Налған, әр шатыршада 8 10 гүлден бар күлтесі ақ шыл сары түсті. тұқымынан көбейеді. мамыр мау



жүктеу 0.58 Mb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата25.05.2017
өлшемі0.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

ДОСТАР  –  малайсары  жотасының  солт-нде  ор-

наласқан тау. Алматы обл. кербұлақ ауд-нда. Абс. 

биікт. 1032 м. д. тауының батысында көкшелі тауы, 

солт.-батысында  мойынқұм  құмы,  солт-нде  жеті-

жал  құмы  мен  Алтуайттау  тауы  орналасқан.  шы-

ғысынан түрксіб т. ж. өтеді. тау негізінен ұсақ үш 

шоқыдан  тұрады.  беткейіндегі  бозғылт  қоңыр  то-

пырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу өседі.



ДОСТАР – қарасу өз-нің оң жағалауындағы тау. қа-

рағанды обл. қарқаралы ауд. егіндібұлақ а-нан солт.-

шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 

1025 м. Ұзындығы мен ені 6 – 7 км. беткейлері сайлы-

жыралы,  аңғарлармен  қатты  тілімденген,  солт.  және 

шығыс бөлігі құлама тік жартасты. орта бөлігін оңт-

тен  солт-ке  қарай  өзеннің  шалғынды  құрғақ  аңғары 

бөледі.  тау  ордовик  және  девон  жыныстарынан  тү-

зілген. қызғылт қоңыр топырағында бидайық, бетеге, 

қызғылт қау, мұз жусан, бөрте жусан өседі. 



ДОСТЫҚ  КАНАЛЫ,  оңт.  қазақстан  обл.  мақта- 

арал  ауд.  жерімен  ағып  өтеді.  республикадағы  ма-

ңызды  су  құрылыстарының  бірі.  мырзашөл  өңірін 

игеру  мақсатында  Сырдария  өз-нің  су  қорына  негіз-

деліп  салынған.  1901  ж.  «Солтүстік»  канал  құры-

лысы  басталып,  1913  ж.  қазан  айында  канал  бойы-

мен  су  жіберілді.  1914  ж.  «романов»  каналы  болып 

өзгертіліп, 84 км-ге ұзарды. 1926 ж. орта Азия а. ш. 

еңбеккерлерінің  съезінде  «мырзашөлді  игеру  бағ-

дарламасы»  қабылданып,  қазақстандағы  326  мың  га 

жерін суландырып, мақта алабын ұлғайту жедел қар-

қынмен жүрді. канал көптеген ұзақ тармақтарға бөлі-

ніп, бойында мақта ұжымшарлары ұйымдастырылды. 

1938 ж. канал С.м. киров атынд. магистральды канал 

деп аталды. 1943 ж. батыс, 1949 ж. солт., 1956 ж. орт. 

су жүйелері іске қосылды. 1959 – 61 ж. к-34 қызыл-

құм,  к-25  Арнасай  тармақтары  толығымен  салынып 

бітті. каналдың іске қосылуы мырзашөл өңірін ең ірі 

мақта өсіретін ауданға айналдырды.

ДӨҢГЕЛЕК БӨГЕНІ, жайық алабында, батыс қа-

зақстан обл. Ақжайық ауд. жерінде орналасқан. көшім 

өз-нің су қорына негізделіп, егістік суғару және жайы-

лым суландыру үшін 1967 ж. салынған. жайық-көшім 

суғару жүйесінің құрамына кіреді. үйінді бөгетінің ұз. 

640 м, ені 10 м, орташа биікт. 5 м. бөгеннің аум. 31,43 

км

2

, ұз. 6,54 км, ені 2,5 км, ең терең жері 6,2 м, суының 



көл. 57,4 млн. м

3

, пайдаланылатын көл. 51,4 млн. м



3

бөгеннен Фурманов және тайпақ каналдары, Фурма-



нов ауыз су құбыры басталады. жаңақала, Ақжайық, 

казталов  аудандарының  жайылымын  суландырады, 

қалған суын іргесіндегі жамбыл, бітік, бұлан, т.б. елді 

мекендері пайдаланады.



ДӨҢМАҢДАЙ  (Нypophthalmіchthynae)  –  тұқы  тұ-

қымдасына жататын балық. қиыр шығыстағы Амур 

өз.  алабында  таралған.  1950  –  60  ж.  тоғанда  өсіру 

үшін қазақстанда жерсіндірілген. қазір екі түрі – к ә -

д і м г і  д. (Нypophthalmіchtys molіtrіx) және ш ұ б а р 

д. (Аrіstіchthys nobіlіs) бар. олар Арал, каспий т-де-

рінде, балқаш көлінде, ертіс, тобыл, есіл, шу, Сары-

су өзендерінде тіршілік етеді. олардың сыртқы пішін-

дері ұқсас, денелері екі бүйірінен қысыңқы, құрсағы 

қырлы, басы үлкен. маңдайы дөңес келеді, аты осы-

дан шыққан. шұбар д-дың түсі қоңырлау әрі дақтары 

болады. дене тұрқы 1,2 м-дей, салм. 40 кг-нан асады. 

жыныстық жағынан 5 – 7 жасында жетіледі. мамыр 

– маусым айларында 4 млн-ға жуық уылдырығын түбі 

құмайт не тасты, ағынды су ішіне шашады. д-дың ша-

бақтары  балдырлармен  және  ұсақ  су  жәндіктерімен 

қоректенеді. д-дың кәсіптік маңызы бар.

ДӨҢ  ХРОМИТ  КЕНДЕРІНІҢ  ТОБЫ,  Ақтөбе  обл. 

хромтау  ауд-нда  орналасқан.  қоры  бойынша  дүние 

жүзіндегі ең ірі хромит кендерінің бірі. 1936 ж. ашыл-

ған, қазіргі кезге дейін игеріліп келеді. д. х. к. т-нда 

80-ге  жуық  кен  орындары  мен  кен  көздері  барлан-

ған.  олар  екі  субмеридиандық  белдем  құрайды.  бұл 

белдемдер  кемпірсай  базит-ультрабазит  массивінің 

оңт.  бөлігінде  тереңде  тоғысып,  бірыңғай  кентас-

ты-магмалық  жүйе  түзеді.  массив  жыныстары  құра-

мына қарай габбро-пироксенит-дунит формациясына 

жатады,  мұнда  ультрабазиттер  (дунит,  гарцбургит, 

верлит,  пироксенит)  массивтің  ядр.,  ал  габброидтар 

жоғ. және ядроаралық бөлігін құрайды. пішіні линза, 

желі, ұя тәрізді болып келетін дунит серпентиниттері 

мен  гарцбургиттердегі  кен  денелерінің  ұзындығы 

ондаған  м-ден  1500  м-ге  дейін,  қалыңд.  бірнеше  м-

ден 150 м-ге дейін, ал тереңд. 1400 м-ге жетеді. кен 

түзуші  негізгі  минералдары:  магно-хромит  типті 

хромшпинелид,  серпентин  және  оливин.  кентастың 

сапасы  өте  жоғары:  Cr

2

O

3



  –  52  –  60%,  тұтас  кентас-

тарда 64,5%-ға дейін, сеппелі жыныстарда 45 – 52%-

ға дейін. хроммен қоса Tі, Mn, Nі, Co, Cu, V сияқты 


184

ДУРНЕВ АРАЛДАРЫ – каспий т-нің шығысы, өлі- 

қолтық бойындағы аралдар тобы. маңғыстау обл. бей- 

неу  және  маңғыстау  аудандары  аумағында  жатыр. 

бозащы  түбегінің  солт.  жағалауына  жақын  орналас-

қан аралдардың арақашықтығы шамамен 13 – 14 км. 

Ұсақ аралдарды қоспағанда д. аралдары ірі 10-нан аса 

аралдар тобынан тұрады. ең үлкенінің ұз. 11 км, енді 

жері 4 км. 



ДҮЙСЕ  –  Нарын  құмындағы  аумағы  жағынан  ең 

үлкен  құм  сілемі.  батыс  қазақстан  обл-нда.  қызыл, 

төлеп, қарағайлы, қарабұдыр шағылдарынан тұрады, 

ұз.  75  –  80  км,  ені  15  –  25  км.  құм  арасында  ірілі-

ұсақты  ашық  жерлер  кездеседі.  Грунт  суы  3  –  4  м 

тереңдіктен шығады. 



ДҮПІЛДЕК (Jynx torquіlla) – тоқылдақтәрізділер от-

рядына жататын құс. қанатының ұз. 15 – 20 см-дей, 

салм. 32 – 40 г. денесі бірыңғай сарғыш қоңыр түсті, 

арқасында  күрең  қоңыр  ұзын  жолақтары  болады. 

басқа  тоқылдақтардан  ерекшелігі  –  қорегін  ағашты 

ойып  емес,  жерден  теріп  жейді;  құйрық  қауырсыны 

жұмсақ болады; ұясын дайын қуыстарға салады. д. –  

жыл құсы. Сәуір айының ортасында ұшып келеді. қа-

зақстанның солт-н (шығысынан батысына дейін), шы-

ғысын мекендейді. Ұясын жайық, елек, ертіс өзенде-

рінің жағасына, көкшетау қыраты мен Алтай тауының 

маңындағы орманды жерлерге салады. Ұясына 6 – 12 

жұмыртқа салып, оны 11 – 12 күнде басып шығарады. 

әдетте  жылына  1  –  2,  кейде  3  рет  балапан  өрбітеді. 

егер ұясына қауіп төнсе, басын шайқап, жылан сияқты 

ысылдаған  дыбыс  шығарады.  құмырсқалармен,  кей-

де а. ш-на зиянды ұсақ жәндіктермен де қоректеніп, 

пайда келтіреді. тамыз айының аяғы мен қыркүйектің 

ортасында ұшып кетеді. 

ДҮРЕ ЖАЙЫЛМАСЫ, д ю р е  ж а й ы л м а с ы  –  

каспий  ойпатының  солт-нде,  жайықтың  оң  сала-

сы  –  көшім  өз.  жағалауында,  шежін  (шыжың)  жа- 

йылмасының  шығысында  орналасқан  шалғынды  жа- 

зық.  батыс  қазақстан  обл.  Ақжайық  ауд.  жерінде.  

жайылманың  орта  бөлігінің  абс.  биікт.  14  м.  Ұз.  60 

км, ені 25 км. д. ж-ның пішіні өте тегіс, жазық кел-

ген.  жер  бедерінің  ойысты  жерлерінде  көлтабандар, 

көлшіктер мен бидайықтар кездеседі. топырағы қыз-

ғылт  қоңыр  және  сортаң  келген.  шалғынды-далалы 

және астық тұқымдас жусан аралас әр түрлі шөптесін 

өсімдіктер өседі.



ДЫРКЕПТЕР  (Columba  palumbus)  –  кептерлер  тұ-

қымдасына жататын құс. денесінің тұрқы 39 – 44 см, 

салм. 500 г-дай. денесінің пішіні жағынан түркептерге 

ұқсас: денесі созылыңқы, құйрығы мен мойны біршама 

ұзын, басының екі жағында ақшыл жақша тәрізді таң-

басы бар. түсі сұрғылт көкшіл, кеудесі қызғылт сұр, 

ұшқан кезде қанатындағы ақ дақтары жақсы көрінеді. 

қазақстанда жайық өз-нің аңғарында ұялайды. жыл 

құсы. көктемде ұшып келіп, қылқан жапырақты және 

аралас ормандардағы ағаштарға ұя салады. Ұясында 2 

жұмыртқасын аталығы мен аналығы кезектесіп, 17 –  

18 күнде басып шығарады. балапандарын екеуі ұяда 

20  күндей  қоректендіреді.  балапандары  ұшқаннан 

кейін де, түнде ұяларына қайта оралады. өте сақ құс. 

шыршаның, үйеңкінің, астық тұқымдас өсімдіктердің 

тұқымдарымен, жидектермен, жапырақтармен қорек-

тенеді. кейде аздап моллюскілерді, жұлдызқұрттарды 

және  ұсақ  омыртқасыздарды  да  жейді.  д.  спорттық 

әуесқойлық жолмен көп ауланады.

Дуадақ

ілеспе элементтер де кездеседі. кен орны, негізінен, 

ашық әдіспен өндіріледі.

ДУАДАҚ (Otіdіdae) – тырнатәрізділер отрядының бір  

тұқымдасына жататын құс. шығу тегі жөнінен тырна- 

ларға ұқсас болғандықтан оларды бір отрядқа жатқы- 

зады. д-тың қазба қалдықтары эоцен дәуірінен белгілі. 

дене  тұрқы  тауыққа  ұқсас.  д.  –  үнсіз  әрі  сақ  жүре- 

тін  құс.  құрлықта  жүруге,  жүгіруге  бейімделген  үш 

бармағы болады. Салм. 4 – 11 кг, ірілері 20 кг-ға же-

теді. қазақстанда олардың үш түрі – безгелдек, жорға 

дуадақ,  дуадақ  (Otіs  tarda)  кездеседі.  д-тың  қауыр-

сыны  тығыз  келеді,  мойны  қысқа  әрі  жуан.  қанаты-

ның  ұз.  570  –  670  мм.  құйымшақ  бездері  болмайды. 

қауырсындарының  түсі  ашық  қоңырқай,  ұсақ  қара 

жолақтары  бар.  құрсақ  жағының  қауырсындары  бір-

келкі  ақ  түсті.  қазақстанның  оңт.-шығысындағы  шө-

лейтті далада, тау бөктерінде топталып, кейде жекелей 

тіршілік етеді. д. – жыл құсы. көктемде ұшып келеді 

де, қазан – қараша айларында жылы жаққа ұшып кетіп

тәжікстан  мен  түрікменстанда  қыстайды.  қораздары 

мекиендерінен ірі әрі тамағының астында бір топ селдір 

қауырсындары болады. жұп құру кезінде «күй ойнаққа» 

түседі де, қораздары қанаттарын көтеріп дүрдитеді, ме-

киендерін айналып билейді. мекиендері 2 – 3 сарғыш, 

тарғыл  жұмыртқасын  жердегі  ұяларына  салады,  оны  

20 – 30 күндей шайқайды. балапандары ширақ болады. 

д.  өсімдіктермен,  кейде  ұсақ  жәндіктермен  де  қорек-

тенеді. бұрын қазақстанда д. көп болған. ел арасында 

д-ты «шөл тауығы», «тоқтыбалақ», «қозыбалақ» деп те 

атайды. 20 ғ-дың 50-жылдары тың және тыңайған жер-

лерді игеру кезінде олардың саны азайып кетті. қазір 

д-тың үш түрі де қорғауға алынып, қазақстанның «қы-

зыл кітабына» енгізілген. олар қорғалжын, Наурызым, 

үстірт қорықтарында қорғалады.



ДУЛЫҒАЛЫ ЖЫЛАНШЫҚ – Ұлы жыланшық өз-

нің сол саласы. қарағанды обл. Ұлытау ауд. жерімен 

ағады. Ұз. 108 км, су жиналатын алабы 3,1 мың км

2



Ұлытаудың  оңт-ндегі  құсмұрын,  үшқырлытау  және 

Ақтас  тауларының  батыс  беткейлерінен  басталып, 

бірәлі қыстауы тұсында Ұлы жыланшық өз-не құяды. 

қар  және  жер  асты  суларымен  толығады.  Арнасы 

енсіз,  өзенді  бойлай  тал,  т.б.  бұталар  өседі,  жағасы 

жарлы  келген.  жаз  айларында  қарасуларға  бөлініп 

қалады. қараша – наурыз айларында суы қатады. мал 

суаруға пайдаланылады.

дуадақ


185

Егізен

ЕБЕЛЕК  (Ceratocarpus)  –  алабұталар  тұқымдасына 

жататын  бір  жылдық  шөптесін  өсімдіктер.  қазақ-

станда есіл, тобыл, ертіс өзендері аралығында, кас-

пий,  Арал  т-дері  маңында,  зайсанда,  бетпақдалада, 

мойынқұмда,  қызылқұмда,  балқаш  –  Алакөл  ойы-

сында, шөл, шөлейт аймақтардағы құмды, құмайтты, 

сор топырақты, қиыршықтасты жерлерде өсетін қ ұ м 

е-і (C. arenarіus) және қ а л т а л ы  е. (C. utrіculosus) 

түрлері бар. олардың биікт. 3 – 30 см. Сабағы көп бұ-

тақты болғандықтан өсімдік шар тәрізді дөңгелек бо-

лып көрінеді. Сабағын қалың түк басқан, оның сұрғылт 

не  сарғыш  болатыны  соған  байланысты.  жапырағы 

үш-үштен шоқтанып, кезектесіп орналасады. Гүлі дара 

жынысты,  2  –  5-тен  жапырақ  қолтығына  жиналған. 

Сәуір – маусым айларында гүлдейді. жемісі түкті, жо-

ғары жағы сүйірлеу, үстіңгі жағында және бүйірінде 

қылтықты екі өскіні болады. жемісі пісіп-жетілгенде 

түбінен үзіледі де, желмен таралады. е-ті мал сүйсініп 

жейді.

ЕБЕЛЕКТІҢ ЕЛУ АҢҒАРЫ – маңғыстау обл. оңт. 

үстірттегі  оғыланды  тауының  шығысындағы  аңғар. 

өзеннің  ұз.  30  –  40  км  шамасында.  үстірт  қырына 

сұғына  еніп  жатқан  бірнеше  аңғар  Ақса,  қызылсай 

а-дарынан басталып, басқараған құдығына дейін же-

теді. етегіндегі негізгі су көздері: Несібектің жаңасуы, 

қызылсай, бас қараған. қыр үстіне негізінен бұйыр-

ғын, ебелек өседі. қазан айынан бастап қаңбақ болған 

ебелек желмен ұшып аңғарлар табанына толып, қыста 

тебіндеген жылқының азығына айналады. е. е. а. деп 

аталуы осыған байланысты.

ЕБІ ЖЕЛІ – жетісу (жоңғар) Алатауының солт.-шы-

ғысындағы ебінұр көлінен жетісу (жоңғар) қақпасы 

арқылы соғатын сұрапыл дауыл. е. ж. борохоро және 

майлы жоталары аралығында жатқан ебі жазығында 

жоғары  қысымды  антициклон  мен  төмен  қысымды 

циклонның тоғысуынан пайда болады. желдің жылд. 

60 – 80 м/с-қа жетеді. Негізінен қазан – ақпан аралы-

ғында жиі болады, жазда саябырлайды. жылына 70 –  

100 күндей соғады. Ұзақт. 3 – 7 тәулікке дейін созы-

лады.  е.  ж.  шаруашылыққа,  жол  қатынасына,  балық 

аулауға үлкен нұқсан келтіреді, кейде құрылыстар мен 

ғимараттарды  қиратып  кетеді.  е.  ж.  туралы  ғыл.  де- 

ректі ш.уәлиханов жазған.

ЕГЕУБАС (Sclerochloa) – астық тұқымдасына жата-

тын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. қазақстанда Іле 

Алатауының, батыс тянь-шаньның, қаратаудың сор-

таң жерлерінде өсетін бір түрі – қ а т т ы  е. (S. dura) 

бар.  оның  биікт.  3  –  20  см-дей.  тамыры  сүректеніп 

кеткен.  түбінен  тармақталып  шығатын  сабағы  тік, 

сырты тегіс болады. қандауыр тәрізді жапырағының 

ұз. 5 см-дей, ені 4 – 5 мм. Гүлі масақ гүлшоғырына 

топталған. жасыл масағының қылтанағы егеу сияқты, 

өсімдіктің  аты  осыған  байланысты  аталған.  Сәуір  –  

маусым  айларында  гүлдеп,  шілдеде  жемістенеді.  е-

тың пішенін қой мен ешкі жейді.



ЕГЕУҚҰЙРЫҚ  (Rattus)  –  кеміргіштер  отряды 

қаптесерлер  тұқымдасының  бір  туысы.  қазақстанда 

үш түрі: с ұ р  е. (R. norvedіcus), қ а р а  е. (R. rattus) 

және  т ү р к і с т а н   е.  (R.  turkestanіcus)  таралған. 

Сұр  е.  республикамыздың  батыс  және  солт.  аудан-

дарында  көбірек  кездеседі.  Соңғы  жылдары  басқа 

облыстарға  да  тарай  бастады.  қара  е.  тек  каспий  т. 

маңында тіршілік етсе, түркістан е-ы оңт. қазақстан 

мен жамбыл облыстарының таулы аймақтарында та-

ралған. е. денесінің ұз. 15 – 50 см, құйрығы ұзын және 

ол  сақина  тәрізді  қабыршақпен  қапталған.  тұмсығы 

сүйір, денесін сұр, қоңыр сұр, қара түсті жүн басқан. 

е-тар тауда, өзен-көл маңында, елді мекендерде, егіс-

тік  төңірегінде  кездеседі.  көбіне  тұрғын  үйлер  мен 

қора-жайларда,  азық-түлік  қоймаларында  тұрақты 

тіршілік  етеді.  жыл  бойы  қоректенеді.  жемін  түнге 

қарай  іздейді.  қорек  талғамайды,  етке  әуес,  көжек, 

құс,  торай  аулайды,  өсімдік  дәні  мен  қалдығын  да 

жейді. е-тар өте өсімтал. олар жыныстық жағынан 2 

– 3 айда толық жетіліп, жылына 2 – 3 реттен (әр жолы 

2 – 18-ден) көбейе алады. е-тар – бау-бақша ағашта-

рының, а. ш. мен орман ш-ның зиянкестері. Адам мен 

үй малдарына аса қауіпті аурулар (оба, безгек, сүзек, 

т.б.)  таратады,  сондықтан  олар  мекендейтін  үйлер 

мен астық қоймаларын мезгіл-мезгіл дератизациялап 

жасап отыру керек. Соңғы жылдары Арал т-нің оңт.-

шығысынан е-тардың тағы бір туысы – ү н д і  неме-

се т а қ т а т і с т і  е. (Nosokіa), оның бір ғана түрі –  

ү н д і  е-ы (N. іndіc↔) табылған.

ЕГІБАЙ – мыржық жотасының оңт. бөлігінде, шы-

ғыс қазақстан обл. Семей қалалық әкімдігі аумағына 

қарасты  тау.  Абс.  биікт.  970  м.  түпкі  жыныстары 

жалаңаштанған,  жыра-сайлармен  тілімденген  батыс 

және  шығыс  беткейлері  жатағандау  келеді.  бозғылт 

қоңыр  топырағында  жусан,  боз,  селеу,  қозықұлақ, 

қылқұрт,  бұталар  өседі.  шоқыаралық  ойыстарында 

шалғын өседі, бұлақ көп, сортаңдар ұшырасады.



ЕГІЗЕН – Сарыарқаның батысындағы тау. қарағанды 

обл. Ұлытау ауд-ның қиыр солт-нде орналасқан. Абс. 

биікт.  575  м.  оңт-нде  желадыр,  шығысында  қағыл, 

егізен тауының етегі



186

Егізқара

солт-нде қызылтау және батысында қапталадыр тау-

ларымен қоршалған. дөңгелек пішінді таудың ұзын-

дығы мен ені 10 – 15 км шамасында. Архей мен проте-

розойдың  қатты  метаморфтанған  және  дислокацияға 

ұшыраған тау жыныстарынан түзілген. Солт. беткейі-

нен терісаққан өз-не құятын екі жылға бастау алады. 

тау баурайы мал жайылымына пайдаланылады.



ЕГІЗҚАРА – Арал қарақұмының оңт.-шығысындағы 

қырат,  тау  жұрнағы.  қызылорда  обл.  жалағаш  ауд. 

жерінде. Абс. биікт. 288 м. батыстан шығысқа қарай 

40 км-ге созылған, ені 10 – 13 км. жондалып тегістеу 

келген  денудац.  қырқаның  беткейлері  сай-жыралар-

мен  тілімденген.  бор  дәуірінің  құмдақ,  алевролит, 

кварцит, саз араласқан шөгінділерінен түзілген. Сұр, 

сортаңды  топырағында  жусанды-сораңды  шөптесін-

дер өскен. мал жайылымына қолайлы.

ЕГІНДІКӨЛ  АУДАНЫ  –  Ақмола  обл-ның  оңт.-ба- 

тысындағы әкімш. бөлініс. 1970 ж. Атбасар және қор- 

ғалжын  аудандарының  ықшамдалуына  байланысты 

құрылған.  1970  –  97  ж.  краснознамен  ауд.  аталып 

келді. жер аум. 5,4 мың км

2

. тұрғыны 6,8 мың адам, 



орташа  тығызд.  1  км

2

-ге  1,2  адамнан  келеді  (2010). 



Аудандағы  16  елді  мекен  8  ауылдық  әкімш.  округке 

біріктірілген. Аудан орт. – егіндікөл а. е. а. Сарыар-

қаның орт. бөлігінде, есіл өз. мен теңіз – қорғалжын 

ойысы аралығында орналасқан. жер бедері негізінен 

жазық, тек орт. (бөлігі) сайлы-жыралы, белесті келген 

(абс. биікт. 400 м). жерінің көпшілігін жоғ. плиоцен 

мен төм. антропоген жүйелерінің көлді-аллювийлі шө-

гінділері жапқан. кен байлықтарынан гипс, құм, гипсті 

саз кездеседі. климаты тым континенттік. қысы суық, 

жазы  ыстық,  құрғақ.  қаңтардың  орташа  темп-расы 

–18°С, кейде –40°С-қа дейін төмендейді. шілденің ор-

таша темп-расы 21°С. кейде оның максимумы 42°С-

қа дейін жетеді. жауын-шашынның жылдық орташа 

мөлш. 250 – 300 мм. өзендер сирек кездеседі. теріс-

аққан өз-нің саласы – талдысай өз-нің бастауы және 

жазда құрғап қалатын бірлі-жарым еспелер ғана бар. 

Аудан аумағында көптеген суы тұщы және ащы көл-

дер орналасқан. бастылары: қожакөл, жалманқұлақ, 

егіндікөл,  жосалы,  жарлыкөл,  Самарбай,  Ұзынкөл, 

Алакөл (тұзды), т.б. жер асты сулары 50 – 100 м терең-

дікте  жатыр  және  тұздылығы  жоғары  болғандықтан  

(3 – 10 г/л) пайдалануға жарамайды. Сондықтан аудан-

ның барлық елді мекендеріне Нұра өз-нен су құбыры 

тартылған. Аудан жерінде карбонатты қызғылт қоңыр 

топырақ  кең  тараған.  тың  және  тыңайған  жерлерді 

игеру кезінде аудан жерінің басым бөлігі жыртылған. 

өсімдіктерден сұлыбас, селеу, бетеге, жусан, көл жа-

ғаларында түрлі шөпті шалғын, бидайық, өлең, қамыс, 

т.б. өседі. қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, қоян, суыр, 

ондатр, күзен, сарышұнақ, аламан, қосаяқ; құстардан 

кезқұйрық, күйкентай, бозторғай, көлдерде қаз, үйрек, 

аққу, қасқалдақ, қызғыш, тауқұдірет, жылқышы, шіл, 

тырна,  бөдене  мекендейді.  Ірі  елді  мекендері:  Абай. 

бауманское, Спиридоновка, қоржынкөл, буревестник, 

жалманқұлақ,  Ұзынкөл,  полтавское.  А.  ш-на  пайда-

ланылатын жері 518,8 мың га, оның 316,4 мың  га-сы 

жыртылған (2011), 1 мың га-сы шабындық, 171,5 мың 

га-сы  жайылым.  Аудан  егіндікөл  –  Астрахан  –  ма-

кинск – щучинск – көкшетау автомоб. жолы арқылы 

облыс орт-мен, егіндікөл – Новочеркасское – Астана 

автомоб.  жолы  арқылы  Астана  қ-мен  байланысады. 

егіндікөл – Атбасар т. ж. тармағы арқылы Астана –  

қараталды т. ж. магистралімен жалғасқан. 

ЕДІГЕ  –  Ұлытаудың  оңт.-батысындағы  тау.  қара-

ғанды  обл.  Ұлытау  ауд.  жерінде  орналасқан.  Абс. 

биікт.  1063  м.  доғаша  иілген  таудың  ұз.  8  км,  енді 

жері 5 км. Іргесі кристалды тақтатас, гранит, құмтас, 

порфирит,  конгломераттан  түзілген.  тау  бөктерінен 

бірнеше  ұсақ  өзендер  (шақабай,  т.б.)  мен  бұлақтар 

бастау  алады.  бозғылт  қызыл  қоңыр  топырағында 

ұшқат, тобылғы, итмұрын, баялыш, арша, жусан, боз, 

бидайық өседі. тау баурайы мал жайылымына пайда-

ланылады. 



ЕДІЛБАЙ СОРЫ – балшықты сор. батыс қазақстан 

обл. казталов ауд-ндағы жаңажол а-дық округінің ау-

мағында  орналасқан.  Аум.  553  га  жерді  алып  жатқан 

минералды-сулы қабаты бар. балшығы мен суы емдік 

қасиетке ие. буын ауруларын емдеуге пайдаланылады.

ЕДІЛ МАЙШАБАҒЫ (Alosa kesslerіvolgensіs) – май- 

шабақ  тұқымдасына  жататын  өрістегіш  балық.  кас-

пий  т-нен  еділ,  жайық  өзендеріне  шығады.  дене 

тұрқы 40 см-дей, салм. 600 г-дай. е. м. ашық қоңыр 

түсті болады. Арқа қанаты біреу, тістері өте майда. 3 –  

4 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Сәуірдің ая-

ғында – мамырдың басында уылдырығын (100 – 280 

мыңдай)  өзендердің  арнасына  немесе  қойнауларына, 

едіге тауының баурайы

жазық даладағы шоқ қайыңдар



187

Елек

біраз бөлігін өзен атырауындағы тұщы суға шашады. 

уылдырық шашқаннан кейін ересектерінің көбі өліп 

қалады. 44 – 45 сағаттан кейін (19° – 21°С темп-рада) 

уылдырығынан  майшабақтар  өсіп  жетіледі.  е.  м. 

шаянтәрізділермен,  ұсақ  балықтармен  қоректенеді. 

е. м. тамаққа жас, тұздалған, консервіленген түрінде 

қолданылады.  еті  дәмді  болғандықтан  кезінде  е.  м. 

өте  көп  ауланған  (мыс.,  1930  жылдары  жылына  70 

мыңдай т, ал 1970 жылдары 10 мың т-дай). қазір е. м. 

санының жылдан-жылға азаюына байланысты қазақ-

станның «қызыл кітабына» енгізілген.



ЕДІЛСОР  –  жалтыркөл  көлінің  шығысында  15  км 

жердегі  қоныс.  батыс  қазақстан  обл.  жаңақала  ауд-

нда.  теңіз  деңгейінен  1  м  төмен  орналасқан.  Солт.-

батыстан оңт.-шығысқа қарай 10 км-ге, енді жері 4,5 

км-ге созылып жатыр. қоныстың біршама бөлігін сор 

басқан. Солт.-шығысынан қарақұдық каналының тар-

мағы өтеді. маңында қарашакөл, жыра, өтепбай, т.б. 

қыстаулар орналасқан. оңт-нен орт. және орта Азия 

газ құбыры өтеді.



жүктеу 0.58 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет