Н. С. Тілеуханов



жүктеу 5.04 Kb.

бет5/9
Дата09.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

тілімен  үнемі  адам  сезіміндегі  шамалы  болсын  өзгерістерді, 
оның  рухани  дүниесін  көрсетіп  отырады.  Өнер  өзінің  мәнерлеу 
құралдары  мен  тәсілдері  жүйесінде  адам  өміріндегі,  оның  ішкі 
дүниесіндегі  өзгерістерді  сөзсіз  түрде  көрсетеді,  көп  жағдайда 
оны  ертерек  сипаттайды,  алдын  алады,  сол  себепті  әлеуметтік 
тұлғаның даму динамикасын  үйлестіреді және белгілі бір арнаға 
бағыттап  отырады.  Оның  дамуының  әр  сатыларында  алдыңғы 
қатарға түрлі басым идеялар  шығады. Қазақтың кәсіби  бейнелеу 
және  мүсін  өнеріндегі  80-90-шы  жылдардың  соңындағы 
қалыптастырудың  ішкі  логикасы  айрықша  талап  еткен  идея 
бейнелеу  өнерін  ұлттық  тұрғыдан дербес  түрде  сипаттау идеясы 
болды. 

 
 
62 
Келесі жайды айта кетуіміз керек, бейнелеу және мүсін өнері 
өз  техникасы,  техноголиясы,  әлеуметтік  қызметі  тұрғысынан 
алғанда  Батыстан  әкелінген  бейнелеу  өнерінің  жаңа  болса  да, 
оның  бүкіл  жолы,  ежелгі  қайнар  бұлағы  бар  қазақ  өнерінің 
қуатты  діңгегінің  жаңа  көгерген  бұлағы  тәрізді  үйлесе  дамуға 
толы  болды.  Сюжеттер  ғана  емес,  суретшілердің  ұлттық  мінез-
құлқы,  менталитеті,  қоршаған  ортаны  түсіну  және  бейнелеу 
тәсілдері,  тікелей  немесе  жанама  түрде  бейнелеу  және  мүсін 
өнерінің  сырттан  келген  тәсілдерінің  арасынан  көп  ғасырлық 
көшпелілік  өмірге  негізделген,  өзіндік  ерекшелігі  бар  ұлттық 
сезімнің  қайталанбас  лебінің  соғып  тұруына  ықпал  етті.  Соңғы 
онжылдықтардағы  өнердің  ерекшеліктері  ұлттық  сана-сезімнің 
парасаттылық,  философиялық  дәрежесінің  сапалық  тұрғыдан 
алғанда  өрлеуіне  ықпал  ететін,  өнердің  рухани  толысуы  мен 
жоғарғы кәсіби деңгейінің ұштасуы болды. 
Өнердің  шартты  «ұлттық  арнаға  түсуі»  80-ші  жылдардың 
екінші  жартысында-ақ  анықталды.  Қайта  құру  кезеңі  берген 
еркіндік,  сырттан  бақыланбайтын  ерікті  өнер  саласының  пайда 
болуы,  суретшілер  мен  мүсіншілердің  өз  тамырлары  мен  пайда 
болу  көздеріне  қызығушылығын  тудырды.  Өнердің  осы 
түрлерінің  халықтың  рухани  әдет-ғұрыптарымен  мирасқорлығы 
осы  жылдары,  өз  мәдениеті  мен  әдет-ғұрыпына  деген 
қызығушылықпен  қатар  өнер  туындыларының  бейнелеу  және 
пластикалық түрлерінің қазақтың ежелгі рухани байлығы жүйесі 
арқылы түрленушілік арқылы да көрініс берді. 
Осы жылдары үшін таңғаларлық оқиға қазақтың, түркілердің, 
жалпы  шығыс  архаикасын  зерттеуге  бағытталған  ұмтылыс 
болды.  Өзіндік  сипаты  бар,  әдеттегі  дүниетаным  мен  бейнелік 
тұрғыдан 
көру 
саласына 
тереңдеп 
ену 
негізінде 
қалыптастырылған  бейнелеу  мифтері,  дүниені  көркемсуреттік 
тұрғыдан  өзгерту  өнері,  жас  суретшілердің  еңбектері  арқылы 
қазақ  өнерінде  де  пайда  болды.  Б.Бәпішев,  Г.Маданов, 
А.Есдәулетовтың 
шығармаларында 
ата-бабаларымыздың 
рухтарына  деген  үндеулер,  сананың  ежелгі  нысандарына  деген 
тартымшылық, ұлттық бастамалар мен рухани көздерге, сонымен 
қатар  ұлттық  тарих  және  санамен  ғана  шектелмей,  Жер 
шарындағы  жалпы  адамзаттық  өрлеу  жолымен  танысуға 
ұмтылыстар таңғаларлық тәсілмен келтірілген. 
Уақыт  ағымына  сәйкес  өзгеріске  ұшырай  отыра,  жаңадан  өз 

 
 
63 
орындарын таба отырып, олар өнерге деген нақты көзқарастарға 
ие  болып,  жаңа  фәлсафалық  ілімдермен  қаруланған,  ұлттық 
сананың  типтері  мен  дүниетанымы  бар,  заманының  парасатты 
тұлғасы  ретінде  енді.  Ғылымдағы  жаңалықтар  XX  ғасырдағы  
философиялық ағымдармен ұштаса отырып, олар бейнелеу өнері 
шығармалары 
мен 
дүниені 
бейнелейтін 
мүсіндік 
композицияларда  қайта  орын  алды,  көшпенді  халықтың 
мәдениетінің  генетикалық  табиғатына  тән,  эмоциялық  ырғағын 
тірілтті.  Көзге  тартымды,  метафоралық  тұрғыдан  нақтыланған 
белгілер  мен  таңбалар  жүйесінде  дүние  құрылымын  барлық 
элементтер  арасындағы  нәзік  үйлесімділік  концепциясында 
сәйкес  әдет-ғұрыптар,  кеңістік  құрылымындағы  біртұтас 
уақыттық  цикл,  тірі  және  өлі  материя  арасындағы  бірлік  пен 
байланыс, 
шексіз 
кеңістіктің 
үстінде 
қалқып 
жүрген 
көшпенділердің  елестік  бейнелері  арқылы  сиптталатын  ерікті 
және жігерлі рухани көтерілу туралы түсініктер пайда болды. 
Жас   суретшілердің    сол кезеңінің    өнер  саласына аса  күшті 
сакралдық  сәтін  енгізгенін    атап    өтуіміз    керек.  Мүмкін,  көбіне 
Ұлы  даланың  ежелгі  нанымдары  мен  сенімдеріне  түсініктеме 
беретін  сюжеттер  арқылы,  мүмкін  тұлғаның  өзінің  ішкі 
дүниесінің,  айтарлықтай  баса  айтылған  сұранысы  ретінде 
тұрақты,  өзгеріссіз,  біріне-бірі  ауыспайтын  құндылықтар  мен 
түсініктер  ретіндегі  архаикаға  да  бет  бұрған  шығар.  Ежелгі 
құндылықтарға бет бұру осы мерзімдерге қазақ өнеріне оң бағыт 
бергіш,  сонымен  қатар  тұрақтандырғыштық  бастама  енгізгеннің 
зор 
қызығушылықпен 
атап 
өтуге 
болады. 
Мәңгілік 
дүниетанымдық және рухани белгілерге арқа сүйеп, осы кезеңнің 
сонымен  бірге  жаһандық  және  жалпыадамзаттық  дүниемен, 
шексіз  көп  байланыстар  арқылы  жалғады.    Адамзаттың  тарихы, 
мифологиясы,  бүгінгі  күні  Дала  өмірінің  ежелгі  ережелері 
арқылы  шағылыса  отырып,  олардың  бейнелік  шығармаларынан 
көрінеді.  Сол  шығармалардың  космогоним  мен  экологиялық 
сезім, дүниені жетілдірудің  имманенттігіне деген даналық  сезім,                      
ата-бабаларымыздың  буындарына  ғана  тән  өнегелік  және 
этикалық  құндылықтардың  дәл  анықталған  шкаласы  көріністер 
береді. 
Ғасырымыздың  соңғы он жылдығында, әсіресе оның бірінші 
жартысында,  көркемсуреттік    нысандардың    түрлену  үдерісі 
қарқынды  және  біртұтас  нысанда  жүре  бастады.  Бейнелеу  мен 

 
 
64 
жалпыламалау  құралдары  мен  әдістері  рәміздендіру,  белгілеу, 
шарттылық  және  метафораландыру  бағытына  қарай  күрт 
өзгеруде.  Суретшілердің  өздерінің  дербес  және  топтық 
шығармашылық 
концепцияларын 
қазақтардың 
әдеттегі 
түсініктерімен  тығыз  байланыстыра  отырып  өмірге  әкелуі  сол 
онжылдықтығы  бейнелеу  өнерінің  ерекшелік  белгілерінің  бірі 
болды. 
Жаңа  бағыттарды  іздестіру  барысында  түрлі  дәуір  мен 
мәдениет  архаикасына  бет  бұру,  бақылаудың  өткірлігі  мен 
маштабтығы  өмірге  күшті  және  айрықша  шығармаларды  әкелді. 
Өнерде  дүниеге  қатысты  көзқарастың  түрлі  қырын  және 
әмбебаптығын  дамытты.  Бүгінгі  күннің  өнер  саласындағы 
танымал тенденцияларының бірі жеке бейнелеу объектісі немесе 
тұрақты 
объектілердің 
жиынтығында 
дүниеқалыптасу 
потенциалы мен мүмкіндіктерінің кең ауқымды спектрін сыйғызу 
болып  табылады.  Осындай  шығармашылық,  ұлттық  және 
тартымдылыққа  байланысты  таңдалып  алынатын,  көп  жағдайда 
нақты  контекстерден  жұлып  алынған  объектілер  немесе 
сюжеттер  түрлі  суретшілердің  еңбектерінде  өзіндік  рәміздер 
немесе мифтерге айналады. Сол миф арқылы дүниенің генезисін 
және ондағы тәртіптің ұлылығы, қолданымдағы ережелер, алдағы 
болашағы  сияқты  құбылмалылығы  мен  толықтығын  адам 
көкейіне жеткізуге тырысады. 
 
Осы  орайда  Б.Байжігітов:  «1980  жылдардың  ортасынан 
бастап  бері  қарай  Қазақстан  суретшілері  тарихи,  тарихи-
мифологиялық, 
мифологиялы-рәміздік, 
діни-мифологиялық 
тақырыптарға  ерекше  көңіл  аудара  бастады.  Мұндай  жағдайда 
рәмізді  нышандармен  қатар  халықтың  болмысында  дәстүрлі 
түрде  қалыптасқан  тұрақты  белгілерді  монументті  образдар 
арқылы  жеткізумен  бірге  қарапайым  сценалар,  жеке  тұлғалар 
немесе құбылыстар арқылы байқату да орын алады. Бұл жағдайда 
біздің  суретшілер  үшін  тың  тақырыптар  көп  деп  айта  аламыз. 
Оның  себебі  біздің  «реалистік»  дәстүрдегі  бейнелеу  өнеріміздің 
жастығында  ғана  емес,  өзіндік  көркем  кеңістік  пен  уақыт 
аясында,  оның  ырғақ  динамикасында  қалыптасқан  мәдени 
мұраның  ашылмаған  тылсым  құпия  сыр  тереңдігінде.  Оларды 
тарихи  және  мәдениет  философиясы  тұрғысынан  талдау 
суретшілер  үшін  жаңа  тақырыптарды  меңгеруге  жол  салып, 
олардың 
индивидуальді 
потенциалық 
мүмкіндіктерін 

 
 
65 
ашатындығы сөзсіз»,-дейді  [60, 177 б.]. 
      Әр  түрлі  объективті  жағдайларға  байланысты    өнердің  әр 
алуан деңгейдегі ұлттық идеяға деген қызығушылығын арттырды 
Тәуелсіз мемлекетке қажетті көрнекі көркемсуреттік құрылымдар 
(ұлттық валюта,  Елтаңба,  монументтік мүсінді кешендер,  тарихи 
бейнелеу  шығармалары)  ерекше  тілді  қалыптастыратын  сәттен 
бастап,  еркін  шығармашылық  ізденістерді  әр  суретшінің 
шығармаларынан көреміз. Алайда, ең қызығы, ұлттық идея үнемі 
нонконформистік  өнер  өкілдерінің  концепциясына  енуде,  олар 
қазақтардың әдеттегі дүниетанымдық түсініктерін, түркілердің өз 
әрекеттерін, перформанстары мен объектілерін тұрақты ауыстыра 
пайдаланады. 
Алайда  90-шы    жылдардың    екінші    жартысындағы    өнер  
саласында ұлттық суретшілер мектебінің кемеліне келуінің куәсі 
болатын 
бір 
ерекшелігі 
де 
бар. 
Оны 
стильдердің 
қолтаңбаларының  тенденциялары  бағыттары  мен  дербес 
ерекшеліктерінің  кең  ауқымды  болуынан  көреміз.  Өзіндік 
ерекшеліктері,  өзіндік  құндылығы,  танымал,  сөйте  тұрса  да, 
стилистикалық  және  идеялық    олардың  тілдік  параметрлеріне 
келетін  болса,  мүлде  қарама-қарсы  тұлғалар  да  кездеседі. 
Авангардта, реализм де өте қызық арналарын тауып, жаңа кезеңге 
сыйысып  отырады,  жаңа  тұрғыдағы  абстрактілі  кейіпкерлік 
қалыптасты, 
сонымен 
бірге 
сезімдік 
жағына 
нәзік 
импрессионистік бейнелеу өнері де өз көрермендерінің жүрегінен 
орын табуда. 
       Егер де көптеген суретшілердің шығармашылығында өмірдің 
нақты  реалдылығына  деген  қызығушылық  материалдылық 
тұрмысқа  дейінгі  небір  реалдылыққа  деген  тартымдылықпен 
ауыстырып  отырса,  біртұтас  мәдени  кеңістікте  мүдделері  мүлде 
қарама-қарсы екендігі айдан-анық бейнелеушілер мен мүсіншілер 
еңбек  етуде.  Таңғажайыптылыққа  деген  нәзік  сезімталдыққа  ие, 
елестік  кейіпкерлерге  жаны  тартып  тұратын  суретшілер 
(А.Дүзелханов,  Д.Қасымов,  т.б.)  классикалық  нақты  нысандарда 
бізді  қоршаған  дүниеге  танымды  түрде  адам  мен  кеңістік 
арасындағы  үйлесімшілік  идеясын  абстракті  тәсілмен  шешуші 
жақтаушылар тәрізді жеткізе алды. 
Г.Исмайылова сияқты қазақ бейнелеу өнерінің классиктері де 
өз  жұмыстарын  жалғастыруда.  Әйелдердің  көзге  түсерлік 
әдемілігі,  хош  иісті  гүлдер,  өмірдің  жылы  тынысы  оның 

 
 
66 
еңбектері  арқылы  бізді  нақты  адам  өмірінің  қымбаты, 
қайталанбас және табылмас әлеміне әкеледі. М.Қаспақ асқан зор 
шеберлікпен қазақ көшпелілерінің өмірін, тұрмысын және рухани 
атмосферасын  қайта  қалпына  келтіреді.  Қазақтардың  күнделікті 
өмірінің  реалдылығы  мен  этнографиялық  ерекшеліктері  тілде 
жалпылама  түрде  берілсе  де,  танымалдық  сипатқа  ие, 
жарықтандырудың  ерекшеліктерін,  ауаның  ылғалдылығы  мен 
құрғақтығын,  кештің  ымырттығын  немесе  түс  кезіндегі  күн 
сәулесінің бірқалыптылығын асқан зор шеберлікпен көрсете білу 
оның  шығармаларына  көп  уақыт  бұрын  жоғалып  кеткен  және 
рухани  сезімділік  дыбыстарын  қабылдау  мүмкіндігін  берді. 
Ж.Қайрамбаев  та  өз  шығармаларында  бейнелеушілік  пен 
бейнелеудің сәндік сапаларын, көңіл күйі мен көңіл жағдайының 
психологизмн өзінше қиыстыра білген. 
Мүмкін,  кей  жерлерде  Қазақ  даласындағы  өмір  салтын 
қабылдаудағы  көркем  тілдік  бағытын  жалғастыра  және  дамыта 
отырып,  З.Түсіпов,    Б.Табиевтер  реалистік  әдет-ғұрыптарды 
ерікті  түрде  түсіндіреді.  Күнделікті  тұрмысқа  тамырын 
тереңдетіп  енгізген,  олардың  сюжеттері  мазмұны  жағынан 
поэтикалық  сезімталдылықпен  тартымды  болды.  Нақты  өмір 
сезімдерінің  күші,  тартып  тұрып  жібере  салған  кендір  сияқты 
ұшатын экспрессивтик динамика  З.Түсіпованың натюрморттары 
мен далалық пейзаждарын толтырады, Б.Табиевтің суреттеріндегі 
ортағасырлық қалалардың мешіттері мен тар көшелері, қоңырқай 
көгілдір  түтін  тәрізді  ортадағы  Шығыстың  жұмақ  өмірін 
сипаттайды.  Осы  суретшілердің  қаламдары  арқылы  берілген, 
адам  және  табиғаттың  өмірі  мен  сұлулығының  құпиясы,  автор 
көзқарасының  толғамдылық  сезімділігімен,  мәңгілік,  тұрақты 
және  даланың  алтын  көкжиегіне  көгілдір  аспанға  төгілген 
құндылықтарды  түсінумен,  дала  тұрғындарының  қоңырқай 
келбеттерінің әдемілігімен ерекшеленеді.  
Қазақстанның бүгінгі  күнгі  өнерінің көркем  тілі    туралы сөз 
қозғасақ,  әдетке  айналып  кеткен  қазақ  бейнелеу  өнеріндегі 
тұрмыстың  мазмұндық  мәселелері  мен  экзистенциалдылыққа 
тартымдылық тәрізді көріністерінің де жалғасып  жатқанын атап 
өтпеуге  болмайды.  Кәсіби  өнердің  дамуының  осы  сәті 
суретшілердің  осы  заманғы  тұтынушыға  жеткізуге  ұмтылатын 
идеялар  кешенінің  нақты  байқалатын  шоғырланушылығымен  де 
сипатталады.  Бүгінгі  күннің  бейнелеу  және  мүсін  өнері 

 
 
67 
контекстік  жағынан  аса  толықтырылған,  кей  жағдайда    сол 
себепті қарапайым көрермен оны түсіне де бермейді. Суретшілер 
мектебінің қалыптастырылуы сатысының алдыңғы кезеңдеріндегі 
тәжірибелері, бүгінгі күні толық түсінуіміз болашақтың ісі екенін 
біле отырып, ұлттық өнердің тұтас, сыйымды, өзіндік сипатқа ие 
феномен бола отырып, біртұтас түрде жиналатын сияқты болады. 
Түрлі  түстер,  композициялар,  фактура  немесе  пластика 
көмегімен,  шығу  көздері,  жылдар  бойы  шыңдалған,  әдеттегі 
құндылықтар  мен  түсінушіліктермен  тығыз  байланысқан, 
дүниенің  құрылуы  туралы  ұлттық  түсініктерді  өнерде 
қалыптастыра, 
бейнелік 
шығармалар 
мен 
мүсіндік 
композицияларда  қалпына  келтіре  отырып,  суретшілер  небір 
жиынтыққа,  біртұтас  жүйеге,  шашырап  қалған  элементтер  мен 
фрагменттерді  жинайды  деуге  болады.  Осы  үдеріс  барысында 
шығармалардың нысандарымен атқарылатын жұмыстар да жедел 
қойылғанын  атап  өтуіміз  керек.  Әр  алуан  түрлі  стильдер, 
тәсілдер,  қолтаңбалар  бойынша  қызмет  атқаратын,  сол 
бағыттарда 
тамаша 
туындыларды 
дүниеге 
әкелетін 
бейнелеушілер мен мүсіншілердің шығармаларында нысан рөлін 
әсемдік  ерекшелік  факторының  күшеюі  немесе  күнделікті 
эстетикалық  критерийді  жоққа  шығару  арқылы  қарқындандыру 
жүзеге  асырылуда.  Осы  үдеріс  ұлттық  менталитетке  тығыз 
байланысты          жаңа  суретшілер  тілін  қалыптастырумен  тығыз 
байланысты  болып  отыр.  Ол  өзінің  сыртқы  стильдік 
көріністерінде  айтарлықтай  шартты,  орташалау,  рәміздік, 
метофоралық  немесе  тіпті  ашықтан-ашық  метафизикалық 
сипатқа ие болды. 
Бүгінгі күнгі өнерде оның алдыңғы қатарлы түрлері бейнелеу 
мен мүсін өнерінің арақатынасын анықтау оңай жұмыс болмауы 
әбден  мүмкін.  Алайда,    90-шы  жылдары  республикамыздағы 
кәсіби  бейнелеу  өнерінің  алғашқы  қадамдарына  сай  бейнелеу 
өнерінің  көп  қырлылығы  мен  даму  деңгейінің  қарқыны  мен 
ырғағының  станокты  мүсін  өнерінің  қалалық  бастауы 
қайталануда.  Ол  бұл  күндері,  ең  алдымен,  мүсін  жұмысының 
технологиялық  үдерістеріндегі  күрделі  жүмыстарға  байланысты 
болуы мүмкін. 
Сөйтсе  де,  Қазақстанда  түрлі  буын  мен  өзіндік  қолтаңбасы 
бар  мүсіншілер  еңбектерінде  кездесетін  тенденцияларға  ұқсас 
сәттер  де  көптеп  орын  алуда.  Ұлттық  тарихқа,  түркілік, 

 
 
68 
еуразиялық  архаикаға  деген  қызығушылық  та  үлкен  қарқынмен 
дамуда.  Оған  нысандардың  шартылы  таңбалары  және 
шешімдердің  әсемділік  көріністері  де  сәйкес  келуде.  Ол  осы 
онжылдықтың басында өнерге келген буынды толығымен қамтып 
отыр.  Пластикада  шығыстың  көркемсуреттік  әдет-ғұрыптарын 
трансформациялауға  ұмтылыс,  оны  тура  түсіну  мәні  бойынша 
өршіп  келеді.  Бейнелеу  өнеріндегідей,  мұнда  да  өз  мәдениетінің 
ежелгі  қабаттарына  деген  назар  аударушылық  көрініс  беруде. 
Қалай  айтсақ  та,  осы  саты  арқылы,  пластика  саласында  бүгінгі 
күні  жұмыс  атқарып  жатқан  барлық  шеберлер  өтуде.  Қазақстан 
өнерін Шығыс өнерінің шектелуі арнасына қайтарып алу талабы 
осы «шығыстық»  қырынан-ақ көрініп тұр. 
Көптеген  суретшілер  өнердің  алуан  түрлі  деңгейінен 
оқылатын,  қайталанбас  идеялардың  бірі  ретінде  шығармашылық 
еркіндігін  есептейді.  Осы  ой-сананың,  мүмкін  болатын 
шығармашылық  көріністердің  кең  ауқымды  шегінің  тірегі 
болатын  бір  қыры  Қазақстан  өнері  үшін  соңғы  онжылдықта  іс 
жүзінде  концептуалды  болған  өнердегі  абсолюттік  еркіндік 
принципі еді. 
Мүмкін  сол  себепті,  анық  билеп  тұрған  стилистикалық 
тенденция  болмады,  керісінше    оның  барлық  түрлері  ықпалы 
жағынан  бір-біріне  теңеледі.  Қазақстанның  бүгінгі  күнгі  өнері, 
үздіксіз шығармашылық тәрізді тасқынды әрі үздіксіз қозғалыста 
болуда.  Мүмкін  болатын  стилистикалардың,  мәнерлердің, 
дүниетанымға  қатысты,  дүниетаным  біріне  мүлде  қарама-қарсы 
жайларға  дейін  созылатын,  бейнелеушілік  және  пластикалық 
ізденістерінің  болуы,  оның  ерекше  сипаттамасы,  өзіндік  белгісі 
бола бастады. 
Суретшілер  кез-келген,  тіпті  ең  ауыр  қабылданатын 
шығармашылық  көріністерді  қабылдау  мүмкіндігінің  бар 
екендігіне  сенімі  бар  және  сол  туралы  көрермендерді  де 
сендіреді.  Мәнсіз  өнер  мен  фигуратив,  авангардтың  жаңа 
толқыны  және  классикалық  реализмге  деген  кенеттен  пайда 
болған  қызығушылық,  неопримитивизм  мен  таза  абстракция, 
символизм мен экспрессионизм адам үшін күрделі бола бастаған, 
адамның өзін-өзі және қоршаған ортаны тану үдерісін жеңілдету 
мүмкіндігін  беретін,  көптеген  көрмелерде  бір-біріне  көрші 
болуда.  Адамның  шындықты  қабылдануының  мүмкін  болатын 
вариациялары  суретшілердің  қаламы  арқылы  авторлық  біртұтас 

 
 
69 
әлемге,  метафоралар  мен  пластикалық  кодтар  жүйелеріне 
ауыстырылуда. 
Ұлттық  идеялардың  сыртқы  стилизаторлары  болмай-ақ, 
бейнелеушілер 
мен 
мүсіншілер 
өз 
шығармаларының 
ажарландырылған  нысандарының  тілі  арқылы,  әдеттегі 
дүниетанымның  философия  мен  этиканың  принципті,  мәндік 
константаларын  ашып  беруге  тырысатын  болатын.  Кәсіби 
өнердің потенциалы арқылы әдеттегі қазақ мәдениетінің әлемдік 
универсумын  қалпына  келтіру,  оның  координаталары  мен 
принциптеріне  сәйкес  формалдық  құрылымын  қайта  туғызу 
керек.  Қазақстанның  ежелгі  және  орта  ғасырлық  өнерінің, 
түркілердің  монументалдық  пластикасының,  тастарға  ойылған 
графикасының,  ежелгі  алтын  мен  қола  мүліктерінің  мұрасы 
ежелгі  өнер  иелерінің  мирасқорлары,  бүгінгі  күн  суретшілерінің  
шығармашылығынан да орын табуда. 
1969  жылы  Үкі  Әжиев  салған  «Әбілхан  Қастеевтің 
акварельдік портреті» де ерекше оқиға болды. Адам және суретші 
мұнда  қимылы  мен  өзінің  өмірлік  ортасы  арқылы  сипатталады. 
Біздің алғашқы кескіндемешімізді Әжиев жан жылуымен айтады. 
Қарт  суретші  құпия  шығармашылық  актімен,  ұяң  да  дана 
жүзімен,  нұрланған  ішкі  рухани  жан  тазалығымен  кескінделген. 
Анықтық  пен  түгел  айтылмағандық,  сәнділік  пен  түстің  баяу 
тулауын  біріктіретін  кескіндеме  формасы  шығармашылық 
үдерістің 
тоқтамайтындығын 
және 
алдын-ала 
айтып 
болмайтындығын  беруге  икемделген.  Соның  нәтижесінде 
барлығы  әдемілік  пен  айқындық  әлемі  болып  шыққан. 
Шығармашылық 
үдерістегі 
жан-жүйесінен 
туатын 
шығармашылық  әрекет  шағын  ғана  кеңістіктің  көлемінен  орын 
алып  бөлінбейді.  Суретшінің  жұмысын  серік  болатын  қуаныш 
пен  ләззат  қолдың,  қылқаламның,  бояу  тақтайшасының, 
бояулары  бар  қораптың,  кәрі  сиқыршының  алдындағы  көлденең 
жазықтағы  ашық  түстердің  сәулесінен  мүлдем  өзгерген,  ең 
бастысы  адам  жүзіндегі  шағылысуда  балалық  пен  даналық 
маңызы біртұтас. 
Келісті  дене  бітімі  киімде  қою  көк  және  күрең  қызыл  түсті 
дақтардың  қарсылығы  арқылы  жасалады.  Мұндағы  бейнеленген 
адамның  ғана  емес,  оның  арқасындағы  кеңістік  те  басты  рөл 
ойнайды.  Сол  жақта  опырылып  күңгірт  тартқан  әр  нәрсенің 
көлеңкесі болса, ал ол жағында ұшы-қиырсыз жайылған кеңістік 

 
 
70 
көрінеді.  Осы  сипаттаудың  формасында  Сезанн  мен  ертеректегі 
кубизмнің  әсері  байқалады.  Алайда,  оның  негізінде  Нидерланд 
суретшілерінің,  әсіресе  Ян  ван  Эйктің,  портреттік  бейнелерінің 
әсері жатқан секілді. Сөзсіз  С.Айтбаев «Кардинал Альбергатидің 
портретін»,  әсіресе,  тізерлеп  тұрған      Ван  дер  Пале  образының 
дәл  сипаттамасын,  форма  құрудағы  шамасы  мен  қуатын  білген 
және  бағалаған.  Қайсы  елде  болмасын  қандай  да  бір  бағытта 
туындаған  стильді  бейнелеу  тілін  басқа  дәуірде,  өзге  кеңістікте 
өмір  сүрген  суретші  тікелей  пайдалануы  мүмкін  еместігі 
түсінікті.  Модель  мен  суретшінің  кездескеніндей,  тарихтың, 
дүниетанымның және эмоционалды жағдайдың қайталанбайтыны 
секілді  әр адам да  жеке-дара. Дегенмен, біз бір-біріне ұқсамаған 
адамдарды бірыңғай эпитеттермен – күшті, ақылды, қайратты деп 
сипаттай  аламыз.  Нәзік  сезімтал  суретші  өзінің  алдында 
тұрғаннан  дәл  белгіленген  сәйкестік  тууы  үшін  кенепке  белгілі 
тәртіппен  орналастырылған  түрлі-түсті  қоймалжыңнан  осы 
күштің,  осы  ақылдың  және  осы  қайраттың  өлшемін  іздейді. 
Альбомдарды жиі парақтасақ біз өзімізге жақын адамдардың бет 
әлпетіндегі  бүгінге  дейін  белгісіз  нәрселерді  таңдана  байқап 
жатамыз.  Суретшінің  жан  дүниесіндегі  әке  образы  өзге  де 
кескіндемешілердің  көптеген  модельдерінде  танылуы  және 
кеңістіктегі  түйірлерден  жиналған  болуы  мүмкін.  Көзбен 
шолатын  және  еститін,  біртіндеп  біздің  жанымыз  бен 
санамыздың  қалыптасу  өнердегі  образдар  мүше-мүшеге 
бөлінбеген  сезім  мен  көрініс  кесегі  және  біздің,  өзгенің  нәзік  те 
дәл (бірақ түпкілікті емес) баға беруіне бейім етеді. 
70-ші  жылдары  әсіресе,  шығармашылық  проблемаларына 
байланысты  туындалар  жиі  жасалынды.  Әли  Жүсіпов  өзін 
«Автопортретінде»  (1974)  жұмыс  үдерісінде  бейнеленген. 
Суретші  кенеп  алдында,  яғни  көрермен  жаққа  қарап  тұр.  Оның 
қимылға  толы  фигурасы  бір  сәт  кілт  тоқталып-көтерілген 
қылқаламы тына қалғандай әуеде. Екінші қолы ашық алақанымен 
көрермен жаққа бұрылған. Бұл ишара нені білдіреді? Немесе, ол 
неге мұндай қыр көрсетіп тұр? Ақ жарқындық па, мейірімдік пе, 
қорғансыздық па? Я, бұл теңіз пейзажына жәй сілтеу ме, өйткені 
сапарынан  кейін  шеберханасы  су,  құм,  аспанмен  тоғысқандай. 
Шынында  планер  үшін  пейзаждың  көлемі  өте  үлкен.  Демек 
суретші  өзінің  натуралық  әсерін  шеберханада  өңдейді.  Кенепке 
бояуды  тигізбес  бұрын  ойланып  алады.  Шеберхананың  кеңістігі 

 
 
71 
тақуа.  Мұнда  тек  суретшінің  өзі,  қылқалам,  пейзаж,  қабырға 
жанындағы болашақ жұмыстың эскизі және екі кергіш қана бар. 
Тіпті  мұндай  композиция  орналасатын  бояулар  мен  палитралар 
да жоқ. Бұл картина жанмен жазылады деген тұспал шығар? Өнер 
әлем  мен  өзіңдегі  қандай  да  бір  құпияны  қаншалықты  түсіну 
үдерісі  ме  немесе  кенепті  бояумен  шатпақтаған  жұмыстың 
қандай  да  бір  нәтижесі  ме?  Және  аяқ  астындағы  қызыл  түс 
өмірдің қуаты ма, онсыз ештеңе жасалынбайды ма? 
Суретші  өзінің  түпкі  мақсатының  композициялық  түйінін 
тауып,  сол  арқылы  тақырып  негізі  мен  картинаның  мән-
мағынасын  ашуға  тырысады.  Бұл  өте  күрделі  жұмыс.  Оған 
суретші  бар  шеберлік  машығы  мен  іс-тәжірибесін,  шабытын 
жұмсайды, қаншама уақытын сарп етеді. 
Болашақ  шығарма  жазу  жайлы  нақтылы  бір  ой,  елестету 
пайда  болғанда  эскиз  жасау  басталады.  Көп  толғанып,  ізденудің 
арқасында  ойлаған  тақырыбыңыз  біртіндеп  тереңдей  береді. 
Картина  салуда,  композиция  негізі  мен  колорит  шешуші  орын 
алады. Эскиз жасау үстінде негізгі ойды қалай ашуға болатынына 
баса  көңіл  бөлінеді.  Көріністерді,  адамдарды,  пейзажды,  т.б. 
орналастыруда  алғашқы  бөліктердің  мағынасын  ашпай-ақ  басты 
ойды  іздестіру  шарт.  Сонымен  қатар  түстің  құрылыстарын, 
дақтарды,  олардың  ара  қатынасын  ойластырады.  Кейде  кейбір 
заттар картинадағы жарық пен көлеңке, өң-түс қалай болатынын 
анықтайды. 
Жоғарыда  айтып  кеткеніміздей  суретші  картинаға  кірісер 
алдында,  біршама дайындық этюдтарын жазумен жұмыстанады. 
Көптеген  көркемсуреттік  жазбалар  мен  ізденістерді  жинақтау 
үзілмей жүріп жатуы тиіс. 
Эскизді толығымен аяқтағанда, ойлаған композиция көңілден 
шықса,  онда  эскизді  торкөздеу  арқылы  үлкейтіп,  картонға 
көшіреді.  Тағы  да  мұқият  бір  қарап  шығып,  өзгерістер 
енгізгеннен кейін, картондағы сурет кенеп бетіне ауыстырылады. 
Енді  картина  салу  жұмыстары  басталады.  Кейде  жүздеген 
этюдтар картина жасауға жеткіліксіз болады. Ол үшін суретшінің 
қажырлы ой-жігері, табандылығы  қажет. 
Суретші  басқа  да  қосымша  материалдармен  бірге  натураны                  
егжей-тегжейлі  зерттеу  арқылы  картина  салу  жұмысын  шыңдай 
түседі.  Ол  кейде  жұмысын  орта  жолда  тоқтатып,  біраз  уақыт 
өткізіп  барып  қайта  оралуы  мүмкін.  Бұл  көзбен  көру  қасиетін 

 
 
72 
шыңдау, яғни өз ісіне сын көзбен қарау тәсілі болып табылады. 
Шебер,  бұл  айтылған  әдіс-тәсілдер  мен  шарттарды,  портрет, 
пейзаж,  натюрморт  жазу  кезінде  де  дұрыс пайдалануға міндетті. 
Суретші  портрет  жазуға  кіріспес  бұрын,  портреті  салынатын 
адамды зерттейді, мінезін, ішкі жан-дүниесін түсінуге тырысады. 
Бірнеше  суреттемелер  сала  отырып,  оларды  ұзақ  ізденісті 
натурамен  байланыстыра  көптеген  сеансты  жұмыстар  жүргізуге 
тура  келеді.  Бір  қарағанда  жеңіл  көрінетін  адамдар  портретінде, 
суретшінің  орасан  зор  еңбегі  мен  ізденістері  жатқанын 
ұмытпаған жөн. 
Пейзаж,  натюрморт,  сәндік  эскиз,  интерьер  жасағанда  да  әр 
бөлікті  ой  елегінен  сан  қайтара  өткізіп,  жөндеп,  түзетумен  ғана 
табысқа  қол  жеткізуге  болады.  Салып  отырған  затының  өзіне 
қарап,  салыстырып,  ұқсамаған  жерлерін  түзетіп,  қайта 
жөндеумен суретші өзінің шығармасын аяқтайды. 
Композиция жасағанда, заттың өзіне қарап көп жұмыс істеуді 
дағдыға  айналдырған  дұрыс.  Көре  білу,  көргенді  есте  сақтау 
қабілеттерін  шындай  отырып,  қоршаған  ортаның  сұлу  келбетін, 
әсерлі сәттерді бейнелей білу үлкен талант. Талант, талап бар да, 
оның  қайнар  көзін  ашып,  үнемі  үзбей  шыңдау,  машықтандыру, 
ұштау бар.  
      Талай  іздену,  көп  оқып,  ой-өрісті  кеңейту,  дүниетанымды 
арттыру,  рухани  жан  дүниені  байыту  ғана  киелі  өнер  жолында 
мұратқа жеткізбек. «Өнердің қолын ұста, өнегелінің жолын ұста», 
–  дегендей,  ата-баба  кәсібінен  нәр  алған,  өмірдің  ыстығы  мен 
суығына,  тәттісі  мен  ащысына  дәмін  татқан  атамекенінен  алыс 
жүрсе  де  Өмірзақ  Рыстанұлы  қазақ  ұлттық  өнерін  өрбітуге 
айырықша  үлес  қосты.  Монғолия  елінде  туып,  Батыс  Еуропада 
Германия  елінде  көркем  академиялық  жоғары  білім  алған. 
Суретшінің  ұлттық  өнермен  үндес  көркем  туындылары   
Монғолия 
Мемлекеттік 
өнер 
мұражайында 
сақтаулы.                        
Ө.Рыстанұлы  –  сыршыл,  қиял  ғажайып  суретші.  Сан  ғасырлық 
тарихы  бар  ою-өрнекті  көркем  шығармасына  арқау  етіп  тіл 
білдірді.  Өрнекті  ой  елегінен  өткізіп,  тыңнан  жол  іздеді. 
Суретшінің  өзіне  тән  қолтаңбасының  сыры  –  көркем  өнеріндегі 
табиғи  ұлттық  қисынында  жатыр.  Ұлттық  ою-өрнектің  табиғи 
бұлжымас 
заңын 
зерттеп, 
көркем 
шығармашылық 
композициялық құрылымын шешуде әрі орындау тәсілінде үздік 
жол  таба  біліп,  бейнелеу  өнерінде  жаңа  бағыт  әкеле  білді  десек 

 
 
73 
артық айтылған болмас еді.  
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шепкен  жауып  өзіне  қайтарамын,  –  деп  ұлы  ақын 
М.Мақатаев  айтқандай,  суретші  Ө.Рыстанұлы  ою-өрнек  арқылы 
қазіргі  заман  талабына  сай  лайықты  қазақтың  ұлы  өнерін  өңдеп 
қайтаруды өзіне ұлы мұра тұтады. «Сурет – ол өте күрделі де, өте 
қиын  еңбек.  Оны  тек  ішкі  сезім  арқылы  тануға  болады.  Ол 
шынайы    сезім,  белгісіз  құбылыс»  [61,  128  б.].  Ежелден    келе 
жатқан  өрнектерін  көркем  шығарма  орындауда  сабақтастыруы 
тегін нәрсе емес.  
Қазақстандық  көркемөнер  кәсіби  мектебінің  тууына  көп 
жағдайда,  өзінің  ағартушылық  идеяларымен,  географиялық 
жаңалықтарды  ашуымен  жөне  қоғамның  прогресшіл  тобының 
революциялық  ақыл-парасатымен  аты  шулы  соңғы  жүз 
жылдықтағы біздің Ресеймен ортақ тарихымыздағы оқиғалар мен 
даму үдерістері  мүмкіндік  туғызады. Бұл кезеңде Орталық Азия 
ресейлік  саяси  бақылаушылардың  айрықша  көңіл  аударатын 
аймағына  айналды.  Қазақстанда  бүкіл  жүз  жылдықтың 
барысында,  Ресей  империясы  кезінде  толық  зерттелмеген 
жерлерде  Ресей  үкіметі  жіберген  көптеген  ғылыми  және  әскери 
экспедициялар  табиғи-географиялық  сипаттама  жасау,  тарих 
және  мәдениет  аймақтарына  зерттеулер  жүргізу  үшін  жұмыс 
істеді.  Арнайы  тәртіп  бойынша,  мұндай  экспедициялардың 
міндеттеріне  сапардың  «шежіресін  бейнелеу  өнерімен»  жасау 
жөне 
міндетті 
түрде 
жариялайтын 
немесе 
жиналған 
материалдардың 
көрмесін 
ұйымдастыратын 
суретшілер 
көшбасшылық ететін. Әдетте олар өнер ортасында белгілі, кәсіби 
деңгейі жоғары адамдар болаты. Қазақ даласына алғашқылардың 
қатарында  бірінші  Хиуа  жорығының  құрамында    келген    
Василий  Иванович  Штернбергтің  (1801-1845)  табаны  тиген  еді. 
Ол  Карл  Брюлловтың  шәкірті,  орыс  академиялық  мектебінің 
жолын  ұстанушы.  Стасов  ол  туралы  «XІX  ғасырдың  басындағы 
атақты  адам»  деп  жазған.  Осы  Штернберг  Баймағамбет 
сұлтанның  біраз  уақыт  қонағы  болыпты.  Алғаш  рет  көрген  дала 
табиғаты,  асыл  бұйымдар,  киіз  үй  жабдықтары  мен  ұлттық 
киімдердің  көздің  жауын  алатын  жауһардай  түсі  суретшіні 
баурап  алды,  таң  тамаша  қалдырды,  ол  өзінің  алған  әсерін 
экспедицияның  есеп  берген  жазбаларында  көрсетті.  Брюлловтан 
«Орынбордағы  айырбас  албары»  суреті  үшін  1853  жылы 

 
 
74 
Император  Көркемөнер  Академиясының  академигі  атағын  алған 
А.Н.Горновичте  оқыған.    1803-1804  жылдары  табиғат  көрінісін 
салудың  қас  шебері  Сильвестр  Щедриннің  шәкірті,  император 
Эрмитажының  суретшісі,  академик  В.П.Петров  (1770-1810) 
Өскеменге  дейін  барып,  жолай  Бұқтарма  ауданын,  Риддер  кен 
орнын жөне басқа да жерлерді аралады. 
Атақты  саяхатшы,  Ресей  көркемөнер  Академиясының 
құрметті мүшесі, коллекционер П.П.Семенов-Тяньшанский  үшін 
шығармашылық 
еңбек 
оның 
барлық 
көптеген 
экспедицияларының    бөлінбейтін  бөлшегі  болатын.  Ол  заттың 
өзіне  қарап  көп  суреттер  салды,  акварельмен  де  жазды,  майлы 
бояумен  де  салуды  байқап  көрді.  Оның  «Верный  бекінісі»  атты 
жұмысы  Қазақ  ССР  FA    1957  ж.    шығарған    «Қазақ  ССР  
тарихына»    көшіріліп    басылды.  Тың  тақырыпты  зерттеуге  жан 
аямай  кірісіп,  табандылық  пен  еңбексүйгіштік  танытып,  таң 
қалдырған, осы және басқа да авторлардың аттары қазақстандық 
көрермендерге белгісіздігі өкінішті. 
Шоқан  Уәлихановтың  көркем  шығармашылық  тілі  ерекше 
көңіл  аударуға  тұрарлық.  Патша    әскерінің  офицері,  ғалым, 
қамшының  сабындай  қысқа  ғұмыры  бірнеше    кісінің    ғұмырына  
татырлық  жас  жігіт  өте  нәзік  көркем  талант  иесі  еді.  Оның 
жүгіртіп, жеңіл қолмен салған суреттері өзі өмір сүрген уақытты 
және  адам  образдарының  ерекшелігін  беруде  айқын.  Суретшілік 
талант 
оның 
кіші 
інісі, 
Петербургтегі 
Көркемөнер 
Академиясында  кеңес  алған,  бірақ  денсаулығына  байланысты 
бітіре  алмаған  бірінші  қазақ  Әбілмақыжан  да  бар  еді.  Отанына 
қайтып  оралған  Әбілмақыжан,  халқының  дәстүрлі  қолөнері 
саласында  шығармашылықпен  айналысып,  оның  кейбір  түрлері 
бойынша кәсіби шеберліктің жоғары деңгейіне қол жеткізеді. 
Бұл  суретшілердің  қазақ  бейнелеу  өнерінің  қалыптасуы  мен 
дамуына  қосқан  үлестері  мен  атқарған  рөлдерін  қайта  бағалау 
қиынның  қиыны.  Осылардың  арқасында  Қазақстан  тақырыбы 
ғылыми  әрі  мәдениеттанушылық  айналымға  енді.  Олар 
пайдаланған  станокты  өнердің  көркем-әсем  ырғақтылық  пен 
технологиялық  тәсілдері  далалық  мәдениет  тілінің  іске  асуына 
алғаш қолданылған шығармашылық құралдар болып қалды. 
Қазақтың  бейнелеу  өнері  олардың  аттарымен  тікелей  және 
орыс  реалистік  мектебімен  тұтастай  байланысты,  атап  айтсақ, 
нанымды  көрнекілік  табиғи  болмыс  пен  қалыптасқан  жаналық 

 
 
75 
құрылымға  сүйену  оның  алғашқы  кезенде  шапшаң  түрде 
еуропалық  көркемөнер  жүйесіне  енуінің  және  кірігіп  кетуінің 
тәсілі болды. 
Өмірі мен шығармашылық қызметінің 62 жылын Қазақстанда 
өткізген 
Николай 
Гаврилович 
Хлудовтың 
(1850-1935) 
шығармашылығы  XІX  бен    XX  ғасырды  жалғастырып  жатқан 
өзгеше  буын.    Н.Г.Хлудов  Одессадағы  сурет  салу  мектебін 
бітіріп,  оқуын  әрі  қарай  Санкт-Петербургтегі  Гоголинскийдің 
студиясында жалғастырған. XІX ғасырдың дәстүріне еліктеген ол 
1886-1887  жылдары  Қаратал  мен  Жетісудағы  жер  сілкінісін 
зерттейтін 
геологиялық 
экспедицияларға 
қатынасады. 
Геологиялық  қызметінің  қорытындысы  бойынша  Қазақстан 
табиғаты мен халқының тұрмысына арналған акварель альбомын 
шығарады.  Осындай  екі  экспедицияға  қатынасқаны  үшін 
Н.Г.Хлудов  Орыс  Географиялық  Кеңесінің  күміс  медалімен 
марапатталады.  Сапарлардан  алған  әсері  өз  өмірін  Қазақстанға 
арнау жөнінде шешім қабылдауына басты себепші болған тәрізді. 
Хлудов  Орыс  Географиялық  қоғамының  Жетісу  бөлімшесінің 
құрылтайшысы, 
археологияны 
сүюшілердің 
Түркістандық 
үйірмесінің мүшесі болады. 1900 жылдан бастап ол жолсапарлар 
кезінде жиналған материалдармен тер төге көп жұмыс істейді. Ал 
1910  жылдан  бастап  кескіндеме  өнерімен  айналысады.  1913 
жылы  «Суретшілердің  партиядан  тысқары  қоғамы»  атты 
Петербург  көрмесіне  «Мен  реалистпін»  деген  шығармашылық 
дүниетанымын  сенімді  түрде  жария  ете  отырып,  бұл  кезеңдегі 
небір  түрлі  формальды  бағыттардың  таралуына  қарсылығын 
ашық  білдіре,  9  жұмысымен  қатынасады  [38].    1920  жылы 
Хлудов С.Чуйков, Ә.Қастеев, А.Бортников және басқалар оқыған 
көркемөнер  студиясын  ұйымдастырады.  1934  жылы  90  жастағы 
суретшінің 
Мәскеуде 
Шығыс 
халықтары 
мәдениетінің 
Мұражайында  өткен  қазақстандық  суретшілердің  бірінші 
көрмесіне  қатынасқаны  үшін  оның  атына  бүкілодақтық  және 
республикалық  баспасөзде  жьлы-жылы  лебіздер  білдірілді. 
А.Байтұрсынов  Хлудов  туралы:  «...  реалистік  өнердің  жалғыз 
ардагері...  қазақтар  тұрмысының  әртүрлі  сәттерін  салған  өзінің 
шығармаларының  көтеріп  отырған  тақырыптар  жиынтығы 
бойынша  да,  техникалық  жетістіктері  бойынша  да  басым  түсіп 
отыр»  [62,  429  б.],  –  деп  жазады.  Қазақстандық  газеттер  оны 
«Жайлау жыршысы» деп атады. Хлудов суреттері - барлығы тіпті 

 
 
76 
ұсақ-түйегіне  дейін  аса  ұқыптылықпен  бейнеленген,  бұл  -  жер 
өлшеуші,  көшіріп  салушы  -суретші  болған  көп  жылдың  жемісі, 
баға  жетпес  тарихи  және  этнографиялық  қайнар  көз  болып 
табылады. 
Міне, енді жүз жылға жуық уақыт өткеннен кейін, суретшінің 
өзін 
қоршаған 
дүниеге 
соншалықты 
сезімталдықпен, 
сүйіспеншілікпен  зер  салып  бақылағаны  айрықша  ақиқатқа 
айналуы  суретші  жұмыстарына  көз  салған  кезде  баурап  алатын 
шынайылығы мен қуанышына  пара-пар жауап сезім тудырады . 
1920  жылы  «Автономиялық  Қырғыз  (Қазақ)  ССР-інің  білім 
беруі»  Декретіне  қол  қойылғаннан  кейінгі  бірінші  онжылдық 
көркемөнер  шараларына  ерекше  толы  болды.  Қазақстан 
қалаларында  көркемөнер  студиялары  құрылды,  жергілікті    жер  
табиғатына,  мәдениетіне қызығушылық, жаңа өмір құру идеясы 
жетелеп  сырттан  келген  суретшілердің  көрмелері  өткізілді.    
1920-22  жылдары  Алматыда  (1921  жылы  Верный  қаласы  болып 
қайта  аталған),  1917  жылы  Петроградта  барон  Штирлицтің  
техникалық  суреттер  Училищесін  бітірген  А.С.Пономарев                   
басқарған 
көркемөнер-өндірістік 
шеберханасы 
ашылды.                      
Семейде  бұл  кезде  Қазан  көркемөнер  училищесінің  түлегі 
Н.В.Крутильниковтың  өнер  студиясы  қызу  жұмыс  істеп  тұрды. 
Осында  Мәскеуде  Строганов  училищесін  бітірген  суретші 
Давыдов  сурет  сабағын  оқытты.  1926  жьлы  Қызылорда 
қаласында,  ол  кезде  Қазақстан  астанасы,  бүкіл  қазақстандық, 
Хлудов,  Бострем,  Крутильников  және  басқалар  қатынасқан, 
бірінші    көрме    ұйымдастырылды.  Верныйда  туып-өскен 
Г.А.Брылов 
1927 
жылы 
Ленинградтағы 
Көркемөнер 
Академиясын  бітіргеннен  кейін  Алматыға  қайтып  оралып, 
көркемөнерлік  шығармашылықты  қалыптастыруға  бел  шешіп 
кірісті.  Ол  «Сурет  салу  техникасы.  Психофизикалық  әдістің 
жалпы ережесі», «Психофизикалық әдіс бойынша сурет салу мен 
кескіндемені  зерттеу.  Ерікті  –сурет  үйірмесі.  1922  ж.»  атты 
теориялық  жұмыстар  жазды,  түсті  зерттеу  бойынша  альбом 
шығарды  [63]. Ал, дұрысында, онжылдықтың ең елеулі оқиғасы, 
Н.Крутильников  бастамасы  болған,  бірінші  көшпелі  көркемөнер 
көрмесі-тін.  Көрме  Семейде  ұйымдастырылып,  одан  ары 
түйелерге,  аттарға  артылып  Лениногор,  Қарсақпай  мен 
Петропавлға,  мұнда  15  жасар  Әубәкір  Исмайылов  өз 
суреттерімен  қосылып,  көш-керуен  ұзақ  жол  тартты.  Көрменің 

 
 
77 
салтанатты  түрде  жабылуы,  сол  кездегі  астана,  Қызылордада 
Қазақ  ССР-і  Кеңесінің  VІІ  съезіне  арнайы  орайластырылып 
өткізілді.  Ел  аралауға  кеткен  жол  шығынына  түгелдей  дерлік 
суретшілер  өздерінің  қаржыларынан  жұмсады,  тек  қана 
А.Луначарскийдің  құттықтау  жеделхатын  алғаннан  кейін 
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылды. 
Әубәкір  Ысмайылов  (1913-1998  ж.)  Қарағанды  облысында 
шахтердің  отбасында  дүниеге  келген.  Жеті  жылдық  мектепті 
бітіргеннен  кейін,  ол  оқуын  Омбыдағы  М.А.Врубель  атындағы 
көркемөнер-кәсіптік  техникумында  жалғастырды  (1927-1928  ж.). 
Сол  кезде  үй-іші  тұратын,  Семейге  келіп-кетіп  жүрген  бір 
сапарында ол Бірінші көшпелі көркемөнер көрмесіне тап болады. 
Оның  «Сарысу  алқабы»  мен  «Бетпақ  даладағы  аңшы»  суреттері 
көрмеге  қабылданады  да,  жас  Ысмайылов  бүкіл  өмірін  мәңгілік 
бейнелеу  өнеріне  арнап,  осы  көшпелі  көрмемен  кетіп  отырады. 
Бұдан  кейін  ол  1905  жылдын  ескерткіші  Мәскеу  бейнелеу  өнері 
техникумында оқиды, ал 1934-1938 жылдары білім алуды Мәскеу 
театр институтында жалғастырады. Ә.Ысмайылов көп қырлы-бір 
сырлы адам. «Биші, аңыз-ертегіші, режиссер, суретші, кино және 
театр  актері,  жанынан  ән  шығарушы-музыкант,  фольклор 
жинаушы»  [63, 187 б.] деп бағаланған.  Бұның барлығына ол өз 
үлесін  қосып  және  әр  салада  өзінің  мүмкіндігін  пайдалану  мен 
жаңалық ашудан масаттана отырып, үлкен құштарлықпен жұмыс 
істеді.  30-жылдары  Ысмайылов  өз  жұмыстарын  Қазақстанның 
өнеркәсіп 
жұмысшыларының 
еңбегіне 
арнай 
отырып, 
графикамен  айналысты.  Бұл  жұмыстар  өзінің  «сол  жылдардағы 
советтік  «өнердің  тек  қана  пластикалық  образды  іздеуімен 
байланыстылығымен  емес,  сонымен  бірге    «ең  бастысы 
республиканың жас өнеріндегі жаңалық болған бұл тақырыптың 
романтикасын  ерлікке  айналдырумен  қызығушылық  тудырды» 
[63]. Суретшіні халықтық рух қаһармандығы шабыттандырды, ол 
бұдан 
«бейнелеу 
өнеріндегі 
бүкіл 
еңбек 
жолында 
шығармашылық  ұстанымына  айналған  адам  үшін  міндетті 
азаматтылық пен патриотизмнің іске асатынын көрді. 
Қазақстанның  әрбір  азаматы  Әбілхан  Қастеевтың  атын 
құрмет 
тұтады. 
Еліміздің 
ең 
тандаулы 
мұражайлары, 
Шымкенттегі  көркемөнер  училищесі,  Қазақстан  қалаларының 
мектептері мен көшелері осы атпен аталады. Балалар, студенттер, 
шетелден  келген  қонақтар  еліміздің  мәдениетімен  танысуды,         

 
 
78 
республика  тарихының  көркем  жазылған  шежіресін  көз  алдыңа 
жайып 
салатын, 
оның 
атымен 
аталатын 
Мемлекеттік 
мұражайдағы  суретшінің  мемориалдық  залынан  бастайды. 
Ә.Қастеев өнері ешқандай мектепке жатпайды, бір ағымға немесе 
идеологияға  бағынбайды.  Табиғат  оған,  әрқашанда  өзімен-өзі 
болуға  күш  беретін,  талант  пен  рухани  тәуелсіздік  сыйлаған 
сыңайлы.  Оның  шығармашылығында  ең  күшті  қозғаушы  күш  – 
өзі  сол  үшін  туып,  бүкіл  өмір  бойы  соған  берілген,  отанға, 
адамдар мен өнерге деген сүйіспеншілік. 
Болашақ  суретшінің  балалық  шағындағы  ен  алғашқы  алған 
әсері  де  табиғатпен  байланысты.  Ол  8  жасынан  бастап,  әкесі 
қайтыс  болғаннан  кейін,  бай  қоңсысына  бақташылыққа 
жалданып, жұмыс істей бастайды. Азаннан кешке дейін уақытын 
мал  жайылымында  өткізетін  ол  айнала  қоршаған  ортаны  жіті 
бақылап, 
өзінің 
алғашқы 
ұстазы 
болған 
табиғатпен 
«әңгімелесетін».  Ол  тастарға,  қайыңның  қабығына,  кейінірек 
қағазға,  айналасындағы  кергендерінің  бәрін  сала  беретін.  «Бұл 
ісің  күнәһарлық»  деп  ренжитін  қарттарға  берер  жауабы:  «Менің 
суреттерім  барлық  халық  құрмет  тұтатын  ақындардың  өмір 
туралы толғайтын жырлары емес пе...» [63].  1929 жылы Қастеев 
Алматыға  келіп,  біреулердің  айтуымен  Н.Г.Хлудов  студиясына 
барады.  Кейінірек  Мәскеуде  оқуын  жалғастырмаққа  талпынады, 
бірақ  үлкен,  жат  қалаға  үйрене  алмай-ақ  қояды.  Мүмкін,  бұл  да 
болса  тағдырдың  жазғаны  шығар,  өйткені  табиғи  талантқа 
академиялық  мектептің  керегі  де  жоқ  екен.  Табиғат  сабақтары 
мен  Хлудовтың    шығармашылық  бағытта  берген  білімі  оның 
талантының  ашыла  түсуіне,  өзіндік  дүниетанымын  ұштап,  өз 
қолтаңбасын  қалыптастыруға  көмектесті.  Студиядағы  сабақтар: 
гипстен  жасалған  үлгі  мен  оюлардың  суретін  салу,  бұрынғы 
шеберлердің репродукциялары бойынша көшірме жасау, қолөнер 
–  көркемөнер  мектебі  үшін  күнделікті,  үйреншікті  тірліктер  еді. 
Бұл  жерде  Қастеев  тез  акварель  техникасын    меңгеріп,  майлы 
бояумен  салудың  техникасын  үйрене  бастайды.  Сонымен  қатар, 
мүмкін  өз  жанымен  үндестік  тапқан  шығар,  ұстаз  жұмыстарын 
жан-жақты зерттеп, көңіл аударады. Шындығында екі суретшінің 
шығармашылығы 
бір-біріне 
өте 
жақын. 
Егер 
Хлудов 
картиналарында 
байқампаз 
әрі 
тілектес 
бақылаушының 
позициясы  шеткерілетілсе,  ал  Қастеев  өнері  –  бұл  бейнелеу 

1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал