Одан бір нҽрсе туралы білу үшін сҿйлеседі. Сондықтан сҿйлеу айналадағы заттар, құбылыстар, адам ҿміріндегі ҽрекет, тіршілік, ҿндіріс туралы болады. Мысалы: Бұйрат



жүктеу 5.05 Kb.
Pdf просмотр
бет1/21
Дата27.04.2017
өлшемі5.05 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 

 
О Қ Ы Т У   Ә Д І С Т Е М Е С І 
 
 
ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІН ІРІЛЕНДІРІП ОҚЫТУ 
 
Балабекова Қ. – оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Дидактикалық  бірліктерді  ірілендіруге  байланысты  ғылыми  еңбектерді  талдай, 
саралай  келе,  біз  П.  Эрдниевтің  теориясының  үлгісіне  сүйене  отырып,  лингвистика 
саласында  мамандыққа  бағыттап  окытуда:  «Ӛзара  бір-бірімен  байланысты,  ұқсас 
лексика-грамматикалық 
единицаларды 
бір 
мезгілде 
оқытып 
үйретуді 
-
дидактикалық бірліктерді ірілендіру деп атаймыз
Жай  сҿйлемді  ірілендіріп  оқыту  барысында  мына  жоба  –  конструкцияны 
пайдалануға болады. 
 
Хабарлы,                  Атаулы сҿйлем                                    Толымды,   
бұйрықты                                                                                толымсыз 
сұраулы, лепті 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жақты,                          Күрделенген                             Жалаң, жайылма   
Жақсыз                          жай сҿйлем 
 
Адам сҿйлегенде, біреумен сҿйлескенде тыңдаушыға белгілі ойды білдіру үшін, я 
одан  бір  нҽрсе  туралы  білу  үшін  сҿйлеседі.  Сондықтан  сҿйлеу  айналадағы  заттар, 
құбылыстар, адам ҿміріндегі ҽрекет, тіршілік, ҿндіріс туралы болады. Мысалы: Бұйрат. 
Адыр.  Қайсыбірінің  басында  ала  тұлымшақтай  болып,  ӛскен  шоқ  –  шоқ  ағаш.  Осы 
бұйрат,  адырлардың  арасы  –  қолдан  ойып  алғандай  кең  алқап.  Алқапты  қақ  жарып 
ӛзен ағады. 
Мұнда  жазушы  ҿзі  кҿріп  тұрған  бұйрат,  адыр,  адырлардың  арасындағы  алқап, 
ондағы  ҿзен  туралы  оқырманға  білдіргісі  келген.  Заттарды,  жаратылыстағы,  қоғам 
ҿміріндегі  құбылыстарды, оқиғаларды, адам ҿміріндегі  ҽрекет, тіршілікті білу, білдіру 
туралы  айтылған  сҿйлемдер  тобы  сҿйлеу  болады.  Сҿйлеу  бірнеше  сҿйлемдерден 
құралады:  Әрі-беріден  соң  жел  бәсеңдеп,  жаңбыр  шелектеп  құя  бастады.  Тақтай 
суланып  қалатын  болды-ау,  қап!  Япырмай,  бір  сәтте-ақ  қақ  қылып  кетті-ау  жер 
бетін!  Кӛресің  бе,  Бұршақбай?  Па,  шіркін,  неткен  күш!  Шіркін  жазғы  жаңбыр 
соңынан бұлттан шыққан күн қандай! 
Бұл  сҿйлеуде  бірнеше  сҿйлем  бар.  Олардың  ҽрқайсысы  айрықша  интонациямен 
айтылып,  жеке-жеке  ойды  тиянақтап  білдіріп  тұр.  Жазушының  ҽуелі  хабарламасы, 
сосын ҿкініші, таңданысы, сұрағы, соңында ризашылығы жеке-жеке сҿйлемдер арқылы 
берілген.  Айтылу  түрлеріне  қарай,  яғни  айтылу  мақсаты  мен  сазына  қарай  сҿйлемдер 
тҿрт түрлі болады: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты. 
 
Жай сҿйлем 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 

Хабарлау,  баяндау,  суреттеу  мҽнінде  айтылған  сҿйлемді  хабарлы  сӛйлем  дейміз. 
Хабарлы  сҿйлем  іс-ҽрекеттің  болғандығын,  белгілі  бір  шақта  (ҿткен  шақ,  осы  шақ, 
келер  шақ)  жүзеге  асқандығын  білдіреді.  Мысалы:  Ойпаттар  дегдіп,  кебе  бастады
Хабарлы  сҿйлем  бір  нҽрсе  жайында  хабарлап қана  қоймайды,  айтушының  іс-ҽрекетке 
деген  кҿзқарасын  да,  ой-пікірлерін  де  білдіреді.  Ақ  сүтін  беріп,  аялаған  анаңды 
қадірлеу – қасиетті парызың. 
Хабарлы сҿйлемнің интонациялық ерекшеліктерін З. Базарбаева былай кҿрсетеді.  
 
             
 
Демалыс күні еді                                              Күн жаңа ғана шыға бастады 
Хабарлы  сҿйлемнің  интонациялық  ҽуені  басында  аздап  кҿтеріліп,  негізгі  тон 
жиілігі сҿйлемнің мағыналық  ҿзегінде молайып барып,  содан кейін жайбарақат тҿмен 
түсіп  тынады.  Ой  екпіні  түскен  сҿз  басқа  сҿздермен  салыстырғанда  молырақ, 
ұзақтықпен айтылады. 
Бір  нҽрсе  жайында  сұрап  білу  мақсатында  айтылған  сҿйлемді  сұраулы  сӛйлем 
дейміз. Сұраулы сҿйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты болып 
бҿлінеді.  Бір  нҽрсе  туралы  мҽлімет  алу  мақсатында  айтылған  сұраулы  сҿйлем  негізгі 
сұрақты сұраулы сҿйлем деп аталады. Мысалы: Сен тамақ іштің бе? 
Негізгі сұраққа жауап алу мақсатында қосымша туған сұрақты жетек сұрақ дейміз. 
Мысалы: 
 Кеше кімдер ӛлең айтты? 
– Ұлдар ӛлең айтты. 
– Қыздар ше? 
Екінші жақтың сҿзін анықтап алу мақсатында қойылатын сұрақты анықтауыш 
сұрақ дейміз. 
– Бұл  кісілер қай жақтікі? 
 Жетісудікі 
– Жетісудікі 
 Иә, Жетісудікі
Сұраулы  сҿйлемдерден  кейін  сұрақ  белгісі  қойылады.  Сұраулы  сҿйлемдердің 
ҿзіне  тҽн  интонациясы  болады,  бас  жағы  кҿтеріңкі  айтылып,  соңғы  жағы  онша 
бҽсеңдемей, кҿтеріңкі қалыппен тынады. Оны сызба арқылы былай кҿрсетуге болады: 
 
      Жақсы хабар бар ма?                                        Қашан келетін еді? 
 
Айтылу мақсатына қарай 
Мысалдар 
Хабарлы 
Биыл кӛктем ерте шықты. 
Сұраулы 
Ертең бірінші сабаққа барасың ба? 
Лепті 
Бүгін ауа-райы қандай керемет! 
Бұйрықты 
Ертең  кітапханадан  аталған  оқулықты  алып 
кел. 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 

Қарсы сұрақ  сызбасы                                      Күманды сұрақ сызбасы                  
 
Бармағанда қайтем?                                                 Ол бүгін келер ме екен? 
Айтушының  түрлі  кҿңіл  күйін  білдіретін  сҿйлемді  лепті  сҿйлем  дейміз.Лепті 
сҿйлемдер былай жасалады: 
1.
 
Сҿйлемнің етістік формалары арқылы. Ол жетіп келмесі бар ма! 
2.
 
Сҿйлемде  ақ,  ай,  ғой  шылауларының  қатысуы  арқылы  жасалады.  Аты  ат-ақ 
екен! Үйіңе бара ғой! 
3.
 
Одағай сҿздердің қатысуы арқылы. Па, шіркіннің сӛзі! 
4.
 
Кҿтеріңкі дауыс ырғағы арқылы. Жау жойылды! 
Лепті  сҿйлемнің  интонациялық  ерекшеліктері  жасалу  тҽсіліне  қарай 
ажыратылады. 
А) Ешбір грамматикалық тҽсілсіз, интонация арқылы жасалған лепті сҿйлем. 
 
                   Ғажап құбылыс екен! 
 
Ҽ) Грамматикалық тҽсілдер арқылы жасалған лепті сҿйлемнің сызығы 
 
 
           Неткен айтқыш тіл! 
Лепті  сҿйлемдерден  кейін леп  белгісі  қойылады.  Кейбір  сҿйлемдер ҽрі  лепті,  ҽрі 
сұраулы  мҽнде  болады.Мұндай  сҿйлемнің  соңына  сұрау  белгісі  мен  леп  белгісі  қатар 
қойылады.  Жанып  тұрған  от!  Жібермесем  сағы  сынады-ау!  Тәуекел,  жіберсем  бе 
екен?! 
Бұйрықты сҿйлем біреуге бұйыру, не бірдеңені талап ету мақсатында айтылатын 
сҿйлемнің түрі. Бұйрықты сҿйлемдер тҿмендегідей жолдармен жасалады. 
1.
 
Етістіктің  бұйрық  райының  ІІ  жақ  жекеше,  кҿпше  түрі  мен  ІІІ  жақ  түрі. 
Мысалы дұшпанға тастай қатты бол, досыңа балдай тҽтті бол. 
2.
 
Бұйрық не шартты райға  -шы-ші жұрнақтарының жалғануы арқылы.   
 
– Түндікті жауып қойшы! 
Бұйрықты  сҿйлемнің  интонациялық  еркшеліктеріне  тоқталсақ,  сызбасы 
тҿмендегідей: 
А) қатал бұйрықты сҿйлемнің сызбасы: 
 
 
                                     Құлат мынау үйлерді! 
Ҽ) Сыпайы бұйрықты сҿйлемнің сызбасы 
 
                          Сен бері қарашы! 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 

Жай  сҿйлемдер  бастауыштың  қатысына  қарай  жақты,  белгісіз  жақты,  жақсыз 
болып бҿлінеді. Бастауышы бар сҿйлемдер жақты сӛйлемдер деп аталады. Аға сұлтан 
Шыңғыс  тӛре  Құсмұрындағы  қыстауына  жеткенше  асықты...  Кӛп  кешікпей  әйелі 
босанды.  Зейнептің  бұл  тұла  бойы  тұңғышы  еді.  Жас  нәрестені  әжесі  Айғаным 
бауырына салды. 
Бастауышы  жасырын  тұратын  сҿйлемдер  белгісіз  жақты  деп  аталады.    Кейде 
қолыма домбыра алып, ән саламын. Қайтқанда арбаға отырды. Бірінші сӛйлемде мен 
сӛзі, екінші сӛйлемде ол сӛзі жасырын тұр. Мүлдем бастауышы жоқ сӛйлем жақсыз 
деп аталады.Уақыт қадіріне жетпегендерді кӛргенде жылағым келеді. Жастығыңды, 
мӛлдір шағыңды босқа ӛткізгенің жарамайды. 
Тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жай сӛйлемдер жалаң, жайылма болып 
бҿлінеді.  Тек  бастауыш  пен  баяндауыштан  тұратын  жай  сҿйлем  жалаң  деп  аталады. 
Беті дуылдап кеттіОл шошып оянды. Қар кетіпті. Бұл сҿйлемдер тек бастауыш пен 
баяндауыштан тұратындықтан, жалаң деп аталады. 
Тұрлауыз мүше қатысқан сҿйлем жайылма деп аталады.  
Шоқан  әңгімесін  қайта  жалғастырды.  Тау-тасқа,  ӛзен-суға  ат  қоюда  қазақ 
ежелден  шебер  елдің  бірі.  Ахметтің  әкесі  қарапайым  шаруа  адамы.  Ал  бұл 
сҿйлемдердің құрамында тұрлаусыз мүшелер бар болғандықтан жайылма деп аталады. 
Ойға  қатысты  сҿйлем  мүшелерінің  барлығы  қатысқан  сҿйлемді  толымды  сӛйлем 
дейміз. Шашубай мерген еді. Толымсыз сҿйлем деп ойға қатысты сҿйлем мүшелерінің 
бірі түсіп қалған сҿйлемді айтамыз. 

 
Сенің атың кім? 

 
Болат. 
Кейбір  жай  сҿйлемдер  іс-оқиғаны  баяндамайды,  тек  заттың,  құбылыстың, 
мезгілдің  мекеннің  атауын  ғана  білдіреді.  Мысалы  Дала.  Егін  даласы.  Мұндай 
сҿйлемдер атаулы сӛйлемдер деп аталады. 
Сҿйлемнің  айтылу  мақсатына  қарай  түрлеріне  байланысты  мынадай  жаттығу 
жұмыстарын жүргіземіз: 
Тҿменде  берілген  сҿйлемдерді  айтылу  мақсатына  қарай  талдаңдар.  Сұраулы 
ҿйлемдерді  лепті,  хабарлы,  бұйрықты  сҿйлемдерге  немесе  керісінше  бірімен  бірін 
алмастырып, айтыңдар. Айту барысында интонация ҿзгерісне кҿңіл бҿліңдер. 

 
Қайран, Базекем! – Асыл ағекем! 

 
Ардақты арысым! – Қош келіпсің еліңе! 

 
Келісің құтты болсын! – деседі. 

 
Сӛзге  сеніп,  осы  қадамды  жасауға  тура  келді.    Әйтпесе  патша  әйел  Балу 
жайлы біліп қояды. 

 
Мейлі, мен-ақ құрбаның болайын! 

 
Оның әскері кӛп пе? 

 
 Тамаша! Құдай берді , сарбаздарым! 
Тұрлаулы  мүшелерге  байланысты  мынадай  жаттығу  жұмыстарын  жүргізуге 
болады: 
Кҿп нүктенің орнына ойдан баяндауыштар құрап, сҿйлемдерді аяқтаңдар. 
Қазақ халқында есімі елеусіз қалған азаматтар ... Соның бірі – ... Ол ӛлең – жыр 
...  Сонымен  қатар  ауыз  әдебиетінің  үлгілерін  жинады.  Қаламгер  заңсыз  ...  Оның 
мұрағатта  кӛптеген  еңбектері  ...  Ол  әжесінің  қамқорлығында  ...  Тоғыз  жасында 
оқуды, жазуды ... Домбыра мен сырнайға қослып ән ... Ол ӛнерлі қауымның ортасында   
Жалаң сҿйлемді жайылма сҿйлемдерге айналдыр. 
Олар  дос  еді.  Жұптары  жазылмайтын.  Орман  іші  тыныш  еді.  Сендер 
орындайсыңдар.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 

  
Жай сҿйлемнің түрлерін ҿтпей тұрып, мұғалім алдымен жай сҿйлем дегеннің не 
екені  жайында,  оның  ҿзіндік  қандай  белгілері  бар  екендігін  түсіндіру  үшін  тақтаға 
құрамындағы сҿз саны ҽртүрлі мынандай үш сҿйлемді жазып қоюы керек:  
Білдім.  Бір  ғана  баяндауыш  сӛйлем  бола  алады.  Тұрлаулы  мүшелер  және 
анықтауыш,  толықтауыш  пен  пысықтауыш  қатысқан  сӛйлемді  жайылма  сӛйлем 
дейміз. Сонан кейін осыларды сҿйлем деп тануға болатын-болмайтыны, сҿйлемдердің 
құрамына  қарай  қандай  сҿйлем  екені,  ҽр  сҿйлемнің  неше  сҿзден  жасалғаны,  ол 
сҿздердің  сҿйлемнің  қандай  мүшесінің  қызметін  атқарып  тұрғаны  оқушылардан 
сұрастырылады. Жоғарыда келтірілген мысалдардың жай сҿйлем болып тұрғандығына 
кҿз  жеткізу  үшін  мұғалім  мынандай  түсінік  береді.  Үш  сҿйлемде  бір  нҽрсе  жайында 
тиянақты ой айтылған. 
Жай ғана ойды білдіретіндіктен, олар жай сҿйлем деп аталады. Бірінші сҿйлем  – 
Білдім.  Ол  бір  ғана  баяндауыштан  (білдім)  жасалып  тұр.  Екінші  сҿйлем  –  Бір  ғана 
баяндауыш сӛйлем бола алады, бұл сҿйлем бастауыштан (баяндауыш), баяндауыштан 
(сӛйлем  бола  алады)  жҽне  анықтауыштан  (бір  ғана)  құрылған.  Үшінші  сҿйлем  – 
Тұрлаулы  мүшелер  және  анақтауыш,  толықтауыш  пен  пысықтауыш  қатысқан 
сӛйлемді  жайылма  сӛйлем  дейміз.  Бұл  сҿйлем  баяндауыштан  (сӛйлем  дейміз), 
анықтауыштан  (жайылма),  толықтауыштан  (сӛйлемді),  үйірлі  анықтауыштан 
(тұрлаулы мүшелер және анықтауыш, толықтауыш пен пысықтауыш) жасалып тұр. 
Қатысқан сҿздер саны кҿп болғанмен, бұл – жай сҿйлем, себебі бірыңғай заттардың бір 
ғана ҽрекетін (сҿйлем құрау) білдіріп тұр.  
Осы  түсініктен  оқушылар  жай  сҿйлемнің  мынандай  белгілері  жайында 
қорытынды шығаруы керек:  
Жай сҿйлемнің бір я бірнеше сҿйлем мүшелерінен жасалуы – екінші белгісі. 
Жай сҿйлемде дара, күрделі мүше де жҽне үйірлі мүше де кездеседі. Бұны оның 
үшінші ҿзіндік белгісі деп тануға болады.  
Осындай  ой  қорытындысынан  кейін  барып,  жай  сҿйлем  тұрлаулы  мүшелердің 
қатысына  қарай  толымды,  толымсыз,  жақты,  жақсыз,  атаулы  сҿйлем  болып  беске, 
тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң, жайылма болып екіге бҿлінеді деп, жай 
сҿйлемнің түрлерін оқытуды бастау керек. Жай сҿйлемді меңгерту үшін тҿмендегідей 
жаттығу жұмыстарын орындауға болады: 
а)  Сҿйлемдерді  кҿшіріңдер.  Жай  сҿйлемдерді  тауып,  құрылысына  қарай 
ажыратыңдар: 
Бесінші  сыныптың  оқушысы  Ермектің  әке-шешесі  құс  фермасының  құс 
ӛсірушісі  еді.  Фермада  әзірге  бір-ақ  үйлі  жан  істейтін.  Толып  жатқан  тауық. 
Түйетауық  және  үйрек,  қаздарға  жем-су  беру,  олардың  астын  тазалау, 
жұмыыртқаларын жинап, орталыққа апарып ӛткізу, тағы сондай-ақ толып жатқан 
шаруалардан  олар  үйлеріне  түн  ішінде  ғана  қалжырап  оралатын.  Содан  соң  асығыс 
тамақтарын  ішеді  де,  қылжиып  ұйықтауға  жатады.  Таң  қараңғысында  қайта 
тұрады.  
Жай сҿйлемге байланысты мҽтінмен талдау жұмыстары жүргізіледі: Оны кӛптен 
бері кӛргім келіп жүр  (Хабарлы, жайылма, жақсыз, толымсыз).  
Сонымен қатар қазір кеңінен қолданылып жүрген Н. Оразақынованың «Сатылай 
кешенді  талдауын»  пайдалануға  болады.  Жай  сҿйлемге  байланысты  мҽтінмен  талдау 
жұмыстары  жүргізіледі:  Оны  кҿптен  бері  кҿргім  келіп  жүр.  (Хабарлы,  жайылма, 
жақсыз, толымсыз).  Оны кҿптен бері кҿргім келіп жүр. 
                    Құрылысына қарай: жай сҿйлем. 
                     Айтылу мақсатына қарай: хабарлы. 
                    Тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай: жайылма. 
                     Бастауыштың қатысына қарай: жақсыз. 
                     Ойға қатысты мүшелердің толық қатсуына қарай:  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
10 
                      толымсыз.  
                      Сҿйлем мүшелері: баяндауыш (кӛргім келіп жүр),  
                      толықтауыш (оны), пысықтауыш (кӛптен бері),  
                      Екінші  тіркес:  1.  Оны  кӛргім  келіп  жүр  –  меңгеру, 
толықтауыштық  қатынас, жалғау арқылы байланысқан.       
2. Кӛптен бері кӛргім келіп жүр – жанасу, толықтауыштық қатынас. 
Мұндай талдау жұмыстары оқушылардың  жай сҿйлемдер түрлерін қаншалықты 
білетінін  кҿрсетеді,  ҽрі  ойын  жүйелеп,  білгенін  түрлендіріп,  ауызша  да,  жазбаша  да 
жеткізе білуге дағдыландырады. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
 
1 П.М. Эрдниев. Укрупнение дидактических единиц в обучении математике.– М.,1986. 
2  Микерова  Г.Ж.  Лингводидактические  основы  обучения  русскому  языку  по 
технологии  укрупненных  дидактических  единиц  в  начальных  классах.–  Краснодар, 
2008. 
3 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: «Мектеп», 1978. 
  4 Махмұдов М.И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. – Алматы. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  ҿзара  бір-бірімен  байланысты,  ұқсас  лексика-грамматикалық 
бірліктерді  ірілендіре оқыту технологиясы қарастырылады. 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматривается  характер  технологии  обучения  взаимосвязанных 
лексико-грамматических дидактических единиц. 
 
 
 
 
ШЕТЕЛ ТІЛІНЕ ОҚЫТУДА МОНОЛОГТЫҚ СӨЙЛЕУ ІСКЕРЛІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Даниярова Г.Д. – оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Ауызша сҿйлеудің екінші түрі  – монолог. Монологты бір адам ғана сҿйлейді, ол 
бір немесе бірнеше тыңдарманға айтылады. Ол: мұғалімнің ҽңгімесі, студенттің толық 
жауабы,  баяндама  т.с.  Құрылым  жағынан  монолог  ҿте  күрделі  жҽне  грамматикалық 
ережелерді  қатаң  сақтауды,  ой  ұшқырлығын,  логикалық  тұрғысынан  жақсы  құрылған 
жҽне жүйелі ҽңгімені талап етеді. 
Монолог  диалог  сҿзге  қарағанда  кешірек  дамиды,  сондықтан  алғашқы  сатыда 
студенттерге монологтық сҿзге үйретуде педагогтар кҿп жылдар бойы осы проблеманы 
шешуге ұмтылуда.  
Ауызша сҿйлеуде монологты оқытудың ҽдістемесін кҿптеген ғалымдар зерттеген. 
Солардың  ішінде  атап  ҿтетініміз:  тілдік  жоғарғы  оқу  орнындағы  тҿменгі  курс 
студенттерінің 
ауызша 
сҿйлеуді 
оқытудығ 
негізін 
салушылар: 
Н.И.Гез, 
А.А.Миролюбов,  П.Б.Гурвич  болған.  Сонымен  қатар  В.В.Виноградов  монолог-
суреттеу, монолог-сендіру, монолог-ҽңгімелеу, монолог-пікір сияқты монологтың түрлі 
модельдерін топтастырды /3/. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
11 
Қазіргі  кезде  шетел  тілін  оқыту  ҽдістемесінің  жаңашыл  жұмыстарында  «үлгі» 
терминімен  жиі  кездесеміз.  Бұл  терминге  қазіргі  ғылым  саласында  нақты  берілген 
анықтама  жоқ,  ҽр  ғалым  түрлі  мағынада  қолданады.  Жоғарғы  оқу  орнының  алғашқы 
сатысынан  бастап,  шетел  тілін  монологты  сҿйлеуге  оқытудың  ҽдістемелік  үлгісін 
құрастыруда ғылыми-зерттеу жұмысының құралы ретінде жалпы ғылыми түсініктердің 
талаптарындағы үлгіге сай сипаттаймыз.  
«Үлгі»  жалпы  мағынасында  арнайы  зерттеумен  құрылған  объектінің 
сапалылығын, тұрақтылығын кҿрсететін қосалқы бҿлшектері болып табылады. 
«Үлгі»  –  зерттеудің  құрал-жабдықтары  тҽрізді  деп  те  сипаттайды 
С.И.Архангельский  /2/.  Бұл  нақты  сараптама  мен  тұжырым,  қорытынды  жасауға 
қолайлы.  Байланыстырушы  белгіленген  бҿліктің  қарапайым  немесе  кҿркем  түрінде 
берілген  фактілер,  белгілер,  яғни  кез-келген  үлгіде  құрылған  құрылымның  шектелген 
кҿрінісі, сол объектінің атқаратын қызметін бейнелейді. Үлгі құру талабының тағы бір 
маңызды  мҽселесі,  оның  бір  жақты  болуы.  Объектіні  елестеткенде  оның  белгілі 
қасиеттеріне кҿңіл аудару қажет. 
Монологты  оқыту  үлгісімен  біз  студенттердің  танымдық,  шығармашылық 
ҽрекетінің қалыптастыру жолын түсінеміз. 
Үлгілендіру  негізгі  назарға  алынып  отырған  зерттеу  объектісінің  үлгісін  құруда 
іске  асу  жолының  ерекшелігін  бейнелейді.  Жҽне  құрылған  объектінің  үлгіленуінің 
қызметін  суреттеуде,  түсінуде  зерттеу  нҽтижесінде  нағыз  объектіге  немесе  үрдіске 
айналады. Осылайша үлгілендіру объект пен үрдісті түсінудегі тҽсіл болып табылады. 
Зерттеу  бҿлігін  суреттейтін,  оның  заңдылықтары  мен  принциптері,  дҽлелдер, 
тҽжірибелер үлгілендіру кезінде ғылыми теориясын береді.  
Ғылыми ҽдіс сияқты үлгілендіру бақылаудың ҿткізілуін қарастырады. Ҿте жақсы 
құрылған  үлгінің  ҿзі  зерттеудің  толық  мҽні  мен  маңызын,  сипатын  ашпайды.  
Үлгілендіру тек  объектінің  шектеулі  жақтары  мен  ғана  байланыстырады.  Ол 
үлгілендіріп,  зерттеудің  белгіленген  талаптары  заңдылықтарына  сүйенеді.  Оларға: 
үлгінің  кҿрнектілігі,  айқындылығы,  бейнелілігі  жҽне  дҽл  бҿлшектенген  зерттеуші 
объектінің  анықтылылығы,  объектілігі  зерттеу  жұмысын  жүргізудегі  тҽуелсіздігі 
жатады. 
Кез-елген  пҽнді  оқытудың  жеке  процесін  жаңадан  қарастыру  үшін,  бүгінгі 
құрылған негізіне сүйенбестен жаңа байланыс құру мүмкін емес. Ағылшын тілін оқыту 
процесінің  үлгіленуі  үнемі  алдын  ала  шешілген  мҽселелер  мен  міндеттер  арқылы 
құрылады.  Ізденушінің  алдын-ала  қойылған  міндеттерді  түсінуге,  нақты  жағдайдағы 
жаңа  тҽсілдер  анықталады.  Ағылшын  тілін  оқытуда  жинақталған  тҽжірибелердің 
жиынтығы,  нақты  мҽліметтері,  оның  сараптамалары,  тек  ғылыми  тұжырымдалған 
түсініктердің  дҽлелі  ғана  емес,  шетел  тілін  оқыту  процесінің  стратегиясын  дұрыс 
дамытуды  құрудың  кҿзі  болып  табылады.  Жҽне  бұл  шетел  тілінде  сҿйлеуге  үйрету 
ҽдістемесінің негізгі бір бағыттарының сараптамасы ретінде қарастырылып, қарапайым 
логикалық байланысып, бейнеленеді. 
Теориялық тұжырымдарды ескере отырып, методологиялық жағдайда жаңа білім 
берудің талаптарына сай ағылшын тілі сабағында интерактивті тҽсілді қолдана отырып, 
монологты  сҿз  іскерлігін  қалыптастыру  ҿңделеді.  Жеке  тұлғаны  дамыта  оқытудың 
теориялары  мен  заңдылықтарына  сҽйкес  ұйымдастырылуы,  үлгіленуі  студенттің  жеке 
танымдық белсенділігі шығармашылық кезеңінде қалыптасады. Танымдық қабілеттері 
дамиды,  студенттер  мҽселені  бақылау,  сараптау  барысында  нысананы  белгілейді. 
Мҽселені  шешуде  ұсынылған  шешімін  таңдайды.  Оның  шешілу  жолдары  алынған 
ақпаратқа  сын  кҿзбен  қарау,  ҿз  пікірін  сараптап  құрай  алу,  ақпаратты  ҿңдеу  алғашқы 
кезеңінде жүзеге асырылады. Жеке тұлға алдында монлогтық  сҿзді дайындауда білім, 
ҿздік шығармашылық мақсаттарды дамыту қойылады. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
12 
Ю.Н.  Колюткин  психологиялық  жұмыстарды  қорытындылй  келе,  сҿйлеу 
мҽдениетіне байланысты мынадай талаптарға сүйенеді: 
1) студент ойды еркін ойлауға, ҿз шешімін, нысананы ұсынуға, қатесін түзетуге, 
ҽріптесінің пікірін тыңдап, сыйлауға, басқаның ойын тыңдауға, оны түсінугі құқылы; 
2)  Сынға  шыдамдылық,  тек  ҿзінің  айтқанын  дұрыс  деп  түсіну,  басқаның  айтқан 
сынын еркін де дұрыс қабылдау, сапалы шешім қабылдауға кҿмектеседі /1/. 
Бұл  психологтың  айтқан  талаптарын  ескере  отырып,  жоғарғы  оқу  орнының 
алғашқы  сатысындағы  студенттерді  шетел  тілінде  монолгты  сҿз  түріне  сҿйлеуге 
үйретуде  жоғарғы  оқу  орнының  студенттерінің  ҿздік  қабілеттері  мен  іскерліктерін 
дамыту үшін кітаппен жұмыс жасаудың үлгісімен таныстырамыз. 
Студенттерді  сҿйлеуге  үйрету  нҽтижесі  қатысымдық  қабілеттің  жалпы,  арнайы, 
жеке  іскерліктерін  дамыту  бағытында  құрылады.  Ал,  монолог  бір  адамға 
бағытталғандықтан, студенттің жеке іскерлігін дамыту мақсат етеміз. 
Жалпы  қабілеттерге:  студенттің  жалпы  оқытуда  кілт  сҿздермен,  түрлі  ақпарат 
құрылымдарымен  жұмыс  істей  алуы,  ҽңгіме  құруда  себеп-  слдарын  құрастыра  білуі, 
ойлаған  ойын  қысқаша  жаазба  сҿздермен  түсіндіруі,  сараптай  жҽне  қорытындылай 
бҽлуҽ жатады. 
Арнайы қабілеттерге: студенттің түрлі анықтама сҿздікпен жұмыс жасауы, ҽртүрлі 
сҿз  ҽрекеттерін  құрастыруда  жаза  алуы,  оқи  алуы,  айта  алуы,  сҿйлеу  лексикасын,  ҿз 
ҽңгімесін құруға қолдана алуы жатады. 
Жеке  қабілеттерге:  студенттің  ҿз  қызығушылығын  арттыруы,  ҿз  мақсаты  мен 
міндетін белгілей алуы, болжап, жоспарлай алуы жҽне ҿзін-ҿзі болжап түзетуі, оны іс 
жүзінде кҿрсете алуы, түсінігін кҿрініспен елестетуі, ойын қабылдап қорытуы, түйінін 
дҽлелдеуі кіреді. 
Студенттің  сҿйлеу  іскерлігі  мен  қабілеті  негізінен  жалпы,  жеке  жҽне  арнайы 
ҽрекеттерін  қалыптастыруға  бағытталады.  Бұл  қабілеттердің  ішінде  біз  студенттің 
қабілеті мен іскерлігін дамытуда ауызша коммуникативті жаттығу түрі монолог болып 
табылады.   
ҼДЕБИЕТТЕР 
 
1 Колюткин Ю.Н. «Психологические особенности». – М., 1989. 
2 Архангельский С.И. «Развитие устной речи». – М., 1999. 
3 Виноградов В.В. «Психология». – М., 2001. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  монологті  сҿйлеу  тілінің  ерекшеліктері  айқындалып,  оны  оқыту 
жолдары қарастырылған.  
 
РЕЗЮМЕ 
 
В этой статье рассматриваются особенности  монологической речи  при обучении 
иностранному языку. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы  №5 2010. 
 
13 

Каталог: images -> arhiv -> 2010
2010 -> Психологические аспекты стрессоров
arhiv -> Вестник казахского государственного женского педагогического университета
arhiv -> К вопросу о взаимосвязи учебного и внеучебного процессов в начальной школе
arhiv -> Дошкольное и начальное образование
arhiv -> ОҚыту әдістемесі
arhiv -> Жиырма жылға аяқ басты. Еліміз егемендік алып, болашаққа сенімді қадам жасағалы ӛмірімізде қаншама жарқын жаңалықтар болды
arhiv -> Н. Д. Левитов агрессивті кҥйлердің танымдық, эмоциялық және ерікті компоненттерін
arhiv -> Вестник казахского государственного женского педагогического университета
2010 -> Хабаршысы №4(5), 2010

жүктеу 5.05 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет