Н. С. Тілеуханов



жүктеу 5.04 Kb.

бет3/9
Дата09.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

алғашқы байланыс болып табылады. 
       Бұл үштік ара қатынас, онда мағына пайда болатын немесе ол 
мағына  кеңістігіне  дамитын,  матрицаны  құрастырады.  Ымдау 
әлдебір 
әлеуметтік 
әрекеттің 
нәтижеленуін 
білдіреді, 
нәтижеленуде  оған  деген  осы  индивидтің  бұл  әрекетімен 
қамтылғандардың  белгілі  бір  үн  қатуы  бар;  ендеше,  мағына  үн 
қату  терминдерінде  беріледі  немесе  тұжырымдалады.  Егер  тек 
қашанда  имплицитті  болмаса  да,  мағына  имплицитті,  оларға  ол 
жіберетін және олардан дамып шығатын, әлеуметтік әрекеттің әр 
түрлі  фазаларының  ортасында  ол  ара  қатынасты  ұйғарылады. 
Және 
оның 
дамуы 
рәміздену 
терминдерінде 
адамдық 
эволюциялық деңгейде жүзеге асады. 
      Рәміздеу,  егер  де  онда  рәмізделу  жүретін,  әлеуметтік 
қатынастардың кең мәтіні болмаса, олар бар бола алмайтын және 
олар  осыған  дейін  құрастырылмаған,  объектілерді  құрастырады. 
Олар алдын-ала көз алдымызда болатын, әлдебір жағдаят немесе 
әлдебір  объектіні  тіл  тек  жай  ғана  рәміздеп  қоймайды,  ол  бұл 
жағдаяттың  немесе  бұл  объектінің  өмір  сүруін  немесе  пайда 
болуын  мүмкін  етеді.  Өйткені  ол,  онда  бұл  жағдаят  немесе  бұл 
объект  тек  жасалынатын,  сол  тетіктің  бөлігі  болып  табылады. 
Әлеуметтік  үрдіс  бір  индивидтің  үн  қатуын  басқаның 
ымдауларымен соңғының мағынасы сапасында ара қатыстырады 
және,  ендеше,  осы  әлеуметтік  жағдайдағы  жаңа  объектілердің  – 

 
 
31 
осы  мағыналардан  тәуелді  немесе  олармен  құрастырылатын, 
объектілердің  пайда  болуы  мен  өмір  сүруінің  шарты  болып 
табылады. Мағына, мәнісінде, тек ментальді, тәжірибе аймағынан 
тыс өмір сүретін немесе өмір сүруіне қолдау көрсетіп отыратын, 
оған    олар    тек    кейін    ғана    ене  алатын,  сананың  әлдебір  күйі 
немесе ұйымдасқан қатынастардың әлдебір жиынтығы сапасында 
түсінілмеуі  қажет.  Керісінше,  оны  объективті  түсіну  керек,  оны 
осы  аймақтың  ішіне  толық  және  тұтас  орналастыру  қажет.  Кез 
келген  бұл  әлеуметтік  әрекеттегі  бір  организмнің  басқаның 
ымдауына  үн  қатуы  осы  ымдаудың  мағынасы  болып  табылады, 
ал  сонымен  бірге  –  белгілі  бір  мағынада,  оған  бұл  ымдау  осы 
әрекеттің  нәтижесі  арқылы  (ол  оның  ерте  фазасы  болып 
табылатын)  көрсететін,  жаңа  объектінің  немесе  ескі  объектінің 
жаңа  мазмұнының  шартына  жатады.  Өйткені,  қайталайық, 
шынайы  мағынасында  объектілер,  онымен  адамдық  тәжірибе 
қамтылған,  бұл  үрдіске  қатысатын  және  оны  қолдайтын, 
индивидуалдық  организмдердің  әрекеттерінің  өзара  бейімділігі 
және  коммуникациясы  құралымен,  әлеуметтік  үрдіс  шектерінде 
құрастырылады.  Қорғану  позициясында  соққыны  қайтару  оны 
аңғару  болғаны  сияқты,  дәл  солай  әлеуметтік  әрекеттегі  бір 
организмнің  басқаның  ымдауына  бейімделуші  үн  қатуы  бұл 
организммен  осы  ымдауды  түсіну  болып  табылады  –  ол  бұл 
ымдаудың мағынасына жатады. 
       Бейнелеу  өнеріндегі  негізгі  тұлғалар  яғни,  біріншісі 
«суретші»  болса,  екіншісі  сол  суретшінің  көркем  шығармада 
туындаған  қызықты  да    әсем  дүниелерін  тамашалап,  одан  үлкен 
әсер алушы «көрермен». Бұл жөнінде        С.М.Даниэль өз ойын 
былайша  түйіндейді:  «Картина  (суреттер  көрінісі)  және  оның 
көрермені  – тарихи егіздер, бір уақытта жарық көрген. Бұл және 
түсінікті:  қажеттілік  белгілі  қоғамға  картиналық  жауабы  ретінде 
пайда  болады  әрі  болған  оқиғаны  қай  уақытта  және  өнер 
туындыларының 
аяқталуын 
алдын-ала 
өзіне 
қабылдау. 
Сондықтан  «живопись»  картинаны  тек  қана  көрермендер  үшін 
ғана  жасап  шығармайды,  көрермен  картина  үшін  қажет»            
[23, 221 б.]. 
      Б.М.Неменский  көрерменге  қатысты  өз  ойын  былайша 
түсіндіреді:  «Әр  туынды  –  бұл  тек  қана  жеке  қадам  емес,  жеке 
ашылу,  жеке  сәттіліктер  немесе  сәтсіздіктер  өйткені  барлық 
ұрпаққа,  өз  уақытында,  өзін  танытатын  қадам.  Мұнда  кішкене 

 
 
32 
жаңалық  болса  да,  қоғам  үшін  анағұрлым  қымбат!  Өнер 
туындысын  өмірге  алып  келуші  үшін  ең  маңыздысы,  көрермен 
оның  шығармасына  көз  жүгіртіп  өте  шықпай  көңіл  аударып, 
өзінің  ішкі  жан  дүниесіне  жаңалық  ретінде  қабылдау  керек. 
Автор  (суретші)  өзінің  шығармасын  көрерменнің  қабылдауынан 
туындаған  ойлардан  кейін  өзін-өзі  тексеріп  отыруы  қажет. 
Әйтпесе  өнердің  ең  басты  жасаушысы  –  халықтың  жан 
дүниесімен санасып, өзінің бүкіл болмысымен жақсы қасиеттерін 
саналы  түрде  тәрбиелеп  жетілдірмесе,  ондай  суретшілер  өз 
әріптестері ортасында өзімен-өзі тұйықталып  қалуы  мүмкін. Бұл 
жағдайда  оның  шығармашылығы  өзі  өмір  сүріп  жатқан  ортада 
ұштасуы екіталай»  [24, 192 б.]. 
      Көзге  ұрып  көрініп  тұрған  мәдениеттен  басқа  әдейілеп 
қарамасаң,  көріне  бермейтін,  бірақ  ұлыстың,  халықтың  рухани 
байлығының негізі болып табылатын, оның табиғи таралымымен 
бірге өрілген мінез-құлық, түсінік, өмір құбылыстарын көркемдік 
жолмен  танып,  одан  бейне,  сурет  жасауға  дейін  баратын  қасиет 
ерекшеліктер мәдени болмыстың көзін анықтайды.  
      Дала  адамының  нанымына  байланысты  оның    аспан  мен 
әсерге, Күн мен Айға табынған қалып-кейпіне байланысты туған 
рухани  қасиеттер  терең  зерттеу-талдауды  қажет  етеді. 
Мәдениеттің  қалыптасуы  туралы  айтқанда,  мұндай    субъект 
жаралымына  тән  жайларға  бармай  болмайды.  Өмірге,  табиғатқа 
көзқарасы,  оны  түсініп-білуі  әрқилы  құбылыстарды  көркемдік 
жолмен тануы әрі сонан өнерлік, суреттік пайымдар жасауы әрбір 
қауым  адамының  абстракциялық  ойлау  қабілетін  білдіретін 
нышандар. Бұған қарап, сол халықтың мәдени сипатын аңғаруға 
болады.  Яғни,  тіршілік,  іс-әрекет  барысында    белгілі    адамдар,  
ұлыстар  мәдениет  ұшқындарын  туғызса,  кейін  сол  ұшқын-
жұрнақтардан  ол  халықтың  өз  портреті  көрінбек.  Сонымен, 
мәдениет дегеніміз адамның    жан-тәнімен бірге созылған, оның 
табиғи жаратылысынан шығатын  көрініс. 
 
         
        
1.2. Қазақ көркемөнеріндегі бейнелеудің рөлі
 
 
    
 
   
Рухани    мәдениетіміздің  зерттелу  тарихын  дәл  мына 
уақыттан  басталды  деп  басып  айту  қиын.  Халықтық  мәдениет 
қаншалықты  көне  болса,  оның  зерттелу  тарихы  да  соншалықты 

 
 
33 
тереңге  таратады.  Сол  сияқты  рухани  мұрамыздың  жиналу, 
саралану, насихатталуы да тереңге тамыр созады.
 
      Мәдениет  –  қоғамның  өмір  сүруінің  қозғаушы  күші. 
Қазақстанның  мемлекеттік  басшысы  Н.Назарбаев:  «...бүгінгі 
таңда  біздің  төл  мәдениетіміздің  міндеттерін  өзіміз  айқындай 
алатын  мүмкіндігіміз  бар. Оны  шешу мәдени санаткерлеріміздің  
еншісінде    екенін    атап  көрсетті.  Қазақ  мәдениетінің  үш  мың 
жылдық  тарихы  ұрпақтарға  жалғастық  пен  сабақтастық  арқылы 
жетіп  отыр.  Мәдениеттің  басты  таратушылары  болған  көшпенді 
ата-бабаларымыз  рухани    қазынаны    ең    биік  құндылыққа  қоя 
алғандықтан  және  өздері  сол  рухани  құндылықты  бойына 
жинақтай  да  білді.  Қазіргі  бізге  жеткен  ұлттық    салт-дәстүріміз 
бен  әдет-ғұрыптардың  қайсысын  алып  қарасақ  та,  осыны 
аңғарамыз.  Кешеге  дейін  өткеніміз  бен  бүгінгіміз  жалғастырған 
нәзік  жіп  үзілмей,    ұрпақ  пен  ұрпақты  байланыстырып  келеді. 
Сәби  кезімізден  анамыздың  әлдиі  мен  әжеміздің  ертегісін 
тыңдадық.  Демек,  ұрпақтар  сабақтастығы  үзілген  жоқ. 
Мәдениетіміз  тірі,  оған  серпін  мен  ырғақ  керек.  Ғасырлар  бойы 
екшеленген  мұраларды  бір  сәтте  естен  шығармаған  абзал»        
[25, 12-13 бб.], –  деген.  
       Қазақ  халқының ежелден қалыптасқан, түп-тамыры тереңнен 
тартылған  тума  төл  мәдениеті  бар,  ол  мәдениеттің  өзіндік  даму 
жолы,  талай  ғасырлар  бойғы  өз  тарихы  бар.  Олай  деуіміздің 
себебі,  қазақ  деген  ел  жер  бетіндегі  ең  ежелгі  елдердің  бірі. 
Жеріміз қандай көне болса, халқымыз да сондай көне. Сонау ерте 
заманда-ақ  өзіне  тән  мәдениеті,  әлемдік  келісіммен  тығыз  
байланыса 
дамыған 
қоғамы, 
өзіндік 
жазбасы, 
ерекше 
экономикасы,  салт-дәстүрі,  өнері,    сан-салалы  тіршілігі  өркен 
жайған.  Шығысы  мен  батысы  Азия  континентінің    Еуропамен  
шектесетін  тұсынан  бастап  Қытай  шекарасына  дейін,  оңтүстігі 
мен  солтүстігі  Хантәңірі  тауларынан  бастап  Солтүстік  Мұзды 
мұхиттың  бергі  жағындағы  Сібір  тоғайларына  дейін  жарты 
жаһанды алып жатқан  қазақ елі ешқашан да дүниежүзілік тарих 
сахнасынан түсіп көрген емес. Осынау орасан зор кең байтақ Ұлы 
Даланы  мекендеген  қазақ  халқы  өзінің  екі  жағындағы  екі 
державаның  оқымысты  зиялыларының  назарын  үнемі  аударып 
келген, әлі де аударуда.   
 
 
 
 
 
 
 
Қазақ  халқының  ескі  заман  дәуірінен  сөнбес  мұра  болып, 
ұрпақтан-  ұрпаққа,  әкеден  балаға  сабақтасып,  ұзақ  жылдар 

 
 
34 
өзіндік  тарихымен  елімізді  бүкіл  әлемге  мәдени    қол    өнерімен  
танытып  келген өшпес өнер кейінгі уақытта да танытпақ. 
      Қазақ  халқы  мол  байлығымен  республика  жерінде  ескіден 
қалыптасқан  көне  мәдениеттің  тікелей  мұрагері  және  сол 
дәстүрді, салтты өркендетуші, әрі қарай жаңғыртып, байытушы.  
      Көне  дәуірден  қазіргі  заманға  дейінгі  адамзат  мәдениетінің 
дамуын қарастыратын  болсақ,  мәдениеттер арасындағы қарым-
қатынастың,  сұхбаттың  үзілмей  келе  жатқанын  көреміз.  Белгілі 
ғалым  Л.Н.Гумилев  көшпелілер  жайында  былай  дейді:  «Біздің 
дәуірге  дейінгі  І  ғасырдағы  көшпенділер  мәдениеті  ерекше 
дараланды.  Оның  үстіне  ол  ХVІІІ-ХІХ  ғ.  көшпелілер 
мәдениетінен    көп  жоғары  болған»  [26,  42  б.].  Осы  ой  
Т.Х.Ғабитов  еңбегінде  де  құпталады:  «Біз  көшпелілер 
мәдениеттің  жауы,  қирату  көшпелілердің  стихиясы  болды  деген 
сыңар пікірге қосыла алмаймыз» [27, 22 б.]. 
 
Көшпелілер    мәдениетінсіз  адамзат  мәдениеті  толымсыз 
болар еді, сонымен өткен мәдени мұраны игеріп, басқа халықтың 
мәдени  жетістіктерін  бойына  сіңіріп,  рухани  құндылықтарды 
жасауға қабілетті мәдениет қана болашақтан үміт күте алады.  
       Қазақ халқының көркем мәдениеті көне ғасырлардан бастама 
алады,  осыған  орай  мәдениеттің  тарихи  қозғалысын,  тілдік 
заңдылықтарын  біліп-танудың    мәні    артып    отыр.  Бұл 
талаптарды іске асыруда, өткен дәуірдің рухани мұрасын тарихи-
философиялық  тұрғыда  қарастыру  қажет.  Белгілі  философ 
А.Х.Қасымжанов  айтқандай,  «қайта  жаңару  уақыты  туды,  ол 
рухани  тамырларымызды  зерттемей,  ұғынбай  іске  асуы  мүмкін 
емес.  Іздену,  ұғыну,  өткенге  құрметпен  қарау  бұл  –  халықтың 
іштей  түлеп,  өзін-өзі  тану  жолына  түсуі,  өркениетті  қоғамдағы 
озық  халықтың  қатарына  терезесі  тең  қатарға  қосылуы. 
Халықтың  тарихи  мұрасының  өрлеуі  ұлттық  сана  сезімінің  өсу 
үрдісінің    негізгі  бөлігі  болып  табылады.  Мұнсыз  халық 
тәуелділігі дегеніміз сөз болып қала бермек» [28, 301 б.]. 
       Халық  арасында  көне  мәдениет  сырттан  келген  мәдениеттер 
ықпалымен  жаңарып,  толыққан  үстіне  толыға  түсті.  Өйткені 
қазақ  халқының  көркем  тіршілігінде    ғасырлар  барысында  
көптеген  өзгерістер  болды.  Сырттан  келген  мәдени  үлгілерді 
халық  өз  өмір  тіршілігіне  байланысты  өзгерткен.  ХІХ  ғ.  2-ші 
жартысы мен ХХ ғ. басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері ең 
жоғарғы даму баспалдағына көтеріліп, өмірде өз орнын ала білді. 

 
 
35 
Қазіргі  таңда  біздің  пікірімізше,  қазақ  қолөнерін  жан-жақты 
этнографиялық  тұрғыда  зерттеудің  ғылым  үшін  де,  өмірлік 
тәжірибе  үшін  де  маңызы  өте  зор.  Академик  Ә.Марғұланның 
айтуынша,  «Қазақтың  қолөнері  жалпы  қазақ  мұраларының  даму 
жолындағы,  мәдениеттің  ішіндегі  негізгі  бір  саласы.  Біздің 
ойымызша,  бүгінгі  күн  талабы  –  ұлттық  көркем  мәдениетті 
зерттеу,  танып  білу.  Ұлттық  мәдениеттің  бір  саласы  қолөнер, 
яғни  ою-өрнек  болғандықтан,  қолөнер  шеберлерінің  дәстүрлі 
талабын да жан-жақты зерттеу болашақ жастардың ісі. Қолөнер – 
баға    жетпес,  өшпес  мұра.  Оны    қорғай  да,  қолдай  да  білуіміз 
керек»,- дейді [29].    
      Қолөнер 
тілі 
қазақ 
үйінде 
де 
көрініс 
табады.                                                                                                          
Киіз  үй    жасайтын  ағаштарды  үйшілер  көктемнен  әзірлеп,  бір 
жыл  бойы  көлеңке  жерде  сақтап,  кептірген.  Киіз  үй  сүйегінің 
жасалуы  көптеген  еңбекті  талап  етеді.  Киіз  үйдің  үлкен-кішілігі 
кереге қанаттарына  сәйкес болады.      ХІХ ғ. 2-ші жартысы мен 
ХХ ғ. басында тараған киіз үйлердің түрлері  4-12 қанатқа    дейін 
кездескен. 
Академик 
Ә.Марғұланның 
зерттеулерінде                  
«18-30 қанатты үйлер болған»,- дейді [30, 112-116 бб.]. 
       Қазақ    даласында  ершілер  өнері  жоғары  бағаланды,  талапты 
іскер  ершілерді  қолдан-қолға  тигізбеді.  Ерлерге,  әйелдерге 
арналған ер болды. Әйелге арналған ер өзінің сәнділігімен көзге 
түсті.  Әйел  ерінің  сүйегі  ауыр,  әшекейі  мол  болды.  Әйел  ер-
тұрман  жабдықтары  (тоқым,  үзеңгі,  жүген,  айыл)  түгел  бір  ғана 
ершінің  қолынан  шыққан.  Әйел  ерін  әшекейлеуде  кең  тараған 
тағы  бір  түрі  –  оймалы  өрнек.  Ол  үшін  темір  әшекейлердің 
ортасынан  әр  түрлі  өрнектерді  немесе  өрнекті  ойып  тастап, 
қалған  жеріне  күміс  істейді.  Еркектердің  ерлерінің  сүйегі  жұқа 
және  ықшам  болды,  жеңіл  ағаш  ісіне  көп  көңіл  бөлінеді.  Күміс 
әшекейлері тым шағын, бірақ әдемі. 
       «Қазақтардың  өнері  дамыған  сайын,  тынысы  кеңейіп,  өнер 
түрлері  Қазақстанның  барлық  жерлерінде  түгелдей  өрістеді.  Әр 
өңірдегі  өнердің  қалыптасып,    дамуына  көрші  халықтардың 
ықпалы зор болды» [31]. 
       «Ата-бабамыздың  қолөнер  мұраларын  жақсарту  –  қазіргі 
заман  шеберлерінің  ісі,  халықтың  ертедегі  істері  жарасымды 
жалғасын тапса, өнер дамыған үстіне дами береді» [32, 20-27 бб.]. 
       Қазақ көркемөнері туындылары бұрынғы Кеңес Одағында да 
жоғары бағаланып келді. Мәскеуде өтіп тұратын қазақ өнері мен 

 
 
36 
әдебиетінің      он  күндіктері  «алтын  кемер  белге  сән,  асыл  жиһаз 
елге  сән»  деген  даналығының  растығын  паш  етті.  Қала 
жұртшылығы  қазақтың  қолөнер  шеберлері  жасаған  заттардың 
мыңнан 
аса 
экспонаттарын 
көргенде 
қайран 
қалған. 
Қазақстандық    Қ.Көшкенова,    Н.Сарымбаева,  Ш.Мұстафин, 
халық оюшысы Ғ.Иляев және басқа көптеген халық шеберлерінің 
ою-өрнектеп жасаған бұйымдары аса жоғары бағаланды.  
       Қазақ  көркемөнер  тілінің  негізі,  мамандар  зерттеуінше,    сақ-
сарматтық өнер дәуірі. Көп мағыналы мотивтерден «мүйіз» және 
«өсулі өнерді» бөліп анықтау қажет. Авторлар олардың тарихын 
скиф  дәуірінен  бастап  зерттеген.  Артығырақ  айтқанда,  сақ  оюы 
мен  суретшінің  форма  құруы,  бұл  заманда  онша  белгілі  емес 
арнаулы  далалық  және  көшпелілік  рәміздік  анықтама  болды. 
Бірақ  та  оның  негізгі  сатысы  базистік  каркас  ою  жүйесі.  Белгілі 
мәдениеттанушы  Ә.Малаевтың  пікірінше,  ою-өрнекті  көне 
адамның уақыт және кеңістік, өмір мен өлім, ғарыш және ондағы 
өзінің орны жайлы түсінігін айна-қатесіз бейнелейтін ерекше тіл 
деуге болады. Бұл тіл мазмұнға және оның өзін дара жүйе ретінде 
қалыптастыратын  барлық  қасеитке  ие:  мұнда  синтаксис  те, 
грамматика  да,  лексико-семантикалық  және  тіпті  десеңіз 
бөлінбейтін  қарапайым  бөлшектер  қабаты  –  фонетикалық  қабат 
та  бар.  Өрнектің  бұлдыр  тілін,  елдің  бәріне  таныс  көркем 
суреттің түсінікті тіліне аудару қажет. Осы тұрғыдан алғанда біз 
мысал  етіп  отырған  Пазырық  кілемі  көркемсурет  пен  өрнектің 
ортасынан  орын  алған  «қостілділіктің»  тамаша  үлгісі  болып 
табылады.  «Билингва»  –  біреуі  бізге  белгілі  екі  тілде  жазылған 
мәтін. Әңгіменің не жайында екенін біліп отыратын болсақ, онда 
білгеніміз  бен  білмегенімізді  салыстыра  отырып,  «басқа»  тілдің 
құрылысының заңдары мен қағидаларын да шырамытуға болады. 
Дәл  осы  жердегі  «басқа»  тіл  –  ол  ою-өрнек.  Мұның  бастауы 
ертеректегі  көптеген  оюлардың  жеке  дәлелі.  Бұған  петроглиф 
және  керамика,    Қазақстанның  қоласы  жатады  [33,  263-265  бб.]. 
Соңғы жылдары Қазақстан этнографы  М.Мұқановтың «Қазақтың 
үйі  суреттеу»  және  «Қазақтың  киіз  үйі»  атты  еңбектерінде 
қолөнердің рәміздік тіліне терең түсіндерме берілген.  
       Қолөнердің  3  тобы,  яғни  оюдың  3  түрі  –  б.д.д.  сақ  өнерінде, 
түркі  заманында  және  Қазақ  хандығы  дәуірінде  бейнелеу 
өнерінің  арнаулы  тілдік  жүйесін  құрады.  Қолөнердің  алғашқы 
түрі өте көнеде пайда болған. Ол өзінің қарапайым геометриялық 

 
 
37 
элемент  пен  мотивтер  құрылысымен  айрықшаланады.  Ол  түзу 
және  қисық  сызықтардан,  қарапайым  геометриялық  фигура, 
күрделі  емес  комбинациялардан  құралған,  тас  заманында  пайда 
болған.  Жеке  элементтер  мен  мотивтер  бірінің  үстіне  бірі 
қосылып,  қола  дәуірінен  бастап,  осы  уақытқа  дейінгі  қолөнерді 
құрайды. Алғашқы ою түріне сызықтар, вертикалды және қисық 
параллельді  сызық  белбеуі,  үшбұрыш,  ромб,  квадрат,  шеврон, 
шандра, крестер мен әртүрлі белгілер жатады.  
       Екінші  қолөнер  түрі,  яғни  түркілердің  сәндік  өнері  көптеген 
мыңжылдықтарды  қамтиды.  Ол  І  мыңжылдықтар  ортасынан  б.з. 
VІІ-VІІІ  ғ.ғ.  жатқанымен  кейбір  элементтері  пен  мотивтері  өте 
көне, тіпті тас ғасырына жатады. Бұл түр нақты белгілері арқылы 
бөлініп алынған, оның мағынасы мынада: қисық сызықты форма 
мен  түйіншіктелген  немесе  аяғы        шиыршық  (спираль)  тәрізді 
бұралған,  жазық  және  бір  қалыпты  ою  мотивтері  мен 
композицияда.  Оның  шыққан  элементі  мен  симметрия  түріне 
бағыңқы.  
       Бұның  негізгі  органикалық  форма  әлемі  –  өсімдіктер  мен 
зооморфтылар  бәрі  бір  құрылысты  заңға  бағынады.  Жалпы 
құрылыс  композициясы  өзара  сызу  элементтерімен  өте  жақын 
болған, кейде өсімдік пен зооморфтыны ажырату қиынға соғады. 
Бұл  топқа  өте  көне  шиыршық  (спираль)  тәрізді,  розетка, 
дөңгелектерді  де жатқызамыз.  
       Үшінші 
қолөнер 
түріне 
күрделі 
геометриялық 
конфигурациялар мен көпжақты бұрыштар, сатылы ромб, жұлдыз 
тәрізді фигуралар, күрделі крест формаларды енгізуге болады. 
       Қазақтың  қолөнер  жүйесін  осындай  ою  түрлері  құрайды. 
Қазақ оюлары толық жүйе құрайды. Өз кезегінде ою құрылысын 
құрау  қосалқы  бөлім  өте  күрделі  кеңістік  ансамбліне  құралады. 
Әр түрдегі ою мотивтері мен композициясы қазақы сәндік өнері 
де  шешімін  табуда  көптеген  әр  түрлі  типтер  және  симметрия 
шекті сандар элементін қолданады.  
       Қола 
дәуірінде 
Қазақстанға 
жақын 
шығыс 
елдері 
өркениетінің  көптеген  мәдениетінің  әсер  етуінен  ою  жүйесі 
қалыптаса  түсті.  Оның  негізгі  мотивтері  мен  қолданылуы, 
жазықтықты ұйымдастыру, табиғи және органикалық бөлігі қазақ 
оюын қалыптастырды.  
       Қазақ  «өнер  алды  –  қызыл  тіл»  дейді.  Дегенмен  сурет  өнері 
осы  тілден  бұрын  пайда  болған  тәрізді.  Өйткені  сонау  тас 

 
 
38 
ғасырынан  қалған  таңбалы  тастарда      ою-өрнектер  арқылы  адам 
баласы  тым  ерте-ақ  өз  ойын  суретпен  жеткізуге  талпынған 
көрінеді [34, 121-122 бб.]. 
      Сонау 
алғашқы  қауымдық  құрылыс  кезінде  үңгірді 
мекендеген  адамдар  өздерінің  тірлігін  сурет  арқылы  баяндап, 
үңгір  қабырғаларына  қашап  салған  екен.  Бұл  туралы 
археологиялық    деректер  мен  ғылыми  еңбектерде  көрсетілген. 
Одан бері келетін болсақ, б.д.д. V-ІІІ  ғ.  сақ  дәуіріндегі Пазырық 
қорғандарынан  табылған  ою-өрнектер  қазіргі  біздің  ою-
өрнектерден айна қатесі жоқ дүниелер. Сондықтан біздің тегіміз 
тым әріде жатқандығын, тіпті ұлт болып қалыптаспай тұрғанның 
өзінде ою-өрнектің тілі қазіргі біздің ою-өрнектің тілімен бірдей 
болып  тұрғандығы.  Соған  қарап,  бейнелеу  өнерінің  тарихы  тіл 
өнері  қалыптаспай  тұрғаннан  да  бұрын  басталғаны  байқалады. 
Күні кеше Берел қорғанынан табылған зергерлік алтын бұйымдар 
қазақ халқының материалдық байлығының негізі екендігінде дау 
жоқ.  Ондағы  аң  стилімен  жасалған  бұйымдарға  қарап,  зергерлік 
өнердің тым ерте дамып, биік шеберлікке жеткендігіне ғалымдар 
қауымы  көз  жеткізіп  отыр  [35,  14  б.].  Сондай-ақ  Жетісудан, 
Шілікті  жазығындағы  обалардан  табылған  Алтын  адамдардың 
бойындағы  әшекейлер  тым  биік  талғам,  асқан  шеберлікпен 
орындалуы, тіпті бүгінгі зергерлердің қолынан келе бермейтіндей 
[36, 147-149 бб.]. 
       Бір ғана киіз үйді алып қарасақ, қандай даналық пен шеберлік 
ұштасқан  көркем  дүниені  көреміз.  Осы  киіз  үйде  біздің  ұлттық 
салт-дәстүріміз біте қайнап дамыды. Өнерге тұнып тұрған киіз үй 
формасының өзі де ғажап. Ол мына жер бетін күмбездене қоршап 
тұрған  аспан  әлемі  секілді  әсер  береді.  Үй  ішіндегі  басқұр, 
тұскиіз,  жиhаз,  ыдыс-аяқ  атаулы  ою-өрнекпен  әшекейленген. 
Табиғат  пен ғарыш арасындағы үйлесімділікті танып білген ата-
бабамыздың даналығы мен эстетикалық талғамының күштілігіне 
қайран  қаламыз.  Қазақ  халқы  ислам  дінін  қабылдағанға  дейін 
табиғатқа,  Тәңірге  табынып,  сеніп  келген  уақыттың  ізін,  әсерін 
осынау қолөнер бұйымдарынан көруге болады. Көшпенділік өмір 
салт  табиғатпен  тіл  табысып,  оның  құпия  сырларына  терең  мән 
беруге үйретті. 
       Қазақ халқының көшпелілік кезеңде бар байлығы алдындағы 
малы  болғандықтан,  оның  тұрмысы  мен  қолданыстағы  заттары  
сол  малдың  терісі,  жүні,  сүйегінен  алып  жасалынды.  Қымбат 

 
 
39 
тастармен,  алтын-күміспен  безендіріліп,  әшекейленді.  Бұл 
жағынан  алғанда  халқымыздың  қолы  жеткен  көркемдік 
дүниелерінің  сапасы  мен  сәндігі,  жасалу  технологиясы 
академиялық деңгейге көтерілген. 
       Халықтың қолөнерінде әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң 
аулауға,  мал  өсіруге  және  егіншілікке  қажетті  құрал-жабдықтар 
да  кіреді.  Қолөнерде  көңілге  қонымды  мәнерлер  мен  ондаған 
қолданылған әдістер сәулет өнерінде кеңінен қолданылып келеді. 
Ертеден  біздің  заманымызға  дейін  сақталған  мазарлар  мен 
ескерткіштердегі, діни әртүрлі құрылыстардың қабырғалары мен 
мұнараларындағы  сәнді  ою-өрнектер,  ағаштан  қиюлап,  тастан 
қашалып  жасалған  діңгектер  –  халық  өнерінің  тамаша 
туындылары. 
       Халықтың  қолөнері  мен  ою-өрнек  тілінің  шығармашылығын 
ғылыми  негізде  арнайы  жекелеп  зерттеу  ісі  басталғалы  100 
жылдан астам уақыт өтті. Бұл іс ең алдымен біздің Отанымыздың 
ғалымдары,  олармен  қатар  Батыс  Еуропа  мен  Америка 
ғалымдары  да  кезінде  қызыға  кірісті.  ХІХ  ғасырдың  басынан 
бастап-ақ  халықтың  қолөнері  туралы  байыпты  зерттеулер  мен 
кітаптар  шығарылды.  Мысалы,  австриялық  ғалым  В.Куррердің, 
советтік  ғалым  С.В.Ивановтың,  В.В.Стасовтың,  Ф.К.Волковтың, 
С.А.Давыдовтың, 
Н.Ф.Сумцовтың, 
А.А.Боголюбовтың, 
В.Чепелевтың, 
А.Н.Бернштамның, 
Э.Масановтың, 
М.Мұқановтың және тағы басқаларының зерттеу материалдарын 
айтса  да  жеткілікті.  Бұлар  өздерінің  еңбектерінде  ою-өрнектің 
түрлері,  тілі,  атаулары,  шығу  тарихы  туралы  көптеген  құнды 
деректерді  келтіреді.  Аталмыш  зерттеушілердің  көпшілігі, 
әсіресе  шығыс  халықтырының  ою-өрнектеріндегі  айшықтардың, 
мүйізге,  жапыраққа,  геометриялық  тұлғаларға  ұқсас  сынық 
сызықтар, қатар сызықтар, дөңгелек және бұрышты сызықтар (үш 
бұрыш,  төрт  бұрыш,  ромб  тәрізді  өрнектер)  т.б.  қайдан  шықты 
екен  дей  келіп,  біреулері  кәдімгі  геометриялық  пішіндес 
құрылыстардан  шықса  керек  десе,  кейбіреулері    жан-
жануарлардың  ішкі-тысқы  көріністерінен,  сүйек  бітімдерінен 
шықса  керек  десті.  Тағы  біреулер  өсімдіктердің  әр  түрлі 
көріністерінен  (мысалы,  сынып  жатқан  ши,  ағаш  бұталардың, 
сүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш көріністерінен) шықса керек 
деседі.  Ал  енді  біреулер  геометриялық  түрлердің  шыға  бастауы 
өрнек  жасаушылардың  өнерлерінің  өрістей  түсуіне  байланысты, 

 
 
40 
олардың  ойлап,  қиялдауынан  туған  дейді  [37].  Демек    ою-
өрнектердің    шығу  тарихы  олардың  сюжеттік  мазмұны  мен 
атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді. 
 
Қазақтың  ою-өрнектерінің  түрлері  де,  атаулары  да  көп.  Біз 
сол  ою-өрнектердің  200  шамалы  түрлерімен  жұртшылықты 
кеңірек  таныстырып  және  және  ою-өрнектердің  кейбір  заттық 
ұғымдарын еске салып, олардың кейінгі жастар үшін де түсінікті 
болу жағын қарастырдық. 
      Ғасырлар  бойы  ұрпақтан-ұрпаққа,  бір  шебердің  ұсталық, 
іскерлік  мәнерінен  екінші  біреуге  үнемі  ауысып  отырғандықтан 
осы  күні  кейбір  облыстардағы  қошқар  мүйіз  өрнегі  бастапқы 
бейнесінен  өзгеріп  кеткен.  «Ырғақ»,  «сағат  бау»,  «түйе  табан», 
«жүрекше»,  «қаз  табан»  деп  аталатын  әдемі  өрнектер  де  кейбір 
облыс  шеберлерінің  орындауында  олпы-солпы  шығып  жүр. 
Ертеден  келе  жатқан  халықтық  мұраны  екшеп,  тазартуды 
ойласақ, ең алдымен осындай бұрмалаушылықтан арылтып, оны 
әдемілігіне  жеткізе  жаңа  түр,  жаңа  мазмұн  бере  дамытуымыз 
керек. 
      Қазақтың  ұлттық  ою-өрнектерінің  түпкі  негізін  іздестіру 
ісінде   Т.К.Бәсеновтің «Орнамент Казахстана в архитектуре» [38] 
деген еңбегі көптеген құнды материалдарға толы. Кітапта халық 
ою-өрнек  өнерінің  шығуы,  оның  қандай  ұғымда  туып,  қалай 
дамығандығы, ерте кездегі қауымдардың мекендестігі, кәсібі мен 
әдет-ғұрпы жайында өте толық айтылған. 
Автор ою-өрнек элементтерінің даму тарихын көрсете келіп, 
олард    түр-түрге  ажыратады.  Мысалы,  «арқар  мүйіз»,  «қырық 
мүйіз»,  «сыңар  мүйіз»,  «қармақ»,  «ырғақ»,  «қошқар  мүйіз», 
«күлте», «жапырақ», «гүл» т.б. 
Т.Бәсеновтің  осы  еңбегінде  [38]  сәулеттік  өрнектер  де 
көрсетілген. Омардың, Айшабибінің мазарларындағы өрнектер  – 
өз  заманында  жасалған  сәулет  өнеріндегі  асқан  шеберліктің 
тамаша үлгісі. Сонымен қатар ауыз әдебиетінде сақталып келген 
өлең-жырларда,  археологиялық  қазындыларда,  ескі  кітаптардың 
мұқабаларында,  тарауларында  және  бөлім  аралықтарында 
кездесетін  өрнектер  мен  суреттер,  жұлдызшалар  мен  айшықтар, 
батырлардың  қару-жарақтарында  кездесетін  кейбір  жеке 
белгілер,  таңбалар,  әшекей  әріптер  де  халықтық  тарихи, 
этнографиялық  мұралар.  Мұндай  халықтың          ою-өрнектердің 
ішінде,  олардың  экспозиция  құрамында  әр  түрлі  ендер  мен 

 
 
41 
таңбалардың,  ру  таңбаларының  элементтері  жиі  ұшырайды. 
Осыларды  егжей-тегжейлі  зерттей  келіп  қазақтың  ұлттық  ою-
өрнегі  таңбалық  ұғым  негізінде  туған  деген  қорытындының 
дұрыс екеніне көз жеткізуге әбден болады. 
       Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлер екіге бөліп 
қарайды.  Біріншісі,  қазақ  халқының  өзіне  тән  ертеден  келе 
жатқан  ұлттық  оюлары.  Екіншісі,  басқа  халықтардан  ауысқан 
жаңа, интернационалдық ою-өрнектер. Біздіңше бұл топшылау да 
орынды  сияқты.  Шынында  да  осы  күнгі  көп  жапырақты  гүлдер 
мен  геометриялық өрнектер, жазу-сызуды бейнелеген өрнектеу, 
крестеп  тігу  әдісі,  өрнектеп  шәлтер  тоқу,  өрнектеп  тескен  үлгі 
бойынша торлай тігіп әсемдеу сияқты қолөнердің көптеген жақсы 
үлгілері  Қазан    революциясынан  кейінгі  халықтар  араласуының 
нәтижесінде  ғана  сіңісіп,  қазақтың  ою-өрнек  өнерін  байыта 
түскендігі  белгілі.  Сонымен  қатар  қазақ    халқының    әлеуметтік 
салт-санасы  өсіп,  мәдени-тұрмыс  дәрежесі,  дүниеге  көзқарасы, 
ойлау, ұғыну қабілеті де бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде 
дамыды.  Осындай  тарихи  өзгерістің  нәтижесінде  халық 
шеберлерінің  шығармашылық ізденуі мен қабілеті де шыңдалып 
жетілді. 
       Қазақ  халқында  басқа  халықтар  сияқты  өзіндік,  ұлттық 
мәдениет, сәндік ою-өрнек өнері бар. Ою-өрнекті киім-кешек пен, 
қыздар  киетін  камзол,  тақия,  ер-тұрман,  белбеу,  кілем,  текемет, 
білезік,  шашбау,  сәукелеге  т.б.  қолданған.  Бұл  аталғандардың 
бәріне  қазақтың  ұлттық  оюлары  салынып,  белбеу,  ер,  жүген, 
құйысқанды  күміспен  өрнектеген.  Бұл  өрнектерде  қазақтың 
дүниетанымы өнер арқылы бейнеленген.  
       Қ.Нұрланова: «Қазақ өнеріндегі ерекшелік – ол түрлі киінуге, 
үй  ішін  безендіруге,  кілемді  ашық  түсті  бояулармен  әсемдеуге 
ұмтылуы. Қазақтың ою-өрнектерінен табиғатқа, қоршаған ортаға, 
жан-жануарларға,  күнделікті  қолданылып    жүрген    құрал-
саймандарға    еліктеу  байқалады.  Оюлар  сол  кездегі  адамдардың 
қару-жарағын,  қылышын  бейнелеген»,-  деп  тұжырымдайды       
[39, 5-12 бб.]. 
       Шеберлер  іске  кірісіп,  төселе  келе,  өздерінің  көрген  ою 
үлгілерін  жатқа  жасап,  оюға  өз  бетімен  жаңа  түрлер  енгізу 
дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп  атаған. 
Оюшылықты өз дәуірінде суретшілік өнеріндей күрделі өнер деп 
санады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан оюшылар болды.  

 
 
42 
       Р.Ордабаев: «Қазақтар  өздері  жасаған  ою-өрнектің  атауын  
таба білген. Осы атауларды олар өз тіршілігіне лайықты қолдана 
түскен. 
Әрбір 
тарихи 
кезең 
өзіндік 
ою-өрнектермен 
ерекшеленген. 
Ескіден 
келе 
жатқан 
мешіт 
күмбез                         
ою-өрнексіз  жүзеге  аспаған.  Қазақ  ою-өрнегінің  табиғаты  халық 
өнерінің  тарихын,  өмір  тіршілігінің  сұлулығын  және  әсемдігін 
айқындайды» [40, 5-6 бб.]. 
       «Қолөнер – өте ертеден келе жатырған өнер саласы. Әсіресе, 
оған қазақ халқы  көп  көңіл  аударады. Әр түрлі  сәнді бұйымдар, 
асыл тастардан жасалған қымбат заттар әлгі шеберлер қалдырған 
халықтық мұра болып табылады» [41].    
      Түркілік  қолөнердің  Қазақстан  топырағында  сонша  ерте 
заманнан-ақ  болғандығы  туралы  Ә.Малаев  нақтылы  деректер 
келтіреді.  Оның  сараптауынша,  көне  түркілік  қолөнер 
туындыларындағы  ат  үстінде  және  аттан  түсіп  тұрған  адамдар 
бейнеленген  бордюрдан  біз  кері  –  оңнан  солға  бағытталған 
қозғалысқа  куә  боламыз.  Жауыр  болған  қағида  болса  да  айта 
кетейік – бұл бордюрлерде адамды жерлеуге бара жатқан қаралы 
шеру бейнеленген. Түркілес халықтардың жерлеу  рәсімдеріндегі 
архаикалық көне сипаттардан он тоғызыншы ғасырдың ортасына 
дейін  келгенін  байқаймыз.  Өлген  адамның  аты  тұлданып, 
құйрық-жалы  күзеледі  де,  үйірге  жіберіледі.  Бір  жыл  бойы  оған 
ешкім мінбейді. Бұл ат марқұмның жылына сойылады. Пазырық 
кілемнің  орталық  элементіне  қайтып  келейік.  Егер  бұл  гүл 
болмаса  –  не  болғаны?  Оның  мән-мағынасы  не?  Осы  жерде 
деміңізді  тартып  кідіріс  жасағаныңыз  жөн  –  себебі,  әңгіме  жер 
шарын  мекендеген  барлық  дерлік  халықтардың  ою-өрнек 
жүйесінде  түрлі  кейіпте  көрініс  тапқан  ең  таңғажайып  элемент 
жайында  болмақ.  Кей  жағдайда  оп-оңай  гүл  кейпіне  кіргенмен 
бұл – гүл емес. Бұл ұлы денесі аслан тектес, бірақ қанаты мен құс 
тұмысығы бар «италақаз»  [33, 346-352 бб.]. 
       Қолөнер  шеберлері  өрнектеліп  болған  заттарды  әдемілеу 
үшін  оны  түрлі  қағазбен,  шұғамен,  мақтамен,  жұмсақ  матамен 
ысқылап,  жылтыратады.  Сақина,  білезік,  сырға  сияқты 
бұйымдарды  қазақ  зергерлері  осындай  әдіспен  жасады. 
Білезіктерге келсек, қос білезік, бес білезік, жұмыр білезік, орама 
білезік деген тағы басқа түрлері бар. Сақина мен балдақ саусаққа 
салынады.  Сақиналар  әшекейлер  мәнеріне  қарай,  көздерінің 
бейнелеріне  қарай  да  әртүрлі  аталады.  Мысалы,  тасты  сақина, 

 
 
43 
моншақты сақина, құсмұрын сақина, бұрамалы сақина т.б. болып 
бөлінеді. Сақина  көздеріне теңбіл  тас, су тас, көк  тас, құлпырма 
тас,  гауһар  тас  және  ақ  тасты  пайдаланған.  Кейде  зергерлер 
қырланып,  боялған  моншақ  шыныларды  да  сақина  көздеріне 
отырғызады.  
       Шолпы – әйел әшекейінің ішінде сәнді әрі күрделілердің бірі. 
Қазақ  даласында  оның  түрлері  өте  көп.  Шолпыны  сән  әшекейі 
ретінде  және  оның  салмағының  әсерінен  шаш  ұзын  болып  өседі 
деп  таққан.  Мұны  байлықтың,  баршылықтың  белгісі  деп 
есептеген.  Шолпының  жалпыға  бірдей  ел  арасында  көп  тараған 
түрлері  қоңыраулы,  қозалы,  қосүзбелі,  сағат  баулы,  маржанды, 
шаш теңге т.б. 
       Шашқапты  бойжеткен  қыздар  мен  жас  келіншектер 
шаштарына киетін болған. Оны қыз-келіншектер жүн сабау, киіз 
басу,  ши  тарту,  мал  сауу  жұмыстарына  араласқан  кезде  киетін 
болған.  Шашқап  көк,  жасыл,  қызыл,  қара  түсті  мақпалдардан 
жасалады. Оның оң жақ бетіндегі мақпалдың айнала шеті, екі жақ 
басы  алтын-күміспен  зерленеді.  Мақпалдың  ортасына  ою-
өрнектің ұнасымды түрін пайдаланып, ақ меруерт тізеді.  
       Зергерлік  ою-өрнектерді  қалыптастырып,  қазақтың  ұлттық 
киімдерін  безендіріп,  әшекейлеуде  қолданылады.  Зергердің  
қолынан    шыққан    киімдер  әрі  сәнді,  әрі  ықшам  болып  келеді. 
Зергерлер киімдерге әр түрлі аңдар мен гүлдердің, өсімдіктердің 
кескінін  қолданған.  Ұлттық  киімдерге  әр  түрлі  ою-өрнектерді 
пайдаланған.  Ұлттық  киімдер  қазақ  халқының  жүріс-тұрысын, 
келбетін, тәртібін көрсеткен. 
       Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, руына, әшекей тағуына, 
жер аймағына байланысты өзіндік ерекшеліктері болды. Оңтүстік 
жақта  бояу  түрі  мол  қолданылады.  Солтүстік,  Орталық    Шығыс 
Қазақстанда  сүйекпен,  күміспен,  асыл  тастармен  әсемдеу 
жағынан  өзгерістер  кездесті.  Зергерлік  қолөнер  Батыс  және 
Оңтүстік  аудандарында  кең  тараған.  Осылай  қазақ  халқының 
зергерлік тәсілдері әр түрлі сәндік-әдемілікті байқатады. 
       Сәндік  өнер  адамдарды  сұлулыққа,  әдемілікке  шақырады.                      
Сәндік-қолданбалы  өнерді  бағалап,  қастерлеп,  жан-дүниемізбен 
сезінуіміз керек. Бұл  өнер  әр жанұяда, тұрмыста сәндік ретінде 
қолданылатын қолтаңба. 
       Р.Ордабаев:  «Көркем  мәдениет  –  адамзаттың  өркениет 
сатыларымен  жоғары  көтеріліп  келе  жатырғанын  білдіреді. 

 
 
44 
Көркем-мәдени көрсеткіші неғұрлым жоғары болған сайын адам 
еркіндігі соғұрлым жоғары көтеріледі»,-  дейді  [40, 6 б.]. Көркем 
мәдениет  –  әр  халықтың  ғасырлар  бойы  қордалап,  сұрыптап, 
електен өткізіп, жинақтаған материалдық және рухани қазынасы, 
игілігі,  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрпы,  діні,  көзқарастар  жүйесі,  басқа 
халықтардан  айырмашылығы  және  өзін  әрі    қарай    өркендететін  
қайнар бұлағы. Ол адамдардың рухани өміршең барлық саласын 
қамтиды  және  көркемдік-эстетикалық  өрнектері  арқылы  өзін 
әлемге  паш етіп  отырады. Қазақ  халқының  аса бай  мәдени және 
тарихи  мұрасы  көшпелілер  өркениетінің  дүниежүзілік  тарихта 
атқарған рөлі қазақ елі егемендік алғанша жете бағаланбады. Тек 
әлемдік  құндылықтарды  мойындай  отырып,  сол  әлемдік 
мәдениетке  ұлттық  мәдениеттің  байлығын  қомақты  үлес  ретінде 
қоса аламыз. Заман өзгеріп жатса да, өнер маңызын жоймақ емес. 
Жастарымызды  бүгінгі  таңда  тек  ұлттық  өнерге,  жалпы    ұлттық  
мәдениетке  деген дұрыс көзқарасқа баулу басты міндет.  
Қазақ    даласында    көркем    оюлар  әр  түрлі  үлгіде  дамыған. 
Еліміздің  әрбір  аймағының  өзінің  стильдік  ерекшеліктері,  тілдік 
үлгілері  болған.  Соған  қарамастан,  барлық  оюлардың  бастапқы 
элементінің  негізі  –  «мүйіз»  тектес    ою-өрнек  болып  саналады. 
Қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылатын: өру, тігу, тоқу, 
құрау,  еріту,  балқыту,  қию  арқылы  үй  жиһаздарын,                        
құрал-саймандарды,  киіз  үйлерді,  зергерлік  бұйымдарды,  кілем, 
алаша,  сырмақ,  терме  алаша,  қоржын,  ыдыс-аяқтарды,  киім-
кешектерді  ою-өрнектермен  әшекейлеп,  безендіріп  отырған. 
Оның  үстіне  бұйымды  көркемдеуде  әрбір  жануар  мен  аңның, 
құстың  бойындағы  қасиеттеріне  қарай  тақырыптық  мағынасы, 
композициясы,  симметриясы  мен  ассиметриясы,  колориты  мен 
ритмі, сондай-ақ оған арналған философиялық мәні де байқалуы 
тиіс. 
Композиция  –  латынның  көркем  суретті  бір  заттың  бетіне 
реттеп  орналастыру  деген  сөзі.  Мысалы,  ою-өрнек  кесеге 
салынатын  болса,  ол  үлкен  де,  кіші  де  болмай,  асқан  дәлдікпен 
жарасым  табу  керек,  сол  себепті  қолөнер  шебері  салынатын   
бұйымның      бетіндегі      жазықтықтың      мөлшерін      өлшеп    алу  
керек.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    
«Қазақ    қолөнеріндегі    ою-өрнектің      ұлттық      мәдениетте   
алатын   орнының    ерекше себебі, ол тек қазақ халқына тән өнер
оның  болмысы  атадан  балаға        мирас  болып      келе      жатырған   

 
 
45 
өзіндік   ұлттық    рухани  құндылық»   [42, 54 б.].        
      Қазақ  этносына  тән  ұлттық  ерекшеліктерді  айқындайтын 
көркем 
туындылардан, 
суретшілердің 
қол 
таңбасынан 
философиялық  ой-толғанысы  мен  мазмұндық  мәнін  іздейміз. 
Өйткені,  өнер  –  эстетикалық  қана  емес,  танымдық  құрал. 
Дүниетаным  –  қазақ  этносының  эстетикалық  түйсіну,  мәдени-
рухани 
дүниесіндегі 
айрықша 
құбылыстарының 
бірі. 
Мәдениеттің  ұйтқысы  болып  саналатын  түйсіну  жүйесі  ұлттық 
мәдениетті зерттеушілердің тарапынан жан-жақты қарастырылып 
келеді. Бейнелеу өнерінде, сезген кісі көнелік рухани болмыстың 
ғана  емес,  жаңа  құндылықтар  мен  соны  ізденістердің  де  өзіндік 
таңбасын көре алады.  
      Соңғы  он  жыл  төңірегінде  өнер  авангардтық  стильдің 
негізінде  туындаған  дәстүрлік  элементтерге  толы.  Бүгінгі  өнер 
дін,  мифология,  номадизмді  дәріптеуші,  сопылық  бағыт, 
супрематизм  желістері,  панк  романтикалық  немесе  санадағы 
таңбалар бағытында өріс алған.  
       Зерттеуші А.Ғ.Сейтимов атап өткендей, «ХХ ғасыр бейнелеу 
өнері  тілі  бағыттары  мен  ағымдарына  толы  болды.  Мысалы: 
«экспрессионизм»,  «кубизм»,  «футуризм»,  «абстракционизм», 
«дадаизм»,  «сюрреализм»,  «жаңа  заттық»,  «риджионализм», 
«поп-арт», 
«оп-арт», 
«тот-арт», 
«неоконструктивтік», 
«кинематикалық өнер», «қиялдық реализм», «кеңістік живописі» 
және «концептуальдық өнер».

1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал