Одан бір нҽрсе туралы білу үшін сҿйлеседі. Сондықтан сҿйлеу айналадағы заттар, құбылыстар, адам ҿміріндегі ҽрекет, тіршілік, ҿндіріс туралы болады. Мысалы: Бұйрат



жүктеу 5.05 Kb.
Pdf просмотр
бет19/21
Дата27.04.2017
өлшемі5.05 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

САХНА ТІЛІНДЕГІ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ 
 
Хожамбердиев О.К.  (PhD) докторанты 
 (Алматы қ-сы,  Т. Жүргенов ат. Қазақ ұлттық ҿнер академиясы) 
 
Ҽрбір  ұлт,  ұлыс  ҿз  тарихын,  салт-дҽстүрін,  мҽдениетін  қалай  құрметтесе,  ҿзінің 
ана  тіліне  де  солай  қарауы  керек.  М.  Ҽуезовтің  ―кімде-кім  қазіргі  уақытта  ана  тілін, 
ҿзінің  ҽдебиетін  сыйламаса,  бағаламаса,  оны  сауатты,  мҽдениетті  адам  деп  санауға 
болмайды‖  деген  пікірінің  маңызы  ҿте  зор.  Олай  дейтініміз  ҿткенімізге,  тарихқа 
үңілсек, қаһарлы хандар да, айбынды батырлардың ҿзі де аузынан от шашқан орақ тілді 
шешендердің  уҽжді  сҿзіне  тоқтап  отырған.  Адамдарды  ажалдан,  ҿлімнен,  ауыл  мен 
ауылды  жауласудан  құтқарған,  татуластырған  сҿздің  құдіреті,  қасиеті  екені  бҽрімізге 
мҽлім.  Осыдан  дуалы,  киелі  сҿздің  қасиеті  мен  құдіреті  бүгінгі  күнге  дейін  ҿз  күшін 
жойған жоқ жҽне жоймайды да деп ашық та айқын айта аламыз. 
Осындай  сҿздің  қасиеті  мен  құдіретін  терең  түсінідіріп,  ұғындырып,  жүректен 
жүрекке жеткізіп оқытатын пҽннің бірі жҽне де бірегейі  – сахна тілі болып табылады. 
Сахна  тілі  ҽдемі,  таза,  анық,  шешен,  мҽдениетті  сҿйлеуге  үйретеді,  дұрыс  деммен 
дыбыстауға, ҽуезді, жұмсақ, тартымды дауыспен сҿйлеуге, сҿздің аяғын жеп қоймауға, 
жақтың  ашылуына  кҿмектесетін  пҽн.  Бұның  бҽрі  тек  артисттерге  ғана  емес,  сонымен 
қатар мұғалімдерге, дикторларға, журналистерге, ҽншілерге, лекторларға, адвокаттарға, 
соттарға,  бүгінгі  заман  талабына  сай  жаңа  мамандарға,  яғни  менеджер,  интервьюер 
жҽне  т.б.  маман  иелеріне  ҿте  қажет.  Бұл  жаттығулардың  бҽрін  күнделікті  жасаған 
адамдар  дауыстарының  ауырмауына,  азды-кҿпті  тіл  кемістігіне  тҿтеп  беруге, 
тҿзімділікке  жаттықтырылады.  Жалпы  сҿзді  яғни,  дауысты  тҽрбиелеу  мҽдениеті 
Италиядан басталады делінген, сол себепті те болар, ең даусы ҽдемі, құлаққа жағымды 
халық  итальяндықтар  болып  саналады.  Керемет  дауысты  атақты  ҽншілер  де  сол 
Италиядан  шыққан.  Мүмкін  бұның  бҽрі  олардың  табиғат  ерекшеліктеріне  де 
байланысты шығар, дегенмен адамның бойындағы талант ол Алладан болады, бірақ сол 
таланттың қыр-сырын ашу – адамның ҿз қолында екенін де бүгінде сол Италия мектебі 
дҽлелдеп отыр. Ал, енді осының бҽрін үйрететін сахна тілінің шығу тарихына тоқталар 
болсақ, онда алдымен шешендік ҿнерінің тарихына аздаған шолу жазағанымыз дұрыс 
болар.  Ҿйткені,  сахна  тілі  осы  шешендік  ҿнерімен  тығыз  байланысты.  Сол  шешендік 
ҿнеріне, шешен, шебер, мҽдениетті, таза, анық, ашық сҿйлеуге үйрететін пҽннің бірден-
бірі сахна тілі болып табылады. 
Ал, шешендік ҿнерінің бастауы сонау кҿне Грек жҽне кҿне Рим елдерінен бастау 
алады.  Кҿне  Эллада  мен  Рим  елінде  Демосфен,  Цицерон  сынды  даңқты  шешендердің 
тағдыры  мемлекет  тағдырымен  тҿркіндес  болғаны  аян.  Олар  мемлекеттің  кҿркеюіне, 
мҽңгілік  тұғырына  жарқырап  кҿтерілуіне,  жақсылыққа,  бақытқа,  жарқын  заманға 
ұмтылуына  зор  үлес  қосты.  Бұл  қасиетті,  киелі  ҿнерді  ыждаһатпен  үйрену  ҽрбір  грек 
азаматының  асыл  парызы  болған.  Мінеки,  осы  уақытта  риторика  ғылымы  шықты. 
Шешендік ҿнерге баулитын тҽлімгер ұстаз (ритор) мамандығы пайда болды. Ал оратор 
– латынша orare яғни сҿйлеу, ғайыпты болжау деген мағынаны білдіреді. 
Ежелгі  грек  шешендік  ҿнерінің  аса  кҿрнекті  ҿкілдерінің  бірі  Демосфеннің  тілі 
негізінен о баста тұтықпа болған екен. Ол ҿзінің алдына шешен болуды мақсат тұтып, 
осы  ҿзінің  бойындағы  табиғи  кемшілік-тұтықпадан  арылуға  ҿз  бетінше  ҽрекет  етеді. 
Демосфен  ҿзінің  табандылығы  мен  қайраттылығының  арқасында  тілінің  мүкістігінен 
арылған.  Ол  сҿйлеу  мүкістігінен  арылу  үшін  аузына  ұсақ  тастарды  толтыра  салып, 
күнде  екі  сағат  теңіз  жағасында  жүріп  ҽр  түрлі  жаттығулар  жасаған.  Бұл  оның 
тұтықпалығын кетіріп, Демосфен дұрыс, анық, таза, шешен ҽрі мҽдениетті сҿйлеуге қол 
жеткізген  екен.  Бұл  ҽдіс  кім-кімге  болса  да,  ғибрат  аларлық  ҿнеге.  Демосфеннің 
Афинаның  ҿзін-ҿзі  билеуі  үшін  Македонияға  қарсы  жүргізген  күресі  кезінде  айтқан 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
153 
саяси  сҿздерінің  мҽні  аса  ерекше.  Демосфен  Македонияға  қарсы  құрылған  партия 
басшысы болған, оның Македония патшасы Филиппке қарсы айтылған сҿздері тарихта 
бүгінге  дейін  сақталып  қалды.  Риторика  Демосфеннің  атын  шығарды,  сҿйтіп  ол 
шешендік  ҿнердің  ұстазы  деп  мойындалды.  Демосфен  сҿз  құрау  ҿнері  мен  сҿйлеу 
техникасын жоғары дҽрежеге жеткізген 
Ал,  Римнің  атақты  шешені  Цицерон  былай  деген  екен:  «Шешеннің  қуаты 
тыңдаушының кҿңілін бүтіндей аударып, бағындыра білуінде. Қызыл тілді шешен деп, 
кім  форумда  жҽне  азаматтық  сот  процестерінде  тыңдаушыны  иландыра  алса, 
сүйсіндіре  алса,  ҿзіне  бағындыра  алса,  соны  айтамыз».  Сонымен  қатар,  Цицерон 
трактаттарында  сҿз  құрау,  сҿз  стилі,  сҿзді  ҽзілмен,  сынмен  жеткізу,  басқа  да  ҽдеби 
ерекшеліктерді пайдалану, сҿзді дыбыстық ҽдістермен құлпырту т.с.с. шешендер үшін 
құндылығы  аса  зор  нұсқаулар  келтірілген.  Бұл  нұсқаулардың  бҽрі  барлық  маман 
иелеріне  күнделікті  сҿз  сҿйлеуде  ҿте  қажет.  Ҿйткені,  егер  де  мұғалім  студенттерге 
лекция оқығанда бір сарынмен оқитын болса, онда ол студенттерді ҽбден жалықтырып, 
ақыры  сабақтың  бұзылуына  ҽкеліп  соқтырады.  Сҿзді  ырғақпен,  екпінмен,  таза,  анық, 
құлаққа жағымды болатындай сҿйлеу қажет. 
Ал,  орыстың  бұқаралық  сҿз  сҿйлеу  теориясының  дамуына  ерекше  үлес  қосқан 
ғалым – М.М. Сперанский ҿзінің  «Тамаша  ділмарлық  ережесі»  («Правила  высшего 
красноречие»)  атты  шығармасында  бұқаралық  сҿздің  құрылымы,  дҽйектемесі, 
композициясы, ҽсерлілігі туралы мҽселелерді қарастырған. М.Сперанскийдің пікірінше, 
шешендіктің басты мақсаты – адамның «ойына қозғау салып, жүрегін баурап алу». Ол 
шешеннің алдына бір-бірінен ажырамас үш талап қояды: сҿзді ойлап табу, орналастыру 
жҽне сҿйлеу. Ҽсіресе, шешен айтатын сҿзінің мазмұнын анықтап алғаннан кейін сҿздің 
қуаты мен мазмұнын ақиқаттығы анық кҿрінетіндей етіп құра білуі керектігі айтылады. 
Негізінен орыс халқының шешендік ҿнерінің ішіндегі  ең жақсы дамыған түрі  ол 
сот  шешендігінің  даму  жолы  аса  қызықты.  Оған  Н.П.  Карабчевский,  Ф.Н.Плевако, 
П.А.Александров,  С.А.  Андреевский  т.б.  еңбектерін  жатқызуға  болады.  Ф.Н.Плевако 
сҿйлегенде  бүкіл  ресей  халқы  театрға  келгендей  ұйып  тыңдаған  екен.  Сот  шешендік 
теориясына,  ҽсіресе  орыстың  атақты  оқымысты  юристерінің  П.С.  Пороховщиков  пен 
А.Ф.  Конидің  қосқан  үлестері  зор  болды.  П.С.  Пороховщиков  орыс  сот  шешендігі 
бойынша  ҿзіндік  үлкен  ерекшелігі  бар  «Соттағы  сҿз  ҿнері»  атты  кітабында  сотта 
сҿйлеушінің  тілі,  материалды  ұйымдастыру,  тыңдаушыны  сҿзіне  ұйыта  білу  сияқты 
мҽселелерге  тоқталып,  тиісті  ақыл-кеңестер  ұсынады.  Бұл  еңбек  күні  бүгінге  дейін  ҿз 
маңызын ҽлі жойған жоқ. 
Қазақтың  шешендік  ҿнері  –  ұлттық    ауыз  ҽдебиетінің  бір  саласы  ретінде  қазақ 
фольклорының ҿзіндік бітім-болмысын айқындайтын, халық дүниетанымын кҿрсететін 
ерекше жанр. Ал ҽлеуметтік феномен тұрғысынан алғанда, шешендік дҽстүр  – белгілі 
бір  ҽлеуметтік  ортада,  қоғамда,  қалайда  бір  адами  қағидаға  байланысты  туып, 
қалыптасып,  айрықша  тапқырлықпен,  суырыпсалмалықпен,  кҿркем  тілмен  айтылатын 
үлгілік ойлар, мұраттар, тұжырымдар үрдісі.  
Ҽл-Фарабидің  айтуынша:  «Адам  –  сҿйлеуші;  сҿлеушінің  түбірі  –  сҿз,  ал  «сҿз» 
деген  тіл  арқылы  пікір  айтуды  білдіреді.  Адам  ҿзінің  ойында  барды  тілмен  айтып 
жеткізеді...  жҽне  оның  дүрыстығының  құралы...  деп  сипатталады.  Қазіргі  біздің 
«парламенттік  риторика»  деп  жүргенімізді  Ҽл-Фараби  «Мемлекеттік  қайраткердің 
нақыл  сҿздері»  атты  трактатында  сол  кездің  ҿзінде-ақ  айтып  кеткен  болатын.  Яғни, 
шешендік  ҿнерді  меңгермейінше,  шешен  болмайынша  қала  (халық)  басқару  мүмкін 
емес.  Сонымен  қатар  «Халықтар  мен  қалаларды  ерікті  түрде  оқытып,  үйрету  үшін 
пайдаланылатын адамдар бойына ізгі қасиеттер мен шешендік ҿнері дамыған адамдар» 
болу керектігі бүгінгі күні қажеттілік ретінде қалыптасуда. 
Шешендік  ҿнері  қай  мамандыққа  болса  да  ҿте  қажет.  Ҿйткені,  тіл,  сҿз  байлығы 
мол, тілі таза, анық, сҿзге шешен, шебер, мҽдениетті сҿйлейтін адамды кімде-кім болса 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
154 
да бар ықыласымен тыңдайды. Сол себепті де, сахна тілін ҿнер оқу орындарымен қоса, 
басқа  да  жоғары  оқу  орындарында  үйретудің  негізгі  ҽрі  басты  ерекшелігі  ол  сҿйлеу 
мҽдениетін,  шеберлігін,  шешендігін,  іскерлігін,  оның  түрлерін,  ауызша  жҽне  жазбаша 
қалыптарын  меңгеруге  кҿп  септігін  тигізеді.  Сҿйлеу  мҽдениеті,  шеберлігі,  шешендігі, 
іскерлігі, сҿйлесімнің түрлерін оқытудың қай-қайсысы болсын, сапалы ҽдіспен жалпы 
ҽдістеме  мҽселесіне  келіп  тіреледі.  Ал,  біздің  тіліміздің  құдыреттілігін,  лексикалық 
ұшан  теңіз  байлығын,  сан-қырлы  сҿз  ҿрнектерінің  сырын,  ҽр  сҿздің  астарын,  ажарын 
ашып  кҿрсететін,  ҽсемдік  ҽуенін  терең  оқытатын,  ұғындаратын  сахна  тілі  пҽнінің 
тікелей мҽдениеті екені баршамызға белгілі.  
Ҿнердің түрі кҿп, мысалға: кескін ҿнері, мүсін ҿнері, сҽулет ҿнері, т.б. Ал, сахна 
тілі қандай ҿнер? Сахна тілі – сҿз, тіл ҿнері. Мүсіншінің құралы – бояу, ҽншінің құралы 
– үн, бишінің құралы – қимыл болса, ал шешеннің құралы – сҿз, тіл. Сҿз сахна тілінің 
құрылыс материалы болып табылады. 
Қоғамдық  сананың  айрықша  саласы  –  ҿнер  десек,  мұның  жалпы  адамзат 
мҽдениетінен  алар  орны  ҿзгеше,  адамдардың  парасат  дүниесінде  атқарар  қызметі 
орасан  зор.  Микеланджело  жасаған  мүсін,  Шекспир  туғызған  трагедия,  Глинка 
шығарған музыка, Абай жазған лирика, Суриков салған сурет мезгіл межелерінен аттап 
ҿтіп,  уақыт  сынынан  мүдірместен,  кҿрген,  тыңдаған,  оқыған  адамдар  жанын 
сусындатумен келеді жҽне суысындатқан үстіне сусындата бермек те. Сол ҿнердің кҿп 
салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі, ҽрі қасиеттісі ол – сахна тілі болып есептеледі. 
Сҿз  ҿнері  сурет  пен  музыка  секілді  жалпыға  бірдей  жетіледі,  естіледі,  бірақ 
жалпыға бірдей түсінікті деуге де болмайды. Ҿйткені, сҿз – бояу немесе дыбыс емес, ол 
барлық  халыққа,  адамға  бірдей  жағдайда  түсінікті  бола  бермейді.  Бейнелеу,  сҽулет, 
мүсін  ҿнерлері  затты,  нақты  болғанымен,  олар  жансыз,  қимылсыз  заттар,  ал  сахна 
тілінің ең бір құдыреттері – ол кез-келген шындықты, оқиғаны қимыл-қозғалыс үстінде 
бола  тұрып  құбылта  да,  құлпырта  да,  жандандыра  түсіп  халыққа  жеткізе  алады.  Дҽл 
осы тұрғыдан біз сҿз ҿнерін – барлық ҿнердің басы, ―ҿнер атаулының ең қиыны жҽне 
күрделісі‖ ҽрі де ―жоғары түрі‖ деп айтсақ жаңылыспаймыз жҽне де асырып айтқан да 
болмаймыз. Қазақ елінің ―ҿнер алды – қызыл тіл‖ деген білгір тұжырымы да тегіннен-
тегін айтылмағанды. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
 
1 К.С. Станиславский. Работа актера над собой. М.,; «Искусство», 1951.  –257 с. 
2 М. Байсеркеұлы. Сахна жҽне актер. – А.: «Ана тілі», 1993 ж. – 248 б. 
3 Д. Тұранқұлова. Кҿркемсҿз оқу шеберлігі. – А.: «Білім», 2001 ж. 
4 Қалимұқашева Б.Д. Студенттерге шешендік ҿнерді үйрету ҽдістемесі. –А., 2000 ж. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада шешендік ҿнердің шығу тарихы мен сҿйлеу мҽдениеті қарастырылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье рассматривается риторика и культура речи. 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
155 
 
М А Г И С Т Р А Т У Р А 
 
 
«ӘДІЛ-МАРИЯ» РОМАНЫНДАҒЫ МОНОЛОГТЫҢ ТҮРЛЕРІ 
 
Ашимбаева Р. – 2-курс магистранты  (Алматы қ-сы,  ҚазмемқызПУ). 
 
ХХ  ғасырдың  бастапқы  кезеңінде  қазақ  қаламгерлерінің  алдында  ұлы  ҿзгерістер 
мен ҽлеуметтік жаңалықтардың адамның жан дүниесіне тигізген ҽсерін бейнелеу үшін 
кҿркем  де  тың  ізденістер  жасау  міндеті  тұрды.  Ондай  тың  ізденістердің  арқасында 
ҿмірлік  шындықты  шынайы  тұрғыда  бейнелеуде  ҽдебиеттің  ҿзге  де  кҿркемдік 
компоненттерімен  қоса  монолог  қызметінің  күрделенуімен  де  кҿрінетіндігі  анық. 
Демек,  қоғам  тұтқасы  болып  саналатын  адам  баласының  шынайы  характері,  арман-
аңсары, үміт-тілегі, ой-пікірі, ішкі сезімі, жан дүниесін мазалаған жайларын сипаттау, 
кейіпкер  қиялы  мен  елесіндегі  болмысы  монолог  арқылы  кеңінен  ашыла  түсетіндігі 
белгілі.  
Ш.  Құдайбердіұлының  «Ҽділ-Мария»  романында  қолданылған  монологтың 
түрлері  шығармадағы  кейіпкер  психологиясын  тереңінен  аша  түседі.  Романда  адам 
мінезіндегі  сан  қилы  құбылыстар,  терең  сапалы  дүниетанымдық  ҿзгерістердің  кілті 
кейіпкердің  жан  сезім  толғаныстары  суреттелетін  күрделі  психологиялық  мезеттерде 
мейлінше кҿркемдік-эстетикалық шынайылықпен дҽл табылып отырады.  
Шығармада  автор  ҿз  толғаныстары  мен  кейіпкердің  ішкі  ҿмірін  Шыңғыстауды 
сҿйлету  арқылы  жеткізеді.  Шыңғыстауды  жанды  бейне  етіп  кҿрсетіп,  сол  арқылы 
табиғат  пен  кейіпкер  арасын  алшақтатпай,  керісінше  сол  екеуінің  арасындағы 
үндестікті  сақтай  отырып  шығармаға  ҿзінше  нҽр  береді.  «Іңірде  туған  толық  ай  дҽл 
Марияның  қысылып  ұялғанындай  қып-қызыл  болып  туса»  деп  /1,  501/,  осы  арқылы 
дала  пейзажы  мен  сезім  дірілі  арасындағы  үндестікті  тоғыстырады.  Романдағы  басты 
кейіпкерлер  –  Ҽділ  мен  Марияның  бір-біріне  деген  шынайы  махаббаты  мен  сезім 
толғаныстарын  суреттеуде  кҽрі  Шыңғыстау  бейне  бір  адам  кейпіне  түскендей  күй 
кешеді.  Кейде  жазушы  суреттемек  болған  ойдың  шырмауына  араласып,  таза 
баяндаушы  есебіне  енеді,  кейде  кейіпкерге  тҿніп  келе  жатқан  жамандықтың  табиғат 
бейнесіндегі  кҿрінісін:  «Қазан  туған  соң  қара  дауыл  соғып,  сарғайған  жапырақтарды, 
жайқалған селеулерді ұшырып, ағайыннан алыс жерге амалсыз кеткен жолаушыдай-ақ 
қаңғытып ала кетті» /1, 526/. 
«Ҽділ-Мария» романында қылқалам шеберінің монологымен қоса, жеке адамның 
жан  сыры,  сүйініш-күйініш  монологі,  ішкі  монолог,  «ой-ағысы»,  түс  кҿру,  елес  т.б. 
монологтың түрлері кҿптеп кездеседі.  
Түс  кҿру  дегеніміз  –  адамның  бейнелі,  образды  ойлауымен  байланысты. 
Шығармада түс кҿру тҽсілі адамның ішкі сезім иірімдерінің ішкі монологын кҿрсетіп, 
ашып,  айқындауға  негіз  болатын  бейнелеу  тҽсілі  ретінде  қолданылған.  Түс  арқылы 
шығармадағы болып жатқан оқиғалар желісі ҽрі қарай дамып, шарықтау шегіне жетіп, 
ҽсерлі пафоспен беріліп тұр.  
Белгілі  зерттеуші  ғалым  Степаньянцтың:  «Какие  бы  функции  конкретные 
сновидения  ни  несли  бы,  они  всегда  отражают  прямо  или  опосредовано  основную 
мысль  произведения,  это  пафос.  Лишь  с  первого  взгляда  кажется,  что  сновидение 
возникает  вдруг,  тогда  как  на  самом  деле  оно  всякий  раз,  как  правило  органично 
вытекает из художественной природы произведения и теснейшим образом сопрягается 
с  внутренней  логикой  возсозданных  в  нем  характеров,  сюжетным  его  механизмом  и 
т.п.» /2, 130/. Яғни, түс шығарманың жанрлық, стильдік ерекшелігін ашатын кҿркемдік 
бейнелеу құралы ретінде қолданылған. «Ҽділді естірткен күннен бері қарай, кемпір мен 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
156 
Марияның кҿзі ілінсе-ақ түсіне Ҽділ кіріп, кейде кебін киіп келіп: «Ҽже! Мария! Міне, 
мен ҿлдім!» деп, кейде ҿз киімімен келіп: «Ҽже, Мария! Есікті аш! Мен тіріліп кеттім» 
деп,  тіпті  кейде  ұйқылы  ояу  жатқанда  кҿздеріне  елестей  беретін.  Кей-кейде  Серікбай 
түс  кҿріп:  «Бүгін  түнде  Ҽділ  екеуміз  Еркімбекті  сабап  жатыр  екенбіз».  Кейде:  «бүгін 
Ҽділ  қатты  ауырып,  басын  сүйеп  жылап  отыр  екем»  дейтұғын».  Түс  кҿру  –  мұнда 
кейіпкердің ойларынан, арман-тілектерінен болған процесс. Мария мен ҽжесінің кезек-
кезек  түс  кҿріп,  оны  бір-біріне  айтып  таңғалысып,  енді  міне  не  істерлерін  білмей  дал 
болуда. Мұндағы түстердің осындай ағыммен бір-бірінің жалғасын тауып отыруының 
себебі  де  кейіпкерлердің  Ҽділді  ойлап  қайғырып  отыруындағы  ойлар  ағымы  болып 
отыр.  Жазушы  Марияның  түсі  арқылы  болашақ  оқиғалардың  болмысын  дҽл 
топшылайды. Ондағы оқиға желісі Марияның түс кҿріп, ұйықтап жатып кҿрген түсінде 
Ҽділ  келіп  есікті  ашуын  сұраса,  сырттан  сол  дауысты  естіп  ҿңім  бе,  түсім  бе  деп 
ойлайды:  «Мария  мен  кемпір  Ҽділді  жоқтап  жылап-жылап,  ҽбден  талықсып,  кҿзі 
ұйқыға жаңа ғана бара бергенде, есіктен біреу:  
-
 
Мария, Мария, есікті аш! – деді. 
Мария тағы түсім екен деп қозғалмап еді. Тағы да:  
-
 
Мария,  Мария  есікті  аш,  мен  келдім!  –  деген  соң»  /1,  534/.  Міне,  осы  тұсты 
нақтылап  қарайтын  болсақ,  Марияның  түсіндегі  болып  жатқан  оқиғаны  ҿңінде  дҽл 
солай кҿруі шеберлікпен берілген.  
Енді  бірде:  «Ҽділ  Ақмолада  түс  кҿрген,  түсінде  Мария  ұл  тауып,  Асан  азан 
шақырып  баланың  атын  Қасым  қойғанын  кҿріп  еді.  Сол  түсі  ойына  түсіп,  апрельдің 
жиырмасы күні ерте баланы бесікке салғызып, Асанды шақырып алып, баланың атын 
Қасым қойғызды. Сол күні ҽжесі той қылса да, Ҽділ күндізгі күйде бола алмады...» /1, 
536/. Мұндағы желіні қаламгер түс кҿру сҽтіндегі белсенді түрде жүріп жатқан процесті 
ҿңіндегідей жүйелі түрде бақылауға алады жҽне оны Ҽділдің ҿңінде де жүзеге асырады. 
Түстің  бірден-бір  қасиеті  –  кҿбіне  шындықпен  жанасатындығы,  ол  түстің  ҿзінің 
табиғатына тҽн нҽрсе.  
Қаламгер  адам жанының сана астарын,  ішкі  иірімдерін, сезім құбылыстарын  түс 
арқылы  жан-жақты  аша  түседі.  Бұл  туралы  Б.Майтановтың    «Қазақ  романы  жҽне 
психологиялық талдау» атты еңбегінде: «Кҿп жағдайда түс – адамның жиі қиялдайтын 
тақырыбының  даму  сатысы»  деген  тұжырым  жасайды  /3,  97бет/.  Қылқалам  шебері 
кейіпкердің  ішкі  сезімін,  ішкі  сҿзін  күндіз  ойында,  түнде  түсінде  бейнелеу  арқылы 
монологтың озық үлгісін жасаған. 
Романда сонымен қатар, жеке адамның жан сыры мен күйініш-сүйініш монологы 
шебер  суреттелген.  Ол  ҽсіресе,  Ҽділдің  жалғыз  қалған  сҽттерінде  ҿте  ұтымды 
қолданылған.  Ҽрине,  жалғыз  адамның  ойына  нелер  келіп,  нелер  кетпейді.  Ҽділдің 
қиналған сҽттеріндегі  ішкі  монологы, ішкі  жан сыры мен күйініш-сүйініш монологын 
автор  ҽр  қырынан  кҿрсете  білген.  «Ҽттең,  туысқансыз  жалғыздық-ай!  Шіркін,  опасыз 
дүние-ай!  Кҿрсетпегенің  осы  екен  ғой!»,  тағы  бірде  «Ой,  тҽңір-ай!  Адал  жардың 
жолында  ҿлгеннің  арманы  не?»  деген  жолдардан  кҿруімізге  болады  /1,  527/.  Жалғыз 
адамның  ішкі  монологы  мен  жан  сырын  белгілі  зерттеуші  ғалым  Г.Ж.  Пірҽлиева: 
«Жалғыздық – қашанда жеке адамның басындағы қайғы-қасіретті, ішкі ойға емін-еркін 
егілуге де, ішкі құпия тіршілікке ерік беруге, ҿз сезімін қадағалауға да, қадағаламауға 
да құқысы бар мезет. Ҽрі бұл кейіпкердің ішкі табиғатынан сыр берер, оның характерін 
ашуға  да  ҿзіндік  үлес  қоса  алатын  кҿркемдік  қасиет.  Ҿйткені  жалғыздықтан  жапа 
шеккен  жан  кҿбіне  ҿз  ойымен  ҿзі  болады.  Оның  ҿткен  ҿміріне  лирикалық  шегініс 
жасау,  бақытты  шағын  елестетуі,  қайғыруы  секілді  бір  сҽттік  құбылыстар  оны  ішкі 
монологқа  ҿзімен-ҿзі  сҿйлесуге  мҽжбүр  етеді.  Кейде  адам  қатты  қапаланғанда  немесе 
шектен тыс қуанғанда, еркінен тыс ойланбаған, тіпті ойы түгіл түсіне енбеген сұмдық 
іс-ҽрекетке  баруы  мүмкін.  Оны  психологияда,  философияда,  ҽдебиеттану  ғылымында 
адамның шындықты санамен бейнелеуіне тікелей қатыспайтын, еркіңнен тыс болатын 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
157 
яғни психологиялық құбылыстарды – «бессознательность» – деп шебер ой тұжырымын 
жасаған /4, 77/.    
Басына  қайғының  қара  бұлтын  жамылған  Ҽділ  ҿзімен-ҿзі  сҿйлесумен  болады: 
«Бір мезгіл: «жаралысқа да наразы болып, дүниеге неге келдім? Марияны неге кҿрдім? 
Бүйткенше  жаралмай-ақ  қойсам  нетті?»,  бір  мезгіл:  «кҽрі  шешемнің  бүйтіп  зарлап 
қалғанын  кҿрмей-ақ,  ҽкемнен  бұрын  ҿліп  кетпеген  екем?»,  бір  мезгіл:  «ҽттең 
жалғыздық-ай!  Ҿзгелердей  менің  де  аға-інім  болса,  тым  болмаса  бір  келіп  амандасар 
еді-ау!»  деп  кҿзінен  ыстық  жас  тҿгіледі»  /1,  531/.  Міне,  жалғыз  адамның  ойындағы, 
санасындағы  бейнеленген  портрет  кейіпкердің  ішкі  ойын  анық  кҿрсетіп  тұр.  Ҽділ 
санасында  жүріп  жатқан  осындай  процестер  оның  қандай  күйде,  қандай  ойда 
отырғанын  ешкімге  айтпаса  да  түсінікті.  Себебі,  автор  Ҽділдің  қайғылы  жағдайын 
монолог  арқылы  ҿте  шебер  суреттеген.  Жалғыздықтан  жапа  шеккен  Ҽділ  осылай 
ішінен  сҿйлеп  ҿз  ойымен  ҿзі  ҽлек  болуда.  Ішкі  сҿйлем  жайында  психологиялық 
сҿздікте  мынандай  анықтама  берілген:  «ішкі  сҿйлем  (іштей  сҿйлеу)  –  адам  ҽртүрлі 
сҿздік  логикалық  мҽселелерді  шешуде  ақыл-ойдың  ерекше  ҿзінен-ҿзі  автоматты  ҽсер 
ететін  сҿйлеу  формасы.  Іштен  сҿйлеу  сырттай  сҿйлеудің  туындысы  жҽне  ондай  ой 
сырттай кҿрініс беріп айтылмаған немесе жазылмаған сҿз» /5, 75/. Расында, адам ішінен 
ойлау  арқылы  кҿп  нҽрсенің  байыбына  жетіп,  ой  елегінен  ҿткізеді.  Ҽр  нҽрсені  ҿзінше 
саралап,  талдап  ойын  нақтылауына  да  мүмкіндігі  мол  болады.  Романда  кейіпкердің 
логикалық  сана ағымы іштен сҿйлеу арқылы  астарлы  жеткен. Кейіпкердің ҿзінің ішкі 
ойын  ешкімге  айта  алмай  қиналған  сҽттеріндегі  ішкі  монологы  ішкі  сҿйлем  арқылы 
шебер суреттелген.        
Ҿзі ҿмір сүрген кезеңдегі заман шындығын ҿзінше шынайылықпен суреттеп, сол 
кезеңдегі  қоғам қайшылықтарын  айнытпай бейнелеген Ш. Құдайбердіұлының   «Ҽділ-
Мария» романы құдды бір монологтардан тұратын  секілді. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1
 
Құдайбердіұлы Ш.. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1988. – 560 б.  
2
 
Степаньянц  Ж.И.  О  роли  сновидений  в  романах  Достоевского.  Дис...  канд. 
филолог. наук. – Самарканд, 1990. – 130 с. 
3
 
 Майтанов  Б.  Қазақ  романы  жҽне  психологиялық  талдау.  Оқу  құралы.                   
– Алматы: Санат, 1996.  
4  Пірҽлиева  Г.Ж.  Қазақтың  кҿркем  прозасындағы  психологизм  табиғаты  жҽне 
оның бейнелеу құралы. – Алматы. – 359 б.  
    5  Намазбаева  Ж.Ы.,  Сангилбаев  О.С..  Психологиялық  сҿздік.  –  Алматы:  Print-S, 
2005. – 250 б.  
 
РЕЗЮМЕ 
 
Мақалада  Ш.  Құдайбердіұлының  «Ҽділ-Мария»  романындағы  монологтың  
түрлері  қарастырылған.    Монологтың  түрлері,  оның  романдағы    кҿрініс    табуы  
мысалдармен кҿрсетіліп берілген. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  отражены  особенности  использования  виды  монолога  в  романе  «Ҽділ-
Мария» Ш. Кудайбердиулы. В нем говорится о видах монолога с образцами.  
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет