Н. С. Тілеуханов



жүктеу 5.04 Kb.

бет8/9
Дата09.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
 
Дегенмен  бейнелеу  өнерінің  тарихында  шығарманың, 
көркемдік критерийін анықтауда басты рөл атқаратын шеберлік 
пен  шығармашылыққа,  форма  мен  мазмұн,  белгілеріне 
байланысты  осы  кезге  дейін  қалыптасқан  өзара  қатынас 
заңдылықтарын  белгілеуімізге  болады.  Осыған  байланысты 
бейнелеу өнерінің жіктелу белгілері кәсіби формальді көркемдік 
нышандарын  анықтауда  және  көрерменнің  неғұрлым  ыңғайлы 
позициясын қалыптастыруда қолайлы жағдай туғызады. 
Өнер  әлемді,  табиғатты  тұтас  образ  күйінде  түсінуге 
тәрбиелейді,  оның  жеке  құбылыстары  мен  өзіне  тән  қасиеттерін 
тереңірек  ұғуға  баулиды.  Демек  өнер  табиғатына  түсінген  адам 
дүниенің, әлемді әдемілік заңына сүйене отырып шығармашылық 
тұрғыда өзгертуге талпынады. Рухани тілек-талабы жоғары, ішкі 
сезімі  бай,  қиялы  жүйрік  адамда  белсеніп  әрекет  етуге  бейім. 

 
 
128 
Белгілі  бір  айқын  мақсатқа  жетуден  өнер  тәрбиелеген  қиялдың 
кеңдігі, сезім сұлулығы зор рөл атқарады. Жаны сұлу, сезімге бай 
адамдар  әлеуметтік  ортаны  өзі  ойлағандай  етіп  өзгертуге, 
жаңартуға, құлпыртуға құмар келеді. 
Өнер дүниенің  қиын да  күрделі құбылыстарын сурет, бейне, 
образ  арқылы  көз  алдымызға  келтіреді.  Ақын,  композитор, 
суретшілер  өз  қиялын,  жүрегін    тербеткен  құбылыстарды 
басқалардан  гөрі  өзгеше  көреді,  яғни  олардың  шығармаларында 
жаңалық  ашу,  бұрын  білмегенінді,  көрмегеніңді,  образ  арқылы 
білдіру,  көрсету,  сезімдер  сияқты  тамаша  қасиеттер  бар. 
Француздың  ұлы  жазушысы  Бальзак  шығармаларын  оқығанда  
сол  замандағы  экономистердің,  статистердің,  философтардың, 
тарихшылардың  тағы  басқа  мамандардың  жазғандарынан 
таппаған керегімді таптым деген  Энгельстің атақты пікірі осыған 
дәлел. 
Өнердегі  ең  шебер  жасалған  образдар  жаңалық  ашу  болып 
табылады.  Жаңалық  –  көркем  шығарманың  эстетикалық 
ерекшелігі. Жаңалығы жоқ шығармалардан эстетикалық ләззат та 
ала  алмайсыз.  Ой  терең  емес,  қиялында  қанат  жоқ,  бірақ 
шығармашылықтың  жалпы  бағдары  «біліп»  алған,  соны 
төңіректеп 
шықпай 
жүрген 
адамдар 
бұрын 
ашылған 
жаңалықтарды өзінше қайта «тірілтпек» болады, бірақ бұл – бәрі 
бір,  ескі  сүрлеуді  қайталау.  Қайталау  эстетикалық  категорияға 
жатпайды. Нағыз суреткер көз алдындағы құбылысты, бұрыннан 
таныс көріністі өзгеге ұқсатпай, жаңаша бейнелейді.  
Кенепке  жазылған  көркем  туындыға  қарағанда  мұндай 
тұйықталған  заттың  бетіне  сурет  салу,  суретшіге  қосымша 
композициялық мүмкіншілік берген. Егер кенептегі суретте жан-
жағынан  форматпен  шектелген  бір  ғана  композиция  (қиыстыру, 
орналастыру)  қолданылса,  яғни  бір  ғана  көрініс  көрсетілсе, 
дөңгеленген  затқа  асты-үсті  ғана  шектеліп,  айналдыра  салынған 
суреттің  композициясы  әр  жақтан  қарағанда  бірнеше  көріністер 
береді.  Алтын  затта  бейнеленген  суретті  де  жан-жақтан 
айналдыра  қарасақ,  ондағы  салт  аттылар  бірінің  алдына  бірі 
шығып, қозғалып отырғандай әсер қалдырар еді. Яғни кинодағы 
пленка  кадрларының  ауысынан  қозғалыс  тууы  сияқты  құбылыс 
пайда  болады.  Тұйық  композицияның  мұндай  ерекшеліктерін 
көне  суретші  жақсы  түсініп,  саналы  түрде  қолданған. 
Тұйықталған  (басқы  бейне  мен  аяққа  бейне  қосылған) 

 
 
129 
қозғалыстың  басталуы  мен  аяқталуы  болмайтындықтан, 
жауынгерлердің  қозғалысы  шексіз  қозғалысқа,  жорықтары 
бітпейтін күресі іспеттес. 
Суреттегі  бейнелер  реалистік  тұрғыда  салынғанмен, 
әшекейлік,  өрнектік  сипатқа  да  ие.  Өрістікте  (фон)  табиғи  орта 
көрсетілмеген.  Мұндай  шешім  көрерменді  табиғат  бейнесін 
өзінше елестетуге итермелейді, екіншіден сурет салынған заттың 
жазықтық  бетін  бұзбай,  формасын  сақтауға  көмектеседі. 
Сонымен бірге аттың мойнына айшық өрнек енгізу де әшекейлік 
функциясын  арттырып  тұр.  Бұл  стильдік  ерекшеліктер  кейін 
дамып, көшпелілер өміріне тән ортақ стильдік сипатқа айналды. 
Көлемі  өте  кіші  болса  да,  терең  мазмұнды  (сұңғатты)  әсер 
қалдыратын  бұл  бейнесуретті  салған  көне  автор  бейнелеу  өнері 
заңдалықтарын  жақсы  сезініп,  көшпелілер  өнерінің  дәстүрін  де 
сақтай білген. Бұл – суретші шеберлігінің белгісі. 
Алтын әшекей заттағы сурет соғыста ерлік көрсеткен батырға 
арналып,  оның  сол  ерлігінің  белгісі  ретінде  ұстанған  затына 
салынған да, кейін өзімен бірге жерленген болу керек. 
Бұл бейне сурет кішкене заттың үлкен тарихпен байланысын 
көрсетеді.  Шағын  ғана  суреттегі  үлкен  шеберлікті  аңғартады. 
Осылайша өнер тарихы ел тарихымен қиюласып жатыр.  
       Сақтардың  ауыр  қаруланған  жауынгерлері  денелеріне  теріге 
берен  (металл)  тақталар  бекітіп  жасаған  сауыт  киіп,  басынан 
аяғына  дейін  темір  құрсанған,  аттары  үзеңгісіз,  тері  көпшікті 
(терлік)  құйысқан,  өмілдірік  тағылған  ерлермен  ерттеледі. 
Осылай  қаруланған  сақ  жауынгерлері  көне  суреттегі  мәңгілікке 
созылған жорық жолында әлі де тоқтамай жүріп келеді... 
      Көркемөнер  шығармасын  қабылдаудың  ерекшеліктеріне 
өнертанушы      Б.К.Байжігітов:  «Сонымен  өнер  шығармасын 
қабылдау 
әр 
уақыт 
көңіл-күймен, 
сезім 
тереңдігімен, 
темпераментпен, 
ішкі 
интуициялық 
мәдени 
деңгеймен, 
жинақталған  мол  тәжірибемен,  білім  сапасымен  байланысты. 
Сөйтіп  сол  адамның  рационалды  санамен,  ақыл-оймен  ғана 
шектелмейді  екен,  сонымен  бірге  адамның  сезімін  жетілдіріп, 
оған  рухани  серпіліс  береді.  Өнер  рационалды  танымның  көзге 
байқала  бермейтін  реңдерін  ашады,  интуитивті  таным 
анализдерінің сапасын арттырады. Сондықтан өнер шығармасын 
үздіксіз  қарастыру,  рухани-мәдени  деңгейді  әр  уақыт  көтеріп 

 
 
130 
отыру  –  тәрбие  саласының  басты  көздерінің  бірі»,  –                    
[63, 54-56 бб.] деп тұжырымдайды.   
Жалпы  адамның  рухани-мәдени  жетілуі  өнермен  де 
байланысты.  Өнер  шығармасын  жақсы  көңіл-күймен  түсініп 
қабылдау,  оны  терең  сезінуде  мол  тәжірибе  жинақталып, 
көрерменнің білім қоры молаяды. 
Сонымен  қабылдау  «беруші  –  канал,  байланыс  – 
қабылдаушы»  түріндегі  абстрактілі  кесте  бойынша  емес, 
адамның  нақты  тәжірибесінде  іске  асады.  Сөйтіп,  бірте  –  бірте 
шығарманы толық қабылдаудың моделі жүзеге асады.       Әрине
тәжірибеде  жоғары  дәрежедегі  қабылдау  үдерісі  сирек  болады. 
Бірақ  оның  негізгі  жақтарын  түсіне  білу  нақты  практикалық 
міндеттерді  шешуге  көмек    болады.  Ең  алдымен  негізгі  ережені 
атап  өту  қажет.  Картинаны  көре  білу  және  көруге  үйрете  білу 
керек. 
Әрине, қазір көрермен картинаның мәнерлілігі мен тереңдігін 
ажырата  алады.  Бірақ  олар  әдетте  көркем  туындыдағы  кеңістік 
пен мәнерліліктің шешімін түсіне алмайды. Ол үшін білім қажет, 
ең  алдымен  бейнелеу  өнеріндегі  кеңістік  пен  мәнерліліктің 
эстетикалық құндылығы туралы жалпы түсінік қажет. 
 
 
      2.3.  Бейнелеу және тілдік мәдени үрдістер 
 
  Ұлттық  бейнелеу  өнері  мен  этнолингвистиканың  теориялық 
арқауы,  зерттеу  нысаны  мен  мақсатының  өзектес,  тамырлас 
екендігі  дау  туғызбайды.  Осы  екеуінің  қатынасын  жалпы  мен 
жалқының  бүтін  мен  бөлшектің  байланысы  іспетті  деп    қарауға 
болады. Нақтырақ айтсақ этнолингвистиканың зерттеу  нысаны – 
этнос  болмысын  тұтастай  танытатын  тіл  әлемі.  Осы  қағиданың 
құрамдас  бөлшектерінің  қатыстылығы  мен  үйлесімділігінің  
сипатын 
анықтау 
мақсатына 
қарай 
зерттеушілердің  
этнолингвистика  деп  аталатын    тіл  әлемінің  тұтас  шеңберін   
жеке-жеке  салаларға  бөліп  қарастыруы  этнос  болмысының 
белгілі  бір  жақтарын  көрсеткенімен,  тұтас  бейнесін  айқындай 
алмайды.  
      Қазақ  тіл  біліміндегі  этнолингвистикалық  зерттеулердің 
көркемді     ара-жігіне назар аударсақ, яғни суретшілердің зерттеу 
материалдарына  көңіл  бөлсек  онда  лингвомәдениеттануға, 

 
 
131 
елтануға  қатысты  бейнелі  тілдік  деректер  аралас  ғылыми 
нысанаға  айналғандығы  байқалады.    Соған  қарамастан  ұлттық 
ұғымда    сақталған    халық    дүниетанымы,  яғни  оның  бүкіл 
болмысы  этностың  тіл    айнасындағы  этнолингвистка  саласынан 
тіл  арқылы  мәдениеттанудың  басқа  да  бағыттары    бастау 
алатынын,  әр  ұлт  менталдылығының  негізін  айқындайтын 
бағыттар  екенін  баса  айту  керек.  Осыған  байланысты  ол  
этнолингвистика  мен  әлеуметтану  ғылымдарының  аралығынан 
туған  (Б.Уорф), «халықтың тілінде салт-дәстүрі көрініс табады» 
(Ф.де  Соссюр),  „этностың дүниені тіл  арқылы тануы оның салт-
дәстүр,  этнография,  мифология  т.б.символдық  қызметімен 
байланысты  (Э.Сепир).  Этнолингвистиканың  болмысы  ретінде 
антропологияны  қолдау  АҚШ  мәдени  антропологтарында  кең 
таралған. Е.Жанпейісовтың пікірінше,  этнолингвистика тек көне 
дүниені 
немесе 
ескіліктерді 
зерттеуші 
ғылым 
емес. 
Этнолингвистика – пәнаралық ғылым [95].  Е.Жұбанов және т.б.  
этнолингвистика  ғылымын  жіктейтіндей  емес, ал  оның кешенді 
сипаттарынан  туындайтын  сан  түрлі  қырларын  айқындап, 
тұтастыра  келіп,  түптеп  келгенде,  бір  арнаға  тоғыстыратын 
салалар  бар  дейді  [96,  54  б.].  Осындай  тіл  деректеріне  сүйеніп 
этнолингвистикамен  сабақтас  этнос  болмысының  сан  түрлерін  
зерттеген ғалым, академик Ә.Қайдар оларды екіге бөледі:  
      1.  Этнос  тіліне  жалпы    қатысы  бар    (мәселен,  мәдениеттану, 
этнография,  этнология,  өлкетану,  фольклористика,  мифология, 
астрономия, педагогика, дидактика  т.б.)  ғылымдар.  
       2. Этнос тілінің тілдік табиғатын айқындауға тікелей қатысты 
ғылымдар  (мәселен,  этимология,  паремиология,  терминология, 
лексикорография, 
социолингвистика, 
этнолингвистика, 
психолингвистика т.б.) [97, 12 б.].  
       Демек бұл екі топтағы ғылым салаларын этнолингвистикамен 
байланыстыратын,  этнос  болмысын  таныстыратын  тілдік  дерек 
көздерінен  көреміз.  Міне  осындай  сабақтастықтың  бірі  – 
этностың мәдениетін таныту мүддесін көздеген мәдениеттанумен 
сабақтас көркем мәдениетті тану.  
 
Бүгінгі 
таңда 
тіл 
арқылы 
мәдениетті 
тану 
лингвомәдениеттану пәнінен бұрын этнолингвистика ғылымында 
сөз 
етілген. 
Лингвистикалық 
түсіндірме 
сөздігінде: 
«Этнолингвистика  (гректің  «этнос»  –  тайпа,  халық,  француздың 
«лингвистика»)  тілі  мәдениетпен,  тілі  этномәдени  және 

 
 
132 
этнопсихологиялық  факторлармен  байланыстыра  қарастыратын 
тіл білімінің бағыты» [98, 12 б.],  деп анықтаған.   Осы ғылымның 
жеке  бағыт  ретінде  қалыптасуы  XІX  ғасырдың  70-жылдарынан 
бері  американың  тіл  білімінде  Орталық  Американың  Үндіс 
тайпаларын  зерттеумен  байланысты  өріс  алып,  жаңа  дәстүрдің 
негізін салды.  
       Этнолингвистика  ғылымының  негізі  американдық  ғалымдар 
Ф.Боас,    Э.Сепир,  Б.Л.Уорф,  Х.Хайер  т.б.  еңбектерінен  бастау 
алады.  Бұл  халықтың  бастауы  орыс  тіл  білімінде    ресейлік 
ғалымдар 
Ф.И.Буслаев, 
А.Н.Афанасьев, 
А.А.Потебня  
еңбектерімен жалғасып, XІX ғасырдың 80-жылдарында фольклор 
аясында  тіл  мен  мәдениетті  сабақтастыра  зерттеудің  жаңа 
бағытын  пайдаланған  Н.И.Толстой,  В.В.Иванов,  В.Н.Топоров 
сияқты  ғалымдардың  этнолингвистикалық  зерттеулері  атаулы 
саланы  ғылыми  биік  сатыға  көтеріп  жіберді.  Ресейлік  ғалымдар 
(соңғы  аталған)  өз  зерттеулерінде  нақты  бір  тілдің  тарихын  сол 
ұлттың  мәдениеті,  көркемөнері,  этнографиясымен  тығыз 
байланыстыра  қарастырған.  Осы  тұрғыда  ресейлік  тілші 
О.С.Ахманова: 
«Этнолингвистика 
– 
это 
раздел 
макролингвистики,  изучающий  отношения  между  языком  и 
народом,  и  взаимодействия  лингвистических  и  этнических 
факторов  в  функционировании      и  развитии  языка»,  –  деп 
түсіндіреді  [99, 53 б.].  Бұл анықтама тіл мен халық арасындағы 
тікелей  байланысты  көрсетеді,  ал  оның  басқа  ғылым 
салаларының  деректері  арқылы  зерттеу  нысанының    айқындалу 
жағдайы онда шет қалған.  
Ғылым аясында  «этнолингвистика» термині ең алғаш ғалым 
Б.  Уорфтың      идеясымен  туындап,  осы  идеяның  жалғасы 
Э.Сепирдың    еңбектерінде  көрініс  тауып,  ғылымда  аты  белгілі  
«Сепир-Уорф»  болжамына  сай  тілдік  этнодеректер  халық 
мәдениеті  мен  жеке  индивид  тұрғысында    қарастырылған. 
Айтылған  ой  хақында  профессор  М.Копыленко  «Основы 
этнолингвистики» еңбегінде  жан-жақты тоқталады. Осы жайтты 
Э.Сепир  өз  зерттеулерінде,  «халық  дүниетанымында  туған       
салт-дәстүр, мифологизм, наным т.б. ұғымдар этнос болмысымен  
тығыз  байланысты,  олар  тілдің  символдық  қызметі  ретінде 
көрініс табады» [21, 177 б.] деп көрсетеді.   
Жоғарыда атап көрсетілген ресейлік ғалымдар (Н.И.Толстой,                  
В.Н.Топоров,  В.В.Иванов)  тұжырымдарында  этнолингвистика 

 
 
133 
көне  тілді  зерттеуші  ғылым  ретінде  танылады.  Ғалымдардың 
бірқатары  этнолингвистика  ұлт  тілінің    жалпы  сипатында 
танылады 
деп 
анықтайды. 
Мәселен 
Н.И.Толстой:  
«Этнолингвистика 
– 
халықтың 
рухани 
байлығының, 
менталитетінің,  шығармашылығының  бір-бірімен  байланысын, 
бір-біріне тәуелділігін, астарластығын зерттейтін тіл білімінің бір 
саласы.  Ол  халықтың  ұлттық  менталитетінің  көрнекті 
позициясындағы  негізгі  формаларының  бірі  болып  табылады» 
[100, 29  б.], – деп тұжырымдайды
.  
      
Н.И.Толстой  пікірімен  мазмұндас  анықтама  отандық 
зерттеулерде  төмендегіше  берілген:  «Этнолингвистика,  қандай 
тәсіл  арқылы  берілгеніне  қарамастан,  мәдениеттің,  халықтық 
психологияның 
және 
мифологияның 
 
«мазмұнын» 
лингвистикалық  әдістер  көмегімен  зерттейтін  кешенді  пән»      
[101, 25б.].                                                                                                                                                                             
      Кез-келген    тілдік    құбылыстың  табиғатын  оның  тек  тілдік 
заңдылықтарына  ғана  сүйеніп  емес,  сонымен  қатар  халықтың 
дүниетанымына,  салт-дәстүріне,  ұлттық  болмысына  да  қатысты 
қарастыру  этнолингвистика  мен  лингвомәдениеттану  пәндерінің 
ортақ заңдылығы деуге болады.  
 
Професор 
Қ.Жұбановтың 
«Тіл 
арқылы 
халықтың 
тағылымдық  мұраты  этностың  әр  дәуіріндегі  ұрпақ  өкілдеріне 
мәдени  әрі  тілдік  мұра  ретінде  сақталатын  және  тіл  мен 
мәдениетті  табыстыратын  жаңа  саланың  дүниеге  келетініне» 
[102, 45 б.],  сол кездердің өзінде-ақ болжам айтқаны белгілі.  
      «Ата  мұрасы  болып,  Абайдың  еншісіне  тиген  әдебиет 
қазынасы екі түлік болатын. Бірі – емшек сүтімен қатар құлағына 
кіріп, сүйегіне сіңген ананың әлди-әлди ақбөпем», атаның   «сал, 
сал  білек,  сал  білек»,  қойшының  әні,  қыздың  сыңсуы,  қаралы 
қатынның  жоқтауынан  бастап,  көркемдік  сезімін  шарбыдай 
шырмаған  халық  әдебиеті».  Орыста  қой    сөзінің  баламасы  жоқ. 
Олардың  овца  дегені  саулық,  баран  дегені  қошқар.  Орысша 
корова  –    сауын  сиыр;  рогатый  скот  –    мүйізді  мал;  толстый 
дегені  бірде  жуан,  бірде  қалың;  лошадь  –    жылқы;  бірақ  ат, 
байтал,  айғыр  емес.    Ал  біздің  ісек,  тұсақ,  құнажын,  дөнен, 
дөнежін деген сөздеріміз  басқаларда  жоқ.  Қазақ  синий, голубой, 
зеленый деген түстердің бәрін көк дейді.  Халықтардың тұрмысы 
түрлі-түрлі болған соң, олардың  әр затқа қоятын аттары да түрлі-
түрлі. Тіл ұзақ заманнан жасап келеді, ол бірден өзгермейді, оның 

 
 
134 
өзгерісі    тұрмысқа  байланысты.  Орыс  тіліндегі  «рогатый  скот» 
тіркесі тілімізде «мүйізді мал, ірі қара малдың» атауын білдіреді» 
[103, 47-52 бб.].  
Артынан  өшпес  мұра  қалдырған,  ана  тіліміздің  ғылыми 
жолын сүрлеген професор Қ.Жұбановтың осы зерттеулері бүгінде 
берік  тұғырын  сайлаған  этнолингвистика  ғылымымен  ғылыми 
сатыға  қадам  басқан  лингвомәдениеттану  пәндерінің  ғылыми 
көкжиегіндегі  алғашқы нышандарын көрсетеді.  
Академик Ә.Қайдардың: «Ана тіліміздің бай  қоры –  ұлттық 
болмыс  бітімді  танытатын  тілдік  этнодеректердің  қазынасы» 
деген  пікірі  қазақ    этнолингвистикасының  негізін  салып,  атаулы 
ғылым  саласы  жайында:  «Этнолингвистика  –  этностың  (одан 
ұлыс,  халық,  ұлт)  инсандық  болмысынан  туындап,  сараланып, 
тарихи  жадында  сақталып,  тіл  арқылы  ғасырлар  бойы 
қалыптасып,  қорланып,  рухани  мәдени  мұра  ретінде  атадан 
балаға,  әулеттен  нәсілге  үзілмей  ауысып  келе  жатқан  дәстүрлі 
мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнін ашып, 
болашақ  ұрпаққа  ұсыну  мақсатына  байланысты  дүниеге  келген 
тіл  білімінің  күрделі  де  құнарлы  саласы  деп  анықтама  берген    
[97, 47 б.].   
В.Воробьева: 
«Сонымен, 
этнолингвистика 
да, 
лингвомәдениеттану да халық мәдениетімен тікелей байланысты. 
Бұл  байланыс  лингвомәдениеттану  шеңберіне  кіреді»  [104].        
Ал лингвомәдениеттану ұлттық тіл деректерінің бойынан мәдени 
нышанды  тауып,  қарастырып,  сол  атаудың  ұлт  мәдениетіндегі 
өзіндік ерекшелігін танытуға көбірек бағыт бұрады.  
      Біз  жоғарыда  сөз  еткен  лингвомәдениеттанудың  және 
лингвистикалық          ой-тұжырымдардың  негізіне  сүйене  отырып, 
халық өмірінің даналығы халық жасаған мәдениет, тіршілігі мен 
тұрмысын  қалыптастырған  көзқарастың  тіл  құдіреті  арқылы 
тарих,  мәдениет,  әдебиеттің  қат-қабат  қойнауына  сақтағаны 
ақиқат дегіміз  келеді.  Лингвомәдениеттану мен этнолингвистика 
ғылымдарының  ортақтастығын  екі  пәнге  тән  кумулятивтік 
қызметінің  жемісі  деп  танып    өзіндік  ұқсастық  пен 
ерекшеліктерді төмендегідей анықтадық:  
Біріншіден,  этнолингвистка  мен  мәдениеттану  ғылымдары 
ұлттық тіл аясында халықтың рухани материалдық мәдени өмірін 
зерттейді. Тілдік фактілерді мәдени аспектіде қарастырады.  

 
 
135 
      Екіншіден,  екі  пәнді  де  тіл  мен  мәдениеттану,  тарих, 
этнография  ғылымдарының  жиынтығы  деп  қарауға  болады 
өйткені бұл пәндердің деректерінсіз мәдениетті тану мүмкін емес.  
       Үшіншіден, екі пәнге ортақ мәселе – ұлт, менталдық, ұлттық 
тұлға, этнос өмірі, дүниетаным, менталитет ерекшеліктері.  
      Төртіншіден,  ұлттық  колоритті  нақты  көрсету.  Бұл  халық 
дүниетанымымен 
байланысты 
эстетика 
категорияларына 
бағытталып, иек сүйері анық.  
      Бесіншіден,  мәдениет  атаулары  –  адамзат  баласының 
еңбегінің  нәтижесі  ғана  емес,  ол  сан  ғасырлық  лексиканың  сан 
ғасырлық қабаттарының тарихы. 
      Алтыншыдан,  Ұлттық  тіл  –  бір  ғана  этностың  тілдік 
заңдылықтарын сақтаушы, ұрпаққа жеткізуші құрал ғана емес, ол 
– халық мәдениетінің адамзат мәдениетіндегі рөлін сипаттайтын 
мәдени категория.  
      Жетіншіден,  этнолингвистика  «көне  дүниенің  жаңғыртуға 
көбірек  бүйрегі  бұрса  лингвомәдениеттану  халықтың  өткені  мен 
бүгінін жаңа, тың көзқараспен сараптайды.  
       Сегізіншіден, этнолингвистика ұлт мәдениетін сол халықтың 
мәдени  өмірімен  әрі  кетсе  туыстас  халықтың  этнографиялық 
тарихымен байланыстыра қарастырады. Ал, лингвомәдениеттану 
олардың  ұлт  тіліндегі  мазмұнын  адамзат  мәдениетіндегі 
қалыптасу  жағдайына  да  тоқталады.  Осы  орайда  тағы  бір  айта 
кететін  жайт,  этнолингвистикаң  деп  айдар  тағылып  зерттеу 
қарастырылмағанымен,  қазақ  тіл  білімінде  бұрынырақ  жарық 
көрген  көптеген  лексикографиялық,  тарихи,  лексикологиялық, 
этимологиялық  еңбектердегі  кейбір  деректердің  талдануын 
этнолингвистикалық  зерттеулердің  алғашқы  нышандары  деп 
санаймыз.  
       Өзіндік айқын мақсаты бар, қазақ тілінің бай тілі мен рухани 
қазынасының  арасында  жыл  сайын  аумағын  кеңейте  түскен 
этнолингвистика  ғылымы  бүгінде  халық  тілінің  сан  түрлі  атауға 
толы  құбылыстарының    ұлттық  тілтаным  тұрғысынан  зерттелу 
жолы 
толығып 
келеді. 
Бұл 
жөнінде 
Ә.Сәтенова,                
Қ.Ғабитханұлы, 
Ш.Сейітова, 
Б.Сағынова, 
Б.Ақбердиева, 
Б.Қарағұлова т.б. жас ғалымдардың еңбегін атауға болады. 
Ұлттық 
болмысты 
тіл 
ғылымының 
топонимика, 
антропология, 
ономастика, 
салаларында 
таныту 
– 
этнолингвистика  мен  лингвомәдениеттану  пәнінің  аумағын 

 
 
136 
кеңейте  түседі.  Осы  тұрғыда  қазақ  есімдерінің  тарихына 
этнографиялық  талдау  жасаған  ономаст  ғалым  Т.  Жанұзақов: 
«Қазақтың кең даласы мәдениет пен тіл бірлігі, әдет-ғұрып, салт-
сана  тұтастығының  негізі.  Мыңдаған  кісі  аттары  әдет-ғұрып, 
салт-сана, ырым мен дәстүрлерге байланысты қойылып отырған. 
Мысалы,  бала  туылған  соң,  қырқынан  шығарарда    «ит  көйлек»  
кигізу  салты  көптеген  түркі  елдерінде  бар,  ортақ  әдет.  Осындай 
ырымдарға  байланысты  Итбай,  Итбас,  Күшік,  Барақ  деп  ат  қою 
болған» [103, 59  б.].  
Лингвомәдениеттану  –  этностың  көркем  мәдениеті  мен  сол 
тілде  сөйлейтін  халықтың  лексикасының  мәдени  тілдік 
деректерін  сипаттайтын жұрт мәдениеттің өз лексикасы арқылы 
басқа  этносқа  танытатын,  ұлттық  рух  пен  ұлттық    тілдің    туын  
көтеретін,  халықтың  тіл  байлығын  тек  болмысы  арқылы  өз  
тұғырына    жеткізіп  келешекке  танытатын,  тілдік  деректерді 
ұлттық 
нышанда 
жарата 
да, 
жарқырата 
да 
алатын, 
этнолингвистика пәнімен ағайындас, ұлттық рух пен тіл арасында 
өзіндік  жолы  бар,  тілді  мәдениет  арқылы  танудағы  бітімімен 
басқа  тіл  ғылымдарынан  ерекшеленетін,  қоғамдық  әлеуметтік 
эстетикалық, философиялық сипаты бар кешенді пән. 
Осы  ғасырдың  соңғы  бөлігінде  ғасырлар  тоғысқан  тұста, 
әлемдік  озық  тілтанымының  теориялық  бағыттарын  имманентті 
структуралық  лингвистикадан  өзгешелеу  жаңа  арналарға  –  яғни 
тілді  жеке  адаммен,  оның  ойлау  өрісімен  және  рухани 
практикалық қызметімен байланыстыра қарауға бет бұрып отыр.  
Когнитивті  антропологиялық  лингвистка  –  деп  аталатын  мүлде 
жаңа  салалардың  қатарында  соңғы  3-4  жыл  төңірегінде 
«лингвокультурология»  деп аталып келеді. Бұлардың қай-қайсы 
да  –  қазақ  тіл  ғылымы  төселе  қоймаған  соны  салалар.  Алайда 
алдағы  аз  уақыттың  ішінде  аталған  бағдарлар  қазақ 
лингвистикасының да ғылыми-практикалық бағыттарына таяныш 
болары анық. Өйткені  XXІ ғасыр «гуманитарлық ғылым ғасыры»  
болмақ.  
Лингвомәдениетнама 
немесе 
мәдениеттану 
(лингвокультурология)  саласындағы  басты  бағыт  –  ұлттық  тіл 
мен  ұлттық  мәдениеттің  бір-біріне  өзара  ықпалы  мұнда 
«мәдениет» 
ұғымында 
түйіседі. 
«Лингвокультурология 
рассматривается  применительно  к  аспектам  взаймодействия 
языка и языковой личности» [104, 29 б.]. Лингвомәдениетнама – 

 
 
137 
соңғы  жылдарда  лингвистика  мен  мәдениетнаманың  түйіскен 
тұсынан туындап отырған жаңа ғылым.  Бұл саланың объектілері, 
единицалары, 
пәні 
жайындағы 
тіл 
білімінің 
алғашқы 
көзқарастары В.Телия, В.Воробъевтың еңбектерінде аталған.  
Қандайда  болмасын  жаңа  ғылымға  қатысты  түйіндеулердің 
болжам  айту,  бағыт  сілтеу,  тұрғысынан  әр  түрлі  болатындығы 
сияқты  тіл  мен  ұлттық  мәдениеттің  арасындағы  байланысты, 
мәдениеттің  тілге,  тілдің  мәдениетке  әсерін  пайымдайтын 
анықтамалық  тұжырымдарда  әр  қилы.    Алайда  осы  ғылым 
саласының  объектісі  турасындағы  тұжырым  біреу,  ол  –  ұлттық 
менталитеттің,  ұлттық  мәдениеттің,  рухани  құндылықтарының 
тілдегі көрінісі, тіл арқылы берілуі. 
Тіл  мен  мәдениеттің  өзара  қарым-қатынасы  әсіресе 
мәдениеттің  тілге  ықпалы,  мәдениеттің  тілдегі  көрінісі  ғылым 
үшін  жаңалық  емес.  Әр  халықтың  дүниетанымы  мен 
мәдениетінде  ерекшелік  бар:  бұл  ерекшелік  тілге  сіңіріледі 
дегеннің 
бастапқы 
негізі 
Э.Сепир 
мен 
Б.Уорфтың 
«лингвистикалық ықтималдық теориясында» қаланған болатын. 
Әр  халықтың  мәдениетінің  арасындағы  айырмашылықтың 
бар екендігі ақиқат. Алайда XX ғасыр өн бойында өзге де ұлттық 
ғылымдардағы  сияқты  қазақ  ғылымында  да  бұл  шындық 
көмескіленіп,  мәдениет  ұғымы  ұлтқа  қатыссыз,  ұлттық  бітімнен 
бөлек  өзге  мәдениеттермен  синтездеуге  болатын  категория 
ретінде абстрактылы түрде ұғындырылғаны  мәлім. 
Ал  жаңа  қоғамдық  қарым-қатынасқа  көшкен  қазіргі 
қауымдастық  сипаты  ұлттық  бітімді  танытатын  өлшеусіз 
құндылықтардың бірі – төл мәдениет екенін мойындап отыр. Бұл 
қос  қатар  бір-біріне  ықпалдас,  бірінен-бірі    ажырамайтын 
құндылық  қазіргі  қоғам  талабы    алға  шығарған  жеке  адамды 
(қоғам мүшелерін) тәрбиелеу жеке адамның интеллектуалдық ой-
өрісінің дұрыс қалыптастыру бағытының негізіне айналып келеді. 
Қазіргі  білім  беру  бағдарламасында  лингвоелтану  деп 
аталатын жаңа сала бар. Бұл сала  әсіресе қазақ тілі мемлекеттік 
мәртебе  алып,  әр  алуан  ұйымдарда,  мекемелерде  ұлт  тілі  жеке, 
әрі  міндетті  пән  ретінде  жүргізіле  бастағалы    бері  кең  өрістеп 
отыр.  Лингвоелтанудың  мәні  –  қазақ  тілінде  оқыту  үдерісінде 
ғасыр  басында  А.Байтұрсынов  қадап  айтқан  коммуникативтік 
тұрғыны  басшылыққа  ала  отырып  жалпы  білім  беру  міндетін 

 
 
138 
қазақ  ұлттық  мәдениетіне  байланыстыра  жүзеге  асыру  дегенді 
білдіреді.  
Яғни  оқу-үйрету  әдістемесінде  қазақ  халқының  ұлттық-
материалдық мәдениетінен мәлімет беретін тілдік құралдар еңбек 
құралдарын  үй  тұрмысы  жабдықтарына    дейінгі  реали  атаулары 
халықтың  салт-дәстүрлері  өнері  мен  білімінен  имандылық-
адамгершілік  этикаларынан  хабардар  ететін    мақал-мәтелдер, 
қанатты  сөздер,  образды  орамдар,  жекелеген    тарихи 
тұлғалардың  өмірбаяны  мен  еңбектерінен  алынған  деректер 
кеңінен  пайдаланылады.  Бұл  қазақ  халқының  тарихи-ұлттық, 
этникалық ерекшеліктерін, ұлттық бітімін қайта түсініп тереңірек 
бағалауға,  жол  ашады:  мәдениетті  таныту  арқылы  тілдің 
қоғамдық-әлеуметтік  қызмет  аяларын  кеңейтуге,  тілге  құрметті 
арттыруға  тұтастай  алғанда,  мемлекеттік  бағдарламаның 
атқарылуына  үлес  қосады.  Сөз  ретінде  атап  өтерлік  жайт  өзге 
тілді    аудиторияларда  қазақ  тілін  оқыту  ісінде  тіл  әдістемесімен 
қатар  аударма  үдерісінің  әдіс-тәсілдері  де  жан-жақты  игеріледі. 
Мәдениет  пен  тілге  ұштастыра  тәрбиелеу  қызметінде  аудармаға 
да едәуір міндет жүктеледі.  
Лингвомәдениетнама  саласы  –  этнолингвистикамен  де, 
лингвоелтанумен  де  ортақтасатын  ғылым.  Алайда  оның  ауқымы 
соңғыларға қарағанда анағұрлым кең. Лингвомәдениетнама әр бір 
тілдік  единицалармен  белгілі  бір  халықтың  төл  элементі,  халық 
тілімен бірге жасасып келе жатқан өз сөзі өзгелерден ауыс-түйіс 
емес,  өз  меншігіндегі  сөз,  сөз  тіркесі,    афоризм,  мақал-мәтелдер 
екенін  дәлелдейтін  белгі  қайсы;  ұлттық    бет-пішіні  бар    деп 
еспептелген  сөз  ұлттық,  әлеуметтік,  этникалық  саяси, 
адамгершілік,  тұрмыстық  нормалары  мен  қағидаларынан  қандай 
мәлімет жеткізе алады дегенді зерттеуге назар аударады және  де 
бұл жекелеген тілдік фактілер төңірегінде жай, қарапайым шолу, 
болжам  айту  деген  сөз  емес,  ұлттық  мәдениет  пен  тіл  өзара 
байланыстары      бір-біріне әсері айқын фактілерін жүйелі түрде 
топтастыру:  ішкі  тілдік  единицалардың  коммуникативтік 
қызметінің айырым белгілерін, сапаларын анықтау.  
Жалпы  алғанда  лингвомәдениеттану  –  енді-енді  қалыптаса 
бастаған,  әлі  де  болса  ғылыми  ұстанымдар  мен  межелері, 
тұжырымдамалары нақтылана қоймаған ғылым, екі ұдайы түсінік 
гуманитарлық  ғылымның  алдыңғы  сапалы  болатындығы  сөзсіз. 
Тіл  мен  мәдениеттің  өзара  қиысуының  тілдегі  көрінісін 

 
 
139 
қарастыратын  жаңа  ғылыми  арнаның  жекелеген  мәселелеріне 
шолу  жасауымыздың  себебі  –  лингвомәдениеттану  ғылымның 
көп  мәселелерін  бірнеше  тілдің    материалдарын  салыстыру 
арқылы дәлелдеу, түсіну оңтайлы әр бір тілдік бірліктің мәдени-
этникалық  жүгінің  қандай  екені  аудару  үдерісінде  айқын 
көрінеді.  
Екі  немесе  бірнеше  саланың  материалдық  мәдениетін  және 
рухани  мәдениетін  білдіретін  тілдік  бірлікті  түпнұсқа  мен 
аударма  нұсқа  негізінде  салыстыру  –  жеке  адамның 
интеллектуалдық ой-өрісінің кеңеюіне ықпал жасайды, халықтың 
белгілі  бір  хронологиялық  мерзімде  бір-бір  саяси,  әлеуметтік, 
экономикалық    және    мәдени    әсерінің  деңгейін  анықтауға 
септігін  тигізеді,  сондай-ақ  ең  бастысы  бір  тілдің  лексикалық-
грамматикалық,  фразеологиялық  жүйесінің образдық  құралдары, 
ауқымының  қаншалықты  екенін  көрсетеді.  «Паритетное 
сопаставление  лингвокультурологических  полей»,  –  деп  жазады 
В.Воробъев,  –  облегчает  знание  национального  своеобразия 
народов» и в то же время дает лингвистические основания для их 
оценки и способствует возникновению еще больших  различий и 
более  целесобразному    обращению  и  уже  имеющимися»          
[104, 211  б.]. 
   «Біздің  суретті  нақты  зат  ретінде  көре  алу  қабілетіміздің  өзі 
тамаша.  Ал, бізден кеңістік және уақыт арқылы бөлектенген өзге 
адамдармен  қарым-қатынас  құралы  есебінде  әрекет  ететін  және 
ой  жұмысына  көмектесетін  белгілер  ретінде  нақты  формаларды 
қолдану қабілетіміз – одан да керемет» [49, 158 б.]. 
      Тіл  адамдарға  өз  араларында  пікір  таластыру  мүмкіндігін, 
қате  концепцияларды  талдау  және  өзара  сын  көмегімен  түсіну 
мен  тәжірибенің  жеткіліксіз  тұстарын  түзету  мүмкіндігін  берді. 
Тілдің  мұндай  рөлі,  әсіресе,  оқытуда  көрінеді.  Ауызша  және 
жазбаша  сөз  бізге  өз  ойларымызды  параллельді  және  ретімен 
жеткізуге мүмкіндік береді. Бірақ негізгі тілдік концепциялар – өз 
алдына жеке категория. 
      Ежелгі 
жазу 
тарихына 
қарағанда 
(мысалы; 
египет 
иероглифтері),  оның  бастауы  сурет  салудан  тамыр  алатын 
секілді.  Ал,  түсініктер  абстракты  болған  сайын,  оларды  жеткізу 
бұрынғыдан  да  қолайлы  құралдарды  қажет  ете  бастады. 
Сондықтан,  картиналар  аясы  тіл  үшін  тығыз  байланысты  бола 
түсті. 

 
 
140 
      Сэр 
Алан 
Гарднер, 
тамаша 
туынды 
– 
«Египет 
грамматикасының»  авторы,  былай  деп  жазады:  «Египет  тілінің 
барлық  сатыларындағы  ең  таңдаулы  ерекшелігі  оның  нақты 
реализмі,  материалдық  заттарға  бағытталғандығы  болып 
табылады...  «Мүмкін»,  «Керек  еді»  деген  сияқты  сөздерге  және 
«себеп»,  «ояну»,  «қарыз»  сияқты  абстракцияға  негізделген  ой 
белгілері  тіл  дамуының  мейлінше  соңғы  сатыларына  жатады... 
Гректер  египеттіктерді  философиялық  даналық  тереңдігіне 
сайлағанымен, египеттіктер, басқа халықтар тақылеттес, тартына 
талдаудан  және  материалдық  қызығушылықтарға  толық 
берілуден бас тартады» [81, 17б.]. Адамзат қоғамының дамуында 
соңғы  уақыттарда  әлеуметтік  көзқарастардың  өзгеруі  арқылы 
пайда  болған  жаңа  ғасыр  алдындағы  ұлттар  еркіндігінен 
шығатын тілге де мәдениетке де оң бағыт әкелген себептер бар.         
      1.  Түрлі  ұлт  өкілдері  арасында  бір-бірімен  мәдени,  рухани 
саяси  тұрғыда  қарым-қатынас  бірлігін  нығайтып,  бұрынғы 
қалыптасқан  стереотип  қабылдауды  өзгертіп,  ұлттардың  өзара 
бірін-бірі  мойындау  фактісі.  Мысалы  қазақтар  дүниетанымында 
тек  бір  ұлт  ерекшелігін  қатты  дәріптеу,  үлгі  ету  сияқты  немесе 
тілді  зорлап  үйретуді  өмір  сүру  фактісіне  айналдыру  тәрізді 
тарихи себептер.  
      2.  Этномәдени  тұрғыда  әр  ұлттың  өзін-өзі  қайта  тануы.  Бұл 
әсіресе,  әр  ұлт  тілдеріндегі  соңғы  кездегі  тілдегі  әлеуметтік  оң 
өзгерістер  ықпалы,  әркім  өз  дүниесін  бөліп  алып,  «мен  кіммін, 
басқалардан  қандай  артықшылығым  бар»  деген  менталдық 
қасиеттердің жандануы немесе оянуы.  
      Міне  осы  аталған  факторлар    мәдениет  ұғымының  тіл 
біліміндегі  өзіндік  зерттеу  ерекшеліктерінің  жаңа  қырларын 
ашуға  себепші  болды.  Мәселен  бұрындары  шетелдіктер  үшін 
орыс тілін үйрену кезінде, оқыту  үдерісінде сол ұлт тілі арқылы 
елін,  халқын  тануға  мүмкіндік  алады.  Сол  себептен  де  орыс  тіл 
білімінде  шетелдіктерді  орыс  тіліне  үйрету  барысында 
қалыптасқан елтану пәні дүниеге келді. Бұл пәннің мақсаты тілді 
үйрету  барысында  ұлттық  ерекшеліктерді  барлық  қырынан 
әлеуметтік,  мәдени,  тарихи,  жағдайын  тұтастай  тек  тіл  арқылы 
таныту.    
 
      Кез-келген  мәдениеттің  тұғыры  тіл  болғандықтан,  оның 
сипаты  талданып,  жан-жақты  саралануы  тиіс.  Тіл  мен 
мәдениеттің  арақатынасы  бұрын-соңды  теориялық  тұрғыда 

 
 
141 
таразылана  қоймағаны  белгілі  жағдай.  Жалпы  тіл  білімінде  тіл 
мен мәдениеттің өзара қатынасы, әрқайсысының өзара атқаратын 
қызметі, олардың байланыс дәрежесі, негізгі ғылыми терминдері 
мен  жүйесі  толық  анықталмаған.  Орыс  тіл  біліміндегі 
Ю.Д.Дешериев,  Л.Б.Никольский,    В.А.Аврорин,  В.Д.Бондалетов, 
Г.В.Степанов,  Н.Б.Мечковская,  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде 
әлеуметтік  тіл  білімінің  жалпы  теориялық  мәселелері  мен        
әдіс-тәсілдері  сараланғанымен,  тіл  мен  мәдениеттің  шекарасы 
толық зерделенген деп айта алмаймыз. 
      Тілдің  негізінде  коммуникативтік  және  танымдық  қызметі 
жататыны  белгілі.  Адамдардың  өзара  байланыс  құралы  болу-
басты да мәртебелі қызметі. Екіншіден, тіл  – жер бетіндегі адам 
баласының  қоғамда  бірлесіп  өмір  сүруінің  өркениетті  дамытып, 
мәдениетті қалыптастыруының негізгі кепілі болатыны да белгілі. 
Қоғамның  эволюциялық  дамуындағы  тілдің  рөлі  аса  маңызды 
болатындығын  ешкім  жоққа  шығара  алмайды.  Тілдік  қарым-
қатынас,  тілдік  ортаның  болуының  өзі  адам  танымының  дамуы 
мен өркендеуіндегі басты фактор болғаны даусыз.  
      Тіл  қоғамдағы  адамдардың  қарым-қатынас  құралы  ретінде 
ерекше  рөл  атқарады.  Сондықтан  қоғам  өмірінде  де,  адам 
жасаған  мәдениет  салаларын  айқындауда  да  тілдің  маңызы  зор 
болатыны  заңды.  Тіл  –  адамның  іс-әрекет  ету  үдерісінде 
танымдық  және  коммуникативтік  қызмет  атқаратын,  табиғаттың    
кез-келген  құбылысын  бейнелей  алатын  таңбалар  жүйесі. 
Семиотикалық  тұрғыдан  алсақ,  тілді  табиғи  және  жасанды 
таңбалардың  жүйесі  ретінде  екіге  бөліп  қарастыруға  болады. 
Табиғи тіл дегеніміз – күнделікті өмірде қолданылатын, адамдар 
арасындағы  қарым-қатынас  құралы  болып,  санадағы  ойды, 
ұғымды  бейнелейтін  кешенді  дыбыстық  жүйе.  Ал  жасанды  тіл 
адамдардың өзара келісімі бойынша жасалады.  
      Мәдениет  пен  тілдің  бір-бірімен  байланысы  күрделі  әрі  өте 
тығыз.  Бұл  байланыстың  қыры  мен  сырын  тану,  таныту  оңай 
емес,  ең  алдымен,  әр  алуан  сипаттағы  мәдени  үдерістер  тілге       
өз  әсерін  тигізе  ме?  Егер  әсер  етер  болса,  ол  қай  дәрежеде 
болады?  
       Мәдениет адам қолымен жасалатын құндылық болғандықтан, 
ол  таза  табиғи    үдеріс    ретінде  таныла  алмайды.  Мәдениет  – 
әлеуметтік  дамудың  жемісі.  Тіл  адам  баласының  әлеуметтік 
тарихында  жасалған  дүниетанымын  негіздейді,  белгілейді. 

 
 
142 
Сондай-ақ  тілді  адамның  -  биологиялық  табиғатымен 
байланысты  да  қарастыруға  болады.  Дыбыстың  жасалуы  сөйлеу 
мүшесі арқылы орындалатындықтан, тілді биологиялық құбылыс 
ретінде  тану  да  орынды  болмақ.  Дыбыстардың  жасалу  жолы  
анатомиялық, психофизиологиялық сипатта болғандықтан, тілдің 
өзін де табиғи құбылыс ретінде тани аламыз. Демек, тіл екі жақты 
күрделі құрылым. Ол бір жағынан табиғи үдерістің нәтижесі бола 
алса,  екінші  жағынан  әлеуметтік  құбылыстарды  таңбалаушы 
ретінде де бағаланады. Әр тілде сөздің мазмұны мен мәні белгілі 
тұлға арқылы таңбаланады. Адам  лебізінің тууы мен қабылдану 
заңдылығы,  терең  құрылымдық  сипаты  тілдің  табиғатын 
айқындап тұрады. Ал, өз кезегінде, мәдениет те тілдің мазмұнын 
айқындай  алады.  Адам  қолынан  шыққан  сан  түрлі  бұйымдарды, 
қоршаған  ортадағы  құбылыстарды,  қоғамдағы  қатынастарды, 
адам  мінезінің  сан  алуан  қырын,  рухани  таным-түсініктерді, 
дәстүрлі тағылымдарды атау қажеттілігі тілді дамытып отырады. 
Мұның өзі тіл мен мәдениеттің қарым-қатынасы мен байланысын 
нақтылай түседі.  
Мәдениет  философиялық  ой  толғамның  аса  маңызды 
ұғымдардың бірі болып табылады. Мәдениеттің нақты түрленуін 
белгілейтін болсақ, оның мазмұнының күрделілігіне жолығамыз. 
Мәдениеттің негізі әрине, адамның жасампаз еңбегі. «Мәдениет» 
терминінің  де  өзі  латынша  «жер  өңдеу»  деген  мағынада 
жұмсалып,  кейіннен  адамзаттың  тарихи  даму  үдерісімен 
ұштасады.  Батыстың  мәдениеттанушы  ғалымдары  «мәдениет» 
терминінің ең әуелі отырықшылықпен, оның ішінде қаланың өмір 
сүру  салт-дәстүрімен  қарастыратыны  белгілі.  «Культура  в 
человеческих 
сообшествах 
всегда 
была 
исключительно 
городской», 
– 
деп 
жазады 
мәдениттанушы-ғалым                     
Б.Ғ.Нұржанов  [105,  6  б.].  Осы  арнада  танылған  мәдениеттің 
үлгілік  жетістіктері,  негізінен  қалалық  мәдениет  тұрғысынан 
сараланады, 
сондай-ақ 
әлемдік 
әдебиетте 
«көшпелілік» 
терминімен  дәріптелген  далалықтардың  мәдениетінің  терең 
астары  айқындалмай  қалып  жатады.  Негізінен  таза  қалалық 
немесе  таза 
көшпелі  мәдениетті  бөліп  қараудың  да 
шарттылылығы  бар.  Далалық  мәдениеттің  болғанын  ешкім  де 
жоққа  шығара  алмайды.  Көшпелілік  өмір      салты  –  дала 
табиғатының ішкі заңдылықтарынан туындаған өмір сүрудің  бір 
формасы.  Адамзаттың  ежелгі  шығыстық  философиясы  табиғат 

 
 
143 
пен 
адамның 
тұтастығын 
қағидаға 
айналдырған. 
Бұл 
дүниетанымнан  туындайтын  терең  философия.  Ал  тарихы 
тереңде  жатқан  ғұн  мемлекетінің  «мыңдаған  жылдар  ұлы 
сахараны  қоныстап,  өздерінен  көп  ұрпақ,  бай  мәдениет 
қалдырған елің екенін Әлкей Марғұлан баян етіп, қала мәдениеті 
болғанын  деректі  дәлелдермен  баяндаған.  «Қала  мәдениеті 
болған ба десеңіз, -бабалардан мирас болып қалған қалалар – Сыр 
бойында,  Жетісуда,  Батыс  Қазақстанда,  Маңғыстау,  Арқа 
өңірінде,  мол-ақ.  Әсіресе  үлкен  қалалар  Сайрам,  Сығанақ, 
Қауған-Ата,  Артық  Ата,  Барышкент,  Жент,  Оғыз-Дабан,  Шу, 
Баласағұн»  [106,  134  б.].  Бұл  қалалардың  барлығында  сауда-
саттық жақсы дамыған, Ұлы Жібек жолы бойында жатқан өзіндік 
саяси және мәдени маңызы бар мекендер болған.                                                                                                                               
Олай  болса,  Еуразияны  жалғастыратын  көне  жолдар  мен 
Жібек  жолы  бойындағы  қалалар,  тасқа  қашалған  таңбалары  мен 
құпия  қорғандары,  мифтік  аңыздары  мен  шежіресі,  бай  ауыз 
әдебиеті, б.ж.с.д.  ІV-V-VІІ ғасырларда жазу мәдениеті мен әдеби 
тілі  қалыптасқан,  көне  жазу  мұрағаттарының  таңбалық 
қасиеттерін дарытқан ою-өрнегі бар – киіз үйі бар, көркем әдеби 
тілі  бар  қазақ  халқының  мәдениеті  «көшпелі  деген  терминнің 
қанасына  симайды.  Бұлай  деуіміздің  екінші    себебі  «көшпелі», 
«көшпелілік»  термині  күні  бүгінге  дейін  батыстық  әдебиеттерде 
«варвар»  түсінігінен  алыстамаған.  Ал  батыста  беделді 
басылымдар  мен  зерттеулері  көшпелілердің    мәдениеті  туралы 
біржақты көзқарас қалыптастырған.  
      Біздіңше  XX  ғасырда  кеңестік  тарихшылар  «көшпелі», 
«көшпелілік»  деген  терминдерді  тар  мағынасында  қолданып, 
қазақ  халқының  танымдық  тереңдігін,  мәдени  көкжиегін  дұрыс 
әрі  толық  таныта  алмаған  сияқты.  Бұл  сөздердегі  негізгі  өзек 
түбір  «көшің  болғандықтан,  онымен  байланысты  туындаған  
түсініктердің  дені,  осы  көшу  мағынасын  доминант  ретінде 
қабылдап, оның тұрмыстық, экономикалық мәнін бірінші орынға 
қойған.  
      Қазақ  мәдениеттануы  көне  түркілік    мәдениет  тереңінен 
бастауын  алып,  өзіндік  сыр-сипатты  иеленді,  сөйтіп  ұлттық  кең 
арнаға  түсті.  Қазақ  рухани  мәдениетінің  негізгі  арналары  – 
мифология,  тотемдік  таным  аңыз,  әдет-ғұрып,  дәстүр,  дін, 
тұрмыстық ұғым жазу мәдениеті мен жазба ескерткіштер, шежіре 
мен  шешендік  өнер,  халық  ауыз  әдебиеті  мен  көркем  әдебиет. 

 
 
144 
Қазақ  рухани  мәдениетінің  ең  бір  терең  де  шебер  кестеленген 
түрі әрі басқа мәдениет жетістіктерінің жасалуы мен орнығуында 
қалыптасып дамуында жетекші рөл атқаратыны – тіл. Тіл барлық 
мәдениет  түрінің  негізгі  тұғыры.  Егер  мәдениет  түрі  ретінде 
сурет  өнері,  би  өнері,  әдебиет,  сәулет  өнері,  театр  мен  кино  т.б. 
танылса,  осылардың  қай-қайсысы  болса  да  тілдің  қызметінсіз 
толық  өмір  сүре  алмасы  белгілі  тіл  өнерге  айналып  көркемдік 
бейненің  жасаудың  құралына  айналғанда  ғана  көркем  әдебиет 
жасалады.  
      Жалпы  тіл  білімінің  ірі  өкілдерінің  бірі  В.Гумбольдт  тілді 
адам  рухының  көрінісі,  танымның  бейнесі,  жанының  тереңінен 
шымырлап  шығатын,  сөйтіп  оның  бүкіл  болмысына  қан 
жүгіретін халықтық энергия ретінде түсіндіріледі. Тіл бүкіл адам 
баласының  іс-әрекетінің,  таным  түсінігінің  қиялы  жеткен  күллі 
мәдениет  түрінің  негізі,  адам  рухының  басты  қызметі.  Себебі 
адамның  ой-санасының  құдіреті  ұлы  күш  болуының  негізгі 
шарты  тіл.  Рухани  мәдениеттің  негізі  –  тіл.  Тіл  негізінде            
кез-келген 
этномәдениетпен 
этнопсихология 
қалыптасып 
дамиды.  Қазақ  халқының  табиғи  тіршілік  жүйесі  оның  жалпы 
дүние  танымын  қалыптастырғаны  белгілі  дүние  танымның 
тереңдігі философиялық мәні мен маңызы ұлттық мәдениеттің өн 
бойына тараған.Тіл негізінде адамдар қауымы құралып мәдениет, 
өркениет  өнер  жасалады.  Осының  бәрін  ескерсек,  тілді 
мәдениеттің  өзге  салаларымен  тең  дәрежеде  бағалау  дұрыс 
болмайды.  Өйткені  тарихы  терең  тіл  қоғамдағы  барлық 
өзгерістердің  орындалуының  негізгі  факторы  болған.  Ал  адам 
қолымен жасалған материалдық мәдениеттің немесе дүние таным 
негізінде  дараланатын  рухани  мәдениеттің  үлгілері  тек  тілдің 
жетекшілік рөлі арқылы ғана іске асырылып, атадан балаға мирас 
етіледі.   
      Ұлттық  мәдениетіміздің  тұғыры  тіл  деп  есептесек,  оның 
көркем  тәжі,  әрине,      сөз  өнері.  Мәдениеттің  сан  тараулы 
арналары сөзбен өрнектеліп, тілде айқын көрініс табады. әрі осы 
мәдени  арналар  тілге  де  нәр  береді,  оның  баюына,  өркендеуіне 
зор  ықпалын  тигізеді.  Рухани  және  материалдық  игіліктердің       
қай-қайсысын  алсақ  та,  оның  ұғымдық  өзегі  сөз  жүйесі  арқылы 
қалыптасып,  жүйеленеді,  сөздің  жүйесі  негізінде  баршаға  ортақ 
болып жадта таңбаланады. Адамзат мәдениетінің дамуына сай әрі 
қарай сәулеленеді. Кез-келген мәдениеттің өсуі мен өркендеуінің 

 
 
145 
дәреже-деңгейі  де  осы  сөз  өнерімен  өлшенуі  тегін  емес.  Сөз  – 
таңба. Таңбалану арқылы санада туындаған ұғымдар кейін өзінің 
материалдық  бейнесіне  ие  болады.  Яғни  ой  –  сөз  ретінде 
жалғасын табады.      
       Егер  зат  пен  құбылыс  сөз  арқылы  таңбаланып,  материалдық 
тұлғасын  таппаса,  онда  бұл  туралы  таным  да  қалыптаспаған 
болар еді. Халықтық таным мен түсінік дүниеге әкелген көптеген 
ұғымдар  сөз  арқылы  ұрпақтан-ұрпаққа  жетіп,  ұлттық  сана-
сезімді,  әдет-ғұрыпты,  тәлім-тәрбиені,  ұлттық  ойды  жеткізуші, 
қалыптастырушы  қызметін  атқарады.  «Өнер  алды  –  қызыл  тіл» 
деп  сөз  өнерінің  бағасын  халықтың  өзі-ақ  тереңнен  зерделеген. 
Тілдің  қазақ  мәдениетінің  өзге  салаларына  жетекшілік  рөл 
атқаруы 
халықтың 
өмір 
салтымен 
тығыз 
байланыста 
қарастырылуы тиіс.  
       XІX ғасырдың аяғына дейін көшпелілік өмір салтынан толық 
қол  үзе  қоймаған  халықтың  мәдени-рухани  жағдайының  негізгі 
көрінісі тілде, көркем сөзде кестеленген. Бүкіл тіршілік көрігінің 
қыры  мен  сыры,  мұңы  мен  мұқтажы,  сыйы  мен  сымбаты, 
парасаты  бәрі де «толғауы тоқсан қызыл тілде». «Өткірдің жүзі, 
кестенің  бізі»  өрнегін  мұндай  сала  алмайтын  «білгенге  маржан, 
білмеске  арзан»  болып  көрінетіні  де  –  осы  тіл  болатын.  Яғни 
өткірдің  жүзі,  кестенің  бізі  арқылы  жасалатын  сәулет  өнері  мен 
кескіндеме  өнерінде,  мүсін  мен  би  өнерінде  жетекшілік  ететін 
маңызды рөлді дала саласында тіл атқарып келген.  
 
Сөз  –  тек  хабарды  жеткізуші,  қатынас  құралы  ғана  емес, 
бүкіл  материалдық  және  рухани  мәдениеттің  ұрпақтан-ұрпаққа 
ұласа дамуына жетекшілік жасайды. Сөздің ақпараттық қызметін 
бағалай  отырып,  оның  тек  жад  қалыптастырушы  ғана  емес,  ұлы 
да  киелі  өнер  екенін  ескеру  абзал.  Сөз  «көркем  әдебиетің  үшін 
ғана емес, көркем әдебиет сөз үшін қызмет етсе игі еді. Халық сөз 
өнері  арқылы  тек  рухани  мәдениеттің  бір  саласы  ретіндегі 
әдебиетті  ғана  жасамайды,  өзінің  бүкіл  ғұмырнамасын  жасайды. 
Яғни  тіл  мен  көркем  әдебиетті  бір  деп  қарауға  әсте  болмайды. 
Әдебиет  жүйеленген,  сараланған,  нормаланған  тіл  негізінде 
көркем  бейне  сомдаушы  өнер  болса,  тіл  –  көркем  әдебиеттің 
құралы. Сондықтан да кестелі сөз өнерінің қызметі алуан түрлі.     
      Әлеуметтік  өмірдің  барлық  шегінде  қызмет  ететін  сөз 
жүйесінің мынандай сипатын саралап көрсетуге болады:  
       - мемлекет пен ұлт болудың алғышарты; 

 
 
146 
       - рухани әлемді қалыптастырушы
       - ұлттық сананы қалыптастырушы; 
       - саяси-әлеуметтік құрылысты реттеуші
       - заттар әлемін игерудің құралы. 
      Халықтың  әлеуметтік-экономикалық  өмірінің  шындығын 
бейнелеу,  рухани  өсіп-өркендеу  жүйесін  саралау  –  сөз  өнерінің 
кредосы  болса  керек.  Белгілі  Орхон-Енисей  жазбаларынан 
бастап,  ХХ  ғасырдың  көрнекті  ақыны    О.Сүлейменовке    дейінгі 
аралықтағы  сөз  өнері  жампоздарының  бұл  тақырыпты  сөз 
етпегені болмаған. 
Мәдени  факторлар  –  тіл,  әдебиет,  ғылым,  өнер  қазіргі 
әлемнің  тұтастануына  және  оның  әр  ұлттық  –  өрісте 
тұрақтануына  түрлі  қырынан  ықпал  етуде.  Мәдени  факторлар 
адам  мен  заман  қарым-қатынасының,  ұрпақ  білімінің    тұтас 
кеңістігін  құрастыруда.  Мәдениет  өресі  осы  кеңістікті  игеруге 
алуан  әр  түрлі  зиялы  және  кәсіби  топтарды  тартуда.  Сондықтан 
өркениеттің  ауқымы  мен  қарқыны  кеңістіктің,  мәдени 
алмасудың,  ғылым  мен  білімнің  өзара  ықпалының  жаһандық 
шеңберде және сала бойынша жетілуіне тікелей қатысты.  
 
Мәдениет  –  толыққанды  өмір  сүрудің  бірден-бір  шарты 
десек,  алдымен  оның  тіл  тану  және  тіл  табысу  өлшемдерін  еске 
аламыз.  Түбірлей  түссек,  «мәдениет  –  тіршілік  ету  жолындағы 
еңбек-бейнеттен туған, табиғатпен адами ортамен үйлесімді өмір 
сүре  білу  өнері.  Мәдениет  –  ол  тарихи  тәжірибе  айтып  берген 
дағдылы  машықтардың,  рұқсат  етулер  мен  тиым  салулардың  
тұтас бір жүйесі» [107, 43 б.], - дейді О. Сүлейменов.  
  
Дегенмен  мәдениет  тіл  сияқты  өзіндік  сипатын  сақтайтын 
ашық  жүйе.  Тіл  мен  мәдениетті  тарихи  тұрғыдан  қарасақ,  екі 
жетістікті  де  жалпы  адамзаттық  және  ұлттық  құндылықтың 
жиынтығы, нәтижесі дерлік. Ол дегеніміз тіл мен мәдениет даму 
заңдылығы бойынша біртұтас құбылыс және жетістік, ал қызметі 
мен  ықпалы  бойынша  көрінісі  әр  түрлі  ағым,  қарқынды  құрал. 
Тілдің  даму  заңдылығының  жүйесі  жеке  кезеңнен,  ұлттық 
ерекшеліктерден,  сала  аралық  көріністерден  тұрады.  Бірақ 
олардың  біреуімен  де  шектелмейді.  Тіл  адам  тарихымен 
тамырлас,  ұлт  тарихымен  түптес.  Тіл  –  тарихтағы  мәдени  арна 
тұтас  құбылыс.  Тарихтағы  тұтастық  құрамын  біржақты  жұтып 
қоймайды. Онда сыңарлықтан гөрі, ықпалдылық айқын, бірін-бірі 

 
 
147 
байыту басым.  «Толыққанды тілсіз, толыққанды ұлт болу мүмкін 
емес... Ұлттық сана, ұлттық тілмен қалыптасады» [108, 153 б.]. 
       Күрделі әлеуметтік-мәдени құбылыстарды бір тілмен жеткізу 
күрделеніп  барады.  Осыған  орай  Н.  Бордың:  «Тым  күрделі 
құбылыстарды  бір  тілмен  түсіндіру  мүмкін  болмай  бара  жатыр»  
деген сөзі еріксіз еске түседі. Ана тілінің ұғымдық жүйесінің бір 
ретке  келмеуі  бұл  қиындықты  күшейтуде.  Біз  тілдің  ұғымдық 
жүйесінсіз  танымдық  және  мәдени  жетістіктердің  мәнін  дұрыс 
ұқпаймыз,  осы  бағыттағы  алдыңғы,  озық  ізденістерді  тиянақты 
қабылдамай  бермейміз,  тіпті  әріптестермен  өзара  түсіністік 
жетіспей  қалады.  Тіл  қызметінінің  ғылыми  негізіне  жасау  үшін 
оның басты ұғымдарының жүйесін талқылап, саралап алу шарт.  
Ұлтымыздың  ұйтқысы,  діліміздің  мәйегі  –  ана  тіліміз 
рухымыздың  тірегі,  халқымыздың  қан  тамыры.  Сондықтан 
«тәрбие  басы  тілден  басталады»,  «тілмен  байланған  тіспен 
шешілмейді». Тілі арқылы  кез-келген халықтың даму дәрежесін, 
оның  тарихын,  мәдениетін  түсінуге  және  жеткізуге  болады.  Тіл 
мәдениеті  –  ұрпақаралық,  ұлтаралық  келісімге  кепілдік.  Тілдің 
елдестіретін  елшілік  қызметі  айқындалуда.  Тілдің  көсегесін 
көгерте  отырып,  өзіміздің  кісілігімізді  танытамыз.  «Тіл  ортақ 
мұратқа  ұйыстырады,  ұлтжандылық  деген  жауапкершілікті 
ұштайды.  Тілге  деген  сүйіспеншілік  –талапсыздықты  таптау, 
дәйекті ізденісті  баптау. Ендігі тілді  дамыту  –  үміт пен ізденісті 
нақтылы  әрекетке  ұластыру,  халықтық  қозғалыспен  ұштастыру» 
[109, 33 б.].  
      Тілді 
адамдардың 
әлеуметтік 
тұрмысын 
қамтитын 
мәдениеттен,  тарихтан  тыс  қарапайым  таңбалық  жүйе  деп 
қарастыру,  ол  туралы  түсінікке  кереғар  әсер  етеді  және  оны 
зерттеудің  мүмкіндіктерін  шектейді.  Тіл  көнеден  айтылып  келе 
жатқандай  таңбалар  жүйесі  ғана  емес,  ол  осы  жүйені  көмкерген 
мәдениет.  Сондықтан  ол  әр  халықтың  мұрасы,  ұлтының  тарихи 
жетістігі. Академик Ә.Қайдар мәдениет терминінің анықтамасын 
бере  отырып,  төмендегідей  тұжырымдама  жасайды:  «Мәдениет 
жеке  адамның  басына  тән  қасиеттен  басталып,  бүкіл  ұлттық 
менталитетімен  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ұлттық  сана, 
дүниетаным,  салт-дәстүр,  рухани  материалдық  байлықтардың 
барлығын  түгел  қамтитын  өте  күрделі  ұғым.  Бұл  мәдениет 
барлық  этносқа  тән  белгілі  бір  табиғи-әлеуметтік  ортаға  сәйкес 
қалыптасқан құбылыс. Өмір – тіршілік салты да, ортақ тіл, ортақ 

 
 
148 
дүниетаным,  ортақ  психология  т.т.  –  осының  бәрін    біз  этнос 
мәдениетінен табамыз. Ал соның бәрінің танып білудің ең басты 
құралы  тіл  екенін  мәдениеттанушы  ғалымдардың  барлығы 
мойындайды» [98, 11 б.]. 
       Мәдениетті  мәдениеттің  бір  де  бір  саласы  тіл  алдында  оқып 
білгендей  білу  мүмкін  емес.  Тілдің  мәдениетке  әсері  мейлінше 
терең,  ол  кешкі  және  жасырын  сипатқа,  мейлінше  дерексіздікке  
ие. Осыған қатысты  В.Гумбольдт:  «Мәдени нормалар мен тілдік 
модельдердің  арасында  байланыс  бар,  бірақ  тікелей  байланыс 
емес,  ұзақ  тарихи  жағдайдағы  тіл  мен  мәдениетті  бір  бүтін  деп 
оқығанда ғана осы байланыстар байқалып қалады», –  [110, 12  б.] 
дейді.  
      Тіл  әрбір  ұлттық  мәдениеттің  ең  маңызды  және  арнаулы 
құрылымының  бірі  және  түрлі  халықтардың  мәдениеті,  дәстүрі, 
салты,  таным  мен  талғамы  арасындағы  айырмашылықтар  тілде 
айқын көрінеді.  
   Мәдениет  тілдің  таңбалық  жүйесінің  мазмұнын  анықтайды. 
Әрбір мәдениетте халықаралық және ұлттық сипат бар сондай-ақ 
әр  бір  тіл  семантикасында  адамзат  мәдениетінің  жалпы  әмбебап 
компоненті және белгілі бір халықтың өзіндік мәдениеті көрінеді. 
Мәдениет  тіл  сипаты  мен  тұрпаты  әсіресе  түрлі  мәдениетке 
негізделген  тілдердің  түрлісін    қарастырғанда  анық  байқалады, 
сондықтан  да  Э.Сепир  «Тіл  мәдениетін    танудағы  басқарушы 
бастама  ретінде  жоғары  бағаға  ие  болып  отыр»  деп  көрсетсе, 
К.С.Горбачевич:  «Тіл  тек  мәдениетті  құрастырушы  құрал  ғана 
емес,  ол  мәдениет  ескерткіші,  ұлт  өмірінің  айнасы»,  –              
[111, 112 б.] деп баға береді.  
      Тіл  білімінде  –  тіл  мен  мәдениеттің  қарым-қатынасы          
ХІХ  ғасырдан  бастап  күні  бүгінге  дейінгі  өзекті  мәселе.  Бұл  
мәселені  шешу  В.Гумбольдт  еңбектерінен  басталады.  Оның 
негізгі  тұжырымдамалары  төмендегідей;  а/  материалдық 
мәдениет  тілде  көрінеді:  ә/  кез-келген  мәдениет  ұлттық,  оның 
ұлттық  сипаты  тілде  көрінеді;  б/  ұлттық  рухының  көрінуі  оның 
мәдениетінде,  в/  тіл  –  адам  мен  оның  қоршаған  ортаны 
жалғастырушы 
аралық. 
В.Гумбольдт 
концепциясы 
(тұжырымдамасы) 
А.А.Потебня, 
Ш.Балли, 
Ж.Вандриеза,  
М.А.Бодуэн  де  Куртэне,    Р.О.Якобсон  және  басқа  зерттеушілер 
еңбегінде  жалғасын  табады.  Қазақ  тіл  білімінде  Ә.Т.Қайдар, 
Е.Жанпейісова, 
М.М.Копыленко, 
Р.Сыздық, 
Т.Жанұзақов, 

 
 
149 
Н.Уәлиұлы,  Ж.Манкеева,  Г.Смағұлова  т.б.  ғалымдардың 
еңбектерінен көрініс табады.  
      Тіл  мен  мәдениет  тығыз  байланысты:  1)  коммуникативтік 
үдерістерде,      2)  онтогенезде,    3)  филогенезде  көрінеді.  Тіл  – 
мәдениет  дерегі,  өйткені  ол  мәдениеттің  құрастырушы  бөлігі, 
оны  біз  ата-бабаларымыздан  аламыз:  а\  тіл  –  арқылы  біз 
мәдениетті  меңгереміз  [112].  Тіл  мәдениеттің  жалпы  сипатын 
танытады,  негізгі  ақпаратты  жинайды,  танытады,  сақтайды, 
жеткізеді.  Осыған  орай  тіл  әрбір  факторы  ретін  де  екінші 
жағынан  –  тіл  шеңберінде  мәдениеттің  ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасуын  қамтамасыз  етеді.  Осылайша  қазіргі,  келер  ұрпақты  
бір  үлкен  тарихи  арнаға,  бүтіндікке  байланыстырады.  Демек  тіл 
мәдениетте  өсіп  өнеді,  дамиды  және  оны  бейнелейді.  Мәдениет 
этномәдени ақпараттар береді ол этномәдени ақпараттар әр түрлі 
формаларда  жүзеге  асады.  Олар  материалдық  және  рухани 
мәдениеттің  тундылары  т.б.  бірақ  ең  негізгі  форма  –  сөздік 
ақпарат.  Сондықтан 
мәдениетті  таңбалар 
жиынтығында 
қарастыру  оның  көп  қырлылығы  мен  көп  жақтылығын  зерттеу 
жолы болып саналады.  
«Мәдениет»  терминінің  астарында  қоғам  тұтастай  салт-
дәстүр,  әдет-ғұрыптарды  жеке  алып  қарастыруға  мүмкіндік 
туады.  Мәдениет  тілін  адамзат  әрекетін  көрсететін  таңбалар 
жиынтығы  ретінде  сипаттауға  болады.  Мұндай  таңбалық 
құралдарды  этнотаңбалар  деп  атауға  болады.  Соның  ішінде 
маңызды  қызметті  табиғи  тіл  атқарады.  Осыған  байланысты 
Ю.М.Лотман  «Тіл  мен  мәдениет  бір-бірінен  бөлінбейді. 
Мәдениет контекстіне кірмейтін тілдің өмір сүруі мүмкін емес», – 
[113, 101 б.] деп көрсетеді.  
Лингвомәдениеттанушы ғалым В.А.Маслова: «Мәдениет тілі 
–  тек  құрылым  емес,  ең  алдымен  мазмұн,  тарихи  жағынан 
қалыптасқан,  дамыған,  толыққан  және  өзгеретін  мұның  бәрі 
құрылымында  көрініс  табады»,  –  дейді  [114,  50  б.].  Мұның 
жарқын  үлгісі  табиғи  тіл  мен  материалдарында  мәдени-тарихи 
әрекеттің  факторы  ретінде  көрінеді.  Осыған  сәйкес  академик                  
Ә.  Қайдаровтың  мына  сөзін  келтірейік:  «Кез-келген  этностың 
бүгінгі  ұлыстың,  халықтың  не  ұлттың  тілінде  оның  басынан 
өткен бүкіл өмірінің өрнегі жатыр. Халықтың яғни этностың шын 
мәніндегі  болмысы  мен  дүниетанымы  оның  тілінде  ғана 
сақталады. Әр түрлі заттардың құбылысы, аты-жөні, сыр-сипаты, 

 
 
150 
қоғамдық  қатынастар,  әдет-ғұрып,  салт-сана  мен  дәстүрлер 
жайлы  мағлұматтардың  барлығы  да  кейінгі  буындарға  тек  тіл 
фактілері  арқылы  ғана,  яғни  тілдегі  сөздер  мен  сөз  тіркестері, 
фразеологизмдер  мен  мақал-мәтелдер,  аңыз-ертегілер  арқылы 
келіп жетуі мүмкін» [115, 21 б.]. Белгілі бір этномәдени ортадағы  
өмір  сүру  жағдайы,  эстетикалық  норма,  тұрмыстық  дағдылар, 
пайымдаулар, этникалық көзқарас, жергілікті культ пен дәстүрлік 
тәжірибе  –  ғасырлар  бойы  қалыптасқан    бай  мәдениет  тілің. 
Мәдениет  тілі  –  этномәдени  әрекеттердің  объективтік  және 
субъективтік  факторлары  деп  анықталады.  «Мәдениет  тілінің» 
мұндай  дәстүрлі  өзіндік  құрылым  элементтеріне  кеңістікті 
бағдарлау,  тұрғылықты  жерді  жоспарлау, тұрғын үй және оның 
ішкі жабдықтары, тағамдардың кейбір түрлері және оның жіктеу, 
киім т.б. жатады.     
       Мұндай ерекше мазмұнды көлемді мәтіндерді қысқа да нұсқа 
түрде  сақтап  жеткізе  білу  қасиеті  тек  символда  ғана  сақталған. 
Яғни символға біздің көзқарасымыз мәдениет шегінде қаралады. 
Бұл  көзқарас  бойынша  символ  кез-келген  мәдениетке  тән 
құбылысқа  жатады.  Символ  әр  түрлі  мәдениет  контексінде 
тоқтала отырып әр түрлі мәні не болады. Басқаша  айтсақ: «Әрбір 
этноста  мәдениет  элементінің  сыртқы  көрінуі  мен  ішкі 
мазмұнында  ерекшелік  бар.  Мағынасына  байланысты  барлық 
мәдени  құбылыстар  өзіндік  екі  жақтылыққа  ие.  Өзінің  сыртқы 
көрінісімен қатар олардың екінші өмірі бар» [116, 114 б.].  
       Г.Смағұлова:  «Олардың  мағынасы  арқылы  айқындалады. 
Мағына  затта  жасырылған,  ол  ақыл  ой,  эстетикалық  сезіммен 
адамгершілік  интуициямен  белгілі  болады,  бір  көргенмен 
танылмайды.  Мағынаның  бұл  мәні  мәдениетті  тану  кілті»  [117]. 
Біздің  түсінігімізде  символ  өз  мазмұнымен  (мәдени  хабарды 
беретін ) сәйкес келеді.                                                                                                                      
       Қазақ халқының  негізгі шаруашылығы – мал  шаруашылығы. 
Ол  тек  мәдениеттің  ауқымды  бөлімдерінде  ғана  емес, 
материалдық  мәдениеттің  кіші  бөліктерінен  де  еңбек  құралы, 
көлік,  тұрғын  үй,  оның  материалы,  үй  жиһаздары,  киім  әшекей 
заттар,  бас  киімдер,  т.б.  адамгершілік  құндылықтарынан,  тәлім-
тәрбиеден,  эстетикалық  критерийлерден,  қажеттіліктерден  де 
айқындалады.    
       Архетиптік 
сипаттағы 
мәдени 
символдар 
өздеріне 
құпиялылықты,  құдіреттілікті  сақтаған.    Олар  терең  эмоцияны 

 
 
151 
тудырары сөзсіз. Бұл жағдайда мәдениет белгілі бір жүйе ретінде, 
адам  және  оны  қоршаған  ақиқат  арасында  тұрған  жүйе  ретінде 
танылады,  яғни  әлемнен  түсетін  хабарды  өңдейтін  тетік  ретінде 
танылады.  Сонымен  қатар  берілген  бір  мәлімет  өте  маңызды 
орынға  ие  болады  да,  ал  енді  біреуі  белгілі  бір  мәдениет 
саласында  ғана  танылады.  Керісінше,  басқа  мәдениеттің  тілінде 
бұл  мәлімет  өзгеше  сипатта  болады.  Ю.Лотман:  «Осылайша 
мәдениет  жалпы  семиотикалық  жағдайда  адам  және  әлем 
арасында  орнайтын  қарым-қатынас  жүйесінде  түсіндіріледі.  Бұл 
жүйе  бір  жағынан  оның  әлемді  осылайша  модельдейтіні 
анықталады, 
бір 
жағынан 
адам 
тәртібін 
анықтайды»                
[118,  276 б. ]. 
 ХХI  ғасырда  мәдениеттанудағы  шешiмiн  күтер  өзектi 
мәселелердiң  бiрi  –  әрбiр  этномәдениеттiң  өз  дүниетанымын 
сараптап,  жүйелеп,  қазiргi  заман    ой-санасының  жетiстiктерiмен 
байытып,  бүкiл  адамзаттық  мәдениетте  өз  орнын  алуы. 
Ұлтымыздың  өзіне  тән  дәстүрлі  өнерін,  оның  ішінде  бейнелеу 
өнерімізді  жан-жақты  зерттемей,  ондағы  ұлттық  тілдің  рәміздік 
көріністерін  мәдениеттанулық  тұрғысынан  талдамай  біз 
халқымыздың  рухани  жан-дүниесіне  терең  бойладық  деп  айта 
алмаймыз.  Ал  бұл  қазіргі  бүкіл  өскелең  ұрпақтың    табиғат  пен 
қоғамдық  өмір  жөніндегі  дүниетанымын  қалыптастырып,  ақыл-
ойын,  эстетикалық  талғам-түсініктерін,  адамгершілік    тәлім-
тәрбиесінің  даңғыл  жолын  ашумен,  өз  ұлтымыздың  бүкіл 
болмысын  қалыптастырумен  де  байланысты.  Қазақ  халқының 
бейнелеу өнері және қазіргі суретшілердің дүниеге әкеліп жатқан 
туындыларының  танымдық,  эстетикалық,  тәрбиелік  тұрғыдан 
талдануы  және  де  қол  жеткізген  жетістіктерінің  жан-жақты 
сараланып,  мәдениет  дамуының  классикалық  үлгісінің  бірі 
болған  бейнелеу  тілінің  мәдениеттанулық  мән-маңызын  талдау 
барысында  көркемдік  танымның  белсенді  шығармашылық 
сипатын ашу өнердің әлеуметтік қызметін түсіндіруге мүмкіндік 
береді.  

1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал