Образованная страна



жүктеу 1.43 Mb.

бет8/14
Дата09.01.2017
өлшемі1.43 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Андрей КРАТЕНКО

Усть-Каменогорск 

Встреча казахстанской  делегации с Ш.А. Амонашвили



20

№21 (58) 

8 ноября 2016 г.

БІЛІМДІ ЕЛ  ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilimdi_el@mail.ru

Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz



ТжКБ

Киелі білім ордасы 

Гүлзат ИСКАКОВА, 

Жол-көлік колледжінің директоры

ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері 

Шымкент қаласы 

«Кәсіби-техникалық білім 

ең бірінші кезекте ұлттық 

экономиканың мамандарға 

деген қазіргі және келешекте-

гі сұранысын барынша өтеуге 

бағдар ұстауы керек»

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Ә. Назарбаев

Қазақстан Республи-

касының Президенті 

Н.Ә. Назарбаевтың жыл 

сайынғы Жолдауында 

отандық жұмысшы-қыз-

метші кадрларды сапалы 

дайындау қажеттілігіне 

үнемі назар аударылып

мазмұнды бағдарламалар 

арқылы адам капиталы-

ның, соған сәйкесінше

ұлттық білім беру жүйе- 

сін дамыту туралы жаңа 

міндеттер жүктеп келеді. 

Осы міндеттерді шешу – 

негізінен ұстаздар қауы-

мының кәсіби шеберлі-

гіне, білімдарлығына, 

сенімділігіне және мәде-

ниеттілігіне байланысты 

болмақ.

Шымкент  қаласындағы  Жол-

көлік колледжі – осы міндеттерге 

сай техникалық және кәсіптік білім 

беруді жүзеге асырып келе жатқан 

Республикамыздағы  киелі  білім 

ордаларының бірі.

Биылғы  жыл  колледж  ұжымы 

үшін  айтулы  мерекелі  жыл  бо-

лып  отыр.  Себебі,  киелі  оқу  ор-

дасына  –  45  жыл!  Осыған  орай, 

білім ордасы өзінің жарты ғасырға 

жуық тарихын тағы бір зерделеп, 

жетістіктері  мен  жақсылықтарын 

жұртшылыққа  паш  етпек.  Әлеу-

меттік-рухани маңызы бар мерей- 

тойды  колледж  ұжымы  шығар-

машылық жетістіктер, толағай та-

быстармен қарсы алмақ.

Негізі,  іргесі  сонау  1971  жылы 

қаланған білім ордасы – «Автоме-

ханикалық техникум» бүгінгі таңда 

іргелі оқу орындарының біріне ай-

налды.


1971  жылдан  бастап  колледж 

атауы бірнеше рет өзгерді. Бүгін-

гі  таңда,  ОҚО  әкімінің  16.06.2016 

жылғы № 173 қаулысымен «Жол-

көлік колледжі» болып  жаңа атау- 

ға ауыстырылды.

Алғашқы  іргесін  қалаған  жыл-

дары,  1617  –  «Автомобиль  көлі-

гіне  техникалық  қызмет  көрсету 

және  жөндеу»,  1601  –  «Автомо-

бильдерді  техникалық  пайда-

лану»  мамандықтары  бойынша 

мамандар дайындау жұмысы жүр-

гізілген  болса,  бүгінде  Жол-көлік 

колледжінде  сегіз  мамандық  бо- 

йынша мамандар даярланады: 

- 1201000 – «Автомобиль көлі-

гіне қызмет көрсету, жөндеу және 

пайдалану»;

-1203000  –  «Теміржол  көлігін-

де  тасымалдауды  ұйымдастыру 

және  басқару»  (салалар  бойын-

ша);

-  1202000  –  «Тасымалдауды 



ұйымдастыру және көлікте қозға-

лысты басқару» (салалар бойын-

ша);

- 1410000 – «Автомобиль жол-



дары және аэродромдар құрылы-

сы»;


 - 1108000 – «Теміржол жылжы-

малы  құрамдарын  пайдалану 

және жөндеу, техникалық күту»;

- 1303000 – «Теміржол көлігін-

дегі  автоматика,  телемеханика 

және қозғалысты басқару»;

- 1402000 – «Жол-құрылыс ма-

шиналарын техникалық пайдала-

ну» (түрлері бойынша);

- 1206000 – «Жол қозғалысын 

ұйымдастыру».

Түрлі  мамандықтар  бойынша 

білімді, білікті мамандар даярлау 

үшін алдымен оқытушы, өндірістік 

оқу  шебері  педагогикалық-пси-

хологиялық  білімі  толысқан  жан-

жақты  тәжірибелі  маман  болуы 

керек.  Сондықтан,  кәсіптік  білім 

беретін  оқу  орындарында  жалпы 

және  арнайы  пән  оқытушылары 

мен  өндірістік  оқу  шеберлерінің 

кәсіби  біліктілігін  үздіксіз  жетіл-

діріп  отыруы  қажет.  Колледжде 

кәсіби  маман  иелерінің  бойына 

саналы тәрбие, сапалы білім не-

гізін  қалап  жатқан  бір  1  ғылым 

кандидаты, 13 магистр, 27 жоғары 

санатты, 34 І санатты, 61 ІІ санат-

ты оқытушы, жоғары білімді инже-

нер-механиктер мен білікті оқу өн-

діріс  шеберлері  табысты  қызмет 

атқарып келеді. 

Тәуелсіз  Елдің  болашағы  да, 

тірегі  де,  ХХІ  ғасырдың  жастары 

жан-жақты  кәсіби  біліммен  қа-

руланған,  өздігінен  қиындықтан 

шығуға  жол  табатын  кез-келген 

бәсекелестікке  төтеп  бере  ала-

тын  маман  тұлға  болуы  қажет. 

Осындай  тұлғаларды  тәрбие-

леу  кәсіптік  білім  мекемелерінің 

қызметкерлеріне  зор  міндеттер 

жүктейді.  Жоғары  білімді  ұлт  қа-

лыптастыру қажеттігі де, ұстаздар 

алдында тұрған міндеттердің бірі  

екендігін – Елбасы Н.Ә. Назарбаев- 

тың кезекті жолдауында баса көр-

сетілген болатын.

Кәсіптік  білім  беру  саласын-

дағы «Кәсіптік білім берудегі әріп-

тестік»  бағдарламасы  аясында 

колледж    2012  жылы  Германия-

ның  Трир  қаласындағы  ұсталық 

палатасымен  тығыз  жұмыс  жүр-

гізе  отырып,  оқытудың  дуальдық 

жүйесін  енгізу  бойынша  серік-

тестік  жобаларды  жүзеге  асыру 

туралы  келісім-шарттарға  қол 

қойды.  Қазіргі  кезде  колледжде 

«Автомобиль көлігіне қызмет көр-

сету,  жөндеу  және  пайдалану» 

мамандығы  бойынша  экспери-

ментальды  оқу  тобы  құрылып,  

дуальдық  оқыту  жүйесіне  то-

лықтай көшкен. Колледждің мате-

риалдық-техникалық  базасы  ар- 

найы  пән  мамандықтары  бойын- 

ша  оқу-машықтануларының  бар-

лық түрлерін толық көлемде өтуі-

не мүмкіндік береді.

Колледждің  ғимараты  типтік 

стандартқа  сәйкес  салынған 

төрт  қабатты  оқу  корпусы  мен 

гараж  кешенінен  тұрады.  Оқу 

корпусында  заман  талабына  сай 

жабдықталған 43 оқу және 8 ком-

пьютерлік кабинет, оның ішінде 2 

лингафондық  кабинетте  оқушы-

лар дәріс алады.

Сондай-ақ, колледжде 40 орын- 

ды оқу залы және қорында 47009  

дана  кітабы  бар  кітапхана,  кө- 

шіріп-көбейту  орталығы  жұмыс 

істейді.


Оқу  процесінің  талапқа  сай 

ұйымдастырылуын,  оқушыларға 

сапалы  білім  беру  мүмкіндіктерін 

жасау мақсатында колледж каби-

неттері – жаңа технологиялық оқу 

жабдықтарымен  толықтырылған 

және  «Megaline»  жүйесі  арқылы 

интернетке  қосылған.  Оқытушы-

ларымыз күнделікті сабақтарында 

оқытудың инновациялық техноло-

гияларын, әртүрлі әдіс-тәсілдерін  

пайдалана  отырып,  электрон-

ды-ақпаратты еркін қолдану мүм-

кіндіктерін жүзеге асырып келеді.

Колледждің  гараж  кешені  мен 

оқу  шеберханаларында  автомо-

бильдерге  техникалық  қызмет 

көрсету  мен  ағымдағы  жөндеу 

және  оларды  сақтау  жұмыста-

рын орындау жүзеге асырылады. 

Сонымен  қатар,  слесарлық-ме-

ханикалық  өңдеу,  темір  ұсталық, 

дәнекерлеуші  және  газ-электр-

пісіруші  т.  б.  жұмыстарды  дұрыс 

және  сапалы  орындау  дағдыла-

рын  қалыптастыруға  машықтану 

сабақтары өткізіледі. 

Колледждің сапалы мамандар- 

ды  дайындауда  сондай-ақ,  за-

ман  талабына  сай  жұмыс  бе-

рушілердің  сұранысын  қанағат-

тандыру мақсатында зертханалық 

және тәжірибелік сабақтарды тео- 

риямен  ұштастыратын  мүмкін-

діктері  мол.  Зертханалық  каби-

неттерде  автомобильге  сапалы 

техникалық  қызмет  көрсету  үшін 

соңғы  үлгідегі  қондырғылар  мен 

диагностикалық  құрылғылар  ор-

натылған.  Бұл  мүмкіндіктерді 

пайдаланып,  білім  алған  оқушы-

лардың  болашақта  іскерлік  пен 

кәсіби  шеберліктерін  шыңдауда 

пайдасы зор.

Лабораториялық 

сабақтар-

ды  сапалы  жүргізу  мақсатында 

102,  104  кабинеттері  біріктіріліп, 

бір  жағына  Аudi  А4  маркалы  ав-

токөлігі  қойылып,  қасына  соңғы 

үлгідегі  диагностикалық  BOSH 

құрылғысы орналастырылған жә-

не тәжірибелік жұмыс процесі мен 

нәтижелерін көру үшін оқушылар 

отыратын кабинетке бейнепроек- 

тор орнатылған. Осы арқылы оқу- 

шыларымыз  теориялық  сабақты 

зертханалық  жұмыстар  арқылы 

жетік  меңгеруге  мол  мүмкіншілік 

алады.


Қазіргі  уақыттағы  әлемдік  тех-

никалық  және  кәсіптік  білім  беру 

саласындағы ең үздік жүйе – ду-

альдық  оқыту  жүйесін  енгізу.  Ол 

материалдық-техникалық  база-

мен  қатар  әлеуметтік  серіктес- 

термен  де,  тығыз  байланыс  ор-

натуды  қажет  етеді.  Осы  орайда 

колледжіміз  оқушылардың  тео-

риялық  білімдері  мен  дағдыла-

рын  жақсы  меңгеру  мақсатында 

оқу-өндірістік және технологиялық 

практикалар  өткізу  бойынша  Оң- 

түстік  Қазақстан  облысындағы 

жол  құрылысы  және  көлік  меке-

мелерімен  ұйымдастырылған  40 

келісім-шарт, 9 меморандумға қол 

қойылды. Осы мекемелермен үш 

жақты келісім-шарт жасасып, кол-

ледж оқушыларын өндірістік прак-

тикаға  орналастырып,  солардың 

озық  технологиялы  базаларын 

пайдалану  арқасында  оқушыла-

рымыздың кәсіби біліктілігі заман 

талабына сай шыңдалды.

Дегенмен,  дуальдық  оқыту 

жүйесін  енгізу  серіктестермен 

байланыс орнатумен шектелмей-

ді,  оқушылардың  практикалық 

дағдыларын  жетілдіру  үшін  авто-

мобильдерді жүргізуді, жол маши-

наларын жұмыс жағдайда жүргізу-

ді ұйымдастыру және жолды салу 

технологиясы мен әдістерін терең 

меңгеру үшін арнайы оқу полиго-

нын ашуды қажет етеді.

Осы  мақсатта  Облыс  әкімінің 

атына  хат  жазылып,  колледжге 

қала  сыртындағы  егістікке  жа-

рамсыз жерден жалпы ауданы 10 

га жер телімін оқу полигоны үшін 

пайдалануға қол жеткіздік. Қазіргі 

кезде мемлекеттік жер актісі алы-

нып,  қажетті  ғимараттар  салуға 

құжаттар рәсімделуде.

Колледжімізде  оқушылардың 

кәсіби  маман  бойынша  алған 

білімдерін  тереңдетіп,  шығар-

машылық  қабілетін  дамыту  мақ-

сатында ғылыми-шығармашылық 

конференциялар, 

байқаулар, 

семинарлар 

ұйымдастырылып 

жеңімпаздары республикалық, об-

лыстық байқауларға ұсынылды. 

2012  жылғы  27  сәуірде  Астана 

қаласында  Білім  және  Ғылым  ми-

нистрлігі  «Республикалық  техни- 

калық  және  кәсіптік  білім  берудің 

ғылыми-әдістемелік орталығы» жос- 

парлаған  «Республикалық  жастар  

ассоциациясы  техникалық  және 

кәсіптік  білім  беру  ұйымы  «Кәсіп 

жастары»  қоғамдық  бірлестігінің 

I  жастар  слетіне  колледжіміздің 

ТҰРАТ-9-091  тобының  оқушысы 

Н.Мамшаева  мен  оның  жетекшісі, 

арнайы  пән  оқытушысы  М.Тұрсы-

новтың  дайындаған  «Монорель-

стік  көліктік  жүйе»  тақырыбындағы 

ғылыми жобасы II орынды иеленді. 

2013 жылы Оңтүстік Қазақстан 

облысының  әкімі  Асқар  Мырзах-

метовтің бастамасымен облыстық 

білім  басқармасының  дәстүрлі 

түрде ұйымдастыратын «Жыл ше-

бері-2013»  байқауында  колледж 

оқытушысы  Шамшиметов  Зуфар 

Фархатұлының  дайындаған  «Күн 

электр  станцияларын  қолдана 

отырып,  теміржол  автоматикасы 

жүйелерін  қоректендіру»  жоба-

сы электр энергиясын үнемдеуге 

және  темір  жол  өткелдеріндегі 

көлік  қозғалысының  қауіпсіздігін 

реттеуге  қажетті  экономикалық 

тиімділігі дәлелденіп, облыс бойын- 

ша  үздік  деп  танылған  18  жоба-

ның ішінен І орынды иеленді.

2009 жылы колледж Облыстық 

білім  саласының  дамуына  ерек-

ше үлес қосқаны үшін «Үздік кол-

ледж» атанды.

Колледж студенті Рахман Бек- 

сұлтан  Ақтөбе  қаласында  өткен  

Республикалық 

«Автомеханик- 

2014 кәсібінің үздігі» байқауының 

ІІІ орын иегері атанды

ОҚО  әкімінің  бастамасымен 

колледждің арнайы пән оқытушы-

лары мен өндіріс шеберлері ара-

сында  өткізілетін  жыл  сайынғы 

«Жыл  шебері-2015»  облыстық 

байқауына  колледж  оқытушысы 

Шаланова  Айгүл  құрылыс  сала-

сы  бойынша  қатысып,  жүлделі  ІІ 

орынды иеленді.

2015  ж.  ОҚО  білім,  жастар 

саясаты  және  тілдерді  дамыту 

басқармасының  «Үздік  еңбекті 

қорғау жөніндегі қоғамдық инспек-

тор»  номинациясы  бойынша  ІІІ 

орынды иеленді.

М.Әузов атындағы Оңтүстік Қа- 

зақстан  мемлекеттік  университе- 

тінде. «ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ – 14:  

Жаңа  жаһандық  ахуалды  Қа-

зақстанның  білім  және  ғылым 

инновациялық  әлеуеті»  атты  ха-

лықаралық  ғылыми-тәжірибелік 

конференциясына  колледж  сту-

денті М.Н. Туртаев  қатысып Үздік 

сертификатын иеленді.

Колледж  ұжымы  озық  педаго-

гикалық  әдіс-тәсілдерді  ұтымды 

қолдана отырып, қазақ халқының 

төл  мәдениеті,  салт-дәстүрлері, 

әдеп-ғұрыптары арқылы жас жет-

кіншектің ұлттық сана сезімін бой-

ларына сіңіре отырып, жастардың 

білімге,  ғылымға  деген  ынтасын 

арттыру  арқылы  тәрбие  беруді 

басты жолға қойған.

Колледж  ұжымы  жас  маман-

дар  даярлауда  сапалы  білім-са-

налы  тәрбие  берумен  қатар,  пе-

дагог  қызметкерлердің  арасында 

өзара кәсіби біліктілігі мен шығар-

машылық қабілеттерін жан-жақты 

арттыру  мақсатында  түрлі  іс-ша-

ралар өткізіп тұрады. Атап айтсақ,  

«Таным-өнер-спорт»,  «Жылдың  үз- 

дік  оқытушысы»,  «Жылдың  үздік 

циклдік комиссиясы», «Үздік каби-

нет және Үздік зертхана»,  «Прези-

денттік тест», т. б. 

«Жылдың үздік циклдік комиссия-

сы» байқауын анықтау мақсатында 

жоғарыда  аталған  байқаулардың 

нәтижелерін  ескере  отырып,  қо-

сымша  педагогтардың  білім  беру 

қызметі  бойынша  «Оқу  модулі», 

«Әдістемелік  модуль»,  «Тәрбие 

модулі»  бөлімдерінен  Рейтингтік 

көрсеткіштері анықталынып, әр оқу  

жылының қорытынды есебі бойын- 

ша  педагогикалық  іс-әрекеттері- 

нің  нәтижесін  айқындап,  үздік  деп  

танылған  циклдік  комиссияға  бері-

летін «Ауыспалы Кубокқа» ие болады

Көлік  саласы  бойынша  40  жыл-

дан  астам  уақыт  ішінде  кәсіптіктех-

никалық  мамандар  даярлап  кел-

ген  оқу  ордасында,  2013  жылдың 

5  қазанында  колледж  мұражайы 

ашылды.  Мұражайды  ашу  Облыс- 

тық  Білім  басқармасы  және  БАҚ 

өкілдерінің  қатысуымен  үлкен  ме-

рекелік  салтанатты  іс-шарамен  өтті. 

Колледж  мұражайы  студенттер  мен  

педагогикалық  ұжымның  патриот- 

тық,  кәсіптік  және  идеологиялық  

тәрбиенің  орталығы  болды.  Мұра-

жай оқу орнының кешегі тарихы мен 

бүгінгі тыныс-тіршілігінің алтын көпірі 

болмақ.


45 жылдық тарихы бар оқу орда-

мыздың өткенін саралап, ертеңімізге 

көз  жүгіртсек,  жас  ұрпақты  тәрбие- 

леуде,  білікті  техникалық  маман-  

даярлауда  ұстаздар  қауымының 

талай  жетістіктер  мен  асуларды 

бағындыратыны  сөзсіз.  Болашақта 

колледж  білім  көкжиегінде  елеулі 

орны бар оқу орындарының көшбас-

шысы болатынына сенім мол.



21

№21 (58) 

8 ноября 2016 г.

БІЛІМДІ ЕЛ  ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilimdi_el@mail.ru

Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz



ӘРІПТЕСТІК

Біліктілікті арттыру кеңістігінде

Мархаба ҚУАНТАЕВА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы 

СҚО бойынша ПҚ БАИ директорының

оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары,

филология ғылымдарының кандидаты

Ал, мұғалімді, педагогті жаңаша ойлауға 

үйрету  Біліктілікті  арттыру  институтының 

еншісіне бұйырып отыр. «Өрлеу» біліктілік-

ті  арттыру  ұлттық  орталығының  барлық 

филиалдары  халықаралық  және  отандық 

тәжірибені трансляциялау негізінде педаго-

гикалық қызметкерлердің біліктілігін жүйелі 

арттыруда. Әлемдік кеңістікке кіру үшін ең 

алдымен шетелдік тәжірибені зерттеп алып 

қана  отандық  білім  беруді  дамыта  ала-

мыз деген ойдамыз. Сөйтіп келе, «Өрлеу» 

БАҰО» қызметінің басты бағыттарының бірі 

ретінде әлемдік жетекші білім беру ұйымда-

рымен жұмыс атқаруды қолға алды. Олар: 

Cambridge  University,  University  of  Warwick, 

Norwich  Institute  for  Language  Education, 

University  of  Huddersfield,  KERIS  Educare, 

Seoul  Cyber  University,  British  Counsil  және 

т. б.

Ал,  «Өрлеу»  біліктілікті  арттыру  ұлттық 



орталығының  «Солтүстік  Қазақстан  облы-

сы бойынша ПҚ БАИ» филиалы білім беру 

саласында  әріптестікті  орнатуда  өз  бағы-

тын анықтап, біршама істер атқарып жатыр. 

Атап  айтқанда,  Білім  және  әлеуметтік  тех-

нологияларды  дамыту  институты  (Ресей, 

Қорған  қ.),  Омбы  мемлекеттік  педагогика-

лық университеті (Ресей, Омбы қ.), Шекара-

сыз оқыту орталығы (Канада, Монреаль қ.),  

Запорожье  облыстық  дипломнан  кейінгі 

педагогикалық  білім  институты  (Украина, 

Запорожье қ.), Мәскеу аймақтық әлеуметтік- 

экономикалық институты (Ресей, Мәскеу қ.),  

Омбы облыстық білім беру институты (Ре-

сей, Омбы қ.), Санкт-Петербургтік диплом-

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, эконо-

микалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана 

қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке 

тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші 

кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, жоғары зияткер-

лік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Осы нақты бағыттарда 

жұмыс жасай отырып, біз білім беру жүйесінің жаңа мазмұнға 

ие болуына қол жеткізбекпіз, яғни қазіргі мектеп бәсекеге қа-

білетті және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін 

оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ордасы болуы қажет. Бір сөз-

бен айтқанда, білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеру үшін 

«мектеп қазығы», мектептің «нәзік жүрегі» – мұғалімнің білімі 

мен білігі де жоғары деңгейде болуы тиіс.

нан  кейінгі  білім  беру  академиясы  (Ресей, 

Санкт-Петербург  қ.),  Мәскеу  ашық  білім 

беру  институты  (Ресей,  Мәскеу  қ.),  Нов-

город  білімді  дамыту  институты  (Ресей, 

Новгород қ.), Минск қалалық білімді дамы-

ту  институты  (Беларусь,  Минск  қ.)  меке-

мелерімен  конференциялар,  семинарлар, 

вебинарлар,  дөңгелек  үстелдер  және  т.  б. 

шаралар  бірлесе  өткізуде.  Әр  іс-шара  ба-

рысында көкейтесті тақырыптар төңірегінде 

әңгіме жүргізіліп, сауалдарға тұщымды жа- 

уаптар беріледі.

Мысалы, Санкт-Петербургтік дипломнан 

кейінгі білім академиясымен бірлесе өткізіл-

ген «Білім беру ортасының қауіпсіздігі» тақы-

рыбындағы  халықаралық  ғылыми-тәжіри-

белік  конференцияда  бала  қауіпсіздігін 

қамтамасыз  ету  тәрбиелеу  жұмысының 

маңызды  міндеттерінің  бірі  болғандықтан, 

қоғамымыздың  кішкентай  мүшелерін  кем-

сітушілік  пен  күш  көрсетуден  сақтау,  білім 

беру  ортасында  қолайлы  жағдай  жасау 

төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынды.

Сондай-ақ, білім берудегі заманауи тео-

риялық және практикалық көзқарас, өмірлік 

қиын жағдайларға душар болған балаларға 

әдістемелік  көмек  көрсету,  қауіпсіздікті 

сақтаудың педагогикалық жолдары, арнайы 

білім  беру  және  интернаттық  ұйымдардың 

психологиялық  қауіпсіздікпен  қамтамасыз 

етілуі  талқыға  түсті.  Аталмыш  мәселелер 

бойынша Қорған облысының (Ресей) білім 

беруді дамыту және әлеуметтік технология- 

лар  институтының  мектепке  дейінгі  және 

бастауыш  жалпы  білім  беру  кафедрасы-

ның  меңгерушісі  Елена  Алфеева,  Ресей 

Федерациясының  Президенті  жанындағы 

мемлекеттік  қызмет  және  Ресей  халық 

шаруашылығы  академиясының  қоғаммен 

байланыс  кафедрасының  доценті  Анна 

Сосновская,  Өскемен  медициналық  кол-

леджінің оқытушысы, педагогика ғылымда-

рының магистрі Бақыт Сейілханова тәжіри-

белерімен бөлісті.

Қазіргі таңда балаларды қорғау мәселесі 

бойынша ювеналды соттың педагогика са-

ласымен байланысы жайлы Петропавл қа-

ласының ішкі істер бөлімі ювеналды поли-

ция бөлімінің учаскелік инспекторы Асылбек 

Рамазанов  әңгіме  жүргізсе,  облыстық  пси-

хоневрологиялық  диспансердің  психологі 

Татьяна Яковлева балалардың психикалық 

қауіпсіздігін  медициналық  тұрғыдан  талқы-

лады.  Облыстық  білім  беру  саласындағы 

ақпараттық  технологиялар  және  әдісте-

мелік  жұмыс  орталығының  әдіскері  Ирина 

Якимова білім беру жұмысын ұйымдастыру-

да оқушылардың психологиялық қауіпсіздігі 

мен денсаулығы жайлы ойын ортаға салды.

Шара  барысында  психологиялық  тре-

нингтер,  коучингтер,  шеберлік  сағаттар  да 

өткізілді.  Конференция  материалдары  жи-

нағына 97 автордың еңбегі, соның ішінде 19 

ғылым докторы мен кандидаттары, 17 алыс 

(АҚШ, Колорадо, Монтана штаттары) және 

жақын (Ресей, Грузия, Украина, Өзбекстан) 

шетел ғалымдары, «Өрлеу» БАҰО» 16 фи-

лиалының  профессорлық-оқытушылық  құ- 

рамының өкілдерінің мақалалары енді.

Педагогика  ғылымдарының  докторы, 

профессор  Э.Балакирева,  педагогика  ка- 

федрасының 

меңгерушісі, 

педагогика  

ғылымдарының 

докторы, 

профессор  

С.Писарева,  педагогика  ғылымдарының 

докторы,  профессор  Е.Пискунова,  Ресей 

білім  академиясының  корреспондент-мү-

шесі,  Жалпы  білім  беретін  ғылыми-зерт-

теу  институтының  директоры,  педагогика 

ғылымдарының докторы, профессор А.Тря-

пицынаның қатысуымен өткен білім беру те-

лекөпірі  (образовательный  телемост)  «Өр-

леудің»  солтүстік  қазақстандық  филиалы 

мен А.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік 

педагогикалық  университеті  арасындағы 

ынтымақтастықты  әрі  қарай  дамыта  түсті. 

«Педагогтердің үздіксіз білімі: даму ағымда-

ры және болашағы» тақырыбындағы шара-

да Ресей мен Қазақстан ғалымдары педа-

гогика  мамандығын  таңдаған  мамандарды 

даярлау және педагогтердің біліктілігін арт-

тыру сабақтастығы жайлы әңгіме жүргізді.

Білім  саласындағы  әріптестеріміздің 

ішінде  Украина  ерекше  орын  алады.  Өз 

мемлекетінде  саяси  қозғалыстың  жүріп 

жатқанына қарамай, білім мәселесін өмірлік 

кәсіптеріне айналдырған қажырлы әріптес- 

терімізге тәнтіміз.

2014  жылдың  15  қаңтарында  қол  қой-

ылған  келісімшартты  бұлжытпай  орындап 

келеді.  2014-2016  жылдары  серіктестік  ая-

сында онлайн тәртібінде: «Біліктілік артты-

ру жүйесіндегі педагогтердің кәсіби құзірет-

тіліктерінің  даму  мәселелері»,  «Білім  беру 

жүйесіндегі  инновациялық  қызметті  ғылы-

ми-әдістемелік  қамтамасыз  ету»,  «Үздіксіз 

білім беру жүйесіндегі басшысының кәсіби 

құзыреттілігін дамыту: халықаралық тәжіри-

бе»,  «Кіші  қала  және  ауылды  жерлердегі 

жағдайда  инновациялық  қызметті  ғылы-

ми-әдістемелік  қамтамасыз  ету»,  «Жаңа 

ғасырдағы  үздіксіз  білім  беру:  жетістіктер 

және  перспективалар»  тақырыптарындағы 

ХҒТК өткізілді.

Біріккен ғылыми орта құру мақсатындағы 

өткізген іс-шараларымыз жетерлік, соңғысы 

ағымдағы жылдың 18 қазанында Запорожье 

дипломнан кейінгі педагогикалық білім беру 

облыстық  институтымен  өткізген  «Үздіксіз 

білім беру жүйесінде маманның кәсіби да-

муының  ғылыми-әдістемелік  негіздері» 

атты  онлайн-дөңгелек  үстелге  тоқталатын 

болсақ, «Үздіксіз білім берудегі жоғары мек-

теп  педагогтерінің  кәсіби  дамуы  бойынша 

авторлық  тәжірибе»,  А.Сущенко  (Класси-

калық  приват  университетінің  білім  беру 

кафедрасының  меңгерушісі,  педагогика-

лық  ғылымдарының  докторы,  профессор); 

«Педагог  қызметкерлерінің  аймақтық  білік-

тілік  арттыру  жүйесіндегі  шығармашылық 

педагогикалық  қоғамдар  қызметін  реттеу» 

Н.Билык  (М.Остроградский  атындағы  Пол-

тава дипломнан кейінгі педагогикалық білім 

беру  облыстық  институты  профессоры, 

педагогикалық  ғылымдарының  кандидаты, 

доцент);  «Тірек  мектептер  басшыларының 

дайындық ерекшеліктері», А.Вознюк (Сумы 

облыстық дипломнан кейінгі педагогикалық 

білім  беру  институтының  кафедра  мең-

герушісі,  психологиялық  ғылымдарының 

кандидаты, доцент); «Дипломнан кейінгі пе-

дагогикалық білім: «Жаңа мектеп», иннова-

циялық өзгерістердің қажеттіліктері», М.Жук 

(Сумы облыстық дипломнан кейінгі педаго-

гикалық білім беру институтының кафедра 

меңгерушісі,  философиялық  ғылымдары-

ның  кандидаты,  доцент);  «Запорожье  жас 

педагогтер  ассоциациясы»:  педагогикалық 

жастардың кәсіби өсуіндегі коучинг амалда-

ры», О.Гусак (Запорожье қалалық кеңестің 

білім және ғылым Департаменті орталығы-

ның меңгерушісі) жалпыукраиналық тұрғы-

да ой-пікірлерімен бөлісті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар екі жақты 

ашылған мәселелерге үлкен қызығушылық 

танытты.



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал