Нұсқаулардың титул парағы ф со пгу 18. 1/05 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Жұмысты   орындаудағы   сақтандыру   шарттары



жүктеу 0.57 Mb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата30.04.2017
өлшемі0.57 Mb.
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5

Жұмысты   орындаудағы   сақтандыру   шарттары.  Зертханалық

жұмыстардың   сақтандыру   шарттарын   студенттердің   оқып   танысып   жақсы

білуі   қажет   және   осы   шартты   оқып   танысқаннан   кейін   сақтандыру

журналына   қол   қояды.   Студент   жабдықтар   мен   құралдарға   сақтықпенен

қарауы   қажет.   Жоғарғы   көрсетілген   шарттармен   танысып,   оны   орындауды

міндет тұтпаған студент зертханалық жұмысты орындауға жіберілмейді.



Зертханалық   жұмыстарды   орындау   әдістемесі.  Студент   күні   бұрын

зертханалық   жұмыс   бағдарламасымен   танысып,   оны   орындау   жүйесінің

жоғарыда   көрсетілген   ғылыми   негіздеріне   сүйеніп   және   басқа   да

әдебиеттерді   пайдалана   отырып   дайындалуы   қажет.   Осының   барлығын

жұмыс дәптеріне жазуы керек және дәптерін жұмыс орындау жеріне алып

келуі тиіс.



Зертханалық   жұмысты   орындау   және   есеп   беру   шарттары.

Студенттің жұмыс орындау үшін дайындаған дәптері толық керекті дәрежеде

толтырылуы қажет. Сол дәптердегі кестелер, схема мен диаграммалар толық

толтырылуы   керек.   Студент   сабақтың   соңында   жұмыс   дәптерін   тексеруге

тапсырады.   Оқытушы   тексеру   нәтижесінде   студенттің   қалай   орындағанын

анықтап бағалайды. Жұмыс жүйелі түрде орындалмаған жағдайда студент өзі

немесе топтасып жұмысты қайта орындайды. Студент қатыспаған дәрістерді

өз еркіменен оқып конспект дайындауы тиіс. Зертханалық жұмыс дәптерімен



және   дәріс   конспектісі   болмаған   жағдайда   студент   емтихан   мен   сынаққа

жіберілмейді.



Зертханалық   жұмысты   орындауға   берілген   тапсырма.  Студент

ұсынылған  әдебиеттерді  оқып  және  осы   зертханалық   тапсырмада  берілген

шалғынның  және  жайылым  өсімдіктерінің  биологиялық  және  экологиялық

ерекшеліктерімен танысып жазбаша түрде жауап беру керек.  4  зертханалық

жұмысындағы келтірілген кестелерді толтырып тапсыру керек.

Ұсынылған әдебиеттер

1. Андреева   Н.Г.   Луговое   и   полевое   кормопроизводство.   М.,

Агропромиздат, 1989.

2. Асанов К.А. Кормопроизводство с основами земледелия. Алматы, 1984.

3. Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. Алматы, 1995.

4. Зыков Ю.Д. Полевое кормопроизводство. Алматы, 1985.

5. Кузьмин Н.А., Новиков Н.Н. Кормопроизводство. Л., Колос, 2004.

6.

Можаев   Н.И,   Серикбаев   Н.А.   Луговое   и   пастбищное



кормопроизводство. Астана, 2002.

Бақылау сұрақтары

1.   Шабындық   және   жайылым   өсімдіктерінің   тіршілік   жүйелері   және

олардың жемшөптік ерекшеліктері. 

2. Өсімдіктердің өркен құру тамыр жаю ерекшеліктері. 

3. Шабындық пен жайылым өсімдіктерінің өніп өсу-даму кезеңі, оның

ұзақтығы. Өсу мерзімі. 

4. Алшын-көк шығу ерекшеліктері. 

5.   Шабындық   және   жайылым   өсімдіктерінің   тіршілігіне   тигізетін

биологиялық және ортаның өзгеру факторлары. Суыққа, қысқа төзімділік. 

6.   Егістік   мал   азығымен   салыстырғанда   шабындық   жайылымдық

өсімдіктерінің өсу ортасына қоятын талаптарының ерекшеліктері.


Зертханалық жұмыс 5.  Табиғи шабындық және жайылымның негізгі

өсімдіктер сипаттамасы.



Жұмыс мақсаты.  Басқа тұқымдас өсімдіктерді шаруашылықтық және

мал азығы үшін құдылығын бағалау.

Аралас   шөп   құрамынан   жеке   пайдалы   және   өте   пайдалы   көпжылдық

өсімдіктердің   пайыздық   салмағын   анықтай   білуді   үйрену,   өйткені   аралас

шөптің өнімділігі және құнарлығы пайдалы шөптердің көп немесе аздығына

байланысты болады.



Жабдықтар   мен   заттар.  Топырағы,   жер   бедері,   өсімдігі   көрсетілген

республиканың,   облыстардың,   аудандардың,   жеке   шаруашылықтардың

жемшөптік жерлерінің карталары. Анықтамалық әдебиет.

Жайылымдарды   түгендеу   жөніндегі   жұмыс   жазғы   практика   кезінде

жүргізіледі. Бақылау  учаскесінің  топырақ және геоботаникалық  карталары.

Сызғыштары,  қарындаштар,  өлшеу   лентасы,   планшет,  миллиметрлік   қағаз,

таразылар, жемшөптік өсімдіктерді айырғыш.

Класқа бөлу – объектілер, құбылыстар және процестер жиынтығын бір

немесе бірнеше ұқсас белгілер бойынша топтарға шартты түрінде бөлу (Н.Ф.

Реймерс, 1990).



Жалпы ғылыми негіздері.  1. Орманды-далалық және далалық аймақ.

Орманды-далалық   аймаққа   сұр   орманды   топырақ,   күлгін,   тұзы   шайылған

және кәдімгі қара топырақ, далалық аймаққа – оңтүстік қара топырақ, қуаң

далалық аймаққа – қара, қызыл қоңыр топырақ және қызыл қоңыр топырақ

жатады.

2. Шөлейт және шөл аймақтар.  Шөлейт аймаққа – боз қызыл қоңыр

және   қоңыр   топырақтар,   шөл   аймаққа   сұр   қоңыр   және   тақыр   тәрізді

топырақтар жатады.

Белдеулердің   таулы   топтары:   шоқылар   (аласа   таулы)   және   тау   етегі;

орташа немесе биік таулы жерлер.

Класқа   бөлудің   жүйелік   өлшемі   мынадай   төмендеген   бағытта   болу

керек: класс, класс тармағы типтер тобы, тип түр өзгерушіліктер.

Жемшөптік   жерлер   класы   –   класқа   бөлудің   жоғарғы   жүйелік   өлшемі

табиғи аймақ немесе тау белдеуі шегіндегі жайылымдарды жалпы алғанда

аймақтық   климат,   геоморфологиялық,   топырақ   жағдайлары,   өсімдіктер

тұрғысынан   біріктіру   керек.   Әрбір   табиғи   аймақта   жазықтық,   ойпат   жер,

қысқа   уақыт   су   жайылатын   алап,   ұзақ   уақыт   су   жайылатын   алап   және

батпақты табиғи жемшөптік жерлер кластары болып бөлінеді.

Таулы облыстарды таулы белдеулік (аймақтық) белгілері бойынша ойпат

сазды және өзендер бойындағы су жайылатын жерлер кластарына бөлінеді.

Жемшөптік жерлердің класс тармағы класқа бөлудің ең жоғарғы жүйелік

өлшемі,   бұл   жер   бедері,   ылғалдану   дәрежесі,   топырақ   тпі   және   оның

механикалық құрамы, сортаңдауы жағынан ұқсас келетін табиғи жемшөптік

жерлерді біріктіреді.

Класқа   бөлудің   мынадай   индекстері   қабылданған   (аймақтар   мен   тік

белдеулерді бас әріптермен белгілейді): 


Д – орманды-далалық және далалық; Ш – шөлейт және шөл; А – аласа

шоқырлар мен тау бөктерлері; Т – таулы (орташа таулы); Б – биік таулы.

Жергілікті жемшөптік жерлердің ерекшеліктерін нағыз класқа бөлуден

кейін қосымша класс тармақтары бөлуге рұқсат етіледі. Бөлінген кластар мен

класс тармақтары ұсақ жүйелік өлшемдерден тұрады – типтер топтары және

типтер, түр өзгерістеріне бөлінеді.

Жемшөптік   жерлердің   типтер   тобы   –   класқа   бөлудің   орташа   жүйелік

өлшемі.   Бұл   ылғалдану,   топырақтың   механикалық   құрамының   немесе

сортаңдау   дәрежесінің     және   экологиялық   тұрғыдан   жақын   өсімдік

қауымының ұқсас жағдайымен біріктірілетін жемшөптік жерлер типтерінің

жиынтығы.

Жемшөптік   жер   типі   –   класқа   бөлудің   бірсыдырығы   ұсақ   жүйелік

өлшемі.   Экологиялық   жағдайлардың   біртектілігімен;   топырақ   түзу   мен

ылғалданудың   су-тұз   режимінің   бірдейлігімен   және   пайдалану

мелиорациялау   ерекшеліктеріне   бірдей   әсерленетін   өсімдіктер-

индикаторлардың ұқсастығымен сипатталады.

Жемшөптік   жерлер   типінің   түр   өзгеруі   –   шаруашылыққа   пайдалану

нәтижесінде өсімдік түрлрі өзгеретін жемшөптік жерлер учаскелері.

Типтер   топтары   және   түр   өзгерісін   бөлу   ісі   жемшөптік   жерлерді

нақтылы кең көлемді геоботаникалық тексеру негізінде ғана жүргізілуі керек.

Нақтылы   бір   аумақта   табиғи   жемшөптік   жерлердің   зерттеуіне

байланысты класқа бөлудің жалпы схемасының құрамында (класс тармағы,

типтер   тобы,   тип   немесе   түр   өзгеруі)   тиісті   баға   беру   үшін   өлшемдерді

таңдап   алады.   Қабылданған   бағалау   өлшемдерін   топырақтың   жалпы

қабылданған топтарымен байланыстырады.

Шөл жерлер түрлі аймақтардан тұрады.



Кіші   аймақ   бөлігі.  Аса   көлемді   шөл   аумағы   шамасында   едәуір

қашықтықта   және   орографикалық   (жер   бедерінің   формасы)   жағдайлардың

әрқилы болуына байланысты өсімдіктің өсіп жетілу климат көрсеткіштерінен

едәуір ауытқитыны байқалады.

Мысалы,   Е.П.Коровин   мен   Д.Н.Кашкаров   (1933)   Орта   Азия   шөлін

солтүстікке   және   оңтүстікке   бөлді,   мұндағы   негізге   алынғаны   –   жауын-

шашынды бөлудің маусым қарсаңына келтірілуі еді (қысқы-көктемгі-оңтүстік

шөлде және неғұрлым бір қалыптысы-солтүстік шөлде).

Келешекте   шөл   аймақты   осы   тұрғыдан   қарай   отырып,   жауын-шашын

бірсыдырғы көбірек болатын тау бөктерінің шөл жерін ерекше бөліп қарауға

болады.

Аймақ пен класс арасындағы аралық жүйе сатысын талдай отырып, оны



бөліп   қараудың   негізіне   шөлдің   әр   түрлі   аудандарына   тән   климат

ерекшеліктері алынуға тиіс делінген қағидамен келісуге болады. Шөл аймақ

үш негізгі кіші аймақтан тұрады: жазықтық солтүстік, жазықтық оңтүстік,

тау бөктері. Климат және геоморфологиялық жағдайлардың өзгеру өсімдіктер

байлығынынң мекендеу ортасы жағдайларының тікелей байланысы және осы

тұрғыдан   бөлімнің   баса   көрсетілу   негізінде   алынған   белгілер   (Б.А.Быков



бойынша)   мен   геоморфологиялық   сатылар   (А.И.Гранитов   бойынша)   өзара

жақын.


Қазақстан жайылымдарын белгіленген кластарға бөлу принципі барлық

жерде   бірдей   дәйекті   түрде   сақталмайды.   Мысалы,   шөл   аймақтар   үшін

төмендегідей   төрт   бөлім   белгіленген:   таулы   шөл   далалық,   нағыз   шөл,

сортаңданған   топырақты   жер   және   құмды   жер.   Сорланған   топырақты

жердегі,   сондайлық   құмды   жердегі   жайылымдар   бір   мезетте   нағыз   шөл

жерлер болуы ықтимал.

Сонымен, Қазақстанның шөл аймағын мынадай кіші аймақ бөліктерімен

белгілеуге болады (В.Н.Николаев бойынша, 1977).



Солтүстік   жазықтық   аймақ.  Жыл   маусымдары   бойынша   жауын-

шашын біркелкі түседі, оның жалпы мөлшері жылына 120-17 мм шамасында.

Аумақтың негізгі бөлігінің биіктігі теңіз деңгейінен алғанда 600 м аспайды.

Әкімшілік   жолмен   бөлгенде   солтүстік   жазық   шөлдің   жайылым   аумағы

Қазақстанның   шығыс   және   батыс   бөлігін   қамтиды.   Геоморфологиялық

тұрғыдан алғанда бұған жататындар: Маңғыстау, Үстірт пен Қызылқұмның

солтүстік бөлігі, сондай-ақ Торғай және Солтүстік Қазақстан облыстарының

оңтүстік  бөлігінің жазық  төбелері,  Мойынқұмның,  Тауқұмның,  Атыраудың

құмды жерлері.

Оңтүстік   жазықтық  аймақ.  Мұнда  жауын-шашын  мөлшері  шамалы,

жылына 100-150 мм. Ол көбінесе көктем және қыс айларына тура келеді, сол

кезде жылдық жауын-шашын мөлшерінің 70-80 проценті түседі. Жайылым

аумағының басым бөлігінің гипсометриялық белгілері теңіз даңгейінен 400 м

төмен.   Осы   кіші   аймақ   шегіндегі   мынадай   геоморфологиялық   аудандар

айрақша   атап   көрсетіледі:   Қарақұм,   Қызылқұм,   Үстірттің   оңтүстік   бөлігі,

Каспий маңының ойпаты. Бұлардың пайда болуы мен жетілу сипаты әрқилы.

Жыл   маусымдары   бойынша   жауын-шашынның   таратылу   ерекшеліктері

негізінде бөлініп шығатын оңтүстік және солтүстік шөлдің кіші аймақтары

Қазақстан-Жоңғар   және   Туран   климат   аудандарына   сәйкес   келеді

(М.П.Петров, 1963).

Тау   бөктері   шөлінің   аймағы.  Жауын-шашын   мөлшері   бірсыдырғы

көбірек   –   жылына   150-200   мм,   әдетте,   бұл   қысқы-көктемгі   кезеңге   тура

келеді. Абсолюттік биіктік теңіз деңгейінен 400-1000 м шамасында. Аумақ

тұрғысынан   алғанда,   бұл   кіші   аймақ   Оңтүстік   және   Оңтүстік   Шығыс

Қазақстанның   негізгі   таулы   жүйелерін   енсіз   белдеумен   көмкере   отырып,

таулы жүйелерінің аудандарына ұштасады.

Түгендеу – жайылымдық жерлердің саны мен сапасының күйін анықтау

және   оларды   сақтау,   өнімділікті   төмендетпеу   жөніндегі   шаралар.

Жайылымды тексерудің жалпы ережесі “Казгипрозем” институтының 1986

жылы белгіленген “Методикалық нұсқауларына” сүйеніп беріледі.

Түгендеп   тексерудің   мәнісі   –  орта   жағдайларына  (климат,  жер  бедері,

топырақ)   және   шаруашылыққа   пайдалануға   байланысты   өсімдіктер

байлығын зерттеу. Осы тұрғыдан алғанда мынадай мәселелер қарастырылуға

тиіс:


- өсімдіктердің типологиялық құрамы мен құрылымы, пайдаланатын жер

түрлерінің аумақтық орналасуы және олардың көлемі;

-   шабындық   пен   жайылым   шөбінің   сапасы,   пайдалану   маусымдары

бойынша жайылымдардың өнімділігі;

- ұсынылған жайылымдарды пайдалану, малдың белгілі бір түлігі үшін

жарамдылығы;

-   жемшөптік   жерлердің   осы   кезгі   пайдаланылуы   (пайдалану   жүйесі,

жайылымдарды жабдықтау);

- жайылымдарды тиімді пайдалану және жақсарту жөніндегі ұсыныстар.

Тексеруге   табиғи   және   жақсартылған   жайылымдар,   сондай-ақ

жемшөптік   жер   ретінде   пайдалануға   болатын   табиғи   өсімдіктер   өсетін

учаскелер   (мелиорациялауға   жататын   жер   қоры   және   азды-көпті

пайдаланылатын қолайсыз жерлер) жатады.

Геоботаникалық   тексеру   масштабы   күрделілік   дәрежесіне   және

аумақтық   игерілуіне   қарай   жоспарланады   –   жазықтық   орманды-далалық,

далалық   аймақтарында   және   тауда   1:10000-нан   1:50000-ға   дейін,   шөлейт

және шөл аймақтарда 1:50000-нан 1:100000-ға дейін. Соңғыларда неғұрлым

болашағы   бар   учаскелер   -   өзен   алқаптары,   өзен   мен   теңіз   маңындағы

ойпаттар неғұрлым ірі мастабпен тексерілуі мүмкін.

Жер   пайдаланудың   шабындықтары   мен   жайылымдарды   тексеруі

нәтижесінде мынадай құжаттар жасалынып беріледі:

-   жемшөптік   жерлердің   карталары   мен   картограмалары   –

геоботаникалық   және   тазарту   шаралары,   тиімді   пайдалану   мен   жақсарту

жөніндегі ұсынылатын шаралар;

-

“табиғи мен шөптік жерлер” нобайшы сызығы.



Жайылымдарды   түгендеу   жұмысы   екі   кезеңнен   тұрады:   1)   егістік;   2)

ғылыми жолмен өңдеу жұмыстары (лабораториялық).

Айналып тексеріп өту ісі міндетті түрде атқарылуға тиіс. Оның мақсаты

– тексерілетін аумақпен танысып, даярлық кезеңінде алынған мәліметтерді

анықтау. Тексеріп өткен кезде ландшафтың (жер беті көрінісінің) басып өтілуі

ескеріле отырып жол белгіленеді.

Картографиялық  жемшөптік жерлер негізіне тексерілетін аумақты жер

бедері,   құрамы,   өсімдіктер   құрылымы   және   учаске   топырағы   бетінің

жабындысы бойынша біркелкі етіп бөлу жатады.

Көбінесе   маршруттық   әдіспен   ұшақтан   фотоға   түсірілген   материал

болса, (ескілігі 5-10 жылдан аспауға тиіс), кейде картаға түсіруге мүмкіндік

туады. Нұсқасын түсіру үшін аумақты  өте бөлінгенде және көлтабандарда

көбінесе жұмысты 1:10000 масштабпен орындағанда жүргізіледі.

Тексерген   кезде   автотранспорт   немесе   көлік-арба   пайдаланылады.

Құмды   үлкен   алапты   10000,   1:50000   масштабпен   түсіргенде   вертолетті

пайдалануға болады.

Өсімдіктерді   бөлгенде   негізгі,   неғұрлым   оңай   айыруға   болатын,

диагностикалық белгі-шөптің биіктігінің, оттылығының т.б. ұқсастығы болып

табылады.   Жайылым   типінің   бір   айырымына   қосылатын   барлық   өсімдік


қауымы   негізгі   қабаттардағы   белгілі   бір   басым   өсімдік   кеңістікте   және

уақытында үйлесімді бірдей сипатта болуға тиіс.

Жер бедерінің күрделілігі жағдайында (таулар, ұсақ адырлар, төмпешікті

және   жүйелікті   құм,   көктемде   өзен   суы   жайылған   жер,   т.б.)   өсімдік

қауымының бірнеше типін ұштастырады, олардың арасындағы сан жағынан

алынған арақатынас мейлінше әрқилы болады. Оны бір нұсқауға біріктіруге

болады,   мүмкіндігінше   үштен   аспағаны   жөн.   Мұндай   нұсқаулардың

шекаралары   біріктірілетін   ұштастырудың   шекаралары   болмақ,   көптеген

жағдайда олар белгілі біл формалармен немесе мезорельеф формаларының

(ойпаттарымен   немесе   тізбектердің,   әрқилы   төмпешік   беткейлерінің,

суайрықтарының, баурайлар учаскелерінің, ойпаттар мен жалдардың немесе

төбелердің т.б. ұштасуы) кезектесумен сәйкес келетін болады.

Ұштасудан басқа өсімдік қабатының комплексті қосылуын да айыра білу

қажет, мұнда мезорельеф бойынша біртекті беткейде құрамы жағынан екі не

болмаса   неғұрлым   ассоциялар   немесе   олардың   үзінділері   бар   шағын

учаскелер дүркін-дүркін кезектесіп отырады.

Қазақстанда   комплексті   өсімдік   қабаты   шөлейт   аймақтын   суайрық

жазықтығында,   сондай-ақ   қуаң   далалық   және   далалық   аймақтардың   өзен

маңында   және   көл   маңында,   сор   тартқан   ұсақ   адырлар   арасындағы

жазықтықта   және   сор   тартқан   жыныстардан   құралған   ұсақ   адырдың

баурайларында кеңінен таралған.

Бұл   жағдайда   бөлу   шекаралары   комплекс   типінің   шекарасымен

жүргізіледі және топырақтың механикалық құрамы, сорлану дәрежесі, жер

асты   суының   тереңдік   деңгейі   және   комплекстің   жер   бедерімен

байланыстылығы ескеріледі.

Жемшөптік   жерлерді   тексергенде   ұштастыру   мен   комплекстерден

айырмашылығы   көбінесе   өсімдік   қабатының   әртектілігінің   басқа   түрі

өсімдіктердің   ала-құла   болып   шығатындығы   байқалады,   яғни   белгілі   бір

өсімдік   қауымының   ішінде   өсімдіктер   араласпайды,   тек   үймелеп   немесе

теңбілденіп орналасады.

Картаға түсірілген кезде неғұрлым ерекше компоненттерді айқындауға

назар аударған жөн. Әр нұсқа типінің бүтіндей бір басым айырымы болып

сипаттауға тиіс және жемшөптік жердің бір түрі ретінде анықталуы керек.

Комплексті   өсімдіктердің   картаға   түсірген   кезде   бөліп   алынатын

нұсқаның   бүкіл   қашықтықта   жердің   өткізгіштік   жағдайына   сол   жердің

картасында   нысаналардың   болуына   және   орналасуына,   өсімдіктердің   ала-

құлалығына   байланысты   таңдап   алынады.   Жазық   жерде   маршруттар

жүрістері   әдетте   бір-біріне   жарыстыра   отырып   салынады,   ал   тауларда   -

әртүрлі бағыттарда: шатқалдар, жалғыз аяқ жолдар немесе жоталар бойымен

өтеді.


Түзде   тексергенде   маршруттар   арасындағы   қашықтықтар   мынадай:

масштаб   1:10000-200   м   аспауға,   масштаб   1:2500-500   м   аспауға,   масштаб

1:100000-2 км аспауға тиіс. 

Өтуі   қиын   таулы   жерлерде,   батпақтанған   аудандарда   маршруттардың

жиілігін 1,5-2 есе сиретуге болады. Егер нұсқа маршрутпен қиылыспайтын


болса,   онда   оны   белгілеу   үшін   негізгі   маршруттың   бір   жағынан   айналып

өтеді.


Барлық   маршруттар   табиғатқа   және   түздік   картадағы   танып   айыру

белгілеріне мұқият байланыстырылуға тиіс. Түздік картаға алдын ала байқау,

жұмыс, бақылау маршруттары түсіріледі.

Маршрутпен   жүрген   кезде   өсімдік   қауымының   бақыланатын   алмасу

шекаралары   көрсетіледі,   қажет   болған   жағдайда   аялдайды,   әдеттегі

алаңшықты таңдап алады және толық баяндайды, сондай-ақ өнімділік есебі

жүргізіледі, егер жер түрінің беліглері фотопленкада бейнеленгеніне сәйкес

келмесе, оларды өзгертеді.

Комплексті   өсімдіктер   учаскесін   маршрут   сызығы   кесіп   өтсе,   онда

нұсқада белгілі бір типінің қатысу процентін көзбен шолып анықтауға тура

келеді.

1:25000   және   одан   да   кем   масштабта   тексергенде   маршруттық



жүрістерді   қолдануға   толық   мүмкіндіктер   бар.   Бұл   жағдайда   осы

комплекстердің   барлық   элементтерін   500-2000   м   қашықтықта   бір,   екі,   үш

бағыттарда   кесіп   өтуі   керек.   Өлшеу   шебімен   комплекстердің   түрлі

элементтері учаскелерінің ұзындық қашықтығын өлшейді және алынған ара

қатынас бойынша процентпен үлесін белгілейді.

Мысалы,   бүйіргендер   комплексінде   тақырларда   және   жусан-сораң

өсімдіктері өсетін құмдақ топырақты жерін маршрут жүрісімен бір бағытта

2000   м   қашықтықта   анықталғаны:   бүйірген   ұзындығы

224+257+370+278+591=1720   м,   ал   жусан-сораң   өсімдіктері   –

38+45+21+74+56+46=280 м жерде кездеседі.

Есеп: 1720+280=2000; 

%;

86



2000

100


1720



 яғни комплекстің 86%-ін бүйірген,

ал 14%-ін жусан-сораң алып жатады.

Жайылымдар типтері мен геоботаникалық айырмашылықтардың бөлінуі

жер   бетінің   көрінісінің   айналасын   құрайтын   негізгі   өсімдіктер   бойынша

жүргізіледі. Жайылымдар атауын өсімдіктер-эдификаторлар бойынша береді,

мұнда   негізгі   анықтайтын   өсімдікті   соңғы   жағына   қояды.   Мысалы,   егер

тақыр жерлерде бүйіргеннен басқа өсімдік жоқ болса, онда айырмашылық

атауы – тақырлар бүйіргендері деп аталады. Комплекстік екінші элементінде

жусан   да,   сораң   өсімдігі   де   бар,   бірақ   жусанға   қарағанда   сораң   көбірек,

сондықтан   да   оның   атауы   –   жусан-сораңды   болады.   Құмды   және   сазды

жазықтықта жусан мен раңтәріздестер ұштасады. Эфемерлер басым болған

кезде   жайылым   типін   жусан-эфемерлер   деп   атау   керек,   ол   ара   қатынас

керісінше болса, онда эфемер-жусан деп атайды.

Көптеген   жағдайда   жер   бетінің   көрінісі   өсімдіктің   бірнеше   түрін

құрайды.   Мысалы,   жер   бетінің   көрінісі   негізін   жусан   анықтайды   (жоғары

қабатта).   Осы   көріністе   күйреуік   болмаса   теріскен   байқалады.   Алғашқы

жағдайда   күйреуік   аралас   эфемер-жусан   жайылымы,   екінші   жағдайда

теріскен аралас эфемер-жусан жайылымы деп атау керек.



Геоботаникалық айырмашылықтың атауын анықтай отырып, оны қолда

бар жүйеленген тізіммен қарастырған жөн, ондай атау жоқ болған жағдайда

ғана жаңа атау беру керек.

Басқа   неғұрлым   ірі   масштабта   нақтылай   отырып   тексергенде,   жаңа

геоботаникалық   айырмашылықтар   міндетті   түрде   ерекше   көзге   түсетін

болады, бірақ жайылымдар типтері бұрынғы күйінде қалады.

Бөліп алынған әрбір геоботаникалық нұсқа негізгі табиғи-шаруашылық

көрсеткіштердің тізімдері арқылы сипатталуға тиіс, бұл тексерілген жерлерді

тиімді   пайдалану   және   жақсарту   жөнінде   ұсыныстар   даярлау   үшін   қажет

нұсқаға   сипаттамасын   “стансалар”   мен   “нүктелерде”,   сондай-ақ   маршрут

жүрісі   бойынша   түз   журналындағы   маршрут   жазуларымен   орындайды.

Геоботаникалық   нұсқаның   әдетте   кемінде   бір   “нүктесі”   болуға   тиіс.   Ірі

нұсқаларда бірнеше “станса” мен “нүктелер” болуға тиіс. Жемшөптік жерлер

арасында  ұсақ,   жиі  қайталанылатын  нұсқалар  немесе   жыртылатын  жерлер

түз күнделігіндегі маршрутта жазылған белгілермен сипатталады.

“Стансаларда” жұмыстың мынадай түрлері атқарылады:

- өсімдіктерді гербарий үшін жинау;

- топырақ қабаттарын баяндау;

- шабындықтар мен жайылымдар типтерінің немесе түрі өзгергендерінің

өнімділігін анықтау;

- өсімдік үлгілерін химиялық мақсатқа таңдап алу.


Каталог: arm -> upload -> umk pdf
umk pdf -> Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40
umk pdf -> Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40
umk pdf -> ЖҰмыс бағдарламасы павлодар Мамандық бойынша
umk pdf -> ЖҰмыс бағдарламасы павлодар Лист утверждения к рабочей Форма программе дисциплины
umk pdf -> БАҒдарламасы павлодар Мамандықтың элективті пәндер
umk pdf -> Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37
umk pdf -> Ж. Т. Сарбалаев 2010 ж
umk pdf -> Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны 1 – тақырып. Кіріспе. Қазақ хандығының құрылуы
umk pdf -> Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 0.57 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет