Есен
жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, сарышұнақ, суыр,
қосаяқ, елік; құстардан қаз, үйрек, аққу, тырна, қыз-
ғыш, шағала; орманды жерлерде бүркіт, кезқұйрық,
күйкентай және т.б. мекендейді. е. ж-н астық, көкөніс,
көп жылдық мал азықтық шөптер және мал өсіруге
пайдаланылады. Алқабында павлодар обл-ның көп-
теген қалалары, кенттері мен ауылдық елді мекендері
орналасқан.
ЕРТІС-ҚАРАҒАНДЫ КАНАЛЫ, павлодар және
қарағанды облыстары жерімен ағып өтеді. қазақстан-
дағы аса ірі су құрылыстарының бірі. ертіс өз-нің су
қорына негізделіп салынған. құрылысы 1962 ж. бас-
талып, 1974 ж. канал іске қосылды. ертіс өз-нің сол
жағасындағы Ақсу қ. тұсынан басталып, қарағанды
қ-на таяп аяқталады. жалпы ұз. 458 км. оның 272 км-і
павлодар обл., 186 км-і қарағанды обл. жерінде. Ар-
насының беткі ені 40 м, табан ені 4 м, тереңд. 5 – 7 м.
канал бойындағы 22 су көтергіш ст-лары суды 420 м
биіктікке көтереді. канал бойында, сондай-ақ 11 су
торабы, 2 бөген, 17 көпір және автомоб. жолы салын-
ған. канал секундына 13 – 75 м
3
су өткізеді. жылдық
су өткізетін көл. 2,5 млрд./м
3
, оның 0,94 млрд./м
3
-і
павлодар обл-на, 0,35 млрд./м
3
-і Ақмола обл-на, 1,21
млрд./м
3
суы қарағанды обл-на таратылады. Су ертіс
жазығымен батысқа қарай 4 су көтергіш ст. арқылы
жіберіледі. қалқаман көлі тұсында павлодар – Астана
темір жолын кесіп, Сарыарқаның шоқылары арасымен
ағып өтіп (175 км) шідерті өз-не жетеді. бұл аралықта
6 су көтергіш ст-лары суды 100 м биіктікке көтереді.
осы тұста шідертінің арнасы 200 км бойы бөгендер
мен тоғандар тізбегіне айналды. ондағы су көтергіш
ст-лардың әрқайсысы суды төм. бөгеннен жоғ. бөгенге
айдап, шідерті өз-н кері ағызды. Су тағы да 200 м-дей
биіктікке көтеріледі. одан әрі канал шідертінің сол
жағасын бойлап, Нұра мен шідерті өз-нің суайрығын
кесіп өтеді. бұдан кейін е.-қ. к-ның 80 км бөлігіндегі 6
су көтергіш ст-лар суды 110 м биіктікке көтереді. Нұра
аңғарына шығатын жерде еңіс басталады. бұл тұста су
тұзды бөгеніне жіберіледі. одан әрі Нұраның асты-
нан салынған құбырлармен ағып өтіп, қарағандыға
таяу жерде аяқталады. осы жерде салынған су та-
зарту ст-нда сүзілген су құбыры арқылы қарағанды
қ-на жеткізіледі. канал бойында 100-ден астам түрлі
гидротех. құрылыстар бар. Су көтергіш ст-лардың
әрбіреуінің биікт. 30 м, диам. 18 м-ге жетеді. темір-
бетон құбырлар арқылы секундына 20 м
3
су тартатын
сорғылар қуаты 500 кВт электр қозғалтқыштары ар-
қылы жұмыс істейді. топырақтан 14 бөгет жасалып,
онда бірнеше бөген салынған. олардың жалпы аум. 150
км
2
, сыйымд. 1 млрд./м
3
. канал арнасының көпшілік
бөлігі темір-бетонмен қапталған. ертіс суы Сарыарқа
өңірінің табиғи байлықтарын тиімді пайдалануға және
қарқынды игеруге (елді мекендерді ауыз сумен қам-
тамасыз ету, қара және түсті металлургия өнеркәсібін
тех. сумен жабдықтау, егістікті суғару және жайылым-
ды суландыру) зор мүмкіндік берді. каналдың жәйрем,
шет, Атасу, жезқазған агроөнеркәсіп тораптарын су-
мен қамтамасыз ететін 2-кезегі салынды. е.-қ. к-ның
жобасы акад. қ.Сәтбаевтың тікелей басшылығымен
жасалған.
ЕРШІН, к р и п т о к о д о н (Сryptocodon) – қоңы-
раугүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық
өсімдіктер туысы. қазақстанда қаратаудың тасты,
тастақты беткейлерінде, жартастарда өсетін 1 түрі –
д а р а б а с е. (С. monocephalus) бар. биікт. 10 – 15
см, тамыры жуан, оны қураған жапырақ сағақтары
басып жатады. Сабақтары көп, тік өседі, қалың жапы-
рақты. төм. жапырақтары сопақша (ұз. 7 см, ені 1,5
см) шеттері ұсақ тілімденген, сабақ бойындағылары
ұзын, отырыңқы болады. Гүлдері жапырақ қолтығы-
нан шығады, аса үлкен емес тығыз гүл басына жинақ-
талған. тостағанша жапырақтары эллипс тәрізді, ұзын
тіліктерге бөлінген. күлтесі түтікті-қоңырау пішінді,
ақшыл көк түсті. тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр
айларында гүлдеп, маусымда жемістенеді. жемісі
– эллипс тәрізді қорапша. дарабас е. өте сирек кез-
десетін қаратаудың реликт өсімдігі, таралу аймағы
жылдан-жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып,
қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген.
ЕСЕКТАРТҚАН – кетпен (Ұзынқара) жотасының
оңт.-батыс сілемі – қаратаудағы асу. Алматы обл. ра-
йымбек ауд-нда орналасқан. Абс. биікт. 2500 м. Аласа
асуларға жатады. жаз басында қар болмайды. е-ның
оңт. беткейі жалаңаш, терең жыралармен тілімденген.
Солт. беткейінде қылқан жапырақты орман өскен. жер-
гілікті халық асуды ертеден-ақ пайдаланған. е. арқылы
текес өз. аңғарының жоғ. жағынан тауаралық кеген
аңғарына, одан әрі Іле аңғарына қарай төте жол өтеді.
ЕСЕН – Нұра өз-нің сол саласы. қарағанды обл. Абай
және шет аудандары жерімен ағады. Ұз. 85 км, су жи-
налатын алабы 3430 км
2
. Арқалық тауының оңт.-батыс
сілемдерінен басталады да, есенгелді а. тұсында Нұра
өз-не құяды. қар және жер асты суларымен толығады.
жоғ. ағысында арнасы тар, тік жарлы, ал төм. жағында
ертіс-қарағанды каналы
есектартқан асуы
196
Есенаңқаты
біртіндеп кеңейе береді. көктемде 20 күндей тасиды,
жазда тартылып қалады. жылдық орташа су ағымы
0,12 м
3
/с. Суы кермек татиды, ащы. мал суаруға пай-
даланылады. жайылмасы – шабындық, жағасында тал
өседі.
ЕСЕНАҢҚАТЫ – жайық алабындағы өзен. ба-
тыс қазақстан обл. Сырым ауд. жерінде. Ұз. 130 км,
су жиналатын алабы 1860 км
2
. шыңғырлау өз-мен
қатарласа созылып жатқан биік жонның солт. жағы-
нан (160 – 190 м) басталады да шалқар көліне құяды.
жер асты және жауын-шашын суларымен толығады.
Арнасының ені 20 – 30 м, жағасы жайпақ. Салалары
жандыбұлақ, көпіраңқаты (ұз. 45 км), Аңқаты (29
км). жылдық орташа су ағымы 0,14 м
3
/с. егістік, ша-
бындық суғарылады.
ЕСЕНЖОЛ – Атырау обл. жылыой ауд. қарақұм құ-
мының солт.-шығысында 25 км жердегі сор. құлсары
қ-ның шығысында орналасқан. Сор теңіз деңгейінен
3 – 4 м төменде. Солт-тен оңт-ке қарай 22 км, енді жері
13 км-ге созылып жатыр. Сордың аумағы жер асты
суының көтерілуіне байланысты өзгеріп отырады.
Аймақ шаруашылықты жүргізуге жарамсыз.
ЕСКЕЛДІ БИ АУДАНЫ – Алматы обл-ндағы әкімш.
бөлініс. жер аум. 4,3 мың км
2
. тұрғыны 50,4 мың
адам, орташа тығызд. 1 км
2
-ге 11,7 адамнан келеді
(2010). Аудандағы 38 елді мекен 1 кенттік, 10 ауылдық
әкімш. округке біріктірілген. Аудан орт. – қарабұлақ
кенті. е. б. а-ның жері негізінен жетісу (жоңғар)
Алатауын екіге бөліп тұрған көксу депрессиясы мен
тауаралық ойыста орналасқан. Ауданның шығыс бөлі-
гі – басын мәңгі қар мен мұз басқан биік тау сілемдері-
нен тұрады, мұнда ауданның ең биік жері (4016 м) ор-
наласқан. батысы – көксу, қаратал өзендері аңғарын
қамтыған тегіс жазық. мұнда аласа таулар (дауылбай
тауы, 922 м) мен қыраттар (қызылжар, 932 м) кез-
деседі. Аудан аумағынан ағып өтетін қаратал өз-нің
қараой, шежі, шымбұлақ және көксу өзендерінің
құсақ, жаңғыз салалары биік таулардан бастау алады.
Ауданда аумағы кіші үшкөл және жасылкөл көлдері
бар. жер қойнауынан алтын, күміс (бурақой), қорға-
сын, мырыш (текелі, батыс текелі) кентастары өнді-
ріледі. мәрмәр, әктас кендері барланған. Ауданның
климаты континенттік. қысы суық, жазы ыстық әрі
қуаң (батысында). жазық өңірдегі қаңтардың орта-
ша темп-расы –8 – 11°С. шілденің орташа темп-расы
жазық жерінде 23°С-тан, таулы өңірде 18°С-қа дейін
өзгереді. жауын-шашынның жылдық орташа мөлш.
жазықта 250 – 350 мм, тауда 800 – 1000 мм. шөлейтті
дала белдеміне тән жазық бөлігінің топырағы сортаң,
құмдақ сұр және қоңыр келеді, таулы өңірінің топы-
рағы қоңыр, қызыл қоңыр, шалғынды қара. өсімдік-
терден жусан, сұлыбас, сүттіген, бетеге қызыл мия,
тал, шырғанақ, ырғай, долана, алма ағашы, қайың,
шырша, қарағай өседі. қасқыр, түлкі, қоян, аю, ба-
рыс, борсық, таутеке, арқар, марал, қырғауыл, кекілік,
сарышұнақ, аламан, т.б. мекендейді. таулы өңірінде
«жетісу аяқтыбалығы» мемл. қорықшасы (4,8 мың га)
орналасқан. Ауданда өнеркәсіп бағытында 6 кәсіпорын
жұмыс істейді. Ірісі – «Алматы қанты» жабық акцион.
қоғамы. е. б. а-ның а. ш-на жарамды жері 580,4 мың га
(2008). оның 53,2 мың га жері жыртылған, шабындық
16 мың га, жайылымдар 508,5 мың га жерді құрайды.
Аудан жерімен түрксіб т. ж. және Алматы – өскемен
автомоб. жолдары өтеді.
ЕСКЕНЕ МҰНАЙ КЕНІ, Атырау обл. Атырау қ-нан
солт.-шығысқа қарай 60 км жерде. кен орны 1932 ж.
ашылған. барлау жұмыстары 1932 – 52 ж. жүргізіліп,
1934 жылдан мұнай өндіріледі. тектоник. тұрғыдан
кен орны тұз күмбезді құрылымдармен ұштасқан.
өнімді қабаттары үш мұнайлы горизонтқа бөлінген:
апт (тереңд. 146 – 576 м), неоком (160) және пермь-
триас (255 – 517 м). мұнайлы қабаттардың қалыңд.
3,94 – 21,6 м. коллекторлардың ашық кеуектілігі 23 –
30%. мұнайдың алғашқы тәуліктік шығымы 1,4 –
296,3 м
3
, тығызд. 0,793 – 0,924 г/см
3
, күкірті (0,06 –
0,36%) мен парафині (0,4 – 1,01%) аз. Ілеспе газдың құ-
рамы: метан (59,6 – 75,6%), этан (6,7 – 13,6%), т.б. қа-
баттардағы су хлоркальцийлі, оның минералд. 234,6 –
320,1 г/л. кен орны өндірістік игерілуде.
ЕСКІДАРИЯЛЫҚ – Сырдарияның ежелгі арнасы.
қызылорда обл. жусанды жазығы мен жуанқұм құмын
көлденең кесіп өтіп, қуаңдариямен қосылады. Ұз. 130
км, енді жері 100 – 120 м-ге жетеді, тереңд. 1,5 – 2 м.
тұрақты су ағымы жоқ, тек көктемгі қардың еруімен
ғана толығады. құрғақ арнаның шалғынды құм топы-
рағында қамыс, қоға, ну өскен. жағалауында жусан-
ды-сораңды өсімдіктер, шөлдің сортаңдау және тақыр
топырағында қара сексеуіл шоғырлары кездеседі.
ЕСКІЖОЛ – Алматы обл. Алакөл ауд-ндағы асу. Абс.
биікт. 2411 м. Асу жетісу (жоңғар) Алатауының қиыр
солт-нде, Сарықора жотасының батысында орналас-
қан. батысында Ағашоба, шығысында Селке асулары
жатыр. қытай шекарасында жатқан е-дан салт атты
адам мамыр – қазан айлары аралығында өте алады.
ЕСКІ ШАЛҚАР – шалқар алабындағы тұйық көл.
Ақтөбе обл. шалқар ауд. жерінде. мұғалжар тауының
оңт. ернеуі мен үлкен борсық құмының аралығында,
теңіз деңгейінен 168 м биіктікте орналасқан. Аум. 7,22
км
2
, ұз. 6,5 км, ені 3 км. Суы қарашаның ортасында қа-
тып, наурызда ериді. жағасы негізінен жайпақ, батыс
жағы түйетайлы келеді. көлге қауылжыр өз. құяды.
жаз ортасында тартылып, батпақты сорға айналады.
Суы тұщы. мал суаруға пайдаланылады.
ЕСПЕ – Солт. балқаш алабындағы өзен. қарағанды
обл. Ақтоғай ауд. жерінде. Ұз. 80 км, су жиналатын
алабы 2130 км
2
. Сарыарқаның оңт.-шығыс бөлігін-
дегі жорға (1084 м) және үшқайың (958 м) таула-
ры аралығынан басталып, балқашқа қарай ағып,
табақкеңтақыр ойысына жете бере жерге сіңіп кете-
ді. көктемгі қар суымен ғана толығады. Арнасы жоғ.
Аудандағы таулы аймақ
197
Есіл
және орта тұстарында жарқабақты, төм. жағында
кеңейіп, жағасы жайпақталады. жылдық орташа су
ағымы 0,01 м
3
/с. тамыз айында тартылып қалады. Суы
тұщы. көктемгі мал жайылымына қолайлы.
ЕСПЕНБЕТ – Нұраның төм. алабындағы көл. Ақ-
мола обл. қорғалжын ауд. жерінде. теңіз-қорғалжын
ойысының оңт. бөлігінде, теңіз деңгейінен 280 м
биіктікте орналасқан. Аум. 11,6 км
2
, ұз. 9,1 км, ені
4,8 км, тереңд. 3 м. Су жиналатын алабы 70,5 км
2
.
қардың және Нұраның жайылма суымен толысады.
жағасы жайпақ. қараша – сәуір айлары аралығында
суы қатады. Суы ащы. жайылым суландырылады.
көлден табан балық ауланады.
ЕСТІБАЙ – Алматы обл. көксу ауд-ндағы қабылиса
жырау а-на барар жолдағы ең ұзын әрі биік асу. жал-
пы ұз. 2 – 3 км-дей. қыс айында қар қалың түскен кез-
де, көктем мен күзде жаңбыр жиі жауған күндері асу
арқылы автокөліктердің өтуі қиындайды.
ЕСІКАСУ – Іле Алатауының шығыс бөлігінде Сары-
тау жотасындағы асу. Абс. биікт. 3350 м. жаз айлар-
ында қар жатпайды. түрген және жіңішке өзендерінің
суайрығы саналады. е-ға баратын көп соқпақтар Іле
аңғарынан түрген өз-нің жоғ. ағысына қарай, одан әрі
өзеннің оң тармақтары – кіші түрген мен үшбұлақты
бойлай өтеді. келесі белесте жайлау жолы е-дан жі-
ңішке өз-нің сол саласы қарабұлақ өз-нің бастауына
қарай кетеді. Соқпақ жолдар осы тұста батыста шілік,
шығыста жіңішке аңғарына қарай тарамдалған. е. ар-
қылы жайлауға мал айдайтын жол өтеді.
ЕСІК КӨЛІ, е с і к т і – Іле алабындағы көл. Алма-
ты обл. еңбекшіқазақ ауд-нда, есік қ-нан оңт-ке қарай
17 км жерде, Іле Алатауының солт. баурайындағы әсем
шатқалдардың бірінде теңіз деңгейінен 1759 м биіктікте
орналасқан. Аум. 0,86 км
2
, ұз. 1,8 км, ені 600 м. көл ша-
мамен 8 мың жыл бұрын тау жыныстарының тектоник.
ығысуынан пайда болған. табиғи жолмен қалыптасқан
бөгетке тау мұздықтары, қар, жауын-шашыннан жи-
налып тау аралығындағы әсем көлге айналған. 1963 ж.
шілденің 7-сінде болған сел тасқыны бөгетті бұзып кет-
ті. 1990 жылдың ортасынан бөгет қайта тұрғызылып, көл
қалпына келтірілуде. көлдің туристік маңызы зор.
ЕСІЛ – ертіс өз-нің сол саласы. қарағанды, Ақмола,
Солт. қазақстан облыстары мен ресейдің түмен,
омбы облыстары жерінен өтеді. жалпы ұз. 2450 км,
су жиналатын алабы 177 мың км
2
. қазақстан жерін-
дегі ұз. 1607 км. Сарыарқаның солт. бөлігіндегі Нияз
тауының батыс беткейінен басталып, омбы обл-ндағы
усть-ишим а. тұсында ертіс өз-не құяды. көкшетау
қыратын батыс жағынан айнала ағып үлкен иін жасай-
ды, осы тұста өзеннің арнасында шоңғалдар кездеседі.
одан әрі өзен батыс Сібір жазығына шығып, есіл
жазығындағы кең жайылмамен (ені 5 – 8 км), төм. ағы-
сында батпақты (имгыт батпағы) жерлермен ағады.
өзен тасыған кезде Солт. қазақстан обл. аумағында
жайылмасының орташа ені 3 – 4 км, кейде 7 – 11 км-ге
кеңейеді немесе 1 – 2 км-ге тартылады. жайылмада
өзеннің ескі арналары, арнаға жақын жерде ойысты
жерлер көп. оның ең биік жері салыстырмалы түрде
5 – 10 м биіктікте. жайылманың топырағы шұрайлы
және оның көп бөлігі жыртылған. басты салалары:
оң жағынан – қалқұтан, жабай, Аққанбұрлық, иман-
бұрлық, сол жағынан – терісаққан. е. қар және жер
асты суларымен толығады. е-дің жылдық орташа су
ағымы Астана қ. тұсында 20 м
3
/с, петропавл қ. тұ-
сында 61 м
3
/с. қарашаның басында суы қатып, сә-
уір – мамырда мұзы ериді. е. елді мекендерді сумен
қамтамасыз етуге, жер суғаруға кеңінен пайдала-
нылады. петропавл қ-нан жоғары 270 км-ге дейін
және Викулово а-нан сағасына дейін кеме жүзеді.
е-де Сергеев және Вячеслав бөгендері салынған.
е. алабында есіл су құбыры жұмыс істейді. өзенде
ақбалық, нәлім, мөңке аққайран, шортан, алабұға
бар. өзен бойында Астана, есіл, державинск, пет-
ропавл қ-лары орналасқан.
ЕСІЛ АУДАНЫ – Ақмола обл-ның батысындағы
әкімш. бөлініс. 1955 ж. құрылған. жер аум. 7,8 мың
км
2
. тұрғыны 28,8 мың адам, орташа тығызд. 1 км
2
-ге
3,7 адамнан келеді (2010). Аудандағы 32 елді мекен,
1 қала және 1 кент 15 ауылдық округке біріктірілген.
әкімш. орт. – есіл қ. Аудан есіл өз-нің екі жағын
(көке және қоңырау өзендерінің аралығында) алып
жатқан дала белдемінде орналасқан. Аудан аумағында
құрылыстық материал (тас, құм, керамзит, саз, т.б.)
кен орындары кездеседі. климаты тым континенттік:
қысы суық, қары жұқа (20 см), жазы ыстық әрі құр-
ғақ. Ауаның жылдық орташа темп-расы қаңтарда –17–
18°С, шілдеде 20 – 21°С. жауын-шашынның жылдық
орташа мөлш. 300 – 350 мм. Аудан жерінен есіл өз.
ағып өтеді, оған сол жағынан қарақол, оң жағынан
қызылсу салалары құяды. үлкен көлдері: обалыкөл,
жыландыкөл (тұщы). Солт-нде негізінен карбонат-
есік көлі
есіл өзені
198
Есіл
ты қара топырақ, оңт. бөлігінде карбонатты күңгірт
қызыл қоңыр топырақ тараған. тың және тыңайған
жерлерді игерген жылдары аудан жерінің 75%-ы
жыртылған. Ауданның солт-нде түрлі шөп, қызғылт
селеу, оңт-нде бетеге, қараған, сұлыбас өседі. өзен
аңғарларында түрлі шөпті астық тұқымдас шалғын,
тал, бұта тараған. жануарлардан қасқыр, түлкі, қар-
сақ, суыр, қоян, сарышұнақ, қосаяқ, т.б. мекендейді.
А. ш-на пайдаланылатын жерінің аум. 766,9 мың га,
оның ішінде егістігі 476,2 мың га (2011), шабындығы
1,4 мың га, жайылымы 216,3 мың га. Аудан жері ар-
қылы Астана – есіл – қараталды, есіл – Арқалық т. ж.,
есіл – Атбасар – көкшетау, есіл – Атбасар – Астана,
есіл – жақсы – чистополье, Арқалық – ломоносовка
автомоб. жолдары өтеді.
ЕСІЛ АУДАНЫ – Солт. қазақстан обл-ның оңт.-
батыс бөлігіндегі әкімш. бөлініс. 1997 жылдың 17
сәуіріне дейін әуелі ленин, содан кейін мәскеу аудан-
дары аталып келді. жер аум. 5,1 мың км
2
. тұрғыны
33 мың адам, орташа тығызд. 1 км
2
-ге 6,4 адамнан ке-
леді (2010). құрамындағы 60 елді мекен 15 ауылдық
әкімш. округке біріктірілген. Аудан орт. – явленка а.
е. а-ның жері түгелдей жазық және оңт-тен солт-ке
қарай еңістеу келеді, теңіз деңгейінен 150 – 200 м
биіктікте жатыр. климаты тым континенттік: қаң-
тарда ауаның орташа темп-расы –19°С, шілдеде 20°С.
жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 – 350
мм. жер беті суларын аудан жерінің оңт.-батысынан
солт.-шығысына қарай ағып өтетін есіл өз-нің орта
бөлігі мен сирек кездесетін көлдер құрайды. Ірі көл-
дері: есілдің сол жағындағы Алба, кіндікті, қамысты,
оң жағындағы жалтыркөл, таранкөл, Сарыкөл, жы-
ланды, балықты. есіл жайылмасында көптеген ескі
арналар да кездеседі. Ауданның жері орманды-дала
белдеуінде орналасқандықтан, жері негізінен қара
топырақты болып келеді. көларалық жазықтарда кар-
бонатты қара топырақ, далалық өңірде сортаң қара
топырақ, орманды жерлерде күлгін қара топырақ та-
раған. есілдің жағалауында негізінен әр түрлі шөп
аралас боз, бетеге, жағалаудан алшақтау жерінде те-
рек пен қарағай аралас қайың шоқтары, көл жағалай
шалғынды батпақты өсімдіктер, өзен жайылымында
дәнді дақылды өсімдіктер өседі. жануарлар дүниесі-
нен қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, сарышұнақ, суыр, қос-
аяқ, дала тышқандары, көлдер мен өзендерде ондатр;
құстардан бүркіт, кезқұйрық, тұрымтай, қырғи, қаз,
үйрек, аққу, балықшы, қызғыш, тауқұдірет, бөдене,
тырна; балықтардан шортан, шабақ, алабұға, табан,
т.б. бар. Аудан жері сирек қоныстанған. Ірі елді ме-
кендері: явленка, Амангелді, петровка, Николаевка,
покровка, ильинка, бесқұдық, бұлақ, т.б. е. а. негізі-
нен а. ш-мен айналысады. А. ш. пайдаланылатын жер
аум. 454,9 мың га, оның ішінде егістік 293,7 мың га,
шабындық 17 мың га (2011). Аудан жерімен петро-
павл – көкшетау автомоб. және темір жолдары өтеді.
ЕСІЛ БОЙЫНДАҒЫ КӨЛДІ ҮСТІРТ – тобылдан
ертіске дейін созылған неогендік үстірт. беткі қабаты
көбіне неоген кезеңдерінде (25 – 1 млн. жыл бұрын)
жиналған негізі көлден пайда болған шөгінді жыныс-
тарынан түзілген. Солт. қазақстан обл-ндағы неоген-
дік көл шөгінділері әр түрлі балшықты қою, жабысқақ
келеді, қалыңд. 20 – 25 м, беткі қабатын ерекше түрдегі
ескі шөгінділер жауып жатыр. жылы әрі құрғақ кли-
мат жағдайында тұзбен байланған көлдердің кең жағ-
дайында өріс алған. төрттік шөгінділер қабаты қалың
емес және негізінен сары топырақты саздақтан және
құмайттан түзілген.
ЕСІЛ БӨГЕНІ – есіл өз-ндегі жасанды суқой-
масы. Солт. қазақстан обл. есіл ауд. явленка а-нан
оңт.-батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. елді
сумен қамтамасыз ету және а. ш-на пайдаланыла-
тын жерлерді суландыруға арналған. бөгенді сумен
толтыру 1982 ж. басталды. темір-бетон бөгеннің ұз.
120 м, беткі жағының жалпақтығы 40 м, биікт. 20 м.
тәулігіне 100 м
2
су жинап, оны беретін сорғылар
орнатылған. бөгеннің сыйымд. 1,5 млн. м
3
, су айды-
нының аум. 0,12 мың м
2
, ең терең жері 6 м. Суы тұщы,
қарашада қатып, сәуірде ериді.
ЕСІЛ ДАЛАСЫ – батыс Сібір жазығының оңт-нде,
ертіс және тобыл өзендерінің аралығындағы орман-
ды жазық. батысында орал тауына, оңт-нде торғай
үстірті мен көкшетау қыратына дейін созылып жатыр.
оңт. бөлігі Солт. қазақстан обл. жерін қамтиды. Солт.
бөлігі ресейдің қорған, түмен, омбы облыстары же-
рінде. көл, өзен аңғарлары, жал, бұйраттан тұратын
даланың жер беті саз, балшықтан, құм, құмайтты,
т.б. борпылдақ жыныстардан түзілген. ойпаң жер-
лері суффозиялық процесс нәтижесінде пайда болған.
е. д-ның климаты тым континенттік: қысы суық, жазы
ыстық. қыс ерте түседі. жауын-шашынның жылдық
орташа мөлш. 300 – 400 мм, оның 250 мм-і жаз ай-
ларында түседі. даламен тобыл, есіл өзендері ағып
өтеді. олар негізінен қар суымен толығып, жаздың
аяғына қарай тартылып қалады. Ірі көлдері: жалау-
Аудандағы шоқ орман
жазық дала
199
Поделитесь с Вашими друзьями: |