«Нашақорларды кепілденген арнайы әлеуметтік қызметті тұтынатындар тобына енгізу керек» деген ұсыныспен келісесіз бе?



жүктеу 9.54 Mb.
Pdf просмотр
бет4/25
Дата11.09.2017
өлшемі9.54 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Кеше Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев жұмыс 

сапарымен Шығыс 

Қазақстан облысында 

болып, Өскемен мен Семей 

қалаларындағы бірқатар 

нысандарды аралап, 

жұртшылықпен жүздесті.

Азамат ҚАСЫМ

Қалай десек те, бұл жоғарғы билік дең-

гейіндегі сайлау емес. Аудандық, ауылдық 

деңгейдегі тұрғыдан алғанда, әкімдерді 

мәслихат арқылы сайлау демократиялық 

талаптардан алшақ емес әрі халықтық 

сай лаумен салыстырғанда, қаржы үнем-

дейді. Айналып келгенде, мәслихатты да 

сайлайтын – жергілікті халық. Бастысы – 

халықтың бірлік көрсете алуы мен сайлау-

дың барынша әділ өтуін қамтамасыз ету.

Соңғы жылдары мәслихат депутат-

тары ның беделі біршама төмендеп кеткені 

айтылып-ақ жүр. Мәслихат мүшелерінің 

бойынан депутаттық амбиция байқалмай 

жатады. Жергілікті деңгейдегі маңызды 

мәселелерге қатысты бастама көтеріп, 

белсенділік көрсетіп, табандылық танытуы 

сирек жайт. Жергілікті тұрғындар депутат-

тарды әкімге толықтай тәуелді тұлғалар 

деп біледі. Ал сарапшылар ортасында 

мәслихатты бейресми түрде «өлі орган» 

деп те атап жүргені бар. Бүгінде осы «өлі 

органға» жан бітіріп, жергілікті өзін-өзі 

басқару жүйесіндегі өз беделін арттыруға 

тамаша мүмкіндік берілді. Әрине, сол 

мүмкіндікті пайдалана алса. Себебі әкім-

дер сайлауын есепке алмаған күннің 

өзінде, заңдық тұрғыдан мәслихатқа бір 

басына жетерлік құзырет берілген. Алайда 

сол құзыретін тиісті деңгейде пайдалана 

алмай, жер гілікті атқа рушы биліктің ығына 

жығылып кетіп жүрген жайы бар. Мұны 

аймақтық, аудандық деңгейдегі жарқын 

саяси тұлғалардың жоқтығымен байла-

ныс тыруға болатын шығар. 

Әкімдер мен депутаттардың функ цио-

налдық қызметіне қатысты мынадай сауал 

туындайды. Мәслихат өкілдері әкімнің 

қыз меттік тағдырына саяси науқан кезінде 

ғана әсер ете ме, жоқ сайлаудан кейін де 

өзінің ықпалында ұстай ма? Мәсе лен, әкім 

халықтың, депутаттардың көңілінен шық-

пай, қызметіне салақ қарады делік. Бұған 

кім жауапты болады? Оны қызметінен 

босату құқығы кімге берілген? Әзірге 

мәслихат депутаттарының құзыретінде 

мұндай артықшылық жоқ. Тіпті жем-

қорлықпен айыпталса да, оның қызметтен 

босатылуын күштік құрылымдар жүзеге 

асырады. Екінші жағынан, әкімнің қыз-

меттік жұмысына енді кім жауап береді. 

Бұрын ауылдық деңгейдегі әкімнен қателік 

кетсе, оған аудандық деңгейдегі, ал 

аудандық деңгейдегі әкім салақ болса, 

облыстық деңгейдегі әкім жауап беретін. 

Ендігі жолы ауыл әкімі екі қолын қалтаға 

салып, жұмысын тиісті деңгейде атқармай 

жатып алса, аудан әкімі: «осылай боларын 

әу бастан біліп едім, бірақ оны мен таға-

йындаған жоқпын, мәслихат кінәлі» деп, 

бар айыпты жергілікті депутаттарға лақ-

тыр са қайтеміз? Әлде қате таңдалған әкім 

үшін мәслихатты тарқатамыз ба? 



Әкімдер сайлауы мәслихаттың маңызын көтере ме?

Биылғы жаз елде әкім дер сайлауының өтетінімен есте қала-

ты ны сөзсіз. Әне-міне дегенше, бұл саяси дода да басталады. 

Республика көлеміндегі әкімдердің 91,7%-ы, яғни 2533 әкім, 

соның ішінде селолық округтердің, кенттердің және аудандық 

маңызы бар 50 қаланың әкімі сайланатын болады. Сайлаудың 

жанама түрде өткізілуіне қатысты әртүрлі пікірлер айтылып 

жатыр. «Жанама сайлау жүйесі халықаралық демократиялық 

стандарттарға толықтай сай келеді. Ол тіпті жергілікті өзін-

өзі басқару механизмін күшейтеді» деп сенетіндер бар. Енді 

біреулер «тек халықтың сайлауы ғана тікелей демократия құрай 

алады. Себебі ол «вассалымның вассалы менің вассалым емес» 

қағидасына сай келмейді деген уәж айтады.

Сәдуақас КЕБЕКБАЙ

Кеше Астанада аталған кеңестің алғаш-

қы мәжілісі өтті. Оған төрағалық еткен 

агентт ік басшысы Әлихан Бәйменов атап 

көрсеткендей, қоғамдық кеңестің қызметі 

тиісті заңнама аясында жүргізіледі. «Ағым-

дағы жылы «Мемлекеттік қызметтер тура-

лы» Заң өз күшіне енген болатын. Ол өте 

ма ңызды қатынастарды реттейді. Аталған 

құжат ҚР Мемлекеттік қызмет істері агент-

ті гіне мемлекеттік қызметтерді қадағалау 

мен бағалау міндеттерін жүктейді. Заңды 

іске асыру барысында біз қоғам пікіріне 

сүйенеміз. Сондықтан агенттік жанынан 

халықтың пікірін жеткізетін арнайы қоғам-

дық кеңес құрылды», – дейді Ә.Бәйменов. 

Оның хабарлауынша, халықтың мемлекет-

тік қызметке деген сенімі бақылаудың бас-

ты шарты болмақ. Ал ашықтық қағидатына 

келер болсақ, агенттік елдің мемлекеттік 

қыз мет сапасына қаншалықты қанағат-

тана тынын ғана емес, халықтың мемле-

кеттік мекеме басшылары туралы ойларын 

да ашық айтуды жоспарлап отыр. Осы 

мақ 

сатта мемлекеттік қызметкерлерді 



оқыту курстарына «Бұқаралық ақпарат құ-

ралдарының мемлекеттік қызметке деген 

көзқарасы» және «Бизнестің мемлекеттік 

қызметке деген көзқарасы» сияқты арнайы 

бағдарламаларды енгізу көзделген. 

Айта кетейік, мемлекеттік қызметке 

қатыс ты заңның өз күшіне енгеніне көп 

бол ған жоқ. Сондықтан қазір барлық мем-

лекеттік органдарға өз қызметін реттеп 

алуға жететін уақыт беріледі. Ол шамамен 

үш ай. Осыдан кейін мемлекеттік қызмет 

істері агенттігі жанындағы мемлекеттік 

қыз меттерді көрсету мәселелері бойынша 

өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жө-

нін дегі Қоғамдық кеңес өз жұмысына кірі-

сіп, мемлекеттік қызметтердің сапасын 

тек серуді бастайды. Агенттік төрағасының 

орынбасары Саян Ахметжановтың сөзіне 

қарағанда, тексеріс кезінде қандай да бір 

кемішіліктер анықталса, тәртіптік жазаға 

дейінгі шаралар қолданылады.

Арман АСҚАР

Мемлекеттік қызметтердің сапасын ендігі жерде арнайы кеңес тексе-

реді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанынан құрылған оның нақты 

атауы – мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзара іс-

қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Қоғамдық кеңес. Оның құрамына 

енген үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының 

өкілдері еліміздегі мемлекеттік қызметтердің сапасын қарайды.

Қоғамдық кеңес мемлекеттік 

қызметкерлерді жазалайды

ӨҢІР


Премьер Щучье-Бурабай демалыс 

аймағын дамыту бойынша кеңес өткізді

Кеше ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов Ақмола облысына жұмыс 

сапары аясында Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарын 

жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңесті ашқан С.Ахметов Мемлекет 

бас шы сының ЩБКА-ны одан әрі дамыту 

туралы бірқатар тапсырма бергеніне тоқ-

талып, бұл үшін мемлекет барлық жағдай-

ларды жасауда, 18 млрд теңге қарас ты-

рыл ған 2012-2013 жылдарға арналған 

тиісті іс-шаралар жоспары қабылданғанын 

атап көрсетті.

Жоспардың орындалу барысы туралы 

Индустрия және жаңа технологиялар ви-

це-министрі Альберт Рау баяндады, су 

көздерін тазалау мен қалпына келтіру, ҚТҚ 

полигонын пайдалану мен Щучинскідегі 

қоқысты қайта өңдеу зауытының жұмысы 

бойынша қабылданған шаралар туралы 

қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан 

Қаппаров айтып берді.

Өңірлік даму вице-министрі Серік Но-

кин сумен жабдықтау және канализа ция-

лық тазалау нысандары құрылыстарының 

барысы туралы хабарлады. Сондай-ақ об-

лыс әкімі Қосман Айтмұхаметов баяндама 

жасады.


Кеңесті қорытындылай келе, С.Ах-

метов тұтастай алғанда, Щучье-Бурабай 

курорт тық аймағын дамыту жоспарының 

орын далып жатқанын, дей тұрғанымен, 

жос 

пар 


дың барлық пункттерін мерзі-

мінде әрі сапалы орындау қажеттігін атап 

көрсетті.

Үкімет басшысы Индустрия және жаңа 

технологиялар министрлігіне облыс әкім-

дігімен, басқа да мемлекеттік органдармен 

бірлесіп Бурабай курорттық аймағын да мы-

тудың жүйелік жоспарында көрсетілген 

ұсыныстарды есепке ала отырып, демалыс 

аймағын одан әрі дамыту бойынша бірың-

ғай іс-қимылдар жоспарын әзірлеуді тап-

сыр ды. Қоршаған ортаны қорғау ми нистр лі-

гіне экологиялық проблемалар ды шешу ге, 

сонымен қатар су көздерін таза 

лау мен 

қалпына келтіру бойынша іс-шара ларға ай-

рықша назар аудару қажеттігін тапсыр ды. 

С.Ахметов Көлік және коммуникация-

лар министрлігіне «Астана-Щучинск» 

авто банының  тиісті  инфрақұрылымдарын 

қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауды, 

«Астана–Қорғалжын» автожолын жаң-

ғыртуды, Көкшетауға жазғы маусымда Ақ-

тау, Атырау және Қызылордадан әуе рейс-

терін ашуға өкім етті. Экономика және 

бюд жеттік жоспарлау министрлігіне бюд-

жеттік бағдарламалар әкімгерлерімен 

бірлесіп облыстағы жобаларды қосымша 

қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгі-

зіп, қарауды тапсырды.

«Қасым ханның қасқа жолының» бес саласы

Жалпы, «Қасым ханның 

қас 

қа жолы» сол замандағы 



қазақ хал 

қының жан-жақты 

жетілген Ата Заңы болып 

есептеледі. Бұл заң дар жинағы 

негізінен бес тарау дан тұрған. 

Бірінші – Мүлік заң дары (осы 

тарау арқылы мал, мү лік, жер 

дауы мәселелері ше шіліп отыр-

ған). Екінші – Қыл мыс заң дары 

(кісі өлтіру, ел шабу, мал талау), 

үшінші – Әске ри заң дар (қосын, 

аламан, әске ри мін дет, тұлпар 

ат, қара қазан мәсе ле лері), төр-

тінші – Елші жоралары (май-

талмандық,  ше шендік,  сы па йы-

лық, әдеп тілік), бесінші Жұрт-

шылық заңы (ас, той, ме реке, 

жасауыл және т.б) мәсе лелерін 

қамтыған. Осы бес са лаға ба-

ғыт 


талған заңдар топ 

тамасы 


сол кезеңдегі Қазақ хан дығы-

ның барлық түйткілді мәсе ле-

лерін шешіп беріп отырған. 

Қазақ хандығының құқықтық жүйесінде ерекше орны 

бар «Қасым ханның қасқа жолы» заңдық тұрғыда қандай 

негізгі мәселелерді қамтығанын білгім келеді.

Әлібек, Қостанай қаласы

Саяси ілімнің бастауында мифология тұр

Алғашқы саяси-құқықтық ілімдер 

Египетте, Үндістанда, Қытайда пайда 

болды. Ежелгі Шығыста сол саяси 

ойлар ұзақ уақыт бойы діни-мифоло-

гиялық көзқарастар негізінде дамығаны 

рас. Айтылған ойлар мен көзқарастар 

бел гілі бір күшке, құдайға келіп тірелді 

және олар міндетті құқықтық нормалар 

ре тінде қабылданды. Патша, абыздар, 

соттар және т.б. билік өкілдері құдай-

дың ұрпағы немесе қызметшілері деп 

есеп телініп, олар көптеген «Қасиетті» 

артық шылықтарды иеленді. Мысалы, 

Қытай да – аспан астындағы билеуші 

туралы айтылады, Египетте – күн құ-

дайының ұлы, Хамурапи өзін жерде 

әділдік орнату үшін Шаман құдайы 

жіберген билеуші ретінде жариялайды, 

Зорас тризм 

бойынша 


Мемлекет 

Ормузданың жердегі билігі болып 

саналады. Мем лекет билеушісі монарх 

– Ормузданың әмірін орындаушы 

қызметкер делінген. Осы секілді мифтік 

әңгімелер саяси-құқықтық ілімдердің 

қалыптасуына ық 

пал етпеді дей ал-

маймыз.

Саяси-құқықтық ілімдердің қалыптасуына мифологияның рөлі зор 

болған деген пікір негізді ме? 

Нұрсадық, Теміртау қаласы

Жалпы, он бес күннің ішінде 87 252 адам-

ның дауысы жиналды. Оның басым бө лігі 

«үздік мұғалімға» тиесілі болып шық 

ты. 

Сонымен, «Үздік педагог» атағына Райым-



бек батыр атындығы №50 «Қазға рыш» мек-

теп-лицейінің мұғалімі Рабиға Иманқұлова 

ие болды. Оған 21 562 адам дауыс берген. 

«Үздік дәрігерге» 3 596 дауыс жиналды. Ол 

– Астана әкімдігінің №1 қалалық ауру хана-

сының қызметкері Марат Абдулов. Бұдан 

басқа, «Үздік энер гетик» – «Астана-Жылу-

транзит» АҚ-ның Реттеу және тұтынушы лар-

ды есепке алу қызметінің бастығы Рауза 

Кәкімова, «Үздік қоғамдық көлік жүргізушісі» 

– №1 Автобус паркінің көлік жүргізушісі 

Қанат Құлтаев, «Үздік жолшы» – «Қазақ-

Автожол» компа ниясы Ақмола филиалы-

ның қызметкері Вячеслав Шевченко, ал 

«Үздік құрылыс шы» атағын «Алтын ХХI» 

ЖШС қызметкері Сүндет Үмбетов иеленді.  

Айта кеткен жөн, «Астана таңдауы» 

бай қауының жеңімпаздары шілденің 6-сы 

– Астана күніне арналған Конгресс-холл 

сарайындағы салтанатты жиында мара-

патталады.

Арман АСҚАР

Астаналықтар өз таңдауын жасады. Екі аптаға созылған «Астана 

Таңдауы» байқауы барысында қала тұрғындары astana.kz сайты арқылы 

дауыс беріп, үздік мұғалім, дәрігер, инспектор, құрылысшы, жолшы, 

қоғамдық көлік жүргізушісі және энергетикті анықтады.

Астаналықтар үздіктерді таңдады

ЖИЫН


БАЙҚАУ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар-

баев тың тапсырмасына сәйкес, мемлекет-

тік қызметтің «А» корпусына кадрлық ре-

зерв жасақтау жұмысы жүргізілді.

Ұлттық комиссияның отырысында осы 

жұмыстың қорытындысы шыға 

рылды. 


2013 жылғы 4 – 21 маусым ара лығында ко-

миссияның 14-отырысы өтті, оның бары-

сын да тестілеу кезеңінен өт кен 1121 үміт-

кердің әрқайсысымен әң гімелесу жүр гізіл-

ді. Нәтижесінде ко миссия 940 канди датты 

«А» корпусы ның кадрлық резервіне алуды 

ұсынды. Бұл ретте тестілеу қорытын ды ла-

ры, қа лалар мен аудан дар дың даму рей тин-

гілері, мемлекеттік ор гандар тиім ді лігін ба-

ғалау, сондай-ақ құ қық қорғау ор ган дары-

ның мәліметтері ескерілді. Ірік теу ге қатысу 

үшін барлығы 2024 адам өтініш берді.

Осы орайда, Мемлекет басшысының 

«Қазақстан – 2050 стратегиясы – қалып-

тас қан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 

Жол дауына сәйкес, қатаң іріктеу негізінде 

мем ле кеттік саясаттың нақты бағыттарын 

іске асыруға жауапты кәсіби басқарушы-

лардың принципті жаңа тобы – «А» кор-

пусы жасақ талды.  



Кеше Ақордада Президент Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовтің 

төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кадр 

саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.

940 үміткер «А» корпусына ұсынылды

КОМИССИЯ


САРАПШЫЛАР ПІКІРІ

Замир ҚАРАЖАНОВ, саяси шолушы: 

– Қалай десек те, бұл сайлау мәслихаттың беделіне әсер етеді. Жергілікті деңгейде 

бұл органның ықпалы күшейеді деп толық айтуға болады. Дегенмен тағы бір мәселе бар, 

мәслихат өкілдері облыс әкімі ұсынған үміткерлердің ғана арасынан таңдау жасайды. Бұл 

– маңызды мәселе. Яғни облыс әкімінің де рөлі сол деңгейде арта түспек. Екіншіден, менің 

білуімше, халықтың көңілінен шықпаған әкімді мәслихат депутаттары қызметінен босата 

алмайды. Соған қарамастан, мәслихат мүшелері өзіне заң мүмкіндік беріп отырған 

құзыретті пайдалана алса, жергілікті басқару жүйесін күшейтуге болар еді. Тәуелсіздіктен 

бергі жиырма жылдың ішінде біздің аймақтарда кішігірім саяси модель қалыптасып 

үлгерді. Аймақтардағы саяси үрдістер туралы көп біле бермейміз. Ол республикалық 

деңгейдегі биліктің жүйесіне ұқсай бермейді. Мәселен, аймақтарда мынадай бір құбылыс 

бар, бір жарқын саяси тұлға болса оны қызметінен көтерген болып орталыққа қарай 

лақтырып жібереді, Сенатқа сайлап жібереді. Сол арқылы аймақтағы жағдай белгілі бір 

топтардың ғана ықпалында қала береді. Осының барлығын реттеу үшін мәслихаттың 

ықпалы күшейгені абзал. 

Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:

– Логикаға салсақ, осы маусымнан бастап мәслихаттың ықпалы артуы керек. 

Дегенмен менің бір айтарым, мәслихаттағылардың көпшілігі – жуас жігіттер. Бірақ бұл 

көрініс мәңгі жалғаса бермейді. Қазіргі қоғамда адамдардың санасында бір көзге 

көрінбейтін тенденция жүріп жатыр. Адамдардың жүріс-тұрысы, іс-қимылы тәуелсіз 

адамның тұлға сын көрсетіп жатыр. Қай саланы алсақ та, өзінің ойын ашық айтатын, 

бастыққа жалтақтай бермейтін мамандар пайда болып жатыр. Бұл мәслихат пен мәжілісті 

айналып өтетін нәрсе емес. Көп ұзамай депутаттар арасында өз ойын еркін жеткізіп, талап 

қоя алатын адамдар пайда болады. Мәселен, бір аудандағы мәслихатта бастамашыл 

бір-екі адам пайда болса, соның өзі жетіп жатыр. Сол бір-екі адам көп нәрсені өрге 

бастыра алады. Ал әкімдер сайлауына келсек, бұл жергілікті депутаттарға беріліп жатқан 

артықшылық. Оны қалай пайдаланарын уақыт көрсетеді.

Абай ОМАРОВ (коллаж)

№108 (1019) 

26

6

.0

0

6.

6.

20

20

13

13

ж

ж

ыл

ыл



сә

сә



рс

рс

ен



енбі

бі

www.alashainasy.kz



e-mail: info@alashainasy.kz

y

y

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

САПАР

Б

Б



Е

Е

З



З

БЕ

Н



Ең

Ең ә


ә

уе

уелі



лі

Ө

Ө



ск

ск

е



еменге келген Мемлекет

т

 



басшысы алдымен қаладағы ана мен бала 

орталығына ат басын бұрып, 575 орынға 

лайықталған емдеу мекемесінің жұмысы-

мен танысып, қызметкерлермен жүздесті. 

Айта кетейік, бүгінде 700-дей қызметкері 

бар  бұл меди

ци

ци

на



на

лы

лы



қ

қ  ор


орта

та

лы



л

қ

қ  өң



өң

ір

ір



де

де

гі



гі

 

іргелі денсаулық мекемелерін



і

ің б


бі

ірін


і

ен 


саналады. 

Ана мен бала орталығын аралау кезін-

де Президентке өңірдегі негізгі әлеуметтік-

экономикалық көрсеткіштер мен денсау-

лық сақтау саласын дамыту жөніндегі бағ-

дарл


р

ам

а



аны іске асыру  барысы  туралы 

ба

б



ян

ян

да



далд

лд

ы.



ы.

Орталық дәрігерлерімен кездесу ке-

зінде Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет 

отан дық  денсаулық сақтау саласын дамы-

туға ерекше мән беріп отырғанын, соның 

арқасында ана мен бала өлімінің азайып, 

өмір сүру ұзақты

ғы

ғы



арт

р

қа



қа

ны

ны



б

б

ай



ай

қа

қа



лғ

лғ

ан



ан

ын

ын



 

 

атап өтті.



Елбасы бұдан кейін шаһардағы жуықта 

ғана 110 миллион теңге қаржыға қайта 

жөн 

деуден өтіп, пайдалануға берілген 



балалардың шығармашылық сарайында 

болды. Іші-сырты көздің жауын аларлық-

та

та

й



й

за

за



ма

ма

на



на

уи

уи



ү

ү

лг



л

іде жөнделген, ұлттық 

қ

н

нақы



қышт

штағ


ағ

ы

ы ою



ою

ө

-өрнектермен әсем безен-



дірілген сарай мемлекет басшысының қы-

зығушылығын туғызды. Ғимаратты аралау 

кезінде Президенттің назарына балалар-

дың математикалық модельдеу, экономи-

ка, экология, физи

зи

ка



к

ж

ж



әне басқа да

а

 бағыт-



тардағы ғылы

ы

ми



ми ж

жоб


об

ал

ал



ар

ары


ы

ұс

ұсын



ын

ыл

ылды



ды



Жаңа нысанмен жете танысып, оқушылар-

мен тілдескен Нұрсұлтан Назарбаев ол-

арға зор денсаулық, оқуларына табыс 

тілеп, шығармашылық сарайға жайлы

жаб дықталған  автобус сыйға тартты.

Сонымен қатар Елбасы бұл күні шаһар-

дағы еліміз үшін жаңа өнім түрі саналатын

– Франциядан алынған тікелей трансферт-

ті технология негізіндегі фо

ф

то



то

эл

эл



ек

ек

тр



тр

лі

л



плас тина  шығаратын кә

сі

сі



по

поры


ры

нн

нн



ың

ың

ж



ж

ұ-

ұ



мы сымен де танысты. Бұл жерде мемлекет

басшысы кәсіпорын жұмысшыларымен

әңгімелесіп, зауыттың бірегей өндіріс

орны екенін атап өтті. Аталған жоғары тех-

нологиялы өндіріс елімізде энергетиканың

ба

б



ла

ла

ма



ма

лы

лы



т

т

үр



р

ле

ле



рі

рі

н



н

да

да



мы

мы

ту



ту

ға, сондай-ақ

те

те

хн



хн

ол

олог



ог

ия

ия



ны

ны

ң



ң  бә

бәсе


се

ке

ке



ге

ге

қ



қабілетті жаңа

түрлерін алуға мүмкіндік береді.

Kazakhstan Solar Silicon ЖШС-нің өн-

дірістік көлемі жылына фотоэлектрлі плас-

тиналарда белгіленген 65МВт қуаттылық-

ты құрайды. Негізгі шикізат ре

ре

тінд


нд

е метал-


лургиялық жағынан таза

Қ

Қ



аз

азақ


ақст

ст

ан



ан к

к

ре



ре

м-

м



нийі пайдаланылады.

Кәсіпорынды аралап болғаннан кейін

Елбасы бұқаралық ақпарат құралдарына

арнап шағын брифинг өткізді. Брифингте 

Президент Павлодар мен Шығыс Қазақ-

стан облыстарына жасаған жұмыс са-

пары барысында индустриялық-ин-

новациялық, сондай-ақ денсаулық 

са

са

қт



қт

ау

ау



ж

ж

ән



ә

е халық ты жұмыспен қа

қа

мт

мт



у

у

са



са

ла

ла



ла

ла

ры



рындағы бағ 

дар ламала

а

рд

рд



ың

ың

 



жүзеге асуымен жан-жақ ты танысқанын 

атап өтті.

– Жалпы алғанда, өңірлер  тұрақты 

дамуда деп айтуға болады, орташа 

алғанда, өнерк

р

әсіптің 6,8 пайызға өскені 



байқал

ад

ад



ы.

ы.

Б



Бұл

ұл о


о

ра

ра



йд

йд

а



а

не

не



гі

гі

зг



зг

і

і



үл

үл

ес



ес

а

а



уыр 

өнеркә


әсі

сі

п



п пе

пе

н



н

ма

маши



ши

на

на



ж

ж

ас



асау

ау с


с

ал

алас



ас

ына 


тиесілі. Әлеуметтік сала жақсы дамуда, 

денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

салаларындағы көрсеткіштер де жақсы. 

Осының  бәрі елдің әлеуметтік-эконо ми-

ка

к

лық дамуына елеулі үлес қосады, – де



де

ді 


ме

ме

мл



мл

ек

ек



ет

ет

б



б

асшысы.


Өс

Ө

кеменнен кейін Елбасы Семей қала-



сында болып, шаһардағы жұмыс сапарын 

«Семей инжиниринг» ЖШС-інен бастады. 

Президент өндіріс  ор

ор

ны



ы

ның жұмыс  пр

п

о-

цесімен, жұмыс



шы

шы

ла



ла

рд

рдың



ың

ә

ә



л

ле

ум



умет

ет

ті



т к

к

жағ дайымен  жете



 т

анысты. 


С

«Сем


й

ей инжи-


ринг» кәсіпорнының өндірістік қуаты мы-

ғым. Кәсіпорын бронетехника мен әскери 

техникаға жылына 600 күрделі жөндеу 

жүргізуге мүмкіндігі бар. Кәсіпорын қыз-

ме

ме

ті



т

ні

ні



ң не

не

гі



гі

зг

зг



і

і

тү



тү

рі

рі



б

б

ро



р

ньды танк қару-жа-

ра

ра

 ғ



ғ

ы

ы



ме

ме

н



н

те

техн



хн

ик

икал



ал

ар

ар



ын

 дайындау, өндіру 

және жөндеу, сондай-ақ оларды күштік 

құрылымдардың пайдалануы үшін жаң-

ғыр ту  болып табылады. Зауытты аралау 

кезінде Мемлекет басшысына полигонда 

броньды танк техникасының тәжірибелік

үлгілері және оның

ң

ә

әл



ле

уе

уе



тт

тт

і



і

мү

мү



мк

мк

ін



н

ді

дікт



ктер

ер

і



і

көрсетілді. 

Бұдан кейін Мемлекет басшысы қала-

дағы №1 жылу электр орталығында бо-

лып, жергілікті халықпен жүздесті. Кездесу 

барысында Елбасы еліміздің қазіргі әлеу-

меттік-экономикалық ахуалы, мемлекеттік

ба

бағд



ғд

ар

а



ла

лама


ма

ла

лард



рд

ың

ың



  ж

үзеге асу барысы,

зе

й

йнетақы жүйе



й

сі

і



н

жа

ңғыртуға байла-



нысты ойларымен бөлісті.

– Халықтың еңбек еткені дұрыс. Еңбе-

гіне орай оның жемісін көруі қажет. Сон-

дықтан да мен елдің дамуы үшін осындай 

шешімге келдім. Ешкім де назардан тыс

қалмайды. Бала күт

т

ім

ім



ім

м

ен



е

 отырғ


р

ан ә


ә

йе

й



л-

дерге де тиісті же

ңі

ңі

лд



лдік

ік

те



те

р

р бо



бо

ла

ла



ды

ды, 


-

-



де

де

ді



ді

 

Президент.



Сонымен қатар Елбасы Семей қаласын 

әрдайым назарда  ұстайтынын, шаһарды

дамыту үшін Үкіметтен 37 млрд теңге қар-

жы  бөлінгенін, жалпы алғанда, өңірдің

да

да

му



му

дең


ең

ге

ге



йі

йі

к



к

өң

өң



іл

іл

ін



н

ен шығатынын атап

өт

өтті


ті

.

.



– Өскеменде күн энергиясы батареяла-

рын шығаратын зауыт  болашаққа нақты

бағыт-бағдар  береді. Жылына 120 мың

автомобиль шығаруды да көздеп отыр-

мыз. Осының бәрі біздің бейбіт өмір кешіп

отырғандығымыз

ды

ды

ң 



ң 

ай

айға



ғағы

ғы

.



.

Ос

Ос



ы

ы

жұ



жұ

мы

мы



с-

с-

тардың басы-қасы



ы

нд

нда



а

жү

жүрг



рген

ен

о



обл

бл

ыс



ыс

ә

ә



кі

кі

-



мінің еңбегін жоғары бағалай мын.  Семей

полигонынан зардап шеккен жердің ба-

сым көпшілігі ауыл шаруашылығына жа-

рам ды жер ретінде қайтарылуда. Сондық-

тан да тек

к

  ерінбей еңбек етіп, ел игілігін 



ес

ес

ел



ел

ей

е



б

б

ер



ерей

ейік


ік

,

,



д



деп сөзін түйіндеді

П

Президент.



Өскемен


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 9.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет