Налған, әр шатыршада 8 10 гүлден бар күлтесі ақ шыл сары түсті. тұқымынан көбейеді. мамыр мау



жүктеу 0.58 Mb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата25.05.2017
өлшемі0.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
ЕҢБЕКШІЛДЕР АУДАНЫ – Ақмола обл-ның солт-

ндегі әкімш. бөлініс. жер аум. 11,4 мың км

2

. тұрғыны 



17,5 мың адам, орташа тығызд. 1 км

2

-ге 1,5 адамнан 



келеді (2010). Аудан орт. – Степняк қ. Аудан жеріндегі 

54 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 52 ауылдық 

әкімш.  округке  біріктірілген.  е.  а-ның  жері  Сарыар-

қаның солт.-шығыс бөлігін алып жатқан Сілеті жазы-

ғының  орт.  бөлігінде,  орманды-дала  және  дала  бел-

демдерінде  орналасқан.  жерінің  беті  негізінен  ұсақ 

шоқылары бар (абс. биікт. 250 м-ге дейін) жазық бо-

лып келеді. шоқылардың ең ірісі – ауданның оңт.-шы-

ғысындағы Арқалық тауы. кен байлықтарынан темір, 

түсті металл кентастары, оның ішінде алтын, құрылыс 

материалдары (әктас, құм және кірпіш сазы) кездеседі. 

Ауданның  климаты  тым  континенттік,  қысы  суық 

және ұзақ, жазы ыстық әрі қуаң. қаңтарда ауаның ор-

таша темп-расы –16 – 17°С, шілдеде 19 – 20°С. жа-

уын-шашынның  жылдық  орташа  мөлш.  шығысында 

250 – 300 мм, батысында 300 – 350 мм. жер бетінің 

сулары жазда жеке қарасуларға бөлініп қалады, сирек 

кездесетін өзендер мен көптеген ащылы-тұщылы көл-

дерден  тұрады.  өзендерінің  біршама  ірілері:  жүкей 

мен қотыркөлді қосатын Саға, мамай және Атансор 

көліне құятын тәттімбет пен Атан. Ірі көлдері: жүкей, 

шошқалы, итемген, кіндікті, Сасыққопа (тұщы сулы), 

тасшалқар, қарасор, қотыркөл, мамай, Атансор, май-

лысор, жамбайсор, көксор. Аудан жерінде негізінен 

саздақ қара топырақ, кейбір жерлерінде сортаң қара то-

пырақ қалыптасқан. дала белдемінде селеу, жауқияқ, 

жусан  аралас  өскен  бетеге,  т.б.  шөптесін  өсімдіктер 

орманды жерлерінде қайың, терек, тал, ал батыс жа-

ғында қылқан жапырақты ағаш өседі. жануарлардан 

қасқыр, түлкі, қоян, қосаяқ, суыр, тараққұйрық, дала 

тышқандары, бұлан, елік; құстардан қаз, аққу, үйрек, 

шағала, көл жағалай қызғыш, тауқұдірет, дуадақ, бүр-

кіт, кезқұйрық, сауысқан, т.б. кездеседі. Ауылдық елді 

мекендердің  ірілері:  жаңаауыл,  баймырза,  бірсуат, 

ойық,  уәлиханов,  қойтас,  Невское.  А.  ш-на  пайда-

ланатын жердің жалпы аум. 1,1 млн. га, оның ішінде 

жыртылған жері 141,2 мың га, 1,7 мың га шабындық, 

121,3 мың га жайылым. заозерный – ерейментау т. ж. 

және Степняк – щучинск – макинск автомоб. жолда-

ры бар.


ЕРГЕЖЕЙЛІ  ҚОСАЯҚ  (Salpіngotus  pаllіdus),  ке-

міргіштер  отрядының  қосаяқтар  тұқымдасына  жа-

тады.  қазақстанда  ғана,  оның  ішінде  қызылорда 

обл-ндағы Арал өңірінде (қарақұм, үлкен және кіші 

борсық  құмдары)  және  Алматы  обл-ндағы  оңт.  бал-

қаш  құмдарында  (Сарыесікатырау)  кездеседі.  дене 

тұрқы 52 – 61 мм, салм. 8,9 – 12,5 г. өзі тектес басқа 

қосаяқтардан  ерекшелігі  –  арқасы  боз  түсті  болады. 

Ғылымға 1984 жылдан бастап белгілі. Саны аз, тара-

лу  аймағы  шағын.  Ін  қазып,  сонда  тұрақты  тіршілік 

етеді. Інінің ұз. 215 см-ге жетеді. е. қ. – түн жануа-

ры. ол – өсімдіктердің дәнімен, жемісімен және түрлі 

қоңыздармен,  шегірткелермен  қоректенеді.  қыркү-

йекте қысқы ұйқыға жатады. бұл кезде денесіне жи-

наған  майдың  үлесі  жалпы  салмағының  28%-ын  құ-

райды. қысқы ұйқыдан сәуірде оянып, мамыр – шілде 

айларында  2  рет  көбейе  алады,  әрқайсысында  орта 

есеппен 4 – 5 қосаяқтан туады. бұлар келесі көктемде 

жыныстық жағынан толық жетіледі. е. қ-тың тіршілігі 

әлі толық зерттелмеген. бозтүсті е. қ. сирек кездесетін 

эндемик  түр  болғандықтан  қорғауға  алынып,  қазақ-

станның «қызыл кітабына» енгізілген.



ЕРГЕШ,  с т р о г а н о в и я   (Stroganovіa)  –  орамжа-

пырақтар  тұқымдасына  жататын  көп  жылдық  шөп-

тесін  өсімдіктер  туысы.  қазақстанның  шалғынды 

далалы  аймақтарында,  шөл-шөлейтті  және  сортаңды 

жерлерінде өсетін 7 түрі бар. бұлардың биікт. 15 – 30 

(кейде 80) см-дей. жуан тамырынан 2– 3 сабағы жеті-

леді.  Сабағының  түбінен  өсетін  қалың  жапырақтары 

жүрек, жебе тәрізді. Ақ, қызғылт, ақшыл сары гүлдері 

шашақ гүлшоғырына топталады. Аталығы 6, аналығы 

– екеу, екі ұялы. Негізінен тұқымынан көбейеді. Сә-

уірден  тамызға  дейін  гүлдеп,  мамырдан  қыркүйекке 

дейін жеміс береді. жемісі – екі жақтаулы бұршаққын. 

е-тің жүрекжапырақты е. (S cardіophуlla), шымыр е. 

(S. robusta), жебежапырақты е. (S. sadіttata), траутфет-

тер е-і (S. trautvetterі) деген түрлері қорғауға алынып, 

қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген.



ЕРЕЙМЕНТАУ  –  Сарыарқаның  солт-ндегі  таулы-

орманды  алқап.  Ақмола  және  қарағанды  облыстары 

жерінде орналасқан. Абс. биікт. 901 м (Ақдің тауы). 

таулы алқап оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай 100 

км-ге созылып жатыр. енді жері 30 км-ге дейін же-

теді. тау өлеңті және шідерті өзендерінің суайрығы 

болып  табылады.  жарық,  қарасу,  олжабай, 

тұрғынбай  өзендерінің  салалары  тау  беткейлері-

нен  басталады.  тауаралық  аңғарларында  шипалық 

ем  болатын  тұзды  және  тұщы  (тайбай)  көлдер  мен 

бұлақтар  көп  кездеседі.  жер  қыртысы  континенттік 

шөгінділер мен көмкерілген кембрийге дейінгі квар-

цит және метаморфтық эффузивтік жыныстардан тү-

зілген.  олар  ерейментау  антиклинорийін  құрайды. 

шығыс  беткейлері  тіктеу  жартасты  келген,  аз  тілім-

денген,  кейбір  жерлерінде  қорымтастар  кездеседі. 

Аудандағы Солтүстік қазақстан жазығы


192

Ерейментау

климаты тым континенттік. қысы суық, қары аз (20 

см). қаңтар айының орташа темп-расы –17°С, шілдеде 

20°С. жылдық орташа жауын-шашын мөлш. 280 – 330 

мм. жер бетінде негізінен қызғылт қоңыр, сортаңды 

күңгірт топырақ қалыптасқан. онда бетеге, сұлыбас, 

селеу, жусан, өзен-көл бойында қамыс, құрақ өскен. 

тауаралық аңғарларында көк терек, қайың, үйеңкіден 

тұратын ормандар кездеседі. орман ішінде және тау 

шатқалдарында қарағаш, тобылғы және жеміс-жидекті 

тоғай өскен. өңірде орманды-дала белдемінің жануар-

лары  (арқар,  елік,  ақ  қоян,  қарсақ,  тиін,  сарышұнақ, 

суыр, атжалман, күзен, түрлі тышқандар) мекендейді. 

тауларында  ерейментау  және  Ақдөң  қорықшалары 

орналасқан. е-да ірі қоңыр көмір кені барланған. 

ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ – Ақмола обл-ның шығы-

сындағы әкімш. бөлініс. 1928 ж. құрылған. жер аум. 

17,5 мың км

2

. тұрғыны 33,9 мың адам, орташа тығызд. 



1 км

2

-ге 1,9 адамнан келеді (2010). Аудан жеріндегі 52 



елді мекен 1 қалалық, 2 кенттік, 12 ауылдық округке 

біріктірілген. Аудан орт. – ерейментау қ. е. а. Сары-

арқаның солт.-шығысындағы дала белдемінде, Сілеті, 

өлеңті  өзендерінің  алабында  орналасқан.  Солт.  жер 

бедерінің  биікт.  300  м-ден  аспайтын  белесті  жазық. 

оңт-ке  қарай  күмбезді,  үшкілді  төбелер  мен  жон-

дардан  тұратын  денудациялық  ұсақ  шоқылар,  оңт. 

делювийлі-пролювийлі  аккумулятты  жазықпен  және 

бойлық бағытта созылған ерейментау тауымен алма-

сады.  Ауданның  жер  қойнауында  алтын,  сүрме,  тас 

көмір,  боксит,  тұз,  әктас,  гранит,  қиыршықтас,  құм 

кен орындары барланған. климаты тым континенттік, 

қысы суық қары аз, жазы ыстық, құрғақ. Ауаның орта-

ша темп-расы қаңтарда –16 – 18°С, шілдеде 20 – 21°С. 

жауын-шашынның  жылдық  орташа  мөлш.  300  – 

350 мм. оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай Сілетінің 

басты  салалары  –  Ащылыайрық  (сол),  Ақмырза, 

кедей,  шилі  (оң)  және  өлеңті  өзендері  ағып  өтеді. 

көлдерінің ірілері: теңіз, шолақсор, жақсытұз, там-

сор, қарасор, үлкен және кіші шарықты, көбейтұз, 

қоржынкөл  (тұщы),  қабыланкөл,  бозайғыр,  әжібай, 

т.б.  өзен  мен  көлдер  жауын-шашын  және  жер  асты 

суларымен толығады. жер асты сулары 30 – 50 м (оңт-

нде 100 м-ге дейін) тереңдікте кездеседі. ерейментау 

бөктерінде суы тұщы әрі мол бұлақтар көп. Аудан же-

рінің солт. бөлігі сортаңды күңгірт қызыл қоңыр топы-

рақты, оңт. қызыл қоңыр топырақты. таулы өңірінде 

қара топырақ, өзен, көл жайылмаларында шалғындық 

сортаң  топырақ  қалыптасқан.  даласында  бетеге,  се-

леу, қылқан селеу, жусан, шығысында түрлі бұта, сұ-

лыбас, қылқан селеу өседі. ерейментаудың баурайы 

мен  шатқалдарында  қайың,  көк  терек,  тал,  қараған, 

тобылғы, түрлі шөп, сұлыбас, қызғылт селеу, өзен аң-

ғарларында түрлі шөп, астық тұқымдас шалғын өседі. 

тауда арқар, елік кездеседі. қасқыр, түлкі, қарсақ, ақ 

қоян, борсық, суыр, сарышұнақ, ақ қалақ, ақкіс; құс-

тардан  қаз,  үйрек,  тырна,  құр,  бүркіт,  дала  қыраны, 

қаршыға,  бөктергі,  т.б.  мекендейді.  Ауданда  ерей-

ментау  қорықшасы  орналасқан.  Ірі  елді  мекендері: 

торғай благодатное, Новомарковка, бестөбе, павлов-

ка, Сілеті. А. ш-на пайдаланылатын жері 1676,4 мың 

га, оның ішінде егістік 89,9 мың га (2011), шабындық 

23,1 мың га, жайылым 1402,3 мың га, орман 17,5 мың 

га-ны құрайды. бестөбе, ешкіөлмес алтын кендерінен 

алтын өндіріледі. Аудан жері арқылы Астана – ерей-

ментау – павлодар, ерейментау – Айсары т. ж., Аста-

на – ерейментау – павлодар, ерейментау – бестөбе 

автомоб. жолдары өтеді.



ЕРЕЙМЕНТАУ-ҚАРҚАРАЛЫ  ЛАНДШАфТЫҚ  

ОБЛЫСЫ, қарағанды – шыңғыстау провинциясының 

табиғи  аймағы.  Сарыарқаның  шығыс  бөлігіндегі 

шерубайнұра  өз-нің  аралығын  қамтиды.  е.-қ.  л.  о-

на  есіл,  Нұра,  өлеңті,  шідерті,  Ащысу  өзендерінің 

жоғ.  ағыстарын  қамтитын  өңірлер  –  ертіс  –  балқаш 

суайрығы таулы бөлігі кіреді. жер бедері құрылымы 

ярусты келеді. жерінің басым бөлігінің абс. биікт. 700 

м-ге дейін жететін жартасты, қырқалы төбелі келген 

суайрықтарының  ұсақ  шоқылары  мен  шоқыаралық 

мүжіліп  тегістелген  жазықтары  алып  жатыр. 

ландшафтық  облыс  негізінен  граниттер  қиып  өткен 

кембрий мен ордовик жыныстарынан түзілген ерей-

ментау – Нияз және тектұрмас антиклинорийлерінен 

тұратын  ерте  палеозойлық  қатпарлы  белдемге  жата-

ды.  Антиклинорийлер  арасында  ортаңғы,  соңғы  па-

леозойда,  сондай-ақ  мезозойда  ұзақ  уақыт  майысқан 

қарағанды ойпаты жатыр. қарағанды көмір алабының 

тас көмірлік тас және юралық қоңыр көмірлері ірі кен 

орны  осы  ойпатта  орналасқан.  қарқаралы  ауд-нда 

көнтөбе  магнетит  кентастарының  кендері  барлан-

ған.  қарағайлы  полиметалл  кені  игерілді.  климаты 

қоңыржай қуаң. Ауаның орташа темп-расы қаңтарда  

–15 – 16°С, шілдеде 19 – 20°С, жауын-шашынның ор-

таша жылдық мөлш. 350 мм. Нұра (салаларымен бірге) 

және  есіл,  Сілеті,  өлеңті,  шідерті,  жарлы,  талды, 

түндік өзендеріне қарағанда суы мол. тұщы көлдері 

ерейментау тауы

ерейментау-қарқаралы аймағы



193

Ертіс

аз, тұзды көлдері (қарасор, балықтыкөл, шыбынды, 

т.б.) басымырақ. ландшафтық облыста жарықшақтық-

қаттық, жарықшақтық карсты тұщы сулар көп тараған. 

мезозой шөгінділері қабаттарында су мол әрі арынды 

келеді.  қат-қабаттың  жоғ.  бөлігіндегі  су  тұщы,  төм. 

бөлігінде тұзды. Аллювийлі шөгінділерінің тұщы жер 

асты сулары 1 м-ден 5 м-ге дейінгі тереңдікте кездеседі. 

Самарқан, жартас және шерубайнұра бөгендері, ертіс-

қарағанды каналы салынған. облыстың қызғылт қоңыр 

топырағында құрғақ бетегелі-бозды, жусанды бетегелі-

бозды өсімдіктері басым өседі. ерейментау, Нияз таулы 

қара  топырақтарында  петрофитті-түрлі  шөпті  дала 

өсімдіктері, сайларда көктерек пен қайың ормандары, 

қара шіріндісі аз оңт-тің карбонатты қара топырағында 

бетегелі-бозды  дала  өсімдіктері  өседі.  қарқаралы, 

кент, қу, боқты тауларында қарағанды сұлыбасты-се-

леулі, түрлі шөпті сұлыбасты-селеулі және түрлі шөпті 

сұлыбасты  қызғылт  бозды  дала  өсімдігі,  таудың  қара 

және қызғылт қоңыр топырағында, граниттерде қара-

ғай  ормандары,  қайың,  көктерек  шоқтары,  тауаралық 

аңғарларда  үйеңкі,  тал  өседі.  облыс  жері  негізінен 

жайылым ретінде пайдаланылады. тауаралық ойыстар 

мен  өзен  аңғарларында  шабындық  жерлер  кездеседі. 

тегіс жерлердің, әсіресе, батыс және солт. шығыс бө-

ліктерінде дәнді дақылдар егістіктері орын алған. Гра-

нитті  жерлердегі  қарағай  ормандары  мен  тауаралық 

аңғарлар  беткейлеріндегі  қайың  ормандарының  су 

мен ылғалды қорғауда мәні зор.

ЕРЕЙМЕНТАУ ҚОРЫҚШАСЫ, Ақмола обл. ерей-

ментау ауд-нда. респ. маңызы бар, 1986 ж. ұйымдас-

тырылған.  жер  аум.  35  мың  га.  қорықша  табиғаты 

әсем таулы өлкеде, ерейментау таулы алқабында ор-

наласқан. е. қ-нда көне дәуірлерден осы уақытқа де-

йін сақталып қалған реликт өсімдіктердің алуан түр-

лері өседі. өсімдіктердің 400-дей түрінің 50-ге жуығы 

қазақстанның  «қызыл  кітабына»  енгізілген.  мыс., 

жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі, т.б. қорық-

шада негізінен жан-жануарлар дүниесі қорғалады. Ар-

қар, елік, дала суыры, ақ қоян сияқты бағалы аңдармен 

қатар  150-ге  жуық  құстардың  түрлері  бар.  онда  қа-

зақстанның  «қызыл  кітабына»  енгізілген  хайуанат-

тардан  арқар,  безгелдек,  қызылжемсаулы  қарашақаз, 

сұңқылдақ  аққу,  дуадақ,  ақбас  тырна,  дала  қыраны, 

лашын, т.б. мекендейді. 



ЕРМЕКСУ  –  Сырдария  алабындағы  өзен.  оңт.  қа-

зақстан обл. түркістан қ. жанынан ағып өтеді. Ұз. 88 

км, су жиналатын алабы 743 км

2

. қаратау жотасының 



оңт. беткейінен бастау алып, Арыс-түркістан каналы-

на  құяды.  бастауында  жағасы  тік  жартас,  төм.  ағы-

сында жағасы жайпақ, құмды. өзен суы желтоқсанда 

қатып, наурыздың басында ериді. тұзд. 0,8 – 1,0 г/л. 

Суы егін суғаруға пайдаланылады. 

ЕРСАҒЫЗ, қ. Жерсағыз.

ЕРТІС – Солт. мұзды мұхит алабында жатқан өзен, 

об өз-нің сол саласы. қазақстан жерінде шығыс қа-

зақстан, павлодар облыстары арқылы ағады. жалпы 

ұз. 4248 км, оның 1698 км-і қазақстан жерінде. Су жи-

налатын алабы 1643 мың км

2

. бастауын Алтай (қытай) 



сілемдерінен  (Найрамдалы  тауынан)  алады.  зайсан 

көліне дейінгі бөлігі – қара ертіс, көлден төмен қарай 

Ақ ертіс немесе ертіс деп аталады. Арнасы бастау жа-

ғында, негізінен, қар, мұз суларымен, орта және төм. 

ағыстарында қар, жаңбыр және жер асты суларымен 

толығады.  Алабы  Алтай  тауларының  оңт.-батысын, 

тарбағатайдың  солт.-батыс  баурайын,  Сарыарқаның 

солт.-шығысын,  ресей  жерінде  батыс  Сібір  жазығы 

мен  шығыс  орал  етегін  қамтиды  және  өзеннің  аң-

ғары  мен  арна  жайылмасының  сипаты  осы  орограф. 

аймақтар ерекшеліктерінен туындайды. қазақ жерінде 

е. ағынын қатын, қалба, Нарын, тарбағатай және Са-

уыр жоталарынан, құлынды даласынан жинайды. көп 

жерінде тау сілемдерін тіле терең шатқалдар қалып-

тасқан. бұл тұста жағаларының биікт. 500 м-ге жетеді. 

құлынды даласында өзеннің арнасы кеңейіп, жайыл-

масы пайда болады. таулық аңғары (250 м биіктікке 

дейін)  қылқан  жапырақты  орманды,  оң  жағы  көбіне 

қарағайлы шабындықты келеді, осы тұстағы арнасы-

ның ені 100 – 150 м, омбы қ. тұсында 6 – 8 км, то- 

был  қ.  тұсында  25  –  30  км-ге  жетеді.  қазақстандық 

бөлігіндегі басты салалары – есіл, тобыл, бұқтырма, 

шаған,  үлбі,  шар,  күршім,  үлкен  бөкен,  қалжыр, 

Нарын,  Алқабек,  Ұлан,  қайыңды;  ресей  аумағын-

дағы салалары – Вагай, конда, омь, тара, демьянка. 

қытай  аумағынан  қара  ертіс  өз.  зайсанға  жылына 

орташа есеппен 8,79 км

3

 су әкеледі, судың бұл мөл-



шері бұқтырма бөгеніне жеткенде 23,2 км

3

-ге, шүлбі 



СЭС-і тұсында 33 км

3

-ге дейін өседі. жылдық орташа 



су  ағымының  шамасы  бастау  жағында  300  м

3

/с,  Се- 



мей қ. тұсында 960 м

3

/с, қазақстанның ресеймен ше- 



каралас жерінде 2000 м

3

/с, ал об өз-не құяр сағасында 



(тобыл қ.) 2830 м

3

/с. Суы мөлдір, таулық бөлігіндегі 



лайлылығы  50  –  100  г/м

3

,  ал  құлынды  даласы  өңі-



рінде 250 г/ м

3

-ге жетеді. қараша айынан бастап суы 



(қалыңд.  125  см-ге  дейін)  қатады,  сәуірде  ериді  де 

сең (6 – 8 күннен 20 күнге дейін) жүреді, ағысы жа- 

йылмасына шығады. жылы маусымдағы суының ор-

таша  темп-расы  15,3°С,  шілде  айында  20,4°С-қа  де-

йін  көтеріледі.  жылдық  ағынын  реттеу  және  электр 

энергиясын  алу  үшін  бойында  бұқтырма,  өскемен, 

шүлбі  бөгендері  салынған.  Сарыарқа  аймағындағы 

табиғи қорларды игеру мақсатында ертіс-қарағанды 

каналы  тартылған.  Алабындағы  құнарлы  топырақты 

өңірлердегі  400  мың  га  егістік  суғарылады,  жайыл-

масындағы  шабындықты  суландыру  үшін  жылына  

4,5 км


3

 су жұмсалады. көліктік маңызы зор, сағасынан 

3784 км-ге дейін кеме қатынайды. қазақстан аумағын-

дағы ірі айлақтары мен қалалары – өскемен, Семей, 

павлодар;  ресей  аумағында  омбы,  тобыл,  ханты-

мансийск. Су энергет. қорына бай: жылына 30 млрд. 

ертіс өзені


194

Ертіс

кВт/сағ электр энергиясын өндіруге мүмкіншілік бар. 

өзенде сүйрік, сылан, шортан, алабұға, елең, т.б. ба-

лықтар бар. Сазан, табан, көксерке және байкал омулі 

жерсіндірілген.

ЕРТІС АРТЕЗИАН АЛАБЫ – ертіс өз. аңғарының 

Семейден төм. бөлігін алып жатқан жер асты суы бар 

өңір. бұл алаптағы жалпы қалыңд. 1200 – 1300 м-ге де-

йін жететін мезозой-кайнозой шөгінділері ертіс және 

құлынды  қазаншұңқырларының  қанатын  құрайды. 

бұл шөгінділер бірнеше сулы горизонттарға бөлінген. 

Антропоген-неогеннің  құмды-малтатасты  шөгінділе-

рінде жер асты сулары бірнеше м-ден 87 м-ге дейінгі 

тереңдікте жатады. олардың минералд. 0,2 – 0,5 г/л-

ден 18 – 20 г/л-ге дейін. Ұңғымалардың су өнімд. 0,2 –  

0,4 л/с-тан 25 – 30 л/с-қа дейін. олигоценнің кварцты 

және  кварц-глауконитті  құмдарымен  байланысты 

арынды сулар 150 – 200 м тереңдікте кездеседі. бұл 

сулар көбінесе тұщы және аздап ашқылтым. бор ке-

зеңінің  құмдарында  шоғырланған  сулы  горизонттар 

оңт-те 200 – 250 м-де, ал солт-те 800 – 1200 м-ге де-

йінгі  тереңдікте  орналасқан.  Судың  қозғалу  бағыты 

бойынша минералд. 0,5 – 1,0 г/л-ден 5 – 8 г/л-ге де-

йін артады, ал темп-расы павлодар обл-ның солт-нде 

35 – 37°С-қа дейін жетеді. төм. бордың минералды су-

лары Ақсу қ-ндағы емханада түрлі ауруларды емдеуге 

пайдаланылады. 



ЕРТІС  АУДАНЫ  –  павлодар  обл-ның  солт.-баты-

сында орналасқан әкімш. бөлініс. жер аум. 10,2 мың 

км

2

. тұрғыны 25,1 мың адам, орташа тығызд. 1 км



2

-

ге 2,4 адамнан келеді (2010). Аудан жеріндегі 55 елді 



мекен  18  ауылдық  округке  біріктірілген.  Аудан  орт. 

– ертіс а. Аудан ертіс өз-нің батыс жағындағы дала 

белдемін қамтиды. климаты тым континенттік, қысы 

суық ызғарлы, жазы қоңыржай жылы. қаңтарда ауа-

ның орташа темп-расы –18 – 19°С, шілдеде 20 – 21°С. 

жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 250 – 300 

мм.  жер  бетінің  сулары  аудан  жерімен  өтетін  ертіс 

өз-нің  бөлігінен  және  көптеген  ащылы-тұщылы  көл-

дерден  тұрады.  көлдердің  ең  ірісі  –  қызылқақ  көлі 

ауданның солт.-батыс шетінде, жалаулы көлі оңт.-ба-

тыс шетінде орналасқан. жер бетінде қара және қоңыр 

сортаң  топырақ  қалыптасқан.  далалық  белдемге  тән 

қылқан селеу мен жусан аралас бетеге, кей жерлерде 

жидек,  өзен  жайылымдарында  шалғын,  өзен  бойын-

дағы тоғайларда үйеңкі, терек, тал, қарақат, итмұрын, 

бүлдірген, т.б. өседі. жануарлар дүниесінен сібір елігі, 

қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, суыр, сарышұнақ, 

қосаяқ; құстардан кезқұйрық, қарға, сауысқан, торғай, 

су  бойларында  жылдың  жылы  мезгілінде  аққу,  қаз, 

үйрек,  шағала,  қасқалдақ,  қызғыш,  тауқұдірет,  жыл-

қышы, т.б. мекендейді. Ірі елді мекендері: ертіс, Го-

лубовка, қызылжар, и.байзақов, майқоңыр, Ұзынсу, 

қосқұдық,  панфилов,  қоскөл,  т.б.  Аудан  егіншілік 

пен мал өсіруге маманданған. мұнда а. ш-на пайда-

ланылатын жердің аум. 758,1 мың га, жыртылған жері 

196,8 мың га, шабындық 12,9 мың га (2010), жайылым 

457,0 мың га. Аудан жері арқылы павлодар – омбы 

автомоб. жолы өтеді.



ЕРТІС ЖАЗЫҒЫ – ертіс өз-нің екі жағын және ба-

тыс Сібір ойпатының оңт.-шығыс бөлігін алып жатқан 

жазық.  қазақстанның  шығыс  қазақстан,  павлодар 

облыстары  және  ресейдің  омбы,  түмен  облыстары 

аумағын  қамтиды.  оңт.-шығыстан  солт.-батысқа  қа-

рай  550  –  600  км-ге  созылып  жатыр.  ені  80  км-ден 

250  км-ге  дейін  кеңейеді.  шығысында  барабы  жа-

зығы  және  құлынды  далаларымен,  оңт.-батысында 

Сарыарқамен, батысында Солт. қазақстан жазығымен 

ұласады. жер беті оңт.-шығыстан солт.-батысқа қарай 

біртіндеп еңістене отырып, 200 м-ден 100 м-ге дейін 

төмендейді.  жазық  палеозойлық  іргетасты  жауып 

жатқан  мезозой  мен  палеогеннің  құмды-сазды  және 

көлді-аллювийлі  шөгінділерінен  тұрады.  жазықты 

ертіс  аңғары  екіге  бөледі.  Соған  байланысты  оның 

сол  жағалауы  ертіс  бойы  деп,  оң  жағалауы  ертіс 

сырты  деп  аталады.  е.  ж-нда  өзен  торы  сирек.  ер-

тіс  алабындағы  кішігірім  өзендер  (шідерті,  өлеңті 

және  Сілеті)  көлдерге  құяды.  көлдердің  көбі  тұзды 

және  кермек  татиды.  тұз  байланатын  ірі  көлдері  –  

тобылжан,  қалқаман,  теке,  үлкен  қараой,  кіші  қа-

раой,  қызылқақ,  т.б.  маралды  көлінің  суы  шипалы. 

жазықтың  климаты  тым  континенттік.  қысы  суық, 

ызғарлы және ұзақ. қаңтардағы орташа ауа темп-расы 

–17 – 20°С, кейде – 48 – 53°С-қа дейін төмендейді. қар 

жамылғысының қалыңд. 30 – 35 см. жазы қоңыржай 

жылы. шілдеде ауаның орташа темп-расы 19 – 22°С. 

жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері оңт-тен 

солт-ке  қарай  200  мм-ден  350  мм-ге  дейін  көбейеді. 

е. ж-ның солт. және орт. бөліктері астық тұқымдас әр 

түрлі шөп аралас қау, селеу және бетеге өскен қара то-

пырақты, оңт.-шығыс бөлігі селеулі-бетегелі қызғылт 

қоңыр  топырақты.  өзен  бойында  қарағайлы  орман-

дар, ойпаң жерлерде батпақты шалғындар, тұзды көл-

дер, жағалауларында алабота, сораң шөптер тараған. 

ертіс жазығы

Аудандағы сирек тоғай

1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет