Нұсқаулардың титул парағы ф со пгу 18. 1/05 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Жұмысты   орындаудағы   сақтандыру   шарттары



жүктеу 0.57 Mb.
Pdf просмотр
бет5/5
Дата30.04.2017
өлшемі0.57 Mb.
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5

Жұмысты   орындаудағы   сақтандыру   шарттары.  Зертханалық

жұмыстардың   сақтандыру   шарттарын   студенттердің   оқып   танысып   жақсы

білуі   қажет   және   осы   шартты   оқып   танысқаннан   кейін   сақтандыру

журналына   қол   қояды.   Студент   жабдықтар   мен   құралдарға   сақтықпенен

қарауы   қажет.   Жоғарғы   көрсетілген   шарттармен   танысып,   оны   орындауды

міндет тұтпаған студент зертханалық жұмысты орындауға жіберілмейді.



Зертханалық   жұмыстарды   орындау   әдістемесі.  Студент   күні   бұрын

зертханалық   жұмыс   бағдарламасымен   танысып,   оны   орындау   жүйесінің

жоғарыда   көрсетілген   ғылыми   негіздеріне   сүйеніп   және   басқа   да

әдебиеттерді   пайдалана   отырып   дайындалуы   қажет.   Осының   барлығын

жұмыс дәптеріне жазуы керек және дәптерін жұмыс орындау жеріне алып

келуі тиіс.



Зертханалық   жұмысты   орындау   және   есеп   беру   шарттары.

Студенттің жұмыс орындау үшін дайындаған дәптері толық керекті дәрежеде

толтырылуы қажет. Сол дәптердегі кестелер, схема мен диаграммалар толық

толтырылуы   керек.   Студент   сабақтың   соңында   жұмыс   дәптерін   тексеруге



тапсырады.   Оқытушы   тексеру   нәтижесінде   студенттің   қалай   орындағанын

анықтап бағалайды. Жұмыс жүйелі түрде орындалмаған жағдайда студент өзі

немесе топтасып жұмысты қайта орындайды. Студент қатыспаған дәрістерді

өз еркіменен оқып конспект дайындауы тиіс. Зертханалық жұмыс дәптерімен

және   дәріс   конспектісі   болмаған   жағдайда   студент   емтихан   мен   сынаққа

жіберілмейді.



Зертханалық   жұмысты   орындауға   берілген   тапсырма.  Студент

ұсынылған  әдебиеттерді  оқып  және  осы   зертханалық   тапсырмада  берілген

мал   азықтық   егін   шаруашылығымен   танысып   жазбаша   түрде   жауап   беру

керек. 8 зертханалық жұмысындағы келтірілген кестелерді толтырып тапсыру

керек.

Ұсынылған әдебиеттер

1. Андреева   Н.Г.   Луговое   и   полевое   кормопроизводство.   М.,

Агропромиздат, 1989.

2. Асанов К.А. Кормопроизводство с основами земледелия. Алматы, 1984.

3. Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. Алматы, 1995.

4. Зыков Ю.Д. Полевое кормопроизводство. Алматы, 1985.

5. Кузьмин Н.А., Новиков Н.Н. Кормопроизводство. Л., Колос, 2004.

6.

Можаев   Н.И,   Серикбаев   Н.А.   Луговое   и   пастбищное



кормопроизводство. Астана, 2002.

Бақылау сұрақтары

1.   Мал   азықтық   егін   шаруашылығы   –   жемшөп   қорын   жасап,   мал

шаруашылығын   тікелей   өркендететін,   ауылшаруашылық   өндірісінің   негізгі

бір бөлігі. 

2. Негізгі мал азығы түрлері, олардың маңызы, алу көзі. 

3. Интенсивтендіру жолдары. 

4.   Ауылшаруашылық   ғылымдарының   жетістіктері   және   мал   азығы

өндірісінің озық тәжірибелері.



Зертханалық   жұмыстар   9-11.  Мал   азықтық   дақылдардың   өсіру

технологиясы.   Жемдік-астық   және   дәнді   бұршақ   тұқымдас   дақылдар.

Сүрлемдік дақылдар.

Жұмыс   мақсаты.  Жайылым,   шабындық   айналымы   және   оларды

пайдалану. Жайылым маусымдылығын және пайдалану мерзімін анықтауды,

қойды   жайылым   шөбімен   асыраудың   нормасын   есептеуді,   мал   жаю

тығыздығын,  малға шөпті пайдаланудың  мүмкін коэффициентін,  жайылым

алаңын, қой үшін жайылым шөбінің тәуліктік нормасын, сақтандыру қорын

анықтауды зертханалық жағдайда үйрену.



Жабдықтар  мен заттар.  Есептеу  техникасы.  Үлгі есептер.  Анықтама

әдебиеті.



Жалпы   ғылыми   негіздері.  Жайылым   маусымдылығы   және   оны

пайдалану   мерзімдері.  Қазақстан   жайылымдарының   барлығы   маусымдық.

Түр құрамына байланысты олар тек көктемде (айталық, раңтәріздестер), ерте

жазда (ұсақ шымды-астықтұқымдастар), көктемде және күзде (раң тәріздес-

жусанды), жазда  (таулы),  тек күзде немесе  қыста  айталық,  жусанды-сораң

тәріздес   немесе   сораңдардың   өздері   ғана   пайдаланылуы   мүмкін.   Шөпті

қажетті маусымда пайдаланбау 40-70%-ке дейінгі жемшөп өлшемін және 60-

70% белокты жоғалтуға әкеліп соқтырады.

Егер жайылымның осы типін пайдалануға тиімді болмайтын маусымда

немесе осы учаскеде жайылуға мәжбүр болса, онда осы аумақта жайылымға

пайдалануға қажетті өсімдіктер түрлерін, екпе шөп егеді. Бұл календарлық

уақытқа   емес,   ауа   температурасының   белгілі   бір   дәрежеде   алмасу   жағына

сәйкестендірілмек (1-кесте).

1-кесте – Жыл маусымдары бойынша жайылым кезеңінің ұзақтығы (күн)

Аудандар


Көктемгі 5-

тен 15


0

-қа


дейін

Жазғы


15

0

С



Күзгі

15-тен


0

0

С-қа



дейін

Қысқы (0


0

С)

мал жайы-



латын

күндер


мал жайыл-

майтын


күндер

Оңтүстік қуаң

30-60

150-190


35-60

110-120


10-30

Орталық


32-37

125-135


35-45

85-95


65-80

Солтүстік

35-40

100-110


30-35

60-80


80-130

Осындай   “жыл   маусымдарының”   ұзақтығы   әр   ауданда   және   тау

белдіктерінде әрқилы және 30-160 күнге созылады.

Маусымдық   жайылымдарда   мал   жаю   кезеңін   жайылым   шөбінің   мал

жаюға   жарамдылығына   және   оның   өндірістік-тиімділігін   өнімділігінің

сақталу   ұзақтығына   қарай   анықтайды.   Көктемде,   шөп   жедел   өсетін   кезде,

малдың жайылымға шығарыла бастауы ондағы шөп қорының кемінде 0,8-0,9

ц/га   жемшөп   өлшемінің   болуына   қарай   белгіленеді,   мұнда   ауыспалы   егіс

схемасы бойынша арнайы келісілген өзге мерзім көзделмеген болуы керек.

Кейінірек   жайылымдағы   шөп   тез   бұзылып,   оның   қоректілігі   едәуір



жойылады. Ерекшелік ретінде күзгі және қысқы жайылымдар қалады, оларды

пайдалану   белгісі   -   өніп-өсу   кезеңінде   өсімдіктің   жеке   түрлерін   малдың

жемеуі   (сорандар,   жусандар   т.б.),   қыста   қардың   жұқа   түсуі,   мұз

қабыршағының болмауы.



Жайылым   сиымдылығы.  Сиымдылық   дегеніміз   мекеннің,   жайылым

учаскесінің 2 га жерінде бағуға болатын мал саны. Мұнда шөбінің жеткілікті

болуы,   сондай-ақ   соңынан   өсімдік   және   топырақ   қабатының

құнарсызданбауы  керек. Сиымдылық гектарына  бас (күн немесе  маусымда

бас) есебімен алынады.

Жайылым   сиымдылығын   оның   жалпы   өнімділігі   және   дымқыл   шөп

бойынша есептуге  болмайды, өйткені  оның шамасына әсер  ететін өте көп

факторлар ескерілмейді. Жайылым шөбінде мал жемейтін түрлер кездеседі –

оларды малға жемшөп қоры ретінде есептеу қате болар еді: көктемнен күзге

дейін   шөптің   ылғалдылығы   мен   ондағы   қоректік   заттар   өзгеріп   отырады;

жайылым   шөбінің   құндылығы   өсімдік   түрлерінің   жетілуінің   кезеңдері

бойынша әрқилы; мал жайылымында өсіп шыққан шөптің бәрін жемейді, ал

шөбі бүтіндей желіне қалса, өсімдік қабатының құнсыздануына, кейде тіпті

оның   құрып   кетуіне   әкеліп   соқтырады.   Осы   факторлар   ескерілемесе,

жайылым сиымдылығы жөнінде бұрмаланған мәліметтер алынады (2-кесте).

2-кесте   –   Сиымдылығын   анықтау   тәсіліне   байланысты   Қазақстанның

солтүстік   шөлінің   раңтәріздес   –   астықтұқымдас   өсетін   жайылымның

сиымдылығы, бас-күн/га

Сиымдылықты анықтау тәсілі

Көктем Жаз

Күз

Шөптің жалпы өнімділігі:



      дымқыл шөп

      құрғақ шөп

280

280


183

244


85

120


Өсімдіктердің жемшөптік түрлерінің бүкіл 

физикалық күйі бойынша

220

172


108

Шөп бітіктігінің пайдалану коэффициентін 

ескергенде 80%

176


138

86

Шөп бітіктігінің пайдалану коэффициентін 



ескергенде 65%

143


112

70

Бүкіл жемшөп бойынша, жемшөп өлшемін алғанда



399

190


99

Шөп бітіктігінің пайдалану коэффициентін 

ескергенде 80%

319


162

79

Шөп бітіктігінің пайдалану коэффициентін 



ескергенде 65%

259


124

64

Кесте мәліметтеріне қарағанда, анықтау тәсіліне байланысты жайылым



сиымдылығы   2   еседен   астам   артады.   Жайылымда   қоректік   заттар   қорын

бағалаған   жағдайда,   олардың   малдың   пайдалану   мүмкіндігінің   процентін



белгілегенде және оның қоректік заттарға деген мұқтажын ескергенде ғана

жайылым сиымдылығын дұрыс есептеп шығаруға болады.

Жайылым сиымдылығы мынадай формуламен есептеп шығарылады:

;

ÍÓ



¤Ê

Æ 

Мұнда:


Ж – жайылым сиымдылығы, маусым ішінде бас-күн/га; Ө - өсімдіктің

жемшөпті түрлерінің өнімділігі, ц/га ауалы-құрғақ шөп; Қ – 1 ц ауалы-құрғақ

шөптің   қоректілігі,   К   –   малдың   жайылым   шөбін   пайдалану   мүмкіндігінің

коэффициенті;   Н   –   бір   бас   малды   жайылым   шөбінен   азықтандырудың

нормасы, күніне жемшөп өлшемінен; У – мал жаю уақыты, күнмен.

Шаруашылықтарда   жайылым   өнімділігін   геоботаникалық   тексеру

мәліметтері бойынша, болмаса оны сол жердің өзінде орымдар алып, кептіру

арқылы анықтайды, мұнда жайылымның 2,5 м

2

-нен төрт дүркін қайталайды



(3-кесте).

Бұта   және   жартылай   бұта   өсімдіктері   бар   оңтүстік   шөл   аудандарда

трансектілерді қолдана (100×2,25×4 т.б.) және үлгі түптерді бөліп ала отырып

қолданады.

Қойды   жайылым   шөбімен   асыраудың   нормасы.   Жыл   маусымдары

бойынша   жайылым   шөбі   қоректілігінің   өзгеруі   200,   кейбір   шөп   түрлері

ылғалдылығының   өзгеруі   500-700   процентке   жетеді.   Малдың   қоректік

заттарға   деген   мұқтажын   толық   қанағаттандыру   үшін   малға   берілетін

жемшөп мөлшері әртүрлі болуға тиіс.

3-кесте   –   Солтүстік   шөл   аудандары   жайылымдарының   әртүрлі

типтерінің шамасымен алынған сиымдылығы, жылдың түрлі маусымдарында

бас-күн/га



Жайылым типтері

Көктем

Жаз

Күз

Түрлі шөп – теріскен

100

114


74

Баялыш


131

58

24



Жусан – баялыш

175


52

23

Қара жусан – көкпек



130

96

72



Раңтәріздес – итсигек – сұр жусан

94

101



43

Күйреуік – сұр жусан

91

45

24



Изен – раңтәріздес

114


98

66

Қара жусан



81

27

12



Бүйірген

35

36



22

Майман тарлау

81

99

44



Еркек қозыға немесе ұрғашы қозыға күн тәулігінде 0,8 жемшөп өлшемі

қажет болса, онда жемшөп қоректілігі 0,7 жемшөп өлшеміне жеткенде мүлде

құрғақ зат күйінде 1,1 кг; қоректілігі 0,4 жемшөп өлшегенде – 2 кг жемшөп,

яғни   1,5   есе   артық   жемшөп   беру   керек.   Егер   жемшөп   қоректілігі   сондай



болғанда   (мүлде   құрғақ   затта   0,8   азық   өлшемі),   тек   ылғалдылықты   ғана

ескерсек,   онда   ылғалдылығы   70%   болғанда   –   3,3,   ал   ылғалдылығы   85%

болғанда 6,6 кг керек.

Бұл арада шөп ылғалдылығының аз ғана өзгеруінің өзі (15%) оның малға

беру нормасын 2 есе арттыруды талап етеді.

Табиғи  шөп  мұқтаждығын  анықтау   үшін  жемшөп  өлшемінде  алынған

азықтандыру   нормасы   құрғақ   затқа   айналдыру   коэффициентіне   (К)

көбейтіледі; бір факторды ескергенде (қоректік немесе ылғалдылық) – 1 рет,

ал екі фактор ескеріле – 2 рет.

Жайылым шөбінің қоректілігі төмен және ылғалдылығы көп болса мал

жеммен, яғни кенеулі азықпен қосымша қоректендірілуі қажет.

Табиғи   жемшөптің   қоректілігі   мен   ылғалдылығын   ескере   отырып,

қойдың нормасын мына формуламен есептеп шығаруға болады:

;

1



/

.

Ä



Ñ

Â

À



Мұнда, А – табғи жайылым шөбінің қажетті мөлшері, 1 тәулікке кг, В –

жайылымда   ұстағанда   қойды   азықтандыру   нормасы,   тәулігіне   жемшөп

өлшемімен;   С   –   мүлде   құрғақ   күйіндегі   жайылым   шөбінің   қоректілігі,   1

килограмдағы жемшөп өлшемі, яғни өлшем бөліктерімен қой жаю кезіндегі

жайылым шөбінің ылғалдылығы, өлшем бөліктері.

Өніп өсу кезеңінде өсіп шыққан барлық шөп толық қағажу қалғанда 2-5

жылдан кейін жайылым өнімділігі жусан-боз шөп және жусан-раңтәріздестер

өсетін   жайылымда   –   28-31,   ал   өткен   жылға   қурап   қалған   шөп   қағажу

қалғанда – 1-2 процентке төмендейді; жусан мейлінше құнарсызданады.

Жайылымға   жаю.  Жаю   дүркіні   –   жайылым   өнімділігінің   өзгеруін

анықтайтын   елеулі   фактор.   Жаю   дүркінінің   әсері   көбінесе   қуаң   аймақ

жағдайында   күшті   байқалады.   Тіпті   таулы   шалғындық   далалық

жайылымдарды   екі   дүркін   пайдаланудың   өзі   олардың   құнарсыздануына

себепкер   болады.   Осындай   мәліметтер   қуаң   аймақ   жайылымдарының   өзге

типтерінен   де   көрініс   табады.   Екі   дүркін   пайдаланғанда   шөпті   шауып

алғаннан кейін жойыла бастайды және ол құнарсызданады. Таудың төменгі

өңірінде қойды табиғи жайылымға жаю саны арттырылуы мүмкін.



Тапсырманы   орындау   әдістемесі.  Жайылым   алаңы.  Жайылымдағы

шөптің жалпы қорын анықтау үшін оны білген жөн. Оны жер жазықтығы

бедерлі   болғанда   сол  жердің   өзінде,   сол   сияқты   картографиялық   материал

немесе   басқа   бір   құжаттар   бойынша   анықтауға   болады.   Таулы   аудандарда

нақтылы   күймен   салыстырғанда,   алаңды   карта   бойынша   (планшеттермен)

есептеп шығару оның азаюына әкеліп соқтырады. Баурайлар неғұрлым тік

немесе   бедерлі   едәуір   жырымдалған   болса,   соғұрлым   осы   айырмашылық

көбірек   болады   және   20-50   процентке   жетуі   ықтимал.   Тауыл   аудандарда

жайылым   алаңын   тікелей   сол   жердің   өзінде   анықталған   немесе   формула

бойынша есептеп шығарған тиімді:

;

Ã

À

À

Ê

Í

мұнда: 



А

Н

  –   жайылымның   нақтылы   алаңы;   А



К

  –   картографиялық   материал

бойынша планиметрмен табылған алаң; Г – баурайдың тікшілігі, градуспен.

Баурайдың тікшілігі мынадай болғанда Г-ның орнына оның абсолюттік

шамаларын қолдануға болады: 1 – 10

0

 = 1-0,97; 11 – 25



0

 = 0,96 – 0,90; 26 – 40

0

= 0,89 – 0,79; 41 – 55



0

 = 0,78 – 0,54; 58 – 69

0

 = 0,53 – 0,46.



Жайылым   шөбінің   мұқтаждығын   есептеп   шығару.  Шаруашылықта

жайылым шөбінің мұқтаждығын есептеп шығарған кезде ең алдымен жеке

айлар бойынша бүкіл жайылым кезеңінде малдың жалпы санын ескереді.

Шаруашылықтың нақтылы жағдайында жайылым мұқтаждығын дұрыс

есептеп шығару үшін мыналарды білу қажет:

1) мал үшін жайылым шөбінің тәуліктік нормасын;

2) жайылым шөбінің өнімділігін;

3) жайылымның жеке типтерін пайдаланудың процентін;

4) өрістің бір гектарының жүктемесін;

5) сақтандыру қорын.



Қой үшін жайылым шөбінің тәуліктік нормасы.

Шөптің   тәуліктік   нормасы   малдың   қоректік   заттарға   және   жайылым

шөбінің нақтылы қоректілігіне байланысты.

Далалық   астықтұқымдастар   өсетін   табиғи   және   осы   аймақ

жайылымдарының   неғұрлым  қуаң  типіне  биязы   жүнді  тұқымының  емізулі

саулығы үшін шөптің күндік нормасы орта есеппен 6-7 кг; тірілей салмағы

50-60   кг,   шөбі   неғұрлым   шырынды   келетін   табиғи   жайылымда   8-9

килограмға дейін. Сол тұқымның ұрғашы тоқтыларында (тірілей салмағы 40

кг жуық) осы нормалар соған сәйкес 4 және 6 кг болады. 

Біржылдық және шырынды көпжылдық екпе жайылымдарда желінетін

шөптің   орташа   нормасы   биязы   жүнді   тұқымының   емізулі   саулығы   үшін,

біздің байқауымызша, 8-10 кг, неғұрлым қуаң еркек шөп өсетін көпжылдық

жайылымдарда – 7-9 кг; ұрғашы тоқтылар нормасы соған сәйкес әр басына

күн тәулігінде 7 және 5 кг.

Шөп   нормасы   жасы   1-1,5   айға   жетпеген   кемінде   бір   қозылы   емізулі

саулық үшін есептелген. Жасы 3-5 айлық қозыға қосымша 2-4 кг көк шөп

берген жөн.

Қаракөл қойларын жайылымда баққан кезде жыл бойына азықтандыру

дәрежесі тұрақты емес. Олар мұндай кенет ауытқуды көктемде көп, қыста аз

сезеді. Қысқы кезеңде жеткіліксіз азықтандырғанда қаракөл қойлары тірілей

салмағын азайтады, ал көктемде шырынды қоректі шөп мол болған шақта

олар   салмағын   қайтадан   қалпына   келтіреді.   Көктемде,   жазда   және   күзде

жақсы   маусымдық,   тозбаған   жайылымда   баққанда   қойлар   жоғарй

қоңдылыққа жетеді.

Бір қойға жайылым шөбінің нормасын біле отырып, бүкіл отардың оған

деген мұқтажын оңай есептеп шығаруға болады. Жайылым кезеңінің барлық

мерзімдерінде   бүкіл   қой   басына   қаншалықты   көк   шөп   қажеттігін   есептеп

шығарғаннан кейін табиғи және екпе жайылымдардан алуға болатын шөптің

нақтылы мөлшерімен салыстырады, яғни жемшөп баданасын жасайды.


Сақтандыру   қоры.  Жайылым   шөбінің   мұқтаждығын   есептеген   кезде

өнімнің болмау жағдайына байланысты және қойды жыл бойына жайылымда

бағатын қыстыгүні климаты қатаң, қар көп түсетін аудандарда сақтандыру

қорын   да   есептеп   шығарған   жөн.   Сақтандыру   қорының   мөлшері   аймаққа

байланысты. Метеорологиялық жағдайларға қарай облыстар мен аудандарда

өнім тұрақсыз болса, яғни шөлейт және шөл қорын жалпы мұқтаждықтан 20-

30%, далалық және таулы аймақтарда 10-15% мөлшерінде есептеп шығарған

тиімді.


Жұмысты   орындаудағы   сақтандыру   шарттары.  Зертханалық

жұмыстардың   сақтандыру   шарттарын   студенттердің   оқып   танысып   жақсы

білуі   қажет   және   осы   шартты   оқып   танысқаннан   кейін   сақтандыру

журналына   қол   қояды.   Студент   жабдықтар   мен   құралдарға   сақтықпенен

қарауы   қажет.   Жоғарғы   көрсетілген   шарттармен   танысып,   оны   орындауды

міндет тұтпаған студент зертханалық жұмысты орындауға жіберілмейді.



Зертханалық   жұмыстарды   орындау   әдістемесі.  Студент   күні   бұрын

зертханалық   жұмыс   бағдарламасымен   танысып,   оны   орындау   жүйесінің

жоғарыда   көрсетілген   ғылыми   негіздеріне   сүйеніп   және   басқа   да

әдебиеттерді   пайдалана   отырып   дайындалуы   қажет.   Осының   барлығын

жұмыс дәптеріне жазуы керек және дәптерін жұмыс орындау жеріне алып

келуі тиіс.



Зертханалық   жұмысты   орындау   және   есеп   беру   шарттары.

Студенттің жұмыс орындау үшін дайындаған дәптері толық керекті дәрежеде

толтырылуы қажет. Сол дәптердегі кестелер, схема мен диаграммалар толық

толтырылуы   керек.   Студент   сабақтың   соңында   жұмыс   дәптерін   тексеруге

тапсырады.   Оқытушы   тексеру   нәтижесінде   студенттің   қалай   орындағанын

анықтап бағалайды. Жұмыс жүйелі түрде орындалмаған жағдайда студент өзі

немесе топтасып жұмысты қайта орындайды. Студент қатыспаған дәрістерді

өз еркіменен оқып конспект дайындауы тиіс. Зертханалық жұмыс дәптерімен

және   дәріс   конспектісі   болмаған   жағдайда   студент   емтихан   мен   сынаққа

жіберілмейді.



Зертханалық   жұмысты   орындауға   берілген   тапсырма.  Студент

ұсынылған  әдебиеттерді  оқып  және  осы   зертханалық   тапсырмада  берілген

мал азықтық дақылдардың өсіру технологиясы.мен танысып жазбаша түрде

жауап беру керек. 9-11 зертханалық жұмыстарындағы келтірілген кестелерді

толтырып тапсыру керек.

Ұсынылған әдебиеттер

1. Андреева   Н.Г.   Луговое   и   полевое   кормопроизводство.   М.,

Агропромиздат, 1989.

2. Асанов К.А. Кормопроизводство с основами земледелия. Алматы, 1984.

3. Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. Алматы, 1995.

4. Зыков Ю.Д. Полевое кормопроизводство. Алматы, 1985.

5. Кузьмин Н.А., Новиков Н.Н. Кормопроизводство. Л., Колос, 2004.


6.

Можаев   Н.И,   Серикбаев   Н.А.   Луговое   и   пастбищное

кормопроизводство. Астана, 2002.

Бақылау сұрақтары

1. Дақылдар туралы тарихи мағлұматтар. 

2.   Жеке   дақылдардың   және   олардың   белгілі   тобының   халық

шаруашылық маңызы. Қазақстанда таралуы.

3. Дақылдардың биологиялық қасиеттері: өсіп-өну кезңі, ерекшеліктері,

өнім   түзу   жолдары,   мал   азығының   бағасының   кемуі   және   сапасының

жоғарылауы. 

4. Қазақстанда аудандастырылған және себуге рұқсат етілген сорттары

мен будандары. 

5. Өсіру технологиясы және жемшөп дақылдарын жинау ерекшеліктері. 

6. Жемшөп қорын жасауда сүрлемдік дақылдардың алатын орны. 

7.   Сүрлем   салудың   маңызы.   Жоғары   сапалы   сүрлем   салудың

ерекшеліктері.   Оларды   өсірудің   биологиялық   ерекшеліктері   және   өсіру

технологиясы. 

8. Көпжылдық әдеттен тыс өсімдіктер: аю балдырғаны, сүйір жапырақты

сильфия,   жер   алмұрты,   шығыстың   ешкі   шөбі.   Олардың   шаруашылық   –

биологиялық ерекшеліктері, мал азықтық сапасы және келешекте таралуы.


Зертханалық   жұмыс   12-13.  Тамыр   жемісті,   түйнекті   жемісті   және

бақша шырынды мал азықтары. Мал азықтық шөптер.



Жұмыс   мақсаты.  Шабындықтардың   өнімділігін   анықтау.   Шөп   сапа

көрсеткіштері. Маяның аумағы және салмағы.

Шабындықтарды   өте   тиімді   пайдалану   шараларын   таңдау,   жүйелі

шабындық ауыстыру шараларын тиімді орындап, шөпті шабу мерзімін, шөп

шабу   биіктігін   анықтауды,   шөптің   өнімін,   сапасын   анықтауды,   маядағы

шөптің мөлшерін анықтауды үйрену. 

Табиғи   мал   азықтық   жерлерді   үстірт   және   түпкілікті   жақсарту

технологияларын жасау.

Жайылымдардың   және   шабындықтардың   өнімділігін   өсірудің   басты

шарасы   шөп   түрлерінің   қоспасын   егу   болып   саналады.   Өйткені   шөп

түрлерінің   қоспасы   олардың   бір   түрін   сепкеннен   өнімділігі,   мал   азықтық

пайдасы   жағынан   әлдеқайда   тиімді.   Сондықтан   шөп   қоспасын   пайдалану

жүйесін үйрету өте керекті мәселе болып саналады.

Жабдықтар мен заттар. Пішендікті ұйымдастыру жөніндегі мәліметтер

мен   міндеттер.   Жер   орналастыру   карталары,   есептеу   техникасы,   анықтама

әдебиеті.

Жалпы   ғылыми   негіздері.  Пішен   қысқы   азықтардың   ең   қажетті   бір

түрі. Малды қысқы ұстау кезінде малдар шөптен 40-45% азық өлшемін және

қорытылатын протеиннің 50% алады. Қысқы уақытта малдарға шөптен басқа

шөп ұны, пішендеме, пішен кесінділері және басқа да пішен қосындылары

дайындалады. 

Пішенге шапқан шөптің ең көп өнімі шабындық өсімдіктерінің гүлдену

кезінде   орғанда   жиналады.   Дегенмен   астықтұқымдас   шөптердің   ең   жақсы

сапалық қасиеттері гүлдену басталғанда, ал бұршақтұқымдас шөптерді гүл

бүршіктері пайда болған кезде орғанда қалыптасады. Осыған орай биік өсетін

астықтұқымдас   шөптерді   масақтану   кезінде,   ал   мысалы   қамысты

масақтанғаннан   бұрын   8-9   жапырағы   шыққан   кезінде   орады.   Жалпы   шөп

орудың ұзақтығы құрғақ далалық жерде 12-15 күндей болады, жалпы осы

уақыт өсімдіктердің гүлдену уақытының аяқталуына сәйкес келеді. 

Тапсырманы орындау әдістемесі.  Шөптің пішенге шабу биіктігі оның

өніміне тікелей әсер етеді, төмен шабылған сайын шөптің өнімі арта түседі,

бірақ  та  табиғи  шабындықтарды   пішенге   шапқанда  шабу  биіктігі  топырақ

бетінен 5-6 см, себілген шөптерді және де көпжылдық шөптердің тұқымдық

танаптарын 7-9 см, сабақтары биік қалыптасқан шөптерді 10-15 см биіктікке

орады. 


Шөпті   2-ші   қабат   шабатын   болатын   жағдайда   шабу   биіктігі   1-1,5   см

жоғары болу керек, бұл жағдай пішендікке шапқан аңыздың алшын көктігіне

немесе тез алшындануына әсер етеді. Ал алшын көктілік пішен шапқаннан

кейін де мал жаюға және де екінші, үшінші қабат шабуға тікелей әсер етеді.

Пішендікті   екінші,   үшінші   қабат   шапқан   кезде   тыңайтқыш   салу   қажетті

шаралардың  бірі  болып саналады.  Дегенмен  шөпті  пішенге   бірнеше қабат

шабу   шабындықтың   алшын   көктігінің   қайталануына   және   олардың   қысқа


дайындалу   мерзіміне   байланысты.   Шөптесін   өсімдіктердің   қысқа

дайындалуы қысқа кету мерзімінен 30-35 күн бұрын болу керек.

Пішендікке   оратын   жерлер   келе-келе   өнімін   төмендетеді,   бұлардың

себептері:

шабу   уақытын   дұрыс   пайдаланбауға   байланысты   өсімдіктердің   қысқа

дайындықсыз кетуі, қоректік заттардың азаюы, арамшөптердің көбеюі; 

шөптердің   тұқым   шашу   арқылы   көбеюінің   шектелуі,   топырақ

құнарлылығының азаюы;

қар   тоқтату   шараларының   орындалмауына   байланысты   шабындық

танаптарында   қардың   тоқтамауы   немесе   жиналмауы,   қар   суын   пайдалану

арқылы топырақтың су қорының төмендеуі;

шабындық   айналымының   орындалмауы   осы   жоғары   айтылған

себептердің әсерін 2-3 есе үдетеді. 

Сондықтан   шабындық   айналымын   жөніне   келтіру   шаралары   пішен

алқаптарының   өнімін   арттыруға   тікелей   әсер   етеді.   Әсіресе   қар   тоқтату,

тұқым   шашу   шараларын   реттеп,   олардың   кезекара   келуін   ұйымдастыру

қажет.   Осыған   байланысты   төменгідей   шабындық   айналым   үлгілері

ұсынылады:

Төртжылдық   1   қабат   ору   шабындық   айналымында   –   пішенге   шабу

төмендегідей мерзімде жүргізіледі:

1-жыл – гүлдену мерзімінен бұрын;

2-жыл – гүлдену мерзімінен бұрын;

3-жыл - гүлдену кезінде;

4-жыл - тұқым шашу кезінде.

Бесжылдық   2   қабат   ору   шабындық   айналымында   –   пішенге   шабу

төмендегідей мерзімде жүргізіледі:

1-жыл   –   тұқым   шашу   кезінде,   келесі   жылдары   бұл   шөптер   2   рет

шабылады, 1 қабат шабу төмендегідей жүргізіледі:

2-жыл – масақтану – шанақтану;

3-жыл – гүлдену мерзімінен бұрын;

4-жыл – масақтану – шанақтану;

5-жыл – гүлдену кезінде.

Тіршілігінің   ұзақтығына   байланысты   шабындық   және   жайылым

шөптерін төменгі топтарға біріктіреді:

Біржылдық   өсімдіктер   (біржылдық   қоңырбас,   ақ   алабота   және

басқалары) тез піседі және бүкіл өмірлік циклі бір өсу мерзімінде өтеді. Қыс

түсісімен  жердің  үстіндегі   де  астындағы   да  органдары  түгел   өліп  қалады.

Жыл сайын өсімдіктері тек тұқымнан шығады. Көбіне олар салыстырмалы

қолайсыз   жағдайларда   өсуге   бейім.   Әсіресе   олар   бос   және   жартылай   бос

жерлерде көп.

Екіжылдық   өсімдіктер   (түйежоңышқалар,   шабдар   және   басқалар)

тіршілігінің екінші жылында гүлдеп өнім береді, сосын өледі. Тіршілігінде

бірақ   рет   гүлдеп   өнім   беретін   өсімдіктер   монокарпиктер   деп   аталынады.

Екіжылдық шөптер егістікте ең жоғары өнімін тіршілігінің екінші жылында

береді.


Жұмысты   орындаудағы   сақтандыру   шарттары.  Зертханалық

жұмыстардың   сақтандыру   шарттарын   студенттердің   оқып   танысып   жақсы

білуі   қажет   және   осы   шартты   оқып   танысқаннан   кейін   сақтандыру

журналына   қол   қояды.   Студент   жабдықтар   мен   құралдарға   сақтықпенен

қарауы   қажет.   Жоғарғы   көрсетілген   шарттармен   танысып,   оны   орындауды

міндет тұтпаған студент зертханалық жұмысты орындауға жіберілмейді.



Зертханалық   жұмыстарды   орындау   әдістемесі.  Студент   күні   бұрын

зертханалық   жұмыс   бағдарламасымен   танысып,   оны   орындау   жүйесінің

жоғарыда   көрсетілген   ғылыми   негіздеріне   сүйеніп   және   басқа   да

әдебиеттерді   пайдалана   отырып   дайындалуы   қажет.   Осының   барлығын

жұмыс дәптеріне жазуы керек және дәптерін жұмыс орындау жеріне алып

келуі тиіс.



Зертханалық   жұмысты   орындау   және   есеп   беру   шарттары.

Студенттің жұмыс орындау үшін дайындаған дәптері толық керекті дәрежеде

толтырылуы қажет. Сол дәптердегі кестелер, схема мен диаграммалар толық

толтырылуы   керек.   Студент   сабақтың   соңында   жұмыс   дәптерін   тексеруге

тапсырады.   Оқытушы   тексеру   нәтижесінде   студенттің   қалай   орындағанын

анықтап бағалайды. Жұмыс жүйелі түрде орындалмаған жағдайда студент өзі

немесе топтасып жұмысты қайта орындайды. Студент қатыспаған дәрістерді

өз еркіменен оқып конспект дайындауы тиіс. Зертханалық жұмыс дәптерімен

және   дәріс   конспектісі   болмаған   жағдайда   студент   емтихан   мен   сынаққа

жіберілмейді.



Зертханалық   жұмысты   орындауға   берілген   тапсырма.  Студент

ұсынылған  әдебиеттерді  оқып  және  осы   зертханалық   тапсырмада  берілген

тамыр   жемісті,   түйнекті   жемісті   және   бақша   шырынды   мал   азықтарымен

танысып   жазбаша   түрде   жауап   беру   керек.  12-13  зертханалық

жұмыстарындағы келтірілген кестелерді толтырып тапсыру керек.

Ұсынылған әдебиеттер

1. Андреева   Н.Г.   Луговое   и   полевое   кормопроизводство.   М.,

Агропромиздат, 1989.

2. Асанов К.А. Кормопроизводство с основами земледелия. Алматы, 1984.

3. Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. Алматы, 1995.

4. Зыков Ю.Д. Полевое кормопроизводство. Алматы, 1985.

5. Кузьмин Н.А., Новиков Н.Н. Кормопроизводство. Л., Колос, 2004.

6.

Можаев   Н.И,   Серикбаев   Н.А.   Луговое   и   пастбищное



кормопроизводство. Астана, 2002.

Бақылау сұрақтары

1. Ауылшаруашылық малдарын азықтандыруда шырынды мал азығының

маңызы. 

2.   Мал   азықтық   қызылша,   сәбіз,   шалқан,   тарна.   Халық

шаруашылығындағы маңызы. 


3. Мал азықтық құндылығы және өсетін тарнаны аңыздық дақыл ретінде

өсіру. 


4. Мал азықтық бақша дақылдары. Бақша дақылдарының мал азықтық

құндылығы. 

5.   Малдарды   құнды   жемшөппен   қамтамасыз   етуде   екпе   шөптердің

маңызы. Олардың топырақ құнарлылығын арттырудағы рөлі. 

6. Көпжылдық астықтұқымдас шөптер: еркек шөп, қылтықсыз арпабас,

жима   тарғақ,   тарлау,   шалғындық   бетеге,   бидайық,   шалғындық   қарабас.

Азықтық   құндылығы,   биологиялық   ерекшеліктері,   өсетін   аудандары,   өсіру

агротехникасы, ору мерзімі. 

7.   Көпжылдық   астықтұқымдас   және   көпжылдық   бұршақтұқымдас

шөптердің қоспасы, олардың таза егістерден артықшылығы, шөп қоспасын

құру принциптері. 

8. Біржылдық бұршақ, сиыр жоңышқа, сераделла және астықтұқымдас

шөптер – судан шөбі, атқонақ, қонақ тары. Оларды пішен ретінде пайдалану

жолдары.   Біржылдық   бұршақ   –   астық   шөп   қоспасы,   олардың   маңызы,

пайдалану жолы және өсірілуі. 

9. Жаңа айқасгүлділерге жататын біржылдық мал азықтық өсімдіктер:

рапс, қыша, сурепица, шалқан т.б. 


Зертханалық жұмыс 14-15.  Мал азығын дайындау, есеп жүргізу және

сақтау. Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығы.



Жұмыс   мақсаты.  Пішен,   пішендеме   және   сүрлем   дайындаудың

индустрияльдық технологиясы.

Пішенге,   пішендікке   және   сүрлемге   қолайлы   өсімдіктерді   іріктеуді

үйрену,   оларды   өсіру   технологиясын   ұйымдастыруды   жүйелі   түрде

пайдалануды   үйрену.   Пішеннің,   пішендіктің   және   сүрлемнің   сапасын

анықтау.


Тұқым   өсіру   және   жинау.   Тұқымның   зертханалық   шығымдылығын,

тазалығын   және   себуге   жарамдылығын   анықтау,   бұл   анықтамалардың

көпжылдық мәдени және көпжылдық табиғи  шөптер тұқымына пайдалану

ерекшеліктерімен танысу.



Жабдықтар   мен   заттар.  Әртүрлі   жеке   түрдің,   біржылдық   және

көпжылдық   бұршақ   тұқымдас   шөптердің   тұқымдары   мен   жемістерінің

қосындысының   коллекциясы,   тақтайша,   инелер,   шөптердің   гербариі,

үлкейткіш шынылар,  

техникалық таразылар, бюкстер, кептіргіш

шкафтар, эксикатор, дәнүгіткіштер, тигельдік қысқаштар. 



Жалпы   ғылыми   негіздері.  Гүлдену   уақытынан   өсімдіктердің

жыныстық даму кезеңі басталады, бұл кезде тозаңдану мен ұрықтану өрбиді,

мұның өзі көп жағдайда тұқым сапасын анықтайды.

Н.Н.Кулешовтың   (1963)   айтуына   қарағанда   дәнді

дақылдар   тұқымдарының   бүкіл   пайда   болу   мен   даму

процесін   үш   кезеңге   біріктіруге   болады:  қалыптасу,   толысу

және   пісіп   жетілу.   Кезеңдер   даму   фазаларына   және

балауызданып   пісуден   бастап   дәннің   пісу   дәуіріне   бөлінеді

(1-кесте).

1-кесте   –  Дәнді   дақылдар   дамуында   әртүрлі   кезеңдеріндегі   тұқым

ылғалдылығы

Тұқымның пайда

болу кезеңі

Даму фазасы

Пісу

дәуірі


Тұқым

ылғалдылығы,

%

Қалыптасу



қоймалжың- сұйық 

күйі сүттену 

алдындағы күйі

-

80-65



Толысуы (дәнденуі)

сүттене пісуі

-

65-50


қамырлана пісуі

-

50-40



Пісіп жетілуі

балауызданып пісуі

басы

40-35


ортасы

35-25


соңы

25-20


Толық пісуі

басы


20-18

толық


17 және төмен

Тұқымның   қалыптасуы   ұрықтанғаннан   кейін   басталады   да   тұқым

ұзындығы әбден белгіленгенге дейін созылады. Бұл кезеңнің ұзақтығы ауа

райына, дақылдарға, сорттарға байланысты шамамен 10-14 күнге созылады. 

Тұқым ылғалдылығы  қалыптасуының  бас кезінде  80% шамасында, ал

соңына қарай 65% дейін төмендейді. Эндосперм күйіне сәйкес бұл кезеңді екі

фазаға бөлуге болады: қоймалжың-сұйық  және  сүттену алдындағы күйлері.

Тұқымның   (дәннің)   толысуы   қоректік   заттардың   қарқынды   түрде

жинақталуымен   сипатталады.   Тұқым   бұл   кезеңде   негізінен     көлденеңіне

барынша ұлғайып өседі, эндосперм ткандары толығымен құралады. Құрғақ

заттардың   молаюына   байланысты   тұқым   ылғалдылығы   40%-ке   дейін

төмендейді.   Бұл   кезеңнің   ұзақтығы   20   күндей,   бірақ   ауа   райы   құрғақ   әрі

ыстық   болғанда   25-30   күнге   дейін   созылады.   Бұл   кезеңді   екі   фазаға

ажыратуға болады: сүттене пісу- дәннің консистенциясы сүт тәрізді ақ масса,

қабығы   жасыл   түсті,   қамырлана   пісу-   эндосперм   қамыр   түстес   күйге   ие

болады, дән қабығы сарғыштала бастайды, өйткені хлорофилл жоғалады (ол

тек   қана   дән   тілігінде   сақталады).   Өсімдік   сарғая   бастайды,   жасыл   түс

жоғарғы жапырақтар мен масақша қабыршағында ғана сақталады.

Тұқым   дамуының   үшінші   кезеңі   –   пісіп   жетілуі   –   дәннің   толысуы

аяқталғанша   созылады.   Бұл   кезеңде   пластикалық   заттардың   жүруі   әлі

тоқтамайды   (10-15%),   бірақ   оның   интенсивтілігі   төмендейді   және

балауызданып пісудің ортасына қарай толық тоқтайды. Тұқым ылғалдылығы

бұл   кезеңде   40-20   %-ке   дейін   төмендейді.   Пісу   кезеңінің   ұзақтығы

метеорологиялық жағдайларға байланысты 6-12 күнге созылады.

Пісіп-жетілу   екі   фазаға   бөлінеді:   балауыздануы   және   толық   пісуі.

Балауызданып пісудің бас кезінде дән жасыл түсін мүлде жоғалтады, іріленіп

жылтырланады,   тырнақпен   жеңіл   кесіледі.   Бұл   дәуірде   негізінен   қоректік

заттардың келуі аяқталады (95-98% толық пісуден).

Балауызданып пісудің соңында дән тырнақпен кесілмейді, бірақ оның ізі

қалады.   Ылғалдылығы   25-20%   төмендейді   де   көлемі   мен   түсі   толық   пісу

кезіндегі сияқты болады. Тұқымдық учаскелерді дестеге осы кезеңде түсірген

дұрыс.

Толық пісу кезеңі екіге бөлінеді: толық пісудің басы және толық пісу.



Толық   пісудің   бас   кезінде   тұқым   қатты,   тырнақпен   із   де   салынбайды,

ылғалдылығы   20-18%.   Бұл   дәуірде   егінді   комбайнмен   тура   орып   жинау

ұсынылады. Толық пісу кезіндегі ылғалдылық 17-16%. Тұқым жеңіл, аздаған

шығынмен үгітіледі, құрғақ сапалы.

Сонымен,   тұқым   және   ұрық   түзу   процесі   әртүрлі   дақылдарда   бәріне

ортақ биологиялық заңдылықтарды өтеді.

Ауа   райы   ыстық   және   құрғақ,   топырақта   ылғал   жеткіліксіз   болғанда

тұқымға түсетін пластикалық  заттар  азаяды “демікпе” және “ыстық ұруы”

кезінде   мүлде   тоқтайды,   осылардың   нәтижесінде   егін   өнімі   мен   сапасы

нашарлайды.   Мұндай   жәйт   Солтүстік   Қазақстан   жағдайында   толысу-пісу

кезеңінде құрғақшылық ұзаққа созылғанда дүркін-дүркін байқалып тұрады.

Салқын әрі жаңбырлы ауа райы тұқымның толысуы мен пісуін ұзартады,

дәннің химиялық құрамы өзгереді, өйткені кейбір заттар өзінің түпкі күйіне


айналып   үлгермейді.   Төменгі   температурада   және   ауаның   жоғары

салыстырмалы ылғалдылығында тұқымда белоктың мөлшері азаяды.

Әр дақылдың өзіндік гүлдену ерекшеліктері, ұрықтану және оған әсер

ететін   жағдайлары   тұқым   саны   мен   сапасына,   сайып   келгенде   өсімдіктің

өнімділігіне   елеулі   түрде   әсер   етеді.   Мысалы,   осы   себептермен

қарақұмықтың небәрі 10-15% гүлдері әдеттегідей тұқым береді, ал басқалары

өліп   қалады,   немесе   қалыпсыз   дән   береді.   Тимирязев   ауылшаруашылық

академиясының   (В.В.Гриценко,   1984)   зерттеулері   көрсеткендей,   қарақұмық

тұқымының  тек  қана  40%  қалыпты  толық  дәнді   болды.  Бұршақ   тұқымдас

дақылдарда   да   (ас   бұршақ,   май   бұршақ,   жоңышқа   т.б.)   көп   процент

ұрықтанбаған   гүлдер   немесе   өсіп-жетілмеген   тұқымдар   байқалады;   алақат

дәнділік қара бидайда 30% дейін жетеді, ал бос дәнділік күнбағыста – 10-

20%.

Осындай өзгергіштіктің бір көрінісі-тұқымның әртүрлі сапалылығы. Бұл



түрдің   сақталып   қалуына   пайдалы   болғанымен   агрономдық   көзқарас

бойынша құптарлық жағдай емес. Бұл егін көгінің   біркелкі өспеуін, сабақ

бітіктігінің   көп   қабаттылығын,   біркелкі   піспеуін,   өсімдікте   өнімнің

әртүрлілігіне әкеліп соғады.



Тапсырманы орындау әдістемесі.   Әртүрлі тұқым қалыптасуын және

олардың әртүрлі сапалылығын мына жағдайлармен түсіндіруге болады. Бір

шоғырдағы   гүлдер   әр   мезгілде   гүлдейді,   мәселен,   масақта   (бидай,   арпа,

еркекшөп т.б.) гүлдеңу ортасынан жоғары және төмен қарай, сіпсебастарда

(сұлы,   тары,   судан   шөбі   т.б.)   -   жоғары   бөлігінен   төмен   қарай,   бұршақ

тұқымдастарда (ас бұршақ, майбұршақ, жоңышқа т.б.) – тамырынан жоғары

қарай, күрделі гүлдерде (күнбағыс, мақсары т.б.) қорапша гүл шоғырының

шетінен ортасына қарай жүреді. Осындай жүйемен тұқым (ұрық) қалыптасып

піседі, соның нәтижесінде оларда әртүрлі сапалылық пайда болады.

Бұның   негізгі   себебі   -   тканьдердің   тұқым   қуалаушылық   әртүрлілігі,

мұның өзі өсу конусы дифференциясының басынан байқалады және гүлдер

мен   түйіндерге   қоректік   заттардың   біркелкі   келмеуіне   байланысты   (Н.И.

Можаев т.б., 1993). 

Піскеннен   толық   өнгіштікке   жеткенге   дейінгі   уақытта   тұқымның

физиологиялық   тыныштық   кезеңі   немесе   тұқымның   жинап   алынғаннан

кейінгі пісуі деп аталады, ал бұл тұқым тыныштығы күйінде байқалады.

Тұқым тыныштығы - тірі тұқымдардың қалыпты жағдайларда өспейтін,

немесе өте ақырын өсетін күйі. Бұл ұзақ эволюциялық процестің нәтижесінде

орта белдеудің өсімдіктері тудырған қасиет, ол өсімдіктер дамуына қолайлы

жағдайларда   тұқымның   өсуін   қамтамасыз   етеді   және   түрдің   сақталуына

мүмкіндік жасайды.

Егінді   жинап   алынғаннан   кейінгі   тұқым   пісуінің

ұзақтығы   өсімдік   түрі   мен   сортына,   дәнденіп   пісу,   жинау   және   сақтау

жағдайларына   байланысты.   Мысалы,   жүгері,   қаракұмық,   эспарцет

тұқымдарына өте қысқа жинап алынғаннан кейінгі пісу кезеңі тән – бірнеше

күн, ал еркекшөп, арпа, күнбағыс – 20-30 күнге дейін, кейде одан да ұзақ

мерзім қажет. Күздіктер жаздық дақылдарға қарағанда біршама қысқа тұқым

жинап алынғаннан кейін пісу мерзімімен айқындалады. 



Тұқым   тыныштығының   табиғаты   аяғына   дейін   анықталмаса   да

зерттеулер   мен   бақылаулардың   нәтижесінде   тұқымның   биологиялық

тыныштығын көрсететін төмендегідей себептер анықталады:

1)   тұқым   қабығының   ауа,   су   өткізбеушілігі   немесе   көптеген   екпе

дақылдарға,   әсіресе   дәнді   бұршақ   және   бұршақ   тұқымдас   дақылдардың

тұқымдарына   (түйежоңышқа,   жоңышқа,   бөрібұршақ,   маш   т.б.)   тән   қатты

тұқымдылық; 

2)   тұқым   құрамында   ингибиторлардың,   басқаша   айтқанда   өсуді

тоқтататын   заттардың   (гормональдық   теория)   болуы.   Бұл   теорияға   сәйкес

тыныштық күйі тұқым құрамындағы ингибиторлар мен активаторлардың ара

қатынасына байланысты;

3) тұқым ұрығының шала піскендігі немесе шала дамығандығы, басқа

сөзбен   айтқанда,   егін   жинау   кезеңіне   қарай   тұқымның   әрі   қарай   дамуына

қажетті белгілі бір метаболикалық жүйе болмағандығы.

Ғылым   мен   тәжірибе   тыныштық   күйде   тұрған   тұқымның   өсуін

тездететін бірқатар әсер  ету әдістерін зерттеп тапты: 

А) тұқым қабығының бүтіндігін бұзу, немесе зақымдау, ол үшін құмды

немесе бұдырлы заттарды пайдалануға болады (скарификациялау), бұл әдіс

бұршақ тұқымдас мал азығындық шөптердің, кейбір көкөніс дақылдарының

қатты тұқымдылығымен күрескенде пайдаланылады;

Б) тұқымға өзгермелі төменгі және жоғары температуралар арқылы әсер

ету;   зерттеулер   бұл   әдістің   дәнді   дақылдар,   зығыр,   қыша,   сиыржоңышқа,

бөрібұршақ,   астық   тұқымдас   шөптердің   тұқымдары   үшін   тиімді   екенін

көрсетті;

В)   тұқымды   жылы   ауамен   немесе   басқа   жылумен   қыздыру,   соның

нәтижесінде   тұқым   қабығының   өткізгіштігі   мен   ауа   алмасуы   жақсарады,

антиингибиторлардың   әсері   күшейеді.   Өндіріс   жағдайында   бұл   әдіс   Орал,

Сібір,   Солтүстік   Қазақстан   аудандарында,   әсіресе   тұқымды   ауа   райы

қолайсыз жағдайларда жинаған жылдары кеңінен қолданылады;

Г) тұқымды өсіргіш заттардың ерітіндісімен өңдеу (гибберилин, ауксин,

гетероауксин т.б.), қымбаттылығынан, әрі көп еңбекті қажет ететіндіктен екпе

дақылдар тұқымын өндеудің бұл әдісі шектеулі;

Д)   тұқымның   ауыспалы   сақтық   қорының   болуы,   ең   алдымен   күздік

дақылдар үшін, өйткені тұқымның жинап алғаннан кейін пісу кезеңін өтпеген

жағдайда себілген егістіктерде алқаптың сиректігіне әкеліп соғады.

Жұмысты   орындаудағы   сақтандыру   шарттары.  Зертханалық

жұмыстардың   сақтандыру   шарттарын   студенттердің   оқып   танысып   жақсы

білуі   қажет   және   осы   шартты   оқып   танысқаннан   кейін   сақтандыру

журналына   қол   қояды.   Студент   жабдықтар   мен   құралдарға   сақтықпенен

қарауы   қажет.   Жоғарғы   көрсетілген   шарттармен   танысып,   оны   орындауды

міндет тұтпаған студент зертханалық жұмысты орындауға жіберілмейді.



Зертханалық   жұмыстарды   орындау   әдістемесі.  Студент   күні   бұрын

зертханалық   жұмыс   бағдарламасымен   танысып,   оны   орындау   жүйесінің

жоғарыда   көрсетілген   ғылыми   негіздеріне   сүйеніп   және   басқа   да

әдебиеттерді   пайдалана   отырып   дайындалуы   қажет.   Осының   барлығын



жұмыс дәптеріне жазуы керек және дәптерін жұмыс орындау жеріне алып

келуі тиіс.



Зертханалық   жұмысты   орындау   және   есеп   беру   шарттары.

Студенттің жұмыс орындау үшін дайындаған дәптері толық керекті дәрежеде

толтырылуы қажет. Сол дәптердегі кестелер, схема мен диаграммалар толық

толтырылуы   керек.   Студент   сабақтың   соңында   жұмыс   дәптерін   тексеруге

тапсырады.   Оқытушы   тексеру   нәтижесінде   студенттің   қалай   орындағанын

анықтап бағалайды. Жұмыс жүйелі түрде орындалмаған жағдайда студент өзі

немесе топтасып жұмысты қайта орындайды. Студент қатыспаған дәрістерді

өз еркіменен оқып конспект дайындауы тиіс. Зертханалық жұмыс дәптерімен

және   дәріс   конспектісі   болмаған   жағдайда   студент   емтихан   мен   сынаққа

жіберілмейді.



Зертханалық   жұмысты   орындауға   берілген   тапсырма.  Студент

ұсынылған  әдебиеттерді  оқып  және  осы   зертханалық   тапсырмада  берілген

мал азығын дайындау, есеп жүргізу және сақтаумен танысып жазбаша түрде

жауап беру керек. 14-15 зертханалық жұмыстарындағы келтірілген кестелерді

толтырып тапсыру керек.

Ұсынылған әдебиеттер

1. Андреева   Н.Г.   Луговое   и   полевое   кормопроизводство.   М.,

Агропромиздат, 1989.

2. Асанов К.А. Кормопроизводство с основами земледелия. Алматы, 1984.

3. Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. Алматы, 1995.

4. Зыков Ю.Д. Полевое кормопроизводство. Алматы, 1985.

5. Кузьмин Н.А., Новиков Н.Н. Кормопроизводство. Л., Колос, 2004.

6.

Можаев   Н.И,   Серикбаев   Н.А.   Луговое   и   пастбищное



кормопроизводство. Астана, 2002.

Бақылау сұрақтары

1.   Пішен,   пішендеме,   сүрлем,   шөп   кесіндісі   және   шөп   ұны,   олардың

маңызы.   Шалғындық   пісімділігі,   орақ   салудың   қалыпты   кезеңі   және   шөп

шабу биіктігі. Түрлі аймақтарда пішен шабудың кезектілігі. 

2. Ауыспалы шабындық. 

3. Пішен кептіруге қойылатын талаптар. 

4.   Құрғақшылық   аудандар   мен   ылғалды,   жауын-шашынды   жерлерде

пішен дайындау ерекшеліктері. 

5. Шөпті қуатты желдеткіш қондырғылармен толық кептіру. 

6. Шөптен сүрлем жасау. Оның технологиясы. 

7. Сүрлем сақтаудың түрлері, оның сипаттамасы.

8. Көпжылдық шөптерді тұқым алу үшін өсіру әдістері. 

9.   Тұқымдық   шөпті   өсіру.   Тұқымды   себуге   дайындау.   Тұқым   себер

алдында тыңайтқыш шашу. Тұқымдық шөптің себу мерзімі мен әдістері. 



Document Outline

  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
  • Бақылау сұрақтары
  • Бақылау сұрақтары
  • Бақылау сұрақтары
  • Бақылау сұрақтары
    • N
      • Топырақ
  • Бақылау сұрақтары
  • Бақылау сұрақтары
  • Бақылау сұрақтары
  • Бақылау сұрақтары
  • Бақылау сұрақтары
  • Бақылау сұрақтары

Каталог: arm -> upload -> umk pdf
umk pdf -> Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40
umk pdf -> Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40
umk pdf -> ЖҰмыс бағдарламасы павлодар Мамандық бойынша
umk pdf -> ЖҰмыс бағдарламасы павлодар Лист утверждения к рабочей Форма программе дисциплины
umk pdf -> БАҒдарламасы павлодар Мамандықтың элективті пәндер
umk pdf -> Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37
umk pdf -> Ж. Т. Сарбалаев 2010 ж
umk pdf -> Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны 1 – тақырып. Кіріспе. Қазақ хандығының құрылуы
umk pdf -> Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 0.57 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет