Н. С. Тілеуханов



жүктеу 5.04 Kb.

бет6/9
Дата09.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

тілімен  айтылатын  айырықша  терме,  өмірдің  ағымы  туралы 

 
 
79 
қатынасушы мен жасаушының жүректерінен шыққан кескіндеме 
тілімен  баяндау.  «Колхоз  фермасы»,  «Бие  сауу,  «Түріксібтің 
алғашқы  поезы»,        «Жайлау  көріністері»  –  адам  тағдырындағы 
уақыт тізген тізбенің бір буыны. 
Әбілхан Қастеев өмірінің соңына дейін жемісті және бірталай 
жұмыс  істеді.  60-70-ші  жылдарда  қазақ  совет  өнерінің  гүлдену 
кезі  –  ол  «Жер  және  Республиканың  адамдары»,  «Бесжылдық 
құрылыстары»,  «Қазақстан  байлығы»  атты  бағдарламалық  етіп 
белгіленген  тақырыптарға  байланысты  шығармалар  сериясын 
жасады.  Бұл  оның,  өзін  қоршағанның  бәріне  сенуге 
дағдыланғаны  тәрізді,  сенген  ісі,  Қазақстанның  мәдениетіне 
қосқан  үлесі  болатын.  Оның  шығармашылығы  адамдар  мен 
өнерге  деген  сезімталдық  пен  шынайы  сүйіспеншіліктің  жарқын 
да,  қуанышты  қайнар  көзі  болып  әрқашан  да  қала  бермек. 
Қазақстан  бейнелеу  өнерінің  кәсіби  мектебінің  қалыптасу  мен 
дамуының  ерте  кезеңінде,  шығармашылық  та  да,  білім  беру 
үдерістерінде  де  жаңа  көркемөнерлік  форманы  меңгерудегі  ең 
басты  және  қол  жететін  құрал  –  реалистік  әдіс  болды.  Бұл 
жылдардағы 
қазақстандық 
өнер 
реализмінде 
қатаң 
идеологияландыру  жоқ  болатын,  дегенмен  1931  жылы  советтік 
эстетиканың    жалғыз  принципі  ретінде  социалистік  реализм 
әдісін  барлық  ұлттық  мектептер  үшін  партия  өктемдікпен 
бекіткен еді.  
Солай  бола  тұрса  да,  келесі  кезең,  «дамыған  социализм» 
дәуірінде-ақ,  Қазақстанның    бейнелеу  өнерінде,  жалпы    алғанда 
оның  даму  ерекшеліктерінің  бірін  құрайтын,  бұл  әдістің 
бірбеткейлігі  көрініс  бермеді.  Формалистік  қозғалыстар  мен 
мақсатсыз    өнермен    күрес, бұларға    қарсы    осы  бөгеуші қалқан 
керілген  еді  –  жалғыз  ресми  көркемөнер  әдісі  –  бұл  кезеңде 
тікелей  Қазақстанға  тимей  өтті,  дей  тұрғанмен  республикалық 
баспасөз  орталық  басылымдарының  ізін  ала,  ескерту  шаралары 
ретінде  іске  асыруға  шақырды.  Соған  қарамастан  бұл  уақыттың 
өзінде-ақ  Қазақстанда  шығармашылықтары  ешқандай  идеялық 
қондырғылармен  байланысты  емес,  оның  тарихы  мен 
мәдениеттерінің  айырықша    беттерін    жасайтын    суретшілер  
жұмыс  істеді. 
             
           
                                                                                                                                                                           

 
 
80 
2  КӨРКЕМ  БЕЙНЕЛІ ТІЛДІ  АЙҚЫНДАУ  ЖӘНЕ    
АНЫҚТАУ  МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
         
2.1 Бейнелеу өнеріндегі  көркем тілдің табиғаты  
 
       Бейнелеу  өнері  кескіндейтін  нысандар  мен  құбылыстардың 
белгілі  заңдар мен ережелерге сүйене отырып, өз кезегінде  жан-
жақты  жағдайлардың  негізінде  анықталады.  Сондықтан  суретші 
бейнелеу өнеріндегі кескіндейтін объектілердің ерекшеліктерімен 
бірге бейнелеу өнерінің заңдылықтарын таниды.   
      В.Кузин:  «Суретшінің  бейнелеу  өнерінің  заңдылықтарын 
танудағы маңызды міндеттері болып табылатындар: 
      1.  Сызықтық  және  кеңістік  перспективаларының  заңдарын 
меңгеру. 
      2.  Заттардың  конструктивтік  құрылым  заңдылықтарын 
меңгеру. 
      3. Пластикалық анатомияны оқып-үйрену. 
      4.  Нұсқаның  жарық-сәуле  түскен  бөлігі  мен  көлеңке  жағын 
салыстыра  қарау  теориясы  мен  үстіңгі  көлеңкелерінің  бөліну 
ерекшеліктерін оқып-үйрену. 
      5. Түстанудың заңдарын оқып-үйрену. 
      6. Композиция заңдылықтарын меңгеру. 
      7. Көркем шығарма жасаудағы үдерістің дамуын меңгеру. 
       8. Сурет техникасын оқып-үйрену (ұзақ мерзімді және қысқа 
мерзімді  нобайлар  мен  суреттемелердің  орындау  тәсілдерін 
меңгеру). 
       9. Живопись техникасын оқып-үйрену (акварель, майлы бояу, 
гуашь, пастель бояуларын қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгеру). 
       10. Нұсқадан бейнеленген (суреттерді, живопистік жұмыстар, 
мүсіндерді)  көрерменнің  қабылдауындағы  білім  деңгейлерінің 
ерекшеліктері», - деп бейнелеу өнері заңдылықтарын меңгерудің 
бірнеше жолдарын қарастырады [64, 35-36 бб.]. 
       Аталған міндеттердің әрқайсысы әдетте, бейнелеу үдерісінде 
жеке жағдайларға қатысты көптеген ұсақ, бірақ анық міндеттерге 
бөлінеді.  Бейнелеу  шығармашылығында  бұл  барлық  қажетті 
заңдылықтарды,  ережелерді,  тәсілдерді  танып  білмейінше 
суретші  өз  шығармашылығында  байсалды  еш  нәрсе  жасай 
алмайтын  біркелкі  қалыпты  «ғылыммен»  бірігеді.  Бұл  ғылымды 
оқып-білмей,  суретші  бейнелеу  өнеріндегі  қажетті  жетістікке 

 
 
81 
жетуде    шеберлікке  ие  бола  алмайды,  қоршаған  ортаны  терең 
тани алмайды.  
        Жоғарыда  айтылғандар  суретшінің  ойының  ерекшеліктерін 
ашуға  мүмкіндік  береді.  Суретші  құбылыстар  мен  нәрселерді  өз 
іс-тәжірибесі  арқылы  көркем  туындысында  көрсету  үшін,  үнемі 
өзінің  ой  үдерісін  көрнекі  бейнелермен  толықтырады.  Суретші 
ойы  жоғарғы  сатыдағы  көрнекі-бейнелі  сипатты,  жүйелі 
бөліктерде  (кенеп  бетінде,  қағазда,  мүсінде)  заттардың  бейнесін 
айқын айтуды көрсетеді, бұл суретшіге тән іс-тәжірибе шеберлігі. 
       Көркем  бейне  нақты  толықтырулармен  көрсетіледі.  Көркем 
бейнені тудыру жеке мен жалпыны байланыстырады, оны айқын 
бейнелейді.  Көркем    бейнелеу  өнерінде  ол  кескін  мазмұнының 
мағынасын түсіндіретін, толықтыру функциясы болып табылады. 
Кез-келген  көркем  шығарма  идеясының 
мағыналылығы 
суретшінің 
іс-тәжірибесінің 
нәтижесінде 
қалыптасқан, 
суретшінің  әлемдік  танымы  мен  көзқарасын  айқындайды           
[65, 48-49 бб.].  
       Бейнелеу өнерінде суретшінің өзі нені қажет деп санайтынын 
көрерменге хабарлайтын, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас 
жасайтын,  өзіндік  ерекше  тілі  бар.  Бұл  тілдің  құрамды 
элементтеріне  сурет,  түс,  сызықтық  және  ауа  перспективасы, 
ракурс  (қысқару),  колорит,  жарық,  композиция  қызмет  етеді. 
Суретшінің    көрермендермен    қарым-қатынас  жасайтын  тілі 
бейнелеу тілі болып табылады. Әр түрлі бейнелеу тілінің элемент 
бөліктері  –  сурет,  түс,  композиция  т.т.  –  суретші  ойын, 
талпынысын, сезімін  ерекше немесе нашар көрсетуі мүмкін. 
       Бұл жағдайда бейнелеу тілінің мән-мағынасы туралы айтады. 
Әр суретшінің өзіндік ерекше бейнелеу тілі бар. Неғұрлым ол тіл 
ерекше  айқын,  нақты  болса,  соғұрлым  басқа  суретшілердің 
бейнелеу  тілінен  ерекшеленіп  тұрады.  Сондықтан  көптеген 
суретшілер бір құбылысты бейнелеседе, әрқайсысының бейнелеу 
тілінің  өзіндік  мән-мазмұны  болады.  Өнерде  айнытпай  бастыру 
болады. Сондықтан бір-бірінен айнытпай көшіріп алған, бейнелеу 
тілі,  басқаларға  ұқсас  суретші  жұмыстары  ыңғайсыз  әсер 
қалдырады. 
      Бейнелеу  тілінің  құрамды  бөліктерінің  бірі  колорит  болып 
табылады.  «Колорит»  көру  орталығы  болып  табылатын,  көркем 
шығарманың  барлық  бөліктерін,  жеке  элементтерді  тұтас 

 
 
82 
біріктіреді.  Сонымен  бірге  колорит  шығарманы  эстетикалық 
қабылдауға үлкен әсер етеді. 
      И.И.Левитанның  алтынды-сарғыш  колоритте  орындалған 
күзгі  көріністері,  мұңды,  тыныштықты,  ал  сол  Левитанның 
көктемді  бейнелеуі  –  тулаған  бақытты  күннің  жылуын  ұзақ 
ұйқыдан  оянған  жасыл  табиғатты  сезіндіреді.  Қуаныш  сезімі, 
еңбек  бақытын  А.А.Пластовтың  «Шөп  шабу»  туындысынан 
көруге болады. Колорит көркем туындының көрерменге сезімдік 
әсерін  қалыптастырады,  нәтижесінде  көрермен  шығарма 
мазмұнын тез және толық меңгеріп алады.  
      Сурет  бейнелеу  тілінің  элементі  ретінде  ең  алдымен, 
бейнеленетін  объектінің  нұсқаға  дұрыс  графикалық    жолмен 
берілуін қарастырады. 
      «Өз 
шығармасында  суретті,  композицияны,  колоритті 
біріктіру  бұл  компоненттерді  шебер  қолданған  суретшіге  тиімді 
бейнелеу,  құбылыстың  мазмұнын  түсіндіруге  үлкен  мүмкіндік 
береді. 
Мазмұнды 
бейнелеу 
бір 
компонентпен 
келесі 
компоненттің  бөлінбейтін  бірлігі  композицияның  кез-келген  
шеберлігін    меңгеру,  нашар    суретте  немесе  колориттің 
жетіспеуінен  бейнелеу  мақсаты,  көркемдік  образдың  толығуы, 
мазмұны жоғалып бұзылады. 
       Ол  бейнелеу  тілінің  барлық  компоненттерінің  бірлігін 
бұзады.  Суретшінің  бейнелейтін  тұлғаларымен  түс  және 
жарықпен  артық  әуестенуі,  көркем  образды  толық,  мазмұнын 
терең ашуға кедергі болады» [65, 54 б.].  
       Бейнелеу  тілінің  түсінікті,  қарапайым  болуының  үлкен 
маңызы  зор.  Бейнелеу  тілінің  қарапайымдылығы  жайында 
айтқанда,  оның  артында  заттар  мен  объектілердің  негізгі 
бейнелері  қалып  қоймағанын  түсіну  керек.  Бейнелеу  тіліндегі 
мұндай  қарапайымдылық  суретшінің  шығармасы  туындаған 
сәттегі  сезімін,  көңіл-күйін,  күйзелісін  көрермен  сезіміне  терең 
жеткізеді.  Бейнелеу  тілінің  қарапайымдылығы  техникалық 
орындаудың  қарапайымдылығымен  сәйкес  келмейді.  Сонымен,  
бейнелеу  өнерінде  суретшінің  қарапайымдылығы,  танымы 
қоршаған  ортаны  ашуға  бағытталған  және  көркем  шығармада 
оны  бейнелеуі  дами  түседі.  Басқа  шығармашылықтар  сияқты, 
көркем  шығармашылықтың  да  міндеттеріне  байланысты  шешімі 
болады.  Бұл  міндеттер        қатаң  түрде  бірінен-бірі  алшақтамауы 
керек. Ал ол бұзылса бейненің мағынасыздығына әкеліп соғады. 

 
 
83 
       Мысалы,  живопись  туындыларын  жасау  осы  кезеңдерден 
өтеді: 
    1) Көркем шығарманың жалпы мазмұны және ойдың шығуы. 
   2) Бірінші эскизді жасау. 
       3) Белгіленген  эскиздің  шешімін  табу  үшін,  этюдтар, 
нобайлар, суреттемелерді орындау. 
4) Болашақ шығарманың композициялық құрылымын аяқтау. 
    5) Көркем шығарманы кенеп бетіне суреттеп орындау. 
6) Түспен боямалауды орындау. 
7) Көркем шығармада бейнеленген соңғы суреттеме, этюдтар, 
нобайлардың көмегімен түзетіп орындау. 
8) Көркем шығарманың соңғы живопистік жұмысын жасау. 
    Алғашында 
көркем  туындының  шығармашылық  ойы 
түсініксіз  формада  болады.  Одан  кейін  ойдың  құралу,  түзілу 
үдерісі  басталғаннан  кейін,  шығарманың  алғашқы  идеясы 
айқындала  бастайды.  П.Чистяковтың  айтуынша,  «Мұнда  негізгі 
идея сақталып, шығарманың бастапқы мазмұны түбегейлі өзгеріп 
кетпейді. Көркем шығарманың мағынасының ашылуы үшін кейде 
айлап,  не жылдап созылатын жағдайларда болады.  Бұл көптеген 
себептермен  түсіндіріледі.  Оның  бірі  суретшіге  бүтін 
элементтердің  жаңа  бірлігін  жеке  қатынасушы  тұлғаны  бірдей 
сюжетке біріктіру әрекеті табысты бола бермейді. Кейде жаңа бір 
ойды,  бұрын  туған  ой  кедергілеп,  жаңаны  тудыруды 
кешіктіреді»,- деген тұжырымға келеді [66, 82-83 бб.].  
Қоршаған  ортаны  ынтасымен  бақылап,  игерген  суретші 
шапшаң  қабылдайды  және  оған  бет  бұрады.  Көркемдік  образ 
әдетте  көпшіліктің  ойлағанындай  аяқасты  туындамай,  баяу 
туындайды. Образ суретшінің үлкен қиналыс күшін талап ететін, 
үлкен 
және 
қиын 
шығармашылық 
жұмысынан 
кейін 
қалыптасатын үрдіс. 
Көркемдік  образдың  қалыптасуы  негізгі  әсердің  мағыналы 
қорымен  ғана  іріктелмейді,  ол  ескі  және  жаңа  элементтердің 
әсерімен  қалыптасады.  Жаңа  образ  –  суретшінің  бұрын  көрген, 
бірақ,  оның  тура  көшірмесі  емес.  Жаңа  шығармашылық  образ 
тудыруда  айқын  нұсқа  тірек  болып  табылады,  бірақ  тиімді 
таңдалған  нұсқа  образдың  қалыптасуының  соңына  дейін  шешім 
бола алмайды. Нұсқаны ынтамен, терең меңгеру қажет. Нұсқаны 
таңдауда  және  дұрыс  таңдалған  нұсқаны  меңгеру  үшін 
суретшінің өте көп уақытын алады, тіпті айлар, жылдар өтуі  

 
 
84 
мүмкін. Нұсқаны таңдау мен меңгерудегі сәттер суретшілер үшін 
шығармашылық 
жұмысқа 
үлкен 
қуанышты 
көңіл-күйін 
бейнелейді. 
 
Суретшіге  эмоциональдық  қиналыс,  күйзеліс  болашақта 
табысты  жетістікке  дем  береді.  Жаңа  көркемдік  образ  –  бұл 
суретшінің әр кезде, әр жерлерде көрген, естігендерінің әрқашан 
жаңа  үйлесімі.  Көркем  шығарма  кейіпкерлері  айқын  мінезімен 
бірге,  жинақы  образдар  болып  қоғамның  айқындауыш  қатарына 
жатады.  Өмір  шындығын  ашу,  типизация  негізіне,  толықтыруға 
сүйеніп,  шынайы  өнерде  көркем  образдың  шындығын  құрайды. 
Көркем  образдың  шындығы  оны  терең  ашумен  анықталады. 
Шынайы  көркем  образ  объектілер  мен  құбылыстарды,  өмір 
шындығын  аша  отырып,  көрерменге  дәл  сол  қалпында  көруге, 
сол  өмір  шындығын  мойындауға,  сезінуге  көмектеседі. 
Сондықтан  шынайы  өнер  көпшіліктің  үлкен  сеніміне  ие  болған. 
Шынайы  өнердің  арқасында,  адамдар  адамзат  өмірінің  байлығы 
мен қиындығын көреді. 
 
Шынайы  өнер  оларға  өмір  сүруге,  алға  қойған  мақсатты 
орындау  үшін  күресуге,  биік  ойдың  іске  асуына  көмектеседі. 
Форма  мен  мазмұнның  ажырамас  бірлігі  көркем  образдың 
құрамды  және  негізгі  бөлігі  болып  табылады.  Көркем  образдың 
формасы  оның  мазмұнын  білдіреді.  Форманың  жеке  мағынасы 
болмайды,  ол  тамаша  ойдың  мағынасына  шығарма  мазмұнына 
толық  бағытталған.  Ол  мазмұнмен  сәйкестеніп  оған  бағынады. 
Егер  форма  мен  мазмұн  сәйкес  келмесе,  көркем  шығарманың 
формасы әлсіз болса, қандай да бір көрікті ойдың айқын бейнесі 
ашылмайды. 
 
Бейнелеу  өнеріндегі  кең  тараған  шеберлік  термині,  әдетте 
суретшінің  бейнелеу  техникасын,  оның  живопистік  және 
графикалық  білігін,  шеберлікті  меңгеру  сатысымен  түсінікті 
болады.  Бейнелеу  шеберлігі  суретшінің  сурет  және  живопись 
құралдарын  тиімді  қолдануын,  олармен  әр  түрлі  техникалық 
тәсілдермен  жұмыс  істеу,  түстің  берілу  тәсілдері  т.б.  көптеген 
элементтер  біліктілігін  қажет  етеді.  Бейнелеу  техникасының 
ерекшеліктеріне  психологиялық  талдау  жасауға  көшуден  бұрын, 
көркем  шығармадағы  бейнелеу  техникасының  мағынасы  туралы 
атақты  суретшілердің  тұжырымдарына  тоқталып  айту  қажет. 
Сезіммен  байланысты  үдерістер  тек  қана  бейнелеу  өнері 

 
 
85 
саласындағы  білімді  қолдану  мен  меңгеру  ғана  емес,  көркемдік 
қабілеттің қалыптасуында да маңызы зор. 
   П.П.Чистяков    бейнелеу    ісінде  перспектива,  композиция, 
түстану  т.т.  таным  заңдарына  бағыттанудың  қажеттілігін  өте 
айқын  айтты:  «Барлық  биіктік  сол  ғылымда  өзінің  дамуына 
негізделуі  қажет»  [66,  87  б.].  Джон  Констэбл  болса,  живописті 
дем беру негізі деп қарамай, ғылыми және нақты іздену деп қарау 
керек  екенін  айтты:  «Живопись  соқыр  таңғалу  емес,  түсінікті 
болу керек». 
       Бұл  жөнінде  Н.П.Крымов:  «Өнер  ғылым  немесе  математика 
емес,  бұл  шығармашылық,  көңіл-күй  және  өнерде  бір  нәрсені 
түсіндіре алмайсың – қараңыз да қызығыңыз. Меніңше, бұл олай 
емес.  Өнерді  түсіндіруге  болады.  Көркем  туындыны  неге  жақсы 
неге  жаман  екенін  нақты  дәлелдеуге  болады»    [67,  264  б.],  –  
дейді. 
      «Көркем  ойлау»  –  бұл  суретші  ойының  ерекшелігін 
В.Г.Белинский: «Философ силлогизмдермен (кесімді екі пікірден 
жаңа үшінші пікір алынатын ой тиянағы) ақын образдармен және 
суреттеумен  айтады,  екеуі  де  бір  нәрсені  айтады.  Саяси-
экономика  қандай  себептермен  қоғамда  ненің  жақсарғаны  мен 
ненің  төмендегенін  өзінің  оқырмандары  мен  тыңдаушыларының 
ақыл-ойына  статистикалық  салдармен  қаруланып  дәлелдейді. 
Ақын  өз  оқырмандарын  ой-қиялына  тірі  немесе  айқын 
бейнелеумен әсер ете отырып көрсетеді. Біреуі дәлелдейді, біреуі 
көрсетеді, екеуі де сендіреді, біреуі ой-тұжырымымен, екіншісі – 
сурет көріністерімен» [68,  254 б.], –  деп атап өткен. 
       Бейнелеу  өнерінің  шеберлері,  өздері  үнемі  айтатын, 
суретшінің  жеке  шығармашылығын,  талантын    кең    ашатын,  
өзіндік, ерекше  бейнелеу тілі қажет. 
       П.П.Чистяков:  «Әр  таланттың  өзіндік  тілі  бар,  сондықтан 
манераға оқыту қажет емес, тек дұрыс оқыту керек. Әркімнің өз 
манерасы  бар.  Мен  оны  неге  оқушыдан  жоғалтуым  керек»        
[66, 93 б.], – деді. 
    Бұл  жерде  П.П.  Чистяков  әр  суретшінің  өзіндік  тілі 
болатынын  дұрыс,  айқын  айтты.  Сондықтан  бейнелеу  өнері 
оқытушысының негізгі міндеті – оқушы ерекшелігін ерте байқап, 
дұрыс оқытып бағдар беріп дамыту.  Бұл ретте П.П.Чистяковтың 
келесі  сөздерін  еске  алайық:  «Әсер,  колорит  –  бұлардың  бәрі 
көмекші  құралдар.  Оларды  тек  қажетіне  қарай  ғана  қолдану 

 
 
86 
керек. Ойсыз, идеясыз биіктік болмайды, сондықтан бояу, жарық 
тағы  басқа  –  негізгілер  картинаның  мағынасына  бағынуға  тиіс... 
Техника  –  бұл  суретші  тілі,  оны  шаршамай  таңғажайыптыққа 
дейін  дамытыңыздар.  Онсыз  сіз  адамдарға  арманыңызды, 
күйінішіңізді,  өзіңіз  көрген  сұлулықты  ешқашан  айтып  жеткізе 
алмайсыз» [66, 185 б.]. 
        Роден өз пікірінде: «Техника – тек қана құрал, суретші соны 
әрі  қарай  дамытпаса  ешқашан  сұрағына  жауап  таба  алмайды, 
сезімін  жеткізе  алмайды»,-  десе  [69,  198  б.],    В.В.Верещагин: 
«Көркем  техника  –  бұл  сауаттылық,  білімсіз  жас  өспірімнің 
өнердегі  осы  сауаттылықты  дұрыс  меңгере  білмесе,  онда 
болашақтағы  талпынысы  байсалды,  табысты  болмайды»            
[70, 324 б.], –  дейді.  
    Сонда-да  сөз  сияқты  ешқандай  нәрсеге  мұндай  алпауыт 
сенімділік мұндай әрекет ету күші тән емес. Сөзге ойды  жеткізу 
құралы  іс-әрекеттің  бастаушысы  ретінде,  бірақ  бейнелеуге 
жеткіліксіз  осындай  дәлдік  пен  ауытқымаушылық  тән.  Өйткені 
тілдің  өзі  танымдылықтың  шындықты  жан-жақты  үйренудің 
тұрақтанған    үдерісі    болып    табылады.  Тілде    тек    қана 
құбылыстардың  өзі  емес,  адамдардың  солармен  байланысты 
ойлауы  мен  қобалжуы  да  көрініс  тапқан.      Тіл  өзінің  табиғаты 
жағынан  философиялық.  Әлдебір  тіл  шаманың  айтуы  бойынша, 
әрбір  сөз  теория  болып  табылады.  Сөз  мағыналары  сондай 
әрекетті,  оны  әрбір  жаңа  контексте,  жаңа  мағынаға  ие 
болатындығынан  көреміз  –  ал  тілде  сөздерге  қарағанда  санауға 
болмайтын  мөлшерде  ұғымдар  бар.  Осыдан  тілдің  не  нәрсені 
болса  да  айқындай  алатын  шектеулі  маңыздылығы  зор  екендігі 
шығады. 
    Н.Дмитриева:  «Бірақ,  сөз  өнері    жай  ғана  түсіндіру  мен 
сендіруде  ғана  емес.  Көркем  сөз  бізге  қатты  әсер  ететіні 
соншалық,  біздің  ойлау  қабілетімізде  жаңа  картиналар  пайда 
болады, олар – образдар деп аталады. Санада қалыптасып жатқан 
образдар  барлық  уақытта  көркемдік  дәлдікке  ие  бола  алмайды, 
бірақ  олар  да  міндетті  түрде  көз  алдымызға  елестете  алатын 
түрде  болады,  анық  болады:  Кейде  бұл  көңіл-күй  дәлділігі, 
уайымдау  дәлділігі,  егер  бұлай  айтуға  болатын  болса  рухани 
дәлдік болып табылады»,- дейді [71, 16 б.].  
   Көркем  туынды  сөз  өнерінде  олар  ештеңеге  бергісіз 
айқындалады,  себебі  оларды  сөзден  басқа  ешқандай  нәрсемен 

 
 
87 
анықтау  мүмкін  емес.  Бірақ  сезімділік  (бәрінен  бұрын  көзбен 
көру)  қабілеттілігі  күрделі  қосылыста  пайда  болады.  Олар 
басқалармен  салыстырғанда  еркін,  талғампаз,  қабылдаушының 
жеке  ассоциациясына  тәуелді  және  оймен  көңіл-күйге 
байланысты  жеке  рухани  елестетулерге  қарағанда  аз  байқалады. 
Көбіне  сөз  өнерінде  бізді  ашық  бейнелеу  тәнті  емес,  анықтап 
қараған кезде ол көп жағдайда жарқын бейнелілігімен яғни оның 
бейнелеу күшіне емес, уайымдау күшінің, затты танып білу күші 
болып табылады. Мәнерлілік сөз өнерінде тіке, бейнелеу өнері – 
жанама  болып  табылады.  Бірақта  ол  тіке  емес,  және  ол  ұқсай 
білудің  жолымен  жүрмейді.  Жазушы  суретшіден  образ  құра 
білудің  тәсілдерін  үйренбейді  –  тәсіл  өзіндік  әдебиеттілігімен 
қалады, ол бәрінен бұрын көре білуді үйренеді. Ал анық көре білу 
өз  кезегінде  терең  ойлай  білуге  көмектеседі,  өмір  сүруден 
мазмұнды әсерлер алуға үйретеді. 
    Н.Дмитриева:  «Осылай  болғандықтан  құлдырау  құбылысын 
жаңа  әдебиет,  біздің  дәуірдің  әдебиеті  тікелей  ой  жүзінде 
бейнелеуден  алшақтап  бара  жатыр  деп  санау  қате  пікір  болып 
табылар  еді.  Өткен  ғасыр  реализмінің  құнды  бейнелеу  дәстүрін 
өзіне сіңіріп  үлгерген ол басқа стилистикалық  жолдарды  іздеуге 
құқы бар – тек сөз суретшілердің өздерінің «көре білу» қабілетін 
жоғалтпаса болғаны» [71, 44 б.]. 
   Сөз  заттың  нақты  эквиваленті  бола  алмайды,  бірақ  сөздің 
мәні  бұл  жалғыз  нақты  эквивалент  біздің  санамыздағы,  бұған 
қоса  ойымыз  эмоцияларымызға  байланысты.  Зерттеулерге 
қарағанда  ойға  қатысты  нәрселерді  анықтау  үшін  аты 
аталатындар  сөзбен  ауыстырылмайды.  Сөз  ойдың  негізі  болып 
есептелінеді, тіпті сөздерде ең қиын есте сақталмайтын сезімдер 
көрінісі  ойландырады,  бұл  сөз  функциясы  өнер  сөзінде  де 
сақталады:  бұдан  гөрі  спецификалық  көркемдік  мүмкіндіктері 
нақты әдебиеттерде негізделеді. 
   Өнердің  мақсаты  –  адамдарға  әрқашан  қажетті  орынды 
айқындау.  Ол  заттар  мен  құбылыстарды  бейнелеу  арқылы 
мақсатына  әр  уақытта  жете  бермейді,  ән  мен  сәулет  өнері 
бейнелемей-ақ  айқындай  алады.  Бейнелеу  өнері  және  әдебиет 
үшін  қоршаған  ортадағы  құбылыстарды  анықтауда  олар  ойлау 
арқылы  ортақ  пікірде  болады.  Ал  бірақ  олардың  жолы  қарама-
қарсы.  Әдебиет  тікелей  құбылыстың  көріну  мағынасымен 

 
 
88 
сөйлейді,  живопись  пен  мүсін  сол  құбылыстарды  бейнелеуге 
сезініп қабылдау арқылы барады. 
    Нұсқаға    қарап  тұрып,  ол  пейзаж  әлде  болмаса  адамның  бет 
әлпеті  болса  да,  живописші  еріксіз  көрген  нәрсесін  живопись 
тіліне  аударады,  оны  көркем  туындыға  айналдырғандай 
қабылдайды.  Живопись  тілінің  табиғат  тілінен  айырмашылығы 
болады,  ол  тілде  тек  көргеніңді,  айта  аласың.  Кенеп  бетіндегі 
жазықтыққа 
кеңістіктегі 
шындықты 
бейнелеу 
өзіңнің 
ойыңдағымен  сәйкес  келмейді,  табиғаттағы  түстер  палитрадағы 
бояу  түсімен  сәйкестікте  болмайды,  живопистегі  жарық,  күн 
көзінің  жарығымен  сәйкес  емес.  Живописші  нұсқаға  сырттай 
қарап  тұрып,  сол  қарау  арқылы  живопись  тіліне  аударып,  және 
оны  живопистік  тұрғыда  көрудің  осы  немесе  басқа  жолдарын 
таңдайды.  Оптикалық  образ  құрайтын  басты  элементтер  –  бұл 
пішін  (форма),  түс  және  жарық  көлеңке.  Оларды  қабылдаудың 
көптеген әр түрлі аспектілері бар. Сонымен, пішін (форма) көлем 
сияқты  қабылданады,  (сол  кезде  оны  қабылдау  тереңдікпен 
кеңістікті  сезінумен  байланысты)  және  тұлға  ретінде  нақты 
суретті  сызықпен  шектелгендей.  Түс  (цвет)  өзінің  негізгі 
«локальды» сапасы ретінде (қызыл, жасыл, күлгін) және жарыққа 
байланысты  дифференциалды  өңдер  (тон)  болып  қабылдануы 
мүмкін.  Жарық-көлеңке  көлемді  пішіннің  көрінісі  ретінде  және 
өте  күңгірт  немесе  өте  ашық  болып  қабылдану  мүмкіндігінде 
болады.  Шынында,  көз  мынандай  сәттерде  қабылдайды: 
табиғаттағы  көлемді,  сызықты  суретті  және  түсті  немесе  өңді, 
заттың образды тұтасып, араласып тұрғанын көреді. 
    Әрине  біз живопистеде, мүсінде де табиғаттың өлі көрінісін 
көшіру  ісімен  айналыспаймыз,  суретші  танымының  от 
жалынынан  өткізілген,  өндірілген,  талдап    қорытылған  
табиғатпен    жұмыс    жасаймыз.  Өнер  бұнысыз  мүмкін  емес. 
Суретші  шығармашылығындағы  ой,  эмоция,  идея  өзінің 
материалды  кеңістік  объектісінде  байланыссыз  болуында:  кез-
келген жағдайда соңы ойша оңай түсіндірілмей, көрермендер көз 
алдына  елестейді,  келеді,  –  суретші  шығармасын  «табиғи 
жасауға»  ұқсатады.  (Гете  айтқандай  «екінші  табиғат»). 
Суретшінің  көрермендерге  айтқанындай:  міне  мен  нені  көрдім 
және  сол  кезде  нені  сезіп,  түсіндім  –  менің  қаншалықты  дұрыс 
көріп  дәл  сол  күйінде  түсінуімді  бағалаңдар.  Сонымен  қатар, 
көрермен суретші шығармасынан өзінің қосымша жан дүниесінің 

 
 
89 
байлығын  шығаруға  ерікті,  онан  басқа  ол  «айтарлықтай 
шындықты көрсетеді» [71, 50-51 бб.]. 
Демек суретші: табиғатты жасамайды, ол өзінің түсінігі, ойы 
және көзқарасы бойынша, «екінші табиғатты көрсетеді», бірақ ол 
табиғатты  мысалға  алып,  оның  материалды  заңына  бағынып, 
яғни  оған  еліктеп  істейді.  Періштенің  бейнесі,  табиғи 
құбылыстың  шығармасы  емес,  бірақ,  ол  табиғатқа  еліктеу 
арқылы  көрсетіледі.  Жазушы  шындықты  әңгімелейді  және  тек 
қана  адам  түсінігіне  сиятын  оған  деген  қарым-қатынасты  айқын 
көрсетеді.  Суретші  табиғатты  мысалға  алып  және  ұқсатып, 
заттардың материалды тілімен сөйлейді. 
Алдыңғы  бөлімде  бейнелеу  өнері  мен  сөз  өнерінің 
айырмашылығының  түпкі  нұсқасы  туралы  сөз  болды.  Бейнелеу 
өнері материалды заттардың тілімен сөйлеп, оған еліктей отырып 
сезімдік  белгісін  білдіреді.  Бейнелеу  шығармашылығы    сезімдік  
көрініс сферасынан шектелмейді, осы сферада пайда болып және 
сонымен  бітеді,  сөз  өнері  өзінше  сезімді  емес  интеллектуалды. 
Оның  түбірі  барлық  нәрсені  танып  сезінуде  жатыр,  бірақ  ол 
ойлау,  уайымдау,  таңқалу,  бағалау  –  дәл  осы  интеллектуалды 
сферада әдеби шығармашылық өзінің соңғы формасын алады. 
Бейнелеу  өнерінің  ең  бастысы  мәні  «көруге  оқытады»,  – 
сыртқы  көрініс  арқылы  ішкі  дүниені  ұғынуға,  көру  әлемін  оқып 
білуге үйретеді. Суретші өзінің идеясы мен эмоциясын тек нұсқа 
пішіні  арқылы  емес  –  ол  сонымен  қатар  натураның  өзін,  дәл 
мағынасын: заттың  сыртқы көрінісінің әсері  суретшінің  тек  ішкі 
дүниесінің көңіл-күйіне байланысты емес, ол сол заттардың шын 
мәніне  де  байланысты.  Бірақ  суретшінің  ішкі  дүниесі  де 
маңызды,  қытай  суретшілері:  жарықтың  түсуіне  байланысты  бір 
тас,  сол  тас  сияқты  әртүрлі  көрінеді,  уақытқа  және  сол  тасқа  
қараушының  көңілсіз немесе көңілді күйіне байланысты болады 
дейді. 
Суретші  табиғаттың  бай  палитрасымен  жарысам  деп 
ойламайды – ол өзінің ерекше өнер тілімен табиғаттан нені көріп, 
нені түсінгенін айтқысы келеді.    Ван-Гог айтқандай, «... мен өз 
жұмысымнан, менің ойымдағының, кескінін байқаймын, көремін, 
мен  табиғаттың  менімен  сөйлесіп,  маған  бірдеме  айтқанын 
көремін, және мен соны өз жылдамдығыммен жеткіземін... Және 
ол  әдетке  берілген  және  шартты  тіл  емес,  табиғаттың  өзінен 

 
 
90 
тумай,  бірден  қабылдау  мәнері  немесе  жүйесі  өседі»                   
[72, 72-73 бб.].   
    Суретші  палитрасы  табиғат  палитрасына  қарағанда  үнемді. 
Бұл  үнемді  жағы  тек  жинақы  және  концентрациялық  күште 
көрсетіледі, бұл негізгі өнер заңы, – себебі идеяны көрсету үшін 
болып  жатқан  құбылыстардың  ішінен  керегін  таңдап  алу  керек. 
Бірақ  өнерде,  соның  ішінде  бейнелеу  өнеріндегі  көрнекілік 
сондай  үнемді  емес,  қиын  түсінік  пен  формуланы  жеңілдетуге 
тырысу ғылыми ойлау тұрғысындағыдай. 
   Бейнелеу  өнері  заттардың  өзін  бейнелемей  оның  шынайы 
ұқсастығын  көрсетеді.  Өнер  өзінің  жасауын  шындық  көріністе 
бейнелемейді  –  өнердің  мұндай  жағдайы  оны  көрсете,  жеткізе 
алмауында емес, оның себебі өнер ретінде құндылығын жоғалтар 
еді.  Барлық  көркем  туындыларды  –  шешендік,  бейнелеу  өнері, 
музыка қандай өнер болмасын; сол туындылар мен оның шынайы 
көріністің  арасында  арақашықтық  сезіледі.  Бұл  қашықтық  әр 
түрлі  сапада  немесе  түрлі  алыстықта  болуы  мүмкін.  Суретші  әр 
бейнені  өнердің  әр  саласына  байланысты,  сәйкес  етіп  көрсетеді, 
бейнелейді.  Сондықтан  суретшімен  бейнеленген  зат  пен  оның 
шынайы  көрінісінің  формалары  сәйкес  келмейтінін  көреміз. 
Реалист-суретші  бейнелерін  фантастикалық  тағы  басқа  көріністе 
бейнеленгенмен,  сол  заттың  шынайы  көріністегі  заңдылығымен 
бейнелейді.  Материалдық  табиғаты,  структурасы,  құрылымдық 
жүйесі  оптикалық  қасиеті,  осының  бәрі  бір-бірімен  өзара 
байланысты  –  осы  қажеттер  арқылы  мүсінші  мен  живописшінің 
шығармашылығы өркендейді. 
    Бейнелеу  өнерінің  өзіндік  ерекше  қасиеті,  оның  аспектілері, 
–  оның  аса  күштілігі.  Теориялық  жағынан  бейнелеу  өнері  басқа 
өнер  түрлерімен  қатысы  жоқ  деп  ойлауымыз  мүмкін.  Мысалы: 
мүсін өнерін алып қарасақ онда көлемді пішін, графиканың өзіне 
алатын құралдары – сызықтар, психологияда – әдебиеттік жұмыс. 
Ал  живописьте  түс  пен  жарық,  оның  қасиеті  осында  жатыр       
[73, 96 б.].  
    Суретші  өзінің  көзқарасын  көрермендерге  оятып  көрсетеді. 
Яғни  көрермен  картинада  адам, ағаш, тау, аспанды көріп ғана 
қоймай, суретшінің өзі осының бәрін қалай көретінін, сезінетінін 
көреді.  Ал  суретші,  суретші  емес  сияқты  қарайды.  Біріншіден 
суретші  заттарды көбірек  кең,  үлкен жағынан көреді, екіншіден, 
әрбір  затты  жекелеп  көреді,  себебі  «көру»суретшінің  өмірінің 

 
 
91 
үлкен  жұмысы,  ол  өзіне  барлығын  жинақтайды.  Формамен 
сызықтардың  жұмысы  түстен  әлдеқайда  өзгеше.  Бұл  элементтер 
бізге  белгілі.  Түсті  біз  заттың  киімі  ретінде  қарастырамыз,  ал 
форма  (пішін)  ол  заттың    өзі.  Сондықтан    форма,  түске  
қарағанда, аз ғана  эмоциональдық әрекет келтіреді. 
   Графика    бейнелеу    өнерінің    бір  түрі,  ол    живописке 
қарағанда  бір  белгімен  қарастырылмайды,  бірнешесімен. 
Графиканың  анықтамасы  –  сурет  өнері,  бір  қарағанда  бізге 
түсінікті  сияқты.  Бірақ  та  бұның  анықтамасы  әлдеқайда 
күрделірек. Сурет живописте болады, бір жағынан графика түсті 
де  қолданады:  түсті  сурет,  түсті  гравюра,  плакатта  көбінесе  түс 
қолданылады. 
   Бейнелеу  өнерінде  графика  көбінесе,  сөз  өнерімен  жақын 
қатынаста болады. Графика – бұл әдебиетті живопись. Оның кең 
өркендеуі,  үлкен  қасиеті  бейнелеу  өнерінің  –  сөз  өнеріне 
жақындасуы,  бірақ  соған  қарамастан  ол  спецификасын  
жоғалтпайды.  Ең  бастысы графика тілінің  бостандығы ол заттан 
қалған  өзіңнің  көзқарасыңды  бейнелеуге мүмкіндік береді, осы 
қасиет оны сөз өнерімен туыстырады. Графика өнерінің әдісімен, 
портреттің  сөзбен  бейнелеу  әдісінде  бір  ерекшелік  бар,  мысалы; 
адам  бетін  суреттегенде  оның  өзіндік  қасиетін  суреттейді,  ал 
элементтердің  көбіне  мән  бермей.  Графика  өнерінде  де  осылай, 
шаштың өзін бейнелемей штрихпен, овалмен, ирек сызықтармен 
көрсетеді. 
Бейнелеу өнеріндегі «сөйлейтіні» графика, ол көбінесе сөзбен 
бірге  қатысуында    емес,  оның  себебі  живопись  затты  көруді 
сезінуді  үйретсе,  графика  бейнелік  түсінуді  үйретеді.  Осы 
жағымен 
ол 
сөз 
функциясына 
жақын 
келіп, 
оның  
интеллектуалдық    жағына  жауап  береді,  бірақ  бейнелеу  өнері 
өзінің    түбірінен  арылмайды,  себебі,  «абстракция»  осыдан 
алынған.  Графиканың  «сөйлеу»  тілі  оны  көруде  емес,  түсінуде, 
яғни графикалық бейнелеудегі суретті сезінуде. 
   В.Костин, В.Юматов: «Суретші тек қана шындықты бейнелеп 
қана қоймайды және адамдарға өзінің өнері тілінде  айтып, оның 
ғылымнан  айырмашылығы    қоршаған    әлемді  көркемдеп 
бейнелеуі.  Адамдарды  қызықтыру    арқылы  шығармашылыққа 
ынталандыру және өмір туралы маңызды үлкен нәрселерді айту. 
Сондықтан  біз  суретшінің  туындысынан  әрқашан,  оның 
қуанышты  сезімін,  ашу,  ыза,  таңдану  немесе  теріске  шығару 

 
 
92 
сияқты  осыларға  қатысты  бейнелегендерін  табамыз»,-  деп 
тұжырымдайды [14, 112 б.]. 
Мұнда  біз  өнердің  ең  басты  маңыздыларына  келсек,  оларды 
көркемдік  образбен  қабылдаймыз  деп  айтамыз.  Көркемдік  образ 
– бұл шындықты жәй ғана бейнелеу емес, күрделі бейнелеу. Онда 
тек  қана  табиғат  бейнеленбейді,  адам  және  оның  жан  дүниесі. 
Табиғат  қашанда  суретшінің  шығармашылық  қиялы  арқылы 
өтетін  және  оның  ойына  қатысты  өзгертіліп  алынса,  тек  сол 
уақытта образдар пайда болады. 
   Суретші  көркем  туындымен  жұмыстанған  кезде,  мысалы, 
табиғат көрінісімен, осы көргендерінің бәрін механикалық түрде 
кенеп бетіне көшіріп жазбайды. Керек емес көп нәрселерді алып 
тастайды,  өзінің  ойымен  сезімін  ашуға,  қорытып  және  жаңадан 
өндіру  арқылы  көмектеседі.  Мұндай  іштей  пікірлесіп  ойлану 
болмаса онда өнерде болмайды. 
Сондықтан  живопистегі  көркемдік  образ  –  бұл  өте  қажетті 
шығармашылық  қиял  және  шындықтың  көрінісі.  Бұл  табиғатты 
солай бейнелеу, суретшінің ойын және сезімін іске асыру болып 
табылады. 
       Е.Кибрик: «Бізге  белгілі  болғандай, өнердің  барлық түрлері 
бір-біріне  өзара жақын  және бұл  көркемдік  шығармашылықтың 
ерекшелігі  біздің  тілімізде  сөз  арқылы  қалыптасып,    музыкалық 
ырғағы,    қарапайым  ырғақтылық,  пластикалық  би,  түс  (цвет) 
үндестігі  және  тағы  басқалары  көрінеді.  Сонымен  бұл  ұқсастық 
оларға  өз  бетінше  болуға  кедергі  болмайды,  өйткені  әрбір  өнер 
түрлері өздерінің ешқандай  қайталанбас  образды көрінісі, өзінің 
ерекше айқындаушы құралдары болады» [74, 34 б.]. 
    Живопись  шығармаларындағы  түс    екі  жақты  жүкті  алып 
жүреді: 
1)  Бейнелеу  құралдарын  ең  алдымен  қалай  қолданады. 
Шыншыл-суретші  кенеп  бетінде  шынайы  әлемнің  бояуын  және 
әртүрлі  заттардың  өзіне  тән  болмысын  түс  арқылы  дәл  беруге 
ұмтылады.  Оның  қылқаламынан  шыққан  дүниелердің  түстерін 
танудағы 
«ұқсастық» 
болуға 
тиіс. 
Суретші 
өзінің 
шығармашылығын  ешқашан  шектемейді  және  табиғаттың 
бояуын  дәл  көшірумен  айналыспайды.  Суретші  туындысындағы 
түстердің  жақсы  көрініс  беруі  үшін,  оның  түстерді  көзбен 
қабылдауда  ең  керегін  алуға  талпыныс  жасайды.  Сонымен 
живопистегі түстің екінші мағыналы жағын алатын болсақ:       

 
 
93 
   2)  Айқындаушы  құрал  –  көркем  ойдың  эмоционалдық 
бағытына  әсер  етеді.  Живописші  шынайы  әлемнің  бояуын  өз 
өнерінің образды тіліне айналдырады  
Бейнелеу өнері – суретші мен көрерменнің үздіксіз диалогы, 
ішкі  кеңесі.  Өнердің  қомақты  туындысын  дүниеге  келтірген 
суретші  өзінің  өмір  жолының  бір  бөлігінен  өтеді.  Оның 
жұмысында  интуиция  мен  қатаң  есеп,  өткір  байқағыштық  пен 
ұшқыр  қиял,  анық  берілген  көркем  ой  және  сөзбен  айтып 
жеткізгісіз сезім қабысқан; онда көп адамдарға таныс мән-мағына 
көрсетілген.  Жолдың    қалған    бөлігі  көрермен  еншісінде.  Ол  өз 
кезегінде  суретшінің  айтқысы  және  көрсеткісі  келген  нәрсені 
дұрыс түсініп, терең сезіне білуі қажет. 
   «Сондықтан  бейнелеу  өнері  шығармалары,  сурет  немесе 
мүсін алдына тоқтаған кезде, ең алдымен іштей дайындық жасау 
қажет.  Содан  соң  өзіңіздің  байқағыштық  және  елестете  алу 
қабілеттеріңізді,  өмірлік  тәжірибеңізді  және  жаңа,  кездейсоқ 
нәрселерді түсінуге деген талпынысыңызды жинақтаңыз. 
   Біз оқырманымызды көптеген түрлерге ортақ және жекелеген 
негізгі  көркемдік  құралдармен,  бейнелеу  өнерінің  алуан 
түрлерімен  таныстырамыз;  олардың  шығу  тегін  және  осы 
құралдардың  әрқайсысының  көркем  шығарма  тудырудағы 
маңызын бақылап отырамыз»,- дейді  Л.Мочалов [75, 3 б.].  
Көп  мәнді  көркемдік  құралдарды  талдай,  олардың 
спецификалық  негіздерін  біртіндеп  меңгере  келе,  бейнелеу 
өнерінің  талантты,  үлкен  шығармасы  әрдайым  оның  барлық 
элементтерінің  толық  органикалық  бірлігі  болатынын  естен 
шығармау керек. Сондықтан тек көрнекілік үшін ғана кез-келген 
өнердің  бір  құралы  туралы  оны  шығарманың  басқа  көркем 
элементтерімен  байланыссыз  айтуға  болады.  Мысалы:  біз  түс 
(цвет)  туралы  айтқан  кезде  шартты  түрде  уақытша  сурет,  оның 
композициясы тағы басқаларын ұмытуымызға болады.  
   Ал  шын  мәнінде  суретшінің  әр  шығармада  қолданған 
құралдары  бірлікте,  бір-біріне  тәуелділікте  көрінеді.  Олардың 
барлығы  бір-бірінен  айырғысыз  және  шығарманың  көркем 
идеясын ашуға белсенді қатынасады. 
   Көркем шығармашылықтың І сатысы – интуициялық болса, ІІ 
сатысы  туындының  анализін  қажет  етеді.  Тек  интуиция  мен 
анализдің  үйлесімді  бірлігі  ғана  жақсы  құрылымды  аяқталған 
шығарма тудыруға мүмкіндік береді. 

 
 
94 
   Талдау  (анализ)  сезімнен  туған  шығарманы  дұрыс  бағалай 
білуден  басталады.  Бұл  –  суретші  тәжірибесіндегі  маңызды 
сәттердің бірі. 
   Г.Вельфлин:  «Шығармашылық  интуицияға  қабілеттілік  – 
суретшінің  дарындылығының  көрінісі.  Анализге,  яғни  өз 
шығармашылығын 
логикалық 
тұрғыдан 
талдай 
білуге 
қабілеттілікті  дамыта,  тәрбиелей  білу  қажет.  Көркем  туындыны 
интуициямен  талдау  және  мазмұннан  формаға  өте  отырып, 
суретші  орта  мен  өзінің  арасында  байланыс  орнатып  қана 
қоймай,  сонымен  қоса,  оның  орындалу  құралы  мен  әдісін 
белгілейді. Суретші туындыға интуициямен анализ жасау арқылы 
ғана  шығармашылықтың  соңғы  сатысының  жолы  мен 
құралдарын  таба  алады.  Бірақ  тек  авторды  шабыттандырып, 
шығарманы  дәл,  нақты  аяқтауға  әкелетін  анализ  ғана  жеміс 
әкеледі.  
   Шығармашылық  үдерісінің  сызбасы,  шамамен,  мынадай 
болады:  Интуиция  –  анализ  –  интуиция.  Себебі  өнер  сезімнен 
басталып, аяқталады және қабылдауы да осы сезім арқылы өтеді 
және  анализ  көмегімен  түсіндіріледі»,-  деп  ой  түйеді                  
[76, 34-35 б.]. 
   Көркемдік  образ  –  бейнелі  түрде  айтқанда,  әлем  көрініс 
табатын тамшы секілді. Композициялық дәлдік образдық жүйеге 
әр беріп, көркемдік әсерін күшейтеді. 
   Композиция 
–  барлық  бөліктері  бір-бірімен  тығыз 
байланыста, қарым-қатынаста болатын заңдылыққа сай құрылған 
организм. Бұл байланыс пен тәуелділіктің жалпы көрінісі суретші 
идеясынан  келіп  шығады.  Табиғатта  ойлағандай  құрылымдық 
идея композицияның пластикалық негізін береді. 
   Композицияда еш нәрсе де қайталанбауы тиіс. Ең алдымен – 
силуэттер  (нұсқаның  бір  реңді  жазық  бетіндегі  тұтас  кескіні). 
Композиция  құрамдық  бөлшектердің  алуан  түрлілігін  біріктіруі 
қажет. 
   Композицияның  айқындалуы  оның  негізінде  тоғысқан 
контрастарға  тығыз  байланыста,  тәуелді  деп  те  айтуға  болады. 
Композицияда  тек  алуан  түрлі  ғана  емес,  контрасты,  қарама-
қарсылықты  элементтер  де  бір  арнаға  жүйеленеді:  көлем  мен 
жазықтық,  жарық  пен  көлеңке,  үлкенді-кішілі,  алыс-жақын, 
салқын  және  жылы  түстер,  сонымен  қоса,  сюжет  құрылатын 
контрастың орналасуы. 

 
 
95 
    Композиция детальдары  (бөлшектері) алуан түрлі ғана емес, 
қозғалысты  болуы  да  тиіс.  Себебі,  өмірдің  өзі  –  қозғалыс. 
Суретші  өмірдің  қозғалысын,  дамуын  терең  түсіне  отырып, 
көрерменіне жеткізе білуі шарт. 
   Көркемдік  образдың  табиғаты  мынада:  типтік  –  мінезден, 
жалпы  –  жекеден  көрініс  табады.  Образбен  ойлау  қабілеті  – 
талантқа  тән  қасиет.  Ал  композицияның  образдылығы  –  оның 
биік көркемдік сапасы. 
   Композиция  мазмұнды  болып  қана  қоймай,  жаңа  да  болуы 
керек.  Өнер  суретшінің  өмірден  түйгенін  жай  ғана  жүйелеуші 
емес.  Өнер  –  үздіксіз  ашылыстар,  өмірдегі  жаңалықтарды  көре 
білу және оған сәйкес пластикалық форманы таба білу қабілеті – 
жаңалық ашудың (новаторство) негізі. 
    Сонымен, өнердің негізгі заңдылықтары жалпы өмір заңдары 
–  өнердің  спецификалық  аумағында  өзіндік  өрнегін  тапқан 
тарихтың  ойлаудың,  табиғаттың  заңдары,  диалектика  заңдары 
екендігін көруге болады. 
   Живопись  тілін  адамзат  қалай  түсіне  алады,  яғни  ол  қандай 
рөл  атқарады?  Живопись  тілінде  сөздік,  арнайы  тіл  бірліктері, 
ережелері  –  грамматика  қарастырылмаған,  оның  тілі  әдебиетте 
қолданылатын белгілі тіл ретінде қолданылмайды. Живопись тілі 
–  бұл  аналогия,  контраст  белгілі  бір  мағына.  Бұл  тіл  суретшінің 
ізденуінен,  эстетикалық  бақылауынан,  белгілі  бір  визуалдық 
ұқсастықтан,  шындықты  қабылдауында  болып  табылады.  Біз 
живопись тілін кездейсоқ түсініп қана қоймай жіктеп ашып, яғни 
бейнелеу  өнерінің  бейнелеуші  -айқындаушы  құралдары  ретінде 
қарастыруымыз  қажет.  Олардың  құрамына  қатыстылары:  сюжет 
(шығарма  өзегінде  жинақталған  ой  мазмұны  не  бейнеленген 
нақты  оқиға),  заттық-мағыналық  режиссура,  композиция,  сурет, 
түс,  колорит,  кеңістікті  беру,  перспектива,  пішін  көлемін 
түсіндіру,    жарық-көлеңке  қарқындылығы  (светотень),  нұсқаның 
бір  реңді  жазық  бетіндегі  тұтас  кескіні  (силуэт),  салмақ 
қатынасы, кереғарлық (контраст), ырғақ (ритм), бояу жағысының 
сипаттық  ерекшелігі,  бет-бедер  (фактура)  және  тағы  басқалары. 
Басқа жағынан және сапасына қарай тұтас бейнелеу – экспрессия, 
сәнділік,  бейнелеу  өнері  шығармаларындағы  композиция, 
колорит,  пропорция  шешімдерінің  көркемдік  құрылымы 
(архитектоничность)  және  тағы  басқалары  қарастырылады. 
Живопись 
тілінде 
жинақталатын 
компоненттер 
тізбегін 

 
 
96 
жалғастыру 
қиын 
емес, 
көркемдік 
образдар 
көптеген 
түсініктерден,  мағыналардан  құрастырылған.  Бірақ  көркемдік 
бейнелеуде  элементтерді  топтастыру  және  живопись  тілінің 
заңдылықтарын  түсіну  үшін  өзара  байланысқан  ойларды, 
бейнелеуші-айқындаушы  құралдардың  сипаттық  ерекшеліктерін 
ашып көрсету. Живопись тілін түсіну үшін оның жүйесін немесе 
көптеген жүйелік байланыстарды түсіну қажет.  
      Осы  пластикалық  өнердің  жүйелі  тілін  анықтау  барысында                           
Г. Вельфлин: « Ренессанс пен барокко өнерін салыстыра отырып 
негізгі бес жұп түсінікті қарастырды: 
      1) Сызықтық және живопистілік. 
   2) Жазықтық пен тереңділік. 
   3) Жабық және ашық пішін (форма). 
   4) Көптік және бірлік. 
    5) Шексіз (абсолютті) және соған бағынышты заттар туралы 
түсінік» [76, 54-61 бб.]. 
    Бұл түсініктер қажетті бағдар жасаушы болып табылады, осы 
түсініктерде  белгілі  бір  шығарманың,  живопись  тілінің 
формалдық  құрылымдық  жіктеуі  ретінде  қарастырылған.  Бірақ 
Г.Вельфлиндік  бес  жұптасқан  түсініктерге  басқаларында  қосуға 
болады.  Олардың  қатарына  –  сызықтық  және  живопистілік, 
тектоникалық  және  атектоникалық,  тұтастық  және  бөлшек, 
статика (тұрақты қалып) мен күштілік (динамика), қисықтық пен 
түзулік,  қараңғы  және  жарық,  ашық  және  солғын,  тігімен 
көлденеңі  және  қиғаш,  біркелкілік  пен  тепе-теңдік  тағы  басқа  – 
живопись  тілінің  түсініктеріне  кіреді.  Вельфлин  үшін  осы 
жоғарыда 
айтылып 
кеткен 
түсініктер 
тек 
образдарды 
ұйымдастыру 
тәсілі 
суретшінің 
әлемдік 
көзқарастағы 
айқындықты  орнатып,  шындықтың  дұрыстық  жағын  бейнелеу 
үшін ғана қолданылады деуге болмайды. Вельфлиндік түсініктер 
ұсынысы  қажетті  сәттерді  қоспайды:  өнердің  шындыққа 
қатынасы,  оның  құндылық  бағыты.  Сондықтан  да  ғалым, 
живописке қажетті мағыналық категория түбірлігін көрмей оның 
тереңділігімен  жазықтығын  жоғалтып  алады.  Осы  анализді  әрі 
қарай  жетілдіре  отырып,  біз  живопись  өнерінің  тілі  ретінде 
шындықты көрсете білу керек екенін белгілеп кетуіміз қажет.  
«Живопись  өнері  ретінде  объекті  және  субъекті  жайында 
қоғамдық  және жекелеген  субъектілер барысында  хабарламалар, 
әрдайым  шындықтың  объективті  бағытын  тану  туралы  хабарлар 

 
 
97 
беріп  отырады.  Бұл  субъектінің  объектіге  көзқарасын  және 
мақсат  ретінде  адамзатқа  жаңа  бір  ашылым  және  субъектінің 
объектіге танымдық белгілерін айқын бағалауы» [77, 30 б.].   
«Бұл  нақты  өзара  байланыс  әр  түрлі  болуы  мүмкін.  Әрбір 
суретші  бейнелеуші-айқындаушы  құралдарын  немесе  живопись 
тілін өзінше кең көлемде пайдаланады, өз тарапынан көп сатылы 
шексіз, жүйелі типологиялық сипатта өзін танытады. Біз өзіміздің 
есебімізше бейнелеу кезінде тек негізгі сыртқы сызыққа (контур) 
оның жергілікті аспектілері мен бөлшектеріне мағына береміз. Ең 
басты  ерекшелік  живопись  тілінің  жүйелі  кеңістікті  образын 
құру, бейнелеу формаларының жазықтықтағы интерпретациялық 
кеңістігі  болып  табылады. Сондықтан живопись  үшін тереңділік 
пен  жазықтық  іргелі  берік  категориялар  бола  алады.  Олардың 
сипатты  байланысы  живопистің  жүйелі  түрде  анықталған  құнды 
бағытының көрінісін беруі» [77, 31 б.]. 
   Егер  живопись  тек  қана  дәстүрлі  бейнелеуші  және 
айқындаушы  құралдарын  қолданса,  ал  онда  живопись  өнер  бола 
алмайды.  Сондықтан  суретшілер  жаңа  формалар  іздейді.  Белгілі 
бір  заттық-мағыналық  образ,  оның  пластикалық  құрылысын, 
эмоционалдық  мазмұнын,  логикасын  түсінуге  көмектеседі.  Өнер 
туындыларын  қабылдау  кезінде  оның  тілі  қарапайым  тілмен 
салыстырғанда,  бұл  тіл  тек  хабарламалар  беріп  қана  қоймай, 
сонымен  қатар  көрермендерге  оны  әрі  қарай  жетілдіруді 
ұсынады.  Солай  ол  көрермендердің  таныс    нәрседен,    жаңа    бір 
таныс  емес  немесе  қарапайымнан  үлкен  жетістігі  бар  көркем 
туындыны  көруге  ынталарын  оятады.  Кеше  ғана  болмаған,  ол 
бүгін  тіл  болып  қалыптасады.  «Сөз»  тіл  құқығын  табады,  бірақ 
бұл  әр  кезде  болмайды.    Әрине    суретші    бір    адам  болып 
живопись  тілін  құра  алмайды.  Бірақ  ол  тек  дайын  бейнелеуші 
және  айқындаушы  құралдарын  қолданып  қана  қоймайды, 
сонымен қатар ол осы жүйені әрі қарай дамытады.  
    «Көрініс  көркем  шығарманың  тереңдігінде  емес,  ол  көркем 
туындының  жазықтығымен  қатар  дамиды.  Оның  аяқталуы 
бейнелеу  хабарының  толық  мазмұны.  Жекелеген    композиция  – 
көркем  шығарманың  толық  бейнелеуі  бола  алмайды.  Көркем 
шығармада  заттың  бейнеленуімен  кеңістік  және  композиция 
арасында 
тікелей 
байланыс 
бар»,- 
дейді 
Р.Григорий                    
[78, 44-45 бб.]. 

 
 
98 
   Вермеердің 
сызықтық  перспективасы  анық  байқалса, 
живопистің  құралдары  кеңістік  ортасында  байқалмайтын 
жағынан да көрініс береді. Көркем туындыдағы кеңістік қабырға 
болып  аяқталады,  бірақ  қабырға  материалды  әлсіз  растайды,  ол 
нейтралды  абстрактылы  фон  болып  қабылданып  байқалады. 
«Құмыра 
ұстаған 
күтуші» 
(«Служанка 
с 
кувшином») 
картинасында қабырға әйел бейнесінен қаншалықты қашықтықта 
екенін  айту  мүмкін  емес.  Бұл  ұқсастық  қарама-қайшылықтың 
бастапқысы  –  «геометриялық»  және  «тірі  жанды»,  тік  сызықтар 
мен  көлденең  сызықтардың  ритмдері  және  біркелкілік 
(ассиметрия),  пластикалық  анық  форма  немесе  кеңістіктің  анық 
емес  байланысы  осы  Вермеер  живописінің  құпия  жақтарын, 
сипатты ерекшеліктерінің негізін түсінуге көмектеседі. 
   «ХVІІ ғасырдың живописі өте бай көп қырлы және колоритті, 
қысқа  очерктерде  оның  тілінің  барлық  жақтарын,  жатықтығын 
анықтау мүмкін болар еді. Біз тек оның маңызды проблемаларын 
қарастырдық. 
Бұл 
проблематика 
әрбір 
суретшінің 
шығармашылық  спецификасын  қарастырады.  Мысал  ретінде  біз 
тек  үшеуін  жақын  қарастырғанбыз.  Әрине  әлі  тіл  проблемасы 
толық  аяқталмаған.  Бірақта  бізге  сырт  жағынан  берген 
мінездемеміз. 
Қайта 
өрлеу 
дәуірімен, 
жаңа 
дәуірді 
байланыстырады.  ХVІІ-ғасырдағы  живопись  тілінің  ізденісінен 
ренессанстық ашылулармен толығады» [44, 142 б.]. 
К.Куманский: «Бізді айнала заттар қоршап тұр. Біз өмір бойы 
заттарды  танимыз,  жіктейміз,  бағалаймыз  және  пайдаланамыз. 
Біздің  құралдарымыз?  баспанамыз,  қаруымыз,  тамағымыз  –  бәрі 
заттар.  Біздің  қымбат  тұтатын,  сүйсінетін,  қорқатын  немесе 
сағынатынымыз,  аңсайтынымыз  да  –  заттар.  Біз  заттардың 
(объектілердің)  барлық  жерден  көрініс  беретініне  әбден  үйреніп 
кеткенбіз.  Сондықтан  да  болар,  біздің  заттарды  көру 
қабілетіміздің  өзі  –  сыры  ашылып  бітпеген  құпия»,-  дейді         
[79, 9 б.]. 
«Биологиялық  эволюция  үдерісінде,  ең  алдымен  өмірді 
сақтауға  қажетті  физикалық  шарттарға  реакцияны  қамтамасыз 
ететін сезімдер пайда болған секілді. 
   Температура  өзгерісін,  дәм  және  сипап  сезулер  көру 
қабілетінен  ерте  пайда  болса  керек.  Себебі,  көру  образдарын 
қабылдау  үшін  оларды  талдау  керек  –  осы  арқылы  ғана  олар 
заттар әлемімен байланыс орнатады» [79, 11 б.]. 

 
 
99 
   Картиналар  екі  жақты  мәнге  ие.  Ең  алдымен  –  олар  объекті 
тәрізді  объектілер;  жазық  қағаз  беттеріндегі  өрнектер;  дәл  сол 
сәтте  тіптен  басқа  заттар  да  көрінеді.  Өрнек  таңба  (дақ), 
сызықтар, нүктелерден тұрады. Картиналар – заттар тобы. Себебі 
олар бір уақытта жай ғана өздері көрінсе, енді бір мезгілде, өздері 
салынған  қағаз  бетінен  мүлде  басқа  болып  көрінеді.  Картиналар 
парадоксальды. 
   Ешқандай  объект  (нысан)  бір  мезетте  екі  жерден  көрінбейді; 
ешқандай нысан бір уақытта екі және үш өлшемде болмайды. Ал 
картиналарды біз дәл осылай көреміз. Картина нақты өлшемдерге 
ие  және  соған  қоса,  адам  бет-әлпетінің,  кеменің  немесе 
ғимараттың шын өлмешін көрсетеді. 
   Картиналар – мүмкіндіксіз объектілер. 
   Ең 
алғаш 
органикалық 
әлемнің 
эволюциясында 
картиналармен  тек  адам  көзі  түйісті.  Осыған  дейін  кез-келген 
заттар  маңызды  болды  немесе  тіптен  қызықсыз  болды.  Картина 
негізінен  дақтар  мен  сызықтардан  тұратын  болғандықтан,  түкке 
тұрғысыз зат. Картиналар тек адам көздері олардан жоқ заттарды 
көретін болғандықтан ғана маңызды. 
    Картиналар  жағдайларға  бағытталған  реакциялар  тудырады. 
Оның  үстіне  олар  ақиқат  өмірде,  мүлде  жоқ  «объектілерді» 
қабылдауға әкеледі. 
   «Егер    картиналарды    былай  қойсақ,  сезім  мүшелері  мінез-
құлыққа қоршаған объектілердің физикалық ерекшеліктеріне сай 
бақылау  жасайды.  Осыған    сәйкес    картиналарда    көрсетілген  
адамның    түрлі  жағдайларға  әсер ету қабілеті    абстракты    ойлау  
дамуының маңызды сатысы болып табылады» [79, 35 б.]. 
   Көзде  пайда  болатын  оптикалық  бейнелерден  оптикалық 
еместерді  ажырата  білу  қабілеті  –  көру  қасиетінің  ғажайыбы. 
Біздің көру мүмкіндігіміз көздің  оптикалық  қабілеті  шеңберінен  
әлдеқайда    асып  түседі.  Картиналарды  ешқашан  күнделікті 
объектілер  деп  атауға  болмайды.  Алайда  олар  қабылдау 
ерекшелігін үйренудің өте қызықты объектісі болады. 
    Картиналар  – өз алдына жай  ғана ашық, күңгірт және түрлі-
түсті дақтар мен сызықтардан, өрнектерден тұратын жазық бетті 
заттар.  Сонымен  қоса,  олар  көзге  мүлде  басқа  кеңістіктерде 
жатқан  өзге  заттарды  ашады.  Ешбір  зат  бір  мезетте  екі  жерде 
және  бір  өлшемнен,  бір  формадан  артық  формалы,  өлшемді 
болмайды.  Бірақ  картинада  көрініс  тапқан  объект  картина 

 
 
100 
жазықтығы  қабылданатын    жерде    орналаспайды  және  мұндай 
жағдайда тіпті өзге өлшемдер мен көлемдерге ие болады. 
   Барлық    картиналар    парадоксальды  –  олардың  бәрі  екі  есе 
көру  шындығы  болып  есептеледі:  жазық  заттар,  жазық  боп 
көрінеді,  бірақ  соған  қоса,  олар  –  басқа  кеңістікте  орналасқан 
мүлде басқа үш өлшемді заттар. Бұл екі еселі шындық – картина 
табиғатына тән парадокс. 
«Әр  суретші  әлемді  бейнелеу  таңдауында  еркіндікке  ие. 
Фотоаппаратпен 
салыстырғанда, 
суретшінің 
қылқаламы 
перспективаның  геометриялық  варианттарымен  шектелмеген; 
егер  ол  қаласа,  алыстағы  заттарға  сондай  немесе  одан  да  үлкен 
өлшем  бере  алады.  Суретші  заттарды  қалауынша,  өзгертіп 
алыстағы    объектілерді    жақындағылардың    контурымен 
алмастыра, тіпті әлемді жаңаша жаза алады. 
   Суретші  үш  өлшемді  кеңістікке  жазықтық  көрінісін  беріп 
немесе керісінше жасай алады» [79, 57 б.].  
       Көркемөнер  саласы  негізінен  әлемді  рухани  образдармен 
сомдайды.  Ал  оған  философиялық  және  мәдениеттанулық 
сипаттағы  тұжырымдамалар  жасау  қазіргі  гуманитарлық 
сфераның  міндеті.  Жалпы  қазақ  мәдениеттану  ғылымы  жаңа 
кезеңді  басынан  өткеруде.  Себебі,  мәдениет  философиясы  мен 
мәдениеттану  тарихын  зерделеу  өзінің  күрделілігі  мен 
ауқымдылығы  жағынан  алғанда  бейнелеу  тілімен  астасып 
жатады. 
Қоғамда  қордаланған  рухани  құндылықтар  мен  менталдық 
құрылымдар  әлі  де  философиялық  тұрғыдан  алғанда  толық 
игеріле қойған жоқ. Осыған орай әлеуметтік ортада қалыптасқан 
бейнелі  тілді,  әртүрлі  рухани  үрдістерді,  қайшылықтарды 
тереңдеп  философиялық  талдаудан  өткізудің  маңыздылығы 
ғылымда да, қоғамдық практикалық ортада да арта түсуде.  
 
 
        

1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал