Одан бір нҽрсе туралы білу үшін сҿйлеседі. Сондықтан сҿйлеу айналадағы заттар, құбылыстар, адам ҿміріндегі ҽрекет, тіршілік, ҿндіріс туралы болады. Мысалы: Бұйрат


СҰХБАТТЫҚ ТІЛДЕСІМДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ



жүктеу 5.05 Kb.
Pdf просмотр
бет20/21
Дата27.04.2017
өлшемі5.05 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

СҰХБАТТЫҚ ТІЛДЕСІМДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ 
ЭКСТРАЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Бҿлекбаева Л.Ҽ. 

 магистрант (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Қатысым  бірліктерін  анықтау  мен  белгілеу  жҽне  олардың  ауызекі  сҿйлеудегі 
қызметін  зерттеу  бүгінгі  лингвистикалық  прагматиканың  негізгі  мҽселелерінің  бірі 
болып  отыр.  Осы  бағыттағы  зерттеу  сұхбаттық  тілдесімді  (диалог)  (басқа 
терминология бойынша:  коммуникативті акт, дискурс) қатысым бірлігі деп санайтын 
сҿйлеу  актілері  теориясында  жүріп  жатыр.  Ҿйткені  сұхбаттық  тілдесімде  тіл  ҿзінің 
табиғи  болмысында  кҿрінеді  жҽне  де  сҿйлеу  актісі  сҿйлеушінің  интенциясы  мен 
оларды жүзеге асырудың шарттарымен сипатталады. 
Сұхбаттық  тілдесім  зерттеу  бүгінгі  таңдағы  коммуникативтік  лингвистиканың 
негізгі  нысанына  айналып  отыр.  Күннен  күнге  тілдің  қарым-қатынас  қызметі  жеке 
бірліктер  түрінде  емес,  ҿзара  хабар  алысатын  саналы  ҽрекет  түрінде  жүзеге 
асатындығы  нақтыланып  келеді.  Тұлғааралық  қатысымның,  демек  сұхбаттық 
тілдесімді қатысымның компоненттері ретінде мыналарды: 
1) сҿйлеуші жҽне адресат (субъект факторына жеке психологиялық, сҿйлеушінің 
тұлғалық  ҽлеуметтік  ерекшеліктері;  адресат  факторына  оның  тең  қатысымға 
дайындығы енеді, сондай-ақ, жеке мінезі; коммуниканттар арасындағы интеракциялық 
жҽне тұлғааралық қарым-қатынас); 
2)  сҿйлеушінің коммуникативті ниеті, уҽжі, қатысым мақсаты
3)  қатысым  ҿтетін  уақыт  пен  кеңістікке  (коммуникативті  акт  барысындағы 
қатысымның  жалпы  ҽлеуметтік-саяси,  тарихи-мҽдени  жағдаяттарына  сүйенетін 
шарттарын  белгілейтін  экстралингвистикалық  мҽнбірлер)  байланысты  шынайылық 
деңгейі; 
4)  белгілі  бір  қоғамдық  жҽне  статустық  ролі  бар  коммуниканттардың  ҿзара 
қарым-қатынасы; 
5) қатысым жағдаятына сай пресуппозицияларды (авторлық интенцияның дұрыс 
қабылдануы, ҿйткені сҿйлесімнің прагматикалық мағынасы сҿйлеуші мен адресаттың 
пресуппозицияны оқи алуы, тезаурустарының ұқсастығын, импликацияны анықтай алу 
қабілеттілігіне байланысты жүзеге асатынын) атап ҿтуге болады. 
Осы  жоғарыда  аталған  компоненттер  сұхбаттық  тілдесім  зерттеудің 
артықшылығын  кҿрсететін  тҿмендегі  екі  белгісін  дҽлелдей  түседі.  Біріншіден, 
сұхбаттық  тілдесімде  ҽрбір  сҿйлесімнің  авторы  мен  нақты  тыңдаушысы  бар  да, 
екіншіден,  сұхбаттық  тілдесім  психологиялық  деңгейде  стимул  мен  реакция  болып 
бір-біріне бағытталған сҿйлеу актілеріне байланысты орнайды.     
Сонымен  сұхбаттық  тілдесім  сҿйлеушілерді  бірінен  кейін  бірін  сҿйлете  беру 
емес,  ол  автор  мен  тыңдаушының  арасына  қарым-қатынас  орнауына  себеп  болатын 
коммуникативтік  жағдаят,  прагматика  үшін  маңызды  –  тыңдаушының  сҿйлеу  актісі 
мен  оның  коммуникативтік  мақсатына  негізделген  –  тыңдаушы    реакциясы  деуге 
болады.  Тыңдаушының  реакциясы  сұхбаттық  тілдесімді  құрайтын  ҽртүрлі  мақсатты 
анықтайды.  Ҽртүрлі  мақсаттың  үйлесуі  арқылы  сұхбаттық  тілдесім  қалыптасады. 
Сұхбаттық  тілдесімді  бір  ғана  мақсат  құрай  алмайды,  сондықтан  ҽртүрлі  сҿйлесім 
түрлері,  мысалы,  сұхбаттық  тілдесімді  бастаушы  сҿйлесім  түрі  ҿтініш  білдіруден 
немесе  қажетті  мҽліметті  алудан  басталғанымен,  бұл  тыңдаушының  ҽртүрлі 
реакциясын  тудырып,  қарым-қатынастың  орнауына  себеп  болуы  мүмкін,  себебі, 
сҿйлеушінің  тыңдаушыға  бағытталған  сҿзі  оның  ҿзіне  қайта  оралатын  қоздырғыш 
түрткі.  
Сҿйлеу  актілерінің  теориясы  бойынша  диалог  –  «основополагающее 
коммуникативное  событие  прямой  коммуникации,  в  результате  которого  партнеры 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
159 
вербально,  с  помощью  смены  ролей  говорящих,  в  конкретных  социально-
исторических условиях достигают определенных целей деятельности» деп анықталады 
/1, 72/. Бұл дегеніміз, прагматика үшін оқшауланған сҿйлеуші, оқшауланған тыңдаушы 
маңызды  емес,  ҿз  мақсаты,  ағымдағы  процеске  деген  жеке  кҿзқарасы,  кезекті  сҿйлеу 
қадамын жасауға деген нақты шешімі бар тыңдаушы «оппонент» маңызды. 
Сҿйлесімнің  прагматикалық  аспектісін  қалыптастыратын  негізгі  фактор  – 
сұхбаттық тілдесім екенін ескерсек, онда сұхбаттық тілдесім – екі адамның белгілі бір 
тақырып  шеңберінде  сҿйлесуі.  Сұхбаттық  тілдесім  теориясының  негізін  советтік  тіл 
білімінде  Л.В.  Щерба,  Л.П.  Якубинский,  Е.Д.  Поливанов,  В.Н.  Волошинов, 
В.В.Виноградов,  М.И.  Бахтин  сынды  лингвисттердің  қалағаны  белгілі.  Бұл  теорияға 
З.В. Валюсинская, Т.Г. Винокур, О.А. Лаптева, А.М. Радаев, Н.Ю. Шведова еңбектері 
арналды.  Ал,  қазақ  тіл  білімінде  сұхбаттық  тілдесім  мҽселесін  алғаш  рет  қазақ 
лингвистикасының негізін салушы А. Байтұрсынов пен К. Жұбанов кҿтерген болатын. 
Осы  мҽселенің  кейбір  аспектілері  С.  Кеңесбаев,  М.  Балақаев,  Т.  Қордабаев, 
Р.Сыздықова,  Р.С.Ҽмір,  К.Нұрмаханов,  Х.Кҽрімов,  А.Жүнісбеков,  Е.Есіркепов, 
З.Қ.Ахметжанова,  М.К.  Қармысова,  Г.С.  Имангалиева,  Д.Б.  Абдукаримова 
еңбектерінде талқыланды. Ағылшын тіліндегі бұл мҽселеге Л.П. Чахоян, С.С.Беркнер, 
Т.М. Власова, А.В. Кучер, Н.В. Буренина, Ю. Дубовский, В.В.Бузаров, Е.Е.Карпушина 
жҽне тағы басқалардың зерттеу жұмыстары арналған. 
Сҿйлеу  тілінің  жалпы  сипаттағы  сұхбаттық  белгісін  ашқан  М.М.  Бахтиннің 
пікірінше, сұхбаттық тілдесімді қатынастың туындауындағы басты шарт – бұл хабарға, 
«сҿзге»  бағытталған  коммуникативтік  мақсаттың  болуы.  Коммуникативтік  мақсат 
заттық  мазмұнның  (идея,  пікір)  ҿзара  қарым-қатынасын,  олардың  мҽнін  ҿзгертеді. 
Коммуникативтік  жағдаят  пайда  болады.  Бұл  жағдаятта  ҿзара  қарым-қатынастағы 
объектілер  жаңа  жүйелік  сипатқа  ие  болады.  Мысалы,  объект  туралы  пікір  («ҿмір 
тамаша»  –  логикалық  пікір)  ҿзіндік  заңдылықтарына  бағынатын  сҿйлесімге  («ҿмір 
тамаша» – растау, нақтылау ретінде) айналады. Бұл заңдылықтар логикалық пікірлерде 
кездеспейтін сҿйлесімдер арасындағы диалогтық қатынас  құрайды. «Коммуникативтік 
жағдаят  –  сұхбаттық  тілдесімді  қатысымның  орнауына  мүмкіндік  беретін  шарттар, 
жүйелі фактор» /2, 85/.
 
 
Сұхбаттық  тілдесім  теориясының  бүгінгі  кҿтеріп  отырған  мҽселесі  –  сұхбаттық 
тілдесімнің  дүниеге  келуін,  қалыптасуын  анықтайтын  ҽр  түрлі  шарттарды  қарастыру 
болып отыр. Сҿйлеуші тілдік таңбаларды ҿзара түсінісу үшін ғана емес, тыңдаушының 
сол  сҿйлеу  актісіне  деген  қызығушылығын  оятып,  оның  жауап  беруі  үшін  де 
қолданады. Себебі қатысым кезінде адресант хабарлап тұрып та, сұрақ қойып тұрып та, 
ҿтініп  тұрып  та  ҿзінің  тыңдаушысынан  оның  жауап  (вербальды  болмаса  іс-ҽрекет 
түріндегі)  реакциясын  күтеді.  Сұхбаттық  тілдесімді  құрайтын  бірінен  соң  бірі  қатар 
келетін  репликалардың  арасында  мағыналық  жҽне  құрылымдық  байланыс  болады. 
Реплика  сұхбаттық  тілдесімнің,  сонымен  бірге,  сұхбаттық  тұтастықтың  компоненті 
ретінде екі жақты сипатқа ие, бұл стимул жҽне реакция сипаты. Сұхбаттық тілдесімге 
қатысушылардың бірінің сҿзі  екіншісінің репликасының тууына түрткі  болады да, ол 
ҿз  кезегінде  мазмұны  жағынан  сұраққа  жауап,  пікірді  қостау  арқылы  растау,  не  оған 
қарсы  болу,  айтылған  ойды  түсіндіру,  оны  толықтыру,  не  ҿзін  қоршаған  орта,  адам, 
уақиға  жҿніндегі  ойы,  кҿзқарасы  т.б.  болып  келеді  /3,  22/.  Алғашқы  ықпал  етуші 
стимул-репликаның келесі репликаға тілдік ҽсерін талдаған кезде ықтимал, болжамды 
жауаптың  қандай  болатындығын  анықтауға  болады.  Сондай-ақ,  тілдесімдік 
тұтастықтағы  репликаларды  туғызатын  иллокутивті  күшті  болжауға  себеп  болатын 
мҽнбірлер де ескеріледі. 
Сұхбаттық  тілдесім  арқылы  берілетін  хабар  –  семантикалық  белгіні,  ал  оны 
анықтауға 
прагматикалық 
мҽнбірлер 
қатысады. 
Прагматикалық 
мҽнбірлер 
сҿйлесімдердің  тақырыпқа  қарай  коммуникативтік  мақсатын  анықтайды.  Қарым-

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
160 
қатынас  үстінде  ортақ  тақырыптың  орнауы  бірін-бірі  мазмұн  жағынан  толықтырып 
отыратын,  сҿйлеу  мақсатының  үйлесімді  тізбегін  қалыптастырады.  Ҿйткені  алғашқы 
сҿйлесімде  берілген  мазмұн  келесі  сҿйлеу  актілерінде  жаңа  мазмұнмен 
толықтырылады.  
Сұхбаттық тілдесімнің түрлері – мақсаттардың ҿзара үйлесуі арқылы анықталады. 
Сұхбаттық  тілдесім жауапты алмай тынбау, қайтседе де қажетті  хабарды біліп барып 
аяқталатын  сұхбаттық  тілдесімнің  хабар  алу,  жалыну/ҿтіну  түріне  жатады.  Ҽртүрлі 
мақсат  ҽртүрлі  сҿйлеу  жағдаятын  жасайды.  Бұл  сұхбаттық  тілдесімнің  түрленуіне  де 
ҽсер  етеді.  Мысалы,  И.П.Святогор  сұхбаттық  тілдесімнің  құрылымына  байланысты 
оның тҿмендегідей түрлерін ұсынады: 
1)
 
жұпты сұхбаттық тілдесім, екі коммуникант арасындағы тілдесім. 

 
 You wouldn‘t like to come with me, I suppose? 

 
 Julia could hardly believe her ears. 

 Me? Darling, you know I‘d go anywhere in the world with. 
2) параллель сұхбаттық тілдесімге үш-тҿрт коммуникант қатысуы мүмкін. 

 What a stunning room this is. 

 I‘m so glad you like it. – Her voice was rather low and ever so slightly hoarse. 

 We think in the family that Michael has such perfect taste. 
– 
Michael gave the room a complacent glance. 
– 
I‘ve had a good deal of experience. I always design the sets myself for our plays. Of 
course,  I  have  a  man  to  do  the  rough  work  for  me,  but  the  ideas  are  mine.  3)  полилог  – 
бірнеше адамдардың арасындағы ҽңгіме. 
– 
I hope she‘ll be a good wife to Frederic. 
– 
I hope she won‘t be too fond of going out – said Amelia, the second girl. 
– 
Or extravagant – said Georgina, the third. 
– 
There  was  some  story  of  her  being  terribly  in  debt  when  she  married  Sir  Florian  – 
said Diana, the fourth. 
– 
Frederic will be sure to see to that – said Augusta, the eldest. 

 
She is very beautiful – said Lydia, the fifth. 

 
And clever – said Cecilia, the sixth. 
 
Сұхбаттық  тілдесімнің  бұл  түрін  Г.А.Тер-Габриелян  квазидиалог,  немесе 
ұжымдық  сұхбаттық  тілдесім  деп  атайды  /4/.  Құрылымы  бойынша  бұл  –  полилог. 
Мұнда қатысушылардың барлығы бҽріне ортақ мҽселенің бірін талқылайды. Шынайы 
сұхбаттық  тілдесімнен  мұның  айырмашылығы  бұл  жерде  пікір  алмасу,  пікірталас 
кезінде  шындықты  ашуға  ұмтылыс  болмайды.  Тек  сол  бір  мҽселе  бойынша 
қатысушылардың  объективті  қатынасты  талқылаудың  кҿрінісі  болады.  Дегенмен 
олардың  ҽрқайсысы  осы  оқиғаға  қатысты  ҿзінің  жеке  кҿзқарасын,  сҿйлеушіге  деген 
жеке қатынасын білдірді де қойды. 
Квазидиалогта сҿзді бҿлу, іліп алу, қайталау, қайта сұрау, сұрақ пен жауап сияқты 
репликалар  арасындағы  байланыстың  тҽсілдеріне  қарамастан,  оған  имплицитті 
мазмұндағы  репликалар  тҽн  емес.  Мҽселен,  үзіліп  қалған  сҿйлесімдер  келесі 
репликаларда эксплицитті түрде толығуы мүмкін. 
Сонымен  жоғарыда  келтірілген  сұхбаттық  тілдесімнің  үш  түрін  ҿзара  талдаған 
кезде,  олардың  айырмашылығы  тек  қатысушылардың  санында  ғана  емес  екені 
айқындала  түседі.  Олар  мақсаты,  атқаратын  қызметі,  репликаларының  байланысу 
тҽсілдері  жағынан  бір-бірінен  ҿзгеше  болып  келеді.  Мҽселен,  жұпты  сұхбаттық 
тілдесімнің,  немесе  таза  сұхбаттық  тілдесімнің  (Х.  Кҽрімов  бойынша)  құрамындағы 
репликалардың кімдікі екені ҽңгіменің жалпы барысынан, алдыңғы репликалардан, не 
алмасып  отырған  репликалардың  мазмұнынан,  ондағы  қаратпа,  қыстырма  сҿздерден 
т.б белгілі болып тұрады. Мұндай ерекшелік екінші сұхбаттық тілдесім түрінде (аралас 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
161 
сұхбаттық тілдесімде де кездеседі. Аралас сұхбаттық тілдесімде ҽр реплика тҿңірегінде 
оның  кімдікі  екенін  білдіретін  ремарканың  (авторлық  түсініктеме)  болуы  кҿркем 
шығармада  шарт.  Бұл  ауызекі  сҿйлеу  тілінде  сҿйлеу  жағдаятынан,  сҿйлесім 
пропозициясынан түсінікті болады. Ал, полилогты Х.Кҽрімов кҿп дауысты сұхбаттық 
тілдесім  деп  атайды.  Ғалымның  сипаттамасы  жоғарыда  сҿз  болған  Г.А.Тер-
Габриелянның  квазидиалогына  ұқсас.  Сонымен  мұндай  сұхбаттық  тілдесім–  оқиғаға 
қатысушы  кҿптің,  бір  топ  адамның  сҿзі  болып  келетін  сұхбаттық  тілдесімдер.  Таза 
сұхбаттық  тілдесім  мен  аралас  сұхбаттық  тілдесімнің  құрамындағы  репликалардың 
кімдікі  екені  белгілі.  Соңғы  сұхбаттық  тілдесім  түрінің  ерекшелігі  сол,  олардың 
құрамындағы  репликалардың  кімдікі  екенін  айыру,  ал  кейде  қатысушылардың  саны 
қанша екендігін білу мүмкіндігі болмайды.  
Кҿп  дауысты  сұхбаттық  тілдесім  бір  топ  адамның  ҽр  түрлі  оқиғалардан, 
хабарлардан  т.б.  алған  ҽсері,  сезімі,  бір  мҽселеге  байланысты  ойлары,  ҽр  кездегі 
репликалары болып келеді де, оқиғаға қатысушы кҿптің басындағы күйініші-сүйініші, 
қуаныш-қорқынышты бейнелеудің үйлесімді де ұтымды амалына айналады. 
Қарым-қатынас  үстіндегі  тілдік  жҽне  тілдік  емес  мҽнбірлердің  ҿзара  байланысы 
сұхбаттық  тілдесімнің  шекараларын,  ең  тҿменгі  түрін,  құрылымын,  сонымен  қатар 
лексика-грамматикалық бірліктердің қызметін анықтауда үнемі басшылыққа алынады. 
Отандық  тіл  білімінде  осы  салада  сұхбаттық  тілдесім  типологиясын  жасаған  Г.С. 
Иманғалиева  сұхбаттық  тілдесімнің  тақырыптық  сипатына  қарай  хабарламалық, 
прагматикалық, модальдік деп үшке бҿледі. Бұлар ҿз тарапынан ҽңгімелесу, хабарласу, 
сұрасу,  сұхбаттасу,  хабарлама  жасау,  түсінісу,  пікірталас,  ұрыс,  талқылау,  ҿтініш, 
түрткі  жасау,  қорытындылау,  мақұлдау,  сҽлемдесу,  қоштасу  сияқты  түрлеріне 
жіктеледі.  
Зерттеуші  сұхбаттық  тілдесім  типологиясын  жасауға  тілдің  қарым-қатынас 
құралы  қызметін  қалыптастыратын,  соған  ықпал  ететін  прагматикалық  факторларды, 
яғни  сұхбаттық  тілдесімнің  ҿту  ахуалы,  сҿйлеушіге  тҽн  белгілер,  тыңдаушыға  тҽн 
белгілер,  коммуниканттар  арасындағы  қарым-қатынасты  басшылыққа  алған.  Ол 
сұхбаттық  тілдесімдегі  сҿйлеу  актілері  арасындағы  байланысты  сҿйлеушілердің 
мақсаты  болмаса  интенциясы  тұрғысынан  талдайды.  Себебі  сұхбаттық  тілдесім 
бірлігін  анықтауда  бірқатар  зерттеушілер  де  интенцияны  басшылыққа  алады.  Ҽрине, 
мақсаттың  қалыптасуы  қарым  –  қатынаспен    байланысты,  ал,  ол  ҿз  кезегінде 
сҿйлеушілердің  қатысым  жасауының  қажеттілігіне  тҽуелді.  Сұхбаттық  тілдесімді 
қалыптастырып, дамытатын – сҿйлеушілер мақсатының үйлесімі.  
Кейбір 
зерттеушілер 
(Н.Д. 
Арутюнова, 
С.Ф.Земская, 
Н.Г.Несина, 
В.Н.Волошинов) жоғарыда сҿз болған сұхбаттық тілдесімнің түрлерінің, атап айтқанда 
хабарламалықтың  орнына  ұғымдық  немесе  диктальді  сұхбаттық  тілдесім  жҽне 
модальдік сұхбаттық тілдесім дегенді ұсынады.  
Н.Д.  Арутюнованың  пікірінше  ұғымдық  сұхбаттық  тілдесімнің  мақсаты  нақты 
мҽлімет  алу  болса,  модальдік  сұхбаттық  тілдесімнің  мақсаты  пікір  алмасу.  Мұнда 
ҽңгімелесушінің  модусына,  яғни  оның  мҽліметке  деген  қарым-қатынасының 
аппелляциясы кҿрініс табады. Мҽлімет – диктум. 
– Ашуланшақ болып кетіпсің, Алма. 
– Бұл елден ашуланшақ емесін табу қиын-ау бүгінде.   
Мҽліметке деген ҽртүрлі субъективті қатынастар цитацияда, ҽсіресе, адресанттың 
сҿздерін  басқа  акцентпен  келемеждеу,  тҽлкек  ету  болмаса  сенімсіздік  білдіру 
формаларында қайталағанда анық кҿрінеді. 
– ... where do these people come from? 
– Spain. 

 
 Spain? 

 
 Yes,Spain.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
162 
Сонымен  модальді  сұхбаттық  тілдесімде  бір  фактінің  болмаса  құбылыстың 
ҽртүрлі  модусы,  ҽртүрлі  субъективті  бағалануы  ылғи  реңін  ҿзгертіп  жатады.  Бұл 
дегеніміз бір мҽліметті ҽртүрлі бағалап, шындыққа байланыстыруға болады.  
Ауызекі  сҿйлеуді  зерттеушілердің  барлығы  дерлік  сұхбаттық  жағдаят,  
қатысымның  бейвербалды  компоненттері  сияқты  ерекшеліктері  кҿбіне  таныс  емес 
адамдардан  гҿрі  жақын  таныс  адамдардың  арасындағы,  ресми  емес  жағдайдағы 
қатысымда  айқын  кҿрінетіндігін  айтады.  Себебі  сұхбаттық  тілдесім  –  бұл  бірін-бірі 
түсінуге  мақсатталған  екіжақты  қатысым.  Коммуниканттардың  екеуі  де  ҽңгіме 
тақырыбын қабылдауға, оны түсінуге ұмтылады. Сұхбаттық тілдесімді қажет мҽліметті 
алу үшін қалыптасқан ҽрекет десек те болады. 
Сұхбаттық  тілдесімді  қатысымды  лексико-грамматикалық  жҽне  интонациялық 
амалдардың кҿмегімен мазмұн жағынан ҿзара тығыз байланысты екі болмаса одан да 
кҿп  репликалардан  тұратын  коммуникативті-функционалдық  тұтастық  деуге  болады. 
Сұхбаттық  тілдесімнің  қалыптасу  процесі  коммуниканттардың  арнайы  ұйымдасқан 
ұғымдық-практикалық  жағдайларымен  белгіленеді.  Адамның  сҿйлеу  ҽрекеті  уҽжден, 
тапсырмалар  мен  оларды  орындаудың  шарттарынан  тұрады.  Мұны  анықтау  үшін  бір 
қатар  психолингвистикалық  жҽне  ҽлеуметтік  лингвистикалық  мҽселелерге,  сондай-ақ 
сҿйлеу  ҽрекеті  мен  оның  қабылдануын  түсіндіретін  сҿйлеу  актілері  мҽселесіне  мҽн 
беруге тура келеді.   
Сұхбаттық  тілдесім  –  кҿп  қырлы  күрделі  құбылыс.  Сондықтан  оның  ҽртүрлі 
аспектілерін зерттеудің кҿптеген жолдары мен тҽсілдерінің болуы заңды да. Мҽселен: 
а)  формальді-құрылымдық  тҽсіл,  мұндағы  басты  мҽселе  репликалардың 
құрылымдық түрі жҽне олардың арасындағы байланыс жолдары
ҽ) семантикалық  тҽсіл, яғни репликалардың белгілі  бір түрінің семантикасы мен 
бір-бірімен байланысты репликалардың мазмұны; 
б)  функционалды  тҽсіл  сұхбаттық  қатысымның  функциясы  тұрғысынан  оның 
құрылымы мен элементтерін талдайды
в)  логика-семантикалық  тҽсіл  сұхбаттық  тілдесімнің  логикалық  құрылымын 
зерттейді, яғни сҿйлесімдердің логикалық түрлері немесе сҿйлесімдер мен репликалар 
арасындағы логикалық байланысты анықтайды; 
г)  психолингвистикалық  тҽсіл  репликаны  –  сҿйлеу  ҽдебі  ретінде  қарастырады, 
себебі  бұл  тҽсіл  сұхбаттық  тілдесімді  екі  психологиялық  жүйенің  ҿзара  қарым-
қатынасы деп сипаттайды
д)  ҽлеуметтік  лингвистика  коммуниканттардың  ҽлеуметтік  статусы  мен  ауызекі 
қатысымның ҽлеуметтік ерекшеліктеріне кҿңіл бҿледі. 
Лингвистер  сұхбаттық  тілдесімнің  құрылымы  (М.Н.  Орлова),  сұхбаттық 
тұтастықтағы  репликалар  арасындағы  ҿзара  байланыстың  сипаты  мен  мұндағы 
синтаксистік  байланыстың  түрлері  (С.С.  Беркнер,  Н.Н.  Гаврильев,  Л.П.  Чахоян), 
сұхбаттық тілдесімнің стилистикалық жҽне интонациялық құрылымы  (А.В. Кучер, Ю. 
Дубовский)  сияқты  аспектілерге  қызығушылық  танытқан.  Дей  тұрғанмен,  соңғы 
уақытта  зерттеу  шеңбері  кеңейе  түсті  де,  ендігі  мҽселелер  сұхбаттық  тілдесімнің 
актуальді мүшеленуі, диалогтағы байланыстың прагматикалық аспектісі, модус-диктум 
тұрғысынан оның сарапталуы жҽне тағы басқалар тҿңірегінде жүріп жатыр.  
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1
 
 Техтмайер  Б.  Диалог:  проблемы  анализа  //  Общение.  Текст.  Высказывание.    – 
Москва, 1989. – С. 71-83. 
2
 
 Бахтин М.М. Проблемы поэтики Достоевского. – М., 1979. – С. 227-238. 
3
 
 Кҽрімов Х. Қанатты тіл. Оқу құралы. – Алматы, 1993. 
4
 
 Тер-Габриелян Г.А. Структурно-функциональные характеристики диалога 
в турецкой прозе: авторефер. ...  канд.филол.наук. – М.,1989. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
163 
 
РЕЗЮМЕ 
Данная  статья  рассматривает  взаимодействия  реплик  диалогической  речи  в 
функционально-синтаксическом,  функционально-семантическом  и  функционально-
коммуникативном планах.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  тілдің  қатысым  ҽрекетіндегі  жҽне  ауызекі  сҿйлеудегі  қызметі 
қарастырылады.  Аталмыш  мҽселе  лингвистикалық  прагматиканың  бірі  бола  отырып, 
сұхбаттық  тілдесімде  тіл  ҿзінің  табиғи  болмысында  кҿрінетіні  жҽне  де  сҿйлеу  актісі 
сҿйлеушінің интенциясы мен оларды жүзеге асырудың шарттары  ретінде сипатталады. 
 
 
 
 
ДИАЛОГ ӘРЕКЕТІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Бҿлекбаева Л. Ҽ. 

 магистрант (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)    
 
Қазіргі  кезде  халықаралық  қатынастардың  күшейіп,  соған  сҽйкес  халықтар 
арасындағы  ҿзара  түсіністік  мҽселесінің  алдыңғы  қатарға  шығуы  жҽне  шетел  тілін 
меңгеруде  тіл  мен  мҽдениет  мҽселелерінің  ара  қатынасына,  олардың  ҿзара  
байланысына,  ҽртүрлі  ұлт  ҿкілдері  арасында  диалог  ҿзара  түсіністік,  ынтымақтастық 
жағдайында  ҿрбіп,  қалыптасуына  ерекше  кҿңіл  бҿлініп  келеді.  Жҽне  осы  талап  тіл 
меңгерту үрдісінде ұлтаралық қатысымды негізге ала отырып, ҽрбір халықтың тілі мен 
мҽдениетіндегі  ұлттық  ерекшіліктерді  сыйлап,  құрметтеуге  бағытталады.  Ұлтаралық 
жҽне  мҽдениетаралық  қарым  -қатынаста  ҽр  халықтың  тілі  мен  мҽдениетіндегі  ұлттық 
ерекшілікті есепке алу 

 тілді ҿзге тіл ретінде меңгертудің нҽтижелі болуындағы басты 
шарттардың  бірі  ретіндегі  ҽлеуметтік  лингвистика  мен  лингводидактиканың  басты 
салаларының  қатарына  жатады.  Сонымен  қатар,  ҽрбір  адам  басқа  мҽдениет  ҿкілімен 
тілдесу үстінде ҿзінің туған елінің мҽдениеті атынан сҿйлейді. Тілдесу үстінде адам ҿз 
халқының  мҽдениеті,  ұлттық  ерекшілігін  тілдік  бірліктер  арқылы,  ҽртүрлі  тілдік 
құралдар  мен  ұлттық  таным  арқылы  білдіреді.  Диалогқа  қатысушылар  осылайша 
ҿздерінің тілден алған білімдерін де, ҿздерін де жеке тұлға ретінде кҿрсетуге мүмкіндік 
алады.  Демек,  студенттердің  диалог  мҽдениетін  қалыптастыру 

  аса  маңызды  міндет. 
Тіл  меңгерту  үрдісінде  қазіргі  ғылымда  кең  қолдау  таба  бастаған  лингвоелтану, 
лингвомҽдениеттану құзіреттіліктерін қалыптастыру, сол арқылы сұхбаттық тілдесімге 
шақыру.  Бұл  міндетті  жүзеге  асыру  диалогтарды  пайдалану  қажеттігін  алға  тартады. 
Диалогтарды тіл меңгертуде пайдалану 

 ҿзіндік күрделілігі бар мҽселе. 
 Адам тілдесу барысында ҽр түрлі кҿмекші құалдарды да пайдаланатыны белгілі. 
Сондықтан диалог үстінде кҿмекшілік қызмет атқаратын ым, қимыл, ишара мҽселелері 
туралы, олардың диалог мазмұнынан алатын орнын, қазақ тіліндегі ерекшіліктеріне де 
мҽн беруді талап етеді. 
 Қазіргі  кезде  ҿзге  тілге  үйретуде  кҿбінесе,  ауызша  тілдестіруге  мҽн  беріліп  жүр, 
осы күнге дейін ҿзінің мҽн-маңызын жоймаған ҽдіс 

 коммуникативтік ҽдіс. Бұл ҽдістің 
негізін  Е.И.  Пассов  салды.  Бұл  ҽдістің  негізіне  коммуникативтік  лингвистика, 
психологиялық  ҽрекеттесу  теориясы,  мҽдениеттер  сұхбатында  жеке  тұлғаның 
белсенділігін дамыту мҽселелері де енді.  
«Тіл  білімі  сҿздігінде»:  «Диалог  (грек,  dialogos 

  ҽңгіме,  сұхбат).  Диалогтық 
сҿйлеу  ҿзара  тілдесу  негізінде  ауызша,  ауызекі  тілде  сҿйлеу  формасы.  Диалогтық 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
164 
сҿйлеу  ауызша,  ауызекі  сҿйлеу  сипаты  сҿйлеуші  мен  тыңдаушының  тікелей 
байланысынан  туады.  Осыған  байланысты  диалог  сҿйлеуге  құрылымдық  жағынан 
толықсыздық  репликалар  байланысы  тҽн  (сұрақ,  /жауап,  қарсыласу/,  келісу,  тіл 
мҽдениеті, толықтыру, қайталау т.б. )», 

 деп жазады /1, 107/.   
«Тілдесім» (общение) 
– 
айтылым мен жазылымның ҿзара бірлігінен құрала келіп, 
қандай  болмасын  ақпарат  негізінде  адамдар  арасындағы  тілдік  қатынасты  жүзеге 
асыратын сҿйлесім ҽрекетінің түрі. «Тілдесім» терминіне ғалым Ф.Оразбаева былай деп 
сипаттама береді, «Тілдесім 

 адамдардың қоғамдық- ҽлеуметтік ҿмірде бір бірімен тіл 
арқылы  қарым-қатынасқа  түсіп,  ҿзара  пікірлесуінің  нҽтижесінде  бірінің  ойын  бірі 
ауызша да, жазбаша да түсінуі жҽне оған жауп қайтаруы» /2, 120/. 
Тілдесім 

  адамдардың  ҿзара  ҽрекетіндегі  ҿте  күрделі  құбылыс.  Бұл  туралы 
А.А.Леонтьев  былай  дейді:  «В  современной  науке  об  общении  существует  огромное 
количество несовпадающих определений данного понятия» /3, 26 /.    
Бұл  тілдесім құбылысының сан қырлы, алуан жүйелі, сан тарау құбылыс екенінен 
болса керек. Диалог тілдесім ұғымына екі адам сҿйлесетін диалог, үш адам сҿйлесетін 
трилог та, үштен кҿп адам тілдесетін полилог та кіреді. 
Диалогты  зерттеу  бүгінгі  таңдағы  коммуникативті  лингвистиканың  негізгі 
нысанына  айналып  отыр.  Күннен  күнге  тілдің  қарым-қатынас  қызметі  жеке  бірліктер 
түрінде  емес,  ҿзара  хабар  алысатын  саналы  ҽрекет  түрінде  жүзеге  асатындығы 
нақтыланып  келеді.  Диалогты  зерттеудің  артықшылығы  мынадай  екі  белгісінен 
кҿрінеді: 
• диалогта ҽрбір сҿйлесімнің авторы жҽне нақты тыңдаушысы бар
•  диалог  психологиялық  деңгейде  стимул  мен  реакция  болып  бір-біріне 
бағытталған сҿйлеу қадамдарына байланысты орнайды.     
Сонымен  диалог  сҿйлеушілерді  бірінен  кейін  бірін  сҿйлете  беру  емес,  ол  автор 
мен  тыңдаушының  арасына  қарым-  қатынас  ҽрекетінің  орнауына  себеп  болатын 
коммуникативтік  жағдаят,  прагматика  үшін  маңызды 

  тыңдаушының  сҿйлеу  актісі 
мен  оның  коммуникативтік  интенциясына  негізделген  тыңдаушы  реакциясы  деуге 
болады.  Тыңдаушының  реакциясы  диалогты  құрайтын  ҽртүрлі  мақсатты  анықтайды. 
Ҽртүрлі  мақсаттың  үйлесуі  арқылы  диалог  қалыптасады.  Диалогты  бір  ғана  мақсат 
құрай  алмайды,  сондықтан  ҽртүрлі  тілдесім  түрлері,  мысалы,  диалогты  бастаушы 
тілдесім  түрі  ҿтініш  білдіруден  немесе  қажетті  хабарды  алудан  басталғанмен,  бұл 
тыңдаушының ҽртүрлі реакциясын тудырып, қарым-қатынастың орнауына себеп болуы 
мүмкін, себебі, сҿйлеушінің тыңдаушыға бағытталған сҿзі  оның ҿзіне қайта оралатын 
қоздырғыш түрткі.  
Тілдесе отырып адам ҿзінің қайғысымен, мұңымен, қуанышымен, ҿміріндегі сҽтті, 
сҽтсіз  жайттарымен,  басқаша  айтқанда,  сезімдерімен  бҿлісе  алады.  Білім  беру,  оқыту, 
білімді  насихаттау,  білімді  алу  сияқты  ҿзекті  мҽселелер 

  тілдесіп  сҿйлеспей 
шешілмейтін мҽселелер. 
Адам  диалогқа  түсу  үшін  ең  ҽуелі  ойлай  жҽне  сҿйлей  білу  керек.  Басқаша 
айтқанда, ҿзінің ойына келгенін екінші тыңдаушы жаққа айтып бере білуі тиіс. 
Ал тілдесімдегі тактика дегеніміз 

 тілдің қатынасқа түсу тҽсілдерінің жиынтығы, 
белгілі  бір  диалог  кезінде  сҿйлеу  актісін  дұрыс  таңдау  мен  оның  бірізділігін  сақтау. 
Мысалы,  серіктесінің  назарын  аударумен  байланысты  оның  ықыласын  ұстап  тұру, 
сендіру  жҽне  мойындату,  қысым  жасау  немесе  қысымның  ҽлсіреуі,  қулық  жасау, 
жағымсыз  істерге  ұрындыру,  арандату,    итермелеу  т.б  .  осы  сияқты  белгілі  бір кҿңіл-
күй  жағдайларына  түсу.  Ҽңгіме  барысында  тактикалар  ҿзгереді,  олар-бейімделгіш, 
жылжымалы,  икемделгіш.  Айтушы  неғұрлым  тілдік  қатынастық  жҽне  прагматикалық 
жетістікті  жақсы  меңгерген  болса,  оның  тактикасы  да  солғұрлым  жан-жақты  жҽне 
жылжымалы болып келеді. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
165 
Мысалы,  талап  ете  отырып,  ҿзіне  бағынатын  адамға  жеңіл  ҿтініш  жасау 
стратегиясы: 
 «

 Zhandos, bring me the report you made. 

 
I haven‘t finished it yet. 
– 
I need it now.  I ‘m having a meeting .Be quick, please ». 
Жауаптан  қашу  тактикасына  қарсы,  шынайы  емес  сұрақ  қоюды  айтуға  болады. 
Мысaлы, қарсы, қашқақтау сұрағы: 

 Why haven‘t you informed them about the meeting?  
– 
Who? 
– 
You know who. I mean the staff . 
Диалогтағы  сҿз  бастаушы  адам  ҽңгімені  ҿз  қолына  алады:  сҿз  туғызу  ниетін 
таңдау,  сҿзді  қосымша  ақпараттармен,  дҽлелдермен  байытып  отыру,  ҽңгіменің 
жүрісіне, сҿз, сҿйлем құрылысына ҽсер ету-бҽрі соның қолында болады. 
Адамдар  кез  келген  жағдайда  ҿз  ойын  біреуге  түсіндіріп,  білдіруде,  пікірлермен 
алмасу  үшін  тілдік  қарым-қатынасқа  түседі,  демек  тілдеседі.  Зерттеушілердің 
пікірлерінше, адамның бір- бірімен қарым қатынас жасауының үштен екі бҿлігі сҿзден, 
сҿйлесе қатынас жасаудан жҽне олар үнемі тілдік қарым қатынас жасаудан жҽне олар 
үнемі  тілдік  қарым  қатынасқа  түсуден  тұрады.  Яғни  адамдар  арасында  үнемі  диалог 
жүріп  жатады.  Диалогтың  табысты  жүруі  сҿйлесетін  серіктестерінің    біліміне, 
тҽрбиесіне,  сҿйлесе  білу  ҽдебіне  т.б.  шарттарға  байланысты.  Тілдесе  отырып  адам 
ҿзінің қуанышымен, қайғысымен, басқаша айтқанда, сезімдерімен бҿлісе алады.  
Сҿйлеу  тілінің  жалпы  сипаттағы  диалогтік  белгісін  ашқан  М.М.  Бахтиннің 
пікірінше,  диалогтық  қатынастың  туындауының  басты  шарты  –  бұл  хабарға,  «сҿзге» 
бағытталған  коммуникативтік  мақсаттың  болуы.  Ол  заттық  мазмұнның  (идея,  пікір) 
ҿзара  қарым-қатынасын,  олардың  мҽнін  ҿзгертеді.  Коммуникативті  жағдаят  пайда 
болады.  Бұл  жағдаятта  ҿзара  қарым-қатынастағы  объектілер  жаңа  жүйелік  сипатқа  ие 
болады.    Мысалы,  объект  туралы  пікір  («ҿмір  тамаша»  –    логикалық  пікір)  ҿзіндік 
заңдылықтарына  бағынатын  сҿйлесімге  («ҿмір  тамаша»  –    растау,  нақтылау  ретінде) 
айналады.  Бұл  заңдылықтар  логикалық  пікірлерде  кездеспейтін  сҿйлесімдер 
арасындағы  диалогтық  қатынас  құрайды.  «Коммуникативная  ситуация  –  это 
системообразующий  фактор,  условие,  делающее  возможным  возникновение 
диалогических отношений». 
Сҿйлеу  ҽрекетінің  күрделілігі  диалогтың  қандай  жағдайда    жүргеніне,  қалай 
жүргеніне  жҽне  оның жүзеге  асуы  үшін  қажет  алғышарттарға  тҽуелді.  Адам  диалогқа 
түсу  үшін  ең  ҽуелі  ойлай  жҽне  сҿйлей  білуі  керек.  Сонымен  қатар  ҿз  ойын  жүзеге 
асыруға деген ынта мен ықылас болуға тиіс. Басқаша айтқанда, ҿзінің ойына келгенін 
тыңдаушыға жеткізе білуі тиіс.  
Диалог  түрлері  –  мақсаттардың  ҿзара  үйлесуі  арқылы  анықталады.  Диалог 
жауапты алмай тынбау, қайтседе де қажетті хабарды біліп барып аяқталатын диалогтың 
хабар  алу,  жалыну/ҿтіну  түріне  жатады.  Ҽртүрлі  мақсат  ҽртүрлі  сҿйлеу  жағдаятын 
жасайды. Бұл диалогтың түрленуіне де ҽсер  етеді. Мысалы, И.П. Святогор диалогтың 
құрылымына байланысты оның тҿмендегідей түрлерін ұсынады: 
1. жұпты диалог, екі коммуникант арасындағы сұхбаттық тілдесім; 
2. параллель диалогқа үш-тҿрт коммуникант қатысуы мүмкін; 
3. полилог – бірнеше адамдардың арасындағы ҽңгіме. 
Қарым-қатынас үстіндегі тілдік жҽне тілдік емес факторлардың ҿзара байланысы 
диалогтің  шекараларын,  ең  тҿменгі  түрін,  құрылымын,  сонымен  қатар  лексика- 
грамматикалық бірліктердің қызметін анықтауда үнемі басшылыққа алынады. Отандық 
тіл  білімінде  осы  салада  диалог  типологиясын  жасаған  Г.С.Иманғалиева  диалогтің 
тақырыптық  сипатына  қарай  хабарламалық,  прагматикалық,  модальдік  деп  үшке 
бҿледі. Бұлар ҿз тарапынан ҽңгімелесу, хабарласу, сұрасу, сұхбаттасу, хабарлама жасау, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
166 
түсінісу,  пікрталас,  ұрыс,  талқылау,  ҿтініш,  түрткі  жасау,  қорытындылау,  мақұлдау, 
сҽлемдесу, қоштасу сияқты түрлеріне жіктеледі /4/. 
Хабарламалық  диалогта  кҿбіне  коммуникацияның  басталғанына  дейін 
ҽңгімелесушілердің  біріне  белгісіз  жаңа  мҽлімет  болады.  Сондықтан  олар  жайбарақат 
күйде,  орта  темпте  ҿтеді.  Бұл  диалог  түрінің  мақсаты  коммуникативті  акт  процесінде 
жаңа  мҽлімет  алу  болмаса  мҽлімет  беру  болып  табылады.  Зерттеуші  хабарламалық 
диалогтың  сипатына  қарай  мұнда  ҽңгімелесу,  хабарласу,  сұрасу  жҽне  түсінісу  сияқты 
диалогтың түрлерін жатқызады. 
Диалогтың  ҽр  түрлі  болуы  оның  күрделілігімен  сипатталады.  Мұны  диалогтың 
ұзақтылығымен,  жағдаят  пен  контекстің  ҽсерімен,  ҽңгімелесушілердің  санымен 
түсіндіруге  болады.  Дегенмен,  диалог  ҿз  құрамындағы  ҽртүрлі  бағыттағы 
репликалардың сипатымен күрделенеді. Ал, диалогтың прагматикалық түрінде ҽртүрлі 
сҿйлеу  интенциясы  бар  сҿйлесімдердің  бір  ізділігі  байқалады.  Мұндай  диалогтың 
мақсаты тыңдаушыға анық ҽсер ету. Бұл дегеніміз, пікірталас, ұрыс, талқылау, ҿтініш, 
түрткі  жасау,  хабарлама  жасау.  Модальдік  диалогта  объективті  шындықтың  саналы 
кҿрінісі  беріледі.  Бұл  диалог-мақұлдасу,  диалог-қорытындылау,  диалог-сҽлемдесу, 
диалог-қоштасу. 
Реплика  диалогтың,  сонымен  бірге,  диалог  тұтастықтың  компоненті  ретінде  екі 
жақты  сипатқа  ие,  яғни  стимул  жҽне  реакция  сипаты.  Диалогқа    қатысушылардың 
бірінің сҿзі екіншісінің репликасының тууына түрткі болады. Жауап реплика  мазмұны 
жағынан  сұраққа  жауап,  айтылған  пікірді  қостау,  не  оған  қарсы  болу,  айтылған  ойды 
түсіндіру,  оны  толықтыру,  не  ҿзін  қоршаған  орта,  адам,  уақиға  жҿніндегі  ойы, 
кҿзқарасы т.б. болып келеді. 
Диалог кҿбіне дҽстүрлі реплика-сҽлемдесуден  басталады. Сосын ҽңгіме желісіне 
қарай  қажетті  реплика-ниет,  реплика-сұрақ,  бірдемені  хабарлайтын  реплика, 
қайталаумен қайта сұрайтын жҽне т.б. репликалар болуы мүмкін. Ҽрине ҽңгіменің ары 
қарай қалай ҿрбитіндігі реплика- реакцияға да кҿп қатысты. Егер екінші коммуникант 
диалогтың  жалғасуын  ынталандыруға  жеткіліксіз,  тек  біржақтама  (Иҽ.  Жоқ. 
Білмеймін.)  жауап  берсе,  онда  диалог  қалыптаспайды.  Коммуникативті  актінің  пайда 
болуында  белгілі  жағдай  мен  алғы  шарттар  маңызды  роль  ойнайды.  Сондай-ақ,  оның 
жүзеге асуы үшін коммуниканттардың психологиялық жай-күйі де ескеріледі. 
Диалогтағы  репликалардың  лингвистикалық  жҽне  экстралингвистикалық 
зерттелуінің  негізінде,  оларды  анықтайтын  мінезі  мен  құрылымын  ескеріп, 
коммуникативті-  прагматикалық  сипатына  мҽн  бере  отырып  Д.Б.  Абдукаримова 
реплика-стимулдың  мынадай  түрлерін  белгілеген  /5/.  Олар:  1)  реплика-сұрақ,  2) 
реплика-бұйрық,  сыпайы  формадағы  реплика-бұйрық,  3)  реплика-ниет,  4)  реплика-
таңдану,  5)  реплика-нақтылау,  6)  реплика-хабарлау,  7)  реплика-ҿтініш.  Зерттеуші  бұл 
репликалардың 
құрылымын 
реплика-реакциямен 
лексика-семантикалық 
байланысымен,  сұраулы  пысықтауыштар,  есімдіктер,  демеулік  шылаулардың  бар 
болуымен,  вокативтердің  қолданылуымен,  реплика  мазмұнына  қарай  интонациялық 
конструкциялардың 
ҽртүрлілігімен, 
сондай-ақ, 
күрделі 
жҽне 
жай 
тілдік 
конструкциялардың,  эллипсистің  болуымен  жҽне  күшейту  үшін  қайталаудың 
қолданылуымен сипаттайды.  
Тілдік  қарым-қатынас,  коммуникацияның  қай-қайсысы  да  тек  диалог  арқасында 
ҿмір сүреді. Тіл үйрету мен меңгеру ісінде- диалогпен жұмыс ерекше мҽнге ие болады. 
Тілдік  қатынас  қатысымдық  тұлғалар  арқылы  жүзеге  асады.  Демек,  тілді  үйретуде, 
сҿйлеуде  диалогтың  алатын  орны  ерекше.  Олай  болса,  дұрыс  сҿйлеу  ҽрекетіне  кҿңіл 
аудару қажет. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
167 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1
 
Тіл білімі сҿздігі (Жалпы ред. басқарған проф. Э.Д. Сүлейменова. 
– 
Алматы: Ғылым, 
1998. 
– 
540 б. 
2
 
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. 
– 
Алматы: Сҿздік-Словарь, 2005. 
– 
272 б. 
3 Леонтьев А.А. Язык, речь, речевая деятельность. 
– 
Москва: Просвещение, 1969. 

 214 
с. 
4 Имангалиева Г.С. Типология диалога: дисс. ... канд.филол.наук: 10.02.20.
     
– Алматы, 
1999. – 117 с. 
5  Абдукаримова  Д.Б.  Типология  реплик  казахского  и  русского  диалогов:  дисс...  канд. 
филол. наук: 10.02.20. – Алматы, 1999.   
 
РЕЗЮМЕ 
 
 Данная  статья  рассматривает  диалогическую  речь  в  коммуникативном  плане. 
Означает  те  функций,  которые  выполняют  номинативные  единицы  в  высказываниях. 
Рассмотрение  диалога  в  функционально-семантическом  плане  подразумевает 
рассмотрение диалога в аспекте актуального членения. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Бұл    мақалада    коммуникацияның    қай-қайсысы    да    диалог  ҽрекетімен  тығыз 
байланысты  болғандықтан,  оның  біліктілігін  арттыру  тек  тілдік  құралдарды  қолдану 
тҽсілі ғана емес, ҽрекет актісі ретінде қарастырылады. 
 
 
 
Каталог: images -> arhiv -> 2010
2010 -> Психологические аспекты стрессоров
arhiv -> Вестник казахского государственного женского педагогического университета
arhiv -> К вопросу о взаимосвязи учебного и внеучебного процессов в начальной школе
arhiv -> Дошкольное и начальное образование
arhiv -> ОҚыту әдістемесі
arhiv -> Жиырма жылға аяқ басты. Еліміз егемендік алып, болашаққа сенімді қадам жасағалы ӛмірімізде қаншама жарқын жаңалықтар болды
arhiv -> Н. Д. Левитов агрессивті кҥйлердің танымдық, эмоциялық және ерікті компоненттерін
arhiv -> Вестник казахского государственного женского педагогического университета
2010 -> Хабаршысы №4(5), 2010

жүктеу 5.05 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет