«Нашақорларды кепілденген арнайы әлеуметтік қызметті тұтынатындар тобына енгізу керек» деген ұсыныспен келісесіз бе?



жүктеу 9.54 Mb.
Pdf просмотр
бет14/25
Дата11.09.2017
өлшемі9.54 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25

«ДАРАТҰЯҚТЫ, ЛАҚТАЙТЫН» АРҚАР

Мұндай қателер басқа аңдардың 

тақтайшаларында да толып тұр. Мысалға, 

«Пржевальский жылқысы» деп жазылған 

тар паң жылқының тақтайшасында оның жа-

лын «жұлын шашы» деп бөссе, шұбар бұ-

ғының күйекке түсер мезгілін «қазан айында 

қу дала басталады. Ұрғашылары бірінші төлін 

2-3 жасында әкеледі» деп қуып кеткен. Ша-

масы, қасқырды «некелестірген соң», бұғы-

ларды «құдаластырмақ» болған шығар. Ал 

арқарды «тау қошқарының бір түрі» дегені 

былай тұрсын, даратұяқтыларға жатқызып 

қойыпты. Оған қоса, бұл арқарың 

«қошқардың бір түрі» бола тұра, ешкіге ұқсап 

«лақтайтын» көрінеді. 

Бұл не? Баяғы сол өздері қазақ бола тұра, 

қа зақтың тіліне келгенде орысшаның сөзбе-

сөз аудармасын жаздырта салатын, еш-

қандай ақтауға келмейтін арсыз салғырттық. 

Одан басқа ештеңе де емес. Әйтпесе хай уа-

нат тар бағының басшысы да – қазақ. Билет 

са татын дүңгіршектің жанында тұрған қыз-

келіншектерден: «Хайуанаттар бағының ди-

ректоры кім, қазақ па?» деп сұрағанымда 

қа зақ бола тұра олар да орысша жауап берді. 

Атын әлемге әйгілемей-ақ қояйын, өкінішке 

қа рай, директоры қазақ екен. 



О заманда бұ заман, қас-

қыр дың «некелесу» мезетін 

көр ген жан бар ма? Әрине, 

құр метті  оқырмандарымыз 

мұн дайды көрмеген шығар. 

Ал біз көрдік. Алда-жалда 

жол түссе немесе арнайы 

де малу үшін Бурабайға ба-

ра қалсаңыз, сондағы хай-

уанаттар бағына бас сұға 

ке тіңіз. Қасқырдың «некелесу 

ме зетінен» басқа да небір 

шы жықты ақпараттарға сонда 

«куә» болып, ұяттан кірерге 

те с ік таппай кетеріңіз анық. 

Кесенені жөндеу, қайта қалпына кел-

тіру жұ мыстары 90-шы жылдардан бері 

жү йелі түрде жүргізіліп келеді. Мұндағы 

қай та жаңғырту, күрделі жөндеу жұ мыс-

тары еш толастаған емес. Қорық мұражай 

ау мағындағы Рәбия Сұлтан-бегім кесе не-

сінің күмбезі де талай жылдан бері жөн-

делуде. Жөнделуде дегеніміз жай сөз, тек 

үстіндегі ағаштан жасалған тор ғана тұр. 

Тө бесінде жұмыс істеп жүрген тірі жанды 

көр мейсің. Баба басына зиярат етіп келген 

ту ристер де кесененің ішінде емін-еркін 

жү ре алмаймыз деп наразылық білдіруде. 

Се бебі кесененің кіреберісіндегі үлкен Ақ-

са рай күрделі жөндеуге жабылған. Бір не-

ше жылдан бері іші өрмекшінің өрмегіндей 

бол ған сатыларға толып тұр. Тіпті тай қа-

зан ға ақша салып, садақа беруге дағды-

лан ған келушілердің де бұл ойы іске аспай 

отыр. Кесененің ішін аралағалы келген 

көп шілік кіреберістен-ақ қорқынышты кө-

рініске тап болады. Төбеңнен төніп тұрған 

са тылар басыңа құлап кететіндей күй ке-

ше сің. Қысқасын айтқанда, жұрт біліп бол-

майтын жөндеу жұмыстарынан мезі бол-

ған. Сонда да болса жыр болған жөн деуден 

нәтиже болмай тұр. 

Осыдан біраз уақыт бұрын Елбасы Түр-

кіс танға келгенде «Қазреставрация» кә сіп-

ор нының директоры Қанат Тұяқбаев Ясауи 

ке сенесіне түріктер қайта жаңарту жұ мыс-

тарын жүргізгенін, бірақ олар пайдаланған 

за 


манауи оқшаулау материалдарының 

ежел гі құрылыспен астасып кете ал ма ға-

нын айтқан еді. Содан да болса керек, біз 

қаузап отырған кесененің табаны ыл ғал -

да нып, қабырғалары түсе бастаған. Күм -

без дің төбесі жабындымен оралып, жан-

жағына тіреу орнатылуы сондықтан екен. 

«Қожа Ахмет Ясауи» кесенесін қорғау қо-

ғамдық бірлестігінің төрағасы Жантемір 

Әлі мовтің айтуынша, тарихи жәдігердің 

жағ дайы мәз еместігін еліміздегі және Ре-

сейдегі бірқатар ғылыми-зерттеу ин сти тут-

та 

рының тұжырымдамалары айғақтап 



отыр. Қоғамдық көшбасшының байла-

мын  ша, мәселе кесененің жасында емес 

кө рінеді, бар гәп бұған дейін оны қалпына 

кел тірген реставраторлардың сапасыз жұ-

мысына  тіреледі.  Қазіргі  рес тав ра тор лар-

дың дәйектеріне сүйенсек, кесенедегі бұ-

ған дейінгі жөндеу жұмыстарының 

сал  дарынан желдеткіш шахталар жабылып 

қал  ған. Оларды қайта қалпына келтіру 

үшін мамандар көне асхананың бөлігін бұ-

зуға мәжбүр.

  Жаннұр ЖАРҚЫН,



Шымкент қаласы

Астанада осымен үшінші мәрте өтіп 

отырған бұл мүшәйраға өлең өнерінің 

небір өрелі жүйріктері қатысты. Бәйгенің 

басты мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның 

азат Астанасын жан-жақты жарқырата 

жыр лау болғандықтан, көптеген ақы ны-

мыздың бәйгеге үкілеп қосқан жыр ла-

рының көркемдік кестесі құлпырып тұр-

ға нымен, мүшәйра қойған тақырыптық 

та лаптың биігінен көріне алмады. Әйгілі 

ақындарымыздың осынау мерекелік 

ша раға қатысқанына рақмет айта оты-

рып, алдағы жыр жарыстарында жұл-

дыз 

дары жарқырауына тілектестік 



білдіреміз.

Алаш сыйлығының иегері, ақтаңгер 

ақы нымыз Серік Ақсұңқарұлы төра ға-

лық еткен, белгілі қаламгерлерден құ-

рал ған қазылар алқасы бәйгеге түскен 

шы 


ғармалардың барлығын талғам 

таразысынан өткізді. Соның ішіндегі ең 

бір сүбелісі Серік Тұрғынбековтің «Ас та-

на – Дастан» атты өлеңдер циклі бол ды. 

Бұдан бұрын да талай мү шәй ра лар дың 

жүлдесін қанжығасына бай лаған Серік 

ақын бұл жолы тіпті кө сіле түсіпті. Көр-

кіне әлем жұрты там санып отырған ел-

ор дамыздың  бо л мыс-бітімін  жыр  ті-

лімен әдемі ай шықтапты:



«Жиегі жасыл құрақ, жас қарағай,

Әлемде қала бар ма Астанадай.

Жүргінші көшедегі біз түгілі,

Қарайды тебіреніп тастағы Абай», 

– деп тұғырда тұрған тұлғалардың өзіне 

жан бітіргендей әсер қалдырады.

Екінші бір жан сүйсінткен шығар ма-

лар арынды ақын Бауыржан Жақыптың 

«Ас танамен сырласу» өлеңдер топта ма-

сы мен бізге бейтаныс автор, таяуда 

Қарақалпақстаннан көшіп келген қан-

дасымыз Махсет Алсейтовтың «Астана 

жыр лары» болды. Қазақ жырының тар-

ланбозы, ардагер ақынымыз Кәкімбек 

Са лықов та мүшәйра күткен биіктен кө-

ріне білді. Ақын ағамыз Астана тойына 

ар нап тұтас бір кітап жазып бітіріпті. Сол 

ең бегінен бәйгеге таңдап ұсынған бір 

топ өлеңі Астана ажарын жарқырата аш-

қандығымен көңілден шықты. Сондай-

ақ талантты ақын қызымыз Сәуле Дос-

жа 

нова да Астана тақырыбын әдемі 



игере біліпті.

Сонымен, қазылар алқасы ақылдаса 

ке ле, бас бәйгені (жеңіл автокөлік) Серік 

Тұр ғынбековтың  «Астана – Дастан» 

өлеңдер топтамасына беруді жөн көрді.

Бірінші орынды «Астанамен сыр-

ласу» өлеңдерімен оза шапқан Ба уыр-

жан Жақып қанжығасына байлады.

Екі екінші жүлдені «Мерейтойың құт-

ты болсын, Астана!» және «Астана 

суреттері» өлеңдер топтамалары үшін 

Кәкімбек Салықов пен Сәуле Досжанова 

еншіледі.

Үшінші үш сыйлыққа Махсет Алсе й-

тов, Жанат Әскербекқызы, Ерлан Жүніс 

ла йық деп табылды.

Сондай-ақ ынталандыру сыйлық-

тарын Толыбай Абылаев, Мағиза Құна-

пия қызы, Ауыт Мұқибек, Роза Сейілхан, 

Қайрат Сабырбай иеленді.

Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 

2013 жылы 1 шілде күні Астана қаласы 

Конгресс-Холл сарайында өтеді.

С.САБЫРБЕКОВ,

қазылар алқасының 

жауапты хатшысы

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің аталған қос 

шы ғармасы – өзіндік бағасын әлдеқашан 

ал ған айтулы шығармалар. Ал ағылшын 

ті лінде жарық көрген антологияға Ғ.Мү-

сірепов бастаған М.Мағауин, Ә.Ке кілбаев, 

О.Бө кей, Т. Әб діков, Р.Сейсенбаев сынды 

жа зушылардың әңгімелері мен М.Ма қа-

таев, О.Сүлейменов, Ф.Оң 

ғар 


сынова, 

Иран-Ға 


йып, Ж.Әбдірашев сынды бір-

қатар ақындардың өлеңдері енген. Бұл ан-

тология – Мұхтар Әуезов атындағы Әде-

биет және өнер институты мен Колумбия 

уни 

верситеті қызметкерлерінің бірлесе 



ат қарған еңбектерінің жемісі. АҚШ-та жа-

рық көрген антологияның құ рас ты рушысы 

– Рафиз Абазов. Туындыларды ағыл шын 

тіліне Сергей Лев шин мен Илья Бернштейн 

аударған.

 Бұл кітаптардың әрқайсысы – қазақ 

әде биетінің мерейін үстем ететін құнды дү-

Қазақ зиялылары қандай кітап оқығысы келеді?

Қазақ ән өнері шеберлерінің бірі Қаламқас Орашева жайында білгім келеді.

Әйгерім МҰСАҚЫЗЫ, Батыс Қазақстан облысы

Қаламқас Орашева 1953 жылы Орал 

облысы Ақжайық өңірінде дүниеге келген. 

Жас тайынан батырлар жырын жатқа айт-

қан. Сегізінші сыныпқа дейін өзінің туған 

ауы лы Алғабаста, одан кейін Орал қа ла-

сындағы мектеп-интернатта оқыған. 1972 

жылы мектеп бітіріп, Алматыдағы эстрада-

цирк студиясына оқуға түскен. Жүсіпбек 

Еле беков пен Ғарифолла Құрманғалиевтің 

сы 

ны 


бында тәлім алған. Қос тұлғаның 

сүйікті шә кірт терінің бірі болған. Әсіресе 

Ғ.Құрманғалиев әншінің та лан тын жоғары 

ба ға лаған.

«Қазақконцерт» бірлестігінде, Қазақтың 

мем лекеттік Құрманғазы атындағы халық 

аспаптар оркестрінде, Алматы облыстық 

Сүйінбай атындағы филармонияда қызмет 

атқарған. Түркия, Италия, Франция, Вьет-

нам, Үндістан мемлекеттерінде гас троль дік 

сапарларда болған. Нұрпейіс Байғаниннің 

«Нарқыз» поэмасын орындау арқылы ел 

ара сында Нарқыз атанып кеткен. Өнер әле-

мінен өзіндік орнын алған Қаламқас Ора-

ше ва бар болғаны 35 жасында дү ние ден 

оз ған. Айтулы өнер иесінің туғанына биыл 

60 жыл толды.

Ақмола облысы әкімінің назарына! 

Бурабай ауданы әкімінің, сондай-ақ Бурабайдағы хайуанаттар бағы әкімшілігінің назарына!

Астана

ниелер. Егер осы игілікті іс жалғасын 

тауып, аударылған шығармалар кең тара-

лым мен жарық көрсе, қазыналы қазақ 

әдебиетін әлемге танытуда айтарлықтай 

жемісті болатын еді.  Аударма жанрының 

әдебиеттегі алатын орны ерекше. Ұлттық 

мақтаныштарымызды әлемге танытуда да, 

әлемнің жауһарларымен әдебиетімізді 

толықтыруда да аударманың жүгі ауыр. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На зар-

баев «Қазақстан–2050» стратегиясы – қа-

лыптасқан мемлекеттің жаңа саяси ба-

ғыты» атты Жолдауында жастарға қызықты 

бо латын 100 заманауи кітапты ана тілімізге 

аудару идеясын көтерген болатын. Бұл 

идея жастар арасында қызу талқылануда. 

Елбасының бастамасы аяқсыз қалмайтыны 

анық. Уақыты келгенде таңдалған 100 кі-

тап жарық көреді. Мемлекет тарапынан 

жа салатын осы мүмкіндікті біз лайықты 

пай 


далануға тиіспіз. Былай қарағанда, 

100 деген цифр көп сияқты көрінуі мүмкін. 

Бірақ әлемдік жауһарлардың мыңдап 

саналатынын ойласақ, бұл соншалықты 

көп емес. Және бұл бір ғана әдебиетке қа-

тысты емес. Бұл жүздікке құқық, саясат, 

эко номика, психология, философия дейсіз 

бе, кез келген саладағы құнды кітаптар 

кіреді. Сондықтан жақсы дүниелерді емес, 

аса керемет дүниелерді таңдауға ту 

ра 

келеді. Біз осы  орайда әріптестерімізге 



100 кітаптың ішінен қандай шығармаларды 

көргіңіз келеді деп сауал қойған едік.



Айдос ЖҰҚАНҰЛЫ, журналист: 

– Саяси ғы лымда Хантимсонның «Өр-

ке   ниеттің  ада суы»,  Николо  Макия  Велидің 

(Ита лия) «Государь», Мартин Лютер Кинг-

тің, Макс Вебердің,  Жан Жак Руссоның 

әй гілі  шы ғар маларын,  Ремарктың  «Триум-

фаль ная арка», «Судьба человека» ро ман-

да рын атар едім. Негізі, Гандиді аудару 

керек қой. Сол сияқты Нелсон Манде ла-

ның өмірбаяндары туралы кітаптарды мін-

детті түрде тәржімалау керек. Жа пон дар да 

да көп теген дүниелер бар. Ал орыс тар ды 

Абай дан бастап аударып келеміз ғой».

Бейбіт САРЫБАЙ

Мақпал ЖҰМАБАЙ, ақын: 

– Жеке өзімді қы зықтыратын – мына 

фе  но мен:  дүниежүзі  жабылып  оқыған, 

мил  лион даған  тара лым мен  тараған  кітап-

тар  дың сыры неде? Соның бірі – орыс ті-

ліне тәр  жімаланған «Голодные игры» фан-

тас  ти  калық  три ло гия сы.  Авторы  –  Сьюзен 

Кол   линз.  Адам зат тың  болашағы  қандай 

бо 

л 

 

уы мүмкін? Жазушы өз жорамалын 

ұсы  нады. Жаның түршігеді әрі ойға ба та-

сың. Әрине, бұл – әдеби классика емес. 

Бі рақ мұндай шығармаларды аудару ар-

қы лы,  меніңше,  заманауи  жас өс пі рім дер-

дің кітапқа деген құлшынысын оятуға бо-

ла ды».

Қазыбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

ақын, журналист: 

– Меніңше, 100 кітапқа әдеби шығар-

ма ларды емес, әлеуметтік маңызы бар ғы-

лы ми-танымдық кітаптарды көбірек қосу 

ке рек. Мемлекеттің қолдауымен ауда ры-

лып қал сын. Соңғы шыққандарын, әсіресе 

Ка  рен Армстронгтың «Мухаммад» (с.ғ.с.), 

«Ис лам», «История бога» кітаптары, «Ис-

то рия бога. Тысячелетние искания в иу-

даиз ме, христианстве и исламе» кі тап та-

рын атар едім. Өте өзекті тақырып қой.

Жарас КЕМЕЛЖАН, 

журналист: 

– Бізде әлемдік әдебиет жауһарлары-

нан бірқатар аудармалар бар. Қытай әдебиеті 

де – іргелі әдебиет. Мен осы тұрғыда Лу Шүн, 

Ли Бәй, Дұң Фу, Мо Янь, Әкбар Мәжит (қы-

тай тілінде жазатын қазақ жазушысы), Сыма 

Цянь, Сұн Зы, Ба Цзинь сынды қытай қалам-

гер лерінің шығармаларының аударылғанын 

қалар едім». 

Ысқақ ЕГЕМБЕРДИЕВ, 

журналист:  

– Ф. Достоевский, А.Камю, Ф.Каф ка,  

Эрнест Хэмингуэйдің айтулы шы ғар ма ла-

рын аудару керек. Және Әзір бай жан жа зу-

шы сы Анардың таңдамалысын қосуға бо-

лады.

Аударма жанры кеңес өкіметінің тұсында 

жақ сы қолға алынған. Сол кезде әлем әде-

бие тінің айтулы шығармалары ана тілімізге 

бір шама аударылды. Тәуелсіздік алғаннан 

ке 


йінгі кезеңде «Мәдени мұра» бағ 

дар-


ламасы аясында да біршама дүниелер тәр-

жімаланды. Енді, міне, тікелей Елбасының 

қол дауымен қолға алынғалы отыр. Әлемдік 

дең гейдегі құнды дүниелермен қазақ жас-

тары да таныс болуы керек. Бұл бүгінгі ұр-

пақты кемелдендіру, білімін жетілдіру жо-

лын да сауапты іс болмақ. Жақсы бастаманы 

ойдағыдай аяқтау – үлкен сын. Осы жолда 

атқарылмақ шаруа берекелі болғай. Өйткені 

бұл – біздің әлеммен рухани байланысқа 

түсетін үлкен мүмкіндігіміз.

Соңғы уақыттарда мәдени 

өмі  рімізде әдеби аудармаға 

қа   тысты  бір қатар  жағымды  жа-

ңалықтар болды. Соның бірі – 

классик  жа зу шы мыз  Әбдіжәміл 

Нұрпейісовтің «Қан мен тер» ж

әне «Соңғы па рыз» ро ман дары  

Исламбек  Сал  жа нов  басқаратын 

ха лық аралық «Алтын қыран» 

қа йырымдылық  қорының 

де  меушілігімен,  Нью-Йорктің 

«Ли   берти»  бас пасынан  жарық 

көр  ді. Бұдан бірер уа қыт бұрын 

қа зақ әдебиетінің ан то  логиясы 

The Stories of the Great Steppe. 

The Anthology of Modern Ka zakh 

Li terature де ген атпен АҚШ-та 

жарыққа шық қан. Бұл игілікті 

іске  Сыртқы іс  тер ми нистрі Ер-

лан Ыдырысов ті келей қол дау 

біл дірген.

www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

y

y

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№108 (1019)

              



26.06.2013 жыл, 

сәрсенбі


ШЕ

ШІ

М



Туристік кешен Семейдегі 

А

А

б

б

а

а

й

й

 

м

м

ұ

ұ

р

р

а

а

ж

ж

а

а

йының 

қарамағына беріледі

Бұған дейін басы даудан 

арылмаған туристік кешен 

ақыры Абайдың Семейдегі 

мемлекеттік әд

д

еб

еб

и-

и-

мемориалдық 

қ

мұ

мұ

ра

ра

жа

жайы

йы

ны

ны

ң 

ң

қарамағына өтетін болды. Бұл 

туралы аталған әдеби-

мемориалдық мұражайдың 

директоры Жандос Әубәкір

мәлімдеді.

Ай

Ай



та

та к


ет

ет

ей



ей

ік

ік



,

,

бұ



бұл

л

ке



ке

шен осыдан төрт 

жыл 

б

бұрын Аб



Аб й

ай ауданындағы Абай мен 

Шә кәрім тарихи мемориалдық кешені ау-

мағында бой көтеріп, құжаттардың дұрыс 

рәсімделмеуіне байланысты құрылыс 

жұмыстары тоқтап қалған болатын. 

– Бұл мәселе 2008 жылдан бері са ғыз-

ша созылып келеді. Қ

Қ

аз

аз



ір

р

гі



г

у

у



ақ

ақ

ыт



ыт

та

т



м

м

ә-



ә-

селенің түйіні тарқа

ды

ды

д



деп

еп

а



а

йт

йтуғ



уғ

а

а



бо

бо

ла



а

ды

ды



Бұған дейін бірнеше  рет сот процестері 

жүр 

ді. Нәтижесінде туристік кешенді 



салған компания құрылыс жұмыстарын 

толық аяқтайтын болып келісілді. Одан 

ке

к

йін аудан билігі нысанды қабылдайды. 



Бұ

Бұ

л



л жұ

жұ

мы



мыст

ст

ар



ар

с

с



әт

әт

ті



ті ж

жүз


ү

еге асса, кешен 

бі

бі

зд



і

ің мұражай

й

дың қарамағына өтеді. Ол 



жерде қонақүй бола ма, экспозициялық 

зал бола ма, ол жағын өзіміз қарастыратын 



боламыз, – дейді Жандос Әубәкір. 

Азамат ҚАСЫМ,

Өс

Өс

ке

ке

ме

ме

н

н

Жоғарыда айтылған тақтайшалардағы масқара қателерді біз әр қазақтың 

з

з

ам

ам

ат

ат

ты

ты

қ 

қ 

на

на

мы

мы

сы

сы

н,

н

ұ

ұ

лттық ұжданын мазақт

ау

ау д

д

еп

п

қ

қ

аб

аб

ыл

ыл

да

да

йм

ймыз

ыз





Со

Со

нд

н

ық

ы

тан 

г

г

ер

ер б

б

ір

ір

а

ай

й ме

ме

рз

рз

ім

ім

і

і

ші

ші

нд

нд

е түзетілмесе және ред

д

ак

ак

ци

цияғ

яғ

а 

а

Бу

Бу

ра

ра

ба

ба

йғ

йғ

а

а

ке

ке

лу

луші

ші

ле

ле

рден 

ешірім  сұраған  ресми жауабы  берілмесе, тиісті органдарға шағымдану 

ұқығымызды іске асыруға мәжбүрміз. 

РЕДАКЦИЯДАН

ылған тақтайшалардағы масқара қателерді біз әр қазақтың

а

аз

ег

ег

ке

құ

А

Астана күніне ор

й

ай әртүрлі концерттердің өтетінін 

бі

біле

і

міз.

О

Одан бө

б

лек, мектеп оқушыларына 

лайық қандай шаралар ұйымдастырылады?


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 9.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет