Одан бір нҽрсе туралы білу үшін сҿйлеседі. Сондықтан сҿйлеу айналадағы заттар, құбылыстар, адам ҿміріндегі ҽрекет, тіршілік, ҿндіріс туралы болады. Мысалы: Бұйрат



жүктеу 5.05 Kb.
Pdf просмотр
бет11/21
Дата27.04.2017
өлшемі5.05 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

 
 
 
 
«ОҒЫЗ-НАМЕ» КІТАБИ ЭПОСЫНДАҒЫ КОСМОГОНИЯЛЫҚ МИФТЕР 
 
Сарбасов Б.С. – аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
 «Оғыз-наме»  эпосының  фольклорлық  арқауының  негізін  кҿне  космогониялық 
мифтердің,  тҽңірлік  сенім  мен  тотемдік,  культтік  ұғымдардың  кеңінен  кҿрінуімен 
дҽлелдеуге болады. Адам танымының алғашқы кезеңдеріндегі  айнала табиғатты тұтас 
жан  деп  ұғыну,  адам  мен  табиғаттың  бір-біріне  оң  жҽне  теріс  ҽсерлері  туралы 
түсініктер бұрынғы ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігіне тірек болып, бүгінгі заман 
ой-танымында,  ҽдеби  кҿркемдік  ҽдістерінде  сақталған.  Айнала  табиғаттағы  Күн,  Ай, 
Жер,  Жұлдыз,  Тау  т.б.  құбылыстарға  қасиет  беріп,  киелі  санау,  олармен  қарым-
қатынаста белгілі бір заңдылықтарды сақтаудың мҽні – ол шарт бұзылса адам кеселге, 
ауруға, ҿлімге ұшырайды деген сенім. Сондықтан отқа, суға түкірме, аттама, айға қол 
шошайтпа,  күн  батарда  ұйықтама,  жер  сабалама    деген  сияқты  түрлі  ұғымдардың  
ҽрқайсының ҿзіндік мҽні бар. 
Ҿйткені  дүние  жүзінің  кҿптеген  халықтары,  солардың  ішінде  түркі,  монғол 
халықтары да, ерте кезде табиғат сырларын түсінбеген. Ертедегі адамдардың дүниетану 
шама-шарқы тҿмен болғандықтан жаратылыс кҿріністерінің ҽр алуан түрлерін (ай мен 
күн,  бұлт  пен  дауыл  т.б.)  жарылқаушы  күш  ретінде  қабылдап,  оларға  сиынған,  медет 
тілеген. «Шамандық сенімнің дүниеге келуі, – деп жазады Ш. Уҽлиханов –  жалпылай 
немесе  жекелей  табиғатты  қадір  тұту,  қастерлеу  болып  табылады»  /1,  171/.  Осындай 
арғы замандардың айғағы болған Ай, Күн, Аспан, Жұлдыз сияқты космостық бейнелер 
бір  кездері  ертедегі  адамдардың  мифтік  түсінігінен  сҽйкес  туып,  келе-келе  ауыз 
ҽдебиетінің тұрақты поэтикалық образдарына айналған /1, 172./.  
Алайда  бұл  ұғымдар  аталып  отырған  ескерткіште  тікелей  негізгі  кейіпкер 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
85 
болмысымен  тығыз  қабысып  жатады.  Ҿйткені,  ол  күннің  нұрынан  пайда  болады. 
Жалпы,  дүниежүзі  тарихында  атақты  адамдар  мен  Құдайлардың  дүниеге  келуі  жайлы 
мифтерден кҿбіне күн нұрынан туу мотивін жиі кездестіруге болады.  
Ежелдегі  адамдар  басында  сҽулесі  болған,  текті  адамды  нұрдан  жаратылған  етіп 
кҿрсету,  ол  құбылыс  келе-келе  мақсатты  түрдегі  қолданылатын  фольклорлық  ҽдіске 
айналған.  Күн  нұрынан  пайда  болу  мотиві  Шыңғысханның  дүниеге  келуіне 
байланысты т.б. қазақ жырларында кҿрініс табады.  
Ежелгі  түркі  аңыз,  ҽпсаналарында  бақытты  болатын  адамның    тҿбесінен    нұр  
жауатыны туралы кҿп айтылады. Бұл дҽстүр түркі халықтарының ерлік дастандарынан 
да орын алған. Мҽселен, қырғыздың «Манас» атты эпосында болашақ батыр Манас та 
жолына нұр тҿгілген ал, ҿзін  кҿкжал  бҿрі  қорғап  жүрген  қаһарман болып келеді /2, 
101/.  
Түркі-монғол  халықтарының  аңыз-ертегілерінде  кейіпкердің  күн  нұрынан  туу 
мотивінің  орын  алуы  ежелгі  наным-сенімдерге  байланысты.  Жалпы,  дүниежүзі 
халықтары фольклорында атақты адамдар мен Құдайлардың дүниеге келуі кҿбінесе күн 
нұрымен  байланыстырылады.  Фольклортанушы  ғалым    В.Я.Пропп:  «Адам  баласы 
мҽдениеттің  неғұрлым  тҿменгі  сатыларында  болған  уақытта  «ғажайып  туу»  елдің 
бҽріне  талғаусыз  таныла  береді.  Патша  мен  Құдайлардың  бұлай  тууы  олардың 
артықшылығына  айналды.  Ал  қарапайым  адамдар  қалыпты  жағдайда  дүниеге  келеді. 
Египет патшалары ҿздерін «күннің құдайы Раның тұқымымыз» деп санайды. Осындай 
сенім Үнді патшалары мен ханзадалары жҽне Қытай императорларында да бар», – деп 
жазған /3, 207-208/. 
 Ол 
«Фольклор  и  действительность»  атты  еңбегінде  бүкіл  дүниежүзі 
фольклорының ең кҿне жанрларында пайда болған ғажайып туу мотивінің пайда болу 
принциптерін  ертегі  наным-сенімдермен,  культтік,  рҽсімдік  мҽселелермен  тығыз 
байланысты  қарастырады  жҽне    бұл  мотивтің  фольклорлық  шығармалар  сюжетін 
толықтырушы кҿркемдік тҽсілге айналғанға дейінгі даму тарихын қалпына келтірді. 
Түркі  халықтарының    фольклорында  осындай  Ай,  Күн  ҽсерімен  дүниеге  келуін 
баяндайтын  сҿздеріне  орайлас  тұрақты    дҽстүрдің  қалыптасуы  тегін  емес.  Ол 
түркілердің  ең  кҿне  дүниетанымына,  яғни,  олардың  кҿне  наным-сенімдеріне  Ай  мен 
Күн  культінің    маңызды  рҿл  атқарғандығын  ҽрі  сенім  кҿріністері  халықтың 
эстетикалық қалыпты нормасына айналғанын байқатады.  
С.П.  Толстов  зерттеулеріндегі  пайымдауларға  қарағанда  түркі  тайпаларында  Ай 
мен  Күн  тотемдеріне  табынушылық  ұзақ  уақыттар  сақталып  келген.  Сол  себепті 
түрікмен тайпаларының шығу тегі баяндалатын шежірелерде түрікмендердің Ҽли-или, 
Ерсары,  Шах,  Теке  тайпаларында  «Айтолды»,  «Күнтолды»  ру  тайпалары  кездесетіні 
сҿз болады /4, 7-б./. 
Жүсіп  Баласағұнидың  «Құдатғу  білік»  дастанындағы  басты  кейіпкерлердің 
есімдері де Айтолды жҽне Күнтолды болуы бұл дҽстүрдің түркі фольклорында мықтап 
орныққанын аңдатады.  Талданып отырған  «Оғыз-наме»  ескерткішінде Оғыз қағанның 
ҿзі  ғана  емес  оның  үйленуі,  Ай,  Күн,  Жұлдыз,  Тау,  Кҿк,  Теңіз  деген  балаларының 
тууында космогониялық мифтердің мҽні кҿркемдік рҿл атқарады. 
«Оғыз  қағанның  оны  кҿргенде  жаны  қалмады.  Ол  осы  қызды  алып  үйіне  кетті. 
Оны сүйді, алды. Бірге жатты. Тілегі қабыл болды. Сол қыз жүкті болды. Күннен күн 
ҿтіп,  түннен  түн  ҿтіп,  кҿзі  жарыды,  үш  ер  бала  туды,  біріншісіне  Күн  деп  ат  қойды, 
екіншісіне Ай деп ат қойды, үшіншісіне Жұлдыз деп ат қойды» /5, 205/. Бұл мысалдар 
негізінде  кҿне  түркі  тайпаларының  Кҿк  Тҽңіріге  табынып,  жақсылықты  да, 
жамандықты да Кҿктен яғни, аспаннан күткен дүниетаным сақталған. 
«Кҿк тҽңірі – кҿк аспан деп аталады. Қазақтар ұғымындағы бірінші аталатын сын 
есім  «кҿк»  –  кҿріністі  бейнелейді  жҽне  заттық  түсінікті  білдіреді,  ал  зат  есім  (тҽңірі) 
«кҿк» атауының (синонимі) баламасы...  – (Алланы) жҽне құдайды (худда). Сондай-ак, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
86 
даланың  алыс  түкпірлерінде,  мысалы  қазақ  ордасында  «Кҿке-Тҽңірі»  –  деген  атау  ҽлі 
кездеседі» – деп жазады Ш. Уҽлиханов /1, 181/. 
Қазақ  мифінде  хаостың  космосқа  айналуындағы  басты  бір  шарт  –  жер  мен 
аспанның  жекеленіп  пайда  болуы  жайлы  мифтерде  сақталған.  Мысалы:  Аспан  мен 
жердің  бҿлектенуі,  яғни  ҽлемді  қаптаған  судан  аспанның  жҽне  құрлықтың  бҿлініп 
жасалғаны  жайында  түсінік  бар.  Кҿне  заманда,  мифтік  сана  кезінде  адамдар  бүкіл 
ҽлемді, аспанды да су деп білген. Қазақ тілінде «Тҽңір» деп кҿкті, «теңіз» деп суды айту 
тегін  емес.  Екеуінің  түбірі  «кҿк»,  «аспан»  ұғымымен  байланысты,  демек,  «Тҽңір»  – 
кҿктегі  (яғни  жоғарыдағы)  су  болса,  «теңіз»  –  жердегі  (яғни  тҿмендегі)  су.  Басқаша 
айтқанда,  аспанның  ҿзі  ҽуелде  су  деп  түсінілген,  оның  «кҿк»,  «тҽңір»  болып  аталуы 
содан. Ал, жердегі су да түсі жағынан аспан, яғни Тҽңір сияқты кҿк болғандықтан теңіз 
деп  аталған.  Екінші  аспан  мағынасында  айтылған  («із»  –  жұптықтың  белгісі).  Аспан 
мен жердің телегей теңізден бҿлініп жаралғаны туралы түсінік жаһанда үш түрлі ҽлем 
(аспан,  жер,  жер  асты)  бар  деген  сенім  тудырған.  Ш.Уҽлиханов  мұндай  сенімнің 
қазақта  да  бар  екенін  айтқан:  «Аспанда  ел  бар.  Ондағы  адамдар  белдікті  тамағынан 
тартады, біз ортада, жер бетінде тұрамыз, сондықтан белдікті белімізге байлаймыз, ал, 
жердің  астындағы  адамдар  белдігін  аяғына  орайды,  олардың  ҿздерінің  күні,  айы, 
жұлдыздары бар» /1, 180/. 
Кейінгі  замандарда,  миф  ертегіге  айналғанда  осы  үш  ҽлем  ертегі  кейіпкерінің 
шарлайтын мекеніне айналады. Бұл үш ҽлем шамандар дінінде де сақталған.  
«Қазақтың кҿне мифінде болуға тиісті ілкі  ата-демиург бейнесі  Тҽңір  образымен 
алмастырылған.  Ал,  Тҽңір  аспанның  ҽміршісі  саналған.  Яғни,  Тҽңір  –  ең  жоғарғы 
құдай,  ол  аспан  мен  жердегі  тылсым  мен  тіршіліктің  иесі.  Аспанды  да,  ондағы 
жұлдыздарды да, адамды да, жер бетіндегі нҽрселердің бҽрін де, жаратушы – Тҽңір деп 
саналған.  Міне,  мұның  бҽрі  –  кҿне  мифтік  ілкі  ата  –  демиургтың,  жасампаз 
қаһарманның  атқаратын  істері.  Бұл  қызметті  түркілер  заманында  Тҽңір,  ал  ислам 
келгенде Алла атқарады. Қазақтың кҿне мифінде ілкі ата  – демиург образының толық 
жҽне  айқын  сақталмау  себебі  осында  деп  білуіміз  керек»  –  дейтін  С.А.  Қасқабасов 
пікіріне  сүйенсек,  «Оғыз-наме»  эпосындағы  тҽңірлік  сенімнің  негізгі  сюжеттік  ҿзек 
болғанын байқау қиын емес. Оның дүниеге келуі де ғана емес, жар таңдап сүюінде де 
Тҽңірлік сипат басым. Ғашық болған жары да тылсыммен тығыз байланысты екендігіне 
мҽтін арқылы кҿз жеткізуге болады. 
«Оғыз-намеде»:  «Күндерде  бір  күн  Оғыз  қаған  бір  жерде  Тҽңіріге    жалбарынып 
отыр еді. Қарауы болды. Кҿктен бір жарық (сҽуле) түсті. Күннен аян, айдан қуқылырақ 
еді. Оғыз қаған (кҿк жарыққа қарай) жүрді, кҿрді. Кҿрсе, ҽлгі жарықтың арасында бір 
қыз бар екен, жалғыз отыр екен. Артықша кҿрікті бір қыз екен. Ол қыздың маңдайында 
оттай  сҽуле  шашқан  бір  меңі  бар  екен.  Алтынқазықтай  екен.  Яғни,  қыздың 
жаратылысында адамзаттан бҿлек тылсымдық қасиет бар. Осы қыз сондай кҿрікті еді: 
күлсе Кҿк Тҽңірінің (ҿзі) күлетіндей, жыласа Кҿк Тҽңірінің (ҿзі) жылайтындай еді»  /5, 
56/. 
Сондай-ақ,  түркі  тілдес  халықтар  мифіндегі  Тҽңірлік  сенімнің  ерекшеліктері 
жайлы «Ерлі зайыпты баба-құдайлардың ең кҿне универсальды тараған түрі аспан-ҽке 
мен  жер-ана.  Бұл  образдарда,  бір  жағынан,  рулардың  бабалары  болып  саналатын  ілкі 
адамдардың  космостанғанын,  ел  екінші  жағынан,  неке  мен  семьялық  қатынастардың 
табиғат дүниелеріне кҿшірілгенін кҿруге болады», – дейтін пікірін шындығында, бүкіл 
түркі  жұртында Тҽңір  – кҿктегі  ер рҿлінде, ал Ұмай  –жер-ана болып қабылданады /6, 
73/.  Сонда,  жоғарыда  Е.М.  Мелетинский  айтқандай,  қазақта  да  аспан  –  ҽке,  жер  –  ана 
ретінде (Тҽңір – Ұмай түрінде) алғашқы ерлі – зайыпты құдайлар болып саналған деуге 
ҽбден  болады,  –  деп  тереңдей  қарастырған  С.А.  Қасқабасов  пікірлерінің  дҽйегін  осы 
ескерткіштен анық кҿруге болады. 
Себебі,  «Оғыз-наме»  ескерткішінде  тек  Ай  мен  Күн,  Жұлдыз  секілді  аспан 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
87 
денелеріне  қатысты  ұғымдар  ғана  емес,  Кҿк,  Тау,  Теңіз  ұғымдары  да  басты  мҽн 
иеленеді. Оғыз қағанның екінші рет үйленіп, ол ҽйелінен тағы үш ұлдан дүниеге келуі, 
тҿмендегідей баяндалады: «Бір күндері Оғыз қаған тағы да аңға кетті. (Аңда жүрсе) бір 
кҿлдің  ортасынан  бір  ағаш  кҿрді.  Бұл  ағаштың  қуысында  бір  қыз  жалғыз  отыр  екен. 
Артықша  кҿрікті  бір  қыз  екен.  Ол  қыздың  кҿзі  кҿктен  де  кҿгірек,  шашы  теңіз 
толқынындай, тісі інжудей екен. 
Осы  қыз  сондай  кҿрікті  еді:  жер  басқан  ел-жұрт  оны  кҿрсе:  «Ай,  ай!  Ах,  ах! 
Ҿлерміз!»  –  деп  сүттен  қымыз  болатындай  еді.  Оғыз  қағанның  оны  кҿргенде  ынтығы 
кетті,  жүрегіне  от  түсті.  Оны  сүйді,  алды.  Бірге  жатты.  Тілегі  қабыл  болды.  Сол  қыз 
жүкті  болды.  Күннен  күн  ҿтіп,  түннен  түн  ҿтіп  кҿзі  жарыды,  үш  ер  бала  туды. 
Біріншісіне  Кҿк  деп  ат  қойды,  екіншісіне  Тау  деп  ат  қойды,  үшіншісіне  Теңіз  деп  ат 
қойды» /5, 56/. 
Оғыз  қағанның  аң  аулап  жүріп  тапқан теңдесі  жоқ  сұлуды  кҿргені,  қызға  ғашық 
болып, оған да үйленгені,  одан үш ұл бала туылғаны, есімдерін  «Кҿк» (Аспан)  «Тау» 
жҽне  «Теңіз»  деп  қойғаны  тартымды  етіп  баяндалады.  Осындағы  «Кҿк»  –  Тҽңірлік 
сенімнің негізі.  
Шаманизмнің  негізін  құрайтын  тотемдік  жҽне  анимистік  түсініктердің  кҿк 
түріктерге  дейін  жан-жақты  таралғанын  ешкім  де  жоққа  шығармайды.  Ал  тҽңірліктің 
кҿне  түрік  дҽуірінде  тұтас  жүйеге  түсіп,  дін  дҽрежесіне  кҿтерілгенін  дҽлелдеуші 
ғылымдардың  бірі  Л.П.  Потапов.  Бұл  дҽуір  біздің  заманымыздың  VІ-ХІІ  ғасырлар 
аралығын қамтиды. Түрік қағанаты (551-744 жылдар) мен ұйғыр қағанатының (745-840 
жылдар)  этникалық  ядросын  құраған  түрік  тайпаларының  Тҽңірі,  Ұмай,  Жер-Су 
аталатын құдайлары қазіргі кҿптеген түркі халықтарында сақталуы кездейсоқ емес.  
Жалпы,  Тҽңірлік  сенімнің  кҿшпелі  түркілердің  мемлекеттік  бір  ізділікке  түсіп 
үлгермегендігі, тек түркі қағанаты тұсындағы бірдей қалып иеленгендігі, бірақ кейінгі 
мұсылман  дінінің  ықпалына  байланысы  кҿктегі  «Тҽңір-иенің»  орнын  «Жалғыз 
Алланың» басуы, кейбір кҿп тҽңірлік ұғымдардың мұсылмандық ұғымға сіңісіп кеткені 
белгілі. 
 Оғыз  қаған  жаратылысындағы  тҽңірмен  байланыстылық  кҿне  түркілік 
ескерткіштердің тұрақты мотиві екендігі белгілі. Ол жҿнінде Ш. Ыбыраев: 
 Қаңым Елтеріс қағануғ, 
 Ҿгім Ілбіге қатұнұғ, 
 Теңрі тепесінте тұтұп 
 Иҿгерү кҿтермүс ерінч. 
 (Ҽкем Елтеріс қағанды, 
 Шешем Елбіге қатынды 
 Тҽңір тҿбесіне ұстап 
 Жоғары кҿтерген екен) /7, 40/, –  
дейтін мысалдарды келтіре отырып,  «Демек,  қағанның тҽңірлік жаратылысы  алдымен 
алдымен ҿзіміздің байырғы тҿл тарихымыздан мықтап орын алған дүниетаным болып 
шықты. Біз үшін мұның маңызы зор деп"» – деп ой қорытады.  
Оғыз қағанның жарын Тҽңіріден тілеуі жҽне оның бірінің ағаш қуысында отырған 
сұлулығы  керемет  қыз  болуын  сипаттайтын  тұстарда  түрлі  фольклорлық  наным-
түсініктер  тоғысқан.  Осындағы  ағаштың  қуысындағы  сұлу  қыз  кҿзінің  кҿктен  де 
кҿгірек,  шашының  теңіз  толқынындай  (ол  да  кҿк)  болуы  –  тҽңірлік  нанымның 
кҿріністері.  Себебі,  Жаратушы  Кҿк  Тҽңірінің  мекені  кҿкте  болғандықтан,  ең  ҽдемі  де 
қасиетті түс – Кҿк Тҽңірінің нышаны. Ал, фольклорлық туындылардағы қаһарманның 
ағаш  қуысында  дүниеге  келу  мотивінің  негізінде  ежелгі  адамдардың  ағашты  тотем 
тұтқан наным-сенімінің ізі бар.  
 Қазақ  фольклорындағы  ағаш  культі  жайында  С.А.  Қасқабасов:  «Ертегілерде  үш 
ҽлемді, яғни бүкіл космосты, сҿз еткенде үлкен зҽулім ағаш суреттеледі. Бұл ағаш кҿп 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
88 
жағдайда  мифтік  үш  ҽлемді  вертикальді  түрде  жалғастырып  тұрады.  Ғылымда  оны 
«ҽлемдік ағаш»  (мировое дерево) немесе  «космостық  ағаш»  (космическое дерево) деп 
екіге бҿледі. Осы космостық ағаш бейнесі кҿне мифтермен бірге шамандық нанымға да 
кіріккен. Жалпы, ҽлемдік ағаш туралы мифтік ұғым қазақтың ертегілері мен шамандық 
нанымында да кездеседі. Рас, онда жоғарыда айтқан кҿне мифтердегідей емес, реликт 
түрінде кездеседі. Мҽселен, кейбір қазақ ертегілерінде зҽулім бҽйтерек суреттеледі. Ол 
кейіпкердің  ҿмір  жолында  ҿте  маңызды  рҿл  атқарады.  Бҽйтерек  түбінде  айдаһарды 
ҿлтірген  кейіпкер  аспан  ҽлеміне  кҿтерілуге  немесе  жер  астынан  шығуға  мүмкіндік 
алады:  бҽйтеректің  басына  ұя  салған  Самұрық  (не  алып  қарақұс)  кейіпкерді  аспан 
ҽлеміне алып ұшады, я болмаса жер бетіне шығарады. Міне, мұндағы зҽулім бҽйтерек 
бейнесі – қазақ жағдайына сҽйкес космостық ағаштың ҿзгерген түрі»  –  дейді /8, 86-87/.  
 Сондай-ақ  ғалым  космостың  ағаш  бейнесінің  шамандық  нанымда  жақсы 
сақталғандығы,  қазақ  бақсыларының  қолына  ұстаған  асатаяғының  (асай-мұсей)  осы 
космостың  ағаштың  ҿзгерген  элементі  деген  ойлар  ұсынады.  Жалпы,  ағаш  тотеміне 
қатысты ғалымдардың түрлі тұжырымдары бір арнаға тоғысады. 
Шамандық сенімдегі, болашақ бақсының құтын аспан ҽлемінің рухтары  – құстар 
алып кетеді  де, қасиетті  ағаштың басындағы ұяға апарып  тҽрбиелейді. Мұндай Ҽулие 
ағашты  сахалар  «Ыйық  мас»  деп  атаған.  Бақсы  неғұрлым  күшті  болса  оның  құты 
ағаштың жоғарғы жағында, ҽлсіздеу болса тҿменгі бұтақтарындағы ұяда тҽрбиеленетін 
болғанғандығы  туралы  Ш.  Ыбыраев  пікірлер  түйіндеген  /9,  601/.  Осындай  тҽрбие 
кезінде бақсының құты аққу құсқа айналдырылған. Кейін бақсының ҿзіне қайтарылып 
берілген. 
Ҽлемдік ағаш, аспан, жер жҽне жер асты ҽлемін байланыстырушы, сондай-ақ екі 
дүние арасында дҽнекер жалғастырушы қызметін атқаруы  И. Кастанье жазып алған бір 
бақсылық сарында сақталған:  
 Он бесімде жабысты, 
 Жиырмада табысты. 
 Кҿнбес ескі кҿндерде, 
 Қу ағашқа түнерде /10, 45/.  
«Мұндағы  «он  бесінде  жабысып,  жиырмасында  табысқан  дерт»  бақсылықтың 
қонуы  екені  даусыз,  ал  «қу  ағашқа  түнеу»  де  сол  Сібір  шамандарының  түсінігіндегі 
ана-құстың  бақсы  құтын    ағаштағы  ұяға  түнетуі  болса  керек»  –  деп  кҿрсетеді  Ш. 
Ыбыраев /10, 601/.   
Сондай-ақ  «Қорқыт  ата  кітабындағы»  Ораздың  ағашқа  сиынып,  онымен  тілдесуі 
осы  байырғы  тотемдік  түсініктердің  сілемдері  (екінші  жыр).  Жалғыз  кҿзді  дҽуді 
ҿлтіретін Бисат ҿзі туралы: 
Атам атын сұрар болсаң, қаба ағаш
Анам атын сұрар болсаң, күркіреген арыстан, –  
 
деуі Оразды гҽуірлер қол-аяғын байлап, дар түбіне ҽкелгенде оның дар ағашына қарап: 
«Атың  ағаш  десең,  шамданба  ағаш!  О,  Мекке  мен  Мҽдиненің  есігі  болған  ағаш! 
Құдаймен тілдескенде, Мұсаның асасы болған ағаш! Ерлердің ері Ҽлидің дүлділіне ер 
болған  ағаш!  Зұлпықарға  сап  болған  ағаш!  Хасан  мен  Хұсайынға  бесік  болған  ағаш! 
Ерге де, ҽйелге де қатер болған  ағаш! Мені саған асар болса, құлап түс ағаш!  /11,  56/ 
деп  сҿйлеуі  Ағаш  культімен  байланысты  кҿне  ұғымдар.Ол  қасиетті  адамның  не 
бақсының  атасы  (анасы)  ретінде  ағаштың  аталатындығы  тағы  да  сол  құттың  мекені 
болумен  ұштасып  жатыр.  Кҿне  түркілік  ұғымда  ағашты  ана  санау,  адам  жанының 
ағашқа  барып  паналауы  сияқты  ұғымдар  орын  алғандығын  зерттеушілер  жазған  /12, 
330/.  
Оғыздың  болашақ  жарын  ағаш  қуысында  кездестіріп  ғашық  болуында  осы  кҿне 
түсініктердің ізі жатыр. Сондай-ақ эпоста белгілі бір этникалық атаудың берілуінде де 
осы ұғымның ықпалы бар. Мҽселен: «Оғыз-наме» кітаби эпосында Етіл (Еділ) ҿзенінен 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
89 
ҽрі  ҿтіп, Үрім (Рим) қағанмен соғысқан Оғызға, Ұлық Орда деген шебер кісі ағаштан 
сал  жасап,  дүние-мүлкімен  аман-есен  бері  ҿтеді.  Ұлық  Орданың  бұл  ісіне  сүйсінген 
Оғыз қаған:  «Сен осы жерге бек бол,  «Қыпшақ» бол,  –  дейді. Ҽбілғазының  «Түріктер 
шежіресінде» ағаш қуысында туған балаға Оғыз қаған «Қыпшақ» деп ат қояды. Себебі, 
«қыпшақ» – ағашта туған деген мағынаны білдіреді екен.  
ҼДЕБИЕТТЕР 
1 Уҽлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы, 1985. –  172 б. 
2 Фольклор шындығы. – Алматы: Ғылым, 1990. – 264 б. 
3 Пропп В.Я. Фольклор и действительность. – Москва: Наука, 1976. – 325 с. 
4 Толстов С.П. Пережитки тотемизма и дуальной организации у Туркмен // Проблемы 
истории докапиталистических обществ. – 1935. – № 9-10. – С. 3-14. 
5 Ҿмірҽлиев Қ. Оғыз қаған эпосының тілі. – Алматы: Ғылым, 1988. – 279 б. 
6 Мелетинский Е.М. Поэтика мифа. – Москва, 1974. – С.193. 
7  Ыбыраев  Ш.  Эпос  ҽлемі.  Қазақтың  батырлық  жырларының  поэтикасы.–  Алматы: 
Ғылым, 1991. – 296 б.  
8 Қасқабасов.С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы: Ғылым, 1984. – 128 б. 
9 Ыбыраев Ш. Қорқыт жҽне шаманизм.  – Алматы, 1899. – 601 б. 
10 Кастанье И. Из области киргизских веровании // ВОУО. – 1992. – №3. – 45 с. 
11 Қыраубаева А. Ежелгі ҽдебиет. – Алматы: Ғылым, 1986. – 215 б. 
12  Марғұлан  Ҽ.  Ежелгі  жыр,  аңыздар.  Ғылыми-зерттеу  мақалалар  /Құрастырған  Р. 
Бердібаев/. – Алматы: Жазушы, 1985. – 368 б. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада 
«Оғыз-наме» 
кітаби 
эпосындағы 
космогониялық 
мифтер 
қарастырылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматривается космогонические мифы в эпосе «Огуз-наме». 
 
 
 
 
Ғ. МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ 
 
Сейсенбиева Э.С. – аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Ғ.  Мүсірепов  шығармашылығының  барлық  жанрында  шындықтың  барлық 
уақыттағы  жҽне  кеңістік  масштабындағы  философиялық  заңдылықтардың  адамға 
қатысы оның ішкі жан дүниесінің тереңіне ерекше үңілген суреткер екендігі танылды. 
Қазақ совет драматургиясының негізін қалаушы, алғашқы эксперимент жасаушы бола 
отырып,  шығармашылықтың  ҽр  түрлі  жанрын,  характер  жасау  шеберлігін,  сюжет 
құруда үлкен жаңа белестерге кҿтерілді. 
Ғ.  Мүсірепов  –  айырықша  талантты,  философиялық  интеллект  пен  аса  құнды 
поэтикалық  мҽдениет  иесі.  Оның  ҽдеби  мұрасы  ҿте  бай,  ҽрі  жан-жақты  ҿмірлік 
мҽселелердің кҿркемдік басылымдылығын тереңінен суреттеген тұлға. 
Ғ.  Мүсірепов  –  ХХ  ғасыр  құрдасы.  Оның  шығармалары  50  жылдан  астам  кеңес 
дҽуірінің  ҽлеуметтік  жҽне  мҽдени  кезеңінің  даму  сатысын  түгел  қамтиды.  ХХ-
ғасырдағы  ірі  саяси-ҽлеуметтік  жҽне  мҽдени  қоғамның  даму  сатылары  Мүсірепов 
шығармаларының барлық кезеңіне сай.  
Ғ.  Мүсіреповтің  поэтикалық  ҽлемінің  даралығы,  ҿмірдің  динамикалық  кезеңі 
тарих  сатыларымен  бірге  ҿзектесіп  жатады.  Суреткер  дҽуір  талабының  тарихи 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
90 
шындығын  ҿз  замандастарын  толғандырған  мҽселелердің  шындығымен  кҿрсетуге 
тырысады:  ұжым  мен  жеке  адам,  жаңа  этикалық  құндылықтар,  жаңа  психологиялық 
қабылдау,  жаңа  мҽдениет.  ХХ  ғасырдағы  нақты  ҽлеуметтік  мҽселелер,  адамзаттық 
құндылықтар оның философиялық  сипаты тұрмыс-тіршілік, ҿмір  мен ҿлім, адам жҽне 
еңбек  Ғ.Мүсірепов  шығармашылығының  тірегі,  шығармашылық  айнасы  іспеттес.  Ірі 
суреткердің  негізгі  мақсаты  ҿз  оқырманын  ояту,  оның  жаңаша  мҽнін 
шығармашылығының ҿн бойынан кҿрсету ҽрі негізін арқау ету болып табылады. 
Алғашқы  драмасын  жазбастан  бұрын-ақ  Ғ.  Мүсіреповтің  ертеректе  жазылған 
шығармаларында  тартысқа  құрылған  сюжеттер,  тереңінен  сезімге  құрылған  адамның 
жан-дүниесінің  сыртқы-ішкі  келбеті,  бітім-болмысы,  сҿзі,  қимыл-ҽрекет,  ым-ишрат 
характері оның болашақ драмалық   шығармаларында тереңінен кҿрініс табуға тікелей 
ықпал етті.  Автордың драмалық  шығармаларындағы сҿз сҿйлеу сипаты жаңа  сапалық 
деңгейде  кҿрінген,  адам  характерінің  жан-жақты  ашылуы  басқа  да  тілдік  жҽне  тілдік 
емес  факторлармен  ортақ  бірлесе  отырып  толығымен  ашылады:  сюжетті  ҽрекет, 
кейіпкердің ҿзін-ҿзі танытуы, шығарманың композициясы, жеке эпизодтар т.б.  
Драмадағы кҿрінетін жан-жақты тартыс, кейіпкерлердің іс-ҽрекетінің шиеленісуі, 
характердің жан-жақты қамтылуы ҿмір шындығының тереңінен алынған суреткерлікті 
Ғ.  Мүсіреповке  ғана  тҽн  ерекше  драма  поэтикасымен  бейнелеуіне  тҽнті  етеді.  Ғ. 
Мүсіреповтің  драматургиясында  ҽлеуметтік  тартыс  ҿмірдің  ортасынан  ойып  алынған 
шындыққа  құрылған  сюжетті  оқиғалар  ҿз  дамуында  белгілі  бір  логикаға  бағынып 
отырады. 
Ғ.  Мүсірепов  драмасының  орталық  кейіпкерлерінің  характері,  мінезі,  бітім-
болмысы белгілі бір тарихи дҽуірдің алдыңғы қатарлы үздік тұлғалардың барлық типтік 
белгілерін  бойларына  жинақтай  отырып,  болашақ  адамының  рухани  гүлденуіне  зор 
ықпал  етеді.  Бұл  Ғ.  Мүсіреповтің  жеке  кҿркем  фантазиясынан  ғана  туындаған  жоқ, 
социализм дҽуірінің суреткеріне тҽн ерекшелік еді. 
ХХ  ғасыр  ұлттық  рухани  мҽдениеттің  даму  тарихында  зор  табыстарға  қол 
жеткізді.  Бір  ұрпақтың  кҿз  алдында  реалистік  бағыттағы  жоғарғы  кҿркем  ҽдебиеттің, 
соның ішінде роман мен драма жанры ерекше табыстарға қол жеткізді.  
Бұл  шын  мҽнінде  жаңа  дҽуір  жеңісі  мен  тынысы  болатын,  Ғ.  Мүсірепов 
шығармашылықтағы  жаңа  жанрлардың  ҽр  түрлілігі  дҽстүрлі  жалғасын  таба  отырып, 
―жан  диалектикасынан‖,  ―іс-ҽрекет  диалектикасына‖,  ―тарих  диалектикасына‖  қарай 
бетбұрыс  жасады.  Шығармашылықтағы  ізденістер,  жаңа  ҽлем,  жаңа  адам  туралы 
прагматизм эстетикалық критерилерге қарай ойысты. 
1958  жылы  М.  Ҽуезов  былай  деп  жазды:  ―Қазақ  кҿркем  прозасы  революциядан 
бұрынғы  кезде  үлкен  дҽстүр  жетпегеніне  қарамастан  40  жыл  ішінде  анық  зор  ҿріске 
жетті.  Осы  аталған  санаулы  жылдар  ішінде  біздің  кҿркем  прозамыз  оқушысына  сан 
алуан  үлгі,  ҿрнектер  ҽкелді.  Бұл  қатарда:  терең  драмалық  құрылысы  бар  сюжетті 
қызықты  құрылған  немесе  психологиялық  ҽңгімелер  баяндайтын,  болмаса  тарихтық 
жағдайларды  баяндайтын  ҿмірбаяндық,  қызықты  оқиғалы  романдар  туды… 
Дүниежүзілік  ҽдебиеттің  барша  мҽдениеттік  дҽуіріне  сүйенетін  реалистік  прозаларда 
жасаған жазушылар‖ /1, 36/.  
ХХ ғасырда қазақ ҽдебиеті ұлттық рухани мҽдениеттің бір бҿлігі болып саналатын 
реалистік  жҽне  кҿркем  кҿп  жанрлы,  кҿп  құрамды  ҽдебиетке  айнала  отырып  үлкен 
табыстарға  қол  жеткізді.  Ҽрі  ҽлемдік  ҽдеби  процесске  де  ҿз  үлесін  қосты,  ҽдебиет 
жанрларының  барлық  саласындағы  Ғ.  Мүсіреповтің  ролін  айырықша  атап  ҿтуге 
болады.  
1930  жылдардан  бастап  Ғ.  Мүсірепов  ҽдебиеттің  нағыз  белсенді  қайраткеріне 
айналды,  Ж.  Аймауытов,  Г.  Жомартбаев,  С.  Кҿбеев  жҽне  басқа  прозаиктермен 
қатарласа  жазған  шығармашылық  ҽлемі  жаңа  тақырыпқа  жаңашыл  сипатымен 
ерекшеленеді. Жазушы бұл кезде жаңа ҿмір құрылысына ҿзі белсене ат салыса отырып, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
91 
Кеңес  үкіметі  мен    партияның  басқаруындағы  идеялар  мен  кҿзқарастарды  толық 
үгіттеуге  белсене  араласты,  сондықтан  да  шығармашылығын  кеңестік  дҽуірдің  кҿз 
алдында  ҿтіп  жатқан  шындығын  бейнелеуді  ҿз  суреттемесіне  арқау  етті.  Бұл  үрдіс 
романдарында, ҽсіресе шағын прозасында, ҽңгімелері мен очерктерінде айқын кҿрінеді.  
Адамдардың белсенді қызметі ҽлемді жаңартуға негізделді. Бұндай ҽңгімелерінің 
қатарына ―Тарландар‖, ―Талпақ танау‖, ―Қымызхана‖ сияқты туындыларын жатқызуға 
болады. Кҿркем ҽдебиеттің аты – кҿркем ҽдебиет. Кҿркем ҽдебиет ресми идеялогиямен 
конъюнктураға  толығымен  бағынбайды.  Қандайда  болмасын  идеялогиялық  бағыт-
бағдар  кеңес  дҽуірінің  шындығын  суреттеуді  талап  еткенмен,  автордың 
шығармаларында  бұл  талапқа  қатысы  жоқ  туындылар  да  жарық  кҿрді.  Бұл 
туындылардың  қатарына  Ғ.  Мүсіреповтің  ―Қыз  Жібек‖,  ―Қозы-Кҿрпеш  Баян  Сұлу‖ 
сияқты  пъесалары  ―Оянған  ҿлке‖,  ―Жат  қолында‖  романдарын,  ―Ұлпан‖  сияқты 
повестерімен қатар кҿптеген үлкенді-кішілі шығармаларын жатқызуға болады. 
ХХ  ғасырдың  І  жартысындағы  ҿнер  туындылары  жаңа  қоғам  құру  үшін  күресті 
халыққа  адамзаттың  жаңа  тарихи  кезеңі  ретінде  қабылдалар  қараңғылық  пен 
аласапыраннан  арылған  жаңа  ҽлемді  құру  міндетін  кҿздеді.  Бұл  үрдіс  ең  алдымен 
дҽуірлік  жағдаят  ҽрі  халық  пен  мемлекеттің  біртұтас  этикалық  ақиқат  уақтысымен 
ҽдебиетте  ҿз  кҿрінісін  тапты.  Осының  бҽрі  кеңес  ҽдебиетінің  барлық  кезеңіне  тҽн 
болып  келді.  Осы  мҽселеге  байланысты  қазақ  совет  ҽдебиетінде  шығармалар  жазыла 
бастады. Бұлардың қатарына Ғ. Мүсіреповтің ―Амангелді‖ пьесасын жатқызуға болады.  
Қоғамдық-экономикалық  жағдаяттар  ҽдебиет  пен  ҿнерді  түбегейлі  ҿзгерістерге 
түсіреді,  олардың  идеологиялық  ҽрі  эстетикалық  сипаты  үстемдік  құрған  идеологияға 
қызмет етеді.  
Кеңес  дҽуіріндегі  ҽдебиет  пен  ҿнерде  де  осы  картина  толығымен  кҿрініс  тапты. 
Барлығына  мҽлім,  кеңес  дҽуірінде  ҽдебиет  жартылай  ресми  түрде  партиямен 
мемлекеттің  идеялогиясының  бір  бҿлігі  ретінде  саналды  ҽрі  шын  мҽнінде  ҽдебиет 
мемлекеттің қызметшісіне айналды. 
Ғ.  Мүсірепов  шығармасында  ХХ  ғасырдағы  қазақ  ҽдебиетінің  барлық  белгілері 
қамтылған.  Қазақ  халқының  сан  ғасырлық  фольклорлық  дҽстүрі  жҽне  орыс,  европа 
ҽдебиетінің  үлгілері,  барлық  классикалық  ҽдебиет  жанрларының  драматургиямен 
байланысы қатарласа қамтыла отырып, орыс жҽне европа классиктерінің киносценарий 
мен  операларға  арналған  либреттолдарының  қазақша  аударылуы  да  жаңа  туындылар 
жазылуына үлкен ықпал етті.  
Ғ.  Мүсірепов  шығармаларындағы  жоғарғы  кҿркемдік  тақырып  деңгейлері,  ҿмір 
шындығынан туындаған шынайы болмыс кейде партиялық-мемлекеттік идеологиямен 
астаса  отырып  ҿмірді  суреттейді.  Шығармашылық  шындық  социалистік  реализм 
ҽдісімен де қатарласа  бейнеленеді: ҽдебиет ресми идеялогияның қаруы болғандықтан, 
ғылым  да  партияға  қызмет  етті.  Сондықтан  ҽдебиетшілер  жазушы  туындыларынан 
партияның мүддесін іздеуді ҿздеріне талап етті. Совет ҿмірін, еңбекшілердің бейнесін, 
социалистік қоғамда бақытты ҿмір сүрген жандардың коммунизмге ҿту сенімділігін де 
кҿрсететін шығармалар жазылуы керек болды. 
Ғ. Мүсіреповтің роман мен драма жанрларын зерттеу ол туралы білімді жетілдіру, 
сондай-ақ  этикалық  жанрлар  саласындағы  туындыларын  зерттеу  түйінді  тұжырымдар 
жасау ҽлі толық ашыла қойған жоқ. Роман жанрларын зерттеуге деген қызығушылық – 
ҿте  күрделі  ҽрі  кҿкейкесті.  Драматургия    жҽне  оның  поэтикасының  теориялық 
мҽселелері  соңғы  онжылдықтар  ішінде  елімізде  ҿтіп  жатқан  қоғамдық-мҽдени 
ҿзгерістерге  байланысты  ҽдебиет  теориясының  талаптарына  сай  жанр  мҽселесі, 
теориясы, нысаны роман мен драма біртұтас кҿркем туындының барлық формасының 
сипатын  жаңаша  ғылыми  зерделеуге  нысан  болып  отыр.  Бүгінгі  таңда  қазақ 
драматургиясының  жетістіктерін  жаңа  ізденіс  пен  аса  маңызды  ғылыми  кҿзқарас 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
92 
тұрғысынан  қарастыруды  талап  етеді.  Ҽрі  ҽдебиеттану  тұрғысынан  жаңаша  бағалану 
міндетін жүктейді. 
Соңғы  онжылдықта  еліміздің  тҽуелсіздік  алуы,  жаңа  мемлекет  құру,  ҿмірдің 
барлық  саласындағы  түбегейлі  ҿзгерістер.  Отанымыздың  ҿткен  тарихына,  халықтық 
мҽдениеттің  қайнар  бұлағына  үңілу,  сондай-ақ  эпикалық  дүниенің  барлығына 
қызығушылықты тудырады. Қоғамдағы үлкен ҿзгерістерден тарихи романдардың бағы 
жанады. Л.Н. Толстой ―как реакция художника не современность‖ деп бағалаған еді. 
Жаңа қоғам, мемлекет құрылысы, ҽлемдегі түрлі ҿзгерістер, ұлттық сана сезімнің 
ҽсері сҿзсіз жаңа тарихи жҽне ҽлеуметтік-философиялық романдардың тууына ерекше 
ықпал етеді. 
Ғ.  Мүсірепов  тұсында  совет  дҽуірінде  қазақ  ҽдебиеті  үшін  балаң  кез  еді,  қоғам 
адамнан  белсенді  де  іс-ҽрекеттерді  талап  еткен  болатын.  Сондықтан  бұл  кездері  адам 
рухани қызметке кҿп кҿңіл бҿле алмады, себебі адам материалдық жағынан ҿмір сүруі 
мүмкін  емес  еді.  Қоғамға  селқос  қарауға,  үміт  етушілік  совет  қоғамына  жат  қылық 
болып табылады. 
Ғ. Мүсірепов шығармаларының кейіпкерлері белсенді де батыл, ҿжет болып келді, 
ол тіпті ―капиталист‖ Игілік, революцияға атсалысқан Еркебұлан, ҿз Отанын қорғаушы 
Қайрош,  халық  қамқоршысы  батыр  Аманкелді...  Олар  ҿмірдің  талас-тартысында  ҿмір 
сүргендіктен белсенді де жігерлі еді, онсыз олардың ҿмірінің мағынасы болмаса керек. 
Ҿмірдің қат-қабат тартысындағы қайнаған ҿмір, ҽлемдегі оқиғалар тартысын халықтық 
масштабтағы  деңгейде  оларға  да  зор  ықпал  етті.  Ҽрине,  бұл  кейіпкерлер  бір-бірімен 
ұқсас  та  емес,  бірақ  ҽрқайсысы  автордың  ҽр  шығармасының  орталық  кейіпкері  бола 
отырып, ҽлемді ҿзгертуге ҿз тарапынан саналы түрде ат салысады.  
Міне,  Қайроштың  ҿмірін  алып  қаралық.  Оның  балалық  шағынан  есейген  ҿмірі 
күнделікті тұрмыстан басталады. Қайрош ҿмірі ҽлемдік ҽдебиет пен қазақ ҽдебиетінде 
бар  жеке  тұлғаның  қалыптасып  ҿсуін  кҿрсетуге  арналады.  Бұл  тек  адамның 
қалыптасып  есеюі  ғана  емес,  белсенді  азамат  ретінде  ҿсуі,  ҽр  кезеңде  Қайроштың 
ҿсуінің  ҿзіндік  қыр-сыры,  сенімділіктен  ҿмірге  аяқ  басуы  аса  маңызды  күйде 
суреттеледі. Қайроштың ірі адами тұлғаға айналуындағы ҽрбір кезең, ҽрбір іс-ҽрекет – 
бұл  кейіпкердің ҿз тағдыры үшін күресі,  ҿсіп жету жолындағы шынығуы, нағыз адам 
болып  қалыптасудағы  бітім-болмысы.  Романның  алғашқы  бетінен-ақ  батыл  бала 
Қайрошты  кҿреміз,  қорқыныш  пен  абыржып  сасқан  ол  ҿзі  үшін  күреседі,  сол  үшін 
ауылдан  қалаға  жаңа  ҿмір  үшін  қашып  келеді.  Сырттай  қарағанда  бұзаудың  жоғалуы 
қамауға себепкер болғанымен, негізгі себеп – Қарамұртты председатель Ащығали. Бұл 
туралы  Қайрош  былай  дейді.  ―Мүмкін  менің  алдымда  сағым  теңізіндей  құлпырып, 
алыстан  қол  бұлғап  жаңа  бір  ҿмір  жатқан  шығар.  Мүмкін,  шарасы  шайқалмаған  ескі 
ауылдың  ескі  ҿміріне  қанағат  етпеген  бала  ойы  осындай  бір  себепті  бұрыннан  іздеп 
жүрген шығар... О да мүмкін, бұл да мүмкін... Ҽйтеуір, қалаға қарай сызып келемін‖ /5, 
131/. 
Қайроштың  сҿзінен  біз  ҿз  ауылына  үстемдік  жүргізген  Қарамұртты  бейнені 
кҿреміз.  Бұзауды  жоғалтқан  Қайрош  жазадан  ғана  қашып  келе  жатқан  жоқ,  ол 
жетімдіктен,  ҽділетсіздіктен,  жетімдік  ҿмірінен  қашып  келе  жатыр.  Бұл  қашу  – 
Қарамұрттыға кҿрсетілген кек. Осы кҿріністен-ақ ескі мен жаңа тартысы, жас пен егде 
айқасы, таза бала жалшының қатыгез үлкенге деген ниеті байқалады. ―Қазақ солдаты‖ 
романы  балалық  шақтан  басталған  есейген  жанның  ҿмірлік  жолын  ҽңгімелейді,  ол 
қалай  отырып,  ҿз  қадірін  арттырады,  бұл  ҽрине  фольклорлық  дҽстүрге  ден  қою  деген 
сҿз емес. Керісінше, бұл жерде романның эпикалық табиғаты ашыла түседі. Бұл деген 
бір  жағынан  романның  эпикалық  мҽнін  бекіту,  орнықтыру  сияқты.  Бұл  үрдісті  қазақ 
романының  соның  ішінде  М.  Ҽуезовтің  ―Абай  жолы‖  эпопеясын  қоса  есептегенде 
кездестіруге болады. Роман ҿзінің ерекше белгілерін жоғалтпайды, қайта ол эпикалық 
масштабын кеңейте түседі.  Ғ.Мүсірепов  экстремальды ситуацияларды кҿп қолданады.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
93 
Ғ.  Мүсірепов  ҿз  кейіпкерлерін  ҽр  уақытта  ҿзгеше  жағдайларға  тап  келтіреді.  Ҽр 
түрлі  қиын-қыстау жағдаяттардан шыға білетін ҿз жолын таба білетін жандар ретінде 
суреттейді  (―Екі  тарлан‖,  Еркебұлан,  аналар  ...).  Сҿзсіз,  кейіпкерлердің  белсенділігі, 
батылдығы  іс-ҽрекеті  романның  композициясымен  сюжет  құру  ерекшелігімен 
бейнелілік  пен  ырғақ  т.б.  барлық  жанр  поэтикасымен  сҽйкес  келіп  отырады.  Сюжет 
идеяны ашуға тырысады. Сондықтан кейіпкерлерді тосын жағдайларға тап келтіреді де 
олар барлық күш-жігерін, білімін соған арнауға тура келтіріп іс-ҽрекеттерге барғызады. 
Мына  пікір  осының  айғағы:  ―сводит  и  сталкивает  его  с  другими  людьми  при 
необычных  и  неожиданных  обстоятельствах  именно  в  целях  испытания  идеи  и 
человека идеи, то есть ―человека в человеке‖ /6, 177/. 
Аса  шебер  лирик  Ғ.  Мүсірепов  ҿз  кейіпкерлерінің  рухани  бітім-болмысының 
мҽнін  ашуда  олардың  шындыққа  қатысымен,  Отан  жҽне  халыққа  адами  қарым 
қатынасымен  айқындап  отырады.  Егер  ―Оянған  ҿлке‖  қазақ  даласындағы  ҿзгерістерді 
кҿрсетсе,  ―Қазақ  солдатындағы‖  кейіпкерлер  Отан  азаттығы  үшін  майдан  даласында, 
Отан алдындағы борышын таза ҿтеу сезімімен кҿрінеді. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
  1 Ауезов М. Мысли разных лет. – А-Ата, 1961. 
2 Мусрепов Г. Автобиографический рассказ // Г.М. Рассказы разных лет.–А-Ата, 1979. 
3  История  казахской  литературы.  В  3-х  т.  –  А-Ата,  1971.  –  Т.  3.  (Глава  ―Габит 
Мусрепов‖. Автор Адибаев Х.) 
4 Мүсірепов Ғ. Шығармалар жинағы. 5 томдық. – А., 1976. – 5 Т. 
5 Бахтин М. Проблемы поэтики Достоевского. – М., 1972. 
6 Толстой Л.Н. Толстой о литературе. – М., 1955. 
 
РЕЗЮМЕ 
Статья  посвящена  рассмотрению  художественного  мастерства  Г.  Мусрепова  и 
основные аспекты его драматургии. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  Ғ.  Мүсірепов  шығармалары  мен  драматургиясының  кҿркемдік 
ерекшелігі қарастырылады. 
Каталог: images -> arhiv -> 2010
2010 -> Психологические аспекты стрессоров
arhiv -> Вестник казахского государственного женского педагогического университета
arhiv -> К вопросу о взаимосвязи учебного и внеучебного процессов в начальной школе
arhiv -> Дошкольное и начальное образование
arhiv -> ОҚыту әдістемесі
arhiv -> Жиырма жылға аяқ басты. Еліміз егемендік алып, болашаққа сенімді қадам жасағалы ӛмірімізде қаншама жарқын жаңалықтар болды
arhiv -> Н. Д. Левитов агрессивті кҥйлердің танымдық, эмоциялық және ерікті компоненттерін
arhiv -> Вестник казахского государственного женского педагогического университета
2010 -> Хабаршысы №4(5), 2010

жүктеу 5.05 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет