ты көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға,
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
беруі.
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
ҚАулы-ҚАРАР
Сенбі, 9 тамыз 2014 жыл
13
oral_oniri@inbox.ru
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы
1 шілде 2014 жыл №166 Орал қаласы
БҚО әділет департаментінде
24.07.2014 жылы №3593 болып тіркелді
Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа
ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу,
оларды тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайда-
лану құқығының кепiлшартын тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынба-
сары М. Ш. Кәрімовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. НОҒАЕВ
2014 жылғы 1 шілдедегі №166
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға,
өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және
сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге
келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау» мемлекет-
тік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін
қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы №153 «Геология және су
ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін
қызметтер стандарттарын бекiту туралы» қаулысымен бекітіл-
ген «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге
келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау» мемлекет-
тік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) не-
гізінде Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х. Чурин көшесі,
116-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Батыс Қазақстан
облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық
даму басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі –
көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қол қойылған
және тіркелген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға,
өндіруге арналған келісімшарт (бұдан әрі – келісімшарт) неме-
се мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді
жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны:
қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан
әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсеті-
летін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-
қимылды) бастауға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген
құжаттар топтамасы (бұдан әрі – құжаттар) қоса берілген еркін
нысандағы өтініш негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіре-
тін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың
ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы
көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған
кезден бастап 10 минут ішінде қабылдауды және тіркеу журна-
лында тіркеуді жүзеге асырады.
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің
басшысына бұрыштама қоюға жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні
ішінде құжаттармен танысады және мемлекеттік көрсетілетін
қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты
орындаушысын анықтайды.
Нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін
қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты
орындаушысына жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы-
сы 11 жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды,
құжаттардың толықтығын тексереді және келісімшартты неме-
се мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді
жауапты дайындайды.
Нәтижесі – келісімшартты немесе мемлекеттік қызметті
көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін
қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні
ішінде келісімшартты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден
бас тарту туралы дәлелді жауапты қарайды және қол қояды.
Нәтижесі – қол қойылған келісімшартты немесе мемле-
кеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына
жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы
2 жұмыс күні ішінде қол қойылған келісімшартты келісімшарт-
тарды тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті
алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға келісімшартты
немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы
дәлелді жауапты береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсеті-
летін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы
рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау блок-схемасы
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 11 жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды,
құжаттардың толықтығын тексереді және келісімшартты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді
жауапты дайындайды
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
1 жұмыс күні ішінде келісімшартты немесе
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту
туралы дәлелді жауапты қарайды
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты
орындаушысы 2 жұмыс күні ішінде қол
қойылған келісімшартты келісімшарт-
тарды тіркеу журналында тіркейді және
көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік
қызмет көрсету нәтижесін береді
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде
құжаттармен танысады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету
үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті
алушы қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап 10 минут ішінде
қабылдауды және тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады
Көрсетілетін қызметті алушы
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете оты-
рып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы
рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау «Кең тарал-
ған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар
жасасу, оларды тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшасына
сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (не-
месе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара
іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін си-
паттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет
көрсету орталығы және өзге де көрсетілетін қызметті бе-
рушілер арқылы көрсетілмейді.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің
(іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті беруші-
нің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламенттің
2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің биз-
нес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауа-
зымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу,
оларды тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау»
- мемлекеттік қызмет
көрсетудің басталуы
немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушының және
құрылымдық-функционалдық бірліктерінің
рәсімдерінің (іс-қимылдарының) атауы;
- келесі рәсімге
(іс-қимылға) өту.
2014 жылғы 1 шілдедегі №166
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен бекітілген
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге
жер қойнауын пайдалану құқығының кепiлшартын тiр-
кеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге
жер қойнауын пайдалану құқығының кепiлшартын тiркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік
көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы №154 «Көмірсутек шикі-
затын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мем-
лекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы»
қаулысымен бекітілген «Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл-
шартын тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(бұдан әрі – Стандарт) негізінде Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116-үй мекенжайы бойынша
«Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-
инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан
әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету
нәтижелерiн беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация ми-
нистрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау
және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін
үйлестіру комитетінің Халыққа қызмет көрсету орталығы
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекет-
тік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз
жүзінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Стандарттың
1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайда-
лану құқығының кепілшартын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі
– куәлік) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту
туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны:
қағаз жүзінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды
тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін
көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсеті-
летін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-
қимылды) бастауға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген
құжаттар топтамасы (бұдан әрі – құжаттар) қоса берілген,
Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес өтініш негіздеме болып
табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіре-
тін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың
ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көр-
сетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған кезден
бастап 15 минут ішінде қабылдауды және тіркеу журналында
тіркеуді жүзеге асырады.
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің
басшысына бұрыштама қоюға жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні
ішінде құжаттармен танысады және мемлекеттік қызметті
көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орын-
даушысын анықтайды.
Нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін
қызметті берушінің жауапты орындаушысына қажетті
құжаттарды жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы-
сы 2 жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды,
құжаттардың толықтығын тексереді және куәлікті немесе мем-
лекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап-
ты дайындайды.
Нәтижесі – куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көр-
сетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін
қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні
ішінде куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас
тарту туралы дәлелді жауапты қарайды және қол қояды.
Нәтижесі – куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көр-
сетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін
қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы
1 жұмыс күні ішінде куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызмет-
ті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға куәлікті немесе
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жа-
уапты береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетіле-
тін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қыз-
меткерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қаты-
сатын көрсетілетін қызметті берушілердің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете оты-
рып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы
рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау «Кең тарал-
ған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын
пайдалану құқығының кепiлшартын тiркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі – Регламент)
1-қосымшасына сәйкес блок-схемада көрсетілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл
тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
Поделитесь с Вашими друзьями: