Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет1/29
Дата25.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
#1341
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

ISSN  1563-0223
Индекс 75878; 25878
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚазҰУ  ХАБАРШЫСЫ
Филология сериясы
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ
ВЕСТНИК   КазНУ
Серия филологическая
AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY
KazNU  BULLETIN   
Philology series
№ 4 (138)
Алматы
"Қазақ университеті" 
2012

1992 жылдың 22 сәуірінен бастап шыға бастады
Тіркелу куәлігі № 766
Жылына 4 рет шығады 
Редакциялық алқа:
Қ. Әбдезұлы (ғылыми редактор),
Г. Болатова, Б.У. Джолдасбекова (ғылыми редактордың орынбасарлары),
Н.Ю. Зуева (жауапты хатшы), О.Б. Алтынбекова, Г.Б. Мәдиева,
Б.К. Момынова, А. Салқынбай, А.С. Тарақ, А. Темірболат,
 С.А. Кибальник (Ресей), А.И. Ковтун (Литва), В.А. Курдюмов (Ресей),
Гусман-Тирадо Рафаэль (Испания), Сойлемез Орхан (Түркия),
Хаяти Дивили (Польша), Х. Янковский (Ресей), Жан Джин Джин (Қытай)
ҚазҰУ ХАБАРШЫСЫ
ФИЛОЛОГИЯ СЕРИЯСЫ
№ 4 (138)
ИБ № 5999
Басуға 20.09.2012 жылы қол қойылды.  Пішімі 60х84 1/8. Көлемі 17,91 б.т. 
Офсетті қағаз. Сандық басылыс. Тапсырыс № 1145.
Таралымы 500 дана. Бағасы келісімді. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспасы.
050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71.
«Қазақ университеті» баспаханасында басылды
© Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті


 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4 (138). 2012 
 
 
ӘДЕБИЕТТАНУ 
ЛИТЕРАТУРОВЕДЕНИЕ 
 
 
 
 
ӘОЖ 82:801.6; 82-1/-9 
Ж. Аймұхамбет 
 
 
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ф.ғ.к., доцент, Астана, Қазақстан 
 
Т‰йе т‰лігінің ұлттық поэзиядағы поэтикалық болмысы 
 
Аңдатпа.  Мақалада  қасиетті  т‰лік – т‰йенің  ұлттық  поэтикалық  танымдағы  көркем  бейнесі  
Е. Раушанов өлеңдері негізінде талданады. Т‰йені т‰рлі бейнелеулер мен суреттеулерге арқау ете 
отырып, оны ұлттық болмыс пен мінезді танытудағы көркем детальға, поэтикалық бейнеге айнал-
дырып, ұлттық поэзияның көркемдік көкжиегін кеңейткен ақынның шеберлігі туралы тұжырым-
дар айтылады. 
Түйінді сөздер. Поэтикалық фауна,
 ұлттық дәст‰р, ұлттық поэзия
 
 
 
Әдебиеттегі жануарлар бейнесі – гуманистік 
сана-сезімнің  айнасы  десе  де  болғандай.  Осы 
ойда  айта  отырып,  орыс  әдебиеттанушысы  
М. Эпштейн ежелгі мәдени шығармашылықтың 
пайда  болуы  жануарлар  культімен,  оларды 
бейнелеумен  тығыз  байланысты  дейді.  Оған 
дәлелдер көп. Мәселен, Франция мен Испания-
ның  палеолит  дәуіріндегі  ескерткіштерінің 
80%-ында    жануарлар  бейнеленген [1, 7]. Ұлт-
тық  рухани  мәдениетіміздің  өткеніне  көз 
жіберсек,  жануарлар  адамның  сенімді  серігі, 
ішсе  тамағы,  кисе  киімі,  ж‰к  артатын,  мініс 
көлігі  болумен  ғана  шектелмеген.  Олар  белгілі 
дәрежеде  киелілік  сипатқа  ие,  тотемдік  дәре-
жеде
  болған.  Күллі  түркі  тайпалары  өздерін 
көкбөріден  тарағанбыз  деп  есептесе,  аққу,  қаз 
сияқты құстар мен киік, бұғы, арқар, т.б. аңдар 
киелі  саналған.  Әлем  және  орыс  поэзиясында 
жануарларды  арқау  еткен,  оларды  көркем 
бейне  дәрежесіне  көтеріп,  символдық  сипат 
дарытқан  туындылар  көп.  Қазақ  поэзиясы  да 
бұл  жағынан  кенже  қалмаған.  Фольклорлық 
мұралар  мен  жазба  поэзиядан  жануарларға 
қатысты  классикалық  үлгілерді  көптеп  табуға 
болады.  Біздің  тоқталарымыз – Есенғали 
Раушанов поэзиясындағы жануарлар бейнесі. 
Ақынның поэтикалық фаунасы соншалықты 
бай.  Төрт  т‰лік  мал,  аңдар  мен  құстар  да  көр-
кемдік  кеңістікті  еркін  жайлап,  т‰рлі  қызмет 
атқарған.  Мифтік  әңгімелерде  көп  айтылатын, 
халық  ұғымында  қастерлі  де  құрметті  орынға 
ие  қарлығаш  пен  көгершін,  б‰ркіт  пен  лашын,  
қаз бен ‰йрек, қасқалдақ пен сұңқар, т.б. құстар  
 
ұлттық  мінез  бен  болмысты,  рух  еркіндігі  мен 
азаттықты  бейнелеуде  маңызды  роль  атқарған. 
Сондай-ақ ‰й жануарлары мен жабайы аңдар да 
тиісінше  ишараланған,  тұспалданған  т‰рлі 
көркем бейнелер дәрежесінде көрінеді.  
Есенғалидың ұлт ақыны ретіндегі болмысын 
таныта  т‰сетін  бірегей  мысал – оның  поэзия-
сында  қазақы  тұрмыс-тіршіліктің,  салт-сана-
ның бейнесі болып табылатын т‰йе мен жылқы 
т‰лігінің  көп  жырлануы  дер  едік.  Көшпелі 
тірлік кешкен халықтың ж‰к артатын һәм мініс 
көлігі  т‰йе  мен  жылқының  сонау  көне  заман-
дардан жеткен мифтік танымдағы бейнелерінің 
де мәні терең.  
Архетиптік  ойлау  ж‰йесінің  көркемдік  та-
нымдағы  маңызды  орны  бізге  ұлттық  әдебиет 
‰лгілерімен  қатар  әлемдік  әдеби  мұралардағы 
сан  тарапты  символдық-поэтикалық  бейнелер 
мен  сюжеттер,  көркемдік  тәсілдер  арқылы 
белгілі.  Ұлттық  дәст‰рлі  мәдениетті  сақтауда, 
оны  заман  ағымында  жадымызға  жаңғыртуда 
негізгі тірек осы архетиптер. Біздің т‰ркілік т‰п 
бейнелер  санатындағы  т‰йе  мен  жылқы  т‰-
ліктері  ерен  к‰ш  пен  беріктіктің,  төзімділіктің, 
ұшқырлықтың символы ретінде де кең таралған.  
Т‰йе т‰лігі ақын өлеңдерінде жиі кездеседі. 
Бірқатар өлеңдері тұтасымен осы киелі жануар-
ға арналған. Олар: «Қара бура», «Тағы да т‰йе 
туралы», «Т‰йекеш». 
Т‰йе  т‰лігіне  қатысты  атаулардың  тура 
және  ауыспалы  мағынада,  көркемдегіш  әрі 
бейнелеуіш  тәсіл  ретінде,  ұнамды  және  ұнам-
сыз  сипатта  қолданылуын  сандық  жағынан 
© 2012 al-Farabi Kazakh National University


 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 4 (138). 2012 
сараласақ,  ол  төмендегідей:  Ойсылқара – 2, 
т‰йе – 10, інген – 10, аруана – 4, бура – 25, ‰лек 
– 12, нар – 20, қоспақ – 1, көрт – 7, қылағай – 3, 
атан – 5, бота – 17, тайлақ – 6, мая – 7, қай-
малша – 2. 
Мифтік  әңгімелерде  т‰йе  мінген  адам – 
тылсым  д‰ниемен  тығыз  байланысы  бар,  ерек-
ше  қасиетке  ие  жан.  Қорқыттың  өлімнен  қаш-
қанда  Желмая  мінуі,  Асан  қайғының  Жерұйық 
іздеп жер шалғандағы мініс көлігі Желмая болуы, 
Заратуштра  есімінің  т‰йемен  байланысты 
болуы, Мұхаммед ғ.с., Әзірет Әлі, Қожа Ахмет 
Иассауи  сияқты  діни  қаһармандардың  ақ  т‰йесі, 
Қабанбай батыр рухын бақиға ақ т‰йенің алып 
кетуі  осының  мысалы. «Ер  Төстік»  ертегісінде 
Кенжекей  «не  Төстік  өлген  к‰ні  немесе  келген 
к‰ні  боталарсың»  деп,  Құба  інгенмен  серт-
теседі.  Айтқанындай,  Құба  інген  Төстік  орал-
ған  к‰ні  боталайды.  Мифтік  сипат  иеленген 
т‰йе  малының  ұлттық  әдебиетіміздегі  бейнесі 
тек ұнамды сипатта ғана емес, ұнамсыз сипатта 
да  көрінген.  Мысалы:  қоспақ,  қылағай,  көрт 
сияқты  т‰йенің  нашар  тұқымдары  әлсіздікті, 
ұсақтықты бейнелеуде қолданылады. Махамбет 
өлеңіндегі  «Сендей  нарқоспақтың  баласы» 
тіркесі  Баймағамбетке  деген  кек  пен  ызаны, 
сұлтанның қандай адам екенін аңғартады.  
Есенғали  өлеңдерінде  сандық  өркеш  сары 
нар, шабынған ‰лек, ақ мая, кер ‰лек, қара бура 
ерен  к‰штің,  текті  намыстың  бейнесі  болып 
жырланады.  Дәст‰рлі  танымдағыдай,  көрт, 
қылағай, қоспақ сол ұнамсыз сипатта көрінген. 
Сондай-ақ  ‰лек  те  ауыспалы  мағынаға  ие 
болып,  екінші  бір  ұғымды  бейнелеуде  мета-
форалық-символдық  қызмет  атқарған.  Т‰йе 
т‰лігі  табиғат  көріністері  мен  құбылыстарын 
суреттеуде  де  маңызды  орын  алып,  ақынның 
поэтикалық  фаунасының  ұлттық  бояуын  ерек-
ше  айшықтаған.  Табиғат  көркіне  ақындық 
көзбен зер салғанда, ақын ондағы құбылыс пен 
көріністі  т‰йе  малына  қатысты  ұғымдармен 
беріп,  жаңаша  суреттеулер  ж‰йесін  жасаған. 
Аспанда көшкен бұлттар легін:  
Күркіреп бұлттар желер әрлі-берлі 
 
Жараған жазғытұрым буралардай [2, 12], –  
деген  теңеумен  берсе,  шалғынды  да  сол 
ауқымда жырға қосады: 
Інгеннің сан шудасы секілденіп, 
Ұйысқан шалғыныма бір аунайын [2, 12]. 
Бұлтты  бураға,  шалғынды  інгеннің  сан 
шудасына  балаған  ақын  енді  бір  өлеңінде 
(«Бесікмола»)  құм  төбешіктерге  толы  даланы 
ботаның өркешіне ұқсатады: 
Шөгергендей қаз қатар жүз ботаны 
Өркеш-өркеш құмды айтам сізге тағы
 [2, 19]. 
Құмды  даланы  т‰йе  өркешімен  бейнелеу 
ақын өлеңдерінде тұрақты т‰рде көрініс береді: 
Жарбай өркеш жатаған құм, 
Жатты ыңырсып т‰німен [2, 94]. 
Сағыныш  пен  қимастықтың  мекені  болған 
сары дөң Есенғали лирикасындағы поэтикалық 
символдардың  бірі  болса,  сол  сары  дөңді  де 
с‰йікті жануары – т‰йемен байланыстыра жыр-
лайды:
 
Саратан сартап еткен сары дөңім, 
Санамнан бір шықпайсың әлі менің. 
Дірілдеп сүт тайлақтың өркешіндей, 
Ішінде ақ сағымның қалып едің [2, 90]. 
Күмбез  де  «жер  тартып  кеткен  ақ  нардың 
дулығасы» болып көрінген: 
Сан бояу сан құбылып не түрге еніп, 
Күмбез тұр құбылаға бетін беріп. 
Жер тартып кеткен сонау мешін жылы 
Ақ нардың дуылғасы секілденіп [2, 64]. 
Жараған бурадай күркіреген бұлт енді бірде 
«кер мая» эпитетімен айқындалады: 
Кер мая бұлт исінбей  
Кезеді біздің кең сорды [2, 233]. 
Табиғаттағы  құбылыс  пен  нысанның  дерлік 
түйеге қатысты ұғымдармен бейнеленуіне тағы 
бір мысал: 
Саулы інгеннің үрпіндей жұмсақ желге 
Ботакөз-көл жаудырап тосты ерінін [2, 50]. 
Тек  табиғат  қана  емес,  сезімдік  ахуал  да 
ақын  тілінде  осы  тәсілмен  өрнектелген.  Лири-
калық  кейіпкер  «жез бұйдалы  нар  тайлақ» мета-
форасымен  кейіптеліп,  анаға  деген  перзенттік 
сезімді  айғақтаса,  өткен  шақтың  еншісінде 
кеткен  іңкәр  жанға  деген  махаббат  «тұлыпқа 
кеп иіген аруана» теңеуімен суреттеледі: 
Желдеп кетіп қайта келді 
Жез бұйдалы нар тайлағың [2, 16]. 
 
Тұлыпқа кеп иіген аруанадай 
Сенің суық ерніңнен іздедім от [2, 28]. 
Ұлттың  мінез  бен  болмысты  танытуда  да 
ақын  түйені  поэтикалық  кеңістігінің  нысанына 
алған.  Желтоқсан  жайлы  бір  өлеңінде  ұлттық 
рух  бұлқынысы  мен  мінезді  бейнелеуде  түйе 
өзіндік  орын  иеленген.  Намыстың,  ызаның 
ширығуын танытуда желтоқсан айын шабынған 
үлекті мінген қалыпта кейіптейді. 
Желтоқсан деген бір ай бар, 
Шабынтып мінген үлекті [2, 130]. 
Екі  жүзді  саясаттың  құрбаны  болған,  зама-
наның  қыспағына  түскен  сол  ашу-ызаның 
шарасыз халін нардың үлек қалпынан айрылып, 
Т‰йе т‰лігінің ұлттық поэзиядағы поэтикалық болмысы 


 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4 (138). 2012 
 
 
көртке  ұқсауымен  бейнелей  отырып,  кешегі 
тарихи оқиғаның қасіретін тұспалдайды: 
Кеп-кеше мықты секілді ек, 
Көртке ұқсап қалды жүдеп нар [2, 131]. 
Желтоқсан  айының  көрсеткен  мінезі  үлек 
пен  көрттің  аралығында  өзгеріске  түссе, 
«Еркем  Тамыз...»  деп  басталатын  өлеңде  бұл 
айды  жан-жүрекке  жақын  тұтып, «бота» 
метафорасымен танытады: 
Қандай теңеу тапсам деймін ботама [2, 163]. 
Түнгі айдың бір мезеттік қалпын «арық үлек 
тобығына» теңейді: 
Арық үлек тобығындай бұлтылдап, 
Бұлт  ішінде  батып  шүміп  барады  Ай  [2, 
230]. 
«Енші  бөлу»  өлеңінде  ұлттық  салт  дәстүр-
дегі қалыптасқан ғұрыпты бабаның балаға бата 
беру  сөзі  түрінде  толғай  отырып,  түйе  малына 
екі мәрте сөз арнайды: 
Келеден бөлдім жас атан 
Келеді ол қашса ел жаққа 
 
От басқан тайлақ сықылды 
Жалтара қашқан жау қалды [2, 228]. 
Түйенің  ақын  бейнелеулерінде  аталмай 
қалар тұсы жоқ десе де болғандай: 
Жабуын Ойсылқараның 
Жазы кеп алмастырады [2, 9]. 
 
Жараспаушы еді нән тұмақ, 
Ботаға жазы салғандай [2, 8]. 
«Қара  бура»  өлеңінде  ересен  күш  пен 
қайрат,  күштіден  күшті  боп  шыққан  қара 
бураның алапат екпіні суреттелген. 
Түс түйе боп енеден туған ірі, 
Желкілдейді желкеде шуда жүні. 
Шайыры ағып, аузынан көбігі атып, 
Жатқызбайды күні түн буралығы [2, 35]. 
«Келе  басы  қатерлі  қасқа  нардан  да» 
қайтпай  жүрген  бураны  иесі  тани  қоймаған. 
Жетім өскен жасқаншақ көртке балап, жабулап, 
мұрындықтап  тастайды.  Ақын  сыншысынан 
міншісі  көп  қазақтың  бұл  ісін  мақұлдай  қой-
маған.  Қара  бураның  қайраты  мен  қасиеті 
күндік  жерден  елге  даңқы  шыққан  сары  бура 
келгенде  танылады.  Сары  бура  да  жай  мал 
емес: 
Аңыз етіп мұны ел бір көргенін, 
Ұйытатын сөзіне жүрген жерін. 
Түйекештер осыны ап шығаратын 
Шыңырауға құлаған інгендерін. 
 
Осылайша айласы, күші де асып, 
Пысы басып жүр бәрін, пысы басып
Сары бураның ерлігін тыңдағанда 
Кетуші еді талайдың түсі қашып [2, 35]. 
Өктемденіп  келген  сары  бура  келе  басы 
қасқа  нарды  құлатады.  Қара  бураның  ерен 
қайраты  мен  күші  осы  жерде  танылып,  сары 
бураны  «ақ  орданы  шайқалтар  екпінімен» 
құлатып  түсіреді.  Сары  бурамен  шайқаста 
төгілген  қайраты  өзіне  бақ  боп  қонып,  енді 
қара  бураның  атағы  жайылады.  Иесі  оның 
ірілігін енді көріп тамсанады: 
«...Нұрсыз жұлдыз секілді еленбепсің
Көп буыршын, қоспақтың бірі болып. 
 
Дала омырау, піл сүйек, алып мықты, 
Енді білдім мал ғой бұл анық құтты. 
Биыл енді қайытсын інгендерді 
Келеге сап жіберем жарықтықты» [2, 37]. 
Жабыны емес, жүйрікті пір тұтатын, соларға 
мекен  болған  паң  даланың  қасиетін  арттырар 
осындай  асыл  текті  жануарлар  ұлттық  тұрмыс 
тіршілік  қана  емес,  ұлттық  бітім  болмысты  да 
бейнелейді.  Халық  бойындағы  күрескерлік 
рухқа дем берер, соның символындай көрінетін 
алып  күш  пен  қайтпас  қайрат  қана  ұлттық 
болмыстың берік қорғаны екенін ақынның осы 
өлеңінен  аңғаруға  болады.  Түйені  лирикалық 
қаһарманның  көңіл  күйін  бейнелегенде  сол 
ұлттық рух ретінде тану «Тағы да түйе туралы» 
өлеңінің көркемдік нысаны болған.  
Төс табаны түрілген 
Сандық өркеш сары нар. 
Кеттім алыс бүгін мен, 
Қош бол енді жануар. 
 
Жырға көңілім ауып бір, 
Талабымды байқарда, 
Жұртта қалған ауыттың 
Қос қатебін айтам ба?[2, 66].  
Ауылмен  қоштасу  ақын  үшін  балалықпен, 
сондай-ақ  өзі  тамыр  тартқан  түп  бастаумен 
қоштасу  сияқты.  Сары  нармен  сырласа  тұрып, 
көңіліндегі  бар  арманды  ақтарған  лирикалық 
қаһарман  
Сары шудаңды арқау ғып, 
Өлең өрдім – өтпеді. 
Келеді сол аңқаулық 
Қараөкпедей жеп мені. 
 
Жатпай-тұрмай әр жақтан 
Сөз жинайтын мен де елдей, 
Шеңгел іліп қап жатқан 
Қом жүніңді тергендей [2, 66] – 
деп,  поэтикалық  кейіптегі  сары  нардың 
шудасы  мен  шеңгел  іліп  қалып  жатқан  қом 
Ж. Аймұхамбет 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4(138). 2012 


 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 4 (138). 2012 
жүнін  өлеңмен  байланыстырады.  Уақыттың 
өткіншілігі  сары  нар  мен  ақын  балаға  да  оңай 
тимеген. Уақыт өз дегенін істеген: 
Сен байландың соғымға 
Сары нарым келбетті. 
Уақыттың қомында 
Ақын бала – ол кетті. 
 
Көріп жүріп көресін, 
Ол да әйтеуір, жетілді. 
Еме алмай өскен енесін 
Сіргелі бота секілді [2, 66]. 
Ауылдағы  тірліктің  тұрмыстық  сипатының 
бір  деталі  ретіндегі  сары  нардың  тағдыры  мен 
ақын  баланың  өмір  жолы  осылайша  екі  айы-
рылады. Ұлттық болмыс пен сананың тұтасқан 
қалпына  айналған  сары  нардан  аулақ  кеткен 
ақын  өз  халін  «енесін  еме  алмай  өскен  сіргелі 
ботаға»  баласа,  мұның  астарында  заманның 
ызғарлы  ықпалы  жатқанын  сезінуге  болады. 
Ұлттық  бастаулардан  сусындай  алмай,  өрке-
ниеттің  көшіне  ілеспекке  жанталасқан  уақыт 
ағыны  да  әсерін  тигізбей  қоймағанын  түйсі-
неміз.  Түйе  түлігін  поэтикалық-символық  бей-
неге айналдырып, рухани қалыпты аңдату ақын-
ның «Түйекеш» өлеңінен айрықша аңғарылған. 
Ұлттық  тұрмыс-тіршілік  пен  болмысты  терең 
тану,  сол  негізде  қалыптасқан  бай  тіл  мен 
шалқыған сурет осы өлеңнің бойынан барынша 
көрінеді. Гиперболалық тәсіл, ішкі ойды төгіл-
те  толғау  арқылы  ақын  жаңа  бір  көркемдік 
әлем кеңістігін ашқан.  
Тілім-тілім, бұжыр-бұжыр денесі, 
Сордай боп-боз сойыл жарған төбесі, 
Борбас ‰лек – атасы, 
Бопық мая – енесі, 
Төс табаны отты басса – к‰ймеген, 
Тасты басса  –  қамырдайын илеген. 
Қатар қойып отыз інген қайытқан, 
Қатар қойып отыз шана с‰йреген 
 
‡лек жоғалттым, 
Кім көрді? [2, 229] 
Мифтік таным аясындағы киелілік пен к‰ш-
тілік  тұлғасында  кейіптелген  ‰лектің  ерен 
болмысы  ерекше  мадақталған.  Бұл  мадақ  жал-
ған  яки  көпірме  сөз  емес. ‡лектің  бойындағы 
ерекше қасиеттер мен белгілерді термелей оты-
рып,  ұлттық  болмыстағы  төзімділік  пен  қай-
ратты, алапат к‰ш пен өрлікті көрсетуді мақсат 
еткен. ‡лектің жоғалуы да символдық мәнде. 
Тас т‰нектен іздегендей сәулені, 
Біздікі де өмір ғой бір әурелі. 
Ол қайытар мая да жоқ, әйтпесе, 
Оны ұстайтын қайрат та жоқ зәудегі [2, 229]. 
Өлеңдегі  психологизм  ақынның  лирикалық 
кейіпкер халін беруінен айқын көрінеді. ‡лекті 
іздеу  тас  т‰нектен  сәуле  іздегенмен  бірдей  б‰-
гінгі заманның ағымы т‰п бастау көзді санадан 
таса еткен. Жоғалған ‰лекті іздеу керек пе, жоқ 
па – осы  сауал  туындаған  кезде  лирикалық 
кейіпкердің  ішкі  әлеміндегі  ширығу  мен  к‰й-
зеліс барынша танылады: 
Сәл қалғысам... сығылады қос өкпем, 
Ж‰реді ‰лек қосақталып есекпен. 
Келе т‰йе кеп қалғандай ‰стіме 
Шошып тұрам т‰н ортасы төсектен [2, 229].  
Ақынның ойынан бір сәт шықпайтын ‰лек – 
сана  т‰біндегі  баяғы  т‰п  танымның  бір  жаң-
ғырығы. Ұлт танымында ардақ тұтылған киенің 
ұлтпен  бірге  мәңгі  жасайтыны  ақиқат.  Белгілі 
бір  кезеңдерде,  сәттерде  ұмыт  қалды  делін-
генмен,  кешені  б‰гінге  жалғаған  алтын  арқау 
болып келеді.  
Өтіп бері уілдеген бораннан, 
Қышыр-қышыр ‰н келеді қорамнан. 
Мен т‰йе іздеп ж‰ргенім жоқ ағайын, 
Ашуымды іздеп ж‰рмін жоғалған [2, 229]. 
Дегенмен  де,  бір  кездері  барынша  ардақ-
талған  салт  пен  ғұрып,  қасиет  кие  санамызда 
көмескі  тартқанын  да  мойындау  керек.  Т‰йе 
іздеу – жоғалған  ашуды  іздеу  екен.  Ашу – на-
мыс пен ардың, баяғы мінез бен болмыстың бір 
қыры.  Б‰гінгі  заманның  қаһарманы – ашуын 
жоғалтып  алып,  рухани  д‰ниесі  жұтаң  тартып, 
шарасыз  қалған  жан.  Ашуын  жоғалту – қай-
ратынан, ғұрпынан көз жазуы.  
Көз жазыппын қайратымнан,  
ғұрпымнан, 
Сене көрме,  
Мен емеспін бұл тұрған. 
Іш сарайым – жап-жалаңаш, ж‰п-ж‰деу, 
Шыққан  тоқты  секілдімін  қырқымнан [2, 
229]. 
Жалаңаш,  ж‰деу  қалыптағы  б‰гінгі  рухани 
ахуал  лирикалық  кейіпкердің  осы  толғаны-
сынан  көрінеді.  Ақынға  тән  нәзік  сыршылдық 
кейіпкердің  рухани  халін  танытуда  тек  осы 
толғаныспен  шектеліп  қалмай,  табиғат  көрі-
нісіне назар аударуынан да көрінеді.  
...Жел ұйтқиды тереземді сабалай, 
Боранды іңір,  
Тұрмын жетім баладай. 
Арық ‰лек тобығындай бұлтылдап, 
Бұлт  ішінде  батып-ш‰міп  барады  Ай [2, 
229]. 
Боранды  іңір,  терезені  сабалаған  жел – 
қазіргі заманның табиғат құбылысы мен мезгілі 
Т‰йе т‰лігінің ұлттық поэзиядағы поэтикалық болмысы 


 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4 (138). 2012 
 
 
сипатына  көшірілген  бейнесі.  Бұлт  ішіндегі 
айдың арық ‰лек тобығындай бұлтылдап ж‰зуі 
сол  ұлттық  рухтың  жадап-ж‰деген  қалпын 
аңғартады.  Яғни  б‰гінгі  заманның  лирикалық 
қаһарманының  халі  тұтас  ‰лекпен  байланыс-
тырыла  бейнеленген.  Рухани  болмыстың  қа-
сиетті  т‰йе  т‰лігімен  ауыстырыла  бейнеле-
нуіне  тағы  бір  мысал – ақынның  «Ташкент.  
Т.  Айбергеновті  еске  алу»  өлеңінде  өлеңді 
«бауыры  бұлақ  бір  кез  мая»,  ақынды  соның 
«аулақта өрген ботасы» т‰рінде суреттеуі: 
Әлінше әркімдер де аулап көрген, 
Қара өлең топ киік қой саулап келген. 
Немесе бауыры бұлақ бір кез мая 
Ол соның ботасы еді еді аулақта өрген [2, 88]. 
Жануарларды көркем әдебиетте бейнелеудің 
анимализм  және  бестиализм  сияқты  тәсілдері 
ақын поэзиясында барынша кең әрі жан-жақты 
ж‰зеге асырылғанын айта кеткеніміз жөн. Ани- 
 
мализм – жануарларды  өзінің  табиғи  сфера-
сында  өз  қалпымен  бейнелеу  болса,  бестиа-
лизм – «жануарлық»  қалыптың  қоғамдық-адам-
гершілік  мәселелерді  танытуда  ауыстырыла 
бейнеленуі.  Т‰йе  т‰лігінің  көркемдік  мақсатта 
адамның  рухани  ахуалы,  ұлттық  бітімді  таны-
туын бестиализмнің мысалы десек, өзінің таби-
ғатымен,  болмысымен  танылуын  анимализмге 
мысал етеміз.  
Қорыта  айтқанда  т‰йе  т‰лігі  Есенғали  поэ- 
зиясында  т‰рлі  суреттеулерге  негіз  болып, 
поэтикалық бейнелер ж‰йесін т‰зген. 
 
Әдебиеттер 
 
1  Эпштейн  М.  Природа,  мир,  тайник  все-
ленной. – М., 1990. – 178 с. 
2  Раушанов  Е.  Бозаңға  біткен  боз  жусан. – 
Алматы: Раритет, 2006. – 384 б. 
* * * 
В  статье  анализируется  свойственный  национальному  самосознанию  художественный  образ  верблюда  на  основе 
стихотворений Е. Раушанова. Опираясь на разные изображения верблюда, автор передает национальное бытие и характер. 
Верблюд  есть  поэтический  образ,  это  характеризует  мастерство  поэта,  который  показывает  широту  национальной  худо-
жественной поэзии. 
* * * 
In the article, literary character of sacred cattle – camel in national poetic cognition is analyzed based on the poems of E. 
Raushanov. Conclusions are drawn about the mastery of the poet that enlarged the literary horizon of the national poetry through 
comprehensive representation and description of camel and its transformation to poetic character and literary object in delivering the 
national existence and character.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ж. Аймұхамбет 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4(138). 2012 


 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 4 (138). 2012 
 
 
 
УДК 82.02 
Рамин Мухтар оглы Ахмедов 


жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет