Налған, әр шатыршада 8 10 гүлден бар күлтесі ақ шыл сары түсті. тұқымынан көбейеді. мамыр мау



жүктеу 0.58 Mb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата25.05.2017
өлшемі0.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

ДӘМДІСУ – тобыл өз-нің төм. ағысындағы көл. қос-

танай  обл-ның  таран  ауд.  жерінде.  қазанбасы  шоқ 

тоғайлы-батпақты  алқаптың  батысында,  евгеньевка 

а-нан 3 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 157 м. Аум. 

10,7 км

2

, ұз. 5,9 км, ені 3 км. жауын-шашын және жер 



асты  суларымен  толығады.  жағасы  жайпақ,  шығыс 

жағы  жарқабақты.  қараша  –  сәуір  аралығында  суы 

қатады.  шабындықты  көлдетіп  суғаруға  пайдаланы-

лады. Суы тұщы. 



ДӘНСАРЫ – Ұлы жыланшық өз. алабындағы тұйық 

көл. қарағанды обл-ндағы Ұлытау ауд-ның қиыр ба-

тысында, байқоңыр а-ның солт.-батысына қарай 100 

км жерде орналасқан. Абс. биікт. 157 м. Аум. 9,6 км

2



ұз. 6,9 км, ең терең жері 1,5 м, су жиналатын алабы 



468  км

2

.  көл  ағынсыз,  солт.-шығысынан  (Сарын  та-



уынан) жазда тартылып, қарасуларға бөлініп қалатын 

қайдағұл  өз.  құяды.  қар  және  жер  асты  суларымен 

толысып, көктемде шөміш көлімен ұласады. қараша-

ның ортасында суы қатып, сәуірдің ортасында ериді. 

Ақ  және  боз  жусан,  қылқан  селеу,  т.б.  шөптесіндер 

өсетін жағалауы жайылым ретінде пайдаланылады.



ДӘРМЕНЕ (Artemіsіa cіna) – күрделігүлділер тұқым-

дасы, жусан туысына жататын көп жылдық шала бұта. 

батыс  тянь-шаньда,  қаратау  бөктерлерінде,  Сыр-

дария,  Арыс,  бөген,  Арыстанды  өзендерінің  аңғар-

ларында  саздақ,  сортаң,  сұр,  қоңыр  топырақты  жер-

лерде,  сайларда,  өзен-көл  аңғарларында  өседі.  оңт. 

қазақстан  обл-ның  Арыс  ауд-нда  ұйымдастырылған 

«дәрмене»  кеңшарында  өсіріледі.  биікт.  18  –  30  см. 

көп  сабақты,  бұтақтары  тік  орналасқан,  төменгі  жа-

пырақтары сағақты, ерте солады, ортаңғысы сағақсыз, 

сопақ жұмыртқа тәрізді, отырыңқы қос салалы болып 

тілімденген. үстіңгі жапырағы бүтін жиекті, қандауыр 

тәрізді. Гүлшоғыры – шашақ, ұз. 3 – 4 мм, жұмыртқа 

пішінді себетте орналасқан. 3 – 5 гүлі бар, гүл күлтесі 

түтікшелі,  сары  немесе  қызғылт  түсті.  тұқымынан 

көбейеді. тамыз – қыркүйекте гүлдеп, қазан – қараша 

айларында жеміс береді. д. құрамында іш құрттарын 

(гельминттерді)  түсіретін  сантонин  бар.  д.  медици-

нада  және  парфюмерияда  (эфир  майы  дарминол  алу 

үшін) пайдаланылады. д. өте сирек кездесетін өсімдік 

болғандықтан  қорғауға  алынып,  қазақстанның  «қы-

зыл кітабына» енгізілген.



ДӘУТАУ – мұғалжар тауының орта тұсындағы аласа 

тау массиві. Ақтөбе обл. мұғалжар ауд. жерінде. Абс. 

биікт.  622  м. Силур,  төм.  девон  кезеңдерінің  жанар-

таутекті-шөгінді (лава, туф, тақтатас) жыныстарынан 

түзілген. тау басы мен беткейлеріне бетеге, боз, жусан 

және бұта аралас (қараған, тобылғы, т.б.) шөптесінді 

ландшафт тән, таудың қоңыр топырағы қалыптасқан. 

д.  –  көктемгі-күзгі  жайылым. таудың  шығыс  баура-

йында бұлақ көздері (қалисанбұлақ, т.б.) бар.

ДӘУІТ – қызылорда обл. Арал ауд. кіші Арал т-нің 

оңт-ндегі тау. қаратүп түбегі мен берг бұғазы аралы-

ғында  орналасқан.  Абс.  биікт.  161  м.  д.  тауы  солт.-

шығыстан оңт.-батысқа қарай 4 км-ге, енді жері 2 км-

ге созылып жатыр. беткейі жайпақ, шығыс, оңт.-батыс 

бөліктері 36 м-лік тік жартасты қабаттармен көмкеріл-

ген. Аллювийлі-пролювийлі шөгінділермен жабылған 

палеоген жыныстарынан түзілген. шөлдің сортаңды 

қоңыр топырақ жамылғысында сұр жусан, бұйырғын, 

тасбұйырғын өседі.



ДЕГЕЛЕК  (Cіconііdae)  –  дегелектәрізділер  отрядына 

жататын  құстардың  бір  тұқымдасы.  д-ті  кейбір  зерт-

теушілер «ләйлік» деп жазады, қазақ халқы оны «деге-

лек» деп атайды. қазақстанда д-тің 2 түрі: ақ дегелек, 

қара  дегелек  бар.  олардың  санының  жылдан-жылға 

азаюына байланысты қорғауға алынып, қазақстанның 

«қызыл кітабына» енгізілген.

ДЕГЕЛЕҢ – Сарыарқаның солт.-шығысындағы ұсақ 

шоқылы  тау.  шығыс  қазақстан  обл.  аумағында  ор-

наласқан.  Абс.  биікт.  1084  м.  дөңгелене  келген  тау- 

ды  Ұзынбұлақ  өз.  екіге  бөледі.  таудың  солт.  бөлігі 

(үлкен  дегелең)  солт.-батыстан  оңт.-шығысқа  қарай 

15  км-ге  созылып  жатыр,  ені  10  км.  таудың  екінші 

бөлігі  –  кіші  дегелең  қатарласа  созылған,  ені  5  км. 

екі бөлігі де кезеңдермен (қалыбай асуы), белдермен 

бөлінген үшкіл шоқылардан тұрады. беткейлері сай-

лармен тілімденген. тау, негізінен, төм. және орта де-

вонның жыныстарынан түзілген. тау етегі мен тауара-

лық  аңғарларды  қорымтас  пен  элювийлі-делювийлі 

ысырынды шөгінділер басып жатыр. таудан көптеген 

бұлақтар басталады. бұлақтардың қосылуынан пайда 

болған  Ұзынбұлақ  өз.  шығысқа,  қарабұлақ  өз.  солт-

ке  қарай  ағады.  таудың  қызғылт  қоңыр  топырағы 



180

Дегерес

мен тау етегінің қиыршықтасты қызғылт қоңыр және 

бозғылт  қоңыр  топырағында  дегелең,  бөрте  жусан, 

қылқан  селеу,  бетеге,  көде,  тобылғы,  қараған,  т.б. 

бұталар  мен  әр  түрлі  шөптесіндер  өседі.  д.  еуразия 

құрлығының  кіндік  ортасында  орналасқан.  оны  біл-

діретін  граниттен  қашалған  пирамида  тұрғызылған. 

оның кіші нұсқасы д-нен 100 км оңт-те жатқан жиде-

бай қыстауындағы Абай мұражайы алдындағы дөңге-

лек тасқа орнатылған.



ДЕГЕРЕС  –  көкшоқы  тауының  солт.-шығысындағы 

тау. жамбыл обл. шу ауд-нда. Абс. биікт. 777 м. Ай-

тау  тауының  батыс  сілемінде.  маңында  тесік,  жыл-

қыбай және т.б. қыстаулар бар. таудың етегінен тесік, 

жыңғылды өзендері, орт. бөлігінен бабасай – Ақсүйек 

автомоб. жолы өтеді. қоңыр және сұр топырағында лес-

синг жусаны, баялыш, күйреуік, астық тұқымдас шөпте-

сіндер өседі. д-тің баурайы мал жайылымына қолайлы.



ДЕГЕРЕС  –  Іле  Алатауының  батысындағы  үстіртті 

тау.  Алматы  обл.  жамбыл  ауд.  жерінде,  жетіжол 

жотасынан  бастау  алатын  жаманты  және  дегерес 

өзендері аралығында орналасқан. Ұз. 15 км-ге жуық. 

пермь,  тас  көмір  және  неоген  кезеңдерінің  тау  жы-

ныстарынан түзілген. тауалды қара топырағында тау-

дың далалық өсімдіктері өседі.

ДЕМБЕТ  (Mertensіa)  –  айлауықтар  тұқымдасына 

жататын  көп  жылдық  өсімдік.  қазақстанда  шал-

ғынды далаларда, тау баурайы мен тастақты жерлер-

де өсетін 4 түрі бар. д-тің биікт. 10 – 40 см, сабағы 

жалаң, жапырағы жүрек пішінді болады. Гүлшоғыры 

сабақтың  ұшында  орналасады.  Гүлі  көк  түсті.  тұ-

қымынан көбейеді. маусым – шілде айларында гүл-

деп,  тамыз  –  қыркүйекте  жемістенеді.  жаңғақшасы 

ақ  түсті,  сырты  тегіс  болады.  тарбағатай  д-і  (M. 

tarbagataіca), жағастай д-і (M. dshagastanіca) және по-

пов  д-і  (M.  popovіі)  өте  сирек  кездесетін  эндемикті 

түрлер  болғандықтан  қорғауға  алынып,  қазақстан-

ның «қызыл кітабына» енгізілген.

ДЕМІКПЕ – жетісу Алатауының оңт-ндегі асу. Алма-

ты обл. кербұлақ ауд-нда, қытаймен шекаралас жерде 

орналасқан. Абс. биікт. 3257 м. Асудан маусым – қыр-

күйек айларында салт атты адам жүре алады. беткейлік 

шайылумен бірге бойлық эрозия әрекеттері күшті дамы-

ған. д. асуының солт.-шығысынан қараарық, оңт.-шы-

ғысынан  қазан  өзендері  таудың  биік  жоталарындағы 

мұздықтарынан бастау алады. жатық беткейлі кең өзен 

аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп 

тар аңғар, құлама беткейлі шатқалдар, қырлы жоталар 

мен үшкір шыңдарға ұласады.

ДЕНИСОВ АУДАНЫ – қостанай обл-ның батыс бөлі-

гіндегі әкімш. бөлініс. жер аум. 6,8 мың км

2

. тұрғыны 



21,6 мың адам, орташа тығызд. 1 км

2

-ге 3,1 адамнан 



келеді  (2010).  Аудандағы  46  елді  мекен  13  ауылдық 

әкімш. округке біріктірілген. Аудан орт. – денисов а. 

Аудан  жері  жазық,  шығысқа  қарай  еңіс  келетін  орал 

сырты үстірті мен торғай үстіртінің солт. тұсын алып 

жатыр.  кен  байлықтарынан  құрылыстық  тас,  әктас 

кездеседі.  климаты  тым  континенттік.  қысы  суық 

ызғарлы, жазы ыстық, құрғақ. қаңтардағы ауаның ор-

таша темп-расы –17 – 18°С, шілдеде 19 – 21°С. жауын-

шашынның жылдық орташа мөлш. 250 – 300 мм. басты 

дегелеңдегі күз

дегерес баурайы

демікпе асуы

тобыл өзенінің бойы


181

Домалатпа

өзендері: тобыл, әйет және олардың салалары – қара-

ғайлы және қамысты әйет. тобыл өз-нде жоғ. тобыл 

бөгені, қамысты әйет өз-нде қамысты бөгені салын-

ған. Ірі көлдері: жақсы Алакөл, Светлое, шыбынды-

сор және Айқоныс. д. а-ның жері, негізінен, қара және 

қызғылт қоңыр топырақты, сортаң топырақтар да кез-

деседі. өсімдігі жусан аралас қау мен селеу, бетеге ара-

лас далалық шөптерден тұрады. жануарлар дүниесінен 

қасқыр, түлкі, сарышұнақ, қосаяқ; құстардан қаз, үйрек, 

аққу, тырна, қызғыш, бозторғай, т.б. мекендейді. А. ш-

на пайдаланылатын жер аум. 362,8 мың га, оның ішінде 

258,7  мың  га  егістік,  116  мың  га  жайылым  бар.  д.  а. 

арқылы  батыстан  шығысқа  қарай  Ақмола  –  қарталы 

т.  ж.,  оңт.-батыстан  солт.-шығысқа  қарай  қостанай  –  

жітіқара т. ж., сондай-ақ респ. маңызы бар қостанай –  

рудный – тобыл – жітіқара автомоб. магистралі өтеді. 

Аудан  ішіндегі  елді  мекендер  автомоб.  жолдары  ар-

қылы байланысқан.

ДЕРКӨЛ,  д е р қ ұ л   –  жайық  алабындағы  өзен. 

батыс қазақстан обл-ның зеленов ауд. жерінен ағып 

өтеді. Ұз. 176 км, су жиналатын алабы 2,25 мың км

2



жалпы Сырт жотасының ешкі тауынан басталады да, 

жайық өз-нің сол саласы шағанға оң жағынан құяды. 

жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. 

Арнасы кең, жағасы жайпақ. көктемгі су тасу кезінде 

д-дің жайылмасын су басады. өзеннің бірнеше кіші-

гірім  салалары  бар.  қарашаның  аяғында  суы  қатып, 

сәуірдің басында ериді. Сағасындағы жылдық орташа 

су ағымы 2,4 м

3

/с. тұзд. 0,5 – 1,5 г/л, суы егін суғаруға, 



жайылмасы шабындыққа пайдаланылады.

ДЕРМЕНЕ, қ. Дәрмене.

ДМИТРИЕВ  МҰЗДЫҒЫ  –  Іле  Алатауының  солт. 

беткейіндегі  ең  ірі  қазаншұңқыр  типтес  мұздық,  Іле 

алабындағы талғар өз-нің бастауында. мұздық солт-

ке қарай созылып жатыр, аум. 17 км

2

, ұз. 5,7 км, көл. 



1,9 км

3

. Фирн (мұзқар) сызығы 3940 м биіктікте. мұз-



дықтың циркі қысқа сілемдермен 8 камераға бөлінген. 

д.  м.  жылына  10  м  мөлшерінде  шегінуде.  мұздық 

1936 ж. алғашқы зерттеуші және белгілі өлкетанушы 

С.е.дмитриевтің есімімен аталды.



ДОҒАЛАҢ – қарағанды обл. қарқаралы ауд-ның ба-

тысында, қарағайлы кентінен оңт-ке қарай 10 км жерде 

орналасқан тау. талды өз-нің сол жағалауында. Абс. 

биікт. 957 м. батыстан шығысқа қарай 6 – 7 км-ге созы-

лып жатыр. ені 2 – 3 км. Солт. және шығыс беткейлері 

тастақты, сай-жыралармен тілімденген. орта және жоғ. 

тас көмір гранитоидтарынан түзілген. қара қоңыр то-

пырағында бетеге, жусан, қызыл боз, селеу, т.б. өседі. 

оңт. баурайынан көптеген бұлақтар басталады.

ДОЛАНА  (Crataegus)  –  раушангүлділер  тұқымда-

сына  жататын  бұта  не  ағаш.  қазақстанда  7  түрі  Ал-

тай, тарбағатай, Іле және жетісу (жоңғар) Алатаула-

рында кездеседі. көбірек тарағаны – а л қ ы з ы л  д. 

(C.sangvіnea). жарық сүйгіш, аяз бен құрғақшылыққа 

төзімді, топырақ талғамайды. бұтақтары тікенді, кей-

бір түрлері тікенсіз болады, биікт. 1 – 4 м. жапырақ-

тарының жиегі тілімденген. мамыр – шілде айларын-

да гүлдеп, жемісі тамыз – қыркүйекте піседі, жемісі 

қыста ағаш басында тұра береді. Гүлі ақ немесе қыз-

ғылт,  қызыл,  жартылай  шатырша  не  қылқан  тәрізді 

гүлшоғырын  түзеді,  қос  жынысты.  жемісі  –  жидек, 

ұсақ, алқызыл, сары не қара түсті, 1 – 5 сүйекті, кейбір 

түрі жеуге жарамды, витаминге бай. тұқымынан көбе-

йеді. Аралар арқылы тозаңданып, жануарлар арқылы 

таралады. д-ның 50-ге жуық түрлері қолдан өсіріледі. 

д. медицинада дәрі-дәрмек жасауда пайдаланылады.

ДОЛАНҚАРА  –  құлжабасы  тауының  солт.-шығы-

сындағы  тау.  Алматы  обл.  жамбыл  ауд-нда.  Абс. 

биікт. 1166 м. оңт.-шығыс беткейі тіктеу келген. тау 

солт.-батысқа  қарай  батпаққайнар  төбесімен,  т.б. 

шоқылармен ұласады. оңт-нде шамамен 18 км жерде 

отар – Алматы т. ж. бойында орналасқан. шығысында 

аласа келген қолаңбас тауы мен құдығы бар. қоңыр 

және сұр топырағында жусан басым, астық тұқымдас 

шөптесін өсімдіктер өседі.

ДОЛМАТОВ  ҚҰЛАМАЛАРЫ  –  табиғаттың  па-

леонтол. ескерткіші. Солт. қазақстан обл. қызылжар 

ауд-нда,  есіл  өз.  аңғарының  тік  жарлы  беткейінде 

орналасқан.  биікт.  25  –  50  м.  есіл  –  ертіс  өзендері 

аралығын  құрайтын  палеоген-неоген  жасындағы 

түпкі континенттік ашық жыныстары аршылған. түбі 

аршылған  тау  жыныстарының  бірі  Новопавловка  а-

нан  солт-ке  қарай  3  км  жерде  орналасқан.  мұндағы 

тік  беткейдің  жоғ.  бөлігі  миоцен  жасындағы  жасыл 

сұр саз балшықтан түзілген. құлама сайдың орта тұсы 

жұқа тасты қабаттан түзілген. Саз балшықтың жазық 

беткейінен  детрит-сағы,  жануарлар  мен  өсімдіктер 

қалдықтарынан тұратын түйіршіктер, торғай қабаты-

ның  жылу  сүйгіш,  жалпақ  және  қылқан  жапырақты 

флорасының ізін көруге болады. 

ДОМАЛАҚ  –  Арал  т.  алабының  солт-ндегі  тұйық 

көл. қызылорда обл. Арал ауд. жерінде. үлкен борсық 

және Арал қарақұмы аралығында теңіз деңгейінен 69 

м биіктікте орналасқан. Аум. 35,2 км

2

, ұз. 10,3 км, енді 



жері 6,5 км. қар және жер асты суларымен толысады. 

жазда тартылып қалады. Суы тұзды, көктемде мал суа-

руға, алабы шабындық ретінде пайдаланылады.

ДОМАЛАТПА  (Нalіmocnemіs)  –  алабұталар  тұқым-

дасына  жататын  бір  жылдық  шөптесін  өсімдік.  қа-

зақстанда каспий және Арал т-дері маңында, торғай 

үстіртінде,  маңғыстау  түбегінде,  мойынқұмда,  бал-

қаш – Алакөл ойысында, шу-Іле тауларында, қызыл-

орда өңірінде өсетін 7 түрі белгілі. Соның ішінде ең жиі 

кездесетіндері – ж ұ м с а қ  т ү к т і  д. (H. mollіssіma) 

және қ а т т ы  ж е м і с т і  д. (H.sclerosperma). бұлар-

дың биікт. 3 – 30 см. Сабағы қалың түкті, сұрғылт түсті 

келеді.  жіңішке  жапырақтары  шырынды,  тікенекті, 

кезектесіп орналасады. дара гүлді, қос жынысты, гүл 

серігі таспа тәрізді, түкті, қауыз түрінде болады. мау-

сым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте 

долана


182

Домбыралы

жеміс береді. тұқымы шырынды келеді. д. – қуаңшы-

лыққа төзімді өсімдік және мал азықтық шөп.

ДОМБЫРАЛЫ – Ақмола обл. Ақкөл ауд-нда, Ақкөл 

қ-нан  солт.-шығысқа  қарай  14,5  км  жердегі  тау.  Абс. 

биікт. 471 м. Солт-тен оңт-ке қарай 17 км-ге, енді жері 8 

км-ге созылып жатыр. таудың пішіні дөңестеу келген, 

батыс  беткейінің  түпкі  жыныстары  жалаңаштанған, 

оңт.-батыс беткейі тік, солт. және шығыс бөліктері жай-

пақ келген. қара сортаңды топырағында жұлдызшөп, 

боз, селеу, қозықұлақ, қылқұрт, бұталар өседі.



ДОМБЫРАЛЫТАУ – Ұзынтау тауының оңт.-баты-

сында 9 км жердегі төбе. жамбыл обл. Сарысу ауд-

нда. Абс. биікт. 380 м. төбе солт.-батыстан оңт.-шы-

ғысқа қарай 3,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 

км. Солт.-батысында тау жыныстары жер бетіне шы-

ғып  жатса,  оңт.,  оңт.-шығыс  бөлігі  сай-жыралармен 

тілімденген.  Сұрғылт  қоңыр  топырағында  баялыш, 

тұран жусаны, сұр жусан шөптесіндері өседі.



ДОНДЫҒҰЛ  –  қарағанды  обл.  Ұлытау  ауд-ндағы 

тау.  Арғанаты  жотасының  ең  биік  нүктесі,  жотаның 

орт.  бөлігінде  орналасқан.  Абс.  биікт.  757  м.  Архей 

және  протерозойдың  күшті  метаморфтанған  және 

дислокацияға  ұшыраған  жыныстарынан  түзілген. 

қиыршықтасты қара және қызғылт қоңыр топырақты 

өңірлерінде тау, дала өсімдіктері (жусан, бетеге, бұта-

лар, қарақат, сиыр бүлдірген, қайың, терек, т.б.) өседі.



ДОҢҒАЛ – кент тауының батыс сілеміндегі тау. қа-

рағанды обл. қарқаралы ауд. жеріндегі талды өз-нің 

оң саласы. қызылкеш өз-нің аралығында, қарағайлы 

кентінен оңт.-шығысқа қарай 20 – 22 км жерде орна-

ласқан. Абс. биікт. 1188 м. Ұзындығы мен ені 2 – 3 км, 

солт. бөлігі тік құламалы. тас көмір гранитоидтары-

нан түзілген. таудың қызғылт қоңыр топырағында бе-

теге, жусан, қызыл боз өседі. кей жерлерінде қарағай, 

қарағай-қайың аралас орман өседі.

ДОҢЫЗ, қ а б а н  (Sus scrofa) – сүтқоректілер класы-

ның жұптұяқтылар отрядына жататын жабайы шошқа. 

д-дың 3 түрі, ал қазақстанда бір ғана түр тармағы (S.s. 

nіgrіpes) бар. қазақстанның барлық жерінде таралған. 

Негізінен еділ-жайық атырабында, каспий т-нің жа-

ғалауында,  Сыр  бойында  кездеседі.  қамыс-құрақты 

қопалар  мен  батпақты  жерлерді  мекендейді.  бірақ 

д.  орманды-бұталы,  шөлейт  аймақтардағы  өзен-көл 

маңында да кездесе береді. олардың саны ауа райы-

ның  қолайлылығы  мен  аулану  мөлшеріне  байланыс-

ты  жылма-жыл  өзгеріп  отырады.  қазақстандағы  д-

дардың саны шамамен 12 – 15 мыңнан асады (1999). 

қабандарының дене тұрқы 125 – 175 см, шоқтығының 

биікт. 80 – 100 см, салм. 95 – 200 кг. мегежіндері кі- 

шірек келеді. имек келген азу тістері сыртқа шығып 

тұрады. д. қорек талғамайды. әр түрлі өсімдіктермен, 

жәндіктермен қоректене береді, өлексені де жейді. д. 

жыныстық жағынан 18 – 20 айда жетіледі. күйлеуге 

түсуі тамыздың ортасынан желтоқсанға дейін созыла-

ды. мегежіндері наурыз – маусым аралығында торай-

лайды. олар 4 – 10 торай туады. д. – кәсіптік аң, еті, 

терісі, қылы пайдаланылады. орта есеппен әр д. 50 кг 

ет, 10 кг май, 250 дм

2

 тері және 0,5 кг қыл береді.



ДОҢЫЗСЫРТ,  с а р ы к ү й і к   (Cobresіa)  –  қияқ- 

өлеңдер  тұқымдасына  жататын  көп  жылдық  шөпте- 

сін  өсімдік.  қазақстанда  Алтайдың,  Сауырдың,  тар- 

бағатайдың,  жоңғар  (жетісу)  Алатауының,  тянь-

шаньның  субальпілік  және  альпілік  шалғынында 

өсетін  6  түрі  бар.  көбірек  тарағаны  –  С м и р н о в 

д-ы (С. smіrnovіі). оның биікт. 15 – 45 см, сабағы тік, 

жіңішке.  жапырағы  қабыршақты,  сары  қоңыр  түсті, 

масағы (ұз. 10 – 20 мм) сабақ ұшына орналасқан. Гүлі 

дара жынысты, әрбір масағында 7 гүлі бар. Аталығы 3, 

аналығы 1, жемісі – жаңғақ. маусым – шілде айларын-

да гүлдейді. өте құнарлы мал азығы. 1 га жерден 4,5 –  

11 ц өнім алуға болады. 

ДОҢЫЗТАУ,  қ а б а н т а у   –  үстірттің  солт.  мен 

каспий ойпатының шектескен жеріндегі аласа тау. Ақ-

төбе обл-ның байғанин және Атырау обл-ның жылы-

ой аудандары жерінде орналасқан. Абс. биікт. 215 м. 

оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай 75 – 90 км-ге со-

зылған, енді жері 20 км. жер қыртысы жоғ. миоценнің 

оолитті әктастарынан түзілген. таудың солт. беткейі 

тік  жарлы,  кемері  сай-жыралармен  тілімденген,  ете-

гінде бұлақтар кездеседі. көлбеу келген оңт. беткейі 

біртіндеп жазыққа ұласады. Сұр топырағында сұр жу-

сан, бұйырғын, тасбұйырғын, күйреуік басым өскен. 

мал жайылымы ретінде пайдаланылады.



ДОҢЫЗТАУ  АРТЕЗИАН  АЛАБЫ  –  Ақтөбе  обл-

ның оңт-нде, үстірттің солт.-шығысындағы шошқа- 

лы қыраты мен жем. өз. аралығында 100 – 120 км-

ге созылған жер астындағы сулы аймақ. жалпы ауд. 

10 мың км

2

-ге жуық. Арыны күшті, табиғи қоры мол 



(500  млрд.  м

3

-ден  астам)  артезиандық  су  көзі  150  –  



600  м  тереңдікте,  қалыңд.  60  –  150  м  альб-сеноман 

құмды қабаттарында қалыптасқан. мұндағы әр ұңғы-

мадан тәулігіне 2000 – 2800 м

3

-ге дейін су шапшиды. 



д. а. а-ның солт-нде суы тұщы (минералд. 1 г/л), оңт. 

мен  батысында  аздап  ашқылтым  (1  –  3  г/л).  бұл  су 

көздері елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге, 

мал жайылымдарын суландыруға, егін суғаруға пай-

даланылады, ал Аққұдық, Ақбұлақ, тескенсу, т.б. су 

көздерінің  минералды  суларын  асқазан-ішек  аурула-

рын емдеуге пайдалануға болады.

ДОПШАГҮЛ  (Globularіa)  –  допшагүлдер  тұқым-

дасына  жататын  көп  жылдық  шөптесін  өсімдіктер 

туысы. қазақстанда 2 түрі бар. Соның ішінде орал қ.  

маңында,  тастақты  төбелерде,  батпақты  жерлерде 

өсетін реликт түр – с о п а қ ш а  д. (G. punctata) кез-

деседі. биікт. 10 – 15 см, кіндік тамырлы, тік өсетін са-

бағына сопақша жапырақтары кезек орналасады. тос-

тағанша жапырақтары түкті. күлтесі боз, көкшіл түсті, 

қос  ерінді. Сабақ  ұшында  жеке  жетілетін  гүлшоғыры 

шар тәрізді дөңгеленіп тұратындықтан өсімдіктің аты 

допшагүл  деп  аталады.  тұқымынан  көбейеді.  мамыр 

айында гүлдеп, маусымда жемістенеді. жемісі – жаң-

ғақша. Сопақша д. өте сирек кездесетін өсімдік болған-

дықтан қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген.

доңызтау тауы


183

Дөң

ДОСАЙҚОПА – қостанай обл. қамысты ауд. қамысты 

а-нан оңт.-шығысқа қарай 1 км жерде орналасқан көл. 

тобыл өз-нің алабында. теңіз деңгейінен 256,5 м биік-

тікте орналасқан. Аум. 8,9 км

2

, ұз. 4,1 км, енді жері 3 км, 



жағалауының ұз. 11,5 км. жағалауы жайпақ, түбі тегіс, 

лайлы келген. Негізінен қар және жауын-шашын сула-

рымен  толысады.  қараша  айында  суы  қатып,  сәуірде 

ериді.  көл  жағалауында  қамыс,  құрақ,  т.б.  өсімдік-

тер өседі. Суы тұзды. д. көлінің маңында көбенқопа, 

оразқопа, қояндықопа көлдері бар.



ДОССОР МҰНАЙ КЕНІ, Атырау обл-ның мақат ауд-

нда, Атырау қ-нан шығысқа қарай 90 км жерде орналас-

қан; қазақстанда ашылған ең алғашқы өндірістік маңы-

зы бар мұнай кені. д. м. к-н 1860 – 87 ж. орыс геологта- 

ры Н.А.Северцев, д.В.кирпичников, м.м.Новаковский 

бар-лап, картаға түсірген. мұнай 1911 жылдан өндіріліп 

келеді. 1911 – 17 ж. аралығында д. м. к-нде 11 мұнай 

фонтандық  ұңғысы  болды.  ең  үлкен  фонтан  тәулігіне 

525 т мұнай беріп отырды. Сол жылы жалпы шығымы 

15700 т-лық 1 ұңғы, 1912 ж. шығымы 16657 т 6 ұңғы, 

1913 ж. шығымы 117640 т 16 ұңғы болды. бұл жылда-

ры негізгі өндірістік алаңы шығыс доссорда болатын. 

кейіннен (1930 – 40) тұз күмбезді көтерілімнің мұнайлы 

құрылымы зерттеліп дайындалды. мұнда 1938 ж. 185-

телім ашылып, 1939 ж. өндіріске қосылды. 1941 ж. Солт. 

д.  м.  к.  ашылып,  1945  ж.  пайдалануға  берілді.  1944  –  

45 ж. оңт.-батыс д. м. к. құрылымы барлауға дайында-

лып,  іздестіру-бұрғылау  нәтижесінде  тек  1978  –  82  ж. 

ғана нақтыланды. кен орны тұз күмбезінің үстіндегі юра 

кезеңінің шөгінділерінде қалыптасқан. 30 – 300 м терең-

дікте 6 мұнайлы қабат ашылған. бұл қабаттардың қалыңд. 

2,4 – 26,7 м аралығында, ашық кеуектілігі 24 – 30,9%, өт-

кізгіштігі 0,128 – 4,76 мкм

2

, ұңғыманың бастапқы өнімд. 



1,7  –  132,6  м

3

/тәул.,  қабат  қысымы  14,4  –  33,6  мпа, 



темп-расы  19  –  27°С.  мұнайдың  тығызд.  0,84  –  0,88  

г/см


3

, құрамындағы күкірті (0,2 – 0,22%), шайыры (7%), 

парафині (0,2 – 2,07%) аз. Ілеспе газ, негізінен, метаннан 

(77,1 – 93,8%), этаннан (7,17%) және пропаннан (0,4 – 

5,1%) тұрады.



жүктеу 0.58 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет