Образованная страна



жүктеу 1.43 Mb.
Pdf просмотр
бет12/14
Дата09.01.2017
өлшемі1.43 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

«Қазпочта»: 

ғаламтор арқылы жазылу

«Қазпочта»  АҚ  заманауи  уақыт  талапта-

рына  сай  мерзімді  баспа  басылымдарына 

жазылудың жаңа форматы енгізілгендігін ха-

барлайды. Бұдан былай кез келген адам өз 

қалауы бойынша Ғаламтор арқылы «Білімді 

ел  –  Образованная  страна»  газетіне  жа-

зылымды  рәсімдей  алады.  Корпоративтік 

трансформация  бағдарламасына  сәйкес 

ашылған  www.postmarket.kz  сайтында  жа-

зылымды рәсімдеу баршаға  қол  жетімді  бо-

лып табылады.

Жазылымды  рәсімдеу  үрдісі  барынша 

жеңіл - www.postmarket.kz сайтында «Газет-

терге/журналдарға жазылу» деген сілтемеге 

кіріп, тіркелу арқылы, клиент автоматты түр-

де каталог (тізімге) жариялаған параққа ауы-

сады.  Каталогтан  қажетті  басылымды  тізім 

бойынша немесе тез іздеу жолын пайдалану 

негізінде табу мүмкіндігі қарастырылған.

Басылымның  жазылу  бағасы  бірден  па-

рақтың  оң  жағынан  шығады,  клиентке  тек 

банктік төлем карта қолдану арқылы төлемді 

аудару қажет, ал қалған қажетті жұмыстарды 

компанияның қызметкерлері орындайды.

Қазіргі уақытта Ғаламторды пайдалану не-

гізінде  «Қазпочта»  АҚ  арқылы  таратылатын 

барлық басылымдарға жазылымды рәсімдеу 

баршаға қол жетімді.

«Казпочта»: 

подписка по Интернету

АО  «Казпочта»  сообщает  о  внедрении 

нового  современного  формата  подписки  на 

периодические  печатные  издания.  Отныне 

любой желающий сможет оформить подпис- 

ку  через  Интернет.  Подписка  на  «Білімді  ел 

– Образованная страна» доступна на сайте 

www.postmarket.kz,  который  запущен  в  рам-

ках корпоративной программы трансформа-

ции.


Процесс  оформления  прост:  зарегистри-

ровавшись  на  сайте  www.postmarket.kz  и 

пройдя по ссылке «Подписка на газеты/жур-

налы», клиент автоматически перейдет к ка-

талогу.  Необходимое  издание  можно  найти 

по списку или в строке быстрого поиска.

Цена  на  подписку  издания  сразу  отра-

жается  справа,  клиенту  необходимо  лишь 

произвести оплату банковской картой, а все 

остальное за него сделают сотрудники ком-

пании.

В настоящий момент к оформлению под-



писки через Интернет доступны все издания, 

распространяемые через АО «Казпочта».



ВНИМАНИЕ!

28

№21 (58) 

8 ноября 2016 г.

БІЛІМДІ ЕЛ  ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilimdi_el@mail.ru

Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz



ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Отаным менің – 

Тәуелсіз Қазақстан

Нұрбек АСЫЛБЕК, 

№7 колледжінің өндірістік оқыту шебері

Кентау қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы



Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

орай Оңтүстік Қазақстан облысы 

Кентау қаласындағы №7 кол-

леджінің өндірістік оқыту шебері 

Нұрбек Асылбектің өткізген 

ашық тәрбие сағатын оқырман 

назарына ұсынып отырмыз. 

Қазақстанның болашақ елжанды 

азаматтарын тәрбиелеуге осындай 

игі қадамдардың берері мол.

1-жүргізуші: 

– Ассалаумағалейкум, көрерменім,

Сәлем бердім сіздерге, киелі елім.

Қаратаудың тәжі атанған Кентауым да,

Аманбысың, құдіретті, ұлы жерім.

2-жүргізуші:

– Армысыздар, құрметті қонақтарым,

Бүгінгі ән кеште жыр ақтардым,

Біздің колледждің өнерлі жастарының,

Қабыл алғын дарынды ұрпақтарын.

1-жүргізуші:

– Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,

Туған тілім шұбарланба жарқыра!

Тарихымда таланттылар көбейсін,

Бас иемін ата-баба рухына!

2-жүргізуші:

Шаттық әні биікте шарықтасын,

Аспанымда бейбіт құс қалықтасын.

Шат күлкілі жастары бақытты боп,

Білім алсын, ешқашан жалықпасын!

1-жүргізуші:  –  Қазақстан  –  қазақ  халқы-

ның  атамекені.  Осы  тұғырлы  орданың  ай-

барлы есімін естігенде сан қилы күй кешеміз. 

Асқар  таудың  биік  белесінен  жайнап,  бүкіл 

әлемге қуаттана қарап, өзін мәңгілікке хабар-

лап тұрған «Қазақстан» атты жазуды байқап, 

оның мәртебесі жоғары, мерейі үстем, тұғы-

рын  тот  баспайтын  ел  екенін  мақтанышпен 

сезіп қуанамыз.

2-жүргізуші:  –  Міне,  осындай  республи-

камыздың егінді даласы, күмісін шашқан көл-

дері, кенге байтақ өңірі, малға толы өрісі Қа-

зақстан  Республикасының  болашақ  ұрпағы, 

келешек  азаматтары  сендерге  мұра  болып 

қалады. 


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 

әнұраны орындалады.



1-жүргізуші:  –  Ғасырлар  бойы  аңсаған 

бақытқа жетіп кенелдік,

Еліміздің арманы елу елмен теңелдік,

Бір уысқа жиылып ел болдық бізде мәң-

гілік,

Айтып жүрсін жас ұрпақ тарихымды ән 

қылып.

2-жүргізуші:

– Мәңгі болу – ел тірегі қашаннан,



Елбасының арқасы, шуағынан таралған.

Ыдыратпай  халықты  бір  шаңырақ 

астына,

Рәміздерін елімнің биіктерге самғатқан.

1-жүргізуші:  –  Елбасы  Н.Ә.  Назарба-

ев:  «Ұлы  тұлғаларды  білмейінше,  бірде-бір 

дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес», – деді. 

Жерінің  азаттығы  үшін  күрескен,  халықтың 

біртуар ерлерін, батырларымыз бен ұлт қай-

раткерлерін  еске  алып,  рухтарына  тағзым 

ете отырып, тарих қойнауына саяхат жасай-

мыз.


2-жүргізуші:  –  Ұшқан  құстың  қанаты  та-

латын қазақтың байтақ даласын ақ білектің 

күшімен,  ақ  найзаның  ұшымен  ата  жаула-

рынан  қорғап  қалған,  бұдан  бес  жарым  ға-

сыр  бұрын  даңқты  Керей  мен  Жәнібек  ба-

баларымыздың хандығы да талай тар жол, 

тайғақ кешулерді бастан кешкен. 

1-жүргізуші:  –  Қазақ  хандығының  550- 

жылдығы  –  Тәуелсіздік  пен  теңдіктің,  ынты-

мақ пен елдіктің көрінісі. 

Көрініс: «Ұлы көштің басталуы» 

Киіз үйдің іші.

Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат 

құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді.

– Ассалаумағалейкум, ағалар!

– Уағалейкумассалам, төрлетіңдер.

Ақсүйектер  басшысы:  –  Біз  бір  маңызды 

мәселемен келіп отырмыз.

Елді  бейберекетсіздік  жайлады.  Ханекем 

соғыстарды  үдетіп,  салықтарды  көбейтті. 

Әскери  дайындықсыз,  батырларды  қудалау 

негізінде  ойраттардан  жеңілгені  өздеріңізге 

мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?

Жәнібек: – Ия, сөздеріңіз рас, ханның қа- 

һарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым  

халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел бола-

тын күн келді.



Керей:  –  Бар  қазақты  біріктіретін  уақыт 

келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді 

деп сенемін.

Жәнібек:  –  Елдігімізді  сақтау  үшін  Туған 

жерден  жырақтауымызға  тура  келіп  тұр. 

Моңғол ханы Есенбұға туысымыз дулаттар-

дың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ, ба-

уыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып, аға-

сына  қарсы  шығуда.  Есенбұға  інісіне  қарсы 

одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?

Керей: – Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа 

барып Ұлы жүзбен бірігейік. 



Сұлтандар: – Біз дайынбыз, бастаңыздар 

көшті.


Сұлтан: – Біз сіздермен біргеміз. 

Жәнібек:  –  Кереке,  ұзақ  жолға  шыққалы 

тұрмыз. Өзіңіз бір бата беріңіз.



Керей: – Жолыңды Алла қолдасын, 

Жаманшылық болмасын.

Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,

Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.

Барған жерде құшақ жая қарсы алсын,

Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.

Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын.

Алла жебеп, ұшқан құспен жарысқын.

Көңілің шат, ат-көлігің арымай,

Отбасыңмен аман-есен табысқын.

Аумин!


1-жүргізуші: – Қайран, қазақ елі. Жас ұр-

паққа  айтылмаған,  жеткізе  алмаған  жан  дү- 

ниеңді дір еткізер сыр, мұңға толы тарих па-

рақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан 

кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, 

құмды шөлдер, тарихи ескерткіштер, мазар-

лар қираған ежелгі қалалар. 

Ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың то-

пырақ иісі мүңкіп тұр.

2-жүргізуші: – Сонау Ақтабан шұбырын-

ды, Алқакөл сұлама заманынан бастап, қой-

ша қырылған, репрессия жылдарына дейінгі 

аралықта  халқымыздың  далада  өмір  сүруі, 

не жойылып кетуі қаупі тұрған еді.

1-жүргізуші: – Дегенмен, қазақ ұлты Тә- 

уелсіз, еркін деген мағынаны білдіретін қа-

зақ  деген  атына  сай  әрқашанда  азаттыққа 

қол жеткізу үшін талпынды, күресті, шайқас- 

ты.  Мың  өліп,  мың  тірілсе  де  қазақ  болып 

қала берді, әр ұрпақ өзінен кейінгілерге Тә- 

уелсіздікті арман етіп, ұлттық мақсат ретінде 

аманат етті.



Көрініс:  «Ата-бабам  аңсаған  –  Тәуел-

сіздік» 


Абылай:  –  Уа,  халқымның  көсемдері, 

осынау  қиын-қыстау  заманда  ел  басына 

жоңғар  деген  атпен  қара  бұлт  төніп  тұрған 

жағдайда,  халықты  біріктірер  қариялар  өз-

деріңізсіздер.  Маған  сіздердің  ақыл-кеңес- 

теріңіз керек.



Төле  би:  –  Дұрыс,  ел  болып  біріксек, 

ешқандай жау бізді ала алмайды. Алтау ала 

болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, 

төбедегі келеді.



Қазыбек  би:  –  Әр  руға  шабандоздары- 

мызды жіберейік, халыққа хабар айтсын.



Әйтеке би: – Жөн! Ел ішінен қол жинауы-

мыз керек. Рулар арасындағы кикілжіңді артта 

қалдырып, айбарлы батырларымыздың басын 

біріктіріп, қас жауымызға қарсы шығайық.



Бұхар жырау: – Армысың, Абылай?!

Абылай хан: – Армысыз, Бұхар баба?

Бұхар жырау: – Біз бармыз-ау, хан ием. 

Қазақтың халін айтсаңдаршы, сол – менде-

гі  зар,  сол  –  мендегі  запыран.  Қанды  ауыз 

жоңғар  қазағымды  құл  қылғысы  келеді. 

Қызымды  басыбайлы  күң,  ұлымды  мұрны 

тесілген  құл  қылмақ.  Қайран  қазақтың  халі 

өте нашар, Абылай. Берекесі жоқ елдің, бір-

лігі жоқ.



Не қылмақ ойың бар, а, Абылай?

Абылай: – Азаттық жолы – азапты,

Төземісің, әлеумет!

Төзсең егер, әлеумет,

Зорлықты жеңер ар-намыс,

Шығарар тардан тәуекел.

Тәуекелге бел байлап,

Қазақтың қайсар намысы,

Болмасын деп қара жер

Жойқын жаудың жолында,

Жойылмасын деп қайран ел,

Азаттықтың қаны үшін,

Болашақтың бағы үшін,

Ұлы жорық бастаймын!

Еремісің, әлеумет!

Халық: – Абылай! Абылай! Абылай!

Төле би: – Уа, көсіле шабар жерің бар,

Ту көтерген ерің бар,

Қол боларлық елің бар,

Атадан қалған сара жолың бар,

Құлдық ұрсаң дұшпанға,

Арылмайтын сорың бар.

Халық өзіңе сенді.

Төле би: – Бата

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп қарала.

Өзегің талса өзен бойын жағала,

Басыңа іс түссе көпшілікті сағала.

Өзіңе өзің кәміл бол, Халқыңа әділ бол.

Жауыңа қатал бол, Досыңа адал бол!

2-жүргізуші: – Қазақ халқының XVII ғасыр- 

дағы  тарихи  арпалысқа  толы,  жер  бетінде 

бар  болу,  не  жоқ  болу  деген  жанкешті  ты- 

нымсыз заман еді.

Дос іздедім жау тисе болысатын,

Қыс қыстатып, жаз бірге қонысатын.

Еділ, Жайық, Ертісті жағаладым,

Үміт көрдім құдіретті Рессей елін.



1-жүргізуші: – Бірақ, Ресей мемлекеті өз 

мақсаты  үшін  жерімізді  отарлап,  халықты 

аяусыз езгіге ұшыратты. Осы саясатқа көзін 

жұмып қарап отырған жергілікті хандар мен 

билерге,  орыс  үкіметінің  озбыр  саясатына 

қарсы Исатай мен Махамбет, Кенесары, Сы-

рым,  Есет,  Жанқожа  бастаған  көтерілістер 

найзағайдай бұрқ етті.



Махамбет:

– Еділдің бойы ен тоғай

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім.



2-жүргізуші:  –  Мен  қазақпын  мың  өліп, 

мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мың тілімен.

Күн күркіреп, жаз ойнап, жетті түзге,

Жирмасыншы жас ғасыр, дауыл ғасыр.

1-жүргізуші: – Енді бұрынғыдай атқа мін-

гізіп, зеңбірекке қарсы шауып, қанға бөккен-

нен мән шықпайтын еді.

2-жүргізуші:  –  Қазақ  халқының  санасы-

на сәуле шашып, өнер-білім арқылы ұлттың 

санасын оятуды ойлаған қазақ зиялылары із 

ашары – ұлы Абай болса, Шоқан, Ыбырай, 

Міржақып,  Сұлтанмахмұт  жолын  жалғасты-

рушы болды. 



Абай монологы: 

– Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,



Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,

Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың.

Бас-басына би болған өңкей қиқым?...

Мінекей бұзған жоқ па елдің сиқын?...

Сұлтанмахмұт: – Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам,

Қараңғылықтың кегіне

Күн болмағанда кім болам?

Мұздаған елдің жүрегін.

1-жүргізуші:  –  Тарих  санасында:  «Оян, 

қазақ!» – деп жар салған қазақ зиялылары-

ның  жаңа  шоғыры  Сәкен,  Ілияс,  Бейімбет, 

Тұрар, Мұстафа, Әлихан, Ахмет ағаларымыз 

өктемдіктің құрбаны болды.

Әлихан  Бөкейханов:  –  Азаттық  таңы 

оятты. Тілекке құдай жеткізді... Күні кеше құл 

едік, енді бұл күні теңелдік. Біздің іздегеніміз 

Алаштың аты – бәйгеден келгені. Бұл болып 

тұрған заман – алаштың азаматына зор жүк. 

Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер та-

былса, алаштың баласы бақыт жолына түсті.

Кейінгі  ұрпақ  не  алғыс,  не  қарғыс  бере 

жүретін  алдымызда  зор  міндет  бар.  Осыны 

аңғар, жұртым, қазақ!



2-жүргізуші: 

– «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,



Деп жырлар сорлы қазақ мен өлгенде.

Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді

Тарихтың  түкпірінен  сөз  келгенде»,  – 

деп халқымыздың қаһарман перзенті Бауыр-

жан Момышұлы көрегендікпен айтқан осы бір 

өлең  жолдары  бүгінгі  таңда  мерейтойлары 

аталып,  тойланып  жатқан  талай  ұлы  тұлға-

ларға тән. 



1-жүргізуші: – Соғыс даласына қазақтың 

ұлдарымен бірге өрімдей қара көз қыздары 

өз  еріктерімен  аттанған  болатын.  Шығыс- 

тың батыр қыздары Әлия мен Мәншүк және 

Хиуаз апаларымыз майдан даласында жау-

дың  зәресін  ұшырып,  құтын  қашырғаны  та-

рихтан белгілі.

1-жүргізуші: – Уақыт өте келе КСРО тағ-

дыры  да  пісіп  жетілді.  Тарихта  «Құйын-86» 

– мәңгі есте қалатындай Тәуелсіздік күресін 

жалғастырған жастар тобы. Сол отты оқиға-

дағы жастар ерлігі Тәуелсіздігіміздің бастауы 

болды.  Бұл  оқиғаның  құрбандары  Қайрат, 

Ләззат, Сәбира мен Ерболдар еді.

2-жүргізуші: – 1986 ж. 16 желтоқсаны Тә- 

уелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі бол-

ды.

1-жүргізуші: – 1991ж. 16 желтоқсанда Қа-

зақстан Республикасы Тәуелсіздігін жарияла-

ды.  Қазақстан  Тәуелсіздікке  қол  жеткізген  25 

жылдың  ішінде  дамыған  нарықтық  экономи-

каға өтіп үлгерді. 

2-жүргізуші:  –  «Бұл  дүниеде  біздің 

бір  ғана  Отанымыз  бар,  ол  –  Тәуелсіз  Қа-

зақстан», –  деп Елбасымыз айтқандай кең 

байтақ Қазақстан – туған өлкеміз, оны сүйіп, 

құрметтеу- барлығымыздың парызымыз.

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен- кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Халқым айтқан жер көтерер ер даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім – Елбасы, аман болғай!

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Ән: «Қазақтай ел қайда» 

1-жүргізуші:  –  Нәсілдерге  нәсіл  болсын 

нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

1-жүргізуші:  –  «XXI  ғасыр  Қазақстанның 

«алтын ғасыры» боларына сенеміз. Бұл бей-

бітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасы-

ры  болады.  Қазақстан  халқы  ұлы  тарихтың 

иесі  атануға  лайық.  Біз  көздеген  мақсаты-

мызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азат-

тығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды 

болсын!


Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз 

жаңа дәуірлерге жол ашсын!» 



2-жүргізуші:  –  Тәуелсіздігіміздің  25  жыл-

дық  мерейтойын  және  халықаралық  EXPO-

2017  көрмесін  табысты  өткізіп,  еліміздің 

әлеуетін  әлемге  паш  етеміз.  Ұлы  жолдағы 

сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын бол-

сын!


1-жүргізуші: – Тәуелсіздік айтқыздың жақ-

сы әнді,


Ақындарға шабыт бер қызу қанды.

Нұрлы жолға түсіп бір алыппыз біз,

Сол жолменен жүрелік енді мәңгі.

2-жүргізуші: – Қазақпын, еңселі елмін еге-

менді,


Кеңейттім кең әлемге керегемді,

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Хор «Атамекен» 



1-жүргізуші: – Еліміздің іргесі берік болып, 

Тәуелсіз  еліміздің  көк  аспанында  әрдайым 

бейбітшілік күні жарқырасын!

2-жүргізуші: – Ырысымыз тасып, нәсібіміз 

молынан  болсын!  Бірлігі  мен  ынтымағы  жа-

расқан  Қазақстан  Республикасы  дамып  гүл-

дене берсін!



29

№21 (58) 

8 ноября 2016 г.

БІЛІМДІ ЕЛ  ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilimdi_el@mail.ru

Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz



ҚОС БӘЙТЕРЕК

Жамбыл мен Тайыр үндестігі

Ш.ТОЙЫНБАЕВА, 

ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайы Қазақстан тарихын 

зерттеу орталығының ғылыми қызметкері  

Алматы қаласы

Жүз жыл өмірінің сексен бесін 

өлең мен жырға арнаған кес-

телі сөздің шебері,  әрі жырау, 

әрі жыршы, әрі ақын атанған 

Жамбылдың есімі елімізге ғана 

емес, өзге елдерге де кең та-

нылып, ауызша тарихтың ірі 

тұлғаларының біріне айналды. 

Өзі өмірден озса да, артынан 

мәңгі өшпейтін жыры мен 

дастандарын қалдырған ақын 

ішінен өрбіткен өлең-жыр- 

ларымен барлық мәселенің 

шешімін таба білген. Жүз 

жасаған Жамбыл ақын бері 

алғанда қазақ халқының, әрі 

алғанда бүкіл Ресей халықта-

рының бастарынан кешкен та-

рихи кезеңдеріне куә болды. 

Өйткені,  Жамбыл  дүниеге  келген  кез 

1846 жыл еді. Қақаған қыстың боранында 

қарапайым, көшпелі кедей Жапаның отба-

сында дүние есігін ашқан Жамбыл жастайы- 

нан  өлең-жырға  зерек  болып  өседі.  Туған 

ағасы  Тәйті  оны  8  жасында  ауыл  молда-

сынан  білім  алуға  апарғанымен,  Жамбыл 

молданың бірінші таяғынан кейін қайтадан 

молда алдына аяқ баспастай әсерде қала-

ды. Хат танитын сауаттылығы болмаса да, 

жастайынан  өзінің  талантымен  жұрт  көзі-

не  түскен  Жамбыл  15  жасынан  бастап-ақ 

жоғары деңгейдегі ақындық өнерімен елді 

тәнті қылып, халық арасында «жас ақын» 

атана  бастайды.  Ақын  «Менің  өмірім» 

шығармасында:

Он бесте-ақ домбыраны алдым қолға,

Тең  басқан  төрт  аяғын  болдым  жорға, 

–  деп,  ақындар  айтысына  еш  тартынбай, 

сынға түскендігін өлеңмен өріп дәлелдейді.

Ақынның  үш  томдық  шығармалар  жи-

нағындағы  айтыстарынан  Жамбылдың 

Құлманбет,  Досмағанбет,  Сарбас,  Майкөт, 

Бақтыбай, Бөлтірік, Айкүміс сынды беделді 

ақындармен айтысқа түсіп, бақ сынасқанда 

әрдайым жеңіске жеткендігін байқауға бола-

ды. Айтыстарының қай-қайсысында болма-

сын Жамбыл өзінің нағыз майталман, кес- 

телі сөздің шебері, әрі ұшқыр ойлы, тапқыр 

шешен екенін көрсетеді. Ақындық өнердің 

биік  шыңына  көтерілген  Жамбыл  ауызша 

үлгіні әдебиетпен, поэтикалық мәнерлерді 

прозамен ұштастыра білді. Оның ақындық 

стилі  психологиялық  қанықтылығымен 

айшықталып,  қоғамдық  өмірді  нақты,  әрі 

боямасыз  суреттеп,  эпикалық  шынайы 

жатық  тілмен  айтылғандығымен  ерекше-

ленеді. Ол жыраулардың байтақ эпикалық 

дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып им-

провизациялық  үрдісті  бүтіндей  жаңа  ар-

наға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты.

Жамбылдың  есте  сақтау  қабілеті  өте 

жоғары болған. 90 жасқа дейінгі шығарған 

өлеңдері  мен  жырларының  бірде-біре-

уі  қағаз  бетіне  түспесе  де,  ақын  өз  ішінен 

шыққан  туындыларының  түгелін  дерлік 

жатқа білген. Бұл жөнінде зерттеуші М.Ғұ-

марова  «Жамбылдың  үш  томдық  шығар-

малар  жинағына»  жазған  кіріспе  сөзінде 

былай  деп  келтіреді:  «Кеңес  дәуірінде, 

әсіресе, 1936 жылдан бастап, Жамбылдың 

қасында  болып,  өлеңдерін  жүйелі  түрде 

жазып  отыру  үшін  бірнеше  әдеби  хатшы-

лар бөлінді. Әдеби хатшылары Жамбылға 

күнделікті  газеттерді  оқып  береді,  болып 

жатқан  ұлы  өзгерістермен,  жаңалықтар-

мен,  халықаралық  оқиғалармен  танысты-

рып отырады. Жамбыл шығармаларын жа-

зып  шығармайды,  суырып  салып  айтады. 

Әдеби хатшылары оның өлеңдерін шығару 

үстінде  жазып  алады.  Әбділда  Тәжібаев, 

Қапан Сатыбалдин, Қалмұқан Әбдіқадіров, 

Ғали  Орманов  сынды  бірқатар  қазақ  әде-

биетінің  майталмандарымен  қатар  Жам-

былдың қасында орда бұзар отыз жастағы 

қылшылдаған семсердей, сері ақын Тайыр 

Жароков  та  хатшылық  қызмет  атқарған. 

Бұл ақын Тайырдың 1923-1927 жылдарда 

Орынбордағы  қазақтың  халық  ағарту  ин-

ститутында,  одан  ҚазПИ-де  (Қазіргі  Абай 

атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық уни-

верситеті)  оқып,  1931-1935  жылдарда  Ле-

нинградтың  тарих,  философия  және  әде-

биет институтының аспирантурасын бітіріп, 

шығармашылығын  өрлетіп,  1938  жылдан 

бері  абыз  ата  Жамбылдың  жанында  жүр-

ген  жалынды  кезі  болатын.  Тайыр  1938 

жылдан 1942 жылдың сәуіріне дейінгі ара-

лықта Жамбылға әдеби хатшылық қызмет 

атқарған.

Бірақ,  Жамбыл  мен  Тайырдың  таныс- 

тығы 1928 жылдан басталған болатын. Бұл 

жөнінде  Тайыр  Жароков:  «1928  жылдың 

тамыз айы. Жадыраған жаздың жайлы күні 

еді.  Алматыға  оқуға  келе  жатқан  бетіміз. 

Ол кезде Түркісіб әлі салынбаған болатын. 

Фрунзеден Алматыға жету үшін Луговойға 

соғып, шиқылдаған арбамен әбден зерігіп, 

шаршап келеміз. Әйтеуір Қордайдан асып 

Қастекке құладық-ау! Қара Қастекке төртін-

ші  қоналқада  әрең  жеттік.  Әбден  шар-

шап-шалдығыппыз. Дем алуға келістік. Біз 

арбаның көлеңкесіне жатып тынығып, түскі 

ас  іштік.  Серігіп  көңілденіп  қалдық.  Кенет 

ауыл  жақтан  шырқалған  ән,  күмбірлеген 

күй естілді. Жолдастарым да, мен де елең-

десіп, киіз үйге қарай тура жөнелдік. Әнге 

бола ел жиылып қалған екен, киіз үйге біз 

де кіріп келдік. Торғын кілем үстінде домбы-

ра ұстаған алты-жеті ақын қатар отыр. Бәрі 

де  егде  кісілер  көрінеді.  Олар  кезектесіп 

домбыра  тартып,  ән  салады.  Сығылысып 

тұрған біздер ақындарға ынтыға қараймыз. 

«Ағайындар, мына кісілер біздің Жетісу-

дың ақындары», – деп таныстырды тыңдау- 

шылардың  бірі.  Үй  иесі  бізге  ықыласпен 

орын көрсетті. Біз отырдық. Сол кезде қарт-

тың  бірі  домбыраны  қолға  алып,  шертіп-

шертіп жіберді де, өзінің өлеңін ағыза жө-

нелді.«Көп  жаса,  Жамбыл!»,  «тағы,  Жәке, 

тағы!»  –  деген  көпшіліктің  алғысы  мен  ті-

легі жауа бастады. Бұл менің Жамбылмен 

алғашқы кездесуім болатын. Ол кезде мен 

даңқты  ақынның  ең  жақын,  әрі  айрылмас 

серіктерінің бірі болармын деп ойлағаным 

да  жоқ  еді»,  –  деп  ақын  өз  естеліктерінің 

бірінде еске алады. 

Ақынға хатшылыққа тағайындалудан он 

жыл  бұрын  Тайыр  Жамбылдың  аузынан 

төгілген асыл маржандай жырларына тәнті 

болып, поэзияның пірі тұтқан.

Тайырдың  хатшылық  қызмет  атқарған 

кезі  Жамбылдың  1938  жылғы  Қазақ  КСР 

Жоғары  Кеңесінің  депутаты  болып  сайла-

нып, мемлекет тарихында тұңғыш рет пар-

ламент мәжілісін өлеңмен ашты. Қазақ КСР 

Жоғары Кеңесі Президиумының 1938 жыл-

дың  19  маусымдағы  жарлығымен  Ленин 

орденімен марапатталды. 1939 жылдың 31 

қаңтардағы  жарлығымен  «Құрмет  Белгісі» 

орденімен  марапатталғандығымен,  1941 

жылдың наурызында Мемлекеттік сыйлық 

лауреаты атанғандығымен тұспа-тұс келіп 

отыр.  Демек,  Тайыр  Жамбылдың  барлық 

ірі қуаныштарына көзайым болған. 

Т.Жароков  осы  жылдар  аралығында 

ақынның  «Орындалған  ант  туралы  жыр», 

«Егіс жыры», «Отанымның батырларына», 

«Тарас»,  «Кавказға»,  «Кавказға  сәлем», 

«Чапай»,  «Совет  Одағы»,  «Өмір  жыры», 

«Қымбатты  сый»,  «Сталин,  жырым  сен 

үшін», «Жеңіс жырын сайраңдар», «Біздің 

Отанның  қырандары»,  «Отанымның  қыз- 

дары»,  «Жастық  жыры»,  «Мұғалімдерге 

сәлем»,  «Мал  өсірушілерге»,  «Халық  қа-

зынасы»,  «Қаны  бір  бауырларымызға», 

«Үндеу», «Біздің Киров», «Сталин», «Болат 

тонды батыр», «Қазақстан коммунистерінің 

ІІІ  съезін  құттықтау»,  «Күні  туған  елім», 

«Өмірдің  тууы»,  «Түрксібтің  10  жылдығы-

на»,  «Бұрынғы  Қазақстан  туралы»,  «Мен 

бір  биік  бәйтерек»,  «Көктем  менен  май 

даңқы»,  «Жер  байлығы»,  «Мал  азығы», 

«Жан  азығы»,  «Жайлауымыз  Құлансаз», 

«Екі дүние айқасты», «Өлім мен өмір бел-

десті», «Ленинградтық өренім», «Москва – 

менің  қамалым»,  «Совет  гвардеецтеріне» 

сынды    бірқатар  өлеңдері  мен  жырларын 

қағаз бетіне түсірген. 

Кемеңгер  ақынға  хатшы  болу  да  оңай 

жұмыс  емес  еді.  Әрбір  аузынан  шыққан 

өлең-жырды бұлжытпай қағаз бетіне түсіру, 

ақынның  ойынан  шығатындай  етіп  сөз 

мақамын  келтіріп  байланыстыру,  өзара 

мәмілеге келу сияқты істер екінің бірінің қо-

лынан келе бермейтін істің бірі еді. Тайыр 

Жамбылға  хатшылық  қызмет  еткен  жыл-

дарында  өзінің  шығармашылық  тұрғыдан 

дамуына қарт Жамбылдың септігі тигенді-

гін  мойындай  келе,  естеліктерінің  бірінде: 

«Жамбыл  өлеңді  домбыраға  қосып  шыға-

ратын. Кейде жазып үлгіре алмағанды жа-

ратпай да қалатын. Ол жазып алғаныңды 

оқуды өтінеді, тіпті талап етеді. Кейде Жам-

былға  жазғаның  жақпайды.  Ол  келіспеген 

жолдарды  қайта  айтып  кетеді.  Артынан 

жөнделген  нұсқаны  қайта  оқуды  сұрайды, 

тағы да жақсарту қажет пе деп ақылдаса-

ды.  Егер  кемшілігін  айта  қоймасаң,  ойлы 

қалыппен бетіңе қарап аз отырып, сұраулы 

көзқараспен «маған сене берме, ұялма, бы-

лай емес олай деп айт. Мен қараңғы адам-

мын, ғалым емеспін, сенің жазуыңды да та-

нымаймын.  Егер  бірдемесі  келіспесе,  дәл 

сол жерін жөндеп жібер! «Жамбыл жырлай 

білмейді, Жамбыл – жаман ақын» деп ер-

тең халық айтады. Ал қандай қартқа жалған 

сөз  жараспайды.  Өлең  өтірікті  жаратпай-

ды. Бұл ақынға оңай соқпағанымен, менің 

халқым  өлеңшіл,  жыршыл  халық  болған-

дықтан өзім де өлең айтып жыр шығаруға 

әуестендім.  Ал  өлеңді  жаман  шығарсаң 

– оныңды халық кешпейді, – бәрін өзіңнен 

көре бер!..», – деп еске алады. 

Осы  жылдарда  кемеңгер  ақынның 

қасында  жүріп  Тайыр  өзінің  де  шығар-

машылығын  қалдырмай,  шыңдап,  жырла-

рына жаңа бір леп, бояулар кіріктірді. Тайыр 

Жамбылға  әдеби  хатшы  болып  тағайын-

далған  жылы,  яғни,  1938  жылы  ақынның 

сөз  шеберлігі  мен  суырыпсалмалық  қаси-

етіне  арнап    «Жамбылға»  деп  аталатын 

арнау-өлеңін  шығарады.  «Жамбылға»  ар-

нау  өлеңі  –  қазақ  тілінде  шыққан  туынды. 

Кейіннен  автор  арнау-өлеңге  орыс  тіліне 

жолма-жол аударма жасайды. Орыс тілін-

дегі жолма-жол  аудармасының түпнұсқасы 

ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайының қо-

рында сақталынған. Тайырдың аудармашы 

ретіндегі  деңгейлестігі  мен  дарындылығы 

таразының екі басындай тең деп айтсақ ар-

тық болмайды. Орыс тілін жетік білген ақын 

Тайырдың  «Жамбылға»  арнауының  қазақ 

тілі мен орыс тіліндегі мағыналық үндестігі 

бірін-бірі  толықтырып  тұрғандай.  Ақын  өз 

арнауында  Жамбылдың  ақындық  шебер-

лігін, оның суырыпсалмалығын бірде «Қарт 

Жамбыл    –  жас  сұңқардай  саңқылдаған,  

Алқымы  –  ащы  айқайға  алқынбаған»,  – 

деп, жас сұңқарға теңесе, бірде «Жан аз ба, 

шыңнан тоят тілеп ұшқан. Бұлбұлдан үлгі 

алуға  талпынбаған»,  –  деп  бұлбұл  құсқа, 

бірде  «Ол алтын поэзия мұхитына. Қоңыр 

қаз сүңги жүзіп қаңқылдаған», – деп қоңыр 

қазға теңейді. 

Сөзі – алтын, көзі – жұлдыз, жаны – жігіт. 

Қайтпаған хан, патшадан белін бүгіп, – де-

ген жолдарын  «Мен қазір тоқсан үштемін. 

Бірақ,  мен  жаспын,  бақыттымын.  Мен  әлі 

атқа  отырамын.  Мені  қуанышты,  қуатты, 

батыл  ұлдарым,  немерелерім  мен  шөбе-

релерім қоршауда. Отанымды барлық жау- 

лардан  қай  минутта  болса  да  өлеңмен 

және  мылтықпен  қорғауға  менің  дауысым 

мен қолым әлі де қуатты. Мен өзімнің бар-

лық өмірімде қыр қожайындарының бетіне 

шындықты  қорықпай  айтып  шайқасумен 

өттім.  Сол  үшін  олар  мені  жек  көрді,  ал, 

менің әрбір сөзімді халық сүйіп бағалады», 

– деп қарт ақынның өзі де дәлелдей түседі. 

Сөзімізді түйіндей келе, қазақ халқының 

ХІХ-ХХ ғасырдағы өмір сүрген дәуірінің та-

рихи куәсі, ғасыр айғағы қарт Жамбыл ата-

дан  балаға,  баладан  ұрпаққа  тасыған  да-

рия, таусылмас кен-поэзияның алып күшін, 

сарқылмас  бұлағын  қалдырды.  Жамбыл 

әрқашан  да  жамандық  пен  жақсылықтың, 

бақытсыздық пен игіліктің, зұлымдық пен із-

гіліктің арасына шек қоя жырлады. Әрқай-

сысының әрекетіне сай сөз, тіл өзгешелігін 

пайдаланды. Жамбылдың жыры әрқашан 

да  тілге  жеңіл,  жүрекке  жылы  тиеді.  Бар 

өмірінің  төрт  жылға  жуығын  Жамбылдың 

қасында  өткізген  қазақтың  «тарлан  ақы-

ны» атанған Тайыр Жароков та Жамбыл-

дың  жанында  жүріп  ақындық  шеберлігін 

шыңдай  түсті,  өз  туындыларына  жаңа 

бағыт  алды.  Жамбылдан  жаңа  серпін 

алған Тайыр ақын да өз халқының ар-на-

мысы,  үні,  жүрегі  және  ақиқат  шындығы 

болып қала бермек. 

Өйткені,  Тайыр  ақынның  өлең-жырла-

рын жаза отырып, Жамбылды қазақ жұр-

тына  танытса,  оның  өлеңдерін  өзге  тілге 

аударып  әлемге  танытты.  Ақынға  арнау 

өлеңін жазып, өз ілтипатын, ізетін, құрметін 

білдірді.  Жамбыл мен Тайыр үндестігінің 

мәні осында еді. Жамбыл мен Тайыр қа-

зақ халқының жүрегінде халық пен поэзия 

сықылды мәңгі жасай береді.

Жамбыл мен ақын Т.Жароков 

(Сурет Жамбылдың 75 жылдық шығармашылық мерейтойына

арнап шығарылған фотоальбомнан алынды)


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет