Н. С. Тілеуханов



жүктеу 5.04 Kb.
Pdf просмотр
бет1/9
Дата09.01.2017
өлшемі5.04 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 
 
 
 
 
 
 
Н.С. ТІЛЕУХАНОВ  
 
 
 
 
 
КӨРКЕМӨНЕР МӘДЕНИЕТІНІҢ 
ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Орал, 2012 

 
 

 
УДК 008 (075)
 
Т 93  
 
Автор: 
 
                                    
Тілеуханов Н.С. – философия ғылымдарының кандидаты 
 
Пікір жазғандар: 
Ғабитов Т.Х.  – философия ғылымдарының докторы, профессор 
Халықов Қ.З. - философия ғылымдарының докторы, доцент 
 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 
оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған. №11хаттама көшірмесі 03.07.2012 ж. 
 
Т 93  Тілеуханов Н.С. 
Көркемөнер 
мәдениетінің 
тілдік 
ерекшеліктері: 
Монография.  -  Орал:  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ  Редакциялық 
баспа орталығы, 2012.-162 бет. 
 
ISBN 978-601-266-087-6 
        
Монографияда  көркемөнер  мәдениетінің  тілдік  ерекшеліктері 
бейнелеу  өнері  туындыларының  танымдық,  эстетикалық,  тәрбиелік 
тұрғыдан  талдануы  және  мәдениет  дамуының  классикалық  үлгісінің  бірі 
болған  бейнелеу  тілінің  мәдени-танымдық  мән-маңызының  ашылуы  осы 
тұрғыдан  қарастырылады.  Өйткені  мәдениет  толған  көркем  тіл  дүниесі, 
тілсіз  мәдениет  жоқ.  Мәдениет  адамның  ісі,  адамның  туындысы,  яғни 
жасанды  нәрсе.  Мәдениеттің  бір  жағы  табиғи  заңдарға  негізделсе,  екінші 
жағы  адамның  қабілеттеріне,  іскерлігіне,  сезімталдығына,  соған  орай 
тіліне  келіп  тірелетіні  белгілі.  Сол  себепті  қазіргі  заман  көркемөнер 
шығармасының бейнелеу тіліне тән сипаттары ашылып, мәдени-танымдық 
талдау жасалады. 
        Зерттеу еңбегі жоғары және арнайы орта оқу орындары студенттеріне, 
оқытушыларына және осы салада ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып 
жүрген жас ғалымдарға, магистранттарға арналады. 
 
УДК 008 (075) 
        
ISBN 978-601-266-087-6                                         
 
 
© Тілеуханов Н.С., 2012
 
©  БҚМУ Редакциялық  баспа орталығы, 2012 

 
 

КІРІСПЕ 
 
        
Қазақ  халқы  бейнелеу  өнерінің  мәдениеттанулық  негіздерін 
зерттеу  бірнеше  мәдени  факторлармен  және  Қазақстан 
Республикасында  қабылданған  мәдени  даму  бағдарламасымен 
үндес  өтіп  жатқан  өркениеттік  үдерістермен  айқындалады. 
Бүгінгі  таңда  мемлекет  тәуелсіздігін  нық  ұстау  мақсатында 
жүргізіліп  жатқан  рухани  шараларға  қатысты  ұлттық  өнер  мен 
мәдениеттің өркендеуіне  қолайлы  жағдайлар туып, кеңінен жол 
ашылды.  Мәдени  дәстүрлер  қашанда  әлеуметтік  қайта  түлеудің 
қайнар  көзі  болып  келді.  Дәстүрлі  өнерімізге    ғылыми  тұрғыдан  
жаңаша  көзқарастар  қалыптастыру,  өзінің  тарихи,  мәдени 
тамырларына  қайта  оралу,  мәдени  мұраны  сақтау,  жаңғырту, 
осылардың    негізінде    жас    ұрпақты  тәрбиелеу.  Қазақстанда 
ұлттық  тілді,  өнерді,  мәдениетті  дамытуға  барынша  қолдау 
жасалып отыр. 
Ұлттық  мәдениетке  келетін  болсақ,  ол  халықтың  ежелден 
жалғасып  келе  жатқан  өзіне  тән  өнері,  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрпы, 
дүниетанымы  есебінде  жетіліп  отыратыны  белгілі.  Бүгінгі  таңда 
қазақтың  дәстүрлі  өнерін,  оның  мәдениеттанулық  негізін  жете 
танып, біліп, өнер түрлерін жинақтап, зерделі зерттеудің маңызы 
артып,  жастарды  ұлттың  салт-дәстүрінің  негізінде  тәрбиелеудің 
қажеттігі өсіп отыр.  
Сондай  қажеттіліктің  бірі  –  халқымыздың  бейнелеу  өнері, 
соның ішінде ою-өрнек пен зергерлік, сәндік қолөнері, әшекейлеу 
әдістері  арқылы  көрініс  табатын  бейнелеу  өнері  тілінің  тәлім-
тәрбиелік,  эстетикалық-танымдық  мүмкіндіктерін  қазіргі  ұрпақ 
тәрбиесінде тиімді пайдалана білу болып табылады. Оның үстіне 
қазақ  халқы  өнері  өзінің  бай  тарихы,  терең  мәдени-
философиялық мазмұны, өзіндік ұлттық сан-қилы ерекшелігімен 
қымбат  әрі  құнды.  Сондықтан  да  оның  мәдениеттанулық 
негіздерін көрсету, танып-білу, жоғарғы оқу орындарында ұлттық 
тәлім-тәрбие  беру  үдерісінде  қажетті  мәселелердің  бірі  болып 
табылады.  
Әр халықтың сан ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесінде өзіндік 
рухани  тарихы,  тағлымы,  ой-пікірі,  қорытынды  түйіні  болады. 
Күн  санап  халқымыздың  дәстүрлі    құндылықтарына,  олардың  
қайнар    бастауларын    тануға    деген  ықылас    өсіп    келеді. 
Сондықтан  да    зерттеу  тақырыбының  өзектілігі,  біздің  алға 

 
 

қойған    мақсат-мүддемізбен  де    осы    мәдени  құндылықтарды 
танып-білуге деген іс-әрекетімізбен де сәйкес келіп тұр.  
Ұрпақтан-ұрпаққа    жалғасып    келе    жатқан    бейнелеу 
өнерінің тілі ғасырлар сынынан  еленіп, бүгінгі таңға дейін жетуі 
оның  өміршеңдігін,  мәдениеттегі  өзіндік  орнын,  қажеттілігін 
айқындап  отыр.  Енді  осы  мұралардың  құндылығын  арттыру, 
дәстүр  сабақтастығын  жалғастыру,  оған  дәнекер  болу  әрбір 
ұлттық  мәдениетке  көзінің  қарашығындай  қамқорлық  жасау 
зиялы  қауымның  борышы  мен  парызы.  Бүкіл  қажет 
құндылықтарды сырттан іздемей, оны өзіміздің асыл мұралардан 
іздеу,  оны  жандандыру,  қалпына  келтіру,  мәдениеттанулық 
деңгейге  көтеру  –  бүгінгі  таңдағы  ең  бір  көкейтесті,  өзекті 
мәселелердің бірі деп түсінеміз.  
Бейнелеу 
өнерінің 
тілі 
ілкі 
замандардан 
бері 
қалыптасқанымен,  оның  аса  бай  құндылықтарын    еліміз 
егемендік алғаннан кейін ғана аңғарғандаймыз.          
Сонда  да  бейнелеу  өнері  тілінің  негіздерін  айқындау 
барысындағы  басты  еңбектерді    алғанда,    Кеңес    дәуірінен           
ол  туралы  мағлұматтарды  және  теориялық  талдауларды 
Р.Ерғалиева, 
Ә.Қайдаров, 
Ж.А.Манкеева, 
Р.Сыздық,      
Б.Шалабай,  А.Әділова,  Д.Т.Базарбаева,  Д.А.Мұхаметжанов, 
Р.Т.Көпбосынова, 
А.Жұбанов, 
В.Б.Мириманов 
сынды 
ғалымдардың  еңбектерінен  кездестіре  аламыз.  Осы  теориялық 
ізденісте  қазақ    дәстүрлі    мәдениетінің  сан-алуан  мәселелері 
көтерілген    түрлі  зерттеулер  жұмыстың  әдіснамалық  негізі  бола 
алады.  Бейнелеу  өнері    тілінің    рухани    болмысының  қыр-сыры 
тек  қана  тарихи  және  өнертанулық  әдебиетпен  шектелмей, 
философиялық  және  мәдениеттанулық  ізденістерде  көрінеді.    
Бұл  сипатта  ізденуші  философтар  А.Қасымжанов,  С.Ақатаев,   
Д.Кішібеков,    Ж.Алтаев,    Б.Байжігітов,    Т.Бурбаев,  Ғарифолла 
Есім,  Т.Ғабитов,  А.Қасабек,  Ж.Молдабеков,  Б.Нұржанов, 
Қ.Нұрланова, 
М.Өмірбекова, 
М.Орынбеков 
және 
т.б. 
ғалымдардың  ғылыми еңбектерін атауға болады.   
      Ғылыми  еңбектің  теориялық  негізіне  бейнелеу  тілінің 
ерекшеліктері  зерделенген    мәдениеттанулық,  өнертанулық, 
философиялық т.б. еңбектердегі әдіснамалық  қағидалар жатады, 
ал  зерттеудің  әдіснамалық    архитектоникасын  жалпы  әлемдік 
және  этномәдени  көркем  мәдениетті  жіктеуде,  тарихи  тұрғыда 
жүйелеуде қалыптасқан әдістер, ұстанымдар құрастырады.  

 
 

Монографиялық 
еңбектің 
теориялық 
мазмұны 
лингвомәдениеттанулық  зерттеулер  үшін  әдістемелік  негіз  бола 
алады.  Зерттеу  тақырыбының    теориялық  қажеттігі  елімізде 
қалыптасып  келе  жатқан  мәдениеттану  ілімі  мен  пәнін  ұлттық 
болмыс  талаптарына  сай  дамытумен  байланысты.  Зерттеу 
еңбегінің нәтижесі ұсыныстар, пікірлер, гуманитарлық білім беру 
тұжырымдамасын әрі жасауда ғылыми теориялық маңызы зор.                                                                                    
Ұлттық  ойлау  жүйесінің,  дүниетанымдық  қалыптасу 
заңдарын,  ерекшеліктерін    анықтауда,  оларды  түсіндіруде 
көтерілген  мәселелердің  қосар  өзіндік  үлесі  айтарлықтай. 
Бейнелеу 
өнері 
тілінің 
тарихи-көркем 
формаларына 
мәдениеттанулық  суреттемелер  беру  мәдени-философиялық 
зерттеулерді 
ынталандырып, 
елімізде 
даму 
үстіндегі  
мәдениеттану 
ғылымын 
өнер 
тарихының 
әдіснамалық  
мәселелеріне  бет  бұруға  себебін  тигізеді.  Олардың  арасында 
қазіргі  бейнелеу  өнеріндегі  дәстүр  жалғастығының  рәміздік 
негіздері алдыңғы қатарға шығады. 
Ұлттық 
нақыштау 
үлгілеріне 
рәміздік, 
мағыналық, 
салыстырмалық    түсіндірмелер  беру  құндылық  бағдарлары 
елімізде мәдениеттілік пен өркениеттілікті   тәрбиелеу үдерісінде 
жан-жақты  қолданыс  таба  алады.  Осы  мәселелерді  зерттеудің 
нәтижелері мен қағидалары Қазақстан республикасының жоғары 
оқу  орындарында  оқытылатын  мәдениеттану,  философия, 
өнертану, 
эстетика, 
этика, 
бейнелеу 
өнері 
тарихы,                
сәндік-қолданбалы  өнер  пәндерінде  және  философия  мен 
мәдениеттану  бөлімдерінің  студенттеріне  арнаулы  курстарда 
қолдану үшін маңызды болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     

 
 

1 КӨРКЕМӨНЕР БЕЙНЕЛІ ТІЛІНІҢ ТАРИХИ 
ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
       1.1  Көркем мәдениетті зерттеудің әдіснамалық мәселелері 
 
      Үшінші  мыңжылдықтың    қарсаңында    қазіргі  заманғы 
философияда  әлемді танудың планетарлық жаңа «парадигмасы» 
талқыланды.  Әлем  мен    адамды  тану  рационалдылықтың  жаңа 
типтік  сұраныстарымен  тікелей  байланысты.  Соңғысы  мәдениет 
әмбебаптылығына  тәуелді  және  мәдениет  типтерінің    өзгеруі  
сөзсіз  адамзат  тарихының  бетбұрыс жағдайларымен, қоғам мен 
әлем  бейнелері  трансформациясымен  айқындалады.  Сөйтіп, 
тұлғалар    пайда    болып,  олардың    шындыққа    қарым-қатынасы, 
табиғатқа және бір-біріне икемділігі өркендейді. Көзқарастардың 
жаңа  қалыптасушылық  типтерінің  сұраныстары  пайда  болады. 
Бұлар, болашақ ұрпаққа сол түрде мұрат етіп қалдырылады және 
әлеуметтік тұрмыстың тіптен жаңа формаларына көшу басталды. 
       Бүгінгі  Қазақстан    ортақ  әлемдік  кеңістікте  интеграцияға  
ұшырай    бастады.  Мұның  көрсеткіші  –  кең  өзгеретін    қазіргі 
заман, оның құраушы бөліктері   болып  тез қозғалушылық және 
актуалдылық  саналады.  Бұл  қасиеттер  жаңа  кезеңнің    ой-санасы 
деңгейін ашып көрсетеді. Ұмтылыстағы динамика және дамудың  
өзгермелі  координаттар  жүйелері  әр  түрлі    көркемдік  
тенденциялардың    мозаикасымен    өз    бағыттарын  білдіреді. 
Алдымен  әлеуметтік  шындықтың  көрінісі  болған    мәдениет  
мазмұны    өз  алдына  көркемдік    ойлардың    жүзеге    асу 
принциптерінің көкейкесті сұрақтарын қойды.  
       Зерттеуімізге  қатысты  мәнді  анықтаманы  Б.К.Байжігітов 
келтіреді:  «Живопись  атауын  қазақ  тiлiндегi  әдебиеттерде 
«кескiндеме»    деп  аударып  жүр.  Кескіндеме,  негiзiнен,  силуэт, 
абрис,  сыртқы  пошым,  заттың  кескіні,  яғни  өзінің    табиғаты 
жағынан  берілген  түсінік  графикаға  жақын.  Бұл  –  мәселенің  бір 
жағы.  Дегенмен,  осы  жерде  «кескiндеме»  «бейнелеу  өнерi» 
ретiнде  қолданылып  отыр.  «Кәсiби  өнер»  түсiнiгiне  келетiн 
болсақ,  ол,  орысша  айтқанда,  «профессиональное  искусство», 
яғни  арнайы  немесе  академиялық  бiлiм  алған  маман  суретшiлер 
шұғылданатын  өнер.  Өнердiң  бұл  түрiмен  айналысатын  адам 
академиялық  машықтылық  пен  академияның  ұстанымды 

 
 

принциптерi  қоятын  талап-тiлектердi  кәсiби  деңгейде  меңгеруге 
тиiс»  [1,  386  б.].  Осы  түсіндірмені    негізге  ала  отырып, 
Қазақстандағы 
бейнелеу 
өнері 
тіліне 
қатысты 
кейбір 
философиялық мәселелерге назар аударайық.  
        Қазақстанның қазіргі  заманғы  өнері посткеңестік  мәдениет 
сияқты  ұлттық  және  мәдени  кеңістікті  іздеуде.  Өнердің  өзіндік 
тілінің  бірегейленуі  мәселесі  өте  күрделі  болып  табылады. 
Қазақстан 
мәдениеті 
ұлттық 
және 
геополитикалық 
ұқсастықтарын  іздестіруде.  С.Қалиев:  «Мұндай  қиын  да                  
қарама-қарсылықты 
үрдіс 
бірден 
бірнеше 
мәселелердің 
байланыстылығын  білдіреді.  Бір  жағынан  мәдени  дәстүрлерді 
сақтау  қажеттілігі,  бұл  үрдіске  барлық  мемлекеттер  енген.  Бір 
полюсте –  өзінің барлық  жағындағы  әлемдік өнер, басқасында  – 
өзіндік  әлемді  тудыру  қажеттілігі,  соған  сәйкес  көркемдік 
қимылдың  тілін  іздеу,  мәселені  шешу  үшін  нақты  және  тура 
форманы  табу.  Көркем  мәдениеттің  көпжақтылығы  адам  мен 
әлемнің  көпжақтылығын  білдіреді.  Сондықтан  да,  өнер 
толығымен,  сонымен  бірге    ұлттық  өнер,  оның  социумдағы 
тұрмысы  ғалым-гуманитарлардың  назарына  іліккен  болатын»       
[2, 35 б.].  
Өнер  тағдыры  қазіргі  заманмен  өте  тығыз  байланысты. 
Зерттеу  әдебиеттерінде  өнер  күрделі  құбылыс  ретінде  және 
синтетикалық  тұтастанған  ұғымға    ғана    ие   болады.  Сондықтан 
да  өнер табиғатын  бүгінгі күнде ғалымдар  әр түрлі аспектілерде 
сараптайды.  Г.Зиммель:  «ХХ  ғасырдың  өркениеттік  даму 
кезеңінде  көптеген  үрдістер  мен  құбылыстар  төмендегідей 
болжамға  алып  келді:  мәдениет  мәдениеттен  мүлдем  басқаға, 
әлемдік тұрғыда бифуркацияның белсенді фазасына өтті. Мұндай  
құбылыс    адамзат    тарихында  болып  көрмеген.  Мұндай  
ауысудың  сыртқы  себебі  –  ғылыми-техникалық  үрдіс,  бұл  үрдіс 
адамның  рухани  әлемінде,  менталитетінде,  психикасында, 
құндылықтар 
жүйесінде, 
экзистенцияның 
барлық  
территориясында  өзгерістерге алып келді»,-дейді [3, 66 б.].               
       Қазақстанның 
XX 
ғасырдағы  бейнелеу  өнері  3-ші 
мыңжылдыққа  парасаттылық  және  рухани  толысқан  түрде  аяқ 
басты. Онда қазақтың көшпелілік мәдениетінің ежелгі тамырлары 
мәнін  тапқан  және  түсіндірілген.  Сол  айтылған  мәдениетке  сай 
негізгі  қаланған  жалпы  адамзаттық  құндылықтардың  заман 
суретшілері  дүниежүзі  өнеріндегі  әдептер  және  жаңа  бағыттар 

 
 

арқылы,  XX  ғасырдың    философия  мен  мәдениетіндегі  ірі 
ағымдары  арқылы  өз  шығармаларында  ашып  көрсетеді.  Соның 
қорытындысы  ретінде,  инновациялар  негізінде  бір  ғасыр  бұрын 
пайда  болған  бүгінгі  қазақ  өнері  рухани  ерекшеліктерін 
жоғалтпаумен    қатар,  соған  сай  қайталанбас  пластикалық  өнер 
тілін  қалыптастырды.  Мүмкін  сол  себепті  болар,  нақты 
көріністердің сан алуан қырға ие болуымен бірге, Қазақстан өнері 
танымал  қасиеттерімен  де  ерекшеленеді.  Олар:  тұрмыстың 
экзистенциалдық 
мәселелеріне 
қатысты 
мүдделер, 
үйлесімділіктің,  адам  мен  табиғаттың  бірлесе  өмір  сүруінің 
көркем  негізі,  шығармашылық  көзқарастардың  кең  ауқымды 
болуы; ұлттың мәдени  әдет-ғұрыптары, мұраларының шексіздігі, 
олардың  дүниежүзілік  мәдени  кеңістікке  ерікті  түрде  енуі.        
XX  ғасырдың  соңғы  онжылдығындағы  және  XXІ  ғасырдың 
басындағы  Қазақстандағы  бейнелеу  өнері  мен  мүсіншілігіндегі 
күнделікті  өмірдің  табиғатпен  үйлесімділігін  адам  мен 
универсумының 
үздіксіз 
байланысының 
философиялық 
жалпыламасының  көркемсуреттік  таңбаға  айналуы  деп  түсінуге 
болады.  Бүгінгі  күн  суретшілерінің  шығармаларында  жұмбақ 
метафоралар  тылсым  мәнмен  толықтырылады  және  сол  арқылы 
жанданады,  адам  мәдениетінің  ежелгі  ғарышын  бүгінгі  күндегі 
адам ой-санасының жаңа ағымдарымен байланыстыратын мәндер 
мен  мазмұндар  пайда  болады,  суретшінің  өмірге  деген  
махаббаты,  оны  түсінуге  бағытталған    мәңгілік  ұмтылысы  да 
қайталанбас түрде өмірге қайта келеді. 
        Классикалық өнер  тілі халықтың көпғасырлық тарихының 
өзіндік  жылнамасын    жасайды    және,    біздің  ойымызша, 
Қазақстан    өнерінде  ең  маңызды  орынға  ие  болды.  Тарих  пен 
мифологиялық  сюжеттер,  көшпелілердің  өмірінен  алынған 
фрагменттер,  далалық  және  таулы  пейзаждар  генетикалық  есті 
бейнелі 
түрде 
жаңғыртуға, 
болмыстың 
мызғымас  
категорияларын ұғынуға мүмкіндік береді. Бейнелердің байлығы, 
олардың  мифологиялық  мәні,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 
дәстүрлер  мен  салттардың  тәжірибесі,  дәстүрлі  мәдениеттің  кең 
трансляциясы  талабына  жауап  береді  және  бейнелеу  өнері 
құралдарымен оларды ашып беруге мүмкіндіктер береді. 
Нақтылы 
өнер 
тілі 
әлемі 
дегеніміз 
не? 
Әрине, 
мәдениеттіліктің  бәрі  тұтастай    алғанда  адам  үшін  қалыптасқан 
қоршаған  әлемді рухани түрде көруге, естуге, түйсінуге арналған 

 
 

баршылық  қана  емес,  сонымен  қатар  ішкі  әлемімен  игерілетін, 
адамның барлық қызметін басқаратын нәрсе екенін көрсетеді. 
       Суретші  өзінің  ойы  мен  сезімін  толық  таныту  жолында,  тек 
қана  өзіне  қажеттілерін  екшеп  алуда,  яғни  толыққанды  тұтас 
бейнелерді  жасау  жолында  ұзақ  дайындықтан  өтті.  Ол  барлық 
бейнелеу әдіс-тәсілдерін жете меңгере отырып, кенепке немесе ақ 
қағазға салған әрбір бояудың түрін жігерлендіруші қуатты күшке 
айналдыра біледі. Ол бір мезгілде өнерінде міндетті түрде  көзге 
көрінген  нәрсенің  бәрін  жазып  ала  бермей,  ең  алдымен  
шындықты дұрыс және терең түсіну арқылы зат пен құбылыстың 
құпия сырларын жете ұғына алады, сыртқы жалған көрініске құр 
еліктемей, оның ішкі әлемін, сезімін, ойын көре біледі және оны 
бейнелеу  өнерінің  әр  уақытта  қолынан  түспейтін,  әрқашанда 
құлыптап  сақтайтын  құралдарымен  дәл  жеткізу  қажеттігін 
жүрегімен ұғынады. Себебі, суретші алғашқы бояу жаққаннан-ақ, 
одан кейінгілерінде де салған суреттерін үнемі шындыққа жанаса 
ма  және  оған  өзінің  көзқарасы  үйлесе  ме  деген  жалғыз  дара 
форманы тауып алғанға дейін кедергілерге кездесе береді. Әрине, 
бояу  жағылған  сайын  форма  да  жетіле  береді,  мазмұны  да 
жақсара түседі. Суретшінің ойы мен сезімі заттың мәнісіне терең 
үңілген  сайын,  оның  жеткен  шегіне,  сырт  көрінісіне 
қанағаттануға  тура  келеді.  Ал  егер  жазған  туындысына  көңілі 
толмай  одан  әрі  іздене  түссе,  ілгері  қарай  жетілдіре  берсе,  тіпті 
жақсы,  себебі  іздену  үстінде  жоғын  табады,  машықтанады.  Ал 
болмысты  шығармашылық  тұрғыдан  меңгере  берудің  тіпті  де 
шегі жоқ. Басқалардың шығармашылығынан үнемі үйреніп және 
қадағалап  отыру  суретшінің  өзін-өзі  сезінуіне  және  өз  еңбегіне 
сырт  көзбен  қарай  білуіне  көмектеседі.  Сондай-ақ,  суретші  өз 
өнерін    басқалардың    шығармашылығымен   салыстыра бақылап, 
оны  суреткердің  қоғамдық  міндетімен,  мән-мағына  туралы 
жалпы ұғымымен байланыстыра қарай алуы қажет. 
«Бейнелеу  өнерi»  деген  түсiнiк  атауының  өзi  бiлдiрiп 
тұрғандай ол затты, тұлғаны, табиғатты «бейнелеу» деген сөзден 
пайда  болған.  Орысша  «изобразительное  искусство»  түсінігінің 
негізінде  –  «изображать»,  «живопись»  атауының  түбірінде  – 
«живо писать» (Даль сөздігі) түсініктері жатыр. 
Кез-келген 
суреттің 
жетілу 
қисыны 
ұқсастықтан 
абстракцияға  бағытталған  қозғалыстың  көлеңкесі  болып 
табылады.  Тіпті  ең  қарапайым  біркелкі  элементтердің  (мысалы: 

 
 
10 
нүктелер,  шеңберлер,  айшықтар)  жай  қайталануының  өзі 
ырғақтың пайда болуына түрткі салады.  М.Бахтиннің айтуынша,  
«ырғақ,  іште  бар  игіліктің  реттелуі  болып  табылады»,  ал  біздің 
мысалымызда  –  жарастырылған,  үйлестірілген,  игерілген 
кеңістік.    Ал  ілкі  адамның  санасында  объект  және  оның  аты  
осыдан келіп атауды белгілейтін белгі және сондай-ақ ат қоюдың 
кәдесінің,  тың  (хаос  күйіндегі)  кеңістікті  игерудің  толассыз 
барысында бір-бірімен тығыз байланыста екенін ескерсек, оюдың 
дүние  моделін  құрудағы  логикалық  (реттеуші)  құрал  ретіндегі 
мәнін жете бағалаудың өзі қиын. 
      Көркемөнер 
мәдениеті 
және 
оның 
өзіндік 
тілінің 
ерекшеліктері 
әрқашан 
философиялық 
ізденістер 
мен 
зерттеулердің  негізгі  пәні  болып  келді.  Сондықтан  мәдени  даму 
барысын онда қалыптасқан ойлау тәсілі, дүниетаным түрі арқылы 
түсіндіруге    тырысқан    көптеген  философиялық  үрдістерді 
байқауға болады. Л.С.Выготский: «Өнер алғашқыда тіршілік ету 
үшін күресудің күрделі құралы ретінде пайда болды, әрине, оның 
рөлін  сезім  коммуникациясымен  шектеп  және  де  онда  осы 
сезімге ешқандай билігі жоқ деп ойлауға болмайды. Егер өнер тек 
қуаныш  немесе  қайғы  әкелетін  болса,  онда  сақталып  қалмас  еді 
және ешқандай мәні болмас еді» [4, 312 б.], –  деп есептейді. 
       Орта ғасырда Ульрих Страсбург  «жалғыз шынайы жарықты» 
құдайдан іздеді, ол «әсемдіктің шегі ретінде өздігінен ғана әсемді 
емес,  сонымен  қатар  барлық  әсемдіктің  соңғы  себеп-үлгісін  алу 
керек» [5, 293-294 бб.],- деді. Италияндық ғалым, сәулетші, Қайта 
өрлеу  дәуірінің  өнер  теоретигі    Л.Б.Альберти:    «Әсемдік  –  өзіне 
тән ұқсастық пен үйлесімділікті сақтайды,  бұл жерде еш нәрсені 
алуға да қосуға да келмейді»    [6, 178 б.],  –  деп жазған. Орыс 
философы  В.Соловьев    «Өнердің  жалпы  мәні»  атты    еңбегінде: 
«Толық 
нақтылы 
түрде 
өнердің 
көрсетілуі… 
біздің 
шындығымыздың  рухани  толықтылығы,  ондағы  абсолютті 
әсемдіктің  іске  асуы  немесе  әлемдік  рухани  организмнің  пайда 
болуы    –  өнердің  ең  жоғарғы  міндеті»  [7,  398  б.],  –  деп  жазды. 
Г.Г.Гадамер  өзінің  ең  соңғы  еңбегін  «Сұлулықтың  тиімділігі»  – 
деп  атады.  Өнердің  осы  жалғыз  жоғарғы  түрі  туралы  ештеңе 
білмей,  бұл  аз  болғандай,  біздің  қоғамдағы  адамдардың    тек 
жүзден  бір  бөлігі  ғана,  біздің  бүкіл  өнер  деп  атайтын  өнерді 
танып, біліп, жетілдіруге болады. 

 
 
11 
      Шындықты  көркемдік  тұрғыда  саралау  және  суретшінің 
әлеуметтік  жағдайларға  деген  қарым-қатынасын  білдіруі  біздің 
заманда  трансформацияның  мән-мағынасына  келіп  тіреледі. 
Көркемдік  өнімнің  өндірістегі  дәстүрлі  жолдары  ауыса  алады. 
Өнім  жаңа  технологиялар,  көркемдік  акция,  инсталляция  және 
перфоманс  түрінде  болады.  Жаңа  технологиялар    өнердің 
әлеуметтік  өмірдегі  рөлі  мен  орнын  радикалды  түрде 
қарастырумен байланысты.  
      Қазақстанда  суретші  мамандығы  беделді  қасиетке  ие  бола 
алмай келеді. Жаңа шығармашыл ұрпақ өзін қоғамда және өнерде 
көргісі  келеді.  Бұл  әлеуметтік  адаптация  және  өзіндік  жүзеге 
асыруға  алып  келеді.  Ең  маңыздысы,  жас  суретшілердің 
құндылығы  болып  табыс  табуды  есептейтінін  атап  өту  керек. 
Сонымен  табыс  мынадай  триадамен  негізделеді:  «атақ  –  ақша  – 
тұрақтылық».  Экономикалық  дамыған  елдердегі    көркемдік 
нарық    –    бұл  қазіргі  заманғы  өнердің  нарығы  болып  табылады. 
Мұның қалыптасуына «нарықтық өнім» немесе  қазіргі  заманғы  
суретшілері    қызығушылық    білдірді.  Тағы  да  тарихтың  бір 
дерегін  келтірейік.  Қазақстан  Кеңестік  Одаққа  кірмей  тұрып 
патшалық  Ресейдің  құрамында  болды  және  Ресей  ХХ 
жүзжылдықтың  басында  өз  көркемдік  нарығын  қалыптастырды. 
Суретші-аскет  немесе  модерндік    шебер  тудырған  шығармалар 
сөзсіз тарихтың    еншісінде  қалды. Енді  ол жүйенің  өзін  құрады, 
себебі  мұнда  көркемдік  және  материалды  құндылықтар  іске 
асады. 
       Бейнелеу  өнеріндегі  және  тұтыну  заттарындағы  шығармада 
айырмашылықтардың    құрамдас    риторикасы    болды;    қазіргі  
заманғы өнерде бұл тілдік  рәміз  әлі күнге дейін гиперреалдылық 
пен  гипербейнені  бөліп  тұрған    шексіз  кішкене  саңылауға  дейін 
қысқарады.  Ж.Бодрийярдың  айтуынша,  «Бұл  соңғысы  жұқаруға, 
өзін-өзі  құрбан  етуге,  ақиқаттың  алдында  өзін-өзі  жоқ  етуге 
талпынады,    бірақ  осы  бір  болмашы  айырманың  өзінде  өнердің 
барлық сиқырлары жанданады: енді барлық живописьтік картина 
мен  қабырға  арасындағы  жіңішке  өрнек  жиегінде  жасырынады. 
Және  қойылған  қолда  да  –  живопистің  және  репрезентацияның 
күллі  метафизикасының  метафизикалық  белгісінде,    оның    өзі  
өзінің  моделіне  («таза    көзқараспен»)  айналады  және  кодтың 
беймаза  қайталануы  барысында  өзіне  жүгінеді»,-  дейді                
[8,  401 б.]. 

 
 
12 
       Тілдің ақиқаттық анықтамасының өзінде былай делінеді: бұл 
баламалы түрде ұдайы өндіруге болатын нәрсе. Мұндай анықтама 
ғылыммен  бірге  дамыды,  бұл  ғылым  кез-келген  үрдісті  берілген 
талаптарда  дәл  көбейтуге  болады  деп  тұжырымдады  және  бұл 
анықтама баламалылықтың әмбебап жүйесімен тұжырымдалатын 
өнер  ақиқатымен  бірге  дамыды  –  бұл  баламалылық  емес, 
керісінше,  субъектілік  бейнелеу,  сол  арқылы  түсіндірме  беру. 
Сөйтіп ақиқаттың кескіні мен өнердің кескіні олардың бірін-бірі 
өзара  қосылуына  әкеліп  соға  ма?  Ж.Бодрийяр  бойынша, 
«гиперреализм өнер мен ақиқаттың  жоғары үлгісі саналады, бұл 
симулякр деңгейінде олардың арасында болып жататын алмасуға, 
олардың  әрқайсысы  да  сүйенетін  артықшылықтар  мен  соқыр 
сенімдердің  алмасуға  әкеліп  соғады.  Гиперреалдылық  біртұтас 
симуляцияны 
білдіретін 
болғандықтан, 
соңында 
репрезентацияны  ғана  қалдырады.  Репрезентацияның  қазық 
айналдыруы  ондағы  ессіз  жылдамдыққа  ие  болады,  бірақ  бұл 
имплозивті  ессіздік,  ол  мүлде  де  эксцентристік  емес,  керісінше 
ортаға,  өзін-өзі  қайталауға  және  өзін-өзі  бейнелеуге  бейім 
тұрады.  Бұл  жәйт  өзіндік  түс  көрудің  дистанциялану  әсеріне 
ұқсас, біз түс көреміз деп айтып жатамыз, бірақ бұл бар болғаны 
түсті  цензуралау  мен  ұзарту  ойыны;    осылайша  гиперреализм 
кодталған  ақиқаттың  құрамдас  бөлігі    болып  табылады,  бұл 
ақиқатты  ол  ұзартады  және  одан  ештеңені  өзгертпейді»               
[8,  402 б.]. 
      Шын 
мәнісінде 
гиперреализмді 
қарама-қарсы 
мәнде 
түсіндірген  жөн:  бүгінгі  таңда  ақиқаттың  өзі  гиперреалистік 
болып отыр. Сюрреализмнің  құпиясы да қарабайырландырылған 
ақиқаттан  жоғары  бола  алатындығында,  бірақ  ол  ерекше, 
артықшылықты  дәрежедегі  әлі  де  болса  көркемдікпен  және 
ойынмен  байланысты  сәттерде  жүзеге  асады.  Батыс  ойшылы       
Й.  Хейзинганың  пікірінше,  «ойынның  aardigheid    (әзілқойлық, 
көңіл  көтерушілік,  ермектілік)  элементі  қайсы  бір  болмасын 
талдауға,  қайсы  бір  болмасын  қисындық  тұрғыдан  алғандағы 
егжей-тегжейлі 
түсіндіріп 
берушілікке 
қарсылық 
етеді. 
«Аardigheid»  сөзінің  өзі  осындай  мағынада  көптеген  мәнге  ие 
болмақшы. «Аard» (мінез, тұрпат, тек, түр) түбірінен басталатын 
оның  түп-төркінінде  этимологияға  бұдан  әрі  дендеп  енетін  жер 
қалмады  деген  ұғымды  сөзсіз  танытқандай.    Біздің  қазіргі 
заманғы  тілдік  сезіміміз  үшін  бұл  ажырамастық,  сірә  да,    дәл  

 
 
13 
ағылшын  тіліндегі  «fun»  («әзіл,  көңіл  көтеру,  ермек»)  түбірі 
сияқты  нақты  бейнеленбеген  шығар,  ол  өзінің  ортақ 
қолданыстағы мәнінде салыстырмалы түрде алғанда бұрыннан да 
бар,  «grap»  және  «аardigheid»  сөздерін    қоса    алғандағы  
сөздеріміз  мәні   жағынан бір-біріне жақын бола тұрса да, басқа 
қырынан қарастырғанда немістің «Spab» («қалжың») және «With» 
(«әзіл-оспақ,    өткірлік»)  сөздерімен  үндеседі.  Өйткені  нақ  осы 
аталған элемент ойынның мәнін анықтайды» [9, 207 б.].  
      Тілдік  ойында  біз  әрбір  адам  үшін  сөзсіз  мойындалған  
абсолютті дәрежедегі бастапқы өмірлік шамамен, егер осы есімге 
лайық  болып  жатса,  әлдебір  жаппай  тұтастықпен  байланысты 
қарастырылатын  мәселемен  бетпе-бет  келеміз.  Бүгінде  күллі 
тұрмыстық,  саяси,  әлеуметтік,  тарихи,  экономикалық  және  т.  т. 
ақиқат әуелгіде гиперреализмнің тілдік қырын өзіне қамтиды: біз 
қазір  жер-жерде  ақиқаттың  эстетикалық  бітімінде  тіршілік  етіп 
жатырмыз.  «Ақиқат  ойдан  шығарылған  нәрседен  басым»  деп 
аталатын  ескі  ұран  өмірді  эстетикаландырудың    сатысына    сай 
келетін,  бүгінде  оның  өзі  артта  қалып  отыр:  ең  болмағанда  оны 
жеңе  отырып,  өмірдің  өзін  де  салыстыруға  келмейтін  ойдан 
шығару енді жоқ,  барлық ақиқат ақиқаттылықтың ойыны болып 
шыға келді: түбегейлі таңқалу сатысына ауысады. 
       Гиперреализмдегі,  шынайылықтың  мұқият  қайталануындағы 
ақиқат 
нәрселердің 
бұзылуы, 
әсіресе 
жанама 
түрдегі 
репродуктивті  басқа  материалмен  (жарнамалық  бейнемен, 
фотосуретпен және т. б.)  өзгеруі осыған жатады: бір материалдан 
екіншісіне  ауысқанда  ақиқат  елес  болып  ұшып  кетеді,  өмір 
аллегориясына    айналады,  бірақ  осы  өзгеру  арқылы  ол  нығая 
түседі,  ақиқат  үшін  шындыққа  айналады,  жоғалған  объектінің 
фетишизміне айналады. 
       Мұндай 
үрдіс  реализмде  басталып  та  кеткен  еді. 
Ақиқаттылық  тілі  өзінше  бір  жайды  айғақтайды,  яғни  осы 
ақиқаттылық мәртебесі елеулі түрде дағдарысқа ұшыраған (тілдің 
айтылған  жайды  ақиқаттылық  әсермен  қосарлана  қайталауы 
болмай тұрған кездегі алтын ғасыр тілдік кінәратсыздық ғасыры 
болған  еді).  Ж.  Бодрийяр  айтқандай,  «сюрреализм  әлі  де  болса 
реализммен  жақын  қатынастық  жағдайда  қала  берді,  сөйте  тұра 
оны  сынап,  одан  қол  үзді  де,    бірақ    оны  әр  кезде  де  елес-қиял 
өрісінде 
қосарлана 
қайталап 
отырды. 
Гиперреалдылық  
анағұрлым  жоғары  саты  мәніне  ие  болады,  өйткені  онда  ендігі 

 
 
14 
уақытта  ақиқат  пен  елес  нәрселердің  қарама-қайшылығы 
жоғалып кетіп  отыр. Ақиқаттылық емес сипат – ендігі кезде түс 
көрушіліктің немесе фантазмның, ақиқат нәрсеге дейінгі  немесе  
ақиқат  нәрседен  жоғары  тұрған  әлдебір  нәрсенің  ақиқаттылығы 
емес; бұл галлюцинаторлық өзі тектес ақиқаттың ақиқат еместігі. 
Репрезентация  дағдарысынан  шығу  үшін  ақиқаттылықты  таза 
күйдегі  өзін-өзі  қайталауға  әкеп  тұйықтау  қажет.  Поп-артеде 
және  живопистік  жаңа  реализмде  пайда  болардан  бұрын,  бұл 
тенденция сол кезде-ақ  «жаңа романда» айқын бола түсті. Оның  
мән-мағынасы  мынада  болды:  ақиқаттың  айналасында  вакуум 
тудыру  үшін  қайсы  бір  болмасын  психологияны,  қайсы  бір 
болмасын  субъективтілікті  аластау  қажет  және  ақиқатты  таза 
ақиқаттылық  мәніне  жеткізу  керек.  Іс  жүзінде  алғанда  бұл 
объективтілік  таза  көзқарастың  объективтілігі  –  ең  ақырында 
объектіден  босанып  шыққан,  оны  өз  көзқарасының  соқыр 
таратушысы  етіп  жасаған  объективтілігі  болып  табылады. 
Тұйықталған  шеңберді  еліктіру,  яғни  бұл  көрінбеу  үшін 
жасалатын  санасыз  түрдегі  әрекетті  оп-оңай  танып-білу  деген 
сөз» [8, 408 б.]. 
      Жоғарыда  келтірілген  қағидалар  мәдениетті,  соның  ішінде 
көркем  мәдениетті  түсіну  үшін  маңызды.  Мәдениет  –  жеке 
адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір 
сүрген  ортамен  қарым-қатынасы.  Ол  –  өзара  қарым-қатынас 
нәтижесінде  қалыптасатын  ерекше  құбылыс.  Бейнелеудегі  өнер 
тілінің  мынадай  үш  негізгі  ерекшелігін  атап  көрсету  керек: 
біріншіден,  өнер  шындықты  бейнелендіру  формасы,  яғни 
дүниетану  формасы;  екіншіден,  өнер  қоғамдық  сананың  адам 
эстетикалық  сезім  тудыратын  формасы.  Өнердің  шындықты 
бейнелендіру  формасы  ретіндегі  үшінші  ерекшелігі  ең  алдымен 
оның нені және қалай бейнелендіретінімен анықталады. 
Өнер  тілі  дүниені  адамның  нақты  сезімдік  формада 
бейнелендіру  қабілетіне  негізделеді.  Егер  құбылыс  пен  мән  бір-
біріне  сәйкес  келсе,  демек,  адам  сезім  мүшелерімен 
құбылыстардың мәнін тікелей танып біліп отырса, онда ешқандай 
ғылымның  керегі  болмас  еді.  Бірақ  құбылыстың  мәнін  тікелей 
сезіну арқылы білуге болмайды. Ғылым заттар мен құбылыстарға 
тән жалпы, маңызды қасиеттердің, қатынастардың бейнесі, демек 
мәннің  бейнесі.  Бұл  жалпы  мәнді  ғылым  жалпы  ұғымдар  мен 
категориялар, заңдылықтар формасында бейнелендіреді.  

 
 
15 
      Өнер  де  жалпыны  бейнелендіреді,  бірақ  оны  абстракция 
формасында  емес,  жинақталған  жеке  бейне  формасында  немесе, 
өнер 
тілімен 
айтқанда, 
типтік 
кескін 
формасында 
бейнелендіріледі.  Шындықта  жалпы  типтік  кескін    жеке 
нәрселерде  ғана  өмір  сүруде,  демек,  жеке  нәрселер  арқылы 
көрінеді. 
Сондықтан 
өнердегі 
типтік 
кескін 
дегеніміз 
жинақталған,  жалпыланған  кескін.  Бірақ  ол  жалпыланған  типтік 
кескін  жеке кескін  арқылы бейнелендіріп көрсетіледі. 
Өнердің шындықты бейнелеу формасының ерекшелігі сол, ол 
көркем кескін болып табылады. Демек, көркем кескінді (бейнені) 
ұғыммен де, түйсікпен де теңгеріп қарауға болмайды. Нағыз өнер 
шығармаларындағы  көркем  кескіндер  шындықтың  сырт 
белгілерін бейнелемей, маңызды жақтарын бейнелейді.                                                                                                                                                                                                                                                                                
Өнер  –    қоғамдық    сананың  ең  көне    формаларының    бірі. 
Оның  сананың  басқа  формаларынан,  мәселен  ғылым  мен 
философиядан  айырмашылығы  сол,  ғылым  мен  философия 
сыртқы дүниенің теориялық бейнесі, яғни олар теориялық ойлау 
болып  табылса,  өнер  шындықтың    көркем  бейнесі  болып 
табылады. 
      Өнер 
–  қоғамдық  сананың  көркем  формасы.  Өнер 
идеологиямен  екі  тұрғыдан    байланысты.  Біріншіден,  ол  белгілі 
бір  топтың  мүддесіне  қызмет  етіп,  оның  саяси,  моральдық, 
философиялық, 
эстетикалық 
және 
тағы 
басқалардың  
көзқарастарының  насихатшысы және, екіншіден, ол адамдардың 
қоғамдық қатынастарымен тығыз байланысты, қоғамдық сананың 
басқа  формалары  сияқты,  қоғам  алдында  тұрған  әлеуметтік 
мәселелерді шешуге қызмет етеді. 
      Өнердің  келесі  ерекшелігі  сол,  ол  –  қоғамдық  сананың 
эстетикалық  сезім  тудыратын  формасы.  Суретші,  жазушы 
шындық  құбылыстарына  тән  эстетикалық  сапаларды  ашып 
көрсетеді.  Сондықтан  көркем  шығармаларда  өмір  белгілі  бір 
эстетикалық  идеяларға  сәйкес  бейнеленеді,  яғни  өнер  шындық 
нәрселері  мен  құбылыстарын  көрікті  немесе  көріксіз,  көңілді 
немесе  көңілсіз,  қайғылы  немесе  күлкілі  деген  сияқты 
категориялар формасында бейнелеп, баға береді. 
      Әдемілік,  көркемділік  адамның  күнделікті  өмірінде  зор  рөл 
атқарады. Адамды  қоршаған орта көркем болса, оның өзі адамды 
көңілдендіріп,  еңбек  пен  өмір  шабытын  тудырады.  Адам  тек 
ғылым  заңдарына  сәйкес  қана  емес,  «әдемілік  заңы  бойынша  да 

 
 
16 
еңбек  етеді»  [10,    195  б.],  –  деп    атап    көрсеткен    болатын 
К.Маркс.  
      Өнер  арқылы  мәдениет  өзінің  тұңғиық  тереңінде  болып 
жатқан  құбылыстарын  дәп  бір  айнаға  қарап  көргендей,  байқап 
отырады.  Сондықтан  да  өнерді  «мәдениеттің  айнасы»  деп 
анықтауда негіз бар. Нақты тарихи жағдайлар шеңберінде белгілі 
бір ұлттың, этностың мәдениетінде өнер арқылы сол мәдениеттің 
әлемді және әлемдегі адамды түсінуін көреміз. 
       «Өнер 
–  мәдениеттің  айнасы»  деп  бекерден-бекер 
айтылмаған.  Ол  мәдениеттің  жаны,  оның  өзіндік  танымының 
түрі. Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеру барысында 
әдеби  мәтіндерге,  мүсінге,  сәулет  өнері  туындыларына, 
суреттерге,  әуенге,  биге  және  тағы  сол  сияқты  негізделген  өнер 
түрлері қалыптасады. 
       Өнер деп адамның  рухани болмысына, сезіміне, эмоциясына 
әсер  етіп,  оны  толғандыратын  суреткер  қолынан  шыққан 
шығармашылық  үлгісін  айтамыз.  Өнер  –    адами  ақиқат, 
адамдандырылған  «екінші  әлем».  Өнер,  көркем  бейне  және 
жасампаздық  тікелей  әлеуметтік  адам  тұлғасымен  байланысты 
категориялар. 
      Өнерде  үйлесімділік  ретінде  танылған  кемелділік  бейнесі 
жасалады.  Өнер  арқылы  адамның  әмбебаптылығы  ашылады. 
Өнер  адамның  шексіз  болмыстық  сұрақтарына  жауап  табуға 
талпыныс  барысында  гуманистік  үдерістерді  қалыптастырады. 
Нәтижесінде    өнер  тек  белгілі  бір  қоғамның  даму  нәтижелерін 
көрнекілеп  қана  қоймай,  сонымен  қатар,  әлеуметтік-рухани 
өмірдің күйіне әсер ететіндігін білдіреді. 
      Әсемдік,  әдемілік,  сұлулық  сынды  бірдеңгейлік  ұғымдар 
мазмұнына негізделген өнер туындысы үшін адам мен қоғамның 
еркіндік  туралы  түсінігінің  мәні  зор.  Өнерді  көп  ойшылдар  өз 
ләззаты, өз рахаты өзінде, ешнәрсеге тәуелсіз «мақсатсыз мақсат 
көздегіштік»  деп  анықтайды.  Бірақ,  бұл  сипаттамалардан  өнерді 
бет  алды, тізгінсіз әрекет деп  түсінуге  болмайды.  Бұл тұста  таза 
өнер  мен  кәсіпөнерді  ажырата  білген  абзал.  Мысалы,  неміс 
философы  И.Кант:  «Таза  өнер  мен  кәсіпөнерді  ажыратып 
қарастырды да, біріншісін – еркін өнер,  екіншісін – табыс үшін 
жасалатын өнер дейді». Кант бұл жерде  еркін  өнер деп адамның  
өзінің    рухани  болмысынан  шыққан  көркем  шешімдермен 
байланысты өнерді айтып отыр [11, 319 б.]. Ал табыс үшін, сауда-

 
 
17 
саттық  мақсатында  жасалған  өнер  өзіне  емес,  өзгеге  ұнау  үшін, 
сатып  алушы  талғамына,  сұранысына  ыңғайластырылып 
жасалынады. 
       Бейнелеу  өнеріне  қазіргі  кезеңдегі  әлемдік  мәдениет 
тудырған  әмбебапты  категориялармен    бірге    ұлттық  сипаттағы 
дәстүрлі  мәдениет  те  өз  әсерін  тигізді.  Мысалы  Ф.Ницшенің 
көркемдік құндылықтар жөніндегі философиялық тұжырымымен 
осыны  қорытындылайтын  болсақ,  ол  өнердің  аполлондық  және 
дионисийлік  сипаты  жөнінде  алғаш  айтқан  ойшыл  болатын. 
Ницше пікірінше адамның ең ежелгі көркемдік инстинктінің бірі 
өмірдің  ауыртпашылығына,  қиыншылығына  және  келіссіз 
сәттеріне  қарсылық  ретінде  қабылдап  алынған  «аполлондық»  
бейне  еді.  Аполлондық  суретке  келістілік,  жарасымдылық,  тепе-
теңділік, тұрақтылық тән. Ол  –  сұлулықтың идеалды бейнесі. 
      Дионисийлік 
көркем 
образ, 
Ф.Ницше 
бойынша 
өміршеңдігімен  ерекшеледі.  Онда  трагедиялық  басым.  Сонымен 
бірге ол даналыққа, тылсым сырға толы.    Ол шындықтың бетін 
ашып  аполлондық  өнердегі  жалғандықты  әшкерлейді.  Соған 
байланысты дионисийлік өнер адам үшін әруақыт жалғандықпен, 
жасандылықпен,  декоративтілікпен  күресуге,  өміршең,  шыншыл 
қуат алу үшін керек [12, 72-73 бб.].  
       Көркемөнер 
тілі  туралы  айтқанда  оның  мимесистік 
табиғатын  ескерген  жөн.  Мысалы    Лессинг  пікірінше,  суреттік 
еліктеу  табиғаттың  тура  көшірмесі  не  оның  әдемі  баламасы 
болуға тиіс емес [13, 124 б.]. Гете табиғатқа еліктегіш суретшілер 
жөнінде былайша: «Егер суретші итті тура сол күйінде аудармай 
бейнелесе,  онда  тура  сондай  екінші  иттің  пайда  болғанына 
қуануға  болады.  Бірақ    бұл    жерде    жаңа    өнер  шығармасы 
жөнінде айту қиын» [13, 145 б.], – деп мысқылдайды. 
      ХХ  ғасырдың  ұлы  суретшісі  Пабло  Пикассо  африканың 
дәстүрлі  өнерін,  ХVІІ  ғасырдағы  Веласкес  өнерін  қайта  қарап, 
оның жаңа варианттарын берді. Матисс, Поль Гоген, П.Кузнецов 
Шығыс  мәдениетін,  байырғы  халықтардың  мәдениетін  жаңаша 
меңгеріп, өзіндік тілмен сөйлетуге ұмтылды. 
      Өнердің    жекелеген  түрлерін  және  олардың  бір-бірінен 
ерекшеліктерін  білу,  ажырату  адамзатты  көнеден  бері 
толғандырып  келеді.  Бейнелеу  өнері  –  дүниені  көзбен  көріп 
түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. 
      Бейнелеу  өнерінің  негізіне  кескіндеме,  мүсін,  графика 

 
 
18 
жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері сәулет өнері, безендіру және 
қолданбалы өнерде көрініс табуы тиіс. Сондықтан шартты түрде 
оларды  да  бейнелеу  өнері  қатарына  жатқызамыз.  Сондай-ақ, 
театр,  кино,  теледидарға  безендіруді,  көркем  дизайнды  да 
бейнелеу  өнері  ретінде  таниды.  Бұл  өнердің  де  негізінде  адам, 
табиғат  және  заттық  әлемді  тұтастықта,  бірлікте  қарастыру 
жатыр.  Бейнелеу  өнері  дүниені  байқау,  бақылау,  көру 
нәтижесінде  оның  көркем  бейнесін  жасайды.  Әр  ғасыр,  дәуір, 
кезеңде  пайда  болды.  Бейнелеу  өнерінің  туындылары  өзіндік 
бейнелеу  жүйесі  мен  көркемдік  үндесудің  түрлі  типтерін 
құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық 
қызметімен  де  ерекшеленеді.  Уақыттық  даму  үдерісі  басқа  өнер 
түрлеріне  (әдебиет,  музыка,  театр,  кино)  қарағанда  бейнелеу 
өнерінде  шектеулі,  ол  негізінен  кеңістіктік  ауқымымен 
ерекшеленеді.  Суретші  өз  көзімен  көріп,  түйсінген  шындығын 
сол  сәттегі  қалпымен  көрсетуге  ұмтылады.  Өмір  құбылыстары 
типтік  жағынан  таңдап  алынып,  заманның  тірлік-тынысы    жан-
жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркем тіл 
құралдарына  сурет,  түрлі  түс,  пластика,  жарық  пен  көлеңке 
композициясы,  ырғақ  жатады.  Шығармалар  заттық  материалдан 
дайындалатындықтан  оған  пәндік,  заттық  болмыс  тән.  Бейнелеу 
өнерінің  әр  жанры  қоршаған  әлемнің  бейнесін  түрліше  береді: 
кескіндеме  түрлі  түсті  бояуды,  графика  түрі  сызықтардың 
қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық 
үш  өлшемдікті  пайдаланады.  Бейнелеу  өнерінің  барлық 
жанрындағы  шығармалары  мазмұнына  қарай  монументті-сәндік 
және қондырмалы шығармалар негізінен мұражайлар, галереялар 
немесе  үй  интерьерлерін  безендіріп,  сол  жерлерде  орналасады. 
Монументті  мүсін  сәулеттік    кешендерде,  қала  көшелері  мен 
алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті  мен  интерьерлерінде 
орналасады.  Бейнелеу  өнеріне  тарихи  даму  үрдісі  барысында  
қалыптасқан  портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ. 
      Бейнелеу 
өнеріндегі 

жүктеу 5.04 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет