Налған, әр шатыршада 8 10 гүлден бар күлтесі ақ шыл сары түсті. тұқымынан көбейеді. мамыр мау



жүктеу 0.58 Mb.
Pdf просмотр
бет7/7
Дата25.05.2017
өлшемі0.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Еуропа

лы, Сілетітеңіз, теке, үлкен қараой, шағалалы. е. д-

ның  сұр,  қара,  қызғылт  қоңыр  сортаң  топырағында 

көктеректі-қайыңды  және  қайыңды  ормандар  мен 

бұталы қалың тоғайлар өседі. олар даланың 40%-ын 

құрайды.  тоғайлар  арасын  астық  тұқымдас  әр  түрлі 

шөптер өсетін шалғынды дала алып жатыр. дала қа-

зіргі  уақытта  түгелдей  дерлік  жыртылып,  егістікке 

айналған. 

ЕСІЛ ЖАЗЫҒЫ – торғай үстірті мен көкшетау қы-

ратының солт-ндегі жазық. тобыл мен есіл өзендері 

аралығында  жатыр.  ол  оңт-тен  (абс.  биікт.  200  м) 

солт-ке  қарай  (150  м)  еңістеу  келген.  жер  қыртысы 

палеоген, неоген, антропоген кезеңдерінің саз, құмтас, 

құм, құмайтты шөгінділерінен тұрады. жер бедерінде 

биікт. 5 – 8 м, ұз. 2 – 4 км атжалдар, үлкенді-кішілі 

қазаншұңқырлар  кездеседі.  жазықтан  ағып  өтетін 

тобыл,  обаған,  есіл  өзендерінің  аңғарлары  кең  әрі 

терең  келген,  жайылмаларында  бірнеше  террасалық 

деңгейлер байқалады.

ЕСІЛ-НҰРА  ҰСАҚ  ШОҚЫЛЫ  АЙМАҒЫ,  ланд- 

шафтық аймақ. Сарыарқа құрамындағы қарағанды –  

шыңғыстау  провинциясына  кіреді.  қарағанды  обл-

ның  батыс  бөлігін  шерубайнұра  өз-нің  Нұра  өз-не 

құяр сағасынан батысқа қарай, яғни Нұра өз-нің төм. 

ағысын, құланөтпес, терісаққан өзендерінің аралығын 

алып жатыр. батыстан шығысқа қарай торғай ойпаты-

нан ерейментауға дейін созылып жатқан денудациялық 

ұсақ  шоқылы  және  делювийлі-пролювийлі  жазық 

теңіз  ойысының  орт.  бөлігіне  қарай  ойысады,  оған 

оңт-нде  Сарысу  –  теңіз  суайрығының  адырлы  аласа 

жондары (көкшетау, желадыр, көгіл, Саржал, Найза, 

Ақшоқы,  мұзбел)  тіреледі.  ландшафтық  аймақтың 

көп бөлігін алып жатқан теңіз ойысы түрлі түсті саз-

дауыт мүжілген түп жыныстар мен аллювийлі-делю-

вийлі  сарғыш  қоңыр  жұқа  жыныстарынан  құралған. 

Аймақтың  ойпаң  келген  орт.  бөлігіне  кайнозойлық 

континенттік  шөгінділер  жиналған.  климаты  тым 

континенттік.  қаңтардың  орташа  темп-расы  –16  – 

17°С, шілдеде 20 – 22°С. жауын-шашынның жылдық 

мөлш.  300  –  350  мм.  Нұра,  құланөтпес,  терісаққан 

өзендеріне бөгет салынған. өзендерінің сулары егіс-

тік жерді суландыруға пайдаланылады. тұзды келетін 

теңіз,  қыпшақ,  керей,  қияқты,  Ащысор,  тассуат, 

жошқалы,  т.б.  көлдері  мал  суаруға  пайдаланылады. 

жері қызғылт қоңыр, кәдімгі қызыл саздауыт карбо-

натты, қиыршықтасты қызғылт қоңыр топырақты ке-

леді. далаға тән өсімдік өседі. ландшафттық аймақтың 

солт.-батысындағы  жазық  далалы  бөлігі  жыртылған. 

Нұра,  құланөтпес,  терісаққан  өзендерінің  жайылма-

лары  және  көл  қазаншұңқырларының  су  жиналатын 

алабы  шабындыққа,  қалған  жері  мал  жайылымына 

пайдаланылады.

ЕСІЛ СУ ҚҰБЫРЫ, есіл өз-нің алабында, Солт. қа- 

зақстан  және  қостанай  облыстары  жерінде.  1967  ж. 

іске  қосылған.  жалпы  ұз.  1740  км.  елді  мекендерді 

ауыз сумен қамтамасыз ету және жайылымды сулан-

дыру  үшін  салынған.  Сергеев  бөгенінен  басталады. 

бастаулық  қондырғыдан  құбырға  секундына  50  м

3

 

су  өтеді.  орташа  тәуліктік  өнімд.  60  мың  м



3

.  оның 


60  –  70%-ын  тұтынушылар  пайдаланады,  қалғаны 

құбырларды жууға, тазалау ст-ларына жұмсалады және 

ағып кетеді. құбыр бір-бірімен технол. байланыстағы 

әр түрлі құрылыстардан тұрады. жүйеге су 2 сатылы су 

сорғы және 3 су тазалау ст-ның күшімен таратылады. 

құбыр арқылы 206 елді мекенге ауыз су жеткізіледі, 

2,4 млн. га жайылымдық жер суландырылады. 

ЕСІЛ ТЕРРАСАСЫ – есіл аңғарын бойлай көлбеу-

леніп немесе сәл ылдиланып баспалдақ тәрізді келген 

беткей.  әрбір  өзен  террасасы  эволюция  барысында 

сақталған  бұрынғы  жайылманың  бөлігі.  террасалар 

тектоник. көтерілу немесе төмендеу, климаттың өзге-

руі немесе т.б. себептермен пайда болды. қазақстан-

ның Солт. қазақстан шегінде есіл өз-нде төрт жайыл-

малы террасасын байқауға болады. біріншісі – акку-

мулятты жас терраса. ол өзеннің су деңгейінен 10 –  

12  м  жоғарыда  орналасқан;  екіншісінің  құрылымы 

да  аллювийлі,  бірақ  кейбір  жерлерінде  түпкі  жыныс 

жер бетін 18 – 20 м-дей алып жатыр; үшіншісіне ең 

ежелгі шоқтықты терраса жатады. оның ең жоғ. бетін 

аллювийлі жұқа қабат алып жатыр; ол су деңгейінен 

28  –  40  м  жоғарыда,  төртінші  террасасы  көкшетау 

қыратында.



ЕСІНЕК  (Antіrrhіnum)  –  сабынкөктер  тұқымдасына 

жататын  бір  немесе  көп  жылдық  шөптесін  өсімдік-

тер туысы; кейде бұта түрі де кездеседі. қазақстанда 

бау-бақшаларда арамшөп ретінде өсетін 1 түрі – і р і 

е. (А. majus) бар. биікт. 30 – 70 см. Сабағы бұтақтал-

ған,  жапырақтары  ұзынша  немесе  қандауыр  тәрізді, 

жоғарылаған сайын ұсақтала береді. Гүлшоғыры ша-

шақ пішінді. маусым – қазан айларында гүлдеп, же-

містенеді. жемісі – қорапша, тұқымы ұсақ. е-ті сәндік 

өсімдік ретінде қолдан өсіреді.



ЕУРОПА  ҚАРА  КҮЗЕНІ  (Mustela  lutreola)  –  сусар 

тұқымдасына жататын мамық терілі аң. қазақстанда 

1920 – 30 ж. батыс қазақстан, Ақтөбе облыстарының 

жайық,  елек,  қарғалы,  жаман  қарғалы  өзендерінің 

жағасында  мекендеген.  Соңғы  рет  1938  ж.  е.  қ.  к-

нің  біреуін  ырғыз  өз-нің,  екіншісін  Солт.  қазақстан 

обл-ндағы  шағалалы  өз-нің  бойынан  ұстаған.  бұдан 

басқа  қазақстанда  таралуы  жөнінде  ешқандай  де-

рек жоқ. е. қ. к-нің дене тұрқы 36 – 42 см, салм. 1,1 

кг-дай. басы жалпақ, денесі ұзынша келген, аяқтары 

қысқа. башпайларының арасы жүзу жарғағымен жал-

ғасқан. жүні біркелкі үлпілдек, қара қоңыр, қызғылт 

қоңыр түстес. Алқымында, астыңғы және үстіңгі ерін-

дері мен төсінде ақ дағы болады. өзенде, ағын суда, 

бөгендерде  мекендеп,  інін  (тереңд.  1,5  м-дей)  су  ас-

тына қазады. балық, ұсақ кемірушілер, жәндіктермен 

қоректенеді. жыныстық жағынан бір жаста жетіледі. 

Ақпан – наурыз айларында ұйығады да, 42 – 75 күн-

есіл жазығы


200

Еуропа

нен кейін балалайды (3 – 7, сирек 10). күзге қарай інін 

тастап, өз бетінше тіршілік етеді. е. қ. к. – терісі өте 

бағалы аң. қазіргі кезде өте сирек кездесетін аң бол-

ғандықтан  қорғауға  алынып,  қазақстанның  «қызыл 

кітабына» енгізілген.



ЕУРОПА ОРМАНШӨБІ (Sanіcula europaea) – шатыр-

шагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөп-

тесін өсімдік. қазақстанда Алтайдағы үбе қыратында 

кездеседі. биікт. 40 – 80 см, сабағы жіңішке, түзу өседі. 

жапырақтары  ұзын  сағақты  тамыр  түбінен  шығады. 

жапырақ табақшалары жүрек немесе бүйрек пішінді, 

3 – 5 бөлікке бөлінген, шеті тісті. ең жоғ. жапырағы 

отырыңқы. Гүлдері сабақ ұшында домалақ шатырша 

гүлшоғырына  топталған.  тұқымынан  көбейеді.  ма-

мыр – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте 

жемістенеді. жемісі домалақ, тікенді. е. о. өте сирек 

кездесетін  реликт  өсімдік,  сондықтан  қорғауға  алы-

нып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген.

ЕШКІ – мүйіз қуыстылар тұқымдасына жататын аша 

тұяқты,  күйіс  қайыратын  жануар.  үй  е-лерінің  бас-

тапқы тегіне е-лердің жабайы 2 түрі (безоар және иір 

мүйізді  е-лер),  сондай-ақ  жойылып  кеткен  C.  prіsca 

түрі  жатады.  е  –  қолға  алғаш  үйретілген  жануар-

лардың  бірі.  е-нің  мүйізі  қырлы,  дене  бітімі  жеңіл, 

құйрығы  қысқа  келеді.  оның  түбіті,  жүні,  терісі,  еті 

мен сүті пайдаланылады. е-нің сүтті (мергель, заане, 

орыс е-лері), жүндес (ангор е.), түбітті (придон, орын-

бор, башқұрт е-лері), сүтті-етті жүндес (өзбек, қазақ-

қырғыз, кавказ, бурят-моңғол е-лері) тұқымдары бар. 

е. 9 – 10 жыл тіршілік етеді. 5 – 8 айында жыныстық 

жағынан жетіледі. е-нің буаздық мерзімі 5 ай; 1 – 2, 

кейде 5-еуден лақтайды. жақсылап күтсе жылына екі 

рет төлдейді. текесі 60 – 65 кг-ға дейін, ешкісі 40 – 60 

кг-ға  дейін  тартады.  жемдеген  е-ден  20  –  28  кг  ет, 

4 – 6 кг май, 7 – 10 айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май 

алынады. Сүтті е-лер жылына 450 – 550 кг, кейбір ша-

руашылықтарда  1000  кг-ға  дейін  сүт  береді. Сүтінің 

майл. 3,8 – 4,5%. жүндес тұқымды е. қылшығының ұз. 

15 – 18 см болады. е-лерді көктемде, жылы аудандар-

да екінші рет тамыз – қыркүйек айларында қырқады. 

текесінен  4  –  6  кг,  е-сінен  3  –  5  кг  жүн  алынады. 

түбітінің жіңішкелігі 15 – 20 мкм болады. түбітті е-

ден 0,2 – 0,5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. е. терісінен 

сафиян, шевро сияқты бағалы былғары алынады.



ЕШКІҚЫРҒАН,  и т қ ы р ғ а н   –  жайық  алабын-

дағы өзен. Ақтөбе обл. қобда ауд. жерінде. Ұз. 66 км. 

шаңғырау тауынан басталып, қоғалы а-ның тұсында 

қобда өз-не құяды. жағалауы жазық, арнасы құмайт, 

тастақ.  жауын-шашын,  жер  асты  суларымен  толы-

ғады.  көктемде  тасиды,  жазда  қарасуларға  бөлініп 

қалады.  қарашаның  басында  суы  қатып,  наурыздың 

аяғында мұзы ериді. өзенді қобда ауд-ның шаруашы-

лықтары пайдаланады. 

ЕШКІӨЛМЕС, к ү р е ң б е л , қ о р ы м б е л  – Ал-

маты обл. Ақсу ауд-ндағы жота. Абс. биікт. 1672 м.  

батысында  Ақешкі,  шығысында  қопалы  (қапал) 

өзендері жатыр. ендік бағытта 35 км-ге созылған жо-

таның солт. беткейлері тіктеу, оңт. жайпақ келген. ол 

сай-жыралармен  тілімденген.  баурайынан  Ақешкі, 

қопалы, қызылағаш, Сарыбұлақ, т.б. өзендер бастау 

алады. Суы шипалы бұлақтар жиі кездеседі. беткей-

лері  мен  шатқалдарында  терек,  тал,  жеміс  ағаштары 

аралас  астық  тұқымдас  шөптесіндер  өскен.  етегінде 

далаға тән өсімдіктер өседі. е. баурайында тамбала, 

ақын Сара, көшкентал, Ақешкі, қапал, оңт. етегінде 

қоңыр,  т.б.  елді  мекендер  орналасқан.  шығысында 

қорымбел қонысы баянжүрек тауына дейін созылып 

жатыр.  е.  туралы  ш.уәлиханов  «бүкіл  орта  Азияда 

бұған теңдес жер жоқ» деген. осы жотаның баурайын-

дағы  «тоғызқұмалақ»  мекенінде  1895  ж.  біржан  сал 

мен ақын Сара тастамбекқызының айтысы өткен.



ЕШКІӨЛМЕС – Алматы обл. Сарқант ауд-ндағы тау. 

Абс. биікт. 1510 м. тау жетісу Алатауының солт. сі-

лемі бойымен 22 км-ге созылып жатыр, енді жері 10 

км-ге  жуық.  е-тің  оңт-мен  ағып  өтетін  Ағынықатты 

және  шығысындағы  лепсі  өзендері  беткейлері  тік 

шатқалды,  жартасты  келген.  Солт.,  солт.-батысы 

бөктерленіп қарғалы, қойлық, черкасское а-дары тұ-

сында жазыққа ұласады. беткейлері сай-жыралармен 

қатты  тілімденген.  онда  қайың,  терек  аралас  алма, 

долана,  т.б.  жеміс  ағаштары,  етегінде  шалғынды  ас-

тық тұқымдас шөптесіндер өскен. батысымен теректі, 

шығысымен лепсі өзендері ағып өтеді.



ЕШКІӨЛМЕС  –  Сарыарқаның  орт.  бөлігіндегі  тау. 

қарағанды обл. шет ауд. босаға а-нан батысқа қарай 

10  км  жерде  орналасқан.  Солт.-батыстан  оңт.-шы-

ғысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 3 – 4 км. ең 

биік жері 1133 м. беткейі  жайпақ, тегістелген бірнеше 

ұсақ  шоқылардан  тұрады.  девон  жүйесінің  тау  жы-

ныстарынан түзілген. қоңыр топырақ жамылғысында 

жусан, боз, бетеге, бұталар өседі. бұлаққа бай. жазғы 

жайылымға пайдаланылады, мал қыстаулары бар. 

ЕШКІТАУ – жалпы Сырттың оңт-ндегі үстіртті қы- 

рат. батыс қазақстан обл-ның тасқала ауд-нда. Абс. 

биікт. 259 м. қыраттың беті жонды келген, оңт. бет-

кейі  тік  жарқабақты,  сай-жыралармен  тілімденген. 

бор, мергельді шөгінділері жапқан палеогеннің құмды 

саздақтарынан түзілген. таудан дерқұл өз. бастау ала-

ды.  беткейінің  қызғылт  қоңыр  топырағында  бетеге, 

боз, жусан өседі. баурайы мал жайылымына пайдала-

нылады.

ЕШКІТАУ  –  қостанай  обл.  Арқалық  қалалық  әкім- 

дігіне қарасты аумақта орналасқан тау. Аққошқар а-

ның  оңт-нде  15  км  жерде.  терісаққан  өз.  алабында. 

Абс. биікт. 373 м. Архей және протерозойдың күшті 

метаморфтанған  және  дислокацияға  ұшыраған  жы-

ныстарынан түзілген. қиыршықтасты қызғылт қоңыр 

топырақты  өңірінде,  дала  өсімдіктері  жусан,  бетеге, 

бұта, қарақат, қайың, терек өседі. баурайы мал жайы-

лымына пайдаланылады.

ешкітау тауы




жүктеу 0.58 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет