Н. С. Тілеуханов



жүктеу 5.04 Kb.

бет4/9
Дата09.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
  Бұл атаулардың дамуы, шығу тегі 
өнер  шеберлерінің  өзінің  ішкі  дүниесінің  субъектік  «Менін» 
айқындауға 
бағышталған. 
Осы 
өнерлердің 
барлығы 
«авангардтық»  өнер  аясына  саяды.    Авангардтық  –  өзіне  дейінгі 
реалистік  образдар  дәстүрінен  бас  тартып,  жаңа  бір  бейнелеу 
құрылымдарын,  көркем  шығарманың  жаңа  үлгідегі  құрылысын 
іздеуде бағытталған көркемдік мәдениет саласы.  
Қазіргі  кезеңде  бейнелеу  өнері  интерпретация,  перформанс, 
хеппенинг, инсталяция, акция т.б. бейнелеу амалдарымен толыға 
түседі», - деген  [43, 202-203 бб.] . Қазақстан суретшілері де жаңа 
ізденістерден  құралақан  емес.  Мәселен,  Г.Киікбаеваның 
«Шымылдық» (2000) видео инсталляциясы, ал Ғалым мен Зәуреш 
Мадановтардың  «Тамыр  түсі»  (1999-2000)  инсталляциясы, 
Н.Газеевтің  «Ұқсас  тақпақтар»  аудиоинсталляциясы  сол  үлгідегі 
өнер  туындылары.  Хеппенинг,  кич  ұғымдары  –  С.Масловтың 
суретшілік іс-әрекетіне тән құбылыс болды [44, 204 б.].  

 
 
46 
Осы  жерде  «бейнелеу  өнері»  деп  атаудың  өзі  қиынырақ. 
Өйткені  бұл  жерде  сахналық  іс-әрекеттің  тілдік  режиссуралық 
көріністері  басымдау.  Дегенмен  жалпы  бұл  ұғымдарға 
анықтамалар  беретін  өнердің  түрі  –    концептуализм  мен 
концептуалдық  өнер.    Концептуалдық  өнер  –  көркемөнер 
туындысын  философия,  социология,  өнертану  және  т.б. 
ғылымдар  тілінде  қолданылатын  ұғымдарды  көрсету  әдісі 
ретіндегі  авангардтық  бағыттардың  бірі.    Концептуализм  60-80 
жылдар аралығында авангардтық үлкен қозғалыс негізінде пайда 
болды.    Концептуализм  негізін  салушылардың  бірі  Дж.  Кошут 
оның  мәнін  мәдениет  феномені  деп  көрсетті  [45,  242  б.].  Яғни 
жаңа  бейнелеу  үлгілерінің    астарында    философиялық,    мәдени-
танымдық тұжырымдар болды.  Бейнелеу өнерінің жаңа үлгілерін 
қарастыруда  графика,  живопись,  мүсінмен  шектеле  алмаймыз. 
Бұны  белгілі  бір  «дәстүрліктің»  шеңберіне  сыйғызып  қарастыру 
да  дұрыс  болмас.  Қазіргі  суретшілердің  іс-әрекеті  үлкен  пікір 
талас  туғызатын  туындылар.  Себебі  оларда  шектеу  мен  нақты 
қағидалар  жоқ.  Аталмыш  бағыттағы  туындыларда  қарапайым 
халықтың  әсемдік,  әдемілік,  сұлулық  іздеп,  бұрынғы  қоғам 
талғамына  сәйкестендіріп  қарайтын  рационалдық  талғамы 
көмескілене бермек. Жаңа шығармашылықпен келіспейтін тұстар 
көп.  Бірақ  өнердің  басты  қағидасы  еркіндік  екенін  ескерсек, 
олардың  өнер  талабынан,  суретшінің  ішкі  сұранысынан 
туындағанын байқаймыз. 
      Суретші  мен  көременнің  бір-біріне  қызығушылығы    қазіргі 
көркемөнерлік үрдіс бағытының ең айқын көрінісі. Жиі берілетін 
көрмелер  көрермендер  үшін  санын  жыл  сайын  кеңейтуде  және 
бұл тұрғыда мәселе қызығушылықта емес, көрермендерді үшінші 
мыңжылдық  мәдениетіне  апаратын,  өндірістік  білімдерге  қарай 
аяқ басуда.  
      Мұндағы  басты  мәселелердің  бірі  –  халықтың  мәдени 
деңгейін  көтеру.  Қазақстан  «Галерея  қозғалысына»  жол  ашу 
маңызды.  Тарихын  қастерлейтін,  ұлтының  ұлылығын,  өнерін 
әлемге  танытқысы  келетін,  ең  алдымен  өзінің  әсем  мәдени 
орталықтарымен,  мұражай,  әр  түрлі  бағыттағы  көркемсурет 
галереяларымен мақтанады.  
      Тарихтың 
ұлы  қойнауы  шежіренің  мәңгілік  мекені 
мұражайлар  болса,  өнер  галереялары  қазіргі  мәдениетімізді, 
өнерімізді,  өркениетіміздің  үздік  жетістіктерін  айшықтайтын, 

 
 
47 
мәдени  құндылықтарымызды  санамызға  сіңіретін  орын  деп 
айтуымызға  болады.  Одан  бүтіндей  бір  ұлттың  қалыптасу  даму 
дәуірі  мен  жасаған  өнер  туындыларын  көресің,  мұражайына 
қарап, сол елдің мәдениетінің деңгейін білесің, бағалайсың.  
       «1990  ж.  басында  «Темір  шымылдықтың»  құлауынан  кейін 
түрлі  бағыттағы  он  бес  шақты  жеке  меншік  галереялар  пайда 
болды.  Содан  бастап  Ә.Қастеев  атындағы  Мемлекеттік  өнер 
мұражайында  «Галереялар  шеруін»  өткізу  жыл  сайын  дәстүрге 
айналды»  [46].  Құрылған  әр  галереяның  өзіндік  бейнесі,  бағыты 
бар. Бірі  әйгілі   шеберлердің  шығармаларымен жұмыс істегенді 
қаласа,  енді  бірі  жас  талантты  шеберлерді  тауып,  олардың 
шығармашылығын  насихаттайды.  Сонымен  қатар,  авангард 
үлгілерін,  классикалық  натюрморт  үлгілерін    жинақтайтын  
кішігірім,    салондық  көрмелер  де  ашылды.  Өнерді  жан-тәнімен 
сүйіп,  табынатын  жандар  мен  қатар,  көркемөнер  туындыларын 
жинап,  оны    насихаттаумен    айналысатын  коллекционерлер  де 
көптеп саналады.  
      Сөйтіп  қазақстандық  бейнелеу  өнері  суретшілердің  өзіндік 
жарқын  қолтаңбасын  халықтық  дәстүрлермен,  өткеннің  тарихы 
және  мәдени  тәжірибесімен  ұштастыру  арқылы  жол  тауып, 
көркем  үрдіске  ұласты.  Шығармашылық  еңбектің  табыстарын 
алқалы  топтың  алдына  тартып,  талғамшыл  қалың  көрерменнің 
сарапына  салып  отыру  –  уақыт  талабы,  мәдени  өміріміздің 
қалыптасқан 
дәстүрлерінің 
бірі. 
Шығармашылық 
коллекционерлерге  деген  мүдде  соңғы  15  жыл  осы  галерея 
қозғалысының 
қалыптасуымен 
қатар 
дамыды. 
Жаңа 
формацияның  өнерге  деген  мүддесі  суретшілердің  еңбегінің 
көкейтестілігі мен қоғамның талап етуіне сенімділігін нығайтты. 
Қазірде  әйгілі  галереялар  пайда  болған.  Негізінен  галерея  тек 
коммерциялық  мақсатта  ғана  емес, әйгілі өнер шығармаларына 
қызығушылық мақсаттағы бағытта қалыптасады.  
 
Қазақстанның  қазіргі  заманғы  өнері  мәдени  өзіндігін 
іздестіру жолында.   Бұл  бағытта  жұмыс  істеушілер  халықтық  
салт-дәстүрлерді  жандандыруға  ден  қояды,  әрі  қазіргі  заман 
өнеріндегі  әлемдік  үрдістерден  тысқары  қалмауға  ұмтылады.  
ХХІ  ғ.  ақыл-ой  жүйесі  үшін  көкейтесті  стиль  сюрреализімінің 
эстетикасы мен философиясынан нәр алған.  
 
Қазіргі  заман  өнері    еліміздегі  мұражай  мен  галереяларды 
жаңаша 
қырынан 
танытуда. 
Қазақ 
көркемсурет 
өнері 

 
 
48 
туындылары шығармаларының халыққа танымал болуы дәстүрлі 
өнер  мұражайларымен  қатар  арнаулы  көркемөнердің  қызмет 
жасауымен жүзеге асуда.  
      Қазіргі  кезеңде  жаңа  өмір  өзінің  жаңа  талаптарын  қойып 
отыр.  Осы  талаптардың  ішінде  рухани  қордан  гөрі  материалды 
дүниеге  деген  сұраныс  басты  орынға  шығып  отыр.  Көркемөнер 
ресми  көзқарас  бақылауынан  босанғандай  болды.  Көркемдік 
критерийді  енді  суретшілердің  жеке  басының  мәдени, 
дарындылық  деңгейлері,  мұражай  қызметтерінің  жеке  галерея 
жинақшылары    мен  жалпы  көрермендердің  талап-тілектері 
анықтайды.  
      Рухани 
сұраныс  жеке  суреткердің  дарындылығының 
ашылуына жағдай жасайтындығын тарих талай рет дәлелдеді.  
       Көптеген  елдерде  шеберлерге  тапсырыс  беру  арқылы  небір 
әйгілі  туындылар  дүниеге  келген.  Бізде  де  өнерлі  шебер, 
суретшілер,  мүсіншілер  жоқ  емес.  Тек  ұлттық  меценаттар 
қалыптасып, мәдениетіміздің дамуына үлес қосса екен дейміз.  
       Қазақ бейнелеу өнері бір адам ғұмырына ғана жетерлік өте аз 
мерзімде  өзгеру,  өсу  кезеңінен  халықаралық  ілтипатқа  бөлену 
шағына дейін бүкіл даму сатыларынан өтті. Түптеп келгенде, бұл 
ортаға тарихи тұрғыда тән емес көркем ойлаудың жаңаша үрдісі, 
жаңаша  ұлттық  мектебі  жасалды.  Бұл  мәдени  құбылыс  әлде  де 
зерттеліп,  саралана  жатар,  дегенмен,  оның  пайда  болуы  Еуропа 
мен  Шығыстың  (Азияның)  көркемдік  дәстүрлерінің  өзара 
байланысының нәтижесінде мүмкін болғаны күмән тудырмайды.  
      Б.Байжігітов  атап  өткендей,  суретші  қоршаған  ортаны 
меңгеруге  емес,  өзінің  санасындағы  болмысқа  қатыссыз 
психологиялық  шиеленіс  формаларын  ұғынуға,  оны  өзінің 
астарлы  дүниесімен  байланыстырып  бейнелеуге  ұмтылды. 
Немесе  қоршаған  ортаны,  нақтылы  объектіні  өзінің  эстетикалық 
көзқарасына  байланысты  шешуге,  өзгертуге  бағыт  алды.  Осы 
құбылыстың бүкіл формалары қазіргі Қазақстан кескіндемесінде, 
мүсін өнері, графикасы және қолөнерінде көрініс тапты. 
       «Сымбатты  өнер  болмаған  елде  мағыналы  тіршілік  жоқ. 
Қандай қауым, қандай тапты алсақ та қаны мен жанының суретін 
өнер  айнасына    түсірмей  отыра  алмайды.  Өнерден  қуат  алмаса, 
тіршілік шырағы өшеді»,- [47, 332-334 бб.], –  дейді М.Әуезов. 
Қазақстан  мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты,  суретші        
Д. Әлиев Брейгель тілін қазіргі Алматы тұрмыс-тіршілігіне, жаңа 

 
 
49 
өркениеттілік тудырған  салт-дәстүрге қатысты пайдаланса, Ресей 
және  Қырғыз  Көркемсурет  академиясының    толық    мүшесі, 
Қазақстанға 
еңбек 
сіңірген 
суретші 
Е.Төлепбаев 
өз 
композицияларында  ХVІІ  ғасыр  майталмандарын  Рембрандт, 
Рибера  секілді  өнер  саңлақтарының  композициясына  ХХ  ғасыр 
тудырған  дүниетанымдық  көзқарастарға  сәйкес  жаңаша  мән 
береді.  Жалпы  алғанда,  бұрынғы  әлемдік  мәдениетке  өз 
көзқарасын жаңа кенептер арқылы білдіру көптеген суретшілерге 
тән құбылыс ретінде көрінді. 
Адам  мен  оны  қоршаған  орта  арасындағы  нәзік  және 
рухани  үйлесімділікті,  қазақ  ұлтының  табиғат-анамен,  соның 
нәтижесінде  әлеммен  біртұтастығын,  туыстығын  көрсетуге 
бағытталған,  ұмтылысын,  адамның  рухани  және  ішкі  дүниесін 
білуге  деген  қызығушылығын,  мәңгіліктің  бір  буыны  –  қас 
қағым сәттің әдемілігіне құндылығына сүйсіну, жалпыға белгілі 
жүйеге  ерекше  жолмен  ену  және  дүниетанымның  басқа  да 
қырларын  суреттеу  –  міне  осылар,  қазақ  суретшілерінің 
еңбектерінен  байқалатын  рухани  әдет-ғұрыптық  көріністер. 
Республикадағы бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, 
мазмұны  мен  ішкі  қыр-сыры,  ұлттық  мәдени  әдет-ғұрпымен 
үйлескен,  тұрмыстың  жанданған,  дүние  тірегі  болатын  табиғат 
пен 
үйлесімділігін 
қалыптастыру 
және 
адамның 
шығармашылық жігерін нығайту болды. 
Түрлі  жағынан  көріне  отырып,  осы  дүниетанымдық 
принциптер  дамудың  бүгінгі  күнгі  сатысында  да  бейнелеу 
өнерінің  негізгі  тірегі  болып  отыр  және  сол  арқылы  қазақтың 
бейнелеу  өнерін  жалпы  дүниежүзілік  мәдени  кеңістікке 
үйлесімді  түрде  енгізуде.  Осыған  орай,  бүгінгі  күні  бейнелеу 
және  мүсін  өнері  қандай  нысандар  мен  ерекшеліктерге  ие 
болады  деген  сұрақ  туады?  Оның  сарқылмас  потенциалық 
қандай суретшілердің шығармашылығынан қандай ағымдардың 
пайда  болуынан  көре  аламыз?  Ата-бабаларымыздан  қалған, 
ғасырлар  бойы  шындалған  мұралармен  қалай  байланысады, 
бүгінгі  күні  ұлттық  суретшілер  мектебі  кәсіби  толысудың  қай 
дәрежесіне жете алады? 
Мәдениет  әлеуметтік  және  саяси  оқиғаларға  тікелей  және 
дәлме-дәл 
тәуелді 
болмағанмен, 
қоғамдық 
сананың 
нысандарының  бірі  болып  табылады.  Көркемсуретті  нысандар 
өз  тілімен  үнемі  адам  сезіміндегі  шамалы  болсын  өзгерістерді, 

 
 
50 
оның рухани дүниесін көрсетіп отырады. Өнер өзінің мәнерлеу 
құралдары  мен  тәсілдері  жүйесінде  адам  өміріндегі,  оның  ішкі 
дүниесіндегі  өзгерістерді  сөзсіз  түрде  көрсетеді,  көп  жағдайда 
оны  ертерек  сипаттайды,  алдын  алады,  сол  себепті  әлеуметтік 
тұлғаның  даму  динамикасын  үйлестіреді  және  белгілі  бір 
арнаға  бағытталып  отырады.  Оның  дамуының  әр  сатыларында 
алдыңғы қатарға түрлі басым идеялар шығады. Қазақтың кәсіби 
бейнелеу  және  мүсін  өнеріндегі  80-90-шы  жылдардың 
соңындағы  қалыптастырылудың  ішкі  логикасы  айрықша  талап 
еткен  идея  бейнелеу  өнерін  ұлттық  тұрғыдан  дербес  түрде 
сипаттау идеясы болды.  
Келесі  жайды  айта  кетуіміз  керек,  бейнелеу  және  мүсін 
өнері  өз  техникасы,  технологиясы,  әлеуметтік  қызметі 
тұрғысынан  алғанда  Батыстан  әкелінген  бейнелеу  өнерінің 
жаңа түрлері болса да, оның бүкіл жолы, ежелгі қайнар бұлағы 
бар  қазақ  өнерінің  қуатты  діңгегінің  жаңа  көгерген  бұтағы 
тәрізді  үйлесе  дамуға  толы  болды.  Сюжеттер  ғана  емес, 
суретшілердің  ұлттық  мінез-құлқы,  менталитеті,  қоршаған 
ортаны  түсіну  және  бейнелеу  тәсілдері,  тікелей  немес  жанама 
түрде  бейнелеу  және  мүсін  өнерінің  сырттан  келген 
тәсілдерінің  көп  ғасырлық  көшпелілік  өмірге  негізделген, 
өзіндік  ерекшелігі  бар  ұлтттық  сезімнің  қайталанбас  лебінің 
соғып  тұруына  ықпал  етті.  Соңғы  онжылдықтардағы  өнердің 
ерекшеліктері 
ұлттық 
сана-сезімнің 
парасаттылық, 
философиялық дәрежесінің сапалық тұрғыдан алғанда өрлеуіне 
ықпал  ететін,  өнердің  рухани  толысуы  мен  жоғарғы  кәсіби 
деңгейінің ұштасуы болды. 
       Суретші В.Кандинский өзінің «Өнердегі руханилық жөнінде» 
атты  энциклопедиядағы  мақаласында  қазіргі  өнер  сыртқы 
ұқсастықтарға  ұмтылатын  реалистік  өнерден  бөлек  «ішкі 
қажеттіліктердің көрінісі болуға тиіс»  [48, 298 б.], –  деп жазды.  
       Адам 
рухының 
қозғалыстарына 
негізделген 
«ішкі 
қажеттіліктер» үш негізгі элементтен тұрады. Ол өз жан-дүниесін 
бейнелеуге  ұмтылып  тұратын  жеке  адам,  заманының  рухын 
білдіретін  стиль,  құндылықты  өзінен  ғана  іздейтін  өнер  мәнін 
айқындайтын көркемдік сипат.  
 
       С.Валериус: 
«Сыртқы  ұқсастықпен  шектелетін  нысан 
жөнінде  айтатын  болсақ,  ол  нағыз  суретшінің  жиіркенішін 
туғызды.  Ал  өнер  шығармашылықпен  анықталуға  тиіс.                

 
 
51 
Ол  сыртқы  нысанға  байланыссыз  «пластикалық  шындықты» 
сомдауға ұмтылды. Заттық негізден ажыраған өнер «еркін өнер». 
Мұндай өнер объективтілікті ішкі қажеттіліктер тудырған шекара 
аумағында ғана бейнелейді. Табиғи формалар өзіндік айту тіліне 
шек қояды. Сондықтан оны қорықпай ығыстырып тастау керек»,-
деген [49,  89 б.]. 
      Иррационалдықты  пір  тұту,  түсінікті  формалардан  ауытқу 
өнер  туындысын  көпшілік  үшін  түсініксіз  етті.  Өнер  бұл 
жағдайда өзін түсінетін зиялы аз топқа қана қызмет етсе, оның өзі 
көпшіліктің  жұртшылық  жаңа  өнерді  түсінуден  бас  тартты. 
Шындығында да жаңа өнер олар үшін абсурдты, түсініксіз болды. 
Ол  шындықтан  ауытқып,  өнерден  алшақ  кетті.  Бұл  аз  топқа 
арналған,  негізінен  суретшілердің  өзіне  ғана  бағытталған  «таза 
өнер» еді. Өнер өнер үшін жасалады. 
      Мұндай  өнерді  Ортега-и-Гассет  өз  еңбектерінде  өте  жақсы 
сипаттап  шықты.  Ол  адамдарды  осындай  өнерді  түсінушілерге 
және  түсінбеушілерге  бөлді:  «Әлеуметтік  жағынан  қарағанда, 
менің  ойымша,  жаңа  өнер  адамдарды  түсінетіндерге  және 
түсінбейтіндерге бөледі. Басқа сөзбен айтқанда біреулерге өнерді 
түсінуге  бағытталған  арнайы  орган  бар,  екіншілерінде  ол  жоқ  – 
бұл адамдардың екі түрлі тұқымы. Жаңа өнер, романтизм секілді 
барлық адамдар үшін жасалмаған сыңайлы. Ол басынан таңдаулы 
азшылыққа  бағытталған.  Өнерді  түсінетін  адамға  өнер 
шығармасы ұнамаған кезде ол өзінің артықшылығын сезеді, егер 
өнер  туындысы  түсініксіз  болған  жағдайда  адам  түршігіп,  өзін 
қорланғандай  сезінеді.  Осы  жағдайда  ол  өзінің  «толық»  адам 
емес  екендігін  біледі.  Сондықтан  өнер  шығармасының  алдында 
өзін ақтап алуға тырысады» [50, 221 б.]. 
      Жаңа  өнерде  бұған  қарама-қарсы  объективті  жағдайларға 
байланысты  қалыптасқан  басқа  қағида  да  болды.  Қоғамда 
техникалық ой-сананы пір тұтқан жаңа эстетикалық дүниетаным 
қалыптасты.  Қоғамдық  өмірдің  рационализациялануы  көркем 
шығарманы интеллектуализацияландырды. Рационалды бастауды 
сезімдік  түсінуден  жоғары  қоятын  көркем  мәдениет  қағидасы 
осылай  қалыптасты.  Ол  эстетикалық  сезімді  интеллектуалді 
сипатқа  ендірді.  Ішкі  құндылықтардан  жұрдай  сабырлы  суық, 
келбетсіз 
әсерді, 
адамның 
жан-жылуын 
бөтендейтін 
геометриялық  бейтарап  нәрселердің  рухсыз  сипатын  бейнелеу 
жаңа  көркем  шындықты  тудырғандай  болды.  Технократиялық 

 
 
52 
өркениет  әсерінен  туған  көп  халықтың  арасында  жалғыздығын 
терең сезінген табиғаттан алшақтығын бейнелейтін «машиналық» 
эстетика  жасалды.  Осы  эстетикалық  дүниетаным  бейнелеу 
өнерінің кубизм, суперматизм, футуризм бағыттарында жақсырақ 
ашылды.  
      Кеңес 
дәуіріндегі 
бейнелеу 
өнеріндегі 
көркемдік 
проблемаларды былай қойып, тек қана Қазақстан суретшілерінің 
1990  жылдардан  бері  қарайғы  шығармашылық  ізденістерін 
мысалға  алып  қарастыратын  болсақ,  онда  бұл  сатылар 
республика көлемінде ешқандай кезеңге бағынбағанмен образды 
шешімдердің  бүкіл  түрі  көрініс  тапты  деп  айтуға  болады.  Оған 
тек қана Алматының  өзінде  орналасқан әр түрлі галереялардағы 
көрмелерде орын алған көркем туындылар куә. 
      Бұл  көріністердің  өзіндік  шығу  көзі,  табиғи  өсу  ортасы 
болған. Оны суретшілер өте жақсы түсінеді. Сондықтан көптеген 
суретшілер 
соқыр 
еліктеуден 
гөрі, 
осы 
ізденістердің 
философиялық мағынасын меңгеруге тырысады. 
      ХХ  ғасырдың  басында  көптеген  бағыттардың  арасынан 
абстракционизмді  бөліп  алып  қарауға  болады.  Абстракционизм 
пайда  болысымен  живопистің  міндетіне  бояу  түсін  әр  түрлі 
лабораториялық  жағдайда  түрлендіру  жолдары  басталды.  Оның 
архитектоникасы  мен  динамикасы  басты  орынға  шығады. 
Абстракция  өзіне  дейінгі  кубизм  мен  футуризмнен  бөлектеніп, 
бояудың ойнақы әуендерін, соның әр түрлі қозғалыстарын тиімді 
етіп шешуге ұмтылды. 
       Абстракционизмнің  атасы  В.Кандинский  болатын.  Ол  өзінің 
өнердегі  руханилықпен  байланысты  еңбегін  оған  теориялық 
талдаулар береді.          
       Кандинский  абстракциялық  өнерді:  жаңа  өмірді  ашушы, 
мына  өмірдің  нақтылығынан  гөрі  суретшінің  ішкі  түйсігінің 
«ішкі  әлемнің  қажеттілігін  (внутрений  диктат)  ішкі  билігі»  деп 
қараған.     
       Абстракциялық  композициялар  –  иррационалды  ойдың 
жемісі.  Пауль  Клее:  «Ми  қатпарларына  не  жүрек  түкпіріне 
тереңірек бойлап, одан төл шығармашылық көздерін іздеу керек. 
Осы  сапар  барысында  назарыңа  ілінген  құпияны    көркемдік  
құрал-тәсілдермен    бейнелеген  кезде  ғана  нысанның  табиғи 
тамырына жеткендей боласың. Сол кезде басым өзімдікі емес, ал 

 
 
53 
қолым денемнен тыс басқа дүниенің құралы іспеттес әсер етеді» 
[51, 79 б.], –  дейді. 
      Сонымен 
қатар 
реализм 
ешқашан 
суретшілерді 
қанағаттандырған  емес  деуге  болмайды.  Негізінен  суретшілер 
бірдей болудан сақтанады. 
       Сондықтан З.Фрейд  живописті  екіге бөледі: біріншісі қазіргі 
кезеңдегі «өз қалауың бойынша өмір сүру» және әлеуметтік талап 
«сыртқы  қажеттілікке  байланысты  өмір  сүру».  Фрейдтен  кейін 
суретшілер  өз  дүниесіне  үңілген  кезде  интуитивті    және  
иррационалды  ой-сананың  маңызына  үңілді  [52, 397 б.]. 
Суретшілер  дүниені  образды  сомдау  және  көрермендер 
(тұтынушылар)  сол  образды  қабылдау  барысында  рационалды 
ой-санамен  бірге,  әсіресе,  интуитивті  және  иррационалды  ойға 
көңіл бөледі. 
       А.Камю 
шектен  тыс  ұқсастық  пен  ешқандай  өнер 
формуласына бағынбайтын абстракционизмге қарсы болды [53]. 
       Рационалды 
өнер 
мен 
қазіргі 
живопись 
арасында 
романтиктер  тұр.  Hомантизм  бірінші  болып  реалды  живопистің 
тыныш  ұйқысын  бұзды  деп  есептеледі.  Бірақ  мұның  бәрі 
Қазақстан  суретшілері  үшін  өнер  ізденістеріндегі  бір  жолы 
болатын.  Осының  өзін  олар  ұлттық  өнердің  өзіндік  сипатын 
жоғалтпай пайдалану үшін жұмсады. 
        Қазақ халқының күнделікті тіршілікте өнерді табиғи күйінде 
асқан  үйлесімділікпен  пайдалана  білуі  аса  маңызды  болып 
табылады.  Бұрынғы  және  қазіргі  кезеңдегі  жоғары  шеберлікпен 
орындалған  халықтық  өнерді,  оның  заттық  әлеммен  үйлесімді 
байланысын 
зерттеу 
және 
меңгеру 
біздің 
қазіргі 
жағдайларымыздағы қол өнері үшін көп нәрсе бере алады. 
        Кәсіби  суретшілер  халық  шеберлерінен  көп  нәрсені  үйрене 
алады.  Бәрінен  бұрын  қоғамдық  өмірге,  мерекелерге,  тұрмысқа 
өнерді енгізе білу маңызды. Өнер классиктері әр уақыт халықтық 
шығармашылықтан сусындап отырған. 
       Шығыстық  қазіргі  суретшілердің  (Ц.Самплов,  Б.Нұрәлі, 
О.Таңсықбаев,  У.Джапаридзе,  И.Тоидзе,  Н.Чевалков  секілді 
майталман  шеберлердің)  ең  үздік  деген  шығармалары  халық 
өнерімен тығыз байланысты. «Қазақ ою-өрнегі – кеңес елі халық 
шығармашылығының  өзіндік  ерекше  және  тамаша  парағы»,  –  
деп  жазылған. Бұл  бір  ұсыныс  кейін  ол  әр  түрлі  жағдайда 
қайталанып отырды. Мысалы тақырып, сюжет және форма үшін 

 
 
54 
ұсыныстар  ретінде  мынандай  жолдарды    қарастыруға    болады: 
«Сортаң  дала  жасыл  желеңге  кедей.  Алыста  бір  қора  мал 
қараңдайды.  Киіз  үйлер  тізбегі  көгілдір  аспан  аясында  көрінеді. 
Жақын жатқан киіз кіре берісін жауып тұрған өрнектелген сүттей 
ақ киіздің аясында  түрі  шиыршықталғандай  мүйізге  ұқсайтын 
қара  ою  салынған»  [54,  32  б.].    Ежелгі  көштің  осы  көрінісі 
қайталанып  отырады.  Осы  қайталаудан  байқалатын  көріністі 
дәстүрлі  шығармашылықтың  көркем  тіл  пішіндерін  өзіндік 
пластика әлемінен іздеген ләзім. 
      Мысалы  киіз  үйдің  ішіне  кірген  келушіні  ондағы  орын-
орнына  қойылған  сәнді  дүние  мүліктер  таңдай  қаққызары  анық. 
Солғын  қоңыр  өрнектелген  киізбен  жабылған  көшпенділер 
үйінде  ағаш  керегесі  мен  уығы  жұқа  мата  жолағымен  керілген. 
Қабырғадағы  киіз  бен  мата  қоржындар,  сырмақтар  мен 
текеметтер, кілемдер, түсті сандықтардың әр түрлі жапқыштары, 
өрнекпен әшекейленген  былғары  құтылары, ағаштағы оюлары – 
осының  барлығын  киіз  үйдің  қоңыр  салқын    көлеңкесінен 
кездестіруге болады. Барлық жерде өрнек.   Ол тұрмыспен, халық 
өміріндегі әрбір оқиғамен тығыз  байланысты. Жас жұбайлардың 
отауына  ірі  өрнектері  бар  сырмақтар  ілініп,  ою-өрнектердің 
құбылуы  бүтін  үйдің  ішін  түрлендіріп  жіберді.  Өрнек  тек  қана 
үйді,  оның  ішкі  жайын  ғана  емес,  адамдардың  киімдерін  де 
әшекейлейді.  Әйелдердің  бас  киіміндегі  (сәукеле)  кескінді  күміс 
тәжілер өрнектелген кестемен үйлесімін тауыпты. 
       Өрнектер әлемінің әр тұсында шынайылық бейнелерін, нақты 
заттардың  нышанын  табасыз.  «Кілемдердегі  қайталанып  келетін 
сәндік 
өрнектердің 
қосарланған 
ырғағында, 
былғары 
құтылардағы 
безендірілген 
көріністерде, 
қоңыр 
түспен 
өрнектелген  тоқылған  алашаларда,  сілемденген  зергерлік 
бұйымдарда  көшпелілердің  халық  шаруашылық  қиялымен 
өңделген  қоршаған  шынайы  әлемін  көруге  болады.  Ол 
өрнектерде  өзінше  әуен  үндестігін  тапқан»  [55],  –  деген 
суреттемеде  суретшінің  тақырып,  сюжет  және  форма  ізденістері 
үшін  керемет  ойлар  жатқан  жоқ  па?  Бұл  жай  келтіре  салған 
жолдар  емес.  Егер  осы  көрініске  сол  күйінде назар аударып, 
тереңнен қарастыратын болсақ, ұлттық өнердің өлмейтіні хақ.  
      Жалпы  айтқанда,  бейнелеу  өнерінің  өткеніне  зер  салып, 
қазіргі таңдағы көрінісіне талдау жасасақ және оның болашағына 
көз  жүгіртер  болсақ,  осы  бейнелеу  өнерінде  қалыптасқан  өзіміз 

 
 
55 
білетін 
классикалық 
пікір 
мен 
қазақтың 
дәстүрлі 
шығармашылығы  және  осы  шығармашылық  негізінде  пайда 
болған дәстүрлі халық өнері  туындыларының өзіндік табиғатын, 
бейнелеу  өнері  мен  дәстүрлі  өнер  арасындағы  ұқсастықтар  мен 
айырмашылықтарды,  олардың  өзара  әсерлері  мен  жүйелі  даму 
заңдылықтарын ескеруіміз керек.  
      Ол  үшін  біз,  бір  жағынан,  бейнелеу  өнерінің  бір  аймағын 
қамтитын  заңдылықтарға  назар  аударамыз.  Оның  реализм 
шеңберіндегі  көріністері  мен  даму  тарихында  орын  алған 
көркемдік,  стильдік,  жалпы  халықтық  сипаттағы  бет-бейнесін 
анықтап алуға тиіспіз.  
      Осы  айтылған  мәселенің  екінші  жағы  бейнелеу  өнерінің 
жалпы  халықтық  қасиеті  мен  бірге  оның  ұлттық  ерекшелігі 
болатыны  даусыз.  Ал,  ұлттық  сипаттың  қалыптасуы  –  өнердегі 
күрделі құбылыс.  
      Қазақстан  суретшілері  мен  қол  өнері  шеберлерінің  әр 
кезеңдегі  түрлі  дүниетанымдық  тәжірибе  мен  көркемдік  түйсіну 
дәрежесінде  пайда  болған  өнер  шығармаларына  теориялық 
талдаулар  жасаған  уақытта  бейнелеу  өнерінің  сан  қилы  тылсым 
сырларына  үңілгеніміз  жөн.  Оған  себеп  қазір  бейнелеу  өнеріне 
және  қол  өнеріне  көзқарас  күн  санап  өзгеруде.  Пластикалы, 
кеңістіктік  әсемдік  сипатына  қарай  заңды  түрде  қол  өнері 
бейнелеу өнерінің бір саласы болып есептеледі.  
       Бұл живопись, графика және мүсін өнерінің бейнелеу саласы 
жағынан  шындыққа  жақындық  қасиеттерін,  яғни  сурет  өнерінің 
нақтылы  нұсқаны  дәл  бейнелеу  мүмкіндігіне  ие  екендігін  баса 
айтып, оған екпінділік жасаған мен, егер суретші сомдаған бейне 
рационалды,  иррационалды  және  интуитивті  ақыл-оймен, 
адамның санасымен және сезімімен байланысты десек, халықтық 
дәстүрлі  шығармашылық,  соның  ішінде  қол  өнері,  ою-өрнек 
мүмкіндіктері  бейнелеу  өнері  міндеттерін  атқаратыны  сөзсіз. 
Дегенмен  дәстүрлі  өнер  –  ғасырлар  бойы  сұрыпталып, 
нақышталып,  тұрақты  белгілері  қалыптасқан  өнер.  Біз  оның 
дәстүрлі  мәдениетін  тұтас  қарастыра  отырып,  геобиологиялық, 
әлеуметтік  жағдайлардың,  діни-мифологиялық  көзқарастың, 
оның  тарихи-табиғи қалыптасуында шешуші рөл атқарғандығын, 
сөйтіп  оның  тұрақты  белгілері  осы  жағдайларға  байланысты 
қалыптасқандығын  айтуымыз  керек.  Мұнда  сәулет  және  қол 
өнері  бұйымдарының  өзіндік  көркемдік  пішіні,    ою-өрнектіктің 

 
 
56 
түзілімі  мен  пластикасы,  бояу  түсіне  деген  қатынасы,  ауыз 
әдебиетінің  көркемдік  ерекшелігі  мен  ондағы  кеңістіктің 
мифологиялық 
тұжырымдамасы 
біртұтас 
дүниетанымдық 
түсінікке,  салт-жораға,  философиялық  категорияларға,  тіршілік 
болмысына  бағынған.  Яғни  дәстүрлі  өнер  шығармаларының 
өзіндік келбеті тұрақты белгілермен анықталады. Оның табиғаты 
реалистік, яғни бейнелеу үлгілерінен мүлдем бөлек.  
      Дәстүрлі  өнердің  реалистік  бейнелеу  өнерінен  негізгі 
айырмашылығы  халықтық  өнерде  көп  жағдайларда  тұрақты 
көркемөнер белгілері, яғни рәмізді белгілер қалыптасқан. Өзіндік 
канондық  заңдылықтардан  тұратын  тұрақты  белгілерде  нақтылы 
нәрсенің  бейнелері  болмайды.  «Рәмізді  бейне  жеке  нәрселерді 
бейнелемейтін, құбылыс категорияларын анықтайды» [56, 223 б.].  
Бейнелеу өнері  – көркем образ жасау барысында суретшінің 
бейнелеуші және айқындаушы құрал-тәсілдерді (бояу түсі, жағыс 
ерекшелігі,  сызық,  штрих,  фактура,  композициялық  кеңістіктің 
құрылым  т.б.)  пайдалана  отырып,  жеке  өзіне  ғана  тән  қолтаңба 
сапасымен сөйлесу, яғни эмоционалды мазмұндық мәнді жеткізе 
білу әдісі.  
       Әрине, әр шығармаға нақты тілдік талдау жасау мүмкін емес. 
Себебі  шығармашылық  көздері  субъективті  бастаулардан  нәр 
алады. Суретші Әбдірашид Сыдыханов айтқандай, «өнер ақылдан 
емес,  жүректен  жаратылады»  [57,  183  б.].  Оның  үстіне 
мұсылмандық  дүниетанымда  адам  жаратушы  емес,  керісінше 
адамды да, бүкіл әлемді де жаратқан – жалғыз Алла.   
       Б. Байжігітов Мұхаммед пайғамбардың мына сөздеріне назар 
аударады:  «Алла  көрікті  және  сұлулықты  ұнатады».  Дегенмен 
оның  сұлулығын  көзбен  көруге  мүмкіндік  жоқ.  Оны  санамен, 
ақылмен,  сезіммен,  көңілмен  түйсіне  аламыз.  Сондықтан  да 
мұсылмандық  түсінікте  өнерді  ақиқатты  шын  суретке  және 
санмен  анықталатын  жалған  суретке  бөледі.  Санамен 
анықталатын  сурет  өтпелі  көңіл  күймен  байланысты.  Ал  оның 
ақиқаттық қасиеті санамен, ақылмен бағаланады. «Жүрегіңе сүңгі 
де  түбін  көзде;  Сонан  тапқан  –  шын  асыл,  тастай  көрме»,  –  деп 
Абай  айтпақшы,  суретші  сыртқы  көрініспен  шектеле  алмайды   
[58, 140-141 бб.].  
      Суретші  және  суретші  жасап  шығарған  бейнені  бағалайтын 
көрерменнің еншісіне субъекті бастаулардың танымы тиеді екен. 

 
 
57 
Соған байланысты өнер индивидуальді сипат алады. Субъективті 
өнерге берілетін баға да субъективті.  
       Халықтың  дәстүрлі  өнердің  тұрақты  белгілерін  меңгеру  осы 
кезеңдегі  талап-тілектерге  арналған  қол  өнері  бұйымдарының 
көркем  шешімдеріндегі  архитектоникалық  және  стильдік 
сипаттарынан да көрінеді.  
      Өнер  субъективті  бастаулардан  тұрғанмен  ол  ақиқатты 
шындықты  игеру  барысында  өзінің  тұрақты  белгілерін 
қалыптастырады.  Осы  тұрақты  көркемдік  қасиеттерді  меңгеру 
қазіргі  таңдағы  қол  өнері  шеберлері  үшін  ғана  емес,  суретшілер 
алдындағы да айналып өте алмайтын міндет. 
      Бұл  жағдайда  суретшілер  халықтық  бұйымдардың  сырт 
ерекшелігіне  еліктесе  дұрыс  болмаған  болар  еді.  Сондықтан  біз 
халықтың  шығармашылықтың  ішкі  динамикасын  айқындайтын 
мынандай белгілеріне назар аударар едік:  
        –  қазақтың  дәстүрлі  өнеріндегі  кеңістік  –  шексіз  кеңістік. 
Рәмізді  белгілерде  көрініс  тапқан  жаратылыстың  масштабы 
бейнесінде күшті энергиялық серпіліс бар. Ондағы формалар бір-
бірінің заңды жалғасы болып табылатын үйлесімді гармония мен 
эмоция, ой-сананың белсенді рөлі арқылы қозғалысқа түседі;  
        –    қазақтың  дәстүрлі  өнерінде  мелодрама  жоқ.  Астарлы  ой 
философиялық сипаттағы категорияларға бағынған;  
        –  халықтық  өнердің  өн  бойында  қалыптасқан  кеңістік 
құрылымы  бейнелеу  өнері  үшін  пластикалық  көркем  тіл 
ізденістеріне негіз бола алады;  
       –  дәстүрлі  халықтық  шығармашылықта  өмір  заңдылықтары 
үлкен масштабтарда ғарыштық биіктіктерден қарастырылғандай.                                                    
      Бейнелеу  өнерінде  дәстүрлі  өнердің  тұрақты  канондық 
заңдылықтары 
бұзылғанмен 
халықтық 
өнердің 
керемет 
динамикалық 
ішкі 
энергиясы, 
үндестігі, 
философиялық              
ой-тәжірибесі реалистік өнер үшін де маңызды.  
       Қазақ дәстүрлі шығармашылығында форманың, бояу түсінің, 
материалдық  т.т.  терең  мазмұндық  мәнге  ие  болуы  немесе 
суретшілердің  оларды  сауатты  пайдалана  білуі  арқылы 
композицияның  астарлы  мағынасын,  айтылатын  ойдың  идеясын 
күшейту көркем шығарманың табиғи сипатын арттыра түседі.  
        «1985  жылғы  сәуірдің  самалымен  келген  қоғамдық  өмірдегі 
қайта  құру  өнер  адамдарына  біршама  шығармашылық  еркіндік 
әпергендігі  белгілі.  Шығармашылық  бостандық  суретшілердің 

 
 
58 
бәрін қуанта қоймады. Себебі ол бостандыққа суретшілердің көбі 
рухани  да,  мәдени  деңгейі  жағынан  да  дайын  емес  еді.  Кейбір 
суретшілер  пластикалық  ізденістерде  арзанқолды  тәсілмен 
сыртқы  әдемілікке,  жалған  шындыққа  ұмтылды.  Мұндай 
суретшілер  ұлттық  сезімді  саудаға  салып,  дайындығы  төмен 
көрермендерді  өзіне  тартуға  тырысты.  Дегенмен  дәстүрлі 
дүниетанымды,  тарихты,  халықтық  философиялық  түсінікті 
терең  меңгерген  суретшілердің  шығармашылық  ізденістерінде 
ұлттық қолтаңба халықтық дәстүрлі болмыспен ұласып, тереңдей 
түсті.  Оған  Қ.Кәметов,  М.Әлин,  Ә.Маданов,  Б.Бәпішов, 
Қ.Хайруллин  композициялары  мысал  бола  алады.  Әсіресе, 
Ә.Сыдыхановтың,  А.Ақанаевтың  кейінгі  кездегі  ізденістерінде 
олардың  өмірден  түйген  мол  тәжірибелері  көрінеді.  Халықтың 
кешегісі  мен  бүгінгі  өміріне,  оның  рухани  болмысына  терең 
үңіліп, ішкі интуициялық композициялар құрастырылады.  
      Бұл  кезең  суретшілерін  қызықтыратын  ортақ  проблема 
философия,  әдебиет,  әлемдік  мәдениет  жан-жақты  терең  білім, 
санаткерлік,  қазіргі  болып  жатқан  құбылыстарды  халықтың 
өткенімен  байланыстыру.  Бейнелеу  өнерінің    құрал-тәсілдері,  
бояу  түсі,  ырғақ,  бет-бедер,  архитектоника  –  форма  міндеттерін 
атқарып,  осы  форманың  мағыналық  мәнге,  мазмұнға  айналуы 
«оқиғаны  емес,  құбылысты,  кездейсоқтықтық  емес,  заңдылықты                        
(Д. Сарабьянов) қамтуға көмектеседі» [59, 88-89  бб.].  
Этномәдени  өзіндік  бірегейлену  тұрақты    түрдегі  сананың 
концептеріне  түсіндірме  беру    арқылы  жүзеге  асуда.  Дәстүрлі 
құндылықтар  кешені  қазіргі  кезеңдерге  тән  ерекшеліктермен 
игерілуде, солардың бірі-ежелгі тамырлар, архаика, ұлттық өмірді 
түсінудің  бастауы,  ал  екіншісі  өнердегі  дәстүрлік  түсінікті 
өзгертуді және жүзеге асыртуды кеңейту болып табылады.  
      Қазақстанның  қазіргі  кезеңдік  өнерінің  біріктіруші  белгісі 
болып,  оның  архетиптік  бастауларымен  айналысуы  жатады. 
Қазіргі  суретшілер  қазақтың  рухани  мәдениетін  ежелгі 
космогондық  түркі  мәдениетінің  бастауларымен  байланыстырып 
қайтадан  дүниеге  әкелуде,  әсіресе,  әлем  кіндігі,  әлемді 
вертикальды    түрде    үш    бөлікке:  жоғарғы,  орталық  және 
төменгіге  бөліп,  оның  семантикалық  жүйесінің  ежелгі  кодына, 
белгісі мен элементтеріне тереңдейді.  
      Дәстүрлі    әлемге    деген    көзқарас  координаттық  жүйеге 
айналды. Бұл жерде суретшілер өздерінің әлемге, табиғатқа, адам 

 
 
59 
мен  қоғамға  деген  ойларын  бейнеледі  және  ХХ  ғасырдағы 
Қазақстандық  өнер  өз  тілін  іздейді.  1980  жылдардың  ортасынан 
бастап  «темір  шымылдырықтың»  құлауына  байланысты 
Қазақстанның  бейнелеу  өнері  «рұхсат  етілмейтін»  идеяларды 
пайдалана бастады. Шекаралары одан сайын кеңейіп, бұрынғыға 
қарағанда  қазақстандық  шығармашылық  идеясының  өзіндік 
идентификациясы  басты  рөлге  ие  болып  отыр.  Сонымен  бірге 
жаңа түрлерді, осы нақыштарды, үрдістер мен бағыттарды игеру 
қарқынды түрде асып отыр. Ұлттық мәдениеттің дамуының жаңа 
сатысында  өзіндік  мұрагерлікті  иемденген  мәдени  сананың 
дәстүрлі  өмірге  деген  түсінік  жүйесінің  қайта  сезінуі  жүріп 
жатыр.  
      Суреттеудің  сюжеті  мен  затынан  тәуелсіз,  өлім  мен  өмір 
арасындағы  қатынасқа  тіреліп,  болмысқа  қатысты  нақты 
сұрақтарына деген суретшілердің  қызығушылығы  бұны көрсетіп 
отыр.  
      Руханилық-дәстүрлі    халықтың    көзқарасына  бағытталу 
Қазақстан  бейнелеу  өнерінде  әр  түрлі    ерекшеліктер  мен 
келбеттер  арқылы  көрініс  табады.  Өнерде  жаралы  тақырыптар 
пайда  болды  және  бекітілді,  сана  артетипінің  ерекшеліктері 
көрінді, өзіндік бейнелеу поэтикалық тілі қалыптасты.  
      Бейнелеу  өнерінің  «жаңа  түрлері»    классикалық  объектерге 
және  киіз  үй,  дала,  жайлау,  халық  мерекесі  және  басқа 
этнографиялық сәттерге қызығушылық танытты.  
      Қазақтың  бейнелеуіндегі  әрбір  кезеңге  осы  тақырыптар 
формасы  түсініктерінде  пайдаланылды.  Ұлттық  мәдени  өзіндік 
сезінуде  мамандану  жасына  сай  өнерге  араласуы  дұрыс. 
Қазақстанның  қазіргі  өнерінің  айқын  мысалы  ретінде  «Қызыл 
трактор»  тобының  шығармашылығын  келтіруге  болады.  Бүгінгі 
ситуацияны  олардың  өнерге  деген  көзқарасынан  көруге  болады. 
Оның  рәсімдік  мағынасы  нақтыланады.  Әлемге  деген 
көзқарастан,  діни  және  рухани  контекстен  біздің  аймақ  артта 
қалуда,  әсіресе    «табынған  икондарға  қарсылық»  үрдісіне 
қатысты екенін айтуға болады.  
      Еуразиялық  кеңістіктің  осы  кезеңінің  басымдылығы  оның 
абстрактілі тілінде, рухани идеясында, анықталған заңдылықтары 
мен 
мағынасында, 
материалдығында, 
руханилықтан  
материалдықтың    тәуелділігі    адам    әлемінің  барлық  таным 
баспалдақтарында мифологиядағыдай, дәстүрлі көзқарастағыдай, 

 
 
60 
діндегідей (Тәңірліктен исламға дейінгі абстрактілі категориялар 
мен  құдайылықтың  көрінуінің  басым  болуы),  сонымен  қатар 
символикалыққа  шарттылыққа,  белгілікке  Қазақстан  өнеріндегі 
әр түрлі дискретті қабаттардан басым орын беріледі.  
 
Қазақстан  мен  Орталық  Азиялық  аймақтық  өнеріне  бұл 
үдеріс  ғасырдың    рухани  сабағын  игеруге  әсер  етпей  қоймайды. 
Сонымен қатар, дәстүрлік  этно-ұлттық көзқарастық негізге қайту 
жүзеге асырылды. 
      Өткен  жолыңды  қорытындылау,  жете  түсіну  және  бағалауға 
деген  ұмтылыс  әр  саналы  тұлғаға  тән.  Сондықтан,  адамның  осы 
қасиеті оның ұлттық рухани түсінігінің жалпылама үдерістерін де 
анықтайды. Өнердің  көркемдік  кейіпкерлеріне дүниетанымының 
қандай 
идеялары, 
сезімдері 
мен 
принциптері 
жүзеге 
асырылатынын  түсінуге  бағытталған  ұмтылыс,  әсіресе  дәуірлер 
тоғысында,  мәдениет  кезеңдері  алмасар  сәттерде  ерекше  орын 
алады. Сол себепті XXІ ғасырдың табалдырығын аттар сәтте, біз 
өткен  XX  ғасырдың  90-шы  жылдары  Қазақстанның  көркем 
өнеріне  не  әкелгені,  оған  біздің  қандай  үлесіміздің  бар  екендігі 
туралы  ойланбай  тұра  алмаймыз.  Өткен  жүзжылдықта  түрлі 
инновациялармен  қатар  дербес  мәдени  феномен  ретінде  кәсіби 
көркемөнер мен мүсін өнерінің ұлттық мектебі қалыптасты және 
өмірден өз орнын тапты. 
Әр  тарихи  дәуірдің  ғажайып  көріністерін  сақтаған  қазақ 
халқының  көркемөнерлік  ғарышы  XX  ғасырда  әр  қырынан 
көрінудің  жаңа  мүмкіндіктеріне  ие  болды.  20-30  жылдары 
Қазақстандағы кәсіби бейнелеу өнерінің дамуының негізгі тірегі, 
республика  үшін  жаңа.  Еуропадан  келген  ақсүйектік  станокты 
мүсін  өнері  мен  майлы  бояумен  кенепке  сурет  салудың 
техникасы, технологиясы, әдістері болды. Көркемөнер мектебінің 
аяқтан  тұруының  негізгі  жетістігі  өнердің  сырттан  келген 
түрлерінен  дербес,  ұлттық  мәдениеттің  рухани  ұясына  біртіндеп 
қайта оралуы, толығуы арқылы  90-шы  жылдары  сана-сезімнің 
ұлттық типіне пара-пара көркемөнер тілін құру болды. 
Мәдениетіміздің,  бір  қырынан  алғанда  таныс,  ал  сонымен 
қатар үнемі болжалуы мүмкін емес жағдайы – күрделі араласулар 
мен  өзара  әсерлердің,  бастан  кешірген  қиысулар  мен 
түйісулердің, сонымен қатар көркемөнер мен мүсін өнері түрінде 
көрініс  беретін  ұлттық  сезіміміздің  нәтижесі.  Адам  мен  оны 
қоршаған  орта  арасындағы  нәзік  және  рухани  үйлесімділікті, 

 
 
61 
қазақ  ұлтының  табиғат-анамен,  соның  нәтижесінде  әлеммен 
біртұтастығын,  туыстығын  көрсетуге  бағытталған,  ұмтылысын, 
адамның 
рухани 
және 
ішкі 
дүниесін 
білуге 
деген 
қызығушылығын,  мәңгіліктің  бір  буыны    –  қас  қағым  сәттің 
әдемілігіне,  құндылығына  сүйсіну,  жалпыға  белгілі  жүйеге 
ерекше  жолмен  ену  және  дүниетанымның  басқа  да  қырларын 
суреттеу  –  міне  осылар,  қазақ  суретшілерінің  еңбектерінен 
байқалатын  рухани  әдет-ғұрыптық  көріністер.  Республикадағы 
бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен ішкі 
қыр-сыры,  ұлттың  мәдени  әдет-ғұрпымен  үйлескен,  тұрмыстың 
жанданған,  дүние  тірегі  болатын  табиғат  пен  үйлесімділігін 
қалыптастыру  және  адамның  шығармашылық  жігерін  нығайту 
болды. 
Түрлі  жағынан  көріне  отырып,  осы  дүниетанымдық 
принциптер  дамудың  бүгінгі  күнгі  сатысында  да  бейне  өнерінің 
негізгі  тірегі  болып  отыр  және  сол  арқылы  қазақтың  бейнелеу 
өнерін  жалпы  дүниежүзілік  мәдени  кеңістікке  үйлесімді  түрде 
енгізуде.  Осыған  орай,  бүгінгі  күні  бейнелеу  және  мүсін  өнері 
қандай  нысандар  мен  ерекшеліктерге  ие  болады  деген  сұрақ 
туады?  Оның  сарқылмас  потенциалы  қандай  суретшілердің 
шығармашылығынан  қандай  ағымдардың  пайда  болуынан  көре 
аламыз? Ата-бабаларымыздан қалған, ғасырлар бойы шындалған  
қандай мұралармен байланысады, бүгінгі күні ұлттық суретшілер 
мектебі кәсіби толысудың қай дәрежесіне жете алады? 
Мәдениет  әлеуметтік  және  саяси  оқиғаларға  тікелей  және 
дәлме-дәл 
тәуелді 
болмағанымен, 
қоғамдық 
сананың 
нысандарының бірі болып табылады. Көркемсуретті нысандар өз 

1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал