Одан бір нҽрсе туралы білу үшін сҿйлеседі. Сондықтан сҿйлеу айналадағы заттар, құбылыстар, адам ҿміріндегі ҽрекет, тіршілік, ҿндіріс туралы болады. Мысалы: Бұйрат



жүктеу 5.05 Kb.
Pdf просмотр
бет5/21
Дата27.04.2017
өлшемі5.05 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

– 
упражнения,  которые  развивают  спонтанность  речи. 
Предыдущие  упражнения  были  рассчитаны  на  развитие  репродукции,  т.е.  точного 
воспроизведения  образца,  здесь  –  упражнения,  облегчающие  уже  продукцию  речи. 
Упражнения  на  воспроизведение  по  ключевым  словам  могут  в  дальнейшем  стать 
переходным к обучению спонтанной речи. Например, сначала подаѐтся определѐнный 
материл  в  форме,  необходимой  для  точного  воспроизведения,  а  потом  перед 
аудиторией ставится задача изменить каждое предложение хотя бы немного: вставить 
определение  или  обстоятельство,  вместо  сочинѐнного  предложения  дать  два  простых 
или ввести придаточное. Но всѐ, что вводится, не должно противоречить смысловому 
содержанию рассказа в целом.  
И  ещѐ  очень  важное  упражнение  связано  с  так  называемым  методом  Кобленца, 
незаслуженно забытым в методике. 
Кобленц  говорил  так:  текст  –  это  враг.  Почему?  Потому  что  текст  сковывает 
инициативу  начинающего,  так  как  он  прибегает  к  пересказыванию  текста.  Нужно 
давать учащемуся строительный материал, из которого он сможет строить сам. Ребѐнок 
больше  любит  не  готовую  автомашину,  а  кусочки,  из  которых  можно  сделать  что-то 
собственное, 

 то ли повозку, то ли ещѐ что-нибудь. Так же, говорил  Кобленц, нужно 
подходить и к языку при обучении активной устной речи. Преподаватель должен дать 
набор  конструкций  и  определѐнный  список  лексического  материала.  Подставляя  в 
данную  конструкцию  все  эти  слова,  можно  получить  бесконечное  количество 
вариантов. 
Кобленц  много  внимания  обращал  на  то,  чтобы  «изжить  страх  речи»  и  развить 
«умение  комбинировать  изученный  лексико-грамматический  материал»,  чтобы 
выразить что-то своѐ. 
Например, учащийся получал тему «Наш учитель». Он говорил: «Наш учитель – 
мужчина.  Наш  учитель  –  хороший  учитель.  Наш  учитель  хорошо  знает  английский 
язык.  Он  очень  хорошо  знает  английский  язык.  Наш  учитель  преподаѐт  хорошо.  Мы 
любим нашего учителя. Он приходит к нам в класс. Он приходит к нам в класс каждую 
пятницу и вторник. Он приходит каждую пятницу и вторник в 9 часов утра. Наш урок 
начинается в 9 часов утра …». 
Уроки  Кобленца  носили  такой  характер:  бралась  определѐнная  конструкция, 
давался список слов. 
Студент  читал  предложение  №  1:  Он  живѐт  в  Москве.  Затем  производились 
замены по первому элементу, по второму элементу и т.д.:  Мой брат живѐт в Москве. 
Моя  сестра  живѐт  в  Москве.  Моя  сестра  не  живѐт  в  Москве.  Мой  преподаватель 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
35 
живѐт в Москве. Мой генерал живѐт в Москве. Мой брат живѐт в Омске. Моя сестра 
живѐт в Томске. Моя сестра в Томске не живѐт. 
И  вот  за  12  минут  все  15  студентов  «наговаривали»  массу  однотипных 
предложений, мобилизуя всю изученную лексику. 
Потом  шла  сводная  тема,  где  опять  использовался  старый  материал.  При  этом 
методе  учитель  даѐт  задание  именно  «продуцировать»,  говоря  на  заданную  тему,  не 
имея образца в рассказе. Таким образом, подстановка носит творческий характер. Это 
важный элемент работы. 
Затем шѐл новый этап – пересказ по сходной теме, когда слова или конструкции 
нужно было употребить в другой ситуации. 
Необходимо также отметить, что устную речь развивает чтение адаптированного 
материала в большом количестве. 
Таким  образом,  все  эти  и  ряд  других  приѐмов,  используемых  в  комплексе  в 
определѐнной  системе,  способствуют  овладению  очень  трудной  стороной  языка  – 
устной речью.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақала  шетел  тілін  оқыту  үрдісіндегі  басты  проблемаға  –  ауызша  сҿйлеуді 
дамытуға,  біреудің  ойын  кенеттен  беру  жҽне  сезімді  шетел  тілі  құрылымен  берілуіне 
арналған. 
 
РЕЗЮМЕ    
 
Статья  посвящена  развитию  устной  речи,  которая  представляет  наибольшую 
трудность в преподавании иностранным языкам. 
 
 
 
 
Ә Д Е Б И Е Т Т А Н У 
 
 
Қ. АМАНЖОЛОВ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ МӘТІНДІК АЙЫРЫМДАР 
 
Ҽбдіқалық К.С. – ф.ғ.к., доцент м.а. (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Қасым Аманжолов поэзиясының ішінде, ҽсіресе, «Ақын ҿлімі туралы аңыз» атты 
шығармасы  ҽр  басылымда  ҽр  түрлі  беріліп,  ҿзгертілген  мҽтіндік  айырымдарымен 
ерекше  назар  аудартады.  Ақынның  «ҚазМем  Кҿркем  ҽдебиет»  баспасында    жарық 
кҿрген  1956  жылғы  «Шығармаларының    толық  жинағы»  мен  1960  жылғы  «  Дауылды 
жылдар  дҽптері»  атты  ҿлеңдер  мен  поэмалар  жинағы,  1985  жылғы  «Мектеп» 
баспасында  жарық  кҿрген    «Ҿлеңдер»  жинағы  мен  2001  жылғы  «ТОО  «Тенгри» 
баспасынан  шыққан    «Екі  томдық  шығармалар  жинағы»,  2003  жылғы  «Атамұра» 
баспасынан  жарық  кҿрген  «Дариға,  сол    қыз»  атты  ҿлең-жырлары  мен  2006  жылғы 
«Раритет»  баспасынан  жарық  кҿрген  «Дариға,  сол    қыз»  атты  ҿлеңдер  мен  поэмалар 
жинағында  басылған  осы  шығарманың  мҽтінін  оқып,  ҿзара  салыстырып  шыққанда, 
тұтастай  ҿлең  шумақтарының  қысқартылуы,  қоспалар,  ҿлең  жолдарының  ҿзгертіліп, 
сҿздер  мен  сҿз  тіркестерінің  түзетіліп  берілуі  түсініксіздік  тудырды.  Сҿйтіп,  тұрақты 
мҽтінді  іздеуде  Қ.Аманжоловтың  кҿзі  тірісінде  жарық  кҿрген,  яғни  ҿлеңнің  алғашқы 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
36 
нұсқасы  «Социалистік  Қазақстан»  газетіндегі  /1944,  23  май,  №102/  мҽтінді  түпнұсқа 
деп алып, текстологиялық талдау жүргіздік. 
Ҿлеңнің  осы  жеті  нұсқасын  ҿзара  топтастырғанда,  1956  жылғы  жинақтағы  ҿлең 
мен  1960,  1985  жылғы  жинақтарда  басылған  ҿлең  мҽтіні    бірдей  болып  шықты.  Тек 
1960  жылғы  жинақта  ҿлеңнің  «Ер  күрсініп  алды  демін»  (94-бет)  деген  жолы  түсіп 
қалса,  1985  жылғы  жинақта  осы  ҿлең  жолы    ҿзінен  кейінгі  ҿлең  жолымен  орны 
ауыстырылып берілген (154-бет). Сондай-ақ 1985 жылғы  жинақта «Поэма 1956 жылғы 
3  томдықтың  бірінші  томынан  алынды»  (153-бет)  деген  мҽлімет  беріледі.  Осы  үш 
жинақтың  ішінен  1956  жылғы  жинақты  алып,  оны  2003  жылғы  жҽне  2006  жылғы 
жинақтардағы нұсқалармен қатар алып салыстыра талдауды жҿн кҿрдік.  
 «Социалистік  Қазақстан»  /1944,  23  май,  №102/  газетінде  жарияланған  алғашқы 
нұсқасында тақырып  «Абдолла. Поэмадан үзінді  (Майданда ерікпен қаза тапқан ақын 
Абдолла  Жұмағалиев  туралы)»  деп  берілді  (4-бет).  Мұнда    шығарманың  үзіндісі  бес 
бҿліктен, 176 ҿлең жолынан тұрады. Шығарманың мҽтіндік айырымдарын қарастыруда 
кейінгі  он  тҿрт  бҿліктен  тұратын  нұсқасының  /2006/  реті  бойынша  ҽр  бҿлікке  жеке 
тоқталамыз. 
Бірінші  бҿліктегі  ҿлеңнің  «Темір  гүрзі  қақтап  отқа»  деген  екінші  жолындағы 
«гүрзі»  /1944/  сҿзі  1956,  2001,  2006  жылғы  жинақтарда  «болат»    сҿзімен 
ауыстырылған. 2003 жылғы жинақта «гүрзі» деп  алғашқы түпнұсқа қалпында берілген. 
Ҿлеңнің  «Қалын  жаудың    ортасында»  /1944/  деген  алтыншы  жолы  кейінгі  барлық 
жинақтарда  «Қырғын  соғыс  ортасында»  деп  беріліп,  алғашқы  нұсқа  редакцияланған. 
Негізінен  «қырғын»  сҿзі  ҿлеңнің  тоғызыншы  жолында  да  кездеседі.  Бір  сҿздің  қатар 
қайталануынан гҿрі түпнұсқадағы ҿлең жолының ҿз қалпында қалғаны орынды сияқты. 
Ҿлеңнің  «Кӛкірегінің  кекті  зілін»  /1944/  деген  жетінші  жолындағы  «кӛкірегінің»  сҿзі 
1956  жылғы  жинақта  «жүрді  ұлан»  (458-бет)  деп,  2003  жылғы  жинақта  «жүрегінің» 
деп  ҿзгертілген.  2006  жылғы  жинақта  «кӛкірегінің»  деп  түпнұсқа  негізінде  берілген. 
Демек,  дұрысы  да  осы  сҿз.  Барлық  жинақта  кездесетін    ҿлеңнің  «Қоса  түйіп 
қорғасынға»  деген  сегізінші  жолы  2003  жылғы  жинақта  алынып  қалса,  ал  ҿлеңнің 
9,10,11,12-жолдары, яғни,  
Қанды қырғын қапылыста 
Айырылып бар жолдасынан 
Жараланған жолбарыстай, 
Ҿрт жанарлы бір жас ұлан, – 
деген бір шумағы 1956 жылғы жинақта  орынсыз қысқартылған. 
Екінші  бҿлік  бойынша  ҿлеңнің  «Келе  жатты  гіл  әумесер»  /1944/  деген  бесінші 
жолындағы  «гіл  әумесер»  сҿздері  кейінгі  барлық  жинақтарда  «сұм  жендеттер»  деп, 
ҿлеңнің  «Суын  алып  қашты  ӛзендер»  /1944/  деген  сегізінші  жолы  кейінгі  барлық 
жинақтарда  «Буырқанып  тасты  ӛзендер»  деп  беріліп,  түпнүсқа  ҿзгертілген.  Ҽсіресе, 
осы бҿліктің 9,10,12 жолдары, яғни, тұтастай ҿлеңнің бір шумағы ҿзгеріске ұшыраған. 
Мҽселен, 1944 жылғы нұсқада: 
Жел қанатын жайып қарсы 
Сабалайды жауды бетке. 
Сол аймақтың ҽрбір тасы 
Ұшқандай ед құс боп кҿкке, – 
деп берілсе, кейінгі жинақтарда: 
Ашулы жел ащы даусы 
Тұндырғандай жау құлағын. 
Сол аймақтың ҽрбір тасы 
Күйретердей жау қамалын... – 
деп  берілген.  2003  жылғы  жинақта  осы  шумақтың  алдыңғы  екі  жолы  кездеспейді,  ал 
тҿртінші жолы «Ұшқандай ед құс боп кӛкке» (203-бет) деп алғашқы түпнұсқа қалпында 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
37 
берілген.  Дұрысы  да  осы  алғашқы  нұсқа.  Ҿйткені,  басқа  нұсқаларда    ҿлең  жолының 
соңына кҿп нүкте қойылып, ой аяқсыз қалдырылған. Яғни, «Сол аймақтың ҽрбір тасы 
жау қамалын күйретердей» дегенде, ҽрі қарай  «не істеді?» деген сауал кҿлденеңдейді. 
Ал алғашқы нұсқадағы «Шаштан сүйреп махаббатты», «Жиіркеніп жиырылды жер», 
«Сауын алып қашты ӛзеңдер» деген ҿлең жолдарына ілесе суреттелген бұл шумақтағы 
картина  ҿте  жанды  да  түсінікті.  Жалпы,  ҿлеңді  ҿңдеуде  текстологиялық  принцип 
бойынша  терушіден  кеткен  қателерді,  яғни,    емле  қателері,  байқаусызда  қалдырылып 
кеткен  сҿздер  мен  сҿз  тіркестерін,  қосымшаларды  түзетуге  болады,  ал  тұтастай  ҿлең 
жолдарын ҿзгерту автор еркіне қол сұғу екені белгілі. 
Үшінші  бҿліктегі  ҿлеңнің  «Тың  тыңдаған  адамға  ұсап»,  «Ақырын  ғана  тартып 
сырнай» /1944/ деген жолдарындағы «ұсап» сҿзі «ұсап /1956/, «ұқсап» /2003, 2006/ деп, 
«ақырын»  сҿзі  кейінгі  нұсқаларда  «жайлап»  деп  түзетілген.  Алдыңғы  сҿз  терушіден 
кеткен  қате  болса,  соңғысының  екеуі  де  бір  мағыналас  сҿздер,  қайсысын  қолданса  да 
ҿлеңнің идеясына нұқсан келмейді. 
Тҿртінші бҿлікке келсек, ескерте кететін бір жайт, он алты ҿлең жолынан тұратын 
бұл  бҿлік  1944  жылғы  нұсқада  басқа  жерінде,  яғни,  бесінші  бҿліктегі  он  екі  ҿлең 
жолынан кейін берілген. 1944 жылғы нұсқадағы «Сатыр-сұтыр, сайтан  оты»  деген 
ҿлең жолы кейінгі нұсқаларда «Жаланған от сатыр-сұтыр» деп, «Қанды жалын қара 
түнде»  /1944/  деген  ҿлең  жолындағы  «жалын»  сҿзі  кейінгі  нұсқаларда  «ізін»  деп 
берілген. Дұрысы – алғашқы нұсқа. Ҿйткені осы ҿлең жолдарынан кейін берілген «Сол 
бір оттан ыршып бір шоқ» деген ҿлең жолына «жалын» сҿзі ұғынықты болмақ. «Ұрлық 
отын  жағып  отыр»  (1944)  деген  ҿлең  жолындағы  «ұрлық»  сҿзі  кейінгі  нұсқаларда 
«зұлымдық» деп, 2003 жылғы  нұсқада «ұрлық» деп алғашқы нұсқа қалпында берілген, 
«Түскен ұры терезеңнен» /1944/ деген ҿлең жолындағы «ұры» сҿзі кейінгі нұсқаларда 
«дұшпан»  деп    берілген.  Ҿзгертілген  сҿз  түсініктірек.  Бірақ  «ұрлық  отын  жағып 
отырған» ҽрі  есіктен емес, терезеден  түсіп  тұрған жауды «ұрыға» балауы да қисынсыз 
емес.  Оның  үстіне  шығарманың  ҿн  бойында  «дұшпан»  ҽсіресе  «жау»  сҿзі  ҿте  кҿп 
қолданылған. 
Бесінші бҿліктегі «Құдірет күші  жер  жаһанның» /1944/ деген  ҿлең  жолы  1956 
жылғы  жинақта  «Қасиет  күші  Ұлы  Отанның»  деп  ҿзгертілген.  Басқа    нұсқаларда  
алғашқы  нұсқадағыдай  берілген. «Еңкейе  түс  ӛз  жалауым» /1944/   деген ҿлең жолы 
кейінгі  жинақтарда  «Бар  арманым,  асқар  тауым»  деп  берілген.  «Еңкейе  түс»  деген 
сҿзден  сақтанып,  ҽдейі  түзеткені  байқалып  тұр.  Алайда  соғыс  уақытында  ҿзгертілмей 
берілген  бұл  сҿздерді  қолдануға  неге  бас  тартамыз?  Ақын    идеясын  түсіну  үшін  осы 
шумақтың мҽтінін толық келтірсек, 1944 жылғы  нұсқада былай  беріледі: 
Еңкейе түс ҿз жалауым, 
Кҿтеріл ел намыс туы! 
Деп, жас  ұлан бақты жауын, 
Жарқ-жұрқ етіп жан ашуы. 
«Жас»  сҿзі  кейінгі  жинақтарда  «ер»  деп,  «жарқ-жұрқ  етіп»  деген  сҿз    тіркесі  
1956    жылғы    жинақта  «болып    серік»  деп  берілген.  Сонымен,  алғашқы    нұсқа  соғыс 
картинасын жасаудағы ақынның ҿз ерекшелігін танытып тұрғандай. Яғни, жау бағытын 
бақылап  тұрған  жас  ұланға  «ҽзірге  соғысты  тоқтата  тұрайық,    бірақ  жігеріміз 
мұқалмасын» дегенді айтқызғанға ұқсайды.   
 «Ел    күрсініп  алды  демін»  /1944/  деген  ҿлең  жолы  2006  жылғы  нұсқада  түсіп 
қалған.  «Қызғыш  болып  қызғанышы»  /1944/  деген  ҿлең  жолындағы  «қызғыш  болып» 
деген сҿз тіркесі 1956 жылғы нұсқада  «қинады жан» /1985 жылғы нұсқада: «қайнады 
жан»/ деп  берілген. 
Алтыншы  бҿліктегі  «Зілзәлә  боп  жер  мен  аспан»  /1944/  деген  ҿлең  жолындағы 
«зілзәлә боп» сҿз тіркесі 1956 жылғы жинақта  «тұтасқандай» деп  ҿзгертілген. «Қан, 
күл,  боран,  қара  тастар»  /1944/  деген  ҿлең  жолы  кейінгі    жинақтарда.  «Қан  кілкіте 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
38 
қара  тастан»  деп,  «Мәңгі    жарын,  кӛл  жағасын»  /1944/  деген  ҿлең  жолындағы 
«жарын» сҿзі кейінгі жинақтарда «мекен» деп  берілген.  Ал 2003 жылғы  жинақтағы: 
Түсіргендей кҿктің миын 
Зіркілдеді зеңбіректер. 
Естігендей  дозақ күйін 
Кҿрден ытқып шықты ҿліктер (203-бет), – 
деген  ҿлең  шумағы  алғашқы  /1944/  нұсқа  мен  кейінгі  жинақтардың    ешқайсысында 
кездеспейді. Сонда бұл ҿлең жолдары мҽтінге қосылған қоспалар болды. 
Жетінші бҿліктегі «Жеті қабат жер ӛзегін» /1944/ деген ҿлең жолындағы  «жеті 
қабат»  сҿз  тіркесі  1956  жылғы  жинақта  «сілкіндіре»  деп  берілген.  1944  жылғы 
нұсқадағы: 
Анасындай алып тҿсін, 
Қорғады жер батыр ұлын, –   
деген ҿлең жолдары кейінгі жинақтарда: 
Қорғады жер батыр ұлын, 
Жаралы ана жиып есін, –  
деп беріледі. 
Сегізінші бҿліктегі ҿлеңнің алдыңғы сегіз жолы 1956 жылғы жинақта кездеспейді. 
Демек, ҿлең бұл жинақта қысқартылған. 1944 жылғы нұсқадағы ҿлеңнің «О, қор болған 
қайран ӛнер!» деген сегізінші жолы 2003 жылғы жинақта «Қайран ӛнер, қайран ақыл!» 
деп, 2006 жылғы жинақта «Қайран ӛмір, қайран ақыл!» деп беріген. Ҿлеңнің  «Деді де 
ол жалын шарпып» /1944/ деген тоғызыншы жолы 2006 жылғы жинақта «Лақтырылған 
бір  шумақ  от»  деп  /1956  жылғы  жинақта  да  осылай/  берілсе,  2003  жылғы  жинақта 
алғашқы  нұсқа  қалпында  берілген.  Дұрысы  да  осы  түпнұсқа.  Ҿйткені  осы  ҿлең 
жолдарын толықтыра түсетін 1944 жылғы нұсқадағы: 
Қара темір қайта балқып, 
Болды талқан қалды үйіліп. 
Адам ғой ол туысы артық 
Ажалды да соқты үйіріп, –  
деген ҿлең шумағы кейінгі жинақтардың ешқайсысында кездеспейді. 
Тоғызыншы  бҿліктегі    ҿлеңнің  алдыңғы  тҿрт  жолы  ғана  газеттік  нұсқада  бар. 
Ықшамдалған  бұл  нұсқада    шығарманың  оныншы,  он  бірінші,  он  екінші  бҿліктері 
кездеспейді.  «Ызалы  жау  жіберді  ӛрт»  /1944/  деген  ҿлең  жолындағы  «ызалы»  сҿзі  
кейінгі нұсқаларда «ыза боп» деп берілген. 2006 жылғы жинақтағы: 
Айтып жұмбақ ҿлеңдерін, 
Аңыз болып бір сұлу жар, 
 
Желпіп жалын желектерін, 
Келе жатты От сұлулар! –  
деген  ҿлең  шумағы  1956  жылғы  мен  2003  жылғы  нұсқаларда  берілмеген.  Бұл  шумақ 
2006 жылғы жинақтың он екінші бҿлігінде тағы да қайталанады. 2003 жылғы нұсқада 
бұл шумақ тек он екінші бҿлігінде беріледі, ал 1956 жылғы нұсқаның екі бҿлігінде де 
кездеспейді. 
Оныншы  бҿліктегі  ҿлеңнің  «Жалын  тілі  тұрды  сүйіп»  /1956,  2006/  деген  ҿлең 
жолындағы «тілі» сҿзі  2003 жылғы нұсқада «тілін» деп қате берілген. «Ӛрт топанын 
кешіп таптай» /1956/ деген ҿлең жолындағы «таптай» сҿзі кейінгі нұсқаларда /2003, 
2006/ «Нұхтай» деп берілген.  
Он бірінші бҿліктегі ҿлеңнің «Қара түнгі қанатындай» /1956, 2003/ деген бірінші 
жолы  2006 жылғы жинақта екінші ҿлең жолымен ауыстырылып берілген. «Жел, туған 
жерге алып жет!» /1956/ деген ҿлең жолындағы «жерге»  сҿзі   2006 жылғы нұсқада 
«елге»  деп  берілсе,  2003  жылғы  нұсқада  «Жау  алмасын,  сен  алшы  ӛрт»  деп  беріліп, 
ҿлең  жолы  түгелдей  ҿзгеріске  ұшырыған.  «Бұл  емес  ед  арман,    арман!»  (1956,  2006) 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
39 
деген ҿлең жолындағы «арман» сҿзі 2003 жылғы нұсқада  бір-ақ рет беріліп, бір  сҿзі 
түсіп  қалған.  «Осы-ақ  болды,  келген  қолдан»  /1956/    деген  ҿлең  жолындағы  «келген» 
сҿзі  2003,  2006  нұсқаларда  «әттең»  деп    ҿзгертілген.  «Ту  сыртынан  сығып  жанын» 
/1956,  2006/  деген  ҿлең  жолындағы    «сығып»  сҿзі  2003  жылғы  нұсқада  «шығып»  деп 
берілген. Бұл сҿздің терушіден кеткен қате екені белгілі. 
Он  екінші  бҿліктегі  «Жанарымен  шырқ  үйіріп»  (1944,  1956,  2006)  деген  ҿлең 
жолындағы «жанарымен» сҿзі 2003 жылғы нұсқада «жанарынан» деп қате берілген. 
Он  үшінші  бҿліктегі  «Кейде  сағым,  кейде  жалын»  /1944,  1956,  2003/  деген  ҿлең 
жолындағы  «жалын»  сҿзі  2006  жылғы  нұсқада  «жауын»  деп  берілген.  «Аялдамай 
жалт берді ӛмір» /1956/ деген ҿлең жолындағы «аялдамай» сҿзі 2003 жылғы нұсқада  
«Жалп  етті  ту»  деп,  2006  жылғы  нұсқада    «Жалт    етті  ту»  деп    беріліп,  ҽр  түрлі 
ҿзгеріске ұшыраған. 
Сонымен, 1956, 1960, 1985 жылғы жинақтардағы нұсқалар он тҿртінші   бҿліктің 
«Осынау күйді шертті дауыл» деген соңғы ҿлең жолымен аяқталса,  2003, 2006 жылғы 
жинақтарда шығарманың жиырма алты жолдан тұратын эпилогы берілген. 2003 жылғы 
жинақтағы: 
Жина-жырла, жина-жырла 
Мына ұлы бата оқырға... – 
деген  ҿлең  жолдары  2006  жылғы  жинақта  «Жина-жырла  бата  оқырға...»  деп  бір  ҿлең 
жолымен қысқартылып берілген. Шығарманың ең соңғы екі жолы 1944 жылғы газеттік 
нұсқада: 
Кҿрдің бе ҽне сонау шыңнан
Қарап, күліп Абдолла тұр! – 
деп берілсе, 2003, 2006 жылғы жинақтарда: 
Кҿрдің бе, ҽне, сонау құздан
Күле қарап Абдолла тұр! –  
деп беріліп, алғашқы нұсқаға ҿзгеріс енгізілген.  
Жалпы,  бұл  ҿлеңнің  мҽтіндік  айырымдарына  зер  салғанда,  ақынның  сҿз  
қолданысына  кҿп  жағдайда    орынсыз  қол  сұғылғанын  аңғара  отырып,  бастапқы    сҿз 
нҽрін жоғалтпау үшін де келешекте шығатын жинақтарда Қ. Аманжолов мұраларының 
тұрақты мҽтіні қалыптастырылса екен деп ойлаймыз. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
 
1  Аманжолов  Қ.  Шығармаларының  толық  жинағы.  –  Алматы:  ҚазМем  Кҿркем 
ҽдебиет, 1956. 
2 Социалистік Қазақстан. – 1994, 23 май. – №102. 
3 Аманжолов Қ. Дариға, сол  қыз. – Алматы: Атамұра, 2003. 
4 Аманжолов Қ. Дариға, сол  қыз. – Алматы: Раритет, 2006. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Бұл мақалада Қ. Аманжолов шығармасындағы мҽтіндік айырымдар сҿз етіледі. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье речь идет о текстологических различиях в произведении К. Аманжолова. 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
40 
ҚАЗІРГІ  ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ДІН ТАҚЫРЫБЫ 
 
Балтабаева Г.С. – ф.ғ.к., доцент м.а. (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Қазіргі  қазақ  прозасындағы  кҿңіл  аударар  келісті  мҽселенің  бірі  тұмшаланып 
келген  дін  тақырыптарының  кҿрініс  табуы.  Мҽселен,  Алла  тағалаға  бас  ию  мен 
Мұхамед  пайғамбардың  (с.а.с),  сахабалардың  ҿмірі  мен  ізгілікті  істерін  арқау  еткен 
кҿркем шығармалар бір шоғыр. Ұзақ жылдар үстемдік еткен кеңестік жүйенің тұсында 
мұсылмашылдықты дҽріптеу, пайғамбарлар ҿмірінен мҿлтек  сыр шерту екінің қолынан 
келе  бермейтін  дүние  еді.  Бұған,  біріншіден    социалистік  қоғамда  үстемдік  құрған 
атеистік  тҽрбиенің  ықпалы  болса,  екіншіден  қалам  тартып  жазғысы  келгенімен 
мұсылмандық  сауаты,  мағлұматы аз болғандықтан, ал үшіншіден бұл   тақырыпқа бел 
шешіп кірісу үшін исламдық  діні  берік, мұсылмандық махаббатқа толы үлкен жүрек 
иесі  болуы  шарт  еді.  Бұл  ҿзі  кҿзге  кҿрінбейтін,  жүрекпен  ғана  сезілетін  жайт. 
Сондықтан  да  поэзиямен  салыстырғанда  прозада  бұл  тақырыпқа  қалам  сермеу 
анағұрлым күрделі  болатын. «Алланың ҿзі де рас, сҿзі де рас!» деп ұлы Абай  жырлап 
кеткендей  мұсылмандық  сауаты,  даярлығы  бар  болғанымен  Аллаға,  Мұхамед 
пайғамбарымыздың атын  дҽріптеп, құрметтеп жазған шығармалар  санаулы-ақ. Сонау 
алаш  боздақтарының    ҽдебиетінен  М.  Жұмабаевтың  «Пайғамбар»  ҿлеңін  алсақ,  оның 
ҿзі  аударма    түрінде  кҿз  қылып  жазылған  ҿлең.  Ал,  бертінге  қарай  ойыссақ,  алдымен 
кеңестік  жүйе  кезінде  астармен  жазылған  Ғ.  Мүсіреповтің  «Ана  жыры»  мен 
Ғ.Мүсіреповтің «Ҽзіреілмен сұхбат» ҽңгімелеріне соқпай ҿту мүмкін емес.  
Тҽуелсіздік  кезіндегі  қазақ  прозасындағы  А.  Кемелбаеваның  «Ғибадат»  /1,  104/ 
ҽңгімесі де Исламдық тақырыпқа ҿзіндік тұрғыдан келуімен ерекшеленеді. «Асыл пана 
Алланың  нығметтері  есепсіз  болатын»  –  бұл  ҽңгіменің  лейтмотиві  осы:  Аллаға  мадақ 
пен  Жаратушы  Иеге  деген  шексіз  махаббат.  «Ғибадат»  –  адам  баласының  құдайды 
қалай  іздеп  тапқаны  туралы  ҽңгіме,  шынайы  құлшылық,  сүйіспеншілік.  Мұнда  ислам 
дінінің негізгі қағидалары сақталады. Адамзаттың жаратылысы туралы ойлар қасиетті 
Құранда бар шындыққа қиғаш келмейді. Мұсылман дінінде Алла тағаланың 99 кҿркем 
есімі бар. Автор Алланы «Асылпана» деп атаса, Құрандағы сүрелердің басталуында бар 
сҿз: аса мейірімді, рақымды Алла. Аллашылдық идеясы қалай ашылады? Қазақтың ҿз 
аңыздарынан  алынған  идеяны  автор  шебер  пайдаланады.  Ол  исі  мұсылманға  ортақ 
тажал  туралы  ой.  Ақырзаман  болғанда  жер  бетіне  тажал  шығып,  тіршілік  атаулыны 
жалмап қояды. Ақырзаман азан даусы естілмегенде болады. Ҽңгімедегі жасҿспірім қыз 
баланың ауылда намаз оқитын кемпір-шал азайған сайын шошынатыны туралы ой бұл 
гуманизм  мұраттарын  биік  қоятын  үлкен  ҽдебиеттің  ҿз  еншісі.  Егер  осы  бір  кҿркем 
ойдың түбін қазса, мҽңгүрттікке қарама-қарсы ұлы идеяның тап ҿзі  болып шығар еді. 
Бұл  кейінгі  кҿркем  прозада  сирек  кездесетін  құбылыс.  Ҽдебиеттанушылар  мен 
философтардың терең зерттеуін қажет ететін  таңғажайып бір мезет  осы.Ҽңгіме  мҽтіні 
тіпті діни трактатқа ұқсап тұратын тұстары мол. Автор ислам дінін шала білетіндерден 
емес.  Себебі  діннің  ғылыми  негізі  кҿркем  прозада  сақталады,  долбар  мен  жаңсақтық 
жоқ.  Адам  санасы  мен  психологиясы  туралы  терең  иірімдер  бар.  Ал  ҽңгіменің  Құран 
сүрелерінің аяттарымен аяқталуы дүниежүзілік ҽдебиетке тҽн тҽсіл. Атап айтқанда Лев 
Толстойдың  «Воскресеньие»  атты романында (1889-1899 ж., ҿмірінің соңғы кезеңінде 
жазылған ірі шығармаларының бірі)  Евангелие – Інжілмен аяқталу бар. 
«Айгүлдің  прозасын  оқығанда,  оны  ҽдебиетші  адамның  жазғаны  бірден  білініп 
отырады.  Айгүл  Кемелбаева  қазақша  жазса  да,  қазақ  топырағының  исін  шығарып 
тұрып  жазса  да,  шетелдік  прозаны  керемет  меңгергендігі  байқалады.  Джойс,  Кафка, 
Прусты  былай  қоғанда,  қазіргі  модернистік,  постмодернистік  ортада  жүрген 
жазушылармен таныс екендігі білінеді. Неліктен? Жаңағы Тұрсынжан сияқты Айгүл де 
ҽдеби  тҽсілдерді  жетік  меңгере  отырып,  бҽрібір,  жазушы  ретінде  жазады.  Айгүл  ҿз 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
41 
туындыларына  саналы  түрде  еуропалық  мифтік  есімдерді  де  кіргізіп,  отырады.  Оны 
ҽңгімесінің атына қояды, не ҽңгіменің ішінде жүреді. Бұл эксперимент болғанымен, ҿте 
сҽтті пайдаланылған амал. Ҿйткені, дүниежүзілік ҽдебиетті біле отырып, сол деңгейде 
ойлана отырып, қазақша стильдік тҽсілдерді дүниеге ҽкелуде» /2, 361/. 
Исламдық сарын аталмыш автордың «Тобылғы сай» атты ҽңгімесіне де етене тҽн. 
Ұлы дене бҽрін аңдауы құдайшылдық идеясы. Бұл ҽңгімедегі «ҽңгіме ішіндегі ҽңгіме» 
тҽсілімен берілетін тҿрт ҽңгіменің түпкі ой, сарыны да осы құдайдың құдіретін ұлықтау 
болып  табылады.  Алмұрт  ағашы  ҿмір  ағашы  туралы  аңыздың  желісіне  сҽйкес.  Бұл 
фҽниде  киелі  заттар  болатын  себебі,  оны  Алла  жаратқаннан  деп  түйіндейді  автор.  Ал 
«Мұнара» атты романның  тұтас сюжетін Аллаға деген сенімі мен кҿмкерген. 
А.Кемелбаеваның  «Тобылғысай»  /1,  87/  ҽңгімесіндегі  исламдық  сарын  мүлде  
бҿлек.  Бұл  ҽңгіменің  сипаттары:  «Нҽресте  жер  жүзін  анасындай  аймалап,  жарылқап 
тастайды»  –  күнге  теңестірілген.  Ҽңгіме  кейіпкері  Бижан  −  ауыл  жігіті.  Ол  терең 
сайлардан  шҿп  шабады.  Адам  мен  табиғат  үндестігі  тұнып  тұр.  Ҽңгіме  идеясы  туған 
жердің  қасиет-киесі  адамды  жамандықтан  қорғап  қалуы,  ұлы  жатарушының  пенде 
атаулының  ғана  емес,  тіршілік  атаулының  қорғаны  екендігін  еске  салуы.  Ол  қазақ 
халқының ҿзіне тҽн ҿмір философиясымен астасып жатыр.  
 «Беймҽлім ұлы дене адам ұланын күтіп жатқандай, кҿзінің астымен ҽр қимылын  
бағып, бұға қалғанға ұқсайды. Кҿзге мұқтаж емес, бірақ кҿреді, одан таса жер жоқ. 
Ауасы  балдай  даланың  шегірткесі  шырылдауық,  құсы  сайрауық  болған  соң,  ұлы 
дене һҽм  сергек, қауіпшіл, һҽм кінҽмшіл қарауыл екенін ұғыну қиын емес. Табиғатты 
меңіреу деп қабылдау адасқанды жарға жығады»  – бұл Құран сүрелеріндегі аяттардан 
алшақ кетпейді. Исламда Алланың ҿзіне тҽн кҿру, есту қабілеттері бар, ол кҿрнеуді де, 
кҿмескіні  де  кҿреді  делінген.  «Сондайда  кҿкек  шақырады  сайдан.  ...  уызы  кеппеген 
мынау момақан тыныштықтың астарында асқан мейірім құпия сырдай, тұңғиық судай 
тұнып  тұрғаны»  –  аят  басы  «Аса  мейірімді,  рақымды  Аллатағаланың  атымен 
бастаймын»  –  деп  басталады.  Бижан  шҿп  шапқан  кез  құдайдың  мейірін  жан-тҽнімен 
сезінген кез. «Адам ұлы игілігін еңбектен табады сонда». «Айнала сүттей ұйып, арайлы 
дүние жарқырап жатады», «»Үлкен ҽтеш ұшып жеткенде ҽлдебір ұлы сағынышқа елтіп, 
дарқан даланың қасиетті түгіне аунайды» – ұлы сағынышты жан-жануар тек Жаратушы 
Аллатағаласына  сезінері сҿзсіз. 
Ҽңгіме  ішіндегі  ҽңгіме  «Тобылғысайдың»  жанрлық  ерекшелігі.  «Рассказ  в 
рассказе»  немесе  «Обрамляющий  рассказ»  деп  аталған  классикалық  ҽдебиетте,  Рабле, 
Диккенс, Гоголь, Пушкин сынды алыптар сүйіп қолданған тҽсілді автор таңдап алған. 
Бұл ҽңгімені 4 шағын ҽңгіме кҿмкерген, олар бір-бірін идеялық жағынан толықтырады. 
«Жезтырнақ» – қазақтың ҿз мифологиясынан алынған. Идеясы: құдайдан таса жер жоқ 
бұл жалғанда.  «Қақпаншы» – бұл да қазақтың ауыз ҽдебиеті. Идеясы: құдайсыз қурай 
да  сынбайды.  «Кірпі»  –  қазақтың  ұлттық  мінезі.  Бижан  кірпіні  асықша  иіріп,  ордан 
тысқа лақтырып, құтқарып  жібереді. Қазақ баласының дүниетанымы  «Алмұртта»  бар: 
Бижан Алмұртты тауып алғанына сүйінші сұрайды. Аллаға сыйыну, ҿмірсүйгіштік бұл 
ҽңгіменің  күллі  негізі,  тіні,  рухы.  Аллаға  құлшылық  пен  Алланы  сүю  негізгі  пафосы. 
«Алмұрт»  -  расында  астарлы  түрде  айтқанда  «Древо  жизни».  Мифтік  ағаш.  Ҿмір 
мұраты қандай қиыншылықта болса да оның жемістерін теріп адал еңбекпен теріп жеу. 
Бижан образы сол асыл мұратты ұлықтайды. 
Қаламгердің  «Қияда»  ҽңгімесінің  кейіпкері  қиялдан  тумағанын,  ҿмірде  болған 
адам екенін анық кҿрсетеді. Деректі дүниені кҿркем прозаға айналдыру автордың басты 
міндеті болғанға ұқсайды. Ҽңгімедегі шежіре деректер де бұл ойды растайды. Қазақтың 
этногенездік  болмысы  бұл  прозада  айқын.  Ұлттық  дүниетаным  Сарыарқаның 
қырларында жҿңкілген қалың жылқыдай жосылады. Бұл ҽңгіме несімен құнды? Мұнда 
нағыз қазақтың образы бар. Түсіпхан ҿлгенде ауылы 40 күн жоқтау айтуы салт-дҽстүрді 
мықты сақтайтын елдің анық дерегі. Ҽңгімеде ажал тақырыбы құдайшылдық сеніммен 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
42 
берілген.  Сырғауыл  тиелген  арбаның  астында  бір  түн  басылып  жатқан  жас  жігіт 
Алласын  қарғамайды,  себебі  жақсылық  тек  Алладан,  жамандық  адамның  ҿзінен  деп 
дүние таниды. Ажал тақырыбы мұнда ерекше бір мистикалық қуатпен берілгені сонша, 
кезінде символизм рухымен Мағжан жырлаған  «Мені  де ҿлім, ҽлдиле»  – идеясы 2005 
жылдан бастап қазақ ҽдебиетінде кенет тың күшпен кҿбейіп кеткені нақ осы ҽңгіменің 
ҽсерінен  десек  болар.  Ҽсіресе,  жас  жазушылардың  ҽңгімелерінде  ҿлім  тақырыбын 
құштарлана жазу белең алды. Асылында ҿлім ҽдебиеттің о бастан ең негізгі тақырыбы.  
 «Қияда»  –  бұл  ҽңгіменің  жанрлық  басты  ерекшелігі  жоқтаумен  аяқталуында. 
Проза  поэзиямен  кҿмкеріледі.  Үлкен  ҽдебиетте  мұндай кҿркемдік  ерекшелік  айрықша 
бағалы.  Абай  қазақтың  ұлттық  қасиетін  айтқанда  ең  ҽуелі  осы  ҿлең,  жырға  тым 
бейімдігін  айтады:  «Ҿлеңменен  жер  қойнына  кірер  денең».  Түсіпхан  бейнесі 
ұмытылмастай  сомдалған,  себебі  ол  шындықтан  шыққан  бейне.  Жоқтау  жырлары 
ҽңгімеде    ұлттың  ҿзінің  импровизациялық  қасиетін  мол  ашады.  Ахмет  Байтұрсынов 
бастырған  қазақтың  33  (33  шамасы)  жоқтау  жырларындағы  үлгіден  бҿлек.  Суырып 
салып,  қайғы  қысқан  ет  жақын  туыстардың  құсалы  жүрегінен,  бауырды  зарлап 
жоқтаған  жылау  арқылы  тҿгіледі.  Бұл  ҽңгіменің  эмоциональды  табиғатын  күшейтіп 
жібереді.  Бұл  ҽңгімені  басқа  прозаға  ұқсатпай,  оқшаулап  тұрған  да  осы  бір  жоқтау 
жырлары,  автор  кҿне  мҽдениеттен  бар  тылсым  жанрды  жаңғырта  білген.  Ҽңгімеде 
романтикалық прозаға тҽн теңеулер айшықты. 
Ал  исламдық  мотивтерден  құрылған  туындылар  басынан  бастап  интермҽтінді 
болып  келеді,  алайда,  бұл  жерде  исламдық  мҽтінге  сюжеттік  мотивтермен 
леймотивтерді 
қалыптастыратын 
ҽдеби 
реминисценциялар, 
аллюзиялар 
қабаттастырылатыны мҽлім болып отыр.  
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1
 
Кемелбаева А. Тобылғысай. – Астана. Елорда, 2001. – 120 б. 
2
 
 Ісімақова А. Асыл сҿздің теориясы. – Алматы. Таңбалы. – 374 б. 
  
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада қазіргі қазақ прозасында кездесетін ислам мотивтері қарастырылады.  
 
РЕЗЮМЕ 
В статье автор рассматривает тему ислама в современной казахской прозе. 
 
 
 
 
Каталог: images -> arhiv -> 2010
2010 -> Психологические аспекты стрессоров
arhiv -> Вестник казахского государственного женского педагогического университета
arhiv -> К вопросу о взаимосвязи учебного и внеучебного процессов в начальной школе
arhiv -> Дошкольное и начальное образование
arhiv -> ОҚыту әдістемесі
arhiv -> Жиырма жылға аяқ басты. Еліміз егемендік алып, болашаққа сенімді қадам жасағалы ӛмірімізде қаншама жарқын жаңалықтар болды
arhiv -> Н. Д. Левитов агрессивті кҥйлердің танымдық, эмоциялық және ерікті компоненттерін
arhiv -> Вестник казахского государственного женского педагогического университета
2010 -> Хабаршысы №4(5), 2010

жүктеу 5.05 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет