Одан бір нҽрсе туралы білу үшін сҿйлеседі. Сондықтан сҿйлеу айналадағы заттар, құбылыстар, адам ҿміріндегі ҽрекет, тіршілік, ҿндіріс туралы болады. Мысалы: Бұйрат


АКАДЕМИК С. ҚАСҚАБАСОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГТІК МЕКТЕБІ



жүктеу 5.05 Kb.
Pdf просмотр
бет10/21
Дата27.04.2017
өлшемі5.05 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

АКАДЕМИК С. ҚАСҚАБАСОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГТІК МЕКТЕБІ 
 
Пірҽлиева Г.Ж. – ф.ғ.д., профессор (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
ҚР  ҰҒА  -ның  академигі,  Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты,  Ш.  Уәлиханов 
атындағы сыйлықтың иегері, ф.ғ.д., профессор, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және 
ӛнер  институтының  директоры,  кӛрнекті  фольклортанушы  ғалым  Сейіт  Асқарұлы 
Қасқабасовтың  ғылыми  мектебі,  педагогтық  қыры  жӛнінде  әңгіме  әзірге  қозғала 
қойған жоқ. Бүгінгі әңгіме ғалымның осы қыры жайында болмақ. 
Табиғатынан  талапты,  ізденімпаз,  ҽрдайым  білсем  деген  құштарлықтың 
құшағында  жүретін  Сейіт  Асқарұлы  студент  шағынан  бастап  ғылыми  жұмыстарға 
белсене  атсалысты.  Қазақтың  тұңғыш  білім  ордасы  саналған  Абай  атындағы  Қазақ 
педагогикалық  институтының  (қазіргі  Қазақ  ұлттық  университеті)  тарих-филология 
факультетінде жүріп, фольклортанушы ғалым Н.С. Смирнова жетекшілік ететін халық 
арасындағы  кҿне  ҽдеби  мұралаларды  жинау,  зерттеумен  айналысатын  ғылыми  ортаға 
түскен  ізденімпаз  жас  халық  ауыз  ҽдебиетіне  мамандана  бастайды.  Ұстаздарының 
тҽлімгерлік-педагогтік  қасиетін  жанында  жүріп,  тоқи  білген  ол  есейе  ҿзі  де  ғылыми 
жұмыстармен  бірге  жастарды  білімге,  ғылымға  баулуды  басты  мақсаты  деп  білді. 
Ұстазы  Н.С.  Смирновамен  бірге  бірнеше  ғылыми  мақалалар  жазып,қазақтың  халық 
ауыз  ҽдебиетінің  тарихына,  теориясына,  ҽсіресе  бұрындары  зерттелінбей  жатқан 
прозалық ертегі жанрының ерекшеліктері мен кҿркемдік ҽлеміне терең мҽн беріп, осы 
тақырып тҿңірегінде тынымсыз ізденеді. Алғашқы мақаласын 5 курста жазып, арнайы 
журналда  жариялаған  жас  тынымсыз  талпынудың    нҽтижесінде  1964  жылы  М.О. 
Ҽуезов  атындағы  Ҽдебиет  жҽне  ҿнер  институтының  аспирантурасына  қабылданады. 
Оны үздік бітіріп,  қазақтың қиял-ғажайып ертегілерін зерттеп, 1969 жылы  «Казахская 
волшебная  сказка»  деген  тақырыпта  кандидаттық  диссертация  қорғайды.1989  жылы 
М.В.  Ломоносов  атындағы  Москва  мемлекеттік  университетінде  «Жанры  казахской 
народной (несказочной) прозы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғайды. 
Осыдан  соң-ақ,  ғалымның  фольклортанушы  ғана  емес  бүкіл  қазақ  ҽдебиетінің 
кҿкейкесті  мҽселелеріне  қатысты  құнды  ғылыми  тұжырымдары  мен  теориялық 
еңбектері  ҽдеби-ғылыми  ортада  жылы  қабылданып  жатты.  Осы  ретте  оның  айтылмай 
жүрген  қыры-  қазақ  фольклортану  ғылымында  осы  күнге  дейін  қалыптастырып 
үлгерген 
ғылыми 
мектебі 
мен 
студент 
жастардан 
бастап 
ізденуші 
магистранттарға,аспиранттарға  жүйелі  түрде  арнайы  мақсатпен  дҽріс  оқуы  жҽне 
бірнеше  кандидаттық,  докторлық  диссертацияларға  жетекшілік  жасауы  дер  едік. 
Сондай-ақ,  талай  талапты  жастардың  ғылымдағы  тұсауын  кесіп,  ірі  ғылыми  жолға 
бағыттап  отыруы  нағыз  ұстазға  тҽн  қадірлі  қасиет.  Кҿптеген  шҽкірт  тҽрбиелеген 
ұлағатты  ұстаз  С.  Қасқабасовтың  дҽрісін  ізденушілері-шалқар  шабыттың 
шығармашылық  кҿрінісі,терең  теориялық  білімнің  қайнары,  ҽлемдік  деңгейдегі 
ғылыми  ақпараттың  ағыны  деп  есептейді.  Кезінде  Ресейдегі  М.  Горький  атындағы 
Ҽлем  ҽдебиеті  институтының  студенті  ҽрі  тыңдаушысы,    үлкен  білім  ордасының 
талантты түлегі – бүгінде сол ҽлемдік деңгейдегі ірі  мектептің білгір маманы ретінде 
ҽлі  күнге  дейін  түрлі  ғылыми-теориялық  мҽселелерді  шешуге  белсене  атсалысып 
келеді. Талантты ғалым С. Қасқабасовтың ҿз білгенін бҽсекеге бейім бүгінгі  жастарға 
үйретуге,  ол  үшін  ҿзінің  уақыты  мен  күш-жігерін  аямайтын    адал  ұстаздық  қасиеті 
қашанда  құрметке  ие.Оның  ҽмбебаптық  білімі,  қоғамдық  ғылымдар  саласындағы 
жүйелі  білімі,  ҿз  мамандығы  мен  шҽкірттеріне  деген  адалдығы  кімді  де  сүйсінтеді. 
Ғылымға  келген  күннен  бастап  республикамыздың  бірнеше  ЖОО-да  ұстаздық  еткен 
профессор  С.  Қасқабасов  фольклортанушы,  ҽдебиеттанушы  ретінде  шҽкірттердің 
бірнеше буындарын тҽрбиелеп шығарды. Оларға қазақ фольклористикасынан арнаулы 
курс  бойынша  дҽріс  оқыды.Оның  ҽрбір  сабағы  тың  ғылыми  жаңалықтарға  толы,  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
78 
теориялық  білімге  бай,  құнды  ҽдеби-ғылыми  мҽліметтерге  мол  болып,  шҽкірттерін 
үнемі  шабыттандырып,  тыңдаушыларының  ізденуге  деген  құштарлықтарын  арттырып 
отырды.  Ұстаздың  ҿзіне  тҽн  ҽдістемелік-педагогикалық  тҽсілдері  болды.  Ол  ең 
біріншіден,  шҽкірттерінен  тҽртіпті,  сабаққа  уақтысында  келуді,  кешікпеуді, 
тапсырманы мүлтіксіз ҽрі шығармашылықпен орындауды талап етті. Тҽртіп бар жерде 
ғана 
табыс 
бар 
екендігін 
ескертуді 
ұмытпайтын. 
Сонсын, 
таңдаған 
мамандығына,ғылымға  адал  болмай  ешқандай  жұмыстың  жемісі  болмайтындығын 
бірінші  күннен  талап  ететін-ді.  Ҿз  пҽніне,  шҽкірттеріне  деген  адалдық  пен  тынымсыз 
іздену, талап қоюшылық  ұстазды да талай табыстарға жетелеп, абыройға бҿледі. 
Шҽкірт  тҽрбиелеуді,  ұлтты,  оның  жас  ұрпағын,  ҽсіресе  жас  ғалымдарды,  қазақ 
ғылымын  тҽрбиелеу  деп  ұққан  ұстаз  мұғалімдік  мамандықты  мемлекеттік  міндет,  ҿз 
елінің  алдындағы  перзенттік  парызы  деп  ұқты.  Сондықтан  мемлекетіміздің  ертеңін, 
еліміздің  болашақ  мамандарын,  мемлекет  қызметкерлерін  даярлаудағы  міндетін 
абыроймен атқаруды жҿн деп ұқты. 
Осы орайда мына бір ҽңгіме еске оралады. Бір ҽмірші Ҽбу Насыр ҽл-Фарабиден: 
«Менің мемлекетімнің ертеңі туралы не айтар едің?» – деп сұрапты. Сонда ҽл-Фараби: 
«Сен маған ҿзіңнің жастарыңды кҿрсет, сонда мемлекетіңнің болашағын барлау қиынға 
соқпайды»,  –  деген  екен.  Ұлы  данышпан  бабамыз  айтқандай  қай  кезеңде  де 
болашақтың  қожасы  жастар  болған.  Не  шықса  да,солардан  шығатынын  жақсы  ұққан 
ұстаз С.Қасқабасов, ҽсіресе ауылдан келген бойларында ұлттық рухтары бар, халықтың 
ауыз ҽдебиетін, сҿз ҿнерін ана сүті арқылы еміп, емін-еркін игеріп келген қара домалақ 
қазақтың қыздары мен балаларын баулуды мұрат тұтты. Сол мақсатта еңбек етті. Еңбек 
жеміссіз  емес  екендігін  бүгінде  ғылымда  жүрген  шҽкірттер  шоғының  кҿптігі 
дҽлелдейді. 
Шексіз  үміт  пен  үлкен    идеялармен  қанаттанған  қайраты  мол,  екпіні  қатты  жас 
толқын  қашанда  тоғышарлық  пен  бойкүйездікке  бой  алдырмағаны  белгілі.  Сергек  те 
сезімталдық  қасиетті  бойларына  дарытқан  жастар  ҿздеріне  жүктелген  қасиетті 
міндеттің ауырлығын, жауапкершілігін ешқашан естерінен шығармаған. Сондықтан да 
ұлттық  мҽселелердің  ҿздерінсіз  ҿз  шешімін  таппайтынына  сенімді  жастар  қай  салада 
болсын кҿшбасында болуды мұрат тұтады.  
Халқымыздың  тарихында  да,  кешегі  желтоқсан  оқиғасында  да  кҿш  бастап, 
ұлттық  мҽселе  жолында  ҿздерін  құрбандыққа  шалған  жас  ұрпақ  ҿкілдері 
С.Қасқабасовтың  күнделікті  кҿз  алдында  ҿсіп,  мемлекетіміздің  ҿркендеуіне  ҿз 
үлестерін қосып келеді. 
Сондай  ертеңгі  ҿмірге  деген  іңкҽр  сезімдері  мен  үкілі  үміттері  мол,    кеше  ғана 
ауылдық мектептерді бітіріп,арман арқалап, Алматыдағы қазақтың мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университетінің филология факультетіне оқуға түскен жауқазын қыздар 
тҿрт жылдың ішінде тым тҽуір білім алып, мемлекетіміздің ертеңін елестете алатындай 
ҽсерге  бҿлейді.  Ауылдан  білім  аңсап,  бүкіл  күш-жігерін  соған  жұмсаған  қыздардың 
арасында  жоғары  оқу  орны  талап  ететін  бакалаврлық  біліммен  қатар  ғылыми 
жұмыстарға  да  белсене  атсалысып,  мерзімді  баспасҿздерге  зерттеу  жұмыстары 
жарияланып  жүргендері  де  баршылық.  Міне,  осы  арада  жастарды  ғылыми  жұмысқа 
баули  білетін,  олардың  ізденіске  деген  құштарлығын  оята  білу  де  ілудегі  бір   
ұстаздардың  ғана  қолынан  келетін  қасиет.  Біз  білетін  ұстаздардың  ішінде  осы  қасиет 
дарыған, ҿзінің табиғатында тҽлімгерлік таланты бар кісінің бірі де  – Сейіт Асқарұлы 
Қасқабасов.  
Ҿзінің  ғылыми  ірі  жобалық  жұмыстарына  қоса  педагогикалық  қызметті  үнемі 
қоса алып жүретін ҚР ҰҒА-ның академигі, ұлттық фольклортану ғылымының докторы, 
профессор Сейіт Қасқабасов қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 
бірнеше  жылдар  бойы  магистранттар  мен  аспиранттарға  жүйелі  түрде  фольклортану 
ғылымынан дҽріс жүргізді. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
79 
«Ҽдебиеттану мен фольклортанудың ҿзекті мҽселелері», Фольклордың теориясы 
мен тарихылығы» т.б  сынды пҽндерді  жүргізген ол шҽкірттеріне ҿте қатал, талапшыл 
болды.  Ҿзіне  белгіленген  уақыттан  тыс  та  ақыл-кеңестер  беріп,  үнемі  жазған 
конспектілерін  ерінбей  қадағалап,  тексеріп,  қалай  жазу  керек,  нені  назарға  алу  керек, 
ҽдебиеттерді  қалай  екшеп,  талғаммен  танып  алу  керек,  кімдерді  оқу  керек,  ғылымды 
қалай жүйелеп, қалай жазу керек т.б. деген сияқты таусылмайтын сауалдарға сағаттап 
студенттермен  бірге  жауап  іздейтін  ұстаз  ҿзінің  де  тынымсыз  ізденімпаз  зерттеуші 
екендігін  аңғартты.  Жҽне  ғылымға  келген  адамның  адал,  адами  қасиетінің  жоғары 
болуын,  да  қатаң  қадағалап,  ізденушілерден  талап  ете  білді.  Білім  жолына  түскен 
жастың  бірінші  күннен  күнделікті  күйбең  тіршіліктен  биік  болуын,  пайданы  емес, 
парасаттылықты  пайымдау  керектігін  жҽне  оларға  «бұл  дүние  мен  ол  дүниенің 
жақсылығы  –ғылымда,  бұл  дүние  мен  о  дүниенің  жамандығы-надандықта»  екендігін 
үнемі ескертіп отырды. Ағаштың ҿсіп-жетілгенін бұтақтағы жемісіне қарай бағаласақ, 
жастардың, жалпы адам баласының басына қонған бақыттың тұрақты болуы да жақсы 
мінез  бен  терең  білімге  байланысты  екендігін  үнемі  ҿзіне  мұрат  тұтқан  ғалым 
шҽкірттеріне де осы уағызды насихаттап отыруды міндеті санаған сыңайлы..    
Жапонияда ҽр ұстаз шҽкіртімен 3-4 сағат бойы үзіліссіз жұмыс жасайды екен. Тап 
сол  ҽдіспен  жұмыс  жүргізетін  кҿрнекті  ғалым  Сейіт  Асқарұлының  кҿп  шҽкірттері 
бүгінде  фольклортану  ғылымының  кандидаттары.  2006-2008  жылдардағы  институт 
магистранттары  Гүлнұр  Бейсенбаева,  Назым  Салихараева  т.б  ұстаздарының  ҿте 
жауапкершілігіне,  талапшылдығына    дҽн  риза  екендіктерін  үнемі  айтып  отырады.  Біз 
бұл  мазмұндағы  ҽңгімені  кҿрнекті  ғалымның  ҿз  ізденушілерінен  де,  М.  Ҽуезов 
атындағы 
Ҽдебиет 
жҽне 
ҿнер 
институтындағы 
фольклортану 
бҿлімінің 
қызметкерлерінен, сол кісінің жетекшілігімен қорғаған шҽкірттерінен, бірге қызметтес 
болған  ҽріптестерінен  де  естиміз.  Қалай  болған  да  да  талап  барда,  жастардың 
келешегіне деген жауапкершілік бар жерде жұмыстың жемісті  жүргізілері хақ.  
Қазіргі  қазақ  фольклортану  ғылымының  дамуы  мен  зерттелуі,  ұлттық 
фольклортанушы  ғалымдардың  мектебін  қалыптастыру  мҽселесі  де  ұлағатты  ұстаз 
С.Қасқабасовтың  есімімен  тығыз  байланысты.  Ҿйткені,  тҿл  тарихымыздың  ҽр  түрлі 
кезеңдеріндегі  сҿз  ҿнерін  гуманитарлық  ғылымдардың  басқа  салаларымен 
сабақтастыра  зерттеуге  зер  салған  ғалымның  ғылыми-теориялық  еңбектерін  бүгінде 
барлық  жоғары  оқу  орындарында  арнаулы  пҽн  оқулықтары  ретінде  пайдаланады. 
Ғылыми еңбектің нҽтижелілігінің ҿзі   - оны мектеп жҽне ЖОО орындарында арнаулы 
кҽсіби  мамандардың  күнделікті  қажеттілігіне,яғни  оқу  құралына  айналдырып,  рухани 
айналымына ендіру емес пе? 
 Осы  ретте  ғалымның  ғылыми  ізденістерінің  тереңдігін  танытатын  ірі 
монографиялық зерттеулері мен ұлттық фольклортану ғылымының күрделі теориялық 
мҽселелеріне  арналған  еңбектері  педагогика  саласына  да  сүбелі  үлес  қосып  келеді. 
Ортағасырлық  ҽдебиет  тарихы  бойынша  маманданған  ғалымның  ұлттық  сҿз  ҿнерінің, 
оның ішінде халық ауыз ҽдебиеті мен фольклортану ғылымының теориясы мен тарихы, 
оның сан алуан ғылыми бағыттары мен кҿркемдік категорияларын қарастырған 300-ден 
астам  ғылыми  зерттеулері  жарық  кҿрген.  Сондай-ақ,  фольклор,  ҽдебиет  жҽне  ҿнер 
мҽселелері  жҿніндегі  10-нан  астам  монографиялық  еңбектің,  атап  айтар  болсақ,  2000 
жылы  екі  томдық  «Золотая  жила»  атты  еңбегі,  2002  жылы  «Жаназық»,  2008  жылы 
«Елзерде», 2009 жылы «Ой ҿріс» т.б. зерттеулері жарық кҿріп, ҽдебиет сүйер қауымның 
сүйіспеншілігіне  бҿленді.  Ҽсіресе,  республикамыздағы  ЖОО-дағы  филология 
факультеттерінің  пҽн  оқытушылары  мен  студенттерінің  оқу  құралдарына  айналғаны 
анық. Зерттеушінің ұлттық құндылықтарды зерттеп, насихаттаудағы ұзақ жылғы еңбегі 
мен  халқымыздың  мүддесі  жолындағы  табанды  да  адал  қызметі  жоғары  бағаланып, 
мемлекет тарапынан арнайы сыйлықтарға ие болды. Атап айтар болсақ,  «Қазақ халық 
прозасы»  монографиясы  үшін  1986  жылы  Ш.Ш.Уҽлиханов  атындағы  ҚР  ҰҒА 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
80 
сыйлығына,  ал  1992  жылы  «Казахская  несказочная  проза»  монографиясы  үшін  ҚР 
Мемлекеттік  сыйлығына  ие  болса,  1996  жылы  Жамбыл  атындағы,  2003  жылы 
Махамбет атындағы сыйлықтардың лауреаты атанды.  
Ұлттық  ҽдебиеттану  ғылымында  қазақ  халқының  бүкіл  прозалық  фольклорын, 
оның  туу,  қалыптасу,  даму  кезеңдерін  айқындап,  жанрлық  ерекшеліктері  мен 
поэтикалық  ҽлемін  ұзақ  жылдар  бойы  зерттеп,  мамандығы  мен  тақырыбына  деген 
адалдығын таныта білген зерттеуші-ұстаз ҿз білгендерін үнемі шҽкірттеріне үйретуден 
жалықпаған.  Ҿзінің  ғылыми  идеяларын  жүзеге  асыру  мақсатында  шҽкірттерін  жүйелі 
ғылыми  бағыттар  бойынша  тҽрбиелеп,  прозалық  фольклордың  алғашқы  қауымдағы 
мифтерінен бастап, оның барлық кҿркем жанрларының кҿркемдік ҽлемінің қырларын, 
фольклортанудың  бұрындары  зерттелмей  келген  кезеңдерін  т.б  ізденушілеріне 
тақырып  етіп  бере  отырып,  үлкен  ғылыми  мектеп  қалыптастыра  білді.  Оның  нақты 
дҽлелі  ретінде  ғалымның  ғылыми  жетекшілігімен  фольклортану,  мҽтінтану, 
ҽдебиеттану  жҽне  ҿнертанудың  кҿкейтесті  мҽселелері  бойынша  11  докторлық,  25 
кандидаттық диссертация қорғалғандығын атап айтуға болады. Бірнеше жылдар бойы 
Қазақстан Республикасы Білім жҽне ғылым министрлігі Ғылым комитеті М.О. Ҽуезов 
атындағы Ҽдебиет институты жанындағы филология ғылымдарының докторы ғылыми 
дҽрежесін  беру  жҿніндегі  Д.53.34.01  Диссертациялық  кеңестің  тҿрағасы  ретінде  де 
республикамыздың 
барлық 
ЖОО 
орындарына 
ҽдебиеттану, 
фольклортану, 
салыстырмалы  ҽдебиет,  қазақ  ҽдебиеті  т.б  мамандықтары  бойынша  кандидаттар  мен 
докторлар дайындап келеді.  
Академик  С.  Қасқабасов  жетекшілігімен  тҽуелсіз  еліміздің  ҽдеби-мҽдени 
мұралары  қайта  зерттеліп,  10  томдық  кҿлемде  «Қазақ  ҽдебиетінің  тарихы»  жазылып, 
жарияланды. Осы он томдық тарихтың С. Қасқабасовтың тікелей жетекшілігімен 1 том 
жазылды.  Онда  қазақ  фольклорының  тарихы  мен  теориясы  жаңаша  пайымдалды, 
жаңаша зерттелді. 
Республикамыз  ғана  емес  шет  елдерге  де  белгілі  фольклортанушы-ғалым 
С.Қасқабасовтың  фольклор,  ҽдебиет,  ҿнер,  этнография,  мҽтінтану,  аударма  жҽне 
лексикография т.б. салаларындағы сүбелі еңбектері студент қауымына да жақсы таныс. 
Фольклортанушы  ғалым  еліміздің  жалпы  білім  беретін  мектептері  мен  жоғары 
оқу  орындарында  да  еңбек  етіп,  бүгінгі  мемлекетіміз  міндет  етіп  отырған  нарықтық 
заманның бҽсекеге бейім, ҽлемдік білім деңгейін меңгерген, зиялы ұлт қалыптастыруға 
да  ҿз  үлесін  қосып  келеді.  Айталық,  кҿрнекті  ғалым  С.Қасқабасов  бірнеше  жылдар 
бойы  ҽл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті  мен  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 
педагогикалық  университетінің  студенттеріне  қазақ  фольклорынан  дҽрістер  оқып, 
практикалық сабақтар, арнайы семинарлар ҿткізеді.       
Мемлекеттің  ертеңі  болар  жастарға  деген  қамқорлықты  білікті  басшы  ҽрі  білгір 
ғалым  С.Қасқабасов  рухани  құндылықтарды  насихаттайтын  халқымыздың  ҽдеби, 
мҽдени мұралары жҿнінде жазылған ғылыми зерттеулерді ЖОО–ның кітапхана қорына 
сыйға  тарту  арқылы  да  танытып  отырады.  Оған  2009  жылы  М.Ҽуезов  атындағы 
Ҽдебиет  жҽне  ҿнер  институты  кітапханасының  қорынан  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 
педагогикалық  университеттің  кітапхана  қорына  200-ге  жуық  кітап  сыйлап,қол  ұшын 
беруі дҽлел бола алады. 
Сондай-ақ  жоғары  оқу  орындарымен  тығыз  шығармашылық  бірлікте  жұмыс 
жүргізетін  басшы  2008  жылы  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  институтта 
ширек  ғасыр  бойы  ұстаздық  еткен  аса  кҿрнекті  ғалым,  ҚР  ҰҒА-ның  академигі,  қазақ 
ҽдебиеттануындағы  ҿлеңтану  саласының  негізін  салушылардың  бірі  Зҽки  Ахметовтің 
80  жылдық  мерей  тойын  осы  ұжымымен  біріге  отырып,  жоғары    деңгейде  ҿтуіне    ҿз 
үлесін қосты.  
Ал,  2007  жылы  осы  университет  пен  С.  Демирел  атындағы  университет  бірігіп 
ҿткізген  «Ҽлемдік  рухани  құндылықтар  жҽне  қазіргі  қазақ  ҽдебиетінің  ҿзекті 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
81 
мҽселелері»  атты  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференцияның  пленарлық 
мҽжілісінде  «Мҽдени  мұраны  зерттеу  мҽселесі»  деген  тақырыпта  мазмұнды  баяндама 
жасап, ҿзіміздің ұлттық тарихи-мҽдени құндылықтарымызды жинап, жүйелеп жазудағы 
жеткен  жетістіктеріміз  жайлы  шет  елден  келген  ғалымдарға  аса  құнды  ғылыми 
мҽліметтер берді. Бұл университет ұжымы мен ұстаздар қауымы жҽне студенттер үшін 
біздің  ұлттық  құндылықтарымызды  насихаттаудағы,  оларды  ғылыми-теориялық 
тұрғыдан  қорытып,  тҽжірибелік  негізде  игерудегі  игі  дҽстүрімізді  танытудағы 
танымдық, тағлымдық, тҽрбиелік игі істер болғаны белгілі.    
Міне, осындай ҽлемдік, халықаралық ғылыми форумдарда қазақтың сҿз ҿнерінің 
теориялық 
жҽне 
оқу-ҽдістемелік 
мҽселелерін 
ғылыми 
тұрғыдан 
кҿтеріп,  
республикамыздағы ЖОО-на үнемі кҿмегін кҿрсетіп, қол ұшын беріп жүретін елгезек, 
ұлт  мүддесі  жолында  ерінбей  еңбек  ететін  кҿрнекті  ғалым  Сейіт  Асқарұлының 
педагогикалық қырын арнайы атап ҿтуді жҿн санадық. 
Қай  салада  жүрсе  де  сол  ортаның  ғылыми-педагогтік  ҽлеуетін  кҿтеруге  үлкен 
үлес қосып жүрген академик С.А. Қасқабасов бүгінде 70 жасқа толып отыр. Ғылыми-
педагогтык  қызметіне  40  жылдан  астам  уақыт  болған  кҿрнекті  ғалым,  білікті  басшы, 
білгір ұстаздың ҽлі де жастар арасындағы ҽдістемелік, зерттеулік, ғылыми жұмыстары 
жүйелі түрде жүріп, жемісін беретініне сеніміміз мол.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада кҿрнекті ғалым, білікті басшы, білгір ұстаз академик С.Қасқабасовтың 
ҽдебиеттану ғылымына сіңірген еңбегі сараланып, ұстаздық мектебінің тҽлім-тҽрбиелік 
қыры сҿз етіледі. 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматривается роль выдающзегося ученого, известного руководителя, 
профессионального  учителя  академика  С.  Каскабасова,  говорится  о  воспитательной 
грани его школы. 
 
 
 
 
ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ БАТЫРДЫҢ ТҮС КӨРУ АРҚЫЛЫ ЖАР ІЗДЕУ 
МОТИВІ 
 
Нұрақыш Н. – аға оқытушы(Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Дастандардағы түс кҿру мотиві – бас кейіпкердің іс-ҽрекетінің негізі. Сол түсінде 
кҿргенді іске асыру үшін қиын сапарға жол шегіп, небір қиындықты басынан кешіреді. 
Ҿйткені, «Түс кҿру мотиві бүкіл ҽлем халықтарына тҽн жҽне оның атқаратын қызметі 
ҽр  қилы,  алдағаны  болжау  кейіпкерді  сақтандыру,  кейіпкерге  кҿмек  беру,  адамдарды 
белгілі іс-ҽрекетке шақыру», – дейді зерттеуінде Ыбыраев Ш. /1, 151/.  
Ҽсіресе, «Қобыланды», «Алпамыс», «Қыз Жібек», «Қозы Кҿрпеш-Баян сұлу» т.б. 
туындыларындағы түс кҿру сарынының алатын орны ерекше. 
Халық сенiмiнде түс кҿру үлкен орын алатынын аңғарамыз. Алдағы оқиғаны, адам 
тағдырын  кҿрген  түс  арқылы  болжап  бiлуге  болады  деген  сенiм  мифтiк  танымнан 
туындаған.  
Романдық  эпостың  оқиғалық,  құрылыстық  бітіміндегі  ортақ,  ұқсас  тағы  бір 
ерекшелік бұл кейіпкердің психологиялық жағдайы, яғни қалыңдығының іздеп табуына 
ең  біріншіден,  ҽке-шешесінің  қарсы  тұрып,  бҿгет  жасауы,  одан  сапар  шеккенде 
кездесетін  қиыншылықтары  (бал  ашу,  теріс  бата,  түс  кҿру  т.б.).  Осыған  орай 
Г.Пірҽлиеваның  «Кҿркем  прозадағы  психологизмнің  кейбір  мҽселелері»  (Түс  кҿру, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
82 
бейвербалды  ишараттар,  заттық  ҽлем)  атты  докторлық  диссертациясындағы  қазақ 
эпосының  түс  кҿру,  аян  беру  мҽселелері:  «Белгілі  бір  қауып-қатерден  хабар  беретін 
аруақты бабалардың Аян беру түстері мен одан кейінгі кейіпкер кҿңілін нілдей бұзатын 
психологиялық жағдайы, болашақтағы қалыңдығына қолы жетер жетпесі туралы хабар 
береді»,  –  деген  пікір  айтқан  /2,  76./.  Мысалы,  Қозының  шешесі  түсіне  кіріп  айтқан 
сҿзіне тоқталатын болсақ: 
Ай, балам, қайт үйіңе, жол кҿрінбес, 
Сарыбай барғанменен қызын бермес. 
Ана тілін тыңдамай кеткен бала,  
Жолынан аман қайтып, үйін кҿрмес... 
дейді.  Мұндағы  анасы  баласының  бір  қауып-қатерден  қорғап  басынан  кешер 
қиыншылық,  азабы  туралы  бір  хабарын  береді.  Бұл  жырдың  барлық  ұлттық 
нұсқаларында  екі  ғашықтың  бақытына  қарсы  істелетін  ҽрекеттер  ҿте  ұқсас.  Ең  ҽуелі 
қыздың  ҽкесі  қарсы,  одан  кейін қыздан  үміткер  жігіт  қарсы.  Жігіт қарсы  болу  себебі, 
ҽрине  қалыңдығы  туралы  естіген  жігіт  ата-анасынан  бастап  барлығы  қарсы  болады. 
Яғни,  жігіттің  ҿз  махаббатына  жету  мақсатында  барлық  бҿгеттерге  тҿзеп,  ҽке-
шешесінің  де  сҿздеріне  қарсы  шығады.  Достық  жолындағы  серттің,  алдын-ала  бал 
ашып  болашақты  болжап  жҽне  теріс  бата  сҿзінің  қаншалықты  күші  бар  болғанын  екі 
жастың  қосылуына  кедергі  болатынын  жырда  жақсы  баяндалған.  Бұл  сҿздердің 
барлығы ҽрине, жігітке кері  ҽсерін тигізгендігі  кҿрінеді. Осыдан халықтың  «айтылған 
сҿз  –  оқ»,  немесе  «ойланбай  сҿйлеген  ауырмай  ҿледі»  деген  мақалдары  бекер 
айтылмаған  дегіміз  келеді.  «Сейфүлмҽлікте»,  «Жүсіп-Зылихада»  да  осындай  ситуация 
қайталанады. Халыққа ертеден қанықты «Бозжігіт» жырының да жалпы желісі «Таһир-
Зухраға»  орайлас.  Соның  бірі  –  ғашықтардың  түсінде  танысуы.  Бозжігіт  Қарашашты 
түсінде  кҿріп  тілдеседі.  Демек,  бұл  тҽсіл  ғашықтық  жырлардың  тұрақты 
композициялық кестесінің бірі деуге келеді.   
Романтикалық  қаһарман  қандай  жағдайда  кездескеніне  қарамастан  қызға  бірден 
ғашық  болады.  Ҿйткені,  һас  сұлу  ерекше  ҽсер  етеді.  Тіпті  кейіпкер  сезім  күшінің 
ҽсерінен  кҿз  жасына  ерік  береді.  Текстке  жүгінейік.  Сейфүлмҽлік    арудың  дидарына 
жанары түскен сҽтте талып та қалады. Мұндай жайды ―ессіз ғашықтық‖ деп те атаған. 
Есін жиып, тағы да кҿзін салды, 
Кҿрген сайын қайран боп күйіп-жанды. 
Ата-ана, елі-жұрты естен шығып
Шаһзада сурет кҿрді жаны күйіп, 
Жүзіне жүзін қоя аузын сүйіп. 
Ҿртенді тұла бойы шаһзаданың, 
Жүрекке ғашық оты қатты тиіп. 
Сондықтан  басты  кейіпкердің  сүйіспеншілік  сезімінің  идеализациясы  мұндай 
шығармалардың  негізгі  жанрлық  ерекшеліктерінің    бірі  болып  есептеледі. 
Идеализацияның  элементтеріне  мыналар  жатады:  лап  еткен  сезім  алауы,  оның  пайда 
болған  ғажайыптығын  тілмен  жеткізудің    қиындығы,  махаббаттың  мҿлдір  де  қуатты 
толқыны,  ынтық  құштарлықтың  шексіз  тҿзімділігі.  Барлық  дастандарда  ішкі  сезімді 
махаббат  дертіне    шалдығу  арқылы  кҿрсету:  (―ғашығын  үнемі    есінен  шығармау,  кҿз 
жасы,  талып  қалу,  сандырақтау,  жалбарыну‖).  Шығыс  дастандарының  қазақ 
нұсқаларының  кейіпкерлердің  сүйіспеншілігін  суреттеу  сарыны  классикалық  
дастандар үлгісіне сүйенеді. 
Сол  сияқты,  Тҿлегеннің  Ақ  Жайықтан  еліне  қайтар  мезгілінде  Жібектің  жайсыз 
түс кҿріп шошынуынан, түбінде сол түстің расқа айналуын баяндаған тұстар да ҽсем, 
ажарлы  берілген.  Ауылынан  ата-анасының  айтқан  уақытында,  қасына  нҿкер  ертіп 
кетпей,  Жібекке  берген  уҽдесінен  кешікпеу  үшін  асығып,  жалғыз,  жасырын  аттанған 
Тҿлегеннің  інісі  Сансызбаймен  қоштасуынан  осындай  қауіптің  сарыны  сезіледі. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
83 
Қособаның  түбінде  Бекежан  бастаған  алпыс  қарақшының  қолынан  мерт  болу  ҽлгі 
түстің ―құдіретін‖ дҽлелденгендей ұғым береді.   
Ал,  «Мақпал қыз» жырында түс кҿру, оны жору салты да бар. Жабы бір кҿзе су 
алып, жолға тастап кеткен құрдасы Бұлдырыққа келе жатып түс кҿреді. Оны құрдасы 
Бұлдырыққа жорытады: 
Бүгін жатсам түс кҿрдім, 
Түсімде жаман іс кҿрдім. 
Ақсұңқар Мақпал болыпты
Оң жағына қоныпты. 
Алғыр қара бүркіттей 
Қасында жҽне құс кҿрдім. 
Бұлдырық  Жабының  түсін  жорып,  ақ  отауда  Сегіз  бен  Мақпалдың  еру 
қосылғанын  айтады.  Ашуға  булыққан  Жабы  екеуінің  басын  шауып  тастамаққа 
аттанады.  Сонда  Бұлдырық  оның  түсін  екінші  қайтара  жорып,  Жабының  ашуын 
басады.  Мұндағы  түсті  жорудың  да  психологиялық  ҽсері,  яғни,  сену,  ҿзгерту,  ҿмірде 
түстің орындалуы, тұспалдап келуіне сену кҿрініс береді.  
Сонымен қатар романдық эпоста архаикалық, қаһармандық жырлардың, ертегінің 
элементтері кездесетіні туралы кҿптеп айтылады. Ҽрине, мұндай араласу оның негізгі 
сипаты мен бағытына нұқсан келтірмейді.  
«Һамра»  дастаны  ертегілік,  діни  сипатта  жазылған.  Негізінде  шығарманың  ҿн 
бойында  түске  ерекше  мҽн  беріліп,  ҽрбір  жаңа  оқиға  түске  енген  аянға  байланысты 
ҿрбиді.  Дастанда  діни  ұғымдар  –  шариғатқа  қайшы  келу,  күнҽ  жайлары, 
пайғамбарларды құрметтеу орын алған.  
Жалпы  дастандағы  оқиғалардың  ҿрбуін  үш  сатымен  қарастыруға  болады. 
Алдымен, баласыздық зарына қайғырған Мысыр патшасы Құсыраудың оқиғасы. Келесі 
Құсырау  патшаның  түсінде  керемет  құсты  кҿруінен  басталады.  Мұндағы  ҽкелерінің 
түсінде кҿрген ғажап құсты  «ҽкемізге жасаған қызметіміз болсын»,  – деп, іздеп ҽкелу 
мақсатында  үш  баласы  жолға  шығады.    Алдарынан  жазуы  бар  тас  кездеседі  «барса 
келер  жол»,  «барса  келмес  жолдары»  кездеседі.  Сондай-ақ,  жол  айырығына 
қылыштарын шаншып кететін оқиға желісі орыстың «Тоты құс» ертегісіне ұқсас. Онда 
да  үш  ағайынды  ҽкелеріне  керемет  тоты  құсты  іздеу  сапарында  жолда  кездесетін 
тастағы  жазулары  ұқсас  келеді.  Жырдың  ерекшелетін  жері  екі  жастың  некесін  қиюы. 
Бірақ, пері мен адамзат арасында берік сезім болғанымен, перілер адам қоғамында ҿмір 
сүре  алмайды.  Сондықтан  Һамра  еліне  жалғыз  қайтады.  Жолда  аспазшыға  құлдықта 
жүрген  екі  ағасын  табады.  Жолда  ағалары  Һамраны  күндеп,  екі  кҿзін  ойып  құдыққа 
тастайды.  Сонда  құс  кҿздері  қанатының  астына  жасырады.  Үйіне  жетіп  ҽке-шешесіне 
де  бар  шындықты  осы  құс  айтады.  Дастан  Құсырау  патшаның  қазасымен,  шешесінің 
жоқтауымен  бітеді.  Һамраның  құдыққа  тасталуы  Жүсіп  пайғамбардың  оқиғасымен 
үндес.  
Түс  кҿрудің  кҿбінесе  эпикалық  шығармаларға  тҽн  екендігін  ескерсек,  оның 
қажеттілігі алда болар оқиғаны алдын ала сездіруімен маңызды. Ғалым Р.Бердібаев «Ер 
Кҿкше» жыры жҿнінде айтқан пікірінде:  «Белгілі  бір оқиғаларды түс кҿріп  «болжау», 
қиын-қыстау  кезеңдерде  атқа  «тіл  бітіп»  сҿйлейтін  болуы,  ҿлген  батырдың  қайта 
«тірілуі»,  жай  тасының  құдіретімен  жауын  «жаудыру»  секілділер  –  ескі  дҽуірдегі 
анимистік,  магиялық,  тотемистік  дүниетанымдар  қалдығы»  /13,  11/,  –  дейді.  Рас,  түс 
кҿру,  оны  жорудың  кҿнелігінің  арғы  дҽуірлерде  жатқандығын  «Оғызнаме» 
дастанындағы  Ұлығ  Түріктің  немесе,  «Қорқыт  ата  кітабындағы»  Салор  Қазанның: 
«Түсімде  не  кҿргенімді  білермісің,  туысым,  Қара  Кҿне?  Қайғылы  бір  оқиға  кҿрдім. 
Жұдырығымда  талпынған  қаршыға  құсымның  ҿлгелі  жатқанын,  ақ  отауымның  үстіне 
кҿктен  жарылып  жай  түскенін  кҿрдім.  Ел  жұртымның  аспанын  қара  тұман  басқанын 
кҿрдім...» /3, 33/, – дейтін сҿздерінен байқауға болады. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
84 
Қазақ ертегілерінде түс кҿру кҿп жағдайда қара сҿз түрінде ҽңгімеленетін болса, 
батырлық жырларда ҿрнекті, ойнақы жыр жолдарымен жеткізіледі. 
Ҽрине, батырдың түс кҿру арқылы жар іздеу мотиві ата-анасының достық ант сҿз 
бергені мен салт-дҽстүрдің ұстанымы емес, ҽрине сол заманның ер жігіттік намысы мен 
махаббаттың,  сезімнің  бірінші  орында  болғаны  кҿрінеді.  Эпостың  жар  іздеу  мотиві 
туралы  ҽлі  де  зерттеу  қажет  ететін  мҽселелердің  бірі.  Қазақ  эпосының  қазіргі  таңда 
жаңа  жарық  кҿріп  жатқан  еңбектері  де  аз  емес.  Сондықтан  осы  жырларға  сүйене 
отырып айтылатын да, ашылатын дҽлелдер кҿп.  
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1 Ш. Ибраев. Эпос ҽлемі. 
– 
А., 1991. 
2  Г.  Пірҽлиева.  Кҿркем  прозадағы  психологизмнің  кейбір  мҽселелері. 
– 
Алматы: 
«Алаш», 2003. 
3 Хорезми. Махаббатнама: Дастан. – Алматы: Жалын, 1985. 
– 
112 б. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  қазақ  эпосындағы  батырдың  қалыңдығын  таңдау  негізінде  түс  кҿру, 
жору, т.б. мотивтің кҿрінісі туралы жазылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматривается один из видов мотива сновидения батыра в поиске своей 
суженей в эпосе.  
Каталог: images -> arhiv -> 2010
2010 -> Психологические аспекты стрессоров
arhiv -> Вестник казахского государственного женского педагогического университета
arhiv -> К вопросу о взаимосвязи учебного и внеучебного процессов в начальной школе
arhiv -> Дошкольное и начальное образование
arhiv -> ОҚыту әдістемесі
arhiv -> Жиырма жылға аяқ басты. Еліміз егемендік алып, болашаққа сенімді қадам жасағалы ӛмірімізде қаншама жарқын жаңалықтар болды
arhiv -> Н. Д. Левитов агрессивті кҥйлердің танымдық, эмоциялық және ерікті компоненттерін
arhiv -> Вестник казахского государственного женского педагогического университета
2010 -> Хабаршысы №4(5), 2010

жүктеу 5.05 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет