Одан бір нҽрсе туралы білу үшін сҿйлеседі. Сондықтан сҿйлеу айналадағы заттар, құбылыстар, адам ҿміріндегі ҽрекет, тіршілік, ҿндіріс туралы болады. Мысалы: Бұйрат



жүктеу 5.05 Kb.
Pdf просмотр
бет12/21
Дата27.04.2017
өлшемі5.05 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

 
 
 
 
ТӨЛЕН ӘБДІКОВТІҢ «ӘКЕ» ПОВЕСІНДЕГІ АЗАЛАУ ДӘСТҮРІНІҢ КӨРКЕМ 
ШЫҒАРМА ӨЗЕГІНДЕГІ ОРНЫ 
 
Таңжарықова А.В. – ф.ғ.к. (Алматы қ-сы, Абай атындағы ҚазҰПУ) 
 
Кҿркем  туындылардағы  марқұмды  аттандыру,  азалау  шараларының  ұлттық 
ұғымға сай ҿрнектерін Т. Ҽбдіков сынды қаламгерлер кеңестік ҽдебиет тұсында да жан-
жақты  кҿрсете  білген.  Науқас  адамның  кҿңілін  сұрау  ҿмірге  үміттендіріп,  кҿңілін 
аулаудан  бастап,  жерлеуге  дейінгі  аралықтағы  дҽстүрлі  рҽсімдер  жүйесін  қаламгерлік 
шеберлікпен  қиюластырған  Т.  Ҽбдіковтің  «Ҽке»  повесі.  Шығармадағы  ҽке  жайлы 
толғаныстар перзент ой-кҿзқарасымен беріледі. Халі  ауырлаған қарт  ҽкені қаумалаған 
ауыл  адамдарының  жанашыр  пейілі  мен  ықыласы  біраз  үміт  отын  жаққандай 
болғанмен,  науқастың  есін  жиып,  ел-жұртымен  араздасуы  оқиғаның  мұнан  арғы 
ҿрбуінің кілті.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
94 
Ал,  ҽр  шығармада  ҽр  белесінен  кҿрінер,  тағдыр  жолы    бұралаң  бір  адамның 
тіршілік  соқпақтарын    сабақтастырып  жатқан  сыршылдық  желісін    сүйсіне 
мойындамасқа    болмайды.  Жҽне  ҽр  ҽңгіме  ҿз  алдына  басы  бүтін  дүние  ретінде  
қабылдана береді.  
Қартайып,  кемел  жасына  жеткен,  сырқат  меңдетіп,  ата  қонысында    ақтық  демі 
үзілер  сҽтін    жан  сарайымен  сезініп  үлгерген    адамның  кҿз  алдынан  ат  жалына 
жармасқан    естияр  шағынан  бастап,  шырғалаңда  сыналған  бүкіл  ғұмыры  ҿтеді.  Ҿмір 
естелігін қайта қорытып, адамның ҿзін-ҿзі іштей саралайтын бір кезеңі осы. Жаныңның  
адалдығы мен ақжүрегін ғана жұбаныш еткен, бір пендедей  несібемді таттым деп ҿзіне 
шүкіршілік жасаған  қоңыржай, қарапайым кҿптің бірі  қарап отырса ҿмір бойы  ҿмір 
үшін күресіп, сүрініп те, сілкініп те, адасып та, арылып та  кҿрер қиыншылығын  кҿріп, 
жарық  дүниеге    сенімінен    ҿз  ошағының    шырағын  жағыпты,    ҿз  түндігінің    тірегін 
тауып, елі үшін елеулі іс істей алдым ба деген сауалмен бетпе-бет келеді.  
Кешке  ҽкем  жиен  ағам  мен  жаны  ашиды  деп  жүрген  жамағайын  Смағұлды 
шақыртты. Олар келгеннен кейін, жастығын тіктетіп, кҿтеріліп отырды. 
– Сендердің не ойларың бар, – деді жиен ағама қарап. – Құдай ҿзі берген жанын 
ҿзі  алады.  Мен  ризашылығымды  беріп  отырған  адаммын.  Енді  маған  тек  ҿлімнің 
абыройы қымбат. Дос бар, дұшпан бар. Барлық сын сендерге түседі. Е-е-е, ҿлімге қайда 
барасың  десе,  «бардың  малын  шашамын,  жоқтың  артын  ашамын»  деген  ғой. 
Сондықтан  басқаны  қоя  тұрып,  не
 
істеп,  не  қою  керегін  ақылдасқанның  артықтығы 
болмас. 
–  Ол дұрыс қой, – деді Смағұл ілгері жылжып. 
Екі  жылқы  бар,  –  деді  ҽкем  баяу  үнмен  сҿзін  жалғай.  –  Біреуі  –  құлынды  бие, 
екіншісі – байтал. Сосын ҿзім ҽдейі сақтап жүрген 5-6 ұсақ бар. Байтал мен ұсақтарды 
сойғандарың дұрыс болар. Ағайынның кҿңілін кҿре жатарсыңдар. 
Иҽ,  оны  кҿре  жатармыз  ғой,  тіпті  кейінге  де  артықтығы  жоқ,  –  деді  жиен  ағам 
күмілжіп  /1, 15/. 
Мҽйітті  алып  шығар  алдында  басқа  да  дҽстүрлі  ҽдет-гұрыптар  сақталады. 
Мҽселен,  киім  үлестіру  рҽсімі.  Ҿткен  ғасырдың  70-ші  жылдарына  дейін  марқұмның 
киімдерін (аяқ киімі, костюм, плащ, пальто, жейде жҽне т.б., тек шалбар, іш киімі емес) 
бірінші  кезекте,  сүйекке  түсушілерге  берген.  Кейде  сүйекшілерге  дененің  қай  тұсын 
жуса,  сол  тұсының  киімдерін  берген.  Қазір  сүйекшілер  ҿз  «жұмыстарына»  жаңадан 
сатып  алынған  киімдер  алады  (сырт  киімдер,  жейделер).  Ал  марқұмның  киімдерін 
туыстары  мен  жақындарына  береді.  Берілген  «иісі  бар»  киімді  киіп  тоздыру  керек. 
Бұны  сауап  болады  деп  есептеген.  Ҿйткені  киім  аяғына  дейін  киілсе,  марқұмға  жеңіл 
болады  деп  сенеді.  Қазақтарда  жаңа  киім  кигенге:  «Ҿзің  киіп,  ҿзің  тоздыр»,  –  деген 
тілек  айтылады.  Бұл  сҿздің  бойында  адамға  ұзақ  гұмыр  сүріп,  киімін  басқа  біреудің 
киюіне тура келмеуіне деген тілеу байқалады. 
Ҽр  түрлі  аймақтың  қазақтарында  бұдан  басқа  жерлеу  ғұрыптарында  ата  жолы 
(атасының киіті) деп аталатын ҽр түрлі заттар мен мата қиындыларын тарататын рҽсім 
кездеседі. Бұрын ҿткен ғасырдың 60-жылдарына дейін бұл дҽстүр жерлеуге катысушы 
рулардың ҿкілдеріне бір-бір шапан беруге байланысты шыққан. Қазіргі күнде бұл ҽдет-
ғұрып  «шапаны»  деген  жолмен  сатып  алынған  мата  қиындыларынан  тұрады.  «Ата 
жолын»  сақтаушылардың  негізінен  тек  қазақ  тұрғындарынан  тұратын  ауылдар  екенін 
атай кеткеніміз жҿн. Бірақ оны беру отбасының материалдық мүмкіндігіне байланысты. 
Сүйекке салатын киімдерді бҿлек салдырып қойғанмын. Былтыр Хасеннен келген 
саптама етік бар, оны да салыңдар. Ҿткен айда магазиннен алдырып қойған екі пальто, 
бір плащь бар... 
Жетпесе, тағы да магазиннен аламыз ғой, – деді жиен ағам. 
Бір  айтарым  –  Айтбай  ҿлгеніндей  жұрттан  жылу  сұраушы  болмаңдар.  Сандықта 
600 сом ақша бар. Жетпей бара жатса, сиырды саларсыңдар. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
95 
Жылуы құрысын, – деді Смағұл апама қарап. – Бірақ енді ҿзіміз қарап қалмаймыз 
ғой. 
–  Қамбардағы  ұсақтарды  қайтесің?  –  деді  апам.  Ҽкем  есіне  жаңа  түскендей 
ойланып қалды. 
– Қамбарда екі қой бар екен ғой, – деді содан кейін. – Оны да алдырарсыңдар. 
Жылымды  ҿздерің  ақылдасасыңдар,  –  деді  ҽкем  тап  бір  басқа  біреудің  жылын 
ҿткізгелі  отырғандай  еш  уайымсыз,  салмақты  үнмен.  –  Биенің  жабағысы  да  жылға 
дейін  құнан  шығады.  Соған  ана  тайын-қосып  кҿріңдер...    Ҽкем,  есіне  тағы  бірдеңе 
түскендей,  жастығының  астына  қол  жүгіртіп,  мүйізден  күмістеп  жасаған  шақшасын 
алып, ойланып отырды да: 
– Мҽ, – деді жиен ағама қарап. – Шақшаны сен алшы... 
Жиен  ағам  шақшаны  алып  жатып,  шыдай  алмай  жылап  жіберді.  Менің  де 
алқымыма  бір  түйіншек  келіп  қалды.  Қалтамнан  орамалымды  алып,  кҿзімнен 
сорғалаған жасты сүрте бердім. Ҽкем қолымен ымдап, мені қасына шақырды. Жанына 
барып отырдым. 
–  Қалқам,  –  деді  даусы  дірілдеп.  –  Жылама,  қалқам...  Жылама.  Жармағамбеттен 
үш  қыз,  бес  ұл  туып,  содан  жалғыз  мен  қалдым...  Ел  ортасында,  ұрпағының  алдында 
иманын жолдас қылып, дүниеден ризашылықпен аттануды ешқайсысының маңдайына 
құдай жазбады. Бҽрі  де кҿлденең ажалдан кетті...  Солармен бірге  кетсем, қайсысынан 
жаным  артық  еді.  Шүкір,  заман  тыныш,  ел  аман...  Артымда  қарасын  қалса,  құдайдан 
мені шайтан қыл деп тілемесем, басқа не арман бар… /1, 37/. 
Мен  басымды  кҿтеріп,  ҽкемнің,  аурудан  қанша  азап  шексе  де,  сабырын 
жоғалтпаған  байсалды  жүзіне  қарадым.  Тҿніп  келген  ҿлімге  осыншалық  қалтырамай, 
қорықпай, саналы бҽтуҽмен қалай қарауға болатындығына таң қалдым. 
–  Сүйегімді  ҿзіміздің  ескі  қорымға  қойыңдар  деген  сҿзім  бар  еді...  –  деді  ҽкем 
ауыр  күрсініп.  –  Оған  енді  ҽуре  болып  қайтесіңдер...  Шалғай  жер...  Елдің  жиналуына 
қиын  болар.  Осында-ақ  қоя  беріңдер...  /1,  38/.  Ҿмірден  ҿтер  алдындағы  аманат  киелі 
саналып, ол міндетті түрде орындалған. 
Ҿмір секілді ҿлімді де ұзақ процесс деп түсініп ҿлген адам жанының ҿзгерісі мен 
оның мҽңгілік мекенге жол шегуі, жетуі, орнығуы туралы түрлі сенімдер мен рҽсімдер 
бҿлек жүйе құрайды.  
Бұл  сенім  бойынша  денеден  шыққан  жан  белгілі  бір  уақыт  аралығында  ғана 
белгілі бір қалып (форма) иемендене алады. Бұл – ҿте баяу жүретін процесс.  
Аталар аруағына дейінгі жан ҽлсіз, ҽрекеті шектеулі деп ұғынылса, аталар аруағы 
белсенді ҽрекет пен күш иеленіп, екі түрлі жағдайда кҿрсетілді: жақын-жуығын қолдап, 
қамқорлық  кҿрсетеді,  я  болмаса,  ҿштесіп,  залал  келтіреді.  Мұның  барлығы  тірілердің 
оған деген қарым-қатынасының сипатына байланысты деп түсіндірілді. 
Ең  алдымен,  салт  бойынша  ҿлім  халіне  жақындаған  жасы  келген  я  сырқат 
адамның  алыс-жақын  ағайын-туғандарына  хабар  беріліп,  кҿзі  тірісінде  арыздасып, 
қоштасуға мүмкіндік тудыру, оның соңғы тілегін, тірілерге айтар аманатын естіп қалу 
парыз  саналған.  Осы  сҽттен  бастап,  адамды  о  дүниеге  жҿнелтудің  дҽстүрлі  шарттары 
қатаң  сақталып,  бұлжытпай  орындалуы  қадағаланған.  Ең  алдымен,  иман  калималары 
айтқызылып,    жанның  тҽннен  шығуы  үшін  қолайлы  жағдайлар  жасалған  (аузына  су 
тамызу, жастығын алу, кҿзін жабу, оқшаулау, т.б.). 
Тағы  да  анталап,  ҽкемді  қоршап  алдық.  Ҽкемнің  кҿзі  жұмулы,  аузы  ашылып, 
кеудесі  сыр-сыр  етеді.  Алдында  дҽл  осылай  ұйықтап  жатқанын  талай  рет  кҿргенмін. 
Сондықтан бҽлендей қауіпті жай болар деп ойлаған жоқпын. 
Молда  мен  Ҿтеген  қабаттасып,  ҽкемнің  тамырын  ұстады.  Молда  күбірлеп,  иман 
үйіруге  кірісті.  Мен  алдында  байқамаған  екенмін,  ҽкемнің  кҿзі  тҿңкеріліп,  жартылай 
ашық жатыр екен. Кеудесіндегі сырыл да, демі де бҽсеңдей берді. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
96 
–  Шымылдық  ҽкеліңдер,  –  деді  молда  дауыстап.  –  Тек  жыламаңдар.  Жҽй  талып 
кетті. Талып кеткенде жыламас болар. 
Молда мен Ҿтеген алып келген ақ шымылдықты ҽкемнің тҿсегіне керіп байлады 
да,  бізді  ығыстырып,  ҿздері  шымылдықтың  ішіне  кірді.  Операция  жасап  жатқан 
дҽрігердің шығуын күткендей, бҽріміз де керулі  тұрған шымылдыққа қарап қалыппыз 
/1, 57 /. 
«Қайғыны  бҿліссе  азаяды»  дейтін  қағида  ұстанатын  халықтың  бауыр  еті  – 
балаларының  мезгілсіз  ҿлімін  кҿруі,  оны  жҿн-жосықсыз  жерлей  салуы,  санаға  түскен 
қасірет салмағынан сансыраған сана мен қалжыраған ана трагедиясында жеке адам мен 
қоғам  қарым-қатынасы  айқын  кестеленген.  Себебі,  тиісті  жҿн-жосықтар  түгел 
атқарылған  адам  ғана  мұсылманшылықта  «иманы  үйірілген»  адам  ретінде  танылып, 
тірілер кҿңіліне медет болады. 
Ҽлден уақытта шымылдық ішінен басы селкілдеп Ҿтеген шықты. Мен еш нҽрсеге 
түсінбей, аңырып қалдым. Ҿтегеннің: 
–  Аттанып  кетті,  –  деген  жарықшақ  үнін  естігенде  барып  ҽкемнен  біржола 
айырылғанымды білдім. 
Осы кезде кҿкірегімде жүрген барлық ҿкініш, қайғы уыты кеудеме шауып, бүкіл 
тірлігімнің  құдайы  –  ҽкемнен  мҽңгі  айырылғанымды  түсініп,  еңіреп  жылаған  күйімде 
шымылдыққа ұмтылдым. Шымылдық ішіне молда босатпады /1, 59/. 
Ҿлімге  байланысты,  адам  эмоциясының  сыртқа  шыққан  ең  алғашқы  формасы 
дауыс болса, оның сҿзбен толығуы – жылау ҿлеңдерін, дами келе жоқтауды туғызған. 
Жерлеу  ғұрпының  жүйесінде  ҽрбір  рҽсім  мен  деталі  белгілі  бір  наным-сенімге 
негізделіп,  ҿлім  зардабын  жеңуге  бағытталса,  ол  кҿркем  ҽдебиетте  кейіпкердің  ішкі 
ҽлемін ашудың ҽдісінде кҿрінеді.  
Бұрын  азалы  үйге  кҿңіл  айта  келген  ҽрбір  адам  қатты  айғайлап,  жылап  келуі 
міндетінің мҽні: марқұмның тірілердің даусын естиді деген кҿне түсінікпен байланысты 
(сүйекті  шығарғандағы  жҽне  кҿміп  келгендегі  айғайдың  мҽні  де  осымен  ҿзектес). 
Шығармадағы  осы  салттық  рҽсім  ҽрі  қарай  тереңдетіле  кҿрсетіліп,  қайғы  тартқан 
жанның ішкі-сыртқы сипатын суреттеуге жұмсалған. 
– Шырағым, балалықты қой, ҿлікке обал болады. Алла тағала ҽкеңе иман берсін. 
Енді ол бұл дүниенің қамы емес. Сондықтан мұның қиянат болады. Сабыр қылыңдар, 
сабыр. Кімдер екенін айырып болар емеспін, кезек-кезек келіп, мені құшақтап кҿрісіп 
жатыр. Тек апамды дауысынан айырдым. 
– Асқар таудай ҽкеңнен айырылдық қой, жалғызым-ай! 
Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай ҿсіріп еді, жалғызым-ай! – деп 
тас қып құшақтап, айырылмай қойды. Бір шамада: 
–  Сабыр  қылыңдар,  жамиғат.  Шалдан  айырылдық.  Енді  жақсылап  аттандырмақ 
парыз.  Ҿздеріңе  ҿздерің  берік  болмасаңдар  болмайды,  –  деген  молданың  даусынан 
кейін у-шу саябырлағандай болды 
– Ҽй, бұрынғының адамына дауа бар ма! – деді ҽлдекім. 
Ҿтекеңнен  басқа  адам  болғанда  малдың  үлгіруі  де  қиын  екен,  дегенмен  дұрыс 
болыпты, – деді тағы біреуі. 
Ҿлікке осылай қызмет етпек керек, – деп ақыл айтты молда. 
Ҿтеген  бұлай  қызмет  ету  ҿзінен  басқа  ешкімнің  қолынан  келмейтініне  сенімді 
пішінмен тҿрде нық отыр /1, 61/. 
Осылайша  ҽңгіме-дүкен  құрып,  тойға  жиналғандай  бірін-бірі  қағытып,  қалжың 
айтысып,  ҿлікті  күзеткен  шалдар  таң  атқанша  бір  кҿз  ілмеді.  Молда  түнімен  құран 
шығарды.  Таңертең  бір  топ  шал  сүйекке  түсті.  Ҽйел  мен  ер  адамның  кебінінің 
сыртынан екі  сыртқы орау  орайды. Сирек те болса, қайтыс болар кҽрі  адамның тілегі 
бойынша,  марқұмның  басын  сҽлдемен  орайды.  Ҽйел  адамның  басына  жаулық  немесе 
кимешек түрінде орамал орау міндетті болып саналады. Сонымен қатар ҽйел адамның 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
97 
кебініне  іш  кҿйлек  кигізгенге  дейін денесінің  теменгі  бҿлігін  орап тастайтын  маталар 
жолағы кіреді. Оны белдемше деп атайды. Орағанға дейін кебінді ҽтірмен жеңіл-желпі 
себезгілеп ҿтеді. Ҿткен ғасырдың 40-жылдарына дейін  «жұмақтық» хош иісті шығару 
үшін  қазақтар  қалампыр  гүлін  пайдаланған.  Марқұмды  кебінге  орағаннан  кейін  үш 
жерден  –  басының  үстіңгі  жағынан,  белінен,  аяғынан  буып,  одан  кейін  киізге  (қазіргі 
заманда кілемге) орап, оны да осылайша байлап тастайды. 
Кебінді дайындаудың белгілі тҽртіптері бар: 1) ең алдымен, ол кең болуы керек; 2) 
матадан қиындылар қалмау керек – материал бҿлінбейді, бірақ тілінеді, пішіледі (егер 
қиынды шыға қалса, ол ақыреттің ішіне салынуы тиіс); 3) жіп ретінде (кішігірім мата 
жолақтарын  үлкен  орамға  тігу  барысында)  материалдың  қиындыларынан  алынған 
кішкентай  үзіктері  пайдаланылады;  4)  кебіннің  бҿліктерін  қолмен  пішіп  тігеді;  5) 
ақыретті  дайындау  барысында  аракідік  «Алла»,  «бисмілла»  жҽне  т.б.  мұсылмандық 
эпитеттер  айтылып  отырады.  Ақыретті  молданың  жанында  жүретін  үлкен  инемен 
тігеді. Егер бұрын шариғат бойынша ағаш инелермен тіксе, қазір темір инемен тігеді. 
Ақыретті  дайындап  болған  соң  мҽйітті  жуындыру  басталады.  Халық  оны  соңғы 
тазалығы  деп  атайды.  Алдыңғы  кездегідей,  кісі  саны  тақ  сандардан  тұратын  5-7  адам 
жуады.  Оның  үстіне  бірінші  жуғандардың  қатарына  тағы  да  адамдар  қосады.  Бұл 
адамдарды  «сүйекке  түсетін  кісілер»  (сүйекшілер)  деп  атайды.  Сүйекке  түсетіндерді 
таңдағанда  туыс,  жақын,  дос,  құрбы  жағы  есепке  алынады.  Негізінен  бұлар  қайтыс 
болған  адамның  құрдастары  болып  келеді.  Қалыптасқан  ұғым  бойынша,  сүйекші 
жылына  бір-ақ  рет  қана  сүйекке  түсуге  тиіс  болған.  Мҽйітті  жуу,  сол  жатқан 
бҿлмесінде, сол тҽртіп бойынша күндіз сағат 10-ға таман басталады. Сүйекке түскенге 
дейін  қатысушылар  марқұм  о  дүниеге  таза  аттануы  үшін  алдын  ала  дҽрет  алуы  тиіс 
болған.  Денесін  жуып  болғаннан  кейін  шымылдықтың  артында  жатқан  марқұмның 
бҿлмесіне киізге оралған ақыретті береді. 
Қайтыс болған кісіні орап болған соң дҽлел шығару рҽсіміне кіріседі. Бұл ритуал 
Құраннан  аяттар  оқу  арқылы  жүргізіліп,  ол  қасиетті  кітапты  бастан-аяқ  оқып 
шыққанмен  бірдей  болады.  Бұрынгы  кездері  қазақтарда  марқұмды  үйден  шығарудың 
ислам  дініне  дейінгі  тұтастай  ритуалдары  болған.  Ол,  ең  бірінші  кезекте,  ҿлген 
адамның күнҽсін сатып алу – підия ғұрпы, оны дҽуір, ысқат деп те атайды. Егер ауылда 
қайтқан адамның «күнҽсін» алушы адам (підияшы) болса, оған бір қап ұн, мал жҽне т.б. 
берілген. Қазіргі уақытта кҿбіне підияшының орнын молданың ҿзі атқарады. Берілетін 
құрбандық мешіттің есебіне кіреді. 
Мҽйітті кілемге орап, сыртынан тағы үш жерден байлап, жаназасы шығарылады. 
Жиналғандар тік тұрып (азан айтылмайды, еңкеймейді), жаназа намазын оқиды. Ҿлікті 
лақатқа түсірген соң кебіннің басы, ортасы жҽне аяқ жағында байланған жерін шешеді, 
бұл  кезде  сыртта  тұрған  адамдар  қабірдің  жас  топырағынан  бір-бір  уыс  топырақ 
тастаған  соң,  лақаттың  аузы  қыш  кірпішпен  жабылып,  сыртқы  үйін  топырақпен 
толтырғаннан  кейін  Құраннан  сүрелер  оқылады.  Шығармада  жерлеу  рҽсімінің  осы 
элементі де дҽлдікпен берілген.  
Тамақ ішіліп, ҽлденеше рет құран оқылғаннан кейін, ҿлікті шығарарда молда дҽуір 
айналдырды.  Жұрттың  бҽрі  топырлап,  ауыз  үйге  сыймай  кетті.  Жиен  ағам  мені 
шақырып,  молданың  алдына  отырғызды.  Молда  аятын  айрықша  бір  сазды  ҽуенмен 
сарната оқып, ҽлден уақытта: 
– Сейсеннің азан шақыртып қойған аты кім? – деді дауыстап. 
– Сейсен ҿзінің аты емес пе?.. 
Жұрт аңтарылып бір-біріне қарады. 
– Азан шақыртып қойған аты... – деп күмілжіп қалды жиен ағам. 
Апам да үнсіз отыр. Кенет: 
– Сейсенбай, – деді шалдардың бірі. 
– Азан шақыртып қойған аты кім? – деп қайталады молда. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
98 
– Дұрыс, сол дұрыс, – деді апам ҽлгі шалдың сҿзін құптап. 
Мен ҿз ҽкемнің шын атын жаңа естіп тұрғаныма іштей таң қалдым. 
Молда ҽкемнің туған жылын сұрады. Сенбей тұрғандай: 
– Үкіметше емес, шын жылын айтыңдар, – деп дауыстады /1, 61/. 
Ақыры  дҽуір  айналдыру  аяқталып,  кілемге  оралған  ҿлікті  сыртқа  шығарып, 
машинаға салды. 
Мҽйітті  жерлеп  болған  соң,  қабірден  40  қадам  ҿткен  соң  оқылатын  Құран 
сүрелерінің  мҽні:  қабірге  Мүңкір-Нҽңкүр  келіп,  марқұмнан  сауал  алғанда  оған  демеу 
кҿрсету. Қабірдің ішкі жағы кейде шектеулі формада түсінілсе, бірде шексіз кеңістікті 
білдіреді. Пҽни мен бақидың аралық шекарасы деп есептелетін – қабірге кҿму о дүние 
жер  астында  деген  түсініктерді  бекіте  түскен.  Т.Ҽбдікұлының  қазақтың  марқұмды 
жҿнелту  жерлеуге  байланысты  мҽн-жайға  қанықтығы  қаламгерлік  тұлғасына  да  ҽсер 
еткен. 
Қабырдың  басына  келгеннен  кейін  жерінің  керемет  жұмсақ  болғанын,  үйінің 
аузын жабатын кірпіштердің соншалықты мол келгені бірсыпыра ҽңгіме болды. Жиен 
ағама бүйірден тескен лақат ұнамай, күрегін алып ҿзі түсіп, ҽлдебірдеңелерін жҿндеген 
болып, бір уақытта шаң-шаң болып қайта шықты. 
Қабырға топырақ салдық. Жұрттың бҽрі, ҿлік алдындағы ең соңғы парыздарынан 
құтылып  қалуға  асыққандай  күрекке  кезекке  тұрды.  Бірнеше  адам  құран  оқып, 
қабырдың  бұрыш-бұрышына  қойған  ақшаны  бҿлісіп  алды.  Жыртыс  жыртылды. 
Жиналғандар  ақырғы  рет  қолдарын  жайып,  ҽкемнің  ҿте  жақсы  аттанғанын  ҽңгіме 
қылып, ҿткен жолы Жарқымбайдың кемпірін кҿмгенде күрек батпаған жердің қалайша 
жұмсарып кеткеніне таң қалысып, орындарынан тұрды /1, 62/.            
«Адам ҿлгенде аруағына арнап, қырқына дейін қырық күнде, ҽр күн бір шырақтан 
қырық шырақ жағады немесе ҽр күнде он шырақтан тҿрт күн шырақ жағады», – дейді. 
Шырақ жағу себебі «ҿлген кісінің аруағы қырық күнге дейін үйіне келіп, балаларының 
жай-күйін  біліп  жүреді  дегені.  Сондықтан  күн  батып,  қараңғы  түскенде,  есікті  айқара 
ашып,  босағаға  ақ  киіз  тҿсеп,  бір  тостаған  қымыз  қояды,  осылайша  ҿлген  адамның 
аруағын  күтеді».  Бұл  –  қырқына  дейінгі  жағдай.  Ал,  қырқынан  жылына  дейінгі,  одан 
соңғы жасалатын салттық рҽсімдер де осы аруаққа табынуға негізделген. 
Шығармада марқұмға жасалған жҿн-жосық, салт-дҽстүрдің қаншалықты қарбалас 
күрделі іс екендігіне зор мҽн берілген.  
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
Ҽбдікұлы Тҿлен. Повестер мен ҽңгімелер. – Алматы: Атамұра, 2002. – 352 б. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматриваются фольклорные мотивы в современной казахской прозе. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада қазіргі қазақ прозасындағы фольклорлық ҽуендер қарастырылады. 
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
99 
КӨРКЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ АҚЫНДЫҚ ШЕБЕРЛІК 
   
Ыбырайым Б. – ф.ғ.д., профессор (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Адамзат  тарихына  аласапыран  ҽкелген  жиырмасыншы  ғасырдың  алғашқы 
жиырма  жылындағы  сан  қилы  саяси-тарихи  ҿзгерістер  қазақ  ақындарының  тағдыры 
мен  танымына,  тұрмысына,  сол  арқылы  ҽдебиеттің  де  сипаттарына  едҽуір  ықпал 
жасады.  
Бұған дейінгі адамзат тарихында болып кҿрмеген, құрылысы, идеялық нысанасы 
мен  идеологиясы  басқаша  қоғам  құруға  талаптанған  мемлекет  ҿз  территориясында 
тұратын елдің күллі ҿміріне күрт ҿзгерістер ҽкелді. Тұрмысқа, рухани ҿмірге саналуан 
жаңалықтар  ене  бастады.  Сондықтан  мұндай  аласапыран  кезеңде  болмыс  туралы 
санқилы  ұғымдардың  орын  алуы,  соған  сҽйкес  қақтығыстардың  ҽралуандығы  – 
заманның  қаншалықты  күрделіленгендігінің  белгісі.  Міне,  осының  барлығы  кҿркем 
ҽдебиетте ҽр деңгейде кҿрінді. Ҽу баста гуманистік принциптер, идеялар түрінде белгі 
берген  идеологиялық  бағыт  жиырмасыншы  жылдардың  екінші  жартысынан  бастап, 
саяси-қоғамдық  мҽні  тереңдеп,  мемлекеттің  ҿмір  сүру  нормасына  айналуға,  қоғамдық 
санаға пҽрменді жетекші болуға бет бұрды.  
Тұрмыстық-ҽлеуметтік тіршіліктің ғасырлар бойы, оған қоса бертінгі отаршылдық 
дҽуірінде  қалыптасып  үлгерген  ерекшеліктері  қолма-қол  бұзылуы,  үйреншікті, 
«кҽдуілгі»  тірліктің  астаң-кестең  сапырылысуы,  ҽсіресе  мемлекеттік  билік 
басындағылардың  жергілікті  жағдай  айрықшалығын  ескермей,  ҽлеуметтік-қоғамдық, 
тарихи  ҿзгерістерді  жҿн-жосықсыз  асығыс  жүзеге  асыруы  сан  алуан  қиындықтар  мен 
қайшылықтарды  кҿбейте  түсірді.  Күллі  мемлекет  ішінде  саяси  науқанның,  кейін  ұзақ 
жылдарға созылған жүйелі озбыр науқанның алғашқы кезеңі  басталды. 
Міне,  осындай  жағдайда  ҿмір  сүрген  қазақ  ҽдебиеті,  оның  ішінде  поэзия 
ақындардың  ҿмірлік-кҿркемдік  тҽжірибесі  мен  қалыптасқан  талғамына,  ҿмірлік 
кҿзқарасына қарай сыр-сыпаты ҽрқилы шығармалар арқылы салаланды.  
Бұл  кезде  жаңа  мерзімді  басылымдар  кҿптеп  ашылып,  кҿркем  шығармалар 
бұрнағы кезеңдермен салыстырғанда, молырақ жарық кҿре  бастады. Ҽсіресе, айрықша 
кҿрінгені – екі кҿркемдік платформа. Біріншісінде ҽдебиеттегі кҿркемдікті ең алдыңғы 
орынға  қойған  Мағжан  Жұмабаев    айрықшаланса,    екінші  тұрғыда  ең  алдымен  жаңа 
қоғамның  идеяларын  жалау  еткен  Сҽкен  Сейфуллин  кҿшбасшы  ретінде  тұлғаланды. 
Сонымен бірге  жиырмасыншы жылдар поэзиясында ислам гуманизмімен құнарланып, 
Шығыс,  Батыс  ҽдебиеті  мен  философиясының  құндылықтарын  салмақтаған  Ш. 
Құдайбердіұлы творчествосы арқылы кҿрінген философиялық лирика тағы да кҿрінді. 
Халқымыздың  рухани  қажеттілігін  қанағаттандыруда  ауыз  ҽдебиеті,  халық 
шығармашылығы ҿкілдері де ҿнімді, игілікті қызмет атқарғаны талассыз. 
М.  Жұмабаев  творчествосы  –  отаршылдық  кезеңінде  күйзелген  қазақ  ҽдебиетін 
ҽлем  ҽдебиетінің  деңгейіне  кҿтерген,  психологиялық-кҿркемдік  иірімдер  мен  ҽлем 
поэзиясына  жаңа  ҿрнектер  мен  бояулар  қосқан  эстетикалық  құбылыс,  кҿркемдік 
жаңалық.  Ол  поэзиямыздың  эстетикалық  ҽлемін  тың  бояулармен,  күрделі  сезімдік 
ҽлеммен  байытып,  жаңа  биікке  кҿтерді.  Қазақ  поэзиясының  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан бай дҽстүрінен, фольклор мен ауыз ҽдебиеті құнарынан еркін, табиғи нҽр 
алған ақын Шығыс пен Батыс ҽдебиетінен де мол сусындап, ҿзіндік эстетикалық ҽлем 
қалыптастырды.  
Ақын  шығармашылығының  ҿзіндік  эстетикалық  ҽлемін  айқындаған  қазыналар 
ретінде  бірден  кҿзге  түсетіні  –  ҿзіндік  образдар  жҽне  образдық  сонылықтары,  соны 
толғам  сарындары,  түрікшілдік,  лирикалық  кейіпкердің  рухани  мҿлдірлік 
қуаттандырған 
асқақтығы 
(Мағжанға 
дейінгі 
ақындарда 
мен 
– 
күнмін, 
пайғамбармын…,  деп  келетін  сарындар  бұлайша  ҿр  дауыспен  айтыла  бермейді)  мен 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
100 
кҿлгірсуден  аулақ  сыршыл  сезімталдығы.  Оның  лирикалық  кейіпкері  бұған  дейінгі 
қазақ  ҿлеңіндегі  ешкімге  ұқсамайды.  Бұған  дейінгі  қазақ  жырындағы  кейіпкер 
субъективті  ҿмірі  жайында  ҽсіресе  жан  дүниесіндегі  құпияларды  жайып  салуға,  бар 
шындығын  ағыл-тегіл  ақтарып  салуға  соншалықты  пҽрменді  құштарлық  білдіре 
қоймаса,  енді  лирикалық  кейіпкер  ҿзінің  осалдығын  да,  қуатын  да  жасырмайды, 
күлбілтелеп,  күмілжімейді.  Бойын  кернеген  саналуан  сезім-толғаныстарын, 
толғамдарын  іркіп,  ҿзін  ҿзі  сақтандырып  немесе  тежеп,  тиып  ұстаудан  мүлдем  аулақ. 
Ҽсіресе  ынтық  сезімдерді  жасырмай,  ақтарып  айтуға  құлықты.  Жан  сырын  жарық 
дүниеден қымтамай, тұмшаламай, кҿз жасындай мҿлтілдетіп, таң шығындай мҿлдіретіп 
жеткізеді,  не  айтса  да  ағынан  жарылып,  адалын  айтады.  Лирикалық  кейіпкер 
субъективті  толғаныстарын  былай  қойғанда,  ҽмбеге  ортақ,  драмалық  сезім 
арпалыстары арасында да ҿз түйсігімен, ҿз түсінік-тұрпатымен дараланады.  
Бойындағы осалдығын да, озаттығын да бүгіп қалуды, демек, кҿлгірсуді білмейтін 
кейіпкер  ашықтығымен,  адалдығымен,  сыршылдығымен  бҿлекше  бітім  танытты. 
Толқымалы,  ҿзгермелі  кҿңілдің  бүгін  былай,  ертең  олай  құштарлықтары  Мағжан 
Жұмабаевқа  дейінгі  қазақ  поэзиясында  дҽл  осыншалық  ағыл-тегіл,  дҽл  осыншалық  
үздіксіз, жүйелі тҿгіле бермейтін.   
Орхон-Енесай  ескерткіштеріндегі  басқаға  бас  июді  білмейтін  жауынгерлік  рух, 
Ж.Баласағұн,  А.Иассауи,  А.Иүгінеки,  С.Бақырғани,  Хорезми,  С.Сарай,  т.б. 
дастандарындағы  заман  –  қоғам  –  адам  үштігін  мҽңгілік  мұраттар,  ислам  идеялары 
тұрғысынан терең таразылауға ұмтылған философиялық  пайымдаулар, осы бағыттағы 
кҿркемдік  ізденістерді    одан  ҽрі  жалғастырған  «кітаби»  ақындар  шығармаларында 
аталған  үштік  мҽселесін  айнымас  асыл  гуманистік  мұраттар  тұрғысынан  бажайлап, 
адам мен қоғамның этикалық тазалығын, нормасын іздеген, бұларды ҿмірлік қажеттілік 
пен тіршілік дағдысына айналдыруды кҿздеген, соның жолдарын табуға құшырланған 
лирикалық кейіпкерлердің толғаныстарында кҿбіне заман  қалыптастырған ішкі сабыр, 
тереңде жатқан ұстамдылық аңғарылатын.  
Махаббат  кешулерін  ҿмірдің  белгілі  бір  кезеңдегі  эстетикалық-субъективті 
нормасы  мен  рухани  нысанасы  ретінде  сұлулап  сырлаған  сал-серілер  (Біржан,  Ақан, 
Балуан  Шолақ,  Жаяу  Мұса,  үкілі  Ыбырай,  т.б.)  поэзиясы  да  қалыптасқан  дҽстүр  мен 
заман  нобайлаған  шеңберден  аса  қоймайтын.  Тек  Абай  шығармашылығында  ғана 
ежелден бергі рухани-тарихи даму орнықтырған дҽстүр шеңберінен шығып, лирикалық 
кейіпкердің  тек  ҿзіне  ғана  тҽн  субъективті  сезім  буырқаныстарын  айқын,  айбынбай 
ажарлау  мен  айшықтау  кҿріне  бастады.  Абайдың  ұстамдылығы  заман  нормаларына, 
заңына  бағыну,  кҿз  жұмып,  соған  мойын  ұсынудан  емес,  ҿз  кҿңілі  ұйыған,  ҿз  кҿзі 
жеткен сенімнен, болмыс құбылыстарын таразылаған ҿз танымынан туған. Жеке адам 
немесе мораль типтері, махаббат, табиғат, т.т. қай-қайсысы да лирикалық кейіпкерлерді 
ең алдымен философиялық аяда толғандырады да, ақын поэзиясы ҽсіресе осы қырымен 
айрықшаланады.  
Ақындық  ―меннің‖  сипаты  мен  сырынан  хабар  беретін  лирикалық  кейіпкер 
сомдауда  бұрыннан  мол  тҽжірибе  жинақтаған  қазақ  поэзиясына  Мағжан  жырлары 
ҽкелген  кейіпкер  ҿз  бойында  жоқты  бар  ғып  кҿрсетуге  ұмтылып  тыраштанбайды, 
ақылгҿйсімейді.  Ақтарып  айту  бар  да,  асыра  айтудан  аулақ.  ―Гүлмін‖,  ―күнмін‖  деуі  – 
күшенуі  емес,  тарихынан  тамыр  алған,  оның  бағасын  таныған  отаншыл  рухтың  ҿз  қадірін  ҿзі 
сезініп, асқақ парлауы, еңсесін езгіге бастырғысы келмеген ҿр кеуденің ноқтаға мойын ұсынғысы 
келмеген арда асаудай аспанға шапшып қарсыласуы.  
Осынша ҿр, асқақ кейіпкер – енді бірде бала, енді бірде дана. Қол созым жердегі 
ғашығына қолы жетпей, жалындап жаны күйіп, азап шеккенде, тҿгілген кҿз жасын да 
жасыра  алмайды.  Бұл  –  жан  дүниесінің  тазалығы,  мҿлдірлігі,  ―адалымды  айтсам, 
жақпай қаламын-ау‖ деген қауіп-ойдан аулақ сенгіштігі. Лирикалық кейіпкер осындай 
адалдығымен,  риясыздығымен  баурайды,  сендіреді.  Осындай  соны  бітімді  кейіпкер  – 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
101 
М.Жұмабаев поэзиясындағы жаңалықтардың бірі деп айтуға лайықты. Идеялық аңсар-
принцип, сарын  ретінде белгі берген түрікшілдік те онымен тұстас немесе алдындағы 
ақындарда  дҽл  Мағжандағыдай  айқын  дауыспен  аршындап,  алға  шығып  кҿріне 
бермейді.  
Бұл  орайда  ғасыр  басындағы  жҽне  сол  тұстағы  түркі    халықтары  зиялылары  кҿтерген 
идеялар Мағжанға жақсы таныс болғаны, ақынның ҿмір шындығын, тарихын бел-белестерді ҿз 
сүзгісінен  ҿткізгені,  сенімі  ҿлеңдегі  сырына  айналғаны  аңғарылады.  И.  Гаспиринскийдің 
толғаныстары  қазақ  даласына  да  жетіп,  М.  Жұмабаевқа  да  ҽсер  еткенге  ұқсайды.  Автор  бұл 
жайында  арнайы  атап  кҿрсетпегенімен,  кезінде  белең  алған  идеялық  сарынның  жалпы  қазақ 
зиялыларына да жақсы таныстығы тарихтан мҽлім. 
Мағжан поэзиясының ҿзіндік эстетикалық ҽлемін қалыптастыратын субъективті факторлар 
ретінде  жаңа  образдар  жҽне  образдылық  сонылықтар,  соны  толғам-сарындар  (мҽселен, 
түркішілдік,  лирикалық  кейіпкердің  мҿлдір  сезімнің  асып  тҿгіліп  жатуы,  қуаттылығы,  рухани 
тазалығы,      аса    асқақтығы.    Мағжанға  дейінгі  ақындарда  мен  –  күнмін,  пайғамбармын...  деп 
келетін  сарындар  кездесе  қоймайды)  мен  кҿлгірсуден    аулақ  сыршыл  сезімталдық  атап  айтуға 
лайықты. Оның ҿлеңдерінде  символизм түрлі қырынан кҿрініп, түрлі тұрғыдан пайдаланылады. 
Ақын символизмнің ҿзіндік мүмкіндіктерін кҽдеге жаратумен бірге ҿмірлік мегзеуі машақатсыз-ақ 
табылатын  астарлық-жинақтаушылық  қуат  қосып,  лирикалық  кейпкердің    субъективті  сезімі 
немесе ой-аңсарымен табиғи ҿрілген  суреткерлік концепцияны бейнелейтін астарлы байыптау 
дарыту арқылы  символизмді таза  эстетикалық ағым ғана емес, ауқымы одан ҽлдеқайда кеңірек 
эстетикалық-философиялық жүйеге кҿтерді деп айтуға болады. 
Ҽрине,  символизмнің  де  ҿз  философиясы  бар.  Дегенмен  М.  Жұмабаев  поэзиясындағы 
символизм  таза  осы  түрдегі    ағым,  құбылыс  ыңғайында  ғана  қалмайды,  ҿмірлік  тиянағы  нық, 
реалистік  мегзеуі  мен  романтикалық  аңсары  қабаттасқан  жаңа  құйма  секілді.  Сырт  қарағанда, 
біркелкі  символистік  бояулардан  құралған  секілді  кҿрінетін  ҿлеңдерінің  ҿзінде  де  реалистік-
романтикалық астарлар бірін бірі толықтырып, бірінен бірі  туындап жатады. Бұл мҽселе алдағы 
уақытта арнайы зерттелгені игі. 
Ақынның  лирикалық  кейіпкері  субъективті  толғанысымен  бірге  ҽмбеге  ортақ,  жалпыға  
мҽлім  драмалық сезім кешулерімен ерекшеленеді. Бұл сипат Қазан тҿңкерісіне дейінгі де, одан 
кейінгі  де ҿлеңдеріне тҽн. Жиырмасыншы жылдарда кемеліне келген ақынның «Мені де ҿлім, 
ҽлдиле» секілді  туындыларынан күрделі конструкция, символизм мүмкіндіктері – ой ишаралау 
тҽсілдері мен бейнелеу құралдары белгілі бір ҿмірлік құбылыстар немесе абстрактылық арқылы 
микроҽлем    жасаудан  гҿрі  кҿркемдік  концепцияны  бейнелеуге  қызмет  еткен,  демек,  ҿзіндік 
эстетикалық-философиялық кҿру мен байыптау жүйесін қалыптастырғаны аңғарылады.  
Жиырмасыншы жылдардағы қазақ поэзиясына Мағжан Жұмабаев ҽкелген жаңалықтардың 
бірі  –  бейнелеу  мүмкіндіктерін  молайтатын,  кҿркемдік  ҽлемді  байыта  түсетін  эстетикалық 
конструкцияны кҿркемдік концепцияны жеткізуге  шебер пайдалануы. Алғаш рет біз қолданып 
отырған бұл терминге мынадай ұғым сиғызуға тырыстық.  Эстетикалық конструкция дегеніміз – 
белгілі  бір  ҿлеңнің  идеялық-кҿркемдік  мазмұнын  қамтыған  кҿркемдік  құрылымдағы  образды-
мағыналық тұрғыдан ҿзара сабақтасқан бҿліктер  жүйесі. Рас, мұндай конструкцияның жекелеген, 
«стихиялы» түрде жасалған үлгілері фольклорда, ауыз ҽдебиетінде де ұшырасатын. Мҽселен: 
Қыз Жібектің ақтығы 
Наурыздың  ақша  қарындай. 
Ақ бетінің қызылы 
Ақ тауықтың қанындай. 
Тҿсінде бар қос анар 
Нар бураның санындай. 
Бет ажарын сұрасаң, 
Жазғы түскен сағымдай... 
деп  келетін  тіркестер  –  бір-бірімен  сабақтасқан  конструкциялы  теңеулер  арудың  ажарын 
айшықтайды,  ҽрі  эстетикалық  сезіну  сҽті.  Арудың  ажарын  «айқындаған»,  «анықтаған»  мұндай 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
102 
конструкция  эпос  туындысының  жалпы  контексінде  концептуалды-кҿркемдік  ҽлемнің  қажетті  
кҿркемдік  компоненті    қызметін  атқарады.  Мұндай  сипаттар  Мағжанға  дейінгі    поэзияда 
молшылық.  
Ал,  ақын  бұл  тектес  компоненттерді  тіптен  басқаша  бҿлекше  күрделендіріп,  жаңа 
конструкция-құрылым жасады. Айталық, ―Мені де, ҿлім, ҽлдиле‖ атты ҿлеңіндегі ҽр ҿлімнің ҿз 
шежіресі, трагедиясы бар. Солардың бҽрі қосыла келіп, автордың осы шығармадағы кҿркемдік 
ҽлемін құрайтын эстетикалық конструкцияға айналған. Бұған дейінгі поэзияда жалпы кҿркемдік 
мазмұнға  кірпіш  қызметін  атқаратын  бейнелеу  қазыналарының  енді  қоғамдасқаны  соншалық, 
ҽрқайсысы жеке-дара деп бағалауға лайықты бір-бір ―ансамбльдердің‖ басын біріктірген, бұған 
дейін тҿл поэзиямызда болып кҿрмеген тосын, суық сызымен сұсты, құрылымы жаңа, ҿзіндік бір 
ҽлем  жасаған.  Осы  ҽлемнің  құрамындағы  ансамбльдерді    құрайтын  компоненттер  ақын 
шығармаларында бұрыннан-ақ ҽр кезде түрлі келбетте кездесетін. 
Мҽселен,  кезінде  патшаның  отаршылдық  саясатына  қарсы  жазылғаны  сезілетін 
ҿлеңдерінің бірі – ―Жаралы жанда‖ мынадай жолдар бар:  
   Сар дала бейне ӛлік сұлап жатқан, 
   Кебіндей ақ селеулер бетін жапқан. 
   Тау да жоқ, орман да жоқ, ӛзен де жоқ, 
   Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан,/1/ -  
немесе одан кейінгі уақытта жазылған ―Сүйемін‖ атты ҿлеңіндегі:  
   Орманы жоқ, шуы жоқ, 
   Тауы да жоқ, суы жоқ, 
   Мәңгі ӛлік сахарасы, –  
секілді  шумақтар мен  ―Мені де, ҿлім, ҽлдиле‖ ҿлеңіндегі  мысалдарды салыстырғанда, 
алғашқыларында ―ҿлік, ҿлім‖ сҿздерінің символдық мҽнде қолданылғаны, алайда тек ҿз 
бояуымен ғана тұтасып тұлғаланған концептуалды ҽлемді емес, лирикалық кейіпкердің 
ақындық  ―менінің‖  аңсарын  аңғартуға  қажетті  сезім-ситуацияны,  сезім-символды 
бейнелеу үшін қажетті компонент қызметін атқарғаны байқалады. Ал, ―Мені де, ҿлім, 
ҽлдиле‖  ҿлеңіндегі  ҽлдекімнің  ҿлгені,  жалғыз  жас  қайыңның  құлағаны,  ұланның 
майданда  қайтқаны,  бетпақ  шҿлдегі  жалғыз  жанның  ҿлімі,  он  бестегі  жас  сұлудың 
жасқа  тұншығып  ҿлуі,  қозының  кҿз  тиіп  ҿлуі,  сұлуларды  құшқан  жастың  ажал 
құшуы…  бірінен  кейін  бірі  кезектескен,  бірден  бірге  ұласқан  ҿлім  ситуациялары 
арқылы ҿлеңнің конструкциясын концептуалды мазмұнға бағындырған, түпкі аңсарын 
тереңге тұндырған ақын шеккен азап алуан:   
   Бетімнен тәтті бір сүйіп, 
   Алдыңа алшы әлдилеп, 
   Келші, ӛлім, тезірек. 
   Жан ұшудан тоқтады, 
   Жынданып енді соқпайды 
   Кешегі асау жас жүрек.  
   Бетімнен тәтті бір сүйіп, 
   Алдыңа алшы әлдилеп… 
   Балқиды жаным бұл күйге, 
   Мені де, ӛлім, әлдиле… 
   Мені де, ӛлім, әлдиле!... /2/ 
Жиырмасыншы  жылдарда  кҿркемдік  тҽжірибесі  де,  шеберлігі  де  толысқан 
ақынның  мұндай  туындыларынан    болмысты  сезіну  аумағы  айрықшалықтарын,    осы 
сезінуі бейнелеудегі соны ізденістерге бастағанын кҿреміз. 
Жалған  дүниенің  опасыздығынан  жалыққан,  шаршап  жабыққан  лирикалық 
кейіпкердің жаны күйіп, тыным ҿтініп сағынуы, сонша трагедияларды кҿріп, қиналған 
жүрекке  араша  аңсауы,  қажудан  сұрланған,  қарауытқан  рухани  ҽлемін  тазартуға 
талпынудың  бір  шарасы  секілді  ―мені  де,  ҿлім,  ҽлдиле‖  деген  жалыныштан  бетер 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
103 
ҿтініш  –  конструкцияның  күмбезі,  лейтмотиві.  Ҿлеңдегі  осындай  күрделі  кҿркемдік 
конструкция,  символизм  арсеналы  –  ой-сезімді  бейнелеу  мен  жеткізу  мүмкіндіктері 
ҿмір  құбылыстарын  сұрыптап,  саралап,  кҿркемдік  микроҽлем  жасаудан,  басқаша 
айтқанда,  құйрығы  шолтаң  етіп,  бірден  кҿрінетін  идеяны  ишаралаудан  гҿрі  мазмұны 
байтақ макромир, кҿркемдік конструкцияны бейнелеуге қызмет еткені, демек, ақынның 
ҿзіне ғана тҽн, бұған дейінгі қазақ поэзиясында бұл кейіпте ажарланбаған эстетикалық-
философиялық кҿру мен байыптау жүйесін қалыптағаны аңғарылады.  
Ойды,  эстетикалық  нысанды  бейнелейтін  күрделі,  сатылы,  ҽрі  ҿзара  сабақтас 
мазмұндық-кҿркемдік  ұстындар  арқылы  тұтасқан  конструкцияға  құрылған  ҿлеңдер 
қатарына ―Гүлсімге‖, ―От‖, ―Мен кім?‖ ҿлеңдері де жатады.  
Ақынның  қазақ  поэзиясына  қосқан  жаңалықтарының,  жаңа  үлестерінің  бірі  – 
троп, фигураның – айшықтау мен құбылтудың саналуан тҽсілдерін табиғи, еркін жҽне 
молынан  пайдалануы,  сол  арқылы  қыруар  тың  образдар  ҽкелуі,  образдылық  ҽлемін 
байытуы.  Кербез  келісіммен  кестеленген,  кезектескен,  бірін  бірі  толықтырып 
кемелденген  образды  ойлар  мен  орамдар  ұжымдасып,  тек  Мағжанға  тҽн  образды 
кҿркемдік ҽлемді кҿркейтеді. 
   Келші, кӛзім, күн бетіңді кӛрейін, 
   Сүйші, сәулем, тұншығып мен ӛлейін. 
   Кел, жұлдызым, жылжып қана жібектей, 
   Жұлдызды – жүзік, айды алқа ғып берейін. 
   ...Күлкің, Күнім, күміс күндей табаққа, 
   Мінсіз сұлу меруертті шашқандай... 
    …Еркетайым, келсең егер қасыма
   Сәулелерден шоқ қадар ем басыңа. 
   Кӛз жасымнан меруерт тізіп берер ем, 
   Келші, күлмей кӛзден аққан жасыма…/3/ 
Осындағы күн  – бет, жұлдыз жібектей, жұлдыз  – жүзік, ай  – алқа, күндей күміс 
табақ, мінсіз сұлу меруерт, сҽулелер шоғы, меруерт  – кҿз жасы, т.б. бейнелі кестелер, 
ҽлбетте,  бірден  кҿзге  түсіп,  ақынның  шалқар  талантын,  шабыттылығын  айқын 
танытады.  М.  Жұмабаев  поэзиясының  осы  сҽтте  кҿрінетін  тағы  бір  айрықшалығы  – 
айқын,  ажарлы  айшықтардың  қасында  қаумалаған  қарапайым  секілді  тіркес  сҿздердің 
сезім  сҽулесі  мен  кҿлеңкесін  тірілтуі,  талпындыруы,  түрегелтуі,  тербетуі.  Лирикалық 
кейіпкердің  жан  күйін  ―келсең  егер,  қадар  ем,  берер  ем,  күлмей‖  секілді  кҽдуілгі 
кірпіш-сҿздерден-ақ  барлап  үлгереміз.  Келші,  сүйші,  кҿрейін,  ҿлейін,  берейін, 
шашқандай, кҿзден аққан секілді байырғы, байсалды сҿздер ҿлеңнің кҿркемдік ҽлемін 
кестелеген контекстің құрамында ҽрқайсысы  тек ҿзіне ғана тиесілі, тек ҿзіне ғана тҽн 
қызметті атқарып, кҿркемдік бірліктерге айналған. Мұндай мҽртебелі қызмет атқарған 
қарапайым  сҿздер  шебер  қиюласып,  лирикалық  кейіпкердің  психологиясынан, 
парасатынан  сыр  шертеді.  Демек,  бейнелік  қызметі  теориялық  анықтамалар  мен 
шарттарға тікелей сҽйкес келмесе де, ҿлең контексінің, тіркес контексінің біртұтас бітімінің бір 
бҿлігіне айналу арқылы ажарлау абыройына ие болған. 
Мұндай мысалдар ақын шығармаларында молшылық. Образ күрделілігі мен алуан 
түрлілігі,  образдылық  ҽлемінің  байлығы,  сан  түрлі  тҽсілдермен  жасалуы  –  ақынның 
жиырмасыншы  жылдардағы  поэзияға  зор  үлес    қосқанының  айғағы.  Ақынның  ҿз 
замандастарына  ықпалын  Бернияз  Күлеев,  Ғұбайдолла  Балақадыров  ҿлеңдерінен  де, 
Жүсіпбек  Аймауытов,  Мұхтар  Ҽуезов,  т.б.  шынайы  ықыласпен  жазылған 
мақалаларынан да байқаймыз. 
Лирикалық кейіпкердің жан дүниесіндегі құбылыстарды терең де нҽзік бейнелеу, 
жан сырын, сезім дірілін ірікпей, ақтарып айту да мҿлтек психологиялық талдаудың бір 
кҿрінісі іспетті. Мағжан Жұмабаев ештеңе бүкпейді, қанша  қуанып, қанша жылағанын 
да  жасырмайды.  Қазақ  поэзиясының  арғы-бергісіне  кҿз  салғанда,  Мағжаннан  ҿткен 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
104 
«жылауық»  ақын  табу  қиын.  Бұл  кҿз  жасы  –  ақынның  күйректігі,  рухани  бошалаң, 
болбырлығы  емес,  рухани  ҽлемінің  тұнықтығы  мен  толғанысының  мҿлдірлігі,  шіркеу 
түспеген, шырылдап шыққан шындығы. 
Жан  лҽззатын  тҽн  рахатымен  бірлеген,  ҿмір  туралы,  сүю  туралы  толғанысын 
мұндай  ашық,  мұнша  еркін,  ҿткір  де  тосын  ақтара  айшықтау  бұған  дейінгі  қазақ 
поэзиясында  кездеспейді.  ―Бүгінгі  күн  ҿмір,  ҿлім  -  менікі‖,  ―Сырым‖,  ―Сүй,  жан 
сҽулем‖  ҿлеңдерінің  ҿзегіне  айналған  сезім  екпіндеген  сайын  арнасы  кеңейе  келе, 
толассыз толқындап, кейіпкердің рухани ҽлеміне жетелей түседі, қапысыз бойлап, оның 
табиғатын танытады.  
Ақын  ҿлеңдерінде  физиологиялық  күй  психикалық  күйге  ұласады  да,  одан  ҽрі  тебіренісі 
тербелген психологиялық процеске айналады. Міне, осы ұласу мен ұлғаю бұрылыстарында үнемі 
белгі  берген  сҽулелі  сезім-толғаныстар  тоғысынан  толқындаған  эстетикалық  аңсар  арайлап 
шығады.  Осы  эстетикалық  аңсар  шығарманың  ҿн  бойын  кернеген  күй-процестерге  нұрын 
таратып, авторлық идеяға айналады, суреткерлік концепцияның түзілуіне атсалысады.  
Кейіпкердің жан дүниесіне үнемі ыждаһатпен зер салу – ақынның ерекшелігі, ҽрі 
рухани қажеттілік, кҿркемдік құштарлық  ретінде ―Батыр Баян‖ поэмасында психологиялық 
талдау тҽсілін қазақ поэзиясында алғаш рет реалистік мҽнерде қолдануға жетеледі.  
Поманың  драматизмге  толы,  ең  шырқау  сҽті  –  батыр  Баянның  ашумен  інісі 
Ноянды атқаннан кейінгі  сұрапыл қиналысы, жан азабы. Осы сҽттегі  батырдың  іштей 
күйреп күйзелуі, жаны шырқырауы психологиялық  талдау тҽсілі арқылы жеткізілген. 
Мұндай драмалық тебіреністер ҽлем поэзиясында сирек. 
М.  Жұмабаев  шығармаларының  жалпы  қазақ  поэзиясына,  оның  ішінде 
жиырмасыншы  жылдар  ҽдебиетіне  қосқан  үлес-жаңалықтарының  бірі  –  бүгінгі 
кҿптеген  зерттеушілер  дұрыс  кҿрсетіп  жүргендей,  символизм  рухындағы  туындылар. 
Бұл  ретте  символ  мен  символизм  ұғымдарының  шекаралары  шендес,  бір-бірімен 
сабақтас ұғымдар болғанымен, ҽрқайсысының ҿзіндік жүгі, міндеті барын да ескерген 
жҿн.  Ақын  шығармашылығында  мұның  екеуі  де  молынан  кездеседі.  Символизм 
кҿркемдік  ағым  ретінде  де,  ой-сезімді  бейнелеудің  тҽсілі  ретінде  де  стильдік 
ерекшелікті  қалыптастыруға  атсалысады.  М.  Жұмабаев  сҿзге  символдық-кҿркемдік 
тұрғыдан  алғаш  рет  эстетикалық  мағына,  идеялық  мазмұн  дарытумен  шектелмей, 
эстетикалық  мҿлтек  ҽлемге  (микромир)  айналдырады.  Демек,  қарапайым  да  қайратты 
сҿз  енді  ҿзінің  мҽн-қуаты  арқылы  ойды  жеткізудің  құралы  қызметін  атқаруды  ―місе 
тұтпай‖,  контекстің  құрамында  ҽлсін-ҽлсін  дараланып  кҿрінуі  арқылы  эстетикалық-
философиялық  мазмұнға,  сол  арқылы  эстетикалық-эмоциялық  қуатқа  ие  болады. 
Мҽселен, от, қара, қараңғылық, жер, жел, жол, жұлдыз, күн, түн, сҽуле, зар, ҿлім, т.б. 
сҿздер  жай  лексика  емес,  символ-сҿз,  образ-сҿздер  дҽрежесіне  кҿтерілген.  Біраз 
тұстарда  философиялық  категорияларға  да  айналады.  Контекстің  ҽлпештеуі  мен 
иіріміне,  икемдеуіне,  кҿркемдік  қуатына  қарай  ҽр  сҽтте  алуан  бояу  сҽулесімен 
нұрланады.  Мұндай  сҿздер  енді  символ-сҿздерге,  символ-ұғымдарға,  символ-мағына, 
символ-идея,  символ-бояу,  символ-нақыш,  символ-концепция,  символ-проблема, 
символ-категория, символ-бейнелілікке ұласады.  
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Жұмабаев М. Шығармалары. Үш томдық. А.,1995, 1 том, 75-бет. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада ҿткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы қазақ ҽдебиетіне, оның 
ішінде  қазақ  поэзиясына  ықпалын  тигізген  алуан  факторлар,  соған  орай  ҿрістеген 
ҽрқилы  кҿркемдік  ізденістер,  кҿркемдік  тҽжірибе  мен  ақындық  шеберлік  мҽселелері 
тарихи-ҽдеби процесс контексінде қарастырылады.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
105 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются  факторы,  повлиявшие  на  казахскую  литературу 
двадцатых  годов  прошлого  века,  в  частности  на  казахскую  поэзию,  а  также 
вытекающие  из  этого  проблемы  различных  художественных  поисков,  опыта  и 
поэтического мастерства в контексте историческо-литературного процесса.  
 
 
 
 
Т І Л   Б І Л І М І Н І Ң   М Ә С Е Л Е Л Е Р І 
 
 
Каталог: images -> arhiv -> 2010
2010 -> Психологические аспекты стрессоров
arhiv -> Вестник казахского государственного женского педагогического университета
arhiv -> К вопросу о взаимосвязи учебного и внеучебного процессов в начальной школе
arhiv -> Дошкольное и начальное образование
arhiv -> ОҚыту әдістемесі
arhiv -> Жиырма жылға аяқ басты. Еліміз егемендік алып, болашаққа сенімді қадам жасағалы ӛмірімізде қаншама жарқын жаңалықтар болды
arhiv -> Н. Д. Левитов агрессивті кҥйлердің танымдық, эмоциялық және ерікті компоненттерін
arhiv -> Вестник казахского государственного женского педагогического университета
2010 -> Хабаршысы №4(5), 2010

жүктеу 5.05 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет