Налған, әр шатыршада 8 10 гүлден бар күлтесі ақ шыл сары түсті. тұқымынан көбейеді. мамыр мау



жүктеу 0.58 Mb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата25.05.2017
өлшемі0.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

ЕДІРЕЙ  –  Сарыарқадағы,  Арқалық  және  мыржық 

тауларының  солт-ндегі  тау.  қарағанды  обл.  қар-

қаралы  ауд.  жерінде  орналасқан.  Абс.  биікт.  893  м.  

Ұз. 15 км, ені 5 – 10 км. көптеген жақпартасты шоқы-

лар мен қырқалардан тұрады. беткейлері тік құламалы, 

жартасты,  аз  тілімденген.  пермь  мен  девонның  гра-

ниттері мен гранитті сиениттерінен түзілген. қызғылт 

қоңыр  сортаң  топырағында  бетеге,  селеу,  сұлыбас, 

жусан, қараған, тобылғы өседі. Аңғарларында шөпті-

айрауықты, шилі-бетегелі шалғындар кездеседі. тау-

дың орт. бөлігінде қызылшілік қонысы бар.

ЕКІ  АҒАЙЫНДЫ  –  Ақтөбе  обл.  мұғалжар  ауд-

ндағы  дәутау  тауының  оңт-нде  35  км  жердегі  тау. 

мұғалжар  тауында  орналасқан.  Абс.  биікт.  634  м. 

тау  солт-тен  оңт-ке  қарай  бойлық  бағытта  созылып 

жатыр. е. тауының оңт.-батыс беткейі тіктеу келген. 

осы тұстан ембі – шалқар т. ж. мен автомоб. жолдары 

өтеді. баурайында ірілі-ұсақты шоқылар бар. таудың 

қоңыр қызғылт топырағында жусан, боз, селеу, бұта-

лар өседі.

ЕКІБАСТҰЗ БӨГЕНДЕРІ – 1) ертіс алабында, ер-

тіс-қарағанды  каналы  бойындағы  бөгендер  тобы. 

павлодар обл-ның екібастұз қ. мәслихатына қарасты 

аумақта  орналасқан.  біреуі  екібастұз  қ-нан  солт-ке 

қарай  17  км  жердегі  жыңғылды  көлінің  шарасына 

ертіс-қарағанды  каналының  суын  толтыру  арқылы 

қалыптасқан.  Аум.  19,5  км

2

,  тереңд.  4,6  м,  суының 



көл.  90,14  млн.  м

3

.  жиегінде  қамыс,  шалғын  қалың 



өскен; 2) екібастұз қ-нан солт-ке қарай 25 км жердегі 

шаңдақсор көліне канал суын толтыру арқылы қалып-

тасқан. Аум. 42,7 км

2

, тереңд. 6,1 м, суының көл. 260 



млн.  м

3

.  Алабында  шалғын  өскен.  бөгендердің  суы 



екібастұз жылу электр ст-ларының пештерін (блокта-

рын) салқындату үшін (секундына 420 м

3

 су ауысты-



рып тұрады) пайдаланылады.

ЕКІБАСТҰЗ КӨМІР АЛАБЫ, Сарыарқаның солт.-

шығысында, павлодар обл. жерінде. дүние жүзіндегі 

аса ірі көмір кендерінің бірі. мұндағы қоңыр көмірді 

1876  ж.  жергілікті  зергер  қосым  пішенбаев  тапқан. 

Алғашқы барлау жұмыстары 1896 ж. жүргізіліп, көмір 

шахталардан  өндіріле  бастады.  құрылымы  бойынша 

е. к. а. – солт.-батыс бағытта созылған асимметриялық 

мульда,  оның  ұз.  24  км,  ені  8,5  км.  Алаптың  жалпы 

аум.  155  км

2

.  оңт.-шығыс  және  солт.-батыс  жиек-



терінде  көмірлі  шөгінділердің  еңістік  бұрышы  5  –  

20°-тан 10 – 40°-қа дейін. қатпарлы көмір қабаттары 

бар  тас  көмір  жүйесінің  қимасы  төменнен  жоғары 

қарай  Ащылыайрық,  екібастұз,  қарабидайық  және 

Ақбидайық шоғырларына жіктеледі, олардың жалпы 

қалыңд.  1500  м.  шоғырлардың  литол.  құрамы  сұр 

және  қара  сұр  аргиллит,  алевролит,  әр  түрлі  түйір-

шікті  құмтас,  әктас  және  туф  қабаттарынан  тұрады. 

көмір қабаттары негізінен ең төмендегі Ащылыайрық 

(6-,  5-қабаттар)  және  екібастұз  (4  –  1-қабаттар) 

шоғырларында  6-,  5-қабаттардың  орташа  қалыңд. 

7,6 м, 4-, 1-қабаттардың жалпы қалыңд. 130 – 230 м 

аралығында.  көмір  қабаттарының  заттық-петрограф. 

құрамы  өте  күрделі.  Витринит  (таза  көмір)  мөлшері 

қима бойынша жоғары қарай 29%-дан (6-қабат) 51 –  

80%-ға (1-қабат) артады. көмірдің күлділігі 26 – 60%. 

күлдің құрамында айырып алуға болатын Tі, Zn, Pb, 

Cu, Sn, Sc, Zr, Ag сияқты пайдалы элементтер кезде-

седі  әрі  ол  құрылыс  материалы  ретінде  пайдаланы-

лады.  тауарлық  көмірдің  орташа  қызулығы  (жылу 

бөлгіштігі)  4170  ккал/кг.  технол.  көрсеткіші  бойын-

ша  алаптың  көмірі  «оС»  маркасына  жатады.  көмір 

өндіру  ашық  әдіспен  жүргізілуде.  е.  к.  а-нда  қазақ- 

стан  –  ресей  бірлескен  кәсіпорны  жұмыс  істейді. 

Алаптың  жалпы  көмір  қоры  11,3  млрд.  т.  жылына 

87 млн. т көмір өндіріледі. өндірілген көмірді қазақ-

стан,  ресей  және  басқа  көршілес  мемлекеттердің  ірі 

энергетик. орталықтары пайдаланады.



ЕЛАТИНА, қ. Күндешік.

ЕЛДІЖАН  ҚАРАШОҚЫСЫ  –  доңызтау  сорының 

солт-ндегі  тау.  Ақтөбе  обл.  байғанин  ауд-нда.  Абс. 

биікт. 68 м. таудың батысынан Аққоңыр, шығысынан 

қамысты өзендері ағып өтеді. оңт.-батыс беткейі тік-

теу, солт. жайпақ келген. Солт-нде қосқарашоқы тауы, 

батысында  замыстақ  тауы,  оңт-нде  доңызтау  жоны, 

шығысында қарашоқы тауы орналасқан. тақыр және 

сұр қоңыр топырағында эфемерлі сұр жусан, баялыш, 

күйреуік өседі.

ЕЛЕҒАЖЫ – үстірт жазығының батысында, өтес т. ж. 

ст-нан шығысқа қарай 27 км жерде орналасқан бір топ 

құдық. тереңд. 22 м, су шығымы 1000 л/сағ. маңғыстау 

обл. маңғыстау ауд-нда 19 ғ-дың 50-жылдары суы тұщы 

6 құдық болған. 

ЕЛЕК,  е л і к   –  жайық  алабындағы  өзен.  ресейдің 

орынбор,  қазақстанның  Ақтөбе  (Алға,  мортық  ау- 

дандары),  батыс  қазақстан  облыстары  (бөрілі  ауд.) 

жерімен  ағып  өтеді.  Су  жиналатын  алабы  41,3  мың 

елек өзені


188

Елек

км

2



. Ұз. 623 км. жарық саласын қоса есептегенде 699 

км. мұғалжар тауының батысындағы бестөбе сілемі-

нен қос тармақ болып басталып, жайыққа сол жағы-

нан құяды. қар және жер асты суларымен толығады. 

Арнасы бастауында енсіз (20 – 30 м), тік жарлы, орта 

ағысында  (Ақтөбе  қ.  тұсында)  150  –  170  м-ге  дейін 

кеңейеді, жайылмасының ені бас жағында 500 м-ден 

сағасында  3  –  4  км-ге  дейін  жетеді.  жайылмасында 

тоғай,  шалғын  өскен.  е-тің  75  саласы  бар.  Ірілері: 

қобда, көктөбе, табантал, қарғалы, Сазды. Ақтөбе қ. 

тұсындағы  жылдық  орташа  су  ағымы  21  м

3

/с.  тұзд. 



1,2 – 1,7 г/л. қараша – сәуір айларында суы қатады. 

өзенде  жайын,  көксерке,  ақмарқа,  табан,  сазан,  ала-

бұға, шортан, ақ қайраң, қарабалық бар. Суы өнеркә-

сіп орындарында пайдаланылады, егістік суғарылады, 

орта тұсында жайылым суландырылады.

ЕЛЕК  АРТЕЗИАН  АЛАБЫ  –  Ақтөбе  обл-ндағы 

елек өз-н бойлай орналасқан жер асты суы мол өңір. 

бұл  алаптағы  артезиан  сулары  жалпы  аум.  10  мың 

км

2



-ден асатын 30-дан астам тектоник. ойыстарда қа-

лыптасқан.  Негізгі  су  қабаттары  қалыңд.  50  –  150  м 

төм. бор мен орта юра дәуірлерінің құмтасты шөгінді-

лерінде шоғырланған. Су 50 – 100 м және 250 – 300 м  

тереңдікте кездеседі. әрбір ұңғыма тәулігіне 1700 – 

2500 м


3

 су бере алады. бор жыныстарының суы тұщы 

(минералд. 0,1 – 0,7 г/л), ал орта юра жыныстарының 

суы  ащы  (минералд.  1  –  12  г/л).  е.  а.  а-ндағы  тұщы 

судың жалпы қоры 25 – 30 млрд. м

3

, ол жылына 50 – 70 



млн. м

3

 сіңбе сумен толықтырылып тұрады. төм. бор 



қабатының суы елді мекендер, мал жайылымдары мен 

шабындықтарды суландыруға пайдаланылады.



ЕЛЕМЕС  –  павлодар  обл.  екібастұз  қалалық  әкім- 

дігіне  қарасты  аумақта  орналасқан  тау.  екібастұз  қ-

ның  оңт-нде,  әңгрен  көлінің  оңт.-батысында  25  км 

жерде. Абс. биікт. 303 м. тау солт.-шығыстан оңт.-ба-

тысқа  қарай  созылған.  түпкі  жыныстары  жер  бетіне 

шығып  қалған  өзен  аңғарларымен,  сай-жыралармен 

бөлінген.  беткейі  жайпақ  келген.  төм.  кембрий  жү-

йесінің  тау  жыныстарынан  құралған.  баурайынан 

өзендер  мен  жылғалар  бастау  алады.  өзен  аңғарла-

рының сортаң қызғылт қоңыр топырақты және шал-

ғынды жерлерінде бұта, сұлыбас, боз, селеу және әр 

түрлі шөптесіндер өседі.



ЕЛТАЙ  ТЕМІР  КЕНДЕРІ  –  қостанай  обл-нда  

1950 ж. ашылған темір (магнетит) кендерінің тобы. 

рудный қ-ның оңт-нде 47 км жерде орналасқан. бұл 

кендер  қарасу  антиклиналы  бойында,  диорит  инт-

рузиясы  мен  төм.  тас  көмір  шөгінді-жанартаутекті 

жыныстарының  жапсарынан  орын  алады.  жыныс-

тар бетін қалыңд. 40 м-дей мезо-кайнозой шөгінді-

лері жапқан. әр кенде қабат, линза тәрізді бірнеше 

кентас  денелері  бар.  олардың  ұз.  500  –  550  м,  қа-

лыңд.  5  –  40  м,  құлау  бұрышы    солт.-батысқа  20  –  

25°,  тереңд.  50  –  400  м.  тұтас  және  сеппе  түрінде 

кездесетін  негізгі  кентас  минералдары  –  магнетит 

пен гематит. тотығу белдемінде (тереңд. 50 – 60 м) 

магнетит  кентастары  мартит  пен  қоңыр  теміртасқа 

айналған. кентас құрамында 20 – 30%-дан 50 – 60%-

ға дейін темір, 0,5 – 4%-дай күкірт бар. кентас оңай 

байытылады.  е.  т.  к-нің  барланған  өндірістік  қоры 

15,2 млн. т, кентастағы темірдің орташа мөлш. 45%; 

ал болжамдық қоры 50 – 100 млн. т шамасында.

ЕЛТІНЖАЛ  –  Солт.  қазақстан  обл.  жамбыл  ауд. 

жаңажол а-нан солт.-шығысқа қарай 2 км жерде ор-

наласқан қайыңды орман. орман 4 км-ге жуық созы-

лып жатыр, ені 1 км. кей жерлерінде көк терек өседі, 

сан алуан шөп пен гүл арасындағы алаңқайларда қой 

бүлдіргені,  шие  бұтасы,  қалың  тоғай  ішінде  бүлдір-

ген  мен  саңырауқұлақ  өседі.  қоян,  түлкі,  борсық, 

елік пен құр мекендейді. 1826 жылға дейін е. халық 

ақыны, сазгер біржан салдың қыстауы болған. орман 

шетінде  сыбан  руының  басшысы  есеней  а.  орналас-

қан.  1826  –  42  ж.  есенейдің  күйеу  баласы  елтіннің 

туған-туыстарының  қыстауы  болғандықтан,  орман 

атауы сол адамның есіміне байланысты қойылған. бұл 

қыстауда  1900  ж.  С.мұқанов,  1902  ж.  Ғ.мүсірепов 

дүниеге келген. 

ЕЛШІБАЙ – Сарыарқаның орт. бөлігіндегі тау. қа-

рағанды  обл.  шет  ауд.  жерінде,  жамбыл  кентінен 

солт.-шығысқа  қарай  30  км  жерде.  Солт-тен  оңт-ке 

қарай 20 км-ге созылған, ені 3 – 4 км. ең биік жері 

936  м.  бір-бірінен  оқшауланған  бірнеше  ұсақ  шо-

қылардан тұрады. девонның интрузивтік гранитоид 

жыныстарынан  түзілген.  Сортаңдау  ашық  қызғылт 

қоңыр  топырақ  жамылғысында  жусан,  бетеге,  боз, 

бұталар  өседі.  тау  етегі  жайылымға  және  қыстауға 

пайдаланылады. 



ЕЛШІБЕКТІҢ  ТӨРТКІЛІ,  маңғыстау  обл.  жаңа- 

өзен  қ-нан  оңт-ке  қарай  140  км  жерде  орналасқан. 

қарынжарық  құмының  батыс  бетіндегі  өнере  бұла-

ғынан 15 км жерде. қарынжарық құмында бір-бірімен 

жалғасып  жатқан  құдықтар  көп.  бұл  жерде  1920  –  

30  ж.  елшібек  атты  дәулетті  адам  қоныстанған.  ол 

қоныстанған жердегі құдықтың суы тұщы әрі мол бол-

ғандықтан төрткілді е. т. деп атаған. 



ЕЛШІНБҮЙРЕК  –  Алматы  обл.  райымбек  ауд-

ндағы тау. Абс. биікт. 2978 м. ендік бағытта доңғалана 

созылып жатқан таудың ұз. 18 – 20 км, енді жері 10 

км-ге жуық. Гранит аралас эффузивтік тау жыныста-

рынан түзілген таудың солт. беткейлері тіктеу келген, 

батысы мен оңт. көлбеуленіп барып Айғыржал тауы-

на ұласады. шығысында суы шипалы тұзкөл жатыр. 

Солт-нен кеген өз-нің саласы үлкен қарасу өз. ағып 

өтеді.  шатқал,  сай-жыралармен  тілімденген  беткей-

лерінде  жеміс-жидек  аралас  қайың,  терек  орманы, 

етегінде  бетеге,  боз,  айрауық,  т.б.  астық  тұқымдас 

шөптесіндер  өскен.  жоғ.  бөлігінің  шырша,  қарағай 

аралас шалғын шөпті бөлігі – жайлау. тау бөктерле-

рінде қарасаз, шалкөде, т.б. елді мекендер орналас-

елтінжал орманы


189

Емен

қан. тау баурайындағы қарасаз а-нда елімізге белгілі, 

көрнекті ақын м.мақатаев дүниеге келген.

ЕЛІК (Capreolus capreolus) – бұғы тұқымдасына жа-

татын жұптұяқты, сүтқоректі жануар. е-тің 3 түр тар-

мағы (еуропа, Сібір, маньчжур) таралған. қазақстанда 

Сібір түр тармағы (C.c. pygargus) кездеседі. дене тұрқы 

120 – 160 см, шоқтығына дейінгі биікт. 75 – 100 см, 

салм. 30 – 55 кг. құйрығы өте қысқа. ешкісі мүйізсіз, 

текесінің наурыз – мамырда толық жетіліп, қараша –  

желтоқсанда түсетін 3 – 5 ашалы мүйізі (25 – 40 см) 

болады. Аяқтары жіңішке әрі ұзын. қыста түгінің түсі 

қоңырқай сұр, жазда жирен, жас лақтарының түгінде 

ашық түсті теңбіл дақтары болады. е. талас, Іле, же-

тісу  (жоңғар)  Алатауында,  батыс  және  орт.  тянь-

шаньда, қаратауда, тарбағатайда, Сауырда және оңт. 

Алтайда кездеседі. жеміс-жидек, мүк, қына және шөп-

тесін өсімдіктердің жүзге жуық түрімен қоректенеді. 

жазда жеке-жеке, ал басқа кезде топталып жүреді. бір 

жарым жасында лақтайды. шілде – тамыздан бастап 

9 ай көтеріп 1 – 2, кейде 3 лақтан туады. лақтарын 6 

– 8 ай сүтімен қоректендіреді. ешкісі 11 – 12, текесі 

16 жылдай тіршілік етеді. еті мен терісі үшін арнайы 

рұқсатпен ауланады. кәсіптік маңызы бар.

ЕЛІКТАУ – батыс қаратау жотасының оңт-ндегі тау. 

маңғыстау обл. маңғыстау ауд-нда. Абс. биікт. 169 м. 

таудың батысы, оңт.-шығыс бөліктері тік жарлы кел-

ген. Солт. сай-жыралармен тілімденген. тау солт-тен 

оңт-ке қарай бойлық бағытта созылып жатыр. Солт-

нен маңғыстау – шетпе т. ж. өтеді. тақыр және сор-

таңды сұр қоңыр топырағында тасбұйырғын, бұйыр-

ғын, қара жусан, сұр жусан өседі.



ЕЛІКТІ  –  зеренді  тауының  солт-ндегі  тау.  Ақмола 

обл.  зеренді  ауд-нда.  Абс.  биікт.  502  м.  тау  солт-

тен  оңт-ке  бойлық  бағытта  созылып  жатыр.  беткейі 

көлбеу  келген.  Солт.-батысында  жолдыбай,  солт.-

шығысында  қопа,  оңт-нде  зеренді,  оңт.-батысында 

құмдыкөл,  батысында  шалқар  көлдері  орналасқан. 

шығысынан шағалалы өз. ағып өтеді. Солт-нен көк-

шетау – Айыртау т. ж. мен автомоб. жолдары өтеді. 

қара топырағында боз, селеу, жұлдызшөп, бұта, емен-

дер өседі.



ЕМБОЛАТ  –  жайық  алабындағы  өзен.  батыс  қа-

зақстан  обл.  зеленов  ауд.  жерімен  ағады.  Ұз.  82  км, 

су жиналатын алабы 890 км

2

. бастауын жалпы Сырт 



қыратынан  (ресей  аумағынан)  алып,  жайық  өз-не 

красноармейское а. тұсында құяды. Арнасы тар, жаң-

быр және жер асты суларымен толығады. кішігірім 12 

саласы бар. қараша айының 2-жартысында суы қатып, 

сәуірдің 2-онкүндігінде мұзы ериді. Суында ақмарқа, 

қаракөз, табан, қызылбалық (бекіре) бар. өзен бойын-

да бірнеше шағын бөген салынған.

ЕМБІ, қ. Жем.

ЕМЕН  (Quercus)  –  шамшаттар  тұқымдасына  жата-

тын  жапырақ  тастайтын  не  мәңгі  жасыл  ағаштар.  е. 

баяу (20 – 80 жылдай) өседі. е. – жарық сүйгіш ағаш. 

орманда жарық мол түсетін жерде тез өседі. 15 – 60 

жасында жеміс бере бастайды. әрбір 4 – 8 жыл сайын 

жаңғағы көбейе береді. 500 – 1000 жыл және одан да 

көп  өмір  сүреді  (мыс.,  литвадағы  Стелмужи  табиғи 

саябағындағы е-нің жасы – 2000 жылға жуық). оның 

дүние жүзінде 450-дей (кейбір деректер бойынша 600-

дей) түрі кездеседі. жайық өз-нің аңғарында е. орманы 

кездеседі. Алматы, жамбыл, оңт. қазақстан облыста-

рында көгалдандыру мақсатымен егіледі. қазақстанда 

сирек кездесетін 1 түрі – к ә д і м г і  е. (Q. robur) бар. 

оның  биікт.  40  –  50  м.  діңі  бірнеше  жуан  бұтақтан 

елшінбүйрек тауы

елік


кәдімгі емен ағашы

190

Ементұмсық

тұрады, тілім-тілім болып жарылған, қоңыр сұр түсті 

қалың қабықпен қапталған. жас өркені жапырақсыз, 

қызғылт қоңыр болып келеді. жапырағы ірі (ұз. 7 – 20 

см-дей),  дөңгелек,  қою  жасыл  түсті.  реңсіз  гүлдері 

дара жынысты, аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі 

жеке-жеке не 2 – 3-тен бірігіп, гүл сабағына шоғыр-

ланған. тұқымынан да, вегетативтік (өсімді) жолмен 

де көбейеді. Сәуір – мамырда гүлдеп, қыркүйек – қа-

зан айларында жеміс береді. тұқымы – шошқа жаңғақ. 

жаңғағынан мал азығы және кофе суррогаты дайын-

далады. е. қабығының құрамы илік зат – танинге бай, 

олар  медицинада,  тері  өнеркәсібінде  қолданылады. 

Сүрегі қатты әрі берік, аса бағалы құрылыс материалы 

ретінде өнеркәсіпте (мыс., кеме, вагон, жиһаз жасау, 

т.б.) пайдаланылады.



ЕМЕНТҰМСЫҚ  –  торғайтәрізділер  отряды  құ- 

нақтар  тұқымдасына  жататын  құстар.  қазақстанда 

тянь-шань,  батыс  Алтай,  жетісу  (жоңғар)  Алатау- 

ларында  кездесетін  к ә д і м г і   е.  (Сoccothraustes 

coccothraustes) және а р ш а  е-ы (мycerobas carnіpes) 

бар. бұлардың дене тұрқы 18 – 23 см, салм. 45 – 70 г. 

қоразының басы қоңыр, мойны қызғылт сұр, бауыры 

сұрғылт, құйрығы, тамағының асты, тұмсығының түбі 

қара. мекиенінің түсі қоразына ұқсас болғанымен, реңі 

солғындау. е-тың тұмсығы жуан және мықты болады, 

қатты тұқымды, сүйекті жемістерді (мыс. шие, алша, 

т.б.) оңай шағып жейді. Аттары да осы ерекшелікте-

ріне  байланысты  қойылған.  е-тар  ағаш  басындағы 

ұясына 3 – 7 (көбіне 4 – 5) жұмыртқа салып, оны меки-

ені 15 – 16 күн басады. балапандарын алғашқыда ұсақ 

жәндіктермен,  кейін  дәнмен  қоректендіреді.  е-тар 

кейде жеміс, жүзім бақтарына зиян да келтіреді. 

ЕМШӨП, п а р а к а р и у м  (Paracaryum) – айлауық- 

тар  тұқымдасына  жататын  бір,  екі  не  көп  жылдық 

шөптесін өсімдіктер туысы. қазақстанда шөлді, таулы 

аймақтардың  тастақты  беткейлерінде,  батпақты, 

құмды  жерлерінде  өсетін  4  түрі  (бунге  е-і,  қаратау 

е-і,  орталық  е.,  тасшыл  е.)  бар.  бұлардың  биікт. 

5 – 20 см, тамыры жуан, жертағандап өседі. жапырақ-

тары ұзынша, сабақ бойындағылары түкті. тостағанша 

жапырақтары 5 бөлікті, күлте иілмесі күлгін көк, көк-

шіл түсті. Аталығы қысқа жіпті, аналық мойны қысқа. 

Сәуір – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде 

жемістенеді. жемісі – жаңғақша. қаратау е-і өте сирек 

кездесетін эндемик түр, сондықтан қорғауға алынып, 

қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген.



ЕМІЛ,  е м е л   –  Алакөл  алабындағы  өзен.  шығыс 

қазақстан обл-ның үржар және Алматы обл-ның Ала-

көл аудандары жерімен ағып өтеді. Ұз. 254 км (оның 

91 км-і қазақстанда), су жиналатын алабы 21,6 мың 

км

2

.  жылдық  орташа  су  ағымы  4  –  11,4  м



3

/с.  шы-


ғыс  тарбағатай  тауының  сілемі  Ұрқашар  (қытайда) 

баурайындағы  бұлақтардан  басталады  да  Алакөлге 

құяды. қар, жер асты суларымен толығады. орта және 

сағалық  бөлігіндегі  құмды  жазықпен  өтетін  арнасы 

енді (30 – 50 м), жағасы жайпақ келеді. Атырауында 

сортаң шалғындар көп өседі. желтоқсанда суы қатып, 

наурызда ериді. Суы егістік суғаруға пайдаланылады.

ЕНШІҚАРМАН  –  еділ-жайық  алабындағы  ойыс, 

көлтабан.  батыс  қазақстан  обл.  казталов  ауд.  же-

рінде. Сарыкіші өз-нің орта ағысының оң жағасында, 

теңіз деңгейінен 25 – 30 м жоғары орналасқан. Аум. 57 

км

2

, ұз. 25 км, ені 0,5 – 3 км. жағасы жайпақ, құмды. 



Негізінен көктемгі қар суымен толығады. Суы тұщы, 

жаз  ортасына  дейін  мал  суарады,  суы  тартылғаннан 

кейін шабындыққа пайдаланылады.

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ – Алматы обл-ның оңт. 

бөлігінде  орналасқан  әкімш.  бөлініс.  жер  аум.  9,7 

мың км

2

. тұрғыны 21,9 мың адам, орташа тығызд. 1 



км-ге  2,2  адамнан  келеді  (2010).  Аудан  жеріндегі  80 

елді мекен 1 қалалық және 24 ауылдық әкімш. округке 

біріктірілген. Аудан орт. – есік қ. е. а-ның оңт-н Іле 

Алатауының қараш, шығысын, оңт.-шығысын бақай 

тауы, Сарытау, Сөгеті, торайғыр таулары, қиыр шы-

ғысын Сөгеті жазығы алып жатыр. Ауданның ең биік 

жері оңт.-батысындағы мәңгі қар мен мұз басқан Саз 

тауы (4241 м). Аудан жері солт-ке қарай ылдиланып 

қапшағай бөгеніне тіреледі. бұл жазық келген өңірінде 

Іле ойпаты жатыр. таулардан есік, түрген, киікбай, 

шолақ, шыбықты, белшабдар, қаратұрық, лаварсаз, 

Асы және шілік өзендері бастау алады. шілік өз-ндегі 

бартоғай бөгенінен д.А.қонаев атынд. үлкен Алматы 

каналы  бастау  алып,  шығыстан  батысқа  қарай  ағып 

өтеді. таулық бөлігінде ұсақ мореналық көлдер (есік, 

жасылкөл,  т.б.)  кездеседі.  өзендерде  бірнеше  кіші-

гірім  СЭС-тер  салынған.  толқын  а.  тұсында  арнайы 

балық  өсіруге  арналған  есдәулетсай  тоғаны,  түрген 

шатқалында  бахтах  (форель)  ш.  ұйымдастырылған. 

Аудан аумағында Алматы қорығы, есік обасы («Ал-

тын  адам»  мүрдесі  табылған),  тянь-шань  шыршасы 

өсетін  шыңтүрген  (шымтүрген)  шыршалығы  (889 

га) орналасқан. тау бөктерлерінде таутүрген, қорам 

минералды  бұлақтары  бар.  шіліккемерде  құм  мен 

кесектас  өндіріледі.  бұғыты  тауларында  вольфрам 

кен орны барланған. е. а-ның климаты континенттік. 

қысы суық. таулы өңірлерде қар қалың түседі (40 – 60 

см). қаңтар айының орташа темп-расы –6 – 10°С, кей-

де темп-ра –28 – 30°С-қа дейін төмендейді. жазы ыс-

тық әрі құрғақ. шілденің орташа темп-расы 20 – 24°С. 

жылдық орташа жауын-шашын мөлшері жазық өңірде 

200 – 400 мм, тау бөктерлерінде 550 – 700 мм. Аудан 

аумағында ендік бағытта айқын байқалатын бірнеше 

табиғи белдемдер өтеді. Іле ойпатының шөлейтті бел-

демінде  сұр,  сортаң  сұр  топырақ  қалыптасқан. онда 

баялыш, жусан, ши, күйреуік, т.б. сораң шөптер, өзен 

аңғарлары  мен  ойысты  жерінің  шалғынды-батпақты 

топырағында құрақ, қамыс, қияқ, жалбыз, тауалдының 

жонды-белесті жерлерінің қоңыр, қызғылт қоңыр то-

пырағында бұта аралас бетеге, боз, селеу, тау бөктер-

лерінде  астық  тұқымдас  әр  түрлі  шөптесіндер  өскен. 

таулардың орта және биік белдеулерінде тау шалғыны, 

одан биікте альпілік шалғындар қалыптасқан. тау ете-

Саз тауы


191

Ерейментау

гі мен шатқалдарын тал, үйеңкі, көк терек, емен, өрік, 

алма, алмұрт жеміс ағаштары, биік таулы бөлігін шыр-

ша, қарағай орманы алып жатыр. жануарлардан қоңыр 

аю, барыс, қасқыр, түлкі, таутеке, арқар, жазық жер-

лерде  елік,  борсық,  суыр,  қырғауыл,  т.б.  мекендейді. 

Су айдындары балыққа бай. е. а-нда суғармалы және 

тәлімі (тау бөктерлерінде) егін ш. жақсы дамыған, со-

нымен қатар қой ш. бар, жүзім, жеміс-жидек, көкөніс, 

темекі өсіріледі. А. ш-на жарамды жерінің аум. 818,7 

мың га (2008), оның ішінде жыртылған жері 85 мың 

га, шабындық 18,7 мың га, жайылым 523,4 мың га. Ал-

маты – райымбек, Алматы – жаркент автомоб. жолы 

өтеді. 




жүктеу 0.58 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет