Очерктегі соғыс тақырыбындағы ізденістер



жүктеу 113.35 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.01.2017
өлшемі113.35 Kb.

М.Б.Шындалиева 

Филология ғылымдарының докторы, профессор 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан 

 

Очерктегі соғыс тақырыбындағы ізденістер 



 

Қалыптасқан  әрбір  жанрдың  ӛзіндік  қасиет,  сипаттары  болатыны 

белгілі.  Осы  жанрлық  ӛзгешеліктер  кӛркем  очеркте  де  бар.  Ол    қашан  да 

нақтылы  құжаттарға,  статистикалық  мәліметтерге,  фактілерге  сүйеніп 

отырады.  Кӛркем  очеркте  ӛмір  шындығы  басқа  жанрлардағыдай  "ойдан 

шығарылмай"  сол  қалпында  берілетіндігімен  ерекшеленеді.  Ақын,  жазушы 

кӛркем  шығармаларында  ӛмір  құбылысын,  адам  образын  ӛмірде  кӛрген 

қалпында  бұлжытпай,  ешнәрсе  қоспай  суреттей  алмайды.  Ойланып, 

толғанып шығармашылық фантазиясынан ӛткізіп, ӛмір шындығын бір идеяға 

бағындырып  барып  жазады.  Ал  кӛркем  очеркте  ӛмір  шындығын 

мүмкіндігінше сол қалпында беріп, автор фактіден ой түйіп екшеп шығаруға 

тырысады.  

Жазушыларымыз  баспасӛзге  белсене  араласып,  майдан,  тыл 

батырларын кӛркем публицистиканың арқауы етті. “Социалистік Қазақстан”, 

“Лениншіл  жас”  басылымдарында  ақын-жазушылардың  барлығы  дерлік 

очерктерін  жариялап,  Отан  қорғау  ісіне  ӛз  үлестерін  қосты.  Әсіресе  әскери 

очерк  жанрының  қалыптасуына  майдан  газеттері  елеулі  үлес  қосып,  әскери 

тілшілер  Ә.Сәрсенбаев,  Ж.Молдағалиев,  Қ.Әбдіқадыров,  С.Сейітов, 

С.Омаров, 

Д.Әбілов, 

А.Лекеров, 

Ж.Жұмақанов, 

Ә.Нұршайықов, 

А.Тоқмағамбетов,  Б.Момышұлы,  М.Ғабдуллин,  Б.Бұлқышев,  Қ.Аманжолов 

т.б.  ұрыс  шебінде  жүріп,  кӛрген-білгендерін  реалистік  тұрғыда,  патриоттық 

сезімге  толы  туындылар  берді.    Олардың  очерктері  соғыстың  шынайы 

қалпын  суреттеп,  қазақ  жауынгерлерінің  қайсарлығын,  жау  жүректілігін  ӛз 

кӛздерімен кӛріп жазғандықтан қарапайым халықтың жүрегінен бұл очерктер 

бірден жол тауып, үлкен үгіттік, насихаттық рӛл де атқарды. 

Ғ.Мүсірепов,  Ғ.Мұстафин,  А.Тоқмағамбетов,  Ә.Әбішев,  Ғ.Сланов, 

Ә.Тәжібаев,  Ғ.Орманов,  М.Иманжановтар  әскери  публицистикаға  ойысып, 

қан майдандағы жауынгерлердің батырлығы қарапайым халыққа ӛнеге етіліп, 

ел-жұртты  сын  сағатта  бірігуге  шақырады.  Барлық  жазушының 

публицистикасында  жеңіске  сенім,  батыр  жауынгерлерді  ӛнеге  тұту  басым 

болды. Ұлы Отан соғысының батырлары сериясымен “Жазушы” баспасынан 

Н.Әбутәлиевтің “Боран Нысанбаев”, Е.Әлімқұловтың “Әбдуәлиев Қарақозы”, 

Ә.Әбішевтің    “Үрмеш  Түктібаев”,  Қ.Құрманғалиеваның  “Қайырғали 

Смағұлов”,  С.Мәуленовтің  “Сұлтан  Баймағамбетов”,  Ә.Нұршайықовтың 

“Махмет  Қайырбаев”,  Т.Тобағыловтың    “Сағадат  Нұрмағамбетов”,  т.б. 

очерктер  кітабы  “Жазушы”  баспасынан  шыққан.  Бұл  батырлар  туралы 

очерктерде соғыс ӛмірі кӛрсетіліп, майдан даласындағы қиян-кескі ұрыстар, 

батырлардың қаһармандық келбеті жинақталып жазылған. Демек, Ұлы Отан 

соғысы кезінде қазақ әдебиетінің жанрлары  ішінде кӛркем очерк абыройлы 

борышын атқаруға, прозаның үлкен жанрларынан гӛрі очерктің алға шығуы 



заңды  құбылыс  еді.  Жоғарыдағы  жазушылар  қысқа,  ерекше  қимылдар 

арқылы    кӛкейде  қонымды  етіп,  Ұлы  Отан  соғысы  қаһармандарының  ішкі 

жан дүниесінің терең ашып бере білді. Осы қысқа очерктер соғыс кезеңінің 

шындығын  кейініректе  ірі  шығармалардың  арқауына  да  айналдырды. 

Ғ.Мүсіреповтің 

“Қазақ 


солдаты”, 

С.Мұқановтың 

“Сұлушашы”, 

Ә.Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңыз” романдары қаһарлы жылдардың қатал 

шындығын кӛз алдымызға елестететін үздік шығармалар болып тарихтан ӛз 

орындарын  алды.  Соның  ішінде  Ғ.Мүсіреповтің  “Социалистік  Қазақстан” 

газетінде жарияланған очерктер циклінің маңызы мен кӛркемдігі жоғары. 28 

панфиловшылардың  ерлігі  туралы  “Ел  үшін  туған  ер”,  “Нұрсұлтан 

Есболатов”,  “Манастың  ұрпағы”,  М.Ғабдуллиннің  “Шыныменен  рас  па?”, 

“Менің майдандас достарым” деген очерктер циклында атақты 8-ші гвардия 

дивизиясының жорық жолы  туралы жазған.   Бұл жазушылар очерктеріндегі 

кейіпкерлер бейбіт ӛмірде кӛптің кӛзіне түсе бермейтін қарапайым адамдар, 

жау  келгенде батырлық,  ерлік  қасиеттерімен  кӛрінеді.  Аты  аңызға  айналған 

Василий  Клачков,  генерал-майор  И.В.Панфилов,  полковник  Б.Момышұлы 

т.б.  жарқын  бейнесін  жасаған  Мәлік  Ғабдуллин  ӛзі  туралы  сараң  әңгімелей 

отырып, майдандас жауынгерлердің жарқын бейнесін сомдаған. 

Ұлы Отан соғысы кезінде талантты жас публицист Баубек Бұлқышев ӛз 

очерктерін ӛрнекті сӛз кестесімен жазды. Баубек очерктеріне тән қасиеттер. 

Отанына,  туған  жеріне  деген  деген  махаббат,  жау  жендеттеріне  деген  ашу-

ызаға толы болды. Мұнда жас очеркшінің рухани жан дүниесі, биік мәртебелі 

моральдық  бейнесі  толық  ашылған,  яғни  оның  күнделік,  ашық  хат 

формасында  жазған  туындылары  жалпы  жастардың  атынан  айтылып,  сол 

қиын-қыстау  кезеңдегі  жастардың  арман-мұратын  білдірді.  Б.Бұлқышевтың 

публицистикалық  мұрасы  туралы  Ғ.Мүсірепов  былай  дейді:  “Жазушының 

ӛмірі тым қысқа болған, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Баубек Бұлқышев 

аз  да  болса  айқын  да  ӛткір  еңбектерімен  прозамыздың  публицистикалық 

саласын едәуір кӛтеріп кетті” [1,324]. Публицист кӛп очерктерін орыс тілінде 

жазып,  “Комсомольская  правда”  газетінде  жариялаған,  оны  ана  тілімізге 

аударған  Ғабит  Мүсірепов  еді.  “Ӛмір  мен  ӛлім  туралы”,  “Мен  ӛмір  сүргім 

келеді”, “Жауыздық пен махаббат”, “Тыңда, Кавказ!” [2], атты очерктерінде 

соғыс  жағдайы,  ондағы  ерлік  жайында  толғады.  Б.Бұлқышевтың  “Шығыс 

ұлына хат”, “Заман біздікі” шығармаларында үлкен философиялық толғаныс, 

тебіреніс бар. Очеркші ӛз басынан кешкендерін, қарулас достарының ерлігін, 

жаумен  кескілескен  шайқастардағы  жас  жауынгерлердің  бүкіл  әлемді 

таңдандырған  идеялық-саяси,  моральдық  қасиеттерін,  Отанына,  халқына 

деген  адалдығын,  қажыр-қайратын,  асқан  ерлігін  жан-жақты  және  бар 

қырымен  кӛрсете  алды.  Талантты  публицист  Баубек  Бұлқышев  туралы 

Мұқан  Иманжанов:  “Қош  бол,  Шығыс  ұлы”  атты  публицистикалық  очеркін 

жазды.  Ӛмір  мен  ӛлім  арасында,  оқ  пен  бомба  арасында  жүріп  қаза  болған 

аяулы  досының  ӛліміне  арналған  очерк  –  нағыз  адамгершілікке  толы, 

шынайы да шыншыл шығарма еді.  

Алдымен  ескеретін  бір  жай  соғыс  тұсындағы  кӛркем  очеркке  бір 

ӛлшеммен қарауға болмайды. Алғашқы жылдарға қарағанда очерк жанры да 


іштей  түлеп,  ӛзгеріске  ұшырап  жаңа  кезеңдерді  басынан  кешіріп  отырды. 

1941  жылғы  соғыстың  алғашқы  айларында  жауынгерлердің  моральдық 

рухын  кӛтеруге  шақырса,  одан  кейінгі  жылдары  майдан  мүддесіне,  жеңіс 

мүддесіне  қызмет  ету  мақсатын  кӛздеген  сарын  байқалады.  Әсіресе 

жауынгер  жазушылар  оқ  астында  жүріп,  ӛз  шығармаларын  жазуы,  қалай 

жазсам  деп  ойлауға  мұршасы  келмеген  очеркшілер  шығармаларында 

ӛздерінің  бар  болмысымен  кӛрінген.  Алғашқы  кезеңдегі  очерктер  қалың 

жұртты  соғысқа  жұмылдыруға  қызмет  атқарса,  1943-1944  жылдары  әскери 

очерктер  дамуы  тағы  бір  сатыға  кӛтерілді.  Бұл  кезеңде  ұрандық,  үгіттік 

очерктерден  гӛрі  адамды,  жауынгерлерді  суреттегенде  оның  ішкі  жан-

дүниесі,  психологиясы,  достық,  адамгершілік,  махаббат  турасындағы 

ойларын ортаға салатын кӛркем очерктер ӛрістеді. 

Ұлы  Отан  соғысының  батыры  Мәлік  Ғабдуллин  1941-1945  жылдар 

аралығында  соғыс  туралы  “Майдан  очерктері”,  “Алтын  жұлдыз”  т.б. 

очерктер  жинағын  шығарды.  Батыр  жазушының  очерктерін  оқыған  сайын 

майдан ӛмірінің қатал да қытымыр шындығына қанығасың. “Ел намысы – ер 

намысы”  очеркінің  басты  қаһарманы  кіші  сержант  Черкасов  барлаушылар 

тобында  істеп,  жау  туралы  хабар  әкелудегі  ептілігі  мен  ерлігі  келістіріле 

суреттеледі. Фашистердің бір офицері мен  тоғыз фрицін ұстап алып келген. 

Ертай Жетеков атты жігіт сауықшыл, үнемі кӛңілді жүретін, ұрыс шебінде де 

әзіл-қалжыңы  қалмайтын  Ертайдың  мінез-құлқы,  жан  дүниесі  жан-жақты 

ашылған.  Майдандық  журналистердің  талай-талай  очерктері  мерзімді 

баспасӛз  беттерінде  кӛптеп  жарияланған.  Оларға  Жұбан  Молдағалиевтің 

“Халық  қаһармандары”  очеркінде  қан  майданда  туған  елінің  намысын 

қорғаған бір топ қазақ жауынгерлерінің ерлігі әңгімеленеді. Мерген Есқайыр 

Халықов,  қобызшы,  қазақ  филормониясының  артисі  Ысқақ  Уәлиев, 

зеңбірекші  Құттыбай    Ерғалиев,  дәрігер  Роза  Момынова  туралы  кӛркем 

очерктері реалистік кең толғанысқа бастайтын шығармалар. 

Жекен  Жұмақановтың  “Қанға  қан”,  “Қыр  қыраны”,  “Батыр  даңқы”, 

“Марияның  мекені”  очерктерінде  әртүрлі  мамандық  иелері  тағдыры  мен 

қаһармандық істері кӛрсетіліп, шын мәніндегі ӛз елінің патриоттары ретінде 

кӛрінген.  Сырбай  Мәуленовтің  “Қанға  боялған  блокнот”  атты  очеркі  ӛз 

жерлесі,  соғыс  шебінде  ерлікпен  қаза  тапқан  аға  лейтенант    Зейнолла 

Әбеновке  арналған.  Қанға  боялған  блокнот  –  шығарманың  негізгі  ӛзегі. 

Майдан ӛткелдерін басынан кешкен Асқар Лекеров “Туысқан”, “Қарапайым 

қазақ”,  “Адамның  жүрегі”,  “Жалғыз  оқ”,  “Қарындас”,  “Кездесу”  деген 

очерктер  жазып,  сол  кездегі  адамзаттың  жеңіске  деген  құштарлығын, 

жеңімпаздықты  аңсаған  Кеңес  адамдарының  ой-ниетін  паш  еткен  бұл 

шығармаларда  оқиғалар  қорытылып,  ӛнеге  етіп  ұсынылған.  Ұлы  Отан 

соғысында  ерлік  кӛрсеткен  Совет  Одағының  батырлары  Сергей  Луганский, 

Леонид  Беда,  Талғат  Бегилдинов,  Мәншүк  Мәметова,  Әлия  Молдағұлова 

ерліктерінің  толық  картинасы  жасалып,  сом  тұлғасымен  етене  таныстырған 

авторлар  әскери  очерктің  дамуына  мол  үлес  қосқан  деуге  болады. 

С.Бақбергеновтің  “Талғат”,  С.Мәуленовтің  “Ер  Естай”,  Ж.Молдағалиевтің 

“Хасан батыр” кӛркем очерктерінде де бұл атақты батырлардың ерлік істері, 


шағын  оқиға  тізбектерімен  баяндалып,  кӛркем  де  әсерлі  бедерленеді.  Бұл 

қаһармандар соғыс кезінде ӛздерінің ӛр тұлғасымен, ӛршіл мінезімен, алдына 

қойған мақсатын әрдайым орындап шыққандығымен құнды. 

Сәбит  Мұқановтың  “Батыр  қыз”  очеркі  Совет  Одағының  батыры 

М.Мәметова туралы 1944 жылы жазылған. Сұрапыл соғыс үстінде туған бұл 

очерк  ӛз  еркімен  майданға  аттанған  қазақ  қызының  бір-екі  күнгі  басынан 

кешкен  оқиғасын  баяндайды.  Жазушы  Мәншүктің  ұрыс  даласындағы 

үгітшілік  міндет  атқарып  жүрген  сәтін,  жауынгерлер борышын  ұғындыруда 

үлкен міндетті мойнына алғанын шыншылдықпен сенімді кӛрсеткен. Ондағы 

М.Мәметова  сӛзі  былай  беріледі:  “Ӛзің  ӛлме,  жауыңды  ӛлтір,  ал  мерт  бола 

қалсаң,  дұшпанға  кек  жібермей,  жастығыңды  ала  кет!”  деп,  осы  сертте  ӛзі 

тұрған  қазақ  қызының  жарқын бейнесі,  айбыны,  қажыр-қайраты  жан-жақты 

ашылады.  Очерктегі  әсіресе  Мәншүктің  соңғы  арпалысы,  батырлық  ӛлімі 

кӛрсетілген  тұстары  ӛте  әсерлі,  батыр  қыздың  ақтық  демі  біткенше  жаумен 

шайқасып  кеткен  қайсар  мінезі  шебер  ашылған.  Ұлы  Отан  соғысы  туралы 

әскери очерктер ӛмірдің қатал шындығынан алынған, қиын кезеңнің тарихы, 

жеңіс  жолында  қаза  болған  азаматтарымызға  жасалған  рухани  ескерткіш 

деуге  толық  болады.  Бұл  очерктердің  мынадай  ерекшеліктерін  атау  артық 

болмас:  біріншіден,  бұл  очерктердегі  оқиғалар  кӛзбен  кӛріп,  бастан  кешкен 

оқиғалардың  елесі,  екіншіден,  соғыста  болған  ақын-жазушылар  ӛз 

кӛргендерін ӛз бояуы,  ӛз мәнері дәрежесінде  суреттеген,  үшіншіден, оқ  пен 

оттың  арасында  асығыс  жазылғандықтан  суреткерлік  шеберлік  жағы 

жетіспей  жатқан  тұстары  да  жоқ  емес,  тӛртіншіден,  бұл  әскери  очерктер 

уақыт сынынан ӛтіп, тәуірлеу дегендері арнаулы жинақтарда (“Ол күндердің 

ӛшпес  даңқы”,  “Майдан”,  “Жеңімпаздар”т.б.)    жарық  кӛрді.  Бұл  кӛркем 

очерктер  соғыстан  кейінгі  кезеңде  адамдарды  отансүйгіштікке,  ерлік 

рухында тәрбиелеуге кӛп септігін тигізгені ақиқат. 

Ұлы Отан соғысының батырлары мен олардың қаһармандық ерліктері 

әлі күнге дейін қаламгерлерімізді қызықтырып, дәстүрлі жалғасын тауып әлі 

де жазылып келе жатыр және жазыла бермек. Соғыстан кейінгі жылдардағы 

кӛркем  очерк  табиғи  шапшаңдығымен,  оралымдылығымен  ӛмірге  тікелей 

араласатын  белсенділігімен  кӛрінді.  Сұрапыл  соғыс  дауылынан  шығып, 

бейбіт  ӛмірдегі  жаңа  қарым-қатынастар  үздіксіз  суретке  түсіп,  жоғары 

дәрежеге  кӛтерілді.  Соғыстан  нығайып,  есейіп  шыққан  ақын-жазышылар 

кӛркем  очерктің  негізгі  нысанасы  етіп  ӛмір,  ӛмірді  алға  апарушы  адамдар 

туралы  жазды.  Ол  кездегі  кӛркем  очерктердің  негізгі  тақырыбы  еңбек 

адамдарының қалыптасу процесі, ӛздерін ӛмірдің, дүниенің иесі деп таныған 

идеясы  әр  саладағы  адамдардың  образын  бейнеледі.  Баспасӛз  беттерінде 

ӛнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сол кездегі идеологиялық жұмысқа мәдениет 

мәселелері, ғылым, бесжылдық жоспарларын орындалу жолындағы істері тӛл 

тақырыпқа  айналды.  Бұл  кезеңде  кӛркем  очерк  едәуір  адым  жасап,  дәстүр 

тұтуға тұрарлық кӛркемдік табыстарға қол жеткізді. 

Республикалық,  облыстық  басылымдарда  бейбіт  ӛмірдің  ардагерлері 

туралы  портрет  очерктері  жиі  кӛріне  бастады.  Мысалы,  1946-1950  жылдар 

аралығында  "Әдебиет  және  искусство"  журналында  елуге  жуық  кӛркем 


очерктер  басылып  шыққан.  Соғыстан  кейінгі  кезеңде  ӛздерінің  ерен 

еңбегімен  еленген  Ыбырай  Жақаев,  Мұхтар  Кітапбаев,  Нәйла  Базанова, 

Бәшіп Нұрмағамбетов, Түсіп Күзембаев, Қартабай Атшабаров тағы басқалар 

туралы очерктер кӛптеп жазылып, бейбіт ӛмір, еңбек әуені мадақталды. 

Жұмағали  Саинның  "Бірінші  рангалы  кен  директоры"  очеркінің 

кейіпкері Түсіп Күзембаев Қарағандының әйгілі шахтеры, Социалистік Еңбек 

Ері  атағына  ие  болған  танымал  азамат.  Екі  заманның  куәсі  болған 

қаһарманды жазушы ӛмір тарихының кезеңдерін салыстырулар арқылы бере 

отырып,  кешегі  мен  бүгінгінің  айырмашылығын  ажыратып  берген  тұстары 

ұтымды шыққан. 

Қапан  Сатыбалдиннің  "Кетпенді  адам"  очеркі  де  тәуір,  қатардағы 

күрішшіден  колхоз  председателіне  дейін  ӛскен  Қашақбай  Пірімовтің  еңбек, 

ӛсу  жолдарын  сатылап,  сабақтастыра  баяндаған.  Жазушы  Қашақбай 

бейнесін:  "Қашақбай  топ  жарып  сӛйлеп  үйренген  шешендердей  кӛсіліп, 

құлшынып сӛйледі. Бұлардың бәрі де күнде кӛріп жүрген адамдар. Бәрін де 

таниды.  Әркімнің  қылығы  да,  құлқы  да  оның  алақанында.  Қашақбай  қара 

томпақ  тілімен  мақалдай  сӛйлеп,  әркімнің  ӛз  қылығын  бетіне  былш-былш 

ұрғанда талай бастар тӛмен тұқырады, талай кӛздер жерге қарады" [3,109], - 

деп сомдайды. Осы тұстан Қашақбайдың жан-жақты ұйымдастыру ӛнерімен 

танылып, соғыс уақытында тылдағы ауыр еңбек дәмін татқан, талай сәтсіздік, 

қиыншылықтарды  бастан  ӛткізген  адам  келе-келе  барлық  жағынан  ӛскен 

кейіпкер  бейнесімен  әдемі  түйін  тапқан.  Соғыстан  кейінгі  кезеңдегі  кӛркем 

очерктердің  идеясы  совет  адамдарының  ержеткен,  ӛзін-ӛзі  ӛмір,  дүниенің 

иесі  деп  таныған  қаһармандар  қарапайым  адамдар  ӛздерінің  совхоз,  колхоз 

ӛндіріс  орындарына  жауапкер,  жанашыр  ретінде  кӛрсетілді.  Қазыбек 

Сүлейменовтің  "Сайрам  даласында"  атты  очерк  қаһарманы  қарт  Шермет 

әңгімесін, кеңесін "Біз", "Ӛзімізден" деп сӛйлейді. Қарт кешегі мен бүгінгісін, 

бары  мен  жоғын  салыстыра  келе  айналасындағы  ӛмірмен  тығыз  араласып 

отырады. Шермет қарт жаңа салынып жатқан ауыл үйлеріне ӛз үлесін қосып, 

салысып,  басы-қасында  жүріп,  бүкіл  ауданның  жай-жапсарын  біліп,  барлық 

жағдай жақсы болса деген үлкен тілек үстінде кӛрінеді. Бұл очерктен Сайрам 

даласындағы әрбір адам ӛз үйінің маңайынан, ӛмір ағымынан тыс қалмайды, 

жаңа  ӛмірді  жасауға,  үздіксіз  ӛсіп  отыруға,  ілгері  басып  келе  жатқан  ауыл 

адамдары  жан-жақты  кӛрсетіледі.  Осы  жаңа  адамдардың  бейнесі  соғыстан 

кейінгі очерктердің кӛбінен кӛрініп, дәуір очерктері туған. 

Ғали  Ормановтың  "Бір  колхоз  ӛмірінің  дастаны"  атты  очеркінде 

Ақмола облысындағы "Қызылту" колхозы председателі Әкімжан Назаровтың 

нақты  образы  жасалған.  Жазушы  колхоз  председателін  аудан  орталығында 

кӛріп  әңгімеге  тартады.  Назаров  автор  берген  сұрақтарға  тек  бірге  істейтін 

ауылдастарымен  жауап  беретінін  айтады.  Қырман  басында,  колхоз 

қонысында,  егіншілер  арасында,  мал  ішінде  басшымен  жазушы  еріп  жүріп 

сол  колхоздың  ӛміріне  қанығады.  Колхоз  председателі  Әкімжан  Назаров 

характерінің  ӛзін-ӛзі  ашуына  жағдай  жасаған  автор  бас  кейіпкердің  ӛмірге 

кӛзқарасы, түсінігін сәтті ашқан. Әңгімеші рӛлінде автор болса, баяндаушы – 



оқиғаларға  араласушы  қаһарман  ӛз  істеріндегі  жетістік-кемшіліктерін  осы 

Әкімжан атынан баяндайды. 

Ғабиден  Мұстафиннің  "Жезқазған"  очеркі  1946  жылы  жазылған, 

бірнеше  бӛлімнен  тұрады.  Жазушы  очерктің  бірінші  бӛлімінде  ерте 

кездердегі  Жезқазғанға  ағылшын  Нобель  келіп,  ақ  шатырын  құрып,  әр 

жерден  бірнеше  шахта  ашқанын  Кӛшекбай  қартты  сӛйлету  арқылы 

баяндайды. Қылшылдаған жиырма бесінде Кӛшекбайдың ағылшын алпауыты 

Нобельдің қарауында ӛксіген ӛмір кешкенін, сол ӛмірдің бір күнін суреттеу 

арқылы жазады. Қаһарман ӛмірінің реалдық болмысын былай суреттейді: “- 

Бауырларым-ау  –  деп  Кӛшекбай  екеуін  сүйемелдеп  тұрғызды  да,  қапсыра 

құшты.  Жел  ӛтінде  ӛз  үстіндегі  қырық  жамау  шоқпыт  шапан  әзір  құрғақ 

болса  да,  панасы  аз,  бӛстегі  тоқтышақтың  терісі  ғана  кеудені  ӛкпек  желден 

қорғап  тұр.  Ӛзге  дене  мұздап  барады.  Сұрапыл  ӛкіре  түседі.  Кӛшекбайдың 

іші  жылап  сала  берді  бір  кезде”  [4,368],  -  деп  күнкӛріс  үшін  жанталасқан, 

аласұрған  қазақ  жұмысшыларының  ӛлмегеннің  күнін  кӛргені  барынша  әділ 

сипат  тапқан.  Очерктің  келесі  бӛлімдері  соғыстан  кейінгі  Жезқазған 

ӛңіріндегі  шахталардың  жайы  туралы.  Жазушы  ӛзі  шахтаға  түсіп,  Ӛмірхан 

сияқты  инженерлер,  Зейнолла,  Балмұқан  сияқты  кеншілермен  танысып, 

еңбектегі  табыстары  жайында  сыр  шертеді.  Жезқазған  кенінің  сол  кездегі 

тынысы,  инженер  Әнуар  мен  Ӛмірхан  ӛмірін  жазушы  олардың  алға 

ұмтылысы,  мыс  ӛндірудің  жаңа  әдістерін  меңгеруге  талпыныстарын,  ӛмір, 

мәдениеттен  де  хабардар  ғана  емес,  жақсы  таныс  екендігі  туралы  былай 

дейді:  “Ӛмірхан  бүгінше  шахтаны  басқарады.  Үйіндегісінен  шахтада  болуы 

кӛп. Аз сӛйлеп, кӛп тыңдайтын, жұмысшылармен кӛп сырласатын инженер. 

Әнуардан  мұның  ӛзгешелігі  –  қазақ  кӛркем  әдебиетімен  жақсы  таныс”  [4, 

373],  -  деп  кейбір  романдардан  монологтарды  да  жатқа  соғатынын  айтады. 

Очерктің  соңғы  тарауын  қазақтың  кӛрнекті  ғалымы,  геолог  Қаныш 

Сәтбаевтың  есімімен  байланыстырған  жазушы  Жезқазғанның  ӛткен-кеткен 

тарихын,  жарқын  болашағын  да  осы  ғұлама  ғалыммен  бірге  шартарапқа 

кеткен  даңқын,  түсті  металлургиясын,  ұлт  кадрларының  сол  кездегі 

жетістіктерін терең дәріптейді. 

1945-1950  жылдардағы  очерктік  шығармалар  туралы  ф.ғ.д.,  профессор 

Ш.  Сәтбаева  былай  дейді:  "Республиканың  ӛндірістік  ӛмірін  кӛрсетуге 

арналған  әңгіме,  очерктер  сан  жағынан  монологымен  бірге,  идеялық, 

кӛркемдік  жағынан  да  жетіле  түседі.  Ғ.  Мұстафиннің  "Жезқазған" 

жайындағы  очерктері,  С.  Омаровтың  "Балқашы",  И.  Шуховтың  соғыс 

жылдарында құрылған болатшылар қаласы   - Теміртау туралы очерктері, Ғ. 

Мүсіреповтің  "Тарландары"  және  басқа  да  сол  сияқты  кӛптеген  әңгіме, 

очерктердің тууы – партияның совет әдебиеті алдына қойған зор міндеттерін, 

әсіресе,  бүгінгі  күннің  тақырыбын  кӛтеру  міндеттерін  қазақ  прозаиктері 

терең  түсінгенін  және  бұған  ӛздерінің  творчестволық  еңбектерімен  жауап 

беруге  тырысқанын  кӛрсетеді"  [5,106],  -  дейді.  Расында  да  жоғарыдағы 

очерктер  құжаттық  нақтылығымен,  публицистикалық  сипаттарымен  

ерекшеленеді,  сол  кездегі  кеңес  адамдарының  соғыстан  кейінгі  ерлігінің 

елесі,  сол  ерлікті  насихаттаудағы  мәнін  қарапайым  жұртшылыққа 


түсіндіруде  үлкен  рӛл  атқарады.  Соғыстан  кейінгі  очерктерде  суреттелетін 

оқиға,  фактілер,  адамдар  образдары,  олардың  сипаттары  отызыншы 

жылдардағы  очерктерден  мүлдем  басқаша.  Отызыншы  жылдардағы 

шығармаларда  қазақ  тұрмысына  енген  ӛзгерістер,  жаңалықтар,  жаңа  пайда 

болған  социалистік  қарым-қатынастар  ӛткен  ӛмірмен  салыстырылып 

беріледі.  Ал  соғыстан  кейінгі  жылдардағы  публицистикада  сол  күнгі 

шындықты  суреттеу,  адамдардың  рухани  және  материалдық  байлықтарын 

суреттеу жағы басым. 

Жұмысшы  табының  қараңғы  жоқшылықтан  ӛндірістің  алдыңғы 

қатарындағы  еңбеккерге  айналуы  отызыншы  жылдардағы  кейіпкерлерге 

жатса,  1945-1950  жылдардағы  очерктерде  тек  қарапайым  жұмысшының 

материалдық  тұрмыс-жағдайы  ғана  емес,  рухани  жан  дүниесі  де  ашылады. 

Очерк  жанрының  кӛркемдік  жағынан  бір  адым  ілгері  дамығанын  осыдан 

кӛруге болады. Соғыстан кейінгі бесжылдықтың алғашқы жылдарында қазақ 

очеркшілері  соғыс  кезінде,  соғыс  уақытында  да  ерен  еңбек  кӛрсеткен 

теміржолшылардың ӛмірі мен істері осы шағын жанр шығармалары арқылы 

суреттелді.  Негізінен,  Ы.  Тныкиннің  "Темір  жол  түлектері",  "Жол 

күзетіндегілер",  "Уақыттан  озғандар",  С.  Бегалиннің  "Диспетчерлер" 

очерктері  жоғарыдағы  мақсатпен  жазылған.  Ы.  Тныкиннің  "Темір  жол 

түлектері" очеркі темір жолда істейтін таңдаулы адамдарға арналып, олардың 

еңбектірінің ерекшеліктерін жан-жақты ашқан. Орденді теміржолшы Ғаббас 

Смағұловтың  басқаруымен  үш  күн  бойы  боранға  қарамастан  поезд  жол 

қозғалысын  қамтамасыз  еткен  теміржолшылар  ерлігі  мен  істеріне  тәуір-ақ 

түсінік береді.  

1950-інші  жылдардың  басында  дүниеге  келген  С.  Шәймерденовтің 

"Қуаныш",  Қ.  Жармағамбетовтың  "Бетпақдала  дәптерінен",  Ғ.  Ормановтың 

"Жол"  атты  очерктік  туындылады  сол  кезеңдегі  ауыл  шаруашылығы 

адамдарының қажырлы еңбегі мен тұрмысы жайлы. Сафуан Шаймерденовтің 

"Қуаныш"  очеркі  Алматы  облысы,  Ұзынағаш  селосында  ашылған  ауыл 

шаруашылығы  турасында.  Очерктің  кӛркемдік  бояуы  оның  идеясының 

тереңдігіне  сай  болып  шыққан.  Ондағы  бӛлек-бӛлек  эпизодтар  мен 

кейіпкерлердің  іс-әркеттері  ӛзара  қабыса  байланысқан.  Ұзынағаш 

селосындағы  еңбек  адамдарының  жасампаздығы  еңбегі,  егіншілік 

шаруашылығындағы қиыншылықтары шынайы суреттелген. Очерктегі Сәкен 

Тәнекеев,  Николай  Чукуров,  Бейсекбаев  тағы  басқа  образдар  ауыл 

шаруашылығында  кездескен  зор  қиыншылықтармен  күресте  ӛсіп, 

шынығады. "Осы бір тым сүйкімді, бала кескінінде аздап безеу дағы, бұйра 

шашы,  тез  сӛйлегіш,  ашаң  да  жас  жігітпен  біз  Алматыда  кездескен  едік. 

Таныса келе бірімізді-біріміз білетін де болып шыққанбыз. Ол 1952 жылы – 

Қазақ университетін кӛңілдегі жерден бітірген жылы осы Жамбыл аудандық 

партия  комитетінің  екінші  хатшысы  болып  сайланған  екен.  Ол  бізді 

ақжарқын  да  кішіпейілділігімен,  қоғамшыл,  істің  жетістік,  кемшілігін  тез 

аңғарып, дұрыс баға бере алатындығымен, жас болса да ысылып іскерленіп 

қалғандығымен  ӛзіне  тартқан  еді"  [6,12],  -  деп  ӛмірге  жаңа  араласқан  жас 

басшыға тән ынталық, байқағандарының бәріне  тереңдеп үңілуге тырысатын 


мінезін  суреттеген  очеркші  қайнаған  ортада  алуан  түрлі  адамдармен 

араласуда  шынығып,  ширыға  түсіп,  ӛмірді  терең  тануға  талпынысы  дұрыс 

қорытындылаған.  С.  Шәймерденов  Тәнекеев  бейнесінде  соғыстан  кейінгі 

кезеңдегі  партия  қызметкерлеріне  тән  сипаттарды  типтендіруге  тырысқан. 

Партия  ісіне  адалдық,  отанға  сүйіспеншілік,  берілген  қызметке 

жауапкершілік,  моральдық  тазалық  -    Сәкеннің  бейнесінде  кӛрініс  тапқан 

және  еңбектес  жолдастары,  жұмысшылардың  да  бойынан  осы  сипаттар 

кӛрінеді.  Сәкен  образын  жазушы  жеткілікті  дәрежеде  даралай  алған,  демек 

оны  реалистік  образ  қатарына  жатқызуға  болады.  Бұл  шағын  шығармадағы 

кейіпкерлер  еңбек  сүйгіштігімен,  жайдары  мінезімен,  парасаттылығымен, 

үлгілі  тұрмысымен  тәуір  дараланған.  Соғыстан  кейінгі  жылдары  тек 

очерктерден  құрастырылған  жинақтар,  кітаптар  шығарылу  жолға  қойылды. 

1950  жылдардың  басында  С.  Мұқановтың  "Саяхаттар",  Ғ.  Слановтың 

"Бесжылдық  ӛрендері",  Ә.  Нұршайықовтың  "Алыстағы  ауданда",  М. 

Иманжановтың  "Азамат  мақтанышы"  кітаптарын  атауға  болады.  Сәбит 

Мұқановтың  "Саяхат"  кітабының  атынан    кӛрініп  тұрғандай  жазушы 

Қазақстанның  кӛп  жерлерін  аралап,  дала,  кәсіпорын,  колхоз,  совхоздардың 

соғыстан  кейінгі  тыныс-тіршілігін,  жинақтық  мазмұнда  мағлұмат  бере 

отырып,  еңбек  адамдарының  қол  жеткізген  табыстарын  ортаға  салған. 

Жазушының  "Каспийге  саяхат",  "Арқаға  саяхат",  "Алатау  тӛңірегінде", 

"Украинаға  саяхат"  жол-сапар  очерктердің  желісі  сол  жерлердегі  кӛрген-

білгендері, шаруашылық, мәдени жетістіктерді тілге тиек етеді. 

Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңдегі шығармалардың қаһармандары 

соғыстағы  еңбек  майданында  шыныққан  адамдар  туралы  болып  келді.  Бұл 

кезең  шығармаларындағы  негізгі  мотив  -    коммунизм  орнату  жайындағы 

бейбіт  еңбек  шынайы  суреттелген.  Бұл  мотивтің  суреттелуі  әр  очеркте  әр 

түрлі,  әрине,  мұның  негізі  материалдық  нақтылығы,  очерктің  оны  зерттеу 

дәрежесі,  жазушының  кӛркемдік  тәсілдерді  пайдалану  ерекшеліктеріне  де 

байланысты.  Соғыстан  кейінгі  жылдарда  жазылған  очерктердің  басым 

кӛпшілігінде 

авторлар 

жұмысшы 


табының, 

ӛндірістің 

жекелеген 

озаттарының  даңқты  істерін  кӛрсету  арқылы  бейнелейді.  Мысалы,  Ғ. 

Слановтың  "Бесжылдық  ӛрендері",  Қ.  Сыздықовтың  "Құрметті  шахтер",  С. 

Омаровтың  "Ӛмір  еркесі",  Ж.  Саинның  "Бірінші  рангалы  кен  директоры" 

очерктерінде  озық  жұмысшылар  портреттері  жасалып  беріп,  олардың  еңбек 

ету әдістері кеңінен суреттеледі.  

Кейінірек 

жазылған 

Тұрсын 

Жұртбайдың 



«Қос 

майданның 

ардагерлері»  очеркі  соғыс  тақырыбына  арналған.  Соғыста  ерлік  кӛрсетіп, 

еңбекте  елдің  алды  болған  үш  жауынгер  жайындағы  бұл  очеркінде  автор 

соғыс қана емес еңбек майданында да кӛзге түскен батырларды жастарға үлгі 

ретінде  танытады.  Сталинград,  Кишинев,  Бухарест,  Будапешт,  Прага, 

Кинисберг  қалаларын  жаудан  азат  етуге  қатысқан,  бес  жыл  оқ  пен  оттың 

ортасында  жүрген  Әділ  Қожалымов,  Әуесқан  ақсақал,  Мүшір  Тұрысбеков 

қариялардың  қиын-қыстауға  толы  ӛмірі  әрі  тартымды,  тағылымды,  әрі 

нанымды  суреттелген.  Очерктің  сюжеттік  композициясында  тыл  ӛмірі  мен 

майдан  ӛміріндегі  қиын-қыстау  кезеңдер  сипатталған.  Т.Жұртбайдың 


«Қажырлы  да  қайратты  Қабай»  очеркіндегі  Қабай  Ізбасаровтың  портреті 

былай суреттеледі: «Онда ол жас жүрегі асау тайдай тулаған, тұла бойы отты 

жігерге толы 21 жасар жігіт болатын. Нағыз тепсе темір үзетін шағы-тын. Ақ 

құрықты  білегіне  айқара  асқан  жылқышы  еді.  Отан  алдындағы  азаматтық 

борышын  ӛтеу  үшін  1939  жылы  әскер  қатарына  алынды.  Алғашқы 

дайындықтан  ӛтіп  жатқанда  финдер  шекараны  бұзды.  Жас  жауынгер  сонда 

аттанып,  бес  күн  бойы  шабуылға  қатысты»  [7,105],-  дей  келе  кейіннен 

Г.К.Жуковтың алғысына ие болғанын, мергендігімен кӛзге түскенін нанымды 

әрі кӛркем баяндап, Қабай қарттың ӛмірі мен майдандастарының ӛмірі ерлік 

пен күреске толы болғанын, талай-талай шайқастарға қатысып қана қоймай, 

кейіннен  бейбіт  ӛмірде  де  бақташы,  жылқышы  болып  еңбек  етуі  де 

қызғылықты  жазылады.  Бұдан  автордың  кейіпкер  ісімен,  тағдырымен  жете 

таныс  болып,  оны  шын  түсініп  барып  тәуір  образ  шығарғанын  кӛреміз. 

Очеркші Қабайды ӛмірдің барлық саласында басқаларға үлгі-ӛнеге, бұқараға 

жақын,  қиынды  жеңуге  бастайтын,  игі  істерді  іле  қостайтын  қасиеттерін 

жинақтай  келіп,  абзал  адамның  бейнесін  жасап  шыққан.  Қабай  Ізбасаров 

ӛмірдегі  ӛз  қалпында,  ӛз  іс-әрекетімен  кӛріне  отырып,  ӛзінің  шынайы  сӛзін 

ғана айта алған. 

1941-1945  жылдары  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  қазақ  очеркінде  

халқымыздың  асқан  ерлігінің  шежіресі  жасалды.  Барлық  ұлт  ӛкілдері  бір 

жеңнен  қол,  бір  жағадан  бас  шығарып,  фашист  басқыншыларымен 

шайқасқан  заматтағы  біздің  очеркшілеріміз  майдан  даласындағы  батырлық, 

табандылық,  қайсарлық  туралы  жазып  қана  қойған  жоқ,  ӛздері  де 

насихаттық, үгіттік жұмыстармен майдан даласында жүріп айналысты. Ұлы 

Отан соғысы кезінде қазақ әдебетінің тарихында тұңғыш әскери очерк пайда 

болды және соғыстан кейінгі кезеңдегі қазақ әдебиетіндегі очерк жанрының 

да  негізгі  тақырыбы  соғыс,  майдандағы  ерлікпен  кӛзге  түскен  батырлар 

ӛмірі,  соғыстан  кейінгі  жаңалықтар  мен  ӛндірістегі  ӛзгерістерді  ӛз 

шығармаларына арқау етті. 

Пайдаланған әдебиеттер: 

 

 1. Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. - Алматы. Жазушы, 1970. 



 

 2. Бұлқышев Б. Заман біздікі. – Алматы: Жалын, 1990.  

         3.  Сатыбалдин  Қ.  Таңдамалы  шығармалар.  4-том.  –  Алматы:  Жазушы, 

1975.  


4. Мұстафин Ғ. Ой әуендері (Очерктер мен әңгімелер). 5-том. –Алматы: 

Жазушы, 1984. 

5.  Сәтбаева  Ш.  Индустрияландыру  тақырыбы  Қазақстан  прозасында  // 

Әдебиет және искусство. 1954. №8. 

6. Шәймерденов С. Қуаныш. // Әдебиет және искусство. 1953. №11. 

  

 7. Жұртбаев Т. Замандасым, сырласым: [Очерктер]. – Алматы: - Қайнар. 



– 1977. – 110-б. 

 

 




жүктеу 113.35 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет