Оберкулова Лаззат Ахметуллаевна Оқушыларды ынталандыруда – биологиялық терминдердің ролі



жүктеу 47.65 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.04.2017
өлшемі47.65 Kb.

Оберкулова Лаззат Ахметуллаевна  

 

Оқушыларды  ынталандыруда – биологиялық терминдердің ролі 

 

Семей қаласындағы физика – математика бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік  мектебі,    

биология пәнінің мұғалімі 

 

Тел/факс:  8(775)1332492, e-mail:Oberkulova_L@sm.nis.edu.kz 



 

Оқушылар  бойында  білімділік,  іскерлік,  шығармашылық,  ізденіс,  зейін,  ес  әрекеттерін 

дамытуда  қызықты  өтілген  сабақтың  берері  мол.  Оларға  белгілі  бір  іс–  әрекетті  орындатуға 

талаптандыру  ниетімен  қолданылатын  әдістер  тобында  ынталандырудың  орны  өз  алдына. 

Оқушыларды  білім  алуға  ынталандыруда  инновациялық  технологиялардың  алатын  орны 

ерекше.  Сабақ  сапасын  көтеруде,  түрлерін  жетілдіруде,  сабаққа  деген  қызығушылықтарын 

арттыруда,  олардың  ізденуін,  танымын  қалыптастыруда  ойын  элементтері  биология  сабағын 

меңгеру анағұрлым жеңілдеу  болады деп ойлаймын.  

Биология сабақтарында оқушыларға терминдерді меңгертудің дұрыс әрі тиімді жолдарын 

пайдалана отырып, білімдердің терең қалыптасуына жағдай туғызуда әртүрлі әдістерді  қолдана 

оқушыларды  ынталандыруға болады. Бұдан күтілетін  нәтиже:   

-

 



Терминдермен  жұмыс  жасау,  оқушыларды  нақтылыққа,  ойын  тура  әрі  қысқаша 

жеткізуге,  танымдық  қабілетін  арттырып,  ой  өрісін  кеңейтіп,  ғылыми  ізденіске 

жетелейді; 

-

 



Қойылған сұраққа  тез, әрі нақты жауап беруге  дағдыланады; 

-

 



Ғылыми терминдерді  болашақта  өз қажетіне  пайдалана алады; 

-

 



Пәндік  ғылыми тілі  және түсінігі  қалыптасқан тұлға болып шығады. 

Берілген мәтіндегі терминдерді үйретуде оқушылардың ынталандыратын мадақтау сөздер 

айтылып,  қолдаулар  көрсетілгенде  әр  баланың  жетістікке  жетуге  ұмтылысы  арта  түседі. 

 

Мадақтау 



– 

тәрбиеленушілер  әрекетіне  ұнамды  баға  беру.  Мадақтау  ықпалы  оқушының  ұнамды  көңіл-күй 

сезімін  көтеруге  негізделген.  Осыдан  да  мадақтау  баллада  өзіне  деген  сенім  орнықтырып, 

жұмысқа 


деген 

жағымды 


көңіл 

қатынасын 

оятады, 

жауапкершілік 

арттырады. 

Мотивация (ағылш

.

 motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", 



"жігерлену"  сөздерінің  мағынасына  жақын  келетін  ұғым.  Бұл  ұғымды  алғаш  рет  немістің 

иррационалды  волюнтаризм  философы  А.Шопенгауэр  өзінің  философиялық  шығармасында 

жеткілікті  төрт  негіздің  бірі  ретінде  қарастырған.  Moveo  латынша  сөз  болып,  "қозғалу,  әрекет 

ету"  мағынасын  береді,  демек  motіvation  сөзбе  сөз  мағынада  "қозғалту,  әрекетке    келтіру" 

мағынасын береді. 

 

Оқудағы  мадақтау  және жазалау  әдістері. 



Мадақтау  түрлері: 

•    мақсатқа  жеткені  туралы айту; 

•    тапсырмалар арқылы оқушыны  табысқа жеткізу; 

•    оқушыны  тәжірибе және зертханалық  жұмыстарды жүргізуге  көмекші  етіп алу; 

•    топтық тәжірибелік  жұмыс кезінде  оқушыға  бөлімшелерді  басқарту; 

•    үлгерім  және сабаққа  қатынас көрсеткіштерін  шығару; 

•    білімнің  қоғамдық  байқауының қорытындылары бойынша мадақтау; 

•    жақсы оқитын оқушылардың  үлгерімі  төмен оқушыларға  көмектесуі,  т.б. 

Ынталандыру әдісі 

Қызығушылықтың  үштүрі: 

•    іс-әрекетке  деген оң көзқарастың болуы; 

•    танымның баланы жақсы сезімге  бөлеуі; 

•    іс-әрекеттің  баланы ынталандыруы. 

Оқыту  процесінде  баланың  оқу  іс-әрекетіне  оң  көзқарасын  туғызу  керек.  Оқылып  отырған 

материалдың оқушыны тебірентуі,  қуанышқа бөлеуі, таңқалдыруы, аяушылық сезімін тудыруы 

сабақтың 

мақсатына 

жетуді 


тездетеді. 

Қазіргі  заман  мектебінде  оқу-тәрбие  үрдісі  арқылы  оқушыларға  терең  білім  берумен  қатар, 

ойлау  және  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыру  мақсаты  көзделеді.  Пәнді  оқыту  барысында 

оқушы  мен  мұғалім  жұмысының  үйлесуін  тіл,  сөйлеу  қатынасы  арқылы  көрсетуге  болады. 

Ғылымсыз – тіл, тілсіз – ғылым жетілмейді. Жаратылыстану пәндерін, соның  ішінде биология 

пәнін  оқыту  барысында  оқушылардың  логикалық  ойлауын  дамыту  сөйлей  білуге  негізделеді. 

Осыдан келіп  мынандай сұрақтар туындайды: 

-

 

Оқушыларға  ғылыми терминдерді меңгертудің  маңыздылығы неде? 



-

 

Терминдерді  меңгеру оқушы  үшін  неліктен қиындық туғызады? 



-

 

Оқушыға  терминдерді меңгерту  жолындағы мұғалімнің  ізденісі  қандай? 



Биология  сабағында  жаңа  ұғымдар,  терминдер,  анықтамалар  өте  көп  кездеседі. 

Оқушыларды биологиялық терминдер мен ұғымдарды дұрыс пайдалануға үйрету – олардың тіл 

мәдениетін  дамытып,  ғылыми  сауаттылығын  арттырады.  Оқушылардың  терминдер  тілінде 

сөйлеуін  жетілдіруге  бағытталған  жұмыстар  ұдайы,  үздіксіз,  жан-жақты  ізденуді  талап  етеді. 

Оқушы  сөйлеуіндегі  кемшіліктер  пәндік  тілді  және  сол  арқылы  білімді  үстірт  игеруге  әкеліп 

соғады.  Оқушы  терминдерді  мағынасын  түсіне  отырып  игеріп,  жеңіл  сөйлесе,  соғұрлым 

логикалық ойы, білімі терең болады. Сондай-ақ түрлі сынақтарда таныс емес сұрақтарды тірек 

білімдеріне  сүйеніп  шеше  алу  мүмкіндігі  зор.  Алайда,  халықаралық  терминдерді  қалайда 

қазақшалауға  тырысу  немесе  кейбір  шетел  сөздерін  термин  болмаса  да  аудармай  алу,  орысша 

терминдердің  көп  қолданылуы,    қазақша  атының  бірыңғай  болмауы    және  терминдер 

аудармасының қиындығы және т.б. себептер оқушыға оқып-үйренуге, білімді меңгеруге едәуір 

қиындық  туғызады.  Сондықтан,  оқушыға  терминдерді  меңгерту  үшін  мұғалімге  жүктелетін 

жұмыс өте көп. Әр жаңа ұғымды оқушыға оның өз тілімен жеткізуде  берілетін білім түсінікті, 

тиянақты,  ойында  қалатындай  болуы  тиіс.  Мұғалім  өз  пәні  бойынша  білім  деңгейінің  төмен 

болу  себебін  анықтап,  олардыболдырмау  үшін  әр  сабақты  жүйелеп,  жоспарлап,  нақты  ма қсат 

қойған жөн.  

Пәндік  терминдерді меңгертудің  бірнеше  тиімді  әдістеріне  тоқталатын болсам, олар: 

-

 



Термин сөздерге  сызба-кестелер арқылы түсінік  беру; 

-

 



СТО,  модульді  оқыту  технологиясы,  топтастыру,  кубизм  және  т.б.  технология 

элементтерін қолдана отырып меңгерту; 

-

 

Терминдерді  меңгертуде  бұрыннан білетін  тірек  сөздерді  басшылыққа  алу; 



-

 

Алған білімдерін  бекіту  мақсатында әр тақырыптан соң тест құрастыру



-

 

Оқушыларға  бір-біріне  сұрақтар қойғызып, дұрыс жауаптарын өздеріне тексерту; 



-

 

Терминдердің  дұрыс айтылуын, оқушылар  тілінің  жаттыққандығын бақылау  т.б. 



Ғылыми терминдерді меңгертуде оқушыға  әр терминнің түп мағынасын ұғындыру  керек. 

Ол үшін қарама – қарсы элементтер әдісін немесе өмірде қолданып жүрген іс-әрекеттер арқылы 

ассоциация  жасау  арқылы  есте  сақтауды  қолданудың  мәні  зор.  Мысалы  фотосинтез  ұғымын 

«фото»  -  жарық,  «синтез»  -  өндіру,  яғни  жарықта  қандай-да  бір  нәрсені  өндіру  дегенді  есте 

сақтайтын  болады.  Сонымен  қатар  кейбір  ұғымдарды  оқушы  шатастырып  алмай  есте  сақтау 

үшін  сөздердің  дыбыстарына  мән  берген  жөн.  Мысалы,  «Органикалық  заттардың  сабақ 

бойымен қозғалуы» тақырыбында су мен минералды заттар сүрек бойымен, органикалық заттар 

қабық бойымен қозғалады. Бұл жерде су-сүрек, екеуі де  «с» әрпімен басталатынын есте сақтау 

анағұрлым  жеңіл.  Педагог  ақын  М.Жұмабаев  ақыл  көріністері  әсерленуден  пайда  болады, 

әсерленудің  күшті  болуы,  жалғасып  дамуы  ұғымның  дұрыс  болуының  кепіл і  деп 

көрсетеді.Терминдер  оқушылардың    есінде  жақсы  сақталуы  үшін  үнемі  биологиялық  диктант 

жаздырып,  тексерген  соң  қатемен  жұмыс  жүргізген  жөн.  Сонымен  бірге,  әр  тақырыптан  соң 

сөздік  дәптерлеріне  глоссарийді  үш  тілде  кестеге  орындап,  тірек  сызба  құрастырған  тиімді. 

Сабақ  сайын  әр  оқушы  бір-біріне  сұрақтар  қойып,  нақты  жауабын  айқындап  отырса, 

терминдердің есте қалуына көп септігі  тиері сөзсіз. 

Мұғалім  оқушының  білімге  деген  ынтасын  қалай көтеруге болады. 

1. еркін  таңдауға  мұрсат бер. 

2. оқу үрдісінде  қызығушылық пен  қуаныш оқушының негізгі  қобалжуы болып табылуы 

керек.   

3. оқытуда  оқушының  сұранысын, қызығушылығын  және талпынысын ескеру  керек.   



4. егер оқушы  қандай да бір  іс-әрекетте жетістікке жетсе, онда оның  іштей мотивациясы 

артады. 


5. өзіне және өз күшіне  деген сенімділігінің  өсуі  іштей  ынталандыруға итермелейді.   

6. баланың жетістігін  белгілеңіз.   

7.  сәтсіздік  үшін  жазаламау  керек,  сәтсіздіктің  өзі  жаза  болып  табылады,  ол  ынтаны 

төмендетеді.   

8. оқушы  үшін  мұғалімнің  өзі  де маңызды.  

9. оқу  материалының мазмұнын қызықты қылып дұрыс жеткізе  біліңіз. 

10. оқыту  әдістерін  өзгертіңіз.   

11.  мүмкіндігінше  сабақ  барысында  әр  оқушымен  «кері  байланыс»  орната  отырып, 

түсінбегендерін  анықтап немесе дұрыс түсінбегендерін  айқындауға тырысыңыз. 

12.  оқушының  жеке  бір  жауабына  ғана  емес  сабақтың  әр  кезеңдерінде  жауап  берген 

жұмыстары бойынша мақсатқа  жеткенін  айтыңыз.   

13.  мұғалімнің  негізгі  міндетітек  оқытып  қана  қоймай,  оны  өз  пәні  арқылы  оқушының 

ойлау қабілетін  дамыту.  

14.  мүмкін  болса  білімді  өзге  пәндермен  кіріктіріп  оқытуға  тырысыңыз,  бұл  оның  білім 

деңгейін арттырып, көзқарасын  кеңейтеді.    

15.  барлық  мүмкін  болатын  әдістерді  қолдана  отырып  оқушының  пәнге  деген 

қызығушылығын  ояту  

16.  ойын  қоршаған  ортаға  деген  қызығушылығын  арттыратын  бірден  бір  мықты  құрал 

болып табылады.  

17.  өткен  тапсырмаларды  тірек  етіп  жаңа  материалды  меңгеруде  жетістік  ахуалын 

құрыңыз.  

18. оңтайлы көңіл  күй, сабақта сенім,  мұғалімнің  ашық  жарқын көңіл  күйі.   

19. өз іс-әрекетін және өзгенің іс-әрекетін бағалау арқылы рефлексия (мысалы, «неге қиын 

болды?», «сабақта  нені білдіңіз?»   және т.б.) 

20. оқушыны  ұжымдық іс-әрекетке  топпен, жұппен жұмыс істеуге  жұмылдыру.   

21.  ең  үздік  жұмыстардан  көрме  үйымдыстырып,  марапаттау,  мадақтау  және  бағалау 

арқылы оқушының  іс  – әрекетін  ынталандыру  

22. өзінің  мүмкіншілігі  мен қабілетіне  деген сенім ұялату. 

23. жаңа ақпараттық технологияны қолданыңыз.  

24.жаңа  материалды  меңгеруде  және  орындалатын  тапсырмалардың  орындалуында 

ынталандырушы фактор  ол ойын. Ролдік  ойындар оқу үрдісін  белсендіруге  мүмкіндік  береді.   

25. әр оқушыны  жеке тұлға ретінде сыйлаңыз.  

Қорытындылай  келе  айтатын  болсақ,  терминдерді  пәнді  оқытудың  басты  құралы  ретінде 

тиімді  пайдалану  оқушының  білім  сапасына  ерекше  әсер  етеді.  Терминдерді  меңгерту  кезінде 

оқушылардың  тіліне  тазалық,  дәлдік,  түсініктілік  талаптары  қойылуы  керек,  термин  мен 

ақпарат байланысты болғаны абзал. Осы әдістерді  қолдану  барысында:  

-

 

Оқушының жүйелі білімі  мен сөйлеу дағдысы қалыптасатыны; 



-

 

Терминдер, ұғымдар оқушы  есінде жақсы сақталатыны; 



-

 

Ғылыми негізде  сабақ айтуға дағдыланатыны; 



-

 

Шәкірттердің  жетістігі  көрінеді. 



Оқу  әрекетін  жаңаша  ұйымдастыруға  байланысты  адамның  өз  еркімен  игерілген  білім 

ғана оның қажетіне  айналады. 

 

Әдебиеттер тізімі 



Қолданылған әдебиеттер: 

1. Биология және салауаттылық  негізі.  2011 жыл №2 

2. М.Жұмабаев. Педагогика.  - Алматы:  Ана тілі,  1992. -160 б. 

3. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық  логикалық-құрылымдық  курсы,  - Алматы, 1996. 



 

Каталог: semey fmsh -> portal -> Portals
Portals -> Екі апта ауылда
Portals -> Зияткерлік мектебіндегі қызықты жазғы демалыс басталып кетті
Portals -> Мектеп тынысы
Portals -> Сулейменова Алуа Бериковна Ойын элементтерін қолдану арқылы қалыптастырушы бағалауды тиімді өткізу
Portals -> Ұраны: Достықпен үміт жалғайтын, Оқудан ешбір талмайтын. Алтайдай бір шаңырақ Білімді мәң
Portals -> «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ «Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы
Portals -> Презентация книги «Наш Президент»
Portals -> Бүгінгі санда: «Жігер жеңіске жетелейді» атты спорттық отбасылар сайысы өтті “Осенний Remix. Dance party” мерекесі өтті 7 бет 12 бет Қараша-Желтоқсан 2013 жыл Болашаққа кемел біліммен «Елімнің бақытын
Portals -> Шаянбаева Салима Боскынбаевна Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытудағы swot-анализ тиімділіктері

жүктеу 47.65 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет