Н. С. Тілеуханов



жүктеу 5.04 Kb.

бет2/9
Дата09.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

абстрактілі 
тілдің 
мынадай 
ерекшеліктерін  атап  өтуге  болады:  геометриялық  немесе 
сюрреалистік  дәстүрлеріне  қарама-қарсы  мазмұнда  олар 
әрқашанда фигуративтік бағыттылықпен ерекшеленеді. Бұл арада 
ғалымдар  мен  әлдеқашан  аңғырт  фигуративтіліктен  асып  түскен 
авангардтың  шебер  өнері  арасында  және  бойына  өзінің 
«соншалықты  дамыған    түрге  жатпайтын»    түр-үлгісі  бойынша 

 
 
19 
емес,    керісінше  күшті  идеологиялық  мазмұнды    сіңірген  
халықтық реализмнің түр-үлгілері арасында айырмашылық пайда 
болады  дейді  (дегенмен,  олардың  балалар  суреттерінен  бастап  
фрескаларға дейінгі, Ж.Ж.Руссо рухындағы кескіндемеден бастап 
халықтық  күрестің  көріністерін  сары  уайымшылдықпен 
көркемдеген кәдімгі қабықшаға дейінгі стилистикасы сан алуан). 
Не  болғанда  да,  бұл  мәдениетке  қарсы  өнер  мүлде  де 
андерграундтық  өнер  емес,  бірақ  ойластырылған,  белгілі  бір 
топтың мәдени-саяси  сана-сезіміне  арқа  сүйеген  өнер. 
      Бұл  арада  бәрі  бір  кейбір  кескіндер  әсем,  басқалары  онша 
емес  болып  көрінеді.    Жалпы  осындай  эстетикалық  өлшем 
қолданылуы  мүмкін  нәрсе,    белгілі    бір  мағынада  олардың 
әлсіздігінің  нышаны  болып  шығады.  Олар  қанша  жерден 
стихиялы, ұжымшыл, құпия бола тұрса да, өздерінің материалдық 
құралымен  және  кескіндеме  тілімен,  мейлі  ол  саяси  іс-әрекет 
мақсатында болсын, бірге түзіледі.  Бұл тұрғыдан қарастырғанда 
олар мүлде таяу уақытта декоративтік шығармалар болып қалуы 
мүмкін және бірқатары өзінің көркемдік  сипатын қызықтай келе,  
осылар сияқты ойластырылып та қойылған
      Көркем  мәдениеттегі  негізгі  коммуникация  (байланыс) 
құралы  тіл  болғандықтан,  тілге,  ауызекі  сөзге  негізделген  салт-
дәстүрлер,  мифтер,    әдет-ғұрыптар  немесе,  жалпылама  айтсақ, 
фольклор  кеңінен  дамыды  және  ұрпақтар    мирасқорлығының 
негізі де сол болып табылды. Тіл  коммуникация құралы ретінде  
адамның  шындыққа  тікелей  қатынасуын (айтуын,  естуін) қажет 
ететін  болғандықтан  да  адамдар  ұжымы  өз  ара  ұйымшыл, 
бөлінбес бірлікте болды. 
Жазу-сызудың  пайда  болуы  адамзатты  естілетін  дыбыстық 
акустикалық  кеңістіктен  көзге  көрінетін  визуалды  көрнекі 
кеңістікке итермеледі.       Ұрпақтан-ұрпаққа  ұласқан ақыл-өсиет, 
даналық  ой  жазылған  және  көзбен  көріп  оқылатын  мәтіндерге 
айналды.  Әліпбиге  дейінгі  қауымдық  қоғамда  адамның  өмірге 
бейімделген  негізгі  сезім  мүшесі  құлақ  болды.  Есту  сенумен 
пара-пар  болды.    Ендігі  жерде  негізгі  сезім    мүшесі  болып  есту 
мүшесі құлақ емес, көру мүшесі –  көз келді. 
        Тіл  тек  құрал  емес,  сонымен  бірге  адам  болмысының,  оның  
мәдениетінің  көрінісі,  өйткені  мәдениет  таңба,  яғни  тілден 
тысқары  өмір  сүре  алмайды.          Дискурс  –  тілдік  коммуникация 
түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мәдени-тілдік  

 
 
20 
контексті.  Оған  рухани-идеологиялық    мұра,  көзқарас, 
дүниетаным  кіреді.  Тар  мағынада,  дискурс  деп  қандай  да 
болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің нақты тілдік шындығын 
айтады. 
Ф.де 
Соссюрден 
бастап 
қазіргі 
француз 
постструктуралистеріне  дейінгі  постклассикалық  лингвистика  
тілді  қоғамның  барлық  мүшелеріне  ортақ,  түсінікті  константты 
(өзгермейтін)  құрылым  деп  қарастырады.  Біріншіден    тілде  бір 
нақты  нәрсені  білдіретін  белгі  және  сол  нәрсенің  өзі  бірін-бірі 
анықтайды,  екіншіден  сол  тілді  қолданатын  тілдік    ұжым  
мүшелері  үшін  тілдік  белгілердің  бәрі  бір  мағынаға  ие, 
үшіншіден,  осы  жоғарғы  айтылғандардың  нәтижесінде  тіл 
қоғамның барлық  әлеуметтік топтарына бірдей қызмет етеді. Тіл 
–  бәрімізге  ортақ,  бәріміз  осы  тілде  сөйлесеміз,  бір-бірімізді 
түсінеміз.  Өмірдегі  сөз  саптасымызға  жіті  көңіл  бөлетін  болсақ, 
онда    мынаны  байқаймыз  –  әрбір  сөз    өзінің  нақты  заттық, 
бұйымдық  мазмұнынан  басқа  көптеген  уақытша,  өзгермелі 
идеологиялық мағынаға да ие екен. 
      Рухани  болмыс  –  мағыналы  белгі,  таңба  болмысы.  Өйткені 
белгі  қашанда  «материалдық»,  «заттық»  белгі.  Белгілік 
шығармашылықтың  жемістері  –  өнер  туындысы,  ғылыми 
жұмыстар,  діни  рәміздер,  салт-дәстүрлер  және  т.б.  бәрі  адамды 
қоршаған  шынайы  әлемнің  материалдық  заттай  бөліктері. 
Олардың басқа заттардан ерекшелігі оның мағынасында, мәнінде, 
өзіндік құндылығында. 
       Жалпы  алғанда,  мәтінді  ұғыну  мәселесі  ХХ  ғасыр  
философиясындағы  өзекті  тақырыптардың  біріне  айналды  десек 
болады. Осы  мәселеге сонау   Ф Шлейермахерден, В.Дильтейден 
бастап  М.Хайдеггер,  Х.Г.Гадамер  сынды  ойшылдар  көп  көңіл 
бөліп, біраз тер төкті. Түсіну мүмкіншілігі туралы айтылған біраз 
көзқарастарды  қарастырып  өткеніміз  жөн.  В.Дильтей  өзінің 
міндетін    гуманитарлық    ілімнің  ерекшеліктерін,  немесе  сол  
В.Дильтейдің  кезіндегі  Германияда  қалыптасқан    терминология 
бойынша,  «рухани  ғылымдардың  өзіндік  ерекшеліктерін»  
түсіндіру деп білді [14, 223 б.]. 
       Адамды  түсіну  үшін  оның  дүниетанымын,  көзқарасын, 
мұраттарын,  яғни  рухани  әлемін  білу  қажет.  Ал  ол  
жаратылыстану  ғылымдары  сияқты  көзге    көрініп  тұрған  нәрсе 
емес,  сондықтан  оны  танып  білу,  зерттеудің  де  өзіндік 

 
 
21 
ерекшеліктері  бар.  Осы  тұста  бізді  қызықтыратын  ұғыну,  түсіну 
мәселесі көтеріледі. 
  
Суретшінің  дүниеге  шынайы  көзқарасынан  көркемөнер 
шығармасында  өмір  шындығын  дұрыс  көрсете  білу  қабілетінен, 
оның шеберлігінен ол қаншалықты дәрежеде  оқырманды немесе 
көрерменді  өз  көзқарасының  дұрыс  екендігіне  сендіре  алады. 
Бірақ    көрермен    де  енжар  «қабылданушы»  емес:  оның  өмірлік 
позициясына, идеялық және эстетикалық талғамына байланысты 
көрерменнің    шығарма    авторымен    ойша  пікірталасы  болады, 
келісуі  не  «күресі»  болады.  Ойда  пісіп-жетілген  шығарманы 
көркемдік  қабылдаудың  жоғары  деңгейі  мен  концептуальді 
немесе жүйелі деп атаған болар едік. 
Көркемдік  қабылдау  деңгейлері  көптеген  факторларға 
байланысты, көрерменнің, оқырманның мәдени. деңгейіне, оның 
психофизиологиялық  ерекшеліктеріне,  өмірлік  жағдайларға 
байланысты.  Белсенді  біртұтас  көркемдік  қабылдау  кітап  оқу, 
фильмді қарау, музыка тыңдау үрдістерімен барлық кезеңдерінде 
болады.  Бірінші  кезең  шығарманы,  оның  жанрын,  авторын  т.б. 
құрылымдық  жағын  тану  болып  табылады.  Келесі  кезеңде  оның 
мәніне  үңілу,  кейіпкерлер  жүйесін  тану,  суретші  идеясын 
бірте-бірте санасында қорыту жүреді. 
       Көркемдік  шығарманың  жоғары,  концептуальді  немесе 
жүйелі  сипаты  қалыптасқан  көркемдік  қабылдау  қабілетінің 
дамуына  мүмкіндік  береді.  Көркемдік    қабылдаудың    жоғары  
деңгейі    көрерменге,  оқырманға,  тыңдаушыға  суретшінің 
жаңашылдығын  көре  білуге  мүмкіндік  береді.  Творчестволық 
көркемдік  қабылдаудың  мәнін  түсіне  білу  үшін  бірнеше 
кезеңдерді  меңгере  білу  керек.  Соның  ішінде  оқырманның  не 
көрерменнің  автордың  көркемдік  ойлау  жүйесін  көре  білуі, 
сезіне  білуі  ерекше  қызығушылық  туғызады.  Біздің  пікірімізше, 
көркемдік  қабылдау  мәселесі  көлеміне,  яғни  автордың  ойы  мен 
қабылдауының өзара байланыстылығына осындай бірнеше негізгі 
аспектілер 
жатады: 
көрерменнің, 
оқырманның 
және 
тыңдаушының,  өнердің  даму  заңдылықтары  немесе  көркемдік 
ойдың  түрлерімен  өзара  қатынасы;  көркемдік  қабылдаудың 
кезеңдері;  көркемөнер  шығармасының    құрылысы  мен  оны 
қабылдаудың  арақатынасы.  Әрине,  басқа  да  маңыздылары  бар. 
Солардың  арасында  түрлі  дәуірдегі  оқырманның  өсуін 
(эволюциясын)  және  ол  эволюцияның  әдеби  дамуға  бар 

 
 
22 
жанрлардың  өзгеруіне  дейінгі,  көркемөнер  шығармасының 
бейнелеуінің,  тілінің  және  стилінің  т.б.  өзгеруіне  дейінгі  әсерін 
зерттеу ерекше қызығушылық  туғызады. Көркемдік  қабылдауды  
жан-жақты  зерттеу,  ол  зерттеу  кешенді  түрде  болғанда,  түрлі 
білім  салаларының  байланысу  нәтижесінде  жүзеге  асады. 
Философиялық  бейнелеу  теориясы  қабылдау  анықтамасының 
теориялық  негізі  болып  табылады,  психология  мен  физиология 
қабылдау  үрдісінің  өзі  мен  оның  механизмдерін  зерттеуге 
мүмкіндік береді.  
       Қазіргі  заманғы  суретші  –  тек  өзінің  отбасы,  туған  жері  мен 
мемлекеттің ғана емес, тұтас әлемнің бөлігі, бүкіл Жер шарының 
адамы,  жалпы  ғаламның  шығармашылық  нұсқасы.  Символизм, 
ишара,  астарлылық,  пішін  қозғалысын  философиялық  тұрғыда 
пайымдау,  өзін  ғарыштық  заңдылықтар  орталығында  сезіну  
сияқты    қасиеттер  бүгінгі  көркемдік  шындыққа  тән  ортақ 
белгілер  болып  есептеледі.  Бүгінгі  таңда  сонымен  қатар, 
көркемдік  идеяны  ортаның  тақырыптық  кеңістігіне  енгізу 
мәселесі  өріс  алған  секілді.  Болашақта  суретшілер  үшін  жаңа 
мүмкіндіктер немесе жаңа мәдени үрдістер ашылуы мүмкін. Оған 
мысал  ретінде  ашық  аспан  астында  –  «Таңбалы  тас» 
қойнауындағы  Э.Казарян  мүсіндерінің  көрмесін  айтуға  болады 
[15,  175  б.].  Мүсіндік    композициялар    өзіндік    түрге    еніп,  қола 
графика ретінде тарихи және табиғи ортаға жарасым тапқан. 
       Дәстүрлі  шығармашылық  мүмкіндіктері реализм  шеңберіне 
сия бермейді. Реализм  көзге көрініп тұрған нұсқаны бейнелейді, 
ал  халықтық  өнерде  таңбалар,  ою-өрнектер  мазмұндық  мәнге 
және эмоциялы сезімге ие. Жасандылық әдемілікпен, сұлулықпен 
және  сыртқы  тиімділікпен  шектеледі.      Ал  форманың    табиғи 
сипаты  өзінің  терең  мәнді  идеялық    мағынасымен  энергиялық 
серпіліске  ұштасады.  Егер  ол  ұлттық  рухани  бастаулардан 
қоректенетін болса, оның табиғи сипаты да тереңдей түседі.     
       Көркемөнер  туындылары  рәмізді  компоненттерден  тұратын 
болғандықтан  ол,  бір  жағынан,  философиялық  дүниетанымдық 
түсініктермен  байланысты.  Мұнда  әрбір  форма  –  белгі.  Ал,  ол 
белгі  болғандықтан  оның  қалыптасқан  тұрақты  мағынасы  бар. 
Мифопоэтикалық  дүниетанымда  затты,  табиғатты  олардың  
заңдылығы,  ішкі  мазмұны,  даму  жолдары  арқылы  қабылдауға, 
білуге  ұмтылмайды.  Бұл  көзқарас  бойынша,  кез-келген  зат, 

 
 
23 
құбылыс,  табиғат  –  рәміз.  Оның  мазмұны  заттың  өзінен  тыс 
жатыр.  
      Рәміз  мәселесін  кезінде  Э.Кассирер  терең  деңгейде  қойған. 
Қазіргі заманғы тілдік философия тілді зерттеудегі тірек нүктесін 
іздестіру  барысында  «ішкі  тілдік  форма»  ұғымын  алға  тартады. 
Бұл  біздің  ойымызша,  діндегі,  мифтегі,  өнердегі,  ғылыми 
танымдағы және оны анықтауға ұмтылу секілді осыған ұқсас ішкі 
форманың бар екендігі туралы жорамалға сай келеді. Бұл форма 
осы  саладағы  жекелеген  құбылыстардың  жәй  ғана  жиынтығын 
немесе  қысқаша  мазмұндамасын  ғана  көрсетіп  қоймай,  олардың 
құрылысын  негіздейтін  заңды  білдіреді.  Шын  мәнінде,  осы 
заңның  анық-қанығына  жету  үшін,  ақыр  аяғында  оны 
құбылыстардың 
ішінде 
қалай 
ашудан 
және 
олардан 
абстрактылаудан  басқа  ешқандай  жол  жоқ.  Бірақ  дәл  осы 
абстракция  жекенің  мазмұнында  қажетті  және  конститутивті 
тұсы болып көрінеді. 
      Сонымен  ғылыми  таным  үлгісі  өз  алдына  тіршілік  ету 
жағдайын  сақтап  қалудан  бұрын  тілде  және  оның  жалпы 
ұғымдарында 
белгіленген 
бастапқы 
ой 
бірлігі 
мен 
айырмашылықтарын негізге алуға мәжбүр болады.  Алайда, тілді 
материал  мен  негіз  ретінде  пайдалана  отырып,  ол  қажетті  түрде 
одан тысқары шығып кетеді. Мейлінше айқындылық пен өзіндік 
қасиеттерге  біртіндеп  ие  бола  отырып,  тілдік  ойлаумен  емес, 
басқа  нәрсе  арқылы  қозғалысқа  түсетін  жаңа  «логосты» 
қалыптастырады. Осы тұста тілдік бірліктер оған шектеулер мен 
кедергілер  болып  көрінеді.  Бұлар  келешекте  жаңа  қағиданың 
өзіндік ерекшелігі бар күшімен еңсерілуге тиіс. Тіл мен ойлаудың 
тілдік  формасының  сыны  алға  ілгерілеп  бара  жатқан  ғылыми 
және  философиялық  ойлаудың  маңызды  бөлігі  болып 
қалыптасады. 
      Шын  мәнінде,  рухтың  ішкі  дамуы  барысында  белгінің 
жасалуы  –  әрқашан  мән-маңызды  объективті  тану  жолындағы 
алғашқы  әрі  қажетті  қадам  болып  табылады.  Белгі  сана-сезім 
үшін  объективтіліктің  бірінші  кезеңі  және  бірінші  заттық  дәлелі 
болып саналады, өйткені сол арқылы оның бойында қандай да бір 
тұрақты  нәрсе  анықталып,  бөлінгеніне  қарамастан,  сана-сезім 
мазмұнының  үздіксіз  қозғалысына  алғаш  рет  тоқтау  салынады. 
Сана-сезімнің  бірде  бір  мазмұнды  кезеңі  қатаң  түрде 
айқындалған  ұқсастыққа  бір  уақыттарда  оның  орнына  басқасы 

 
 
24 
келгенше  кейін  қайтарылмайды.  Ол,  егер  сана-сезімнен 
алшақтаған  жағдайда  ғана  сол бәз-баяғы қалпында, әрқашан сол 
тіршілік  еткен  күйінде  қалады.  Мазмұнды  кезеңдердің  осы 
үздіксіз  ауысымында  сана-сезім  жеке  бірлік  пен  форма  бірлігін 
қарама-қарсы қояды. Сана-сезімнің ұқсастығы оның мазмұнында 
емес, қайта оның не әрекет етуінен байқалады.  
      Тіл  мен  өнерді,  мифті  талдау  барысында  біз  ұшырасатын 
бірінші  мәселе  сезім  арқылы  қабылданатын  жалғыз  мазмұнның 
өзі  қалайша  жалпы  рухани  «мәнді»  алып    жүре    алатындығы  
туралы  мәселеге  келіп  тіреледі.  Егер  мәдениет  салаларын 
материалдық құрам тұрғысынан ғана қарайтын болсақ, яғни олар 
пайдаланатын  белгілерді  физикалық  қасиеттері  бойынша  ғана 
сипаттасақ,  онда  бұл  белгілерді  басқа  жекелеген  сезімдердің 
жиынтық  құрамына,  қарапайым  көру,  есту,  сезу  сапаларына, 
олардың  соңғы  элементтік  негізі  ретінде  қосуға  тура  келеді.  Біз 
сезініп  отырған  материя  әрқашан  жаңа  және    әр    алуан  рухани 
өмірге  оған  деген  көзқарас  әдісіне  байланысты  ие  болған  кезде 
керемет болады. 
       Біз эстетикалық пайымдауда, шығармашылықта – кескіндеме 
өнерінде,  пластикада,  сәулет  өнерінде  жасап  жатқан  кеңістік 
бірлігі геометрия постулаттары мен аксиомаларында көрсетілген 
кеңістік  бірлігінен  гөрі  мүлде  басқа  жазықтықта  жатыр.  Бір 
жағдайда біз логикалық-геометриялық ұғымның модальділігімен 
жұмыс  істейміз,  басқа  жағдайда  көркем  кеңістіктік  қиялдың 
модальділігі  күшіне  енеді:  бір  жағдайда  кеңістікті  өзара 
байланысты  айқындамалардың  жиынтығы,  «қағидалар»  мен 
«салдарлар»  жүйесі  ретінде  ойлаймыз,  екінші  жағдайда  ол  о 
бастан  жекелеген  кезеңдердің  динамикалық  өзара  өтпе  жолында 
көрнекі  және  интуитивті  айқасатын  бірлік  ретінде  ұғынылатын 
тұтастық.  Бұлар  арқылы  кеңістікті  сана-сезіммен  «өрістейтін» 
форма 
қалыптасулардың 
қатары 
таусылмайды, 
өйткені 
мифологиялық  түрде  ойлауға  да  кеңістікке  деген  мүлде  басқа 
өзіндік ерекшелігі бар көзқарас пен әлемнің кеңістікке бөлінуінің 
өзіндік  әдістері  және  ондағы  эмпирикалық  ойға  алынған 
ғарыштың  кеңістікке  бөлінуінен  сол  заматта  ерекшеленіп 
тұратын «бағыт-бағдар алуы» тән [16, 309 б.]. 
       Әрбір  салт-дәстүрде  әлем  өзінің  бірлігі  мен  бүтіндігінде 
көрінуі қажет. Әрбір рәсімде қолданылатын барлық амал-тәсілдер 
осыған  бағытталады.  Ондағы  әрбір  тіл  (сөз,  ым,  әрекет,  зат  т.б.) 

 
 
25 
әлем  туралы  белгілі  бір  хабарды  береді.  Белгілі  бір  идеяны, 
түсінікті, құндылықты білдіру үшін қолданылады. «Көрінбейтін» 
идеяларға  бақсақ  дүние  туралы  түсініктер  және  өмірдегі  биік 
құндылықтар,  мысалы  тағдыр,  сәттілік,  ұрпақ  жалғастыру, 
баянды  бақыт,  ұзақ  өмір  т.б.  жатады.  Бұлардың  барлығы 
көшпенді 
үшін 
ұрпағының 
әлеуметтенуіне, 
этностың 
тұрақтылығының  сақталуына  әсер  етеді.  Басқаша  айтқанда  ұлт 
өмірінің  мәңгілігін  қамтамасыз  етуге  ұмтылады,  бағытталады. 
Демек рухани мәдениет негізінде «ұлттық рух» ұрпақтан-ұрпаққа 
жеткізіліп,  «ұлттық рух»  рәміздеу қызметін атқарады. 
       Әр халықтың этникалық сипатын мәдениеттің тілдегі көрінісі 
адамның  сыртқы  келбетін,  мінез-құлқын,  іс-әрекетін,    бейнелі 
(образды)  түрде  атайтын,  сипаттайтын  теңеулер  құрамында 
көбірек  байқалады.  Өйткені  халық  ұлттық,  этникалық 
айырмашылықтың  басты  концептісі,  оның  антропологиялық         
негізі – адам. Адамның сыртқы келбеті үш жиынтықтан тұрады: 
1)  бас  және  оның  бөліктері;  2)  дене;  3)  аяқ.  Тілде  адамның 
сыртқы келбетін сипаттайтын, атайтын семантикалық құрылымы 
тепе-тең  баламалармен  қатар,  халықтың  антропологиялық 
айырмашылықтың  белгілейтін  бір-біріне  сәйкес  келмейтін 
атаулар да бар.  
       Сол  себепті  де  көз,  шаш,  бой,  дене  тұлғасы  сияқты  адамның 
сыртқы  пішінінің  көркем  әдебиеттегі  суреттелуін  салыстыру  әр 
тілдің  лингвоәдеби  ерекшеліктерінен  көп  мағлұмат  береді. 
Екіншіден  көркем  туындыда  адамның  сыртқы  келбетін 
суреттейтін  тілдік  құралдар  арқылы  түп-нұсқаның  мазмұны  мен 
идеясынан  ажырамайтын  функционалды  қызметі  басым 
элементтер бар. Қазақ тілінде де орыс тілінде дене мүшесі көздің 
түсін, үлкенді-кішілігін, адамның мінез-құлқы сипатына қарай әр 
алуан  құбылуын,    өзгеруін  атайтын  лексикалық  семантикалық 
өріс кең. Екі тілдік жүйеде де номинация ретінде, кескіндік құрал 
ыңғайында  қалып  алған,  тұрақталған  стереотиптер  бар.  Қазақ 
халқының өз этникалық ерекшеліктерімен туған тұрақты атаулар 
– қара көз,   қой көз. Бұл объектінің түсі, ал объектінің  көлемін 
білдіру  үшін  бота  көз,  құралай  көз,  қарақат  көз,  мойыл  көз 
тіркестері  қолданылады;  және  бұлар  семантикалық  жағынан 
айқын.  Көздің түрлі қасиет-сапасын беру үшін бота, қой, құралай 
т.б.  сөздерінің  үлгіге  алынуы    қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігі 
мен  шаруашылық  өмірінен  хабардар  етеді.  Орыс  тілінде  көздің 

 
 
26 
түрі  мен  түсі  төмендегендей  лексемалар  арқылы  белгіленеді; 
светлые,  синие,  голубые,  зеленые,  карие,  серые  темные,  черные 
(глаза).  
       Екі  тілдің  номинациялау  қуатын  қатар  қойғанда,  көрсетілген 
тілдік  лексемалардың  нақпа-нақ  баламалары  қазақ  әдеби  тілінің 
лексикалық құрамынан оңай жедел табылады. Антропологиялық 
белгілерді көрсетуде көк көз, қоңыр көз, қара көз номинациялары 
қолданылады.  Қазақ  тілінің  құрылымы  үшін  ашық  көз,  жасыл 
көз, сұр көз деген синтагмалық қатарларды тізу тән емес.  
       Классикалық  көркем  әдебиетттерде  байқалатыны  орыс 
тілінде  көздің  объект  ретіндегі  белгісі  де,  түр-түсін  анықтайтын 
лексемада  көк  көз  (голубые,  синие,  зеленые  глаза)  лексикалық-
семантикалық  өрістің  осы  негізінен  шеткеріге  тарайтыны  өзге 
объектілік және түр-түс атаулары бар; сине-голубые; зеленовато-
синие;  серо-зеленые;  зеленовато-серые;  сине-серые.  Осы 
тұрғыдан  қарағанда  объектінің  түрін-түсін  қазақшалаудың 
кедергі  тудыратын  қиындықтары  да  жоқ  сияқты.  Бірақ  аудару 
кезінде төмендегідей ақпараттарға көңіл бөлу қажет: 
 
      1.  Көк    сөзі    заттың    түр-түсін    білдіру    жағынан      ойлау  
стереотиптеріне    тән  белгілері  бар  лексема.  Түркі  тілдерінің 
бірқатарында,  оның  ішінде  қазақ  тілінде    айнала    қоршаған  
ортадағы   сан    алуан    объектінің    түсі  көк  сөзі арқылы беріледі: 
көк  аспан,  көк  мұнар,  көкжиек,  көк  тұман,  көк  шөп  (зеленая 
трава), көк шай (зеленый чай), көкөніс (овощи), көк алма (зеленое 
яблоко).  Бұл  айтылғандарда  «көк»  сөзі  өз  семантикасын 
нақтылайтын  түр-түс  те,  шөптің,  ағаштың  жапырақтың  түсі 
де.Олар    бір  ғана  көк  сөзінің  семантикалық  ауқымына  енетіні 
байқалады.  Бірақ  бұл  жасыл  сөзі  қазақ  әдеби  тілінің 
қолданысында  жоқ  деген  түсінікті  тудырмайды.  Жасыл  –  көк 
сөзімен  тіркесіп  күрделі  сын  есім  жасай  отырып,  бояудың 
қанықтығын көрсетеді. 
Көк жасыл (ағаш, орман). 
Жасыл көк (қанатты) көбелек. 
       Өзге 
тілдерден 
ауысқан 
калька 
фразеологизмдердің 
құрамында жасыл жиі қолданылады: 
жасыл шырақ;  
жасыл желек; 
жасыл көше;      

 
 
27 
сыбайлас  жемқорлықтың  жолына  жасыл  шырақ  жағылып 
қойылды.  
      Ауызекі  сөйлеу  тілінде  көркем  шығармада  кейіпкер  тілінде 
жасыл  сөзі  жасыл  бағдаршам  деген  терминнің  ықшам  эллипсис 
құрылымы ретінде жұмсалады: 
       Аңырақай  семафоры  жасыл  жанды.  Қазір  Алматы  поезы 
өтеді.  
       2. Орыс тілінде көздің негізгі түсін білдіретін негізгі сөз көк 
сөзі екенін басшылыққа алып, перифериялық  қатарларды түзеді: 
(зеленовато-синие, серо-синие).  
       Ш.Ш.Уәлиханов  тілде  бүкіл  халық  рухы  көрініс  табатын; 
«Халықтың рухы дегеніміз, оның ақыл-ой әлеміндегі  жетістігі», 
– деп асқан кемеңгерлікпен тұжырымдаған еді [17,  119 б.]. 
      Тіл 
мен 
ұлттық 
рухтың 
бір-бірімен 
байланысы                    
В.фон  Гумбольдт  еңбекерінен    бастау  алып,  өз  жалғасын 
Г.Штейнталь,  М.Лацарус,  В.Вундт,    А.А.Потебня  еңбектерінен 
табады.  Ғалымдардың  бұл  бағыттағы    тұжырымдамалары 
хронологиялық  тұрғысынан  қазіргі  заманға  сай  болмаса  да, 
теория тұрғысынан қазіргі заманға үндесетіні анық.  
      Соның  ішінде  тіл    біліміндегі  қазіргі  зерттеулер  өзегі  –   
В.фон  Гумбольдт    тұжырымы.  Оған  сүйенсек:  «Тіл  бір  жағынан 
қарағанда ішкі болмыстың бір мүшесі іспетті.  
      Тіл  өзінің  түбірімен  халық  рухымен  байланысты,  халықтың 
рухы қалай тілге өз әсерін тигізсе, оның дамуы мен баю қарқыны 
да соған байланысты. Тіл халық рухының сыртқы бейнесі іспетті. 
Халық  тілі  оның  рухы,  халық  рухы  –  оның  тілі  т.б.  Оларды       
бір-бірінен бөліп қарастыру мүмкін емес» [18, 89 б.]. 
       Демек  тілдің  ұлттық  рухты  арқалап,  ұрпақтан-ұрпаққа 
жеткізіп  отыратын  құдіретті  күш  екені,  рухтың  өзін-өзі    тануы, 
әлемді  тануы  және  ойлауы  қазіргі  танымдық  лингвистикада 
анықталған.  Себебі,  тіл  және  ұлттық  рух  негізінде  адамзат 
қауымы қалыптасып, белгілі бір этникалық топ құрайды.  
       Сол  этникалық  топқа  тән  мінез-құлық,  этностық  таным  мен 
көзқарас,  наным-сенім,  салт-дәстүр,  ұлттық  рухпен  суарылып, 
соның  айғағы,  айқын  бейнесі  ретінде  көрініс  табады.  Басқаша 
айтқанда,  біздің  дүниетанымымыз  рухани  көріністерді,  дәл 
айтқанда рухани мәдениетті құрайды.   
       Ал  рухани  мәдениет  негізінде,  дейді  С.Е.Жанпейісова, 
«халқымыздың 
этнопедагогикалық 
дағдыларына 
өзіндік 

 
 
28 
дүниетанымдар  мен  құқықтық  қоғамдық  нормаларына,  өмір 
тәжірибелеріне  қатысты  талай  құнды  дерек  бар.      Ол  жалпы 
этносты танудың,  әсіресе, оның интеллектуалды ерекшеліктерін 
танудың құрамы» [19, 168 б.].  
      Демек  рухани  мәдениет  –  халық  болмысы  мен  оның  өмір 
сүріп отырған қоғамының үндестік рәмізі.  
      Ұлттық  мәдениет,  Л.Н.Гумилев  айтқандай,  терең  тамырлы 
және көне дәстүрлерге ие [20, 58 б.]. Халықтың осы салт-дәстүр, 
әдет-ғұрпы  –  рухани  мәдениет  негізі.  Бұлар  белгілі  бір  жүйені 
құрайды. Осы жүйе арқылы белгілі бір ой, сезім іс-әрекет көрініс 
тауып,  дәстүрдің,  тұрмыс-салттың  мақсаты  мен  мәнін 
айқындайды.  Ойымызды  Э.Сепирдің:  «Этностың  дүниені  тіл 
арқылы  тануы  оның  салт-дәстүр,  этнография,  мифология,  т.б. 
символдық қасиетімен байланысты»,  – деген ғылыми тұжырымы 
ұштай түседі [21, 125 б.]. 
       Бейнелеу  тілі  лексемамен  қатар  ымдаумен  де  байланысты. 
Егер  ымдауларды,  олардан    шығатын,  сол  матрицаға  дейін  кері 
қарастырса,  онда  олардың  өздері  фазалары  болып  табылатын
ауқымды әлеуметтік үдеріске енеді. Коммуникацияны қарастыра 
отырып,  біз  оның  терең  тамырларын  ымдаулар  арқылы 
бейсаналық  қарым-қатынастардан  ең  алдымен  іздеуіміз  керек. 
Әлеуметтік    коммуникация  –  ымдаулар  арқылы  саналы  қарым-
қатынас – қашан ымдаулар таңбалар бола бастағанда, яғни, қашан 
оларды  шығаратын  индивидтер  үшін  де,  оларға  үн  қататын 
индивидтер  үшін  де,  оларды  шығарып  тұрған  индивидтерге 
қатысты  белгілі  бір  мағыналар  немесе  мәндер  бере  бастағанда  
орын    алады.  Осы  арқылы,  оларға  үн  қататын  индивидтердің 
оларды  шығаратын  индивидтердің  кейінгі  әрекеттеріне  қатысты 
ескерту  қызметін  атқара  отырып,  олар  әлеуметтік  әрекеттің  әр 
түрлі  индивидуалдық  компоненттерінің  бір-біріне  бейімделуін 
мүмкін  етеді,  ал  сонымен  бірге,  оларды  шығаратын  
индивидтерде    имплицитті  түрде  сол  үн  қатуларды,  олар 
эксплицитті  түрде өздері бағытталған индивидтерде шақыратын 
болғандықтан,  олар  өзіндік  сананың  өсуін  өзара  бейімділікпен 
бірлікте мүмкін етеді. 
      Кез-келген  осы  әлеуметтік  жағдаятты  немесе  әрекетті 
құрастыратын, матрицаны немесе ұстанымдар мен үн қатулардың 
жиынтығын,  бұл  жағдаятпен  немесе  әрекеттермен  қамтылған, 
индивидтердің әрбірінің санасына енгізу    (оның санасына басқа 

 
 
29 
индивидтерге  қатысты  ұстанымдарын,  оларға  қатысты  оның 
ұстанымдарына  олардың  үн  қатуларын,  оған  қатысты  олардың 
ұстанымдарын  және  бұл  ұстанымдарға  оның  үн  қатуларын 
енгізу),  идея  білдіретіннің    бәрі  болып  табылады,  немесе  тым 
болмаса  –  оның  бұл  индивидтің  «санасында»пайда  болуының 
немесе өмір сүруінің жалғыз негізіне жатады. 
Ымдаулармен  бейсаналық  қарым-қатынас  жағдайында 
немесе  онымен  қолдауымен  жүретін  коммуникация  үрдісінде 
оған  қатысушы  индивидтердің  бірде-бірі  қарым-қатынас 
мағынасын сезінбейді – бұл мағына, қарым-қатынасқа қамтылған 
немесе оған қолдау көрсететін, жеке индивидтердің бірде-бірінің 
санасында  пайда  болмайды;  ымдаулармен  саналы  қарым-
қатынасқа  түскен  жағдайда  немесе  оны  коммуникация  үрдісі 
көмегімен  қолдаған  жағдайда  оған  қатысатын  индивидтердің 
әрқайсысы  қарым-қатынас  мағынасын  сезінеді,  сондықтан  бұл 
мағына  оның  санасында  пайда  болады  және  сондықтан  осындай 
пайда болу дегеніміз, бұл мағынаны сезінуді ұйғарады. 
      Тіл  мен  бейнелі  ойлауды  теңестіру  қайсыбір  мағынада 
абсурдты,  бірақ  басқада  ол  әбден  орынды.  Ал  атап  айтқанда, 
тілдік  үрдіс  жинақталған  әлеуметтік  әрекетті  бұл  индивидтің 
санасына осы әрекетке қатысушы ретінде енгізеді және, ендеше, 
ойлау үрдісін мүмкін қылады. Бірақ, әйтсе де, ойлау үрдісі тілдік 
үрдістің  терминдерімен,  яғни  сөздер  арқылы  жүзеге  асқанымен 
және  асуға  тиісті  болғанымен,  ол  соңғымен  жай  ғана 
құрастырылады деп айтуға болмайды. 
      Біз  адамдық  деңгейдегі  түсінумен,  яғни  әр  түрлі  адамдық 
тұлғалардың  адамдық  әлеуметтік  үрдіс  шегіндегі  бір-бірімен 
бейімделуімен, ерекше қызығамыз. Бұл бейімделу коммуникация 
арқылы  жүзеге  асады:  адамдық  эволюцияның  төмендеу 
деңгейлерінде  ымдаулар  арқылы  және  адамдық  эволюцияның 
жоғарылау  деңгейінде  мәнді  рәміздер  (мағынаға  ие  ымдар  және 
сондықтан  қарапайым  орын  басушы  стимулдардан  әлдебір 
үлкендеулер болатындар) арқылы. 
      Бұл  бейімделудің  негізгі  факторына  мағына  жатады.  
М.Мидтің айтуынша, «Мағына осы ымдау арқылы басқа адамдық 
организмге хабар берілген осы адамдық организмнің ымдауы мен 
бұл  организмнің  алдағы  іс-әрекетінің  арасындағы  кеңістік 
қатынасында пайда болады  және орналасады. Егер де бұл ымдау 
басқа  организмге  бұл  организмнің  алдағы  (немесе  нәтиже 

 
 
30 
беретін) іс-әрекеті туралы, ендеше, хабар берсе, онда ол мағынаға 
ие.  Басқаша  айтқанда,  осы  стимулмен  –  ымдау  ретіндегі    және, 
оның  ерте  (егер  бастапқы  емес  болса)  фазасы  ол  болатын, 
әлеуметтік  әрекеттің  келесі  фазаларының  арасындағы  қатынас 
кеңістікті  құрастыратын  болса,  онда  мағына  туындайды  және 
өмір сүреді»,-дейді [22, 132 б.]. 
      Мағына, 
ендеше, 
әлеуметтік 
әрекеттің 
белгілі 
бір 
фазаларының  арасындағы  қатынас  сапасында  объективті  өмір 
сүретіннің  қайсыбір  дамуы  болып    табылады,    ол  көз 
алдымыздағы  бұл әрекеттің  табиғи  толықтырмасы да емес және 
оның  дәстүрлі  түсінігіндегі  «идея»  да  емес.  Әлеуметтік  әрекетті 
нәтижелейтін, оның ерте фазасы бұл ымдау болып табылатын, бір 
организмнің  ымдауы  және  бұл  ымдауға  басқа  организмнің 
ымдауы және бұл ымдауға басқа организмнің үн қатуы ымдаудың 
бірінші  организммен,  екінші  организммен  және  осы  әлеуметтік 
әрекеттің  келесі  фазаларымен  үштік  ара  қатынастағы  тілдік 

1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал