Образования методические рекомендации



жүктеу 0.76 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата12.06.2017
өлшемі0.76 Mb.
  1   2   3   4   5

Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан  



Национальная академия образования им. И. Алтынсарина  

 

 



 

 

 



 

 

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕ ИНКЛЮЗИВТІК 

ПЕДАГОГИКА МЕН ЕНГІЗУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫН 

ДАЙЫНДАУ 

 

Әдістемелік ұсынымдар 

 

 

РАЗРАБОТКА ПРИНЦИПОВ ИНКЛЮЗИВНОЙ ПЕДАГОГИКИ И 

СИСТЕМЫ ВНЕДРЕНИЯ В ПРАКТИКУ ОРГАНИЗАЦИЙ 

ОБРАЗОВАНИЯ 

 

Методические рекомендации  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана  


2015  

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 

баспаға ұсынылған (2015 жылғы 23 қараша № 10 хаттамасы) 

 

Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 



образования им. И. Алтынсарина (протокол № 10 от 23 ноября 2015 года) 

 

 



Білім беру ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивтік педагогика мен енгізу 

жүйесінің  қағидаларын  дайындау.  Әдістемелік  ұсынымдар.  –Астана:  

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 33 б. 

 

Разработка  принципов  инклюзивной  педагогики  и  системы  внедрения  в 



практику  организаций  образования.  Методические  рекомендации.–  Астана: 

НАО имени И. Алтынсарина, 2015. – 32 с. 

 

 

 



 

Осы  ұсынымдарда  инклюзивтік  педагогика  қағидаларын  білім  беру 

ұйымдарының  практикасына  ендіру  әдістемесі  көрсетілген.  Әдістемелік 

ұсынымдар  жалпы,  инклюзивтік,  мектепке  дейінгі

 

арнайы,  мектептік  және 



кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған.  

 

В  настоящих  рекомендациях  показана  методика  внедрения  принципов 



инклюзивной  педагогики  в  практику  организаций  образования.  Методические 

рекомендации  адресованы  педагогам  общего,  инклюзивного,  специального 

дошкольного, школьного и профессионально-технического образования. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



© Ы. Алтынсарин атындағы  

Ұлттық білім академиясы, 2015  

© 

Национальная  академия  образования 



им. И. Алтынсарина, 2015  

 

 



 


Мазмұны 

 

 

 



Кіріспе  

 



Мүмкіндіктері шектеулі балаларға инклюзивтік білім беруде негізге 

алынатын қағидалар мен құндылықтар  

 

 



Инклюзивтік білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының 



мемлекеттік саясат қағидалары  

 

 



13 

Инклюзивтік педагогика қағидаларын білім беру 



 

ұйымдарына ендіру  

 

 

17 



 

Қорытынды  

 

32 


 

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі 

 

33 


 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



Кіріспе 

 

Инклюзивтік  білім  беру  Қазақстан  Республикасының  білім  беру 

практикасы  үшін  «бірге  өмір  сүруге  үйрену»  қағидасы  жүзеге  асырылатын 

гуманистік  негізде  құрылған  жаңа  философия  болып  табылады.  Осы 

инклюзивтік  әдіске  сәйкес,  барлық  оқушылар  балалардың  барлығының 

түгелдей  қажеттіліктеріне  жауап  беретін,  бейімделген  жайлы  білім  беру 

кеңістігі  құрылатын  жалпы  білім  беру  мектептерінде  оқиды.  Тұтас  алғанда, 

инклюзивтік әдіс төмендегілерді болжайды: 

-

 

инклюзия  философиясын  білім  беру  үдерісіне  қатысушылардың 



барлығының қабылдауы;  

-

 



балалардың білім алудағы әр түрлі қажеттілктерін түсіну және  білім беру 

үдерісіне  барынша  толық  қатысулары  арқылы  осы  қажеттіліктерге  сәйкес 

қызмет көрсету; 

-

 



жұртшылықты тарту; 

-

 



білім берудегі кемсітушлікті жою. 

Инклюзивтік  білім  беру  –  бұл  белгілі  бір  қағидалдар  басшылыққа 

алынатын күрделі ұйымдасқан жүйе. Инклюзивтік білім беру педагогикасының 

қағидалары – бұл барлық компоненттерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды 

оқыту  мен  тәрбиелеу  үдерісі  есепке  алынатын  және  оны  ұйымдастыруға 

қойылатын бастапқы  нормативтік  талаптар  және  жалпы  басшы идеялар.  Олар 

тарихи  тәжірибе  негізінде  туындап,  берілген  үдерісті  әр  алуан 

байқалымдарында  ғылыми  зерттеу  нәтижесінде  қалыптасады.  Сондай-ақ 

инклюзивтік  білім  берудің  қағидаларының  догма  емес,  олардың  доминант 

екенін  ескерту  қажет.  Олар  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  оқыту  мен 

тәрбиелеу мақсатына шартты, ал олар өз кезегінде нақты сол сәттегі қоғам мен 

мемлекеттің,  адамдардың  қажеттіліктеріне

 

және  берілген  кезеңдегі  қоғамның 



дамуына  тәуелді  болады.  Сондықтан  инклюзивтік  білім  беру  қағидаларының 

нақты  тарихи  түрі  болады,  яғни  олар  тарихи  жағдайлардың,  педагогикалық 

жүйенің ауысуының және т.б. әсеріне қарай өзгеруі мүмкін.  

Инклюзивтік  педагогикаға  негіз  болатын  қағидаларды  түсінбей  және 

сақтамай, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру жүйесіне 

қосу үдерісін жүзеге асыру тиімді болуы мүмкін емес. 



 

 

  



 

 

 



 

 

 



 

 



 



Мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  инклюзивтік  білім  беруде  негізге 

алынатын қағидалар мен құндылықтар  

 

Негізге  алынатын  қағидалар  жүйесі,  яғни  мүмкіндіктері  шектеулі 

балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  үдерісіне  қойылатын,  орындалуы  қажетті 

тиімділікпен  қамтамасыз  ететін  негізгі,  бастапқы  талаптар  инклюзивті 

педагогиканың теориялық негізін құрайды. Міндеттер оқытудың мазмұнын, ал 

әдістер  оқытуды  ұйымдастырудың  түрін  таңдайтыны  сияқты,  оқыту  мен 

тәрбиелеудің  кез-келген  алдыңғы  қағидасы  кейінгі  барлық  компоненттерге 

қатысты болатынын есте сақтау маңызды болады. Қазақстан Республикасында 

инклюзивтік  білім  беруді  дамыту  үшін  негізге  алынатын  осындай  маңызды 

өткен  қағидаларға  ең  алдымен  1959  жылы  20  қараша  күні  БҰҰ  Ассамблеясы 

қабылдаған  Балалар  құқы  декларациясында  жарияланған  он  қағиданы 

жатқызуға болады [1]: 



1-

қағида.  Бала  осы  Құқық  декларациясында  көрсетілгендердің  бәріне 

құқылы  болуға  міндетті.  Әрбір  баланың,  оның  ата-анасының  қандай  да  бір 

кемсітушіліксіз,  нәсіліне,  түр-түсіне,  жынысына,  тіліне,  дініне,  саяси  немесе 

өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, 

мүліктік  жағдайына,  баланың  денсаулығының  және  туылуының  жай-күйіне 

немесе  өзге  де  жағдайларына  қарай  ажыратпай  және  кемсітпей,  барлық 

құқықтарын құрметтейді және қамтамасыз етеді. 

2-

қағида. Баланы заңмен және басқа да жолдармен арнайы қорғаумен, дене 

бiтiмi,  зерделік,  рухани  және  имандылық  тұрғысынан  дамуына,  сондай-ақ 

баланың  жеке  адами  тұлғасының  әлеуметтік  тұрғыда  салауаттылыққа  қол 

жеткiзуiне қажетті мүмкіндiктермен

 

және жағымды жағдайлармен



 

қамтамасыз 

ету.  Осы  мақсатта  қабылданған  заңдардың  бәрінде  де  ең  бірінші  кезекте 

баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді. 



3-

қағида. Бала туылған сәттен бастап оның есімі қойылып, азаматтық алуға 

құқығы бар.  



4-

қағида.  Бала  әлеуметтік  қамсыздандырудың  игіліктерімен  пайдалануға 

міндетті. Оған салауатты өсуге және дамуға құқығы бар, осы мақсатта ол және

 

онымен бірге анасы да бала туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі күтімді 



қосқанда, арнайы күтіммен және қорғаумен қамтамасыз етілуге тиісті. Баланың 

дұрыс  тамақтануға,  тұрғын  үйге,  көңіл  көтеруге  және  медициналық  қызметке 

деген құқығы бар.  

5-

қағида.  Дене  бітімінде,  психикалық  немесе  әлеуметтік  тұрғыда  толық 

дамымаған  бала  оның  ерекше  жағдайына  сәйкес  қажетті  арнайы  түзіммен, 

арнайы оқыту мен қамқорлықпен қамтамасыз етілуге міндетті.  

6-

қағида.  Бала  жан-жақты  және  үйлесімді  дамуы  үшін  сүйіспеншілікпен 

түсінуді  қажет  етеді.  Ол  мүмкіндігінше  өзінің  ата-анасының  жауапкершілігі 

мен қамқорлығында, қандай жағдайда болса да сүйіспеншілік пен адамгершілік 

және материалдық тұрғыда қамтамасыз етілген жағдайда өсуге міндетті; жасы 

кіші бала ерекше жағдайдан басқа жағдайларда анасынан ажырамауға тиісті. 

 



7-

қағида.  Бала  ақысыз  және  міндетті  білімді,  ең  кем  дегенде  бастапқы 

кезеңде  алуға  құқылы.  Оған  оның  жалпы  мәдениетінің  дамуына  және  соның 

арқасында өзінің  мүмкіндіктерінің негізінде  қабілетін және  жеке  пайымдауын 

дамытуға,  сондай-ақ  рухани  және  әлеуметтік  жауапкершілікті  түсінуге  және 

қоғамның пайдалы мүшесі болуға көмектесетін білім берілуге міндетті. 

8-

қағида.  Бала  қандай  жағдайда  болмасын  қорғау  мен  көмекті  бірінші 

алатындардың қатарында болуға міндетті.  



9-

қағида. Бала зорлық-зомбылықтың, қорлау немесе немқұрайлы қараудан, 

дөрекі  қараудан  қорғалуға  міндетті.  Ол  қандай  да  болмасын  түрде  сатылу 

нысаны  болмауға  тиісті.  Бала  тиісті  жастық  минимумға  жеткенше  жұмысқа 

қабылданбауға  міндетті,  оның  денсаулығына  қауіп  төндіретін  немесе  білім 

алуына кедергі келтіретін,  зерделік немесе рухани дамуына  нұқсан келтіретін 

кез келген жұмыстардан қорғалуға құқығы бар.  



10-

қағида.  Бала  нәсіліне,  дініне  немесе  өзге  де  сенім-нанымдарына 

қатысты  кемсітушіліктен  қорғалуға  міндетті.  Ол  өзара  түсінушілік, 

шыдамдылық,  халықтар  арасындағы  достастық,  бейбітшілік  пен  жалпы 

бауырластық  жағдайында,  сондай-ақ  оның  қуаты  мен  қабілеті  басқа 

адамдардың игілігіне арналады деген сана сезімде тәрбиеленуге міндетті.  

«Нормализация»  қағидалары  бүгінде  бір  қатар  халықаралық  құқықтық 

актілермен: Бала құқығы декларациясы, Зерде дамуында ауытқушылықтары бар 

тұлғалардың құқықтары туралы декларация, Мүгедектердің құқықтары туралы 

декларация  және  т.б.  бекітілген.  Берілген  құжаттардың  негізге  алынатын 

ережелерін төмендегі қағидалар түрінде жинақтап қорытуға болады: 

1.

 

Әрқайсысының  қабілеті  негізінде  барлық  адамдарға  арналған  білім 



берудегі  қолжетімділік  қағидасы  (Адам  құқығы  туралы  жалпыға  бірдей 

декларация,  1948;  Баршаға  бірдей  білім  туралы  Дүниежүзілік  декларация  – 

негізгі білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру және т.б.).  

2.

 



Білім берудің адамдық тұлғаның толық дамуына бағытталу қағидасы 

(

Адам құқығы туралы жалпыға бірдей декларация, 1948). 



3.

 

Білім  берудегі  «оқушылардың  ата-анасы  немесе  қамқоршыларының 



таңдауына»  сәйкес  келмейтін  жағдайда  «білім  берудің  бөлектелген  жүйесін 

немесе қандай да бір тұлғалар немесе тұлғалар тобына арналған оқу орындарын 

құру  немесе  сақтау»  деп  анықталған  кемшітушілікке  жол  бермеу  қағидасы 

(Білім беру саласындағы кемсітушілікпен күрес туралы конвенция, 1960; Бала 

құқығы туралы конвенция, 1989; Мүгедектер құқығы туралы конвенция, 2006 

және т.б.). 

4.

 

Тең мүмкіндіктерді құру қағидасы. Ол қоғамның жалпы жүйесі сияқты 



үдерістің  көмегімен  білімге  қолжетімділікті  барлығы  үшін  қолжетімділікке 

айналдырады  дегенді  білдіреді  (Мүгедектерге  қатысты  дүниежүзілік  іс-қимыл 

бағдарламасы, 1982; Мүгедектер құқығы туралы конвенция, 2006 және т.б.). 

5.

 



Мүгелдектерді мүмкіндігінше әдеттегі мектептік жүйеде оқыту қағидасы 

(Мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы, 1982). 

 


6.

 

Мүгедектердің  білім  алуы  жалпы  білім  беру  жүйесінің  бөлінбес  бөлігі 



болатындай  жағдаймен  қамтамасыз  ету  қағидасы  (Мүгедектерді  тең 

мүмкіндіктермен қамтамасыз ету бойынша БҰҰ стандартты ережелері, 1993). 

7.

 

Әлеуметтік қамсыздандыру мен қайырымдылықты құқық және еркіндік 



жүйесімен ауыстыру қағидасы (Мүгедектер құқығы туралы конвенция, 2006). 

8.

 



«Инклюзивті  білім  беруді  барлық  деңгейде  және  өмір  бойы  оқумен» 

қамтамасыз  ету  қағидасы  (Мүгедектер  құқығы  туралы  конвенция,  2006).  Бұл 

Конвенцияға  қатысушы  мемлекеттер  мүгедектігі  бар  барлық  тұлғаларды 

мектепке дейінгі жастан бастап, барлық деңгейде, тікелей мектепте, ары қарай 

орта  кәсіби  және  жоғары  оқу  орындарында  инклюзивті  білім  берумен 

қамтамасыз етуге міндетті екенін білдіреді. 

9.

 

Адамға  тән  қадір-қасиетті,  оның  дербестігін,  өзінің  қалауын  жасау 



еркіндігі  мен  тәуелсізідігін  құрметтеу  қағидасы  (Мүгедектер  құқығы  туралы 

конвенция, 2006). 

10.

 

Қоғамға  толық  және  тиімді  тарту  және  ендіру  қағидасы  (Мүгедектер 



құқығы туралы конвенция, 2006).  

11.


 

 

Мүгедектердің  ерекшеліктерін  құрметтеу  және  оларды  адамдардың 



сан  алуандылығының  компоненті  және  адамзаттың  бөлігі  ретінде  қабылдау 

қағидасы (Мүгедектер құқығы туралы конвенция, 2006).  

12.

 

 



Мүгедек  балалардың  дамып  келе  жетқан  қабілеттерін  және  мүгедек 

балалардың  өздерінің  ерекшелігін  сақтау  құқығын  құрметтеу  қағидасы 

(Мүгедектер құқығы туралы конвенция, 2006).  

13.


 

 

Мүгедектігі  бар  тұлғаның  білім  алуға  деген  құқығын  «барлық 



деңгейдегі  инклюзивті  білім  беру  және  өмір  бойы  оқу»  арқылы  осы  құқықты 

жүзеге  асырумен  қамтамасыз  ететін  мемлекеттік  міндеттемемен  арақатынасы 

қағидасы (Мүгедектер құқығы туралы конвенция, 2006).  

14.


 

Тұрғылықты  жерде  және  жалпы  білім  беру  жүйесінің  ішінде  ақысыз 

бастауыш  және  орта  білім  алуға  қолжетімділік  тудыру  қағидасы  (Мүгедектер 

құқығы туралы конвенция, 2006).  

15.

 

Оқу  үдерісін  дербестендірілген  қолдау  мен  ортаны  орынды 



бейімдеумен қамтамасыз ету қағидасы (Мүгедектер құқығы туралы конвенция, 

2006).  


16.

 

Мүгедектігі бар тұлғалардың оқуда және өмірлік және әлеуметтендіру 



дағдыларын  меңгеру  кезінде  коммуникацияның  әр  түрлі  тәсілдерін,  оның 

ішінде баламалы тәсілдерін пайдалану қағидасы. Сонымен бірге оқытудың өзі 

білімді  меңгеруді  мен  әлеуметтік  дамуды  барынша  қамтамасыз  ететін  жеке 

тұлғаның өзіне сәйкес келетін тілді, қарым-қатынас және ортадағы әдістер мен 

тәсілдерін  пайдаланумен  жүргізілуге  міндетті  (Мүгедектер  құқығы  туралы 

конвенция, 2006). 

17.

 

 



Мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес  ұйымдарды,  педагогикалық 

бірлестіктерді,  ата-аналарды  тарту  қағидасы  (Мүгедектер  құқығы  туралы 

конвенция, 2006). 

18.


 

 

 



Халықаралық құқықтық актілердің әрбір бабының мүгедектігі бар 

тұлғаны  кемсітушіліктен  қорғау  мен  қоғамға  қосуға  бағытталғанына 

 


қарамастан,  ерекше  қажеттіліктері  бар  тұлғалардың  білім  беру  аясындағы 

практикалық әрекеттері мен саясат, қағидалар туралы Саламан декларациясына 

(1994) 

тоқтап өтуге болады, оның негізгі қағидалары:  



1.

 

Әрбір  баланың  білім  алуға  негізгі  құқығы  бар  және  оның  білімнің 



лайықты деңгейін алу және қолдау мүмкіндігі болуға міндетті.  

2.

 



Әрбір  баланың  бірегей  ерекшелігі,  қызығушылығы  және  оқуға  деген 

қажеттілігі болады.  

3.

 

Білім  беру  жүйесін  әзірлегенде  және  білім  беру  бағдарламаларын 



орындағанда осы сан алуан ерекшеліктер мен қажеттіліктерді есепке алу қажет. 

4.

 



Білім  беру  саласында  ерекше  қажеттілігі  бар  тұлғалардың,  ең  бірінші 

кезекте  балалардың  осы  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатына 

бағытталған  педагогикалық  тәсілдердің  негізінде  қажетті  жағдай  тудыруға 

жауапты әдеттегі мектептерде оқу мүкіндіктері болуға міндетті.  

5.

 

Осындай  инклюзивтік  бағдардағы  әдеттегі  мектептер  кемсітушілік 



көзқарастармен  күресудің,  қолайлы  қауымдық  жағдай,  инклюзивтік  қоғам 

құрудың  және  барлығына  арналған  білім  берумен  қамтамасыз  етудің  тиімді 

құралы  болып  табылады,  сонымен  бірге  олар  балалардың  басым  көпшілігін 

шынайы  біліммен  қамтамасыз  етеді  және  білім  беру  жүйесінің  тиімділігін 

арттырады. 

Инклюзивтік  білім  беру  әр  түрлі  әлеуметтік  азшылық  топтарға  жататын 

балаларға  білім  беруге  кемсітушілік  көзқарасқа  қарсы  тұрады,  сол  себепті 

кемсітушілікке  қарсы  халықаралық  құқық  актілерін  орындаудың  мүмкін 

болатын  жалғыз  нормасы  болып  табылады.  Осыған  байланысты  инклюзивтік 

білім берудің сегіз қағидасын еске түсіріп кету дұрыс болады: 

1.Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістігіне тәуелді емес. 

2. Әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті. 

3. Әрбір адамның қарым-қатынасқа және естілуге құқығы бар. 

4. Барлық адам бір-біріне мұқтаж.  

5. 

Нағыз  білім  беру  өзара  шынайы  қатынастар  контексінде  ғана  жүзеге 



асырылады. 

6. Барлық адамдар құрдастарының қолдауы мен достығына мұқтаж. 

7.  Барлық  оқушылар  үшін  ілгерілеу  нені  істей  алмайтынында  емес,  нені 

істей алатынында болуы мүмкін. 

8. Сан алуан түрлілік адам өмірін жан-жақты күшейтеді. 

Балалардың өмір сапасының жақсаруы туралы білім берудегі инклюзивтік 

тәсілдердің  келесі  негізгі  қағидалармен  толық  үйлескен  жағдайда  ғана  айтуға 

болады:  

1.

 

Инклюзивтік  мектеп  мәдениеттің  сан  алуандығын  жаңа  шынайылық 



ретінде  қарастырады.  Заманауи  мектеп  әр  түрлі  этникалық  топтарға  және 

мәдениетке жататын, әр түрлі тілде сөйлейтін, экономикалық және әлеуметтік 

мәртебелері  әр  түрлі,  қабілеттері,  қызығушылықтары  мен  оқу  мақсаттары  әр 

түрлі  балаларды  оқытуға  дайын  болуға  міндетті.  Сонымен,  мектеп  бір  оқу 

жоспарымен  және  барлық  балаларды  бір  тәсілмен  оқытумен  шектелуге  тиісті 

емес.  


 


2.

 

Инклюзивтік 



мектеп 

білімге, 

дағдылар 

мен 


ақпараттарға 

қолжетімділікпен қамтамасыз етуге міндетті. Осындай мүмкіндікті ұсыну әрбір 

оқушының мүмкіндігін арттырады, оны таңдау еркіндігімен қамтамасыз етеді, 

білім алудағы кедергілерді жеңу және мектеп өмірінің барлық саласына қатысу 

үшін жағдай тудырады. 

3.

 



Инклюзивтік  мектеп  оқыту  үдерісінің  дербестілігін  сақтайды. 

Инклюзивтік  мектепте  мұғалімдер  педагогикалық  үдерісте  оқытуды 

оқушылардың  жеке  қажетілігіне,  қабілетіне  және  оқыту  мақсатына  сәйкес 

персоналдауға  қол  жеткізе  отырып,  оқытудың  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерін, 

жолдарын  пайдаланады.  Инклюзивтік  мектеп  әрдайым  өзінің  оқушыларына 

оқытуда жоғары нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады. 

4.

 

Инклюзивтік  мектеп  жұмыстың  командалық  стилін  пайдалануды 



ұсынады.  Әр  түрлі  балалардың  үлкен  санын  оқытуда  бір  мұғалім  жетіспейді, 

оған  әріптестерінің  жағынан  міндетті  түрде  көмек  қажет  болады.  Әр  түрлі 

мамандардың  командалық  жұмысы  әрбір  баланың  дамуында  жақсы 

нәтижелерге  жетуге  және  шынайы  мектептік  бірлестікті  қалыптастыруға 

көмектеседі. 

5.

 



Инклюзивтік мектеп жанұялармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес 

ұйымдармен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Барлық қызығушылық танытқан 

тұлғаларды  мектеп  өміріне  тарту  мектептік бірлестіктің  кеңеюіне  көмектеседі 

және мектеп қызметіне ресурстарды тарту көзі болып табылады. 

6.

 

Инклюзивтік мектеп өзінің әрбір оқушысын оқытудан жетістікті күтеді. 



Мұғалімдер әрбір оқушыға сенуге, оның қабілеті мен талантын дұрыс бағалауға 

міндетті.  Әрбір  оқушыдан  оқуда  оның  нәсіліне,  тіліне,  қабілетіне  немесе 

жанұялық  жағдайына  тәуелсіз  табыстылық  күтеді.  Әрекеттердің  балалардың 

өздері өткізетін сахналық қойылым, конференция, көрмелер, «дөңгелек үстел» 

және т.б. сияқты иновациялық түрлері инклюзивтік мектептерде өздерін жақсы 

жағынан көрсетті.  

7.

 

Инклюзивтік  мектеп  қоғамның  әлеуметтік  дамуына  көмектеседі. 



Мектеп  әрбір  баланы  қабылдау  және  оқытуда  тәсілдердің  икемділік 

философиясын  қолдайды,  оның  әлеуметтік  құндылығы  осында.  Инклюзивтік 

мектеп  қоғамның  әрбір  мүшесінің  даралығы  бағаланатын  және  әрқайсысы 

көмек пен қолдау ала алатын қоғамды қалыптастыруға көмектеседі 

[2]. 

 

8.



 

 

Инклюзивтік  білім  беру  қағидаларын  теориялық  жинақтау 



инклюзивтік 

білім 


беруді 

дамытудың 

әдіснамалық 

қағидаларын 

қалыптастыруға мүмкіндік береді: 

1.

 



Ғылымилығы – инклюзивтік оқытудың теориялық-әдіснамалық негізін, 

бағдарламалық-әдістемелік  құралдарын  әзірлеу,  инклюзивтік  оқытуды 

ендірудін  нәтижесін  талдау  және  мониторингілеу,  жағымды  нәтижеге  жету 

үшін пайдаланылған технологиялардың тиімділігін бағалау, тәуелсіз сараптама 

жүргізу және т.б. 

2.

 



Жүйелілігі  –  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  сапалы  білім  алуға 

деген тең құқықпен, білім алудың деңгейлерінің арасындағы бірізділікпен: ерте 

 


жастағы көмек – мектепке дейінгі білім алу – жалпы орта біліммен қамтамасыз 

ету. 


3.

 

 



Вариативтілігі  мен  түзету  бағыттылығы  –  мүмкіндіктері  шектеулі 

балаларды қоғамға кіріктіру, әлеуметтік-еңбектік оңалту үшін жағдай тудыру, 

жеке  басқа  бағытталған  оқу  үдерісін  әлеуметтік-білім  алу  қажеттіліктерімен 

қанағаттандыруға  арналған  түзете  дамыту  жұмысымен  кешенді  түрде 

ұйымдастыру. 

4.

 



Гуманизация  –  жеке  тұлғалық  бағытталған,  дербес,  сараланған, 

гуманистік тәсілдерді жүзеге асыру. 

5.

 

Жанұяның әлеуметтік жауапкершілігі – баланы тәрбиелеу, оқыту және 



дамыту,  оның  табиғи  қабілетінің  дамуы  үшін  қажетті  жағдайларды  тудыру, 

оқу-оңалту үдерісіне қатысу. 

6.

 

Ведомствоаралық кіріктіру және әлеуметтік серіктестік –мүмкіндіктері 



шектеулі балаларды білім алуға кіріктіру үдерісін оңтайландыру мақсатындағы

 

әр  түрлі  ведомстволар,  әлеуметтік  институттар,  қызметтердің  жұмысын 



үйлестіру [3]. 

Инклюзивтік білім беру үлгілерінің қызметінің негізгі қағидалары: 

1.

 

Мүмкіндіктері  шектеулі  баланың  өмірлік  іс  әрекетіндегі  және 



әлеуметтік өзара әрекеттестігіндегі мүддесінің басымдылығы. 

2.

 



Психофизикалық  дамуының  қарқыны  әр  түрлі  балалардың  талаптары 

мен қажеттіліктерін есепке алу. 

3.

 

Даму қарқыны баяу балалардың білім алуға деген құқығын сақтау. 



4.

 

Инклюзивтік  үдерістерді  мазмұндық,  әдістемелік  және  әкімшілік 



тұрғысынан қамтамасыз етудегі жүйелілік. 

5.

 



Мүмкіндіктері  шектеулі  баланы  оқыту  мен  тәрбиелеу  жүйесін  білім 

беру  бағдарының  сабақтастығын,  оқыту  мен  тәрбиелеу  жүйесін  (жалпы  білім 

беру  үлгісі,  арнайы  білім  беру,  инклюзивтік  білім  беру,  әлеуметтік,  оңалту, 

оңалту  құралдарымен  қосымша  білім  беру,  құрамдастырылған  үлгілер  және 

т.б.) есепке ала отырып құрастыру. 

6.

 



Аймақтың  оңалту  кеңістігін  құруға  және  оның  қызмет  көрсетуіне 

арналған бірегей әдіснамалық тәсілдерді өндіру. 

7.

 

Балалар  мен  ересек  адамдарды  қоршаған  ортада  жеке  немесе 



әлеуметтік  бейімсіздену  мен  үйлесімсіздіктің  туындау  қауіпін  әрдайым 

бақылауға алу.  

Инклюзивтік  білім  берудің  негізінде  барлық  балалар  араларындағы  бар 

айырмашылықтарға  тәуелсіз,  бар  мүмкіндігінше  бірге  оқуға  міндетті  деген 

қағида жатыр.Инклюзивтік білім берудің концепциясына сәйкес әрбір баланың 

ерекше  қасиеттері,  қызығушылықтары,  қабілеттері  мен  білім  алудағы  өзіндік 

қажеттіліктері  бар  бұл  оқушылар  жалпы  білім  беру  жүйесіне  қосылуға 

мүмкіндігі  болуға  және  балалардың  қажеттіліктеріне  бағытталған 

педагогикалық әдістерді қолдану негізінде осы жүйемен қамтылуға міндетті. 

Инклюзивтік  білім  беру  мәселелері  бойынша  зерттеу  жұмысын  талдау 

оның төмендегі қағидаларын ерекшелеуге мүмкіндік береді: 

10 


 

 

 



барлық оқушылар мен мұғалімдердің қоғам үшін құндылығының бірдей 

екенін мойындау;  

 

 



оқушылардың  жергілікті  мектептің  мәдени  өміріне  қатысу  деңгейін 

арттыру  және  онымен  бір  мезгілде  оқушылардың  жалпы  мектептік  өмірден 

оқшаулау деңгейін азайту;  

 



 

мектептегі  жұмысты  әдістерін  мектепке  жақын  тұратын  барлық 

оқушылардың сан алуан түрлі қажеттіліктерін толықтай жауап беретіндей етіп 

қайтадан құру: 

 

 



мүгедектілігі  бар  немесе  білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар 

оқушылар  ғана  емес,  барлық  оқушылар  үшін  мектеп  өміріне  толық  құнды 

қатысу және білім алу жолындағы кедергілерді жою;  

 



 

жеке  оқушылар  үшін  мектептің  қолжетімділігін  жақсарту  және 

кедергілерді  жеңу  талпыныстарын  талдау  және  зерттеу,  мектептегі  барлық 

оқушылардың игіліктеріне бағытталған реформалар мен өзгерістерді жүргізу; 

 

 



оқушылардың арасындағы айырмашылықтар – бұл жеңу қажет болатын 

кедергілер емес, педагогикалық үдерістерге көмектестін ресурстар; 

 

 



оқушылардың  тұрғылықты  жердегі  мектептерде  білім  алуға  деген 

құқығын мойындау; 

 

 



мектептегі  жағдайдарды  жалпы  алғанда  оқушылар  үшін  ғана  емес, 

сондай-ақ мұғалімдер үшін де жақсарту; 

 

 



мектептің оқушылардың академиялық көрсеткіштерін арттырудағы ғана 

емес, сонымен бірге қоғамдық құндылықтарды дамытудағы да рөлін мойындау;  

 

 



мектептер  және  жергілікті  қоғамдастықтар  арасындағы  серіктестік  пен 

қолдау  қатынастарын  дамыту;  инклюзивтік  білім  беруді  қоғамдағы  теңдіктің 

бір аспектісі ретінде мойындау [4]. 

Инклюзивтік білім беруді жүзеге асырудың негізгі қағидалары талап ететін 

қамсыздандырулар: 

 



 

инклюзивтік практиканың дамуының эволюциялығы және кезеңділігі; 

 

 



олардың өзгерістерінің жүйелік түрі және үзіліссіздігі; 

 



 

мүмкіндіктері  шектеулі  және  мүгедектілігі  бар  тұлғалардың  меншік 

түріне тәуелсіз білім беру ұйымдарында білім алуға деген тең құқығы мен тең 

мүмкіндігінің болуы;  

 

 



білім берудің үзіліссіздігі; 

 



 

мүмкіндіктері шектеулі және мүгедектілігі бар тұлғалардың мемлекеттік 

білім беру стандарттарына сәйкес білім алуы; 

 



 

бірыңғай  білім  алу  мен  кәсіптік  ортаға  қолжетімділікпен  қамтамасыз 

етуге  қажетті  арнайы  білім  беру  талаптарын,  тиімді  құралдар  мен  кедергісіз 

ортаны құру;  

 

 



инклюзивтік  білім  беру  жағдайында  жұмыс  істейтін  барлық 

мамандықтағы  педагогтарды  дайындауды  жүзеге  асыратын  жоғары  оқу 

орындарына ғылыми-әдістемелік және ұйымдық қолдау көрсету. 

Сонымен,  білім  берудің  заманауи  жүйесі  енді  мүмкіндіктері  шектеулі 

адамдарды қандай да шешімді талап ететін мәселе ретінде қарастырмайды, сан 

алуан оқушыларға жағымды көзқараспен қарап, олардың жеке ерекшеліктерін 

11 

 


барлығының  білім  алу  үдерісін  байытуға  арналған  мүмкіндік  ретінде 

бағалайды.  Қазақстан  Республикасында  білім  берудің  бүтіндей  жаңа  сапалы 

жүйесін  және  соның  ішінде  инклюзивтік  білім  беруді  құрудың  өзектілігі 

әлеуметтік-экономикалық талаптардың өзгеруіне байланысты болып отыр.  

  

  

 



 

 

 



 

 



жүктеу 0.76 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет