін шешуде трансформацияланып, жаңғырып, жалғасын табуда. 
Кҿркем  ой  тҽжірибесінде  аңыздар  мен  мифтер  кҿркем  ҽдебиеттің  ҽр  жанрына 
терең  сіңіп,  ҿзінің  символикалық  жҽне  аллегориялық  мҽн-мағынасымен  баса  назар 
аударуда.  Кҿркем  ҽдебиетте  бұл  форма  түрлі  жағдайларға  байланысты,  жазушының 
қажетіне  қарай  қолданыс  табады.  Қазіргі  қазақ  ҽдебиетінде  жазушылар    халық 
шығармашылығының дҽстүріне сүйене отырып, тың, жаңа ҽдебиетке тҽн жаңа «ертегі», 
«аңыз»  жасайды.    Аңыз-ҽңгімелерді  пайдалануда  болсын,  оларды  жаңадан  «жасауда» 
болсын, жазушылар ұстанатын басты принциптер ҿзара жақын. «Аңыз-ертегілік үлгілер 
бір шығармаларда ҿмір шындығын суреттеудегі кҿптеген амал-тҽсілдердің бірі ретінде 
қолданылса, басқа бір  шығармаларда «авторлық идея мен объективті идеяның жарыса 
дамып, тоғысып түйісер арнасына айналады» /5, 70/. 
Кеңес  дҽуірінде  ҽдебиет  адамтану  құралы  емес,  саясаттанудың  идеологиялық 
құралына  айналғанда  жазушылар  аңыздар  мен  мифтерден  адам  рухын  ардақтайтын 
терең  философиялық  жинақтаулар,  мҽңгілік  уақытпен  үндесетін  тың  тақырыптар 
тапты.  Жазушылардың  қолдануындағы  «аңыздық,  мифтік  сюжеттердің  кей  кездері 
символдық  образдар  арқылы  берілуі,  шығарма  кейіпкерлерінің  бейнелілік  бітіміне 
нұқсан келтірмейді. Аңыздан ақиқат іздеген суреткер оның бетіндегі бүркеусіз тұрған 
бітімін  емес,  жұмбақ  сыры  жатқан  ойыңды  ойран,  ақылыңды  айран  ететін  астарынан 
символдық жұмбақ бейнелерден мҽн-мағына табуға ұмтылады» /148, 81/.  
Зерттеуші  А.  Ісімақова  осы  турасында:  «...Миф  поэтикасы  бүгінгі  күнді  терең 
уақыттық  межемен  байытады,  ҽрекет  етуші    мҽдени  метафоралар  мен  ассоциациялар 
қорын  кеңейтеді.  Нҽтижесінде  бір  кездері  мағыналық  мҽн  алған  поэтикалық 
формулалардың (архетиптердің) «жандану» процесі жүреді /6, 382/  дейді. 
Қазіргі  қазақ  прозасында  мифтік  бастаудың  ҽсері  күшті.  Қаламгерлер  ҿз 
шығармаларында  аңыз-ҽңгімелерді,  діни    кҿне  сюжеттерді    кеңінен  қолдану  үстінде, 
бұл  ҿз  кезегінде  олардың  шығармаларындағы  кеңістіктік-мезгілдік    ҿлшемдердің  
күрделенуіне  ҽкелді.  Бұл  ретте  қаһармандардың  ішкі  ҽлемінің  ұңғыл-шұңғылын, 
олардың жан дүниесінің, санасының, жадының, қиялының кеңістіктерін зерттеуге назар 
аудара  бастады.  Бұл  бір  жағынан  адаммен  байланысты  философиялық    мҽселенің  түп 
негізіне  бойлауға, екінші жағынан жеке уақыт пен кеңістіктің шекарасын жылжытуға 
мүмкіндік берді. 
ХХ ғасыр ҽдебиетінде қоғамда қалыптасқан саяси, экономикалық жағдайлардың, 
ядролық  жарылыс  қаупінің,  экологиялық  апаттың  күшеюіне  байланысты  адам 
болмысының константаларын қайта қарау процесі жүрді. Адам  ҿткеннің, қазірдің жҽне 
болашақтың  тоқайласар нүктесінде бейнеленіп, ал оның ішкі ҽлемі  тарихи уақытпен, 
мифпен  бірлікте  қарастырылды.  Мифологизмнің  ҿз  дҽуіріндегі  қоғамда  бел  алған 
рухани  бастауға  қарсы,  адамзат  дамуына  кері  ҽсерін  тигізетін  жат  құбылыстарды 
ҽшкерелеудегі  кҿркемдік  қызметі  ерекше.  Миф  бүгінгі  ҿркениеттің  даму  сатысында 
қайталанбас  жаңа  мазмұнға  ие.  Ол  жаңа  қасиеттермен  толыға  түсті.  Ең  алдымен, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
59 
мифологизм  ҿсиетшілдіктен,  дидактизмнен,  ақыл  айтушылықтан  арылды.  Мифтік 
сюжеттер шығармада бүгінгі күннің күрделі  де қарама-қайшылығы мол адамгершілік, 
рухани    жағдайымен    үндес  келеді.  Қазіргі  қазақ  романындағы  мифологема  метафора 
ретінде,  қазіргі  болмысты  жалпы  адамзаттық  адамгершілік  тҽжірибесі  контекстіне 
енгізудің қандай да бір кҿркемдік тҽсілін айқындау факторы ретінде кҿрінеді. 
Қорыта  айтқанда,  ХХ  ғасыр  прозасында  мифопоэтикалық  формаларды  қолдану 
мен пайымдауында романтикалық дҽстүрлердің ізі кҿрінеді. Неомифологизм феномені, 
яғни  жаңа  кезеңнің  мифі  ретінде  қабылдайтын  мифологиялық  универсалиилер  қазақ 
қаламгерлерінің  шығармаларынан  да  айқын  таныла  бастады.  Қазақ  жазушыларының 
шығармаларында  романтикалық  мифологема  белгілі  бір  уақыттың,  тарихи  дҽуірдің 
шеңберінен  тыс  рухани  бағдар,  халықтың  рухы  мен  рухани  ҿмірін  бейнелейтін 
кҿркемдік 
құрал 
ретінде 
қолданылды. 
Қазақ 
прозасында 
романтикалық 
мифопоэтикалық  формаға бүгінгі  ҿзекті  мҽселелердің ену формасы  сан түрлі  болды  – 
авторлық шегіністер, толғаныстар, символдар, аллегориялар поэтикасы, т.б.  
Қазақ  романтиктерінің  шығармаларында  Еуропа  романтизміндегідей  ертегілік 
сипат  пен  мистицизм    мотивтері  молынан  ұшыраспайды.  Бірақ    қазақ  прозасында  да 
кҿркем  шығарманың  құрылымында  романтикалық  мифологема  трансформацияланып, 
күнделікті болмыстан тыс поэтикалық биікке кҿтеріліп, жоғары формадағы универсум 
жасай  алды.  Ҿткен  дҽуірлердің  рухани  тҽжірибесін,  рухани  уызын  жинақтаған 
мифология  жазушылардың ҿзін-ҿзі бейнелеуінің де тҽсіліне айналды.  
  Қазақ    ҽдебиетінде  мифті  тудырушы  жазушылардың  алдыңғы    қатарындағы  Ҽ. 
Кекілбаевтың  («Дала  балладалары»,  «Аңыздың  ақыры»),  О.  Бҿкеевтің  («Қар  қызы», 
«Мұзтау»),  С.  Санбаевтың  («Аңызды  аңсағанда»,  «Кҿп-ажал),  т.б.  шығармалары 
ерекше  «ойындық»  стилімен,  жанрлық  шекараларының  бұлдырлығымен,  бұрынғы 
эстетикалық  жҽне  идеологиялық  қалыптың  шеңберінен  шыға  білу  қасиетімен 
ерекшеленді.  Егер  Ҽ.  Кекілбаев  туындыларында    дүниенің,  ҽлемнің  романтикалық 
концепциясын  байқасақ,  О.  Бҿкеев  туындыларындағы  табиғаттың  романтикалық 
мифологиясы  концепция  деңгейіне  жеткен.    ХХ  ғасыр  соңындағы  қазақ  прозасында 
аңыздық  желілер,  мифопоэтикалық  формалар    тарихи-реалды  уақытқа    негізделген 
түрде  ғана  емес,  шығарма  логикасынан  шет  тұра  беретін    автономдық    мағынасын 
күшейте  түсті.  Мифологизмді    қазақ  жазушылары  болмыс  жұмбақтары  мен  ҿмірдің 
мҽнісі  туралы философиялық ой айтудың тҽсілі тұрғысынан ҿрістетті. 
Егер  қазақ  жазушылары  бір  жағынан,  ҿздерінің  жаңа  авторлық  мифтерін  жасай 
білсе,  екінші  жағынан,  олар  ескі  аңыздарды  міндетті  түрде  қайта  жаңартып, 
түрлендіріп,  ҿзгертті.  Кейде  миф  шығармаға  тұтастай  арқау  болады.  Ҽ.Кекілбаевтың 
«Аңыздың  ақыры»  романы  тұтасымен  бүгінгі  заман  ыңғайына  қарай  бейімделген 
ұлттық  мифке  құрылып,  ҿткінші  емес,  мҽңгілік  құндылықтарға    арқа  тірейді.  Ҽ. 
Кекілбаев прозасында тарихта болған дерек пен романтикалық қиял, терең гуманистік 
дүниетаным,  реалистік  баяндау  мен  аңыз-ҽңгімелер  жымдаса  ҿріледі.  Жазушының 
жаңалығы мен кҿркемдігі шығармаларының жанрлық сонылығында, поэтикалық стиль 
табиғатында, тіл құнарлығында, философиялық  сарынында.  
Қазақ ҽдебиетінде романтикалық сарындағы шығармаларда ҿз дҽуірінің маңызды 
мҽселелері  сан  алуан  мифологиялық,  символикалық  жинақтаулармен,  болмыстың 
мҽңгілік  мҽселелерімен  астасып,  сабақтасып  жатыр.  С.  Санбаев  туындыларында 
романтикалық мазмұндағы аңыз-ҽңгімелер  идеалды ҽлем мен реалды  ҽлемдерді қатар 
түйістіре отырып, ҿткен күндерді бүгінгі күн аясында қарастырады. Ол аңыз-ҽңгімелер 
арқылы  халықтың  рухани  дҽстүрінің  мҽңгілік  жалғастығы  мен  сабақтастығы  туралы 
ойды негіздейді. С. Санбаевтың ерекшелігі – мифопоэтикалық форма арқылы тарих пен 
адам рухының терең бірлігін бойында жинақтаған идеалды ҽлем жасауында.  
М.  Ысқақбай  повестерінде  мифологиялық  аллегорияның  мағынасы  шығарма 
мҽтінінің  астарына,  ішкі  терең  ҿзегіне  ауысты.  Оның  жинақтаушылық  ауқымы, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
60 
символикалық  мҽні  тереңдей  түсті.  Ҽ.  Кекілбаев  шығармаларында  («Дала 
балладалары»,  «Аңыздың  ақыры»)  романтикалық  мифологема  бүгінгі  күннің  ҿзекті  
рухани-адамгершілік мҽселелерін  ҿткен дҽуірлердің ауқымында  бейнелеу мақсатында 
қолданылған.  Жазушы  мифтердің  экспрессивтік  тіл  кҿркемдігін,  эстетикалық-
эмоционалдық  қуатын  шебер  пайдаланады.  Романтикалық  мифологема  кҿркем 
шығармаға  кҿркем  кестелі  тіл,  эстетикалық,  идеялық  мазмұн,  терең  эмоционалдық-
экспрессивтік мҽн-мағына  дарытты. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
 1 Федоров Ф.П.  Романтический художественный мир: пространство  и время.  – Рига: 
Зинатне, 1996. – 108 с. 
 2 Кодаров  А. Романтизм – вчера и сегодня // Простор, 1985. – С. 163-168. 
 3 Волков И. Творческие методы и художественные системы.  – М.: Исскуство, 1989. – 
250 с. 
 4 Садықов Х. Мифологизм ықпал ма, ҽлде тҿл құбылыс па? // Қазақ ҽдебиеті, 1985, 12 
шілде. – 6-7 б. 
 5 Дҽдебаев Ж. Қазіргі қазақ ҽдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. 
 6 Исмакова А. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль (начало ХХ века 
и современность). – Алматы: Ғылым, 1998. – 394 с. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 Мақалада  1970-80  жж.  қазақ  прозасында  романтикалық  бейнелеу  тҽсілінің  жаңа 
сапаға ие болып, ҿзіндік ерекшелігімен кҿріну кезеңі  (неоромантикалық тенденциялар) 
қарастырылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются  неоромантические  тенденции  в  казахской  прозе  1970-
80 гг. 
 
 
 
Каталог: images -> arhiv -> 2010
2010 -> Психологические аспекты стрессоров
arhiv -> Вестник казахского государственного женского педагогического университета
arhiv -> К вопросу о взаимосвязи учебного и внеучебного процессов в начальной школе
arhiv -> Дошкольное и начальное образование
arhiv -> ОҚыту әдістемесі
arhiv -> Жиырма жылға аяқ басты. Еліміз егемендік алып, болашаққа сенімді қадам жасағалы ӛмірімізде қаншама жарқын жаңалықтар болды
arhiv -> Н. Д. Левитов агрессивті кҥйлердің танымдық, эмоциялық және ерікті компоненттерін
arhiv -> Вестник казахского государственного женского педагогического университета
2010 -> Хабаршысы №4(5), 2010

жүктеу 5.05 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет