Музыканы оқыту әдістері


Сабақтың көрнекілігі. Сабақта берілетін жаңа материалды, білімді, жұмыс істеу



жүктеу 1.32 Mb.
бет6/8
Дата12.02.2022
өлшемі1.32 Mb.
#17193
1   2   3   4   5   6   7   8
№12 енбек срсп Иса Сымбат
Педагогика сөздік by Нұрмұхаметова Р.Ә., Молдағалиев Б.А., Фейзулдаева С.А., Урбисинова А.Б. (z-lib.org), Смарт технологиялар Сымбат Жұпар, №13 енбек

Сабақтың көрнекілігі. Сабақта берілетін жаңа материалды, білімді, жұмыс істеу

ереже заңдылықтарын оңай меңгертуде, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арртыруда көрнекіліктердің рөлі зор. Көрнекіліктер жазық, көлемді және экрандық бейнелі, дыбыстық болып бөлінеді. Жазық көрнекіліктерге суретшілер шығармаларының репродукциялары, сурет салу кезеңдерінің иллюстрациялары, технологиялық карталар т.б. Көлемді көрнекіліктерге бейнелеуге арналған заттар немесе көркем құрастырылған бұйымдар үлгілері жатады.


6. Сабақты ұйымдастыру. Оған сынып оқушыларын тәртіпке келтіру, сабақта жоқ оқушыларды есепке алу, құрал-жабдықтарының дайындығына шолу жасау кіреді.

Сабақ барысында қажетті жабдықтар, көрнекіліктер, оқушылардың жұмыс орындары алдын ала әзірленіп немесе бейнелеуге қойылатын көлемді көрнекіліктер талапқасай орындарға қойылады. Бұл жұмыстарға сыныпкезекшілері қатыстырылады. Сабақта көрсетілетін суретшілер шығармаларының репродукциялары тақтаға алдын ала ілінбегені жөн, ерте ілінген көрнекіліктер оқушылардың көңілін алаңдатады.



7. Үй тапсырмасын тексеру. Егер үйге белгілі бір машықтық тапсырма орындау тапсырылған болса, онда оқушылардан жұмыс дәптерлерін немесе сурет альбомдарын алдарына ашып қою сұралады, мұғалім сыныптыпты арлап жақсы және кейбір кемшіліктерімен орындалған жұмыстарды жинап алып, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін салыстыра отырып сынып оқушыларына көрсетеді. Жұмыстарды талдауға оқушылардың өздерін қатыстырған жөн. Жұмыстар бағасы сынып журналына түсіріледі.

8. Жаңа сабақты түсіндіру. Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жазып оның қысқаша мақсат-міндетін түсіндіреді. Тақырыпты пайдаланып оқушыларға танымдық білім беру мақсатында қысқаша кіріспе әңгіме өткізеді. Жаңа тапсырманы орындау ережелерін кесте, сұлба арқылы көрсетіп немесе тақтада иллюстрациялап түсіндіреді. Бейнелеуші нәрсенің көлеміне талдау жасап бейнелеу кезеңдерінің бір ізділігін көрсетеді.

9. Машықтық жұмыс. Жаңа сабақ материалын түсіндіріп болған соң оқушылар өз бетімен машықтық жұмыс орындауға кіріседі. Жұмыс барысында мұғалім сыныпты аралап оқушылардың іс-әрекетін қадағалайды, қажет болған жағдайда кейбір оқушыларға ескертулер жасап немесе қосымша түсіндіріп, кей жағдайда өзі оқушы жұмысына түзетулер жасайды.

10. Қорытынды және үйге тапсырма. Сабақтың бұл кезеңінде қысқаша сұрақтар немесе дидактикалық ойындар арқылы жаңа білімнің меңгерілу деңгейі тексеріледі. Оқушылардың аяқталған жұмыстарынан тақтада шағын көрме ұйымдастырылады. Онда жақсы орындалған жұмыстардың жетістіктері мадақталып, нашар орындалған жұмыстардың кемшіліктері көрсетеді. Мұғалім осы жұмысты өткізу кезінде әр оқушының жеке басына құрметті көзқарасты әрдайым ұстануы керек. Әсіресе 1-2 сынып оқушыларымен жұмыс кезінде осы психологиялық мәселеге мұқият көңіл бөлгені жөн.

Көрме нәтижесінде кейбір оқушылардың бағасы сыныпқа жарияланып, қалған оқушылардың жұмыстары жинап алынып сабақтан тыс уақытта тексеріліп бағасы есепке алынады.



жүктеу 1.32 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет