Нұрдаулет Гүлнұр Серікханқызы Әлеуметтік жұмыс,102-Топ



жүктеу 21.51 Kb.
Дата17.02.2022
өлшемі21.51 Kb.
#17339
ҚҚЗТ 2 тақырып Нұрдаулет Гүлнұр Серікханқызы ӘЖ 102 Топ

Нұрдаулет Гүлнұр Серікханқызы

Әлеуметтік жұмыс,102-Топ

Қазақстанның Қазіргі Заман Тарихы

Тақырыбы:ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес.

1. Қазақ зиялылары мен ағартушыларының ойлары, Қарақаралы петициясы. Дін және жер мәселелесінің қойылуы?

Негізінен ХХ ғасырдың басында өзіндік ерекшелігі бар алуан түрлі қазақтар арасында петициялар яғни, өтініш-талаптар жолдау болды.Ондай өтініш-талаптар 1902-1907 жылдар арлығында жазылып, жазылған өтініш-талаптар жоғары билік орындарына жолдана бастаған.Сол өтініш-талаптардың ішінде, қазақ халқын христиан дініне енгізу саясатына шектеу қою, мұсылмандық оқу орындарын құруға қажетті жағдай жасау жөнінде нақты талаптар қойылды.Соның ішінде Қазақ халқының өміріне қатысты нақты талаптарды қағаз бетіне түсіріп, тұңғыш рет империя басшылығына жолданған салмақты саяси құжат ол-Қарқаралы петициясы болған.1905 жылдың маусым айында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император Николайға арналған петиция ұйымдастырылған.Ол петицияға Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында танымал беделді 42 қазақ қол қойған.Кейінірек оған Семей және де Ақмола облыстарының басқа да уездерінен қазақтар қосылған.Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген.1905 жылы 22 шілдеде жергілікті почта – телеграф арқылы патшаның өз атына петиция жолданған.Қарқаралы петициясын жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов, Жақып Ақбаев және Темірғали Нүркенов белсене ат салысқан.Қарқаралы петициясында қойылған негізгі талаптар жергілікті халықтың құқығы мен абыройын аяқ асты етуге жол бермеу,әкімдердің жүгенсіздіктеріне тыйым салу, халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру,тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтару және қоныстандыру саясатын тоқтату туралы талаптар қойылды.



Қазақ зиялыларының 1905 жылы Петербургтегі министрлерге жазған талаптарында дін және жер мәселелерін жазған хаттары «Дін үшін.Жер үшін» деп жинақталды.Жинақтағы хатта қазақ халқының діни таным түсінігінің тарихы тереңде жатқанын,мәселелердің бейбіт түрде шешілуін және діни басқармалардың болуы керек екендігі жазылды.ХХ ғасырдың басында жер мәселесі шиеленісе түсті.Сондықтан да Қарқаралы петициясы бұл мәселеге ерекше көңіл бөлді.Шекара шебіндегі 10 шақырымдық алқаптың және соңғы 20 жыл ішінде тартып алынған жерлердің өзінің бұрынғы иелеріне қайтарылуы туралы талаптар қойылды.

2. Қазақ депутаттарының Ресейдің І – ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы?

І-ІІ Думаға сайланған «Алаш» депутаттарының стратегиялық мақсаты – тарих қойнауына кеткен Қазақ хандығының жер аумағында жергілікті инфрақұрылымы дамыған заманауи Қазақ елін құру болды І және ІІ Думаның (1906, 1907 жж.) қазақ депутаттарының алдында тұрған ең маңызды міндет – жер-аграрлық мәселе болды. Атап айтқанда, біріншіден, Ресейдің ішкі еуропалық гүбернелерінен миллиондаған жерсіз орыс және украин шаруасын (мұжығын – С.А.) қазақ даласынан жер үлесін беріп қоныстандыру саясатын Думаның қадағалауына алдырып, оны заң жүзінде тоқтату, екіншіден, «Қарқаралы құзырхатының» 4-тармағында жазылғандай, қазақ халқына ата-бадан мұраға қалған төл жерін Дума қабылдайтын заң жүзінде меншігіне рәсімдеп беру. І-ІІ Думаға сайланған «Алаш» депутаттарының стратегиялық мақсаты – 1847 жылы біржола ыдырап, тарих қойнауына кеткен Қазақ хандығының жер аумағында жергілікті инфрақұрылымы дамыған заманауи Қазақ елін құру болды. Думаның қазақ депутаттары 1906 жылдан бастап Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлерінің үлгісімен дербес әскери қолбасшылығы бар ұлттық атты әскер жасақтау, «Қарқаралы құзырхатында» жазылғандай, қазақ тілінде цензурасыз мерзімді баспасөз пен баспахана ашу, жергілікті әкімшілік (земство жиналысы, басқармасы) пен соттың ісқағаздарын және ұлттық мектеп-медреселерде оқу жергілікті ұлт тілінде жүргізу, қазақтың ұл-қыздарын кәсіби оқу орындары (гимназия, училище, семинария, т.б.) мен ЖОО-да оқыту үшін «қазақ капиталы» есебінен стипендиялар тағайындау, жатақханалар (пансиондар) салу және т.б. маңызды мәселелерді, әсіресе жер мәселесін көтеріп, заң жүзінде шешуге ұмтылды. Ең маңыздысы: І және ІІ Думада осы ұлттық мәселелердің көпшілігін, әсіресе жер, земство мәселесін шешуге толық мүмкіндік болды. Өйткені І Думада кадет партиясының 161 депутаты, Еңбекшілер партиясының 107, поляк колосы, украин, эстон, латыш, литва және т.б. ұлт топтарын қамтитын автономистердің 70 депутаты, түркі-мұсылман халықтарының 25 депутаты болды. Ашығын айтқанда І Думадағы 511 дауыстың кемінде 338-і – самодержавиеге қарсы партиялар мен ұлттық топтардың үлесінде болды. Ә.Н. Бөкейханның 1905 жылдан кадет партиясының мүшесі, 1906 жылдың маусымында І Думаға кадеттердің Семей облыстық қазақ бөлімінен сайланғанын, І және ІІ Думадада түркі-мұсылман халықтарының депутаттары мұсылман фракциясына бірігіп, кадет партиясының фракциясына қосылғанын ұмытпау керек. Алайда аталған мәселелердің бірі де жүзеге аспады. Себебі 5 жылға сайланған Мемлекеттік Думаның 1906 және 1907 жылдарғы І және ІІ шақырымдары 72 және 102 күн ғана жұмыс істеп, біріншісі 1906 жылы 8 шілдеде, екіншісі 1907 жылы 3 маусымда күштеп таратылды. ІІ Дума таратылған күні император ІІ Николай өзі шығарған «Негізгі мемлекеттік заңдардың» 87-бабын өрескел бұзып, сайлау ережесінің жаңа нұсқасын шығарды [19]. Ресейдің либералдық қауымы жаңа ережені «3 маусым төңкерісі» деп бағалады. Екі Думаның мезгілсіз таратуының бар сырын Қыр баласы (Ә. Бөкейхан) сайлау құқынан айрылған халқына жалпақ тілмен түсіндіріп берді: «Себебі, бұл екі Дума да мұжыққа орыс дворяны жерінен жер бермек болды. ІІІ Дума депутаты сайланатын жол жасағанда мұжық депутатын неше қайтара бұрынғадан азайтты. Орыс патшалығы панасындағы жұрттың әрбір 100-іне 85 орыс мұжығы болады, қалған 15-тің ішінде поляк, еврей, татар, қазақ һәм уақ жұрттар. Орыстың қаласынан «3-інші июнь» законымен сайланған адамдардың мұжық депутаты 10-нан 1-ақ, Думада мұжық депуттары 40-50 - 442 депутат ішінде. Орыстың патшалығын арқалап асырап отырған мұжыққа мұны қылғанда - аз, бытыраңқы, «надан» қазақты не қылсын?! Думадан шығарды да тастады».

3. Бірінші дүниежүзілік соғыс және жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі?

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылдың 19 шілдесінде басталған.Бірінші дүниежүілік соғысқа 38 мемлекет тартылған.Соғысқа қатысқан басты елдер:Германия,Италия,Англия,Франция,Ресей,Австрия-Венгрия елдері болған.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басты себептер: Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі.

Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.

Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы мәселелері болған.Бірінші дүниежүзілік соғысқа Ресей ешқандай дайындықсыз,әскери әлеуеті өте төмен жағдайда кірісті.Бұл соғыс барлық халықтарға,сонымен қоса Қазақстанға да аса ауыр зиянын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:

1.40899244 пут мақта

2. 38 мың шаршы аршын киіз

3. 3 млн. пут мақта майы

4. 229 мың пут сабын

5. 300 мың пут ет

6. 473928 пут балық

7. 12797 түйе алынды

8. 14 мың киіз үй салынды

Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты.

Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.

Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті.

Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.

4.Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 жылғы көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарас.

Қазақстандаңғы 1916 жылғы көтерілістің отаршылдыққа қарсы және феодализмге қарсы сипаты болды, оның негізгі қорғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы болған еді.

Ресейдің отаршыл патшалық үкіметінің қарсы қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің көпшілікке белгісіз, тарихи ақтаңдақтардың бірі-патшаның «25 маусым жарлығы» бойынша жасы 19 бен 31 жас аралығындағы «соғыс жүріп жатқан жерлердегі майданның қара жұмыстарына» барған қазақ жігіттерінің тағдыры, олардың елден тыс алыста қандай жұмыстар істегені, майдан шебіндегі қандай жерлерінде болғандығы туралы белгісіз деректер болып табылады.

Ресей патшасы II Николай Министірлер Советінің ұсынысымен 1916 жылы маусымда бұратына халықтардың ер адамдарын бекініс құрылыстарын және байланыс жолдарын салу үшін майданның қара жұмысына алу туралы жарлық шығарады. Осы жарлық бойынша, 19 бен 43 жас аралығындағы бұрын әскер міндетін атқармаған Астрахань, Сібір, Сырдария, Орал, Торғай және Закаспий облыстарының, Кавказдың Тер және Кубань облыстарының халықтары реквезицияға ұшырады.

1916 жылғы ұлт-азаттық  көтеріліс проблемалары географиялық жағынан да өте тар шеңберде қарастырылады: негізінен көтерілістің Жетісу ошағы мен Торғай орталығына баса назар аударылды. Қазақстанның батыс аймағы бойынша, өкінішке орай, толыққанды зерттеулердің осы күнге дейін жоқтығын айтуға тура келеді. Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп жері тартып алынып, аграрлық мәселенің шиеленісуі өте күшті болғандығында еді.

Торғай және Орал облыстары бойынша 1916 жылғы көтеріліс зерттеу қазіргі Қазақстанның Батыс аймақтарындағы ұлт-азаттық қозғалыс ерешеліктерін ұғуға мүмкіндік береді. Патша жарлығы бойынша «соғысып жатған армиялар қатынастар орнату» жөніндегі жұмыстар үшін Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді. Соның ішінде Түркістан бойынша: Сырдария облысы-87 мың адам, Жетісу облысы-60мың адам, Ферғана облысы-50 мың, Самарқанд облысы-38 мың адам, Закаспий облысы-15 мың.      Ақмола облысы-48316 адам, Семей облысы-85479 адам, Орал облысы-50270 адам, Торғай облысы-49489 адам. Патша жарлығын жүзеге асыру үшін Қазақстанның батыс аймақтарында да шұғыл түрде әскери-әкімшілік шаралар қолға алынды. 1916 жылғы 25 маусым жарлығы Торғай, Орал облыстарына 28-29 маусым күндері телеграф арқылы жеткізеді. Ресей ішкі істер министрлігінің 1916 жылғы 8 желтоқсандағы мәліметі бойынша, Орал облысынан 50270 адам, Торғай облысынан — 49489 адам майданының қара жұмыстарына алынуға тиіс болды.    Сөйтіп, Қазақстанның батыс аймағынан 1916 жылғы жарлық бойынша, шамамен 90 мыңдай адам  жұмысқа алынуы тиіс болды. Оның ішінде Ақтөбе уезінен 12895, Ырғыз уезінен 12510, Орал облысының 4 уезінен 50270, Маңғыстау уезінен 3 мың адам тізімге ілінді.   Майданға алынған қазақ жігіттері, негізінен Солтүстік, Батыс, Оңтүстік-Батыс және Кавказ майдандарында, яғни Ресей, Прибалтика, Украина, Белоруссия және Кавказ территориясында майданның азапты қара жұмыстарын атқарған. Темір жол, ішкі істер министірлігі т.б. ведомстволарының қарамағына бөлінген қазақ жігіттері Ресейдің ірілі-уақты станциялары мен бекіністеріне жіберілген. Қызылордадан жұмысқа алынған 1088 қазақ Новосибирск және Томск губерниясында темір уезінен жұмысқа алынған 900 қазақ жігіттері. Дэпо станциясында, 160 қазақ Валдай станциясында вагондардан жүк түсіру жұмыстарын атқарған, Бөкей Ордасынан 1500 қазақ – Рязань губерниясында ағаш дайындау істерімен айналысқан.



5.Ресейдегі ақпан, қазан революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі.Жалпы қазақ съезі және Алаш партиясы.

Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.



1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы күні жарияланды. Онда:“Азаматтар! Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мүшелері астана жұртшылығы мен әскердің қолдауы, ниеттестігі арқасында қазіргі уақытта ескі режимнің қара күштеріне қарағанда анағұрым табысқа жетіп отыр. Қалыптасқан жағдай атқару өкіметін құруға мүмкіндіктер туғызды. Осы мақсатта Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті бұрынғы қоғамдық-саяси қызметімен көзге түскен өкілдерден құрылған алғашқы кабинеттің министрлерін тағайындады”, - деп князь Г.Е.Львов басқаратын кабинеттің министрлері көрсетілді. Бұл кабинет өз қызметінде: 1) саяси, діни, қарулы көтеріліс және т.б. істер бойынша амнистия жариялауды; 2) сөз және баспасөз бостандығын жария етуді; 3) ұлттық, діни және сословиялық шектеушіліктерді жоюды; 4) елді басқару формасын, конституциясын айқындайтын жалпыға бірдей жабық, тікелей дауыс беру арқылы сайланатын Құрылтай жиналысына тоқтаусыз дайындық жүргізуді; 5) полицияны милициямен алмастырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бағындыруды және т.б. демократиялық негіздерді басшылыққа алатынын мәлімдеді. Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын.

Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М.Дулатов: “Сары әскер” қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кірісіп еді. Он айға жетпей патша өкіметі құламаса, Ресейдегі ұлы төңкеріс болмаса, не болар еді”, - деп жазды.
жүктеу 21.51 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет