астар бар. Мысалы, біздегі күнкөріс
қараған жөн» дейді.
№108 (1019)
26.06.2013 жыл,
сәрсенбі
www.alashainasy.kz
2
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
САЯСИ БЮРО
САПАР
БЕЗБЕН
Елбасы шығыс жұртымен жүздесті
Ең әуелі Өскеменге келген Мемлекет
басшысы алдымен қаладағы ана мен бала
орталығына ат басын бұрып, 575 орынға
лайықталған емдеу мекемесінің жұмысы-
мен танысып, қызметкерлермен жүздесті.
Айта кетейік, бүгінде 700-дей қызметкері
бар бұл медициналық орталық өңірдегі
іргелі денсаулық мекемелерінің бірінен
саналады.
Ана мен бала орталығын аралау кезін-
де Президентке өңірдегі негізгі әлеуметтік-
экономикалық көрсеткіштер мен денсау-
лық сақтау саласын дамыту жөніндегі бағ-
дарламаны іске асыру барысы туралы
баяндалды.
Орталық дәрігерлерімен кездесу ке-
зінде Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет
отан дық денсаулық сақтау саласын дамы-
туға ерекше мән беріп отырғанын, соның
арқасында ана мен бала өлімінің азайып,
өмір сүру ұзақтығы артқаны байқалғанын
атап өтті.
Елбасы бұдан кейін шаһардағы жуықта
ғана 110 миллион теңге қаржыға қайта
жөн
деуден өтіп, пайдалануға берілген
балалардың шығармашылық сарайында
болды. Іші-сырты көздің жауын аларлық-
тай заманауи үлгіде жөнделген, ұлттық
нақыштағы ою-өрнектермен әсем безен-
дірілген сарай мемлекет басшысының қы-
зығушылығын туғызды. Ғимаратты аралау
кезінде Президенттің назарына балалар-
дың математикалық модельдеу, экономи-
ка, экология, физика және басқа да бағыт-
тардағы ғылыми жобалары ұсынылды.
Жаңа нысанмен жете танысып, оқушылар-
мен тілдескен Нұрсұлтан Назарбаев ол-
арға зор денсаулық, оқуларына табыс
тілеп, шығармашылық сарайға жайлы
жаб дықталған автобус сыйға тартты.
Сонымен қатар Елбасы бұл күні шаһар-
дағы еліміз үшін жаңа өнім түрі саналатын
– Франциядан алынған тікелей трансферт-
ті технология негізіндегі фотоэлектрлі
плас тина шығаратын кәсіпорынның жұ-
мы сымен де танысты. Бұл жерде мемлекет
басшысы кәсіпорын жұмысшыларымен
әңгімелесіп, зауыттың бірегей өндіріс
орны екенін атап өтті. Аталған жоғары тех-
нологиялы өндіріс елімізде энергетиканың
баламалы түрлерін дамытуға, сондай-ақ
технологияның бәсекеге қабілетті жаңа
түрлерін алуға мүмкіндік береді.
Kazakhstan Solar Silicon ЖШС-нің өн-
дірістік көлемі жылына фотоэлектрлі плас-
тиналарда белгіленген 65МВт қуаттылық-
ты құрайды. Негізгі шикізат ретінде метал-
лургиялық жағынан таза Қазақстан крем-
нийі пайдаланылады.
Кәсіпорынды аралап болғаннан кейін
Елбасы бұқаралық ақпарат құралдарына
арнап шағын брифинг өткізді. Брифингте
Президент Павлодар мен Шығыс Қазақ-
стан облыстарына жасаған жұмыс са-
пары барысында индустриялық-ин-
новациялық, сондай-ақ денсаулық
сақтау және халық ты жұмыспен қамту
салаларындағы
бағ дар ламалардың
жүзеге асуымен жан-жақ ты танысқанын
атап өтті.
– Жалпы алғанда, өңірлер тұрақты
дамуда деп айтуға болады, орташа
алғанда, өнеркәсіптің 6,8 пайызға өскені
байқалады. Бұл орайда негізгі үлес ауыр
өнеркәсіп пен машина жасау саласына
тиесілі. Әлеуметтік сала жақсы дамуда,
денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
салаларындағы көрсеткіштер де жақсы.
Осының бәрі елдің әлеуметтік-эконо ми-
калық дамуына елеулі үлес қосады, – деді
мемлекет басшысы.
Өскеменнен кейін Елбасы Семей қала-
сында болып, шаһардағы жұмыс сапарын
«Семей инжиниринг» ЖШС-інен бастады.
Президент өндіріс орнының жұмыс про-
цесімен, жұмысшылардың әлеуметтік
жағ дайымен жете танысты. «Семей инжи-
ринг» кәсіпорнының өндірістік қуаты мы-
ғым. Кәсіпорын бронетехника мен әскери
техникаға жылына 600 күрделі жөндеу
жүргізуге мүмкіндігі бар. Кәсіпорын қыз-
метінің негізгі түрі броньды танк қару-жа-
ра ғы мен техникаларын дайындау, өндіру
және жөндеу, сондай-ақ оларды күштік
құрылымдардың пайдалануы үшін жаң-
ғыр ту болып табылады. Зауытты аралау
кезінде Мемлекет басшысына полигонда
броньды танк техникасының тәжірибелік
үлгілері және оның әлеуетті мүмкіндіктері
көрсетілді.
Бұдан кейін Мемлекет басшысы қала-
дағы №1 жылу электр орталығында бо-
лып, жергілікті халықпен жүздесті. Кездесу
барысында Елбасы еліміздің қазіргі әлеу-
меттік-экономикалық ахуалы, мемлекеттік
бағдарламалардың жүзеге асу барысы,
зейнетақы жүйесін жаңғыртуға байла-
нысты ойларымен бөлісті.
– Халықтың еңбек еткені дұрыс. Еңбе-
гіне орай оның жемісін көруі қажет. Сон-
дықтан да мен елдің дамуы үшін осындай
шешімге келдім. Ешкім де назардан тыс
қалмайды. Бала күтімімен отырған әйел-
дерге де тиісті жеңілдіктер болады, - деді
Президент.
Сонымен қатар Елбасы Семей қаласын
әрдайым назарда ұстайтынын, шаһарды
дамыту үшін Үкіметтен 37 млрд теңге қар-
жы бөлінгенін, жалпы алғанда, өңірдің
даму деңгейі көңілінен шығатынын атап
өтті.
– Өскеменде күн энергиясы батареяла-
рын шығаратын зауыт болашаққа нақты
бағыт-бағдар береді. Жылына 120 мың
автомобиль шығаруды да көздеп отыр-
мыз. Осының бәрі біздің бейбіт өмір кешіп
отырғандығымыздың айғағы. Осы жұмыс-
тардың басы-қасында жүрген облыс әкі-
мінің еңбегін жоғары бағалай мын. Семей
полигонынан зардап шеккен жердің ба-
сым көпшілігі ауыл шаруашылығына жа-
рам ды жер ретінде қайтарылуда. Сондық-
тан да тек ерінбей еңбек етіп, ел игілігін
еселей берейік, – деп сөзін түйіндеді
Президент.
Өскемен
Поделитесь с Вашими друзьями: