Облыстық ҚОҒамдық-саяси газет + 19 0



жүктеу 0.7 Mb.

бет1/7
Дата08.09.2017
өлшемі0.7 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Орал өңірі

Орал өңірі

Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен 

бастап шығып келеді. 1968 жылы 

"Құрмет Белгісі" орденімен 

марапатталған



ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

+ 19 

0

С

+ 7 

0

С

БЕЙСЕНБІ,

27 сәуір 2017 жыл

№45 (20454)

www.oraloniri.kz

www.facebook.com/oraloniri

oral_oniri@inbox.ru



Туған  жерді 

түлету  –  ортақ  парыз

6

www.facebook.com/zhaikpress  

 

twitter.com/zhaik_press 



 

www.instagram.com/zhaikpress

www.zhaikpress.kz

Жұмыс  тобы 

жолға  шықты

Ойыншық туралы ойласақ...

8

Ассамблея – 

бейбітшілік шежіресі

9

RAVON NEXIA R3

2 859 000 

т.  бастап

Орал  қаласындағы  Фольксваген  орталығы:  Орал  қаласы,  еуразия  даңғ.,  246/6,  тел:  8/7112/247700

Орал  қаласындағы  Ниссан  орталығы:  Орал  қаласы,  Шолохов  көш.,  3  “б”,  тел:  8/7112/245070

несиеге айына

 

32000 тг. 



бастап

Ескі көлігіңізді жаңасына 

ауыстыру жүйесі жұмыс 

жасайды (trade-in)

Ойын – бала үшін нағыз өмір. Ол арқылы бала есейеді

ой­өрісі кеңейеді. Яғни ойын балғынның дүниетанымын 

қалыптастырып, дағдысын дамытуға көмектеседі. ­

Ойыншық – балалар үшін ойын құралы болса, ­

үлкендер үшін сатып алатын тауар. 



БӘРЕКЕЛДІ!

Ресейлік дәрігерлер ем көрсетуде

Бөрлі ауданында мүмкіндігі шек-

теулі балалардың денсаулығы ұдайы 

назарда. Жуырда Ақсай қаласына  

көршілес Ресей елінің Тольятти 

қаласынан дәрігерлер келіп, бөбек-

терге қажетті ем-домын жасауда.

Игі  іс  ұйымдардың  бірлескен  іс­қимы­

лының  арқасында  мүмкін  болды.  Оңалту  ісі 

оңды  өтіп,  әр  баланың  саулығы  жақсарып 

келеді  дейді  ата­аналар.  Бұл  балалардың 

хал­жағдайының  нашарлауының  алдын ­

алуға  бағытталған  сауықтыру  шарасы  де­­

ген  дәрігерлер  сауықтыру  емінің  жүйелі 

жүргізіліп  тұру  қажеттілігін  айтады.  Кем­­

тар  жастардың  көбі  ресейлік  дәрігерлер­­

дің  көмегіне  «Жас  дарын»  қоғамдық 

қорының  қаржылай  қолдауы  арқасында 

қол жеткізді. 

Ерекше  балаларға  кинезиотерапия, 

уқалаудың  бірнеше  түрі  мен  емдік  дене 

шынықтыру сеанстары өткізілуде. 

Үлкен  қаражатты  талап  ететін  мұндай 

шараларға балаларын апару үшін кез кел­

ген  ата­ананың  қалтасы  көтере  бермей­

тіні  рас.  Ауытқумен  ауыратын  кішкентай 

бөрліліктерге  келешекте  де  осындай  ем 

шаралары ұйымдастырылатын болмақ. 



Айым НҰРҒАЛИЕВА, 

Бөрлі ауданы

Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстан  хал-

қы  ассамблеясының  XXV  сессиясына 

қатысты.

«Жаңғырудың  негізі  –  тұрақтылық,  бір­­

лік,  келісім»  атты  тақырыппен  өткен 

биылғы  сессияға  1500­ден  астам  адам 

қатысты.  Олардың  қатарында  елдің  бар­­

лық  өңірінен  келген  ассамблея  ардагер­­

лері,  республикалық  және  өңірлік  этномә­

дени  бірлестіктердің  төрағалары,  Парла­

мент  депутаттары,  орталық  атқарушы  ор­­

гандардың,  саяси  партиялардың,  діни  бір­

лестіктердің,  үкіметтік  емес  ұйымдардың ­

басшылары,  жоғары  оқу  орындарының 

ректорлары,  шет  мемлекеттердің  дипло­

матиялық  миссияларының,  ғылыми,  шы­­

ғармашыл  зиялы  қауымның  және  БАҚ 

өкілдері бар.

Жиналғандар  алдында  сөйлеген  сөзінде 

Елбасы  2017  жыл  тәуелсіз  Қазақстан  тари­

хында еліміз үшін ерекше жыл болып сана­

латынын атап өтті.

–  Жүйелі  жаңғыру  биыл  біздің  бүкіл 

жұмыстарымыздың  өзегіне  айналды.  Бі­­

ріншіден,  экономикалық  жаңғыруды  қол­

ға  алдық.  Екіншіден,  саяси  жаңғыруды 

бастадық.  Үшіншіден,  рухани  жаңғыруға 

кірістік.  Бұған  мен  «Болашаққа  бағдар: ­

рухани  жаңғыру»  атты  мақаламды  арна­

ғанымды  білесіздер,  –  деді  Мемлекет  бас­

шысы.

Президент  бағдарламалық  мақаладағы 



негізгі  міндеттерге  назар  аударып,  Қазақ­

стан қоғамының даму кезеңдеріне қатысты 

ойын ортаға салды.

(Жалғасы 2-бетте)


АҚПАРАТ

2

Бейсенбі,  27  сәуір  2017 жыл



Ассамблея – бейбітшілік  шежіресі

(Жалғасы.  Басы 1-бетте)

–  Мен  ең  алдымен  болашақ 

қазақстандықтың  болмысын  ай­

қындап,  қандай  болуы  қажеттігін 

атап  өттім.  Біріншіден,  ол  –  әлем­

дік  бәсекеге  қабілетті  жасампаз 

тұлға.  Екіншіден,  алдына  нақты 

мақсаттар  қойып,  соған  ұмтыла­­

тын  прагматик  әрі  реалист.  Үшін­­

шіден,  ұлттық  бірегейлігін  нығай­

тып,  ұлтының  дамуын  тежейтін 

барлық  нәрселерден  бас  тарта­

тын  адам.  Төртіншіден,  білімнің 

салтанат  құруын  ең  маңызды  іс 

санайтын,  жаһандық  білімнің  шы­

ңына  шыққан  жан.  Бесіншіден, ­

тек  эволюциялық  даму  ғана  хал­­

қының өсіп­өркендеуіне мүмкіндік 

беретінін  жақсы  түсінетін  сана­­

лы азамат. Алтыншыдан, ол – түр­

лі  тілдерді  игерген,  әлемнің  үз­­

дік  тәжірибелерін  алуға  және  за­

ман талаптарына сай өзгеруге қа­­

білетті,  сана­сезімі  ашық  жан,  – 

деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен  бірге  Елбасы  қоғам­­

дық  сананы  жаңғырту  бағдарла­

масын  іске  асыру  жөніндегі  ұлт­­

тық  комиссияның  рөліне  тоқта­­

 лып,  бағдарламалық  мақалада ­

көрсетілген  жобалардың  терең 

зерттелуінің  маңыздылығын  айт­

ты.

Мемлекет  басшысы  Қазақстан 



халқы  ассамблеясының  рухани 

жаңғыруға  белсене  атсалысаты­

нына  сенім  білдіріп,  ассамблея­

мүшелеріне  өз  әлеуетін  іске  асы­

руға  мүмкіндік  беретін  бірқатар 

жобаға тоқталды.

–  Бірінші.  «Туған  жер»  жобасы­

ассамблея  үшін  зор  мүмкіндік­

терге  жол  ашып  береді.  Екінші. 

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жо­­

басына  ассамблея  тікелей  қаты­

сып,  басы­қасында  жүруі  керек. 

Біздің  қаншама  замандастары­­

мыз,  қаншама  ассамблея  белсен­

ділері  ел  игілігі  үшін  риясыз  қыз­

мет  етіп  жүр.  Ұлтына,  қай  өңір­­

ден  екеніне,  жынысына  қарамас­

тан,  біз  олардың  барлығын  елге 

таныта  білуіміз  керек.  Мұнда  қо­­

йылатын  талап  біреу  ғана,  ол  –­

азаматтың  Қазақстан  дамуына­

қосқан  үлесі.  Үшінші.  Ассамблея­

«Жаһандағы  заманауи  қазақстан­

дық  мәдениет»  жобасына  табыс­­

ты  атсалыса  алады,  –  деді  Қазақ­­

стан Республикасының  Президен­

ті.

Сондай­ақ  Нұрсұлтан Назарбаев­



жастардың сана­сезімін қалыптас­

тыру  үшін  айрықша  маңызы  бар 

«Жаңа  гуманитарлық  білім»  жо­

басын атап өтті.

–  Жоба  әлемнің  жетекші  тілде­

рінен ең үздік оқулықтарды қазақ 

тіліне  аударуды  көздейді.  Фило­

софия,  әлеуметтану,  экономика, 

мәдениеттану,  шығыстану  сала­

лары  бойынша  ағылшын,  орыс, 

француз,  испан  тілдерінде  және 

басқа  да  тілдерде  басылған  тама­

ша  оқулықтар  бар.  Оқу  процесін­

дегі  ғылыми  айналымға  олар­­

дың  енгізілуі  отандық  білімді  жа­­

ңа  деңгейге  көтеретініне  сенім­

дімін, – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы  мемлекет  пен  қоғам 

алдында  тұрған  заманауи  жаһан­­

дық  сын­қатерлерге  назар  ауда­

рып,  орталық  және  жергілікті ­

мемлекеттік  органдарға  еліміз­

де  бейбітшілік  пен  келісімді  сақ­­

тау  үшін  ерекше  шешімдер  қа­­

растыруды тапсырды.

–  Тұтас  қоғам  да,  жеке  азамат­

тар  да  бейбітшіліктің,  тұрақтылық 

пен  келісімнің  өздігінен  келе  сал­­

майтынын  білуге  тиіс.  Мемлекет 

ұдайы этносаралық және конфес­

сияаралық  процестердің  тамы­

рын  басып,  жіті  қадағалап  отыр. 

Ұлттық  бірлікті  нығайта  түсу  үшін 

Қазақстан халқы ассамблеясы мен­

барлық  мемлекеттік  органдар ­

тұрақты,  күнделікті  жұмыс  жа­­

сауда,  –  деді  Қазақстан  Респуб­

ликасының Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қабылда­

нып  жатқан  шаралардың  дұрыс­­

тығын және өз уақытында атқары­

лып  жатқанын  атап  өтіп,  Қазақ­­

стан халқы ассамблеясы мен мем­

лекеттік  органдар  алдына  жаңа 

міндеттер қойды.

–  Бірінші  міндет.  Жүйелі  жаң­

ғырудың  мақсаттарына  жауап  бе­

ре  алатын  қоғамдық  сана­сезім 

қалыптастыру  керек.  Бұл  про­­

цеске  мемлекет  пен  азаматтық 

қоғам,  білім  беру  мен  әлеумет­­

тік  сала,  жеке  бизнес  пен  масс­­

медиа,  бәрі  де  тартылуы  қажет,  –­

деп тапсырды Елбасы.

Мемлекет  басшысы  екінші  мін­

дет  ретінде  азаматтық  бірегей­­

лікті нығайтып, бірлік пен келісім­­

ді  қамтамасыз  ету  қажеттігін  айт­­

ты.  Осыған  орай  Қазақстан  Пре­

зиденті  бірқатар  нақты  тапсырма 

берді.

–  Дін  істері  және  азаматтық 



қоғам  министрлігіне  облыс  әкім­

дерімен  бірлесіп,  ассамблеяның 

барлық  деңгейдегі  қоғамдық  ке­­

лісім  кеңестерінің  діни  экстре­

мизмге  қарсы  тұру  жөніндегі ­

2017­2018  жылдарға  арналған 

жоспарын  дайындауды  тапсыра­

мын.  Сонымен  қатар  ҚХА  қоғам­

дық  келісім  кеңестерінің  жұмы­­

сын  реттеп,  олардың  қызметте­­

рінің  нақты  критерийлерін  жаса­

уы  керек.  Бұдан  бөлек  Үкіметке 

қайырымдылықты  дамыту,  оның 

ашықтығын  қамтамасыз  ету  жө­

нінде  ұсыныстар  енгізуді  тапсы­

рамын. Облыстардың, Астана  мен 

Алматы  қалаларының  әкімдері 

ҚХА  жұмысының  жаңа  бағдарын 

–  қоғамдық  келісім  кеңестері,  қа­

йырымдылық  және  медиация 

жұмыстарын  күшейтуі  қажет,  –­

деп  тапсырма  берді  Нұрсұлтан ­

Назарбаев.

Сессия  барысында  Мемлекет­

басшысы  ақпараттық  жұмыстарға 

ерекше мән беріп, 2018 жылы Қа­

зақстан  халқы  ассамблеясының ­

көп  функционалды  мультимедия­

лық  порталын  ашуды,  сондай­ақ 

«Қазақстан  халқы»  интерактивті  та­

рихи  картасын  жасауды  тапсырды.

–  Ел  иесі  –  қазақтың  мемлекет 

құраушы  ретіндегі  айрықша  рө­

лін  ескере  отырып,  жасалуға  тиіс 

электронды  карта  ежелгі  қазақ 

жерінде  сан  түрлі  ұлт  өкілдерінің 

ұйысу  процесін  көрнекі  және  то­

лық  көрсетіп  береді.  Білім  және 

ғылым  министрлігіне  ҚХА­мен 

бірлесіп,  ғылыми  негізде  осы  ин­

терактивті  картаны  жасап,  келесі 

жылы  «Алғыс  айту»  күніне  орай 

тұсауын  кесуді  тапсырамын,  –  де­­

ді Елбасы.

Сондай­ақ  Қазақстан  Республи­

касының    Президенті  бизнес,  шы­­

ғармашылық  және  ғылыми  зиялы­

қауым  өкілдерін  «Туған  жер»  жо­

басына  қатысуға  және  күш­жігер­­

лерін  өз  ауылдастарын  қолдау 

үшін күш жұмылдыруға шақырды.

Сондай­ақ  сессияда  Қазақстан 

халқы  ассамблеясының  ғылыми­­

сараптау  тобының  төрағасы,  ең­

бекті  қорғау  және  қауіпсіздік  тех­­

никасы бөлімінің бастығы, кешен­

нің  жүк  тиеу  және  түсіру  жөнін­­

дегі  докер­механизаторы,  ақын,­

журналист,  балалар  ауруханасы­

ның  нефрология  бөлімшесінің 

меңгерушісі,  теолог,  «Ұлттық  ерік­­

тілер  желісі»  заңды  тұлғалар  бір­­

лестігінің  төрайымы,  шаруа  қожа­

лығының  жетекшісі,  Росарио  қа­

ласының  (Аргентина)  Қазақстан 

мәдениеті  орталығының  дирек­

торы,  режиссер,  қоғамдық  ұйым 

жетекшісі,  кәсіпкер­инвестор  жә­

не  жоғары  оқу  орнының  студенті 

сөз сөйледі.

Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақ­­

стан  халқы  ассамблеясы  мүшеле­

рінің  сөздерінде  көптеген  мәнді 

мәселелер  көтерілгеніне  тоқта­

лып,  БАҚ  өкілдеріне  оны  терең 

талдау жөнінде ұсыныс айтты.

Сөзінің соңында Мемлекет бас­

шысы  барша  қазақстандықтарды 

алдағы Қазақстан халқының бірлігі 

күнімен  құттықтап,  бейбіт  өмір, 

игілік пен бақ­береке тіледі.

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті  сессия  барысында ­

ҚХА  мүшесі,  Ақтөбе  облыстық  қо­

ғамдық  келісім  кеңесінің  төраға­

сы  Сергей  Викторович  Вишняк­

ті  және  ҚХА  кеңесінің  мүшесі, 

«Әзірбайжандар  қауымдастығы» 

республикалық  қоғамдық  бірлес­

тігінің  төрағасы  Абилфас  Мусли­

мович  Хамедовті  ассамблея  төр­­

 ағасының орынбасарлары етіп та­­

ғайындау  туралы  өкімге  қол  қой­

ды.

XXV  сессия  соңында  ассамб­



лея  қабылдаған  мәлімдемеде  ру­­

хани  жаңғырудың  заңдылық  жә­

не  қажеттілік  екені,  Қазақстан  да­­

муының 


бүкіл 

стратегиясына 

оның  тұтастық  дарытатыны  атап 

көрсетілді.

Іс­шара  аяқталған  соң  Мемле­

кет басшысы салтанатты концерт­

ке қатысты.

www.akorda.kz


3

ҚоҒАм

Бейсенбі,  27  сәуір  2017 жыл



Мамандар  даярлауға  

көңіл  бөлу  қажет

С

іздің  еңбек  жолыңыз  –­

қоғамға  үлгі.  Бөрлі  ауда­­

нында  және  Орал  қала­

сында  білім  мекемелерінің  бас­

шысы  болып қызмет атқардыңыз. 

Көпшілік  сізді  жаны  таза,  іскер 

адам,  ұлағатты  ұстаз  ретінде  та­

ниды,  –  деген  облыс  әкімінің 

орынбасары Марат Лұқпанұлы ақ­­

сақалға  облыс  әкімі  Алтай  Көлгі­

новтің  атынан  құттықтау  хат  пен 

этнографиялық кітапты табыс етті. 

Асқар  Ақышев  әлі  күнге  дейін 

шәкірттері  хабарласып  тұраты­

нын,  соны  ұстаздық  қызметінің 



Облыс  әкімінің  орынбасары  Марат  Тоқжанов  ҚР-ның  

еңбек  сіңірген  қызметкері, «Көмек»  қоғамдық  бірлестігінің 

төрағасы  Асқар  Ақышевті  қабылдап,  75 жасқа  толуымен 

құттықтады.  

жемісі  деп  қабылдайтынын  айт­­

ты. 1994 жылы облыстық есту жә­­

 не  сөйлеу  қабілеті  бұзылған  ба­­

лаларға  арналған  мектеп­интер­­

нат  кешені  директоры  болып  та­

ғайындалғанда,  оқу  орнына  қыз­

мет  ететін  арнайы  мамандардың 

тапшы  болғанын  әңгімеледі.  Бұл 

мәселенің  шешімін  табу  үшін  Ре­

сейдегі  жоғары  оқу  орындары­­

ның  логопедтерін  Орал  қаласына 

сурдопедагог  дайындауға  шақыр­

туға  тура  келген.  Мүмкіндігі  шек­

теулі  балаларды  оқыту  үшін  мек­

теп  мұғалімдері  Ресей,  Германия 

және  Англиядағы  мамандармен 

тәжірибе  алмасқан.  «Бұл  салада 

Германияның  тәжірибесі  озық  дең­­

 гейде.  Сол  елде  жыл  сайын  есту­

қабілеті  нашар  жандарға  сабақ  бе­­

ретін  200­ден  астам  маман  да­­

 йындайтын бір ғана колледж бар.­

Қазақстанда,  соның  ішінде  біз­­

дің  өңірде  осындай  орталықтан­

дырылған  оқу  орындарын  көптеп 

ашу керек», – деді Асқар Ақышев. 

Ардагер­ұстаз ұзақ жыл облыс­

тық есту және сөйлеу қабілеті бұ­

зылған  балаларға  арналған  мек­

теп­интернат  кешенін  басқарды. 

1990­1994  жылдары  қалалық  ке­­

ңестің  депутаты  болды.  «Услы­

шать,  понять,  помочь...»  кітабын 

құрастыруға  жетекшілік  жасаған. 

Асқар  Ақышевтің  өмірбаяны  «Қа­

зақстанның  үздік  адамдары»  энци­

клопедиясына,  халықаралық  қо­­

ғамдық  мекемелердің  ұсынысы­

мен  есімі  «Дүниедегі  мейірімді 

адамдар» тізіміне енген.

Нұртай   АЛТАЙҰЛЫ,

«Орал  өңірі»

–  Сіз  білім  сала­

сында  ұзақ  жыл  еңбек 

етіп,  тәуелсіздік  жыл­

дарында  білімді  ұрпақ 

қалыптастыруға 

үлес 

қостыңыз. Сол буыннан 



көптеген  білікті  маман 

шықты.  Елеулі  еңбегіңіз 

арқылы  жарқын  із  қал­­

дырдыңыз, – деді облыс 

әкімінің 

орынбасары 

Марат Тоқжанов.

Қабылдауда  Светлана­

Бисембаева  өткен  ға­

сырдың 


тоқсаныншы 

жылдарында  нарықты­

дендеген 

дағдарысқа 

байланысты  Орал  қала­

сында  қазақ  мектепте­­

рін  ашу  оңай  болмағанын  әңгі­­

меледі.  Қазіргі  уақытта  зейнеткер­

бірге  еңбек  еткен  әріптестері  жа­­

йында  естелік­кітап  жазып  жатқа­­

нын  айтты.  Кітабын  облыстық  бі­­

лім  беру  қызметкерлерінің  та­­

мыз  мәслихатына  дейін  дайын­­

дап  үлгермек.  Марат  Лұқпанұлы 

ардагер­ұстазға  облыс  әкімінің 

құттықтау  хатын  табыстап,  «Жі­­

бек жолы» кітабын сыйға тартты.

Светлана Ерғалиқызы 1973 жы­

лы  Орал  қалалық  №16  мектептің 

ағылшын  тілі  пәні  мұғалімі  бо­



Ардагер-ұстазды  

құттықтады

Облыс  әкімінің  орынбасары  Марат  Тоқжанов  65  жыл-

дық  мерейтойына  байланысты  ардагер-ұстаз,  «Құрмет»  

орденінің  иегері,  ҚР  білім  беру  ісінің  үздігі  Светлана  

Бисембаеваны қабылдады.

лып  еңбек  жолын  бастаған.  Кейін 

Орал  қалалық  білім  бөлімінде 

инспектор,  білім  қызметкерлері­

нің  қалалық  комитеті  төрайымы, 

қалалық  атқару  комитетінің  хат­

шысы  қызметін  атқарды.  1989­

2002  жылдары  Орал  қалалық  бі­

лім бөлімінің, 2002­2006 жылдары 

облыстық  білім  басқармасының 

басшысы болды.

Нұркен  ҒАППАР

Суретті  түсірген  

Темірболат  ТОҚМАМБЕТОВ



Ж

арыс  алдында  облыс­

орталығы  мен  аудан­

дардан  келген  әскери­­

патриоттық  клубтардың  тәрбие­

ленушілері  Орал  қалалық  №47 

мектептің  ауласында  болған  «Ай­

бын»  әскери­патриоттық  жастар 

жиынына  қатысты.  Облыстық  бі­

лім  басқармасының  бас  маманы 

Алтынбек  Қадыров  жиында  сөз 

алып,  әскери  қолданбалы  спорт 

түрін  дамыту,  жастарды  еліміздің 

Қарулы  Күштер  қатарында  және 

құқық  қорғау  органдарында  қыз­

мет  етуге  бейімдеу  шараларын 

ұйымдастыру аса маңызды екенін  

атап өтті.

–  Облыстағы  мектептердің  ал­­

ғашқы  әскери  дайындық  пәнінің 

мұғалімдерімен  тығыз  қарым­қа­­

тынаста  жұмыс  жасаймыз.  Олар ­

да  арнайы  аттестациядан  өтеді. 

Қорғаныс істері жөніндегі мекеме­

лердің  мамандары  мектеп  түлек­

терімен  және  әскери­патриоттық 

клубтардың  тәрбиеленушілерімен 

кездесулер  ұйымдастырып,  әске­

ри  оқу  орындары,  емтиханға  да­­

йындық  барысы  жайында  кеңінен 

мәлімет  береді.  Білім  саласында­

ғы  мекемелермен  бірлесіп,  түрлі 

іс­шараларды    тұрақты  ұйымдас­

тырамыз,  –  деді  жиында  облыс­­

тық  қорғаныс  істері  жөніндегі  де­

партаменті  бөлімінің  басшысы, 

подполковник Денис Садиков. 

тық  Тайыр  Мұсақұловтың  туын­

дысы  жоғары  бағаланды.  Орал 

қаласындағы  «Арена»  интернет­­

кафесінде  өткен  «World  of  tanks»­

компьютерлік  ойынында  қазта­

ловтық  Әлижан  Бақытжан  жеңіс­­

ке  жетті.  Сырым  ауданынан  кел­­

ген  «Қадыр  қырандарының»  та­

ныстырылымы  үздік  деп  таныл­­

ды.  Басқа  сайыстардан  жүлделі 

орынға  ие  болғандар  да  диплом 

және  медальдармен  марапаттал­

ды.

Оралбек  

ҒАЛЫМ-

ЖАНОВ, 

«Сарбаз»  

әскери-

патриоттық 

клубының  

мүшесі:

–  Теректі  ауданындағы    Шаған 

жалпы  білім  беретін  орта  мекте­

бінің 11­сынып  оқушысымын. Ал­

ғашқы  әскери  дайындық  пәнінің 

мұғалімі  Бекежан  Досжанов  авто­

матты  бөлшектеп,  құрастыра  бі­­

луді,  қауіпсіздік  ережелерін  сақ­­

тауды,  жекпе­жекте  қорғану  әдіс­

терін  үйретті.  Мектепте  дзюдо­

дан  күрес  үйірмесіне  қатысамын. 

Алматы  қаласындағы  құрлық  әс­

керлерінің  әскери  институтына 

оқуға  түсуге  дайындалып  жүрмін. 

Сондықтан осындай спорттық жа­­

рыстар  мені  шыңдай  түсетіні 

анық.  Осы  байқауда  қыздар  ара­

сында  газтұтар  мен  әскери  киім 

киюден  шапшаңдығымен  көзге 

түскен  командамыздың  мүшесі 

Алтын Қуанышқалиеваның 1­орын 

алғанына қуаныштымын. 



Ақжан 

ЖОЛАМАН, 

«Қайсар» 

әскери-

патриоттық 

клубының 

мүшесі:

–  Бөкей  ордасы  ауданындағы 

Жәңгір  хан  атындағы  жалпы  бі­­

лім  беретін  орта  мектепте  оқи­



Жалынды  жастар – ел  қорғаны 

Әскери-қолданбалы  спорт 

түрінен  жастар  арасындағы 

облыстық  жарыс  мәресіне 

жетті. 

Шара  барысында  ҚР  Ұлттық 

ұланының  №5517  әскери  бөлімі­

нің жанындағы «Жас Бүркіт» әске­

ри­патриоттық  клубының  сайып­

қырандары  жекпе­жек  кезінде 

суық  қарудан  қорғану  әдістерін 

көрсетті.  Сол  күні  мектеп  аула­

сында  әскери­қолданбалы  спорт­

түрінен  жарыс  басталып,  қатысу­

шылар  пневматикалық  қаруды  ны­­

санаға  көздеп,  оқ  атудан  сынға 

түсті.  Жас  мергендер  сайысында 

Орал  ақпараттық    технологиялар 

колледжінің  студенті,  «Поиск»  әс­­

кери­патриоттық  клубының  мү­­

 шесі  Ниязбек  Құрманғалиев  же­­

ңімпаз  атанды.  Сәуірдің  20­сына­

дейін  Орал  қалалық  №30  және 

47  мектептердің  базаларында  10­

команда    белтемірге  тартылудан,­

әскери  кростан,  автомат  бөлшек­

терін  шапшаң  құрастырудан,  газ­­

тұтар  кию  мен  әскери  қорғаныс­

жиынтығымен  толық  жарақтану­

дан,  арқан  тарту  мен  әскери  эс­

тафетадан  сайысқа  түсті.  Әскери­

патриоттық  шараны  облыстық 

білім басқармасының «Өркен» қо­­

сымша  білім  беру  орталығы  және 

облыстық  қорғаныс  істері  жөнін­­

дегі  департаментінің  мамандары­

бірлесіп ұйымдастырды. Жас өнер­

тапқыштар  көрмесінде  әскери  тех­­

ника,  ұшақ,  кеме  үлгілері  мен 

көрнекі  оқу  құралдарына  арна­­

йы  комиссия  баға  берді.  «Менің 

роботым»  байқауында  «Жас  қы­­

ран»  клубының  шебері  зеленов­

мын. Спорттық шараларға белсен­

ді  қатысамын.  Әсіресе,  ауыр  ат­­

 летикаға  үйірмін.  Зілтемір  көте­

румен  шұғылданамын.  Пауэрли­­

фингтен  облыстық  жарыста  же­

ңімпаз  болдым.  Былтыр  аудан­­

дық  қыздар  құрамасымен  бірге 

баскетболдан республикалық тур­

нирге  қатысып,  жүлделі  орынға 

ие болдық. Бүгін «Айбын» әскери­

патриоттық жастар жиынынан зор 

әсер  алдым.  Мәншүк  пен  Хиуаз­­

дай  ержүрек  апаларымыздың  ер­

лік жолын өзіме үлгі тұтамын.



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал